СІЗ не дейсіз? Ќуаѕшылыќ зардабы ќаншалыќты ґтелді? Былтыр өңірде жаз шығысымен аңызақ аптап ұрып, бір тамшы жаңбыр жаумады. Бұл ерте көктемде үкілі үмітпен егіс салған диқан қауымы егінінің күйіп кетуіне соқтырды. Егін алқаптарын сақтандырған шаруалар қуаңшылықтың зардабына өтем жасала ма, жоқ па деп күні кешеге дейін алаң көңіл күй кешті. Қуаңшылықтың шығыны қаншалықты өтелді? Шаруалардың шығыны толық қолдарына тиді ме? «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі Сатыбалды Сəуірбай «Ақтөбе Полис» өзара сақтандыру қоғамы» өндірістік кооперативінің директоры Қуаныш Нұршинге: – Сіз бұған не дейсіз? – Шыны керек, егіншілер өткен жылғы жазға үлкен үміт артып еді. Алайда, үміт ақ талмады. Табиғат тосын мінез танытты. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, облыс аумағында шегіртке «шеруі» де болып өтті. Осындай табиғат апаттарының салдарынан облыста 332,0 мың гектар алқаптың егіні жинауға келмегендіктен, есептен шы ғарылды. Мұндай жағдай сегіз ауданның егіс алқаптарына тəн, оларда егіннің 35-80 пайызына дейін жарамсыз болып қалды. 2010 жылы да қуаңшылық болған-ды. Ол кезде сақтандыру қоғамының несиелік портфелінде небəрі 70 миллион теңге ғана бар еді. Ал егіні жинауға келмейтін 300,0 мың гектар алқап есептен шығарылды. Облыста төтенше жағдай жарияланып, сол кездегі облыс əкімі Елеусін Сағындықов қаржылай қолдау көрсетіп, 830,0 миллион теңге берешекті өтеуге көмектескен болатын. Міне, жоғарыда айтып өт кенімдей, 2012 жылы да сондай жағдайға ұшырадық. Биыл сақтандырушылардың төлемдерінен 74 миллион теңге ғана жиналды. Оның 42,0 миллион теңгесі өзара есеп айырысу арқылы жабылды, ал, 32,0 миллион теңгесі сақтан дырушыларға берешекке төленді. Біз өз күшімізбен егіндерін сақтандырған шаруашылық құрылымдарымен есеп айырыса алмайтын едік. Себебі, біздің қаржылық жағдайымыз көтермейді. Соңғы жылдардағы қуаңшылық еңсемізді тіктеуге мүмкіндік бермеуде. Облыс əкімі Архимед Мұхамбетов жағдайды түсініп, демеушілердің есебінен 140 миллион теңге бөлуге ықпал етті. 2013 жылғы 10 қаңтарға 2012 жыл үшін 320,0 миллион теңге өтем жасалды. Сондай-ақ, 2010-2011 жылдарғы берешекке 23,1 миллион теңге төленді. Сонда шаруаларға барлығы 343,1 миллион теңге өтем жасалды. Өтем қаржыларын алған шаруалар алдағы көктемгі егіске дайындыққа кірісіп те кетті. Ақтөбе облысы.
АҚПАРАТТАР аєыны Қазақстандық автомобиль өндірісі 23 пайыздан астам өсті. Бұл əлемдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі болып саналады. Былайша айтқанда, 2012 жылы 100 мыңға жуық автокөлік сатылған. Алматыда шаңғы қоссайысы бойынша Əлем кубогының кезеңі өтеді. 9-10 ақпанда өткізілетін бұл жарысқа əлемнің 12 мемлекетінен спортшылар қатысады. Жарыс «Eurosport» телеарнасы арқылы көрсетіледі. Батыс Қазақстан облысында алдағы мерзімде қозы етін өңдейтін зауыт құрылысы басталады. Бұл өндіріс орны малдың ішек-қарындарын қайта өңдеп, шұжық ретінде əзірлейді. Сонымен бірге, экспортқа жылына 5000 тонна жас қозы етін шығарады. Таяуда елордадағы дəрі герлер планшетпен жұмыс істейтін болады. Əзірге бұл қызмет түрін 59 жылжымалы жедел қызметі пайдалануда. Көпсалалы планшет жедел жəрдем бригадасының жүру уақытын
№60 (27999) 5 АҚПАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Аєымдаєы мəселелерге арналєан кеѕес
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағымдағы даму мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр Серік Ах ме тов, Президент Əкімшілігінің Бас шысы Кəрім Мəсімов, ПремьерМи нистрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ƏАҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай жəне
Кеше Қазақстан Прези денті Нұрсұлтан На зарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты. Кеңесте банк секторының, зейнетақы реформасының жай-күйі жəне мұнайгаз саласын одан əрі дамыту мəселелері талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген жəне «Қа зақстан-2050» Стратегиясында
қарастырылған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев банк жүйесіндегі сыртқы қа рыз дарды төмендету жөнінде бірқатар шара қабылданғанын жəне бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтты, сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы
өзекті мəселелерді шешу жөніндегі бұдан кейінгі қадамдарды анықтау керектігіне тоқталды. Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің жəне өзге іс-шаралардың нəтижесінде «БТА Банк» АҚ-тың сыртқы қарызы 9 млрд. доллардан 750 млн. долларға дейін қысқарғанын, қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап өтті. Осыған байланысты
Ґзара іс-ќимыл дамытылуы тиіс
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Дəденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Телефон арќылы сґйлесті Əңгімелесу барысында мемлекет басшылары екі елдің 2013-2015 жылдарға арналған бірлесе əрекет ету жоспарлары аясындағы өзара іс-қимыл мəселелерін талқылады. Сонымен қатар, түрлі қызмет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері жөнінде пікір алмасылды. Əңгімелесудің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары биылғы 8 ақпанда Мəскеуде жұмыс бабындағы кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, онда Біртұтас экономикалық кеңістік пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұ мыс тың өзекті мəселелері қаралатын болады.
Мемлекет басшысы биылғы жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ жəне «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды. Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған жұмыс бағыттары аясында бірқатар нақты тапсырмалар берді. –––––––––––––––––
Басты маќсат – тіл аясын кеѕейту
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында Қазақстан Президенті «Лукойл» компаниясы еліміздің мұнай-газ саласындағы ресейлік ірі инвестор болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың түрлі салаларындағы
ынтымақтастықты одан əрі нығайтып, өзара ісқимылды дамыту қажеттігіне тоқталды. В.Алекперов Қазақстан Президентінің қолдауы арқасында компания Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде ел экономикасына 7 млрд. доллардай инвестиция салғанын айтты. «Лукойл» компаниясы түрлі жобаларды іске асыруға белсене қатысуда. Солардың бірі қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жететін Қазақстанның оңтүстігіндегі майлауға пайдаланылатын материалдар өндіретін зауыт құрылысы болып табылады.
Тіл меңгеру үшін ең алдымен эмоционалдықпсихологиялық кедергіні еңсеру қажет. Міне, оны еңсеруге көмектесетін «Қазақ тілі. Тілдарын» мультимедиялық жəне оқу-əдістемелік кешеннің тұсаукесері кеше «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» ҚҚ «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының əдістемелік орталығында болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Мəдениет жə не ақпарат министрлігі Тіл ко митетінің төрағасы Мақсат Сқа қов, Астана жəне Алматы
қалалары мен облыстық тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ, этномəдени бірлестіктер мен «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының əдістемелік орталығы қызметкерлері қатысты. (Соңы 2-бетте).
Мəселенің мəнісі
қысқартуға жəне науқаспен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында 2010 жылдан бері тұралап тұрған Бурный ірімшік зауыты қайта іске қосылады. Зауытты қалыпқа келтіру үшін «ҚазАгроқаржы» АҚ мен Бурный ірімшік зауыты келісім-шарт жасасты. Болашақта бұл жерде ультрапастерленген сүт өндірісі де іске қосылмақ. Қызылорда Астананың үлгісімен өзеннің екі жағалауына орналасатын қала болғалы тұр. Əкімшілік орталық қазіргі орналасқан ауданында қала береді. Ал ендігі жаңа құрылыстар, тұрғын үйлер, əлеуметтік бағыттағы үйлер сол жағалаудан бой көтереді. Əзірге 1532 гектар жерге жаңа құрылыс алаңдарын салу жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры өзгенің атын жамылып, бюджеттің 1 млн. 200 мың теңгесін жымқырған. Ол шын мəнінде жұмыс істемеген адамдарға бұйрық бекітіп, жалған табель толтырып келген.
Шығыс Қазақстан облысында мəде ниет қыз меткерлерінің I конгресі өткізіледі. Форум аясында кітап жəне фото көрмелері ұйымдастырылып, жаңа жобалар туралы мəдениет қызметкерлері ой бөліседі. Елбасы тапсырмасына сəйкес, биыл Орталық мемлекеттік музей – қазақ ұлттық музейі өз жұмысын бастайды. Жаңа музейдің жалпы көлемі алпыс екі мың шаршы метр. Алматыдағы орталық мемлекеттік музейдің экспозициялық залы сегіз мың шаршы метр екенін ескерсек, бұл Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы теңдесі жоқ музей болғалы тұр. Шымкент қаласында нəрестені 6 мың АҚШ долларына сатпақ болған екі мейірбике қолға түсті. Олар №1 облыстық перинаталдық орталығында қызмет істейді. Қазір сот санкциясымен екі мейірбике қамауда отыр. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Кїн жаманы кетер... Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Облыста «аудандарда жылқы қырылып жатыр» деген сөз тарады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «жаппай қырылуда» деген мəліметтер де берді. Қаңтарда жаңбыр жаудырған тосын табиғат соңынан сары аязымен жерді мұздай қатырып тастады. Жылқы малы бұл жағдайда тебіндей алмайтыны белгілі. Қыс қатал биыл. Əрине, шаруа қожалықтарына да, қораларында мал ұстайтын ауылдықтарға да оңай емес қазір. Ал мал басы аз тұрғындар жылқысын қораға кіргізіп алған. Облыста 2-3 мыңға дейін жылқы бағатын шаруа қожалықтары бар. Біз былтыр Ертіс ауданы Бұланбай ауылында тұратын 2 мың жылқы бағатын жылқышы Амантай Мусин туралы жазғанбыз. Қазір аман-есен. Жылқы бағуда өзіндік «технологиясы» да бар. Ал, жалпы, күзгі жиынтерін кезінде өңірде 1 жарым жылдық мал шөбі əзірленген болатын. Сонда енді кейбір шаруа қожалықтарында жылқы қырылатындай қандай жағдай болды? Осы орайда облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əшімбетов былай дейді: – Жағдай бақылауда. Жемшөп жеткілікті. Көрші аудандардан да əкелінуде. Жол
шығынына байланысты бағасы өсіп кеткені рас. Бумалы шөптің бір орамы 800-1200 теңге шамасында. Арзандатылған кебектің келісі 21 теңгеден босатылуда. Əрбір ауылдық аумаққа ай сайын 8-10 тоннадан кебек жіберіледі. Ал нарықта бір келісі 35 теңгеге жеткен. Сондайақ, Екібастұз қаласы мен Баянауыл аудандарынан өзге өңірлерге көмір тасымалдайтын көліктер қайтар жолда жем-шөп тиеп келуде. Бұл да көмек. Ал облыстағы Успен, Шарбақты, Железин аудандары шаруаларының жағдайы жақсы. Кейбір шаруа қожалықтары малдарын амалсыздан жағдайы жақсырақ жайылымдарға қарай айдауды қолға алыпты. Мəселен, лебяжіліктер жылқыларын Май ауданының Ақшиман ауылына, Екібастұздың ауылдары Баянауылдың таулы жерлеріне, ертістіктер Ақмола облысына қарай айдаған көрінеді. Жалпы, облыста былтыр желтоқсан айында 258 жылқы малы өлді. Бұл көрсеткіш бүкіл мал басының 0,3 пайызын құрайды. Қожалық иелері қолдағы түлігінің біразын сатып, одан түскен қаржыға қораға байланатын жылқыға жемшөп те алуларына болады. Екіншіден, қары қалың емес аудандар бар. Жылқы жаппай қырылып жатыр деген ақпар таратқан «Тұрар» жəне «Абылай хан» аталатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан
былтыр əрқайсысына 5 миллион теңгеден субсидия да берілді. Н.Əшімбетовтің айтуынша, күзде жəрмеңке өткізіліп, шаруаларға шөпті көбірек алуға ұсыныс жасалыпты. Ұсақ шаруашылықтар малдың шөбін қыс бойы сатып алады екен. Яғни, қыс жайлы болса, артық қаражат жұмсағылары келмейтіні байқалады. Бір жағынан шөпті жақынға əкелуде өрттен де қорқатыны рас. Енді, міне, биыл қыс басқаша тосын мінез көрсетіп қалды. Қалың қардан шабындықтағы қордан шөп жеткізу қиынға соқты. Екіншіден, табында жүрген жылқылардың қожайыны да аз емес. Қыстың суығын сылтау етіп, «мал өлді» деп оның иелерін алдап соғуы да мүмкін. Ал өлген малдың əрбіріне акт толтырылады. Сөйтіп, алаяқтардың жолы болып кетуі де ықтимал. Жылқышының сөзіне сеніп, малының жемтігін де көрмеуі мүмкін. Сөзінің соңында облыс əкімінің орынбасары: «Мұндай мəселенің де бары рас. Бүгін Лебяжі ауданындағы «Алтай» ШҚ басшысы Сəтбек Мукинмен хабарластым. «Жылқы қырылып жатыр дей алмаймын. Өзімде 800 бас жылқы болса, оның үшеуі өлді. Ол жемшөптің жетіспеушілігінен емес. Мал болған соң, ара-тұра шығын болмай тұрмайды. Жылқы тебіндей алатындай жер іздеп, қыстан шығу амалдарын қарастырып жатырмыз», деді. (Соңы 6-бетте).
2
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
адами ресурстарды дамытуға жəне институттық базаны нығайтуға негіз жасады. Қаржы секторының дамуы да елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін аталған саланың жан-жақты жетілуіне жағдай жасап отыр. Мəдени-рухани байлығымыздан да таршылық көрмейміз. Туризмді өркендету арқылы елдің ұлттық құндылықтарын əлемге паш етуге кең тыныс ашылады. Осы мақсатта көп жұмыстар атқарылды, алдағы кезеңде де жалғасын таба беретіні анық. Бұған, əсіресе, ЭКСПО-2017 үлкен рөл атқарады. Елімізге қатысты тың деректерді тілге тиек етер болсақ, британдық бақылаушылардың бағалауынша, ХХІ ғасырдағы əлемнің 25 ең қарқынды дамыған экономикалық көрсеткіштері арасында Қазақстан Қытай мен Катардан кейін үшінші орынды иеленіп отыр. Сарапшылар Қазақстан əлеуметтік-экономикалық жаңартудың өз моделін іске асырғанын жəне ол модельде
Маѕызы зор, мəні ерекше ќўжат Үсенгелді МЕДЕУОВ,
Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының еліміз үшін тарихи мəні де, маңызы да айрықша. Осы орайда айта кететін бір жəйт – еліміздің 2030 жылға дейін гі стратегиялық жоспары негізгі көрсеткіштері бойынша орын далды. «Қазақстан-2030» Стратегиясында экономикалық даму басты бағыт болған еді. Нақты мəліметке сүйенсек, 1998 жылы жан басына шаққанда ІЖӨ 1500 доллар көлемінде болатын. Ал ол көрсеткіш 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Халықтың денсаулығы жақсарғандықтан, өмір сүру деңгейі артты, бүгінгі таңда орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жасты құрап отыр. Елбасы өз халқын да, əлем жұртшылығын да жаңа идеяларымен таңқалдырумен келеді. Тəуелсіздік алған тұсымызда біздің ел болып қалыптасатынымызға күмəнмен қарағандар көп еді. Тіпті,кейбір сəуегейлер «Қазақстан өз ішінде іріткі туып, қиын жағдайда қалатын елдің бірі болады» дегендей болжамдар жасаған-тын. Оған бізде көптеген ұлт өкілдері тұратындығы алға тартылды. Алайда, Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің сарабдал саясатының, ерекше қажыр-қайра тының арқасында елімізді Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі қиын жағдайдан алып шықты. Ол жылдардың тарихи оқиғалары замандастарымыздың есінде. Одан кейін Мемлекет басшысы аса көрегендікпен ел орталығын Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясын ұсынып, барша жұртшылықты тағы да таңқалдырды. Бір қарағанда, бұл жуық арада іске аспайтындай көрінген өте күрделі бастама еді. Бұл төңіректе келісетін де, келіспейтін де сан қырлы сындар мен сан қырлы қыңыр əңгімелер айтылып жатты. Бірақ алған бетінен қайтпайтын, ұлы мақсат жолында өзіне де, өзгелерге де тыным бермейтін жəне əркімнен асқан жауапкершілікті талап ететін Президент кейбір қаңқу сөздерге құлақ аспастан, аса шапшаңдықпен істі алға жылжытып, ХХІ ғасырдың ең сəулетті Астанасын салуға қол жеткізді. Астана қазір тек ел орта лығы ғана емес, жаһандық мəселелер бойынша əлемдік пікір алмасулардың алаңына айналды. Дүниежүзілік маңызы зор халықаралық самиттер мен кездесулер бəріміз мақтанышпен айтатын біздің Астанамызда абыроймен өтіп келе жатыр. Бұл үрдіс мұнан былай да жалғасын таба береді. Біздің пайымдауымызша, мемлекеттің дамуын айқындайтын жүзге жуық критерий бар. Бүгінгі таңда біз əлемнің алдыңғы қатарындағы 51 мемлекетінің ішінде болсақ, ал кейбір көрсеткіштер бойынша 15-25-ші орында тұрмыз. Соның ішінде білім беру ісінде, əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша алға шықтық. Кəсіпкерліктің дамуы үлкен серпіліске ие. Отандық кəсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші екені анық. Елбасы 2030 жылға қарай шағын жəне орта кəсіпкерліктің экономикадағы үлесі ең аз дегенде екі есе өсуге тиіс екенін қадап айтты. Халықаралық тəжірибедегі талдау көрсеткендей, кəсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істеген елдерде «мықты бизнес
– мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты. Халықаралық беделімізді арттырған жəне бір үлкен жеңісіміз – ЭКСПО-2017. Бұл мемлекет да муына жəне танымал болуына қуатты серпіліс беруі тиіс. 2017 жылы Астана ғылым мен техниканың үздік əлемдік жетістіктерінің орталығына айналады. ЭКСПО көрмесі барлық аспектілер жағынан тиімді. 100-ден астам мемлекеттің өкілдері көрмеге өз өнімдерін əкеліп, миллиондаған адам астананың қадірлі қонағы болады деп күтілуде. ЭКСПО2017-ні өткізудің нəтижесінде көп мəселелер шешімін табады. Əлем жұртшылығы «жасыл энергияның» жетістіктерін Астана арқылы көреді жəне көрменің кереметтерін тамашалайды. Елбасы жаңа Жолдауында барлық дамыған елдер баламалы жəне «жасыл энергетикалық» технологияларға инвестицияны ұлғайта беретінін атап өтті. Жаңа энергия көзін пайдалану 2050 жылға қарай барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызын құрайтынын мəлімдеді. Бізде мүмкіндік мол. Табиғи ресурстар жеткілікті. Жел электр стансаларын орнатуға шамасы жететін, үнемі жел соғып тұратын өңірлерден де таршылық көрмейміз. Болашақта Күн энергиясын алатын стансалар да салынады. Ең бастысы, мұның бəрі экологиялық таза өндіріс орындарын көптеп ашуға толықтай жағдай жасайды. Осы орайда, жуырда ғана Елбасы Астанада «Astana Solar» ЖШС-нің фотоэлектрлі модульдерді өндіретін зауытында күн батареяларын шығаратын желіні іске қосты. Бұл– «Қазатомөнеркəсіп» ҰК» АҚ-тың еншілес кəсіпорны. Аталған жаңа зауытта 100 пайыз қазақстандық кремний негізінде күн батареялары шығарылмақ. Зауыт техника қауіпсіздігі жəне экологиялық нормалардың ең жоғары талаптарына сай келетін соңғы буындағы автоматтандырылған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зауыт өнімдері ішкі жəне сыртқы нарыққа шығарылады жəне сұранысты қанағаттандырады. Жолдауда айтылған міндеттерге сай, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартудың бір саласы ретінде тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасын ерекше айтар едік. Бұл бағдарлама елордадан бастап, барлық өңірлерде қарқынды жүргізілуде. Айталық, Алматы облысында аталмыш бағдарлама сəтті іске асырылуда. Мəселен, Те келі қаласында тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасы аяқталды деуге негіз бар. Қапшағай қаласында да көптеген жұмыстар өз жалғасын табуда. Біздің елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қай салада болсын үлкен серпіліс туғызуда. Нақтылап айтқанда, ол халықтың əлеуметтік жағдайының жақсаруына, өңірлер дің дамуына, сондай-ақ инфра құрылымды жаңғыртуға,
Шығыс пен Батыстың басымдығы, ауқымды макроөңірлік кооперация мен жаһандық ынтымақтастыққа талпыныстың үйлесім тапқандығын ерекше атап өткен. Жыл сайын Қазақстан экономикасының жылдық өсімі кемінде 4-5 пайызды құраса, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан іргелес мемлекеттер – Қытай, Ресей, Индонозия, Үндістан, Латын Америкасының елдерінен, соның ішінде Бразилиядан қалып қоймайтынымыз анық. Жалпы, соңғы жылдары экономика өсімі қарқыны бойынша Қазақстан Ресей, Украина жəне Беларусь елдерінің алдына шықты. Елімізде бір шаңырақтың астында 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Бұл – мемлекет ұстанған саясаттың жемісі. 1995 жылы наурызда Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы барша ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына біріктіріп, біртұтас Қазақстан мемлекетіне айналдырды. Бүгінгі ұлан-ғайыр жетістігімізге ұлтаралық татулығы мен дінаралық келісімі жарасқан көп ұлтты ел ретінде жетіп отырмыз. Осы орайда, ел Президенті Жолдауда көп ұлтты Қазақстан саяси-экономикалық, тіпті спорттық жетістіктерге де бір команда ретінде жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы сыртқы саясатқа да айрықша мəн беріп келеді. Еліміз жаһандық қауіпсіздікті сақтау жолында БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК жəне басқа да халықаралық беделді ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуде. Елбасы өз сөзінде: «Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды рөл атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге жəне есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте əлемдік қоғамдастықты қолдаймыз», деп елдің ұстанған бағытын ашық айтып өтті. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына жəне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етті. Қазақстан – жаңа ХХІ ғасырда ЕҚЫҰ Саммитін өткізген жалғыз мемлекет. Жолдауда арнайы бағыттың бірі дəйекті жəне болжамды сыртқы саясат екендігі айтылды. Еліміз ұлттық қорғаныс моделін əзірлей отырып, түрлі елдермен жəне ұйымдармен ынтымақтастықта бола береді. Елбасының пайымдауынша, сыртқы саясатымызды теңдестіру – əлемдік істерде елеулі рөл атқаратын жəне Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық жəне болжамды қарымқатынастарды дамыту. Елдің ішкі жəне сыртқы мəселелерін қамтитын жəне Мемлекет басшысының саясатын алға бастыратын заңдарды қабылдау ісіне парламентшілердің қо сатын үлесі мол екені анық. Қазақстан Парламенті көптеген шетел парламенттерімен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Əсіресе, Парламент Мəжілісінің өзім мүшесі болып табылатын Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті еларалық байланыстарды дамытуға, мемлекетаралық келісімдер мен хаттамалардың заң жүзінде бекітілуіне атсалысатын болады. Депутаттар халықаралық маңызды мəселелердің заңдық қамтамасыз ету тұрғысынан көп істер атқарды. Қазақстанның əлемдегі беделін арттыру жолында парламентшілер де белсенді қызметін жалғастыра бермек.
