73 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№73 (3578)

жі

Бейсенбі

22 маусым 2017

BARŞA QAZAQ ELORDADA BAS QOSADI

6

ЗАМАНАУИ КӨЛІК МІНГЕН САҚШЫЛАР

4

ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ЕЛ ҮКІМЕТІНІҢ ТИІСТІ ҚАУЛЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ.

КӘСІП ИГЕРСЕҢ, НӘСІП МОЛ

5

ЖАПОНДАР МЕН ҚАЗАҚТАР БІР-БІРІНЕ ҰҚСАЙДЫ

9

ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 358.98

USD/KZT 321.72

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы т у ралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру,

RUB/KZT 5.46

CNY/KZT 47.13

сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған

күннен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген қаулыда. Айта кетейік, көптеген мемлекеттердегі басты әуежайлар сол елдің бірегей басшыларының есімімен аталады. Мәселен, Америкада Нью-Йорк әуежайы Джон Кеннедидің, Әзербайжан астанасындағы халықаралық әуежай Гейдар Әлиевтің, Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әуежай Ататүріктің атымен аталса, АҚШ-та тұңғыш президенті Вашингтонның атындағы әуежай да бар.

www.astana-akshamy.kz


2

елорда тынысы

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы» www.astana-akshamy.kz

елордадағы «Мәскеу» бизнес орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бо­ йынша департаменті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, қоғамдық қабылдау өткізді.

ауқымды шаралар атқарылуда

Сансөйлем

Шара барысында жоғарыда аталған департаменттің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Қаскин өз өтініштерімен келген азаматтарды қабылдады. Олардың түйткілді мәселеле­рін тыңдап, мемлекет­тік қызметті алу құқықтары мен сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы шаралар туралы сөз өрбітті. Келушілердің саны онша көп болмады. Сонда да ол кісілер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне ерекше ризашылықтарын білдірді. – Біздің міндетіміз – халыққа сапалы қызмет көрсету. Осы мақсатта «Атамекен» ұлттық кә­ сіпкерлер палатасымен бірігіп меморандумға

отырдық. Бүгінде бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қаладағы халық қызмет көрсету орталықтарында біздің мамандардан кез келген азамат мемлекеттік қызметтің құқықтары жөнінде кеңес алады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаймыз. Оларды мазалаған көп мәселелерді шешуге мұрындық болдық. Мобильдік топ құрылды. Оның құрамына әр сала­ның жауапты тұлғалары тар­т ылды. Қысқасы, сыбайлас жемқорлық­ тың алдын алу мен халықтың құқықтық сауат­тылық деңгейін арттыру мақсатында ауқымды шаралар ат­қ арылуда, – деді Тілеген Қаскин. А.ҚҰСАЙЫН

150

Астанада жыл басынан бері түрлі тәртіп бұзушылыққа байланысты 150 кондуктор жұмыстан шығарылды

жалған ЖАРНАМА ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ сәрсенбі күні Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік құрылыс және сәулет пен қала құрылысы қызметіндегі заңнаманы сақтау жөнінде кеңес өтті. Аманғали ҚАЛЖАНОВ Былтырғы 10 қазанда елі­ мізде «Үлестік қатысу тура­ лы» жаңа Заң қолданысқа ен­гізілді. Соған сәйкес тұрғын үй құрылысына әкімдіктің рұқсатынсыз халықтан ақша тартуға немесе кепілдеме келі­с імшарт­с ыз аталмыш жұмысты атқаруға болмайды. Осыны кеңеске қатысушылардың қаперіне салған Сергей Хорошун бұл Заңға бағынбаған құ­рылыс салушыларға қарсы қылмыстық істер қоз­ ғалғанын айтып өтті. – Ведомствоаралық комиссия жұмысының барысында соңғы екі аптада 23 нысанда пәтерлерді сату бойынша жарнама заңсыз жүргізілгені анықталды. Бұл заңсыздықтарға қатысты материалдар Ішкі істер департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Мұндай келеңсіздікке барған құрылыс салушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін прокуратура органдары қадағалауына алды. Бас прокурордың өзі «Үлестік қатысу туралы» За­ ңын бұзғандарға қатаң жаза қолданылатынын ескертті, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары. Одан кейін баяндама жасаған Мемлекеттік сәулетқұрылыс­ты бақылау бас­қар­масы басшысының орын­

басары Дәулет Досқұловтың айтуынша, ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес алдағы 1 шілдеге дейін нысан құрылысын аяқтамаған құрылыс са­ лушылар бұл мер­зімнен соң тиісті рұқсатсыз үйді сату жөнінде жарнама жасайтын болса, жазаланады. – Үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат алған немесе Тұрғын үй құрылысын ке­ пілдендіру қорымен келісімшартқа отырғандар ғана жарнама бере алады. Бүгінгі таңда мұндай рұқсатты 5 компания алды. Атап айтсақ, «Базисинвестстрой» ЖШС, «Компания Триумф Астаны» ЖШС, «Арман қала 21 век» ЖШС, «Шар - Құрылыс» ЖШС, «Корпорация Базис А» ЖШС, - дейді Д.Досқұлов. Оның сөзінше, 2015 жылдан

бастап қазірге дейін ведомс­ твоаралық комиссия жұмысының қорытындысында 100-ден астам нысанды заңсыз сатуға тосқауыл қойылып, былтыр 18 қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда әкімдіктің бақылауында 52 нысан тұр. Кеңес барысында Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Кивенова үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат алудың тәртібін, ал «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ басқарушы директоры Қанат Ибраев аталмыш қор арқылы үлестік құрылысты жүргізу жайын түсіндірді. Бұл кеңеске қатысқан құры­ лыс компаниялары иелері мен олардың өкілдері өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Этножурналистика: тағылым мен тәжірибе Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында елбасы ұсынған рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағдарламаларын, ұстанымдарын ақпараттық қолдаудағы баспасөз өкілдерінің міндеттері талқыланды. Айгүл УАЙСОВА Журналистер клубы ҚХА ХV сессиясында айтылған Елбасының тап­ сырмасымен құрылған еді. Клубта жиырмадан астам республикалық аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Клубтың мақсаты – этносаралық мәселелер туралы айтылған жерлерде жауапкершілік пен этиканы сақтап, толеранттықты нығайтуға атсалысу болып табылады. Этножурналистика саласындағы ахуалға талдау жасаған Қазақстан халқы

Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай «Этностық масс-медиа журналистерін өз басылымдары және аудиториясымен шектеліп қалмауға шақырды. Жалпыұлттық тақырыптарды насихаттауда да олардың белсенділігі қажеттігін ескертті. Отырыс соңында Дархан Қамзабекұлы этносаралық келісім тақырыбында қалам тербеген журналистерге ҚХА Журналистер клубының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Іс-шара шеңберінде TEDх конференция­сы қалыбындағы шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.


ЕЛОРДА ТЫНЫСЫ

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

КЕЗЕКСӨЗ

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС!

АСТАНА АЯЛДАМАЛАРЫНДА ТӘЖІРИБЕ РЕТІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА КҮН БАТАРЕЯЛАРЫ ОРНАТЫЛҒАН АЯЛДАМАЛАР ПАЙДА БОЛДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ ЕЛОРДА ӘКІМДІГІНІҢ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ.

«ÀҚÛËÄÛ» ÀßËÄÀÌÀËÀÐ Аялдамалардың шатырына орнатылған күн батареялары күндізгі жарықты жинайды. Соның арқасында өзін-өзі жарықтандырады. Қондырғы күніне шамамен 800 ватт энергия жинайды. Мамандардың айтуынша, аял-

дамалар Астананың қытымыр аязында өздігінен жылынады. Энергетика бағытындағы ноухауды енгізу үшін бюджет қаржысы шығындалмаған. Бүгінде бұл жаңашылдық қаланың 5 аялдамасына орнатыл-

ды. Олар «Keruen City» (бұрынғы «Мега»), «Хан шатыр», «Азия парк» сауда орталықтарының маңында және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы аялдамасына қойылған. Астана қаласы Энергетика басқармасының маманы Қали Бекзат бұл әзірге қанатқақты жоба екендігін, сондай-ақ жеке инвесторлардың арқасында жүзеге асырылғанын алға тартты. Басқармадағылар жыл соңына дейін «ақылды» аялдамалардың саны көбейетінін айтты.

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ «ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ. ЖҮЗДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСҚАН ЖИЫНДА БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДЕГІ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ БАҒАМДАЛДЫ.

