76_

Page 1

л жү

Å

№76 (3581)

жі

Бейсенбі

29 маусым 2017

ЕЛ ТӨРІНДЕ – ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР

Гүлжан РАХМАН Ғасырлар тоғысында дүниеге келген кішкентай ғана қала тұрғындары бүгін аттың жалын тартып, азамат атанып, алтын ұясынан біржола ұшып барады. Жүздеріне нұр тұнған тәуелсіз елдің бақытты жастарын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев құттықтады. – Бүгінгі күні сіздер өмірлеріңіздегі ең бір жарқын да сәулелі сәтке толы керемет оқиғаны бастан кешіп тұрсыздар. Он бір жыл бойы оқыған алтын ұяны «Алтын белгімен» аяқтап, ардақты ата-аналарыңыз бен сүйікті ұстаздарыңыздың сенімін ақтадыңыздар! Жалпы қорытынды бойынша биік тұғырдан көрініп, елордамыздың абыройын асқақтаттыңыздар! – деді шаһар басшысы. Айта кетейік, осы оқу жылын бітірген 4978 түлектің 4526-сы ҰБТ тапсыруға өтініш берген болатын. ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушылар саны – 210 (4,9%), оның ішінде 78-і шетелге оқуға түсті, 31 оқушы денсаулығына байланысты, 15-і өз өтініші бойынша, 49 оқушы – босатылған халықаралық олимпиада жеңімпаздары және Назарбаев Университетіне түскен 37 оқушы бар. Астана қаласы бойынша жоғары балл жинағандардың қатарында 137 балл алған – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің түлегі Алтынай Әмірхан. Дәл бүгінгі күні мерейі тасып, білімін дәлелдеп, бал-бұл жанып тұрған Алтынаймен сөйлесіп үлгердік. «Менің бүгінгі жеңісіме ата-анам, ұстаздарым қатты қуанды. Ендігі арманым – жоғары оқу орнына түсіп, математика пәнінің мұғалімі болу» дейді түлек. 135 балл жинаған 4 оқушы бар. Олар – Юлия Лапенко (№6 мектеп-гимназиясы), Фариза Оразбекова (№50 мектеп-лицейі), Тоғжан Оразаева (№65 мектеп-гимназиясы) және Тұрсынай Абельдинова (№4 мектеп-гимназиясы). Сондай-ақ, қала бойынша 1171 оқушы 100-ден жоғары балл алып отыр.

АСТАНА БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ АЯҚТАЛДЫ. БОЛАШАҚҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМДАРЫН СӘТТІ АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕР ҮШІН АЛДА ҮЛКЕН АСУ. ҚАЛАҒАН МАМАНДЫҚТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ОҚУ ОРЫНДАРЫН ТАҢДАЙДЫ. БАС ҚАЛАМЫЗ БОЙЫНША ОҚУДА ОЗАТ БОЛҒАН «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА МЕН ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНҒАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ БАСЫН ҚОСЫП, СӘТ-САПАР ТІЛЕЙТІН «ЕЛОРДА МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ. БІЛІМІМЕН ТАЛАЙ БӘЙГЕЛЕРДІ БАҒЫНДЫРҒАН ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

(Соңы 2-бетте)

ТӨРТІНШІ БИЛЕТ – ТЕГІН «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ 1 ЖӘНЕ 10 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАМАҚ. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ Енді астаналықтар мен қала қонақтары көрмеге кірер кезде үш билет сатып алса, біреуін сыйлыққа алады. Ал демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер көрмені тегін тамашалай алады. Айта кетерлігі, 12 жасқа толмаған балалар міндетті түрде үлкендермен бірге ғана кіре алады. Тағы бір шарт, көрмеге тегін билетті ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

алу үшін балалардың қолында жасын растайтын құжат болуы керек. Сондай-ақ, компания таратқан мәліметке сәйкес, жаңадан енгізілген «Кешкі» билеттер көрмеге 18.30-дан бастап кіруге мүмкіндік береді. Оның құны – небәрі 2 мың теңге, ал демалыс күндері – 3 мың теңге. «Кешкі» деп аталатын билеттер жеңілдік қарастырылған санаттағы азаматтарға да тиімді болмақ. Жеңілдікпен сатылатын билет-

EUR/KZT 362.42

USD/KZT 322.01

тер күндізгі күні 1 мың теңге тұрса, демалыс күндері 1500 теңгені құрайтын болады. Еске сала кетейік, үш айға жалғасатын ЭКСПО көрмесіне құны 50 мың теңге тұратын абонемент алуға мүмкіндік бар. Ал жеңілдік қарастырылған санаттағы азаматтарға оның құны екі есе арзан. Абонемент жеке тұлғаға беріледі, сондықтан қалашыққа кіру үшін жеке куәлікті алуды ұмытпаңыздар.

RUB/KZT 5.46

CNY/KZT 47.26

ІШКІ ТУРИЗМ ІЛГЕРІЛЕЙ МЕ?

6

СЕН АМАН БОЛҒАЙ, СІРІ ЖЕР!

8-9

www.astana-akshamy.kz


2

ЕЛ ТЫНЫСЫ

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы»

www.astana-akshamy.kz

ЕЛ ТӨРІНДЕ – ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР

Елбасына есеп берді елорда әкімі Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңес­ те берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұ­ мыстар жөнінде мәлімет ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақша және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. – Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Астана қаласының әкімі ­ .Исекешев Қазақстан ПрезиӘ дентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.

Сонымен бірге елорда әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

(Соңы. Басы 1-бетте) Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсырушылардың орташа бал 84,65-ті құрайды. Биыл ҰБТ жаңа форматта өткенін айтып кеткен жөн. Егер осының алдында тестілеу аттестат алып, жоғары оқу орнына түсу жолдамасы ретінде қаралса, қазір ондай бағалау жүйесі қарастырылмайды. Осы жолы оқушылар мектепте қорытынды аттестациядан өтіп, ҰБТ-ға өз еркімен өтініштерін берген болатын. Бұл өз кезегінде оларға отандық оқу орнына түсіп, грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін болады. Кеш барысында «Алтын белгi» төс белгісінің иегерлеріне, ҰБТ нәтижесі бойынша үздік балл жинаған үміткерлерге, Астана қаласының намысын халықаралық байқау­ларда қорғап, жеңіске жеткен жеңімпаз-түлектер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне

салтанатты түрде бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, осы оқу жылында 4978 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде 213-і – «Алтын белгi» төс белгісінің иегерлері. Олардың 142 түлегі ҰБТ-ға қатысты. Қалған оқушылары – жоғары оқу орындарының грант иегерлері. Елордалық мектеп оқушылары 11 жыл қатарынан «Қазақстан Рес­ п у б л и к а с ы н ы ң Үз д і к олимпиада командасы» атағын иеленіп келеді. Осы оқу жылында да 274 бала халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, қала қоржынын 65 алтын, 89 күміс және 120 қола медальдармен толықтырды. Міне, осындай табысқа өздері де үлестерін қосқан алғырлар үлкен өмірге жолдама алды. Кеш соңы отандық әншілердің қатысуымен өткізілген керемет концерттік бағдарламаға ұласты.

президент сыйлығы табысталды Қазақстан Республикасының Мемле­ кеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласын­ дағы сыйлықтар мен гранттарын табыс етіп, алғысын жариялады. Елорда әкімі Әсет Исекешев Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Астана туралы үздік материалдарға жарияланған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА Ғалым Қожабеков Ел жүрегіне баланған елордамыздың тыныс-тіршілігін, бас қаламыздың даму динамикасын шығармашылығына арқау Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты шара барысында сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мемлекет басшысының алғысына ие болған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ, Қазақстанның барлық журналис­ терін кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының өкімімен сыйлықтар Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сланбекұлы Сембаевқа және «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Майра Қабиқызы Абдрахмановаға табыс етілді. Гранттар «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Пішенбайұлы Шәріпов пен «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Дмитриевна Магерге тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы «Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» телевизиялық бағдарламасының, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының, Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің және «Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.

еткен журналистердің еңбегі бағаланған байқау қорытындысында «Баспасөздегі мақала» аталымы бойынша «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Зарина Нокрабекова бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші жүл-

делі орынды «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет иеленді. Үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Ғалым Омарханов түйіндеді. Сондай-ақ, электронды ақпарат құралдарының бірнеше қызметкерлері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

қаламгерлерді ҚҰТТЫҚТАДЫ Астана қаласының Ардагерлер кеңесі қоғамдық ұйымы атынан елордалық «Астана ақшамы» газеті қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаған хат келді. «Қала ардагерлері Сіздердің басылымдарыңыздың оқырманы болып табылады. Газет беттерінде адамдар тағдыры, елорда жаңалықтары, аға буын өкілдерінің тұрмыстіршілігі, жастарға патриоттық тәрбие беру туралы,

көптеген басқа да өзекті мәселелер көтеріліп тұрады. Адамдарға көмек көрсету ниетімен жарық көрген әрбір мақалада сіздердің ақиқатты ту еткен шынайы дауыстарыңыз естіледі. Осындай шуақты мереке-

де Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сәттілік, қуаныш және де шығармашылық табыс­тар тілейміз» деп жазылған Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансыз­бай Есілов жолдаған құттықтау хатында.


ЕЛОРДА ТЫНЫСЫ

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы» www.astana-akshamy.kz

ЕЛ ҚҰЛАҒЫН ЕЛЕҢДЕТКЕН

ЕУРОПАЛЫҚ МАРАПАТ ИЕсі

Ирак армиясы Мосулдың бір шетін азат етті

Еліміздің бас ордасында дүбірлеп өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылуы қарсаңында «Астанагорархитектура» ЖШС Лондондағы Еуразиялық сапа зерттеу қоғамының конвенциясының сапа саласындағы жемісті жетістігі үшін «ESQR’s Quality Achievements Awards 2017» жүлдесін жеңіп алды.

Ирак армиясы Мосул қаласының әл-Машахда ауданын «Ислам мемлекеті» содырларынан босатқанын мәлімдеді. Бұған дейін әскерлер қаланың 200-ге жуық қарақшы ұстап тұрған бөлігін азат етуге дайындалып жатқаны хабарланған еді. «Он алтыншы жаяу әскерлер дивизиясы көне шаһар – Мосулдың әл-Машахда ауданын азат етіп, оның үйлері төбесіне Ирак жалауларын ілді», делінген мәлімдемеде. Мосулдағы операция 2016 жылдың қазанынан бері АҚШ бастаған коалицияның қолдау көрсетуімен жүріп жатыр. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади жақын күндері қаланың толық тазартылатынын айтты.

Азамат есенжол Әрине, айтулы сыйлықты жеңіп алу оңай емес. Биыл аталған серіктестік Германиядағы «DQS Sertification» сертификаттау бойынша халықаралық органында қайта сертификаттаудан өтіп, 2020 жылға дейін «ISO 9001:2015» халықаралық стандарт талаптарына жауап беретінін растайтын сертификат алды. Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан Еуразиялық сапа зерттеу қоғамы ұйымы сапа мәдениетіне ерекше мән береді. Сонымен бірге, бизнес жүргізудің жетік тәжірибелері мен технологиялық инновацияларды тануға ықпал жасайды. Жер жүзіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар және мемлекеттік мекемелердің сапасын жақсартуға ұмтылады. Әр жылдары аталған қауымдастықтың жүлдесін әлемдік брендке айналған компаниялар жеңіп алған. Биылғы байқауда Еуропа, Азия,

Нидерланд мұсылмандарды

қырғаны үшін айыпты

Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Австралия секілді елдерден 50 компания номинант болып атанды. – Елбасының Қазақстандағы барлық кәсіпорындар жұмысын халықаралық стандартқа көшіру тапсырмасы бойынша біздің мекеме 2010 жылдан бері аталған жүйемен жұмыс істейді. Жұртшылыққа сол дәрежеде қызмет көрсетеміз. Жыл сайын мекемеде

Гаага халықаралық соты Нидерланд үкіметінің 1995 жылы бұрынғы Югославия жеріндегі Сребенице елді мекенінде мұсылмандардың қырылып кеткеніне жауапты екенін анықтады.