Міндеттер наќтыланды Өткен сенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Президенттің перспек тивалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру, Ұлттық даму агенттігін құру, дағдарысқа қарсы іс-əрекет, банк жəне қаржы жүйесін дамыту, энергетика, табиғатты пайдалану, ауыл
шаруашылығы, кəсіпкерлік бойынша берген тапсырмаларын орындаудың міндеттері мен мерзімдері анықталды. Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшыларының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.
Жаћандыќ жəне ґѕірлік ќауіпсіздік – Ќазаќстан сыртќы саясаты басымдыќтарыныѕ бірі 1-3 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Германияның Мюнхен қаласында өткен қауіпсіздік жөніндегі 49-шы халықаралық конференция жұмысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Кавказ аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мəселелеріне арналған сессия аясында сөз сөйлеген қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы еуразиялық қауіпсіздік жалпыға ортақ жаһандық қауіпсіздіктің бөлінбес элементі болып табылатынын атап өтті. Е.Ыдырысов «осыдан үш жыл бұрын Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде декларация қабылданып, онда алғаш рет еуразиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы, сондай-ақ еуроатлантикалық жəне еуразиялық қауіпсіздік өлшемдерінің өзара ықпалдастығы туралы айтылғанын» форум қатысушыларының естеріне салды. Өздеріңізге белгілі, деді ол осы орайда, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы кезінде қауіпсіздік саласындағы басымдықтардың бірі ретінде Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістіктегі түйіні тарқатылмай келе жатқан жанжалдарды шешуге белсенді атсалысуды бекітуі бұл ауыр үдеріске өз үлесін қосты. «Қазақстан Еуразияның кіндігінде орналасқандықтан, Еуропа мен Азияны біріктіретін маңызды буын болып табылады жəне біздің осы бағыттағы рөліміздің уақыт өткен сайын арта түсіп отырғаны қуантады», деді Е.Ыдырысов. Біздің еліміз бен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі өзекті мəселелер туралы айта келе, қазақстандық министр ауған проблемасын басты мəселе деп атады. Қазақстанның бұл елге бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін коалиция бойынша əріптестерімен бірлесе барлық күш-жігерді салып отырғанын жеткізе келіп, «біз əлемнің жəне Жер шарының біздің бөліктегі қауіпсіздігі туралы айтқанда Ауғанстан мəселесі бірінші орында тұрады», деді. Бұл орайда қазақстандық дипломат Мюнхен кездесуіне қатысушыларды Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісінің үшінші конференциясы шақырылатыны жəне ол алдағы сəуір айында Алматыда өтетіні туралы хабардар етті. Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ жəне Еуразия қауіпсіздік мəселелерінің өзара байланыстарына тоқтала
келе, Е.Ыдырысов бұл өңірлер Каспий, Қара жəне Жерорта теңіздері арасында орналасқан, яғни бір-бірі үшін табиғи ресурстық жəне транзиттік өзара ықпалдасу алаңы болып табылады, бұл дегеніміз, қазіргі кезде орын алып отырған дағдарыстарды еңсеру мен ұзақ мерзімді өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде ортақ мүдделерін айқындайды. Дегенмен, тұрақтылықты нығайтудың қозғаушы күші экономикалық даму болуы қажет, деді. «Тұрақтылық экономикалық өсімге дем береді, ал ол өз кезегінде тұрақтылықты нығайта түсетін болады», деді Е.Ыдырысов, осы нарықтың кеңеюіне Қазақстан мен аймақ елдері мүдделі екенін атай отырып. Сонымен қатар, отандық дипломатия ведомствосының басшысы Қазақстанның осы бағыт бойынша жасаған қадамдары, соның ішінде румыниялық «Rompetrol» компаниясының активтерін алуы, БакуЖейхан құбырына ресурстық қатысуы, Қара теңізде теңіз терминалдарын иеленуі жайлы айтып берді. Көлік тік инфрақұрылымға тоқтала келе, Е.Ыдырысов Қытайдан біздің еліміз арқылы қатпайтын Солтүстік Еуропа порттарына контейнерлік маршруттарды дамыту туралы, сонымен қоса, 2015 жылы аяқталуы жоспарланып отырған Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға көпмодульді дəліз құру мəселелерін атап өтті. «Біз бір-бірімізді қажетсінеміз жəне елдеріміздің игілігі үшін қолда бар мүмкіндіктерді қолданып, тығыз ынтымақтасуымыз қажет», деп қорытындылады қазақстандық министр. Е.Ыдырысовтың айтуынша, «көпірлер» салып жəне Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді ынталандыра отырып көпвекторлы саясатты жалғастыру Қазақстанның мүддесіне сай келеді». Форум алаңында қазақстандық дипломат өзінің Испания, Польша, Түркия, Израиль, Италиядағы əріптестерімен, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Вук Еремичпен жəне басқа да конференцияға қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Басты маќсат – тіл аясын кеѕейту (Соңы. Басы 1-бетте). «Мемлекеттік тіл бүкіл халықтың басын біріктіруші фактор ретінде қарастырылып отыр. Екіншіден, мемлекеттік тілді білу жəне оны меңгеру қоғамдық келісімді тікелей қалыптастыруға əсерін тигізеді. Мұны əрбір этнос өкілдерінің қоғамдық-саяси өмірге тікелей атсалысып, қатысуының кепілі ретінде де қарастырған жөн», деді ҚХА Төрағасының орынбасары. Оның пікірінше, мемлекеттік тілсіз қоғамымызда жүріп жатқан саяси мəселелерден, не болмаса əлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістерден толықтай хабардар болу мүмкін емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Н.Ə.Назарбаев мемлекеттік тілді білуді үлкен маңызды міндеттердің бірі ретінде айқындап берген-ді. Бұл тұрғыдан ҚХА Төрағасының орынбасары былай деді: «Ең алдымен Қазақстанда қазақтың келісімі болмай, ұлттық келісім болады дегенге күмəнмен қарау керек. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясын басқа этнос өкілдерінің ғана емес, бүкіл қоғамдық келісімді қарайтын, ең алдымен қазақтың өзінің келісіміне тікелей атсалысатын ұйым ретінде де қарастырған жөн». Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік тілді оқу жəне білу бүгін керектігін Қазақстанда тұратын əрбір азамат түсінеді. ҚХА-ның 1923 мүшесі мемлекеттік тілде сөйлей алса, бұдан басқа 23 мыңға жуық азамат тілді барынша жақсы меңгеруге талпынуда. Жалпы, Ассамблея айналасында іс-шараларға қатысып жүрген 400 мыңға жуық жасөспірім тілді меңгеру жағына ойысқан. Осыны қаперге алсақ, қазақстандық қоғамда, азаматтардың сана-сезімінде мемлекеттік тілді білуге деген құштарлық артып, оның қажеттігін түйсінушілер саны артып келеді. «Қазақ тілі. Тілдарын» мультимедиялық жəне оқу-əдістемелік кешені тыңдаушыға арналған жұмыс дəптері жəне əдістемелік нұсқаулықтардан тұрады. Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытатын жаңа əдістеме ресейлік лингвист Дмитрий Петровтың тəжірибесі бойынша жасалған. Базалық деңгейдегі курсқа ыңғайлы кесте түрінде жасалған 15 грамматикалық конструкция, жиі қолданыста болатын 300 сөз бен 150 сөз орамы жатады. Осылар арқылы курс тыңдаушысы қазақ тілінде 5000 сөйлем құрастыра алады. Қазіргі таңда базалық деңгейдегі қолданушылар санын арттыру мақсатында олар iOS жəне Android басқару жүйелері бар мобильді құрылғыларға енгізілуде. Бұл уақыт үнемдеумен қатар, қолдануға да ыңғайлы. Тіпті ресми сайт (http:// www.tildaryn.kz) ашылып, онымен танысуға барлық жағдай жасалған. «Тілдарын» оқыту-əдістемелік орталығының атқарушы директоры Сара Жұманова əдістемелік орталықтың негізгі мақсаты озық отандық жəне шетелдік тəжірибелерді зерттеу арқылы қазақстандық оқыту үдерісіне енгізу екендігін айтып кетті. «Тілдарын» əдістемелік орталығының жаңа инновациялық əдістемесі тіл үйренушілердің эмоциялық-психологиялық кедергіден жылдам өтулеріне көмектеседі. Сондай-ақ сабақ беру үрдісі интерактивтік əдіс арқылы берілетінін жəне де курсқа қатысушы өзін еркін сезініп, сөйлеу əрекетін іс жүзінде жүзеге асыра алатынын да айта кеткен жөн. Тұсаукесер рəсімі барысында «Диалог. KZ» атты халықаралық мəдени-ағартушылық жобасын таныстыру да болып өтті. Өңірлік тілдерді дамыту департаменттері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту мен дамыту.
Кеѕ ауќымды шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев өткізген кезекті брифингте жақын күндерге жоспарланған маңызды шаралар туралы айтылды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Мəселен, алдағы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, сондайақ Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съезін шақырудағы бастамасының 10 жылдығы аясында 5-7 ақпан аралығында Парламент Сенатының Төрағасы – Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мəмидің Ватиканға жұмыс сапары орындалмақ. «Сапар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша əрі Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру туралы бастаманың 10 жылдығы аясында жүзеге асады. Онда Рим Папасы Бенедикт XVI-мен, Папа уəкілі, Киелі Тақ Кардиналдар алқасының деканы кардинал Анджело Соданомен, Папа Кеңе сі нің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті, кардинал Жан-Луи Торанмен, Ватиканның Мемлекеттік хатшылығының Мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы Доминик Франсуа Жозеф Мамбертимен кездесулер жоспарланған. Сон дай-ақ,
Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа Кеңесінде дөңгелек үстел өтеді жəне Съездің 10 жылды ғына арналған фотокөрме ұйымдастырылады, деді А. Əбибуллаев. А.Əбибуллаев сондай-ақ 6-7 ақпанда Қазақстан Респуб ликасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммитіне қатысуы көзделіп отырғанын да жеткізді. Брифинг барысында ол Қазақстан Премьер-Ми нистрі нің қатысуымен өтетін бірқа тар маңызды шараларға да тоқталды. «5 ақпанда Қазақстан Респуб ликасының Премьер-Министрі Серік Ахметов жаңартылған энергия көздерін дамыту мəселелеріне қатысты Үкімет отырысын өткізеді. Аталған мəселе Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу жəне «Жасыл экономика» аясындағы бағдарламаны іске асыру тұрғысында өте маңызды əрі өзекті», деді А. Əбибуллаев. Бұл күнгі брифинг барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму
ми нистрі Бақытжан Сағынтаев 6 ақпан күні жұмыс сапарымен Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарына баратыны, сапар барысында қатты дауылдан зардап шеккен елді мекендердегі қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысатыны, дəл осы күні Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің ұлттық экономикалық жеке секторы даму саясатының тұсаукесер рəсіміне қатысатыны, аталған іс-шара Қазақстанның аграрлықөнеркəсіптік кешенінің өндіруөткізу тізбегіне инвестицияларды молынан тартуға, агроөнеркəсіп кешенін қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге, сонымен қатар, ақпараттық технологиялар саласының кадрлық əлеуетін жақсартуға бағытталатыны жайлы да айтылды. «6-7 ақпанда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Петропавл қаласына жұмыс сапары болады. Бұған қоса, жергілікті басқаруды дамыту тұрғысында 4-10 ақпанда қала, аудан жəне ауыл əкімдері 2012 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беріп, 2013 жылдың басты міндеттерін айқындайды», деді ресми өкіл. Брифингке Мұнай жəне газ министрі Сауат Мыңбаев қатысып, журналистерге аталған салаға қатысты маңызды мəліметтерді жеткізді. Министрдің айтуынша, 2013 жылы 46 жобаны іске
асыру жоспарланып отыр. Сол ар қы лы Қазақстанның энергетикалық жəне экологиялық қауiп сiздiгiн қамтамасыз етуге, отын-энергетикалық баланс тағы газ үлесін көбейтуге, тұтынушылардың басым көпшілігін тұрақты түрде газбен қамтамасыз ету үшін ілеспе газды тиімді пайдалануға жағдай жасауға мəн берілетін болады. Брифинг барысында журналистер Мұнай жəне газ министріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Мəселен, БАҚ өкілдерінің биылғы жылдың ақпаннаурыз айларында жанар-жағар май бағасының өзгеруіне қатысты қойған сауалына Сауат Мыңбаев былай деп жауап берді: «Ақпан айында жанар-жағар майға белгіленген баға мөлшері өспейді. Ал наурыз айына қатысты болжам əлі белгісіз. Бірақ, біз Қазақстандағы жанар-жағар май бағасын Ресейдегі бағамен теңестіруді назарда ұстайтын боламыз. Мен бұл мəселені əрдайым көтеріп келемін. Егер екі ел арасындағы жанар-жағар май бағасының айырмашылығы 40 пайыздық көрсеткішке жететін болса, онда жанар-жағар майды Ресейге тасудың қаупі туындайтын болады». Оның пікірінше, мұндай үдеріс қазіргі күннің өзінде байқалуда. Сол себепті, Қазақстанда жанар-жағар май бағасы өсуі ықтимал. Өйткені, Қазақстан мен Ресейдегі баға сəйкестендірілуі керек.
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
3
Міндеттер мен межелер
Ауылды ќолдау кїшейе бермек Кеше Астанада Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті. Сондай-ақ, оның жұмысына Президент Əкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс əкімдерінің орынбасарлары жəне министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары мен ғалымдары қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Алқа мəжілісінде негізгі баяндаманы жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков сала бойынша өткен жылғы жұмыстардың қорытындыларына жəне 2013 жылы алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті. Министрдің айтуынша, өткен жыл ауыл шаруашылығы үшін күрделі жылдардың бірі болған. Бірқатар аймақтар құрғақшылыққа тап болды. Алайда, елімізде соңғы жылдары енгізіле бастаған ылғал үнемдеу технологиясын белсенді түрде жалғастырудың арқасында жалпы алғанда, астық түсімін жаман деуге болмайды. Жиыны 12,9 миллион тонна бидай жиналған. Бұл өнім көлемі ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар экспортқа 7,8 миллион тонна бидай жөнелтуге (оның алдындағы жылдың қалдықтарын қоса есептегенде) мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығында ылғалды үнемдеу технологиясын енгізудің жағымды қозғалысы байқала түсуде. Облыстардан берілген мəліметтер бойынша, 2012 жылы бұл технология 12,4 миллион гектар жерге немесе жалпы астық егістігінің 77 пайызына қолданылған. Осы технология қолданылатын алқаптарды кеңейту мақсатында өткен жылдың өзінде 1 мың астық жинайтын комбайн, 1,8 мың трактор, 203 егін егу кешендері сатып алынған. Дегенмен, министрдің айтуына қарағанда, мұның өзі жеткіліксіз. Сондықтан, 2013 жылдың бюджетінде ауыл шаруашылығы техникалары лизингінің пайыздық үстеме ақысын субсидиялауға елімізде алғаш рет 3 миллиард теңге қарастырылған. Бұл ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге жылына 7 пайыздық үстеме бойынша 52 миллиард теңге көлемінде лизингтік келісім-шарттарды жасауға мүмкіндік береді. Министрлік егіс алқаптарын əртараптандыру бағытындағы жұмыс тарды жалғастыру үстінде. Соның ішінде мал жеміне, майлы жəне азықтық дақылдарға арналған егістіктер көлемін кеңейтуге мəн берілуде. Осы мақсатта алдымыздағы жыл үшін облыс əкімдіктерімен меморандумдар жасалынды. Меморандумдар бойынша аталған егіс дақылдарының көлемі тиісінше 403, 25 жəне 220 мың гектарға өсе түсетін болды.