ÅË Á²Ð˲òͲҢ ҰÉÛÒҚÛÑÛ

Айгүл УАЙСОВА

Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Сыздықов сөз алып, елде болып жатқан рухани жаңғырулардың түп мәніне тоқталды. Ол өткенімізді саралап, болашаққа жалау болатын құндылықтарымызды қадірлеуді ұсынды. Достығы берік ел қазіргі заман сындарына қарсы тұратын, ал аза-

маттардың биік саналығы қоғамды алға оздырып, басқа елдерден мерейін арттыратын қасиеттер ретінде танып, оның нығаюына тікелей атсалысуымыз қажет деді. Осылайша, елді ынтымаққа бастайтын істің басында жүру қажеттігін алға тартты. «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев ел бірлігі тұрғысында «үлкенге

– құрмет, кішіге – ізет» қағидасы халықтар достығы мен қоғамдық келісімнің негізін құрайтын басты құндылықтары ретінде атап өтті. Шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов төрағалық етті. Жиынға қатысушылар алдында елордалық этномәдени орталықтары өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

ÀÑÒÛҚÒÛ ÀÉÌÀҚÒÛҢ ÒÀÐÒÓÛ КЕШЕ «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ АЯСЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА ӨТКЕН ШАРА БАРЫСЫНДА АТАЛМЫШ ОБЛЫС БАСШЫСЫ МӘЛІК МЫРЗАЛИН СӨЗ СӨЙЛЕП, АСТЫҚТЫ АЙМАҚТЫҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ. ОБЛЫС КҮНДЕРІНІҢ АШЫЛУЫНА ОРАЙ ӨТКЕН КОНЦЕРТТІ АСТАНА ӘКІМІ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ ТАМАШАЛАДЫ. Аманғали ҚАЛЖАНОВ Астанаға іргелес жатқан өңірдің бас қаладағы мәдени күндері 25 маусымға дейін жалғасады. Бүгіннен бастап жексенбіге дейін «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Көкшетау қаласы мен Шортанды, Бурабай, Қорғалжын аудандарының қолөнер шеберлері мен «Блэк» ЖШС шеберлері ұлттық нақыштағы бұйымдарын таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал облыс өнерпаздары «Дала сыры» атты концерт қояды. 23 маусымда «Жеңіс» саябағында

3

«Ақмола жұлдыздары» гала-концерті өтіп, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Сол күні «Этноауыл» амфитеатрында Ақмола облыстық орыс драма театры Мұхтар Шахановтың шығармасының желісімен «Шыңғысхан» рок-операсын, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры «Жастар» сарайында Шахмет Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасын қояды. 24 маусымда Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры «Этноауыл» амфитеатрында көрермен-

дерге «Көкше әуендері» концерттік бағдарламасын ұсынады. Ақмола облыстық орыс драма театры 25 маусымға дейін М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балаларға арнап «Бремен музыканттары» спектаклін, 22 маусымда А.Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық» караоке-мелодрамасын, 23 маусым күні М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын, 24 маусымда П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алқызыл желкендер» қойылымын және 25 маусымда Е.Шварцтың «Аждаһа» трагифарсымен облыс күндерін түйіндейді.

ДӘЛ ОСЫЛАЙ СЫРШЫЛ ҮНДІ СЫРБАЙ АҚЫН ЖЫРЛАП ЕДІ. ИӘ, БҮГІН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СҰМ СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ. 1941 ЖЫЛЫ 22 МАУСЫМДА ТАҢҒЫ САҒАТ 4.00 ШАМАСЫНДА ФАШИСТІК ГЕРМАН ӘСКЕРІ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫС ШЕКАРАСЫНА ТҰТҚИЫЛДАН БАСЫП КІРДІ. СӨЙТІП, АДАМЗАТ ТАРИХЫНДА ҚИСАПСЫЗ ҚАН ТӨГІЛГЕН СҰРАПЫЛ СОҒЫС БАСТАЛДЫ. Азамат ЕСЕНЖОЛ Биыл оған жетпіс алты жыл толды. Зымырандай зымыраған уақыт. Бүгінде алапат қырғынға қарсы тұрған Кеңес Одағы да жоқ. Оның құрамында болған елдердің бәрі тәуелсіз мемлекет атанды. Қазірде «Бізге сол соғысты дәріптейтіндей не қажеті бар» деген түрлі пікірлер айтылады. Меніңше, бұл дұрыс сөз емес. Тарихты ешкім қолдан жасамайды. Ол біздің жүріп өткен жолымыз. Тасқа қашалған жазу секілді мәңгі қалады. Әрі-беріден соң сол соғыста қару жастанып көз жұмған қыршын боздақтардың әруағына тіл тигізгеніміз. Бұдан артық қатты айтуға болмайды. Жеңіс туы қолға оңай тиген жоқ. Адам айтқысыз зор қиындықпен келді. Тарихи деректерге жүгінсек, қанды қырғынға 61 мемлекет қатысқан. Соғыс қимылдары 40 елдің жерінде жүрді. 110 млн адам әскерге алынды. Соның ішінде Қазақстанның әрбір бесінші азаматы майданға аттанды. Ел экономикасы соғыс жағдайына бейімделді. Алыс және майданға жақын аймақтардың зауыт пен фабрикасы, кәсіпорындары Қазақстанға көшірілді. Біздің республикамыз соғыс пен тылды қаружарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап, қазақ жауынгерлері ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сол қанды қырғында бес жүз отандасымыз Кеңес Одағының батыры атанды. Соның ішінде жүзден аса қазақ азаматы ең жоғарғы атаққа қол жеткізді. Әйгілі ұшқыш, жаужүрек Талғат Бигелдинов екі мәрте батыр атағын иеленді. Баһадүр Бауыржан Момышұлының даңқы майдан даласында дүбірлеп тұрды. Жас өмірлерін отан үшін оққа төсеген Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерлігі көпке үлгі болды. Еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Міне, осылай батыр аталарымыздың жорық жолдарын тізе беруге болады. Соғыстың соңғы нүктесін де қазақ азаматы қойғанын мақтан тұтамыз. Барлау взводының командирі, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен оның қандыкөйлек досы Григорий Булатов екеуі адам төзгісіз қиындықпен Рейхстагқа барып, алғашқы жеңіс туын қадады. Жалпы екіншідүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына оңайға түспеді. Ел 27 млн адамнан айырылды. 600 мыңға жуық қазақстандық жат жердің топырағын жастанды. Сол кезде ел ішінде соғыс өрті шарпымаған шаңырақ болған жоқ. Бала күнімізде ауылда екі аяғынан айырылған немесе екі қолы жоқ қарияларды көзіміз көрді. Қанды қырғыннан ері немесе жалғыз баласы оралмай, қайғыдан қан жұтқан аналарды білемін. Солардың шет жағасын көріп қалған соңғы ұрпақ біз шығармыз. Оның бәрі бүгінгі жас жеткіншекке ертегі секілді. Жыл сайын Жеңіс күнін атап өтеміз. Биыл да айтулы мереке қал-қадірінше тойланды. Жыл санап соғыс ардагерлерінің де қатары сиреп барады. Көптеген ауылдарда жоқ десе де болады. Бүгінде елімізде екі мыңға жуық ардагер қалған. Бас қалада 120-ға тақау майдангер тұрады. Аталар салған даңқты жол ешқашан өшпейді деп сенемін!


4

Қазақстан ішкі істер органдарына – 25 жыл

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы»

www.astana-akshamy.kz

тергеушіден тәлімгерге айналды Тергеу қызметінде ең керегі – ар алдындағы адалдық. Ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай қызмет атқару. Бұл о бастан ата тәрбиесін көрген жігіттің өмірлік қағидасы болып қалыптасқан. Адам сөйлескенше... Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Мұсанбековпен кәсіби мерекесі қарсаңында әңгімеміз бірден жараса кетті. Қазақы ауылда, ұлттық тәрбиенің шынарын еміп өскен полиция қызметкерімен шүйрікелесе келе көкейімізге осындай ой түйдік... Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің заң факультетін бітіретін жылы мені өндірістік тәжірибеден өтуге Алматы қаласы Медеу ауданының ішкі істер басқармасына жіберді. Міне, осы жерде мен өзімнің қалаған мамандығымның құрметін сезіндім. Орган қызметкерлерімен қарымқатынас, аяғын шалыс басып, қылмыс жасаған адамдармен бетпе-бет келу, олардың істеген істерін саралап, тал­ дау маған ерекше әсер етті. Тергеушілік мамандығына деген сүйіспеншілігім тереңдей түсті. Мен сол сәттен ба­ стап жүрегіме етене жақын кәсіпті таңдағаныма көз жеткіздім. Содан бол­ са керек, университет бітірерде маған жолдама прокуратураға келген бола­ тын. «Жоқ, тергеушілікке барамын» деп Астана қаласына жол тарттым» деп есіне алады Нұрлан Байдосұлы алғашқы еңбек жолын бастағаны ту­ ралы.

Елордасына таудай талап арқалай жеткен жігіттің айы оңынан туды. Бағына қарай қайырымды да, кішіпейіл, парасатты тәлімгерге жолықты. «Аса маңызды істер бойынша тергеуші Сергей Викторович Гирун деген кісі болды. Қазір зейнет демалы­ сында. Міне, сол кісі алғашқы күнненақ «тергеуші сауатты және кез келген саладан хабары болуы керек. Себебі қылмыс әртүрлі бағытта жасалады. Бұған қоса, ой ұшқырлығы, ішкі түйсік пен сезімталдық қасиеттер өте қажет. Ол саған – қылмыстық іске жүйелі тал­дау жасап, ақиқатқа көз жет­­кізе білу үшін таптырмас темірқазығың. Адамдармен тез тіл табыса білу де тергеушінің ісін алға бастырады. Енді ол бір кезде ағала­рынан алған тәлімін өзінен кейінгі жастарға сіңіруге күш салуда. Ұрпақ сабақтастығы деген осылай жалғасын тапса керек... Нұрлан Байдосұлы күн демей, түн демей уақытпен санаспай, дамыл тап­

пастан еңбек етіп жүргенде халық полицияға көбірек сенім артса екен дейді. Өйткені қазір қылмыстың түрі көбейгені былай тұрсын, қылмыскерлер неше түрлі құйтырқылыққа, айлашарғыға баруда. Алаяқ­тық, алдау-ар­ бау азаймай отыр. Оған себепші бола­ тын да адамдардың өздері. Мәселен, Тараздан келгеніне бір ай болған адамға «Астанадан тамыр-таныстықпен пәтер алып беремін» дегенге сеніп, барлық жиған-тергенін қолына ұстататындар бар. Әрі олар ұзақ уақыт жалған уәдеге малданып, полицияға жақындамай жүріп алатынын қайтерсің. Ең соңында амалы таусылғандықтан жылап-еңіреп тергеушінің алдынан бір-ақ шығады. Зайыбы Гүлсім екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ол бала тәрбиесіне де аса мән береді екен. «Әрине, по­ лиция қатарында қызмет ету – асқан жауапкершілік. Ол отбасы­ нан да көрінуі керек. Балаларымның қатарынан кем қалмай, өз ортасында

