л жү
Å
№93 (3598)
–
жі
Сейсенбі
8 тамыз 2017
АСТАНА – БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ 6
«КӨШЕ САУДАСЫНА – 1000 ОРЫН» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ «СПК Astana» ұлттық компаниясы Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыратын жер учаскелерін жалға беру бойынша өтініштер қабылдауды бастады. Өтініштер 7-21 тамыз аралығында smart. astana.kz/ru/competition cайтында қабылданады. Көше саудасына тек шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері қатыса алады.
ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРАЖАТ КӨБЕЙЕДІ Елімізде 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыру көбейтілетін болды. Бірлескен комиссияның шешімі және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 106 429 019 926 теңге жұмсалатын болады. Бұл өткен 2016 жылмен салыстырғанда 38 пайызға артық көрсеткіш болып отыр.
БЕЙНЕТІНЕ ҚАРАЙ ЗЕЙНЕТІ 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді. Қазіргі таңда базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей аударылады. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейінгі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 396.00
USD/KZT 333.36
RUB/KZT 5.52
CNY/KZT 49.62
www.astana-akshamy.kz