Сала бойынша тағы бір жаңалық – үстіміздегі жылдан бастап тек отандық қана емес, сондай-ақ, шетелдік өндірістер шығаратын гербицидтерде субсидияланатын болды. Отандық гербицидтерді сатып алған жағдайда, диқандарға оның бағасының 50 пайызы көлемінде субсидия қарастырылса, шетелдік гербицидтер үшін субсидиялау көлемі 30 пайыз деп белгіленді. Министрдің айтуынша, бұл жағдай отандық жəне шетелдік өндірістердегі химиялық өнімнің баға сəйкессіздігін ретке келтіре отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін болады. Себебі, гербицидтердің кейбір түрлері əзірге біздің елімізде өндірілмейді. Баяндамада, сондай-ақ, ірі қара етінің экспорттық əлеуетін дамыту жобасының жүзеге асу жайы да сөз болды. 2012 жылы аграрлық құрылымдардағы мал басының саны орташа есеппен алғанда 12,5 пайызға, ал мал шаруашылығы өндірісінің өнімі 13 пайызға өсіпті. Соның ішінде бағдарламаның маңызды бір бөлігін құрайтын фермер шаруашылықтарындағы мал саны 2010 жылдың 1 қаңтарында 780,7 мың басты құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 50 пайызға өсіп, 1,2 миллион басқа жеткен. Алқа мəжілісінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басшысы Дулат Айт жанов сөз алып, осы холдингтегі өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған келелі міндеттерге тоқталып өтті. Холдинг басшысының айтуынша, бұл құрылым республикалық бюджет алдындағы өзінің барлық міндеттемелерін орындап шыққан. Соның ішінде өткен жылдың өзінде ғана елімізге 12 мыңнан астам шетелдік асыл тұқымды ірі қара малы əкелінген. 74 ірі жоба жүзеге асырылған. Мұндағы бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 23 мың долларды құрап отыр. Холдинг ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мəселесімен жүйелі шұғылданып келеді. Астық жəне мал өсірушілерге несиелер беріледі. Несиелердің 97 пайызы шағын жəне орта бизнес субъектілерінің үлесіне тиіп отырғандығын айта кету керек. Дулат Айтжанов холдингтің Елба сы тапсырмасына сəйкес бірыңғай астық холдингін құру мəселесімен шұғылданып жатқандығын да атап өтті. Халықтың сұранысына ие
Ґнеркəсіпте тўраќты ґсу бар
болып отырған «Сыбаға» бағдарламасы одан əрі жалғастырылмақ. Биылдан бастап асыл тұқымды малдарды Ресей мен Белоруссиядан да сатып алу көзделуде. Алқа мəжілісінде Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов, Парламент депутаттары Болат Жылқышиев, Ромин Мадинов, академик Ғани Қасымов жəне басқалар сөз алып, саланың дамуына қатысты өздерінің ойпікірлері мен атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Алқа мəжілісін Үкімет басшысы Серік Ахметов қорытындылады. Ол өз сөзінде ауылдың – алтын бесік, ұлты мыздың ұйытқысы, ұлттық дəстүріміздің көзі екендігін, ауылды дамыту мəселесіне Елбасының ерекше назар аударатындығын айта келе ауыл шаруашылығының дамуы күн тəртібіндегі маңызды мəселенің бірі екендігін жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласының даму əлеуеті де өте зор. Мұнда ел халқының 40 пайыздан астамы тұрып, өмір сүріп жатыр. Сондықтан, мемлекет саланың дамуын қашанда болсын негізгі назарда ұстайды. Осы ретте Үкімет басшысы агроөнеркəсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа бағдарламасы əзірлену үстінде екендігін, оның ақпан айында қабылданып қалуы мүмкін екендігін айта келе, еліміздің агросекторын дамытуға осы бағдарлама аясында 2020 жылға дейін
3 триллион теңгені жұмсау көзделіп отырғандығын жеткізді. Мұнан кейін Премьер-Министр ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған келелі міндеттерге тоқталды. Соның ішінде ылғал сақтау технологиясын дамыту ісіне бірінші кезекте назар аударды. «Сала бойынша бұл технологияны қолдануды барынша күшейтуіміз қажет. Ол үшін нарықтық тетіктермен қатар əкімшілік тетіктерді де қолдану керек», деді ол. Үкімет басшысы егіншілік саласын дағы əртараптандыруды одан əрі жалғастыруды тапсырды. Соның ішінде мал азықтық дақылдарды дайындауға ерекше мəн беріп, мал азықтық өндірісті қайтадан қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті. «Елімізде соңғы бірқатар жылдардан бері мал азықтық дақылдар егу көлемі бес есеге дейін қысқарған. Енді осы саланы қайтадан көтеру үшін министрлік бір айдың ішінде өз ұсыныстарын əзірлеп, оны Үкіметке ұсынатын болсын», деді. Жазғы жайылымдықтардың мүмкіндіктерін пайдалану үшін оларды суландыру ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Үкімет басшысы, сондай-ақ, ветеринарияны дамытып, əр ауданнан өнім сапасын өлшейтіндей зертханаларды ашу қажеттігін, «ҚазАгро» холдингі арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді несиелендіруді одан əрі күшейту, Астананың азықтүлік белдеуін қамтамасыз етуге ерекше мəн беру қажеттігін атап көрсетіп, осы міндеттерді жүзеге асыруды министрлік пен «ҚазАгро» холдингіне жүктеді.
Мəдениетті білу – баршаныѕ парызы Кеше «Қазмедиа орталығында» Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісінде өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алда жүзеге асырылатын іс-жоспарлар белгіленді. Отырысқа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, Парламент депутаттары, шығармашылық одақтардың, өңірлік мəдениет саласының, тіл басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
ойларын ортаға салды. Кинематографияға бөлінетін қаржының басқа салалармен салыстырғанда аздығы отандық өнімнің сапасына əсер етпей қоймасы мəлім. Бұл да ойланатын жайт екендігі ескертілді. Елбасының тапсырмасымен кітапхананың электрондық жүйесі жасалып жатқанын тілге тиек етті. Оған бүгінгі таңда 12 мың электронды
күйінде қалып отыр. Соған қарағанда, іс жүзінде мəдениет саласында тұралау бар деуге де болатындай», деп айтарын ащылау бастаған Д.Назарбаева бұл істегі проблемалардың түйіні ең алдымен мəдениеттің кеңестік кезеңдегі нормаларын ұстануда екенін алдымен атап көрсетті. Шынтуайтында, министрлік өздеріне тікелей қарасты қырық шақты
кітап енгізілген. Алдағы уақытта мұны барынша көбейту мақсаты қойылды. Бірыңғай электронды мұрағат жүйесін құру қажеттілігі – уақыт талабы. Медиа саласында да бітпей жатқан іс жеткілікті екені сөз болды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты мемлекеттік емес БАҚ-тарда да орналастыруға қатысты ұсыныстар қозғалды. Елбасы өз Жолдауында қазақ тілін жаңғырту, оны қазіргі заманғы тілге айналдыру, терминология мəселелерінде ортақ келісімдер іздеу жəне қазақ тілін латын əліпбиіне көшіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сөзімді қорытындылай келе айтарым, Елбасы қазақ мəдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болған барлық жағдайларды жасады. Əлемдегі ең бəсекеге қабілетті ғимараттар салынып, олар ең жаңа техникамен жарақтандырылды. Заңнама жасалды. Қаражат еселеп өсті. Енді біз Елбасының осы сеніміне лайық қызмет істеуіміз керек, деді сала басшысы. Мəжілістің Мəдени-əлеуметтік даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның министрліктердің жылдық алқа жиналыстарындағы сөздері жұртшылық назарын ұдайы аударып жүр. Кеше де солай болды. Мəдениеттің, ақпараттың, тіл саясатының көкейкесті мəселелерін тереңнен қозғаған толғанысты сөз көптің көңілінен шықты. «2005 жылы Мəжілістегі комитет отырысында қозғалған жайлар 2013 жылғы алқа жиналысында да көкейкесті
республикалық мекемелерге ғана басшылық жасай алып отыр. Əкімдердің қызметіне баға беру өлшемінде мəдениет саласындағы тындырған жұмысы тіпті де ескерілмейді. Іс жүзінде мəдениет саласының тағдыры Экономика жəне бюджеттік жоспарлау, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау, Білім жəне ғылым министрліктерінде, əкімдіктерде шешілуде деуге де болады. Ол министрліктермен, əкімдіктермен қоян-қолтық байланыс жоқ. Мысалы, Алматыдағы опера жəне балет театры мен консерваторияның арасы таяқ тастам жер. Алайда, олар шын мəнінде мемлекеттік шекараның екі жағында тұрғандай-ақ бір-біріне араласпайды, өйткені, бұл екі мекеме екі министрлікке қарайды, деген Д.Назарбаева отандық кинопрокатта «Қазақфильм» өнімдерінің үлесі небəрі 6 пайыз екенін де, қазақ тіліне аударылған əлемдік əдебиет классикасы жас оқырмандарға жетпей отырғанын да, археология сияқты жауапты жұмыспен кім көрінген айналысып, жергілікті деңгейдегі реставраторлардың артық қыламын деп тыртық қылып жатқанын да, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері бəсекеге шыдас бере алмайтынын, сондықтан көрермен өзге елдер арналарына көбірек қызығатынын да сынға алды. Рас, қазақстандықтардың отандық арналарды көру пайызы жөніндегі мəлімет бізді біршама ойландырады. Тегінде, бұл орайда əлеуметтік сұрау салулар тек қалаларда жүргізілетіндігінің де əсері бар сияқты. Негізінде ауылдық жерлердегі ағайындарымыз «Хабар», «Қазақстан»
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед алқа мəжілісінің басында мəдениет, ақпарат, тіл саласын дамытуда Дархан Мыңбайдың министр ретіндегі өткен жылғы еңбегіне сала қызметкерлері атынан рахмет айтып, жаңа жұмысына жеміс тіледі. «Өздеріңіз білесіздер, – деп бастады сөзін министр, – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының бағыт-бағдарын айқындаған өзінің тарихи Жолдауында ұлттық мəдениеттің өсіп-өркендеуі, тəуелсіз ақпарат кеңістігінің қалыптасып дамуы, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қызмет етуі жөнінде нақты тапсырмалар жүктеп, тіпті, оның орындалу мерзіміне дейін көрсетіп берді. Мəдениет, ақпарат, тіл саласы бойынша алдағы мақсат-міндеттерді саралай келіп, алда тұрған жеті бағытты бөліп көрсетті. Оның ең бастысы – 2016 жылға дейінгі əлеуметтік саланы жаңғыртуға байланысты жалпы ұлттық тұжырымдама жасалады, осыған орай мұнда мəдениет, ақпарат, тіл мəселесінде алдағы кезде қандай істер шешімін табатыны айқындалады. Екінші маңызды мəселе ретінде министр жиі-жиі көтеріліп жүрген, ең төменгі нормативтер мен стандарттарды атап, бұл бағытта, əсіресе, депутаттар корпусымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу нəтижесінде тиісті құжаттардың жобасы жасалғанын тілге тиек етті. Үшінші – инфрақұрылым мəселелері. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жер-жерлерде айтарлықтай табыстарға қол жетіп, мəдениет нысандары салынғаны мəлім. Мұнан кейінгі кезекте 2020 жылға дейінгі арналған «Жол картасы» бойынша атқарылатын істерді тиянақтау көзделді. Төртіншіден – жергілікті жердегі мəдениет ошақтарының қаржыландырылу жайы жəне оларды одан əрі дамыту ісі. Бесінші, саладағы мəдени, ақпараттық, ғылыми-ағартушылық мəселелерді шешуде жергілікті шығармашылық ұжымдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен бірлесіп жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Алтыншы басым бағыт ретінде саланы барынша ақпараттандыру керектігін ескертті министр. Барынша инновация енгізілуі керек. Мысал ретінде кейбір шетелдік басылымдардың алдағы уақытта тек интернет-жүйе бойынша жұмыс істейтінін сөз етті. Біздегі барлық
басылымдардың интернетте өз сайттары болмайынша мұндай жетістікке жетуі қиын екендігі айтылды. Жетінші, үлкен істің бірі – кəсіби білім беру. Бұрын кеңес кезінде мамандар орталықтағы жоғары оқу орындарына жүгінді. ГИТИС, ВГИК сияқты оқу орындарында білім алды. Бүгінде елімізде сала мамандарын даярлайтын үш-төрт білім ордасы бар. Соған байланысты неге көңіл бөлу керек? Бұл ретте министр өңірдегі мəдениет саласы басшыларына əлемдік деңгейдегі шығармашылық жоғары оқу орындарында кімдер оқып жатқанын, олардың əрқайсысының атыжөндерін білулеріңіз керек деді. Италия, Ұлыбритания сияқты шетелдерде білім алып келген кей жастардың жұмыссыз жүргенін жеткізді. Сондай жастарды жұмысқа тартып, мəдениет саласы жетекшілері кадр мəселесіне айрықша көңіл бөлулері керектігін еске салды. Биыл жаңадан салынған Ұлттық музей жұмысын бастайтын болады. Оның жалпы көлемі 62 мың шаршы метрді қамтиды. Алматыдағы орталық музейдің экспозициялық залы 8 мың шаршы метр екенін ескеретін болсақ, бұл Қазақстандағы ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы теңдесі жоқ үлкен музей болғалы тұр. Оның құрамында тарих, археология, антропология, алтын жəне бағалы металдар, қазіргі заманғы өнер музейлері бар. Міне, бұл жұмыстар да қазір өз деңгейінде жүзеге асырылып келе жатыр, деді баяндамашы. Сондай-ақ, театрлардың репертуарлары, жаңа қойылымдар туралы өз
Таяуда Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі өтті, деп хабарлады министрліктің ақпарат басқармасы. Оған Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс əкімдерінің орынбасарлары жəне Парламент депутаттары шақырылды. Мəжілісте Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев баяндама жасады.
сияқты арналарға біраз көңіл бөлсе керек. Бірақ, қалай дегенде де, Д.Назарбаеваның отандық телеөнімдер сапасы жөніндегі сынының əділдігін мойындауға тура келеді. Жастар музейлерге, кітапханаларға, мə дениет үйлеріне жұмысқа баруға ұм тылмайды, өйткені, жалақы тө мен əрі əлеуметтік кепілдіктер де жасалмаған. Оның есесіне шетел эстрадасы жұлдыздарының гастрольдерін ұйымдастыруға ақшаны аямаймыз, деді Дариға Нұрсұлтанқызы. БАҚ саласы бойынша «24 кz» ақпараттық арнасының директоры Александр Аксютиц, мемлекеттік тіл туралы, латын əліпбиіне көшуге қатысты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жантас Жақып өз ойларын ортаға салды. – Сенбі күнгі газеттерде ПремьерМинистр мен оның орынбасарларының арасындағы міндеттерді бөлу туралы ақпарат жарияланды. Сол бөлініс бойынша маған төтенше жағдайлар мəселесі жүктелген еді. Бүгінгі əңгімелерді тыңдап отырып, мəдениет саласы да төтенше жағдайда тұрғандай екен деген ойға қалуға болатындай, – алқа жиналысындағы сөзін осылай бастаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев «Мəдени мұра» бағдарламасын ұдайы назарда ұстау қажеттігі жөніндегі ойды құптайтынын білдірді, оның аясында жарық көрген таңдаулы басылымдарды шет тілдерде де шығару жөн болатынын айтты. Ақпарат мəселелерін де біліктілікпен талдап сөйлеген Бақытжан Əбдірұлы: «Жаңа пішіндегі əдіс-тəсілдермен жұмыс істеу жетіспей жатыр. Бұл іске бақылау жасауда негізгі назар мемлекеттік тапсырыс көлемін орындауға алдымен аударылып кетеді. Жеделдік жағы жетіспейді. Көбіне «марқұм болып кеткен» жаңалықтарды қайтадан естіп жатамыз. Радионың аудиториясы өте кең екендігі, жеке көліктің бəрінде дерлік жұрт радио тыңдап бара жататындығы ескерілмейді. Қазір əрбір екінші адам жаңалықты алдымен Интернеттен оқиды, осыдан екі жыл ғана бұл көрсеткіш 30 пайыз маңайында болатын», деді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының осындай сөзінің бір тұсында Мұхтар Абрарұлы əрі сүйсініп, əрі таңданып: «Бəрін игеріп алыпсыз ғой өзі?» деп қалған еді. Бұл сөзге орай Бақытжан Əбдірұлы: «Тапсырылған соң дайындалғаным рас. Сонымен бірге, мəдениеттің мəселелерін білу əрбір азаматтың парызы да ғой», деп қана айтып өтті. Иə, мəдениетті білу де, мəдениетті болу да баршамыздың парызымыз. Еліміздің бəсекеге қабілеттілігі дегенде біз тек экономиканың деңгейін айтпаймыз, өйткені, біз атақты Ғабеңнің – Ғабит Мүсіреповтің «Əдебиет пен өнер ұлы болмайынша ұлт ұлы болмайтынын ұмытпайықшы» деген ақтық аманатын есте ұстауға тиіспіз.