білімді, тәрбиелі азамат болып өскенін қалаймын. Осыған көп көңіл бөлуге ты­ рысамын» дейді подполковник. Адам бойындағы адал­дықты, шы­ найы достықты, қара­пайым­­дылықты қадір­лейтін кейіпкері­міздің еңбегі әділ бағаланып, бірнеше рет Ішкі істер министрі тарапынан құрмет громата­ лары мен алғыс хаттарға ие болған. Тәжірибе жинап, өзі де бұл күнде жа­ стар тәлімгеріне айналған. «Қазір құқық қорғау органы қыз­ меткерлеріне мемлекет тарапы­ нан үлкен қам­қ орлық жасалып отыр. Әсіресе, жастардың осы сала­ да тұрақтап қалуы үшін әлеуметтіктұрмыстық жағ­д ай­л арына айтар­ лықтай көмек­тер көрсетіледі. Со­ған сәйкес, полицияда да көпке үлгі бо­ лар, антына адал, сертіне берік талай азамат өсіп келеді. Біз де ұжымымызда осы жерге тұрақтап еңбек етемін де­ ген жастарға барынша мүмкіндік туғызамыз» деді подполковник.

Заманауи көлік мінген сақшылар Елордалық полицейлер көліктің жаңа түріне көшуде. Электромобиль деп аталатын жеңіл қозғалысты заманауи көлік пен скутер мінген жол-патруль полиция қызметкерлерін астана саябақтарынан, қоғамдық орындардан көруге болады. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ Қалтарысы көп орындар­ ды жеңіл автокөлікпен қа­д ағалау қиын. Астана қаласының Ішкі істер депар­ та­менті гүлзар, саябақ секіл­ді орындарда тәртіпті бақы­лау үшін әрі қылмыстың алдын алу мақсатында заманауи электромобиль мен скутер көлігін қолданысқа енгізуде. «Мұндай көліктердің қыз­ мет ету тиімділігі жоғары. Бақылау бар жерде тәртіп сақталады. «ЭКСПО-2017»

халықаралық көрмесі өтетін аумақта да осындай за­ манауи көліктер тәртіпті сақтайды. Мұның көмегімен тек саябақтың ішін ғана

емес, қоғамдық орындарды да қадағалауға болады» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің сержан­ ты Ерлан Жұмабекұлы.


БІЛІМ

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы» www.astana-akshamy.kz

Оксфорд мамандары барлық мамандықтың 35 пайызы келесі 25 жылда автоматтандырылатынын айтады. Әлемдік мәселенің, әсіресе, қазаққа қатты қатысы болып тұр. Елімізде еңбекке жарамды азаматтардың 5 пайызы – жұмыссыз. Сөйте тұра Қазақстанның еңбек нарығына әртүрлі сала бойынша 17 мыңнан астам маман керек. Алдағы бес жылда еңбек нарығы тағы он мыңдаған жұмыс күшін қажет ететін болады. Гүлжан РАХМАН Диплом бар, жұмыс жоқ. Маман жетіспейді, жұмыссыз көп. Бұл қандай теңсіздік? Қоғамға қажетсіз мамандықты меңгере бергеннен не ұтамыз? Биылғы оқу жылынан жүзеге аса бастайтын «Жалпыға арналған тегін кәсіптік білім беру» бағдарламасы осы мәселенің шешімін табуға арналған. Өйткені бізге дәл қазір жұмысшы мамандықтары көптеп жетіспейді. Астанаға қандай кәсіп жетіспейді? К ә с іб и - т ех н и к а л ы қ м а мандықтарға еліміз бойынша биылғы оқу жылында 84 мың грант бөлу жоспарланып отыр. Мемлекеттік сұраныстың орны толып қалғандықтан «Экономика» және «құқық» мамандықтарына грант бөлінбеуі мүмкін. Медициналық мамандықтарға бөлінетін гранттың да саны қысқарады. Өйткені кәсіптік-техникалық мамандықтарды игеруге жылдан-жылға қажеттілік күшейіп келеді. Шыны керек, егемендігімізді алып, есімізді жинаған алғашқы жылдары жастар жаппай банкир, экономист, заңгер болуды ойлады. Бір кездері тенденцияға айналған бұл «беделді» мамандық иелеріне бүгінде сұраныс тым аз. Дәл қазір Астанаға сауда және қаржы саласына – 294, сервистік қызметке – 645, денсаулық сақтау саласына - 415, құрылыс және коммуналды шаруашылыққа - 435, білім саласына - 437, байланыс және ақпарат саласына 224 маман жетіспейді. Осыған қарап-ақ жұмысшы кадрларды көптеп қажет ететін жаңа қоғам қалыптасып жатқанын аңғарамыз. Қоғамда жасанды интеллект, автоматтандырылған өнеркәсіпті басқаруды меңгеру, жаңа технологиялар асқан жылдамдықпен дамып келеді. Осының әсерінен компьютерлер немесе роботтар

5

қаласы білім басқармасының кәсіби білім беру, кадрлар даярлау бөлімінің бастығы Салтанат Басығареваның айтуынша, бұл оқушылар осы мамандықтарын жалғастыру үшін жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады. Егер оған түсу мүмкіндігі болмаса, осы сертификаттарымен өздері курстан өткен колледждеріне автоматты түрде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жоба болашақта еліміздің барлық аймақтарында қолға алынуы керек. Жұмысшы мамандықтарды меңгерудегі алғашқы білімді мектеп қабыр­ ғасында жүріп ақ тегін алудан бастау кез келген түлектің болашағын айқындап, қоғамдағы өзінің орнын анықтауға ықпал етері сөзсіз. Бүгінгінің бас ауруы: «Балам бастық болсын!» Ал жалпы еліміздегі еңбек нарығына геолог мамандары,

Кәсіп игерсең, нәсіп мол атқара алатын жұмыс орындары көбейіп, адамдар нәпақа табу мүмкіндігінен айырылу мүмкін. Осының алдын алу үшін адамдар қаласа да, қаламаса да жұмысшы мамандықтарды меңгеруді мықтап қолға алулары керек. Тегін колледждер – жұмысшы мамандықтарға жол ашады Айтып отырғанымыздай, биылғы оқу гранттары бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарына беріледі. «Жалпыға арналған тегін кәсіптік білім беру» бағдарламасы 9-сынып пен 11-сынып бітірген оқушыларға қатысты. Сонымен қатар колледжде оқитын студенттер де бар. Жоғары оқу орындарнан шығып қалған студенттер де ескеріледі. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, колледждер, Атамекен ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізілетін болады. Бұл оқу түрінде 26 мың адам қамтылады. Биыл Астана қаласы бойынша 9-сынып бойынша 8017, 11-сынып бойынша 4463, барлығы 12 480 бітіруші бар. Кәсіптік-техникалық білім беру бойынша елордалық 12 мемлекеттік, 22 жеке меншік, барлығы 34 колледж атсалысады. Бұл оқу орындары осы бағдарлама аясында 4257 адамды тегін біліммен қамтамасыз ететін болады. Биылғы талапкерлер үшін басты жаңалық та – осы. Олар техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік және жекеменшік арнайы орта оқу орындарында тегін білім ала алады. Мамандардың пікірінше, тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу жоғары оқу орындарына тәжірибелі, өзінің болашақ

мамандығынан хабары бар талапкерлерді қабылдауға көмектеседі. Бұл жоба қоғамдағы орта таптың үлесін арттыруға да жол ашады. Кез келген елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі орта тап екендігі белгілі. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту өнеркәсіппен қатар, аграрлық, медицина, құрылыс, қызмет көрсету секторларының өрге басуына ықпал етеді. Елордалық оқушылар мектептен мамандық алып шығады Астаналық оқушылар мектеп қабырғасында-ақ дайын маман болып шығады. Қуаныштысы сол, бүгінде елордалық мектептерге арнайы курс енгізілген. Дәл қазір 24 мектепті қамтып отырған жобада 10-11 сынып оқушыларын шаштараз, тігінші, даяшы, бармен, бала күтуші,

хатшы-референт секілді мамандық бойынша оқыту басталып кетті. Толық курстан өткеннен кейін, оларға арнайы сертификат табыс етіледі. Елімізде мектеп қабырғасынан мамандарды даяр­лау ісін қолға алғаны – құптарлық іс. Себебі Қазақстан бойынша жоғарыда аталған сала иелері үлкен сұранысқа ие. Алдымен бұл жоба 9-сыныпты бітірген жастарға арналған. 9-сыныптан кейін ол жұмыс мамандығы бойынша білім ала алады. Академиялық тұрғыда 10,11 сыныпты жалғастырғысы келетіндер мектепте оқып жалғастырып, 10,11 сыныпта таңдаған мамандығын қатар оқи алады. Яғни, белгілі бір кесте бойынша мектеп аттестатымен қатар мамандық алып шыға алады. Бүгінде қаламыз бойынша 10-сыныпты оқитын 979 бала мектеп бітірген аттес­ татымен бірге кәсіптік білімді меңгерген сертификатын алу жолында білім игеруде. Астана

