ОЯН.НАМЫС.kz № 1 (1) 2010 жыл қоғамдық-саяси, мәденитанымдық журнал Меншік иесі: “НАМЫС.kz“ ЖШС Редакция алқасының төрағасы: Бекболат Тілеухан Бас редакторы: Бекен Қайратұлы Редактордың орынбасары: Төлеген Жәкітайұлы
Смағұл ЕЛУБАЙ БОДАНДЫҚ ҚАМЫТЫ ҚАЗАҚТЫҢ МОЙНЫНАН ТҮССЕ ДЕ, МИЫНАН ТҮСКЕН ЖОҚ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІ ДЕ, ЖЕРІ ДЕ СЫНАҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ
БЕЙҒАМ ҚАЗАҚ һәм БЕДЕУ ЕУРОПА
16
Бейбітгүл ИСАЕВА ТОТЫҚҰС ПЕН ОРМАНШЫ
23
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЙ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ жойылған елде ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТЕ болмайды
Тілшілер: Серік ҚАЛИЕВ Рүстем БЕЙСЕНҰЛЫ Нұрмұхаммет ҚАНАЙ Жанарбек ҚИЗАТҰЛЫ
Төлеби ОСПАН ҚҰЛ ДЕГЕНІМІЗ КІМ?
24
30
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ ОТАРЛАУДЫҢ ОЙРАНЫ
Журналға танымал суретшілер Еркін Нұразхан мен Айдарбек Ғазиздің еңбектері пайдаланылды.
10
Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ
Жауапты хатшы-дизайнер: Мейірбан Қақшаұлы
Маркетинг бөлімі: Аманжол Бекенұлы
6
32
Жанарбек ҚИЗАТҰЛЫ АДАМҒА МЫСЫҚ ШАПҚАНЫ ҚАЛАЙ?
Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде 28.12.2009 тіркеліп, № 10616 - Ж куәлігі берілген.
38 Төкен ӨМІРЗАҚ “ҒАСЫР ІНДЕТІ” ТАПСЫРЫСПЕН ЖАСАЛАТЫН АУРУ
40
Таралымы: 10 000 дана Мекен - жайы: Астана қаласы. А.Бараев көшесі, 21-үй тел: (8-7172)-21-09-67 факс: (8-7172)-21-09-67 namys_kz@mail.ru www.namys.kz
Журнал екі айда 1 рет шығады. “Baspa Optima” баспаханасында басылды. Астана қ., Тайбурыл көшесі 7/2 тел: (7172) 627-517, 530-560
Нұрдәулет ҒАЙНИТДИН ҚАУҚАРЫҢ ҚОДАС ҚҰРЛЫ БАР МА, ҚАЗАҚ?
45
Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ “КӘНТӨЖНИ” ҚАРИЯ
46
Серік ҚАЛИЕВ ОЯН, ҚАЗАҚ!
50
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ ЖОЛБАРЫСТАР ХИКАЯСЫ
52
32-37 бет
Ерболат Дербісәліұлы ДӘЛЕНОВТІҢ ДӘРІСТЕРІ
56
Ерлен ӘБІЛХАНИ ҚҰДА БОЛУДЫҢ ХИКАЯСЫ
60
Бекболат ТІЛЕУХАН АБАЙДЫҢ ЖОЛЫ
62
Жанұзақ ӘКІМ ДҮНИЕНІ ДҮРЛІКТІРГЕН ДОКТОРИНА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
67
1747 жылы 21 шілде күнгі Үкімет сенатының №164-ші құпия қаулысында: «Қазақ халқына қару-жарақ, оқ-дәрі, кремний, қорғасын сатпау керектігі жөнінде» айтылса, 1747 жылы 31 желтоқсандағы екінші бір құпия қаулысында: «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Оренбург губернаторы қазақтың бір немесе екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер, қарттар, балаларымен қосып)» делінген.
Мейірбан ҚАҚШАҰЛЫ ДЕНЕСІ ТИБЕТТЕ, БАСЫ АЛТАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН БӨКЕ БАТЫР
74
52-55 бет
Аманжол БЕКЕНҰЛЫ КҮНКӨРІС КӨЗІ
78 Нұрмұхаммет ҚАНАЙ ҚАЗАҚ ҚАЗАҚПЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССІН!..
82
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫН, ТАРТАСЫҢ-АУ ҚАЗАҒЫМ!
84
АМЕРИКАНЫ АШҚАН КОЛУМБ ЕМЕС, АФРИКАЛЫҚ МҰСЫЛМАНДАР
90
46-49 бет
Рүстем БЕЙСЕНҰЛЫ БАЛЫҚ ҚИССАСЫ
94
... Атамның құны, анамның ары кеткен, шексіз қорлығы өткен сол қанқұйлылардың тілінде енді өз ұрпағымның шімірікпестен шүлдірлеуі жанымды шыжғырады ...
ҰЛТТЫҢ ҚАЙРАҒЫ – НАМЫС Тәуелсіздік!.. Тәтті ұғым ғана емес, Тәңірдің сыйы. Осыдан екі жарым ғасыр бұрын Бұқар жырау бабамыз: «Айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін!» – деп бірліктің ұранын тастапты. Жаттың пиғылын көмекей жырау тап басыпты. Жат мұраты – айыру. Зымиян жау «бөліп алғанның билей беретіндігін біледі». Азаттық! Асыл ұғым ғана емес, асқан дәулет. Ақтамберді жырау айтпақшы «осынша берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз...» Ол үшін «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» (Абай) болмақ. Яғни, аузыңда бірлік, алдыңда тірлік болмаса, азаттығың адыра қалмақ. Ендеше: «көл қорыған қызғыштай, ел десе салар байбалам... ұйқы беріп, қайғы алар» (Дулат Бабатайұлы) жойқын махаббат керек. «Біздің бүйткен бұл іске, қайыспас қара нар керек, тағы да келдік тар жерге, ер дініне берік боларға керек», деп шамырқанады Махамбет. «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты! Өткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һәрам боп, Қазағым, енді жату жарамасты» деп Міржақып жалғайды елдіктің сөзін. Бейне бүгін жазылғандай! Түсінгеніміз – барлық сөздің түп-түйіні намысқа саяды. Себебі, НАМЫС – қозғаушы күш! Жұртқа деген жанашырлық, елге деген махаббат намысыңды жанымақ. Намысты жан арына, ұятына берік. Яғни, НАМЫС – иманнан! Ол – «Жабыққанын білдірмейді, жамандар мазақ қылар деп!» Елім деген еріңнің қадіріне, иен жайлаған жеріңнің қадіріне НАМЫС жеткізеді. Қазақиядағы құлдық сананың құрсауын да оянған НАМЫС шешеді. Қадірлі қандас! Қазақияны құраушы ұлттың тұтастығы осы мемлекеттің тағдырын айқындамақ. Әр қазақтың баласы осы жауапкершілікті сезінуі шарт. Сонда ғана шын мәнінде тәуелсіз ел болмақпыз. Сол жолдағы көп салалы міндеттің бір арнасын мойнына алған «Оян.НАМЫС» журналы оқырманына жол тартты. Оқығаныңыз аз, зердеңізге түйгейсіз. Тілектес қана емес, үлестес болғайсыз. Олқымызды толтыру үшін талқысына қатысыңыз. Себебі, ел аманат, жер аманат, дін мен тіл аманат. Аманатқа қиянат – қасірет. Аманатты аялау шарт, алаш баласы! Бекболат ТІЛЕУХАН
ОЯН.Намыс.kz
БОДАНДЫҚ ҚАМЫТЫ ҚАЗАҚТЫҢ МОЙНЫНАН ТҮССЕ ДЕ, МИЫНАН ТҮСКЕН ЖОҚ
Ж Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы
аңа ғасырға аяқ басқан қазақ халқы тіл майданында бүгінде тарихи жолайрық алдында тұр. Тарихи таңдау алдында тұр. Оң жағымыздан бір жол шығады. Ол жол – оң жол. Ұлт болып ұйысуға алып баратын елдік, ерлік жолы. Ұлттық рухтың бұла күші буырқанған қазақ пассионарлығына алып баратын – ұлы жол, даңғыл жол. Сол жағымыздан бір жол шығады. Ол жол – теріс жол. Енжарлық жолы. Ерлік жолы емес, ездік жолы. Елдіктен кету жолы. Ол – қазақ тілі, ділі, дінінің ғасыр аяғына жетпей шайылуына, сұйылуына, жойылуына алып баратын – қара жол. Бұл екі жолдың да ғасырлар бойы жазылған тайға таңба басқандай өз сценарийлері бар. Оны санасы соқыр жан ғана көрмеуі мүмкін. Саналы жан жазбай таниды. Қара сценарий авторы – отаршыл патшалық Ресей, кешегі кеңестік империя. Ақ сценарий авторы – азаттық жолында күрескен ата-бабаларымыз. Бұл – елдік, ерлік сценарийі. Ұлт тілі – осы екі сценарийдің екеуінің де негізгі нысанасы. Бірі өсіргісі келеді, бірі Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
Шолтиған тонның етегі Шоңқайсаң болды саталақ. Шамына тиді алаштың Сайтаннан туған сапалақ!
Фрэнсис Фанон, француз зерттеушісі: “Тәуелсіздік үшін күрескен отар елдердің басшылары сол күрес кезінде ұлттың намысы, ұлттың тәуелсіздігі, саяси азаттық жайында ғажайып ұрандар көтереді. Бұдан соң бүкіл ұлт көтеріліп, жеңіске жетеді. Осыдан кейін үлкен парадокс, яғни, қарама-қайшылық басталады. Азаттық үшін қан төккен халықтың мүддесі былай қалады да, билік басына келген сол ұлттың орта тап өкілдері империалистердің, отаршылдардың жүзеге асырған әдістерін одан әрмен жалғастыра береді...” 2010 № 1 (1)
ОЯН.Намыс.kz өшіргісі келеді. Отаршылдар мен отаншылдар кетісетін тұс осы – тіл тартысы. Отаршылдар қырық түрлі қитұрқылық құйқылжытып, отар елдердің тілін жойғысы келеді. Тіл өшсе, ұлттық сана өшеді. Ұлттық сана өшсе, бодан ел мәңгі бас көтермейді. Үстем елдің құлақ кесті құлына айналады. Қазақ халқы жаңа ғасырға бодандық қамытынан құтылған азат ел болып аттады. Бірақ, бодандық қамыты мойнынан түссе де, миынан түспеді. Саяси отарлық аяқталса да, рухани отарлық жалғаса берді. Яғни, сана тәуелсіздігі орнамады. Сана тәуелсіздігі әлсіз болса, саяси тәуелсіздік қалай мықты болмақ? Тілдік иммунитеті жоқ ұлттың, ұлттық иммунитеті қайдан мықты болмақ? Азаттық алған елдің басты мақсаты – асау өткелден неғұрлым тез, әрі шығынсыз өту, яғни отаршылдық қамытынан тезірек құтылу. Азаттықтың жаңа дәуірі біз үшін ағысы қатты асау арна. Осы асау арнаға біз жүзу білмейтін күйде күмп етіп қойып кеттік. Масқарасы сол, арада он сегіз жыл өтсе де біз асау арнада біресе батып, біресе шығып, әлі күнге малтығып жүрміз. Жаңа бір алмағайып дәуірге аяқ басқан елде жаңсақ қадам аз болмайтын сыңайлы. Осы дәуірдің заңдылықтары, өзіне тән қайшылықтары туралы осы проблеманы зерттеп жүрген әлемге әйгілі ғалымдардың сөзіне құлақ түріп көрейікші. Америкалық ғалым Ева Томсон «отаршылдардың өздері елден кетсе де, олардың көлеңкесі қалатынын» жазған. «Отаршылдық азаттық алған елдің тіршілігінің барлық саласында төбе көрсетіп отырады. Саяси жүйе өзгерсе де, отаршылдардың ойран
салуынан әбден зардап шеккен ұлттық сана көп уақытқа дейін ойрандалған қалпында қалады. Оның өзгеріссіз қалуы – азаттық дәуірін бастан кешіп отырған бұрынғы отар елдердің ең алдымен, тілінде көрінеді. Сосын оның ұлтшылдығының деңгейінен, бодан болған халықтың гибридизмінен байқалады. Отарлаған ел мен отарланған елдің мәдениеттерінен шыққан мәдениеттің жаңа түрі – қоспа мәдениет төбе көрсетеді» деген тұжырым жасайды Ева Томсон. Ал, осы саланың көрнекті өкілі, француз ғалымы Фрэнсис Фанон болса, азаттық алған, яғни, жаңа дәуірді бастан кешіп отырған елдің негізгі белгісі – тілінің бөлінуі, өздерінің маргиналдануы мен патологияға ұшырауы және құлдық психология кебін киюі деп біледі. Фанонның айтуынша, бодандықта болған елде өмір сүріп жатқан отарлаушы елдің тілі – әлі де болса күштің кімнің жағында екенін байқататын көрсеткіш индекс. Фанон мынадай тағы бір қызық мысал келтіреді: «Тәуелсіздік үшін күрескен отар елдердің басшылары сол күрес кезінде ұлттың намысы, ұлттың тәуелсіздігі, саяси азаттық жайында ғажайып ұрандар көтереді. Бұдан соң бүкіл ұлт көтеріліп, жеңіске жетеді. Осыдан кейін үлкен парадокс, яғни, қарама-қайшылық басталады. Азаттық үшін қан төккен халықтың мүддесі былай қалады да, билік басына келген сол ұлттың орта тап өкілдері империалистердің, отаршылдардың жүзеге асырған әдістерін одан әрмен жалғастыра береді. Сол тетіктерді қолға алады. Бұл – өз халқын отаршылдар секілді қанай беру деген сөз. Бұл – ұлттық буржуазияның сатқындығы. Оларға өз
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz халқын люмпенпролетариатқа айналдыру өте тиімді. Содан кейін көтеріліс кезінде біршама жоғары деңгейге көтерілген ұлтшылдықтың температурасы төмендейді. Орта тап пен интеллектуалдардың жалқаулығы, әсіресе, ой жалқаулығы нәтижесінде ұлтшылдық зардап шегіп, әлсірей береді». Бұл жағдаят кезінде Африка елдерінде орын алса, енді біздің елдің де қазіргі көрінісінен алыс емес сияқтанады да тұрады. Дәл осы күнгі Қазақстанның жағдайына қарасақ, әлем теоретиктері дәл біздің бастан кешіріп отырған дәуірдегі проблемаларды дөп басып айтып кеткен. Қазақстанда байқалатын қазіргі ең басты дертті құбылыс – ұлттық сананың құлдырауы, құлдық қалыпқа түсуі. Қазақстанда 300 жылға жуық жалғасқан отарлық дәуір ұлттың санасына айықпас кембағалдық комплекс қалдырды. Тіліміздің дамымауына, ұлттық мәдениеттің көптеген саласының кенжелеп қалуына, әлі күнге дейін Қазақстанда, қазақ қауымында орыстану процесінің тоқтамауына негізгі себеп – 300 жыл үздіксіз қазақ санасына соқаланып салынған кембағалдық комплекс деп ойлаймын. Яғни, 300 жыл бойы «сенің тілің де, дінің де, дәстүрің де, тарихың да, түрің де жаман» деп мың-миллион рет қайталана бергеннен кейін және осы көзқарас отарлаушы ел тарапынан жүргізілген саясаттың нәтижесінде ұлттың санасына удай сіңді. Біз ұлт санасын осындай удан дер кезінде тазарта алмадық. Ащы тарихи шындық жеткізе айтылуы тиіс-ті. Елдің көзін ашу керек еді. «Сендер – отарланған, жетпіс жыл бойы коммунистік режимге, Кремльге құл болған халықсыңдар. Құлдықтан құтылуымыз керек. Оның жолы мынадай. Республикада тұратын басқа ағайындар, біз құлдықтан құтылайын деп жатырмыз. Сондықтан да біз тілімізге, дінімізге, мәдениетімізге кешегі отарланған, сорлаған, есесі кеткен ұлттың тұрғысынан қараймыз. Біз
300 жыл бойы құлдық санаға түсіп, тарихтан кенжелеп қалған халықпыз. Осы 300 жылдық аралықты бірнеше жылдың ішінде біз, қазақ халқы, басып озуымыз керек. Қазақ ұлтын, оның отарланған мәдениетін қалыпқа келтіруге Қазақстан мемлекеті тікелей жауапты. Тарих алдында міндетті» деу керек еді. Өзге ұлт өкілдері сонда қазақ халқына түсіністікпен қараған болар еді. Бүгінгі таңда қазақ қоғамында деколонизация – отарсыздану процесі екпінді жүргізілуі керек. Бұл – қазақ емес халықтарды ығыстыру деген сөз емес. 300 жыл бойы отаршылдық қамытын киген, әбден тапталған халықтың ұлттық мәдениетін, тілін, санасын тез арада қалыпқа келтіруге бет алу деген сөз. Осы қозғалыстың ортасында тіл мәселесі тұр. Егер қазақ тілі мен мәдениеті қалыпқа келмесе, онда қазақ ұлты да қалыпқа келмегені. Күреспесе, ұлт өздігінен қалыпқа келмейді. Өйткені, оның 300 жылдық ойран болған тарихы бар. Біздіңше, Қазақстанда қазақ тіліне көшіру процесі тоқтамауы керек және бұл шараны мемлекет қолға алуы шарт. «Бұл біреулерге ұнамайды ғой» деп тоқтатуға болмайды. Осы қисынға салсақ, Қазақстан деген мемлекеттің жер бетінде өмір сүруінің өзін басқа жұрттар ұнатпауы мүмкін ғой. Сонда қалай, біреуге ұнамайды деп мемлекетімізді жойып жібереміз бе? Біздегі билік иелері – Президент аппараты, Үкімет, Парламент ұлт алдындағы тарихи жауапкершілігін терең сезінуі қажет. Егер тарихтың бізге берген мүмкіндігін пайдалана алмасақ, болашақ ұрпақтың алғысына емес, қарғысына қаламыз. Жоғарғы билік органдары кеңестік дәстүрмен елді орысша билеуін тоқтатпаса, онда қазақ ұлтын ұлт ретінде қалыпқа келтіру былай тұрсын, оны жоюға үлес қосқаны.
Қазақ халқының бүгінгі ұрпағының мойнында екі жауапкершілік бар. Біріншісі – ата-бабалар аманаты. Біздің ұлттық құндылықтар ата-бабалардан қалған, солардың қанымен суарылған. Екіншісі – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Ұрпақтарымыз күндердің күнінде қазақ елінің бүгінгі саяси элитасынан елін де, тілін де, дінін де сұрайды. Сол кезде қарғыс емес, алғыс алуға тырысуымыз керек.
2010 № 1 (1)
ОЯН.Намыс.kz
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ 10
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат баласы жаңадан жойқын қару ойлап тапты. 1945 жылы Жапонияның ХиросимаНагасаки қалаларына американдықтар атом қаруын сынаған сәттен бастап, бүгінге дейін жер бетінде 2,5 мыңнан астам ядролық жарылыстар болған екен. Осылардың төрттен бірі, яғни, 630-дан астамы қазақтың жерінде жарылған. Селеуі төгіліп, бәйшешегі жайқалған, нуына қаз қонып, аққу ұшқан құнарлы өңір – сынақ алаңына айналды. Мұндай жойқын сынаққа даланың жүгірген аңы, ұшқан құсы да ұрынды. Ең үлкен қасірет – бұл даланы ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан қазақ баласына медлабораториялардағы сұр қояндар сияқты тірідей тәжірибе сынағы жасалды. Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Ұлтымыз үшін аса қатерлі дүние 1940-шы жылдардан бастап қазақ даласының 34 жеріне атом, сутегі қаруларын сынақтан өткізетін әртүрлі полигондар орнатты. Бұлардың бәрі тек қана қазақтар қалың қоныстанған өлкелерге арнайы қондырылған. Атағы жер жүзін үрейлендірген Семей жеріндегі атом сынақ полигонын былай қойғанда 1950 жылдары Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының аумағында әскери-техникалық «Азғыр» атом полигон жүйесі құрылды. Соңынан үрейлі «Капустин Яр» полигонына айналды. Осыған байланысты Орда ауданы таратылды. Халқы күшпен жер аударылды. 1957-1962 жылдары «Капустин Яр» әскери полигонында қуаты 983,4 к/т тең, биіктігі 300 шақырымға жетеқабыл 11 әуе жарылысы болды. Осы әуедегі ашық жарылыстардың қуаты 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тастаған атом бомбасынан 65 есе зор болған. 1966-1979 жылдар аралығында «Азғыр» полигонында 160-1500 метр тереңдікте 17 жерасты ядролық жарылысы жүзеге асты. 1966 жылы 22 наурыз күні 500 тұрғыны бар «Азғыр» ауылының дәл іргесіне 1,5 шақырым қашыққа әкеліп атом қаруын сынап, бейшара халыққа тәжірибе жасады. Қысқасы, жоғарыдағы полигондарда қолдан басқарылатын 25 мың ракета жарылып, 177 түрлі әскери техника сынақтан өткен. Осынау тәжірибелерден кейін әр жерде шашылып қалған 700 тонна әскери-техника қалдықтары соңғы жылдарға дейін далада ашық-шашық жатты. Соның салдарынан су мен топыраққа қорғасын, мыс, мырыш, кадмий сияқты зиянды металдардың қоспасы жайылды. Радиациядан қорғау және экология институтының зерттеуіне қарағанда: бұл жердің топырағы мен суында қорғасын – 80 мың, мыс – 8 мың, мырыш – 270 мың есе көп екендігі анықталды. Бүгінгі таңда полигонға жақын орналасқан аудандарда 1600-дей кемтар бала есепте тұрады. 3700 адам мүгедектігі туралы жәрдемақы алады. «Азғыр» полигоны маңында тұратын тұрғындардың денсаулығы облыстың өзге ауданда рымен салыстырғанда 2-3 есе төмен. Өйткені, бұл полигонның салдарынан пайда болған улы заттың мөлшері 10 миллионнан астам кюриді құрап отыр. 2010 № 1 (1)
11
ОЯН.Намыс.kz Батыс Қазақстан облысының 1500 гектар жері әлі күнге дейін «Капустин Яр» полигонының қарамағында. Ресей әлі күнге сынақ жасауды тоқтатқан жоқ. Күн сайын дүрсілдеген алапат жарылыстарды жергілікті халық естіп отырады. Жоғарыда атап өткеніміздей «Капустин Яр» полигонын орнату үшін Кеңес Одағы кезінде Орда ауданы таратылып, халқын күшпен жер аударды. Бұл әлі айтылып, жазылмай келе жатқан зор нәубеттің бірі.
Осы орайда, аталмыш оқиғаның ортасында болып, жер аударылған азаматтардың бірі – танымал ақын, шебер аудармашы Қайрат Жұмағалиев ағамыздың әңгімесіне құлақ түрелік:
Қайрат Жұмағалиев, ақын. 1937 жылы Бөкей ордасының Бисен ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ақынның «Тұңғыш», «Жанар», «Перзент үні», «Құбажон» және тағы да басқа жинақтары жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Оның сондайақ, «Ататау», «Төлбасы» сияқты балаларға арналған шығармалары жарық көрген. Бірқатар еңбектері орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, араб және басқа да тілдерге аударылды. Ал, ақынның өзі әлемдік поэзияның жауһарларын қазақ тіліне аударуға көп тер төкті. Көп жыл Алматы қаласында шығармашылық жұмыстармен айналысты. Қазір елордасы Астанада тұрады.
12
– Қайреке, атақты «Капустин Яр» полигоны орнайтын болып, Нарынның бойын жайлаған жұртты жер аударғанда сіз ішінде болдыңыз. Осы оқиға жайлы айтып берсеңіз? – Орда ауданының «Азғыр» дейтін ауылындағы мектеп-интернаттың 8-ші класында оқып жүргем. Кенет сабақты тоқтатып бізді 100 шақырым жерде орналасқан өзіміздің ауыл Айғырқұмға алып келді. Бұл 1952-ші жыл болатын. Ауылға келсек адамдар: «бізді Шымкент жаққа көшіреді екен», деп дүрлігіп жүр. «Шымкентте қорғасын зауыты бар сақамызға қорғасын құйып ойнайтын болдық», деп балалар қуанып әлек. Олар алдында қандай тағдырдың күтіп тұрғанын қайдан білсін. Содан бір түнде көшірді. Дүние астан-кестен, не болып, не қойып жатқанын ешкім білмейді. Жан-жақтан жиналған әкім-қаралар дік-дік етеді. Жарытып жауап та бермейді. Барлығымызды «Судабекр» дейтін әскери машинаға тиеп алып теміржолға қарай алып жөнелді. – Қанша адам жер аударылғаны туралы нақты дерек бар ма? – Басқасын білмеймін, тек біздің колхозда 250-ге тарта отбасы бар еді. Аудан көлемінде осындай үлкенді-кішілі 52 елді-мекен бар деп ойла. Сонда қанша адам болады. Іштей есептеп көргін. Ауданды түгін қоймай таратты. Қазақ топырағындағы тұңғыш мектеп осы ауданда ашылған. Өткен ғасыр басындағы ұлт зиялыларының бетке ұстар қаймақтары осында оқып, білім алған нағыз қазыналы мекен еді. Оның сыртында тұңғыш банк мен баспахананың тағаны да осында қаланған. Оны аз десеңіз, алғаш рет еуропалық стандартпен емдейтін медкурстар ашылған... Ордадағы мектепте оқыған қазақтар арасынан атақты ғалым-ағартушы Мұхамед-Салық Бабажанов, Петербор университетінің шығыс тілдері, заң, математика Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz факультеттерін бітірген – Бақтыгерей Құлманов, Сәлімгерей Жантөрин, ағайынды Батырқайыр, Әбділкәрім Ниязовтар, Қазан, Саратов университеттерінің медицина факультетін бітірген Мәжит Шомбалов, Махмұт Шолтыров, Батырғали Жүсіпқалиевтар шығыпты. Бұлардан басқа әскери генералдар шықты. Соның бірі – Ғұбайдолла Жәңгіров патша заманында министр дәрежесіне көтеріліп, Ресейдің Думасына сайлауға түскен қазақ депутаттарына қаржылай көмек көрсетті. Бұлардан кейінгі Ордада оқыған қазақтар толықтай Алаш қайраткерлері атанды. Былайша айтқанда, ХІХ ғасырда Батыс өңірде тұтастай қазақтың ұлтшыл-зиялы тобы қалыптасты. Дәл осы қазақтың руханияты қайнап шығып жатқан жерге әкеліп полигон орнатты. Қазақ: «Шөптің өзі жер таңдап өседі» дейді емес пе. Сол сияқты еліміздің екінші қиыры – АбайШәкәрім-Мұхтарлар туған нәрлі топыраққа апарып тағы бір алапат полигон орнатты. Осылай ұлттың рухы қайнап-пісіп, түлеп-жетіліп жатқан топырақты тамырына дейін құртты... – Сонымен сіздерді сыпырып-сиырып теміржолға қарай ала жөнелді... – Ұлардай шулап кетіп барамыз... Күні бүгінге дейін көз алдымда – елдің бәрі еңіреп-жылап, иттер ұлып, түйе боздап, сиыр мөңіреп сұмдық болды. Туған топырағынан еріксіз кетіп бара жатқанын мал екеш, мал да біледі екен. Көрші үйдің сары іңгені боздағанда оның дауысын естіген жұрттың төбе құйқасы шымырлады. Жәудіреген қос жанарынан саулаған жас желкілдеген шудасын жуып кетті. Анам жарықтық зар жылаған аруанаға қарап тұрып: Көшкенде құм Нарынды қия алмадым, Көл қылып көз жасымды тыя алмадым, Есімді көпке дейін жия алмадым, Үстіне қара жердің сыя алмадым, – деп көріс салды. Үлкендер жағы: «Бұл жерден жеті жұрт көшіп еді, сегізінші болып біз көшіп бара жатырмыз», деп көшкен елге басу айтумен болды. – Үй-жай, мал-мүліктеріңізді не істедіңіздер? – Ол кезде қайбір жетіскен жиһаз бар дейсің. Онымұны дүниемізді алдық. Үй-жай сол күйі қалды. Қолдағы малдарымызды жиып-теріп басқа аудандарға айдап кетті. – Үй-жай мен малдың орнына өтемақы берді ме? – Әр отбасының басшысына 1000 рубль, қалған жан басына 250 рубль ақша берді. Бәрі осының ішінде... Содан бізді топырлатып «Сайқын» деген стансаға алып келді. Осы жерге келген соң мал тасуға арналған қызыл ағаш вагондарға тиеді. Вогандарда терезе жоқ. «Адамдарға обал-ау» деп есіркеп жүрген жан баласы болсайшы. Ақырып-зекіріп, кәдуілгі мал айдағандай зіркілдейді... 2010 № 1 (1)
Семей полигонының әскеристратегиялық картасы
13
ОЯН.Намыс.kz Шымкентке дейін тура 17 күн жүрдік. Жолда кез келген өткізу пункттеріне тоқтаймыз. Қашан қозғаламыз, қайда барамыз ол жағы беймәлім. Ырғатылып келіп пойыз тоқтағанда жапа-тармағай түсе қалып, самауыр жағып, шай қайнатып ішеміз. Кейде шай қайнағанша пойыз жүріп кетіп, ыстық суды жерге төге салып, әрең ілінеміз. Қозғалған пойызға асығыс отырам деп жүріп, бір адам темір дөңгелекке басылып қаза тапты. Вагонның ішіндегі ыстық ми қайнатады. Тоқтаған станциялардан бір шелек суық су әкеліп, қабырғаларға шашқанда өзінен-өзі қайнап, буланып ұшып кетеді. Қазір ойласам, тамыздың шіліңгір ыстығында елді көшіре ме екен, әдейі істелген қастандық сияқты. – Сонымен сіздерді қайда әкелді? – Ол кездегі атаумен Шымкент облысы, Жетісай ауданының «Тельман» дейтін колхозына алып келді. Жаңадан құрылып жатқан шаруашылық екен. Бізден бұрын Жамбыл жақтан адамдар көшіп келіпті. Мақта өсірумен айналысады... Келген күннің ертеңінде даланың тасбақасын теруге шықтық. Себебі, мақта дәні алғаш өсіп шыққанда, қылтиған жасыл жапырағын тасбақа жұлып жеп қоятын көрінеді. Бүкіл даланың тасбақасын жиып-теріп өртеп жібердік. Әрбір тасбақа үшін бізге бес тиын ақша төлейді. – Колхоз көшіп келгендерге баспана берді ме? – Қайдағы баспана, анам екеуіміз бұрын көшіп келген бір қазақтың «времянкасын» жалдадық. Ең үлкен қасіретті айтайын: сізге өтірік, маған шын, жаңадан көшіп келген елден күніне төрт-бес адам өліп тұрды. – Неліктен олай болды? – Өйткені, біз қоңыржай климатта, жер асты ылғалынан сүзіліп шыққан құдықтың суын ішіп үйренгенбіз. Мұнда келіп еріксіз арықтың суын іштік. Осыдан іш ауру пайда
14
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz болып, әсіресе балалар қынадай қырылды. Көп кешікпей батыстан көшіп келген елдің 65 пайызы қырылып қалды. Тең жартысынан астамы. Өлімнің көптігі соншалық адамдар бір-біріне көңіл айтудан қалады екен. Шіркін, осының бәрін кезінде айта алмадым. Бұл ұзақ әңгіме, қарағым! Заң қатты ешкімді себепсіз жұмыстан босатпайды, шіркін-ай өліктерді жерлеудің өзі сын болды ғой. Өлік көп, жерлейтін адам жоқ. Қандай қасірет еді! Осылай біздің арқамызда ауылдың шетінде айналасы ат шаптырым қорым-зират пайда болды. Зираттың үлкейгені соншалық білмейтін адам оны «жаңадан орнаған үлкен ауыл екен» деп қалатындай дәрежеге жетті. Өйткені, қабірдің қасындағы біздің колхоз көзге көрінбей қалды. Осылай шырағым, Оңтүстікке келген ордалықтар бұл өңірде бұрын-соңды болмаған аса қысқа уақытта үлкен зират орнатып бердік. – Қашып-пысып көшкендер болды ма? – Тағы бір сұмдықты айтайын: біздің бәрімізде паспорт жоқ, құжатымызды жинап алған, адам санатында емеспіз. Төлқұжат жоқ қайда барамыз. Бірлі-жарым қашып кеткендер болды. Содан аңду қойды. Өз көзіммен көрдім 15 баласы бар бір әулет 15-ін бірдей жерге беріп, ері мен әйелі ғана тірі қалды. Осы кісілердің сондағы зарлағаны әлі күні құлағымнан кетпейді. Қашқандардың өзі малын қорасына байлап, отын жағып қойып, ешкімге білдірмей айлы түнде соқа бастарын алып, кетіп жатты. – Қашқан адамдар қайда барып паналады екен. Туған жеріне қайтып барғандары болды ма? – Болғанда қандай. Жоғарыдағы адамдар анда-мұнда жан сақтап жүріп, жиырма жылдан кейін 1972 жылы Орда ауданы «Бөкей Орда» болып қайта ашылғанда елге барыпты. Рахметолла Егізбаев дейтін ауданның бірінші хатшысы болды. Бұрын Жәнібек ауданында бірінші хатшы болған екен. Жаңадан ашылған ауданға сұранып келіп, күллі Қазақстан жеріне шашылып кеткен ордалықтарды жинады. Туған жердің құдіреті бөлек-ау, сонау Өскеменде, Талдықорған жақта мансапты жұмыс істеп жүрген бөкейліктер бәрін тастап көшіп келіп, қара жұмыс істеп-ақ күндерін көрді.
