№32 17 наурыз 2018 ж

Page 1

л жү

Å

№32 (3692)

жі

Сенбі

17 наурыз 2018

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Бауырлас мемлекеттер мәдениетін айшықтайтын көрме бүгін «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады. Оған 40тан аса қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылады. Атап айтсақ, қыштан және ағаштан ойылған ұлттық ыдыс-аяқ, картиналар, ойыншықтар, қуыршақтар, кәдесыйлар, киіз, тоқымадан жасалған тұрмыстық бұйымдар, ұлттық әшекейлер, киімдер т. б.

ҰЛЫ МҰРА ҰЛАҒАТЫ

Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі аясында Нұрсұлтан Назарбаев, Сооронбай Жээнбеков, Эмомали Рахмон, Гурбангулы Бермұхамедов және Шавкат Мирзиеев шуақты Наурыз мерекесіне орай бірлескен мәлімдеме жариялады. Біз, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы Президенттері Орталық Азия халықтарын бүкіл өңірімізге ортақ Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. 2010 жылғы 23 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен бұл мейрам Наурыз – Халықаралық күні деп танылғанын және оны ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізгенін ерекше атап өтеміз. Өзінің мыңжылдық тарихында Наурыз мейрамы табиғаттың

және қоғамның қайта түлеуі мен жаңаруының, адамзат баласының рухани тазаруы мен өзін-өзі дамытуының нышанына айналды. Осы шуақты да қастерлі мереке амандықты, бірлікті, бауырластық пен өзара қолдауды танытып, біздің елдерімізді біріктіретін барлық мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптейді. Бұл – ортақ ата-бабамыздан қалған ұлы мұра. Біз оны сақтауымыз және дамытуымыз қажет. Наурызды тойлау кезеңі барлық заманда адами және отбасылық қарым-қатынастардың, достық пен тату көршілік байланыстардың нығаюымен,

ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРАДЫ? ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 396.47

4

көршілер арасындағы ерекше қонақжайлылықтың көрініс табуымен қатар келген. Бұл ортақ тарих, мәдениет, дәстүр, тұрмыс арқылы біріккен елдеріміз үшін қазір де маңызды. Осы мейрам қарсаңында бүкіл өңіріміздің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатымен өңірлік ынтымақтас­ тыққа, өзара қолдауға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ниет білдіруіміздің зор символдық мәні бар. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өңірлік транзит-көлік инфрақұрылымның

БАСПАНА БАҚЫТЫ БҰЙЫРА МА? USD/KZT 321.60

RUB/KZT 5.65

5

кеңеюі, су-энергетикалық, азықтүлік әлеуеттерін ұтымды игеру, өндіріс және өңдеу салаларын дамыту, озық технологиялар мен инновацияларды қолдану, цифрлық экономика жолындағы ілгерілеу Орталық Азия елдері әл-ауқатының тұрақты түрде өсуін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Біз халықтарымыздың арасындағы өзара құрмет, достық пен бауырластық қатынастарды сақтауға және нығайтуға деген тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, туризм және спорт салаларындағы өзара ықпалдас­ тықты тереңдетуге шақырамыз. Көктемгі күн мен түннің теңелуі, рухани тазару мен жаңару мерекесінің қарсаңында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан халықтарына, сондай-ақ жер бетіндегі барша халықтарға бейбітшілік, молшылық және қуаныш тілеп, өсіп-өркендеулеріне ниеттестігімізді білдіреміз. Наурыз мейрамы әр үйге амандық пен бақ-береке әкелсін!

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ

CNY/KZT 50.83

6-7

www.astana-akshamy.kz

Наурыз мейрамы күндері Астанада күн райы жауын-шашынсыз болады. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, 18-20 наурыз аралығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін түседі. Ауаның температурасы түнде 5-10 гардусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін түседі деп күтіледі. Бірақ суық ұзаққа созылмайды, артынша кезекті циклонның әсерінен тұрақсыз күн райы байқалып, жылымық орнайды. Айдың соңында суық ауа массаларының келуіне байланысты күн қайтып суытады.

Астаналық балуан Асаухат Мұхамадиев грек-рим күресінен жастар арасында өткен республикалық чемпионаттың абсолютті чемпионы атанды. Ол – елордадағы «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі. Дүбірлі дода 10-15 наурыз күндері Семей қаласында өтті. 20 команда, 250 спортшы күш сынасқан турнирде спорт шеберлігіне кандидат Асаухат Мұхамадиев 63 кг дейінгі салмақта белдесті. Аталған жарыста балуандар грек-рим күресінен Азия біріншілігіне және Әлем чемпионатына іріктелді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
№32 17 наурыз 2018 ж by Astana akshamy - Issuu