тау-кен инженері, автоматтандыру және басқару саласының мамандары, қауіпсіздік техникасы инженерлері, электрслесарлар, мұнайшы-операторлар жетіспейді. Қаншама мүмкіндіктер беріліп, жағдай жасалса да, жұмысшы мамандыққа көбінің түскісі келмейді. Бұған алдымен баланың ата-анасы ықпалы етеді. «Балам бастық болсын!» деген қасаң түсініктен әлі де арыла алмай келеміз. «Балам қара жұмыс жасағанша, кеңседе отырсын» деп ойлаймыз. Дегенмен бүгінде жұмысшы мамандық иелерінің жұмысты тез табатынын және табысының жақсы екенін ұмытпаған жөн. Білікті маман болса, жұмыс жеткілікті. Ал мұндай орта буын маман дайындауда кәсіптік-техникалық бағдар беретін колледждерге артылар міндет үлкен. Мамандардың сөзіне сенсек, келешекте кәсіптік білімнің тегін берілуі өндіріске маманданушы жастардың қатарын ұлғайтары анық. Сөз соңы Елбасы бірде: «Қолдарыңдағы тамақ жейтін қасық пен шанышқыны жұмысшылар жасаған. Ол үшін металды балқытты. Сендер тұратын үйді, көлікпен жүретін жолды салған жұмысшылар. Сендерді тамақтандыратын асханадағы аспаз да жұмысшы мамандығына жатады. Біздің айналамыздағы нәрсенің бәрі жұмысшылардың қолымен жасалған. Осыны ешқашан естен шығармаңдар» деген болатын. Айтса айтқандай, еңбек адамдарының қатарын көбейтіп, даңқын арттыру жолындағы керемет жоба қолға алынды. Ендігі міндет – мемлекеттің кәсіптік-техникалық білім беру жолында жасаған үлкен қолдауын тиімді пайдалану ғана.


6

СҰХБАТ

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі №73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

ЕРТЕҢ АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ V ҚҰРЫЛТАЙЫ БАСТАЛАДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ, БІЗ ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАЛҒАТ МАМАШЕВПЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

Талғат МАМАШЕВ:

берілді. Себебі алдыңғы екі құрылтайда жастары ұлғайған кісілердің айқын басымдылығы білінген еді. Сондықтан ендігі жерде халқымыздың болашағы саналатын жастар толқынына көбірек көңіл бөлмеске болмайтын еді. – Бұл жолғы құрылтайдың алдына қойылып отырған міндет қандай? – Аталмыш құрылтайдың да өзіне тән біраз ерекшеліктері бар. Ендігі басқосу Президенттің бұдан бұрын алға қойған өркениет өзегіндегі ең өрелі

және ғылым министрлігінің, үшіншісінде – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктерінің, төртіншісінде – Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, бесіншісінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып, рухани жаңғыру, жастарға білім беру, кәсіп үйрету, жұмысқа орналастыру, көші-қон, туризмді дамыту сияқты мәселелер жанжақты талқыланады.

БАРША ҚАЗАҚҚА

РУХАНИ СІЛКІНІС КЕРЕК Серік ПІРНАЗАР

– Талғат Асылұлы, тағдырдың жазуымен кезінде жер бетіне тарыдай шашыраған қазақтың басын қосуда Елбасының және құрылтайдың атқарып келе жатқан қызметі ерекше. – Дұрыс айтасыз, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы қазіргі таңда атамекеннен сыртта жүрген қандастарымыздың басын қосып, тарихи отандарымен байланыстырып тұрған бірден-бір қоғамдық ұйым болса, оның басқарушы органы – құрылтай осы бағыттағы барша жұмыстардың қорытындысын шығарып, болашағына бағыт түздіріп беретін алқалы жиын. Сол жолды бастап берген бірінші құрылтайдың 1992 жылдың 28 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Алматыда өткені мәлім. Бұл еліміз егемендігін алып, алғашқы елең-алаңның алмағайып күндерін бастан кешіп жатқан кезі еді. Соған қарамастан, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың үштен бірін құрайтын бөлігі өкілдерін елге шақырып, арнайы мәслихат құруға тәуекел етті. Мен ол кезде Алматы облысы әкімінің орынбасары едім. Сол күндері қызмет жағдайымен бірінші құрылтайдың бүкіл ойындары мен салт-дәстүрлері қанат жайған Дегересте ұйымдастыру жұмысының басы-қасында жүрдім. Осы жолы қазақ жеріне әлемнің 33 елінен келген 800-ден астам қандасымыз алғаш алғаш рет аяқ басты. Олардың әуежайдан түскен бойда жерді сүйіп, тәу еткендерін өз көзімізбен көрдік. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағалығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасар-

лығына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев сайланды. Міне, содан бері де ширек ғасыр уақыт өтіпті. Екінші құрылтай арада 10 жыл өткеннен кейін шақырылды. Ол 2002 жылы 17-19 қазан күндері Түркістанда өтті. Құрылтай тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайын талқылады. Онда сондай-ақ қауымдастықтың жарғысы қабылданып, құрылтай әр бес жылда бір рет шақырылып тұратын болып мәміле жасалды. Алайда үшінші құрылтайды мерзімінен екі жыл бұрын шақыруға тура келді. Бұған сол тұстағы саяси ахуал әсер етті. Сыртта жүрген ағайынға күн сайын өсіп, өркендеп келе жатқан елдің жаңа байтағы Астананы көрсету мәртебе еді. Сөйтіп, бұл алқалы жиын 2005 жылғы 27-28 қыркүйекте елордада керуен түзді. Бірақ елордада бұл кезде жаңа сипаттағы ғимараттар көптеп салына қоймаған еді. Сондықтан жиын Үкімет үйінің мәжіліс залын жайлады. Ал бұдан кейінгі төртінші құрылтай 2010 жылы өтуге тиісті еді. Дегенмен, сол жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырғандықтан бұл шара бір жылға шегеріліп, сырттан келген қандастарымыз 2011 жылдың 25-26 мамырында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бас қосты. Бұл жиынның ерекшелігі, оның аясында алғаш рет мәдени сала, білім саласы, көші-қон саласы сынды 4-5 министрлікте пленарлық отырыстан кейін секциялық жұмыстар өткіздік. Сол сияқты бір күнді спортқа арнап, әлемнің әр түкпірінен жиналған қазақ диаспоралары арасында футболдан турнир ұйымдастырдық. Тағы бір айтатыны, осыдан бастап құрылтайға жаңа өсіп келе жатқан жас толқынды көптеп тартуға айрықша мән

мәселесі – рухани жаңғыру міндетін жүзеге асырып, ұлтымыздың ұлағаты жолында қызмет етуге бет бұрып жатқан шағында өткелі тұр. Осыған орай жиынның ортақ тақырыбы «Рухани жаңғыру және шет елдегі қазақтар» деген тақырыпта айтылатын әңгімелерді қаузайды. Бұл басқосуға әлемнің 38 елінен 350 ағайын қатысады деп күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, оларға елімізден 370 зиялы қауым мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қосылады. Қ ұ р ы л т а й 2 3 м аус ы м күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздік сарайында ашылады. Жұмыстар негізінен бес секция бойынша жүргізіледі. Оның біріншісінде – Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің өкілдері қатысып, тиісті мәселелер қаралады. Екіншісінде – Білім

Құрылтайға келетін шетелдік меймандардың 60 пайызын 35-ке дейінгі жастар құрайды. Бұлардың 80 пайызы қазақ жеріне тұңғыш рет қадам басатыны да белгілі болып отыр. Жиында шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, қазақ жастарын Қазақстанға оқуға шақыру, қандастарға басқа да көмек көрсету туралы жайттар талқыланады. Онда шет жақтарда тұратын қандастарымыздың елге қызығушылығын арттырып, ортамызға шақыру, көшіп келуге тілек білдірушілерді ынталандыру, олардың мұқтаждықтарын білу басты мәселе болмақ. Тағы бір айта кететін жайт, құрылтай аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚұлМұхаммедтің қолдауы негізінде тұңғыш рет шет елдегі қазақ жастары көшбасшылары мен біздегі «Жас Отан», «Жасыл ел» сынды ұйымдардың, сондай-ақ шет елдерде «Болашақ»

бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастар лидерлерінің форумы да өтеді. – Құрылтай Астана да ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан кезбен тұспа-тұс келіпті. – Ол да рас. Мұның да өз артықшылықтары жеткілікті. Сондықтан бағдарламада бұл жағы да ескерілді. Мәселен, 22 маусым күні түске дейін меймандарға Астананы таныстырамыз. Ал ЭКСПО-ға байланысты бой көтерген үлкен этноауыл оларды бірінші болып күтіп алады. Сол жерден қазақтың бүкіл тыныс-тіршілігі, ұлттық байлығы көрсетіледі. Кешкілік қонақтарды Астана опера театрына «Қыз Жібек» операсының жаңа қойылымына апарамыз. Екінші күні «Назарбаев Университетте» Президенттің қатысуымен пленарлық отырыс көген кереді. Содан кейін делегация мүшелері ЭКСПО-ның павильондарын аралай бастайды.

Сол күні шетелден келген қонақтар Мемлекет басшысының қабылдауына барады. Құрылтайдың үшінші күні министрліктерде секциялық жұмыстар жүргізіледі. Қатысушылардың бір бөлігі сол күні түс ауа конференцияда бас қосса, қалған бөлігі жастар форумының жұмысына араласады. Ендігі бір жаңалық, құрылтай күндері «Қазақстандағы медицина жағдайы және туризм» деген секция жұмыс істейді. Ол болашақта ағайындарға арзан бағаға елде емделуге мүмкіндік жасау жайын талқылайды. Сөз соңында біздің «100 жаңа есім» жобасы сияқты, сыртта жүрген қазақтар арасынан да таңдаулы 100 тұлғаны шығаруға да дайын екенімізді жеткізгім келеді. Бұл да сырттағы қандастарымыздың Қазақстанға деген қызығушылықтарын арттыра түсер еді. Қысқаша айтқанда, құрылтай күндері осындай қарбалас жұмыстар атқарылғалы тұр. – Әңгімеңізге рақмет!


