91_

Page 1

www.astana-akshamy.kz сейсЕНБІ

№91

(3443) 09/08/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

ДҮБІРЛІ ДОДАДА ДЗЮДОШЫЛАР ЕРЛЕДІ Көптен күткен Рио-де-Жаней­ родағы Олимпиада ойындары жалауын желбіретіп, ел қоржынына алғашқы жүлделер де түсті. Байрақты бәсекені балуандар абыроймен бас­ тап берді. Ел үмітін ақтаған Елдос Сметов күміс медальді еншілесе, Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдеге қол жеткізді.

Қарызыңыздан құтылмай, шетелге шыға алмайсыз Мойыныңызда қарызыңыз болса, елден аттап шыға алмайсыз. Астаналық сот орындаушылары шекара асып тынығып қайтуға немесе басқа да себептермен шетелге аттануға бел буған борышкерлерді қыспаққа алып, орта жолдан кері қайтарып жатыр. Алайда бұған да қарамастан, мың түрлі сылтау айтып, ескертуге құлақ аспай, қарызын өтемей жүргендер көбейіп кетіпті. Осыған байланысты Астана қалалық прокуратурасы мен Ішкі істер департаментінің мамандары және жеке сот орындаушылары борышкерлердің артынан шам алып түсе бастады.

Білім саласына арналған жәрмеңке өтеді 11 тамыз күні «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолғы жәрмеңкенің негізгі ерекшелігі – бос жұмыс орындары бастан-аяқ білім саласының қызметкерлеріне арналмақ. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар, мектептер мен колледждердің өкілдері қатысады. Жәрмеңкеге қатысып, өзіне лайықты қызмет табуға ниет танытқан елордалықтар сол күні таңертеңгі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс берушілермен жолығып, түйіндемелерін қалдыруына болады. «Бұл – Астана қаласында өткізілетін тоғызыншы жәрмеңке. Әдетте тамыз айында білім саласындағы кадрлар қажеттілігі артатындықтан, кезекті ша-

раны педагогтарға арнау туралы шешімге келдік», – дейді Астана қаласының Жұмыс­ пен қамту орталығының мамандары. Жұмыспен қамту орталығы жыл соңына

3-бетте

дейін тағы 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бүркіт НҰРАСЫЛ

Ақтық сайысқа дейін сүрінбей жеткен Елдос Сметов белдесулер басталмай тұрып-ақ 60 келі салмақта алтын алуға қауқарлы спортшы ретінде саналды. Өйткені біздің балуан жаһандық жарысқа әлем чемпионы болып аттанды. Елдостың бозкілемдегі бірінші қарсыласы ливиялық Мохамед Элькаваси болды. Бұл балуанды «вазари» әдісімен тізе бүктіріп, келесі белдесуде ұлыбританиялық Эшли Маккензимен кездесті. Сметовке сес көрсете алмаған дзюдошы таза жеңілді. Елдосқа ширек финалда ширақ қимылдап, біраз тер төгуге тура келді. Себебі біздің оғланға өзбекстандық Диорбек Урозбоевты жығу оңайға соқпады. Бес минут бойы бір-бірін ала алмаған қос балуан қосымша уақытта күш сынасты. «Алтын ұпай» ережесі бойынша бірінші болып «юко» ұпайын алған Елдос жеңіске жетті. (Жалғасы 12-бетте)

Аптап ыстық келе жатыр Тамыз айымен бірге келген шуақты күндер аптап ыстыққа ұласатын түрі бар. «Қазгидромет» орталығының мамандары алдағы үш күнде, яғни 9-11 тамыз аралығында еліміздің басым аумағында күн қатты ыситынын айтып отыр.

«Қазақстанның ауа райы алдағы үш тәулікте, негізінен, антициклон әсерінде болады. Республиканың көптеген облыстарында ауа температурасы әдеттегі нормадан 3-7 градусқа ыстық болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде күндізгі температура 33-38-ге, кей жерлерде тіптен 41 градусқа дейін көтерілетін болады. Солтүстік және орталық облыстардың жекелеген аудандарында температура 3037 градусқа дейін көтеріледі» делінген синоптиктердің хабарламасында. 11 тамыз күні батыс, солтүстіктің жекелеген аудандары, сондай-ақ шығыс және оңтүстік-шығыста өткінші найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін. Алайда бұл өткінші құбылыс күннің ысуына кедергі бола алмайды.


2

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

РЕСМИ АҚПАРАТ

РЕСМИ АСТАНА ҮКІМЕТ

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Сапар барысында ол соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі ең ірі қайраңды мұнай-газ кен орны болып есептелетін Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралы мен «Азаматтарға арнал ған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық бөлімін және «Каспиймұнайгаз» ғылымизерттеу институтын аралап көрді. Осыдан кейін Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен салынған «Нұрсая» шағын ауданындағы «Жерұйық» тұрғын үй кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Сапар соңында Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымының стратегиялық нысандарының жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша Атырау әуежайын тексеріп көрді. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Рио Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы болып жүлде салған қазақстандық дзюдошыларды жеңістерімен құттықтады. «Rio2016 Олимпиадасының жүлдегерлері дзюдошылар Е.Сметов пен Г.Отгонцэцэгті құттықтаймын!» деп жазды Үкімет басшысы Twitter-дегі өзінің парақшасында. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева тиісті мемлекеттік органдарға өндіріс кәсіпорындарына ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған сора айналымына қатысты қызметке лицензия берудің сапалы және ашық тетігін енгізу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, ол бұл жұмысты БҰҰ Конвенциясына сәйкес Халықаралық есірткіні бақылау комитетімен ынтымақтастықта және үйлестікте жүргізу керектігін айтып өтті. Д.Назарбаеваның айтуынша, кәдімгі сорадан кәдімгі кеңсе қағазынан бастап аса сапалы банкнот шикізатына дейін, тіптен тоқыма және азық-түлік өнімдерін алуға болады екен. «Қазақстанның өз қағазы жоқ. Бізде бәрі импортталады, ол өнімнің өзіндік құнына әсер етіп отыр. Техникалық сорадан қағаз өндіру осы олқылықтың орнын толтырады» дейді Премьерминистрдің орынбасары.

ÀÏÀÒÒÛ ҮÉ ÆÅÄÅË ÆӨÍÄÅËÌÅÊ

Е��������� Ж���� ������� ��������� 18-�� ����� ������ 7 ����� ���� ����� �������� ������� �������. А����� ��������, ����� ������ ������ ���. А����� ������� Т����� �� �������������� ������� Ә����� Қ�������� ��� �������� ���������� ������ ������� �����. – Жеңіс даңғылы бойындағы бұл үйді бұдан бұрынғы жылдары «Астана құрылыс сервис» ЖШС тексеріп шыққан болатын. Сол кезде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, үй иелері жалпы мүліктің сақталуына жауап береді. Осы жылы бұл үйге қызмет көрсететін «УК Коммунальник-2» ЖШС Тұрғын үй инспекциясына жазбаша жүгінген еді. Сол кезде біз қосымша тексеру жүргізу жөнінде ескерту бердік. Соның нәтижесінде қайтадан тексеріп-зерттеу

жұмыстары жүргізілді. Бұдан соң тұрғындарды көшіру және тағы басқа шаралармен бірге, жөндеуқалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсынба әзірленді. Биыл Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы негізінде үй жөнделуі тиіс еді. Бірақ бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты жұмыстар тоқтатылды. Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылуда. Осыдан сәл бұрын сол үйдің белсенді

тобының қатысуымен арнайы жиын өтті. Таяу күндері тиісті шара қолға алынады, – деді Әлихан Қуатбеков. Оның айтуынша, жөнделуі тиіс үйдің салынғанына 30 жылдан астам уақыт болған екен. Аппатты үй ретінде бұрын тіркелмеген, тек жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс жасалған. Қабырғалары жарыла бастаған бұл үйде қазір тұрғындар тұрып жатқан көрінеді. Қазіргі уақытта шатырдың жартылай құлауы себептерін анықтау қолға алынған. Жалпы бүлінген аумақ он шаршы метрден астам жерді қамтиды. Тиісті қаулы арнайы ресімделіп, заң тұрғысынан барлық шаралар атқарылғаннан кейін жақын күндері жөндеу жұмыстары басталмақ. Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

ÀÑÒÀÍÀ ҚÀËÀÑÛ ÒҰÐҒÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ÍÀÇÀÐÛÍÀ 2016 жылдың қыркүйек айында өтетін Астана қаласы болса, Астана қаласы мәслихаты аппаратының мына телемәслихатының кезекті сессиясының қарауына «Астана фондарына 55-66-35, 55-66-36 және сайтқа http://www. қаласында автомобиль жолдарын дамыту және ұстау maslihat.astana.kz хабарласуларыңызға болады. мәселелері жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» мәселе енгізіледі. Астана қаласы мәслихатының хатшысы Осы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз Ж. НҰРПЕЙІСОВ


www.astana-akshamy.kz

№91 (3443) 09/08/2016

елорда тынысы

3

Қарызыңыздан құтылмай, шетелге шыға алмайсыз (Соңы. Басы 1-бетте) Прокуратура мамандарының айтуынша, мойынына мінген қарызына бола шетелге шығу құқынан шектеліп отырған астаналықтардың саны 16 мыңға жеткен. Астана қаласында сот орындаушылар күніне 30ға жуық азаматтың шетелге шығуын шектеп, әуежайлар мен вокзалдардан кері қайтарады екен. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, екінші деңгейдегі банктердегі есепшоттары да тұтқынға алынады. Алайда соған қарамастан, айыппұл, несие қарызы мен берешегін төлемей жүрген борышкерлердің саны көбеймесе, азаймай отыр. Осының салдарынан бүгінде қалалық бюджетке түспей отырған қаржының көлемі 615 млн теңгеден асып жығылған. Ал сот орындаушыларының алдында қарызын өндіріп алу туралы тағы 37 мыңға жуық іс жатыр. Өкініштісі сол, бұл көрсеткіш күн санап артып келеді.