Күн тəртібінде өткен жылғы ИЖТМ жұмысының қорытындысы жəне 2013 жылға арналған міндеттер, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың қызметі жəне 2013 жылға арналған басымдықты міндеттер туралы мəселелер қаралды. 2012 жылы өңдеуші өнеркəсіптің тұрақты өсу қарқыны жалғасты. Өсім, əсіресе, машина жасау саласында (16,2%), өзге де металл емес минералды өнім өндірісінде (10,6%), жеңіл өнеркəсіпте (8,3%), химия өнеркəсібінде (5,9%), фармацевтика өнеркəсібінде (5,6%) байқалады. Өңдеуші өнеркəсіптің белсенді дамуы тұтастай алғанда барлық өнеркəсіптің 0,5% өсуін қамтамасыз етті. Тау-кен өндіру секторында өсім 0,2% құрады. Уран өндіру көлемі 21242 тоннаны құрады, ол өткен жылдың көлемінен 9%-ға артты. Өңдеуші өнеркəсіптегі еңбек өнімділігі 1,4 есе ұлғайды. Мəселен, машина жасаудағы еңбек өнімділігі шамамен – 2, өзге де металл емес минералды өнім шығару – 1,9, металлургия – 1,9, химия – 1,8, жеңіл өнеркəсіп – 1,3, фармацевтика өнеркəсібі 1,3 есе артты. 1993 жылдан бастап 2012 жылғы 30 қыркүйек аралығында ел экономикасына 165,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. 2012 жылдың 9 айында ол 17 млрд. АҚШ долларын құрады. 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 313 млрд. теңгенің 162 жобасы іске асырылды. 2012 жыл үшін Статистика агенттігінің деректері бойынша пайдалануға берілген жобалар 913 млрд. теңгеден астам сомаға өнім шығарды немесе өнеркəсіптік өндірістің жалпы көлемінің 5,5%-ын құрады. Өңдеуші өнеркəсіптегі үлес 8%-ды (5,2 трлн. теңгеден 421,5 млрд. теңге) құрады. 2012 жылы технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша 20 жоба іріктелді. Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы ҒЗИ жəне университеттер жанында 15 коммерцияландыру офистері жəне Алматы мен Қарағанды қалаларында 2 өңірлік коммерцияландыру орталығы құрылды. Барлығы 2012 жылы коммерцияландыруға арналған жобалар бойынша 148 өтінім келіп түсті, оның ішінде, тұжырымдаманы негіздеуге 38 жоба, одан əрі коммерцияландыру үшін 20 жоба іріктелді. Елімізде 6 қазақстандық жəне 5 шетелдік венчурлік қор жұмыс істейді. ТМД аумағында алғаш рет «Адвант» жəне «Almaty Venture Capital» венчурлік қорларына мемлекеттік инвестицияларды табысты қайтару жүзеге асырылды. Жалпы пайда – 58,2 млн. теңге. Электр энергиясын өндіру 90,2 млрд.кВт/сағ. (104,6%), тұтыну 91,4 млрд. кВт/сағ. (103,7%) құрады. Электр энергиясының импорты 2,56 млрд. кВт/сағ., экспорт - 1,36 млрд. кВт/сағ. құрады. Энергияның жаңғыртылатын көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 2011 жылы 0,42 млрд.кВт/сағаттан 0,45 млрд.кВт/ сағатқа (106,4%) дейін артты. ҮИИМДБ шеңберінде іске асыруға жоспарланған 13 жобадан өткен 3 жыл үшін 7 жоба пайдалануға берілді. Олардың ішінде, өткен жылы Мойнақ ГЭС (300 МВт), Ақшабұлақ кен орнындағы ГЖЭС (87 МВт), Екібастұз ГРЭС-1-дің № 8 энергоблогы (500 МВт) қалпына келтірілді. 2009 жылдан бастап электр энергетикасындағы тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілді. Баға белгілеудің жаңа тетігі нəтижесінде («шекті тарифтер») 2009-2012 жылдары энергия генерацияланатын қуаттылықтарды қалпына келтіруге, қайта жаңғыртуға жəне жаңғыртуға арналған жалпы сома 501,745 млрд. теңгені құрады. Шекті тарифтер шеңберінде 1250 МВт енгізілді. 2012 жылы 34 энергия өндіретін ұйымдар жаңғырту жұмыстарына 184 млрд. теңге инвестиция салды. 2012 жылы көмір өндіру компаниялары 114,3 млн. тонна көмір өндірді. Ішкі рынокқа 77,3 млн. тонна, экспортқа 32,8 млн. тонна жеткізілді. Қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген көмірдің жалпы көлемінен 73,2 % немесе 56,5 млн. тонна энергия өндіретін кəсіпорындарға жөнелтілді. «Энергияны үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» жəне «Энергияны үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. 2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Энергия үнемдеу саласындағы кадрларды даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтары құрылған. Қазірдің өзінде ел кəсіпорындарының 500-ден астам мамандары оқытудан өтті. Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамуда. Мəселен, ГФР, АҚШ, Жапония, Норвегия жəне Нидерланд королдіктері үкіметтерімен келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды жəне олар іске асырылуда. Энергия аудитпен, энергия менеджмент жүйесін енгізумен, консалтингтік қызметтермен, инвестицияларды тартумен айналысатын болатын, Қазақстан-Германия энергия тиімділігі орталығы құрылған. Сөзінің соңында Вице-премьер тұтастай алғанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларының уақтылы жəне сапалы орындалуын қамтамасыз ету жəне ІЖӨ-нің 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету үшін министрлік жетекшілік ететін салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінен қажетті шараларды қабылдау қажет, деп атап өтті.
4
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Оқиғаға орайлас ой
ƏУЕ ЌАУІПСІЗДІГІ – ЎЛТТЫЌ ЌАУІПСІЗДІК Көкшетау – Алматы бағытындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуы қабырға қайыстырар қайғы болып, баршаны қинап отыр. Апат айтып келмейді, өмір бар жерде өлім бар десек те, қайталанған оқиға ойландыруға тиіс. Осындай жайлардан алар сабақтың бірі əуежайлардың хал-күйі, орналасқан мекені болса керек. Редакциямызға осы күндерде қатар келген екі пікірдің де иелері негізінен бір ойды ортаға салады – Алматы əуежайын қаладан алыстау, тұман торламайтын тұсқа, Қапшағай маңайынан салу жөніндегі кезінде көтеріліп, қаржы қиындығына байланысты жүзеге аспаған ұсынысты қайтадан қараудың көкейге қонымдылығын айтады. Үкімет деңгейінде ғана шешім табуы мүмкін мемлекеттік мəселеге тиісті орындар назар салады деп сенеміз.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Соңғы кезде елімізде болған əуе апаттары бəрімізге ой салатыны анық. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізді нығайта түсіп, əуе қатынасындағы жауапкершілік талапқа баса назар аудартады. Мен өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында болған ұшақ апатын басымнан өткерген жанмын. Сол кезде де біз мінген əуе көлігі Алматы маңында, тұманды ауа райының салдарынан апатқа ұшырады деп хабарланған еді. Міне, осындай жайттардан кейін кісіге ой келеді. Негізі Алматы қаласы ойпатты жерге орналасқан. Ойпатты жерден тұман арылмайды. Бір кездері осындай себептерге байланысты Алматы əуежайын басқа жерге көшіріп, Қапшағай маңынан жаңа əуежай салу мəселесі көтерілген еді. Жəне ол жерде тұман болмайтындығы да дəлелденген-ді. Сол əңгіме қаржыға келіп тірелгеннен кейін
ұмыт болып қалды. Меніңше, Алматы əуежайын Қапшағай маңына көшіру мəселесі орынды қозғалып, ол бүгінде уақыттың өзі талап етіп отырған қажеттілікке айналғанын мойындауымыз керек. Халықаралық талаптарға сүйенер болсақ, əуежайлар қала аумағынан алшақ жерде орналасуы керек. Алматы əуежайы бір кездері қателікпен салынған нысан еді, енді сол қателікті түзетер кез келді. Қазіргі əуежайдың тұрған жері – Алатаудың баурайы, алып қаланың ықтасыны. Мұндай жерде тұман сейілмейді. Оның үстіне əуежай маңында аумағы үлкен екі бірдей қоқыс алаңы бар. Ол дегеніңіз, түрлі құстар көп қонақтайтын жер деген сөз. Бүгін тұманның себебінен болған əуе апатынан көз жұмған боздақтарымызды аза тұтып отырмыз, ертең құстардың кесірінен халық тағы да қайғы жұтуы керек пе?! Дамыған елдермен иық тіресе алатындай сапалы əуежай соғу қолымыздан келеді жəне оны
Маќтаарал аудандыќ білім бґліміндегі бїгінгі жаєдай ушыєып тўр Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».
біздің бүгінгі экономикалық жетістіктерге жеткен жағдайымыз да көтереді. Мұны бір деңіз. Екіншіден, біз бір билікке бағынған біртұтас елміз, сондықтан да ұлттық қауіпсіздік болып табылатын əуе қатынасы да бір қолға бағынуы тиіс, ол – мемлекет болуы керек! Бізде əуе қатынасын бірнеше компания атқаратынын, ауа райына қатысты ұшу рейстері тоқтатылған кезде кейбір компаниялардың ұшақтары қаржы табу үшін тəуекелге барып, аспанға көтеріліп жататыны туралы теледидардан халық қалаулылары да айтып жатыр. Тағы да бір мəселе, сол əуе компаниялары қаржы үнемдеп ескі ұшақтар сатып əкеледі, соны тыю керек. Мемлекеттік тұрғыдан қатаң талап қойып, ескі ұшақтарды пайдалануға жол бермеген жөн. Өйткені, адам өмірінен ештеңе қымбат емес. Алматы əуежайы тұманға байланысты кешегі ұшақтың қонуына рұқсат бермеді дейді. Неге ол облыс орталығы Талдықорғанға барып
Ќапшаєайдан ќосымша əуежай салу керек Мүслім ДАЙЫРБЕКОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ұшақ апаты жөнінде əртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Біреулер əуе кемесі компаниясын сынап, «ақ ша табудың соңына түсіп, ұшақтарының техникалық сапасына жете көңіл бөлмейді, бензинді үнемдейді» деп сынап та жатыр. Ол сынның қаншалықты дұрыс, бұрысын арнайы құрылған үкіметтік сарапшы топ анықтай жатар. Мені көп ойландырып, толғандырған жай – Көкшетаудан ұшып шыққан ұшақ Алматы əуежайына аман-есен жетті ғой. Техникалық ақауы немесе бензині жетімсіз болса, ол межелі жерге жете алар ма еді? Ал оның қонуына Алматы əуежайы неге рұқсат етпеді? Осы сұрақ мені қатты мазалады. Тұманды желеу еткеніміз жөн бе? Тұман бір биыл емес, жылда кездесіп жүрген жоқ па?
Екінші сұрақ: Алматы əуежайында тұманды күні, яғни қиын жағдайға байланысты ұшақ қонатындай қосалқы алаңқайдың жоғы қалай? Меніңше, ең үлкен кемшілік – Алматы əуежайының бүгінгі күн талабына жауап бере алмайтын мүшкіл халіне байланысты. Ана жылдары Қапшағай қаласы маңында қосалқы əуежай салынбақшы деген қуанышты хабарды газеттер мен көгілдір экран жұртқа жариялаған еді. Тіпті, орынын да белгілеп, қазығын да қаққан-ды. Кейін қаржының тапшылығынан құрылыс жүргізілмей қалды. Енді, Құдайға шүкір, еңсемізді тіктеп, ес жидық емес пе? Тіпті бөлінген қаржыны игере алмай жатқандар да баршылық қой бүгінде, өкінішке орай. Оның үстіне Алматы күн санап, жыл санап өсіп, тұрғын халқының саны миллионнан асып кеткелі қашан? Ендеше, алматылықтарға қосалқы əуежайдың салынуы кезек
Өткен жылғы жаздың күзге ұласар шағында біз Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында іссапарда болған едік. Осы аудандағы Атакент елді мекенінен келген арызды тексеру барысында бірнеше мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары бізді іздеп келіп, арыздарын айтқан болатын. Арыз тексеру тəртібін айтып, түсіндіргеннен кейін олар «Егеменге» міндетті түрде шағымданатындарын жəне жазған арыздарының міндетті түрде тексерілуін өтінген болатын. Арыз иелері айтқандарында тұрды. Жаңа жылдың алғашқы айында олардың арызын арқалап, тағы да оңтүстікке іссапарға шықтық.
Былыќ
Ойпатты жердіѕ тўманы ойландырады Сəбит ДОСАНОВ,
Бір хаттың ізімен
күттірмейтін маңызды шара деп білемін. Тұманды күні «Алматы əуежайы қабылдамай жатыр» деп күтуші залдарда қаншама жолаушылар сарылып отырады. Сөйтіп, олар алтын уақыттарын да, денсаулықтарын да жоғалтады. Біз табиғатқа қарсы шыға алмаймыз, ол мүмкін емес. Тұманды ыдыратып, қалаған жағымызға қарай ығыстыру қолымыздан келмейді. Мұны ұмытпай, қабілет-мүмкіндігімізге қарай əрекет еткеніміз абзал. Мен шетелдің 48 мемлекетінде болдым. Сондағы байқағаным, олардың көпшілігінде əуежайлар қаладан 70-80 шақырым шалғайда орналасқан. Мысалы, Домодедово Мəскеуден 50 шақырымдай жерде. Жолаушыларды қалаға тасылмалдайтын көлік мəселесі оң шешілген. Ешкім сарылып күтіп, азап шекпейді. Қазір Қапшағай қаласы
қонбаған? Неге мынау тұрған Бішкек əуежайына бұрылмайды? Талдықорған мен Бішкектен жолаушыларды Алматыға жеткізуді шығынға санап, адам өміріне жауапты екендіктерін ескермегендігі қалай?! Бұл жерде жеке меншік компаниялар ұшақтарына жағармайды өлшеп беретіндігі тағы да ойға орала береді. Қаржыны ойлап, шығыннан қашып, адам өміріне атүсті қарайтын компанияларды жауапты қызмет орындары қатаң қадағалауға алуы тиіс деп есептеймін. Халықаралық ұйымдарға мүше болып отырған елімізге шетелдік қонақтар күнде келіп жатыр, бұйыртса ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткіземіз, оның сыртында елімізді, жерімізді көруге ағылып келіп жатқан турис тер де баршылық. Күні ертең шетелдерде Қазақстанның əуе қатынасы туралы жағымсыз пікір қалыптасса, ол əлгіндей жеке меншік компаниялардың емес, еліміздің абыройына нұқсан келмей ме?! Сондықтан да, Алматы əуежайын алып мегаполиске іргелес Қапшағай маңына көшіру уақыт талабы екендігін назарға алып, ұлттық қауіпсіздік мəселесі ретінде тиянақты шешімін табуы тиіс деген ой бар. АЛМАТЫ.
маңынан заман талабына жауап беретін қосалқы əуежай салуға мемлекетіміздің шамасы жетеді. Ол салынса, өзін-өзі ақтайтыны екібастан белгілі. Бұл экономикамызға да, халқымызға да пайдалы. Өйткені, оның табысымызға табыс, даму қарқынымызға жаңа екпін əкелері сөзсіз. Тағы бір ескерер жағдай, ЭКСПО-2017нің ашылуы құрметіне өзіміздің қалаларымыздан да, шетелдерден де жанкүйерлер миллиондап келмек. Олардың талайы Астанадан қайтып кетпейтіні, жолы түсіп тұрғанда табиғаты əсем Алматыны тамашалайтыны, Медеуге, Шымбұлаққа, Шарынға барғысы келетіні де белгілі. Олардың көңілдерінің шат, мерейлерінің үстем болуын да ойлағанымыз абзал. Егер алыстан келген сыйлы қонақтарға жақсы жағ дай жасап, құрмет көрсете алсақ, абыройымызға абырой қосылары, мерейіміздің биік болары сөзсіз. Сондықтан, Қапшағай маңынан жаңа əуежайдың салынуын қолға алмай болмайды. Біздің бұл тілегімізді Үкімет ескеріп, тиісті қорытынды шығарады деген сенімдеміз. АЛМАТЫ.