РУХАНИЯТ

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz «ЭКСПОҒА» келіңдер, қандастарым, Тойдың тойға тілеңдер жалғасқанын! Шақырады сендерді Қазақстан, Ән кернеген әр күні таңғы аспанын! Шақырады сендерді Ұлы Далаң, Бақ дарыды, құт қонып бүгін оған. Күтіп отыр сендерді құшақ жайып, Жасыл желек жамылған тұнық алаң!

«Экспоға» келіңдер, қандастарым! Ауыт Мұқибек 1998 жылы Қытай Халық Республикасынан атамекенге оралды. Қазақы құнарлы тілді бойына сіңірген белгілі ақын. Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Тұнық жырдың тұмасы атанған Тұманбай Молдағалиев батасын берген. Сонымен бірге, ол – шетте жүрген ағайынның қамын ойлап, мұңын мұңдап жүрген азамат. Таяуда Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы дүркіреп өтті. Оған көптеген елдің басшылары қатысты. Айтулы шара қарсаңында сайттарда арқалы ақынның «ЭКСПОҒА» келіңдер, қандастарым!» атты өлеңі жарияланды. Біз осы жалынды жырды оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік.

Шақырады сендерді Ер Нұрекем, Тәуекелге байлаған белді бекем! Қазақ қазақ болғалы дәл осындай, Бағы жанған заманды көрді ме екен?! Қолын алып, сәлем бер нар Атаңа, Алсын аппақ батасын бала-шаға. Астананың аралап бар көшесін, «Жәрмеңкені» ерінбей тамашала! Сені күтіп тұр бүгін Дала мына, Құт дарысын әр басқан қадамыңа! Ару қыздар, шашыңды тарат келіп Майда қоңыр Арқаның самалына! Есілге кеп тұп-тұнық жу бетіңді, Қалдыр аппақ айдынға суретіңді! Ән мен жырға таңырқат бар әлемді, Ұйықтамастан жалғап бір күнге түнді! Жұртың дайын қазақтың даласында әр, Отаныңнан сенің де аласың бар.

Көргендерің бөленіп қуанышқа, Көрмегендер, арманда қаласыңдар! Сауық құрып, десең бір дем алайын, Астанаға биыл жаз кел, ағайын! Ішем десең, сар қымыз сапырулы, Жейім десең, жал-жаяң және дайын!! Ұлы тойдан жайың жоқ бөгелетін, Қоздыр қоңсы жұртыңның делебесін! Әнін тыңдап Димаштың қарыс жерден, Қанатыңның көріп қайт төбелесін! Отаның бар Ордасы сегіз қанат, Тойдыр келіп дүниеге көзіңді абат! Мақтанады Нұрекем жер жүзіне, Тұрғыздым деп іргесін өзім қалап! Қазағың бар даласы кең керілген, Қуат алған жел менен Жерге Күннен... Қоржыныңды қомпайтып кел, туыстар, Өмір бойы бар жиған-тергеніңмен! Елбасың бар кең иық, қарыс маңдай, Айбатымен ықтырған арыстандай! Тілеп жүрмін қандастар келсе екен деп, Ұлы тойдан осынау қағыс қалмай! Тәуекелдің тосылмай мін кемесін, Отансыз ел, білесің, мүлде жетім! Ат байлары қазақтың – Қазақстан, Жортып-жортып түбінде бір келетін!

Жатқамыз жоқ сүрдекті қайта басып, Тың әлемнен жол таптық тайталасып. Келем деген қазаққа басы бүтін, Ұлы Еліңнің құшағы айқара ашық! Келмейді енді қатал қыс, долы көктем, Көз сал келіп Елімнің жолына өткен. Айналаның бұл күнде сыры мәлім, Мұндай тойды жасайды қолы жеткен! Жоғалтпаған халықпыз өр мінезін, Қонағына ұсынған төрдің өзін. Сарыарқаның төсіне – Астанаға, Ағылатын сенің де келді кезің! Болды ұқсаса қазаққа шын есімің, Пәтер біткен ашқалы тұр есігін. Тіршіліктің байланбай күйбеңіне, Өзгелерден бұрын кел бір-екі күн! Қалды алыста замандар желі басым, Ел таныған салтың бар беріп асын. «ЭКСПОНЫҢ» тартылған кермесіне, Бірінші боп байлансын сенің атың! Берсін Есіл мәңгілік тұнық аға, Куә болып сымбатың, сырыңа да... Сендерменен көрікті Қазақстан, Сендерменен айбатты Ұлы Дала!

ЖАҚСЫЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

на шексіз дән риза болдым. Бұл тосын сыйы маған керемет ұнады. Қай қазақ мақтағанды, көңіл бөлгенді жек көрсін. Көгеріп, ұрпағымен өсіп-өнетін азаматтар осындай үлкендердің батасын алғаннан болады. Болам деген елдің баласы осындай болады ғой, шіркін. Көсегесі көгерсін!..» деген еді.

елімізге білікті мамандар даярлап, ұстаздық қызмет істей бастады. Ақмоладағы инженер-құрылыс институтында «құрылыс механикасы» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті болды. 1990-1995 жылдар аралығында құрылыс факультеті деканының орынбасары, кейін инже-

ды, ақындарды, мәдениет пен ғылым саласындағы майталмандарды жұмысқа тартып, университеттің деңгейін көтерді. «Отырар» кітапханасы, «Жазу тарихы» музейі ашылды. Университетке келген оқытушылар мен ғалымдарға Мырзатай ағамыз жатақханаларға күрделі жөндеу жүргізіп, тұрғын үй жасап берді. Осының бәрінің басы-қасында кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғатбек Жанайдарұлы бірге жүретін. Ағамыздың атқарған қыруар шаруаларын саусақпен санай берсек, шегі болмас еді. Қорғалжын қорығына арнайы экспедиция ұйымдастырып, ондағы көнекөз қария-

Талғатбек Жанайдарұлының өмір дерегінен сыр шертетін болсақ, доцент, қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1969 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Содан 1971 жылға дейін Жамбыл қаласында рота командирінің орынбасары болып әскери борышын атқарды. Ал 1971 жылдан бастап

нерлік-экономикалық факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. Педагогикалық жұмыстарда әрқашан өзінің тәжірибесін жетілдіре отырып, 45 жылдан астам қызмет атқарып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, шарапаты төгілсін» деген қазақта қанатты сөз бар. Мырзатай Жолдасбеков ректор болып тұрған кезде университетке талай ғалымдар-

лардан жазба деректер, кеңес өкіметі кезінде қолданысқа беріле қоймайтын құнды кітаптарды жинақтады. Қазір олар – университеттің кітапхана қорында, ізденушілер мен оқырмандарға, студенттер мен оқытушылардың қолданысында. Талғатбек Жанайдарұлы – Астананың белді тұрғыны болғанымен, Ереймен еліне бармаса, көңілі құлазитын

ЕЛІМІЗ ЕГЕМЕНДІК АЛЫП, ТІЛІМІЗГЕ ТЕҢДІК, РУХЫМЫЗҒА КЕҢДІК ТИЕ БАСТАҒАНДА ЕЛБАСЫ ҰЙҒАРЫМЫМЕН ЕЛОРДАМЫЗДА ЖАҢА БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ – Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ. ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫҚ. НЕГІЗІНДЕ, ОЛ БҰРЫНҒЫ АҚМОЛА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ МЕН ИНЖЕНЕРЛІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫН БІРІКТІРУДЕН ТУЫНДАДЫ. МЕНІҢ АЙТПАҒЫМ ОЛ ЕМЕС, ОСЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ КӨП ЖЫЛДАН БЕРІ ҚАЖЫМАЙ, ТАЛМАЙ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ТАЛҒАТБЕК ЖАНАЙДАРҰЛЫ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ ЛЕБІЗ БІЛДІРУ ЕДІ. Заман ағымынан ба, әлде қоғамдағы адамдардың психологиясы дүрбелең өзгеріске ұшырап кетіп бара ма, дәл мына уақытта ең таптырмайтын, табыла бермейтін, жетіспейтін қасиеттің бірі – адамгершілік пен адалдық. Қазақ – қашанда тұлғаларын, зиялыларын бетке ұстап, ардақтаған халық. Сол жақсылардың жалғасы біздің Талғатбек Жанайдарұлы десек, әсте қателеспейміз. «Өткен күн – кеше – тарих, келер күн – ертең – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» деп Қорқыт бабамыз айтқандай, Талғатбек Жанайдарұлы бұл күнге жарқын істерімен ғана емес, кісілік қарапайымдылығымен, тектілігімен, өмірге, қоғамға көзқарасының тереңдігімен, сары алтындай сабырымен, азаматтық парасатымен жетті. Әлі есімде. 2007 жылы 12 желтоқсан күні марқұм Ақселеу Сейдімбек ағамыз қойны гүлге толған, беті бал-бұл жанған, екі көзінің ұшқыны жалындап, бір топ қонақтарымен университеттің «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығына кіріп келген болатын. Сонда ағаның: «Ойпырмай, мынау Талғат не деген қазақы жігіт! Менің туған күнім, 65 жасқа толғанымды ұмытпай, ректормен ақылдасып, бүкіл Ғылыми кеңестің мүшелерін, университеттің бетке ұстар азаматтарын жинап алып, маған құттықтау жасатқаны-