Е л і м і з д і ң з а ң ы б о й ы нша тек алимент немесе жол айыппұлдарын төлемеген адамдар ғана емес, қаланың коммуналдық қызметтеріне де қарызы бар тұлғалар борышкер деп танылады. Яғни сот арқылы өндіру шешімі шығарылған кез келген тұлға қара тізімге енгізіледі. Оларға сот арқылы санкцияланып, сот орындаушысының қаулысы қосылады. Бұл қаулының бір көшірмесі борышкерге беріліп, тағы бір данасы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне жіберіледі. Борышкер шетелге ұшар кезде дәл осы қызметтің қызметкерлері ортақ базада қарызы төленді деген белгі шықпайынша, шекарадан ешқайда өткізбейді. Мұндай тәсіл елімізде 2010 жылдан бері қолданылып келеді. «Алыс-жақын шет елдерде кеңінен қолданылатын бұл тәсіл борышкерлердің қарыздарын дер кезінде төлеуіне ықпал етеді. Кез келген азамат мем-

лекет алдында қарызы немесе айыппұлы бар-жоғын тексеріп алуға шақырамыз», – дейді прокуратура мамандары. Мұндай келеңсіз жайтқа түспес үшін кез келген тұрғын алдымен қарызының

Астаналық саябақта жағажай ашылды Елордамызда заманауи үлгідегі тағы бір жағажай ашылды. Астаналық саябақ аумағында орын тепкен бұл жағажай ке­шенінде үш түрлі ашық бассейн, трамплиндер, сырғанақтар, субұрқақ және жазғы дәмхана мен волейбол ойнайтын алаңдар орналасқан. «Күрделі жөндеу жұмыс­ тарынан кейін еуростандарттарға сай болып қайта ашылған «Оазис» жағажай клубында уақытты қызықты өткізуге

барлық мүмкіндіктер жасалған. Инфрақұрылымдық жағынан әлемдік шипажайлардағы қонақ үйлерден еш кем емес. Келушілерге кешеніміздегі,

әсіресе, үш деңгейлі, яғни суы жылытылатын ашық бассейн, спорттық хауыз бен SPA-ваннасы қатты ұнап жатыр», – дейді Астаналық саябақ басқарушысы Ғани Хасенов. «Оазис» кешені күн сайын сағат 11.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді. 3 жасқа дейінгі балалар үшін кіру – тегін. Дүйсенбі күндері халықтың әлеуметтік осал топтары клубқа тегін кіре алады.

бар-жоғын тексеріп алу тиіс. Қарыздар болған жағдайда, борышыңызды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, соттың шешімі мәжбүрлеп орындауға түскен күннен бастап 30 күн

ішінде ерікті төлей аласыз. Сонымен қатар, аталмыш кодексте жеті күн ішінде жалпы айыппұл сомасының елу пайызын төлеу тәртібі қарастырылған. Бүркіт НҰРАСЫЛ

Есіл өзені жағалауында қырылып жатқан кептерлер астаналықтардың алаңдаушылығын туғызуда. Олар әлеуметтік желіге өлі құстардың суретін жариялап, кеселдің неден келгенін біле алмай әлек.

КЕПТЕРГЕ КЕСЕЛ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

Осы мәселенің аныққанығын тексермек болып қаладағы Санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығының Тұ­ тынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабар­ ласқан едік. – Жағалаудағы кептерлердің қырылу себебін анықтау үшін

Есіл өзеніндегі судың сынамасын алдық. Оның химиялық, радиологиялық, микробиологиялық және токсико­ логиялық құрамын зерт­тейміз. Талдау нәтижесі бойын­ш а қосымша мәлім­ дейміз, – деп жауап берді бізге аталмыш ұйым маманы. Сонымен қатар, ведомство өкілінің айтуынша, биылғы 4 тамыз күні «Астаналық дезинфекция» ЖШС қалалық саябақ аумағында, оның ішінде жағалау маңында да тазалау жұмыстарын жүргізген екен. Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ


4

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

қАЛА ТІРШІЛІГІ

Интернет арқылы азық-түлік алуға бола ма? «Астана ақшамы» газеті елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Бұл жолы зерттеуге тұрғындардан тапсырыс қабылдап, үйге дейін жеткізу қызметі қарастырылған «Астықжан», «Метро» және «Евразия» секілді сауда үйлерін алдық. Аталмыш дүкендерде азықтүлік түрлеріне таңдау жасау ыңғайлы. Үйде отырып-ақ іздеу жүйелері арқылы қажет тауардың түрін, бағасын салыс­ тыра аласыз, тіпті шығарушы кәсіпорын туралы да анықтама алуға болады. Сонымен, қала шетінде ор­ на­л асқан «Метро» супер­ маркетінде көптеген тауарларға жеңілдік қарастырылған. Ар­ найы акция аясында кейбір азық-түлік түрлерін екі есе арзан бағаға алуға болады. «Астықжан» дүкенінің ин­ тернет дүкені жоғары жыл­

дамдықпен жұмыс істейді екен. Қалаған затыңызды себетке салып, бағасын біліп алғаннан кейін тапсырыс бере беруге болады. Ал «Евразия» сауда үйі қаланың ішінде болғандықтан, кейбір бағалар жоғары. Мә­ селен, картоп – 120, пияз – 160, қызылша – 150, қырыққабат 120 теңгеден сатылуда. – Жұмыстан тыс бос уақытым бола бермейді. Сондықтан «Астықжан» дүкеніне интер­ нет арқылы тапсырыс беремін. Онда жемістің, көкөністің түрлеріне таңдау мол, бағасы да қолжетімді. Жеткізу құны да

Азық-түлік Картоп, кг Пияз, кг Сәбіз, кг Қызылша, кг Қырыққабат, кг Қызанақ, кг Қияр, кг Жұмыртқа 1-категория, ондық Күріш, 800 гр Бірінші сұрыптағы ұн, 2 келілік қорап Күнбағыс майы, литр Қант-құмшекер, кг Бөлке наны Мұздатылған балапан еті, отандық өнім, (бройлер) кг Сиыр еті, кг көңілімнен шығады. Әсіресе, апта сайын бағаларды бақылауға мүмкіндік көп. Жеңілдіктер мау­

«Астықжан» 145 105 105, 135 115, 155 55, 99 395 169, 190, 230 319 330 369

«Метро» 79 95 149 89 39 499 165, 199 259 269 369

«Евразия» 120 160 150 150 120 500, 600 340, 550, 600 255 390

410, 415, 595 310 80 715, 759, 785

529 329 79 669

310, 345, 380 310 90 545

1200, 1250, 1550

1959

сымында тек азық-түлік түрлерін ғана емес, басқа да тауарларды арзан сатып алуға болады, – дейді қала тұрғыны Гүлжамал Оразқызы. Жалпы, Астана қаласы әкімдігі елордадағы базар сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық түрлеріне күнделікті талдау жа­ сайтынын айтқан едік. Соңғы жүргізген зерттеуге сүйенсек,

кейбірінің бағасы арзандаған. Мысалы, пияздың бағасы 109 теңгеден 105-ке, қызылша 132 теңгеден 130-ға түскен. Мо­ ниториг бойынша күріштің орташа бағасы – 305, бірінші сұрыпты бидай ұны – 144, ұнтақ жармасы – 200, қарақұмық жар­ масы – 360, сұлы жармасы – 218, арпа – 140, тары – 250, кеспе – 190, сиыр еті – 1348, қой еті – 1400, тауық еті – 670, сүт – 195, айран – 225, сүзбе – 1400, ірімшік – 1650, жұмыртқа – 280, сары май – 1340, күнбағыс майы – 450, қырыққабат – 110, пияз – 105, қызылша – 130, сәбіз – 125, картоп – 135, қант – 305, тұз – 51 теңге.

Бетті дайындаған: Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Астана белдеуінің әлеуеті мол Астананың азық-түлік белдеуі аймақтарында 100%-ға дейін ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ете алатындай әлеует бар. Бүгінде елорданың қайта өңдеу кәсіпорындары орташа жүктемемен 40% шамасында жұмыс істеуде. Ақмола облысына сапары кезінде Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов елорда төңірегінде ор­­на­­ ласқан жеке қосалқы шаруа­шы­лықтардың

жайымен танысты әрі ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кә­сіпорындарына жіберу қажет­т ігіне назар аударды. Мәселен, Астананың азық-түлік белдеуі аймағында орналасқан жеке қосалқы шаруа­ шылықтар 470 мың тонна сүт өндіреді. Оның ішінде 54 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберіледі екен. Алайда сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары 40% қуатпен ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Қайта өңдеу кә­с іп­

орын­­дары­ның өндірістік әлеуетін артты­ ру үшін бірқатар шаралар ұсынды. Ол бойынша 150 сүт қабылдау пункті, оның ішінде 6 белдеу аймағы, 2,5 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашу көз­делген. «Құрылатын бордақылау алаңдары мал сою, ет әзірлеп, сату және жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріледі» деді А.Мырзахметов. С о н д а й - а қ , к е з д е с у б а р ы с­ ы н ­ да көтерме үлестіру орта­л ықтарын құ­р у мәселесі де кө­­терілді. Аталмыш орта­л ық ауыл шаруашылығы коопе­ ративтеріне біріктірілген жеке қосалқы шаруашылықтар үшін өз өнімдерін ор­ наластыратын алаң қызметін атқарады. Алдағы уақытта халыққа қолжетімді бағамен делдалдардың қаты­с уынсыз отандық сапалы өнім­ге деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.


www.astana-akshamy.kz

№91 (3443) 09/08/2016

БІЛІМ

5

ÁҰҰ-íûң ̲ÍÁÅвÍÄÅò ÌӨËIJРС������, ����� �����! Б������� Ұ����� Ұ������� ��������� ���� ��� ����� ���������, ��� �������! Е���������� �����, ������ «К�� ������ – ��� ����» ����������� ���������� ��������� ������� О���� С��������� ���� ����� ������ ������� ������� �������� ���� ��� ���. Б�� ����� �������� ����� – М����� А������. Б������ Қ������� Х����� ��������� ����� ���� ������ �������� ���������� ���� ���� ��������, ������������� ���� �����. – «Көп тілдер – бір әлем» тақырыбына өзгеше шығарма жазу керек болды, – деп бастады әңгімесін Мөлдір. – Әлем азаматы, халықаралық ынтымақтастық пен өзара келісім секілді мәселелерді қамти отырып, тілдің рөлі жайында баяндадым. Жарыс ережесі бойынша эссе БҰҰ-ның халықаралық алты тілінің бірінде болуы шарт. Сондай-ақ ол тіл үміткердің ана тілі, елінің мемлекеттік тілі және мектепте