Көп балалы ана Əтіргүл Бейсекова «Бірлік» атындағы жалпы білім беретін орта мектепте мектеп директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары қызметін кешегі күнге дейін атқарып келген екен. Бүгінгі күні жұ мыссыз қалған. Өзінің айтуынша, мектеп директорының заң сыз əрекеттерінің кесірінен дейді. Оның «Егеменге» жазған арызының қысқаша мəтіні төмендегідей: «Өткен жылы жазда мектеп директоры мені шақырып алып, «оқу жылы жақындап қалды, ал жөндеу жұмысын жүргізіп жат қан фирма жұмысын толық бітіре алмай жатыр. Өзің ақша тауып, құрылыс материалдарын алып, жұмысты аяқтасаң, шыққан шығынды кейін өзіңе қайтарып беремін», деген болатын. Басшы айтып тұрған соң жан бар ма, аудандағы құрылыс заттарын сататын дүкендерден қарызға керек ті құрылыс материалдарын алдым. Атап айтқанда, Атакент кентіндегі Боевтар дүкеніне алтын алқамды тастап, бір тонна əк, бір тонна цемент алып келдім. Жетісай қаласындағы «Береке» атты құрылыс дүкенінен 180 000 теңгеге құрылыс заттарын қарызға алдым. Сондай ақ, Мырзакент кентіндегі Меделхан деген азаматтың құрылыс дүкенінен 80 000 теңгеге əртүрлі құрылыс заттарын қарызға алдым. Бұдан бөлек, мектеп директорының кезекті өтінішімен əкімшіліктің мектепке берген көкөністері үшін 28 000 теңге ақшаны беруге тура келді. Сөйтіп, мектеп директорының маған деген жалпы қарызы 360 000 теңгені құрайды. Өткен жылдың 28 тамызында директордан ақшамды сұрап барсам, ол «Мен сізге ешқандай қарыз емеспін, сол себептен ешқан дай ақша бере алмаймын», дейді ұялмастан. Нəтижесінде, қарыз ақшамды қайтармақ тұрмақ өзімді жұмыстан босатып жіберді. Кейін мен аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаевқа шағымдандым. Бірақ одан да нəтиже шықпады. «Жазған құлда шаршау жоқ», əділдік іздеп сотқа жүгіндім. Бірақ мектеп директоры менің талап-арызым қаралудан бұрын сот алдында барлық уəдені үйіп-төгіп, менің та лабымды мойындайтынына, қанағаттандыратынына сендірді. Нəтижесінде, директор мені де, сотты да алдап соқты. Мектеп директорынан жəне аудандық білім бөлімінің бастығынан көрген зəбірімді «Егеменге» жолдауымның сыры осы еді». Əтіргүл Бейсекованың шағымын тексеру барысында мектеп директорымен кездесудің сəті түспеді. Ал аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаев жұмыс орнында болмай шықты. Ол Мақтаарал аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасының аға тергеушісі М.Алдабековтің ұсы нысы бойынша уақытша қыз метінен шеттетілген болып
шықты (білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаевтың үстінен қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс туралы мəліметтер қолымызға түсті). Əтіргүл табанақы маңдай терімен тапқан ақшасын даулап жүрсе, тағы бір арыз иесі Жанар Ешмұратова білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаевтың қудалауына түскенін айтады. «Мен 1995 жылдан бері С.Асанов атындағы орта мектепте орыс тілі пəнінің оқытушысы болып істеймін. 2007 жылы мектеп директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ал 2008 жылы қазан айында конкурс арқылы мектеп директорлығына тағайындалдым. 2012 жылы қаңтар айында ата-аналардың ұсынысы бойынша мектеп ішінен шағын орталық ашылды. Сол қаңтар айынан бастап, мектептегі еңбек пəні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен арыз жазыла бастады. Арыздар бір мəтінде қаржы полициясына, білім бөліміне, прокуратураға, «Нұр Отан» партиясына, тағы басқа құзырлы орындарға жіберіліп, мектепке жиі тексерулер келетін болды. Бірақ бұл тексерулер менің жұмысымнан аса ірі көлемдегі ақаулар таба алмады. Соған қарамастан білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаев 2012 жылы маусым айында № 0601 бұйрығы негізінде мені қызметтен босатты. Мен сотқа жүгінуге мəжбүр болдым. Əділдік бар екен. Мақтаарал аудандық сотының шешімі бойынша мен директорлық қызметіме қайта тағайындалдым. Сот шешіміне наразы болған білім бөлімі облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Дегенмен, облыстық соттың апелляциялық алқасы олардың шағымын қанағаттандырмай аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды. Сонымен, қызметіме қайта кірістім. Дегенмен, білім бөлімі сот шешімі арқылы қызметіме келгеніме қарамастан, менің соңыма қайтадан шырақ алып түсті. Аудандық білім бөліміндегілермен жəне мектептегі арызқойлармен алысып жүріп денсаулығымды нашарлатып алдым. Ауруханаға келіп тексеріліп, нəтижесінде жатып емделуім қажет болды. Ауруханада жатқанымда білім бөлімінің үш заңгерінің бірі Д.Əбішев білім бөліміне шұғыл түрде келіп кетуімді сұрады. Ауырып жатқаныма қарамастан білім бөліміне бардым. Аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Б.Қоқанбаев кабинетіне шақырып, қолыма мені қызметтен кетіру жөнінде бұйрықты ұстатты. Солай етіп, сот шешімімен қызметке қайта оралғаныма аз ғана уақыт өткеннен кейін, сол қызметпен тағы да қоштасудың реті келді. Мен не жазығым барын тіпті түсіне алмадым». Ж.Ешмұратова бізбен кездесуі кезінде өзін қызметтен шеттеткен бұйрықтың көшірмесін берді. Бұл бұйрық үстіміздегі жылдың 17 қаңтары күні шыққан. Бұйрықтың төменгі жағында «Бөлім бастығы
Жағымды жаңалық
Алматы газбен жїретін 200 автобус алады
Таяуда Алматы əкімдігі мен Еуропа қайта құру жəне даму банкі газбен жүретін тағы да 200 жаңа автобус алу жөніндегі несиелік келісім-шартқа қол қойды. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Қай кезде де қаржы орталығына айналған шаһардың ең көкейкесті мəселесі экология болып тұр. Көлігі күн сайын көбейіп жатқан Алматының ауасын тазартуға барлық тиісті мекемелер тартылып отыр. Алайда, қаланың тынысын тарылтып тұрған түтіннің көзі – қаптаған ескі көліктер. Сондықтан да, экологияны жақ сарту мақсатында
Алматы қалалық əкімдігі бұған дейін де көгілдір отынмен жүретін 200 автобус сатып алған болатын. Енді муниципалды парк тағы да 200 жолаушылар көлігімен толығатын болады. Осы бастамаға орай Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов 30 желтоқсанда Еуропа қайта құру жəне даму банкінің атқарушы директоры Томас Майер бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында
Қ.Бапаев» деп жазылған. Бірақ Ж.Ешмұратованың айтуынша, қол қойған бастықтың орынбасары Б.Қоқанбаев дейді. Сонда бұйрыққа Қ.Бапаевтың аты-жөні жазылады да, Қоқанбаев қол қояды. Жəне бір айта кететін жайт, жоғарыда айтқанымыздай, қаржы полициясы басқармасының аға тергеушісі М.Алдабековтің ұсынысымен білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаевтың аудан əкімінің шешімімен уақытша қызметтен шеттетілгені жөнінде бұйрық 2013 жылдың 14 қаңтарында шығарылған. Ал мектеп директоры Ж.Ешмұратованы қызметтен босату жөніндегі бұйрық 2013 жылдың 17 қаңтарында шығарылған. Түсініксіз жағдай, Ж.Ешмұратоваға қатысты бұйрық кезінде Бапаев қызметте болмауы тиіс. Жəне ауруханада емделіп жатқан адамды шақырып алып, қолына қызметтен кету туралы бұйрықты ұстата салудың заңдылығы қалай болар екен? Заңдылығы демекші, бөлім бастығы Қ.Бапаевтың белден баса беретін əрекетіне қарағанда оның əлде құқықтық сауаты шамалы, əлде заңнан жоғары тұрған сияқты. Дегенмен, осы мəселеде қарамағындағы үш бірдей заңгердің (Ə.Шүкірбаев, А.Əбдірайымов, Д.Əбішев) не бітіріп отырғанына таңқалмасқа шараң жоқ. Егер «қойшы көп болса, қой арам өледі» деген мəтелді өзгертіңкіреп айтсақ, Мақтаарал аудандық білім бөліміндегі жағдайды «заңгер көп болса, заңдылық жиі бұзылады» деп өзгертіп айтуға да болатын сияқты. Бізге жеткен мəлімет бойынша, соңғы екі жылда көптеген мектеп директорлары мен орынбасарлары жұмыстарынан босатылған. Білім ошақтарының басшылары ауыстырылғанда, мектептердегі жағдайдың жақсарып, ҰБТ-дан көрсеткіштің көтерілгені, оң өзгерістерге қол жеткізгені шамалы. Сонда мұның астарында басқа бір қитұрқы əрекет жатқан жоқ па деген сұрақтың туары сөзсіз... Осы арыздарды тексеру кезінде талай адаммен кездестік. Білім бөліміндегі былықтар жөнінде айтылған əңгімені тыңдадық. Өзінің аты-жөнін көрсетпеуді өтінген тағы бір арыз иесі бізге бір бума құжаттарды ұсынды. Осы құжаттарға сүйенсек, Мақтаарал аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бастығы Қуатбек Бапаев, аудандық білім бөлімінің бас есепшісі Аралбай Өтебаев жəне «ОНИКС-ЮГ» ЖШС-нің директоры Іңкəрбек Бердібеков, осы серіктестіктің құрылтайшысы Тайрхан Рзаевқа қатысты айыптау қорытындысын шығарыпты. Сондай-ақ, қаржы полициясының тексеруі кезінде білім бөлімі бастығының тағы бір былығы əшкереленіпті. Тексерудің айыптау қорытындысында мектепке дейінгі 107 шағын орталық топтарды ұйымдастырғаннан кейін аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Бапаев жəне бас экономист Ж.Бақбергенова шағын орталықтарда қызмет істейтін əкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің штаттық бірлігін жəне тарифтік тізімдерін бекітіп бермеген. Осы шағын орталықтарда қызмет істейтіндердің штаттық бірлігін жəне тарифтік тізімдерін əр мектептің директоры өздері заңсыз қол қойып, мөр басып бекітіп алған. Аудандағы 44 мектептің жанынан құрылуы тиіс, бірақ аты бар да заты жоқ жылыжайлар туралы жəне мектепке дейінгі 107 шағын орталықтар ұйымдастырудағы заңсыздықтар жөніндегі қаржы полициясының қозғаған қыл мыстық іс-материалдары қолымызға енді түсті. Алдағы уақытта бұл тақырыпқа қайта оралатын боламыз. АЛМАТЫ – ШЫМКЕНТ – АЛМАТЫ. «Алматыэлектротранс» МҚК мен ЕҚДБ газбен жүретін жаңа 200 автобус алуға жұмсалатын 39,3 миллион доллар бөлу жөніндегі несиелік келісім-шартқа қол қойды. Несиелік келісім-шарттың мерзімі – 10 жыл. Бұған дейін де Алматы қаласы ЕҚДБ қатысуымен бірқатар əлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырған-ды. Мəселен, мегаполисте жылжымалы электрлі көліктің жаңаруы, 195 жаңа троллейбустар сатып алынып, оның қазір 100-шақтысы қала бойынша жүйткіп жүруі, артқыш қосалқы стансаларды модернизациялау, алғашқы муниципалды парк құру ісіне аталмыш банк тікелей септескен болатын. АЛМАТЫ.
Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Толғандырар тақырып
«ЌАЗАЌСТАНДА ЖАСАЛЄАН»
Су!.. Қос əріптен құралған осы бір сөзде қанша құдірет бар десеңізші! «Су – өмір нəрі», «Су – баға жетпес байлық» деген сияқты санаға сіңісті ұғымдарды былай қойғанда, тіршіліктің өзі суда пайда болғандығын, сусыз тіршілік тұл екендігін де адамзат ежелден-ақ түйсігіне түйіп қалған. Сондықтан да, алғаш адамзат жаралған сонау ықылым заманнан бері өмір өзегі саналатын судың баламасыз қасиетін бағалап, «судың да сұрауы бар» деген қағида шеңберінде қастерлеп келеді.
СУ
Вагондарда осылай деп жазылєан
«Қазақтың қолынан мал баққаннан өзге түк келмейді», деген кертартпа тар түсініктің тамырына балта шапқан ұлттық санамыз түлеп, жаңғырып жатыр. Индустриялы елге айналуға бет алған бағытымыз осының айқын дəлелі. Бұрын-соңды пойыздың жолын салса да оның көліктерін, локомотив шығаруды ойға алмаған қазақтар тепловоз бен электровоздың түр-түрін шығарып, вагонның да түр-түрін жасауды қолға алғаны индустрияландырудың жарқын көрінісі емей не?!
1. Тўщы судыѕ тауќыметі
«Суға да сұрау салып, құндайтындай не көрініпті? Жұмыр жердің ¾ бөлігін су алып жатыр. Қалай пайдаланамын десең де кеңірдегіңнен келеді», деп кекірік ататындардың кесірінен таяу болашақта адамзат су тапшылығы тауқыметін молынан тартатын түрі бар. Əрине, жер бетінде судың мол екендігі де талассыз. Бірақ судың да суы бар. Бұл жерде мəселе тұщы су, яғни тіршілік атаулының нəрі – ауыз су төңірегінде болып отыр. Мəселен, планетамызда шамамен 1,4 млрд. текше шақырым су болса, оның 2,5 пайызы немесе 35 млн. текше шақырымы ғана тұщы судың үлесіне тиеді. Осы тұщы судың басым бөлігі Антарктида жəне Гренландияның қарлары мен мəңгі мұз қабаттарында, сондай-ақ жер қыртысының терең қойнауындағы жылғаларда шоғырланған. Ал адамзат тұтынатын бүгінгі тұщы судың басты көзі – негізінен көлдер мен өзендер жəне жердің үстіңгі қабатына жақын орналасқан жер асты су қорлары болып табылады. Ендеше, адамзат пайдаланатын ауыз су қоры бар болғаны 200 мың шаршы шақырымды немесе барлық тұщы су қорының 1 пайыздан да аз мөлшерін немесе Жер шарындағы барлық судың 0,01 пайызын ғана құрайды. Құдіретті табиғаттың өзі адамзаттың
келіспеушілік орын алуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биыл ғы Жолдауында «Су – барынша шектеулі ресурс жəне оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр», деп атап көрсетті. Қазіргі таңда су қорының проблемасы ең өткір болып отырған аймақ – Орталық Азия өңірі. Орталық Азия мемлекеттерінің негізгі су қорын құрайтын трансшекаралық өзендер Тəжікстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің аумағынан бастау алады. Соңғы жылдары осы мемлекеттердің трансшекаралық су қорларын пайдаланудағы астамшылық саясатының салдарынан Өзбекстан мен Қазақстан су тапшылығына ұшырап, трансшекаралық өзендердің төменгі сағасында қоныстанған миллиондаған халықтың мүддесіне нұқсан келтірілуде. Орталық Азияда су проблемасының қаншалықты ушығып тұрғандығын өткен жылдың қыркүйек айындағы Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің Қазақстанға келген ресми сапары кезінде сөйлеген сөзінде айтқан пікірлерінен анық аңғаруға болады. Өзбекстан басшысының ашына айтқан тағы бір мəселесі, «Қамбарата-1» үшін
деп атап көрсетті. Осыған байланысты ол үндеулер мен декларациялар қабылдаудың уақыты өтіп кеткендігін ескертіп, нақты саяси шешімдер мен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін айтты. БҰҰ мамандары мен сарапшылары пікірінше, алдағы уақытта əлемдік сахнада тұщы суға қатысты үш өте күрделі əлеуметтік-экономикалық мəселе туындайды. Бірінші ден, 2020 жылдан кейін əлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетімсіздігіне тап болады. Əсіресе, бұл жағдай Қытайда шиеленіскен сипат алмақ. Африкадағы құрғақшылықтардың салдарынан миллиондаған халық Еуропаға қарай ауады. Қытайда да ұлы көші-қон үрдісі басталады. Екіншіден, 2025 жылға таман трансұлттық корпорациялар дамушы елдерден орасан зор көлемде тұщы су көздерін сатып алуды жүзеге асырады. Əлемдік рынокта су экспорты халықаралық үлкен бизнеске жол ашады. Бірқатар елдердің үкімет басшылары су ресурсын саясат саудасына салып, тұщы су əлемдік əлеуметтік-экономикалық өлшем мəртебесіне ие болады. Үшіншіден, суды қайталап пайдаланудың технологиясы жасалады. Су үнемдеудің ерекше тəртібі енгізіледі. Табиғат құдіретіне шек бар ма?! Бірқатар құрлықтарды топан су басып, тіршілік атаулы қатты зардап шегіп жатса, жерінің
сорына шөміштен қысып берген осы тұщы су қорына техногендік ғасыр перзенттері санасыз зұлымдықпен оңалмас қастандық жасады. «Асау табиғатты ауыздықтаймыз!» атты ұрда жық ұранның желеуіне желіккен адамзаттың кесірінен табиғат тепе-теңдігі бұзылды, асау өзен арналарын бұру немесе қолдан бөгеу сияқты қоршаған ортаға жасалған қиянаттың салдарынан 1900 жылдан бері адам тұтынатын ауыз судың негізгі қоры болып саналатын əлемдегі өзен-көл бассейндерінің жартысына жуығы жоғалып кетті. Міне, керемет! Жер шарындағы тұщы су қорының жартысын құртқан сол бір ғасырда, яғни ХХ ғасырда планетамыздағы адамзат саны бірнеше есе өсіп шыға келіпті. Мəселен, 1804 жылы жер бетінде 1 миллиард адам болатын болса, 1927 жылы 2 миллиард адам, 1960 жылы олардың саны 3 миллиардтан асса, 1999 жылы 6 миллиардқа жеткен. Дəл қазір жұмыр жерде жеті миллиард халық тұрып жатыр. БҰҰ-ның даму жəне қоршаған орта жөніндегі конференциясының дерегі бойынша, бүгінде жер бетіндегі 263 трансшекаралық өзен-көл бассейндері əлемнің 145 мемлекетінің аумағын ғана басып өтіп, планетамыздың жарты бөлігін ғана қамтиды. Осыған байланысты қазір əрбір мемлекет онсыз да тапшы тұщы суға деген өз сұранысын барынша молынан қамтып қалуға тырысады. Соның кесірінен трансшекаралық су көздерін пайдалануда екінші бір елдің мүддесіне нұқсан келіп, халықаралық қатынас барысында кикілжің туындап, бара-бара мемлекетаралық қарулы қақтығыстардың орын алуы əбден мүмкін. Тіпті БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі бір сөзінде «əлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деп атап көрсетті. Мəселен, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзені үшін Балқан мемлекеттері арасында қазірдің өзінде қырғиқабақ
биіктігі 275 метр бөгет, Рогун ГЭС-і үшін биіктігі 350 метр болатын бөгет құрылысын салу туралы шешім қабылданыпты. Жер сілкінісінің қаупі ушығып тұрған өңірлерде мұндай биіктікте бөгеттер тұрғызу, жазықта орналасқан халықты апатқа айдаумен бірдей. Экономикалары тығырыққа тірелген Душанбе мен Бішкек үшін Рогун жəне Қамбарата су электр стансалары арзан электр қуатын өндіріп, табыс табудың бірден-бір көзі екендігі де жасырын емес. Алайда, тəжік жəне қырғыз бауырлардың Амудария мен Сырдарияның трансшекаралық өзендер болып табылатындығын, осыған байланысты трансшекаралық өзендерді пайдаланудың халықаралық нормаларына сəйкес БҰҰның арнайы қабылдаған 4 конвенциясы бар екендігін де естен шығармағандары дұрыс. Қалыптасқан осы халықаралық нормаларға сəйкес трансшекаралық өзендер бойында отырған төрт бауырлас мемлекет шұғыл түрде туысқандық əділеттілікпен ортақ мəмілеге келуі керек. Олай болмаған жағдайда, су проблемасының Орталық Азияда барған сайын шиеленісе беретіндігі анық. Тұщы су проблемасымен тұрақты түрде айналысып келе жатқан беделді халықаралық сарапшылардың мəлімдеуінше, ХХІ ғасырдың ортасына таман тұщы су тапшылығы планетамыздағы ең өткір проблемаға айналады. БҰҰ-ның деректері бойынша, қазірдің өзінде тұщы судың тапшылығы жылына 230 млрд. текше метрге жеткен. Бүгінде Жер шарының 2,5 млрд. халқы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Алдын ала жасалған болжамдарға сəйкес, 2025 жылы тұщы су тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетпек. Бүкілəлемдік су форумында жасаған баяндамасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коитиро Мацууро «2030 жылдары планетамыз тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетімсіздігінен зардап шегетін болады»,
аумағынан бір ұрттам тұщы су таба алмай, ауыз суды сырттан сатып алып жатқан мемлекеттер де бар. Қара құрлықтың жарты миллиардтан астам халқы табиғи таза су іше алмайды. Олар қазірдің өзінде тасымал жəне жаңбыр суларын талшық етіп отыр. Табиғи таза судың мұнайдан да қымбат ұлттық байлық көзіне бағаланатыны ХХІ ғасырда аңыздан ақиқатқа айналатын түрі бар. Тек соңғы 50 жылдың көле мінде əлемдегі мұнай бағасы 10 есе артса, ауыз судың бағасы 1000 есе артқан. Алдағы уақытта таза ауыз су бағасы тағы да жүздеген есе көтерілмек. Кей бір ғалымдардың айтуынша, енді бір неше ондаған жылдардан кейін су əлемдік саясаттың басты құралына айналады. Тек табиғи тұщы суды сату арқылы бюджеттерін қампитып, табысқа кенелетін елдер қатары да қара көрсететін болады. Ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде еркін көсілген Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде су үлесі тұрғысынан ең соңғы орынды иеленеді. Жеті қат қыртысына дейін құт дарытып, қойнауын қазба байлығына толтырған киелі қазақ даласын кереметі күшті құдірет табиғи су көздеріне тапшы қылып қойыпты. Ұшқан құстың қанаты талар маң даладағы таза су қоры қазірдің өзінде 3 пайызды құрайды. 1950 жылдары Қазақстанда 120 млрд. текше метр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд. текше метрге дейін кеміген. Еліміздегі 100 текше шақырымды құрайтын жер үсті су қорының 58 пайызы ғана республика аумағында жинақталады, қалған су қоры шекаралас орналасқан көрші елдердің аумағынан келетін трансшекаралық өзендердің суымен толығады. Ақиқатында ұлы даланы судан тарылтып отырған жомарт табиғат емес, адам қолымен жасалған қиянат. Қазақстанға су Ресей мен Қытайдан, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан бастау алатын өзендерден келеді.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
5
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Жоғарыда атап өткеніміздей, планетамызда 35 мың текше шақырым тұщы су қоры болатын болса, ол қазіргі Жұмыр жерді мекендеп отырған адамзаттың жан басына шаққанда 5418,3 текше метрден келеді. Əлемдегі мемлекеттер тұрғысынан алғанда тұщы судың жан басына шаққандағы мөлшері бірдей емес. Мəселен, Канадада əр адамға 84495 текше метр тұщы су кететін болса, Жаңа Зеландияда бұл көрсеткіш 75768, Норвегияда 79110 текше метрді құраса, Түркияда əр адамға шаққанда – 3160, Əзербайжанда – 907, Пəкістанда – 323, Израильде 100 текше метрден ғана айналады екен. Қазақстанның əрбір тұрғынына шаққанда қазіргі еліміздегі тұщы су қоры 4686 текше метрден айналады. Ал Ресейде жан басына шаққанда 30 393 текше метр тұщы су қоры бар. Қазақстан экономикалық жағынан ешкімге тəуелді емес. Жаһандық экономи каның дамуына қажетті Менделеев кестесіне кіретін қазба байлығының барлығы да бар. Өкінішке орай, стратегиялық су көздеріне келгенде, көршілердің бəріне көз сүземіз. Алайда, «төскейде малы, төсекте басы қосылған» деп қырғыздарға қанша құшағымызды ашсақ та, «өзбек өз ағамыз» деп неше жерден емешеміз езілсе де, жеріміздің үстіндегі де, астындағы да игіліктерімізді алдарына жайып салып, «ұлы көршілеріміз ғой» деп орыс пен қытайға қаншалықты жалпақшешейлік танытсақ та олардың ешқайсысының «қазағым» деп бауыры езіле қоймайтындығын осы «шөміштен қысқан» су тəжірибесі көрсетіп отыр. Мақта алқаптарын суару үшін кенезесі кепкен шөл далаларға есепсіз су жіберген өзбек ағайындар Сырдария мен Əмударияны сағасынан қысып бөгеп тастаса, арнасынан асатын асау Талас пен тегеурінді тау өзендерін қырғыз бауырлар қылғындырып тастады. Су тасқыны орын алған кезеңде де қырғыздар табиғи апат салдарын тиімді пайдаланып, Қазақстаннан энергетикалық шикізатты арзанға беруді талап етті. Қазақтың өзбек пен қырғызға қарасты оңтүстік өңіріндегі су мəселесі барған сайын күрделеніп барады. Көрші екі мемлекет суармалы егістіктері мен мақталықтарын кеңейткен сайын, біздің оңтүстік өңірдегі суармалы егістік көлемі екі есеге дейін қысқарып кетті. Батысымыздағы су проблемасы да оңып тұрған жоқ. Мəселен, Батыс Қазақстан облысындағы табиғи су қорының 80 пайызы Ресейге тəуелді. Себебі, Қазақстанның батысындағы ең үлкен су көзі – Жайық өзені бастауын Башқұртстаннан алады. Тағы да қос үлкен өзен – Шаған мен Деркөлдің бастауы Орынборда жатыр. Кезіндегі сулы да нулы Сарыөзен мен Қараөзен Саратов облысынан бастау алады. Одақ ыдырағаннан кейін жас тəуелсіз мемлекетіміз үлкен көршісімен су мəселесін реттеп алу жөнінде алғашқы қадамдарын жасады. 1992 жылдың сəуір айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жəне қорғау туралы келісімге қол қойылды. Уақыттың өзі көрсеткеніндей, бұл келісім күні бүгінге дейін Ресейге ғана қызмет жасап келеді. Қазақстанның келісімінсіз-ақ көршілеріміз трансшекаралық өзендердің бойында жаңа су қоймаларын салды, бұрынғы су қоймаларын кеңейтіп, жөндеуден өткізді. Көп ретте үмітімізді артатын «үлкен» көршіміз «кісідегінің кілті аспанданың» керін келтіріп, келісімге біржақты қарады. Соның салдарынан Орал өңіріндегі су көздері күрт кеми бастады. Қараөзеннің сағасындағы Қамысты, Самар көлдері тартылып, Сарыөзеннің төменгі ағысындағы көлдер түгелдей кеуіп қалды. Ресейдің Волгоград облыс арқылы Қазақстанға келетін Еділ өзенінің суын көршілер тауарға айналдырып алды. Жəнібек суландыру жүйесіне құйылатын бұл суға салынатын салықты көршілеріміз еселей арттырып отыр. Ал еліміздің шығысындағы ең ірі екі өзен – Ертіс пен Іле бастауын Қытайдан алатындығы белгілі. Планетамыздағы ең ірі көл экожүйесінің бірінен саналатын ІлеБалқаш бассейнінің өте күрделі ахуалын бұрынырақта жазған «Көкше теңіз көзден бұлбұл ұша ма?» атты мақаламызда (қараңыз, «Егемен Қазақстан», 23 ақпан, 2011 жыл.) жан-жақты толғаған болатынбыз. Іле өзе нінің суына сусаған Балқаштың басынан бақ тайғанын ащы да болса ашына айтып едік. Енді, міне, еліміздің бүкіл Шығыс өңірі мен шөліркеген Сарыарқаға нəр беріп тұрған Ертістің қасіреті еріксіз толғандырып отыр.