7

Ауыт МҰҚИБЕК, ақын

кісі. Киелі топырақты басып, тау-тоғайының жұпар иісін бір жұтса, көңілі шалқып сала береді. Рухы жоғары бабаларының өткенде жасаған ерлік істері – ол үшін ерекше мақтаныш. Шәкірттеріне айтқан шынайы әңгімелерін өмір бойы балалары мен немерелерінің бойына сіңіруден жалыққан емес. Бұл туралы Ақмола өңірінің және Астана қаласының газеттеріне де тұшымды біраз мақалаларын жариялады. Ерейменнен шыққан діни ғұламалар турасында оның айтқан сөзі көпшіліктің көңіліне қонымды болды. Сәдуақас Ғылмани (Сәкен қалпе) еңбегінің бірнеше кітап болып шығуына бастама жасаған да осы кісі. Ауданның тарихын, мәдени саладағы жетістіктерін көрсетуде де оның алатын орны ерекше. Мысалы, Жантай батырға ескерткіш қоюға орай өткен алқалы жиында тарихи тақырыпқа терең талдау жасаған біздің Талғатбек ағамыз еді. Білімі мен қайратын, сүйіспеншілігін өзінің туып-өскен өлкесіне арнаған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте қол бастаған, арын жанынан жоғары қойған Жанайдар батырдың кенже ұлы – Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің белді ұстазы. Осы көтерілістің 100 жыл толуына орай Талғатбек Жанайдарұлына «Ерейментау ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл арқылы біз жаңа өмірдің білімі мен мәдениетіне тынымсыз үлес қосып жүрген азаматтың, әсіресе, батырлар әулеті ұрпақтарының алдында өз парызымызды өтедік деп ойлаймыз. Жақсылардың жалғасы біздің ортамызда жүргені зор мақтаныш емес пе?! Үржамал ӘЛМЕНБЕТОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкері


8 №73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«Астана Ақшамы»

www.astana-akshamy.kz

жайдары Жайдарман Бастауын 2005 жылдың 29 маусымында алған Жайдарман ойындары қазір халықтық жобаға айналып үлгерді. Ең алғаш «Туған күн» жобасы да сол күні өткен еді. Содан бері Астана күні қарсаңында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан арнайы жоба биыл да мәресіне жетті.

«Астана» концерт залында өткен шараға еліміздегі ең танымал, ең үздік жайдарманшылар бас қосып, өзара «Ағалар» және «Інілер» деген атаумен екі топқа бөлініп сайысты. Бірінші топта кіл «ардагер» жайдарманшылар болса, екінші топ құрамында биылғы маусымда өнер көрсетіп жүрген командалардың өкілдерінен құралды. Ойын алдында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, жайдарманшыларға сәттілік тіледі. «Бұл – жай ғана сайыс емес, жастармен байланыстыратын, олардың ой-пікірін, мұңмұқтажын да білуге болатын алаң» деген ойын білдіріп, өзі де ойынға қазылық етті. Сондай-ақ, қазылар құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, тележүргізуші Берік Уәли, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, театр және кино актері Әділ Ахметов болды. Жалпы сайыс жеңіл, еркін түрде өтті деуге болады. Қатысушыларға уақыт жағынан да, тақырып бойынша да нақты шектеу қойылмады. Қамтылған тақырыптар да сан алуан. Ойын барысында сахнадан алыстаңқырап кеткен «ардагерлерге» қарағанда жыл бойы

біріншілікте өнер көрсетіп, ел алдында жүрген «Інілер» құрамасы бабында екенін байқатты. Әсіресе, «Сәлемдесу» және «Көріністе» жақсы көріне білді. Ал үлкендер «Сұрақ-жауап» бөлімінде қамшы салдыртпады. Десе де, ойын соңында қос команданың да ұпайы тең болып, Есен Елеукеннің ұсынысымен үлкен кубок «Ағалар» құрамасына бұйырды. Ал «Інілер» тобындағы жетісайлық Марат Сәрсенбаевты қазылар алқасы «Үздік ойыншы» деп танып, арнайы жүлдемен марапаттады. Бір мүшел бойы жастардың қызығушылығына бөленіп, телеарнаға шыққан соң да, рейтингтің төрінде тұрған «Жайдарман» ойынын тек қана әзіл сайыс, қуақы қалжың емес, жастармен байланыстыратын, олардың мұқтаждығы мен өресін анықтайтын алаң деп қарастыратын сәт келген секілді. Дәл қазіргі сәтте отыз мың жас пен жасөспірім жайдарман ойнап жүр. Бұл – үлкен күш. Небәрі он үш жылдың ішінде осынша күшке ие болған Жайдарманның алары биік, асуы алда. Ендеше, бар жанарды жаулаған Жайдарманның туған күні құтты болсын!


9 №73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

ЭКСПО ҚАЛАШЫҒЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТ ЖАПОН ПАВИЛЬОНЫ АЛДЫНДА ТҰРЫП, ҚАЗАҚША «СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ! ЖАПОН ПАВИЛЬОНЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!» ДЕП ИІЛІП СӘЛЕМ БЕРЕТІН ЖАПОН ҚЫЗЫН КӨРГЕН БОЛАР. ИӘ, ҚАШАНДА ҚҰРМЕТ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚ ТАНЫТЫП, ІЗЕТТІЛІКТЕН АЙНЫМАҒАН ЖАПОН ХАЛҚЫ ӨЗ ПАВИЛЬОНЫН ҚАЗАҚША ТАНЫСТЫРҒАН БІРДЕН-БІР МЕМЛЕКЕТ БОЛДЫ. ЕНДІ, МІНЕ, ЕШБІР ЖАҢАЛЫҚТЫ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙТІН ЖАПОНДЫҚТАР «АСТАНА АҚШАМЫ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛДЫ ДЕГЕН АҚПАР АЛДЫҚ. ОСЫ ОРАЙДА, ЖАПОН ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ХИДЭКАЗУ ШИБАМОТОМЕН СҰХБАТТАСУДЫ ЖӨН КӨРДІК. ӘДЕТТЕ, ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ШЕНЕУНІКПЕН, ӘСІРЕСЕ, ОЛ ШЕТЕЛДІК БОЛСА, СҰХБАТ ХАТТАМА БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БІРАҚ БІЗ ХИДЭКАЗУ МЫРЗАМЕН ЕМІН-ЕРКІН СӨЙЛЕСІП, АШЫҚ-ЖАРҚЫН ӘҢГІМЕ-ДҮКЕН ҚҰРДЫҚ.

– Жапон павильоны көрмеге «Smart Mix with Technology» деген ұранмен қатысып отыр. Оқырманға түсінікті болу үшін алдымен павильонның қысқаша мазмұнына тоқталып өтсеңіз. – «Smart Mix with Technology» энергияны технологиялардың көмегімен табиғи жолмен алуға болатынын білдіреді. Біздің пайым бойынша, ең бастысы, оны ақылмен қолдану керек. Бұл жапондықтардың өмір сүру салтына айналды десем артық емес. Павильонның кіреберісінде күн, жел, су бейнелеген. Аталмыш табиғи ресурстардың барлығы жаңғырмалы энергия көздері ретінде пайдаланып келеді. Байқағыш қонақтар бұл элементтердің барлығы Күншығыс еліне қатысты екендігін, тақырыбына сай етіліп жасағанын аңғара алады. Басқа елдердің павильонын аралап үлгерсеңіз, ол жерде де «микс» сөзі қолданылған. Яғни, энергетика саласындағы бірнеше энергия көзін біріктіріп қолдану қолға алынған. Алайда біз артық шығын келтірмей, тек керек энергияны тұтынып, ысырапшылдыққа жол бермеу қағидасын ұстандық. Жапон павильонының дайындық жұмыстары екі жылға жалғасты. Аумақтың ішкі және сыртқы келбетін дәстүрлі ою-өрнектерді қолдана отырып, жергілікті мамандарға жасатсақ, технологиялар түгелімен Жапониядан тасымалданды. – Жапонияда табиғаттың сұлулығына тамсану пән ретінде өтетінін естіп жатамыз. Сіздердің сакура ағаштарының гүлденуін тамашалауларыңыз бір бөлек әңгіме. Бұл бұрыннан келе жатқан үрдіс пе? – Жапонияда төрт жыл мезгілі айқын көрінеді. Сондықтан табиғаттың көз тартар әсемділігін тамашалауға ешнәрсе кедергі бола алмайды. Күншығыс

елінде тау-тас та, өзен-көлдер де, теңіз де бар. Айналасында ғажап көріністерді көріп өскен жапондықтар кішкентай кезінен бастап, табиғатты аялау керектігін санасына сіңіреді. Әдемілікке жаны құмар жапондықтар сакураның гүлдегенін тамашалай отырып, бойына күш-қуат жинақтайтына сенеді. Ал сакураның гүлдеу кезеңі бір аптадан 10 күнге дейін жалғасады. Тіпті, халық сакураны жаппай тамашалау мерекесін тойлайды. Сакураның үлбіреген жапырақтары жерге түскенді де бақылауды ұнатады. Мен Алматы мен Ташкент қалаларында өріктің гүлдеуін көрдім. Ол да сакураға ұқсас. Көктемде жапондықтар талдың астында алаша төсеп, отбасыларымен сакураға қарап отырып демалуды дәстүрге айналдырған. Көпшілік әдемі гүлді көрсе, оны жұлып не кесіп алуға қысылмайды. Ал жапондықтарда бұзылмайтын бір тәртіп бар: олар ешқашан сакураға қол ұшын тигізбейді. – Жапонияда қала көшелерінде қоқыс жәшігін кезіктірмейсің деген рас па? – Қоқыс жәшіктері бар, бірақ әркімнің өз үйінде, өз ауласында. Жапондар алдымен қоқысты үйінде реттеп алып, әрбір үйдің ауласында тұрған үлкен қоқыс жәшіктеріне сұрыптап салады. Оларды машина тиеп алып, қоқыс өңдеу зауытына жөнелтеді. Бірақ бұл – бірте-бірте қалыптасқан нәрсе. Жапонияда қоқыс қалдығының көшеде шашылып жатқан кездері болды. Ол үлкен экологиялық апатқа ұласқандықтан, қоғамға уақыт өте келе қоршаған ортаға зиян келтірмеу керек деген түсінік келді. Бұның барлығы адамдардың өздерінің денсаулығына жаман әсер ететіндігін түсінді. Жапондықтар 60-70 жылда-

