Газета (каз.). Сентябрь 2011.

Page 1

9

Қыркүйек 2011

(40)

Ай с өңіл көтеретін газе к қ ы айын т шығатын ақпаратт

Қыркүйек - шаруашылықтың жиын-теріні аяқталып, жұрт қыс қамын ойлайтын жыл мезгілі. Сары алтындай берекелі күздің бірінші айы. Оқушылар мен студенттердің болашақ бақыттарына баспалдақ болар шаңырақтары – оқу орындарына оралып, білім кәусарына бас қоятын уақыты. Басылымның осы айдағы кезекті санынан айналаны сары алтынға бөлейтін берекелі ай – алтын күзге арналған, Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған сценарий үлгілерімен таныс бола аласыздар. Бұдан басқа да «тарих тағлымы», «сұлулық» және дәстүрлі «өлке тарихынан» айдарлары бойынша қызықты да танымды мағлұматтар сізге пайдалы кеңестер береді. Бақытты болуға әркімнің де таласы бар. Ал бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде. Адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында,- деген екен Әл-Фараби. Парасаттылықтың жолдасы – оқу-білім болса, біздің басылым сол жолдағы көмекшіңізге айналсын.

e-mail: ukcbs@mail.ru

2

БІЗДІҢ ЖАРНАМА

3 4

ОҚЫРМАН ОЙЫ

5

МЕРЕЙТОЙЛАР

6

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЛЫМЫ

7

БІЛІМ КҮНІ

8 9 10 11

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ

12 13

СҰЛУЛЫҚ КҮНІ

14

БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ

15

ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ

16

АЛТЫН КҮЗ

17

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТУРИЗМ КҮНІ

18

ӨЛКЕ ТАРИХЫНАН

19 АСЫЛ МҰРА 20 СЕН БІЛЕНСІҢ БЕ?

http://www.kitaphana.kz


2

БІЗДІҢ ЖАРНАМА

Назарларыңызға жаңа кітаптар! «Жолың болсын» жас жазушы Жақсылық Кенжалиевтің тұңғыш жинағы. Қаламгердің балалар тақырыбына ден қоюы қуантарлық. Жас өркен жанына жақын әңгімелерінің оқиғасы қ ы з ы қ т ы , ба л а ғ а т ә н әрекеттерімен оқырманын табатынына сенімдіміз. «Еліктің лағы» - Серік Үсенұлының балаларға арналған алғашқы әңгімелер жинағы. Кітапқа жиырмадан астам туынды енген. Балалар басылымында біраз еңбек етіп, тәжірибе жинаған оның шығармаларының көбінің көлемі шағын, оқиғасы қызық, тартымды оқылады. Шығармалардың тілі қарапайым, ұғынықты әрі балалардың дүние танымына жақын болғандықтан кішкентай оқырманның көңілінен шығады. Автордың Сейфолла Оспанның «Жалбыз» деп аталатын балаларға арналған өлеңдер жинағы негізінен ертегі-аңызға құрылған. Ақын мұнда ха л ы қ ф ол ь к л о р ы н ы ң тамаша нұсқаларына сүйене отырып, бүгінгі бүлдіршіндер қауымының тіліне жеңіл, көкірегіне қонымды үлгі өнеге тастайтын, ойлы да ойнақы, қызықты ертегі – аңыздың жаңа бір қырынан көрінетін өзіндік ой-арқауын тапқан. Болашақ оқырман жас қауымын баурап алып, олардың ішкі жан-дүниесін аша түсерінде сөз жоқ.

Қымбатты балалар кітапханасының оқырмандары,сіздерді

«Досыңды кітапханаға жаз!» атты науқанға қатысуға шақырамыз! Досын кітапханаға жаздырған әр бір оқырман

интернетте ақысыз бір сағат отыра алатын сыйға ие болады. Сіздерді М. Горький, 54, мекен-жайы бойынша күтеміз: телефон : 26-26-43


МЕРЕКЕ ӨСКЕМЕНГЕ НАЗ Міндетін тойға арналған атқаратын, Білемін, сені талай, мақтар ақын. Тіл кеспек жоқ, еркін сөз заманында, Хақым-ды, ақиқатты ақтаратын. Назым бар саған айтар, Өскеменім, Өзіңмен қатерлі күн кешкен едім. Мәслихат атанып қазағы жоқ, «Үй тігуді, ішімнен» шешкен едің. Дәл солай, өңді қала, Өскеменім, Көкейін «дәмелінің» тескен едің. Сындарлы саясаттың арқасында, Ата заң аясына көшкен едің. Біз неге, бас ұрмаймыз ата заңға? Әлде, ата заң біз үшін «қата» заң ба? Ұлы күнге қосақтап, қала тойын, Ұят болды-ау, бабадан, атадан да. Білеміз, бодандықтың басты амалын, Ақ патшаның салғызған тас қамалын. Он тоғыз жыл, егемен, ел болсақ та, Тас қамалды таңбадан тастамадың. Жалтақтайтын амалсыз әкім, қара, «Теріскейге» тірлігі жақын қала. Тым сабырлы , тәубешіл халқым үшін, Жұбаныш, шала қазақ атың ғана. Тәкаппар, бөтен ділі, басым қала, Сең сөгілді, келген соң әкім-дара. Екі жүз тоқсан жылдық тарихыңда, Төрлетіпті, ұлы Абай, хакім ғана. Қазақылық үн еді, аңсағаным, Уақыт босқа кетті, сан соғамын. Қыл үстінде екенін ұлт тілінің, Сезіне ме, марғау қыз, «жаңсақ» ұлың. Тағы бір айтарым бар, ойымдағы, Еңселі монументтің қойылмағы. Ушановтың мүсінін ауыстырар, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы. Соңғы жыл мұнтаздайын тазаландың, Қос «патшаны» күтумен мазаландың. Қазақылық «басым» боп барады деп, Көлгірсіген ауызбен «жазаландың». Өсе бер, өркендей бер, Өскеменім. Арман қуып, қиялдап, өскен едім. Үш жүз жылдық тарихи мерейтойда, Қабыл болсын, түгелдей көксегенім. Берекелі Бердібек, саналы әкім, Исламдай лайық, қалаға кім? Шыр бітірген өңірге, қос тұлғаны, Алыс болмас, шынайы бағалар күн. Белсенді топ, бұл тойды басқаратын, Жайың да бар, білемін, «сақтанатын». Тыныштықты бұзады-ау осы өлең- деп, Кезің келді, тағы да жасқанатын. Біз айтпасақ, сын-назды, кім айтады, «Бәрі жақсы» болған да мұңайтады. Ой сала алса, құлаққа тыңдай білер, Деуі мүмкін: «Азамат, шын айтады». АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ Өскеменнің төрінде, Алдында, ақ сарайдың. Бой көтерді еңселі, Мүсіні Хакім Абайдың! Жолы болған, игі істі, Жақсылыққа балаймын. Рухы, Ұлы бабаның, Көкірегін ашар талайдың! Көп жыл билік толғанды, Қабылдар деп, қалай, кім? Арыла алмай сезімінен, Кешегі, құлдың, малайдың!

ОҚЫРМАН ОЙЫ 3 1 қыркүйек - Білім күні 5 қыркүйек - Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні 8 қыркүйек - Сауаттылықты таратудың Халықаралық күні Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні 9 қыркүйек - Дүниежүзілік сұлулық күні 13 қыркүйек - Бағдарламашылар күні 16 қыркүйек - Халықаралық озон қабатын қорғау күні 21 қыркүйек - Халықаралық бейбітшілік күні 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні Дүниежүзілік автомобильсіз күн 27 қыркүйек - Бүкіләлемдік туризм күні 28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні 30 қыркүйек - Халықаралық аудармашылар күні немесе

Қабағына басқаның, Қашанғы енді қараймын, Деген ойын, Әкімнің, Ерлігі, деп санаймын. Шу шығарды сонда да, Кей баласы «ағайдың». «Сұрамай неге, қидың»- деп, Бес ағашын, маңайдың? Қара ниет жоғалсын, Көңілден кетсін талай мұң. Болашаққа жол салсын, Ғибрат жыры Абайдың! Шығысымда киелі, Атып енді арай күн! Қолдап жүрсін халқымды, Аруағы, Ұлы Абайдың!