аудит болады. Онда сапалық менеджменттің қалай жүргізілгені тексеріледі. Осы мақ­саттағы жұмыстарымыз жемісті болғандықтан, өткен жылдары да Еуразиялық сапа зерттеу қоғамының дипломын иелендік. Бұл жолы «Алтын» жүлдесін алып отырмыз. Әрине, біз үшін бұл – жоғары марапат, – дейді «Астанагорархитектура» ЖШС директоры Айбат Қасқатаев.

Шешім 27 маусым күні қабылданып, Амстердам билігін аталған анклавта 300 мұсылманның өлтірілгені үшін ішінара айыпты деп тапты. Судьялар БҰҰ миссиясы құрамында болған голланд бітімгерлерінің өз базалары территориясынан баспана іздеп келген мұсылмандарды қорғамай, оларды іс жүзінде серб қарулы жасақтарының азаптауларына беріп қойғандарын да ескерді.

Солтүстік Корея өз iPhoneнын жасап шығарды

ардагерлерге арналған семинар Астана қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдас­ тыруымен Астана Медицина университетінде қарттарға арналған семинар өтті. Нақтырақ айтсақ, басқосуда Ерболат Дәленов пен оның әріптестері егде жастағы қариялардың қалайша жас көрінуге болатынын айтты. Серік Жолдасбай Профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленовтің айтуынша, адамдар талғаммен тамақтануы керек. Егер азаматтар ғалымдардың

нұсқауы бойынша тамақтанса, онда оның жас көрінуіне әбден мүмкіндігі бар. – Егер адамдар жас көрінемін десе, тамақ ішу мәдениетін қатаң сақтауы керек. Бұл деген сөз күн сайын кем дегенде 5-6 рет тамақтану керек дегенді

білдіреді. Мәселен, таңертең аш қарынға екі стакан су ішу керек. Бірнеше жылдан бері сүт қосылған шай мен кофені мүлде ішпеймін. Сондай-ақ, кешкі сағат 18:00-ден кейін айраннан басқа тағамдармен қоректенбеймін, – дейді ол. Семинардан кейін қонақ­ тарға кафедра ұсынған мәзір бойынша дастарқан жайылды. Сондай-ақ, жиын барысында елордалық құрметті дәрігерлер – Болатбек Жүсіпов, Шайза Жұмабаев және Бану Мау­ сымбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Солтүстік Кореяның Mangyongdae Information Technology Corporation компаниясы сыртқы келбеті жағынан қазіргі iPhone-ды еске түсіретін смартфондарды сатуды бастады. Фирма өкілдерінің айтуларынша, Jindallae 3 деп аталатын бұл құрылғы қолдануға өте ыңғайлы және қауіпсіз. Сол сияқты оның дизайны мен операциялық жүйесі КХДР-да жасалғаны айтылады. Бірақ сарапшылар оның Қытайдың моделі негізінде құрастырылғанын алға тартып отыр.

Катар араб елдері ультиматумын қабыл алмады Катар сыртқы істер министрі Мухаммад бен Абдуррахман Аль Тани бірқатар араб мемлекеттері өз еліне тағып отырған терроризмді қаржыландырады деген айыптың негізсіз екенін мәлімдеді.

ТҮН ТЫНЫШЫН БҰЗбау керек жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл сомасы – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК. Әкімдікте түнгі уақытта

құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салу жөнінде шешім 22 маусымда қабылданған болатын. Тыныштықты бұзған жағдайда тұрғындар жергілікті полиция қызметіне немесе 109 нөмірі бойынша шағымдана алады.

«Елорда-ақпарат»

Астана қаласында 5 күннің ішінде ҚР ӘҚК-нің 437-бабы бойынша тыныштықты бұзғаны үшін 35 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.gov.kz сайтында хабарланды. Тұрғындардың түнгі тынышын бұзғандар – «Ықылас құрылыс» ЖШС, «Люксор КЗ» ЖШС, «Миледи М сауда үйі» ЖШС. Заңға сәйкес беймаза уақытта сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін

3

Бұдан бұрын Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр бірқатар Араб елдерінің Катармен терроризмді қолдауды тоқтату жөнінде ешқандай да келіссөз жүргізілмейтінін баяндаған болатын. «Бірқатар елдердің блокада жасауы бар болғаны олардың күдіктерінің дәлелденбегенін ғана көрсетеді, бұл айғақ та, талап қоюшылық та емес» деді ол «Әл-Жазира» телеарнасына. «Талап шынайы және нақты болуға тиіс, өйтпеген жағдайда ол қабылдауға жатпайды», деді Сыртқы істер министрі.


4

ҚАЛА ТІРШІЛІГІ

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

ØÅÒ ÀÉÌÀҚÒÀÐÄÛҢ ÆÀÉÛ ҚÀËÀÉ?

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

КЕШЕ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА ШЕТКІ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОРТАҒА САЛЫНДЫ. МӘЖІЛІСТЕ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АНТОН МАКСИМОВ ПЕН ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАҚТЫБЕК ЖАПАЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ИЕСІЗ ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН БАСПАНА САЛУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРГЕН БОЛАТЫН. АЛАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖҰРТ «ИТТЕРГЕ ЕМЕС, ӘУЕЛІ АДАМДАРҒА БАСПАНА САЛУ КЕРЕК ЕДІ» ДЕП БҰЛ БАСТАМАНЫ СЫНАП ЖАТЫР. БІР ҚАРАҒАНДА, АЗАМАТТАРДЫҢ БҰЛ УӘЖІ ОРЫНДЫ КӨРІНГЕНІМЕН, ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШУ ҮЛКЕН ШАҺАРҒА ҚАЖЕТ-АҚ.

Астанада қазір қаланың шетінде орналасқан 19 тұрғын алабы бар. Оларда барлығы 140 мың халық тұрады. Баяндамашылардың сөзінен ұққанымыз, бұл елді мекендерде атқарылатын шаруа әлі де шаш етектен. Мәслихат депутаттары да өткір сауалдар қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Мәселен, Рамзия Умербаева жаңа әлеуметтік нысандарды салғанда мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы ескеріле ме деген сұрақты қойды. Сондай-ақ, шеткі аймаққа жатпаса да, түйткілдері көп «Шұбар» шағын ауданындағы жағдайға назар аударды. «Бұл шағын ауданға қоғамдық көлік бара қоймайды. Көшелердің өзімен жүру ыңғайсыз. Жаяу жүргіншілерге, соның ішінде балаларға арналған жолдар атымен жоқ. Бұл мәселені бірнеше рет көтергенде, «Шұбар» сүрілуге жататын аудан деген жауапты естимін. Алайда

жағдайға тереңдегенде инвесторлардың жоқтығын көреміз. Бұған қоса, мұнда нөсер суларын ағызатын жүйе мен кәріз жүйесі да жоқ. Шағын аудан сүрілетін болды ма? Әйтпесе, Астананың орталығында орналасқан ауданда тұратын халықтың жағдайы адам төзгісіз. «Шұбардағы» үйлер пешпен жылытылатындықтан, қаланың экологиясына нұқсан келтіріп отыр дейсіздер. Халық сонда басқа не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап беріңізші» деді депутат. Бірінші сұраққа «қазіргі таңда құрылыс нысандарды тапсыру кезінде мемлекеттік комиссияның актісіне қол қою біздің құзырымызға жатпайды. Мойындаймын, осы жағдаймен байланысты жұмысымыз қиындады. Біздің тарапымыздан бұл күрделі мәселелердің бірін бақылау процесі кеміді» деген жауапты берді Антон Максимов. Ал екінші мәселе бойынша жақында Катардан инвесторлар келіп кеткенін, 2025 жылға дейін «Шұбарда» үш мектеп салу жоспарланғанын айтып өтті. Ал шағын аудандағы жолдар тар болғандықтан, тиісті стандарттарға сай инженерлік желілердің құрылысын жүргізу мүмкін болмай тұрғанын жеткізді. «Ол үшін елді мекеннің

www.astana-akshamy.kz

бас жағындағы үйлерді сүруге тура келеді. Ал біз бұған бара алмаймыз. Әрине, бұл өте күрделі мәселеге айналып отыр. Ал шағын ауданды түгелімен сүріп тастау оның тұрғындарына тікелей байланысты. Халық үйлерін қымбат бағаға саудалап тұр. Сондықтан мәселе сол қалпы орнынан қозғалмай тұр» деді қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары. Отырыста өзге де тұрғын алаптарына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Қалалық Энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев оларды жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелерінен хабар берді. Қалаға газ тарту жоспарымен таныстырды. Тұрғын алаптарға қоғамдық көліктің аз қатынайтыны көптен бері айтылып жүр. Бұл мәселе бойынша баяндаған «Астана LRT» компаниясының басшысы Талғат Ардан бәрі сол инфрақұрылымға тіреліп тұрғанын, яғни жолдарды кеңейту керектігін айтып өтті. Қорыта айтқанда, түйткілдер, негізінен, қаржыландырудың жетіспейтіндігінен туындап жатыр екен. Яғни, оның бәрін шешу үшін бюджеттен қаржы көбірек бөліну керек.

ÈÒÒÅÐÃÅ ÁÀÑÏÀÍÀ ÑÀËÓ ҚÀÓ²ÏÒ² ÑÅɲËÒÅIJ

Серік ЖОЛДАСБАЙ «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметі бойынша өткен жылы 1234 адамды ит қауып алған. Сондай-ақ, осы жылдың алғашқы екі айында елордада 85 адамды ит тістегені туралы дерек тіркелген. Осындай оқиғалардың жиі орын алуына байланысты әкімдік иттерге арналған арнайы орын әзірлеп отыр. «Астана ветсервис» директоры Айдархан Арыстановтың айтуынша, орталыққа қажет жер арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ауданында бөлінген. – Жаңа орталықта төрт жүзге жуық ит пен жүзге жуық мысық ұсталатын болады. Орталық аумағында ит пен мысықтарды жаттықтыруға арналып жабдықталған аула салынады. Жануарлар үйі жартылай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. Онда байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңдары, карантинді бөлік және жануарларды стерильдеу блогы болады, – дейді ол. Айдархан Арыстанов қаңғыбас иттерге қамқорлық көрсетуде еріктілердің көмегі көп болып отырғанын атап өтті. Бірақ ол қала басшылығы бөліп отырған қаражат төрт аяқтыларды тамақтандыруға әбден жеткілікті екенін жеткізді. Десек те, жаны жомарт астаналықтар жануарларға ет, сүт, нан әкеліп, қамқорлық көрсетуде. Мысалы, жақында бір

ерікті қыз 80 келі сиыр етін алып келіп, жануарларды тамақтандырып кеткен. Шынында да, қала сыртында орналасқан орталыққа барып, иттерді тамақтандыруға еріктілер көп күш салып жатыр. Солардың бірі – дизайнер-интерьер болып жұмыс істейтін Ирина Скоренцова. Біз орталыққа барған кезде ол көлік қағып кеткен итті рентгенге түсіруге дәрігерге алып бара жатыр екен. – Иесіз иттерге арналған орталық ашылғанын естіп, ерікті болуға бел шештім. Ең алғаш өткен аптада келіп, иттерді тамақтандырып әрі су беріп кетіп едім. Тізім бойынша 16 адам ерікті болуға тіркелдік. Біз кесте бойынша күніне екі рет осында келіп жұмыс жасаймыз. Жалпы, жұмыстан қолым босағанда орталыққа келіп иттерге көмектескен ұнайды. Мұнда мен сияқты келіп, иттерге көмектескісі келетін адамдар өте көп. Біз үйден әкелген немесе кейбір қайырымды жандар тастап кеткен та-