Хидэказу ШИБАМОТО,

Жапон павильонының жетекшісі:

ЖАПОНДАР МЕН ҚАЗАҚТАР БІР-БІРІНЕ ҰҚСАЙДЫ

АСТАНАҒА АЛҒАШ КЕЛГЕНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ГАЗЕТТІ ОҚЫҒЫМ КЕЛДІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «MEGA SILK WAY» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ГАЗЕТ САТАТЫН ОРЫНДЫ ІЗДЕП ТАППАДЫМ. ОДАН КЕЙІН ҚАЛАДАҒЫ «ЕУРАЗИЯ» САУДА ОРТАЛЫҒЫНА БАС СҰҚТЫМ, ОЛ ЖЕРДЕ ДЕ БАСЫЛЫМДАРДЫ КӨРМЕДІМ. ТІПТІ, КІТАП САТАТЫН ДҮКЕНДЕРДІҢ ӨЗІНДЕ ГАЗЕТ ЖОҚ БОЛЫП ШЫҚТЫ. СОНДЫҚТАН, СІЗДЕРДІҢ «АСТАНА АҚШАМЫ» ГАЗЕТІН ҮШ АЙҒА ЖАЗДЫРЫП АЛДЫҚ.

ры Еуропа елдерінен үлгі алып, таза қала қағидаттарын ұстануға бел буды. Оған 1964 жылы Токиода өткен олимпиада және 1970 жылы Осакада ұйымдастырылған ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі тағы бір себеп болды. Жергілікті билік шетелдіктерге «таза Жапонияны» көрсеткісі келді. Осы оймен жапондықтар қоқыстарды бөлектеп салуды бастап кетті. Ал бүгінде елдеріңіздің астанасында болып жатқан ЭКСПО қалашығында «қағаз», «пластик» және «әртүрлі қоқыс» деп бөлінген қоқыс жәшіктерін байқадым. Соларды көріп жүрген балалар кішкентай кезінен бастап табиғатты аялауды үйренеді. Бұл – экологиялық таза мемлекет болудың алғышарты. Бізде әрбір ауыл-аймақ, қала, өңірлерде қоқысты жинап, өңдейтін орындар бар. Сол себепті олардың санын дөп басып айту қиын. Жапония жер аумағы бойынша шағын ел, егер бір ғана адам қоқыс тастаса, ол барлық адамға өз әсерін тигізеді. Сондықтан тазалықты сақтамаған адамға міндетті түрде ескерту айтылады. Ал Қазақстанның жері кең-байтақ болғаннан кейін, ондай бұзақылық жасаған адамды іздеп табу мүмкін емес шығар.

– Хидэказу мырза, ЭКСПО көрмесіне қалай келдіңіз? – Менің университет қабырғасында таңдаған мамандығым – орыс тілі. Жапондықтарға орыс тілін оқу өте қиын. Ал мен сол қиындықты өткергім келді. Кеңес одағына кіретін мемлекеттердің экономикасын зерттедім. Жұмыс бабымен Австрия, Ресей, Өзбекстан және Германия елдерінде тұрдым. ЭКСПО көрмесіне Жапон павильонын жасауға көмектескен «Джетро» компаниясында қызмет істеймін. Бұл ұйым 1958 жылы Брюссельде өткізілген дүниежүзілік көрмесінен бастап, Астанадағы «Болашақ энергиясы» көрмесіне дейін Жапон павильонын ұйымдастырып келеді. Өзім алғаш рет ЭКСПО көрмесіне қатысып отырмын. – Қазақстанға, Астанаға келгелі бері жапондықтар мен қазақтар арасындағы өзара байланысты байқаған боларсыз. Ал екі халықтың бір-бірінен көзге көрінетін қандай айырмашылықтары бар, сіздіңше? – Екі ел де – Азия мемлекеттері, сондықтан, әрине, ұқсастықтар баршылық. Халқымыздың дәстүрді дәріптеуі қазақ жұртында да кеңінен қалыптасқан. Жапондықтар да үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетеді. Азиялықтар үйдің табалдырығын аттағаннан кейін аяқ киімін шешеді. Ал Еуропа елдерінде басқаша. Қазақтар мен жапондықтардың ең бір үлкен айырмашылығы мынада: жапондықтар өз сезімін тура жеткізбейді. Мәселен, Қазақстанда жастар автобуста жасы үлкен адамға ойланбастан орнын босатып береді. Ал жапондықтар «орын бергенім дұрыс па, бұрыс па?» деп ойға беріліп кетеді. Бұл жапондықтардың қазақтардан үйрену керек қасиеттерінің бірі деп білем. – Жапониядағы баспасөздің хәлі қандай? Жоғары технологиялардың отаны болып саналатын елде газет қаншалықты оқылады? – Жапонияда газеттің әлі күнге дейін өз орны бар. Жапондықтар газетті оқиды. Бірақ, сіз айтқандай, бүкіл әлемде жастар газеттен гөрі интернеттен ақпарат алғанды ұнатады. Бірақ газеттердің сайты, мобильдік қосымшалары іске қосылып жатыр. Өз басым газетті оқығанды жақсы көремін. Күнделікті баспасөзге шолу жасап тұрамын, оған 30 минуттай уақытым кетеді. Экономика және мәдениет тақырыбын оқуды ұнатамын. Астанада мені таңқалдырған нәрселердің бірі осы газет болды. Токиода қандай сауда орны болмасын, қандай дүкен болмасын, міндетті түрде газет сатылымда тұрады. Астанаға алғаш келгенде жергілікті газетті оқығым келді. Жаңадан ашылған «Mega Silk Way» сауда орталығында газет сататын орынды іздеп таппадым. Одан кейін қаладағы «Еуразия» сауда орталығына бас сұқтым, ол жерде де басылымдарды көрмедім. Тіпті, кітап сататын дүкендердің өзінде газет жоқ болып шықты. Сондықтан, сіздердің «Астана ақшамы» газетін үш айға жаздырып алдық. Сұхбаттасқан: Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ


14 №73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

www.astana-akshamy.kz

бір қызметке орналасқан жағдайда, олардың көрмеде ерікті болғаны көп пайда әкеледі; үшіншіден, Астана қаласы әкімдігі жастарға жақсы мотивация беріп отыр. Мәселен, әкімдік тарапынан 500 еріктінің жататын жері мен ыстық тамағы тегін болып отыр. Сондайақ, оларға жол жүру билеттерінен бастап киімдеріне дейін тегін берілді. Бұдан бөлек, Астана қаласында болып жатқан кез келген мәдени-бұқаралық іс-шараларға еріктілер тегін кіре алатын болады. Ең бастысы қала әкімі Әсет Өрентайұлы ақылы бөлімде оқитын студенттерге арнап 20 білім беру грантын беріп отыр. Бұл деген – жастар үшін үлкен мотивация. – Еріктілер мен шетелдік қонақтардың арасында атап өтерлік қандай байланыстар болып жатыр. Нақтырақ айтсам, еріктілердің жұмысына туристер қандай баға беруде? – Мәселен, «Нұрлы жол» теміржол вокзалында біздің еріктілер Германиядан келген ерлі-зайыпты қонақтарға қызмет көрсетті. Олар Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы «Алжир»

Асxат ОРАЛОВ, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

ÅвÊÒ²ËÅÐ ÊӨÐÌÅ ÊÅDzÍÄÅ Ө̲ÐË²Ê ÒƏƲÐÈÁÅ ÆÈÍÀÉÄÛ

– Жастар саясаты мәселелері басқармасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде 1500 ерікті дайындады. Еріктілерді іріктеп алуда қандай талаптарға мән бердіңіздер? – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруда жастардың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, 2015 жылдан бастап басқармаға қарасты «Астана жастары» ведомствоаралық мекемесімен бірлесіп, еріктілерді дайындауға ерекше мән бердік. Жалпы, халықаралық көрмеге еріктілерді Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы дайындады. Мысалы, біз қаламыздағы мәдени-бұқаралық нысандарға келген қонақтарға қызмет көрсетсек, ұлттық компания дайындаған еріктілер ЭКСПО аумағында жұмыс жасайды. – Халықаралық көрмеде қызмет көрсетіп жатқан еріктілер неше тілді меңгерген? – Астанаға табаны тиген турист ең алдымен халықаралық әуежай мен теміржол вокзалына келеді. Шет тілін еркін меңгерген еріктілер өзге елден келетін қонақтарды ақжарқын әрі жылы жүзбен қарсы алып жатыр. Жалпы, біздің еріктілер ағылшын, қытай, испан, түрік, француз, итальян, неміс, орыс, өзбек, қырғыз тілдерін еркін меңгерген. Алайда 1500 еріктілердің барлығы бірдей бірнеше тілді біледі деп айта алмаймын. Мысалы, бірі ағылшын тілін білсе, екіншісі қытай, үшіншісі испан тілдерінде қызмет көрсетуге қабілетті. Негізі, әуежай арқылы келетін қонақтардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан да біздің еріктілердің 40 пайыздан астамы ағылшын тілін өте жоғары, ал 40 пайызы орташа деңгейде меңгерген. Ал қалған 20 пайызы орташадан төмен деңгейде ағылшын тілін біледі. – Еріктілер әуежай мен теміржол