Көненің жәдігерлік заттарынан Жер мен судың ежелгі аттарынан Құйма пеште балқыған қорғасындай Шежірең сөйлеп кетсе ақтарылған Абай мінген шананыңн ізі- сенде Елес берер сол дәуір шақтарынан Қай кезде өз биігін түсірмеген Өскемен, сен ірісің ісіңменен. Бәрі емес, бір ерлігің мыңға татырТөсіңе ұлы Абайды мүсіндеген. Сенен тапқан мекенін, баспанасын Күллі Шығыс жұртына бас қаласың. Жыл өткен сайын жайнап, жақсарғайсың, Жасың ұзақ болса да жас қаласың. Қүмарбек ҚАЛИЕВ Күршім ауданы

Дүсіпов Амангелді, Өскемен қ. *** Алтайдың өңірінде алтын тана Үш ғасыр тарихы бар жарқын қала. Таңы арайлап атады қуанумен Күні қимай батады жалқындана. Белінде күміс белбеу-Ақ Ертіске Үлбі асығып жетеді толқындана Тостағанның түбіне шөккен маржанӨскемен, бітімің зор, көркің дара. Қойнауың - сарқылмайтын қазыналы Шығыстың ат байлайтын қазығы әрі. Өр істермен өрлеуің, өркендеуің Әлемнің тарихына жазылады. Қорытып кен асылын балқытқан жер Ақ кеме айдынында қалқытқан жер Жаһанның сұранысын тауып беріп, Еселеп ел дәулетін шалқытқан жер. Тарихтың сан қыртысты қатпарынан Бізге жеткен даралар хаттарынан Көненің жәдігерлік заттарынан Жер мен судың ежелгі аттарынан Құйма пеште балқыған қорғасындай Шежірең сөйлеп кетсе ақтарылған Абай мінген шананыңн ізі- сенде Елес берер сол дәуір шақтарынан Қай кезде өз биігін түсірмеген Өскемен, сен ірісің ісіңменен. Бәрі емес, бір ерлігің мыңға татырТөсіңе ұлы Абайды мүсіндеген. Сенен тапқан мекенін, баспанасын Күллі Шығыс жұртына бас қаласың. Жыл өткен сайын жайнап, жақсарғайсың, Жасың ұзақ болса да жас қаласың. Тарихтың сан қыртысты қатпарынан Бізге жеткен даралар хаттарынан

Құрметті оқырман! Мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі, жерлесіміз Қуаныштың жүрегінен шыққан, өмірге деген көзқарасы бейнеленген өлең шумағы «БОТА» қоғамдық қорының Қ а р ж ы л а н д ы р у ы м ен жүзеге асып отырған «Лучик надежды» жобасы аясында жарыққа шығып отыр. Жас өркеннің талабына түсіністік танытып, қатты сынам а с с ы з д а р д е г ен үміттеміз.

Кең далам арман құсым, Домбырамды қолға алайын. Ауылға арнап ән салайын, Көрмесем бір күн сені сағынамын, «Жаңа Жол» сені ұмытпаймын, Қаласың жүрегімде сен. «Жаңа Жол» Алтай аясында, Ауылым Төлеген саясында. Шықтым мен биік тауына, Тоймадым мөлдір бастауына. Тулайды жүрек ауылға қарай, Аңсайды жүрек ауылға тартып. Ауылда өсіп жеткенім Ауыл деген қасиетті мекенім. Болатов Куаныш, №19 мектеп


4

МЕРЕКЕ

ОҚЫРМАН ОЙЫ Жазушының жан жары Халима ана

Ә.Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» кітабы қолыма түспей жүрген еді. Аталмыш кітап қолыма тигеннен кейін үш күннен соң аяғым мертігіп ауруханаға түстім. «Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің, екі аяқтың қадірін ақсағанда білерсің» демекші, аяқ астынан төсекке таңылу қай адамға да оңайға түспесі әрине, белгілі. Сол қиналған сәттерде жаныма демеу болған Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» болды десем артық айтқандық болмас. Аурухананың ұзақ күндері мен түндерінде қайтақайта аталмыш кітапты оқып бойыма қуат алғандай болдым. Бұл жерде жазушының жары Халиманың төзімділігі,мейрімділігі, ерлігі, өзінің жан жарына деген адалдығы қатты әсер етті. Ол кісінің өмір жолымен танысу барысында Халима апамыздың көрген қиныншылықтарының жанында «сенікі не, тәйірі»-деген сияқты ойлар келіп өзімді өзім қамшылауыма тура келді Ә.Нұршайықовтың белгілі жазушы екенін білгеніммен, жары жайлы көп мағлұматым жоқ екен. Жалпы шығарманы оқу барысында құдай қосқан қосағы жайлы осындай тамаша шығарма жазған жазушыға шексіз риза болдым. XXI ғасырда жары жайлы тебірене жазып, пайғамбар жасынан әлдеқашан асып кеткен адамның әйелінің басына күмбез орнатуы да ерекше ерлік, үлкен үлгі. «Сусыз жерге шөп шықпайды» дегендей Халима апамыз балалар үйінде тәрбиеленгенімен шыққан тегі қасиетті Абай топырағы, өз атасы Қарахан батыр болса, нағашы атасы Ыдырыс(Ақмолла) көріпкел әулие, молда болған екен. Халима апамыз да сонау балаң шағында өзі жетім, оқымаған (ол кезде) түрі де, бойы да «сондайлық емес», «шүйкедей қара жігіттің» ішінде қаншама қазына жатқанын тап басып танығанына еріксіз қайран қаласың. Халима апамыз бен Әзілхан аға 1939 жылдан бір-біріне 9 жыл ғашық болып 1947 жылы қосылады. Екі ғашықтың арасында жетімдік, жоқшылық, соғыс, Халиманың соғыстан кейін бір жарым жыл госпиталда жатуы да олардың махаббатын әлсірете алмайды. Сол қосылған күннен бастап Халима апамыз өз өмірін жан жары мен балаларына арнаған ғазиз ана. Ал. Әзілхан аға да жары жайлы тебірене сыр шертеді: «Су сұрасам-сүт, қарта сұрасам-қазы, жая сұрасам-жал беретін еді Халима. Жанынан-жылу, жүрегінен жыр беруші еді маған, ойымды жалғап, өрісімді кеңейтуші еді менің. Сөйлесек - әзіл, күлсек-күлкіміз таусылмайтын еді біздің.

Кемері қуанышқа шүпілдей толып тұрған сол бір ғажайып рухани жан дариясы Халима кеткеннен кейін, суы тартылған теңіздей болып, шетсіз, шексіз шөлге айналды» - дейді.. Шығарманың әр бетін оқыған сайын жазушының жан жарына деген асыл сезімін көресің. Халима апамыз махаббаты мен шексіз қамқорлығының арқасында алты рет инфаркке ұшыраған жазушыны ажалдан алып қалады. «Мәңгілік махббат жыры» шығармасының құрылысы да ерекше. Кітап үлкен үш бөлімнен тұрады. «Халима» (Өмірінің өшпес өрнектері) деп аталатын бірінші бөлімі іштей сегіз тақырыпты қамтиды. Екінші бөлім «Халимаға хат» автордың ғашығының рухына арнап ақ өлеңмен, жырмен жазған жан сыры. Үшінші бөлім «Халиманы еске алу» деп аталып іштей бес тараудан тұрады. «Хаттар» тарауында оқырмандардың, қаламдастардың хаттарын келтірсе, «Лебіздер» тарауында Халима апамыз қайтыс болғанда, қырқын, жылын өткізгенде жазушының қаламдастары, достары, Халима апамыздың Сәки Бекбаева, Ишағы Жағыпарова (Ұлы Абайдың шөбересі, Халимамен жетімдер үйінде бірге өскен, интернатта бірге оқыған әскерге бірге барған досы) т.б.адамдардың лебіздері, жылы сөздері берілген, «Атографтар» тарауында жазушы мен Халима апамызға ақын-жазушылардың, ғалымдардың әр кезеңде өз шығармаларына жазып берген автографтары келтірілген. «Естеліктер» тарауында автор бақилық ғашығына Халиманы жақсы білетін адамдар арқылы, солардың тілімен жан жарының жарқын бейнесін сомдатқан. Олар «бөтен» адамдар емес! Қос ғашықты етене білетіндер. Солардың ең жақын достары, жолдастары, жақындары, туыстары! Бұл әрі шығарманың ең шұрайлы жері, Халима апамыздың образын жарқырата ашуға көмектескен естеліктер. Естеліктерді жазушының сонау Ұлы Отан соғысынан бастап бірге болған жан жолдасы отставкадағы полковник Мұқанәли Омарбаевтың «Жан досымның жан жары», журналистер Бақыт Мерекенованың «Ізгілк шуағы»,Фермехан Шоеваның «Кейбір сәттер» естеліктері және т.б. естеліктер келтірілген. Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тәлімтағлымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыныз, ойларыңыз ел қазынасы, өміріңіз үлгі!»- деп жоғары баға берген Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» шығармасы талай оқырманның жүрегіне жол тауып, жанына ізгілік нұрын құятын тағлымы мол шығарма болып қалатынына сенімім кәміл. Рауза Исмурзина Өскемен қаласының №7 кітапхана-бөлімшесінің меңгерушісі.