мақты иттерге береміз. Кейбір адамдар «иттерден қорқамыз» деп жатады. Ал мен неге екенін білмеймін, иттер тістеп алады екен деп қорықпаймын. Тіпті иттермен әңгімелесіп, олармен сырласатын кездерім болады, – дейді ол. Біз еріктіден «қаланың сыртындағы орталыққа келіп-кету қиындық тудырмай ма?» деп сұрадық. Оның айтуынша, демалыс күндері орталыққа келіп, 3-4 сағат уақыт өткізу ештеңе өзгертпейді. Сондай-ақ, ол иттерді әлеуметтік желі арқылы иесіне тауып беруге көмектесетінін атап өтті. – Қаланың сыртында орналасқан иттерге арналған орталыққа келіп-кету қиын емес. Біз бірнеше ерікті бірігіп жеке көлігімізбен осында келіп, иттерге қамқорлық жасаймыз. Оның үстіне біздің міндетіміз иттерді тамақтандыру ғана емес, сонымен қатар, оларды өз иесіне тапсыру болып саналады. Мәселен, біз әлеуметтік желі арқылы әр итті

ғаламторға тіркеп қоямыз. Сондағы хабарландыру арқылы осында адамдар келіп, өзіне ұнаған итті алып кете алады. Мәселен, кеше иесіз 4 итті алып кетті. Оның екеуін Ақкөлге, ал қалған екеуін жергілікті астаналықтар асырап алды. Сондай-ақ, жуырда Қарағанды қаласынан арнайы келіп, екі итті алып кетті. Жалпы, мұнда келіп, ұнаған итіңді асырап алуға мүмкіндік бар, – дейді ол. Қаңғыбас иттерге арналған орталық ашу бір қарағанда еріккеннің ермегі болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндай орталықтың ашылуы адамдарға иттер тарапынан төнетін қауіпті сейілтеді. Өйткені өткен жылы – 1234, ал биылғы жылдың алғашқы екі айында 85 адамды ит қауып алған. Егер орталық өз міндетін мінсіз атқаратын болса, иттердің адамдарға шабуылы азаяр еді. Туризм орталығына айналып жатқан елордамыздың көшелерінде иесіз ит пен мысық қаптап жүрсе, бәрімізге сын емес пе?


әлеумет «Астана Ақшамы»

5

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

www.astana-akshamy.kz

береке дарыған шаңырақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Мерейлі отбасы» атты игілікті шара ұйымдастырылып келеді. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттап, көпшілікке өнеге көрсету.

жетімін жылатпаған ел едік... Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйі 100 балаға арналып салынған. Алайда қазіргі таңда балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 70-ке жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Өйткені аталған мекемеден бала асырап алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Тағы бір қуантарлық жағдай, бұған дейін шетелдіктер бала асырап алуға ниет танытса, 2010 жылдан бастап өзіміздің отандастарымыз белсенділік көрсетіп жатыр.

лерге барлық жағдай жасағанын айтады. Мәселен, дәрігер Анар Смағұлова аптасына екі рет бала асырап алуға талпынған азаматтарды қабылдап, оларға көмек көрсетілетінін атап өтті. Осының арқасында 2016 жылы 40-қа жуық, ал биылғы жылдың бес айында 20 бала асырап алынған. Сондай-ақ, өткен жылы 40-қа жуық бала, ал 2017 жылы 17 баланы өзінің атаанасы алып кеткен. – Шыны керек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің азаматтары бала асырап алуға қатты қызыға қойған жоқ. Сондықтан да 1999 жылдан бастап 2010 жылға дейін шетелдіктер елі­­мізден белсенді түрде бала асырап алып отырды. Әйтсе де, соңғы 6-7 жылдың көле­мінде өзіміздің азаматтардың арасында бала асырап алуға ниеттенгендердің саны артып келе

аяқ-қолы тырысып қалған, жазылмайтын еді. Қазір 9 айлық бүлдіршіннің жағдайы жақсарып келе жатыр. Жігер деп шақырсаң естіп, қарайтын әрі күлетін жағ­дайға жетті. Жалпы, оған көрсеткен ме­дициналық көмектің ар­ қ а ­с ы н д а о ң нәтиже беріп жатыр. Бұл біз үшін үлкен же­тістік болып саналады. Себебі ол мұнда жағдайы өте ауыр жағдайда келіп түскен болатын. Қа­зіргі таң­да біз­дің әр топтың өз дәрігері бар. Олар балалардың денсаулығынан бастап та­м ақ­­ тануына дейін көңіл бөліп отыр. Айталық, бір баланың дене қызуы көтерілсе, оның сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір ата-аналар «Мұнда біздің балаларға үйде көрсетпеген жағдай жасалған екен» деп таңғалып жатады. Осы жетістіктердің барлығы мемлекет пен Елбасы саясатының арқасы, – дейді бас дәрігер. Алайда дәрігерлер қанша жерден жақсы қарағанымен, балаларға ата-ананың ыстық ықыласы жетіспей жататынын жасырмайды. Сондықтан да мекеме басшылығы балаларды асырап аламын деу­ші­

жатыр. Оның үстіне бала асырап алушылар тек қана Астанадан емес, сонымен қатар, еліміздің әртүрлі айма­ғынан хабарласып жатады. Бұл, әрине, біздерді қуан­ тып отыр. Біздің мекеме 100 балаға арналғанымен, қазіргі таң­да мұнда 70 бала тәрбиеленіп жатыр, – дейді дәрігер. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жүздеген балаларды шетелдіктер бауырына басты. Бұл мәселе туралы кезінде қазақ бұқаралық ақпарат құралдары дабыл қағып, үздіксіз мақала жазып отырды. Осының арқасы болуы керек, соңғы жылдары шетелдіктерге бала асырап алуға мораторий жарияланды. Ал осындай сәтте өзіміздің отандастарымыздың қалыс қалмай, жетімін жылатпауы қуантарлық жағдай болып отыр.

Серік Жолдасбай 1933 жылы ашылған балалар үйіне 1986 жылы «Мамандандырылған деген статус берілді. Себебі балалар үйіне орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, ойлау, даму қабілеті тежелген мүгедек балалар қабылданады. Бүгінде мамандандырылған балалар үйі төрт бірдей міндетті атқарып отыр. Оның ең біріншісі, панасыз қалған әрі мүгедек балаларға ақысыз медициналық көмек көрсету болып саналады. Нақтырақ айтсақ, бүлдіршіндерге қосымша медициналық көмек көрсетіп, қажет жағдайда сауықтыру, емдеу шараларын жасау. Екіншісі, балаларды асырап аламын деген ата-аналардың тәрбиесіне беру болса, үшіншісі – мүгедек балаларды жасы келген кезде басқа медициналық орындарға ауыстыру. Төртіншісі және ең бастысы төтенше жағдай кезінде балаларға тиісті арнайы медициналық көмек көрсету болып отыр. Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сауле Кенжебаеваның айтуынша, бүлдіршін­ дерге мекеме қыз­меткерлері жанжақты жағ­дай жасап жатыр. Осының арқасында ол мекемедегі бүлдіршіндердің жағдайы жақсарып жатқанын атап өтті. – Біздің орталықтың қызметкерлері көрсеткен көмектің арқасында жағдайы жақсарып кеткен балалар баршылық. Мәселен, орталыққа түскен кезде Жігер деген баланың

Ө

негелі отбасыларының мерейін өсіру, әрине, құптарлық бастама. Алайда елімізде қаншама үлгі боларлық қарапайым отбасылар да бар. Мәселен, мен аяулы ана, адал жар, әдемі әже болып отыр­ған Мафруза Кулованы үлкен әулеттің отанасы десем қателеспеймін. Бұрын Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында тұрған еді. Өмірлік серігі Оралбай мен ұлдары Мереке, Қайрат, Саят және Қанаттың арқасында Астана қаласына көшіп келіп, осындағы Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында үлкен үй салып алды. Оралбай да, Мафруза да өте еңбекқор жандар. Балалары да өздеріне тартқан. Қанша жыл араласып келеміз, бір баласының жұмыссыз жүргенін көрген емеспін. Сондықтан да үйлерінде береке бар. Келіндері Ботагөз, Жұлдыз, Құралай, Анар, қыздары Толқын, Бақытгүлдің әрқайсысы өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарады. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете біледі. Әрқайсысы әр салада қызмет етеді. Атааналары балаларына үлкен еңбек сіңірсе, бүгінде балалары да үмітті ақтап келеді. Оларда көп адамдарда жетіспейтін қасиет бар. Қуанышқа қуана біледі, бақытты бағалай біледі. Үйлерінен қонақ үзілмейді. Бірде аруақтарына қадірлеп құран оқытып жатса, енді бірде балаларының, немерелерінің туған күнін тойлап, қуаныш сыйлап жатады. Ата-ананың жақсы өнегесін көріп өскен балалары мен келіндері де биіктен табылып келеді. Аналары мен әкелерінің мерейтойларын көпшілікпен бірге атап өтті. Қонаққа келген туыстар, достар мен жерлестердің бәрі де ұл-қыздарына, келіндері мен күйеу балаларына ризашылық білдірді. Қолдарында отырып, ата-енесін бағыпқағып отырған ибалы, кішіпейіл Ботагөз келіннің шын жүректен айтқан тілегі көпті толғантты. «Сіздер сияқты ата-енем болғанына құдайға мың рақмет, басымызда үйіміз бар, жұмысқа кетсек баламыз бағулы. Сіздерге алғысымыз шексіз» деп тебіренген келінге үлкендер жағы ризашылық білдіріп жатты. Расында, Мафруза немерелерін, жиендерін көзден таса етпей бағып-қағудан жалыққан емес, өте балажан. Немерелердің алды да қызығын көрсете бастады. Арайы оқуын бітіріп, әкімдікте қызмет атқарады. Әнуары Қарағандыдағы Т.Бигелдинов атындағы әскери училищені бітіріп, Алматының жоғары оқу орнына түсті. Жаны таза, адамгершілігі мол Оралбай мен Мафруза достыққа да адал жандар. Қиналғанға қол ұшын бере біледі, қуанғанның жақсылығын бөліседі. Жарас­ты жұп бірер жылда алтын тойларын тойламақ. Сағадат ҚАБЫЛДИНА, журналист


6

қала мен сала

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ішкі туризмнің дамуына үлкен серпін болғалы тұр. Көрмені көрмекке шалғай ауылдардан келіп жатқан адамдардың қарасы, қаздай тізіліп қол ұстасып, Астананы көрікті жерлерін аралап жүрген оқушылар көптен жоғалтып алған көріністі көз алдымызға елес­ теткендей болды. Қазіргі күнде елулерді еңсеріп қалғандарға жақсы таныс Кеңес Одағы кезінде мектеп оқушыларының демалысы да саясаттандырылатын. Сондықтан да жыл он екі ай каникул басталғанда алды Мәскеуге, соңы облыс орталығын аралап көруі шарт болатын. Бүгінде бұл саясаттың экономикалық астары да алға шығып жатыр. Оны ішкі туризм деп атап, елтану, өлкетану, жер көру сияқты рухани мағынамен толтырып, оның болашағынан үміт күтіп отырған жайымыз бар. Алайда әлі де оның оң аяғынан тұрып кетер жайы жоқ. Айгүл УАЙСОВА Осыдан бірер күн бұрын өткен ҚР Үкіметі отырысында туристік саланы да­мы­тудың 2023 жылға дейін­гі жаңартылған тұжы­ рымда­масын іске асырудың мақсаттары мен амалдары туралы айтты. Сала алды­ на ІЖӨ құрылымындағы туризм үлесін 2025 жылға қарай 8%-ға дейін артты­ ру және елімізге келушілер туризмінің 100 пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндетін қойды. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі құралы ісшаралар жоспары болмақ. Жобалық басқару аясын­ да нақты индикаторлар бел­ гіленген, оларға сәйкес еңбек өнімділігі жыл сайын 4-5%ға, халықтың жұмыспен қам­ тылуы 5%-ға ұлғайып отыра­ ды. Бұл Қазақстан экономикасы құрылымындағы туризм үлесін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мамандардың айтуынша, бүгінде туроператорлардың 95%-ы тек сыртқа шығу ту­ ризміне бағытталған. Үкімет оты­рысында туроператорлар құзыретті органдармен бірге Қазақстанды ішкі, сондай-ақ, сыртқа шығушы туристерді де тартуы тиіс мекен ретінде ай­ қындауы керек деп баса айтты.