ҚАРА ХАЛЫҚ АҚ ҚАНДЫ Күн кірпігін қаққанда тақыр Дала көрінген, Қалаға да сол Тақыр қорқынышты өлімнен. Қасқыр да жоқ ол жақта, Арқар да жоқ – құрыған. Тек, Иттері мияулап, Мысықтары ұлыған. Жер төсіне сол жақта Атом сына қаққан-ды, Мекендейтін халқы да қара халық ақ қанды,
Жаратқанға сенгендей, өздері тым аңғал-ақ, Мал баққан боп жүреді маңдай тері сорғалап. Өмір көші – баяғы өткен жылдар тұсында, Соңғы аршаның қаны бар семсер – сәске ұшында... Енді ол жаққа бейкүнә құс та қанат қақпаған, Ал, әуеде сөздер көп бірін-бірі мақтаған. Күн кірпігін жапқанда, күбірлейді сол Дала Не дейді екен, білсеңдер айтсаңдаршы, жолдар-ау!.. Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ
2010 № 1 (1)
15
ОЯН.Намыс.kz
БЕЙҒАМ ҚАЗАҚ һәм Е БЕДЕУ ЕУРОПА •
• •
•
• •
Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ
16
• •
уропа ғалымдары отбасының бақытын сақтау туралы көптен бері дабыл қағып келеді. Отбасылық құндылықтардың тінін әлсіретіп, өзегін босатып алған бұл құрлықта адамзаттың әу бастағы отбасылық дәуреніне оралуды көксейтін азаматтар аз емес. Ежелгі мәдениетімен ғасырлар бойы мақтанған Италияда осы күні халықтың 14 %-ы ғана жастар екен. Мүйізі қарағайдай Германияның атпал азаматтары өз қыздарының шаңырақ
Германия демографтарының мәліметтеріне сүйенсек, қазір статистикалық орташа есеп бойынша еуропалық әйелдерге бар болғаны 1,5 баладан келеді. Еуропа тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жасқа жеткен. 1995-2000 жылдар аралығында халқының саны 4,4 миллионға күрт азайып кеткен Еуропада 2050 жылға дейін 50 миллион тұрғынды жоғалтатынымыз анық деген дабыл көтерілуде. 2009 жылғы санақ қазақ жеріндегі бар халықтың санын он алты жарым миллионға жеткізді. Соның ішінде 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны 4 044 660 екен. Бұл ел халқының 24.5 пайызы. Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 66 жас. Қазақстанда 8155 орта білім беретін мектептердің 3747-сі ғана таза қазақ тілінде білім береді. 2003-2008 жылдар аралығында Қазақстанда 350 мектеп жабылды. Біз өмір сүру ұзақтығымызды дүние жүзі бойынша салыстырсақ – 101-ші орындамыз. Соңғы деректер жыл сайын республика бойынша түсік жасату 150 мыңнан 375 мыңға жоғарылап кеткенін көрсетеді. 375 мың дегеніңіз Өскемен секілді тұтас бір қаланың халқы.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz көтеруге құлықсыздығынан алыстағы Вьетнамға құда түсе бастады. Несін айтасыз, поссоветтік кеңістікке қарны тоқ, көйлегі көк болып көрінетін Еуропада адамзат дамуының ең соңғы асыл қазығы – отбасылық құндылықтың кетеуі кетіп тұр. Осы жерде бұл құбылыстың түп-тамыры неде деген заңды сұрақ туады. Еуропа ғалымдарының дені бұл қасіретті құбылыстың бастауы – иманның әлсіреуі десе, екінші тобы әл-ауқаттың жақсаруы мен әйел затының тым еркінсуін барша жамандықтың басы деп түсінеді. Пайымдай қарасаңыз, бәрі де қисынды. Яғни, қалың қауымды иманнан айыру, тұрғындарды тұрмыстық қамсыздыққа дағдыландыру, әйелдерге шектен тыс еркіндік беру дегеніңіз сол мемлекеттің өз көрін өзіне қаздырту екен. Демократияны желеу етіп жұртын жаппай жалаңаштандырған, жезөкшелікті заңдастырған, енді қызтекелерін заңды түрде қамқорлыққа алуды көздеген, барша анайылық біткенге қалыпты жағдай ретінде қарап келген бұл құрлықтағы мемлекеттер соңғы жылдары халық санының төмендеуінен алдыңғы орынға шықты. Еуропа демографиялық құлдырау алдында дәрменсіз күй кешіп отыр. Бұл елдерде халық өсімінің тоқырауға ұшырап, бала туу көрсеткішінің төмендеп кеткеніне талай жылдың жүзі болды. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, мемлекетте тұрақты демографиялық даму деңгейін сақтап тұру үшін ғана бала туу жасындағы әр әйелге шаққанда екі баладан келуге тиіс екен. Ал, Германия демографтарының мәліметтеріне сүйенсек, қазір статистикалық орташа есеп еуропалық әйелдерге бар болғаны 1,5 баладан келетінін көрсетеді. Соның ішінде Германия, Испания, Италия сияқты бірнеше елдердегі әйелдердің өмірге нәресте әкелу қабілеті бұдан да төмен көрінеді. Бірақ, әлемдік статистикалық мәлімет бала туудан көш соңында қалған ел деп Словенияны атайды. Ондағы орташа есеп словениялық 100 әйелдің бүкіл өмірінде 2010 № 1 (1)
122 сәбиді ғана дүниеге әкеле алатындығын көрсетеді. Егер дәл осы қалып енді жиырма жыл сақталатын болса, бұрынғы Югославия республикасында жұмысқа қабылетті азаматтар саны мен зейнеткерлер санының теңеліп кетуі әбден мүмкін екен. Мұндай жағдайда словениялық жастар келешекте кілең кәріқұртаңның арасында өмір сүруге мәжбүр деген сөз. Кәрі-құртаң демекші, зерттеушілер қазірдің өзінде жалпы Еуропа тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 79 жасқа жеткендігін және таяу онжылдықтарда сексеннің сеңгіріне шыққандар санының екі есеге артатынын жасырмайды. Онсыз да 1995-2000 жылдар аралығында халқының саны 4,4 миллионға күрт азайып кеткен бұл құрлықта енді 2050 жылға дейін 50 миллион тұрғынды жоғалтатынымыз анық деген дабыл көтерілуде. Сөйтіп, қандай шара қолданса да, өз беттерінше көбеюден күдер үзген Еуропа тоқсаныншы жылдар ортасынан бері демографиялық ахуалды тек иммигранттар, яғни сырт елден көшіп келушілер арқылы ғана тұрақтандырып отыр. Қазір кейбір елдерде иммигранттардың шоғыры уақыт өткен сайын қалыңдап, енді 17
ОЯН.Намыс.kz
ғасыр дөңгелегі тағы бір айналғанда жергілікті халықтың келімсектерге жұтылып кету қаупі туындаған көрінеді. Келер жылдары аталмыш құрлыққа ағылған иммигранттардың саны бір жылда 600 мың адамды құрауы мүмкін екен. Міне, сырты бүп-бүтін Еуропаңыздың ішкі сиқы осы. Ғылым-білімі дамыған, өркениеті озық саналатын ел отбасылық құндылыққа немкетті қараудың зардабын енді тартып отыр. Біздің пайымдауымызша, халықтың дінін, ділін, салт-дәстүрін, рухани мәдениетін құрдымға кетіріп, өз төлтума құндылықтарынан жұрдай еткенде – дәл осы еуропалықтар секілді ұрпақ қамын ойлауды басы артық жұмыс санап, өмір бойы қарақан басының қамын күйттеуді мұрат тұтқандар тобыры тез көбейетін сыңайлы. «Өзгелер күл болмаса, бұл болсын, өзім аман қалайын» дейтін кісәпірлер қоғамының мүшкіл халі тек имандылыққа бет бұрғанда ғана түбегейлі түзелсе керек. Осы тұста «Еуропа қазірдің өзінде бөліктік тұрғыдан исламдық болып табылады. Ұлыбританияның, Франция мен Германияның мұсылман халқы өсіп келеді. Еуропаның дипломатиялық-стратегиялық кеңістігіне Еуропа Кеңесінің, НАТО-ның күш салуымен Албанияның, Боснияның, Түркия мен Әзірбайжанның 100 миллионға жуық мұсылманы кіріп отыр» деген баспасөздегі ақпаратты және Ұлыбританияда шариғат талабына сай үш бірдей қаржы компаниясының ашылғаны, сондай-ақ, Франция, Германия, 18
Швейцарияда ислам банкингі құрылған тұста Францияның экономика министрі К.Лагардтың «Біз Парижді Ислам банкингінің орталығына айналдыруды көздеп отырмыз» деп жаһан жұртына қуана хабарлауын жоғарыдағы ойымызға дәлел ретінде келтіруді жөн көрдік. Өздерінің «Он саусағы қыналы, омырауы жұпарлы» деп әспеттеген бикештері жаппай бедеулікке ұшырап, халқының саны ойсырай кеміген, адам қанын теспей соратын өсімқорлыққа құрылған барлық қаржы жүйесі түп-тамырынан шіріп, дағдарыстың құрсауы қос өкпесінен қысқан Еуропа енді Ислам елдері ұстанған бағытқа қарай қадам баса бастады. Оншақты жыл бұрын халқының саны жыл сайын бір миллионға азайып, әбден әбігерге түскен көршіміз Ресейдегі сол демографиялық ахуалдың құлдырауын сырт елдер «Орыс кресі» (Русский крест) деп атады. Ресей осы «Орыс кресінің» қарқынын тежеуге бірден белсене кірісті. Жұртын жұтқан ажал аранына тосқауыл қоюға барын салды. Қазір орыс ұлтшылдығының символына баланатын В.Путин ел тізгіні қолында тұрғанда ең алдымен ресейліктердің бас санын көбейтуді қолға алды. Кеңестен қалған кеңістіктен отанына оралам деген орыстарға қалаған жерінен қоныс беріп, қомақты қаражатты қолдарына ұстатуды жолға қойды. Қыз-келіншектерін мемлекет қалтасынан төленіп отыратын жөргекпұлдың құнды ақысымен қызықтырып, бірнеше жылда бала туу санының өсуіне күш салды. Бір таңқаларлығы, Ресей осы салаға неше жыл бойы қыруар қаржыны аямай төгіп келеді. Түгел тізіп жатпай-ақ қояйық, қазір Ресейдің төртінші туған балаға төлейтін рублінің өзі он мың доллардың төңірегіне жетті. Міне, халықтың тиесілі несібесін өзіне бұйырту дегеніңіз осы емес пе. Есесіне, орыс көршіміз ормандай ұйысып өсе бастады. Мұны ұлтының мүддесі үшін мүрдем кетуге даяр В.Путин мен Д.Медведевтің басқа ұлттардың көңіліне қарай бермейтін орысшылдықтарының арқасы деуіміз керек. Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Осы орайда, енді біздің елдің демографиялық ахуалын сарапқа салып көрелікші. Қазақстанда бір қарағанда бәрі дұрыс секілді. Бірақ, шындығында солай ма? Рас, 2009 жылғы санақ қазақ жеріндегі бар халықтың санын он алты жарым миллионға жеткізді. Соның ішінде 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны 4 044 660 екен. Бұл ел халқының 24.5 пайызы. Жасы он төртке дейінгі балаларды нақты дерек болмағандықтан есепке алмағанның өзінде мемлекет халқының едәуір бөлігі жастар. Еуропамен салыстырғанда шүкіршілік қылатын жағдай. Бірақ, 500 миллион халықты емін-еркін асырайтын, дүние жүзі бойынша көлемі жағынан 9 орында тұрған байтақ далаға ие болу үшін бізге кемінде 70-80 миллион халық керек. Дәл осы күнгі қарқынмен 50 миллионның өзі біз үшін жеткізбейтін арман тәрізді. Статистеріміздің мәліметіне сенсек, елдегі «Батыр ана» иегерлерінің ұзын саны 113 854 дейді. Адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 66 жас. Қазақстан Республикасындағы бала туудың жиынтық коэффициенті 2,68 көрінеді. Бұл біздің халықта тұрақты өсімнің бар екендігінің көрсеткіші десек те, ел санының шарықтап өсуі емес, шындығында бұл болар-болмас қана өсім. Қазіргі өсім негізінен еліміздің оңтүстік және батыс өңірлеріне тиіп отыр. Дәлірек айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында бала туудың жиынтық коэффициенті – 3,93. Осы облыста төрт баладан жоғары 81 657 отбасы болса, 9337 – «Алтын алқа», 6461 – «Күміс алқа» және 11 910 «Ана даңқы» иегерлері бар екен. Сондай-ақ, бала туудың жиынтық коэффициенті Маңғыстауда – 3,73, Қызылордада – 3,51, Міне, қазағы қалың өңірлерде туу көрсеткіші осындай болса, қазағы селдір солтүстік облыстарда керісінше 2010 № 1 (1)
тым төмен. Қостанайда бала туудың жиынтық коэффициенті – 1,69, Солтүстік Қазақстанда – 1,77, Қарағандыда – 1,98, Павлодарда – 2,01ді ғана құрайды. Қостанай облысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін қоса санағанда 350-ден аспай қалғаны да көп жайтты айқындай түссе керек. Қазір халық санын шарықтатып өсіруден Африка елдері ғана әлем бойынша алда тұр. Орташа есеп африкалық әр әйелге шаққанда 5 баладан келетінін айтады. Африкалықтардың осылай еселене өсуіне талай жұрт тамсана қарап отыр. Алайда, осы басқалар таңқалатын африкалықтарды кезінде қазақстандық әйелдердің шаң қаптырып кеткенін бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді. Алпысыншы жылдардың ортасында Кеңес одағы бойынша статистер Қазақстандағы әр әйелге алты баладан келетін мәліметтерді жариялап, жарты әлемге таңдай қаққызған еді. Жалпы аты қазақстандық дегенмен, сол тұста көп бала туудың негізгі үлесі қазақ әйелдеріне тиесілі екені дау тудырмас шындық қой. Өкінішке қарай, қазір ондай көрсеткіштің қарасын көрмей 19
ОЯН.Намыс.kz қалдық. Осы тұста бір замандасымыздың «Кезінде Ақмола облысындағы екі жүздей ғана үйі бар шағын қазақы ауылда он баласы бар шаңырақтың өзі отыздан асатын. Ал енді сол көп балалы отбасында өсіп-өнгендерді көзім көріп жүр, әрбірі асса екі-үш баламен шектелуде. Өзіміз де жеті ағайындымыз. Сол жетеуіміз жабылып, ұрпақ өсіруде жалғыз әкеміздің деңгейіне жете алмадық. Жиырма жылда жетеуіміз жеті ұл өсірген жоқпыз. Бұл қазақ қайдан көбейсін», деп күйіне күрсінгені есімізге түсіп отыр. Республика көлемінде 610 000 колледж шәкірттері, 633 814 студенттеріміз, 2 669 618 мектеп оқушысы бар. Орайы келгенде айтып өтейік, еліміздегі 7859 орта мектеп және 296 кәсіптік мектептерде (лицей) яғни, басаяғы 8155 орта білім беретін мектептердің 3747-сі ғана таза қазақ тілінде білім береді екен. 2067 аралас мектеп бар. Бір ғана мысал, тұрғындарының жартысына жуығы қазақ Өскемен қаласындағы 45 мектептің тек 6-ы ғана қазақша оқытады. Сонда біздің 2 669 618 оқушымыздың қанша пайызы ана тілінде білім нәрімен сусындап жатыр деп ойлайсыз? Бұған 2003-2008 жылдар аралығында елімізде 350 мектептің жабылғанын қосыңыз. Айдыңкүннің аманында бес жылда 350 мектепті неге қираттық? Межелі мерзімде 100 мектептің жоспары мандымады, сонда енді бес жыл ішінде 350 мектептің орны тола ма? Жайшылықта ғой, жаттың қаңсығын таңсық көріп, табиғатымызға жараспағанға да жанталаса жармасып жатамыз. Алысқа бармай-ақ, осы іргелес Ресейден де қит еткенді қағып алып, көшіріп жатқанымызды несіне жасырамыз. Талайының зардабын әлі де тартып отырмыз. Жарайды, болса да көшіруге даяр тұрады екенбіз, ендеше солардың халқымызға пайдасы тиетін жақсы бастамаларына неге қол созбаймыз? Мәселен, қазір Ресей саламатты өмір салтын қалыптастыруға бет бұрып, маскүнемдікке қарсы күресті күшейтіп жатыр. Түптің-түбінде орыс халқының 20
тамырын солдыратын қас дұшпанның арақ-шарап екендігін өз баяндамаларында ресейлік ғалымдар көз жастарын төгіп тұрып жеткізуде. Бірнеше сағаттық сондай баяндамалекцияларды аудио-видео жазбаларға жазып, халық арасына молынан таратқаны сондай, шекарадан асып, біздің елдің қолына да аз тиген жоқ. Ішімдіктің зардабын әбден тартқан елдің зиялылары адам жанын түршіктірер мысалдарды, ғылыми-зерттеулерді жүйелі түрде әңгімелейді. «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады» деген. Ұлт жанашырларының зары бұл күнде оң нәтиже бере бастағанын көзіміз көріп отыр. Ресейде ішімдікке қарсы, жастарға тәрбиелік мәні зор қандай керемет акциялар ұйымдастырылып жатыр. Сол араққорлық біздің елді де дендеп барады емес пе? Ендеше іргедегі көршіміздің араққа қарсы әрекетін, ең құрығанда теледидардағы үгітнасихатын неге көшіріп алып, жұртшылық назарына ұсынбаймыз. Әлде өзге елдердің ұлтына жасап жатқан игілікті ісін біздің елде іске асыруға тыйым салынған ба? Жоғарыда айтып өттік, Қазақстандағы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 66 жас қана, Еуропада – 79-80 жас. Біздің ел Еуропадан табаны күректей 14 жыл кем өмір сүреді. Егер өмір сүру ұзақтығымызды дүние жүзі бойынша салыстырсақ – 101 орындамыз. Ал енді осы көңіл құлазытар жағдай неден туындап отыр? Әлбетте, ең алдымен халық тұрмысының төмендігі мен мемлекет қызметіндегі жауапты азаматтарымыздың бейқамдығының кесірі дер едік. Біз сөз еткен Еуропада денсаулық саласына ең төмен дегенде жалпы кісі басына 2-3 мың, АҚШ-та 4,5 мың доллардан келетін мемлекет қаржысы бөлінеді. Ал, 2030 жылы дамыған 50 елдің қатарында болуды көздеген Қазақстанның өз тұрғындарының денсаулығы үшін бөлген қаражаты 200 долларға жетержетпес екен. Саламаттылықты қалыптастыруға жұмсаған қаржымыз тіпті кісі күлерлік, адам басына бар-жоғы төрт теңгеден ғана айналатын көрінеді. Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Міне, енді осындай өзімізге өзіміз сараңдық жасау қазақ елін қандай құздың жиегіне итеріп әкелуде? Мысалға Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының мектеп оқушылары арасында жүргізген арнайы социологиялық зерттеудің нәтижесін алайық. Академия мамандарының мәліметінше бұл зерттеуге барлығы 15 мың оқушы, 5 мың атаана, 5 мың ұстаз жұмылдырылған. Сондағы зерттеу қорытындысы оқушылардың 35 пайызы күн сайын немесе аптасына бір мәрте алькоголді ішімдік ішетінін, 15 пайызы есірткі қолданатынын, солардың ішінде 3 пайызы есірткіні тұрақты қолданатынын айқындап берді. Біле-білсек, бұл мемлекет келешегіне төніп тұрған үлкен қауіп қой. Бірақ, біз осындай арнайы зерттеудің сұмдық көрсеткішіне де бейқам қалып танытып отырмыз. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін бірде-бір мұсылманы жоқ Еуропа қазір хақ діннің жолына бет бұрған жұртты көбейте бастауының себебі не? Осы күнде Францияда – 5-7 миллион (жергілікті халықтың 10 пайызы), Германияда – 4 миллионнан астам, британдықтарда – 1,7 миллион, Италия мен Голландияның әрқайсысында бір миллионнан мұсылман тұрады екен. Себеп, мұсылман халықтан үлгі алып, үйренер тәлім-тәрбие көп. Аллаһтың қаһарынан қорыққан жұрттың әйелдерінде некесіз бала туу, жасанды түсік түсіру, жастайынан жатырдың аузын буғызып тастау сияқты жат қылықтар атымен жоқ. Қазір халықтың тамырын солдыратын осындай сорақылықтар Еуропаны дендеп тұр, біздің елдің соры да осы. Тағы да дерекке жүгінсек, некесіз туған балалар Швецияда – 52,5 %, Данияда – 49,9%, Ұлыбританияда – 33,6 %, Германияда – 41 %-ды құрайды. Ал осы заңсыз туған балалар саны Қазақстанда да жыл сайын ұлғайып келеді. Мысалы, 1999 жылы некесіз туғандар 51 900 болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 75 400-ге жетіпті. Бұлар некесіз болса да сәбиін жарық дүниеге әкеліп, дінімізге қайшы болса да халық 2010 № 1 (1)
өсімінің тұрақтануына үлес қосқандардың тірлігі. Ал ең сұмдығы, шаранасын жатырында тұншықтырып, жасанды түсік жасатушылар қатары да біздің елде жыл өткен сайын қалыңдап барады. Азия елдерінің ішінде жалғыз Қазақстан ғана жасанды түсік жасатудан қара көрсетпей тұр. Соңғы деректер жыл сайын республика бойынша түсік жасату 150 мыңнан 375 мыңға жоғарылап кеткенін көрсетеді. 375 мың дегеніңіз Өскемен секілді тұтас бір қаланың халқы. Сонда біздің елдің келіншектері мен дәрігерлері жасанды түсік арқылы жыл сайын бір қаланың тұрғындарына пара-пар баланы қынадай қырып отыр деген сөз. Қатыгездік пен мейірімсіздіктің бұдан асқан мысалы болар ма? Егер осы шарана қырғынына мемлекет тарапынан тоқтау болмаса, біздің де бедеу Еуропаның кебін киетінімізге ешқандай дәлел қажет емес. Сондықтан, халқымыздың өсімін тамырынан қиып отырған осындай кісәпір қылықтарға мемлекетіміз тоқтау салуы қажет. Сонау жылы бізде жап-жақсы бір бастама жылт етті де жоқ болды. «2000 жылы дүниеге келген сәбилерге 100 мың теңге беріледі» деген шақта туу көрсеткішінің қалай шарықтағаны әлі есте. Сол екпін екі-үш жылға дейін бәсеңси қоймаған. Осы күні бастауыш мектепке бара қалсаңыз, әсіресе, екінші-үшінші сынып 21
ОЯН.Намыс.kz
$$$$ Оян, қазақ! $$$$$
оқушылары қарасының қалың екенін бірден байқайсыз. Бұл сол сегіз-тоғыз жыл бұрынғы оң бастаманың нәтижесі. Біздің ойымызша, үкімет нақты бағдарлама қабылдап, халық санын арттыру жолындағы жүйелі жұмысқа бел шеше кіріссе дейміз. Халқының саны жүз елу миллионнан асатын Ресейге жуық арада төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жұртының өсімі, тілі мен діні қалыпты арнада. Бұл ел сонда да тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын көтеруден қаржысын аяр түрі көрінбейді. Қазір Ресей ұлтшылдары ТМД аумағындағы
22
орыс тілінің жағдайына жандарын ауыртып жүр. Қараңыз, бұрын бұл салаға жылына 210 миллион рубль ғана бөліп келген, енді орыс тілінің сақталып қалуы үшін 1,5 миллиард рубльді шығындауға бел шешті. Туған тілін дәл осылай дәріптеген елге енді біздің қызыға, қызғана қараудан өзге шарамыз қайсы. Әрине, Қазақстанда да мемлекеттік тілді дамыту үшін аз қаржы бөлініп, аз талап жасалып жатқан жоқ. Десек те, тап іргеміздегі Ресейдің өз тіліне жасаған қамқорлығының ширегіне де жетпей жатқанымызды мойындауымыз керек.
Ал енді «Алты аласы, бес бересіміз жоқ» алыстағы Еуропаның бедеулігін неге осынша сөз қылып, демографиялық деректерін жіпке тізгендей айттық. Мұндағы ойымыз, бөтеннің басып өткен қатерлі өткелі, оңайлықпен тезге салуға келмейтін қателігі басқа елдерге сабақ болса керек. Орыстың отаншылдығына іргелес отырып біз қызығамыз. Халқының саны жыл сайын миллион адамға азайған тұста ел басқарған азаматтары мен ғалымдары «жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүріп», шын жанашырлықпен қызмет етті. Орыс жұртына тиесілі несібенің «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпеуіне күш салды. Соның арқасында, солтүстіктегі көршіміз ормандай ұйысып өсіп жатыр. Қазақтың бейғамдығында шек жоқ. Бізде «төрт зиян, бір пайда» деген нақыл бар. Яғни, қолға алған бес шаруаның төртеуі зиянға шығып, біреуінен ғана болар-болмас пайда табу деген сөз. Біздің елдегі қазақ ұлты үшін атқарылған істің көбі осы «төрт зиян, бір пайдаға» ұқсайды да тұрады. Ширығу аз, шалқуым көп. Бейғам қазақ сауықшыл. Санаға салмақ салсақ етті?!
Ақ көйлек, көңіл жай, Әнге салдым, ей, угай-ай ...
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
Қарағайы сыңсыған, үйрек ұшып, қаз қонған, таудан тас бұлақтары құлаған әсем өлкеде тұратын бір орманшы, орманнан көрсе көз тоймайтын тотықұс ұстап алыпты. Тотықұстың қырық құбылған қауырсыны күннің нұрымен түрленіп, ерекше түске боялады. Осындай сұлулыққа қатты таңданған орманшы тотықұсқа арнап алтын тор жасайды. Оған күмістен бау тағады. Орманның жұпар самалы есетін биік терезенің алдына әкеліп орнатады. Тотықұсқа арнап раушан гүлдің жұқа қабығын, мойылдың жұмсақ дәнін, таңқурайдың жаңа көктеген шырын жемісін теріп әкеледі. Қаншама ай осылай бағып қағады. Бірақ тотықұс күні-түні «отаным, отаным, отаным» деп зарлай береді. Содан бір күні орманшы ойлайды: бұл құстың отаны бұдан да керемет жерде шығар. Босатып жіберіп, артынан еріп отырайын да, сол бір жер жәннәтін тауып алайын. Осылай жоспар құрған орманшы тотықұсты босатып қоя береді. Алтын тордан босаған бейшара құс еркіндікке шығып, үйді айнала ұшады. Бір заманда тіке көкке көтеріліп, ауылдың қарсы алдындағы Бозтауға қарай бет алады. Бұл таудың бір ерекшелігі – ел қонбайтын жайсыз, мал жайылмайтын тазатақыр, бауырында тамшы бұлағы жоқ, етегінде тіс шұқитын талы жоқ мекен екен. Орманшы Бозтауға қарай қалықтап ұшқан тотықұсқа ілесіп, қалмай еріп отырады. Бір мезеттер болғанда шырылдап ұшқан тотықұс сауыры күнге күйіп, желге мүжілген, бетіне қына да шықпаған жақпар тастан асып барып, әбден қураған сексеуілдің бұтағына қонады. Одан кейін сұлу қанаттарын керіп, ұлпасын мың құбылтып, түсін түрлендіріп, әнге басады. Орманшы тұра қалып тыңдаса: «ғаламнан сенен артық жер таппадым» деп сайрап тұр дейді. Сөйтcе, жаңағы кәрі сексеуілдің бұтағында тотықұстың ұясы бар екен. Бейбітгүл ИСАЕВА
2010 № 1 (1)
23
ОЯН.Намыс.kz Сұлтанәлі БАЛҒАБАЙ, жазушы-драматург:
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ жойылған елде ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТЕ болмайды – Сұлтеке, өткен жылы «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толды. 20 жылда 20 қадам алға жылжи алмадық. Қайта у шөп жеген жынды тоқты сияқты көткеншектеп барамыз. Өзіңізбен ұлт руханиятына қатысты емен-жарқын әңгімелеспек ойымыз бар. Қалай қарайсыз? – Қазір тіл туралы айта бастасаң, басқалар, тіпті ақынжазушылардың өзі тыжырынатын
24
жағдайға жетті. Айтамыз келіп, оны ескеріп жатқан біреу бар ма? Абай атамыз айтқандай: жартасқа барамыз, күнде айғай саламыз... Болмаса жаңғырық та шықпайды. Біздің парыз айтып қалу ғой, сұрағыңды қоя бер! – Ендеше, сұрақ мынадай: қазіргі әбден дүбәраланып, оң мен солын айыра алмай қалған қазақтың тілі мен руханиятын сапалы деңгейге көтеру үшін істі неден бастаған жөн деп ойлайсыз?
– Кеңес дәуірінде халықтар достығы деген болды. Оны орысша сөйлеу, орысша ойлау деп түсіндік. Осындай құбылмалы заманда өмір сүрген қазақ оқығандары байырғы ата-баба жолын, ұлттық мүддені кеңестік идеологияға айырбастап жіберді. Сол себепті, қазіргі қоғамның зиялыларға деген көзқарасында сенімсіздік басым. Дәл қазір қазақ ұлты үшін өткені мен бүгінін саралап жаңадан ұлттық сана Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Жасыратын түгі жоқ, біз бұрын отар болған халықпыз. Жағымды отаршылық деген болған емес. Отарлаушылар отарланған елдің табиғи байлығын ғана пайдаланып қоймайды. Олардың рухани болмыс-бітімін аздырады. Ең бастысы, ұлттық сана жойылады, азаматтық деңгей ауытқиды. Табансыз, отаршыларға ыңғайлы, тұрақсыз, сатқын адамдар тобы пайда болады. Олар еліміз тәуелсіздік алған өтпелі кезеңді пайдаланып жаппай билікті қолда-рына алып үлгерді. Мысалы, бұрын Кеңес одағының құрамында болған Балтық жағалауы республикалары совет оккупациясында жұмыс жасаған кадрлардың денін жұмыстан босатты. Жауапты қызмет беруден бас тартты. Сол арқылы олар жаңа қоғамның қалыптасу үрдісін тездетті, әрі жаңылыс басудан сақтанып үлгерді. Ең бастысы, қоғамдық бірлікті нығайта алды. Ал бізде ше, сол баяғы кеңес заманынан қалған дүмше бюрократтар тақта отыр. Оған келіп әкесін жау шапса, өзі қосыла шабатын «қызыл комсомолдар» келіп қосылды. Дәл қазір билікте жүрген шоғырдың арасынан бұрынғы коммунистік партия мен комсомолда істемеген адамды тауып беріңізші. Жоқ. Көрдіңіз бе, елді кімдер басқарып отырғанын. Бұл буыннан жақсылық күтуге болмайды. Бұлар бұрынғы имансыз қоғамның сарқытын ішкен тобыр. – Жоғарыдағы Балтық жағалауы елдері «кеңестік сатқындардан» қалай құтылды екен? – Бір қызығы олардағы ұлттық сатқындардың бет-бейнесі біздегі сияқты орыс тілі мен орыс идеясын жақтаушылар болатын. Олар жаңа қоғамның басты өзегі ретінде – ұлттық тіл бірлігін алға шығарды. Өйткені, тіл тұтастығы – қоғамдық қатынастың айнасы. Барлық саладағы ана тілінің қолданыс аясы ұлттың қоғамдағы орнын анықтайды. Сол себепті, бірден тілді қолға алды. Біздің ұтылған жеріміз осы тұс. Жаңа қоғам құрудағы ең қажетті тетік тілдік ортаны қалыптастыра алмадық. Менің дөңгелек есебім бойынша, қазірдің 2010 № 1 (1)
өзінде 5 қазаққа – 3 орыс және 2 басқа ұлт өкілі тиесілі екен. Осы 5 қазақтың кемінде екеуі ана тілін білмейді немесе қажетсінбейді. Енді мынаған назар аударалық: ана тілін білетін 3 қазаққа – 3+2+2 = 7 адам. Осыдан кейін әлгі 3 қазақ еріксіз орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр. Осындай кері құбылыстан кейін қазақтың тілі бәсекелестіктен шығып қалып жатыр. Оны айтасыз ұлтсыздану, дүбәралану үрдісі өршіп келеді. Өз ұлтының ұланы бола алмаған адам басқа мәдениетті ұшпаққа шығарып қарық қылмайды. – Соңғы кездері ұлт зиялылары, соның ішінде өзіңізде барсыз қазақтың санасын постколонизмнен арылту қажет дегенді көп айтып жүр... – Солай істеу керек еді ғой. Бұл мәселені мен тіпті өткен 90-шы жылдардың басында шыр-пырым шығып жаздым. Селт еткен көңіл, селк еткен құлақ болмады. Әлі күнге дейін ұлтсыздану процесі тоқтаған жоқ. Қайта күн өткен сайын құлпырып келеді. Бұрын біз орыстанудан қашсақ, енді ағылшындану, қытайлану, өзбектену, немістену, тағы қандай «қожайын» бар солардың бет пердесін киіп, тілін үйреніп шошаңдап шыға келдік. Бір қызығы, біз мұндай парадоксқа тәуелсіздік алған соң қол жеткіздік. Отарлау дегеніміз шілде айы туғанда сыпырылып түсіп қалатын қара қойдың өлі жүні емес көрінеді. Олай деп ойласақ қатты қателеседі екенбіз. Сүйретіліп жүре береді екен. Ұлттың қажетті жасушаларына жабысып алып қалатын түрі жоқ. Бұның басты айғағы қайталап айтам: орыс тілінің өшпестей болып өмірімізге сіңісіп қалуы. – Одан құтылатындай жол бар шығар? – Жол бар. Бірақ құлдық сана сол жолды таңдап алуға мүмкіндік бермей тұр. Алда-жалда бір патриот министр немесе облыс әкімі шығып өзінің басқаруындағы саланы қазақшалап көрсінші, мына жақтан Ресейі бар, өз ішіміздегі халықаралық ұйымдар бар: «Ойбай, Қазақстанда орыстың құқығы
Отарлаушылар отарланған елдің табиғи байлығын ғана пайдаланып қоймайды. Олардың рухани болмыс-бітімін аздырады. Ең бастысы, ұлттық сана жойылады, азаматтық деңгей ауытқиды. Табансыз, отаршыларға ыңғайлы, тұрақсыз, сатқын адамдар тобы пайда болады. Олар еліміз тәуелсіздік алған өтпелі кезеңді пайдаланып жаппай билікті қолдарына алып үлгерді.
25
ОЯН.Намыс.kz
Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханов айтқандай, біздің қателігіміз – өз заманында өмір сүрген әрбір ұрпақ тарих арқалатқан жүгін тиісті жеріне жеткізбей тұрған орнына тастап кетеді. Жұртта тау-төбе жүк үйіліп қалады. Осылай болашақ ұрпақ көтере алмайтын, белі сынып, қабырғасы қайысатын жағдай тудырып беріп, өмірден өтіп барамыз.