Әзіл оқи отырайық... Шамасы қалай? -Маған айта салыңызшы, ұшақ қонған соң кеденнен өтуге және басқа шорымборымнан өтуге қанша уақыт кетеді. -Ол енді сенің әкеле жатқан нәрселеріңе байланысты. Мүмкін жеті жылға жетіп қалар… Тартымды жауап Үйдегі телефон шырылдағанда оның "құлағына" жармасқан әкесі-адвокат (қорғаушы), шешесі-судмедэксперт (соттың медициналық сарапшысы) бала болды. Арғы жақтан шыққан дауыс иесі одан ата-анасының біреуін телефонға шақыруын өтінді. -Олар үйде жоқ,-деді бала. -Қайда кетті олар? -Әкем түрмеде, шешем-мәйітханада. Ат суару үшін тіс керек Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке бопты. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір қиғаш жауап тауып құтылып кетеді екен. Бір

күні әкесі Қақыны ат суарып кел деп жұмсайды. -Мен ат суара алмаймын,-дейді баласы. -Неге? -Менің күрек тісім түсіп қалған. Әкесі Қақыға ұрысып: -Ат суаруға күрек тістің не көмегі бар!дейді. Сонда баласы: -Е, ат су ішу үшін мен ысқыруым керек емес пе!-депті. Қауіп -Дәрігер, жалбырана сұраймын, көмектесе көріңіз, әйелімнің жағдайы күрт төмендеп кетті! -Мен берген сүлік те (пиявка) көмектескен жоқ па? -Жоқ! Үшеуін жеді, одан әрі жей алмады! Мектепте Еңбек сабағы. Мұғалім: -Техника қауіпсіздігінің негізгі ережесі

саусақтарды розеткаға тықпау болып табылады! -Саусақтар оған сыймайды ғой! -Ал сен оған темір шегені кіргізіп көр, жарымес! Шындық -Әй, враш (дәрігер), айтқаның шын ба, менде туберкулез ауруы енді мүлде жоқ қой, ия? -Жоқ! Жоқ дедім ғой қымбаттым! -Ой, айналайын-ай, әкелші осы бір қуанышты сөзің үшін бетіңнен сүйейін! -Э! Жоқ! Керегі жоқ! Жедел қоңырау "Жедел жәрдемге" біреу алқына қоңырау соғып: -Ойбай-ай, көмектесе көріңіздер! Менің әйелімнің толғағы басталды!-деді. -Өтініп сұраймын, соншама абыржымаңыз! Бұл оның бірінші баласы ма? -Жоқ, бұл сөйлеп тұрған оның күйеуі.


МЕРЕКЕ 16 қыркүйек «Словарь русских личных имен» атты еңбекті құрастырушы Никандр А ле к с а н д р о в и ч Петровский туғанына 115 жыл (1891 - 1968 жж.) Петровский Никандр Александрович 1891 жылы 16 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Бала кезінде Никандр Петровский Өскемен қалалық училищесінде қазіргі белгілі Е.Н.Пермитин, А.М.Волков сияқты жазушылармен бірге оқыған, алайда «революциялық көзқарастарына» байланысты 6 сыныптан соң оқудан шығарылды. 1913ж. бастауыш мектеп мұғалімі атағына емтихан тапсырып шықты. Н.А.Петровский бірінші дүниежүзілік және азамат соғысына қатысқан. 1930ж. Ярославл педагогикалық институтының әдеби-лингвистика бөлімін, 1940ж. Ташкенттегі медицина институтын аяқтаған. Кейінгі жылдары 1957ж. зейнетке шыққанға дейін Орта Азияда, Шығыс Қазақстанда дәрігерлік және ұстаздық еңбек етті. Н.А.Петровский жастайынан тіл білімімен айналысты, ол 1947ж. бастап өмірінің соңына дейін орыс есімдері мен тектері жайында деректер жинады. Соңында «Советская энциклопедия» баспасынан «Словарь русских личных имен» (1967ж.) еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекке 45 мың адам есімдерінің карточкасы негіз болған.

19 қыркүйекЖазушы Семен Михайлович Анисимов туғанына 100жыл (1911 - 1978 жж.) Семен Михайлович Анисимов 1911 жылы 19 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Красноярск (қазіргі Предгорное) ауылында туған. Жеті кластық мектепті бітірген соң Өскемен педагогикалық техникумында оқыған. 1931жылы Семей облыстық «Прииртышская правда» газеті редакциясында қызмет етеді. 1935 жылы Ленинград журналистика институтын аяқтады. Ұлы Отан соғысы жылдарында да шығармашылықпен айналысуды тоқтатқан жоқ. Соғысты қатардағы жаяу әскерден бастап, әскери тілші, "В бой за Родину" және "Советский танкист" газеттерінің әскери хатшысы болып аяқтады. Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Әскерден босаған соң Семейге өзінің «Прииртышская правда» редакциясына қайта оралды. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы Ертіс өңірі. С. М. Анисимов «Приир-

МЕРЕЙТОЙЛАР 5 тышье» (1954), «Родничок» (1956), «Смородинка» (1962), «Сентябрь» (1980), «Окно в юность» поэтикалық жинақтарының, «Тайна Парамона Крутихина» (1969), «Медная верстатка» (1972) прозалық жинақтарының авторы.

21 қыркүйекӨскемен қаласының Құрметті азаматы Арсентий Иванович Геворкян туғанына 75 жыл (1936 ж.)

Өскемен қаласының құрметті азаматы Геворкян Арсентий Иванович 1936 жылы 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген. "Востокжилстрой" АҚОТ президенті. Облыстағы және қаладағы тұрғын үй құрылысын ұйымдастырушы, облыстық Кеңес директорларының мүшесі. Инженер-құрылысшы ретінде Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрылысының үздіксіз жұмысын ретке келтіру үшін көп жұмыстар жасады. Ол ірі панелді үй қ ұ р ы л ы с ы н ы ң д а м у ы н а к ө п т е г ен жаңалықтар енгізді. Тұрғын үйге зәру жағдайларда әрбір бесінші үй ол басқарған ұжыммен салынды. Панелдік тұрғыдан он шақты балабақшалар, дүкендер, жатақханалар тұрғызылды. Гуманитарлық институттың ашылуының, Халықтар достығы үйінің құрылуының б і р д ен - б і р б а с т а м а ш ы с ы б о л ды . Қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің бірқатар шақыруларының депутаты. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды. 1996 жылы 10 қазандағы Өскемен қалалық Мәслихатының шешімімен А.И.Геворкянға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы, 2001 Жылы Қазақстан құрылысшылар Одағы облыстық директорлар Кеңесінің т ө р а ғ а с ы А р с ен т и й Г е в о р я к и н г е «Көрнекті құрылысшы - өндірісші» атағы берілді. Қазір Шығыс Қазақстаннан басқа жерде тұрады.

университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, шеруге қатысқаны үшін қамауға алынып, жер аударылды. Бірінші Петрозаводскіге кейін 1863ж. Тоболь губерниясының Тару қаласына айдалады. 1869ж. анасының өтініш беруінің нәтижесінде Михаэлиске Семей қаласына барып тұруға рұқсат етіледі. Ол ерекше қабілеті мен ақылының арқасында Семей облыстық басқармасының шаруашылық бөлімінің іс-қағаздарын жүргізушісінің көмекшісі қызметіне ие болады. «Семипалатинский областной ведомость» редакторы, 1878ж. Семей облыстық статистика комитетінің бірінші хатшысы міндетін атқарды. Жер аударылу уақыты аяқталысымен өзінің ғылыми ізденістерін жалғастыру мақсатында Өскемен қаласына тұрақтанады. Михаэлис Зайсан өлкесіндегі таскөмір үйіндісін, Тарбағатай мен Сауырдағы көне мұздықтар іздерін, Өскемендегі алтын орындарының ашылуы т.б. зерттеулері үшін үлкен марапатқа ие болды. Михаэлис қаланың өркендеуіне зор үлесін қосты, отыз жылдан астам уақыт бойы қалалық дума мүшесі қызметін атқарды. Е.Михаэлис пен басқа да саясаткерлердің қалаулары бойынша Өскемен қаласында кітапхана ашылды (1896), шіркеу училищесі(1897), Марийнск училищесі (1901), Халық үйі (1902) т.б. салынды. Е.П.Михаэлис 1913 жылы 2 желтоқсанда қайтыс болды. Өскемен қаласында жерленген. 1995ж. Юбилейная көшесі Е.Михаэлис есімімен ауыстырылды. Бүгінгі күнде Өскемен қаласында Е.Михаэлистің туған-туысқандары, соның ішінде шөбересі Т.Ю.Адамович (Хотимская) (1950ж.) өмір сүруде.