оқыған тілі болмауы қажет. Мен Қытайда білім алып жатқандықтан, шығармамды қытай тілінде жаздым. Үш кезеңнен тұратын сайысқа 3600-дей адам қатысты. Солардың ішіндегі 60 жұмыстың авторлары жүлдегер атанып, БҰҰ Ассамблеясы қабырғасында өтіп жатқан жастар форумына шақырылдық. Мөлдір алғаш оқуға түскенде қытайша бір ауыз сөз білмегенін жасырмады. Бейжіңдегі Мәдениет және тіл университетінде бір жыл оқығанының арқасында бұл тілді кәдімгідей жетік меңгеріп, Харбин қаласындағы оқу орнына түсуге мүмкіндік алған. Осы тұста кейіпкеріміз шет тілін үйренуде сол халықтың дәстүрін, мәдениетін, философиясын, салт-санасын қоса сіңіру керектігін алға тартты. Айтпақшы, біздің қыз өзінің баяндамасын қазақша сәлемдесуден бастаған. Үстіне ұлттық нақыштағы көйлек киюді де ұмытпапты. «Қазақи ою-өрнегі бар қамзолыма жанымдағылар қызыққанда, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді» деп ағынан ақтарылды Мөлдір. Додаға қатысқан өзге де жастар түрлі проблемаларды тілге тиек етіпті. Афри-

кадан келген ұл-қыздар су тапшылығын, Мексика, Колумбия азаматтары өз мемлекеттеріндегі құлдық туралы әңгімелепті. Мұнымен қоса, табиғи ресурстарды ысырап ету, кедейшілік, табиғи апаттар, жемқорлық мәселелері де сөз болған. Жалпы, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасы бейбітшілікті, адамзаттың өсіпөркендеуін, қоршаған ортаны қорғауды, кедейшілікті түбегейлі жоюды көздейтін болғандықтан, барлық тақырыптар осы түйткілдер төңірегінде қозғалған. – Қазіргі таңда әрбір кісі «Global citizen», яғни «Әлем азаматы» болуға ұмтылуы керек. Бұл – қарақан басыңды ғана ойламай, жаһандық сипаттағы ауқымды нәрселерге де үлесіңді қосу

деген сөз. Оны қалай жасаймыз? Жүрген-барған жеріңде қоқыс қалдырма, айналаңды таза ұста, суды үнемде. Мұндай кішігірім тірліктердің өзі бұқаралық сипат алса, қоғамның, мемлекеттің, одан әрі бүкіл әлемнің тынысы ашылмай ма?! – деді кейіпкеріміз. Мөлдірдің оқуын аяқтауға екі жылдай уақыт бар. Елге келем дегенше әлі де өркениетті мемлекеттің үлгілі жақтарын үйрене түсер. Отанға оралған соң оны міндетті түрде іс жүзінде қолданатыны, маңайындағыларға «жұқтыратыны» сөзсіз. Осылайша артындағыларға соны серпін, дұрыс бағыт беретін жастардың саны тағы біреуге артады. Бастысы, амандық болғай! Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

ÌÅÌËÅÊÅÒ ÄÀÌÓÛÍÛҢ ҚÎÇҒÀÓØÛ ÊҮز Е�������� �������� ������� ����� ������ �������� ��� ����� ���������� ���������� ������� �����. Ұ�� ������������� ����� ������, ����������, ����� ������, ������� ��������� �������� ���� ��� ������ ���������� ���-������� ���������� �����������. П����������� «Қ����������� ���������� �����������: Ж������ ����� Е���� Қ������� ����� 20 �����» ������������ �� ����� ������� ����. Бүгінгі әлемдегі жаһандық дағдарыспен күресу, оның себебін анықтау, дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру – мемлекетіміз үшін басты мәселелердің бірі. Экономикалық тұрақсыздық орын алған уақытта елдің хал-ахуалын түсірмей, тұрақты ұстау өте маңызды. Сондықтан Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы әлеуметтік жаңғырту идеясы арқылы еңбек ада-

мын алға шығару көзделді. Бұл бүкіл қазақстандық қоғамға тасталған үндеу болды. Осы ретте аталған идеяны ілгерілету мақсатында ұжымымызда жасалып жатқан шараларды сөз етсек. Еңбек адамы – мемлекет дамуының қозғаушы күші, тірегі десек, артық айтпаған болармыз. Бүгінгі таңда тек еңбектенген адам ғана жемісті нәтижеге жете алады. Ал ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, тиісті білім алу қажет. Сағат сайын, күн сайын қарқынды дамып бара жатқан

заманда бастапқы алған біліммен қалу – көштен кейін қалумен тең. Сондықтан біз ұжымдағы қызметкерлердің, еңбек адамдарының білімін одан әрі шыңдап, біліктілігін арттырып, кәсіби жоғарылауына барынша қолдау жасаудамыз. Атап айтсақ, концерт залымыздағы техникалық мамандықтардың біліктілігін арттыру мақсатында қызметкерлеріміз арнайы оқу орындарының практикалық семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, білім орталықтары өткізіп тұратын курстардан қалған емес. Концерт залы ашылғаннан бері, алты жыл ішінде қызметкерлердің барлығы әртүрлі тренинг, шеберлік сабақтары, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарына ие болды. Демек, ұжымда жемісті

жұмыс істеп, мамандардың кәсіби өсуіне барлық алғышарттар жасалуда. Болашақта аталған жұмысты одан әрі жандандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Себебі маманның біліктілігін арттыру, оның әлеуетін көтеру, кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау қоғамның дамуына да әкеледі. Алға қойған мақсаттарға еш қиындықсыз жетуіне, мемлекеттің алға қарай қарыштап дамуына біз осылай үлес қосамыз. Өйткені әр қызметкердің еңбекке қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі кәсіби өсуіне байлаулы. Әр адам мемлекет тетігіндегі аса маңызды фактор болып саналатыны сөзсіз. Әсия МҰСТАФИНА, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК бөлім басшысы


6

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

ұлт ұпайы

Серік ОСПАНОВ, әнші, өнер зерттеуші:

СӨЗ АРАСЫ БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНБАСЫН

Талғамы биік әнші, репертуары кілең есті әндерден тұратын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов кейінгі кезде өнер зерттеушілігімен де танылып жүр. Ілгеріректе «Сәкен Сейфуллиннің музыкалық мұрасы» кітабы мен «Сыр сандық» атты Сәкен әндерінің СD үнтаспасын шығарып, халқымыздың арда азаматының мұрасын бір жүйеге келтірді. Ақындық, әншілік, композиторлық өнерді бір бойына тоғыстырған Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығына арнап еңбек жазып бітірді. Ұлтымыздың дәстүрлі ән өнері жайлы айтары бар өнерпазбен біз қазақ әндерінің тағдыр-талайы, оларды насихаттау мен зерттеу төңірегінде сұхбаттастық. ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ – Серік аға, қазіргі заманда ән өнерінде неше түрлі ағымдар пайда болды. Соған сай тыңдарманның талғамы да өзгерді. Қазір жұрт Абай атамыз айтпақшы, есті әндерден гөрі есер әндерді көп тыңдайды. Әсіресе, жастар жағы қазақтың нағыз өзіндей әндерді тыңдаудан қалып бара жатқанын байқаймыз. Сіздің бозба­ лалық шағыңызда да осыған ұқсас жағдай орын алған сияқты. Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары эстрада қазақтың төріне ұмтыла бастады. Бұл кезеңде «Дос-Мұқасан», «Қарагөз» сынды ан­самбль­ дердің атағы дүр­кіреді. Бірақ сіз сол заман көшіне еріп кетпедіңіз. Эстраданы емес, ұлттық ән өнерін жаныңызға жа­қ ын тұтып, осы жолға түс­тіңіз. Содан жаман болмай, біршама биіктерді бағындырдыңыз. Соның сырын айтып бере аласыз ба? – Адам жас болған соң еліктемей тұрмайды. Біз де өз заманымызда бар қазаққа әйгілі «Дос-Мұқасанға», өзіміздің Жезқазған өңіріндегі «Қарагөзге», Қарағандыдағы «Гәкку» ансамбліне елік­тедік, әрине. Солардың репертуа­ рындағы әндерді алып, алақан­ дай ауылымызда ансамбль құрғанымыз да бар. Бірақ, түптің түбіне келген кезде эстрада өнері мәңгілік емесін байқадық. Қазір жылт еткен керемет де-

ген өнерпаздар арада төрт-бес жыл өткенде көмескіленіп жатады. Ал атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ән өнері ешқашан өшпейді. Менің дәстүрлі өнерге бет бұруыма бірден-бір себеп сол болды. Екіншіден, кішкентайымда құйма құлақ болып өстім деп топшылаймын. Әжемнің баласы болдым да, оның әлдиін естідім. Анамыз айтқан бесік жыры да құлаққа сіңген болуы керек. Әжеміздің ертегісі де болашағымызға әсер етті деп ойлаймын. Ол кісі ертегі айтып жатқанда, теледидар жоқ заманда біз көз алдымызға сондағы кейіпкерлерді елестетіп отыратынбыз. Ертөстік туралы естісек, өзімізді сол батырдай сезінетінбіз. Сол заманда қазіргі ғылыми-техникалық прогрес-пен миымызды ауырлатқан жоқпыз. Саф таза атмосферада өстік. Сондықтан, қазіргі қаптаған адамға қажеті жоқ ақпараттан ада болдық. Жүрсін Қосбұлақов деген нағашым да әнші болатын. Ауылдағы үйде тұратын бір құлақты кішкентай радиодан таңертеңнен кешке дейін «Шалқар» арнасы сөйлеп, әндерді беріп жататын. Менің әнші болуыма да осы арна мен нағашымның тигізген әсері мол. Жалпы, Қазақ радиосына айтар алғысым көп. Бірден-бір тәрбиенің көзі болып, ұлтымыздың туын көкте желбіретіп тұрған – осы радио. Сол кезде «Шалқарда» бір әдемі үрдіс болды. Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали

Рахмадиев, Әбілахат Еспаев сынды композиторлардың жаңадан шыққан әндерін радиодан беретін. Диктор әуелі мәтінін оқып, бір ауызын әнші орындайтын. Солай қайырмасы да оқылып, орындалатын. Сөйтіп, үш ауыз ән болса, оны үш рет айтқан кезде тыңдаушы жаттап алатын. Мен де жаттайтынмын.