26
аяққа тапталып жатыр» деп бөрінің артындай шулап шыға келеді. Оған ресми түрде тойтарыс беріп, аузын жауып тастайтын бізде шама жоқ. – Неге? – Өйткені, орыс тілінің күшейіп дамуына мүдделі қазақтар бар. Және бұлардың бәрі билікте отыр. Қазақы қоғам бұлармен санаспай ештеңе істей алмайды. Сондықтан да жоғарыдағы орысы бар, орманы бар, халықаралық ұйымдарды қажет кезінде осылардың өздері-ақ шу еткізеді. Содан кейін аяғымызды тарта қоямыз. «Қазақстанда басқа халықтың құқығы бұзылды» деген айғай қадірлі Елбасымызға да оңай тимейді. Артқы жағымызда ЕҚЫҰ тұр. Оған басшылық жасап жатырмыз. Мұның басты шарты ұлтаралық араздықтың болмауы. Осыдан кейін сақтанып, өйтіп-бүйтіп жүреміз. Уақыт өте береді. Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханов айтқандай, біздің қателігіміз – өз заманында өмір сүрген әрбір ұрпақ тарих арқалатқан жүгін тиісті жеріне жеткізбей тұрған орнына тастап кетеді. Жұртта тау-төбе жүк үйіліп қалады. Осылай болашақ ұрпақ көтере алмайтын, белі сынып, қабырғасы қайысатын жағдай тудырып беріп, өмірден өтіп барамыз. – Қазақ «Нар жолында жүк қалмас» деуші еді, тегі біз нағыз нар болмай тұрмыз-ау, шамасы. Ұрпақтың қабырғасын қайыстыратын бұл «жүкті» не істейміз? Осылай қала бере ме? – Жоғарыда айтып өткендей, тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттың санасын сауықтыратын отарлық санадан арылу процесі жүргізілуі керек еді. Сол арқылы бір жаққа шығып алу қажет болатын. Отары болған елді жүген-құрықтан босатып, өз еркіне жіберуді отаршылар әсте құптамайды. Бұрынғы қожайын жақсылық жасайды деп те ойламаңыз. Өйткені ол үстемдік жасап үйреніп қалған қожайын. Саған қарап өзінің қожайын екені есіне түседі. Тіпті
түспегеннің өзінде оның қарамағындағы итаршы-малай болғанымызды өзіміз барып есіне саламыз. Оған куәлікті алыстан іздеп әуре болмаңыз. Қазіргі қазақ тілі мен баспасөзінде айрықша көрініп тұр. Басқасы басқа күні-түні қазақ тілінде хабар-ошар тарататын бірде-бір ұлттық арнамыз жоқ. Осыны жасауға болады ғой. «Олай етпеңдер!» деп, қамшысын иіріп, әкіреңдеп тұрған ешкім жоқ. Мына тұрған Қытай елінде 24 сағат қазақ тілінде хабар тарататын екі арна бар. Болмаса сондай да қауқарымыз болмады. Ұлттық құндылық жойылған елде ұлттық мемлекет те болмайды. Бір күні «Ресейге қайта қосылғанымыз дұрыс екен» деген мәлімдеме жасалады да, оны бүкілхалықтық референдумге салып жіберіп, жеңіп шыға келеді. – Ондай мағынасыз мәлімдеменің болуы мүмкін емес... – Мүмкін болмай-ақ қойсын, Мұрат Мөңкеұлы «мен қауіп қылғаннан айтамын...» дейді емес пе? Біздің қазақты ояту үшін үрей керек. Қорқытпасаң ұйықтап жата береді. – Сұлтанәлі аға, «Қызыл кітап» атты шығармаңызда «Өткен ғасыр қазақ халқы үшін қасіреті мол ғасыр болды» депсіз, неліктен? – Кез келген халықтың тағдырында ұмытылмайтын қайғылы кезеңдері болады. Қазақ халқы үшін ол өткен – ХХ ғасыр. Қырылған кім? – Қазақ. Озбырлық пен әділетсіздіктің құрбаны болған кім? – Қазақ. Асылған, атылған, айдалған кім? – Қазақ. Басқа халықтар аман-есен, өсіп-өніп жатқанда қазаққа зауал қайдан келді. Осыны зерттеп, зерделеп айтар болсақ: бұл нәубеттің барлығы қолдан ұйымдастырылған, қазақты ұлт ретінде жойып жіберудің жоспарлы түрде іске асқандығы. Бұған Сталиннің сіңірген үлесі өте көп. Отызыншы жылдардың аяғындағы репрессия кезінде анық аңғарылып тұрды. Қазақстанға өзінің туған бажасы, НКВД-ның ең қатыгез жендеті Реденсті жіберіп, нәтижесінде қазақтарды қырыпОян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz жою науқаны көрші республикалардан асып кетті. Ақыры не болды? Қазақ халқы бұрын-соңды болмаған рухани азғындауға ұшырады. Бүтін ұлттың жартысы өз тілінен ажырады. Тіпті осылай кете берсек, ұлт ретінде жойылып кету қаупі бар. Осы шындықты мойындайтын кез жетті деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі қоғам адамның қай ұлтқа жататынын тек төлқұжатына қарап ажырататын болды. – Төлқұжатына қарап ұлтын ажырату қате ме сонда? – Түбірімен қате. Осы үрдістің етек алғаны соншалық, биліктің маңында жүрген басқа ұлттың адамдарының төлқұжаттарына «қазақ» деп жазылып жатыр. Әрине, бұны халықты сыйлағаны деп айтуға болатын шығар. Екінші жағынан, кез келген адамның қай ұлтқа жататынын анықтайтын құрал – оның ана тілі болуы керек. Қазақша бір ауыз сөз білмейтін, ұлтының мәдениетінен, салт-дәстүрінен мақұрым, киген киімі, ішкен тамағынан бастап, тұрмысы, психологиясы, түсінігі, дүниетанымы орыстанып кеткен адам өзін қалайша қазақпын деп есептейді. Осыған байланысты қазақ ұлтының өкілі болу үшін қандай алғышарттар қажет, осыны халыққа түсіндіре отырып нақтылап алуымыз керек сияқты. – Бұл пікіріңіз біздің зайырлы қоғам үшін жат емес пе? – Егер бұны осы бастан бір жағына шығарып алмасақ, ащы шындықтың басын ашып алмасақ, қай тілде сөйлесе де бәрі бір, тек түрі қазаққа ұқсағанды «қазақ» деп танысақ, біз ұлт ретінде ұзаққа бармаймыз. Көп қазақтың өз тегіне деген мәңгүрттік көзқарасы ешқашан өзгермейді. Нәтижесінде түрі қазаққа жақын, тілі орысша жаңадан бір халық пайда болады. Мұндай будан тұқымда иман болмайды. Бұндай тұқым бізді былай қойғанда күллі адамзат үшін қауіпті құбылыс. – Солай ма? 2010 № 1 (1)
– Солай. Адамзат тарихында жаңадан пайда болған будан тұқымдар аса қатыгездігімен тарихта белгілі. Өйткені олар Алла жаратқан байырғы бір ұлтты құрту арқылы дүниеге келген. Бұл адам өлтіргеннен де зор қылмыс. Өзінің әу баста жаратылған тұқымын, атабабасының қанын аямаған адам басқа халықты да аямайды. – Мұндайда келеңсіз құбылысты қоғам немесе билік байқамай қалды делік. Ұлттың зиялы қауымы, көсемі дейтіндер байқауы керек еді ғой, олар неге үнсіз? – Кез келген халықтың дамуына ұлт зиялыларының тигізетін пайдасы үлкен. Халқына төніп келе жатқан қауіпті алдын-ала сезіп, дабыл қағып, шырылдап дұрыс жолды нұсқауы керек. Өкінішке қарай, біздің зиялы қауым дәрменсіз. Кім көрінгенге тәуелді. Қайта бізге қарағанда сонау отызыншы жылдары айтарын айтып, атылып кеткен ұрпақ бақытты. Олардың жазып-сызып кеткен дүниелерін оқып отырсаңыз, сол заманда-ақ шырылдаған, осындай күйге тап боларымызды білген. Бүгінгі зиялыларды көш-басшылық қабілеттен айырған, саясаттың қол баласына айналдырып жіберген дерт: атақ және қызметке құмарлық. Көбіміздің «атақтан құр қалдық, кітабымыздың тиражы аз, орден таға алмай қалдық, кітаптарымызды ешкім оқымайды» дегенде дауысымыз қаттырақ естіледі. Бүйтіп зарлағанша жазғандарымызды оқитын ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуымыз керек еді ғой. – Қайраткер ағаларымыз «Халыққа біз сияқты қызмет еткен ешкім жоқ» деп естеліктер жазып жатыр ғой? – Міне, осындай теріс түсініктер терең қанат жаймас үшін «халыққа қызмет етудің» мән-мағынасын ашып алуымыз керек. Сондықтан халқына қызмет етушілерге қаратып: «Сіз халқыңыздың рухани дағдарыстан шығуына қандай көмек жасадыңыз? Ана тілін қорғауда не бітірдіңіз? Қазақша қанша мектеп аштыңыз? Шетелдегі тоз-
Қазақша бір ауыз сөз білмейтін, ұлтының мәдениетінен, салт-дәстүрінен мақұрым, киген киімі, ішкен тамағынан бастап, тұрмысы, психологиясы, түсінігі, дүниетанымы орыстанып кеткен адам өзін қалайша қазақпын деп есептейді.
27
ОЯН.Намыс.kz
Жасы жетпістен асып бара жатқан зиялы ақсақалды білемін. Дербес зейнеткер, оқығантоқыған адам. Қазақтың атақты адамдарының бірі. Әйтсе де өзінің балалары, немерелерінің біреуі бір сөз қазақша білмейді. Ұлттық сана, дәстүр дегендерден жұрдай.
28
тоз болып кеткен қанша қазақты көшіріп алдыңыз?» деген сияқты сұрақтар қойылуы керек. Осы мәселеге келгенде көбінің жер шұқып қалары анық. Өзінің қарақан басының қамы, балашағасының жағдайы үшін «қайраткер» болып көрінетін алдамшы көрініс алысқа апармайды. Нағыз жанкештілікпен адал қызмет еткен тұлғаларын халық та ұмытпайды. – Осы қайраткер зиялы ағаларымыздың көбінің балалары ана тілін білмейтін сияқты. Сөйте тұра өздері... – Арғы жағын айтпай-ақ қой. Оны бәрі біледі. Дәл қазір байырғы ұлттық қалпымызға келетін зор мүмкіндік туып тұр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық мүмкіндіктерге жол ашып қойды. Соған қарамастан мәңгүрттік түсініктен танбай отырмыз. Сенің мына сұрағыңа байланысты бір мысал айтайын. Жасы жетпістен асып бара жатқан зиялы ақсақалды білемін. Дербес зейнеткер, оқыған-тоқыған адам. Қазақтың атақты адамдарының бірі. Әйтсе де өзінің балалары, немерелерінің біреуі бір сөз қазақша білмейді. Ұлттық сана, дәстүр дегендерден жұрдай. Ертең ақсақалдың көзі жұмылар болса, артында қазақтың исі де қалмайды. Осылай сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бір әулеттің ұлттық қасиеті өшеді. Осыны әлгі ақсақалдың мүлдем ойламайтыны мені таң қалдырды. Тіпті өткенде теледидардан: «Өзім орысша білмей қатты қиналғандықтан, балаларымның бәрін орысша оқыттым, немерелерімнің бәрін орысша тәрбиеледім» деп сайрап отыр. Өз ұрпағының құрдымға кетіп бара жатқанын сезіне алмау, бұл жақсы нышан емес. – Сонда сіздің пайымыңызша, ұлтты сақтап қалатын дүние «тіл» ғана ма? – Халықты сақтап қалатын ұлттық армиясы, кедені немесе шекарасы емес, оның – ана тілі. Өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап, туған тілін қадір тұтып, туған
жерін сүйіп отырған жұртқа сырттан келіп ешкім тиіспейді. Өйткені онда тіл тұтастығы бар. Ал, керісінше, ұлттық қасиетінен айрылып, ассимиляцияға ұшырап, орыстанып кетсек, сырттан қарағандарға Ресейдің бір бөлігі сияқты көрінеміз. Содан кейін жоғарыда айтып өткенім сияқты, Ресейге қосылу керек дейтін дәлел күшейе түседі. Ондай пікірлер көрші елдің тәуелсіз баспасөздерінде ара-тұра болса да қылаң беріп жүр. Бұл тегін емес. Түбі «рускоязычное населениенің» отарына қосылып кеткен қандастарымыздың өзі-ақ осы мәселені бықсытуы әбден мүмкін. Осының барлығы айналып келгенде «тіл мәселесінің» қаншалықты күрделі екенін көрсетіп тұр. – Сол себепті... – Сол себепті үкіметіміз солтүстік облыстарда қазақ тілін жандандыруды еліміздің болашақ тағдырына қатысты мәселе деп қарап, айрықша көңіл бөлуі керек. Және осыған тез арада, жедел түрде кіріскені жөн. Дәл бүгінгі жартылай қазақша, жартылай орысша сөйлейтін трагикомедиялық жағдай өзгермей тұрғанда, қаншама дабырайтқанымызбен тәуелсіздіктің де, бостандықтың да ауылы алыс. Өзінің тілінен ажыраған адамға ұлттық бостандықтың құны бес тиын. Ондай адам бұрынғы отаршылық күнін аңсайды. Міне, тәуелсіздіктің қас жауы осылар. Биік мінберлерден андасанда «Қазақ болайық!», «Қазақ тілінің мерейін өсірейік!» деп айғайлап қойып, бала-шағаларымызды бұрынғыдай орыс мектептеріне тоғыта берсек, қайтіп қазақ болмақпыз. Сөзіміз бөлек, ісіміз одан да бөлек. Бұл енді сыпайылап айтқанда – екіжүзділік. – Тілді дамытуға тиіс мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар толып жатыр. Осылардың ештеңеге шамасы келмей ме? – Осы сіз айтып отырған мекемелердің ісіне қарап отырсаңыз,
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz көбінің айтатын өзекті мәселелері – көшенің, елді мекендердің атын өзгерту, терминдерді түзеу, әртүрлі басылымдар шығару. Әрине, бұл жақсы. Тигізетін көмегі де зор. Бірақ бұның барлығы – бірінші мәселе емес. Қаланың, көшенің атауларын сәл кешіктіре тұрсақ ұтыла қоймаймыз. Ал, ұрпағымызды қазақша оқыта алмасақ, нағыз сорлағанды сонда көреміз. Сол себепті ең бірінші мәселе ретінде – Ана тілі тұруы тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында фамилия өзгерту деген науқан болды. Сан құбылып, қоғамдық пікір дәрежесіне көтерілді. Кәне, фамилия өзгергеннен түгелдей қазақ болып кеткеніміз. Бос сөз, есіл уақыт текке өтіп кеткен. Бүгін бала қазақша оқып, қазақша білім алмаса, ертең мың жерден қайырсаң да кеш. Өліп кетсе де үйіріне қайта қосылмайды. Өкінішке қарай, біздің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында оянған ұлтжанды сезіміміз 10 жылға жетпеді. Қайтадан суалып, өшіп барамыз. Соңғы жылдары қазақ мектебінде оқып жүрген баласын орыс мектебіне ауыстыру күрт көбейді. Оны әр адамның заң алдындағы құқы деп қарап отырмыз. Сенбесеңіз, қаладағы орыс мектептеріне барып көріңіз – кез келген сыныптан бұрын бірнеше жыл қазақша оқыған, оны тастап орысшаға ауысқан қаракөз ұлқыздарды кездестіресіз. Тіпті, бірінші сыныпты қазақша оқыған, одан үмітін үзіп қайтадан орысша бірінші сыныпта отырған балалар бар. Ашығын айтқанда, қазақ тіліне деген қарқынды жұмыс азайған, көтерген ұран қожыраған, жігер жасыған кепке түстік. Халықтың тіліне деген үміті мен сенімі сетінеп барады. Одан да жаман нәрсе, бастабында тіл үйренуге ұмтылыс білдірген басқа халықтар «қазақтың өзіне қажеті жоқ тілді мен қайтпекпін» дегендей күйге түсті. Оған кінәлі өзіміз. Баяғы қанға сіңіп кеткен құлдықтың кесірі.
2010 № 1 (1)
Жалпы Қазақстанда туып-өскен, қазақ халқымен өмір бойы бірге келе жатқан, қазақтың нанын жеп биік мансапқа қолы жеткен, азаматтар айына бір сөз үйренгенде ендігі біраз жерге барып қалар еді ғой. Мемлекеттік тілден хабары жоқ адамның мемлекеттік қызметте отыруы біздің елде ғана бар дүние шығар. – Соңғы кезде қазақ тілін білмегені үшін кемсітуге болмайды деген пікір қалыптасып үлгерді. Тілге қойылған нағыз тұсау осы емес пе? – Қазақ тілін білмегені үшін кемсітушілікке ұшыратуға болмайды дейтін қате түсінік қалыптасты. Дұрыс делік. Тіл білмегені үшін сыйлап, сипайық. Сөйте тұра, орыс тілін білмегені үшін кемсітушілікке ұшырап, ар-намысы аяққа тапталып жүрген оралмандардың құқығын кім қорғайды. Олар әлде қазақ болып туғаны үшін осындай кемсітушілікке ұшырауға тиіс пе? Ойлап қарасаңыз, барып тұрған қайшылық. Екіншіден, қазақ тілін білмегені үшін олар мемлекеттің жұмысына зиян келтіріп отыр. Елбасының тіл саясатын ілгері бастырмай тұсаулап отырғандар да осылар. Шын мәнінде үкіметтің қаулы, қарарымен, жарлық-нұсқауымен дамыған тіл болған емес. Қазақ тілі де солай. Егер біздің әрқайсымыз өзіміз ұмтылмасақ, ұлттық қадір-қасиетімізді, ана тілімізді өзіміз қорғамасақ, онда мың жерден айтып, жазып, мыңдаған тіл оқыту құралын шығарғаннан бес тиындық пайда көрмейміз. Ондай жағдайда қазіргі тәуелсіздік алғанымыз, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе бергеніміз барлығы – бос қиял, әншейін уақытша жетістік болып қалады. Біз осындай жардың жиегіне келіп тірелдік.
Сенбесеңіз, қаладағы орыс мектептеріне барып көріңіз – кез келген сыныптан бұрын бірнеше жыл қазақша оқыған, оны тастап орысшаға ауысқан қаракөз ұл-қыздарды кездестіресіз.
Әңгімелескен Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
29
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады. (Қазақ мақалы)
ҚҰЛ ДЕГЕНІМІЗ КІМ? Қасиетті кітап Құран Кәрімде Аллаһ адамды өзіне құлшылық ету үшін жаратты дейді. Адамның бұл өмірге келгендегі міндеті Ұлы Жаратушыға құлшылық ету. Яғни, Аллаһқа құл болу. Аллаһ тағала Өзінен тәуелсіз ештеңе жаратқан жоқ. ������������������������������������������ Барлық мақұлық оған тәуелді. Алла жалғыз. Ол ешкімге мұқтаж емес. Барша дүние оған мұқтаж. Жалғыз Жаратушының барын мойындамайтын адам кемде-кем. Тіпті дінсіз адамның өзі жаны қиналған сәтте Ұлы күштен медет тілейді. Демек, кез келген адамның түйсігі Құдайға мұқтаж. Бүкіл әлемдер Алланың иелігінде. Құзыр иесі Алла мінсіз, барша мадаққа лайық. Яғни, Жаратушы абсолютті кемелдік иесі. Аллаһтан қорқу, тәуекел ету адамды кемелдікке бейімдейді. Адамның құлшылық қылуына Аллаһ мұқтаж емес. Жаратушысын танымаған, құдайдың құдіретінен бейхабар пенде әр нәрседен қорқып, мұқтаж болуымен адасады. Ол жолын кесіп өткен мысықтан қорқады. Ол қайыр сұраған сығаннан қорқады. «Гороскоптан» бірдеңені оқып алып, жаны мұрнының ұшына тіреліп, зәресі ұшып жүреді. Ол жалақысы азаюдан, мансабы төмендеуден, беделінің кемуінен қорқады. Ырым етіп, ырымы қырын кетіп әлекке түседі. Жаратушысынан пана сұрамай, қайдағы бір жаратылғанға жалынады. Не болса соған құлдық ұрады. Бұндай пендеге бәрі құдай. Адам баласы Аллаһқа ғана құл болу арқылы басқаға құл болудан құтылады. Иесін танып, оның үкімін орындаған пендені Аллаһтың құлы дейміз. Өзіне құлшылық еткісі келмеген пендені Аллаһ шайтанға, дүниеге, адамға т.б жаратылғандарға құл етіп қояды. Аллаһқа құл болудың сипаты: ризашылықты тек Жаратушысынан күтеді, айналасындағы адамдарға аса құрметпен қарайды, бекзаттық болмысқа ие болады, өмірдің күйкі тірлігінен биік тұрады, ең бастысы, оның бойында аса күшті рух пен сенім пайда болады. Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпайды. Шайтанға құл болудың сипаты: бізге құраннан белгілі, шайтан тәкаппар, кекшіл. Енді осы сипат кімде, сол шайтанға дос. Күншілдік пен қызғаншақтық, өзімшілдік пен мансапқорлық тәкаппарлықтан шығады. Сондықтан, сөйлесе сөзінде жалғандық һәм ісінде екіжүзділік болады. Дүниеге құл болудың сипаты: дүние-мүлік, байлықтан басқа мұңы болмайды. Ол үшін бәріне барады, тойымсыз, жемқор, парақор, сатқын һәм мейірімсіз болады. Мұндай пендеде Отан болмайды. Оның қожасы - ақша. Адамға құл болудың сипаты: өзіндік көзқарас пікірі жоқ, жағымпаз, адамдарды алалап қатынасады. Қолында билігі бар бастықтардың алдында құрдай жорғалайды. Ең бастысы ондай пенде Аллаһтан емес адамнан, бастығынан қорқады. Оны өмірінің жарылқаушысы деп түсінуімен адамға құл болып шыға келеді.
Даналық ДӘРІС
Адам жаман қасиеттерге, нәпсісіне бағынып, оның жетегіне ергендіктен барады. Әйгілі төрт халифаның бірі Әли ибн Әбу Тәліп болса: «Қорқыныштың қорқынышы нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан аластатып, ақыретті ұмыттырады» деген. Ең бақытты адам өз нәпсісіне ие болған адам. Ондай адамды «Абзал адам» дейді. Атақты сахаба Әбу Үбәйда ибн Жәррах: «Адзал адам деп – Аллаһты танып, ақырет үшін амал жасаған адам» – дейді. Осындай адамды Жаратушы жақсы көреді. Катада ибн Нұғманнан жеткен хадис бойынша «Аллаһ жақсы көрген құлын осы дүниенің бүлігінен сақтайды». Бұл дүниенің бүлігі – ақша, байлық, мәнсап және сауабы жоқ ілім т.б. Атақты ғалым Ибн Ражаб адам баласын екі топқа бөліпті. Бірінші топтағылар – өткінші өмірдің өзіне сыйлық пен жаза тағайындау
үшін жаралғанын сезінбейді. Олар дүние қызығына беріліп, нәпсіге құл болудан бас тартпайтындар. Олардың бұл дүниемен байланысы көп болғандықтан қоштасуы да қиын болады. Екінші топтағылар – өлімнен кейін сұрақтың болатынын сезінетін пенделер. Атақты шейх Күшайри: «Жақсы адамның белгісі - байлық бітсе өзін пақыр сезінеді, билікке жетсе ұстамды болады, даңқы шықса жасырын жүреді» - депті. Үлкен фикһ иесі Муаз бин Яхия қарапайым мұсылмандықты танитын үш шартты ұсынады: мұсылман адам басқаға пайдасы болмаса да, зиянын тигізбеу, басқаның қуанышына ортақ болмаса да қайғы әкелмеу, басқаны мақтамаса да, жамандамау. Төлеби ОСПАН, “Нұр Астана” орталық мешітінің найб имамы
Ештеңе білмейтін, бірақ ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт. Ештеңе білмейтін, бірақ өзінің білімсіздігін түсінген жан – шәкірт. Оған ілім үйрет. Барлығын білетін, бірақ білгеніне амал жасамайтын адам – бейғам пақыр. Оны оят. Барлығын білетін және білгеніне амал еткен адам – данышпан. Оны ұстаз тұт.
ОЯН.Намыс.kz
32
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
19 ақпан – Қазақия орыс бодандығын қабылдаған қасірет күні
Р
есейлік патша үкіметі қазақ даласын жедел отарлауды ХVІІІ ғасырдың басында қатты қолға алды. Бұған түрткі болған дүние Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 жылы қатын патша Анна Иоановнаға жолдаған хаты. Онда: «... өзіме қарайтын Орта және Кіші жүздің барша қазақтары Сізге бодан болғымыз келеді» делінген. (В.Басин «Россия и казахские ханства в ХVІ – ХVІІІ в», Алма-Ата, ОГИЗ, 1947) Жоғарыдағы хатты негізге ала отырып қатын патша 1731 жылы 19 ақпан күні барша қазақты бодандыққа алу туралы жарлыққа қол қойды. Осы оқиғадан кейін Ресей Қазақияның шұрайлы һәм бай даласына көз аларта бастады. Асты кенге, үсті жемге толы қазақ даласын иемденіп алу үшін не істеу керек? Әрине, жердің үстінде қалқиып жүрген иесі қазақты құртып жіберсе болғаны. Жер де, ел де орыстікі болып шыға келеді. Сөйтіп осыдан 250 жылдай бұрын Ресей қазақты құртудың жоспарын жасаған. Атап айтқанда, 1747 жылы 21 шілде күнгі үкімет сенатының № 164-ші құпия қаулысында: «Қазақ халқына қару-жарақ, оқ-дәрі, кремний, қорғасын сатпау керектігі жөнінде» айтылса, 1747 жылы 31 желтоқсандағы екінші бір құпия қаулысында: «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Оренбург губернаторы қазақтың бір немесе екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер, қарттар, балаларымен қосып)» делінген. 1747 жылы 10 сәуірде қол қойған Шетел ісі жөніндегі коллегияның № 220-ші «Қазақтар тарапынан туатын қарсылыққа орай 2010 № 1 (1)
жоспар жасау» туралы құпия жарлығында: «Қазақтармен күресті өзіміздің әскерге емес, көрші тұратын қалмақ, башқұрт, казак және Сібір губерниясының тұрғындарына тапсырып, олардың қазақтарды өлтіруіне көз жұмып қарау керек» депті. Сондай-ақ, 1768 жылы 17 ақпанда қабылданған № 80 жоғары жарғыда: «Қазақ халқының бостандығын жою үшін, хан сайлауын халық емес біз өзіміз шешуiміз керек» деп бекіткен. 1779 жылы 4 қазан күні патшайым ІІ Екатеринаға сарай қызметкерлері жазған жоғары дәрежелі баяндау хатта: «Абылай сұлтанды Петропавловск қорғанысына шақырып, ақ патшаның құзырына бағынуға бас идіру керек, соңғы кездері шақыруға, грамоталарымызға және марапаттарға әр түрлі сылтау айтып келмей жүр және жіберген елшілермен дөрекі қатынасады, оларды қабылдамайды. Барлау мәліметтеріне қарағанда Абылай сұлтан Қытаймен жақын қарым-қатынаста болғандығы анықталды. Өз адамдарына орыс көпестерін тонауға рұқсат беріп отыр. Патшалықтың құзырына кірмеу арқылы ол орыстарға қарсы әрекет жасап, қазақ халқының азаттығын қорғап қалмақшы. Сондықтанда Абылайға грамоталар, хандық марапаттар және де тағы басқа сияпаттарды бермеу керек. Бұдан былай Абылайдың ордадағы дәрежесін төмендетіп, оған тең боларлықтай қарсылас табу керек. Қазақ ордасындағы осы жағдайлар түзелгенше орыстарға ордаға баруға тыйым салынсын!» делінген. 33
ОЯН.Намыс.kz 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін тақ мұрагері Уәлидің беделін әлсірету үшін патша үкіметі бір қатар сұлтандарға қолдау көрсете бастайды. 1815 жылы Уәлиге қарсы патша жансыздары бүлік ұйымдастырып, оның орнына ақ патшаға жағымды Барақтың ұрпағы Бөкейді хандыққа сайлайды. Кешікпей сарай шенеунігі М.Сперанский мырза «Устав о сибирских киргизах» дегенді ойлап табады. Бұл шешімге 1822 жылы
34
22 шілдеде патша қол қойған. Осыдан кейін қазақ даласында хандық билік жойылады. Патшаның ығына жығылатын аға сұлтандар пайда болады. Жоғарыдағы шешім бойынша Орта жүзді Батыс Сібір аймағының бір бөлігі ретінде таниды. 1839 жылға дейін Батыс Сібір аймағының астанасы Тобыл қаласы болады. 1839 жылдан кейін
Омбы қаласы болып өзгерді. Жоғардағы «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы» жарғының негізінде 1822 жылдан бастап қазақ даласын басқаруды округке бөліп тастады. 50-70 қожалық (отбасы) бірігіп 1 ауыл (ауылнай) болды. 10-12 ауыл бір болыс. 15-20 болыс бір округке біріктірілді. Округ басшылығына аға сұлтан
1747 жылы 21 шілде күнгі үкімет сенатының №164-ші құпия қаулысында: «Қазақ халқына қару-жарақ, оқ-дәрі, кремний, қорғасын сатпау керектігі жөнінде» айтылса, 1747 жылы 31 желтоқсандағы екінші бір құпия қаулысында: «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Оренбург губернаторы қазақтың бір немесе екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер, қарттар, балаларымен қосып)» делінген.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz отырды. Сұлтанның қол астында 4 кеңесшісі болды. Олардың екеуі орыс, екеуі қазақтан делінді. Оларды 2 жыл мерзімге губернатор тағайындады. Сұлтан болса 3 жыл мерзімге сайланды.
ХХ ғасырдың аяғында қазақ халқын мәңгүрт, дүбәра, есалаң күйге айналдыру туралы арнайы бағдарлама болған 1876 жылы патша ағзам қазақтардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан арабша жазуын өзгертіп, орыс ғарпіне көшіру туралы жарлыққа қол қойды. 1880 жылы 8 қараша күні генерал адъютант фон Кауфман Ағарту министріне жазған қызметтік баян хатында, көшпелі қазақ елін тезірек ассимиляциялап орысқа айналдырып жіберу үшін, оларды Орта Азияның басқа тұрғындарынан бөліп ұстау қажеттігін атап өткен. Осылай отарлау саясаты қарқынды жүргізіле бастаған 1875 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына аса жауапты істерді орындау үшін ақ патша ең сенімді шенеунігі Н.Балкашинді жіберді. Ол 1878-1880 жылдары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын аралап, орыстарды қоныстандырудың барлық бағытбағдарын айқындап шықты. Өзімен бірге қарулы жасақ ертіп келіп қазақтарды шұрайлы жерінен түре қуып тастады. Халықтың қаны мен көз жасын жүктеген бұл қарақшы-жендеттің атына Кеңес Одағы кезінде әспеттеп қазақтың жерінен жеке ауданның аты берілді. Бұдан кейін де патша үкіметі қазақ жерін толықтай иеленіп алу бағытында жаңа реформалар жасай бастады. Солардың бірі 1868 жылы 21 қарашада қабылданған «Дала облыстарын уақытша басқару жөніндегі бағдарлама» еді. Бұл бағдарлама бойынша қазақ халқы ХХ ғасырдың аяғында жері жоқ, халқы мәңгүрт, дүбәра, есалаң күйге айналуы керек болатын.
2010 № 1 (1)
Аға сұлтандар.
Болыс сайлау науқаны.
Байлардың дүние-мүлкін кәмпескелеу. 1929 жыл.
35
ОЯН.Намыс.kz Ресейдің VІ Дума депутаты Марков дейтін шовенист америкалықтар қызылтерілілерді қалай қырып жойса, біз де қазақтарды солай қырып тастауымыз керек деп ресми мәлімдеме таратты. Тіпті 12 млн. үндістерді отарлаушылар қалай қырып-жойып, жерін иеленіп алғанын зерттеп, оны қазақтарға пайдалану туралы құпия жоспар болған.