«Астана Ақшамы»

Ішкі туризм ілгерілей ме?

Елордада ғана 120 ту­ ристік фирма жұмыс іс­тей­ ді. Ішкі туризмнің тұра­лап қалуының себебін сұра­ған­ ымызда, алдағы іс-шаралар жоспарына енгізілуі тиіс бір мәселені көтеріп, Ұлттық туризм ассоциациясының президенті Гауһар Жеңісбек былай деп жауап берген еді: «Қауымдастығымыз осы мә­се­ лелермен айналысуда. Қазақ­ стандықтар өз елін ара­­лап, та­рихи жерлері мен қасиетті орындарында болып, туған өлкесінің сырына үңіліп, ұланғайыр жердің иесі екенін сезіне білуі тиіс. Оны мектеп жасы­ нан үйретіп, оқушылардың демалысында пойызға салып алып, бүкіл Қазақстанды ара­ латып шығуға мүмкіндік бар. Бірақ бұл мәселені ұлттық деңгейде көтеріп, мемлекет тарапынан қолдау болмаса, ішкі туризм бір бөлігі ретінде алға дамымайды. Ішкі ту­ ризммен айналысатындардың аз болуы да – сұраныстың жоқ­­тығынан. Егер жаппай сұраным болып, елтану мә­ селесіне салғырт қаралмаса, онда инфрақұрылымдар қа­ лыптасып, туристік фирма­ лар жұмысы тұрақты ұсыным бойынша жұмыс істеп, бағдары анықталар еді. Әзірге халықтың басым бөлігі демалыстың не екенін білмей жүрсе, қол жеткендері Түркия асып, демалысқа кетіп жатқаны рас».

елордалықтар қайда демалады?

Бүгінде он күнге Түркия теңіздерінің жағалауында дема­ лу үшін екі адамға ең аз деген­ де 600 мыңдай теңге керек. Ал­ тын құмы баураған суы мөлдір жағажайлы теңіздері болмаса да, сулы-нулы жері жеткілікті.

Бірақ елордалықтар сонда де­ мала ала ма? Құрылым қалыптасса Бура­­­байдың нулы жағасы, Баянауылдың Сабынды көлі, Жасыбайдың мөлдір суы, Қарқаралының Шайтанкөлі Жерорта теңізіндегі демалыс­ тан он есе арзан түсер еді. Бірақ сол жерге бастап апарып, ор­ наластырып, алып кететін ту­ роператорларды күндіз шам іздеп таппайтыныңыз рас. Балқаштан балық аулағысы келгендер мен Алакөлдің емдік қасиеті бар суына шомылу да – аттылының ғана аяғы жететін арман жер. Жаз болса, бағасы арзан деп Көкшетаудың бөктерін ре­ сейліктер толтырады екен. Іргесінде тиіп тұрған қара­ пайым елордалықтың оған жетуі күшке түседі. Өкініштісі,

Халықтан сұраныс болуы үшін де демалыс мәдениетін қалыптастыру үшін де санамызда өзгеріс, жүрегімізде отаншыл сезім ұялауы керек. Әзірге туроператорлар «ақпарат жоқ», «насихат кемшін», «құрылым дайын емес», «менеджмент жоқ» деп ауыздарын құр шөппен сүртіп қойып, қалтасында артық ақшасы барды шетел асырып қана отыр. Әйтпесе, қала маңында демалу ерінбегенге екі-ақ күндік жол еді ғой

оны жарнамалап, насихатын беріп, саламатты өмірге ба­ стайтын осы бір жан раха­ тын жеткізіп жатқан ешкім жоқ. Сол себепті де жаппай барып жатқан жан болмаған соң, Бурабайдың суы да күннен күнге қымбаттап ба­ рады. Ол түгіл, таяқ тас­ там жердегі Қорғалжынның керемет табиғаты да, жа­ байы қазы жұмыртқалап, аққулары көгілдірін түлетіп, қоқи қаздың ұялаған кездері де қазақстандықтар түгіл астаналықтар үшін жұмбақ бо­ лып отыр. Шаһардың шетіндегі «Сарыоба» аталатын тұзды көлдің суына жеткізетін жол­ ды жөндеп, жағалауын жайлы етпеген соң қалалықтардың игілігіне айналмай отыр. Тайтөбе, Есіл-Нұра, Майбалық туралы несіне айтамыз? Халықтан сұраныс болуы үшін де демалыс мәдениетін қалыптастыру үшін де сана­ мызда өзгеріс, жүрегімізде от­ аншыл сезім ұялауы керек. Әзірге туроператорлар «ақпарат жоқ», «насихат кемшін», «құры­ лым дайын емес», «менед­ жмент жоқ» деп ауыздарын құр шөппен сүртіп қойып, қалта­сында артық ақшасы бар­ ды шетел асырып қана отыр. Әйтпесе, қала маңында дема­ лу ерінбегенге екі-ақ күндік жол еді ғой. Бұрындары астаналықтар демалыс күндерін Алма­ тыда өткізетін. Бүгінде бұл үдеріс тоқтады деуге болады. Кәуап жеп, хауызда шомы­ лып, алаңсыз демалуға қала шетіндегі демалыс үйлері, аңшының үйі деп аталатын оңаша отаулар, одан қалды эко­ ауылдарды да салып тастаған. Мұның көбі қарапайым халық­ тың табаны тиетін жер емес.

www.astana-akshamy.kz

Арнайы той-мерекені атап өтпесе, демалысқа, қалтаға жайлы жер дей алмайсың. Астаналықтар үшін тағы бір тартымды ұсыныс бар. Ол – түрлі шипажай, санато­ рий, Алматының демалыс үйлері. Ол – ішкі туризмнің бір бөлігі. Ол туралы «Три Кита» туристік фирмасының дирек­ торы Екатерина Колесникова былай деді. «Біздің фирманың құрылғанына он жылдан асып кетті. Жылына 10 мың адамды Қазақстан мен ТМД елдеріндегі түрлі курорттарға жібереміз. Туристердің бір легі Ресейден келеді. Қытайлықтардан да сұраныс бар». Атақты Мойынты, Қапал-Арасан, Сарыағаш, Жаңақорған, Арыс ши­ пажайлары демалыс пен денсаулықты қатар түзетуге таптырмайтын орындар екені рас. «Саят» туристік фирмасының директоры Инна Рей ішкі туризмді дамытудың тиімді жолы деп өз ойымен бөлісті. «Егер ішкі туризмнің мәселелерін шешіп, оны бұқараға қолжетімді еткіміз келсе, онда жұмыс берушілер жұмыскерлерінің бірер ап­ тасын кезекті еңбек демалы­ сына зиянын тигізбейтіндей етіп, шипажайларда демалуға мүмкіндік бергені жөн. Осы арқылы шипажайлардың құрылымы жақсарып, халық­ тың да демалысын тиімді өткізуге көзқарасы өзгереді. Білім беру, денсаулық сақтау саласы кәсіподақтары арқылы алынатын жолдамалармен өз елімізде демалысқа жіберіп, біраз жөнге қойылып қалды. Осы үрдісті кеңейтуге күш са­ лынуы тиіс».

Астана туризм қаласы ма?

Туризм мамандары қала әкімдігінің Астананы ту­ ризм қаласына айналдыруға бағыттаған көп үміт күтеді. Дегенмен қалалықтар үшін ту­ ризм қаласының тұрғынының жауапкершілігі, турист кім, туризм саласының дамуына қалай қатысымыз бар деген ұғымдарды түсіне білу керек сияқты. Егер турист келетін қала болса, онда біздер қала тұрғындары да солай қарай икемделуіміз керек. Осыдан біраз уақыт бұрын, атақты еуропалық қалалардың бірінде тұрғындар ішкенжегендерін отырған жеріне тас­т ап, айналасын ластап, одан қалды сырттан келген­ дерге де аса мейірімді болмап­ ты. Содан қала басшылары бұл олқылықты болдырмас үшін мемлекет деңгейінде жұмыстар атқарып, бүгінде бұл қала ірі ту­ ризм орталығына айналып отыр екен. Алдағы уақытта барша қазақ­­­­ стандықтардың ел жүре­гіне ықыласы артып, ал аста­на­ лықтар демалысын еліміздің өзге аймақтарында өткізуге асықса, ішкі туризм жандана­ тыны сөзсіз.


7 №76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы» www.astana-akshamy.kz

КАТАРДЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӨКЖИЕГІ Айгүл УАЙСОВА

ЭКСПО-2017 көрмесінде Катар павильоны мемлекеттің Ұлттық күнін атап өтті. Катар мемлекеті мен Қазақстан Республикасының ресми делегациялары қатысқан шарада екі елдің ән ұраны айтылып, екі ел байрағын көтеру рәсімімен басталды.

Еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов құттықтау сөзінде, Қазақстан мен Катар арасындағы ширек ғасыр­ ға жуық ынтымақтастық жылдарындағы орнықты қарым-қатынас орнағанын және қазір барлық сала бойынша өзара бай-

көңіл бөледі. Біз жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайынбыз және өзара тиімді серіктестік қатынас құрудан үмітіміз бар» деп Солтан Бин Саад Ал-Мурайхи мырза өз ойымен бөлісті. Катарда мемлекеттік,

ланысуға толық жағдай жасалғанын атап өтті. Одан кейін павильон қонақтарын Катар мемлекеті Сыртқы істер министрі Солтан Бин Саад Ал-Мурайхи мырза құттықтап, шөл даладағы шағын мемлекеттің қысқа мерзімде қалайша экономикалық көрсеткіштері жоғары алдыңғы қатарлы елге айналғаны туралы айтып берді. – Катардың мұнай мен газға бай шикізат елі екеніне қарамастан, мемлекет баламалы энергетика мен жоғары технология сұрақтарына көп

мемлекеттік-жеке серіктес­ тік түрлі жобаларды жүзеге асыруға арналған қолайлы инвестициялық климат жасалған. Сонымен бірге, Катар-2030 ұлттық стратегиясына сәйкес түрлі саларда, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларында инвестициялық мүмкіндіктердің болашағы зор. Үнемі даму үстіндегі елдің «Катар-2030» ұлттық стратегиясы адам әлеуетін өсіруге бағытталған. «Сана энергиясы өмірдің мәні болып табылады» деген Аристотель философиясына сүйене келе, адамның энер-

гиясынсыз ешнәрсеге қол жеткізуге болмайды деген ұстаным Катар павильонында жақсы түсіндіріледі. Және бүгінгі адамзаттың есінде жүретін, «адамзат жаңа энергия көздерін іздеу үстінде қолда бар ресурстарды сақтау және олардың саналы қолдануының маңыздылығын, әрқайсымыздың осы үрдіске өз үлесімізді қосу қажеттігін тағы да еске салады. «Жаңа энергетикалық көкжиек» аталатын Катар павильоны энергияның баламалы көздерін зерттеудегі және жасаудағы мемлекет жетістіктерін насихаттауға арналған. Мұнда қонақтар күн энергиясын пайдалану және болашақ технологиясын қолдану жөніндегі Катар компанияларының зерттемелеріне, елдің тұрақты дамуы үшін және халықтың энергетика ресурстарына ұқыпты қарауын қалыптастыру үшін жасалып жатқан шараларға қаныға алады. Бұдан бөлек, төрт тақырыптық аймаққа бөлінген павильонда көрме қонақтары Катар мемлекетінің тарихымен, мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктерімен таныса алады. Мерекелік шараның ресми бөлімінен кейін құрметті қонақтар Қазақстанның «Нұр әлем» павильонын аралап, Таяу Шығыстағы танымал өнер ұжымы «Maqam Ensemble» өнерін тамашалады.