АСТАНАҒА ҚОНЫС АУДАРУЫМА ЕЛБАСЫНЫҢ СӨЗІ ҚАМШЫ БОЛДЫ – Аға, өнеріңізбен өрге жүздіңіз. Басқа-басқа Елбасымыз да салған әніңізді естіп, ұнатқан екен. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алуыңызға да, Астанаға қо­

Түптің түбіне келген кезде эстрада өнері мәңгілік емесін байқадық. Қазір жылт еткен керемет деген өнерпаздар арада төрт-бес жыл өткенде көмескіленіп жатады. Ал, атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ән өнері ешқашан өшпейді. Кешке нағашым үйге келгенде менен «емтихан» қабылдайды. Сонда радиодан қандай ән үйренгенімді сұрайтын. Сыдық Мұхамеджановтың «Тербеледі тың дала» әніне байланысты бір қызықты жайтты айтып берейін. Оны радиодан тыңдап алып, нағашым сұрағанда «Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша» деген сөздердегі «екі ғашық» тіркесін «екі қасық» деп айтып берген екенмін. Онда төрт жасар баламын. Сол жастағы бала «ғашық» сөзінің мағынасын қайдан білсін, оған қасық жақындау ғой. Осылай нағашымның ішегін қатырып, күлдіргенмін. Бірақ, кішкентайымда естіген, жаттаған әндер санама сақталып қалды. Бірінші сыныпта оқып жүргенімде репертуарымда жиырма шақты ән болатын. Сөйтіп, кейіннен алған мамандығым инженер-құрылысшы болса да, өнер ауылынан табылдым.

ныс аударуыңызға да сол кісі себеп болыпты. Осының ­өз аузыңыздан естісек. – Жезқазғандағы Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармонияда қызметте жүрген кезім. Елбасының Ұлытау өңіріне келген сапарында концерттік бағдарламамен алдынан шығатынбыз. Әнімді сонда естіп, ұнатқан болуы керек. Президенттің шығар­ машылығыма да тигізген әсері бар. Иманжүсіптің әнінің төртбес шумағын ғана білетінмін. Ән шырқаған кезде анау-мынау әншіден кем айтпайтын Елбасының аузынан осы ән­нің толық нұсқасын естіп, үйре­ ніп алдым. Жезқазған облы­ сын басқарған Қажымұрат Нағмановтан менде атақ жоқ­ тығын естіген Нұрсұлтан Әбіш­ұлы ұсыныс дайындатып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атандым. Астанаға қоныс аударуыма да сол кісінің сөзі қамшы болды.

Елбасы Жезқазғанға бір келгенде «Серік, орыстанып кеткен Астананы қазақыландырайық, көштің басын елордаға қарай бұрғаның жөн. Жылына бір рет бас қалада ән-термелеріңмен концертіңді беріп тұрсаң, ана тілімізді өркендетуге, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға бірденбір себеп тудырасың» деген соң 2002 жылы Астанаға көшіп келдім. – Астанада кезінде жұ­ мыс істеген Халық шығар­ машылығы орталығына же­текшілік еткен екенсіз. Қазір Алмас Алматов сынды ұлттық өнерімізде аты бар тұлғалар елордада дәстүрлі музыка театрын ашу керек деген ұсыныс айтып жүр. Бажайлап қарасақ, Халық шығармашылығы орталығы соның міндетін атқарған сияқты. Орталықтың жабы­ луының себебін айта аласыз ба? – Өкінішке қарай, сол кездегі заман ағымына, мәдениет саласын басқарған адамдардың түсініспеушілігіне байланысты орталық жабылды. Бізде санада қалыптасқан бір жағымсыз түсінік бар. Еуропада білім алған мәдени қызметкерлеріміз төл өнерімізді қажет етпейді. Әнші керек болса, Филипп Киркоров, Алла Пугачеваны шақырып аламыз дегенді саналарына ұялатып алған. Бұл – мәдениетімізге жат сана. Сол індет тәрізді жайылып, қазір ішімізді жегі құрттай жеп жатыр. Оның соңғы нүктесі Астанадағы Халық шығармашылығы орталығының


www.astana-akshamy.kz

№91 (3443) 09/08/2016

ұлт ұпайы тарауына барып тірелді. Орталық жұмыс істеген жылдары әнші, термешілердің, күйшілердің конкурсын жиі өткізіп тұратынбыз. Он екі жасқа дейінгі балалардың «Бозторғай» атты ән байқауын ұйымдастырып жүрдік. Орталық жабылған соң, соның бәрі тоқтады.

БІЗДІҢ КӨП ӘНДЕРІМІЗ СОТТАЛҒАН – Қазір әншілер арасын­ да халық әндерін немесе халық композиторларының әндерін эстрадаға салып орындаушылар көбейіп тұр. Осы үрдіске көзқарасыңыз қандай? – Ақанның, Біржанның, Үкілі Ыбырайдың әндерін қазір эстрадалық нұсқада жастардың орындауында естіп жүрміз. Алайда жас әншілердің сауатсыздығына қарнымыз ашады. Соларды тыңдап, Гауһар Қаспақова сынды Әсеттің «Қысмет» әнін тамаша орындаса екен дейсің. Мәселен, «Жігіттер» тобы «Балқадиша» әніне әуелгіде жоқ сөздерді қосып, әннің берекесін кетірді. Газетке «Жігіттерге» қор болған «Балқадиша» тақырыбын қойып, мақала да берейін дегенмін. Бірақ, әншілердің сағын сындырмайын деп тоқтадым. Жалпы, қазақ әндерінің тағдыры ауыр болып келеді. Өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары біздің көп әндеріміз сотталған. Оны көп жастарымыз білмейді. Әндеріміздің көбісі «Алла», «Құдай» деп басталған. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің әлқиссасы «Бір Аллаға сыйынып» деп келеді. Кеңес заманында осы сөздер алынып тасталды. Жаяу Мұсаның «Сапар» атты әні де «Әптиек басы Ясын-ды, Қайғыға қайғы қосылды. Артында қалған қос ботаң «Апалап» кімге асылды? – деп келеді. Естайдың «Қорлан» әні де «Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын, Құдайым берген екен күн мен айын» деп айтылу керек. Мұндағы «Құдайым» деген сөзді «Табиғат» сөзі­ не өзгертіп жібердік. «Балқа­ дишадағы»: «Күйеуің сексен бесте – шал Қадиша» деген жолдар да кейіннен қосылған. «Иманжүсіптің әніндегі» «Шө­ бім болған закуска, суым – сыра» деген сөз де түпнұсқада жоқ. Иманжүсіп өмірінде татып алмаған адам. Жалпы, жастардың халық ән­ дерін, халық композиторлардың әндерін эстрадаға салып айтқанға қарсылығым жоқ. Мәселе, ән орындаудағы сапада болып тұр. Әншілер халықтың мұрасы болып саналатын ән сөздерін, әуенін

бұзбаса екен деген тілегім бар. Бұл әндерді ешкім меншіктеп алған жоқ. Тек Абай айтпақшы, «сөз арасы бөтен сөзбен былған­ басын».

РЭП – ҚАЗАҚТЫҢ ТЕРМЕСІ – Көпшілік тыңдарманды Махамбеттің өлеңдерін әнге айналдырған «Алашұлы» тобы, «Тұран» деген этно­ топ сүйсіндіріп жүр. Олар­ дың өнеріне беретін бағаңыз қандай? – Менің рэп стилінде айтылып жүрген қазақ тіліндегі әндерге қарным ашады. Мұны шетелде англо-американдықтар шығарды. Біздің ұғымымызға салсақ, бұл қазақтың термесі ғой. Өнерімізде бұрыннан бар дүние. Ал, шетелдіктер рэпті термемізден жасап алған. Рэп айтатындар­мен бір телебағдарламаға қатысқан едім. Солардың біріне Үкілі Ыбы­ рай­дың «Қалдырған» әнінің: «Жасымда болдым балдырған, Талайды сөзден қандырған. Бұл балдырған шағымда Ғашық болып жандырған. Айналайын халқымнан Маңдайға шырақ жандырған Өнеріңді бір көрсет деп Халқым бір қалап алдырған»

МӘДЕНИЕТ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ КЕРЕК – Аға, қазіргі жастарды дәстүрлі өнерге оралту үшін не істеуге болады? – Жастар дәстүрлі өнерден мүлдем мақұрым қалды, ұлттық өнеріміз өшіп бара жатыр деп қазір айтуға болмайды. Өнерге баулитын Қазақ ұлттық өнер университеті сияқты іргелі білім беру ошақтары бар. Аймақтарды айтсақ, Қарағандыда Тәттімбет атындағы колледж, Жезқазғанда да саз колледжі жұмыс істеп тұр. Соларда жұмыс істейтін оқытушылармен сөйлесіп отырамын. Олар «конкурс жаман емес, бір орынға он адамдан келді» деп қуанып отырады. Ән бәйгелеріне де қазір автокөлік тігетін жағдайға кеп қалдық. Қомақты қаржылай жүлделер тағайындалып отыр. Әншілерге атақ алып беру мәселесі жолға қойылуда. – Жастарды өнерге баулитын оқу орындары жайлы айтып жатырсыз. Меніңше, оқу орнын бітірген белгілі бір өнерпаздың жұмысқа тұрып, өмір сүруге жететіндей, от­ басын асырайтындай нәпақа табуы қиын. Осыған сіз не дейсіз?