Вагон тапшылығы мен оның тозығы жетіп, пайдалану мерзімі əл де қашан аяқталғаны туралы осы уақытқа дейін толассыз айтылып келген əңгімеге енді тосқауыл қойылып, бұл сарындағы жағымсыз «жарапазан» сап тыйылады. Мұны еліміздегі ең үлкен вагон операторы «Қазтеміртранс» АҚ вице-президенті, вагон шаруашылығының кəсіби маманы Қайраткен Нығметов айтып отыр. Ол өткен жылы вагон жетіспеушілігі орын алмағанын жеткізе отырып, болашақтың мақтанышына айналатын Екібастұздағы вагон құрастыру зауыты туралы ұзақ əңгімеледі. Былтыр 1700 дана вагон құрастырған зауыт, биыл 2500 вагонды жолға салуды жоспарлап отыр екен. Бұл дегеніміз, биылдан бастап зауыт толық қуатымен жұмыс істеуді бастағанын білдіреді. Жаңа сипаттағы пойыз құрам дарын толықтыратын вагондар, Ресей мен Украинадан сатып алып жүрген вагондардан əлдеқайда сапалы болмақ. Өйткені, оның қозғалыс бөлігін, яғни доңғалақтары мен негізгі қаңқасын Қытай мен АҚШтың бірлескен зауыты жасаған. Ал, доңғалақ білігіндегі бытырама мойынтіректер (подшипник) Германия өнімі болып табылады. Сондай-ақ, біздің вагондардың бұрынғыдан көлемі де үлкен. Ескі вагондарға 6468-70 тоннаға дейін жүк тиесе, отандық вагонға 75-80 тонна жүк еркін орналасады. Əйткенмен, маман бұл вагондардың əлі де жетілдірілетінін айтып отыр. Мысалы, вагон тежегішін де келешекте Германиядан əкеліп салуды жоспарлап жатыр екен. Өйткені, Ресей мен украиндардың тежегіші 2-3 жылға ғана төтеп берсе, неміс вагондарының тежегіші 5-6 жылға қиналмай шыдайды екен. «Елімізде осылай инновациялық вагондар барлық талапқа сай жасалып жатыр», дейді Қайраткен Сағатұлы. Десек те, еліміздің вагон жасаушылары 2-3 жылдың көлемінде жүк вагондарын 100 пайыз өздері жасап шығаратындарын нық сеніммен айтып отыр. Оған алғышарттар бұдан 4-5 жыл бұрын жасалған екен. Əлемдегі ең төзімді, пайдалануға ең қолайлы вагондардың жасалу сызбаларын алып, техникалық сызбасын терең меңгерген ел вагоншылары, бүгінде вагон жинайтын жəне құрастыратын зауыттарды жасақтап, доңғалақ жəне қаңқа құю цехтарын іске қосты. Өскемендегі Шығысмашзауыт бұдан былай Қарағандының темірін отандық технологиямен өзі балқытып, вагон қаңқаларын толық өзі құйып шығаратын болды. Екібастұзда орналасқан жаңа цех та қазақстандық өнімдерді пайдалана отырып, вагон доңғалақтарын құюға кірісіп кеткен. Негізі вагонның 50 пайызы осы қозғалыс бөлігі. Ал оның үстіңгі бөлігінің құрастырылуы туралы бұған дейін көп айтылды. Тағы бір қуанарлық тұсы, бұл зауыттардың ешқайсысында бір де бір шетелдік маман жұмыс істемейді екен. Бұл – қазақ мамандарының озық елдердегі техникалық-технологиялық өрлеуді игергенін білдірсе керек. Əлемдегі ең мықты компаниялардың вагондарын зерттеп-зерделеген қазақ инженерлері Қайраткен Нығметов пен Ерғазы Кəрібжанов отандық вагонның сызбасын түзеп, сұлбасын жасауға көп тер төкті. Нəтижесінде, «Қазақстанда жасалған» деген маркалық белгісі бар отандық вагондардың алғашқы легі темір табанды жолдар бойындағы өз сапарын бастады. Вице-президенттің айтуына қарағанда, қазірдің өзінде отандық вагондарды экспорттық сатылымға шығару шаралары қарастырылып жатыр. Өткен жылдың соңына таман Қайраткен Сағатұлы Қырғызстан мен Өзбекстанда арнайы іссапарда болып, көршілерге,
қазақ вагондарын таныстырып қайтқан. Сол алғашқы кездесудеақ қызығушылығы оянған қырғыз-өзбек мамандары қазақ əріптестерімен келісімге келуге кетəрі емес екендігін білдірген. Десек те, бұл арада бауырластық пен жақын көршіліктің жолы жүріп тұрған жоқ. Расында, қазақ вагондарының сапасы мықты болумен бірге, көлемі де бұрынғыдан көп жүк сыйдыра алады. Бағасы да, еркін рынокта икемге келтірілетін болады. Шындығына келсек, Ресей вагондарын шамадан тыс қымбаттатса, украиндар санын көбейтеміз деп, сапасын жоғалтып алған. Оған қоса, технологиялары ескі, 20-шы ғасырдың «көнекөз мұрасы» көрінеді. Оның зардабын біздің ел де тартып жүргені мəлім. Мəселен, өткен жылы бүйір рамасы сынған он, доңғалақ білігі сынған үш вагонның бəрі дерлік Украина мен Ресей зауыттарының өнімдері. Бұл сынулар ел темір жолындағы қалыпты қозғалысты бұзып, экономикамыздың дамуына айтарлықтай кедергі келтіргені жасырын емес. Елімізде неше жылдан бері америкалық 7 мың вагон жүр. Олар əбден сынақтан өтіп болды. Əлі күнге бір де бірінің бүйір рамасы сынып көрмепті. Сондықтан, отандық инженерлер қазір осы америкалық вагонды жасауды жоспарлап отыр. Ол толық отандық өнімдермен, өз технологиямыз бойынша жасалады. Оны қазақ мамандары өздері жасағандықтан бағасы Ресей вагондарынан 20 пайызға арзан болады. Ал, сапасы əлдеқайда жақсы болатынын жоғарыда тəптіштедік. Өзбекқырғыз ағайындардың біздің вагондарға көзін сатып, мойын бұруының да басты себебі осында жатыр. Бірақ, мəселенің тағы бір кілтипаны бар. Қазақ вагондарының ел сыртында, рынокта еркін қимылдауына Ресей тарабы бірталай кедергілер жасауы ықтимал. Өз өнімінің бағасын ша мадан тыс қымбат қоя отырып, негізгі тұтынушысынан айырылғысы келмейтіндігін бұған дейін бір емес, бірнеше рет анық байқатқан. Кезінде Қытайдан əкелінген қазақ вагондарын сертификаты бола тұрып, өз аумағында жүргізбей қойған Ресей, ымыраға келелік деген қазақ вагоншыларына өз сертификатын да бермей қиғылық салған-ды. Ақырында қытай вагондарына Украин сертификаты алынғанмен, Ресей оны да жаратпай тастағаны жадымызда. «Кісідегінің кілті аспанда» деген осы. Əйтпесе, отандық мамандар, қытай вагондары сол сертификатпен АҚШ пен Иранға, Австрия мен Ауғанстанға, тағы бірқатар елдерге бұрыннан сатылып келе жатқанын айтады. Бұрын елімізде локомотив пен вагондар құрастырылып, не жасалмағандықтан оны сертификаттайтын мекеме де болмаған. Енді ғана, Қазақстанда локомотив, вагон құрастыру, жасау зауыттары іске қосыла бастағалы бері ұлттық сертификаттау мекемесін құру ісі қолға алынды. Оның халықаралық өз талап-ережелері бар. Мекеме соған сай құрылуы тиіс. Бұйыртса, салалық бұл мекеме биыл жұмысын бастайды деген үміт бар екен. Сондай-ақ, заманауи вагондарға заманауи сервистік қызмет көрсететін жаңа орталық Балқаш қаласында осы жылдың екінші жартысында іске қосылады. Айтқандай, бұрынғы вагондар əр 150 км. жол жүрген сайын тексеріліп тұрған болса, отандық вагондар америкалықтарға ұқсап 300 км. жүргеннен кейін ғана тексеріледі. Мұның экономикалық пайдасы зор болумен қатар, жылжымалы құрам жылдамдығын да еселеп арттырады. Ал қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндігі мен табаны тиетін темір жолға қатты зардап келтірмейтін қасиеті де бағасын арттыра түсері анық. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.
6
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Депутат дауысы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жаңа бой көтерген өнер ордасы «Астана-Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының күмбезді де асқақ ғимаратында жариялағаны кемел келешекке жасампаздықпен нық қадам басқанымызды төрткүл дүниеге паш етті.
күдікпен: «Сіздер өз ана тілдеріңді – орыс тілін білесіздер ме?» деп қалды. Балалар: «Иə, біз орыс мектебінде оқимыз», дегені. Мен де қазақ балаларынан орыс тілін біле ме екен дегендей бірер сұрағымды қойып едім, байыпты жауаптарын алдым. Балалар қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеруде айтарлықтай табыстарға жеткендігін байқатты. Отбасындағы тəрбиенің ықпалы зор екенін осы балалар үйіндегі жағдайдан көре отырып, оның директорының тілге деген жанашырлығына тəнті болдым. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», деген Елбасының көрегенді ойын қолдап, жүзеге асырып отырған Гүлмира Төлегенова сынды басшылар көбейіп, еліміздің түкпір-түкпірінде отансүйгіш, ұлтжанды, ұлттық мүдде үшін ерік-жігерін аямайтын азаматтардың саны арта берсе екен деген игі тілекпен қоштастық. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне барған кезде кейбір ғалым-оқытушылар латын əліпбиіне көшу əлі де болса асығыстық емес пе, деген сұрақтарын алға тартты. Ал Елбасының не айтса да байыптап əрі жанжақты зерделеп барып айтатыны əрі дер кезінде кесімді шешім қабылдайтыны белгілі. Латын əліпбиіне көшуді қолдайтын отан-
даушылыққа негіз жоқ. Елбасының тапсырмасына орай бұл мəселені шешуге Үкіметіміздің əлеуеті толық жетеді. Сөздің тоқетерін айтқанда, еліміздің латын əліпбиіне өтуіне барлық алғышарттар қаланды. Ұлттық экономиканың жетекші күші – кəсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету керектігі Жолдауда баса айтылды. Жергілікті жердің экономикасына үлкен үлес қосып отырған «Қазфосфат» АҚ кəсіпорнына бардық. Біздің риза болғанымыз, жұмысы тоқтап қалған зауыттың аяғынан тік тұрып, өз өнімдерін шығара бастауы. 2012 жылы өндірілген өнім көлемі: сары фосфор – 86 440 тонна, ортафосфор қышқылы – 55 919 тонна, триполифосфат натрийі – 57 488 тонна, ал зауыттың негізгі тұтынушылары Германия, Чехия, Польша, Венгрия, Ресей, Украина, Голландия, Түркия, Иран мемлекеттері.
вациялық технологиямен шығарылған өнім электр қуатын үнемдейді əрі жарықты молынан бөледі. Əсіресе, қала көшелерін жарықтандыруда өте тиімді. Тараз қаласында тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша 14 миллион 835 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткен «Самал» шағын ауданындағы №11 үйдің қазіргі ахуалымен таныстық. Бір назар аударатын жағдай, əбден ескірген тұрғын үйлерді қалпына келтіруге көп қаражат жұмсалатындығы. Сол жөндеуге кететін қаражатты тауып беруге тұрғындар қиналады екен. Қала əкімі Бекболат Орынбеков жөндеу жұмыстарының қалай жүргізілгендігінен жақсы хабардар болып шықты. Жиі тексеріп, қадағалап тұрған болуы керек, жөндеу жұмыстарына дəн риза тұрғындар оны бірден танып жатты. Сондай-ақ, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен 250 орындық №35 «Ер Төстік» балабақшасының қазақы нақышта айшықталып, əрлендірілгені анадайдан көз тартады. Ғимараттың еденіне қазақы оюлары бар кілемдер төселіпті. Өкініштісі сол, балаларды сергітіп, ой-өрісін дамытатын көңілді музыкалық ойындардың барлығы да орыс ырғақтарының сүйемелдеулеріне қойылған. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» делінбеуші ме еді?! Білім жəне ғылым, сондай-ақ Мəдениет жəне ақпарат министрліктері бірігіп, бірнеше дүркін ауқымды тиражбен балабақшаға арналған əндердің жинағын нотасымен қоса жаңадан əзірлеп, республика бойынша жеткілікті түрде таратса, қандай ғанибет болар еді. Балабақшаларда қазақтілді музыка жетекшілері жетіспейтін көрінеді. Білім жəне ғылым министрлігі жылда салынып жатқан балабақшаның санын ескере отырып, музыка мұғалімдерін соған лайықтап даярлағаны лəзім. Мектептерде болдық. Жалпы, жаппай орын алған бір олқылық – оқушыларды тамақтандыру үшін азық-түлікке тендер жариялаған кезде ең арзан баға ұсынушылар жеңіп шығады екен. Ал арзан өнімдер қаншалықты балалар денсаулығына пайдалы, мұны да ойластырған жөн.