26 қыркүйекЖурналист, өлкетанушы Макеев Иван Григорьевич туғанына 100 жыл (1911 1985 жж.)

26 қыркүйек Шығыс Қазақстанды зерттеуші, саяси жер аударылған Евгений Петрович Михаэлис туғанына 170 жыл (1841 - 1913 жж.) Михаэлис Евгений Петрович ХІХ ғ. 60 ж. революциялық-демократиялық қозғалысқа қатысушы, Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.В.Шелгуновтың, М.Л.Михайловтың т.б. пікірлесі, Абай Құнанбаевтың досы. Ол 1841ж. 26 қыркүйекте Петербургте дүниеге келген. 1859ж. Петербург

Макеев Иван Григорьевич 1911 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келді. Өлкетанушы-зерттеуші, Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941-1945). Шығыс Қазақстан комсомол ұйымының тарихы, азамат соғысы оқиғалары, Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов, жазушыертегіші П. Бажов жайлы мәліметтер жинаумен айналысты. «Лава» (1970), «Незнакомка» (1975), «Обуховская коммуна» (1978) пьесаларының авторы.


С полным содержанием номера Вы можете ознакомиться в любом из наших филиалов: пр. Сатпаева, 14 пр. Сатпаева, 16/2 б. Гагарина, 24 ул. М. Горького, 54 ул. Металлургов, 13 ул. Севастопольская, 16/1 ул. Островского, 8 ул. Бажова, 343/3 ул. Егорова, 12 ул. Горького, 11 Дополнительную информацию ищите на нашем сайте.


12 СҰЛУЛЫҚ КҮНІ

МЕРЕКЕ

Жастығыңыз бен сұлулығыңызды сақтаудың құпиялары Күн көзіне жоламаңыз. Күн көзіне күюге аса әуестену теріні қартайтады. Егер сіз теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, кем дегенде жастығыңызды 10 жылға ұзартасыз. ! Ұйқыңызды қандырыңыз. Бұл туралы білетін шығарсыз? 8 сағаттан кем болмау керек. Жұмысыңыздың көптігіне, уақытыңыздың аздығына қарамаңыз. ! Тамақты шақтап жеңіз. Аш жүрмеңіз, бірақ тамақты да көп жемеңіз. ! Салмағыңызды қадағалап жүріңіз. Егер сіз салмақ жинай бастасаңыз, сіздің сыртқы келбетіңізге әсер етеді. ! Су ішіңіз. Әрбір күнді бір стакан таза сумен бастаңыз. Аздап ұрттап ішуге тырысыңыз. ! Жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтаңыз. ! Стресс ерте қартаюға себепші. Сондықтан барлық нәрсеге жеңіл қарап, жүрегіңізге жақын алмаңыз. !

! Өз жұбыңызды табыңыз. Махаббат жастықтың нағыз емі. ! Өз жұмысыңызды сүйіңіз. Жұмыс жасайтын адамдар өздерінің жұмыс жасамайтын құрдастарынан шамамен 5 жасқа жас көрінеді. ! Хоббиіңіз болсын. Кесте тігумен, бимен, өлең оқумен, тамақ пісірумен, жұлдыздарды тамашалаумен, саяхатпен, сурет салумен айналысыңыз. ! Жиі күліңіз. Күлкіні жақсы көретіндер сирек ауырады және аз шаршайды. Өміріңізде күлкі көп болуы үшін достарыңызбен әзілдесіңіз, комедия қараңыз. ! Қозғалыңыз. Спортпен айналысыңыз, жаяу жүріңіз. ! Өз миыңызды жаттықтырыңыз. Шет тілін үйреніңіз, сөзжұмбақтар шешіңіз, зерделі ойындар ойнаңыз. Бұл қартайғанша ақылыңыздан алжаспауға көмектеседі

3.Құрғақ шаштағы қайызғақты былай кетіреді: тініке ожаудың немесе кішкене мескенің түбіне 3 қасық өсімдік майын құяды. Шамалы қыздырады. Шаштың арасын жік-жік етіп алып, мақта оралған таяқшамен әлгі жылы майды шаштың түбіне, құйқаға жағады. Сосын басқа полиэтилен қалта киіп, сыртынан түкті сүлгімен орап тастайды. Сосын мынандай қоспа әзірлейді: 3 қасық өсімдік майын тініке ыдысқа құяды, оған 2 шай қасық алма сірке суын қосады, шамалы қыздырады. Бұл қойыртпақты шашқа жағып, 2 минуттан соң жұмыртқанын сарысы қосылған жылы сумен шашты жуады. Мұнан кейін 1 леген суға 1 шай қасық сірке суын қосады, шашты соған малып шайып тастайды.

Шаш адамның ажары. Ол сұлулық пен құпия қасиетке толы Шашты жуғанда сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кезкелген өсімдік майымен майлайды. Шашты тарау Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас терісінің қан айналымын жақсартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щетка қатты, бірақ тікенекті болмағаны жақсы. Басқа біреудің тарағын, щеткасын пайдалануға болмайды. Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию теріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп бола-ды. Күннің, желдің, теңіз суының, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады, құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зиянды. Сол себепті суық күндері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-тозаңда жұмыс істегенде басқа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң өткізбейтін бас киім киеді. Қайызғақты кетіру 1.Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас болып та қалады. Қазақ даласында оған ем болатын өсімдікалабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұнтақтайды да сиырдың айырған майына қосып қойыртпақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамалмен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың болса сабынды қолданады. Жалпы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті. 2.100 гр қалақай жапырағын жарты литр суға сірке суымен қосып, жарты сағат қайнатады. Қайнап болған соң сүзіп, ештеңе қоспай, тек өзімен ғана 8-10 күн сайын басты жуады.

Шаштың ағаруы Шаштың ағаруы адам ағзасының мал өнімдерін тым көп тұтынуынан да болады. Шашы ерте ағарған адамдардың миға қан құйылу, жүрегінің қабынуы, қысылуы, құяң, артрит тәрізді ауруларға бейімділігі басқаларға қарағанда өте жоғары. Адамдар қартая бастағанда шаштары пигменттерін жоғалтып, ағара бастайтындығы анық. Шаш адам 20-30 жасқа келгенде де ағара бастайды дейді дәрігерлер. Ал ағарған шаш жіңішкере түседі екен. Дұрыс күтілмеген шаш немесе ол ауруға шалдықса, адам созылмалы ауыруға ұшыраса да шаш түседі. Алкогольден, темекіден созылмалы улану да шашқа өте зиянды. Шаштың түсіп сиреуі 1.Шаштың түсуі С дәруменін көп тұтынудан болуы да мүмкін. Егерде шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, спирт ішімдіктерді ішуді азайту қажет. Бұл сонымен бірге жүректің жұмысында да кінәрат болғандықтын белгісі. Егерде шаш төбеден түсе бастаса малдан алынатын өнімдерді тұтынуды азайтқан дұрыс. Шаштың түсуі мінездің шапшандығынан да болуы ғажап емес. 2.Шаштың түсуі оның құрамындағы бояғыш зат меланин пигментінің мөлшеріне де тәуелді. Қараторы адамдардың шашында пигмент көп болады. Қоңыр сары шаштыларда пигмент аздау. Аққұба, сары шаштыларда пигмент тіпті аз. Егерде шашта темірлі пигмент көп болса, онда ол жирен түсті болады. Онымен бірге шаштың түсуі тұқым қуалайды. Адамның өмір бойы шашы түсіп, түлеп, орнына жаңа шаштар шығып отырады. Шаштың толық түлеп, жаңа шашпен ауысып отыруына 1 айдан 3-4 жылға дейін уақыт керек. Дені сау адамның шашы айына бір сантиметр өседі. Ал денедегі түктер, қас пен кірпіктің өсуі өте баяу. 3.Жүйке жүйесі титықтап, адам шаршаса да шашы қуаң тартады, өңсізденіп түседі. Ағзадағы зат алмасу бұзылса, түрлі дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттар жетіспесе іш құрылысында созылмалы сырқат пайда болып, денсаулық нашарлап, шаш біршама өзгереді. Жасы ұлғайған адамның шашының ағаруы табиғи құбылыс. 35-40 жас аралығында шашқа ақ түссе, ол физиологиялық қалыпты өзгеріс болып саналады. 4.Шаштың түсіп, сиреуі көбінесе шашты дұрыс күте білмеуден де болады. Кейбіреулердің шашын жиі бояитыны белгілі. Содан ол түссізденеді, шашты үнемі қатты байлап, өріп қою, бигудиді көп қолдану да шаштың түсуіне себеп. Негізінен шаштың бос тұрғаны дұрыс. Солай жасағанда шаш еркін өсіп, жетіледі. Жасанды шашты (парикті) басқа ұзақ кию де зиянын