РЕСЕЙ ПАВИЛЬОНЫНА КЕЛУШІЛЕР КӨП «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілер саны 425 377 адамға жетті. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ Жалпы 10-27 маусым аралығында көрме нысандарына 2 774 527 адам келіп кетті. Халық ең көп барған павильондардың көшін әзірге Ресей бастап тұр. Өзбекстан мен Үндістан – екінші және үшінші орында. Әзербайжан мен Африка елдерінің мәдениетімен танысқысы келетіндердің де қатары аз емес екен. Тізімді тарихы тереңде жатқан қос ел – Мысыр мен Қытай жалғады. Келушілер Түркия мен Сауд Арабия Корольдігіне де қызығушылық танытқан секілді, олар сегізінші және тоғызыншы орынға жайғасты. Ал джунгли әлеміне саяхаттауға шақырған Малайзия үздік ондықты түйіндеді. Көрмеде халықаралық павильондардан басқа жұртшылық баратын нысандар жетерлік. Шетелдіктер тұр-

мақ қазақстандықтардың өзін таңдай қақтырған «Нұр Әлем» ұлттық павильоны халықтың көңілінен шықты деуге негіз бар. Аумаққа келгендердің саны рекордтық көрсеткішті көрсетіп тұр. Халық ең көп бас сұққан нысандардың қатарында деп коммерциялық павильондарды, «Шелл» балалар зертханасын, дю Солей циркін, екі тақырыптық павильонды, амфитеатрды, шығармашылық энергия аймағын, корпоративтік павильон мен балалар саябағын айтуға болады. О с ы уа қ ы т қ а д е й і н қ а уіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді. Олардың басым бөлігі ересектердің балалардан көз жазып қалуымен байланысты. Ал күн өту, әлсіреу және тағы басқа оқыс салдарынан, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендердің саны 146-ға жетті.


8

ҒАЛАМШАР

ҒАЛАМШАР

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

www.astana-akshamy.kz

руімен күресіп жатқан қорларға айтарлықтай сомадағы қаржылар бөлінуі керек. АҚШ-тың мұның алдындағы президенті Барак Обаманың әкімшілігі 2015 жылы оларға алдағы бірнеше жылдың ішінде $3 млрд көлемінде қаражат бөлуге уәде беріп, өткен жылы соның $500 млн-ын аударып та қойған еді. Метеобақылау жүргізіле бастаған 1880 жылдан бергі ең ыстық жыл деп 2016 танылды. 2014, 2015 те ыстық жылдар. Алайда, Дональд Трамптың қазіргі мәлімдемесі бойынша, Париж келісімінің АҚШ үшін ешқандай да пайдасы жоқ болып шықты. «Олар Америка туралы ештеңе ойламайды, ал мен ойлаймын. Барлық уақытта да ойлайтын боламын» деді ол. Атап айтқанда, келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда Құрама Штаттар 2025 жылға қарай 2,7 млн жұмыс орнын жоғалтады. Мұнда ең алдымен Трампқа дауыс берген сайлаушылардың басым бөлігі шоғырланған мұнай және көмір өндірісі салалары зардап шеккелі тұр. Әрбір мемлекет планетаның емес, өз елінің экономикалық жағдайын, сайлаушыларының әл-ауқаты артуын ғана ойласа, табиғатты жыртқыштай талқандап, бүлдіре берсе, онда Жер-Ана жетім қалатыны, ұзамай барша адамзат апатқа ұшы-

Еркін ҚЫДЫР Дональд Трамптың мәлімдемесі күллі әлемге бұлтсыз күнгі найзағайдай қатты әсер етті. Ол өзінің кесімін жариялап оралған бойда, дөңгелек кабинетке Германияның канцлері Ангела Меркель қоңырау шалып, Америка әкімшілігінің бұл шешіміне өзінің өкінішін айғақтады. Франция президенті Эммануэль Макрон да телефон соғып, АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы онымен бұл келісімнің аясында бұдан әрі келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығаратынын баяндады. Вашингтонның «есікті тарс жауып шығып кетуіне» Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен Австрия президенті Александр Ван дер Беллен де алаңдаушылық білдірді. Осындай өкініш білдірген мәлімдемелермен Ұлыбритания, Мексика, Жапония және басқа да елдердің басшылары да шықты. Боливия президенті Эво Моралес АҚШ билігін күтпеген жерден климат жөніндегі келісімнен шығуы арқылы «Жер-Ананы сатып кетті» деп айыптады. Трамптың бұл шешіміне халықаралық ұйымдар да өз өкініштерін білдірді. Мысалы, БҰҰ-дағылар Трамптың тірлігін «үлкен өкінішті іс» деп атаса, Еуропалық одақтағылар

СЕН АМАН БОЛҒАЙ, СІРІ ЖЕР! Брюссельдің Париж келісімі шарттарын орындауды жалғастыра беретінін, бірақ одан АҚШ-тың шығып кетуі күллі планета үшін айтарлықтай залал келтіргелі тұрғанын мәлімдеді. АҚШ-тың өзінде президенттің хабарламасы біраз ашу-ыза тудырды. Осыған байланысты бұл шешімге қарсы шығушылар қолдарына Париж келісімін қолдайтындарын білдірген плакаттар ұстап, Ақ үйге қарай ағылды. Бұдан бөлек, Американың Калифорния, Вашингтон және Нью-Йорк секілді 3 штатында федералды биліктің шешіміне келіспеген топтар көшеге шығып, өздерінің климат жөніндегі келісімді қолдайтындарын айғақтады. Ал The Walt Disney Company компаниясының басшысы Роберт Игер бұған қарсылық ретінде президенттің барлық кеңестері құрамынан шықты. Осыған байланысты мейлінше шешімді пікірді америкалық миллиардер, Tesla,

SpaceX және PayPal инновац и я л ы қ ко м п а н и я л а р ы ның тең құрылтайшысы, сонымен бірге, Трамптың кеңесшілерінің бірі Илон Маск айтты. Ол «Париж келісімінен шығу Америка үшін де, әлем үшін де жақсы емес» екенін мойындай отырып, өзіне «Ақ үйдің жанындағы кеңесті тастап шыққаннан басқа амал қалмағанын» баяндады. Ал көп жағдайда Париж келісімі бастамашыларының бірі болған АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама одан шығу арқылы «Трамп әкімшілігінің болашақты тәрк етіп отырғанын» тілге тиек етеді. Сол сияқты Еурокомиссия өкілдері АҚШ-тың келісімнен шыққанына «өкініш білдіре келіп», мұның әлем қауымдастығы үшін «қаралы күн» екенін атап өтеді. Сонымен бір мезгілде Франция президенті Эммануэль Макрон бұдан да гөрі қатқылдау сөйлеп, «Трамптың бұл шешімі АҚШ-тың мүддесіне де, бүкіл планетаның болашағына да залал келтіретінін»

айтты. «Климат жөнінде адаспаңыздар, – деді Макрон. – «Б» деген планетаның жоқ екені сияқты, «Б» деген жоспар да жоқ». Планетаға тасталатын көмірқышқыл газдың 14 пайызы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Осыдан-ақ Құрама Штаттардың бұл істегі алатын орны мен маңызының қаншалықты жоғары екенін байқауға болады. «Америка – бірінші кезекте, Жер – ең соңынан». Президент Дональд Трамптың әрекетіне «Оскар» сыйлығының лауреаты, көптеген деректі фильмдер режиссері Майкл Мур осындай баға берді. Бұған дейін саяси мәселелердің бәріне бейтарап қарап келген Голливуд ашу-ызаға толы твиттерден жарылып кетуге шақ қалды. «Бүгін бүкіл әлем зардап шекті» деді актер Леонардо Ди Каприо. «Мен сізге балаларыңыз туралы, олардың балалары мен әлемнің барлық балалары туралы ойлаңызшы деп жалбарынамын» деп жазды әнші Кэти

Перри президентке. Париж келісімі деген не және Трамп мәлімдемесінің оған қандай зардаптары тиюі мүмкін, енді соған келейік. Ол 2015 жылғы 12 желтоқсанда қабылданып, 2016 жылдың қарашасында күшіне енді. Ол бұған дейінгі мазмұны ескірген Киото хаттамасының орнын басты. Келісімге 194 ел қатысып, 106 мемлекет оны ратификациялады. Былайша айтқанда, әлемнің барлық державалары адамзат баласының тарихында тұңғыш рет климаттың өзгеруін тоқтатуға бірлесіп күш салуға келісім жасасты. Әлем қауымдастығы үшін АҚШ-тың бұл келісімге қатысуының маңызы айрықша зор болды. Себебі Құрама Штаттар бұған дейін 1997 жылы қабылданған Киото келісіміне қол қойғанымен, оны ратификация жасамаған еді. Келісімнің басты мақсаты планетадағы жаһандық температураның орташа өсімін 2100 жылға қарай Цель-

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

ОСЫДАН БІР АЙ БҰРЫН, 1 МАУСЫМ КҮНІ, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМП ҚҰРАМА ШТАТТАРДЫҢ КЛИМАТ ЖӨНІНДЕГІ ПАРИЖ КЕЛІСІМІНЕН ШЫҒАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ. ОЛ МҰНЫ АҚ ҮЙДІҢ АЛДЫНДАҒЫ ҚЫЗҒЫЛТ БАҚТА ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАРИЯ ЕТТІ. СОЛ ШАМАДА МӘСКЕУГЕ ҚАР ТҮСТІ, АЛ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ БІР ӘЙЕЛ ҮСІК ШАЛЫП, ҚАЙТЫС БОЛДЫ. ТРАМПТЫҢ АЙТУЫНА ҚАРАҒАНДА, КЛИМАТ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ БАСҚА ЕЛДЕРГЕ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛҒАНЫМЕН, АҚШ-ТЫ ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙДА ҚАЛДЫРЫП ҚОЙҒАН. ОЛ ӨЗ СӨЗІНДЕ, СОНЫМЕН БІРГЕ, АҚШ-ТЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНДЕ ӘЛЕМНІҢ ЛИДЕРІ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕТІНІН МӘЛІМДЕДІ. АҚШ-ТЫҢ 45-ПРЕЗИДЕНТІ ПАРИЖ КЕЛІСІМІНЕН ШЫҒАТЫНЫН ЖАРИЯ ЕТЕ КЕЛІП, ӨЗІНІҢ ШТАТТАР ҮШІН ҚОЛАЙСЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРГЕ, КЕЛІСІМДЕР МЕН ОДАҚТАРҒА ҚАТЫСУДАН БАС ТАРТАТЫНЫ ТУРАЛЫ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ УӘДЕСІН ОРЫНДАП ОТЫРҒАНЫН ЖЕТКІЗДІ.

сий бойынша 1,5 градустан асыр мау болып табылады. Ғалымдар жанған отыннан атмосфера қабатына тасталатын көмірқышқыл газының көлемі көбейіп кетуі нәтижесінде ауа райының күрт жылынуы планетаның экологиясы үшін орны толмас залал-зардаптарға апарып соқтыруы мүмкін дегенді айтады. Бұл үшін әлем елдерін ауаға көмірқышқыл газын жіберу мөлшерін азайтуға және көмір мен көміртегі жағудың орнына «жасыл» технологияға көшуге мәжбүр ету болып табылады. Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-ның «жасыл энергия» тақырыбын таңдауы кездейсоқтық емес. Адамзат баламалы қуат көздеріне көмір, мұнай таусылғаннан емес, экологиялық апаттың алдын алу үшін бет бұру керек. Дамыған елдер жыл сайын (2020 жылға дейін) көмірсіз экономикаға көшулері үшін дамушы елдерге $100 млрд көлемінде қаржы беруге тиіс. Климаттың өзге-

райтыны ақиқат. Осы ретте АҚШ-тың қазіргі президенті өзінің жаһанды жайлап бара жатқан жылу теориясына сенбейтінін бұған дейін бірнеше рет мәлімдеп, оны «сандырақ» деп атағанын да айта кетейік... Париж келісіміне сай әрбір ел одан шығатынын үш жыл бұрын ескертуі керек. Ал елдің шығу процесінің өзі содан бір жыл кейін жүзеге асады. Демек, АҚШ кемінде Трамптың президенттік мерзімі толық біткенше ресми түрде Париж келісімінің құрамында қала береді. Бірқатар сарапшылардың айтуларынша, АҚШ-тың келісімнен шығуы әл-қуаты кем, жіліншігі бос Африка мемлекеттерін, Азия мен Оңтүстік Американың бірқатар елдерін қаржыландыру жайын нашарлатып кетеді. Мұнымен қоймай, Құрама Штаттардың бұл әрекеті басқа бірқатар елдерді соңынан ертіп әкетуі немесе олардың көміртегімен ауаны ластауды қысқарту