Қырылмасақ, 40 миллион болар едік Орыс зерттеушісі В.Козловтың 1983 жылы Мәскеуде жарық көрген «Национальности СССР» атты еңбегінде: 1897 жылы Ресей отарында болған бұратана халықтарға арнайы жүргізілген санақтың қорытындысы жарияланған. Осындағы мәліметке қарағанда сол шамада Ресей аумағында 4 млн. 84 мың қазақ болыпты. Өзбектер – 726 мың, қырғыздар – 201 мың, түрікпендер – 281 мың, тәжіктер – 350 мыңнан аспаған. Келесі 1916 жылы жүргізілген санақ бойынша қазіргі Қазақстан және Қырғызстанның бірқатар аймақтарында 3 994 500 қазақ, Орта Азияда (Самарқанд, Каспий сырты, Ферғана облыстарында) 235 500 қазақ, Астрахан губерниясында 353 700 қазақ, Орынбор, Самара, Томск, Тобыл маңында 95 100 қазақ, Ресей империясының жерінде барлығы 4 678 800 қазақ өмір сүргені жайлы нақты дерек бар. Бұған сол кезде Қытай мен Моңғолияда өмір сүріп жатқан 250 мыңға тарта қазақ кірген жоқ. Шығыстанушы П.Г.Галузоның 1929 жылы жарық көрген «Отар Түркістан» атты еңбегінде: «1915 жылы Қазақстан халқы 6 млн.-ға жетті»
36
дейді. Дәл осындай деректі Алаш ардагері Мұстафа Шоқайдың «Түркістан Советтердің билігінде» атты жазбасынан да кездестіруге болады. Арада жиырма шақты жыл өтіп 1939 жылы жүргізілген халық санағында қазақтардың саны – 2 млн. 300 мыңды көрсетіп, табиғи өсімін былай қойғанда статистикалық тұрғыдан екі жарым есеге кеміп кеткен. Ал, өзбектердің саны – 3 млн. 900 мыңға жетіп, 50 жылда 3,5 есе өскен. Түрікпендер – 760 мың, қырғыздар – 750 мың, тәжіктер – 900 мыңға жетіп үлгерген. ХХ ғасырдың басында 5 млн.-нан асқан қазақ арада 30 жыл өткенде неліктен екі есеге кеміп кетті? Бұл сауалға жауапты көп жыл құпия сақталған «Баяндау жазбадан» табамыз. Онда 1926 жылдың желтоқсаны және 1937 жылдың қаңтар айында жүргізілген халық санағының айырмасы мен табиғи өсімі туралы мәлімет бар. Осында көрсетілген деректерде: «1930 жылы Қазақстанда барлығы 5 млн. 873 мың адам болған. Аштық жылдары (1931-32 ж.ж.) 1,3 млн. адам Қазақстан жерінен басқа жаққа босып кетті... 2 млн. адам аштықтан қаза тапты... 1933 жылдың аяғында 2 млн. 493 мың адам ғана қалды» делінген. Нәубет жылдары Қазақстанды басқарған Голощекин аштыққа ұрынған қазақтарға дәрігерлік көмек көрсетпеу туралы жасырын нұсқау берген дейді зерттеуші Роберт Конквес өзінің «Жатва скорби» атты кітабында. Сол сияқты қазақ ғалымы Мекемтас Мырзахметов «Қазақ қалай орыстандырылды?» атты еңбегінде, отарлаудың жай-жапсары туралы айта келіп, 1930 жылдары Қазақстанды басқаруға келген Голощекин аса құпия тапсырма жүктеп, қазақты қырып тастау туралы міндет алғаны жайында айтады.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
$$ Оян, қазақ! $$
Бұл зұлматтардан басқа 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде 275 мың қазақ жазықсыз оққа ұшқан. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 350 мың қандасымыз отбасына оралған жоқ. Марқұмдардың мүрдесі майдан даласында шашылып қалды. Соғыс жылдары тылдағы ауыр бейнеттен 150 мың қазақ көз жұмған. 1944-48 жылдары «Соғыс тұтқыны» ретінде 50 мың қазақстандық қуғынға ұшыраған. Әртүрлі сынақ полигондарының салдарынан 23 мың адам зардап шегіпті. 1945-1991 жылдар аралығында Совет Армиясының сапында міндетін атқаруға барған 25 мың қазақ азаматы шаңырағына оралған жоқ. 1978-1988 жылдары Ауғанстанда әскери міндет атқарған 1,5 мың қазақ азаматы мерт болды... Деректер осылай дейді. Осы зұлматтардың кесірінен халықтың саны өспей қалды. Демограф ғалымдардың есебі бойынша жоғарыдағы қырғындарды көрмегенде бүгінгі қазақтың саны ең кем дегенде 40 миллионға жетіп жығылады екен. Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ Аса ауыр зұлмат пен нәубеттерді басынан өткізген қазақ халқы тәуелсіз ел болды. Ендігі міндет осы тәуелсіздікті баянды ету, болашақ ұрпақтың қамына қызмет қылу. Байырғы бабаларымыз Қазақияның қиян даласын қанын төгіп қорғады, жасанған жауына жарты қарыс жерін бермеді, ақ найзаға сүйеніп, ат үстінде күндерін өткізді, жанын беріп жаһан даланы бізге мұра етіп жеткізді. Енді міне, заман озып, тоқым тозғанда суық жүз, сұқ қолдар сумаңдағанын қояр емес. Кеше ақ патшадан азап тартсаң, бүгінгі жаудың беті одан да бетер. Мұхиттың арғы жағынан Америка мойынын созып қарап отыр, іргедегі айдаһар көршіміз ұйықтаса түсінде қазақтың жерін көреді. Бұлардың бәрі сенің билік басында отырған шенеуніктеріңді қардай бораған қағаз ақшаға көміп тастап, бір жапырақ қағазға жаның мен жеріңді, тәнің мен еліңді қоса сатып алмасына кім кепіл?!
Қауіп әлі сейілген жоқ қазақ!!! Оян жұртым, оянбасаң оңбайсың!!! 2010 № 1 (1)
37
38
Оян.Намыс.kz
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң дүйім жұрт жеңіспен бірге Абайдың 100 жылдық мерейтойын республика көлемінде бірге атап өткені белгілі. Негізгі той Семейде өтеді. Тойдың бас балуанына тағайындалған бәйгені күреске түспей-ақ Қажымұқан атамыз алады. Жасы 74-ке аяқ басқан Қажекеңді халқы құрметтеп, күрестірмей-ақ бас бәйгені берген. Балуан атамыз еліне барып үлкен той жасайды. Себебі, Қажымұқан балуан Абайдың баласы Тұрағұлмен дәм-тұзы араласқан дос һәм Көкбай Жанатайұлын ақылшы тұтқан адам. Жоғарыдағы балуанның тойын көріп, куә болған жергілікті жердің қаламгері Әдіһам Шілтерханов көлемді әңгіме жазған. Осында мынадай бір оқырман елең етерлік эпизод бар. Оқиға Қажымұқан балуанның өзінің айтуы бойынша беріліпті. Ұзынырғасы былай: Оңтүстік өңірде, Арыстан баб кесенесінің Сыр жақ бетінде Қаныттоғай атты нулы-сулы, қамыс-құрақты өлке бар. Сол өлкеде алып күш иесі Бақтияр атты балуан өмір сүрген. Бақтиярды Қажекең өзі көзімен көрген, барып сәлем берген. Қажекең айтады екен: «Бақтияр балуан қиын заманда туып, бейнеттің астында өткен адам екен. Әр қабырғасының үлкендігі үш елі. Аяқ-қолының ірілігі менен бес есе. Күші де артық. Әттең бағы жанбаған адам». Ел аузында Бақтияр балуанның жолбарысқа қылыш сілтеп қақ айырып тастағаны жайында айтылатын әңгіменің анық-қанығын білмекке құмартқан Қажекең осы оқиға туралы балуан ағасынан сұрайды. Сондағы Бақтияр балуанның айтқаны: Қаныттоғайда менің жас кезімде жолбарыс болған. Аң патшасының жымын білетін былайғы жұрт тоғай арасындағы жолмен өлсе де жүрмейді. Тек менің әкем ғана қорықпай жолбарыстың жымын кесіп өте беретін. Азамат жасқа жеткен соң мен де сол жолмен жүріп көрмекке бекіндім. Жүрдім, маған жолбарыс шапты. Қылышымды суырып алдым да қақ бөліп шауып тастадым. Содан үйге келіп әкеме айттым. – Әке, мен жолбарысқа тап болдым. – Балам, оны не істедің? – Қақ бөліп шауып тастадым. Әкем бір түрлі күңіреніп кетті. “Япырым-ай бұл не сұмдық, адамға мысық шаба ма екен? Мен олай-бұлай жүргенде басын екі бұтының арасына қысып алып, қыбыр етпей жататын. Оның шапқанына қарағанда ұрпағым ұсақталып кеткен екен ғой. Мысықтың айбарын қайтаратын мысың жоқ неткен жансың”, деп ренжіп, қапаланып жатып қалды. Бұрынғы қазақтар осындай болған!!! Жанарбек ҚИЗАТҰЛЫ 2010 № 1 (1)
39
ОЯН.Намыс.kz Ауру ойлап табатын орталық Жүре біткен иммундық тапшылық синдромы (СПИД) «ғасыр індеті» екені бәрімізге аян. Бұл дертке шипа боларлық дәрі әлі жасалған жоқ. Ғалымдар ондаған жылдар бойы ізденіс үстінде жүр. Сондықтан да, адамның иммундық тапшылығы вирусын яғни ВИЧ жұқтырғандардың күні қараң. Олар тірідей қоғамнан аластатылып, жанды өлікке айналады. Медиктердің шығарған үкімі осындай. Бірақ, соңғы жылдары әлемде басқаша пайым ұстанатын ғалымдар мен зерттеуші-дәрігерлер саны артып келеді. Олар СПИДті ауру деп мойындамайды. Осындай «оппозиционер» ғалымдардың саны әлемде 6000-нан асып кетіпті. Бұлардың дәлеліне қарағанда «ғасыр дерті» СПИД бірнеше ғалымның ойдан шығарған жасанды сырқат түрі. Мысалы, ресейлік патологдәрігер Владимир Агеевтің айтуы бойынша СПИД тапсырыспен жасалатын ауру. Онымен АҚШ-та жылдық бюджеті 2 млрд. долларды құрайтын жасырын медициналық-ғылыми орталық айналысады. Оның штатында 2 мыңдай қызметкері бар. Олардың табыс көзі – әлемде дүркіндүркін жаңадан вирус ошағын тұтандырып отыру. • • • • •
40
АҚШ-та жылдық бюджеті 2 млрд. долларды құрайтын жасырын “ауру ойлап табатын” медициналық-ғылыми орталық бар. Ресейде СПИД-ті жұқтырғандардың 80 пайызы наркомандар, ал АҚШ-та 85 пайызы гомосексуалистер. Вирус жұқтырғандардың 90 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы еркектер. СПИД-ті жасанды ауру деп есептейтін ғалымдардың саны әлемде 6000-нан асып кетті. Владимир Агеевтің пікірінше: фармацевтикалық алпауыттар СПИД-ті әуел бастан медицина мамандарынан тысқары өз бақылауында ұстап, жоғарғы қызметтегі шенеуніктерді көп ақшаға сатып алу арқылы адамдардың қоғамдық санасына жалған қорқыныш ұялатып отыр.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz «Ғасыр індеті» қалай пайда болды? 1980 жылдың басында жоғарыдағы ғылыми орталықта бірнеше пациенттер-гейлердің иммундық тапшылығын әлдебір вируспен байланыстыру идеясы туындайды. Орталықтың иммунологы Ф.Готлиб иммундық тапшылықтың инфекциялық табиғаты туралы өз болжамын ортаға салады. Сол-ақ екен жаңа бір індеттің басталғаны туралы ақпарат дереу әлемге жария етіледі. Ары қарай сенсация іздеп шарқ ұрған батыстық баспасөз иелері мен ақшаның құлы болған кейбір алаяқтар бұл ақпаратты көкпардай іліп әкетіп, дүниеге жаяды. Жаңа идеяны ойлап тапқан ғылыми орталыққа мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлдіреді. Осылай обыр (рак) дертінің ұлттық институтының маманы Роберт Галлоға жоқ вирусты «ойлап табу» жұмысы тапсырылады. Бұл тапсырыс көп күттірмей-ақ тез орындалады. Екі жыл өтпей-ақ 1983 жылдың 23 сәуірінде Вашингтон қаласында СПИД туындатқыш вирустың табылғандығы туралы сенсациялық мәлімдеме ресми түрде жарияланады. Идея авторлары – Р.Галло мен Пастер институтының ғалымы француз Люк Монтанье екеуіне «Адамның иммундық тапшылығы вирусын алғаш анықтаған ғалым» деген абыройлы атақ беріледі. Олар осы ғылыми «жаңалықтары» үшін үлкен сыйлыққа ие болған. Абырой болғанда осы оқиғадан кейін іле-шала жаңа вирустың табиғатта барлығына нақты дәлел талап еткен принципті ғалымдар тобы пайда болды. Масқара болғанда Р.Галло мен Л.Монтанье дәлел таба алмай қиналды. Ақыры өткен ғасырдың 90-шы жылдардың соңында СПИД-ті ойдан шығарған ғалымдар өздерінің теориясында кемшіліктердің бар екенін мойындауға мәжбүр болған. Осыдан кейін жаңа дерт төңірегіндегі байбаламның қызуы басылуы тиіс еді, бірақ керісінше тіпті өршіп кетті. Себебі, СПИД үрейі жаһанға жайылып, бауырына аса мол ақша жинаған индустрияға айналып үлгеріпті. Сондықтан да оны тоқтату жақын болашақта да мүмкін болмайтын түрі бар.
Алғашқы құрбандық: гомосексуалистер мен наркомандар Вирустың эпидемиологиясы әрқилы парадокстарға толы. Жалпы СПИД туралы «ертегінің» алтын бесігі – Африка. Вирусты иеленушілер – маймылдар. Олар сорлы африкалықтарды тістеп алғанмыс. Немесе африкалықтар осы маймылдардың етін жеген-мыс. Тіпті африкалықтар олармен жыныстық қатынаста болған-мыс. Осындай көптеген версиялар ойлап табылған. Бір ғажабы, маймылдардың өзі СПИД-пен ауырмайды екен. Тағы бір парадокс: гепатит, туберкулез, тұмау адамдардың шыққан тегіне, жасына, жынысына қарамай жұғатын болса СПИД-тің 2010 № 1 (1)
41
ОЯН.Намыс.kz қылығы ақылға қонбайды. Бұл вирус адам таңдайды. Жасы мен жынысына қарайды. Мысалы, бұл дертпен ауырғандардың 90 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы еркектер. АҚШ-та вирус жұқтырғандардың 85 пайызы гомосексуалистер, ал Ресейде бұл ауруды жұқтырғандардың 80 пайызы наркомандар да қалған 20 пайызы жас балалар. Осыған қарағанда СПИД вирусы бір елде гомосексуалистерді, екінші бір елде наркомандар мен жас балаларды, үшінші бір елдерде тағы біреулерді таңдап алатын қабілетке ие екен. Егер бұл дертті қолдан жасамаған жағдайда мұндай мүмкіндікке ие болмас еді.
***
Бұрынғы Кеңестер Одағында СПИД өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңына таман басталды. 1988 жылы бұрынғы Қалмақ АССР-ның астанасы Элиста қаласында орналасқан балалар ауруханасында әлдебір жұқпалы ауру пайда болғаны жайлы ашық ақпарат тарады. Мәскеуден Элиста қаласына жоғарғы маманды дәрігерлер тобы дереу ұшып келеді. Балаларды тексеру барысында дәрігерлер 38 сәбиге СПИД жұқтырылған деген жантүршігерлік диагноз қойды. Оларды иммундық және қан жетілдіру жүйесіне өте теріс әсер ететін АЗТ препаратымен емдей бастайды. Бұл препаратпен емдеудің соңы өлімге әкеліп соқтыратындықтан бұны АҚШ-та қолдануға тыйым салынған болатын. Соңғы жылдары осы балалардың өлімі «ғасыр індеті» СПИД-тен емес, керісінше осы АЗТ препаратының улы әсерінен болуы ықтимал деген жорамалдар айтылып жүр. Кешікпей Дондағы Ростов пен Волгоград қалаларындағы оқиғалар да осындай сценарий бойынша іске асты. Мұндағы ауру балаларды емдеуге тағы да Элиста қаласында «тәжірибеден» өткен дәрігерлер сау етіп жетіп келеді. Олар балалардың бәрін СПИД-пен ауырғандар деп жариялап, арнайы тіркеуге алды. Кеңестер Одағы кезінде осындай диагнозбен өмір сүрудің қандай қасірет екені айтпаса да түсінікті. Осылай КСРО елінде «ғасыр індетінің» үрейін салмақты болдыру үшін сәбилерді пайдаланған дейді, дәрігер В.Агеев. Осы патолог-дәрігер В.Агеевтің айтуына қарағанда бұл ауруды «жұқтыру» үшін АҚШта гомосексуалистер, бұрынғы КСРО-да наркомандардың таңдап алынуында өзіндік себеп бар. Ол кезде КСРО-да наркомания болғанымен гомосексуализм жоққа тән еді. Сондықтан да бұрынғы Кеңестер Одағында СПИД-пен ауырғандар рөліне наркомандар дөп келді. Екіншіден, гомосексуалистер мен наркомандар қоғамнан аластатылған жексұрын, абыройсыз пенделер болғандықтан оларда өздерін қорғарлық құқық жоқ еді. Осы себептен де ойдан шығарылған «ғасыр індетіне» бәрінен бұрын осылар лайық болды. 42
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Бәрінен қымбат адамның тағдыры Ендеше осы «ғасыр індетін» жұқтырған адамдардың тағдыры туралы ойлаудың өзі қасірет. Жалпы СПИД индустриясымен айналысатын топтар үшін адамдарға вирус жұқтырылғаны туралы диагноздың құпия сақталғанынан гөрі сақталмағаны ұтымды сияқты. Өйткені, дүниені дүрліктірмейінше, жұртшылықты үрейлендірмейінше бұл салаға үлкен кіріс кірмейді. Мұндайда бәрінен қымбат адам тағдыры жайына қалады. Сол себепті үрей ұшқыны үнемі әйгіленіп тұру үшін әлемнің әрбір түкпірінде СПИД науқаны жүйелі түрде ұйымдастырылып, халықаралық дәрежеде айғай-шу көтеріліп тұрады. Осындай тағдырды әсіресе дамушы елдер жиі-жиі бастан кешіреді. «СПИД жұқтырған» деген диагнозбен шағын қалада, немесе ауылдық жерде күн кешудің қаншалықты қасіретті екені айтпасақ та түсінікті. Осыдан барып дүниеде қаншама отбасының ойраны шықты, қаншама күнәсіз жас сәбилер құрбандыққа шалынды, қаншама атааналардың көз жасы көл болып, көкірегі қарс айырылды десеңізші. 2000 жылы Ресей телеарналарының бірінде аналары жерініп тастап кеткен 20-дай жас сәбилердің өмірі туралы сюжет көрсетілді. «Осы СПИД жұқтырылған балалар бірекі жылдың ішінде өлуге тиіс» деп тележурналист экран арқылы жантүршігерлік тұжырым жасады. Арада 8 жыл өткен соң осы сәбилер туралы тағы көрсетті. Барлығы дерлік тірі көрінеді. Бірақ олар көп жылдар бойы жұқпалы аурухана қабырғасында сарылып, антибиотиктермен уланып ойын-күлкісіз өмір кешуде. Жоғардағы «ғасыр індеті» қолдан жасалып жатыр деп байбалам салып жүрген дәрігерлердің зерттеуіне қарағанда: осыдан 10-20 жыл бұрын «вирус жұқтырды» деп диагноз қойылғандардың көбісі қазірдің өзінде кәдімгі сау адамдарша өмір сүріп жатқан жағдайлар бар. Олардың анализдері таза болса да медиктер ол адамды сауықты деп есептемейді. Өйткені, бұл вирусқа қарсы дәрі жоқтығы туралы ұғым әлемде бірауыздан мойындалып тасталған. Бұл да парадокс. АгЕевтардың көздегені не? «Агеевтар» деп отырғанымыз «ғасыр індеті» қолдан жасалған, ондай ауру әлемде жоқ, мүдделі топ адам өлтіретін вирустарды пайдаланып халықтың үрейін туғызуда, деп жар салып жүрген дәрігерлер қауымын жалпылама айтып отырмыз. Егер осыдан 10 жыл бұрын кім де кім «СПИД деген ауру жоқ» деп дүниеге жар салған болса, қоғам оны ақымақтар қатарына қосқан болар еді. Соңғы жылдары, құдайға шүкір азаматтық позициясы биік, кәсібіне адал мамандар бұрынғы жаңсақ пікірлерді өзгерту үшін күш салып жатыр. Олар СПИД атты дерттің жоқтығын ашық 2010 № 1 (1)
43
ОЯН.Намыс.kz
Владимир Агеев - жоғары білікті патологдәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. 1952 жылы Мәскеуде туған. 1972 жылы Иркутск мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. 1978-2004 жылдар аралығында ИММИ-дің патологиялық анатомия кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Елуге тарта ғылыми еңбектің, көптеген оқу құралдарының және патономия жөніндегі оқулықтың авторы. 1991 жылдан бастап «ВИЧ/СПИД» проблемаларын зерттеумен шұғылданады. 2000 жылдан бері жалған вирус таратушыларға ғылыми дәлелдермен қарсы шығушы топтың белсенді мүшесі.
жариялап, нақтылы фактілермен дәлелдеп бағуда. Олар ауруларды бұл жалған дерт екеніне сендіріп, оны жеңуге болатыны жайлы насихат жүргізуде. Бұлардың көздеген мақсаты да осы. Бірақ бұлар бүгін-ертең жеңіске қол жеткізе қоймайтындығын жақсы біледі. Өйткені, СПИД проблемасы медицина шеңберінен әлдеқашан шығып, саяси, экономикалық, заңнамалық және моральдық дәрежеге көтеріліп кеткен. Осы арқылы абырой-атаққа ие болған жоғары лауазымды адамдар да аз емес. Нәтижесінде, СПИД дегеніміз дерт емес мистификация екендігін медицинаның өзі ресми мойындаудан кетіп қалған көрінеді. Ресейлік патологоанатом Владимир Агеев пен оның әлемдегі мыңдаған кәсіби жақтастарының пікірлерінше: фармацевтикалық алпауыттар СПИДті әуел бастан медицина мамандарынан тысқары өз бақылауында ұстап, жоғарғы қызметтегі шенеуніктерді көп ақшаға сатып алу арқылы адамдардың қоғамдық санасына жалған қорқыныш ұялатып отыр. Бұл проблема төңірегіндегі спекуляциялар медицинаның қазіргі нарқындағы ең үлкен алаяқтық іс болып табылады, дейді. Төкен ӨМІРЗАҚ, Иркутск қаласы
$$$$$ Оян, қазақ! $$$$$ Соңғы жылдары СПИД жекеленген этностарды төңіректейтін болып жүр. Жоғарыдағы «ауру ойлап табатын» орталықтар қайсы бір халықты қырына алса, сол ұлтқа қарсы тағы бір «ғасыр індетін» ойлап тауып, бүтін бір этносты құртып жібермекке қам жасайтындай. Айтпақшы, бірнеше жыл бұрын қазақтың құйқалы өңірі Шымкентте «ғасыр індетінің» кенеттен пайда болуы кездейсоқтық па екен? 44
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
Қодас – аша тұяқты түз жануары. Табиғаттың қатаң мінезіне төзіп, құзжартасты, қия беткейді мекендейді. Үйіріне жыртқыш шапса, әлжуаз қодық, арық-тұрықтарын ортаға алып, тас-түйін тұра қалатын жануардың бірі – қодас. Мұндайда қодастың қылыштай қайқы мүйіздеріне қарсы арыстандардың өзі беттей бермейді екен. Суретте, қодастардың қаһарлы қорғанысына қылатын қайраны жоқ қасқырлар біраздан соң иттей ұлып, жөндеріне кетуге мәжбүр. Жануар екеш, жануар да өз төлін жаны қалмай қориды. Ал, біз ше? Бұрын жетім көрсе, жүрегі сыздайтын, қандасын қаңғыртпайтын қайырымы мол ел едік. Енді «бауырыңның баласы жаттың қолында жүр» десе де, сезімі селт етпейтін, тасбауыр елге айналып кеткен түріміз бар. Қазақстан шет елге жетім бала сатудан Азияда алдына қара салмайды. Қырықтан астам жасырын ұйымның жұмысы әлі күшті. Жыл сайын мың сан баланы көздерін жәутеңдетіп шекара асырып жатыр. Жасына сәйкес әр сәбиге тұрақты баға қойылған. Мысалы, 6 айлық шақалақ – 12 500 доллар болса, 6 жастан асқандар арзандап, 5000 долларға ғана сатылады. Осындай «сутегін жетімдер» біздің елде ғана бар. Соның нәтижесінде, қазір қазақстандық асыранды балалардың жеті мыңнан астамы шетел мектептерінде білім алатын көрінеді. Бала сату – он бес жыл бұрын басталған «науқан». Тек мектеп жасындағы жеті мың ұл-қызымыз шетте жүр. Ал, енді ойша есептей беріңіз, сонда қанша қазақ баласы сыртқа сатылды? Жат жұрт алаштың ұл-қызына неге сонша емешегі үзіледі дейсіз? Мұның артында дұшпандық пиғыл бар. Жетім бала кекшіл. Жөргегінде жатқа сатылған ұл атажұртына қаны қатып өседі. Күндердің күнінде отанына оралса да, оңтайы келгенде опасыздықты оңдырмай жасайды. Соны, білмейді емес, білеміз. Сөйте тұра, андыздай қаптаған әркімдерге жетімдерімізді жетелетіп жіберіп жатырмыз. Қамқорлығымыз қодас құрлы болмады-ау... Нұрдәулет ҒАЙНИТДИН 2010 № 1 (1)
45
ОЯН.Намыс.kz
ШАЛ ШЫҒАРҒАН ШАТАҚ ...Сүт пісірім уақыт бұрын ғана бұл шаңырақ қуана қауышқан мәре-сәре үнге бөленіп жатқан. Хамзе қарттың қалада қызмет істейтін ұлы балашағасымен қонаққа келіп еді. Қырық сылтауы таусылмай, төрт-бес жыл төбе көрсетпей қойған. Сағынысып қалыпты. Арқа-жарқа әңгімемен шай ішілді. Сол жадыраған көңілмен далаға шыққан. Қарияда бас жағы баршылық. Ұлқыздарының көбі өз төңірегінде түтін түтетіп отыр. Оқу оқып, ғылым соңына түскен осы ұлы ғана. Шал үшін «Хамзенің қызметкер ұлы мәшинесімен келіпті» дегеннің өзі бір мәртебе. Ауылдағы қарадомалақтарымен салыстырғанда қаладан келген немерелері қандай. Көп қаздан мойны озған аққудай көрінеді. Киімдері мұнтаздай, қимылдары ширақ. Бәрі жарасымды, бәрі сүйкімді-ақ еді. Осы керемет сәт қас-қаққанша нілдей бұзылды. Бұзған – қос немеренің қос ауыз орысша сөзі. Сағынып көрген немерелерінің шүлдірлегенін естігенде қарттың қаны басына тепті.
46
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Қой соймаққа қамданып жатыр еді. Қолындағы пышағын қора төбесіне ызалана лақтырды. Әлгінде ғана бауыздалғалы тұрған қара қой өрісті бетке алып, маңырай безді. Екі немересіне қарап: «Ай, атаңа нәлет-ай! Не оттап тұр мына иттер?!» деп зор дауысымен ақырып қалғанда, ауладағы бала-шағаның зәре-құты қалмады. Қияңқы шалының қаһарынан ыққан кемпір байғұс бүкшеңдеген қалпы үйге зып берді. Ашудан түтіккен шал зіркілдей сөйлеп қамшыға ұмтылғанда, не жазып қалғанын ұқпаған екі ұл әке-шешелеріне қарай құстай ұшты. «Әй, жетесіз ит-ай! Қалада оқып, қызмет қуғанда жетістіргенің осы ма? Ата жауыңның тілін шаңырағымда шәңкілдеткенің қай қорлығың? Осы қорлықты көрсетейін деп келдің бе, маған, а?» деп тұра ұмтылып, қызметкер ұлын қамшымен тартыптартып жіберді. Қанына қарайғаны сонша, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты. Айғай-шуға көрші-қолаң жиналды. Ара түскен ұл-қыздарына бой бермей, «Орыстың атаңа қылған айуандығын ұмыттың ба, әй, ит? Кәпірдің тілінде сөйлеген ұрпағымды көзімнің тірісінде сен көрсеттің-ау. Санасыз неме! Енді қайтып бұл табалдырықты аттап басушы болма!» дегенді кесіп айтып, ұлының жер-жебіріне жетіп, ақыры боқтапбоқтап үйінен қуып шықты. Шалдың ашуы басылды-ау деген шамада қайта айналып келген ұлы, әкесінің аяғына жығылып, жылап тұрып кешірім сұрап, зорға татуласты. Жиналған жұрт аң-таң.
СНАЙПЕРДІҢ СЫРЫ
шақшиып шыға келетін «қояншығы» баяғыдан бар. Кезінде қарияның ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысқаны рас. Бірақ, ол кісі туралы ауылда алып-қашпа сөз көп. Тұстастарының айтатынын тыңдап көрсеңіз: «Өй, баяғы пәшестермен соғыста бұл итің снәйпер болды ғой. Қит еткенді қалт жібермейді. Бірақ, сол соғыста бұл Хамзе қатар жүрген орыстардың қаншасын ана дүниеге аттандырып жіберді. Қиян-кескі соғыста кімді-кім бақылағандай. Пәшесті көздеп жатады да, жұрттың көзін ала бере жанындағы орыс солдатты да тырапай асырады. Атқанын адамға сездірмеуге, із қалдырмауға келгенде одан ептісі жоқ. Көзіміз шалып қалса, зәреміз зәр түбіне кетеді. Қой дейміз. Тыңдайтын Хамзе ме? «Менің ата жауым ана немістер емес, мына орыстар. Орайы келіп тұрғанда кегімді алып қалайын. Біреу де болса азая берсін» деп кіжіне күбірлейді. Көз қылу үшін жайшылықта олармен жап-жақсы сыйласып, дос тұтқан болып, арқаларынан қағып қояды. Ал, орайын тапса, оңдырмайды. Нағыз жындының өзі ғой», дейді кеңк-кеңк күліп. Осы қауесеттің анық-қанығын ақсақалдың өзінен сұрағанымызда жатып кеп ашуланған. «Е, ауылдың еріккен шалдары құрдас болған соң не демейді. Есі дұрыс адам сеніскен кісіні ту сыртынан ата ма? Бұл – әр нәрсенің бояуын қалыңдатқыш қазағымның қаңқу сөзі де, тәйірі. Шалдардың ойдан шығарған шатпағына сеніп жүрген осы жұртта ес жоқ-ау деймін, атасына нәлет» деп түнеріп, қамшысымен қара жердің шаңын бұрқ еткізіп, бір тартқаны бар.
Хамзе қартты «кәнтөжни» атандырған осындай шалт мінезі. Жасында ат үстінен торпақты өңгеріп кететін қарулы болыпты. Құралайды көзге атқан мергендігін білетіндер жыр қып айтуға құмар-ақ. Талай еңгезердей жігіттерді сабап тастағанын көргендер де көп. Әрине, жазықсыздан жазықсыз соқтықпаған. Жалпы шыжбалақтығы жоқ Хамзекеңнің сабырының орыс ағайынға келгенде түгесіліп, сіркесі су көтермей қалатыны да өтірік емес. Орыстың өзі тұрсын, сөзін естісе 2010 № 1 (1)
47
ОЯН.Намыс.kz КЕК ҚАТҚАН ЖҮРЕК Сөйтсек, бұл жойдасыз жауласудың жайжапсары тым тереңде екен. Жұмбақ сырды ақсақалдың өз аузынан тыңдадық. Хамзе қарт сөзін бастағанда, жүзінде жойқын ашу жоқ. Тек қабартқан өңінде терең мұң, қалың қайғының ізі қалған. Қарлығыңқы қоңыр дауысымен жүрегі сығылғандай күйде әңгімесін айтып берді. «Жасым сегіз-тоғыздар шамасында. Есім әбден кіріп қалған. Тау етегінде жайбарақат күн кешіп жатқан біздің ауылға ойда жоқта 20-30 қаралы қарулы отряд сау ете қалды. Кілең орыс. Қытайға бет алып шегінген әскер екен. Елдің зәре-құтын алып, тарс-тұрс мылтық атып, ауыл үстіне ат ойнатып кірді. Не болғанын түсінбей қалған ауыл азаматтары үйді-үйінен атып шыққаны сол еді, осыдан қауіп келеді-ау дейтін еңселілерін табанда жусатып салды. Ішінде менің әкем де бар.
48
Немере ағам әкемнің мәйітіне жүгіргені сол еді, ол да оққа ұшты. Ауыл азан-қазан. Тірі қалғандарының қорыққандығы сонша, атылғандардың сүйегін алып, жерлеуге де батылы жетпей, мәйіттер иістеніп жатып қалды. Бүкіл ауылды көзінен тізіп, сыртқа айдап шығарды да, арасынан қыздар мен мен келіншектерді бөліп алды. Азғындар өзара қалжыңдасып, шүлдірлесіп қарқ-қарқ күледі. Емшектегі баласының, күйеуінің барына қарайтын олар ма?! Қой бөлгендей шырылдатып бөлді де әкетті. Қорлыққа күйінген Оспан деген атамыз ақыра ұмтылып еді, қылыш бұғанасына қатты тиіп, бүк түсті. Жетпістегі кісінің сүйегі морт келеді емес пе, ақыры содан оңалмады. Бейбіт жұрттың мысы құрып, қан жылады. Ауыл сыртындағы шатқалға шатырларын тігіп тастап, әлгі жауыздар ауылдың қызкеліншектерін бауырына басып, ат ағытып,
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz тынығып жатты. Көнбегендерін зорлаған. Кәпірдің сасық қойнына еркімен жатпай қойған менің шешем, әкемнің қарындасы сияқтылар ажал құшты. Күзеттері мықты. Шидің басы қимылдаса қағып түсіреді. Үйде бала бағып, дымы құрып үлкендер жүр. Бәрі жер шұқыды да қалды. Бұдан асқан қорлық болмайды екен. Солдаттардың ішіп-жемі және ауылдан. «У қосып сеспей қатырсақ» деп еді, өзіміздің қыз-келіншектерімізді қоса улаймыз-ау деп обалынан қорықты. Әлгі кәпірлер ақыры бір жұмадай ойранын салып, шекара асып жөніне аттанды. Қаныпезер, қанқұйлылардың құшағынан шыққан сол қыз-келіншектеріміз не ауылға, не басқа жаққа жүрерлерін білмей, қарабет күй кешті. Ешқайда сыймады. Кейін қорлыққа шыдамай у ішіп қата қалғандары да болды. Қанша шаңырақ құлады. Бір-бірінің бетіне қарай алмай, бет-ауған жаққа қаңғығаны қаншама. Ең масқарасы, бірнеше қызкеліншектердің туып қалғандары болды. Екі-үш әйел сол тұста көз жұмды. Ауыл адамдарының кірмегені қара жер. Қысқасы, сүттей ұйып отырған ауылдың аз уақытта тозтозы шықты. Әкем 32-сінде, анам байғұс 28 жасында көз алдымда шейіт кете барды. Ағайындарымның қолында өстім. Тағдырдың жазмышына шара бар ма? Бірақ, сол оқиғадан соң, кек, ыза жүрегімде шемендей қатып қалыпты. Атамның құны, анамның ары кеткен, шексіз қорлығы өткен сол қанқұйлылардың тілінде енді өз ұрпағымның шімірікпестен шүлдірлеуі жанымды шыжғырады. Бұл неткен намысы жоқ, кеще немелер деп түңіліп отырғаным... Әйтпесе, не ақым бар?!» – деп қария әңгімесін тәмамдады. Ешқашан жадырап күлмейтін, осынау аса адуынды алып қарттың ашушаң мінезінің төркіні тым тереңде екенін білдім.
“КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАССЫҢ” ... Хамзе қарт туралы жақында тағы бір хикая естідім. Бір тойда өздерінше озық көрінгісі келіп, ерекшеленейін деді ме екен жазғандар, әлде қалың қаракөзге көрсеткен қыры ма, өзара орысша сөйлесіп қоймаған екі қазақтың тұмсығын бұзып жіберген бе?.. Әйтеуір, тағы бірдеңені бүлдірген, қысқасы... Қанға сіңген мінез де баяғы. Жалпы, кекшілдік құптарлық қасиет емес, әрине! Қазақта «Кең болсаң, кем болмассың» деген нақыл бар. Кек кекті туғызады. Соны білген халқымыз «бұрынғыны қуыспай, аса кешіп қоя берсе» керек. Кеңдікке салған, келісімге келген. Есесіне жұртың тыныш, жерің бейбіт. Қарның тоқ, көйлегің көк. Қамсыз тірліктің кешегі көрген қорлықты бүркеп тұратыны, ұмыттыратыны анық. Ел арасында «кәнтөжни» қария сияқтылардың санаулы болуы да сондықтан ғой... Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ 2010 № 1 (1)
49
ОЯН, ҚАЗАҚ!
МЕНІҢ ҚАЛАМ Мен тұрған қала, мен өскен мекен, Құлпырды күнде елестен бетер. Әлем-жәлемін әлемнің жинап, Жұқтыра берді деместен «бөтен».
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Қайыршы толы қайран қаладан, Шырқайды әнді байлар қалаған. Сауықшыл жұрттан босамай жатыр Тойханалар мен мейрамханалар.
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
Тәуір боп тәуіп тұмар қадаған, Күн көріс үшін күнә арқалаған. Құдайсыздарды құл қылып алды, Ойынханалар мен құмарханалар.
Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Атамыздан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, Қазақ тілі қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз.
Серік Қалиев, ақын
«Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген?
Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Сұлу көрсек оңашаға сүйрейміз. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Белесебет жасай алар білім жоқ. Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз.
Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, мес қарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның.
Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Сырт көзге сыр бермегенмен Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. тайраңдап, Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып.
Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!...
Аңқаудың арам жолдасы болды, Кедейдің кредит жан досы болды. Жезөкше толған мейманханалар, Зинақорлықтың ордасы болды. Тікеннен тілдер тазармай қойды, Мектептің өзі базардай болды. Ағылшыншалап баласы ән салса, Әкенің бөркі қазандай болды. Дарылдар тойда дарақы арланбай, Шапалақтайды ел алақан талмай. Ұятты ұмытып, пара алуда жұрт, Кассада тұрып жалақы алғандай. Жағдайды надан ұғынбас әлі, Отбасындағы ойран сырыңды ашады. Иегова шеше, мұсылман әкемен Кришнаид бала ырылдасады. Жалған дін елді аздырып жатыр, Ірітіп іштен азғырып жатыр. Заң орындары оларға тимей, Намазхандарды жазғырып жатыр. Нашақор анау – мәңгіріп жатыр, Маскүнемді арақ мал қылып жатыр, Жүкті боп қалған оқушы қыздар, Баласын іштен алдырып жатыр. Жетер ме жұртым сауығар күнге, Саңырау, соқыр жауығар кімге? Теледидарға телмірген әйел, Махаббат іздеп мауығар күнде. Иманға жүрек қаталап жатыр, Мас шалдан бала батаны ап жатыр. Біреулер бізді арбаға салып, Шетіне құздың апара жатыр...
БАЛАПАН МЕН БАЛА МЫСЫҚ Ақ тауықты тал түсте қара басты. Тәтті өмірге ащы мұң араласты. Балпаң��������������������������� -балпаң жүгірген балапанын, Бала мысық тасаға ала қашты. Басқан ізін бәлекет білдірмеді-ай, Балауса үміт жайқалып үлгермеді-ай, Бүлдіршіндей біреудің баласының Болашағын талқан қып бүлдіргені-ай! ...Әсем қала, өскен көз сүйіндіріп, Ерте жетті көктем де биыл күліп. Көше бойлап келеді бір қыз бала, Жарты қарыс матаны киім қылып. Ата-анасы әлпештеп баққан шығар Перзентіне пейілі мақпал шығар. Күнәлі істі күтпеген балапанға Дүрбі салып бір мысық жатқан шығар... Сәл қаттылау айтайын, кешір жігіт, Кеспей тұрып қолыңды кесір бүлік, Тез киіндір қызыңды баласынбай, Кетпесін десең біреу шешіндіріп!
ҒАРІП
Апаттағы ұшақта атеистер болмайды.
(Орыс мәтелі)
Мен де кеше бірі едім осылардың, Ғибадат десе тулап, шошығанмын. Құранды кітап деуші ем ескіретін, Хадистер ертек болып естілетін. Иманды керек деппін өлгендерге, Қойдай ғып адамды ажал өңгергенде. Думан мен дүрмекті іздеп кісінедім, «Дін деген діндарлардың ісі!» дедім. Өзімше тәуір едім, білгіш едім, Надандықтың тамаша үлгісі едім. Ал бүгін хақты танып, ұға бердім, Маңыма «бөтен» болып шыға келдім...
ҒАЙБАТ Арадай таба алмаған гүл шырынын, Шыр айналдым ішінде бір шынының. Инеліктей имиген иманыммен Құр бүгілу болып жүр құлшылығым. Дәміне тамсанғанмен балдай жырдың, Жұтаң тарта береді жан байлығым. Қырық жыл бойы қарайған жүрегімді, Қырнап-қырнап ағарта алмай жүрмін.
Иманыңмен қас қақпай арбаса кеп, «Имамыңның айтқаны далбаса» деп. Барын салып азғырар лағнетулла, «Бірде-бір жан жәннатқа бармаса» деп. Қай кезде де ғалым аз, надандар көп, Шайтанға жақтас болған адамдар көп. Бақытты боп басқаға көрінгенмен, Талайы тура жолды таба алған жоқ.
Ерік берсең ку нәпсі не тілемес? Жүре алмай түзу жолмен көп тайқыдым, Сенім керек сөгілмес, сетінемес. Қой үстіне бозторғай салған ұя, Нәпсіме еріп, шарқ ұрдым таппай тыным. Шын бақыттың ол дағы кепілі емес. Қисық ағаш секілді бір адаммын, Бұтағым көп балталап тастайтұғын. Сәжде жасап, көзінен жасты ақтарған, Жібітеді жүрегін тас боп қалған. Өзгенің қорықпаймын өсегінен, Екі-ақ түрлі адам бар – Біреу мені дінбұзар деме күлем. Жаратқанға Бәлкім барып қалармын жәннатқа да, Бағынғандар және одан бас тартқандар. Ғайбаты көп жандардың есебінен.
ЕКІ ТҮРЛІ АДАМ БАР Жұрт ішінде жабықсаң – жан жұбанар, Ән-жыр аман болса да, қалжың аман, «Елім!» деген ерлердің әр заманда-ақ, Қарс айырылып жүрегі, қан жылаған. Ең маңызды нәрсені жеткізе алмай, Басы қатқан, болдырған, қалжыраған. Бұқар өткен халқының қамын жеген, Абайда да болмапты дамыл деген. Қайтіп қана қауіпсіз сезінесің, Шайтан жүрсе айналып қаныңменен.
АҚЫН ЖОЛЫ Ібілісті іреп салар күш қайда? Ілескесін әпермес бір іс пайда. Ақын байғұс азғырғанға тез көнген, Адал құстар оққа бұрын ұшпай ма? Өнеріммен өсемін деп өте өрлеп, Өңмеңдеп ем, шертпек көрді шекем көп. Шатасқанмын шайтан түртіп, “Шайырға” шарап шіркін, шабыт береді екен!” деп.
Көңіл көгін мұнар-мұнар мұң басса, Бәрі де рас – бір жансың, бір денесің, Көксемеймін баяғыдай жырды аса. Жарқылдайсың, жайнайсың, гүлденесің. Артымда сөз қалғандығын не қылам, Қайтіп бақыт таппақсың, Ақыретке сауап жолдап тұрмаса?! Көп ойыңның Ібілістен екенін білмегесін? Білмеген соң, сен одан сақтанбайсың. Мақпалдайсың, Кіршіксіз ақ қардайсың... Ойлаған соң солай деп, Алла алдында Пенделік парызыңды атқармайсың. Елін сүйген үмітін өшірмейді, Жолын оның кессе де кесір мейлі. Залым шайтан, сұм шайтан, аяр шайтан, Аямайды ешкімді, кешірмейді.
ОЯН.Намыс.kz
Шошқаға айналған жолбарыс Шығыс Азия құрлығында орын тепкен Тайланд елінің Паттайяд қаласында «Шрирача» атты жануарлар паркі орналасқан. Паркке бас сұққандар адам айтса сенгісіз жағдайға куә болады. Онда атақты Бенгаль жолбарысы дүлей доңызды құшақтап тып-тыныш мүлгіп отыр. Олар бір ененің құрсағын жарып шыққан аға-бауыр сияқты... Тап-тату. Жыртқыш тұқымдастардың бұлай өзгеріске ұшырауы генетиктерді де қатты ойландырса керек. Зерттеу барысында шыққан қорытындыға көңіл аударсақ: шошқаның еті мен сүтінде «sutoksin» атты улы зат бар екен. Ол зат шошқаның сүтін ішкен жолбарыстарға қатты әсер еткен. Денесіндегі шошыну бездерінің қызметін бұзған. Соның әсерінен жыртқыш жануардың сипаты өзгеріпті. Момақан, бейшара күйге ауысқан. Одан кейін тек шошқада ғана болатын «трихима» құрты жолбарыстарға тез жұғып, оларды миғұлаға айналдырып жіберген. Осылай жолбарыстан шошқаға ассимиляциялану процесі басталған. Жыртқыштардың гендік қорындағы қарсыласу элементтері жойылғаны соншалық, шошқаның сүтімен қоректенген аңдардың сүтіндегі белок құрамы өзгеріп, доңыздікімен бірдей болып шықса керек. Ассимиляцияланған жолбарыстарға шошқаның торайларын емізгенде жатсынуды білмепті. Ең сорақысы, жыртқыш аңдарға ғана тән ми құрамындағы тез тітіркендіргіш клеткалары өзінен-өзі семіп кеткен. Жануарлардың табиғи генетикалық болмысынан айырылғаны байқалған. Былайша айтқанда, жауы мен досын ажырата алмайтын мәңгүрт, бойкүйез, бейғам, кеще, есалаң күйге ауысып кетіпті.
52
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
Қайғыдан өлген жолбарыс Жуықта ақпараттық бағыттағы www. mobus. сom порталында елең етерлік жаңалық жарияланды. Украйнаның Днепропетровский облысы Хащевое ауданына қарасты Марьяновка селосынан 10 шақырым қашықта орналасқан «Үш аю» зоопаркінде «Багира» атты Амур жолбарысы күшіктеген. Таутанда (жолбарыстың ұрғашысы) аланын (күшігін) асырайтын сүті болмағандықтан Л.Бобрик атты зоопарк қызметкері көзін ашпаған кішкентай жыртқыштарды көршілес орналасқан шошқа фермасына алып барып, жаңа төлдеген мегежіннің бауырына салыпты. Арада ай өтеді. Дәу шошқаның балбыраған емшегін шолп-шолп сорған 3 күшік көзін ашып, бауырын көтерген соң «шошқа анасына» елжірей қарапты. Күн жылынып, ел аяғы кеңігеннен кейін парк қызметкерлері 3 күшікті бір ай жалғыз жатқан анасына алып келеді. Тұқымы жыртқыш пәлелер бір күні бас салып барлық шошқаларды қырып тастауы мүмкін ғой, одан да, тарғыл анасының қасында тырт-тырт қасынып жата берсін... Қызық болғанда, жолбарыс күшіктерін кезек-кезек иіскеп көріп, күндей күркіреп ақырған. Азу тісін ақситып, шоқтық жүнін шодырайтып, ішін тартып ырылдағанда Багираның мұндай мінезін көрмеген парк қызметкерлері жаппай жағасын ұстап, бір сәт абдырап тұрып қалған. Кішкентай үш күшік болса, ырылдағанның не екенін түсінбей жайбарақат тайраңдап жүр. Жүріс-тұрысы шошқадан аумайды. Құлақтары салпиып тыпың-тыпың жүгіреді. Жарықтық ұрғашы жолбарыс шошқа-күшіктерінің қылығына әбден қанып болған соң көзінен жалын мен жас аралас ұшқын шашып, жатырын жарып шыққан ұрпақтарының дал-дұлын шығарып, бұтын-бұт, қолын-қол етіп шашып жіберген. Кешікпей қайғыдан өзі де өліп кеткен...
2010 № 1 (1)
53
ОЯН.Намыс.kz Қояннан қорыққан жолбарыс Жалпы жолбарысты бағындырудың екі түрлі әдісі бар көрінеді. Соның бірі – мәжбүрлеу һәм ұрыпсоғып жуасыту. Осы тәсілді алғаш рет қолданып жолбарысты цирк манежіне алып шыққан адам – франуз А.Мартэн. Бұл кісі 1831 жылы Африка жолбарысын жуасытқан. Одан кейін 1890 жылы тағы да осындай тәсіл қолданып, еуропалық цирк өнерпаздары Э.Дерлинг пен Ю.Зетт жыртқыш жануарларды үйірімен үйретіп, цирк алаңында өнер көрсетіпті. 1900-шы жылдары К.Гагенбек бастаған орыс әртістері ұрмай-соқпай жолбарысты өзіне бағындыратын тәсіл ойлап тапқан. Бұл әдісті артынан В.Л.Дуров жетілдірсе керек. Ол былай: орыс әртістері жаңа туған жолбарыс күшігінің шаранасын кептірмей тұрып, үйретуші әйелдің жып-жылы қойнына салып жіберетін болған. Қыңсылаған бейшара күшік түртініп жүріп, сасық тер сіңген, сары жалпақ омырауды шолп-шолп сорып, ауызданады. Бір апта сары қарын, жалпақ төсте жатып ұйықтайды. Осылай күшік күнінде мұрнына сіңген сасық иіс әлгі бейбақты өмір бойы құл етуге жетіп жатыр. Өсіп-жетіліп азуы алты қарыс жолбарыс болғанның өзінде мұрнына баяғы иіс келсе кірерге тесік таппай бажылдайды екен. Сонымен қашан қартайып өлгенге дейін сүйір сапты қамшыдан зәресі ұшып, цирктің алаңында аттай шапқылайды. Одан туған күшік те сол баяғы таз кейіпті киеді. Қысқасы, бүтін бір үйір жолбарысты орыс әйелдің төс иісі құл қылып жібереді... Бұдан да сорақысы осындай тәлім-тәрбиемен ер жеткен жолбарысты биолог-ғалымдар тәжірибе жасап көру үшін орманға жіберіпті. Өздігінен өмір сүре алар ма екен... Цирк жолбарысы өздігінен өмір сүре алмапты. Ең ғажабы, Алла жаратқан табиғи бейімділігінен ажыраған. Кең жазирада алшаң-алшаң басып жүретін түйсіктен түйір де қалмаған. Тікен басып көрмеген табаны болбырап, төрт аяғымен тік жүру мұң болыпты. Бәрінен де қызығы, әлгі тарғыл шерінің талдың түбінен орғып шыққан ор қояннан қорқып, айнала қашқанын қайтерсіз... Ақыры өздігінен өмір сүре алмай өлетін болғандықтан жарымес жолбарысты ғалымдар циркке қайта алып келген көрінеді. Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
54
Оян.Намыс.kz
$$ Оян, қазақ! $$
ОЯН.Намыс.kz ... Доңыз Құран шарты бойынша мұсылман баласына харам. Иманды ақын Мұхамеджан Тазабеков айтқандай: ...Желісін тарихтың жел үзбеген, Тарих пен тағлымды егіз көрем. Кешегі Кенесары тұлпарына, Доңыздың басқан шөбін жегізбеген, – деуі де осыдан. Шын мәнінде шошқа қазақ даласына басқыншы жұртпен бірге келді. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаев: Содан бері бірталай заман өтті, Сарыарқа сайран жердің сәні кетті. Жолбарыстар жортатын сар даланы, Қорсылдаған доңыздар мекен етті...– дегеніндей, Қазақияның сайын даласы бүгінде доңызға мекен болып отыр. Алдымызда екі жол тұр. Бірі – доңызданудан құтылу, екіншісі – ана жолбарыстар сияқты доңызға айналу. Ей, қазақ баласы, сен қай жолды таңдайсың!
Арыстар қайдасыңдар мұңды ұғатын, Жоюға кім серттесер құлдық атын! Қамшысыз қазағымда қаптап барад Шүлдірлек ұл-қыз тапқан зілді қатын!...
Тағдыры туған елдің бұлдыр ма екен? Замана бекер белгі білдірмеген! Доңыз боп қорсылдайды бұл түрімен, Күреңім күлдір-күлдір күмбірлеген!
Ду-да ду ойнақ салып әлем-дүбір, Замана қозғап кетті-ау зәремді бір! Араммен ауызданған қансыз ұрпақ, Қазақы сөзді ұқпайды, өлең түгіл!
Осы ма шындығым да, сұмдығым да? Көгендеп маңыратар мұңды мұңға? Елімнің бай болғанын қайтейін мен, Тірлігі тексіздердің құлдығында!
2010 № 1 (1)
55
ОЯН.Намыс.kz ДӘЛЕНОВ Ерболат Дербісәліұлы – қырық жылға жуық медицина саласында қажырлы еңбек еткен маман-дәрігер. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының, валеология академиясының және Нью-Йорк академиясының академигі. 250-ден астам ғылыми еңбектің, 17 кітаптың, оның ішінде 9 монографияның авторы. Қазір Астана медицина университетінің Тағамтану және профилактикалық медицина кафедрасының меңгерушісі және Қазақ Тағамтану академиясының Тағамтану проблемалары институтының директоры.
Тілі бұзылған халықтың денсаулығы да төмендейді Халықтың денсаулығының төмендеуі төл тілінің бұзылуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мазмұны бұзылуымен бірге оның тәрбиелік қасиеті төмендеп, халық арасында сан түрлі сырқаттар пайда болады. Бұл ғылым Құрметті мойындаған тұжырымдар. оқырман, Осының салдарынан – қазақы кеңдік, ауқымды ойлау, кеңпейілділік тамақтану ережелері, жоғалады. Екіншіден, қанмен тағаммен емдеу тәсілдері, бірге қалыптасқан имандылық тамақ гигиенасы, емдік тағам бұзылады. Қазақты қазақ еткен түрлері мен ең тиімді дәрумендер – оның ұлттық рухы және ислам жайлы мол мағлұмат білгіңіз діні. Қазақтың тұрмысы ислам шариғаттарына негізделген... келсе, онда «Дәленовтің Ұлтымыз тазалыққа, денсаулыққа, дәрістері» айдарынан бауырмалдылыққа, туыстық пайдалы кеңестер алып қарым-қатынасқа, меймандостыққа, тұрыңыз. адамгершілікке өте қатты мән берген. Қоғамдық бірліктің бұлжытпай орындалуына қатты күш салған. Халық қанына сіңген тілінен айырылғанда адамдар психологиялық ауруға шалдығады.
Ұлттық тәрбие жатырдан басталуы керек Ұрпақ тәрбиесі сәбидің жатырдағы кезінен басталуы керек. Бұрынғы қазақтар оған қатты мән берген. Жатырдағы шарана екі айдан бастап әке-шешені сезеді. Қазір үйлене сала «бізге бала керек пе, жоқ па?» 56
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz деген дау-дамай туып жатады. Бірде әкесі, енді бірде шешесі жатырдағы баланың жарық көруін қаламайды. Содан ұрыс-керіс басталады. Іштегі шарананың сол кезден бастап әбігерге түсіп жататынында әке-шешенің шаруасы жоқ. Әр түрлі ауру баланың бойында дәл сол кезде-ақ пайда болады. Міне, ұлттық болмыстың жойылуының бір себебі осында! Бала міндетті түрде әке-шешеге қарап өседі. Сондықтан да қазіргі қазақ отбасындағы басты кемшіліктерді міндетті түрде айтуға тиіспіз. Ол қандай кемшіліктер? Қазіргі қазақ өз баласын не шектен шыққан ерке немесе ұрып-ұрсып жасық етіп тәрбиелейді. Ал, еврейлер болса баласына «сен мықтысың, сеннен асқан ақылды жоқ, келешек данышпан өзіңсің» дегенді құлағына құйып отырады. Қазақ қайтеді, үйге қонақ келсе, баласын түкпір бөлмеге, далаға қуады. Сөйтіп, баланың жұртпен танысып, тіл табысу қабілетін жояды.
«Пепсикола», «Кокакола», «Спрайт» сусындары бала денсаулығына аса зиян Балалардың ішіп-жеген тағамдарына да мұқият болғанымыз жөн. Мәселен, «Пепсикола», «Кокакола», «Спрайт»... сусындарын мүлде ішуге болмайды. Құрамында бала денсаулығына зиянды тәттілер көп. Олар баланың тәбет ашатын гармондарын, тойыну гармондарын тежейді. Дәмін татқан соң іше бергісі келеді. Кәдімгі «наркотиктің» бір түрі сияқты. Кокаколаны көп ішкен баланың бойында кальций жетіспегендіктен аяғы қисық өседі. Оны «Остеопороз» дейді. Сосын оның құрамына фосфор қышқылы, «бензоат натрий» қосылғандықтан олар қажетті калцийді сорғызбайды. Әрі «гипертония», жүректің ишемиялық аурулары, семіру, қант диабеті пайда болады. Ең сұмдығы қазір бұл сусындардан ішектің қатерлі ісігі шығып жатыр. Бұл сусындар түрін республика бойынша мектептерде беру тоқтатылды.
Бедеулік дерті бел алып келеді Біздің жүргізген зерттеуіміз бойынша: жас қыздарымыздың 16-32 пайызының жұмыртқа бездерінде ақау пайда болған. Бұны медицина тілінде «киста» дейді. Жұмыртқа бездерінің ішінде дистрофиялық процестің түзілуі. Бұл – келешекте бедеулікке ұрындырады деген сөз. Бұл дерт – қыздарымыздың кіндікті ашып тастап, арқа-белін жалаңаштап жүруінен және қыстың аязында бұттарына капрон шұлықтан өзге дым кимей жеңіл жүруінен туындап отыр. Сонымен қатар өкпе қабынуы, буын сырқаттары, әр түрлі тері аурулары, тыныс жолдары аурулары пайда болады. Ал, жаздың күні жалаңбас жүріп, күнге қатты күйіп, ыстық өткенде қатерлі тері ісіктеріне шалдығады. Осындай сәндікті бізге зымияндықпен таратқан сияқты. Қақаған аязда қатып-семіп, табанынан сыз өтіп, кіндігі қақсап жүрсе де сән қуамын деген ақымақшылықтың ақыры қыздарымыздың келешекте жаппай бедеулігіне апаратын түрі бар. Осыдан сақтануымыз керек!!! 2010 № 1 (1)
57
ОЯН.Намыс.kz Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі Құнарлы, табиғи таза тамақ тұтынған адам мен нәрі жоқ тамақ жейтін адамның организмі бірдей болмайды. Біздің ата-бабамыз өмір сүрудің осы қағидасын жетік меңгерген болатын. Осы үрдіс өзгеріп кетті. Кеңес одағы бізді қалай тамақтануға үйретті. «Алдымен салат же, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең соңынан шәй, компот іш» деді. Одақ бойынша барлық асхана, мейрамханалар міне осы тәртіпті ұстанды және әлі күнге бұлжытпай орындап келеді. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазанда сілтілік ортаны қалыптастыратын нәрсе. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда жатып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су ішу өте үлкен қателік. Газдалған су асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды. Осыдан барып, панкреатит, қарын асты безінің ауруы пайда болады. Тағы бір анықтап айтарымыз, ет пен қамырды араластырып жеу денсаулыққа өте зиян. Бұл екеуін қосып пайдалануға болмайды. Қамыр араласқан ет дұрыс қорытылмайды. Қазақ бұрын етті қамырсыз жеген. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп біледі. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады. Париж дәріханаларында қазылар 100-150 граммнан рецепт арқылы сатыла бастады. Қазір Германия, Франция өздері қымыз өндіруге кірісті. Мысалы, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері тіске де, жалпы денсаулыққа да өте пайдалы тағам. Халқымызда тіс ауруы өте көп. Неге? Себебі, жұрттың бәрі осы күні жұмсақ тағам жеуге әуес. Ал, тіске қатты нәрсе керек. Сондықтан бізге ұлттық тағамдарымызды өндіруді, тұтынуды тездетіп бір жолға қойған дұрыс.
Дәрінің пайдасынан зияны... Кез келген аурудың белгілері организмде ертерек байқала бастайды. Біздің қателігіміз – солардың алдын алуды білмейміз. Айталық, жүрек сырқаттары адамның бойында бірер жыл бұрын пайда болады, әрі оны анықтау қазір сонша қиын емес. Егер сол адам ауру белгілері анықталысымен-ақ емделуді қолға алса, науқастанудың бейнетін көрмейақ сауығуына мүмкіндігі бар. Ол үшін, бізде қарапайым адам өзінің денсаулығын зерттей 58
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz ала ма, сондай емхана түрі бар ма? Жоқ қой. Біз қазір сол туралы көп айтып та, жазып та жатырмыз. Бір қуанарлығы, «Тағамтану орталықтарын» барлық облыстарда құру енді қолға алынғалы отыр. Тағамдармен-ақ адамды емдеуге әбден болады. Жүйелі тамақтанбаған адам – аурушаң. Мысалы, қазір тұмаудың түрлері көп. Қарында тұз қышқылы аз болған кісі тұмау жұқтырғыш. Тұз қышқылы көп болса, иммунитет күшті, вирус жұқпайды. Тұздалған капустаның суы, алманың сірке қышқылы өте пайдалы. Бізде ауыра қалса дәрі ішу керек деген ұғым пайда болған. Сол мәдениетке қалыптасып қалдық. Дәрінің шын мағынасында пайдасынан зияны басым. Қытайда негізінен өсімдіктен жасалған дәрілер қолданылады. Олар адам денсаулығының мүмкіншілігіне қарай емдеуді жолға қойған. Коммерциялық деңгейде, сосын өте сапалы емдейді. Қытай медицинасының ілгерілеуі де соның арқасы.
Қазақтың дәстүрлі емдеу тәсілін жаңғырту қажет Қазақ: «Мал-жан аман ба?» деп сәлемдескен. Себебі, мал баққан халықтың жейтін тағамының бәрі малдан алатын өнім. Мал басы ауру-сырқаудан аман болса, әлбетте, жаны да аман болмақ. Аурудың дені мал арқылы тарайтынын қазір айтып жатудың өзі артық. Ақсақалға бас тартуының өзінде үлкен мән бар. Біз қазір бас тартуды – үлкенді сыйлау деп білеміз. Сөйтсек, оның басқа себебі бар екен. Адамда ми қабығының қабынуы деген ауру түрі бар. Ол малдан жұғады. Аурудың вирусы қойдың миында сақталады. Қазақ соны білген. Мидағы вирусты жастар жесе науқасқа шалдығады. Сол себепті, «асарын асаған, жасарын жасаған» қариялар басты өздері мүжіген. Бұл мағлұматты «XVIII ғасырдағы қазақ халық медицинасы» атты Үрімжіде жарық көрген кітаптан кездестірдік. Бұл өте құнды дүние. Қазақ халық медицинасы өмірге әкелген төл жәдігер. Кітап адам таңқалатын емшілік әдістерге толы. Мысалы, кісінің көзіне қарап-ақ оның сырқатын анықтай берген. Айталық, ашушаң адамның бауыры ауырса, мазасызданғыш, қорқақ кісі бүйректен зардап шегеді, өмір бойы өкпелеумен жүретіндер қатерлі ісікке шалдығады дейді. Осыны біздің ата-бабаларымыз сонау ерте замандарда-ақ біліп, анықтап қойған. Ал, мұның бәрі қазіргі кезеңде ғана ғылыми-зерттеулермен дәлелденіп отыр. Кітапта халқымыздың емшілікті тұтастай меңгеріп алғаны таңқалдырады. Ертеде кез келген қазақ тамыр ұстап, науқастың диагнозын дәл қоя білген. Бәріне зер салған, бәрін меңгеріп, емін де таба білген. Қараңызшы, біздің ата-бабамыздың сұңғылалығы мен зеректігі қандай болған?
2010 № 1 (1)
59
Тайф Тәукеев дейтін жетпісті еңсеріп қалған ағамыз бар. Бұл кісінің басқа қазақтардан айырмашылығы қып-қызыл ұлтшыл. Әмбе, қазағы бұлты сирек аспанның жұлдызындай жамырап кеткен Қызылжар қаласының маңында тұрады. Қашан көрсеңіз екі аяқты көсіліп тастап, біреулермен қызылшеке дауласып отырғаны. Сондағы айтатыны: «Неге қазақша сөйлемейсіңдер?» Үш-төрт жылдың алдында ауданда үлкен жиналыс болған екен. Жаңадан келген аудан әкіміне ақсақалдар «Қарағым, ендігіміз ұят, бұдан былай аппаратыңды қазақша сөйлет!» депті. Әкім қос алақанын жайып «қазақша білетін кадр жоқ» деп мүләйімсиді. Топ ортадан Тәкең ыршып тұрып: «Мен бармын, кәне қызметіңді әкеле ғой, істеп жіберейін» депті. Сасып қалған әкім мырзаның жанары жыпылықтапты. Куә болғандар «күлкіге бір көмілдік» деп, естеріне түскен сайын езу тартатын көрінеді. Осы Тайф ағамыз өткен жылы келін түсіріпті. Бұл жеке бір хикая. Оны өз аузынан естідік. Шаңырақтың
иесі кенже ұлы бір күні «Әке, кешікпей келін әкелемін» депті. «Ойбай мынауың жақсы жаңалық ғой, келін қай жақтан қалқам?» «Қостанайдан». Тәкеңнің жүрегі зырқ етіпті. Ол жақтың қазағы «орысбайлау» болушы еді. Осыны ойлағанда Тәкеңнің қаны ойнап шыға келген. Ашуланғанда екі көзі ит қуған ешкібастанып, жұқа қабағы шаншыла қалушы еді, дәл сөйтіпті. Шеке тамыры көгеріп, бөбежігі бүлкілдеп тұрып Тәкең ұлына «Балам, келін қазақша біле ме?» депті. Баласы болар-болмас басын шайқайды. Түсінікті. Осылай Тайф ағамыз өз сөзімен айтқанда «қарсы шабуылға» дайындалған. Сөйтіп, арада апта өткенде қасына кемпірін ертіп, қоржын-қоспағын арқалап Қостанайға құдалыққа аттанады. Құдасы қарсы алып жатыр. Тәкеңде үн-түн жоқ. Үйден аттанарда кемпірі айтқан, «Әй, Тайф сен жөнсіз сөйлеп, құдаларды ренжітпе, аңысын байқайық. Сен сөйлейтін кезде мен аяғыңды басып белгі берем, оған дейін тыныш отыр». Тәкең байқайды, құдалардың арасында қазақша сөйлеп жүрген бір жан болсашы. Шай ішілді, қоржын сөгілді, тыныс кеңіді, Тәкең кемпіріне қарап қояды, «белгі» беруді ұмытқан сияқты. Ақыры
төзімі таусылған Тәкең төрде шіреніп отырып «Менің келінім қайда, шақырыңдар!» дейді. Құдалар жағы қызды іздеп абыр-сабыр. Бір пәленің басталғалы жатқанын сезген жеңгеміз «белгі» беріп әлек. Оны ескеруден Тәкең баяғыда кетіп қалған. Келін келді. Тәкең орнынан көтерілді. «Менің келінім сен бе, қарақ!» Келін үнсіз, басын изеген болады. Ондай болса, – дейді, Тәкең – менің шаңырағымды аттаған сәттен бастап, бір ауыз орысша сөйлемейтін боласың. Егер олай істеу қолыңнан келмесе, сені от орныңнан қозғамайын. Қазір аттанам. Тәкең осылай деп сазарып отырып қалған. «Айтқан үкіміңізді естіген құдалар жағы қайтты?» деп Тәкеңнен сұрадым. Олар «ужас, ужас» депті. Келін шырақ ақылды екен, әрі қайын атасының осындай мінезінен хабардар болса керек. Көзінің жасын төгіп тұрып атасына «Әміріңізге құлдық!» депті. Осылай келінді бері қаратып алған Тәкең құдаларға қарай шабуылға өтіпті. «Құрметті құдаларым, сымбатты құдағиларым, ертең мен сіздерді тойға шақырам. Тойыма алыстан сонау Жетісайдан туыстарым келеді. Олар сіздерді көріп
«Тайф орыспен құда болыпты» дейді ғой. Бұл сөзді естігенше менің өлгенім артық. Не айтасыздар!» Құдалар жағы үнсіз. Тығырыққа барып тіреліп қалған сияқты. Содан Тәкең екі жаққа тиімді мынадай ұсыныс түсіріпті: ертеңнен бастап тойға келетін құдалар қазақша үйренеді. Олар үйреніп болғаннан кейін Тәкең ұлан-асыр тойын жасайды. Тойдың өтетін уақыты құдалардың тіл үйренуіне байланысты белгіленеді. Тура екі айдан кейін құдалар жағынан «тойды бастасын, біз дайынбыз» деген ұсыныс келіпті. Сөйтіп, осындай бір арқа-жарқа қазақы той өтіпті. Қыздың әке-шешесі қосылып тұрып көне қазақтың қара өлеңін айтқанда Тәкең ағыл-тегіл жылапты. Тойдың ертеңінде Тайф ағамыз құдасын құшақтап тұрып, «Аллаһтың осы бергеніне шүкір, құда! Мен бүгіннен бастап намазға жығылдым» дейді. Арада алты ай өткенде Тәкеңе Қостанайдағы құдасы да хақ дінге бет бұрыпты деген хабар жетті. Ерлен ӘБІЛХАНИ
ОЯН.Намыс.kz
АБАЙДЫҢ ЖОЛЫ (пәлсапалық ой-толғау)
Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Абай – Қазақ деген ұлт үшін орыны ерекше болған дана тұлға! Ұлы дарын иесінен қалған мұра сөз қадірін таныған кімнің болса да жүрегінен орын тауып, жанын тербеді. Абайға бас қойғанның іздегенін таппағаны кемде-кем. Сондықтан да болар Абай шығармашылығы әр кезеңде зерттеуші қауымның нысанасына айналып, қайсыбіріміздің кәсібімізге негіз болып, қайсыбірімізге рухани азық, жанымызға қуат, айтарымызға уәж болып келе жатыр. Жүрегін дерт меңдеген ұғымсыз, ұлт тілінен мақұрым қалған бейбақ немесе нақ кещенің өзі болмаса Абай айттыға айналмаған, Абай тағылымын тән алмаған қазақ жоқ. Абай сырының себебін зерттеп сан салалы зерттеулер жүрді. Абай тұғыры, Абай құпиясы, Абайдың ақындық қуатын әркім өзінше тәпсірлеп, әркім қадари қалінше сипаттады. Абай Абай болғалы болған, болып жатқан, бола бермек бұл процесте Абайға таңылмаған таным, жабылмаған жала да аз емес. Абайға тамсанған, таңданған, тәнті болып тілінен нәр төккен ыстық лебіз бәрі-бәрі дананың даралығына деген ұрпақ құрметі.