МЕРЕКЕ тигізеді. Жасанды шашты ұзақ кисе, шаш түбіріндегі май бездерінің қызметі бұзыла бастайды. Сол себепті парикті 5-6 сағаттан кейін шешіп қою қажет. Оның астындағы шашты жиі жуып тұрады. 5. Шашты үнемі ыстық немесе суық сумен жуу, ыстықта кептіру, кез-келген бояумен бояу да шаштың құрғап, жиі түсуіне әкеліп соқтырады. Шаш түспесін деп қолданатын тұнбалар 1. Ошаған түбірін майдалап турап, оның 10-15 грамын 0,5 литр суға салып, 5 минут қайнатып алады. Сонан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін аптасына 2-3 рет сүртіп отырады. 2. Бірдей мөлшердегі настурция мен қалақай өсімдіктерін 60 пайыздық спирт ерітіндісіне салып, 10 күн қояды. Соңынан сүзіп, таза ыдысқа құйып алады. Онымен 10-15 күн бойы шаштың түбін күн сайын сүртеді. 3. Ақ қайың жапырағынан бір ас қасығын 20-30 минут қайнатып суға салып, екі сағаттай тұндырып қояды да сүзеді. Тұндырманы шашты жуған сайын басты сүртуге пайдаланады. 4. 50 грамм томар дәріні (черемица) алып, 250 гр спирт пен судың қосындысына салып, қайнатады. Ұзақ қайнағаннан кейін сүзіп алады. Дайын тұндырмамен аптасына екі-үш рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады. Шашты өсіру тәсілдері Бұл үшін де шашты таза ұстап, арасында басты жұмсақ тарақпен тарап, сылап-сипап тұру керек. Сондай-ақ табиғи шөптерден дайындалған тұнбаларды пайдалану да шаштың өсуіне ықпал етеді. 1. Бір ас қасық шырмауықтың (плюш) жапырағын жарты литр суға салып, он минуттай қайнатады. Сүзіп, салқындатады. Дайын қайнатпаға мақтаны батырып, бір ай бойы кешкісін шаштың түбіне жағады. 2. Қалақай (крапива) мен настурция өсімдіктерінің жапырақтарының 100 грамына шамамен 10 грамдай қазотын ұнтақтап, араластырады. Осы қоспаға жарты литр спирт құйып, 15 күндей тұндырады. Сонан соң сүзіп алынған тұндырмамен шаштың түбін басты жуған сайын сүртіп отырады. Қоспаның құрамында спирт болғандықтан көзге тигізіп алмау керек. 3. Кей өсімдіктердің өзін езіп пайдалануға болады. Мысалы, қаратамыр (черно-корень) өсімдігінің жас түбірін ұсақтап турап, езіп, ботқа әзірлейді. Оны бастың құйқасына жағып, үстіне пергамент қағазын жабады да жылы орамалмен сыртынан орап қояды. Бір сағаттан кейін басты жақсылап жуып алады. Мұндай масканы бір ай бойы екі немесе үш күн сайын қайталаған жөн. Шаш күтіміндегі халық рецептері Шаш селдіремесін, тартымды күйінен таймасын десеңіз, халықтың мына рецептеріне, ақыл-кеңесіне назар аударыңыз: Бас теріңізге массаж жасап тұрыңыз. Сонда құйқадағы қан айналымы, шаштың өсуі жақсарады. Шашты су күйінде тарамаңыз, фен қолданып жатқызуға, сәнденуге әдеттенбеңіз. Өз түсінен күңгірт түске боямаңыз, ол Сізді жасыңыздан әлдеқайда есейтіп көрсетеді. Бальзам, кондиционер тәрізді заттарды көп пайдалануға әуестенбеңіз. Басыңызды қышқылы орташа, жұмсақ сұйық сабынмен жуыңыз. Шашыңызды кез-келген шампуньмен, иіс сабынмен жуа бермеңіз. Шаштың жылтыраған, табиғи қалпын сақтау үшін алдымен оны таза ұстау керек. Егер ол кір болса, шаштың өңі болмайды әрі бас терісінде әртүрлі микроорганизмдер жиналуы мүмкін. Басты аптасына бір рет жуған жөн. Шаң тозаңы көп жерлерде жұмыс істейтіндер аптасына 2 3 рет жууына болады. Бірақ жуу жиілеп кеткен жағдайда шаш құрғап, сынуға бейім. Сондықтан шашты арнаулы майлармен сылау керек. Сылау ұзын шашқа тән, қысқа шаш өзі ақ тез майланады. Шашты жұмсақ сумен, әсіресе, жаңбырдың, қардың суымен немесе қайнатылған сумен жуған жақсы. Кейбір қайнамаған жәй суға жуса, сабын көпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийды араластырады.

СҰЛУЛЫҚ КҮНІ

13

Мұнымен жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сірке суын қосып, шаяды. Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабыннан гөрі сұйық сабын жиі қолданылып жүр. Шампуньды шаштың қасиетіне қарай таңдап, пайдаланған жөн. Олар қатты сабынға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс. Жуылған шашты бөлме жылуында кептіру керек. Ал күннің көзінде, жанып тұрған отқа тақап немесе электрлі кептіргіштермен кептіру шашты қатты құрғатып жібереді. Кейбір шаш қатты құрғақ болғандықтан ұшы қайқиып тұрады. Мұндай шаштарды он күнде немесе екі аптада бір рет жууға тырысқан жөн. Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс жасап тұру керек. Оны былай дайындауға болады. Кішкене ыдысқа аталмыш майды шамалап құяды да оны өзге табаққа құйылған ыстық суға салып қояды. Жылыған майға бір шай қасық лимонның сөлін қосып, араластырып, шашқа және бас терісіне жағады. Сонан кейін целлофан қалпақ киіп, сыртынан қалың орамал немесе сүлгі орап тартады. 10 12 сағат өткен соң шампуньға немесе сабынға жұмыртқаны араластырып басты жуып алады. Құрғақ шашты жуғаннан кейін кез келген өсімдік майын жағуға болады. Жуудан бір сағаттай бұрын да шаштың түбіне майсана майын (кастроовое масло) жағып, сыртынан целлофан мен жылы қалың орамалды орап қойса, шаш жуылғаннан кейін жұмсақ болып тұрады. Зәйтүн майының да (оливковое масло) шашқа пайдасы зор. Бірақ оны ошаған (репей) өсімдігін араластырып қолданған тиімдірек. Мұны жасау алдында 100 грамдап жас ошағанның түбірін ұсақ етіп турайды да 200 мл зәйтүн майына салып бір тәулік ұстайды. Сонан соң мұны баяу отқа қойып 15 минут қайнатып, салқындатады. Дайын болған қоспаны басқа жағып, 2 сағатқа манағыдай етіп орап қояды. Соңынан жақсылап жуады. Майлы шаш бір аптаға жетпей ақ өздігінен майланып тұрады. Бұндай шашты аптасына 2 3 рет жуып тұрған жөн. Майлы шашты емен қабығының (дубовая кора) қайнатпасымен жуса, жақсы көмектеседі. Дәріханадан сатып алынған емен қабығының 2 3 қасығын бір литр суға салып, 10 15 минут қайнатады да, сүзіп алады. Мұнымен шашты бастапқыда аптасына бір рет, кейін екі апта сайын ғана жуады. Шашты күн сайын 2 -3 рет тісті тарақпен немесе щетка тарақпен тарап тұру керек. Сонда бастың терісіндегі қан айналысы жақсарып, әрі май бездері қалыпты түрде бөлініп отырады. Егер шаш ұзын болса, ұйысып қалса, оны ұшынан бастап тарайды. Ұйысы жазылғаннан кейін шаштың түбінен ұшына қарай бірнеше минут тараған жөн. Шампуньды қалай таңдайды? Шампуньның (сусабынның) кез келгенін пайдалану басқа да, шашқа да зиян. Сол себепті шампунь таңдағанда мына ақыл кеңестерге көңіл бөліңіз: Алдымен шампуньның қандай шашқа арналғанын сыртқы жазуынан оқып біліңіз. Басыңыз майлы болса, құрғақ шашқа лайықталған сусабынның пайдасынан зияны көп. Ал енді құрғақ шашты майлы шаштың сусабынымен жусаңыз да пайдалы емес. Сусабынның құрамын анықтаңыз. Қоспалары 20-дан асып, 30-ға таяп тұрмаса, ондай сусабын көркіңізге көрік қоспайды. Өңі кете бастаған, боялған шашқа қышқылдығы (pH) төрт жарым, бес жарым деп көрсетілген сусабын лайықты. Белгілі фирмалар шығарған сусабындарының сапалы болатынын есте ұстаңыз. Себебі олар нашар өнімді саудаға түсіріп, жаман атқа қалуды қаламайды. Тек атақты фирмалардың арзан сусабынын сатып алмаңыз. Өйткені оның «жалған» тауар болуы мүмкін. Әйтпесе, атақты фирмалар шығарған сапалы тауарлар өте арзан болмайды.