Елбасы Жезқазғанға бір келгенде «Серік, орыстанып кеткен Астананы қазақыландырайық, көштің басын елордаға қарай бұрғаның жөн. Жылына бір рет бас қалада ән-термелеріңмен концертіңді беріп тұрсаң, ана тілімізді өркендетуге, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға бірден-бір себеп тудырасың» деген соң 2002 жылы Астанаға көшіп келдім. деген сөздерін келтіріп, «Рэп деген осы емес пе?» деп едім, ол: «Жоқ, мұндай рэп болмайды, оның сөзін өзім жазуым керек» дейді. Сөйтіп, рэп айтатындар шатып-бұтып талғамды бұзып болды. – Өнерде кездесіп отырған келеңсіздіктерді айтып жа­ тырсыз. Біздіңше, қазір қазақ өнерін зерттеу жағы кемшін болып тұр. Айтылған олқылықтар содан туын­ дауда. Осыған сіздің алыпқосарыңыз бар ма? – Бізде Ерлан Төлеутай сияқты жақсы өнер зерттеушілер бар. Бірақ олар сыңарезулетіп, көбінесе мәселені бір жақты зерттейді. «Қожаберген жырау дүниеде болмаған, Сегіз серіні де біреулер ойлап тапты» деген жаңсақ пікірлер содан туып отыр. Әр адам тақырыптың түбіне жетіп барып қорытынды шығару керек. Түсінемін, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бірақ әр нәрсенің ақиқатын айту – парыз. Ілия Жақанов сынды білімдар зерттеушілер шалғайда жүріп қалғанын пайдаланып, қазір кім көрінген өнер жөнінде пікір айтатын боп жүр. Солардың көбісінің мұрнына өнердің иісі бармайды.

– Мен Ұлытауға жиі барып тұрамын. Ол алыстау аудан ғой, сонда маман жетіспей тұрғанын көремін. Ауылдағы мәдениет үйінде көркемдік жетекші, оркестрдің жетекшісі, домбырашы, баяншы жоқ. Мемлекет «Дипломмен ауылға» деген жақсы бағдарлама шығарды ғой, өнерпаз жастар сол бағдарламаға ілігіп, ауылға барса екен дейсің. Бұл бағдарлама арқылы орталық жылу жүйесіне қосылған, суы келіп тұрған жақсы жер үй алады. Ол үйдің ауласында бақша егетін жері бар, мал қорасына дейін салынған. Ондай жерге өзімізді жіберсе, қуана-қуана барар едік. Бірақ, жасымыз өтіп кетіп тұр. Қазір артта қалып отырған ештеңе жоқ, үйіне интернет қосқызып алсаң, ағайынтуысымен күнде бай­л анысқа шығып отыруға болады. Бір айтатын жайт, бізде қазір мәдениет менеджерлері, дұрыс дыбыс операторлары, жарық түсірушілер жоқ. Осы мамандықтарға оқытуымыз керек. Мәдениет үйінің директоры, көркемдік жетекшісі сияқты іскер ұйымдастырушыларды шығаруымыз қажет. – Аға, бізде «Мәдениет ту­ ралы» заң бар ғой. Оған көңіліңіз тола ма?

– Заңды қайта қарап, айтылған түйткілдер түйінін тарқатып, жүйелендірсе деген тілегім бар. Әсіресе, ретке келтіріп, мемлекет қорғауына алатын тарихи-мәдени ескерткіштер жеткілікті. Әйтпесе, Абылайхан «Сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім» деп мақтаған Байдалы бидің басында неге ескерткіш жоқ? Атақты күйші Сайдалы Сары Тоқаның басында неге белгі көрінбейді? Қырық жыл болыс болған, жақсылардың соңы Телғозының Шоңының зираты неге құлап жатыр? Осы айтылғандардың бәрін мемлекеттің тарихимәдени мұралар қатарына енгізу керек. Елімізде туризм дамымаған дейміз. Тұлғалар жатқан жерлерді көркейтсек, ел сол жерлерге қарай ағылмай ма? «Аққу», «Гәкку» сынды күмәнді топтарға әртүрлі желеумен ақша таптырғанша, мемлекет істі қолға алмай ма?

ӘР КОМПОЗИТОРДЫҢ БІР АРМАНЫ БАР – Ерлан Төлеутай дәстүрлі ән өнері туралы жеке заң керек деген пікірді айтты. Сіз оған қосыласыз ба? – Бір білетінім, «Қазақтың дәстүрлі ән өнерін қорлауға болмайды» дегенді заңмен бекіту керек. Бұл бекітілсе, эстрада әншілері халық әндері мен халық композиторлардың әндерін орындаудан аяқ тартушы еді. Әйтпесе, «Тап-тамаша ән еді, пұшық келіп қор қолды» деген сөздегідей боп тұр қазір. – Ілия Жақановтың «Қазақ­ тың классикалық әні енді тумайды» деп айтқаны бар.

7

Қазіргі сазгерлер жұмыртқа басатын тауық тәрізді әндерінің санына қарайды. Жүз-жүз елу ән шығардым деп мақтанады. Мәселе, ол әндердің санында емес, сапасында ғой. Екіүш-ақ әнімен тарихта қалуға болады. Өзі «көп шыққан дүниеде сапа» болмайды. Бұл – бұрыннан белгілі қағида. Шынын айту керек, оқыған композиторлардан гөрі оқымаған композиторлардың өнері басым. Ол да дәстүрлі өнеріміздің мәңгілік екенін айғақтайды. Мысалы, ұлттың уызына жарыған Мұратхан Егінбаевтің, Кәкімбек Салықовтың, Айтуған Салықовтың, Жағыпар Әлім­ха­ новтың, Тұрсынғазы Рахымов­ тың, Қонысбай Әбілевтің әндері қандай! Жезқазғанда өмір сүріп, дүниеден ерте озып кеткен, «Ана туралы баллада», «Жезкиік», «Неге солай» сынды ғажап әндерді жазған Жақсыгелді Сейілов­т ің осы әндері әлемді шарлап кетті. Солардың насихаты кемшін соғып жатыр. Соларды насихаттай білуіміз керек. – Тұрсын Шапайдың әндеріне көзқарасыңыз қандай? – Тұрсынжан басында тамаша мәнді, мағыналы әндерді жазды. «Дариға-дәурен» сияқты үштөрт әні мықты еді, кейінгі әндері бірін-бірі қайталап кетті. – Өзіңіз кезінде Ақмола қ а л а­­с ы­н ы ң а т ы н а н «Жігер» ән байқауына қа­т ы­с ып, жүл­д е­г ер атан­ ғансыз. Сол тәтті ес­т е­ лігіңізді жаңғыртып өтсе­ ңіз. – Сексенінші жылдары осын­

Қазақ әндерінің тағдыры ауыр болып келеді. Өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары біздің көп әндеріміз сотталған. Оны көп жастарымыз білмейді. Әндеріміздің көбісі «Алла», «Құдай» деп басталған. Бұл жөнінен сіз не айтасыз? – Бұған қосыла қоймаймын. Бұл мүмкін емес. Әр компо­ зитордың бір арманы бар. Мәселен, Шәмші Қалдаяқов көзі тірісінде «Естайдың «Қорланы» секілді бір ән жаза алмадым» деген арманын айтқан. Сол сияқты әр сазгер осылай армандайды. Меніңше, әнді заман тудырады. Жақсыжақсы әндер туатын заман да келер. – Қазіргі қазақ компози­ тор­ла­рының өнеріне қалай қарайсыз? – Алтынбек Қоразбаевтан бастасақ, бұл ағамыз – жанжақты жақсы композитор. Бірақ үш-төрт әнінен кейін әндерін тыңдағың келмейді. Әндерінің бәрі бір сарындас болып кетеді. Кейінгі композиторлардың көбісі сондай. Марат Омаровтың әндері де бір-біріне ұқсайды.

дағы Құрылыс институтын бітіруіме шамалы уақыт қалып, диплом қорғауға төрт ай уақыт берілді. Дипломды екі айда жазып бітірдім де, ауылға қайтам деп отырғанда «Лениншіл жас» газетіне «Жігер» фес­ тивалі туралы ақпарат шықты. Қолым бос болған соң оған барып қатыстым. Ақмола облысынан сегіз адам бардық. Ешқайсысы орынға іліккен жоқ, мен ғана лау­р еат атандым. Негізі, маған облыс атынан жолдама берілмеген еді. Әйтеуір, жолым болды. Сонда «Лениншіл жасқа» «Жолдамасыз келіп, жүлде алды» деген мақала да шықты мен туралы. – Мазмұнды әңгімеңізге рах­ мет, аға! Шығармашылық табыстарға кенеле беріңіз. Сұхбаттасқан: Аманғали ҚАЛЖАНОВ