62
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Абайтанудың негізі отарлықтың қамытын мықтап киген шақта басталған еді. Сондықтан замана желінің бағытын бағуға мәжбүр болған қайсыбір зерттеушілеріміздің Абайды «социалистік шындықтың жыршысы» етіп көрсеткеніне кінә қою артық. Осы орайда, Абай тұлғасын құтқарып, ұрпаққа жеткізу мақсатында сондай амалға арнайы құлаш ұрған Әуезовтің тәсілі алғысқа ғана лайық деп білдік. Алайда бұл тәсілді «мөлшерінен асырып б... н шығарған» әсіре балшабек зерттермендеріміз Абай шығармаларына тек орыс поэзиясы, орыс дүниетанымы ғана тұғыр деген тұжырымды шімірікпестен көлденең тартты. Сонысына орай атақ-абырой алды. Асқақ жұрт арқасынан қақты. Мәз болды. Бүгін ұмыт. Шығыс поэзиясының қадірін астам көрушілерге Абай шығыстық үрдіс бодауындағы бейне болып қана көрініпті. Тәрізі «біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолдаларымыз сықылды деп» (А. Байтұрсынов) тереңіне үңілмегендіктен болар. Абайды нигилист деп біліп, кейіген ұшқары пікірлер әр тұста бой көрсетіп жүргені де жасырын емес. «Жүрегінің түбіне терең бойламақ» керек дер едік ол ағайынға. Абай мұрасына тәнті болған қайсыбір ауыздардан Абай – физик, экономист, философ, т.б. болып кете барды. Ниетіне разымыз. Ақиқатқа ғана жүгінген данадан әркімнің өз іздеген асылын табуы заңды да. Әспеттеген ұрпақтың әсіре бағасы шығар, әйтеуір мүлдем негізсіз емес дер едік. Енді масқара болғанда, қазақ санасына жол табуды көздеген миссионер алаяқ ағайын Абайды веда ілімінің өкілі ретінде көрсетпекке қам қылып, қазақы қауымның жанын шошытты. Бұл айтылған мәселелердің баршасына осы ойтолғауда арнайы тоқталамыз. Ал, енді Абай тұлғасы төңірегіндегі осынша қызу көзқарастардың сейілмеуінің себебі неде? Бірде қазақы тойда тілек алған сөзге шорқақтау бір ағамыз: «той десе қу бас домалайды деп» Абай атам айтпақшы» деп салды. Яғни ұтымды айтылған сөзді қазақ оп-оңай Абайға тели салады. Неге? «Әсем ән мен тәтті күй» 2010 № 1 (1)
деп өнерімізге мақтансақ, «сұлу сүймектік – пайғамбар сүннеті» деп бозбала ақталады. Саяси жиында Абайға сүйенсек, ел бірлігінің ескірмес ережесін де сол кісіден табамыз. Қаралы жиын «өлім барда қорлық жоқ» деп жұбанады. Неге? Әлсіз тұсымызды бетке басқан жау да, дос та Абайдан қозғайды. «Баста миға» талас қылған» зымиян да жымысқы ойына Абайды қару етпек. Неге? Абай мұрасына зер салған, қадіріне бойлаған ұрпақ осындай сансыз сауалдарға жауап іздеумен жанына азық, ойына маржан табады. Қайырылып сөзді ұққанның көкірегіне нұр құяды ол. Данасының бағасын таныған халық кемеңгерін айырықша әспеттейді, атын аялайды, тағы да үңіледі. Үңілген сайын тылсымына тартып, тұңғиықтана түседі, тереңдей береді. Қалың қатпарынан қатпар шығады, тағы да тың қазына табылады! Қазынасынан ой береке тауып, рухың бәһер алады. Абай – қазақтың ары мен білігі. Абайға түскен дақ – арыңа түскен дақ. Артында қалғаны алдаспанның арқасындай ғана екі-ақ кітап. Мұқаба үнемдегенге біреу-ақ. Бірақ Абайдан артылған сөз жоқ секілді. Неге? Бір ғана адамның бойына сыйған бұл не деген керемет. Сыры неде? Абайға үңілгендер көп. Үңілгендерге үңілмей, өзіне тағы бір үңілмекке талап қылдық. Өзіне жүгінсек! Сырын алдырмай үздіктірсе, Абайдың үңілгеніне үңілсек! * * * Абайдың осы мұрасына бойламас бұрын, өз басына, қалып алған ортасына үңілейік. Өзі айтқан «толық адамдыққа» талап қылған Абай: «әуелі адамның адамдығы ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән. Мұның табылмақтығына себептер – әуелі Һауас сәлим (жақсы сипаты - жаратылысы), һәм тән саулық – бұлар туысынан болады. Қалмысы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам
63
ОЯН.Намыс.kz болады. Сонан соң Аллаһ тағаланы танымақтық – өзіңді танымақтық, дүниені танымақтық...» Аның үшін ол Аллаһтың өзіне ғашықтық». Ал енді осы айтылғандарға өзі айтқандай, «ғақыл көзімен» қарасақ. Абайдың һауас салимі, тән саулығы туысынан кемелдігіне ешкім күмән келтіре қоймас. «Қалмысы» деп барып тізетін шарттарды пайымдасақ әуелі жақсы атасы дегеніне үңілсек, әкесіне берген бағасы мынау: Баласы Әбдірахман өліміне арнаған өлеңдерінде: Арғы атасы қажы еді Пейіштен татқай шәрбәтті, – деп басталып, адалдық, ақыл жасынан, жанына тыныштық бермеген, мұңлы, шерлі жоқ-жітікке қайыры мол, кісіге алалығы жоқ, әділ, мырза ерді көреміз. «Қазақтың ұлы қамалап, іздеген жүзін көрмек-ті». Қашаннан асыра мақтауға жоқ Абай Құнанбай қажыға келгенде адамға арман барша игі қасиеттерді теліп шығады. Керек десеңіз, «ол сыпатты қазақтан дүниеге ешкім келмепті», – дейді. Ақылынан өлгенше болар ермек тапқан, елінің қамына терең толғанған ұлы тұлғаны танимыз. Себебі: «Жарлығына Аллаһтың ерте ойлаған көнбек-ті», – деп тұжырым түйеді. Енді бір өлеңінде «зекет жиып, егін сап, тойдырған ғаріп, жатақты». Меккеде уақып үй салды деп тамсана суреттейді. Абайды тудырған әке – оған Құрандағы абзал елшілердің бірі Ибраһим деп есім берген әкенің – тақуа қажының Абай тұлғасының сомдалуында айрықша рөлін теріске шығаруға ендеше ешқандай негіз жоқ. Советтік империяның дәуірлеп тұрған тұсында әке мен баланың пікір қайшылығы арқылы өткенді күстәналап, жаңаны әспеттеу үшін ойдан шығарылған адами болмысқа жат идеологияның зардабы Абай жөніндегі ақиқи шындыққа көлеңкесін түсіргенін білеміз. Бұл қалып алған пікір – әлі де сейілмей тұрғаны қынжыларлық дүние. Алайда: «Әке ұрысса балаға ол да дұрыс Баласы ұрысса әкеге жараса ма», – деп ернімен емес, ет-жүрегінен ғана сөз айтатын Абайдың түйсініп кеңес еткенінен нені көреміз?
64
Әкеге деген құрметі, (көзсіз құрмет емес, негізі терең, уәжі дәлелді) ерекше ұлды көреміз. Марат Казейдің1 екпінімен Абайды соғып өткен советтік идеологияның салқыны санадан аласталғаны абзал. Сөз орайында ендігі кезде Абайға деген көзқарас тек ұлттық, адами тұрғыдан болуы шарт екендігін білсек керек-ті. Сонымен, Абайдың айтқан «жақсы ата» деген талап ақталды. Перзенті түгілі «мұқым қазақ баласы ақыл салған» Құнанбай қажыны олқы тануға негіз жоқ. Ал, жақсы ана! Абайдың анасы Ұлжан, қалаберді әжесі Зере. Абайдың өзінің оларға арнайы баға берген сөздері кездеспегенмен «ана тегің ондағы өзен судың тұнығы» дейді. Екі асылдың біріне теңейді. Абайды мейірімге шомылдырып өсірген, қазақта сөз қадірін айрықша таныған әулеттің қызы – Абайға ақ сүтін емізген. Ал «жақсы құрбы, жақсы ұстаз». Абай Дарвин іліміне уланып өскен жан емес. Оның іргетасы Ахмет Риза медресесінде қаланды. Ол үш жыл діни медреседен дәріс алды. Әуезов жазғандай: «Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары». Яғни құрбы да діндар, ұстаз да діндар. Діндарды бірлі-жарым беріде болмаса, әріде жаман деуге аузы барған адам жоқ. Енді мағлұм болды. «Халаққына (Жаратушысына) деген махаббаттан, талап пен ұғым шығады» деген дананың өзі айтқандай, ақылы мен қайратына қаруды «жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» тапқан Абай, Аллаһтың дінінен – ислам кәусарымен ауызданған Абай, адал мен арамды Хақтың заңымен айыра білген Абай «қашқанда да, қуғанда да жол таба білген». Оқшаулықты, ерекшелікті Абай мін деп біледі. «Басына һәм өзіне өзгешелік бермек – адам ұлын бұзатын іс», – дейтін Абай романтик емес. Абай – реалист. «Әзірет Әлі айдаһарсыз» сөз сөйлейтін Абай абстрактілікті жаны сүймейді. Отызыншы жылдары өмір сүрген советтік пионер. Өзінің туған әкесінің советтік идеологияға қайшы әрекеттерін әшкере етеді. Перзенттіктен бас тартып: «Менің әкем - коммунистік идеология» деген қылығы көптеген жылдар бойы совет мектептерінде үлгі ретінде насихатталды.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Абайдың жыр-пырағының «астыңғы ерні жер, үстіңгі ерні көк тіремейді», «жер соғарлы сіңірлі аяғы тік». Әр нәрсеге берер бағасы дәл. Айтары анық. «Көңіл құсы шартарапқа шарықтаса да», Аллаһтың өлшеп берген ғаршысының шегінен аспай ешкімге дес бермей құйқылжиды. Әсіре шалқу, бей-берекет лағу Абайға жат. Себебі Абай сүйенген тұғыр – ғаделет сезім. Хақиқат, Хақ – ол Аллаһтың бір аты – дейді. Әділдік дегеніміз – әр нәрсеге берілер бағаның дәлдігі. Жүгінері сол болса, әрине Абай – Абай болмақ! *** Абайды біз хакім таныдық. Хош! «Адамға халінше ихсанды болмақ – қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес». Ендеше өзіне сүйенелік. Олай болса, дананың өзі айтады: «әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым. Ғалымдардың нақлиясымен мұсылман иман тақлиди (біреуге сүйеніп келтірген иман) кесіп қылады. Хакімдердің ғақлиятымен жетсе иман яқини (айқын) болады». Ақиқатты тану – адам баласының асқақ мұраты. «Аның үшін ол Аллаһның өзіне ғашықтық. Ғылым – Аллаһтың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр.(!) Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды. (38-сөз) Абай мұратын, өзінің жолын өзі айтып отыр. «Алланың, пайғамбардың жолындамыз ынтамызды бұзбастық иманымыз», – деді Абай. Сөйтті де, 13-сөзінде «Иман дегеніміз – Аллаһ тәбереке уәтағаланың шәріксіз (ортағы жоқ), ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уә һәр неге бізге пайғамбарымыз (с.ғ.с) арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойынсұнып, инанбақ»,– дейді. Өзінде жоқ нәрсенің дана бойынан табылуын қаламайтын атеист қауымның қатты қарсылығын шақырғанымен Абай келтірген аят анау, хадис мынау, дананың өз сөзі міне! Не дейміз? 2010 № 1 (1)
«Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз екен... Құдай тағаланың «Мені таныған ақылмен таныр» дегені қайда қалды?!» (28-сөз) Бәсе, қайда қалды?! Бұл – жылдар бойы советтік идеологияның екпінінен арыла алмай келе жатқан қауымға айтар үмітті базынамыз. Абай – ақын. Хақты ақылмен тануға талап қылған дана Абайдың бір қаруы – өлең. «Абай – ақылдың ақыны» деген Әуезов бағасының бір ұшығы осында болса керек-ті. Абайды басқадан артық дедік. Бұл – барша қазақтың келіскен мәмлелі тоқтамы. Өзі айтады: «Біз жаратушы емес, жаратқанның көлеңкесіне қарай білетұғын пәндеміз. Ол махаббат пен ғадалетке қарай тартпақпыз. Сол Аллаһтың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады» (!) (45-сөз). Міне, қадірлі оқырман. Абай өз мақсатын жария етіп отыр. «Аллаһтың хикметін сезу!». Және анығырақ дейді! Оған барар жол қайсы? Жауап: «Аллаһ мінсіз әуелден, пайғамбар хақ. Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ. Құран рас, Аллаһтың сөзі дүр ол. Тәуиілін (анығын) білерлік ғылымның шақ» «Мүмин болсаң әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол», – Абай меңзеген жол – Абай жолы – иман! Абай жазған өлеңін – көңіл сергітерлік ермек емес, көкірегі сезімді, тілі орамды жастарға шашқан үлгім деп жар салады. Тілі орамдыға бағыттауының себебі – сөзінің жалғас табуына іңкәрліктен туса керек-ті. Хакім Абай – ғалым. Ғалымға жүйелілік тән. Ретті сүйеді. Сонымен ол өз қаруын сипаттайды, яғни өлеңге баға береді. Жүйеге жүгіне сөйлейді дана, айтарын саралап анық жазады. «ӨЛЕҢ – сөздің патшасы, сөз сарасы. Қиыннан қиыстырар ер данасы» – дей келе, қажетті факторларды тізеді. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюі шарт, жұп-жұмыр тегістік, бөтен сөзбен былғанбауы керек дейді. Бұған қайшы келсе, шарасы кем, ғылымы аз
65
ОЯН.Намыс.kz жанның ақын аты қалғанымен қажетті талап үдесінен шықпай қалатынын айтады (ол ақынның ғылымсыз бейшарасы). Сөйтеді де, Абай өз жолын меңзейді. Сүйенерін паш етеді. Әр сөздің қадір-қасиетін қылаусыз танитын дана «әуелі» деп бастайды. Бұл жердегі «әуелінің» жөні тым басқа. Абайдың ӘУЕЛІсі – табан тірер тұғыры, сөзінің басы. Өзі айтқандай «қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек» деген иманы. Сонымен Абай: «Әуелі – аят, хадис сөздің басы, Қосарлы бәйіт мысал келді арасы. Қисыны мен қызықты болмаса сөз Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы», – деді. «Жә, бұдан не инандық» демекші – Абай аятқа сүйеніп, хадистен тиянақ тауыпты. Себебі, аят – Құран бөлшегі – Аллаһтың сөзі дүр ол! Хадис – пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалейһи уәссаламның өнегесі! Бұл – мұсылман Абайдың – Құнанбай қажының ұлы Ибраһим хакімнің жолы. Абай өзінің анық бейнесін осылайша айқындайды. «Аллаһтан келген көп кітаптың» адамзат қолындағы анығы – Құран кәрімді рас деп таныған – абсолютті ақиқат деп білген Абай ұлы кітаптың түпнұсқасының
66
тұнығынан кәусәр тартады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның хадистерін жанына азық ете отырып сөз қозғайды. Шын ақиқатқа өзі айтқандай иманмен бой ұрған Абайға, зердесі орасан, қабілеті жойқын Абайға хас даналық есік ашқан. Субхан Аллаһ тағаланың назарынан тыс дүние жоғы мұсылманға аян. Сондықтан да ұлы ғылымға бас қойып, мінсізге сүйенген Абайдың да назарынан тыс дүние аз. Сонысымен де Абайда мін кем. «Қисыны мен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы» – дейді Абай. Абай танымындағы дін – схоластика емес. Өмір сүрудің салты. «Ғұмырдың өзі хақиқат. Ғұмыр жоқ жерде кәмәлат (толысу), кемелдену жоқ», – дейді дана. Дін ислам қалғыпмүлгіген сөлсіз сөз, соқыр ғибадат емес, шынның жүзін тану! «Ет жүрексіз ерніңнің сөзін айту» емес. Абай жолы – хақты тану! Сүйенгені – – абсолюттік ақиқат. Хақтан тиген қабілетін қару еткен, хақ жолына жұмсаған Абай Гетедей 143 том, Толстойдай 96 том жазбаса да өнімі – адамзатқа үлгі болардай асыл. Тым тығыз. Аса сом. (Жалғасы бар)
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
Жанұзақ ӘКІМ 1957 жылы туған. 1983 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмамдаған. 1988-1994 жылдары Қазақ ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бас басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын тәмамдады. 1997 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алматы және Астана қалаларындағы өкілдігінің меңгерушісі.
Өткен жылдың соңында «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» деген атпен талқылауға ұсынылған жоба көпшіліктің наразылығын туғызды. Ел ішінде наразылық туғызатын бұл не қылған доктрина? Осындай елді дүрліктіретін дүниенің қажеті бар ма? Доктринасыз-ақ осы ел аштан өліп, көштен қалмай жұрт қатарлы өмір сүріп жатқан жоқ па? Ендеше, біздің мақсат – осы сұрақтарға жауап іздеп, доктринаның қажеттілігін немесе қажетсіздігін айқындау болмақ.
Ұлтаралық қатынастарды саясаттандыру қоғамды тұрақсыздыққа әкеледі Жалпы доктрина деген не? Доктрина – меморандум, хартия сияқты аз этностардың құқықтарын қорғайтын, құқықтарын сақтау мақсатында кеңінен қолданатын құжаттың бір түрі. Біздегі доктринаның жобасында: «Қазақстан Республикасының Конституциясы ел азаматтарының ұлтына, нәсіліне, дініне және басқа айырмашылықтарына қарамай барлығының құқығын бірдей қорғауға кепілдік береді» деген бап бар. Ұлтаралық мәселелерді реттеу үшін бұл қажет сөз. Жалпы елдегі заңдардың осал тұстары болса, онда оларға толықтырулар енгізу қажет. Мысалы, АҚШ өз Конституциясын алғаш қабылдағалы 270 жыл болды. Осы уақытта небәрі 26 бабына ғана қосымша енгізілген екен. 2010 № 1 (1)
67
ОЯН.Намыс.kz Бірақ ұлтаралық мәселелерді осындай доктринаға сүйеніп шешу шарт емес, ұлтаралық қатынастарды арнайы қабылданған заңдар аясында шешу керек. Ол әлемде қалыптасқан норма. Сонымен қатар мемлекеттің негізін қалайтын заңдардың функциясын басқа құжатқа жүктеу – мемлекеттік заңдардың принциптерін әлсіретіп, атқарушы органдардың беделін түсіреді. Бұл, осыдан үш ғасыр бұрынғы Ш.Монтескьенің «билікті бөлу принципі» негізінде қабылданған қағида. Доктрина сияқты жаңа бірдеңе ойлап табу ел билігіндегі функцияларды өзгерту болып табылады. Ондай өзгерту біздің қоғамға дәл қазір қажет емес!!! Жалпы елдегі ұлтаралық қатынастарды саясаттандыру қоғамда тұрақсыздыққа әкеледі.
Ұлтаралық мәселелерді осындай доктринаға сүйеніп шешу шарт емес, ұлтаралық қатынастарды арнайы қабылданған заңдар аясында шешу керек. Ол әлемде қалыптасқан норма. Сонымен қатар мемлекеттің негізін қалайтын заңдардың функциясын басқа құжатқа жүктеу – мемлекеттік заңдардың принциптерін әлсіретіп, атқарушы органдардың беделін түсіреді.
68
Бір қарағанда жап-жақсы болып көрінетін аталмыш жобаның мазмұнымен нақтырақ танысқаннан кейін оның социализм кезіндегі бағдарламалардан көп айырмашылығы жоқ екенін аңғарасыз. Екінші жағынан қоғамда осындай наразылық тудырған құжаттың елді біріктіре алмайтынына көзіміз жетті. Тіпті стратегиялық тұрғыдан елді адастыратын құжат емес пе деп қалдық.
Жобаға шолу жасап көрейік Мысалы: «... республика бойынша 60-тан аса қазақ тілін оқитын орталықтар жұмыс істейді» депті. Осы 60 орталықтың әрқайсысында орташа есеппен 2 айда 100-200 адам қазақ тілін үйренетін болса онда жылына бір орталықта 600-1200 адам, 60 орталықта 3600-7200 адам қазақ тілін үйренетіні белгілі. Ал, біздегі дерек бойынша 8 млн.-ға жуық адам әр түрлі деңгейде мемлекеттік тілді үйренуі қажет. Яғни, осы қарқынмен мемлекеттік тілді үйрететін болсақ 1455 жыл керек екен. Бұл алдағы 3464ші жылы Қазақстан халқы түгелдей қазақша сөйлейді деген сөз. Бұл әрине мемлекеттік тілге қамқорлық емес жай алдау-арбау. « ...студенттердің 48%-ы қазақ тілінде білім алуда». Бұған біреулер шынымен тәуелсіздік кезіндегі үлкен жетістік деп қарайтын сияқты. Ал шындығында біз болашақ зиялыларды емес, жартылай мәңгүрт ұлтсыз ұрпақты дайындап жатқан сияқтымыз. Себебі, ЖОО-дарымыздың ешқайсысы әлемде алғашқы мыңдыққа, Азияда жүздікке кірмейді, яғни халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан біздегі ЖОО бітіріп шыққандар Жапония, Германия сияқты елдің тілі мен дәстүріне, діліне (менталитеті) негізделген өндірісті жаңаша басқарып, жоғары технологияға негізделген экономиканы дамыта алмайды. « ... 18 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жетті». Қазір Қазақстанда әлемдегі дәстүрлі, дәстүрлі емес діндер, конфессиялар мен секталардың барлығына жуығы ресми тіркелген. Оның ішінде Орталық Барлау Басқармасының (АҚШ) тізіміндегі ең қауіпті 10 секта да бар. Секталар ел тұрақтылығын быт-шыт қылуды күтіп жатқан детонатор сияқты. Егер де елге екі жерден зор қауіп төніп тұрса, соның біреуі осы қаптаған секталар. Ал жалғыз қауіп болса, ол соның өзі. Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Осылай жобаны саралай беруге болады. Жалпы қарағанда деклоративті формада жазылған бұл доктрина алдымен елді біріктіріп, ағайын арасын ашпайтын, шама келсе құрылып жатқан мемлекеттің мәңгі баяндылығын қамтамасыз ететін бағдарлама бола ала ма? Оны талқылауға шығарғандағы мақсат та осы болса керек.
Өзінің сара жолын тауып дамымаған қоғам қауіпті Жоба қабылданған жағдайда 2010-2020 жылдары ел дамуы стратегиясының негізі болуы керек екен. Себебі, осы уақытқа дейін қазынадан ондаған млрд. доллар қаржы шығындалған. Әр салалардағы импорт алмастыру, 10 кластерлік және 30 көшбасшы бағдарлама, салық кодекстері, әлеуметтік және ауылды көтеру, банктерді құтқару, т.б. жобалар өз міндеттерін толығымен атқарған жоқ. Керісінше, біздің экономика жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияны енгізіп өндірісті дамытатын емес, бюджеттен бөлінген қаржыны құмға сіңген судай із-түзсіз жоғалтып жұтып қоятын түпсіз шелекке айналды. Елдің сыртқы қарызы жыл сайын өсіп, енді тәуелсіздіктің өзіне қауіп төндіруде. Осы тұрғыдан Доктрина стратегиялық міндетін атқарып қоғам дамуын қамтамасыз етеді деп айту қиын. Бұл нұсқа бойынша қоғам Кеңестер одағы кезіндегі орыстарға еліктеу деңгейінен аса алмайды. Яғни, 2020 жылы елдегі халықтың 80 пайызына жуықтайтын қазақтар тілі мен рухы көтерілмей, қазіргідей бір бөлігі базарда қытай мен орыстың тауарын сатып, екінші бөлігі сол тауарды арбамен сүйреуден әріге бармайтын маргинал қоғам түрінде қала береді. Сонда бұл елдің болашағы қандай болмақ? Өзінің сара жолын тауып дамымай, дамыған елдерге еліктеу – қоғам дамуы стратегиясындағы негізгі кемшілік, қауіпті құбылыс. Себебі, әрбір ұлт басқа ұлттан тілі мен өнері, дүниетанымы, мінез-құлқы, салт-дәстүрі өзгеше болуымен ерекшеленеді. Сондықтан, заңдары мен даму стратегиясы өз ерекшеліктеріне негізделген қоғам жан-жақты дамиды. Егер ол өзіндік ұлттық болмысына негізделмесе, ондай қоғам өзі еліктеген қоғамның көлеңкесінде қалып қояды. Мысалы: XVIII ғасырдағы “Еуропаға терезе” ашуға негізделген I Петрдің реформасы батыстағы барлық жетістіктерді Ресейге енгізуді дәстүрге, соңынан ұлттың дүниетанымына айналдырды. Вестернизацияланған Ресей ескі православиелік дәстүрден түгелдей айырылған батыс бағытындағы үкімет құрды. Татищевтің I Петрге “…сен мықты мемлекет құрдың. Бірақ ол ешқашан да бай болмайды. Себебі, төменнен бастап ең жоғарыға дейін барлығы ұрлайды” дегені сыбайлас жемқорлық жойылмайтын дертке айналғанын көреміз. Табиғи қоры әлемде ең бай бүгінгі Ресейдің жалпы ішкі өнімінің көлемі, шағын ғана Норвегиямен бірдей. Батысқа еліктеген Ресей соңғы үш ғасырда еуропалық бола алмады. Себебі, оның реформасы ақын А.С.Пушкиннің: «Ана тіліне сеніңдер,барлық қуат пен құдірет – сонда» деген қағидасынан аулақ кетті. Еуропаға еліктеп реформа жасаған келесі ел Түркия басшысы Ататүрік 1953 жылы мұсылман мемлекетін түгелдей еуропалық бағыттағы қоғамға айналдырды. Қоғам батыс жүйесіне ауысқанымен түріктердің дамуы Еуропа деңгейіне көтеріле алған жоқ. Себебі, олар Еуропаның жүріп өткен жолын қайталап, оның көлеңкесінде қалды. Бүгінде Еуроодаққа мүше болуға 2010 № 1 (1)
Өзінің сара жолын тауып дамымай, дамыған елдерге еліктеу – қоғам дамуы стратегиясындағы негізгі кемшілік, қауіпті құбылыс. Себебі, әрбір ұлт басқа ұлттан тілі мен өнері, дүниетанымы, мінез-құлқы, салтдәстүрі өзгеше болуымен ерекшеленеді. Сондықтан, заңдары мен даму стратегиясы өз ерекшеліктеріне негізделген қоғам жанжақты дамиды.
69
ОЯН.Намыс.kz
Егер біз қоғамда адам капиталы дамыған зерделі (интеллектуалды) ұлт боламыз десек, онда осы қоғамдағы субұлт – қазақ пен елдегі барлық ұлттардың өкілдерін қазақ тілінің негізінде біріктіріп, қоғамды түпкілікті модернизациялау арқылы дамытатын реформаны іске асыру қажет. Бұл оңай жол емес, бірақ мақсатқа апаратын бірденбір сара жол осы.
70
талпынған Түркияның оған кіре алмауының негізгі бір себебі – түріктер еуроодақтағылардан 9 есе кедей. Ресей мен Түркия реформаторлары байырғы халықтың мәдениетін (тілін, дәстүрін, өнерін, менталитетін) негізге алмай өркениетті елдердің мәдениетін трансформациялау арқылы қоғамды дамытамыз деп түсінді. Реформа жасайтын қоғамның ішкі даму заңдарын толық түсінбей өзгертудің пайдасынан зияны көп екенін сезген жоқ. Екінші кемшілік – осы реформаторлар өз ұлттарының зиялыларына сүйенбеді және оларды қуғын-сүргін, сергелдеңге салып қойды. Өзі тар жол, тайғақ кешуде жүрген зиялылар ұлттың қамын ойлап жарыта алмайды. Француз ойшылы Сен-Симонның: “...егер бір уақытта француздың елу ғалымын, елу фабрикантын, елу агрономын және елу әртісін жойып жіберсе, онда француз ұлты болмайды. Ал, сондай уақытта француздың елу мың жұмысшысын, елу мың шаруасын және елу мың қызметкерлерін жойып жіберсе, онда француз ұлты қалады” дегені біздің жоғарыдағы пікірімізге дәлел. Үшінші кемшілік – сыбайлас жемқорлық тоқтамайды. Басқаларға еліктеген қоғам өзінің көптеген жақсы қасиеттерінен айырылып, көбіне өзі еліктеген қоғамның теріс жақтарын қабылдайды. Сондықтан да осындай реформалар ХХІ ғасырдағы Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан үлгі бола алмайды. Сол себепті біз ұлттың тілі, дәстүрі, өнері, т.б. арқылы қалыптасқан қоғамды таңдауымыз керек. Оның қалыптасуындағы ең маңызды нәрсе – нәсіл тазалығы.
Жапон экономикасын дамытқан күш – оның ана тілі Алаш ардагері Мұстафа Шоқай: «Дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтік халық бұқарасының бірлігі ешқашан болған емес... Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни оны жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып, өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру сынды негізгі мақсатқа жету үшін ұлттық зиялы қауым мен бұқара халық арасында бір ортақ сана болуы тиіс. Міне, осы сананы айқындау, яғни халық тілегін дұрыс және анық бір формаға келтіру, аталған мақсатқа жету үшін іс пен әрекет бағдарламасын жасау зиялылардың міндеті» – дейді. Егер біз қоғамда адам капиталы дамыған зерделі (интеллектуалды) ұлт боламыз десек, онда осы қоғамдағы субұлт – қазақ пен елдегі барлық ұлттардың өкілдерін қазақ тілінің негізінде біріктіріп, қоғамды түпкілікті модернизациялау арқылы дамытатын реформаны іске асыру қажет. Бұл оңай жол емес, бірақ мақсатқа апаратын бірден-бір сара жол осы. Себебі, қоғамның барлық салаларының (мораль, өнер, тіл, дін, экономика, әлеуметтік сала, т.б.) ішіндегі негізгі фактор және біріктіретін күш – ол тіл. Ол АҚШ-та ағылшын тілі, Жапонияда жапон тілі, Қазақстанда қазақ тілі ... Тек осындай реформа ғана тәуелсіздік пен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Геосаяси жағдайы күрделі Қазақстан үшін бұл бірден-бір дұрыс бағыт, оның сара жолы. Соңғы бірнеше ғасырда әлемдегі реформалардың ішінде жапондардың үлгісі осы талаптарға сай келеді. Реформаны түріктермен қатар бастаған, географиялық орналасуы, рухы, дәстүрі және дүниетанымы жағынан Батыстан әлдеқайда алыс тұрған Жапония ешкімге еліктеп, өркениетті елдер мәдениетін трансформациялаОян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz май, өзінің ана тілі мен ұлттық дәстүрінің негізінде аз уақыт ішінде әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірегейі болып, Батыс Еуропаның өзіне үлгі болатын жағдайға жетті. Ана тілі мен өз менталитетіне сүйеніп, ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар қысқа уақыт ішінде жалпы өнімнің мөлшері жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші, әр адамға шаққандағы еңбек өнімі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Жапон экономикасының тірегі автомобиль өнеркәсібі, электроника және жаңа технология. Бұл салаларда дүниежүзі бойынша өнімнің 30-33 пайызы осы елде шығарылған. Жапон экономикасын дамытушы негізгі күш – оның ана тілі. Жапония бүгінгі таңда өз тілін қоғамның барлық саласына енгізу арқылы ғылым мен техникада, оның ішінде жаратылыстану ғылымдарында, электроникада, биотехнологияда және т.б. ағылшындар сияқты тамаша табыстарға жеткен, әлеуметтік саладағы жетістіктері (жапондықтар дүние жүзінде ең ұзақ өмір сүреді) барлық елге үлгі болатын ерекше қоғам. Кезінде жапон ғалымдары латын алфавитіне көшу мәселесін 11 жыл зерттеп, бөтен алфавиттің ұлт психикасына теріс әсер ететінін түсініп және бұрынғы мұралардан айырылмас үшін өз алфавитінде қалды. ***
Қазір елге керегі алдымен тыныштық, содан кейін қазіргі дағдарыстан аман-есен шығу. Жиырма жыл бұрын, «...саясаткерлердің ішінен кімді ерекше атар едіңіз?» – деген сұраққа Үлкен Буш: «Назарбаев» депті. Мезгілі келгенде жоғарыдағы мәселенің де дұрыс шешімі табылар. Оны біз таппасақ уақыт табады.