С полным содержанием номера Вы можете ознакомиться в любом из наших филиалов: пр. Сатпаева, 14 пр. Сатпаева, 16/2 б. Гагарина, 24 ул. М. Горького, 54 ул. Металлургов, 13 ул. Севастопольская, 16/1 ул. Островского, 8 ул. Бажова, 343/3 ул. Егорова, 12 ул. Горького, 11 Дополнительную информацию ищите на нашем сайте.


МЕРЕКЕ

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТУРИЗМ КҮНІ 17

27 қыркүйек - Бүкіләлемдік туризм күні Туризм тарихы ертеден басталады. Ол XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады. Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар көптеген заңдар енгізілді. Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мыңжылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында атабабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Қазақстанда шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл біздің азаматтардың жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың көп баратын мемлекеттері Қытай, Түркия, Германия, Литва, Тайланд, Франция, Египет елдері болып табылады. Осы салада әлемге өзін танытқан мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласы туралы тоқтала кетуді жөн көрдік. Шетелдік туристерді жалықтырмайтындай астанада әсем де, айшықты орындар қала көркін сәндендіре түседі. Оларға «Астана-Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы және мәдени орындар жатады. «Астана-Бәйтерек» - тұғыры бетоннан құйылып, сырты темір шынымен қапталған, биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Ол жерге қадаған 500 қадаға орнатылған. Салмағы 300 тонналық «хамелеон» әйнегінен жасалған шардың өзі бір керемет. «Думан» ойын-сауық орталығы «Мұхит бөлшегі» екенін барша қазақстандық жақсы біледі. Онда еліміздегі және шетелден әкелінген теңіздегі тіршілік иелерін тамашалауға

болады. Қаланың рухани байлығын, өнерге деген талғам биігін көрсететін бұдан басқа Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ сазды-драмалық театры, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, ҚР Бірінші Президентінің мұражайы, «Самұрық» және «Арсенал» кинотеатры, С. Сейфуллин мұражайы, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Жалпы еліміз Елорда қаласынан бастап көрікті, әсем өңірлерге бай. Тоқтала кетсек, Шығыс Қазақстан өңірі бойынша шетелдік қонақтарға «Қатонқарағай бұғы паркі» пантымен емдеу негізінде емдеу туризмін дамыту, Ақбауыр тарихи-мәдени ескерткіші, Марқакөл өңірін атауға болады. Шетелдік туристер басқа елге барып дем алуды, жаяу жүріп саяхаттауды, жергілікті халықтың салт-дәстүрімен тереңірек танысуды қалайды. Шетелдегі бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан туризмі туралы ақпарат аз беріледі. Осы таңда Қазақстан туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, көптеген өзгерістерге ұшырау үстінде. Барлық туристік қызмет салаларында еңбек бөлінуі, туристік фирмалар жұмысының мамандандырылуы секілді жаңа ұйымдастыру қызметі ізденіс үстінде. Қазақстан туризмнің дамуы, оның жеке индустрия болып қалыптасуы, аймақтардағы экономикалық дамудың ырғақтылығы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының қалыптылығын көрсететін бір бағыт-валюталық түсімдердің көбеюі туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын талап етеді. Сонымен, мемлекеттің сауатты саясаты, туризм дамуыныңы жаңа стратегиясы еліміздің экономикалық өсуі мен өркендеуінің кепілі болып табылады Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Бахтыбекова Ш. Туризм-экономиканы дамытудың басты көзі / Ш. Бахты бекова, А. Даменова, Қ. Қонысбекова // География, биология, экология орта мектепте. - 2010. - №3. - Б. 24-25. 2. Түсіпбекова Г. Қазақстандағы туризм түрлері : Табиғатқа туристердің ықпалы / Г. Түсіпбекова // Турист. - 2010. - №3-4. - Б. 24-27. 3. Хасен З. Тұмса табиғаттың түрен тимеген түкпірі / З. Хасен // Дидар. - 2010.- 25 тамыз. - Б. 2. 4. Қадылбекұлы Ә. Шығысқа шетелдіктердің қызығушылығы ерекше / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010.- 30, маусым. - Б. 3. Ибраимова Р. Орталық қалалық кітапхана Кітап қорын толықтыру бөлімі

ДЕНСАУЛЫҚ Әжімнен сақтаныңыздар

Күнге қақталмаңыздар. Әжім де, дақ та, тері рагі де күннің әсерінен пайда болады. Көлеңке, қалтарыс пайдалы. Қыста да бас киім киіп, бетті көлегейлеген жөн. Бетті дымқылдандыратын кремдерді кешке жатар алдында жағып алыңыз.Теріге қажетті табиғи майды шайып жіберетін ыстық суды пайдаланбаңыз. Бет жуғанда салқын немесе жылы суды қолданыңыз. Жиі жуған жөн. Ваннадан, әлде душтан шыққан соң 15 минөттен кейін крем жағып қойыңыз. Тұзды, көбікті ваннаға әуес болмаңыз, теріңізді құрғатып жібереді.

Құлақ аурулары және басқа науқастар

-Құлық қатып қалып ауыртса емізулі әйелдің сүтін құлағыңызға сауғызып мақтамен тығындап қойыңыз, жарты сағаттан соң жібігенін тазалап алып тастаңыз. -Құлақты жел қақса ешкінің зәрін тамызады. -Қой өтін тамызған құлақ тез ашылады. -Саңырауқұлаққа өгіз өтін сірке суына қосып қайнатып тамызған пайдалы ем болмақ. -Өтті камфор майымен араластырып тамызуға болады. -Кереңдікке түлкінің зәрі бір де бір ем. Салынған сынықтың қайта кірігіп, сүйектің қайта өсуі үшін: индукциясы 100 мта аспайтын дөңгелек магнит тауып алыңыз.

Диаметрі 80 мм жуық мұндай магнит дауыс күшейткіштердің ескі 1-3 ваттық динамикалық бастарында болады. Енді аяқкиім майынан босаған пласмасса қалбырды тазартып алып, оған ұзындығы 12-15 см пласмассадан сап жасап бекітіңіз. Әлгі дөңгелек магнитті қалбырға "Момент1", "Феникс", Н-88 желімдерінің бірін жағып орнатыңыз. Қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз. Өйткені магниттің қолға жабысқан қиқымдары теріңізге қауіпті. Мұнан соң күніне 2-3 рет, әр жолы 20 минуттен жарақат алған жеріңізге әлгі магнитті сағат тілінің бағытымен айналдыра жүргізіп отырыңыз: он минут бір бетімен, он минут екінші бетімен. Магнит өрісіне гипс те, үстіңіздегі киім де кедергі бола алмайды. Сынықтың дәрежесіне қарай 1525 күнде ауыратын һәм ұйып қалатын жерлеріңіз жазылып, қан тамырлары мен жұмсақ ткандар тез көтеріледі. Мұндай магнитотерапияны қайталағыңыз келсе араға 1-1,5 ай салыңыз. Магнит өрісі гипотония, инфаркт, инсульт, ісік, қан аурулары мен остеомелит науқасы барларға зиянды екенін ескеріңіз.


С полным содержанием номера Вы можете ознакомиться в любом из наших филиалов: пр. Сатпаева, 14 пр. Сатпаева, 16/2 б. Гагарина, 24 ул. М. Горького, 54 ул. Металлургов, 13 ул. Севастопольская, 16/1 ул. Островского, 8 ул. Бажова, 343/3 ул. Егорова, 12 ул. Горького, 11 Дополнительную информацию ищите на нашем сайте.