9

жөніндегі іс-қимылдарын шектеп тастауы мүмкін. Мәселен, көпшілік тұрғыны жаппай жоқшылықты бастан кешіп отырған Үндістанның енді ішкі қысымға ұшырап, өз шешімін қайта қарауға мәжбүр болуы да, сондай-ақ, Ұлыбритания мен Қытайдың АҚШ-тың ізімен кетуі де ықтимал. «Үлкен жетілік» мемлекеттерінің басшылары 27 мамырда Италияда аяқталған өзінің саммитінде Дональд Трампты Париж келісімінен шығу жөніндегі ниетінен бас тартуға үгіттеп бақты. Бірақ бәрібір онымен ортақ тіл табыса алмады. Сондықтан қорытынды декларацияда олар АҚШ-пен позициялары келіспегенін мойындауға мәжбүр болды. Сарапшылар қазір бүкіл әлемде қалдықтарды ауаға тастау көрсеткіші бойынша 14 пайыздық үлес алатын Құрама Штаттардың өз міндеттемесін осылайша азайтып алуы жаһанның климат өзгеруінен құтылуға деген талпынысын жоққа шығарады деген қауіп айтып отыр. Мұндағы мәселе АҚШ-тың Париж келісімінен шығуына ғана тіреліп тұрған жоқ, оның соңы басқа да бірқатар елдердің кетуіне ықпал етуі ықтимал. Осындай қауіп білдірген BusinessEurope ассоциациясының бас директоры Маркус Бейрер әлі де болса Трамптың шешімі өзге елдерге, әсіресе, экономикасы дамыған мемлекеттерге дүмпу бере қоймайтын шығар деп үміттенетінін айтады. Мұндай дабылды Америка сарапшылары да қағып жатыр. Америка прогресі орталығының президенті Ниира Танден Ақ үй басшысының бұл әрекетін «Америка экономикасы, ұлттық қауіпсіздігі мен қоғам саулығы үшін ойланбай жасалған қадам» деп атады. Сарапшы мұны «климаттың өзгеруі қазірдің өзінде бәрін барынша қымбаттатып жатыр, ол біздің әскери активімізге қауіп төндіріп, күллі әлемдегі саяси тұрақсыздық тәуекелін көтере түседі» деп түсіндірді. Ал ақпараттық технологиялар және инновациялар үкіметтік емес қорының мамандары (ITTF) АҚШ-тың «Париж келісімінен шығуы оның әлемдік көшбасылықтан бас тартуы болып табылады» деп есептейді. Олардың пікірінше, бұл «келісімге деген сенімге селкеу түсіріп, басқа елдердің осы бағытты берік ұстануына кедергі келтіреді». ITTF сарапшылары мұның «АҚШ-тың енді өзара алаңдаушылық тудыратын басқа мәселелер бойынша өзге мемлекеттермен мықты альянс құруын да қиындата түсетініне» болжам жасайды.

КЕЛІСІМНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ПЛАНЕТАДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ Т Е М П Е РАТ У РА Н Ы Ң ОРТАША ӨСІМІН 2100 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЦЕЛЬСИЙ БОЙЫНША 1,5 ГРАДУСТАН АСЫРМАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҒАЛЫМДАР ЖАНҒАН ОТЫННАН АТМОСФЕРА ҚАБАТЫНА ТАСТАЛАТЫН КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНЫҢ КӨЛЕМІ КӨБЕЙІП КЕТУІ НӘТИЖЕСІНДЕ АУА РАЙЫНЫҢ КҮРТ ЖЫЛЫНУЫ ПЛАНЕТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ҮШІН ОРНЫ ТОЛМАС ЗАЛАЛ-ЗАРДАПТАРҒА АПАРЫП СОҚТЫРУЫ МҮМКІН ДЕГЕНДІ АЙТАДЫ. БҰЛ ҮШІН ӘЛЕМ ЕЛДЕРІН АУАҒА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН ЖІБЕРУ МӨЛШЕРІН АЗАЙТУҒА ЖӘНЕ КӨМІР МЕН КӨМІРТЕГІ ЖАҒУДЫҢ ОРНЫНА «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯҒА КӨШУГЕ МӘЖБҮР ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Мұндай қадамды Трамп АҚШ-тағы қазіргі басты тақырып – президент сайлауына Ресейдің әсерінен, ықпалынан ел назарын бұру үшін қасақана жасады деген пікір де өршіп тұр. Қазіргі таңда АҚШ конгресі мен Федералдық тергеу бюросы осы мәселе бойынша тәуелсіз зерттеу, тергеу жүргізіп жатқаны белгілі. Трампты Ақ үйден кетіреміз деушілер де аз емес. Осы дүрлігістің ортасында Трамптың шешімін құптаушылар да табылып жатыр. Олар АҚШ басшысының қадамын қолдай отырып, Жер бетінің жаппай жылып бара жатқаны жайлы тұжырымды әлем алаяқтарының көптеген миллиард доллар ақша шашу үшін ойлап тапқан амалдары деп есептейді. Бұлардың пікірлерінше, планета климатының күрт жыли түсуі – табиғи құбылыс, ол Күннің белсенділігіне байланысты, оған адамдар ешқандай ықпал жасай алмайды. Табиғи апаттар араға жүздеген ғасырлар салып қайталанып отырады. Босқа қаржы шашу, жай әншейін әурешілік. Жел диірменмен күресу, әпенділік деген сияқты пікірлер көп. Ал бұл мәселенің арғы астары жаһандық жылылық жалғасып кете берсе, экологиялық апат орын алмай ма, озон қабаты сөгіліп, Күн Жерді қуратып жібермей ме, ол бір кездері Жердің өз осінен айналу процесін баяула-

та келе тоқтатып тастамайды ма деген болжамға барып, қазық байлайды. Біз осылайша сайлаушылар мүддесі үшін «күресіп» жатқанымызда, шынында, Жер-Ана күндердің күнінде айналуын баяулатып барып кілт тоқтап қалса не болар еді? Оны көзге елестетудің өзі қазір қорқынышты. Ол адамзат дамуы барысында бұрын-соңды болмаған ғаламат апатқа алып барады. Біздің планетаның айналу жылдамдығы сағатына 1670 шақырымды құрайды. Сондықтан ол тоқтап немесе шабандап қалған кезде таудың жартастарына барып соқтықпаған жануарлар мен адамдардың, ағаштар мен ғимараттардың өзі Жердің бетінен әшейіннен әшейін-ақ сыпырылып кетеді. Бұдан бөлек, мұхиттар өз инерцияларымен айналуын жалғастыра түсіп, манағы қырғыннан аман шыққан бірлі-жарым біреулерді таудай толқындарымен басып қалады. Сол сияқты осы соқтығыстардың салдарынан көптеген жер сілкіністері мен жанартаулар атқылауы орын алады. Планетадағы тәулік 365 күнге созылады. Жердің бір жартысында жарты жыл дерлік күн шығып, жан төзгісіз ыстыққа қамалса, келесі жартысы алты айға жуық уақыт суық түннің құшағында тұрады. Қазір Жердің ортасындағы белдеуден полюстер жүріп өтіп, экватордың екі жағын алып жатады. Сол экватордағы «өркеш» полюстерден 43 шақырым биікте тұр. Жердің айналуы тоқтаған кезде «өркеш» жойылып кетеді де, мұхиттар полюстерге қарай лап қояды. Сол кезде планетада бір алып құрлық пен екі мұхит айдыны ғана қалады. Иә, жұрттың үрейін ұшыра бермейік, сауаты барлар мұны онсыз да біледі. Тек мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елдің басшысы қазақша өлең оқымайтыны өкінішті. Оқыса, дүниеден ерте өткен ақын Нұрлан Мәукенұлының мына жолдарына көзі түсіп, райынан қайта ма деген дәмеміз бар: Өлінің қамын тірі жер, Тірілер бірін-бірі жер. Бір күні біз де барамыз, Сен аман болғай, сірі Жер! Жер басып жүрген адамнан туасың, өзің де жер басып жүресің, Жер-Ананың ризығын тересің, сосын қайтадан жер қойнына енесің... Тамшы топырақтан жаралып, топыраққа айналасың. Айналып тұрған жер, дөңгеленген дүние. Күн сөнгенше тоқтап қалмай айнала бер, айналайын, Жер-Ана дегің келеді. Оны естісе, Жаратқан иеміз. Иә, сірі Жер тірі болсын!..


14

қоғам

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы»

www.astana-akshamy.kz

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тұғыры биік тұлға» деген шығармашылық кеш өтті. Шара аясында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің тікелей қолдауымен қаламгердің түрік тілінде басылған «Ақ боз үй» романы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының ағылшынша аударылған кітабының тұсаукесері өтті. Азамат ЕСЕНЖОЛ Смағұл Елубай қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың жетпісінші жылдары келген тегеурінді толқынның өкілі саналады. Алғашқы әңгімехикаяттарымен-ақ елді елең еткізіп, оқырмандарын тауып үлгерді. Әсіресе, жазушының кең тынысты «Ақ боз үй» романын ерекшелеп айтуға болады. Өз уақытында қазақ әдебиетінің қомақты табысы болып танылған шығармада халқымыздың тарихында таңба болып қалған ашаршылықты жеріне жеткізіп суреттейді. Сөйтіп, қылышынан қан тамып тұрған кеңестік идеологияға қаймықпай қарсы шығып, ұзақ жылдар жабық болған тақырыпқа түрен салды. Жұртымыз басынан кешкен ауыр оқиғаның ақиқатын ашып

берді. Оның себебі де жоқ емес. Әрбір қаламгер өз тағдырынан алысқа ұзамайды. Смағұл ағамыздың аталары аумалы-төкпелі шақта қиыр асып, Түркіменстанға ауып барған. Суреткер сол жерде өмірге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Талантты тұлғаның отандық кино өнері саласындағы еңбегі де ерен. Көптеген ұлттық образға бай фильмдердің сценарийін жазды. Кеш барысында жоғарыда айтылған екі кітаптың тұсауын Мырзатай Жолдасбеков, Әнес Сарай, Төлен Әбдік секілді көрнекті азаматтар кесіп, жазушының азаматтық болмысы мен көркемдік туындылары әлемі жайында салмақты ой өрбітті. Одан кейін сөз алған ғалымдар Ғарифолла Есім мен Тұрсын Сыдықов Елубаевтың әдеби

Әр қазақтың мақтанышы Еліміздің жүрегі, жастардың үміт тірегіне айналған, әлемге Қазақстан Республикасының мәртебесін асқақтатып отырған Астана – бүгінде әр қазақтың мақтанышы! Биік мақсаттар мен асыл мұрат­тардың тоғысқан жері «Бейбітшілік қаласы» қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани және мәдени өмірдің орталығына айнала отырып, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларының бірі болды. 2010 жылы өткен ОБСЕ Саммиті еліміз үшін ішкі және сыртқы ма­ңызды оқиғалармен

ерекшеленсе. 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. Сол мерзімде, Астана мен Алматы қалалары Азия құрлығы өміріндегі спорт саласының қайнаған орталығына айналғаны мәлім. Сонымен қатар, Астанамыздың туған күні қарсаңында өтіп жатқан «ЕХРО – 2017» көр­ месі Қазақстан үшін халықаралық деңгейде

әлемінен сыр тартып, парасатты пікірлерін білдірді. Шара соңында кеш иесінің өзі бүгінгі әдеби үрдістер мен аударма туралы салиқалы ой қозғады. – Кітапты өзге тілге аудару оңай емес. Ең алдымен, аударманың сапасы дұрыс болу керек. Осы жұмыс барысында үш нәрсеге көзім жетті. Бірінші – әдебиетті таңдау, екінші – оны аудару, үшінші – сол аударылған кітапты оқыту. Соның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Бізде кітапты насихаттау процесі мүлде жоқ.