дастарымыз егемендіктің алғашқы күндері-ақ жазуды реформалау мəселесін көтерген. Сарабдал саясатшы Елбасы мұндай ұсынысты байыппен қарап, ел руханиятына соны серпін əкелетін латын əліпбиіне көшу мəселесін жан-жақты зерттеп, зерделеуді тапсырды. Ол кезде қоғамда пікір де алуан, көзқарастар да сан түрлі еді. 1991 жылдан басталған өзекті мəселе түрлі бағытта, түрлі деңгейде талқыланып, бүгінде əбден пісіп-жетілді. Конференция, семинар жəне дөңгелек үстелдер өткізілді. Соның көпшілігіне қатыстым. Сонда түйгенім, танымал ақын-жазушы, тілші-ғалым ағаларымыз екіге жарылып, бір жағы қолдаса, екінші жағы оған қарсы өз уəждерін көлденең тартып жататын. Қазақ əліпбиін латын қарпіне көшірудің алғашқы нұсқасын көпшілік талқылауына ұсынған Ə. Қайдар ақсақалдан бастап, түрлі жобалар, жаңа нұсқалар кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі кириллицаны латынға жəне төте жазуға айналдыра алатын бағдарлама əзірлеп, тікелей айналысатын орталық құрды. Жалпы, жас ғалымдар, ізденушілер бір қаріптен екінші қаріпке жеңіл ауысатын технологиялық бағдарламалар шығара бастады. Мəселен, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің электрондық нұсқасы кириллицадан сондай бағдарлама арқылы өзге қаріптерге ауыстырылып, жарияланып жатады. Бұл кейбір жандардың «Ойбай, латынға өтсек, бəріміз де қиналып қаламыз»,
Сонымен қатар, аталған кəсіпорында оқытушы жалдау арқылы мемлекеттік тілді оқыту жолға қойылған. Басшысы Л. Х. Франгулидидің өзі қазақ тілінде əңгіме өрбітіп, істің тетігін ғана емес, елдің тіл саясатына да жұмыс істеп, қызметкерлердің тілін тапқанына куə болдық. Осы орайда, зауыт жұмысшыларының зейнеткерлікке шығу жасын төмендетсе деген өтініштерін жеткізді. Зауытта істеу денсаулыққа зиян əрі ауыр жұмыс болғандықтан, зейнет жасына жетпей өмірден озып жататындардың қатары көп екен. Ресейде мұндай кəсіпорындарда істейтіндердің зейнеткерлікке шығу жасы сол төмен деңгейі сақталса, ал бізде барлығы да теңестіріліп жіберілген. Мен кезінде Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне балерина, цирк əртістері сияқты сирек кездесетін мамандық иелеріне зейнет жасын төмендету туралы сауал жолдаған болатынмын. Соның барлығын елеп-екшей келіп, тағы сауал жолдамақпын. Өйткені, аталмыш ұжымның кəсіподақ төрағасы осы мəселені тиісті орындарға жеткізуімді өтініп сұрады. Жұмыс жоспарымыз «ЭнерджиТараз» ЖШС-інде жалғасты. Елбасы атап көрсеткен он сын-қатердің бірі – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Көмірсутегі экономикасының бірте-бірте аяқталып келе жатқаны, энергияның жаңғыртылған көздеріне негізделген жаңа сипатты қуат екені талқылануда. Аталған кəсіпорын жарық лампаларын шығарады. Бұл инно-
Елбасы өз Жолдауында денсаулық сақтау мəселесі, ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі деп көрсетті. Мұндай салада мемлекеттік сатып алу байқауларының техникалық талаптарында құрамы органикалық дəрумендерге бай, ұрпағымыздың бойына күш-қуат беретін сіңімді ұлттық сипаттағы тағамдарды ұсыну көзделуі тиіс. Балғын бүлдіршіндеріміз сүт өнімдерімен, ақ тамақтармен, жергілікті жерде өскен жеміс-жидек, көкөністермен бірінші кезекте қамтамасыз етілуі қажет. Жолдауда көтерілген міндеттердің Жамбыл облысында орындалуы барысы көңілге қонды. Байзақ ауданында бір кездері тозығы жетіп, күтімсіз қалған Мəдениет үйі мен кітапхананың қайта ашылуына қатыстық. Тұрғындардың жергілікті атқарушы органдардың істеп жатқан шаруаларға көңілі толатынының куəсі болдық. Тұрар Рысқұлов ауданына барған кезімізде Жарлысу ауылына атбасын тіредік. Жергілікті кəсіпкер Сайрамбай Дөненбаев деген азамат өз қаржысына мектеп-интернат салып беріпті. 40 орындық білім мекемесінде барлық жағдай жасалған, мұнда негізінен малшылардың балалары тұрады екен. Соншама жерден келіп, интернат жанындағы мектепке бас сұқпай кеткеніміз дұрыс болмас деп, тізгінді сонда бұрдық. Тау етегінде орналасқан ауылдағы мектепте маған ұнағаны – барлығының киімі бірдей əрі мұнтаздай таза. Қанша ауылдық мектеп болғанымен, мұнда тазалық
деген байбаламын теріске шығарып тұрған жоқ па?! Кейбір жазушыларымыз көрші Өзбекстанды мысалға келтіріп, кітаптардың кириллицадан латын қарпіне жеткілікті аударылмай қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Біздің мемлекетімізде мұндай алаң-
Ґѕірдегі ґркенді ґзгерістер Оразкүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ, Парламент Мəжілісінің депутаты.
Əлемде теңдессіз өнер ордасының сəні мен салтанатына тамсанған игі жақсылардың жанарларында толқу мен шаттану сезімдері қатар ұяласа, əлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп жүрген Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, Азамат Жылтыргөзов, Алан Бөрібаев сынды өнер саңлақтарымыз ғимараттың салтанатымен қатар, акустикалық тазалығына ерекше сүйсініп, жоғары баға беріп жатты. Қалай мақтанбасқа, қайтіп толғанбасқа! Ендігі меже – əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Осындай жауапты міндет жүктеп отырған Жолдаудың маңызын халқымызға барынша ашып жеткізу үшін депутаттар өңірлерге барып, елдің əл-ауқатымен жіті танысып қайтты. Осы сапардан көргентүйгендерімді оқырмандармен бөліскенді жөн санадым. Жолдаудағы міндеттерді халыққа кеңінен насихаттау жəне өңірлердің тіршілігімен жақын танысу үшін бір топ депутат Жамбыл облысына сапар шектік. Он күн бойы ел аралап, тұрғындардың жағдайымен жақын танысуға мүмкіндік алдық. Сапарымыз Тараз қаласының бүгінгі хал-жағдайымен танысудан басталды. Сол кездесулерде біздер Жолдаудың мəн-маңызын халқымызға жеткізіп, мұратқа жетудің жолы алыс емес екенін, оған əркімнің де үлес қосып, аянбай еңбек ету керектігін ерекше атап өтуге тырыстық. Еңбекпен тапқан нан тəтті ғой. Бұл тарихи маңызды құжат қазақ патриоттары үшін көптен күткен Жолдау болды дегенді баса айттым. Елбасымыз «Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды» дей келе, енді Қазақ мемлекетін құруды, мықты мемлекет құруды мақсат еткенін жеткіздік. Жəнібек пен Керей хандарымыз ту тігіп, қазақ мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Енді білекке емес, білікке сенетін заманда көпұлтты Қазақ мемлекетінің жарқын болашағы үшін атқарылар істің салиқалылығы мен салмақтылығын түсіндірдік. Ел аралап жүріп, сөз бен істің тоғысқанына, кешенді тапсырмалардың жүзеге асып жатқанына көз жеткіздік. Мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын республикадағы барлық балалар үйінің тəлімтəрбиесі де, оқу-білімі де əуелі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Өйткені, олар – еліміздің болашағы. Салынған қыруар қаржы да, төккен тер де, атқарылған іс-шара да сол жеткіншектердің ертең елінің патриоты болып шығуға бағытталуы тиіс. Бұл – менің үнемі көкейімде жүретін, шешімін табуға тиіс өзекті мəселе. Сондықтан мүмкіндігінше қоғамдық ой-талқы, келелі жиындарда осы мəселені қолға алудың маңыздылығын көтеріп, құзыретті органдарға талай хат та жаздым. Осы бір көкейдегі мəселені, игі бастаманы дер кезінде қолға алған, Тараз қаласындағы Қ. Сармолдаев атындағы Балалар үйінің тыныстіршілігінен көріп, қатты қуандым. Аталған балалар үйінің директоры Гүлмира Төлегенова 200-дей бүлдіршіннің мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне барлық жағдай жасапты. Балалар Абай, Мұқағали мен Қадырдың өлеңдерін жатқа айтып, Отан, туған жер сияқты ұғымдарды жандарына жақын тұтып, «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар ол – тəуелсіз Қазақстан» дегендей бəрі қазақ тілінде əңгімеге араласып кетті. 10 шақты этнос өкілі тəрбиеленетін балалар үйінің бірінші отбасына (топ) бардық, барлығы да қазақша еркін сөйлейді, екінші отбасында (топ) да осындай, үшінші отбасына (топ) барған кезімізде əріптесіміз Борис Сорокин өзге этнос балаларына ана тілін ұмыттырып жіберген жоқ па екен деген
пен тəртіп, ұқыптылық сезіліп тұрды. Бір сыныпқа кіріп келіп сұрақ қойғанымызда, бір оқушы былай дегені бар емес пе: «Алақандай ауылды елеп келгендеріңізге рахмет!..», деп сайрай жөнелгенде əлгі 9-сынып оқушысына əбден риза болыстық. Біздер де сіздер сияқты осындай алақандай ауылдан түлеп ұшқан жандармыз деп ағымыздан жарылдық. Сондай-ақ, биылғы жаңа жыл қарсаңында ауылдарына ауыз су келген Жақсылық ауылы тұрғындарымен де əңгіме жарастырдық. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Боқан Əсемқұлов ақсақал: «Қызым қияға, ұлым ұяға қонып, бірі елордасы Астанада тұрса, бірі Алматы алып шаһарында тұрады. Қартайғанда бала-шаға, немере-шөберенің қызығын көріп, екі шаһарды жол қылып жүруге, Құдайға шүкір əлқуатым жетеді. Бүгінде ауылымыз қайта түлеп, жан рахатына айналды. Сонау сүреңі кеткен 90-жылдардың қарасы алыстап, Президентіміздің арқасында туған жерім, ауылыма береке орнады. Көгілдір отын да, ауыз су да келді. Тіршілік оңалды. Қала мен дала, аудан мен ауыл теңелді. Сол үшін де Елбасына шексіз ризамыз», деп батасын беріп, дұғай-дұғай сəлем жолдап жатты. Осы өлкедегі Көгершін елді мекеніндегі «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік алдық. Мұнда барлығы 365 ірі қара мал өсіруде. Соның 120-сы Алатау тұқымды сиырлар екен. Аталған ферма əрқайсысының құны 800 мың теңге болатын «герафорд» тұқымды алты бұқа сатып əкеліп, оны жергілікті сиырлармен будандастыру арқылы «лимузин» атты жаңа тұқым өндіруді көздепті. Осылайша ет өндірісін дамытуды қолға алған. Шаруашылық басшысы, облыстық мəслихат депутаты Халит Базарлиев шошқа бордақылау кешеніне алып келіп, оның қалай жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Барлық жер тап-тұйнақтай таза, ағылшынның асыл тұқымды жылқыларын да бағып отыр екен. Жұмысшылары еңбекақысынан бөлек, үйдегі малдың да жем-шөбі жеткізіп берілетіндігін ерекше ілтипатпен ауызға алды. Егер біреудің қызы тұрмысқа шығып, баласы үйленіп жатса, қаржылай көмек көрсетілетіндігі де айтылмай қалмады. Қара қасқа атты Қамбардай заманға лайық əр ауылдың батыры туған жерді осылай гүлдетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Оған Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған. Жылына 60 тонна балық өнімдерін шығаратын зауыттың салынып жатқанын да айта кетті. Жұмысшылар техниканың тілін тапқан, жаңа инновациялық технология да осында болып шықты. Мəселен, шошқа қиынан газ өндіріп, оны көгілдір отын ретінде пайдаланады екен. Қажеттілікке қарай ферма салатын арнайы құрылысшы бригадасы да бар болып шықты. Алдағы қарышты жобаларымен бөліскен шаруа қожалығының басшысы ұзақ мерзімді несие алу машақаты қиын екендігін де тілге тиек ете кетті. Кезінде жұмысы өрге жүзген Мойынқұм өңірі түрлі мəселелерден бас көтере алмай, əлеуметтікэкономикалық ахуалы төмендеп кеткен еді. Судың шешілмеуі, жайылымның тарылуы дегендей, ауыл халқының аңсары қалаға ауған болатын. Қазір бəрі басқаша, қаладан оралып, мемлекетіміздің нақты тапсырмасының арқасында қарқынды дамуға бет түзеген ауылдың жағдайы жақсы, тынысы кең. Мойынқұм ауданы Күшіман ауылындағы Айша апаның үйіне бардық. Тартылған су құбыры үйдің ішіне кіргізіліп, суды жылытатын «аристон» қондырғысы орнатылыпты. Құрт-майы, жент, бауырсақ, бал, қаймағын ақ ниетімен алдымызға тартқан апамыздың жадыраған мінезі өз апамызды есімізге салып, біраз толқып қалдық. Үйі жанға, қорасы малға толған, жұпар иісі аңқыған туған жердің көркейгені – елдің көркейгені. Енді еңбек еткен жанға жемісін көретін нағыз жан рахаты ауылда дейді апамыз тағы да. Бір кездері ауылда су жоқ, жағдай нашар деген желеумен Таразға кеткен екі баламды кері шақыртып осы жерден үй салдырамын деп мəз болады. Жалпы, біздің Жамбыл облысына барған сапарымыз өте сəтті аяқталды деуге толық негіз бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасы қадап айтқандай, «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс». Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден – қазақтардан, жалпы қазақстандықтардан артық мүдделі кім бар?! Бəріміз біріміз үшін, біріміз бəріміз үшін абыроймен еңбек етейік, əлеумет!
Ќатерлер жəне оєан ќарсы ќимылдар Құрлық əскерлері бас қолбасшысының басқармасында генерал-лейтенант Мұрат Мəйкеевтің басшылығымен «Жаңа тарихи кезеңдегі əскери қақтығыстар. Арнайы операциялық күштердің əскери-саяси мақсаттар жетістігіндегі рөлі мен орны» тақырыбындағы əскери-ғылыми конференция болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің басшылық құрамы қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Конференцияда қазіргі заманғы геосаяси өзгерістер, əлемнің көптеген аймақтарындағы мемлекеттік құрылысты шайқалтуға тырысқан экстремистік жəне террорлық-сепаратистік күштердің белсенді қимылынан туындап отырған нақты қауіп-қатерлерге барынша маңыз берілді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев əлеуетті құрылымдардың басшыларымен кездесуінде сыртқы қатерлерді ескере келе, мемлекеттің, қоғамның жəне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің рөлін күшейту маңызды екеніне тоқталған болатын. Қорғаныс министрлігіне Қазақстандағы ішкі ахуал тұрақтылығын бұзу əрекеттеріне қарсы күреске пайдалануға болатын Қарулы Күштердің барлық мүмкіндіктерін
тағы да талдаудан өткізу тапсырылған-ды. Ғылыми конференцияда сөз алғандар қарулы қарсылық түрлерінің мейлінше өзгеріске түскенін атап өтті. Олар бүгінде классикалық қорғану мен шабуылдау жауынгерлік қимылдардың мейлінше кең қолданылатын түрі емес екеніне, оның орнын арнайы жауынгерлік қимылдар ауыстырғанына тоқталды. – Біз бұл жиында əлі де пысықтауды қажет ететін мəселелерді көтердік. Нəтижесінде бір байламға келдік, – деп атап өтті Мұрат Мəйкеев. – Біз бірінші кезеңде ұлттық қауіпсіздік органдарымен, Ішкі істер министрлігімен жəне ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп атқаратын жұмысымызды үйлестіруді барынша күшейтуіміз керек. Арнайы операциялық күштерді заманауи қару-жарақтың, байланыс құралдарының жəне бақылау қондырғыларының үлгілерімен қамтамасыз ету аяқталуға тиіс.
Кїн жаманы кетер... (Соңы. Басы 1-бетте). Осы аралықта біздің тілшілер қосынына Ақтоғай ауданы, Шұға ауылынан ардагер ұстаз Елеусіз Рақымжанова хабарласты. «Биылғы қыстың қаталдығы, əсіресе, шалғайдағы ауылдар үшін қиын болып тұр. Халыққа болысыңдар, елдің мұң-мұқтажын тыңдаңдар, көмектесіңдер деп Елбасының күнделікті айтып жатқанын теледидар арқылы тыңдап, газеттен оқып отырмыз. Ауыл тұрғындарының əкімдерге айтар назы көп. Біздің Басқамыс, Қарақоға, Шұға ауылдары қалың қардың ортасында қалды. Ауылдан аттап шығу мүмкін емес. Қарақоға ауылы болса сусыз отыр. Қалың қарлы қыс түскенге дейін бұл ауыл суды 18 шақырым жердегі Шідерті, 10 шақырым жердегі Шұға ауылдарынан тасып əкеліп жүрді. Қазір екі ауылдың арасында жол жоқ, қардың суын ерітіп ішіп күн көруде. Мал да қорада. Күзде жинаған жемшөп көктемге дейін жетсе екен деп отырған жайымыз бар. Жаз бойы жинаған отын, көмірді де көршілер бір-бірінен сұрап тіршілік етіп жатыр. Шұға, Шідерті, Қарақоға ауылдары азық-түлікті, малдың жемшөбін, көмірді Екібастұз қаласынан тасиды. Дəрігерге қаралу үшін де көмірлі қалаға барамыз. Біздер əкімдерге реніштіміз, қызым», деді ол. Біз Ақтоғай ауданы əкімінің орынбасары Жанат Тəшеновке хабарластық. – Ауданда 13 ауылдық аумаққа қарайтын 34 ауыл бар. Бұл ауылдар қырдағы жəне Ертіс өзені жағалауындағы, яғни жиектегі ауылдар деп екіге бөлінеді. Жалпы, қыр жақтағы ау-
ылдармен байланыс қыс кезінде қатты қиындық тудырады. Қалың қар емес, жəй сырғыма жауса да ауылдардың жолдарын жауып тастайды. Қыр жақта орналасқан Шолақсор, Жалаулы, Жолболды ауылдары аудан орталығынан 164 шақырым жерде орналасқан. ПавлодарАқтоғай-Шолақсор жолы облыстық маңызы бар жол саналады. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы күрделі жөндеуді қажет ететін бұл жолдың қысқы жағдайын жақсы біледі. Шолақсор ауылында 500-дей адам тұрады. Биылғы қыстың оларды əбігерге салып отырғаны рас. Бірақ шалғайдағы ауылдар түгелдей аудандық əкімдіктің бақылауында. Күн-түн демей, күнделікті барып-келіп жүрміз. Аудандық əкімдік қызметкерлері ауа райының қолайсыз жағдайына орай күні-түні кезекшілікте. Аудан əкімі Жұмагелді Қожанов шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындармен кездесіп қайтты. Табиғаттың тосын жағдайына тап болған ауылдарға қолдан келген көмек жасалуда, – деді ол. Расында да, қалың қарлы боранда Қарақоға ауылы 10-12 күндей сусыз қалып қойса, алғашқы мүмкіндік туысымен-ақ, 3 тонна су жеткізіліпті. Азықтүлік, ұн өнімдері жеңілдетілген бағамен берілуде екен. Малға шөп жолдар ашыла салысымен жеткізіліп жатса керек. Ауыл, аудан орталығы дəрігерлері де кезекшілікте көрінеді. Ауылдарға жолдарды қардан тазалауға тракторлар бөлінген. Шұға ауылында су алатын КБМ жұмыс жасайды. Осыған қарағанда, барлық жағдай бақылауда сияқты. Павлодар облысы.
Мəссаған!