бекетінен басқа қай жерлерде қызмет көрсетіп жатыр? – ЭКСПО басталмай тұрып еліміздегі барлық құзырлы органдар еріктілер дайындап беру туралы тапсырыстар берді. Солардың ішінде ҚР Ішкі істер министрлігі, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінен көп сұраныс болды. Мәселен, қазіргі таңда аталған департаментте біздің 110 ерікті жұмыс жасап жатыр. Өйткені адамдар ең көп хабарласатын «102» пультында тергеу, жедел алдын алу қызметтерінде еріктілер қызмет көрсетеді. Сондайақ, денсаулық сақтау саласы бойынша «103» пультында, қаладағы балалар мен ересектерге арналған аурухана және емханада 20 ерікті жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет көрсететін еріктілер «Астана» медициналық университетінің түлектерінен жасақталды. Өйткені болашақ дәрігерлер ауырып тұрған науқастың жағдайын бірден түсінеді. Ал Жергілікті полиция қызметі бойынша осы саланы жақсы білетін, мінезі өткір азаматтарды іріктедік. Бұдан бөлек, білім саласы бойынша 20 ерікті ЭКСПО көрмесіне жан-жақтан келетін оқушыларға қызмет көрсетеді. Олардың міндеті – вокзалдан оқушыларды қарсы алып, көрме, жалпы Астананың көрікті жерлеріне апару. Сонымен қатар, мәдениет саласы бойынша дайындаған еріктілердің санын 20-дан 30-ға дейін көбейтіп отырмыз. Себебі театрдан бастап әртүрлі мәдени ошақтарға баруға шетелдік қонақтар ерекше қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде біздің еріктілер қызмет көрсетіп жатыр. – Еріктілерге әкімдік тарапынан нақты қандай жағдай жасалған? Үш ай бойы тегін қызмет көрсету оңай емес қой...

– Еріктілер емін-еркін жұмыс жасау үшін Астана қаласы әкімдігі оларға барлық жағдай жасап отыр. Еріктілер туралы 2016 жылы шыққан Қазақстан Республикасының заңында олардың міндеттері ашық көрсетілген. Мәселен, ерікті 18 жасқа толған әрі Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Осы талаптарға сай азаматтар жеке немесе мемлекеттік органдардың мүддесі үшін әлеуметтік маңызды іс-шараларға өтемақысыз қызмет көрсете алады. Сондықтан да көрмеде қызмет көрсететін еріктілер тегін жұмыс жасап жатыр. Алайда біз 93 күн бойы қызмет көрсететін еріктілердің мәселелерін шешіп беріп отырмыз. Ең біріншіден, біз барлық еріктілерге шет тілін тегін оқыттық. Сонымен қатар, шетелдік қонақтың алдында ерікті өзін қалай ұстап, сөйлесуі керек деген сияқты әртүрлі этикалық мәселелерді үйреттік. Мысалы, ислам елдерінен келген әйел адамдармен қол алысып амандасуға болмайды, керісінше, өзге елден келген қонақтар қол ұсынса, оның сәлемін қабыл алу керек. Бұдан бөлек, еріктілер оқыс жағдай болған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуге бейімделді. – Әлеуметтік желіде «3 ай бойы тегін ерікті болып жұмыс жасау – еріккеннің ісі» деп жазып жатқандарды байқап қалдым. Жалпы, ерікті болу жастарға қандай пайда береді? – Шыны керек, кез келген еріктінің жаз айында қандай да бір компанияға орналасып, табыс табуына болады. Бірақ біздің жастар елімізде жүргізіліп жатқан саясатты қолдап әрі азаматтық борышын сезініп, ерікті болуға өздері қуана-қуана келді. Біріншіден, олар ЭКСПО көрмесінің еліміз үшін үлкен мүмкіндік екенін жақсы түсінеді; екіншіден, көрмеде қызмет көрсету – жастар үшін тарихи сәт. Жастар көрме арқылы өмірлік тәжірибеге ие болып, ертең қандай да

мұражайына қалай баруға болатынын сұраған екен. Біздің еріктілер ағылшын және неміс тілдерінде Ақмол ауылына қалай бару керек екенін жан-жақты түсіндіріп беріпті. Сондай-ақ, Египеттен келген қонақ өзінің әмиянын жоғалтып алып, полиция қызметкерлеріне арызданғысы келген. Міне, осы кезде біздің еріктілер дер кезінде көмекке келіп, оның затын тез арада тауып беруге ықпал етті. Жоғалған дүниесінің тез арада табылғанына таң қалған турист полиция қызметкерлері мен еріктілерге қайта-қайта алғыс айтыпты. – Жастар десе, жұмыссыздық пен баспана мәселесі алдымыздан шығады. Осы екі күрделі мәселеде басқарма нендей жұмыстар жасап жатыр? – Жұмыссыздық жөнінен Астана қаласы алдыңғы қатарда тұрған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Елорда болғандықтан атқарып жатқан жұмыстар өте көп. Біз, ең біріншіден, жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған ақпараттықнасихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мәселен, мектеп оқушыларының таңдаған мамандығы бойынша болашақта жұмыс табыла ма, жоқ па деген сұрақтарға еңбек нарығын зерттей отырып жауап береміз. Сондайақ, жоғары оқу орындарын бітірген мамандарға арнап бос жұмыс орны жәрмеңкелерін өткіземіз. Бұл бағытта Астана қаласы Жұмыспен қамту басқармасы үлкен жұмыстар жасап жатыр. Ал енді баспана мәселесі жастардың ғана емес, сонымен қатар, үлкен азаматтардың да күрделі мәселесі болып отыр. Жалпы, пәтер мәселесімен Тұрғын үй басқармасы айналысады. Ал біздің басқарма тұрғын үйге қатысты бағдарламаларды жастарға жан-жақты түсіндіруге көңіл бөліп отыр.

Сұхбаттасқан: Серік ЖОЛДАСБАЙ


20

МӘДЕНИЕТ

№73 (3578) 22/06/2017 Бейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

www.astana-akshamy.kz

МӘРТЕБЕЛІ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ ЕЛОРДАНЫҢ НҰРЖОЛ ЖЕЛЕКЖОЛЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ, СӘУЛЕТ, МҮСІН, ӨНЕРКӘСІПТІК ДИЗАЙН, БИ, ТЕАТР СЫНДЫ ӨНЕРДІҢ САН АЛУАН ТҮРІН БІРІКТІРЕТІН «ASTANA ART FEST-2017» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЛЬТИМӘДЕНИ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР. БИЫЛ АТАЛМЫШ ШАРА ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ ОРАЙ ҮШ АЙҒА СОЗЫЛАДЫ. ФЕСТИВАЛЬГЕ СУРЕТШІЛЕР, ДИЗАЙНЕРЛЕР, СӘУЛЕТШІЛЕР, МУЗЫКАНТТАР МЕН РЕЖИССЕРЛЕР ҰСЫНҒАН 162 ЖОБАНЫҢ 50-І ІРІКТЕЛІП, ТАНЫСТЫРЫЛАТЫН БОЛДЫ.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен үшінші мәрте ұйымдастырылған фестивальдің аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Осы жолы оған АҚШ, Франция, Испания, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Армения, Украина, Германия елдерінен келген өнерпаздар қатысуда. Атап айтсақ, эко-арттың негізін қалаушы Стивен Сигел, «Burning mаn» фестивалінің жұлдызы Арагорн Дик Рид, DUNDU театры, ағаш архитектурасының негізін салушы Тотан Күзембаев, «Қызыл трактор» арт-тобы, т.б. Желекжолға кіреберісте Эльдар Хасанов, Роман және Михаил Беличко сынды сәулетшілердің бір топ туындылары қойылған. Жалпы, мұндағы әр туынды өзінің қалыптан тыс пішінімен, ерекше материалымен көзді тартады.

Сұлтан СЕЙІТ

Ãàçåò ҚР Ақпарат және коммуникация ìèíèñòðëiãi Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 11.01.2017 æ. òiðêåëiï, №16291-Ã êóәëiãi áåðiëãåí. Меншік иесі: «Elorda Aqparat» ЖШС

Директор — Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ Бас редактор — Еркін ҚЫДЫР Гàçåòте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері шығады.

Ðåäàêöèÿ қîëæàçáà èåëåðiíiң ïiêiðëåði ìåí êөçқàðàñûí áөëiñói øàðò åìåñ. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Ãàçåò «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòi ðåäàêöèÿñûíûң êîìïüþòåðëiê îðòàëûғûíäà òåðiëiï, қàòòàëäû. Апталық таралымы — 15 000 Тапсырыс №73 Баспахана: Àñòàíà қàëàñû, Сілеті êөøåñi, 30. «Медиа-холдинг «ERNUR» ÆØÑ

Редакция мåêåíæàéû: 010000, Àñòàíà қàëàñû, Достық êөøåñi, 13. astana.aqsham@gmail.com Қàáûëäàó áөëìåñi: òåë./факс: +7 (7172) 703-212. Тілшілер бөлімі: 70-32-17. Жарнама: 70-33-06. akshamyreklama@gmail.com Кезекші редактор — Серік ЖОЛДАСБАЙ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.