2010 № 1 (1)
Жапон экономикасын дамытушы негізгі
күш – оның ана тілі. Жапония бүгінгі таңда өз тілін қоғамның барлық саласына енгізу арқылы ғылым мен техникада, оның ішінде жаратылыстану ғылымдарында, электроникада, биотехнологияда және т.б. ағылшындар сияқты тамаша табыстарға жеткен,
71
ОЯН.Намыс.kz
ДЕНЕСІ ТИБЕТТЕ, БАСЫ АЛТАЙДА ЖЕРЛЕНГЕН
Ш
БӨКЕ БАТЫР
ыңжандық танымал жазушы Шәміс Құмарұлы «Бөке батыр» атты тарихи роман жазып, оны 1987 жылы Қытай елінде жариялады. Осы шығарма 1993 жылы «Жұлдыз» журналының 1-2 сандарында жарық көрді. Осында айтылған дерек көздеріне қарағанда, Бөке батыр Жырғалаңұлы 1846 жылы туған. Бір әкеден ағайынды екеу. Артынан ерген інісінің аты – Шөке. ХІХ ғасырдың басында Алтай өңіріне асып барып қоныстанған қазақтарға арада 5060 жыл өткенде өріс-қонысы тарлық ете бастады. Әлимсақтан ірге теуіп, қазығын терең сіңірген қалмақ-торғауыттар жер бере қоймайды. Көршілерден қоныс алу үшін Бөке батыр Шіңгілдің Аққарын, Қарағаш өңірінен жасырын түрде бірнеше ошақ қазып, оған қара талдың өртенген ескі көмірін көміп кетеді. Арада бір талай уақыт өткен соң жергілікті қалмақ төрелерінен мына жер біздікі деп даулайтын болған. Содан байырғы Шыңғыс ханнан бері келе жатқан көшпенділердің қоныс иелену жасасында (заңында) айтылған: «иесіз жерге кім бұрын келіп күлін төксе, жер иесі сол болады. Ол үшін қазған ошағы, мөрленген жұрты болуы керек» – делінген қағидатқа сүйеніп, екі тарап адам шығарып тексеріп көрсе, шынында жер астынан Шіңгілдің қара талының күйген көмірі шығады. Жер иесі қазақтар екені дәлелденеді.
74
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Осылай қазақ пен қалмақ арасында жерге талас, жайылымға егес үнемі болып тұрады. Әсіресе, байырғы Жібек жолы бойындағы байланыс бекеттерін күш-көлікпен қамдаудан бас тартқаны үшін жергілікті билік Бөке батырға қырын қарай бастайды. Осындай әртүрлі себептердің кесірінен Бөке батыр елін бастап шығысқа қарай Боғда тауына көшіп барады. Бұл өлке бұған дейін қазақ баласының табаны тимеген жер. Боғда өңірінің орталығы Шонжы қаласында төрт ұлттың (ханзу, ұйғыр, моңғол, қазақ) өкілдігі ашылады. Әр ұлттан шаңия (өкіл) тағайындалады. Қазақ атынан Бөке батыр сайланады. Осылай өзі дара билік жүргізеді. Халқына жайлы өмір жасайды. Сондықтан да болар Алтай, Тарбағатай өңірінің қазақтары Бөкенің еліне үдіре көшіп келе бастайды. Осы жағдай туралы қытайдың естелік жазбаларында былай депті: «Гуаң Шүйдің 30-шы жылы (1904 жылы) Боғда әкімінің іс басқарушысы Ши Жыңның мәлімдемесінде: АлтайТарбағатай өлкесі қаңырап иен қалды. Ондағы қазақтардың тең жарымы басқа жаққа қоныс аударды». Жергілікті қытай шенеуніктері Еренқабырға төңірегіне келіп қоныстанған қазақтардың күшейіп кетуінен қорқып, Үрімжідегі үкіметке: «Бөке жеке дара хандық құруды қолға алып жатыр» – деп арыз түсіреді. Үкімет Бөке батырды тұтқынға алады. Елін Алтай, Тарбағатайға қайта көшіру үшін әскер аттандырады. Ел көшуден бас тартып, әскерлермен қақтығысады. Батырдың інісі Шөке Үрімжі ұлығына үлкен сый беріп ағасын 1888 жылдың күзінде босаттырып алады. Түрмеден шыққан Бөке елдің астанасы Бейжіңге барам деп аттанып кетеді. Бірақ Бейжіңге бармайды, жайлы қоныс іздеп жер шалып кеткен екен. Жыл өткен соң келіп елін бастап шығысқа қарай көшеді. Сол кеткеннен мол кетіп Тибет
1 - сурет 2010 № 1 (1)
75
ОЯН.Намыс.kz асып, Үндістанның шекарасына ат тұмсығын тіреп тоқтайды. Бұл 1900 жылдардың шамасы. Бөкенің елін қайтарып келу үшін Үрімжіден толық қаруланған 500 атты әскер шығады. Бөке батыр қарсылық көрсетіп, қырғын соғыс болады. Қытайдың 500 шерігінің 300-ін жер жастандырады. Қазақтардан батырдың жалғыз інісі Шөке және жиырмадай адам шығынға ұшырайды. Қырылған әскерінің кегін қайтару мақсатында Қытай үкіметі Бөкенің басы үшін мол сыйлық тағайындайды. Содан Бөке батырды 1904 жылдың жазында Тибет төрелері ел астанасы Лхаса қаласына шақырады. Құрметті қонақасы береді. Осы сапардан еліне оралған тұста Бөке ауырып, қаза табады. Халқы батырды інісі Шөкенің қасына жерлейді (1-сурет). Бұл өлке қазір «Есекбатқан» деп аталады. Тибет автономиялы районы, Алтынтоқ қорық ауданының жері. Бөке батыр қаза болғаннан кейін 12 тәулік өткенде Үрімжіден қисапсыз әскер келіп елді қайта айдайды. Үрімжіде жарық көрген «Шонжы қазақтарының шығысқа аууы» атты жинақтың 22 бетінде: «Тибетке барған қазақтарды қайтарып әкелу үшін қазақ атамандары мен мансаптыларды жіберіп, 1300 отбасын 32 220 бас малымен бірге Алтай мен Тарбағатайға қайтарып әкелді», – деп мәлімдеген екен. Чиң әскерлері Бөке батырдың денесін көрден суырып алып, басын кесіп әкетеді. Өйткені, бұл басты әкелген адамға зор қошемет көрсетілу тиіс. Үкімет батырдың басын Үрімжі көшесіне іліп қояды. Кейін баласы Рабай әкесінің басын сұрап алып, байырғы мекені Алтай өлкесіндегі Шіңгілінің бойы, Аралтөбе ауылына қарасты Обаты қыстағына әкеліп жерлейді (2-сурет). Осылай Бөке батырдың денесі Тибетте, басы Алтайда жерленген. Дене мен бастың арасы 3 мың шақырым алшақ жатыр. Осы Бөкенің елінен бөлініп қалған азғана жұрт Тибетте әлі күнге бар көрінеді. Бірақ бүтіндей өзгеріп кеткен. Тек өздерінің қазақ екендіктерін ғана біледі.
2 - сурет
76
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Астанада тоғысқан тағдырлар Жоғардағы Бөке батырдың баласы Рабай әкесінің басын Алтайға жерлеген соң ауылын бастап, Моңғолияға ауып кетеді. Ал, Шөке батырдың ұрпағы Иманбала Шіңгіл бойында қалып қойып, артынан Баркөл жаққа қоныс аударған екен. Осы Рабайдың баласы Айыпханнан туған ұрпақ, яғни, Бөке батырдың шөбересі Саған ақсақал 1995 жылы Астанаға көшіп келді. Ақсақалдың балалары әр салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Кенже баласы Жәнібек С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітіріп, қазір үлкен кәсіпорының жетекші мамандарының бірі болса, ортаншы ұлы Асылбек орта мектепте мұғалім. Өткен жылы Қытай елінің Баркөл аймағында қалған Шөке батырдың жалғыз ұлы Иманбаладан туған Жапанхан ақсақал да Астанаға көшіп келді. Қазір текті тұқымнан тараған қос қария бала-шағаларына бас-көз болып, еңсесі биік Елорданың төрінде Сарыарқаның саумал ауасын жұтып, тәңірге мың шүкір, жүз тәубесін айтып жүріп жатыр. Тағдырдың жазуы мен тәңірдің қалауы деген осы. Жүз жылдың алдында қансоқты жылдардың құрбаны болған Бөке мен Шөке батырлар ұрпағымызды тәуелсіз Қазақ елі бауырына басады, Ай дидарлы Астана маңдайынан іскейді, деп ойлады ма екен?! Мейірбан ҚАҚШАҰЛЫ
Саған Айыпханұлы
2010 № 1 (1)
Жапанхан Иманбала
77
ОЯН.Намыс.kz
«ЕртеңІҢ үшін аянба...» Өткен жылдың мамыр айында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Жақып Асанов және Бекболат Тілеуханның бастамасымен «Ертеңің үшін аянба...» атты бағдарлама жасалып, оны «Нұр Отан» ХДП-сы қолдап, қаулы қабылдаған болатын. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің әрбір Ж.Асанов Б.Тілеухан тұрғындарының отбасылық өмір сүру деңгейін жақсартып, әлеуметтік әл-ауқатының көтерілуіне ықпалын тигізу. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады: Бірінші бағыт – Отбасы бизнесін ашу және оны жүргізе білу. Екінші бағыт – Заманауи сұранысқа ие мамандықты таңдай білу. Үшінші бағыт – Күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі оқиғаларды сауатты шеше білу. Осы орайда, аталмыш бағдарламаның іске асуына «Оян. Намыс. kz» журналы қолдау көрсетіп, әрбір санына ақпараттық мағлұматтар беріп отыруды қолға алды.
ПАЙДАЛЫ ҚҰС ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ Қазақстандық ғалымдар мен БҰҰның зерттеушілері бірігіп жүргізген кешенді зерттеудің нәтижесіне қарағанда Қазақстандағы отбасылық бизнесті дамытудың ең тиімді түрі құс өсіру екен. Құс өсіру үшін арнайы лицензия алудың керегі жоқ. Қазіргі таңда елімізде бөдене, күркетауық, қырғауыл өсірумен айналысатын шаруашылықтар қалыптасып келеді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында «Охотпроект» ЖШС, Ақмола облысында «Айдос» аң-құс шаруашылығы тұрақты құс өсірумен шұғылданады.
78
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
КҮРКЕТАУЫҚ Күркетауықтың түрі көп. Бізге белгілі оншақты түрі бар. Жетілген күркетауықтың салмағы 18-25 келі аралығында. Оның еті кәдімгі қарапайым тауықтың еті сияқты сіңімді, адамның асқазанына салмақ түсірмейді. Себебі майлылығы аз, қышқыл жоқтың қасы. 100 грамм еттің құрамындағы холестирин мөлшері 74 мг, темір қоспасы 2,24 мг, магний 27 мг. Бұл адам организміне өте пайдалы. Етінің құрамында 28 пайыз ақуыз бар. Сіңімділігі – 95 пайыз. Күркетауықтың еті ісік және жүйке ауруларына пайдалы. Сол сияқты тері, қан ауруларын да емдеуге болады. Құрамында РР, В6, В12, В2 дәрумендері бар.
Асырау әдісі
Бір күркетауық жылына 50-100 жұмыртқа табады. Балапандары 4 айлық кезінде 4-4,5 килә тартады. Күркетауықты биіктігі – 2 метр, ұзындығы – 1 метр үйшік-қорада асырайды. Бір қораға екіден артық тауық ұстау қолайсыздық тудырады. Әрбір тауық үшін 40 шаршы сантиметрден кем емес орын қажет. Осы көлемге байланысты үйшіктің ішіне биіктігі 45-50 см тұғыр орнатылады. Жаз айларында тауық қораның температурасы + 18-20 градустан аспағаны жөн. Қыс айларында – 35 градус шамасында болады. Қораның едені астына 0,5 килә утас (известь) сеуіп, оның үстін қалың материалмен жауып тастаған абзал. Бұл тауықтың қоңдануына және жұмыртқа басуына қолайлы. Ескерту: Егер күркетауық өсіруді қолға алғыңыз келсе мына сайттан толық ақпарат аласыздар –
www.fictionbook.ru/author/yuriyi_harchuk/rzvedenie_ domashneyi_pticiy_na_ferme_i_/raed_online. html?page=15 Күркетауықтың етінен тамақ дайындаудың әдістерін білгіңіз келсе http://www.kuking.net/10_422.htm сайттан толық мәлімет ала аласыз.
2010 № 1 (1)
79
ОЯН.Намыс.kz
БӨДЕНЕ Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар.
Асырау әдісі
Бір шаршы метрге 200-ге дейін бөдене асырай аласыз. Қалалық жерде орналасқан тұрғын үйлердің балконын пайдалануға да болады. Шағын балконға 400-ге дейін бөдене өсіру мүмкіндігі бар. Ол үшін әртүрлі формадағы шағын торлар сатып алу қажет. Тордың ішіндегі температура қыс айларында -20 градустан аспағаны дұрыс. Тордың ішіне тәулігіне 16-18 сағат жарық түсіп тұруы керек. Сол себепті қыс айларында торға арнайы жарық түсіретін қондырғылар орнатылады. Бөденелерді жұптап асырау барысында 4-6 ұрғашы бөденеге 1 еркек бөдене тиеселі. Әрбір ұрғашы бөдене 10-15 жұмыртқа табады. Жұмырқа басу мерзімі – 2126 тәулік. Ескерту: Бөдене асырайтын торлар мен өсіру тәртібі жайлы толық мағлұматты http://rusbiz.clan.su/ publ/1-1-0-15 сайтынан аласыздар. Бөдене етін пайдаланып тағам әзірлеудің жолдарын
http://www.gastronom.ru/recipe.aspx?id=2745 http:// www.gastronom.ru/recipe.aspx?id=2712 сайттары арқылы білуге болады.
80
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz
ҚЫРҒАУЫЛ Қырғауылдың түрі өте көп. Атап айтқанда, ең көп тарағандары – кавказ, парсы, тәжік, қиуа, маньжур, жапон, гималай қырғауылдары. Қырғауыл ең көп пайда әкелетін құс. Бес айлық қырғауылдың нарықтағы бағасы – 10-15 доллар. Оған кететін шығын – 5-6 доллар. Түсетін пайда екі-үш есе. Англияда бір қырғауылдың бағасы – 20 евро. Жұмыртқасы – 1 доллар тұрады. Етінде май болмайды. Құнары мол болғандықтан қырғауыл еті әртүрлі сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі шлактарды тазартады, асқазан ауруларын, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына, қан, тері ауруларына пайдалы. Құрамында – РР, В6, В12, В2 дәрумендері бар.
Асырау әдісі
Қырғауылдың үйшігін салғанда есте ұстайтын дүние –���������������������������������������� ����������������������������������������� олар толық ұшып жүретін жағдайда болуы керек. Қораның аумағы 5-12 шаршы метр шамасында. Қырғауыл күніне 70-100 грамм жем жейді. Үш айдың ішінде өсіп жетіледі. Жылына 25 жұмыртқа басып шығарады. Қырғауыл өсіргіңіз келсе барлық мәліметті http:// www.kommersant.ru/doc.aspx?docsID=644629
сайттан алуға болады. Қырғауыл етінен ас әзірлеу жайында http://www. fazanov.net/?cat=9 сайтынан мағлұмат ала аласыздар. Аманжол БЕКЕНҰЛЫ
2010 № 1 (1)
81
Намысыңа қозғау салған, ұранға бергісіз Елбасыдан түскен пәрмен еді бұл. Алайда, астарына үңілмедік. Мәніне жетпеппіз. Түсінгенге жауапкершілігі үлкен, терең қағида. Өңшең қазақ жиылған жерде зар төгіп: «Қазақ тілі құрдымға бет алды, қажеттілігі болмай қалды. Қазақ мемлекетінде мемлекеттік тілді білмей-ақ бай болуға, бағлан болуға, саяси ықпал жүргізуге болады. Ал, орысша білмесең орныңда қаласың. Англияда ағылшынша білмеген аш қалады. Қытайда қытайша, Өзбекстанда өзбекше білмесең аузың аққа, астың таққа тимек емес» дейді. Тағы осы секілді көңіл құлазытар фактілерді жарыса тіземіз-ай келіп. Рас! Қазақ тілінің халі мүшкілі мүшкіл. Жетпіс жылда үстемдік алып қалған орыс тілі оп-оңай ысырылып орын ұсынбайды. Кез келген нығмет еңбекпен, күреспен келмек. Ал сол тілдің дамуы үшін сен қосқан үлес бар ма? Шыныңды айтшы, қандасым?! Осы сауалға шамданатындарыңыз қаншама. Әдетте бірінші реакция: – Маған не қыл дейсің? – болып келеді. Айтарымыз – Сөйле! Талап ет! Қайтпа, қайсар бол! Себебі, ана тілің арың! Арыңды қорға! – Маған қарап қалып па? – дейді. – Дәл солай. Саған, маған қарап қалып тұр тілдің тағдыры. Өмір күнделікті күйбеңнен
тұрады. Су – тамшыдан, қоғам – адамнан деген. – Менің қолымнан не келеді? – Бәрі келеді. Шыныңды айтшы. Қаладағы дүкенге кіргенде керегіңді қай тілде талап етесің? «Әй қалқам! Қою сүтің бар ма? Ақ наның қай тұста? Анау «Тассайдың» суын әпере қойшы. Мына кәртөшкең, Көкшетаудікі ме? Нарынқолдан ба? Қиярыңа қол жалғай салшы» – деп сұрадың ба? Солай етсең, Алла разы болсын. Міне үлесің. Олай етпесең енді солай сұра. Сатушы ұқпай тұрса, намысына қозғау сал, құқығыңды талап ет! Сатушы қазақ емес болса, ел иесі қазаққа деген құрметін түзеуін өтін, байыппен түсіндіріп, сыйластыққа шақыр. Осындай ескертуді менен, сенен, одан, бес адамнан, жүз адамнан, мыңдаған адамдардан естісінші, дүкен иесі де ойлана бастайды. Қазір капитализм. Қағидат солай – не істесе де тұтынушыныкі оң! Әріберіден соң патриоттықтан емес, заты өту үшін тіліңізді түсінуге, сол тілде түсіндіруге тырыса бастайды. Сонда сен қазақша сөйлеуіңмен қоғамда тілге деген қажеттілік тудырасың. Бұл бір! Екіншіден, қазақшасы жетік адамның жұмысқа орналасуына себеп боласың. Міне, Елбасы сөзінің төркіні осы еді. Намысы сөніп, рухы езілген қандастан шығатын тағы бір гәп! «Қойшы енді. Азар болса орыс болармыз. Тілі жоғалып, құрыған ұлт аз ба? Не болды сонша трагедия жасап? – дейді.
Рас! Құрыған ұлттар бар. Бірақ, сенен таза орыс шықпайды, кірмесің, дүрегейсің, бөтенсің, нәсілің бөлек, бәкенесің, сығырайсың... Ана тілің – ата-бабаңнан қалған аманат! Аманатқа қиянат – күнә. Рухын, тілін, әдебиетін тәрк еткен ұрпақ ұшпаққа шықпайды. Қайсібір қоңсы жұрт, қаймана елдер қазақтың қазақпен орысша сөйлескеніне қайран қалады. Әлсіреген ұлттық қуатына бірі мүсіркей қараса, біразының мазақтайтыны да рас. Осындайға намыстанып, шүлдірлеген қандасыңа: «қарақтарым, қазақша сөйлессеңдерші, қазақ емессіңдер ме?» дей қалсаңыз, көпшілігі орысша сүйреңдеп, бетіңнен алады. Ондайда жұмсақ, байыпты, намысына қозғау салатын бір даяр жауабың болса, құба құп. Егер «Әй, қойшы соны. Әркіммен ырылдасып қашанғы жүремін. Көрінгенге ақыл айтып, жүйкемді жұқартқанша орысша-ақ сөйлей салайын», дедіңіз, бітті! Тіліңнің соры – осы немқұрайлылық! Сонымен, ОЯН ҚАЗАҚ! Махамбет шамырқанған, Жамбыл жыр төккен, Абай толғанған қазақтың тілін қомсынар жөнің жоқ. Өзгені зор, өзін қор тұтқан құлдық сананы миыңнан аластап, серпіл де сергі қазақ! Айтарымыз – өздеріңе сеніңдер! Ақылқайратыңа жүгініп, асыл тіліңнің бағасын асыр, бағландарым! Қажетті қылыңдар, көкжалдарым! Нұрмұхаммет ҚАНАЙ
Егер сізге қажетті адам немесе мекеме қазақ тілінде қатынас жасағысы келмесе оған қолданатын шара мынау: ҚР прокуратурасы туралы заңының 26бабына сәйкес ҚР Тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез-келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді. Кез келген адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ, мемлекеттік тілде қызмет атқарылатын салада тілдің қолдануына кез келген кедергі келтіру жауапқа тартылады. Бұл қағиданы орындау әрбір басшының қызмет бабындағы бірденбір міндеті. Жоғарыдағы талап сақталмаған жағдайда олар тиісті тәртіптік жазаға тартылуы, сонымен қатар лауазымынан босатылуы мүмкін. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде тіл туралы заңдарды бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік көзделмеген. Дегенмен, прокуратура органдары заң ережелерін бұзуға жол бергендерді прокурорлық қадағалау әрекеттерімен құқылық тәртіпке шақыруға өкілетті. Прокурордың талабы орындалмаған жағдайда кінәлі лауазымды адамдарға аталған Кодекстің 185-4-бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл салынады, сондай-ақ, 15 тәулікке қамауға алуға болады.
Жоғарыдағы заңнамаға сәйкес тілдік құқығы бұзылған ҚР-ның азаматтары заң бұзушыны жауапқа тартуға толық негізі бар. Тіліңді қорға, қандастар!!!
ОЯН.Намыс.kz
Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін Алдағы жылдары адам баласы ауыз судан тарығады. Бұл жаппай ғаламдық құбылысқа айналады. Еуропалық сарапшы Майкл Клейр бірнеше жылдың алдында «Ресурстар мен соғыстар» атты көлемді еңбек жазып тастады. Онда былай депті: «Кешікпей әлемде жаңадан тағы бір соғыс өрті тұтайды. Ол ресурс үшін болатын майдандар. Оның негізгісі – су. Өйткені жер шарының 70 пайызын алып жатқан судың 2,5 пайызы ғана тұщы су. Қалғаны адамның қажеттілігіне жарамайды. Сондықтан әлемде таза су үшін талас-тартыс болады...». Еуропалық маман бүй десе, американдық экожурнал «Сайнестің» жазуына қарағанда, қазіргі таңда жер бетіндегі адамзат баласы ғаламдағы барлық таза, тұщы судың 54 пайызын ғана тұтынып отыр. Бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай өсіп, таза суды пайдалану пайызы 70-тен асып жығылады. Сол себепті ғаламда мұнай үшін емес, кәдімгі таза су үшін қырқыс басталуы әбден мүмкін. Әрине, мұндай келеңсіздік Қазақияны әсте айналып өтпейді. Қазірдің өзінде оңтүстік өңірлердегі суармалы аймақтарды таза сумен қамту барысында көршілерге алақан жайып отырмыз. 2009 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған НАТО Парламенттік ассамблеясының «Еуроатлантикалық форумында» сөз сөйлеген Франция Ұлттық ассамблеясының мүшесі Лейк Бувард: «ауыз судың жетіспеушілігінен Орталық Азия елдері өзара жауласуға мәжбүр болады» деп салды. Еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында орналасқан Ертіс, Іле өзендерінің ту басы шекараның сыртында жатыр. Аталмыш өлкедегі пайдалануға жарайтын ағынды су көздері трансшекаралық сипатта. Қазақ елі осындай «Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау» жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойды. Осындағы келісімшарт бойынша шекаралық өзендерді пайдалану барысында екі тараптың мүддесі қатар ескерілуі керек. Бірақ көрші Қытай елі жоғарыдағы құжатқа қол қойған жоқ. Қазақша айтқанда конвенцияға пысқырмай отыр. Өйткені, олардың ұпайы түгел. Судан қатса қазақ қатады, ханзудың қылшығы да
84
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz қисаймайды. Ертіс, Іле өзендерінің басы Қытай жерінде. Күндердің күнінде екі өзенді буа қойса, шығыста Зайсан тартылады, Бұқырма су электр стансаның күні батады. Жалпақ жұрт жарықсыз қалуы кәдік. Өскемендегі өндіріс ошақтары күл-талқан... Ал, Іле тартылса ше? Онда жағдай тіпті қиындайды. Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталайды. Бұл жөнінен бірнеше жылдың алдында Қоршаған ортаны қорғау министрі Қытай жағы жылы қабақ танытпай отырғанын ашық айтты. Қазақстандық гидролог маман Достай Жақып мырзаның пайымдауынша, 2000 жылы Іле өзенінің 4,42 текше метр суы Қытай жағында да, 4,48 текше метр су Қазақстанға қарай ағып жатқан. Болашақта қытайлар Іленің суын 15,09 текше метрге дейін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл өзен суының 77 пайызы деген сөз. Сонда бізге несі қалады?
Астананы ақ сор басады... Енді мынаған назар аударыңыз. Өткен жылдың сәуір айында Үрімжі қаласында жарық көретін «Шин зй шун» атты апталық газеттің 4-ші бетінде шағын мақала жарық көріпті. Онда былай делінген: «Алдағы 10 жылда Қазақстан ауызсу тапшылығын тартады. Мамандардың зерттеуіне қарағанда, Қазақстанның территориясына өтетін шекаралық өзендердің суын бұрып әкетушілік орын алады. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінің қайнары республика аймағынан тыс жатыр. Балқаш көлі кешікпей ғайып болуы мүмкін. Өйткені, бұған келіп құятын судың мөлшері бес мың текше метрге кемиді...». (1-сурет) Қытай баспасөзі осылай дейді. Балқаш көлі тек таза су көзі ғана емес, Сарыарқаның климатын қалыптастырушы нысан. Егер Балқаш құрғайтын болса, оның табаны тұзға айналып, Арқаның экологиясын бұзады. Әсем қала Астананы ақ сор басып қалуы мүмкін. Одан кейін жаңбырдың суына телміріп, көкке қарап қол жайғаннан басқа амалымыз қалмайды.
Қытайдың қимылы қауырт Біздің қолдағы журналистік зерттеулерге үңілсек: 2003 жылы қытайлар Қара Ертіс дариясын бұрып, Қарамай қаласына канал тартты. Оның ұзындығы 500 шақырым, ені – 30, тереңдігі – 10, табаны – 15 метр. Тамшы суы жоқ, шаңы аспанға шапшып жататын Қарамай қаласы қазір гүл дестеге оранып алды. Болашақта қытай жұрты әлемдегі ең үлкен шөл дала «Тарым» құмын жапжасыл көгалға айналдырмақ. Өйткені, ханзу халқы өсімтал. Түбі жер тарлық етеді. Оны шешудің жолы әртүрлі. Тарым сияқты бос жатқан өңірге халықты қоныстандыру қажет... Қысқасы, Тарымды көгалдандыру үшін су керек. Ол үшін Қарамайға жеткен Ертіс каналын қайтадан 1000 шақырым созып Тарымға жеткізген жөн. Қазір бұл жоспар бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Ілеге келіп құятын Текес өзенін көршілер «Тоғызтарау» дейтін жерден бөгеп, үлкен көл орнатып тастады. Оған су электр стансасын салды, туризм базасы бой көтерді... Алдағы жылдары Бозы мен Шапшал даласына Іленің суын бұрмақшы. Ілені бөгейтін тоған құрылысы жүргізіле бастады. Жаңадан салынып жатқан канал арнасы «Сексен бел» тауын тесіп өтіпті. Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
1-сурет 2010 № 1 (1)
85
$$ Оян, қазақ! $$
ОЯН.Намыс.kz Осы орайда, Қытай елі «Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау» жөніндегі келісімге неге қол қоймай отыр? Себебі, олар Қазақияның шығыс һәм оңтүстікшығыс өңірін «шекарадан тыс қалған өзіміздің жер» деп есептейді. Тіпті орта мектептерге арналған «Шинжан тарихы оқулығында» Балқаш көліне дейінгі өңірді өздеріне қосып алған. Жоғарыдағыдай жат пиғылдың астарында Ертіс, Іле сулары басы бүтін «өзіміздікі» дейтін ұғым жатқан сияқты. Біздің бұл пікірімізге мына суреттер айғақ!!! Әр істің төркінін ойлап, түбінен Орта мектептерге арналған “Шинжан тарихы оқулығындағы” қиятын қытай саясаткерлерінің қадамы бөліп алып көрсетілген Қазақияның жері осындай. Ал, қол созымнан әріні көруге қабілетсіз біздің «сабаздар» болса, «айды аспанға шығарып», Қытайдың төл ақыны, 701 жылы туған Ли Боны «Елібай ақын» деп лағуда. Шекарадан өтетін шыбынына мұқият Қытай Шу өңірі «тартып алған» ақынына ара түспеді. Танымал болғанымен тарих ғылымына қатысы жоқ біздің сенаторға және оның жақтастарының қолтығына су бүркіп, сәуегей-тарихшы жасаушы кім? Енді сол жиіркенішті, қисынсыз, қатерлі өтіріктің зардабы бабалар қанымен келген қасиетті жерімізге қауіп төндіретіндей...
Жоғарыдағы оқулықта еліміздің Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысының көптеген территориясын меншіктеп көрсеткен. Бұл өңірлер картада қоңыр ( ) түспен белгіленді.
86
Оян.Намыс.kz
қазақ
қандай
халық?
ОЯН.Намыс.kz СЫРТ КӨЗ СЫНШЫ...
ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН...
Григорий Потанин, орыс ғалымы: Қазақтар еті тірі, дені салауатты, өмірге іңкәр халық. Олар сауық-сайранды жаны сүйеді, ашық түсті киім-кешекті, өмірінде мереке, той-думандарды ұнатады. Әртістік өнер мен сәнді жасану жарыстары қазақтардың бойына атаққұмарлық нышанын дарытуы да ықтимал, мұның өзі оларды француздарға ұқсататын секілді. Афиндықтар тәрізді қазақтар жаңалықты әдеттен тыс ұнатады. Мейлі дала құнарының аңқасы кеуіп қалса да, мейлі табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да, қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан-тамырында күш-жігердің көл-көсір қайнар көзі бар, тек қазақтардың өздері осы қайнардан теріс айналмаса болғаны. «В юрте последнего киргизского царевича»
Олжас Сүлейменов, ақын: Қазақстан ешуақытта да бiртiлдi мемлекетке айналмайды, өйткенi бiз Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпiрмiз... Қалайша Алматы қаласында іс-қағаздарын қазақ тіліне көшіруге болады? Мұндай сыбысты таратып жүрген кімдер? “Ана тілі” апталығы
*** Юджин Скайлер, америкалық дипломат, ғалым: Қазақтар басқа азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қазақтарды құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар қазақтар басқа ұлттардан жоғары тұр деген пікір айтады. *** Василий Радлов, түрколог ғалым: Басқаларға қарағанда қазақтар арасында шешендік өнері ерекше дамыған. Әрі сөзі ойнақы, әуезді, ырғақты. Тілі өлеңнің өрнегі іспеттес. Бейнелі сөз төркіні айқын да дәлме-дәл мағына береді. Қазақтарды Батыс Азияның орманқұздары деп атауға толық негіз бар. Қазақ – нағыз шабандоз халық. Кең-байтақ өлке де өмір сүрген олардың тілі тұтас бірлікте. Каспий теңізі мен қара Ертіс қазақтары тілінде диалектілік айырмашылық аңғарылмайды. «Сибирские древности»
88
“Мен қазақ тілінен қашамын. Үйренгім келмейді. Себебі, орыс мектебін бітірдім, университетті орысша оқыдым, докторлы-ғымды Мәскеуде қорғадым ...” «Түркістан» газеті Қазақ баспасөздерінде қаланы Алматы деп атауға қарсы емеспін, бірақ орыс тілінде Алма-Ата болуы қажет. Семейді орыстілділер – Семипалатинск деп жазсын. “Интерфакс-Қазақстан” агенттігі. *** Әуезхан Қодар, мәдениеттанушы: Қазақ, яғни қазіргі қазақ қоғамы – тарихи тамырынан айырылған, өмір сүру дағдысы өзгерген, «Оралу» өркениетіндегі заман ағымына тек сырттай ғана ілесіп келе жатқан, ал ішкі дүниесі ғасырлар бойы жинала берген ашукекке толы, сыры мен сымбаты екі бөлек, өліара кезеңнің құр сұлба кейіпкері. (Ә.Қайдар. Қазақ қандай халық. Алматы, 2008, 148-бет) Ислам дiнi бiздің болмысымызды бұзады. Қазақты рухани негiзiнен айырады. “Central Asia Monitor” газетi (10.09.2009)
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН...
Д.У.Уарделл, ағылшын инженері: Қазақтар ер жүрек, еркіндікті сүйетін халық. Бірақ өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақ көңіл де қонақжай, жолаушыға қайырымды, алайда, жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Балаларын шексіз сүйеді. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән. 1914 жыл
Нұрболат Масанов, тарихшы: Қазақтар – үстіміздегі ғасырдың (ХХ ғасырды айтып отыр) басында пайда болған. Оларды большевиктер жасанды жолмен жаратқан. (Парасат. 1999. №9, 4-б)
***
***
2010 № 1 (1)
*** Ермек Тұрсынов, кинорежиссер: Бойымызды түрлі фобиялар мен үрей жаулап алған. Біз әлі күнге Абайдың руластарымыз, бөлек ойлағанның басын жарамыз. Жиырма бірінші ғасыр жеткеніне қарамастан жетіліп кете алмаппыз. Құрамы мен сапасы көз қуанта алмайтын ұлтпыз. (Қазақ әдебиеті. 15 қаңтар, 2010)
89
халық?
Николай Зеленд, ресейлік дәрігер: Қазақ – қызу қанды халық. Оның рухында жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды. Мейілінше татутәтті өмір сүруді қалайды. Әйелдері иманжүзді, ақылды. «Киргизы» Омск, 1885
Қанағат Жүкешов, философ: Жасында мал баққан, киіз үйден шыққан қазақ жазушысы қазір қалалы жерде өмір сүреді. Ішкені – коньяк, мінгені – «Мерседес». Бірақ, ол бәрібір тек қой туралы, малдың тезегі мен трактор туралы ойлайды. Осы күнгі өркениетке өлердей қарсылық білдіріп, оның ескілікті көсейтін миы орта ғасырда қалған «жағымды» кейіпкерді суреттеуден танбайды. Соның әсерінен ол өзін Алматының орталығындағы жан-жағынан автокөліктері, троллейбусы мен трамвайы шуылдаған Абылайхан мен Шевченко көшелерінің қиылысында кептеліп қалған түйе сияқты сезінеді. «Деловая Неделя» газеті
қандай
Э.С.Вульорсон: Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйкіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды. «Киргизы» М., 1901
***
қазақ
СЫРТ КӨЗ СЫНШЫ...