Мәселен, мемлекеттік бағдарламада кітаптың аудармасы мен шығаруға ғана қаржы бөлінеді. Демек, оған насихаттау да кіру керек. Бізде оны ешкім елемейді. Оған да ақша қажет. Былай қарағанда, кітапты насихаттауға қаржы бөлу деген – түсініксіз нәрсе. Ал өркениет салтанат құрған елде ол – баяғыдан қалыптасқан үрдіс. Ешкімнің уақытын ешкім тегін пайдаланбайды. Шетелде сыншының сол кітапты оқуы үшін ақша төленеді. Мен соны көріп ойландым, – деді Смағұл Елубай.

алға жылжуға үлкен қадам екені әйгілі. Қазіргі уақытта, елордамызда эко­ номикалық-саяси іс -шаралар, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, спорт, медицина мен өнер саласы қарқынды түрде дамып келе жатыр. Соның нәтижесінде Астананың аз уақыт ішінде күннен- күнге өркендеп, едәуір дамуы, қала болашағының кемелді екенін аңғартып қана қоймай, әлі талай мемлекетіміздің абыройын асқақтатары анық. Тәуелсіз елдің төрінде орналасқан елордамыздың тұрғындары мен қонақ­тарын «Астана күні» мемлекеттік мере­кесімен құттықтаймыз! Бар­шаңызға ашық аспан, бақыт пен табыс тілейміз! Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2017 жылдың 02 шілдесінде Астана күні құрметіне орай, Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады. Жарысқа қатысушылардың өтініштері 2017 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс күндерінде Астана қаласы, Сейфулин көшесі 30, 22 кабинетінде және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық почтасында қабылданады. Анықтама телефондары 65-26-78, 8701-340-46-70, 8747-244-48-50.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы заманауи және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оны болдырмау кез келген құқықтық, демократиялық мемлекеттің басты мақсаты. Осыған орай, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» жүктеген талаптарды орындау мен міндеттерді шешуді тапсырған болатын. Бұл талап сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдан бастап ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Аталмыш Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Заңда оған мынадай түсініктеме беріледі: сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу; Осы Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою тәртіптері белгіленді. Мәңгілік ел болуды аңсайтын әр азамат өз құзыреті шеңберінде осы мәселемен күресіп, оған тосқауыл қоя білуі керек. Өйткені бұл міндет – еліміздегі саяси тұрақтылық шешімі, реформалардың табысты болуының кепілі. Қоғамды іштен ірітетін осы жағымсыз

құбылыспен күрес соңғы жылдары ширап, бүгінде өзінің нақты нәтиежелерін беріп те отыр. Заңнамамыз өзгеріп, сыбайластық қылмыс жасаған тұлғалар үшін берілетін жаза күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда парақорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сонымен бірге, мемлекеттік аппарат пен өзге де сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қатерлерден Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады. Әсіресе құқықтық тәрбиеге басымдық берілген. Жаңа Заң несімен ерекшеленеді? Ең алдымен мұнда сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Қазіргі таңда осы Стратегия мен Заңның ережелерін жүзеге асыру барысында басты назар қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеріп, өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды дарытуға, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға түспек. Өзінің туған елі, туған өлкесі ғасыр көшінен қалып қоймауын қалайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Кеселге төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның ісі екенін түсінгені абзал. А.Бакова, Әділет департаментінің персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы

Астана қаласы Әкімдігінің қаулысы

Астана қаласы

22.06.2017

№108-1327

«Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде жол жүрудің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108-935 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысымен бекітілген Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Астана қаласында ЭКСПО-2017 халық­а ралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде жол жүрудің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108-935 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2017 жылғы 7 маусымнан 12 қыркүйекке дейін Астана қала­ сын­д а ЭКСПО-2017 халық­а ралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде, қосымшаға сәйкес автомобиль жолдарының жеке учаскелерінде рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан артық жүк және транзиттік көлік құралдарының жол жүруі сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін; тауарлық бетон (ерітінді) және асфальтбетон қоспасын тасымалдайтын көлік құралдары үшін – сағат 7.00ден 10.00-ге дейін, 12.00-ден 15.00-ге дейін және 17.00-ден 22.00-ге дейін уақытша шектетілсін.».

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) осы қаулыны орындау бойынша қажетті іс-шараларды қамтамасыз етсін. 3. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жолымен жол жүрісінің қатысушыларын хабардар етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Астана қаласының әкімі

Ә. Исекешев

КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________А. Әубәкіров 2017 жылғы «_____» ____________


ресмиет

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы» www.astana-akshamy.kz ­

­

Кредиттік тарих Кредиттік тарих клиент жағдайын бағалау мен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау үшін кредитор қолданатын маңызды инструмент­ тердің бірі болып саналады. Сондықтан әр субъектіге оңды (жақсы) кредиттік тарихты ұстану маңызды. Оңды кредиттік тарих келесі қарапайым ережелермен ұсталынады: 1. кредитті уақытында төлеу. Егер кредитті үшінші ұйым арқылы төлеп жатсаңыз, төлемді төлем графигіне сәйкес соңғы күнде емес, ертерек төле­геніңіз абзал. Егер жұмыс беруші ай сайын жалақы төлеуді кешіктірсе, төлемді берешексіз орындау үшін төлем графигін қайта қарау өтінішімен банкке/кредиттік ұйымға барған жөн; 2. кредиттік картаны (кредиттік лимитті) қолдану үстінде, қолданылған лимит сомасын уақытында төлеуді қадағалау керек; 3. егер келісім-шарт бойынша қосал­ қы қарыз алушы, кепіл беруші, кепілгер болып табылсаңыз, яғни келісімшартқа қатысыңыз болса, өйткені берілген келісім-шарт көрсетілген тұлғалардың кредиттік тарихында да көрсетілетіндіктен, басты қарыз алушының төлеу тәртібін қадағалау керек; 4. кредиттік бюроға банкпен/ кре­д иттік ұйыммен жіберілген мәліметтердің дұрыстығын қарыз алушының өзі ғана анықтай алатын­ дықтан, кредиттік тарихты тексеру. Кредиттік тарих субъектісі, Қазақстан Республикасындағы кре­ диттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы. Есепті күнтізбелік жыл ішінде жеке кредиттік есепке қайта сұрау салғанда төлем алынады. Өз кредиттік тарихыңды төменде келтірілген әдістердің біреуімен білуге болады: - жеке кредиттік есепті алуға толты­ рылған өтініш негізінде «Мемлекеттік

кредиттік бюро» АҚ (МКБ) офисінде; - жеке кредиттік есепті алуға толты­ рылған өтініш негізінде «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (БКБ) офисінде; - жеке басты куәландыру құжатының көшірмесімен бірге, поштамен жеке кредиттік есепті алуға МКБ мен БКБға жіберілген нотариалды куәландыру өтініші негізінде; - Халыққа қызмет көрсету орталық­ тарында; - «электронды үкімет» www.egov. kz порталында «Салық пен қаржы» бөлімінде. Интернет арқылы өтінім толтырасыз, электронды цифрлік қол қою арқылы қол қоясыз да, нәтижесін «Жеке кабинетте» көре аласыз; - ПКБ www.1cb.kz, www.myth.kz интернет ресурстарында, сондай-ақ 1cb.kz ПКБ мобильді қосымша арқылы (электронды цифрлік қол бар болғанда және қызмет көрсету комиссиясын төлеу үшін кез келген қазақстандық банктің төлем картасын қолдану жолымен); - жеке басты куәландыру құжатын көрсетіп, «Казпочта» АҚ бөлімдерінде. Кредиттік бюро несие беру туралы шешім қабылдамайтындығын атап өту керек, бірақ кредиттік есепті алушыға кредиттік тарих субъектісінің өтелген және қазіргі міндеттері туралы ақпарат, оларды орындау тәртібі мен тағы басқа мәліметтерді ұсынуы мүмкін. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпаратты ол туралы соңғы ақпаратты алу күннен бастап он жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді және қарыз алушы­ лардың айтарлықтай «қара» тізімін жүргізбейді. Қорытындылай келгенде, қарыз алушының кредиттік тарихында орын алатындықтан, төлем тәртібін сақтау маңыздылығын және алынған несиелер бойынша міндеттерді орындауда жауапкершілік таныту керектігін атап өту керек. Өйткені оңды кредиттік тарихы бар яғни беделді қарыз алушы, несие алуға өтінгенде, несие берушіден қолайлы шарттарды күте алады.

Тиімді мемлекеттік қызмет – табыстылық пен көркею кепілі! Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалып­ тастыру Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында алғашқы басымдық ретінде белгіленіп, мемлекеттік қызметті реформалау бойынша нақты міндеттер қойылған. Атағанда, Ұлт көшбасшысының тапсырмаларын орындау үшін меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру тәртібі өзгертілді, жаңа Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды. Үстіміздегі жылы Тексеру комиссиясының қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жос­ парының 15-қадамын іске асыру шең­берінде мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан сәтті өтті, бұл 5 жыл жұмыс істеу кезеңі ішінде Тексеру комиссиясының аппараты білікті кәсіпқой кадрлармен жасақталғанын айғақтайды. Тексеру комиссиясының штат саны 31 бірлікті құрайды, кадр құрамы толық қалып­т астырылған және персоналдың ауысым­дылығы болмашы, осы жағдайлар мемлекеттік органның жалпы жұмысына оң әсерін тигізетіні анық. 2016 жылы Тексеру комиссиясының 3 қыз­меткері басқа мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға тағайындалып, мемлекеттік органның өз ішінде 3 қызметкер меритократия қағидаты бойынша жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Тексеру комиссиясы аппаратының тұрақты­л ығы ең алдымен мемлекеттік қызметшілерге едәуір әлеуметтік қолдау көрсетудің арқасында қамтамасыз етіледі. Осылайша, Астана қаласы әкімдігінің жәрдемдестігімен Тексеру комиссиясының 9

15

қызметкері қызметтік тұрғын үйге ие болды. Тексеру комиссиясының аз ғана жұмыс істеу уақытында оның қызметкерлері Қазақстан Республикасының 11 мерейтойлық медалімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 6 ведом­стволық наградасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» 2 төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылдан бері Тексеру комиссиясы­ мен жыл сайын «Үздік аудитор» және «Үздік қызметкер» байқауы өткізіліп, оның жеңім­ паздары құрмет грамоталарымен марапатталып, ақшалай ынталандырылады. Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссия­сында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Тексеру комиссия­ сының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің құт­тық­ тау сөзінде мемлекеттік қызметші жұмы­сы кең ауқымды біліммен қатар үл­кен жауап­ кершілік пен төзімділікті талап ете­т інін, сондай-ақ түбегейлі әлеуметтік және эконо­ микалық өзгерістерді жүзеге асыру солардың қызметіне тікелей байланысты екендігін атап өтті. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орын­ дағаны үшін, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеумен байланысты Тексеру комис­ сиясының қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Төрағасының грамоталарымен марапатталды.