8

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

экономика

Мәселе мұнай бағасында емес Шілде айының соңында елімізде валюта бағамы қатты өзгеріске ұшырағаны белгілі. Алдымен 26 шілде күні бірден 364 теңгеге дейін шарықтап шыға келген АҚШ доллары қазір 350-353 теңге шамасына тұрақтады. Төл ақшамыз күн санап біртіндеп қайтадан нығайып келе жатқандай түр байқатады. Алда теңгенің долларға шаққандағы бағамы қандай болуы мүмкін? Осы сұраққа жауап іздеп, қазіргі жағдайларды сарапқа салып көрген едік. Әрине, қазіргі уақытта әлемдік нарықтағы «қара алтынның» бағасы біздің ғана емес, бұрынғы кеңестік елдердің ұлттық валюта бағамына айтарлықтай ықпалын тигізіп тұр. Екіншіден, елімізбен тығыз сауда әріптестігі бойынша байланыс жасайтын елдердегі валюта бағамының өзгеруі де теңгеміздің құнын қайта бағамдауға мәжбүрлейді. Мәселен, 16 шілде мен 26 шілде аралығында мұнайдың бір баррелі 48,09 доллардан 44,78 долларға дейін төмендеген еді. Мұның ізін ала көрші Ресейде доллардың рубльге шаққандағы құны 62ден 65,95 рубльге көтерілді. Осы жағдайдың бәрі бізге теңгенің құнын қайта қарауға мәжбүрледі. Неге? – Өйткені, Ресей – біздің сауда бойынша ең үлкен әріптесіміз. Сондықтан, екі ел арасындағы сауда кезінде бәсекелестікті сақтау үшін теңге бағамының өзгеруіне мүмкіндік береміз. Әйтпесе, тауарларды сату немесе сатып алу, қызмет көрсету кезінде ұтыламыз. Былтырғы алғашқы жарты жылдықтағы жағдайды есіңізге түсіріп көріңіз, сол уақытта Ресей рублінің долларға шаққандағы құны біршама төмен болатын. Ал теңге Ұлттық банктің қолдауы арқасында аса қатты құнсыздана қойған жоқ. Есесіне Ресейдегі тауарлар теңгеге шаққанда біршама арзан болып шықты. Осыны пайдаланып қалғысы келгендер Ресейге арзан тауарға ағылды, соның салдарынан еліміздегі отандық өндірісшілердің өнімдері сау­ да сөрелерінде тұрыңқырап қалып, экономикалық жағынан біршама зардап шеккен еді. Сондай жағдай қайталанбас үшін біз көрші елдің валюта бағамын да есепке аламыз, – деп түсіндіреді «Халық банкі» АҚ-ның еншілес «Halyk Finance» компаниясы Зерттеу департаментінің директоры Мұрат Темірханов. Бірақ бір ескеретін жай, шілде айының соңында теңге алғаш құнсызданғанда Ұлттық банк оны еркін айналымға жіберу саясатын ұстанды. Әрі

еліміздің басты банкінің қаржы нарығына қатысу деңгейі шілде айында 8,8 пайыздан аспаған болатын. Енді қазір бұл жағдай өзгерді. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қаржы нарығындағы саудаға араласуға әзір екендіктерін, бұдан әрі де валютаны сатып алуды жалғастыратынын мәлімдеген болатын. – Егер мұнайдың бір баррелі 35 доллардан төмендеп, рубльдің долларға шаққандағы құны 70 рубль шамасында болса, онда теңгенің бағамын еркін айналым жағдайында қайта қарастыруымыз мүмкін. Мұндай жағдайда нақты мөлшер қандай болатынына да болжам айта алмаймыз. Бірақ, бір ескеретін жай, мұнайдың бағасы 35 долларға түскеннің өзінде Ұлттық банк қаржы нарығына қатысып, кез келген ауытқушылықты реттеуге күш салады. Бұл жағынан келгенде ешқандай күрделі мәселе жоқ. Сондықтан теңгенің аяқ астынан, күтпеген жерден қымбаттауына жол берілмейді, – деп сендірді жақында өткен баспасөз конференциясында Д.Ақышев. Ал Ұлттық банк теңге баға­ мын тұрақтандыру үшін өткен жылғыдай белсенді интервенциялар жүргізуге әзір ме, кенеттен теңге құнсызданатын болса, оның бағамын осындай жолмен ұстап тұру жос­ парда бар ма? Бұл тұрғыдан келгенде де Ұлттық банк өз ұстанымын айқындаған. Бас банкир «Ұлттық банк теңге нығайғанның өзінде қаржы нарығындағы саудаға арала-

суын жалғастыра береді. Ал қаржы тұрақсыздығы қаупі туындап, теңге құнсызданған жағдайда интервенция жүр­ гізуге әзірміз» деп теңгені қолдау шарасына қатысты сұ­ раққа нақты жауабын берген. Орайы келгенде айта кетейік, өткен жылдың шілде айында теңгенің құнсыздануы үздіксіз жалғасқан кезде Ұлттық банк миллиондаған доллармен интервенция жүргізген еді. Соның нәтижесінде доллар бағамының шектен шыға қымбаттауына жол берілмеді. Алда мұндай жағ­ дай қайталанатын болса, Ұлттық банктің интервенция жүргізуге әзір екендігі де көңілге бір демеу. – Ұлттық банктің мұндай саясатынан алдын ала ха-

олардың санасына «доллар тағы қымбаттайды» деген қорқыныш ұялап қалады. Сол қорқыныштың әсерімен жаппай доллар сатып алып, ішкі нарықта доллардың жетіспеушілігін туғызады.

еді, ал мұнай бағасы қайтадан ептеп көтерілгенде теңге 327ге дейін нығайды. Тағы бір ескеретін жай, Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы экспортындағы

Бұл психологиялық фактор да доллардың қымбаттауына үлкен әсерін тигізеді. Көп жағдайда, мұнайдың баға­с ы­ нан бұрын, халықтың сана­ сындағы қорқыныш валюта бағамына қатты әсер ететінін де байқауымыз керек. Біз бір жағынан доллар бағасының көтерілуіне өзіміз осылай ықпал етіп жатқанымызды білуге тиіспіз. Сондықтан, қандай жағдайда да ең бірінші қорқыныштан арылған дұрыс. Ұлттық банктің теңге құнсызданған кезде оны бір шекті мөлшерден асырмайтынына сенгеніміз жөн, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев. Кейбір сарапшылар «мұнай бағасы кейде қайта көтеріліп жатады. Бірақ ондай кез-

мұнайдың ақшаға шаққандағы мөлшері 55 пайыз шамасында екен. Сондықтан тек мұнай бағасының өзгеруі теңге құнына 100 пайыз ықпалын тигізе алмайды. Оған жоғарыда айтып өткендей, бірнеше фактор әсер етеді. Негізінен, сарапшы-маман айтқандай, психологиялық фактор, яғни, халықтың санасындағы қорқыныш көп әсерін тигізеді. Ал мұнай бағасы жақсы жағына өзгергенде, құны көтеріле бастағанда, оның теңге бағамына ықпалын бірден күтуге болмайды. Ол біртіндеп әсер етеді. Теңге бағамына қатысты болжам айтылғанда, «биылғы қабылданған бюджетте валюта бағамы 360 теңге мөл­ш ерінде белгіленгенін, сондықтан Ұлттық банк оны осы мөлшерде ұстауға тырысады» деген тұжырым жасайтын сарапшылар да жоқ емес. Бірақ Ұлттық банк бұл тұжырымның түбірімен қате екенін мәлімдеді. «Жоспарланып, қабылданған бюджетте валюта бағамы жалпы экономикалық үлгіге сай белгіленген болатын. Ұлттық банкке бұл негізгі меже емес, осы бағам шамасынан шығуға да күш салмайды. Доллар бағамына әсер ететін бірнеше факторларға байланысты теңгенің құны өзгеріп отырады» деп түсіндірген еді Данияр Ақышев. Сондықтан теңге бағамына нақты болжам жасау әзірге мүмкін болмай тұр.

Былтыр мұнай бағасы 50 доллардан төмендеуі ұзақ уақытқа жалғасқанда, теңге 390-ға дейін құнсызданған еді, ал мұнай бағасы қайтадан ептеп көтерілгенде теңге 327-ге дейін нығайды. Тағы бір ескеретін жай, Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы экспортындағы мұнайдың ақшаға шаққандағы мөлшері 55 пайыз шамасында екен. Сондықтан тек мұнай бағасының өзгеруі теңге құнына 100 пайыз ықпалын тигізе алмайды. бардар болып отырғанымыз жақсы. Ол халықтың сенімін нығайтуға тиіс. Өйткені, доллар алғаш қымбаттаған кезде көшеге шығып байқап көрсеңіз, халықтың бәрі жаппай доллар сатып алуға көшеді. Банктегі теңгемен сақталған депозиттерін шұғыл долларға айырбастайтындар да аз болмайды. Себебі,

де соған сәйкес теңгенің нығайғанын байқамадық» деген пікірлер айтады. Бұл пікірлердің шындыққа жанасатынын, жанаспайтынын өткен жылғы жағдайларды сараптап шықсақ та жеткілікті сияқты. Былтыр мұнай бағасы 50 доллардан төмендеуі ұзақ уақытқа жалғасқанда, теңге 390-ға дейін құнсызданған

Меңдолла ШАМҰРАТОВ


www.astana-akshamy.kz

№91 (3443) 09/08/2016

құқық Қазір жаз мезгілі. Мектеп оқушылары да демалысқа шығатын кезең. Ал бұл уақытта жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын тәртіп сақ­ шыларының жұмысы екі есе көбейеді. Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-ана­ сыз жүруге болмайды. Тыйым салынған. Бірақ оқудан қолы босаған балалардың бұл ережелерді бар­лығы бірдей сақтай бермейтіні белгілі. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, Кенет, осы сәтте екі полицей бір топ жасөспірімдердің қолымен жасалатын жасөспірімді автобусқа алып кірді. Бойқылмыстар мен құқық бұзушылықтар, лары сорайған бұл балалар қаладағы әсіресе, жаз мезгілінде көп тіркелетін колледждердің бірінде оқитын жастар көрінеді. Обалы не керек, поли- болып шықты. Бірақ, өздерінің айтулацейлер күн-түн демей қылмыспен рынша, ешқайсысы әлі кәмелет жасына күресудей-ақ күресіп жатыр-ау, алайда, толмапты. Ал сағат түнгі 00.15-ті көрсетіп жасөспірімдер арасындағы қылмысты тұр. «Түннің жарымында не істеп азайту күн тәртібінде тұрғаны анық. жүрсіңдер?» деген сұраққа жауаптары Астана қалалық ІІД Алматы аудандық дайын: «жай, қыдырып жүрміз...» 18-ге ІІБ ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімше­ толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат сінің қызметкерлері «Каникул» жедел 23.00-ден кейін жүруге болмайтынын, алдын алу шарасы шеңберінде үш күн тек ата-анасы немесе заңды өкілімен ғана бойы қала көшелеріне рейд ұйым­ жүруге болатынын ескерткен полицейлер дас­тырған болатын. Өткен сенбі күні оларға автобус «төрінен» орын ұсынды.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, бүгінде кейбір ата-ана баласын қараусыз жібере салатын болған. Әйтпесе, «бір жерде жүрген шығар» дей салатын ауыл емес, үлкен қала. Астананы айтпағанда, еліміз бойынша небір қылмыстар болып жататынын, бұрындары сөздік қорымызда да болмаған педофил деген пәленің салдарынан жас балалар зардап шегіп жатқанын теледидардан күнде көріп жүрсе де, бейқамдық танытатыны қынжылтады. Тәртіп сақшылары да жауапсыз ата-аналардың немқұрайлықтарына налиды. Әйтпесе, түн ортасына дейін баласын іздемейтін ата-ана бола ма?.. «Түнде жүрген бала қылмысқа ұрынуы мүмкін. Сол себепті де ата-аналар балаларының немен айналысып жүргендерін білулері керек. Баласын түнде көшеге жібермеулері қажет» дейді тәртіп сақшылары.