МЕРЕКЕ Қазақ күнтізбесі жайлы бір анық немесе Үркердің тоғысуы

Көнеден қалған асыл мұрамыздың әртүрлі нұсқалары жер-жердегі қазақ қауымының ішінде әртүрлі қолданыста болған. Ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозған, ұлан байтақ қазақ даласын мекендейтін және тағдыр тәлкегінен шығандап кеткен қазақтар арасында ай аттарын арабша, орысша әртүрлі атап келгендігі белгілі. Ай аттары ұмытылып, жұлдыз аттары, кейде амалдардың аттары ауысып қолданылып жүр. Аталмыш тақырып төңірегінде Шәкәрім Құдайбердіұлынан Әлкей Марғұланға дейін көптеген адамдар қалам тартыпты. 1923-жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Қазақ календары» қазақ мәдениетіне елеулі үлес қосқандығы белгілі. Әйтсе де, күні бүгінге дейін нағыз өмірде қолданылып жүрген ортақ күнтізбе жоқ. Қазақ жұртының уақыт есебіндегі ү р к е р ш о қ ж ұ л д ы з ы н а не г і з д е п жүргізілетін «Тоғыс есебі» ерекше маңызды. Тоғыс есебі шаруа жайымен, мал шаруашылығымен шұғылданып өмір кешкен байырғы қазақ халқының ү р к е р қ о з ғ а л ы с ы н а не г і з д е л г ен күнтізбесі. Тоғыс есебін жүйрік білетін есепшілер мен дана қариялар азайып кетсе де ескі сүрлеумен із шолуға ниет еттік. Айдың үркерді басып өтуі - тоғыс деп аталады. Дәл тоғыс кезінде үркер айдың арғы жағында тасада қалады да, жердегі адамдарға көрінбейді. Ай жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, үркер көрінеді. Тоғыс үш күнге жалғасады. Бір тоғыстан екінші тоғысқа дейінгі мерзімді тоғыс айы деп атайды. Үркер күн мен айдың орбитасына жақын болғандықтан оған қатысты күн мен айдың орналасуына қарап жыл мезгілін, айдың қай тоғыс екендігін анықтап отырған. Күнтізбені үркердің қозғалысына орай көшпелі халық шаруашылығын, науқанды жұмыстарын да тоғыс есебіне сәйкестендірген. Үркерге қарап қыс пен жаздың басын анықтаған. Халықтың «Үркер шаңырақтан көрінсе үш ай тоқсан қысың бар, ел жатқанша үркер жанбасқа келсе жаз шықпағанда несі бар» деп тәмсілдеген. Күз басында үркер іңірде күншығыстан, қыс басында іңірді төбеде, көктем басында іңірді күн батыстан көрінеді. Тоғыс айының ұзақтығын ғылымда 27 күн 7 сағат, 43 минут деп есептейді. Мұны жуық шамамен 28 күнмен есептейміз. Бір жылда 13 тоғыс айы немесе ай мен үркер бір жылда 13 рет тоғысады. Жаз басында үркер аспан сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбейді. Қазақ мұны үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ біз көре алмаймыз, тек он бір тоғысты ғана көре аламыз. 13 тоғысты 28 күнмен көбейткенде 364 күн болады. Бұл мизамша санаудан бірекі күн кем деген сөз. Бұл күндер жыл аяғында тоғыстан тыс қосылып отырады. Тоғыс есебі бойынша жыл басы - бір тоғыс ай. Ол әрдайым мамыр айына сәйкес келеді. Бұрын жыл басын мамыр айынан есептеген. Бұл айда құстар келіп болады. «Жыл құсы» деген атау осыған байланысты. Сонан соң 25, 23, 21, 19, 17, 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3 тоғыс айлары келеді. Ең ақырғы тоғыс - 3 тоғыс айы. Тоғыс үнемі тақ санға келе бермейді. 4, 6, 8 тоғыс та

АСЫЛ МҰРА 19 болуы мүмкін. Қалыптасқан дәстүр бойынша оны тақ санға сәйкестендіріп айта береді. Тоғыс есебі ежелгі түркі және үнді халықтарына белгілі болған. Мәселен, қа за қт а р , қы р ғы зда р , х а ка с т а р , алтайлықтар, тувалар қолданған тоғыс а й л а р ы н ы ң ә д е т т е г і а й л а р м ен сәйкестігі төмендегідей болып келеді. 23 тоғыс шілде 21 тоғыс тамыз 19 тоғыс мизам 17 тоғыс қазан 15 тоғыс қараша 13 тоғыс желді 11 тоғыс қаңтар 9 тоғыс үштің айы 7 тоғыс бірдің айы 5 тоғыс көкек 3 тоғыс мамыр 1 тоғыс маусым Көшпелі қазақ халқы күйек алу, бие байлау, мал төлдету, көшіп-қону сияқты шаруа науқандарын тоғысқа үлестіріп ұйымдастырып отырған. Керей қазақтары тоғыс есебін бүгінге дейін қолданып келеді. Алайда тоғыс есебін дұрыс болжайтын көнекөз қариялар азайғандықтан ағаттықтар орын теуіп, әр жерде әртүрлі есептеу кездесіп жүр. Бұл ортақ нақтылы күнтізбенің болмауына байланысты. Сондықтан осы ғылыми мақаланы бірер кітаптар қарап, күнтізбеге байланысты жинақтаған мағлұматтар мен материалдарды қортындылап, тұжырымдап жазып отырмын және де ол Абақ Керейдің Жәнтекей руының Қаражан әулетінен тараған марқұм қарт әкем - Қабисат Можанұлының және Бүркітбай Әбиұлының, Жапан Балықбайұлының шерткен әңгімесі, қалдырған мағлұматтарына негізделген. Тоғыс есебімен тығыз байланысты есептің бірі - амалдар. Амал - кейбір айларда 5-10 күнге, кейде бірнеше аптаға созылатын ауа райның қолайсыз кезі немесе айдың қолайсыз бөлігі. Амал байырғы қазақ күнтізбесінде наурызға сәйкес келетін ай атына байланысты шыққан. Зодиактың тоқты де аталатын шоқжұлдызын арабтар Әл-Хаиал деп атаған. Амал атауы осыған байланысты шыққан тәрізді. Амалда ауа райы бұзылып, малға да жайсыз болып, қара суық, ызғырық жел, не жауын - шашын, қар жауады. Амалда тиянақты астрономиялық не метрологиялық заңдылық болғанмен жыл сайын дәл сол мерзімде ауа райында өзгеріс болатындығы өмір шындығы. Керей қазақ амалды былайша есептеп, шаруашылығын осыған үйлестіріп келген. Қазір де амалды есептеу бар. Тоқырауын амалы - қаңтардың жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Бұл - күн тоқтаған кезге байланысты келетін амал. Ақпан амалы - үт айының онында кіріп, он бесінде шығады. Халық аңызында Ақпан-Тоқпан есімді ағайынды екі жігіт кезекпен қой бағады екен. Ақпан қой жайған күні ауа райы кенеттен бұзылып, қоймен бірге ығып, далада үсіп өлген. Сол қыс жұтқа айналып, содан ақпан амалы қалған дейді. Үт амалы - үт айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Наурыз амалы - бірдің айының онында кіріп, он бесінде шығады. Әз амалы - бірдің айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Әзді ақ сақалды үлкен қария адамның бейнесімен бейнелеп түсінеді. От амалы - көкектің онында кіріп, он бесінде шығады. Сіріңке жоқ заманда көрші ауылдан от алуға барған әйел қайтып үйіне жеткенше бұрқақтан адасып үсіп өледі. Осыдан от амалы

атанған. Керейлерде «от амалы - оңына бақса от алғанша, терісіне бақса оталғанша» деген тәмсіл сөз бар. Сәуір амалы - мамыр айының онында кіреді. Кейбір жылы сәуірде ауа райы бұзылып 40 күнге жалғасады. Қариялар сәуір амалы кіргенде бұлтты бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойды дейді. Ол жылы сәуір амалы ұзаққа созылып, бұлт төніп, мұз жауады. Сондықтан «сәуір болмай тәуір болмас» деген тәмсіл. Саратан Зауза амалы - маусымның онында кіріп, он бесінде шығады. Сары атан түйеге мінген Зауза атты қыз құрбан айтта қыдырып, жолда үсіп өлген дейді. Содан Сартан-Зауза атанған. Амалдар жөнінде басқа қазақ жерлерінде әр түрлі варианттар айтылуы мүмкін. Бұлардың сыртында «көкірекшал», «құралайдың салқыны», «аласапыран», «бұлбұл торғай» сияқты амалдар айтылады. Наурыз айының жиырмасы кезінде аласапыран деген амал кіреді. Құралайдың салқыны - шамамен мамырдың жиырмасында болады. Бұл аң төлдейтін мезгіл. Сол кезде тау басына бұлт төніп, аспан бұзылады. Аң солай өрлеп бұлтпен тасаланып төлдейді. Амал бірнеше күнге жалғасады. Киіктердің құралайы аяқтанады. Амал аты осыған байланысты қойылған. Бұлбұл торғай амалы - жаз басында болады. Жаз торғайының келуіне байланысты болуы мүмкін. Тоғыс пен амалдарды есептеу Монғолиядағы қазақтар ортасында әлі де бар болғанмен толық, нақтылы емес. Сондықтан осы мақала дұрыс болжауға сеп болар деген үміттеміз. Ал, қазақша ай аттары - Қазақстанда амал аттарымен ауысып қолданылып келеді. Ақпан, наурыз, сәуір деген ай емес - амал аттары. Монғолия қазақтары ақпанды - үттің айы, наурызды бірдің айы, сәуірді - көкек айы деп атайды. Көне түркілерде жыл есебі реттік санмен айтылған. Кей айларды реттік санмен атау Қытай және Монғолия қазақтарында сақталған. Монғолия қазақтары жыл он екі айды қаңтар, үттің айы, бірдің айы, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизам, қазан, қараша, желді деп атайды. Халық жыл маусымда күн мен түннің теңелуін, күннің ұзаруы мен қысқаруын мұқият қадағалап отырған. Бұл дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Осыған байланысты халық арасында ертеден қалыптасқан тәмсіл сөздер сақталған. Мәселен, тоқырауда торғай адым, қаңтарда қарға адым күн ұзарады. Шілдеде шіл адым қысқарады. Үштің айы - күштің айы дейді. Бұл - аяз күшейетін ай. Бірдің айы - сүрінің айы дейді. Бұл ет сүрленетін ай. Көкекте - көк ішек деп тағы айтады. Көкекше көк шығып малдың ішегі көгереді. Мамырда - май ішек дейді. Мамырда малдың ішегіне май жүгіретін ай деген сөз. Халқымыз осылай жыл он екі ай мен жұлдыздар әлемін, ауа райы құбылыстарын бір шама жақсы білген білгір жұрт - қазақтар екендігі жоғарыдағы мәліметтерден көрініп тұр. Қадан Қабисатұлы