Төлем карточкасы – сенімді серігіңіз Демалыс қарсаңында әркім өзінің тынығу күндерін материалдық жағынан қалай қамтамасыз етемін деген ойда болары анық. Мұндайда өзіңмен қанша ақша және қандай валютада алу керек, шекарадан ақшаны қалай қауіпсіз және еш қиындықсыз өткізуге болады деген сауалдар туады. Тәжірибе көрсеткендей, демалысқа қолма-қол ақша алып шығу – әрі қолайсыз, әрі қауіпті. Сондықтан төлем карточкасын пайдаланған жөн, ал қандай карточканы таңдауды өздеріңіз шешу керек. Карточка түрлері қайда және қандай валютада оны қолданатыныңызға байланысты. Демалысыңызды Қазақстанда өткізетін болсаңыз, төлемге қандай карточканы ұсынсаңыз да үлкен айырмашылық жоқ. Ал егер шетелде дем алатын болсаңыз, халықаралық жүйенің карточкасын таңдағаныңыз дұрыс. Ондай халықаралық карточкалардың иелері VISA International, Master Card Worldwide, UnionPay International, American Express International қандай банктен және қандай елде шығарылғанына қарамастан әлемнің барлық елдерінде қолданылады. Осы төлем карточкаларын саяхатқа шыққанда қолдану өте қолайлы. Біріншіден, кеденде карточкадағы ақшаға декларация толтырудың қажеті жоқ. Екіншіден, банк шотын негізгі валютаның кез келгенінде (теңге, ресейлік рубль, АҚШ доллары, еуро) ашуға болады, шекараны асқаннан соң ақша автоматты түрде келіп түскен елдің валютасына айырбасталады. Ақшаңыз карточкада болса, сіз күтпеген жағдайларға қарсы тұра алып, өзіңізді сенімді сезінесіз. Мысалы: Сізге ақша жетпей қалды екен делік, ал таныс емес қалада, оның үстіне таныс емес елде қарызға ақша ала тұру өте қиын. Егер карточкаңыз болса, бұл мәселе оңай шешіледі. Банк шотына қажет соманы аударатын өзіңіздің туысқандарыңызбен немесе таныстарыңызбен байланысу ғана қажет, ал Сіз олардың жіберген ақшаларын жақын маңдағы банкоматтан кез келген уақытта қажетті валютада санап ала аласыз. Бұдан басқа, кейбір елдерде авиабилеттерді сақтап қою, автомобильдерді жалға алу сияқты тек төлем карточкасы арқылы ғана көрсетілетін қызметтер қатары бар. Сонымен, егер Сіз шетелге төлем кар­ точкасымен шығуға шешім қабыл­ дасаңыз, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мынадай қарапайым кеңестерді ескеріңіз: - шетелде қаражатсыз қалмас үшін карточканың қолданылу мерзімін алдын ала тексеріңіз;

- міндетті түрде телефон кітапшасына карточканың сыртында көрсетілген банкті қолдау қызметінің нөмірін жазып қойыңыз. Бұлай жасау карточка жоғалған немесе ұрланған жағдай бола қалса қажет болады. Ондайда болған жағдай туралы дереу банктің байланыс орталығына хабарлау керек. - түрлі төлем жүйесінен екі карточка болғаны жөн, мысалы, VISA International, Master Card Worldwide. Бұл егер техникалық себептермен төлем жүйесінің карточкасы бойынша операция жүргізу мүмкін болмағанда немесе сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлемге бір ғана төлем жүйесінің карточкасы қолданылатын жағдайда Сізді сақтандырады; - SMS-банкинг қызметін міндетті түрде пайдаланыңыз, оның көмегімен өз карточкаңыз бойынша барлық операцияларды жедел бақылауға болады. Роуминг бар болса Қазақстаннан тыс жерде де SMS-банкингтің барлық опциясына ене аласыз; - екінші деңгейдегі әрбір банкте төлем карточкасын пайдалануда санкциясыз (алаяқтық) транзакция тәуекеліне осал елдер тізімі бар. Сондықтан бір елге барар алдында банк-эмитетке жүгінуді және сол елде төлем карточкаларын қолдануда шектеулер болу мүмкіндігі туралы ақпарат алуды ұсынамыз; - төлем жүйесі тарапынан, сондай-ақ, банк тарапынан техникалық сипаттағы уақытша қиындықтар туындауы мүмкін жағ­дайға өзіңізбен бірге қолма-қол ақша­ ның бірсыдырғы сомасын алыңыз, мысалы, керек банкомат істемей қалуы мүм­кін; Әрине, кейбір жағдайларда қолмақол ақшаны пайдалану қолайлы, уақыт үнемдеп, тез әрекет етуде карточка барлық жағдайларда ыңғайлы бола бермейді; Сергек және тиянақты болыңыздар, тек сондай жағдайда өз төлем карточка­ ларыңыздың пайдасын өздеріңіз көретін боласыздар. Демалыс сәтті өтсін! Елена Данченко, ҚР Ұлттық Банкі Орталық филиалының (Астана қ.) экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сізге мәлімет үшін жолдайды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 177 А, тел. 54-11-52, 54-28-76) «Мерей» МКК суды магистралдық құбырлар жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне тариф жобасын бекітуге арналған өтінімді қарастыру жөнінде жария тыңдау өткізу туралы хабарлайды. Субъектінің Реттелетін Уақыты, өткізілетін күні және мекен жайы атауы қызметінің түрі «Мерей» суды 2017 жылдың 4 шілдеде, сағат 15:00-де, Қостанай обмемлекеттік магистралдық лысы, Әулиекөл ауданы, Әуликөл ауылы, Шақшақ коммуналдық құбырлар Жәнібек көшесі 29 үй, ғимарат («Әуликөл ауданы кәсіпорын жолдары әкімшілігінің Білім бөлімі»ММ), 2 қабат, мәжіліс және тарату- залы. Анықтама үшін: уәкілетті органның Интернет-решы желілер арқылы беру сурсы: www.kremzk.gov.kz «Сен үшін, тұтынушы» бөлімінде және «Мерей» ГКП Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі 49 үй, 8 (71453) 2-11-19, 2-11-28 тел. бойынша. Осыған байланысты, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер жобаларын талқылау үшін депутаттарды, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақырамыз».

Астана қаласының 26 мектеп-гимназиясының ұжымы және директоры мұғалім Балабеков Климен Балабекұлының қайтыс болуына байланысты жақындарына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.


16

МӘДЕНИЕТ

№76 (3581) 29/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

www.astana-akshamy.kz

Д ҮЛД ҮЛ

ДИМАШ

ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРДЫ

ТҰҢҒЫШ РЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІН ӨТКІЗДІ

АСТАНАДАҒЫ «ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА П.И.ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. Азамат ЕСЕНЖОЛ

ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕНІ ТӨРІНДЕ ТОҒЫСТЫРҒАН ЭКСПО КӨРМЕСІ АСТАНАЛЫҚТАР МЕН ОНЫҢ ҚОНАҚТАРЫ ҮШІН ДИМАШТАЙ ӘНШІ ҰЛДАРЫНЫҢ КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТІМЕН ДЕ ЕСТЕ ҚАЛАТЫН БОЛДЫ. АЗ ҒАНА УАҚЫТ БҰРЫН ӨНЕРДЕГІ КЕҢІСТІКТЕ ШЕКАРА БОЛМАЙТЫНЫН ӨЗІНІҢ ДАРА ДАРЫНЫМЕН, ТУМА ТАЛАНТЫМЕН ДӘЛЕЛДЕП, МИЛЛИАРДТАРДЫ МОЙЫНДАТҚАН ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТІҢ ӨНЕРІН ТАМАШАЛАУ ҮШІН «АСТАНА АРЕНАҒА» 30 МЫҢНАН АСТАМ КӨРЕРМЕН ЖИНАЛДЫ. Гүлжан РАХМАН Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің әншіге деген жүрекжарды лебізін білдіріп, Димаштың жеңісін әлем алдындағы қазақтың табысына балады. Шоу-концерт бес бөлімнен тұрды. Нәп-нәзік жүрегінің сырын өнердің мейрамына айналдыра білетін әнші жеке шығармашылық концертіне барын салып дайындалыпты. Көрермендер алдында әртүрлі образда өнер көрсетіп қана қоймай, барлық әндерін тек жанды дауыста орындаған Димаштың жанкешті өнеріне сүйсінбеген көрермен қалмады. Халық әні «Дайдидауды» орындамас бұрын, өзі

сахнада жүз домбырашымен бірге күй ойнады. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерінде де ән салды. Олардың арасында әлемдегі жанкүйерлері сүйіп тыңдайтын «SOS d’un terrien en détress», «All by myself» сынды әндері бар. Қазақтың ғана емес, әлемнің сүйікті әншісіне айналып үлгерген Димаштың «Бастау» атты концертіне шетелден, соның ішінде Қытай, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропадан жүздеген конақ келді. Димашпен бірге сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы, Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, «Евровидение-2012» жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ АСТАНАДА «БӘРІ ДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!» КАРАОКЕ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ. БҰЛ КЕЗЕҢДЕ 70 ҮМІТКЕР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНІП, КИНОФИЛЬМДЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН ӘНДЕРДІ ОРЫНДАДЫ.

Ãàçåò ҚР Ақпарат және коммуникация ìèíèñòðëiãi Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 11.01.2017 æ. òiðêåëiï, №16291-Ã êóәëiãi áåðiëãåí. Меншік иесі: «Elorda Aqparat» ЖШС

және ресейлік орындаушы Кристина Орбакайте өнер көрсетті. Димаш өзгелердің ығына жығылмай, өз ұлтының намысын биік ұстай білетін ерекше қасиетін бұл сахнаның төрінде де көрсетті. Әлемнің әр елінен келген қонақтар оның алғыс, құрметін тек қазақ тілінде алды. Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған бір топ өнер жанашырлары да концертті көріп, қолдау білдірді. «Менің бүгін арманым орындалды. Бұл арманымды орындауға сіздер үлес қостыңыздар!» деген Димаштың концерті көптің көңілінен шығып, талайдың таңдайында кетті.

Биыл да жас музыканттар арасында дәстүрлі байқау өз деңгейінде дүбірлеп өтті. Оған 17 жасқа дейінгі әлемнің 20 мемлекетінен келген 120-дан астам талантты өнерпаздар қатысты. Олардың бәрі де өз елдерінде бәйгеге түсіп, суырылып алға шықан өрен жүйріктер. Классикалық музыканы сүйетін әрбір адам үшін ұлы композитор Чайковскийдің орны бөлек. Ол өз ғұмырында 10 опера, 3 балет, 6 симфония, 20-ға жуық оркестрге арналған шығарма, 100-ден астам фортепианоға лайықталған пьеса көптеген романстар мен әндер жазған. Шара барысында П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурс лауреаттары қауымдастығының бас директоры Андрей Щерба елімізде өткен байқаудың классикалық музыка әлемінде өз орны бар екенін айтып, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді. Сонымен, жеңімпаздарды марапаттау да басталды. «Виолончель» аталымында бас жүлдені Жапониядан келген Йо Китамура жеңіп алды. «Скрипка» номинациясында Кореяден келген Нейкиунг Канг пен жапондық Юджин Каваиганың бағы жанды. Осы аталым бойынша екінші орын алғандар арасында жерлесіміз Ақбике Алғи да бар. «Фортепиано» аталымында АҚШтан ат арытып келген Кайл Ху жеңімпаз атанды. Айта кетейік, биылғы беделді байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі үшін дайындаған мәдени шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ Кезең қорытындысы бойынша Жансұлу Бозанова, Жамал Жиентаева, Зинаида Крикунова, Жансая Әлиманова, Дархан Көшербаев, Дмитрий Вишневский, Қайрат Жақсыгелдинов, Әсел Төлебаева, Әйгерім Тоқшаева, Зәуре Қалдыбаева, Серік Мұқанов, Айнұр Ғафурова, Шәкизада Қарапиден және Мәдина Жәкиева бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогіне бір табан жақындады. Чемпионатқа қатысушылар енді «Жастар» сарайының жазғы алаңында 5 шілде күні өтетін жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал жеңімпаздар 6 шілдеде ұйымдастырылатын финалда анықталады.

Директор — Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ Бас редактор — Еркін ҚЫДЫР Гàçåòте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері шығады.

Ðåäàêöèÿ қîëæàçáà èåëåðiíiң ïiêiðëåði ìåí êөçқàðàñûí áөëiñói øàðò åìåñ. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Ãàçåò «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòi ðåäàêöèÿñûíûң êîìïüþòåðëiê îðòàëûғûíäà òåðiëiï, қàòòàëäû. Апталық таралымы — 15 000 Тапсырыс №76 Баспахана: Àñòàíà қàëàñû, Сілеті êөøåñi, 30. «Медиа-холдинг «ERNUR» ÆØÑ

Редакция мåêåíæàéû: 010000, Àñòàíà қàëàñû, Достық êөøåñi, 13. info@elorda.media Қàáûëäàó áөëìåñi: òåë./факс: +7 (7172) 703-212. Тілшілер бөлімі: 70-32-17. Жарнама: 70-33-06. akshamyreklama@gmail.com Кезекші редактор — Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.