АМЕРИКАНЫ АШҚАН КОЛУМБ ЕМЕС, АФРИКАЛЫҚ МҰСЫЛМАНДАР
Ә
Харун Рашид кезінде (786-809) соғылған «Лә-иләхә илаллаһ, Мұхаммадун Расулаллаһ және бисмиллаһ» деген жазуы бар ақша. Невада және Техас штаттарынан табылған.
90
лемге танымал Гарвард университетінің бұрынғы профессоры, АҚШ Білім және өнер академиясының мүшесі Барри Фелл «Sada America» (Аңыз Америка) атты кітап жазыпты. Онда ол хазіреті Әли мен хазіреті Осман заманында-ақ мұсылмандардың Америкаға барғандығын дәлелдеп берді. Мұсылмандар Америкада теңізшілік мектептерін ашқанын жария етті. Осындай көзқарастың пайда болуына себеп: «Лә-иләхә илаллаһ, Мұхаммадун Расулаллаһ» деген жазуы бар IX ғасырға тән Самарқанд дирхамдарының Бостон қаласындағы жол жұмыстары кезінде табылуы. Жоғарыдағы пікірге қатысты тағы бір дәлел: монах Таддеус Масон Харрис 1787 жылы Массачусетс штатында Малденнен Кэмбриджге бара жатып, «16 жол» деп аталатын аймақта жер қазып жүрген жұмысшылардың ежелгі ақшаларды тапқанына куә болады. Жұмысшылар әлгі темір ақшалардың бір уысын монахтың қолына ұстатады. Ол алған ақшаларын Гарвард колледжіне (Бүгінгі Гарвард университеті) зерттеуге жібереді.
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Мұқият зерттеу нәтижесінде (6-сурет) бұл ақшалар IX-X ғасырдағы Самарқанд дирхамы екендігі анықталған. Дирхамның бетінде «Лә-иләхә илаллаһ, Мұхаммадун Расулаллаһ және бисмиллаһ» деп жазылған. Осы сияқты мәліметтерді негізге ала отырып, зерттеуші ғалым Салих Южел: «Сахабалар немесе табиғиндардан (сахабалардан кейінгі буын) арнайы адамдар Америкаға келуі мүмкін» деуде. Археологиялық қазбадан табылған деректерге сүйенген профессор Б.Фелл АҚШтың Невада, Колорадо, Нью-Мехико мен Индиана штаттарында VII-VIII ғасырларда мұсылман мектептері болғандығы жөнінде пікір айтуда. Батыс Американың елсіз аймақтарындағы жартастардан табылған жазулар, сызбалар мен көріністер сол кезеңдердегі алғашқы және орта деңгейдегі мұсылман білім беру жүйесінің қалдықтары іспетті. Тастағы жазулар Солтүстік Африкаға тән көне куфи араб әріптерімен жазылған. Бұл жазбалар оқу-жазу, арифметика, дін, тарих, география, математика, астрономия және теңізшілік тақырыптарын қамтыған. Қазба жұмыстары кезінде Невададан табылған «Мұхаммад Набиуллаһ» яғни «Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың елшісі» деген тас жазулары (1-сурет), VII ғасырда қолданылған куфи жазуының бір түрі екені анықталды. Жоғарыдағы Б.Феллдің зерттеулері бойынша, Невада жерінде VII- VIII ғасырларда арабтар тұрған. Сондай-ақ, Калифорния университетінің профессорлары Хейзер мен Баумхофтың Невададағы «WA 25 sit» алаңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл жерлерде Ислам және теңізшілік білімін оқытатын мектептер болғаны дәлелденді. Мұндағы қазбалардан табылған жазулар Наски арабша және куфи әдісі бойынша жазылған жазулар екені дәлелденді (2-сурет). Бұл суретте «5 алмас – 1 әліпке тең» делінетін математикалық формула қолданылған. АҚШ-та өмір сүрген бұл мұсылмандардың ұрпақтары әлі де бар. Олар Iroguois, Algongion, Anasazi, Hohokam және Olmec сияқты жергілікті тайпалар арасында сақталған. XII ғасырда жергілікті тайпалар мұсылмандар тұратын аймақты жаулап алған. Арабтар не қашуға, не оңтүстікке аууға мәжбүр болады. Алайда, оқу-жазу білмеген бұл жергіліктілер арабтар ашқан мектепке таңқалып, өздері де еліктей бастайды. 1951 жылы Невада шекарасындағы Бенто ауылына жақын Ақ таулардан (Whait mountains) куфи жазулары табылды (3-сурет). Онда, «Шейтан маха мауан» яғни «Шайтан – күллі өтіріктің бастауы» деген жазу бар. Бұл VII ғасырға тән. Сол сияқты От аңғарынан да (faire Valley) осындай жазу табылып отыр. Сальвадордың Ла Грута де Каринто аймағында орналасқан үңгірдегі тастың бетінен «Малаках хажи ми Малая» (4-сурет) деген 2010 № 1 (1)
1
«Мұхаммед Набиуллаһ» яғни «Мұхамед (с.а.у) Аллаһтың елшісі» деген тастағы жазу.
2
Арабша және куфи әдісі бойынша жартастар мен тастарға жазылған жазулар.
3
«Шайтан- барлық өтіріктің бастауы» деген сөз.
91
ОЯН.Намыс.kz
4 Мұсылмандардың Индонезия арқылы Оңтүстік Америкаға келгенін әйгілейтін жазу.
5
Солтүстік Африкадан табылған 9 -шы ғасырларға тән үйлер суреті.
6
Американың Нью-Мехико штатында жүргізілген қазба кезінде табылған үйдің бейнесі.
7
Бостонда жол қазу барысында табылған Самарқанд дирхамдары.
92
жазу табылған. Бұл ХІІІ ғасырға тән. Бұл дерек мұсылмандардың Индонезия тарапынан Оңтүстік Америкаға келгенін аңғартуда. Христофор Колумб Америкаға екінші барғанда Еспанолодағы (Гаити) жергілікті адамдар оған одан бұрын аралға қара нәсілді адамдардың келгендігі жайлы әңгімелеген. Сөздеріне дәлел ретінде Колумбқа африкалық мұсылмандардың тастап кеткен найзаларын көрсетеді. Бұл найзалардың ұштарында жергілікті адамдар гуанин (алтын қорытпа) деп айтатын сары темір бар еді. Тағы бір назар аударарлық дүние гуанин сөзінің арабша «ғина» (байлық) сөзіне қатысты болуы. Колумб бірер гуанинді Испанияға әкеліп оның 56,25 пайызы алтын, 18,75 пайызы күміс, 25 пайызы мыстан құралғанын анықтаған. Бұл өлшем Африка гинасында металл өңдеудің стандарты екені әлмисақтан белгілі еді. 1498 жылғы үшінші сапарында Колумб Трининдадқа барады. Сол жердегі жергілікті тұрғындардың симметриялы дәлдікпен өрілген мақталы және түсті орамалдарын көреді. Оны жергілікті тұрғындар «Аламейзар» дейді екен. Колумб кейін бұл орамалдардың Африка гинасындағы бас орамалдарға қатты ұқсайтынын байқаған. «Аламайзер» сөзі арабша «орамал», «байлауыш», «алжапқыш», «белдемше» деген мағыналарды білдіреді. Бұл солтүстік Африка халқының жергілікті киімі ретінде белгілі. Колумб жергілікті әйелдердің мақталы киімдер кигенін көріп, таңқалғанын жазған. Зерттеуші ғалым Салих Южел осы табылған жайттарға қатысты мынаны айтады: «Колумб Кубаның солтүстік Шығыс жағалауындағы Кибара маңында желкендетіп кетіп бара жатып, әдемі бір таудың үстінен бір мешіт көргені туралы 1492 жылдың 21 қазанында күнделік дәптеріне жазған». Тіпті Куба, Мексика, Техас және Невада жерлерінде мұнараларына Құран аяттары жазылған мешіт қалдықтары табылып жатыр. Гарвардтық танымал тарихшы және тіл білімі маманы Лео Вейнердің «Африка мен Американың ашылуы» атты кітабында Колумб жаңа дүниеде мандинкалардың бар екендігінен хабары болғандығын жазады. Осы кітапта батыс Африка мұсылмандарының орта Америкада, Оңтүстік Америкада, Канадада, Солтүстік Америкада, Карайплерде де өмір сүргені жайында Колумбтың білгендігін айтады. Салих Южелдің зерттеуінше, Америкада 484, Канадада 565 топонимдік атаулар арабша сөздің түбірінен келеді екен. Бұлар Колумб Америкаға келмей тұрып-ақ жергілікті халық берген атаулар. Тіпті бұл атаулардың кейбіреуі мұсылман дүниесіне белгілі атаулардан көрінеді. Мысалы, Индиана штатында 720 адам тұратын Мекке атты елді-мекен болса, Айдахода 2100 тұрғыны бар жер Мәдина деп аталады екен. Осындай «Мәдина» аттас Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz өлкелер Нью-Иоркта, Солтүстік Дакотада, Огаяда, Теннесиде, Техаста, Онтариода бар. Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкада жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған IX-ғасырға тән ғимараттар арасында үлкен ұқсастықтар бары анықталған. Мәселен, Фастағы Атлас тауларында варварларға тән үй жасау (5-сурет) мен Нью-Мехикодағы ғимарат түрі (6-сурет) бір-біріне өте ұқсас. Оған қоса Аризонадағы қазбалардан табылған Монтезумен қорғаны мен Колорадоның Меса Верде аймағында табылған варварлардың ғимарат жасауы арасында ұқсастық көп. Смитониан институтының проф. Кипас Томастың жүргізген зерттеулері бойынша Нью-Йорк, Елленвили өлкесіндегі тас үйінділерінен жасалған кішкене күрке мен оңтүстік Арабстандағы Ахаба аймағындағы тас үйінділерінен
2010 № 1 (1)
жасалған күркелер бір-бірінен аумайтын көрінеді. Бұлардың барлығы VIII ғасырға тән дүниелер. Колумб Америкаға бармай тұрып-ақ мұсылмандардың бар екендігін білген. Олардың ұрпағын өз көзімен көрген. Алайда, батыстықтар мұны біле тұрып тарихты бұрмалаумен келеді. Мұсылмандардың Америка құрлығына VII ғасырда барғандығын зерттеуші С.Южел ашық айтып жүр. Англияда туып, Гарвард университетінің теңіз биологиясы саласында үлкен құрметке ие профессорлардың бірі Барри Фелл Америкаға алғаш мұсылмандардың барғандығын көрсеткен жоғарыдағы кітабын университеттен зейнетке шыққан соң жазып бітіріпті. Шетел басылымдарынан әзірленді
93
ОЯН.Намыс.kz
БАЛЫҚ ҚИССАСЫ Осы хикаяны баяндаушы – атақты имам, әрi Бағдад қаласының фақиһы Ахмет ибн Мискин: – Бұл оқиға мен Балх қаласында өмiр сүрiп жүргенде басымнан өткен едi, – деп сөзiн бастады. Сол уақытта Хорасан шейхы, ғұлама уағызшы, ұлы заһид, хүкiметтерiнiң күштiлiгi үшiн «үмметтiң Лұқпаны» атанған Абдуррахман ибн Хатим әбу Иусуфта Балхта болатын. Бұл кiсiнiң жамағатқа уағыз айтатын арнайы мәжiлiсханасы да бар едi. Бiрде соған бардым. Шейх бiр жұмыстарына байланысты кешiгiп келетiнi туралы шәкiрттерiнен айтқызыпты. Көпшiлiкпен бiрге мен де күтiп отырдым. Жиналған жұрт: «Шейх келгенше бiзге бiреу уағыз айтсын!» – деп ұсыныс жасады. Көпшiлiктiң тiлегiн мақұлдаған шейхтiң шәкiрттерiнiң бiрi келiп, менiң қолымнан жетелеп әкелiп шейхтiң уағыз айтатын мiнберiне шығарды да: «Уа, Ахмед ибн Мискин, сiз Бағдатта болып дiн ғұламаларының дәрiсiн тыңдаған адамсыз. Әһлi сүннет имамы, өз заманының «Шейхуль Исламы» атанған Ханбали мәзһабы медресесiнiң негiзiн қалаушы Ахмед ибн Ханбалимен бiрге болғансыз. Сахабалар дәуiрiнен кейiнгi, Аллаһтың жер бетiндегi үлгiсi атанған, тақуалықтың көшбасшысы – Бишар әл-Хафиден бiлiм үйренгенсiз. Бұл жерде уағыз айту, сiзге лайық», – дедi. Осындай мәртебелi таныстырудан кейiн барша адамның назары маған ауды. Назарлар нәпсiмдi оятып жiбердi. «Уаллаһи! Бұл да сынақ», – дедiм iшiмнен. 94
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Адамдардың назары саған ауып, ынтыға қарауы сынақ емей немене? Бұл сынақ болғанда, атаққұмарлық нәпсіні оятып, адамдардан дәрежем артық деп ойлап қалатындай тәкаппарлану сынағы. Пәнидiң ең қатты сынағы да осы. Жүрегімде рия пайда болып, барша iзгi амалдарымды жойып, сауабымды бекер қылар деп қатты күйзелдiм. Аллаһ алдында ықыласты болуым үшiн, көпшілікке ықылас мәселесiн естерiне салдым да, нәпсiмдi тыйып, өзiмнiң басымнан өткен мына бiр хикаяны баяндауға кiрiстiм.
Ахмед ибн Мискиннiң хикаясы – Яғни осыдан 11 жыл бұрын, хижраның 219-шы жылы болатын. Мен Бағдадта едiм. Әйелiм және кiшкентай ұлым бар. Үйімде тiске басатын дән жоқ, аштықтың азабына ұрындық. Таршылыққа ұшырадық. Үйiм күйiп тұрған сахараның дәл өзi сияқты. Аштықтан әйелiм жылай бастады, оған балам қосылды. Қиналғаным соншалық, үйдiң ағашын кемiруге шақ қалдым. Содан ойыма келгенi: «үйiңнiң ағашын жей алмайсың, одан да сатып ақшасын жемейсiң бе?» Үйiмдi сатуға ниет қылдым. Оны сату маған өз терiмдi сыпырып тастағанмен бiрдей едi. Қатты қиналдым. Қайғырғаннан түнде ұйықтай алмадым. Түннiң соңғы бөлiгiнде тұрып, мешiтке келiп, намаз оқыдым. Аллаһтан ризық сұрадым. Осы халде таң намазына дейiн болдым. Одан соң жамағатпен бiрге таң намазын өтедiм де, артынан екi қолымды көтерiп: «Аса қамқор, мейiрiмдi Аллаһ! Кембағалдығымның дiнiмде болғанынан сенен пана тiлеймiн. Сенен менi сабырым арқылы жөндейтiн пана тiлеймiн және тағдырыма риза болуымды тiлеймiн. Сенiң тағатыңа қуат, бұйрықтарыңа ризалық тiлеймiн. Я, Рахман рахим!» – дедiм. Тағы бiраз уақыт отырдым. Күн шығып, сәске уақыты кiрдi. Мешiттен шықтым да үйiмдi сатып алатын адам iздестiрдiм. Үйiм сатылса бірнеше күннен берi нәр татпаған әйелім мен баламды тамақтандырамын... Сандалып келе жатып көптен танитын досым Әбу Насыр ас-Соядты кездестiрдім. Оған: «Ей, Әбу Насыр, мен үйiмдi сатпақпын, тұрмысым тарылып кеттi. Әйел, балам көптен берi аш. Үй сатып алатын ешкiмдi бiлмейсiң бе? Маған қарыз тауып бер, үйiшiмдi тамақтандырайын, үй сатылса ақшаңды қайтарамын», – дедiм. Ол: – Жағдайың осынша қиындап кеткенi ме? – дедi. – Иә, дәл осылай болып тұр. – Ендеше мынаны ала тұр, iшiнде шейхтiң берекесi дарыған зат бар, – деп маған қолындағы ораулы матаны ұсынды. Ашып қарасам, iшiнде екi тiлiм нан, аз ғана халуа бар екен. «Осыны ал да, үй-iшiңдi тамақтандыр, мен үйiңдi сатып алатын немесе қарыз ақша беретiн бiреудi қарастырайын», – дедi. Досыма ризашылығымды бiлдiрiп, одан «шейхтiң берекесi не?» – деп сұрадым.
2010 № 1 (1)
95
ОЯН.Намыс.kz Шейхтiң берекесi – Бір күн бұрын мен сенiң бүгінгідей халiңде болдым. Бiр апта бойы құрған торыма балық iлiнбедi, аштықтан бала-шағам бұралып жатты, – деп әңгiмесiн бастады Әбу-Насыр ас-Сояд. Содан қатты уайымға түстiм. Кеше жұма намазынан соң менiң қатты қайғыда екенiмдi байқап қалған Бағдадтың имамы шейх Бишр әлХафи: – Сен неге осыншама қайғыда жүрсiң? – деп сұрады. – Уаллаһи, үйiмде тамақ қалмады, сататын ештеңем жоқ, осыған қайғырып отырмын, – дедiм. Ол кiсi: «Аллаһу мустаъан (жәрдем тiлейтiнiмiз бiр Аллаһ) торыңды ал да, менiмен жүр», – дедi. Екеумiз балық аулайтын хандыққа келдiк. Шейх өзi дәрет алып, маған да соны iстеттi. Одан кейiн «екi ракаъат намаз оқы», – деп бұйырды. Өзi де оқыды. Намаздан кейiн қатты жалбарынып дұға жасады. Сөйтiп: «Торыңды таста», – дедi. Торымды тастадым. Кешiкпей торыма бiр нәрсенiң iлiнгенiн аңғардым. Тартып көрсем, ауыр екен. Шығаруға күшiм жетпедi. Шейхтi көмекке шақырдым. Екеулеп тартып шығардық. О, Аллаһ! Өмiрде көрмеген, семiз, дәу балық шықты. Аллаһқа мақтаулар айтып, шүкiр еттiм. Ендi көтерейiн десем, тағы шамам жетпедi. Тағы да шейхтi көмекке шақырдым. Шейх балықты иығыма салып берiп: «Базарға апарып сат, бала-шағаңа тамақ ал», – дедi. Мен шейхқа алғысымды айтып, балығымды көтерiп, базарға беттедiм. Базардың кiре берiсiнде бiр саудагер кездесiп: «Мына балықты сатпайсыз ба?» – деп өтiндi. Аузыма түскен аса қымбат бағаны айта салдым. Уаллаһи, саудагер еш саудаласпастан сұраған бағамды бердi. Ақшама нан, халуа сатып алдым да бiрден үй-iшiмдi тамақтандырдым. Олар тамақтанған соң қарасам, әлi артылып қалған нан мен халуа бар екен. Осыны бiреуге берер болсам, адамдардың жақсысы шейх Бишр әл-Хафиге берермiн, – деп шештiм. Сөйтiп, оның үйiне барып, есiгiн қақтым. «Кiмсiз?» – деп өзi сұрады. «Әбу Насыр ас-Соядпын» – дедiм. «Егер қолыңда бiрдеңе болса, оны есiктiң сыртына қалдыр, үйге ештеңе алып кiрме», – дедi. Қолымдағы нан мен халуаны сыртқа қалдырып үйге кiрдiм. Сөйтiп, келген шаруамды айттым: «Ұлы Аллаһқа мақтаулар болсын! Мына бiр артылып қалған нан мен халуаны дұға етiп көмектескенiңiз үшiн сiзге сыйлық ретiнде берудi дұрыс көрдiм», – дедiм. Шейх күлiп жiбердi де: «Ей, Әбу Насыр! Егер осыны өзiмiзге жегiзетiн болсақ, балық шықпас едi». Яғни, осындай iзгi амалдарымыз үшiн, сыйлық алатын болсақ – балық шықпас едi. Өйткенi, Аллаһ менiң дұғамды қабылдағаны үшiн балық шықты. Әрi менiң күмәндi iстерден сақтанғандығым үшiн балық шығып тұр. Сауапты амалдар үшiн немесе жасаған дұғасы үшiн адамдар ақы алса онда балық та шықпайды, ризық та келмейдi, дұға да қабыл болмайды. Ақыры шейх орамалды қайтарып жiбердi. Мен содан келе жатырмын. Бұл саған қажет. Үй-iшiңе апарып бер. Мен сенiң үйiңдi сатып алатын, әйтпегенде қарыз ақша беретiн адам iздестiрейiн, – деп досым кетiп қалды.
96
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Мен қатты қуандым. Аш отырған әйел, балама беретiн азғана азығым бар. Бiрақ осындай күйге түскенiме, садақа алғаныма қатты күйзелдiм. Соған қарамастан нан мен халуадан шейхтiң сырын сезгендей болдым. Естiген оқиғам терең мағынаға ие сияқты болып көрiндi. Шейхтiң: «Осыны өзiмiзге жегiзетiн болсақ – балық шықпас едi», – деген сөзi ойымнан кетпедi. Ол кiсiнiң тақуалығын, дүние iсiне қызықпағанын, Аллаһқа артқан сенiмiн, ризықтың келуiне деген үмiтiнiң күштiлiгiн ойлап үйге келе жатыр едiм, мына бiр оқиғаға кез болдым. Менi жас баласымен бiрге көшеде қайыр тілеп отырған әйел тоқтатты. Бала менiң қолымдағы орамалдан көз алмайды. Әйел: «Ей, мырза! Мына кiшкентай бала жетiм едi. Асырайтын ешкiмi жоқ, аштыққа шыдамай барады. Қолыңда бiрдеңе болса, тамақтандырғайсың, саған Аллаһтың мейiрiмi болғыр», – дедi. Балаға назар аударсам: Аллаһқа ғибадат етiп, дүниеден баз кешiп, жалбарынып тұрған 1000 ғибадатшыдан да артық жалыныш ұшқыны көрiнедi. Иә, мейiрiм тiлеген жетiм сәбидiң осы жалынышты кейпi 1000 ғибадатшыдан артық едi. Жүрегiм қақ айрылып, ойлана бастадым. Дәл қазiр мына әйел мен баланы, немесе өз әйелiм мен баламды тамақтандырамын. Екi жағдайды салыстыра бастадым. Бiр кезде жәннат жер бетiне түсiп, осы жетiм сәби мен әйелдi тамақтандырған адамға нәсiп болатындай сезiлдi маған. Адамдар болса соқыр, ешнәрсе көрiп жатқан жоқ. Тағы бiр сынақ... Кешеден берi нәр татпаған әйелiм мен балам есiме түстi. Әйелiм мен балама тамақ берсем – өте жақсы, сауапты iс, бiрақ та, өзiм сабыр етсем, әйелiм мен балам сабыр етiп, осы екеуiн тамақтандырсам бiр емес, бес сауап алғалы тұр екенмiн: өзiмнiң сабырым, әйелiмнiң сабыры, баламның сабыры, осы әйелдiң қуанышының сауабы мен баланың қуанышы. Мен: «Осы аштыққа бiрнеше күн сабыр ету керек болса, сабыр етейiн. Пайғамбарымыз аштыққа сабыр қылмап па едi? Әбубәкiр ше (р.ъ.), бiрнеше күн тамақсыз қалған едi. Ибн Омар да (Аллаһ олардың барлығына разы болсын), аш жүрмеп пе едi?» «Йәтуи» деген ислам фиқһында кең танымал сөз бар. Бiрнеше күн қатарынан тамақсыз, дән татпай ұйықтауды айтады. Жоқшылықтан осындай жағдайға жеткен сахабалар мен ғұламалар есiме түсе бастады. Олар да сабыр қылған. Мен де сабыр етейiн, әйелiм мен баламды көндiрейiн, ал мыналар болса шынымен де бейшара халде екен. Әлгi әйелге: «Мынаны ал да балаңды тамақтандыр», – дедiм. Сол сәтте, әйелдiң көзiнен бiр тамшы жас ыршып шыққанын көрдiм. Бала болса шаттанып, күле бастады. Бұлардың қуанғандарын көрiп, солармен бiрге қуануға шамам жетпедi. Олар үшiн Аллаһқа дұға қылдым да, жөніме кеттiм. Екі міскін мәз, бергенiмдi жеп қала бердi. Мен болсам одан бетер уайымға түстiм, тапқан азғантай тамақты басқаларға бердiм, ендi үйiме не бетiммен барамын. Сөйтiп, үйге бармауды жөн көрдiм. Әйелiм мен баламның жылағанын көруге дәтiм жетпедi. Бесiн уақыты жақындап қалды. Мешiттің көлеңкесiн пана тұтып отыра бердім. «Үйiмдi кiм сатып алар екен?» – деп баяғы уайымға қайта түстiм.
2010 № 1 (1)
97
ОЯН.Намыс.kz Балық қайдан шықты? Сөйтiп отырғанымда: «Ей, Ахмед ибн Мискин, қайдасың?» – деп менi iздеп жүрген Әбу-Насыр ас-Соядтың дауысын естiдiм. Қарасам, жүзі өте қуанышты екен. «Не болды?» – дедiм. Ол болса: «Ей, Ахмед, үйiңе қайыр мен байлық келдi» – дедi. Мен: «Субханаллаһ! Ей, Әбу Насыр, балық қайдан шықты?» – деппiн. Досым мына бiр оқиғаны айтып бердi: – Өзiңе кездескен соң, бiр қайыр қылушы мухсиннен саған беретiн қарыз таптым да, тамақ алып үйiңе бармақшы болдым. Сөйтiп, тамақ пен ақшаны алып үйiңе бара жатыр едiм, жолда бiр саудагер: «Мискин Басриды танитын адам бар ма?» – деп жар салып тұр екен. Жиналған жұрт: «Танымаймыз», – дестi. Бiз
Мискин Бағдатиды бiлемiз, ол емес пе? – деп сұрады. Жар таратушы адам: «Маған Мискин Басри керек», – деп тұрып алды. Сенiң әкең «Мискин Басри» болғанын, мұнда келген соң «Мискин Бағдати» атанып кеткенiн бiлушi едiм. Оған айтып бердiм. Ендеше ол қайда? – дедi саудагер. Мен: «Ол кiсi не үшiн қажет?» – деп сұрадым. Әлгi адам былай дедi: «Мен басралық саудагермiн. Мискин әл-Басри деген адам (Ахмедтiң әкесi) осыдан 30 жыл бұрын маған бiраз дүние берген едi. Мен ол ақшаны зая кетiрiп алдым да қайтаруға шамам болмады. Ол кiсiге: «Әзiрше ақшаңызды қайтаруға шамам жоқ. Басқа жерге барып кәсiп етейiн. Қашан ақша тапсам, Аллаһтың ризашылығы үшiн қайтарамын», – дедiм. Ол кiсi келiсiмiн бердi. Сөйтiп, сауда iсiмен айналыстым. Қаншама қиындықтардан кейiн
98
Оян.Намыс.kz
ОЯН.Намыс.kz Аллаһ қайырын бердi. Мискин Басриге ақшасын қайтарып беруге қолым тимедi, әркез саудада болдым. Ол кісіге беретін үлесті саудаға жібердім. Қыруар ақшаға айналды. Мына керуен түгелiмен сол Мискин Басридiкi. Түйелер де, алтын-күмiс, киiм-кешек барлығы Мискин Басридiң дүниесi. Осының барлығын Басраға алып барсам, ол кiсi Бағдадқа көшiп кетiптi. Содан Бағдадқа келгенiм осы едi», – дедi. Бұл оқиғадан кейін сенi iздеп жүрмiн. Керуендi әйелiңе әкелiп тапсырдық. Мен: «Субханаллаһ», – дедiм. «Егер осыны өзiмiзге жегiзетiн болсақ, балық шықпайтын едi», – деген шейхтiң сөзi есiме түстi. Досым екеумiз үйге бардық. Есiк алдында керуен тұр. Әйел мен балам тамаққа тойып, ендi пақыр-кембағалдарға садақа тарата бастапты. Субханаллаһ! Осыдан сәл ғана бұрын пақыр едiм, ендi мiне... Сөйтіп iрi саудагердiң бiрiне айналдым. Аллаһқа шүкiршiлiк етiп, iзгi амалдарға ұмтылдым. Кембағалдарға, мұқтаж жандарға көмектестiм. Бiлiм үйрендiм, iлiм тараттым. – Қадірлі жамағат! Осыдан 11 жыл бұрын болған бұл хикаяны айтып беруiмнiң тағы да басқадай себебi бар, – дедi Ахмед Мискин. Осыдан бұрын түс көрдiм. Түсiм мен ертедегі бастан кешкен оқиғаның арасында қандай бiр байланыс бар сияқты көрiнедi. Жиналған жұрт: – «Ей, Ахмед, ол түстiң бiзге айтқан оқиғаға қандай қатысы бар, Аллаһтың саған рахметi болсын, оны да айтып берiңiз», – деп өтiндi.
Ахмед ибн Мискиннiң екiншi хикаясы – Түсiмде қиямет күнi басталыпты. Таразылар орнатылып, амалдарым таразыға өлшенейiн деп тұрғанын көрдiм. Сөйтiп, перiштелер келiп, менiң жақсы амалдарымды таразыға салды. Сауапты iстерiм (берген садақаларым, оқыған дәрiстерiм) таудай болды. Таразының екiншi жағына күнәларым салынды. Ол тiптi аз екен. Осы аз ғана күнәм таудай сауаптарымды басып кеттi. Сауаптарымның тiптi салмағы жоқ. Айналамдағылардың бәрi аң-таң. Аса бiр терең маңызға ие дәрiстерiм мен айтқан уағыздарымды қарасам – iшiнде құрт жүр екен. Әлгi құрт таудай сауаптарымның iшiн үңгiп жеп қойыпты. Қауқиған сырты ғана қалған. Бұл құрт не десем – адамдардың мақтауы екен. «Пәленше деген ғалымның бiлiмдiсiай» деген мақтауларға, өзiмнiң «бiлiмдiмiн» деген риям қосылып құртқа айналыпты да, сауаптарымды жеп қойыпты. «Машаллаһ, неткен керемет ұстаз!» – деген сөзге алданыппын. Бiр кезде қайыр-садақаларым үшiн берiлген сауап таразыға тартылды. Пәлен мың адамға садақа берiппiн, қаншама отбасын аштықтан, кембағалдықтан құтқарыппын. Бiр жерлерге үлкен-үлкен мешiттер салыппын. Осындай таудай сауаптарымның ешбiр салмағы болмай шықты. Тағы да iшiнен құрт шығып, жеп қойыпты. Яғни, адамдардың алғысына деген құштарлық, атаққұмарлық, жомарт атану риясы құртқа айналыпты. Сөйтiп, таразының сауаптар жағы босап қалды. Керек десеңiз, ғибадаттарымның өзi сауаптан жұрдай. Оқыған намаздарым, ұстаған оразам, қажылығым, зекетiм – барлығының артында ғурур мен адамдардың мақтаулары тұр. Ағузу билләһ! (Аллаһтан пана тiлеймiн!). Таразым бос. «Ендi ешнәрсесi қалмады ма, тозаққа кететiн болды ғой», – деген дауыстар естiле бастады. Сол кезде: «Мынау қалды, мынау қалды!» – деген дауыс естiлдi. Мен де, адамдар да бұрылып қарасақ, бiр орамал iшiнде екi тiлiм нан, аз ғана халуа келiп таразыға түстi: «Е-е, бұл әйел мен жетiм балаға берген садақам екен ғой». Тағы бiреудiң үнi естiлдi. 2010 № 1 (1)
99
ОЯН.Намыс.kz «Не болды?» – дестiк. Сөйтсем, бұл екi тiлiм нанның сауабы бүтiндей менiкi емес екен, тең жартысы Әбу Насырдiкi екен. Мен болсам: «Өзi де онша үлкен дүние емес едi, жартысы алынып қалды, бұдан не қайыр?», – деп тұрмын. Бiр тiлiм нан таразыға келiп түстi. Қарасам, әлгi бiр тiлiм нан тастай болып қатқан күнәларымды аздап басайын дедi. Ендi құтылуыма азғантай қалған сияқты.
Бүкiл ғұмыр бойы iстеген жақсы амалдарымның бәрiн құрт жептi де, құрт жемеген жалғыз амал қалыпты деседi. Ол қандай амал екен? – дестi бiреулер. Баяғыдағы әйелiмнiң сабыры, баламның сабыры, өзiмнiң сабырым (аштыққа деген) зат болып алдыма келдi. Таразыға салынғанда сауаптар жағы ауырлай бастады. Ендi құтылуға аз-ақ қалдым. «Тағы бiр нәрсесi бар ма, iздеңдер», – деген бұйрық түстi. Ештеңе шықпады. Менi тозаққа сүйретiп әкеткелi тұр. Болды, бiттiм. Осы кезде: «Кiшкентай ғана нәрсе бар екен», – деген дауыс естiлдi. «Ол не?». «Баланы тамақтандырғаны үшiн қуанған әйелдiң бiр тамшы көз жасы». «Бiр тамшы жастан не пайда, онда қандай салмақ болсын», – деп жатыр біреулер. «Жоқ, оны да таразыға салыңдар!», – делiндi. Көз жасы таразыға тартылды. Таразыға түскен көз жасы көбейе бастады. Көбейе-көбейе көлге айналды. Теңiз болды. Бiр кезде осы теңiзден бiр балық шоршып шығып, таразының сауап тұрған басына лып етiп құлады. Сауаптар жағы күнәнi басып кеттi. «Құтылды, құтылды!» – деген дауыстар естiлдi. «Әлхамду лилләһ! Құтылдым!», – деп мен де айқайлап, оянып кеттiм. Оянған соң есiмнен екi сөйлем шықпай қойды. Бiрiншiсi: «Балық қайдан шықты?»– екiншiсi: «Егер де осыны өзiмiзге жегiзгенде балық шықпас едi». Барлық мақтаулар әлемдердiң Раббысы Аллаһқа болсын! Рүстем БЕЙСЕНҰЛЫ
100
Оян.Намыс.kz