20

СЕН БІЛЕНСІҢ БЕ

МЕРЕКЕ

Шайдың зияны мен пайдасы Қазақ шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы аз емес көрінеді. Мысалы, оның құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар екен. Мәселен, шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтау қабілеті сәл де болса артып, шығармашылық ой-өрісі оянатынын зерттеушілер жоққа шығармайды. Сонымен қатар, шайдың адамның психикалық ауыртпалықтарын (депрессия) жеңілдетуге үлкен септігі бар екені де айтылуда. Әр нәрсенің екі жағы болатыны секілді шайдың да адам ағзасына кері әсері бар. Әбден құныққан, басының сақинасы ұстамайтын адам болса, шай ішпеген жақсы. Жүкті әйелдер шайды өте аз мөлшерде тұтынғаны жөн. Мүмкін болса, тіпті, ішпегендері дұрыс. Оның құрамындағы кофеин бала дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыныаяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп бола алады екен. Атеросклероз (артерияның созылмалы ауруы) ауруымен ауыратындар мен қан қысымы бар (гипертония) адамдардың қара шайды аузына алмағаны абзал. Әсіресе, аурулары өршіп тұрған кездерде қара шай ішуге болмайды. Өйткені, шайдың құрамындағы кофеин мен теофиллин науқас адамның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.Ұйқысыздыққа тап болып, түнді ұйқысыз өткізетіндер үшін кешкі 18-ден кейін шай ішу зиян. Шайдың құрамындағы кофеин мен хош иісті заттар ұйқыны қашырады. Шайды қай кезде ішуге болмайды? Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді. Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін. Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. Дәрідәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды. Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс. Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады. Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз. Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.

Үй мысығының емшілігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бюллетенінде 2002 жылы, ақпан айындағы санында: «үй мысығының емшілігі» деген қызықты мақала жарыққа шығыпты. Сол мақаладан оқырманға қажеттісін ұсынып отырмыз. Үй мысығы табиғаттың ең құнды әрі жанды жаратылысы, Бұл барлық қуат мүмкіншілігінің тірі қабылдағышы. Мысықтың көзі орасан үлкен бас сүйегінің 20 пайыз аумағын алып жатыр. Ал, адамдарда мұндай болу қайда? Өйткені, көз шарасының диаметрі не бәрі 10-12 см. ғана. Мысықтың мұрты - сезім мүшесі ретінде тек дыбысты ғана емес, сондай-ақ биоқуат толқынын сезеді. Оның көріп байқауы өте жоғары деңгейде. Тас қараңғыда және тыныштықта мұрты - антенна арқылы бәрін сезіп біліп тұрады. Сонау орта ғасырлық Еуропада мысықтардың мүмкіндіктері мен ғажап қабілеттілігін жын-пері мен жезтырнақтарға ұқсастырған. Сөйтіп, мысықтарға осылай

айыптап, әрі сиқырлы мыстан кемпірлермен бірге өртеген. ХІV-ХV ғасырларда өте қатерлі дерт - өкпе мен без чума жұқпалы індеттің кең таралуынан халықтың 30 пайызы қырылып кеткен. Бұған басқа да кінәлілермен қатар, егеуқұйрықтың көбейіп кетуінің де ықпалы болған. Мысықтар қырғынға ұшырамаған кезде індеттің осыншалық таралып, жойылып кетуі мүмкін болмас еді. Бұл ел тарихында ежелден белгілі. Ал отбасындағы емшілік қабілетіне кейінірек тоқталмақпыз. Жан-жануарлардың емдік қасиеті сонау мезазой дәуірінен белгілі. Қытай даналарының айтуынша: «жануарлар да адамдардың тумасы». Өйткені оларда адамдарша бес сезімді бастан кешеді - аштық, шөлдеп аңсау, сүйіспеншілік, қорқыныш және ауру. Жануарлар биоөрісті жақсы сезеді және адам ажырата алмайтын иісті мысық әп-сәтте, шұғыл айыра алады. Сондай-ақ мысықтар қандай болмасын хабарды молекулалық және биоқуаттық деңгейде ала алатыны да белгілі. Мұндай табиғи қасиетті пайдалану керек. Соңғы кезде мысықтың шипалы емінің мүмкіншілігі ғылым зертеулермен анықталуда. Әсіресе ұзаққа созылған жүйке және психикасы бұзылған жандарға шипалы емнің әсері айтарлықтай. Мысықтар адам денесіндегі дертті емдеп қоймай, жандүниесін жадырататын шипалы әсерімен де ерекшеленеді. Ағылшындар: «мысықта тоғыз өмір» дегендей, яғни өмір сүргіштік, жарақаттанып, зақымданғаннан сауығуы мен бұрынғы қалпына келуінің мүмкіншілігі мол. Мұндай сауалдың жауабы да оңай. Өйткені, олардың негізгі шарты адамдарға көмек ету. Мұндай қасиет оларға ұнамайтындығын айта кетеміз. Егер сіз буын дерті немесе жүйке ауруына ұшырай қалсаңыз, қатесіз анықтап, ауырған тұсқа жақындатып қысыңқырап жатқызып жылытады. Мысық ауырған нүктені тауып, әрі жайғасып орналасады да, көзі жұмылып, үдете пырылдап еміне кіріседі. Мысықтың пырылдаған баяу дыбыс тербелісінің ауруды басуға ықпалы мол. Сөйтіп, ауырған дене бөлігіне тырнағын тигізіп, біртіндеп мамықтай табанымен сипап, уқалап, массаж қимылымен сырқаттың бетін қайтарып, жанын жадыратады. Көптеген жағдайда, әсіресе жүректің ұстамасы қысылуы мен қан қысымының тым жоғарылау қаупін бәсеңдетіп, жеңілдетеді. Үй мысығы ауру иесінің жанынан бірнеше сағат бойы кетпей, су да, тамақ та ішпей тек ауру жеңілдегенде ғана тынышталады. Жалпы адамдар қан қысымы көтерілгенде мысыққа сипалатқаны жөн. Бұл, әрине қосымша пайдалы шипалы шара. Бірақ қажетті дәріні алуға қарсылық етілмейді. Үй мысығы сіздің ағзаңызды қалпына келтіруге тырысады. Емші-экстрасеанстар мысықтар сияқты адамдардың ауру тұсын анықтап, өзінің шығарған биоқуатының көмегімен ауру жанының қуатының тепе-теңдігін үйлестіреді. Адамдар өзінің көңіл-күйінің жақсы кезінде де үй-мысығына деген мейірімділігінен айырылмауы керек. Егер мысығыңыз тізеңізге секіріп, жоғары көтеріліп, мойныңызды жұмсақ табанымен құшақтап, маңдайыңызға , құлақ шекеңізге, иегіңізге сүйкенсе де тыйым салмаңыз. Ол содан кейін ашына пырылдап құлағыңызға дейін барып, нәзік тілімен жалап-сылап, уқаласа да мысығыңызды қумаңыз. Құлаққа - ағза жүйесінедегі қуат-байланысының жиынтығы орналасқан. Сондай-ақ құлақтың жарғағында орналасқан белсенді биоқуат нүктелерінің жиынтығы барлық ағзалармен байланысты екені белгілі. Сөйтіп, жоғарыда айтылған үй мысығының іс-әрекеті жанжақты әрі тегін шиаплы ем сеанс болмақ. Ал, үй мысығының сізге өте үйірсектігі байқалса, онда қан қысымыңызды өлшеп, қажет болса үйреншікті-пайдалы дәрідәрмегіңізді ішіп, аурудың алдын алуға көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Интернеттен


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.