9

шығармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалардың жаман істерге, қылмысқа үйір болуына, тіпті мойын бұруына мұршасы болмас еді-ау... Хош. «Каникул» жедел алдын алу шарасының үш күнінде тек Алматы аудандық ІІБ-ге қанша бала түсті? «Шараның басты мақсаты – алкогольдік ішімдіктерді ішетін, түнгі уақытта қыдыратын жасөспірімдерді ұстау, кәмелеттік жасқа жетпегендерге алкогольдік және темекі заттарын сату, балаларды қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға қатыстыру фактілерін анықтау, – дейді Астана қалалық ІІД Алматы аудандық ІІБ ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Гүлфия Гафур. – Жедел алдын алу шарасының үш күнінде Алматы аудандық ІІБ-ге 28 жасөспірім жеткізілді. 22 ата-

«Жарғанат» жасөспірімдер немесе ұйқыны ұмытқан балалар қылмысқа ұрынады Рас, балалардың қылмысқа бармауын тек полицейлер ғана қадағаламауы керек, ол алдымен ата-ананың міндеті. Сондай-ақ, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың да қадағалауын талап етеді. Себебі психологтардың айтуларынша, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның отбасында, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады екен. Осындайда сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде балаларға демалыс маусымдары дұрыс ұйымдастырылса екен дейсің... Еліміздегі әртүрлі ұйымдар сабақтан қолы босаған оқушыларға арнап спорттық кешендер ашып, жарыс­ тар өткізіп тұрса, жас жеткіншектердің тәртіп сақшыларына біз де ілесіп, бұза­ қылық жасаған, түнгі 23.00-ден кейін заң­ды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерді «құрық­­тау операциясына» куә болып қайттық. Түнгі сағат 23.30. Алдымен бір топ полиция инспекторы бар автобус қаланың Силикатный деп аталатын ауданына бет алды. Көше шамдары жарқырап тұрған жерге автобусты тоқтатқан сақшылар сол маңда орналасқан дәмханаға кірді. Әр-әр жерде сырадан сораптап, қаннен-қаперсіз отырған жастарды кездестірдік. Бір топ полицей кіріп келгенде, олар селт етпеді. Сірә, мұндай жағдайға еттері үйреніп кеткен тәрізді. Кенет, анадай жерде сыраларын сыздықтата ұрттап отырған үш бойжеткен күдікті көрінді. Мектеп оқушыларына ұқсай ма, қалай?.. Бірақ олардың сақшылардан ығатын түрі көрінбейді... «Сырақор» сылқымдарды дәмхана­дан сыртқа шығарып, автобусқа мінгіз­ген тәртіп сақшылары олардың құжаттарын сұрап еді, өздерімен бірге болмай шықты. Сондықтан өздерінің айтулары бойынша аты-жөндерін тіркеу базасы арқылы тексеріп көріп еді, кәмелеттік жасқа толған қыздар болып шықты.

Біршама жерді шолып шыққан тәртіп сақшылары құдды қармағы қауып тұрған балықшылардай-ақ балаларды бірінен соң бірін әкеліп жатты. Тағатын айыбы біреу – «заң бойынша, түнгі мезгілде балалардың заңды өкілінсіз жүрулеріне болмайды». «Жарғанат» балалардың да жауаптары дайын – «қыдырып жүрміз»... Бір мезетте шамамен 9-10 жасар велосипед мінген бала ұшыраса кетті. Полицейлер тоқтатып еді, ол, сірә, қорыққан болуы керек, жылап жіберуге шақ қалды. Бұл бала да «қыдырып» жүргенге ұқсайды. Сағат 00.30. Біз мінген қызметтік көлік Жұмабаев көшесіне түсе бергенде үш қыз бала қарсы жолықты. Бірден тоқтадық. «Түн жарымында жап-жас қыздар көшеде не істеп жүр?!» Үшеуін тоқтатып, жөн сұрасқанымыз сол еді, үш қыз кешірім сұрай жөнелді. Енді түн мезгілінде көшеге шықпайтындарын бір жолға жіберулерін өтінді. Бірақ сақшылар оңай көне салмады, ІІБ-ге алып кеттік. Сөйтсе, 11, 9, 6-сынып оқушыларының ата-аналары қонаққа кеткен екен, сол сәтті пайдаланып, елордадағы «Жерұйық» паркіне қыдыруға барыпты. Айтуларынша, фотоға түсіп жүріп қалай кеш батып кеткенін байқамай қалыпты.

ана түсініктеме жазып, балаларын сол күні алып кетті. 10 бала Бейімдеу орталығына жіберілді, 2 жасөспірімге қатысты хаттама толтырылды». «Қылмыстың алдын алу үшін де түрлі шараларды жүзеге асырудамыз. Мысалы, рейд жүргізгенде тек көшедегі балаларды ғана бақылап қоймаймыз, сонымен бірге, араққа салынған адамдардың да үйлеріне барып тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені, олардың балалары болуы мүмкін. Қылмысқа бейім жеткіншектер, көбінесе, әке-шешесі ішкілікке салынған отбасыдан шығып жатады» дейді Алматы аудандық ІІБ Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Ғалия Шамаева.

P.S. Түнгі сағат 01.00-де Алматы аудандық ІІБ-ге келгенімізде бір топ адамды көрдік. Көбісі – балаларын алып кетуге келген ата-ана. Арасында «жарғанат» жасөспірімдердің ағалары да жүр. Кенет, шамамен жасы 30-ға келген бір жігіт жанымдағы полиция қызметкеріне тап берді: «сендердің жұмыс істеп жатқандарыңа еш сенбеймін! Көшеде тыныш жүрген балаларды ұстағанша, нашақорларды қамамайсыңдар ма!» дейді түтігіп. Тәртіп сақшысы «заң солай, біз заң бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Олай болса, балаларды түнгі мезгілде көшеге жібермеу керек еді» деп салмақты түрде жауап берді. Өкінішке қарай, кейбір жұртшылықтың полиция қызметкеріне деген көзқарасы осындай... Ғани АТЫМТАЙ


10

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

ТАНЫМ

ÅËÎÐÄÀÍÛҢ ÆÅÐ ҚÀÁÀÒÛ ҚÀÍÄÀÉ? А����� ������� ���������, ������ ������� ����������. М������ ��� ��������� ����������� �������� ���� ����������� ���������� �������� ������. Ғ���������� ��������� �������, ��� ����������� ������� ���� ���������� ��������� �����, ������ �������� ��������� ��������� ������ ����. Біле білсек, Астана – өзіндік ерекшелігі бар аймақ, бұл жақта үнемі жел соғып тұрады. Ал жел көбінесе топырақ қабатын жиі алмастырып, құрамындағы қарашірінділерді азайтып жібереді екен. Сол себепті топырақ сазданып, су тигенде беті қатайып кетеді. Бұл өз кезегінде жаңбыр суын тез сіңіруіне кедергі келтіреді.

Жалпы, Ақмола өңірінің табиғаты құрғақшылыққа бейім, көктемнің соңғы айы мен күздің алғашқы айларында-ақ ауа райының кенеттен тез суитыны жер қабатына да айтарлықтай әсері бар. Қысқа жаздың өзінде жаңбыр аз болса, көктемнің аяғы мен жаздың басында-ақ жердің беткі қабаты қатты құрғап кетеді. – Бұл жақта жаңбыр жиі жауғанның өзінде үнемі соғып тұратын желдің әсерінен топырақ қабаты тез құрғайды. Ауа райы тез құбылмалы аймақ. Астана аумағының өзі үш түрлі топырақ қабатының үстінде орналасқан. Мәселен, Есіл өзенінің аумағы топырағының беткі қабаты қара қоңыр түсті, яғни шірінді органикалық заттардан құралған. Оның қалыңдығы да біршама жоғары. Қаланың аумағынан әрі шығып, әуежай жаққа жүргенде, бұл аймақта қара қоңыр түсті қабат жұқара түседі. Қызғылт қоңыр топырақ қабаты керісінше қалыңдайды. Ал оң жағалауда қара қоңыр топырақ қабаты орташа деңгейде. Осы өзгерістерге байланысты жерасты сулары да әртүрлі деңгейде кездеседі. Айталық, Есіл өзеніне жақын тұстарда жерасты сулары 5-6 метр жерден кездессе, қырлыққа қарай, соның

����� �������� ���� ��� ���� ����������� ��������� ����� ���� ������������, ������ ������������, ����� ������������ ����������� ������ ���.

жердің беткі қабаты эрозияға ұшырай қоймайды. Жел қанша күшті болғанымен, топырақ қабатын алмастыруға шамасы жетпейді. Есіл өзенінен алыстау құрлыққа қарай жердің беткі қабатындағы өсімдіктер де сұйыла түседі. Ондай жерлерде топырақтың құрамы өзгеруіне желдің күші де айтарлықтай әсерін тигізеді. Бір жазғы маусымның өзінде топырақты эрозияға ұшырататын жағдайлар орын алып тұрады. Қазір Астана аумағында орманды алқаптар көбейді. Бұл өз кезегінде топырақтың беткі қабатындағы құнардың сақталуына септігін тигізіп тұр. Соның нәтижесінде Астана А������� ������ ��� ��������� ������ ����� ����� ������� ������ аумағындағы топырақ құрамы жақсарып �������� ������� ������ ��� ��������. А�� ���� ��� ��������� �����. келе жатыр десе де болады. Алайда, желдің А����� ��������� ��� �� ����� ������� ��������� ������� ����������.

ішінде әуежай жағынан 12-15 метр жерден шығады. Жалпы өңір сортаң, топырағы тұзды келетіндіктен, жерасты сулары да ащы болады, – деп түсіндіреді «Жер кадастры ғылыми-зерттеу орта лығы» Астана қаласы бойынша департаментінің топырақ танушы-инженері Григорий Звягин. Түрлі өсімдіктердің шығымы жақсы жерде тығыздығы күш ті болады да, топырақтың құнарсыздануы баяу жүреді. Желдің күші қанша қуатты болғанымен, жердің бетін жапқан өсімдіктер топырақ түйіршіктерінің ұшып кетуіне жол бермейді, сол себептен құрамы берік сақталады екен. Ал өсімдіктері аз, сиректеу жерлер желдің күшінен-ақ топырақ тез тозып, эрозияға ұшырайды. – Сортаң, сор жерлердің беткі қабатында қарашірінді де қалыңдау болады ғой. Сол себептен ондай аумақтардың

күшінен тез құрғайтыны сол бұрынғыша сақталған. Астана қанша жаңбырлы болса да, мұнда топырақ қабаты тез құрғайды. Бұл – аймақтың өзіндік ерекшелігі, – дейді Григорий Звягин. Желдің қуатынан топы рақ тағы ор га ни калық заттардың кемуі орын алатындықтан, қолдан көгалдандыру, орман шаруашылығын өрістетудің маңызы зор дейді мамандар. Осы тұрғыдан келгенде, Астанада ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны сөзсіз. Сондықтан, болашақта елорда аумағындағы топырақтың құрамы бұрынғысынан да жақсара берері кәміл. Меңдолла ШАМҰРАТОВ


www.astana-akshamy.kz

№91 (3443) 09/08/2016

ресмиет

Ақпараттық хабарлама

«Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ www.gosreestr.kz веб-порталында Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерін бағаларын төмендету бойынша электрондық аукцион арқылы жекешелендіру сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Аукционның өткізілетін уақыты: 2016 жыл «24» тамыз, сағат 10.00ден сағат 17.00-ге дейін. – «Астана-Өрнек» ЖШС жарғылық капиталындағы Астана қаласы әкімдігінің 100% үлесі. Алғашқы баға – 271 569 000 теңге. Ең төмен баға – 135 784 000 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 59 460 000 теңге. – «Астана-Милениум» АҚ жарғылық капиталындағы Астана қаласы әкімдігінің 100% үлесі. Алғашқы баға – 104 016 000 теңге. Ең төмен баға – 52 008 000 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 15 602 400 теңге. – Астана қаласы әкімдігінің «Астана батыры» жекпе-жек күрес клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Алғашқы баға – 51 006 000 теңге. Ең төмен баға – 25 503 000 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 7 650 900 теңге. – Астана қаласы әкімдігінің «Астана» көкпар клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Алғашқы баға – 41 174 000 теңге. Ең төмен баға – 20 587 000 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 6 176 100 теңге. – Астана қаласы әкімдігінің «Х.С.Омаров атындағы шахмат клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Алғашқы баға –7 836 000 теңге. Ең төмен баға – 3 918 000 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 1 175 400 теңге. – Астана қаласы әкімдігінің «Қайсар» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Алғашқы баға – 19 555 000 теңге. Ең төмен баға – 9 777 500 теңге. Кепілдік жарнаның көлемі – 2 933 250 теңге. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс

күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚсы қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидадағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім вебпорталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекен-жайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен

жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 407-кабинет мекенжайында, Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілет­ тіктерін куәландыратын құжаттың, сон­д ай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын мін­ детті түрде көрсете отырып, олар­д ың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Кепілдік жарналарды қабылдау үшін: IBAN KZ529261501102032004; БИК: KZKOKZKX; Банк атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; ТТК: 171; Кбе: 16; Төлемді алушы (қаз.): «ИНФОРМАЦИОННО-УЧЕТНЫЙ ЦЕНТР» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ, БСН: 050540004455. Анықтама үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 407 кабинет, Тел.:55 68 00, 55 68 04.

11

Астана қаласы әкімдігі халықты ақпараттандыру мақсатында «Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринарлық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет беруші – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) күн; Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөптер мен жем-шөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі – растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнім­нің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат. Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде; 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); порталға: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіжұма аралығында сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін. Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, каб.105, байланыс телефондары: 8 (7172)55-01-78, 55-14-77. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Астана қаласы білім басқармасының «№42 орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне; 1-психолог, 1-дене тәрбиесі мұғалімі, 1-информатика пәні мұгалімі, бастауыш сынып -3, орыс тілі пәні-2, биология-1, математика-1 (уақытша) мұгалімдер қажет және 1-вахтер, 1- еден жуушы (уақытша) қажет.


12

№91 (3443) 09/08/2016

www.astana-akshamy.kz

спорт

ДҮБІРЛІ ДОДАДА ДЗЮДОШЫЛАР ЕРЛЕДІ лымда Такиана Лиманы қапы қалдырды. Ал ширек финалда жапониялық Ами Кондоға есе жіберіп, бас жүлдеден үмітін үзді. Содан соң қола жүлдеге таласу үшін алдымен Эва Черновскиймен күресуге тура келді. Қола жүлдеге көңілі толған Галбадрах келесі күрестерде жіберген қателіктерін

(Соңы. Басы 1-бетте) Ал Елдос ақтық сайысқа өту үшін Қазақстан балуаны әзербайжандық Орхан Сафаровты сан соқтырды. Оны «вазари» ұпайымен ұтты. Сөйтіп, финалда Елдос Сметов ресейлік Беслан Мудрановпен алтын алқа үшін айқасты. Негізгі уақытта есе алудың ебін таппаған екі балуан «Алтын ұпай» ережесі бойынша күресуді жалғастырды. Бұл белдесуде Бесланның

бағы жанып, Елдос күмістен алқа тақты. Күміске еш кейімейтінін білдірген Елдос Сметов келесі Олимпиадада қалайда алтын алуға барын салатынын айтты. Қазақстандықтарды қола жүлдесімен қуантқан Галбадрах Отгонцэцэг үшінші орын үшін өткен белдесуде кубалық Дайа-рис Альваресті «иппон» әдісімен жеңді. Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен балуанымыз бірінші айна-

жерлесіміз Дидар Хамза бозкілемге шықты. Алғашқы айналымда гамбиялық Файе Нджиеден басым түскен балуанымыздың қуанышы ұзаққа созылмады. Одан кейін әккі спортшы әзербайжандық Рустам Оруджовпен алысып, өкінішке қарай, айласын асыра алмады.

қайталамауға тырысатынын жеткізді. Қазақстан құрамасы әзірге осы екі Кеше 73 келіге дейінгі салмақтағы жүлденің арқасында жалпы коман­­­далық дзюдошылар күш сынасып, тағы бір есепті 12-орынға тұрақтады. Бетті дайындаған: Орынбек ӨТЕМҰРАТ

БАТЭ-ге тісін батыра ала ма? Екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасында ойнаған «Астана» клубы шотландық «Селтиктен» аса алмады. Қос матчтың нәтижесі бойынша 3-2 есебімен есе жіберген елордалық команданың кәрі құрлыққа жорығы әлі аяқталған жоқ. Енді астаналықтар Еуропа лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде ойнайды.

Өткен аптада Ньондегі УЕФА штаб-пәтерінде тартылған жеребе бойынша «Астана» Беларусь чемпионы БАТЭ-мен кездесетін болды. Елордалықтар Борисов қаласының футболшыларын 18 тамыз күні өз алаңында қабылдайды. Ал қарымта матч 25 тамыз күні сырт алаңда өтеді. Қос команда да Чемпиондар лигасының ІІІ іріктеу кезеңінен сүрінді. БАТЭ Ирландия чемпионы «Дандолкқа» жалпы есепте 3:1 есебімен жол берді. Жауапты ойынды өз алаңында өткізетін команда әрқашан бір бәс жоғары тұрады. Мұны екі команданың

сырт алаңдағы сәт­сіз ойынынан байқауға болады. Сондықтан «Астанаға» ал­ғашқы ойында барынша басым ойнауға тура келеді. Қазақстан мен Беларусь ко­ ман­­далары осымен еурокубок­ тар шеңберінде үшінші рет кез­деспек. БАТЭ осыдан үш жыл бұрын қарағандылық «Шахтерға» Чемпиондар лигасының ІІ іріктеу кезеңінде есе жіберген. Сол қос матчта «Шахтер» сапында болған Р.Каньяс пен қақпашы А.Мокин қазір «Астанада» ойнайды. Ал БАТЭ-нің үш ойыншысы А.Глеб, Д.Поляков және В.Родионов «АстанаАренаға» екінші рет келмек.

(Фото: fca.kz)

Ãàçåò Қàçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñûíûң Инвестициялар және даму ìèíèñòðëiãi, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 27.01.2016 æ. òiðêåëiï, №15805-Ã êóәëiãi áåðiëãåí. Меншік иесі: «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС

Директор — Сәуле СМАҒҰЛОВА Директордың орынбасарыБас редактор — Зейін ӘЛІПБЕК «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòiнде жария­ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Ðåäàêöèÿ қîëæàçáà èåëåðiíiң ïiêiðëåði ìåí êөçқàðàñûí áөëiñói øàðò åìåñ. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Ãàçåò «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòi ðåäàêöèÿñûíûң êîìïüþòåðëiê îðòàëûғûíäà òåðiëiï, қàòòàëäû. Таралымы 15 000 Тапсырыс №91 Баспахана: Àñòàíà қàëàñû, А.Æұáàíîâ êөøåñi, 24/1 «Èçäàòåëüñòâî ÁÌ» ÆØÑ

Редакция мåêåíæàéû: 010000, Àñòàíà қàëàñû, Достық êөøåñi, 13. astana.akshamy@mail.ru Қàáûëäàó áөëìåñi: òåë.: +7 (7172)703-305, ôàêñ: +7 (7172) 703-312. Тілшілер бөлімі: 70-32-17. Жарнама: 70-33-06. va-reklama@mail.ru


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.