Іс бітті, ќу кетті Қарашығанақ кенішінің орталығы – Ақсай қаласының тұрғындарын алдап, сан соқтыратын, бір ұстатпайтын алаяқ пайда болды. Бұл қу ешкімнен айылын жимастан заңды белінен басып, республика жұртшылығына жақсы таныс əнші Қайрат Нұртасты жарнамалап, оның концертінің жергілікті Мəдениет үйінде өтетіндігін, уақытын, билет құнын жазып, суретімен қоса қаланың əр жеріне жапсырып қойған. Бұған, яғни мəдениет саласына көңіл бөлетін аты дардай əкімдік қызметкерлерінің жəне тиісті бақылау жүргізетін құқық қорғау орындарының бірі де көңіл бөлмеген. Ал осы жайбасарлықты пайдаланған əлгі қу аталған əншінің көрермендерін жалған жарнамамен алдап, жалпы құны 1 миллион 388 мың теңгенің билетін бір апта бұрын сатып,
ақшасын алып, қарасын батырған. Содан соң ғана концерттің ұйымдастырылуына күмəнмен қараған тиісті орындар осында бір шикіліктің барын сезіп, ойбайға басып, полицияға хабарлаған. Тексеру жүргізген тəртіп сақшылары бұл жарнаманың жалған, белгісіз біреудің жұртты алдап, əдейі ұйымдастырып жүргендігін анықтады. Амал не, іс бітті, қу кетті деген осы. Қазір жымысқы əрекетін іске асырып, аларын алып, қаладан ізім-қайым жоғалған алаяқты қайдан, қалай ұстарын білмей дал болған құқық қорғаушылар қылыштарын тасқа шабуда. Фатихолла МАШТАҚОВ, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері.
Зерде
Еркін елдің ертеңі
Белгілі бір дəуірдің сыр-сипатын тереңірек түсінгісі келген жан əуелі сол кезеңде өмір сүрген жекелеген азаматтар тағдырына зер салса керек-ті. Əкем Үшбай Үркімбайұлы – Кеңес өкіметінің «бесігінде» тербеліп, тұтас ғұмыры соған байланған, атеистік қоғамда азамат болып қалыптасып, «советтік» жүйеге тəн ауыртпалық атаулының барлығын да өз басынан өткерген жан. Əсіресе, ашаршылық зардаптарын... «МАЛДЫ БОЛҒАНЫҢ – ҮЛКЕН АЙЫП...» Əкеміз өздері куə болған кеңестік нəубеттер жайлы үйішілік ортада ғана əңгімелеуші еді. «Бай мен кедейді теңестіреміз», деп аласұрған: «Жазығың бай болғаның!» деп бар малдарын тартып алып, бай-болыс біткенді жер аударып тынған Кеңес өкіметі: «Қолыңда жеке меншік малың болғаны – социалистік келбетіңе айып!» деп жоқты соғып, енді келіп, кедей бейшаралардың бар малдарын тартып алып, ортаққа қостырған болатын. «Ортақ» сөзі «социалистік ортақ меншік» дегенді білдіреді. Оларға түк емес, қит еткенді «контра» деп, атып тастай салады. Үрейленген
таудай боп құлаған бұл не қылған нəубет, тұтас жұртымыздың белін қайыстырған неткен қасірет еді, десеңізші! Айтып жеткізгісіздей, қолдан ұйымдастырылған қастандық... Бір қайран қаларлық жағдай: қос бауыр тіске басар дым таппай, аштан бұратылғандарына қарамастан, осыдан екі жыл бұрын: «Балаларды шоқындырғалы жатыр екен», деген қауесеттен шошына өздері қашып шыққан сол баяғы «жетім балалар үйі», яғни интернат жаққа қарай, «мұсылмандығымыздан айырылып қалармыз» деген қауіпті ойлап, аяқтарын аттап баспаған екен. Ал енді, қос жетімектің сол бір қылықтарына имандылық тұрғысынан ой жіберіп көрейікші,
ҚАЗАҚҚА ТАБЫЛМАҒАН ҰН – КӨРШІ ЕЛДІҢ МАЛ ЖЕМІ Жүректі сыздатқан жоғарыдағыдай көріністерден секем алған əкелеріміз шекаралас Қырғыз жеріне қарай жылжи беруді жөн көрсе керек. Ол үшін жүк таситын «товарняк» пойыздарға жармасуға тура келген. Ондай жүк пойыздарына жармасқандар саны едəуір болған деседі. Алайда, солардың ішінде Алланың қолдауымен, кеуделеріндегі жандары аманат болып, аман жеткендері санаулы-ақ көрінеді. Сөйтіп, олар «Камышиновка» деген қырғыз ауылына жетеді. Өздері «Камшенке» деп айтушы еді, естелік əңгімелерінде. Ішер астары болмаса да, ас құйып алар ыдыстары үнемі өздерімен болған. Өз сөздерімен айтқанда, бір-бір темір «кəтөлөк», яғни отқа ілуге арналған тұтқасы бар шағын темір ыдыс, бір қасық, бəкі, сіріңке сияқты ең керекті жабдықтары белдерінде байлаулы жүретін. Ағайынды екеу, сөйтіп, ауыл үйлерді жағалап жүріп, «Камышиновка» колхозының мал бор дақылау қорасына тап келіпті. Сөйтсе,
Ќолдан жасалєан ќиянат Нұрлытай ҮРКІМБАЙ.
жұрт – үнсіз. Енді қайтсін-ай! Малдан гөрі жан тəтті дегендей... Бұл жағдайдың барлығын, бір кездері мыңғыртып мал айдаған Үркімбай байдың тəркілеуден кейін жетім қалған қос ұлы тікелей көздерімен көріп, куə боп жүрген еді. Əне-міне дегенше, арада екі жылдай уақыт өтіп кеткен екен. Сөйтіп жүргенде, бір күндері Қарашеңгел алқабына шекелеріне қызыл жұлдыз таққан, қайыс белбеулілер сау ете түседі. Жоғарыдан бұйрық келді. Совет халқының жаны да – ортақ, малы да – ортақ. Ана жақта бізден гөрі қиналып жатқан бауырларымыз бар екен. Соларға қарай малдарды айдаймыз, – де-ееп, шімірікпестен соғып тұр дейді. «Ана жақтың» қай жақ екені де белгісіз. Айтылмайды. Құпия... «Мал ашуы – жан ашуы» демекші, наразылығын білдірген біраз кісі болған екен. Оларды пысқырсын ба?! Қайыс белбеулілер аспанға бірдіекі рет оқ атып, одан соң ауыл адамдарына кезенгеннен кейін бəрі де тынышталса керек. Сонымен, ата-бабаларынан бері қарай мал бағумен қатар, қызыл тары егуді кəсіп еткен Көкірек жұртының мал атаулысы мылтықтылардың алдында айдалып, астық біткені олардың арбасына тиеліп кете барады. Айтып-айтпай не керек, сонымен, айналасы екі-үш айдың ішінде құмды өңірдің тарыдай шашылған ауылдарын 1931-1934 жылдарғы ашаршылық ызғары толығымен жайлаған екен. Əкеміз айтатын: – Тігерге тұяғы қалмаған жұрт аң-құс аулап, оны да аз уақыт ішінде бітірген болатын. «Жұт – жеті ағайынды» демекші, əлде аң-құс біткен аштық жайлаған өңірлерден ауа көшіп кетті ме, кім білсін, əйтеуір, содан кейін ауылдастарымыздың ішінде қауқары барлары тұзақ құрып, тышқан аулауға көшкені есімде. Ал, ондай тірлікке де жарамайтын кəрі-құртаң кісілер мен жас баласын құшақтаған əйелдер жағы жаужұмыр деген жабайы шөптің тамырын қазып жеуші еді. Оның өзін шамадан тыс көп жеп қойып, ісіп-кеуіп, көз жұмғандары қаншама... Үйлі-жайлы деген ауылдастарымыздың жағдайы мынандай болғанда, үйсіз-күйсіз жүрген біздің халіміздің бұдан да ауырлай берерін түсіндік те, Жетпісбай атаң екеуміз: «Шу қаласына жетсек, аштан өлмеспіз» деп бұдан екі жыл бұрын қашып келген ізімізбен кері қарай қайта жол тарттық. Осылай деген əкем əңгімесінің осы тұсына келгенде: «Əй-əй-əй-ə-ə-əй!» деп, кейістікпен басын шайқап, бас бармағын тістеп, үнсіз отырып қалушы еді. Сөйтетін де, əңгімесін қайта жалғастыратын: – Балам, Алла ондайдың бетін ұрпақтарымыздан аулақ қылғай! Халықтың басына нəубет төнген кезде адамның құны сұраусыз, өмірі түкке алғысыз болып қалады екен. Өзің білесің, біздің ауыл мен Шу стансасының арасы 100 шақырымдай жер ғой. Жаяулатқан жұрт босып келеміз. Біз сияқты бозбалалар сəл ширақтау қимылдайды. Егде кісілер аяқтарын əзер сүйретіседі. Əр-əр жерде теңкиіп жатқан мəйіттер... «Бұл кім болды екен?» деп əлгі жазғанға қайырылып қарамақ түгілі ойлауға шамасы болмайды екен кісінің. «Аш адамда ес қалмайды», деуші еді қариялар. Сол рас болып шықты. Қазір ойлап отырсам, əңгімелеріне қарағанда, сол аштықтан қашқан сапарындағы көрген құқайлары əкелерімізді тез есейтіп жіберсе керек. Талай серіктері жолшыбай жүре алмастан, жеткен жерлерінде қисая кетіп, қала береді екен. «Сəл тынығып алайыншы», дейді екен, жарықтықтар. Одан кейін қанша жерден «тұртұрласаңыз» да тым болмаса еңбектеуге де шамалары жетпей қалатын көрінеді. Оның үстіне, өз көздерімен көрмесе де, əкелеріміздің талай-талай куəгерлерден небір жантүршігерлік əңгімелерге қанық болған жайы тағы бар. Сондай оқиғалардың бірі мына тақылеттес... Əдетте, ел іші тыныш заманда, күш-қуаты бойындағы азаматтан қорқау қасқырлар тайсақтай жүреді екен. Ал, қалың елді жаппай аштық буған кезде, ерлердің де қауқарсыз болып қалғанын ол қорқаулар бірден сезетін болса керек. Ер кісіден осылайша қаймығуды қойған «қасекеңдер» əйел затын бұйым құрлы көрсін бе?! Аштық тырнағынан қашып, балаларын жетектеп бара жатқан əйел адамды қасқырлар қамалап алады екен. Ондайда бейшара шеше, сасқалақтап жүріп, балаларын жасырып, етегімен жауып қоймай ма?! Соның өзінде, қорқаулар тайсалмастан келіп, анасы бейшараның етегінің астына бүрісе тығылған сəбилерді тартып жеп кеткен кездері де болған екен. Екі аяқты «қасқырлар» еш аяусыз күйде талап тастаған кеңестік қоғамдағы халықты түз тағысы аяп қайтсін?! Елден ерек қазақтың басына
7
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
ағайын. Айналасын аштық құрсаулаған, басар тау, барар жерлері, талшық етерге бір түйір нандары да қалмаған ағайынды жасөспірімдер атеистік қоғамның тасқын судай қаптап келе жатқан, имансыздыққа толы қатыгездіктерінен қолдарынан келгенінше имандарын осылайша қорғап қалуға тырысқан екен-ау! Əкелеріміздің осы бір қылықтары сөз болған сайын ойыма ылғи, тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында, бəзбір замандастарымыздың асыл дінімізді болмашы бір дүниелікке бола шімірікпестен сатуға дейін барған қадамдарының ойыма оралатыны бар. Рас, енді ғана қаз-қаз тұра бастаған дербес мемлекетімізде 1992-1996 жылдар аралығында тұрмыстық ауыртпалықтар біраз болды. Бірақ баспанасыз күйде, жапан түзде қаңғып қалған немесе аштықтан баудай түсіп жатқан ешкім болмаған еді ғой?! Дастарқанымызда нан болды, дəм болды. Сəл тапшы күйінде... Сонда деймін-ау, осындай уақытша қиындыққа бола мұсылманшылықтарын бір қап ұн немесе жарты қап құмшекерге айырбастап, Хақ жолдан өз еріктерімен бас тартып, басқа дінге өтіп кеткендер ертеңгі күнінің, яғни о дүниесінің жай-күйін ойлады ма екен десеңізші?! ҚҰНЫ ЖАРТЫ НАНҒА ДА ТАТЫМАҒАН ҚАЙРАН ҚАЗАҚ ...Сонымен, қос бауыр Шу бекетіне де жетеді. Мұнда да қазақ үшін жүрек жалғар жағдай қайдан болсын? Шу қаласында оңтүстікті солтүстікпен, батысты шығыспен жалғастыратын пойыз жолдары қиылысады. «Тоғыз жолдың торабы» деп аталуы сондықтан. Осының салдарынан, сол жылдардың өзінде, қалада басқа ұлт өкілдері, əсіресе, басқа ұлттар көптеп қоныстанған екен. Мұнда мынандай қасіретті көріністер көзге бадырая ұрып тұрған көрінеді. Көше тола аштықтан бұратылған, киімдері алба-жұлба ауыл қазақтары. Бұлар – Шу өзенінің орта жəне төменгі ағыстарын бойлай орналасқан ауылдардан кеуделерін сүйрей жеткен ішіндегі «ширақтары» ғана... (Ал, жете алмастан, өз үйлерін немесе ашық даланы қабірханаға айналдырып, жантəсілім еткендері қаншама, десеңізші...) Осы айтылғандарға Шу қаласындағы кереғар келесі көрініс – өзге ұлт өкілдерінің жайы-тын. Олардың қарыны тоқ, көйлектері – «көк». Қолын созып, қайыр сұраған қазақтарға жиіркенішпен қарасады. Қадам сайын: «Осылар-ақ басымызға пəле болды-ау!» – деген кейістіктерін балағат сөздерімен араластыра төгіп жатқандары. «Ана өлген қазақтардың мəйіттерін сасытпай, қаладан тезірек шығарып тастасаңдаршы!», деп көкірек керетіндері қаншама еді, десеңізші... Қала базары тола қайыр сұраған қазақтар. Кенет ашқұрсақ жасөспірім баланың бірі базаршының жарты бөлке нанын ала қашқан екен. Нан иесі қуып жетіп, желкесінен бір-ақ түйгенде əлгі бейшара табанда жантəсілім еткен көрінеді. Сонда: «Ау, жолдас, мұның қалай? Біреудің ер жетіп қалған баласын өлтірдің ғой? Кəне, құнын төле немесе заң алдында жауап бер!» деген бір ауыз сөз айтылмапты. Себебі, Сталин «жолдастың» нұсқауымен, Голощекиндей қандықол қарақшының аса белсенділігімен, Орталық жүргізген осы бір сұрқия саясат кесірінен қазақ баласының құны, жасөспірімнің өмірі жарты бөлке нанға да татымай қалған заман еді. Əттең дүние-ай!...
жұмыскерлер үлкен кеспекке су құйып, оған ұн салып шылап, шикі аталаны астауларға құйып, малға береді екен. «О, тоба! – деп таң қалысыпты қос жетімек ағаш шарбақтың жігінен сығалап тұрып, – біздің жақта мынандай ұнның тым болмаса бір табағына қол жеткізе алмай адамдар аштан қатып жатыр. Ал, мыналардың қап-қап ұнды малға беріп жатқаны несі?!». Мұндай наразылық сауалдарын сыртқа шығарып айта алмады олар. Іштерінде тұншықтырды. Осыншалықты əділетсіздікке толы кереғарлық олардың балаң түсініктеріне, көңілдеріне сияр емес. Сонымен не керек, қос бала шарбақтан сығалай бақылап біраз отырысады да, жұмыскерлер басқа бір шаруаларымен кеспек қасынан алыстап кеткен кезде, жүгіріп барып, əлгі аталаға «кəтөлөктерін» бірбір батырып алған күйлері тұра қашысады екен. – Біздің соңымызға түсе қуалаған ешкім бола қоймады. Шамасы, «қазақтың аш балалары ғой», деп аяса керек. Содан қашқаннан қашып отырып, бағана бір əзірде тауып қойған «мекенімізге» келдік. Ол кездері кірпіш күйдіру деген қарапайым тəсілмен жасалатын еді ғой. Кепкен кірпіштерді дөңгелете биік етіп қалап, ортасына от жағады. Сондай күйдірілген кірпіш пешінің бірі қаңырап босқа тұр екен. Дереу от жағып, быламығымызды пісіріп жедік. Не тұз, не май қосылмаса да быламықтың осыншалықты дəмді болатынын бірінші рет сезінуім... Сөйтіп, күнде бір «кəтөлөк» быламық жеп жүріп жаттық. Ауыл арасын аралай жүріп, артынша Омарбек деген бір қазақпен танысып алғанымыз мұндай оңды болар ма?! Ол өзі мына бізге көрші «Көктерек» ауылынан екен. Картөшке қоймасының қарауылы болатын. Келісім бойынша, түн қараңғысында жасырынып барамыз. Ол бізге бір шелектей майда қартөшке береді. Соны бір аптаға жеткізуіміз керек. Сөйтіп жүріп 1932-ден 33-жылға қараған қатал қыстан да шықтық-ау аман. Бұл қыс қатал жұт жылы болып санамызда қалып қойды. Келер көктемнің күні жылт етісімен: «Енді Мойынқұмға жетейік», десіп, келген ізімізбен кері қайттық. Жолдағы көрген азаптарымызды санамалап айтпай-ақ қояйын. Əйтеуір, аман қалған жанымызды олжа көріп, «өлмеген құлға болды жаз» деп Қарашеңгелге де жеттік. Əкеміздің əңгімесі одан əрі былайша жалғасатын. Елге келсе, «Қызыл отау» ауылы жартылай қаңырап қалған екен. Алғашқы болып оралғандардың бірі біздің əкелеріміз болады. Бас сауғалап, жан-жаққа босып кеткен жұрт күн жылысымен біртіндеп жиыла келе, Қарашеңгел төсінде аздаған ауылдастары қайта түтін түтете бастаса керек. – Ашаршылықтың халыққа ең ауыр тиген тұсы – біз Қырғызстанда қыстаған сол 1932-ден 33-жылға қараған қыс айы болатын. Негізі ашаршылық 1931 жылы басталды ғой. Сол 1933 жылдың соңына қарай Қазақстанға басшылыққа Мырзажан (Мирзоян) келіп, қазақ ауылдарына аздап мал тарата бастаған еді. Соның арқасында, 1934 жылдың аштығын аса қатты сезіне қоймадық. Ей, балам-ай, «Аштықта жеген құйқаның дəмі естен кетпес», дейді атам қазақ. Баяғы бізге картөшкемен қарайласқан Омарбек деген кісі есімнен ешқашан шыққан емес. Сырттай ылғи алғысымды айтып отырамын. Қазақ атамыз не нəрсені де дөп баса айта білген ғой, балам, «Аш адамнан ақыл сұрама!» деп. Сол
рас сөз. Аштық жылдары 14-16 жас аралығындағы бала едім ғой. Бəрі де əлі күнге дейін көкірегімде сайрап тұр. «Кəмпескеге» дейін байың байдай, кедейің кедейдей бір-біріне мейірімді еді. Кəзір кəзиттеріңе «тəркілеу» деп жазып жүрсіңдер ғой. Сол тəркілеуден кейін кедейлердің жүрегінде байлардың тұқымына деген кек пайда болды. Сөйтіп жүргенде, «ол аз» дегендей, «сəбет» өкіметі сол кедейлеріңіздің қолдарындағы малдарын да тартып алып, ортақ қазанға қосқаннан кейін не жорық?! Əйтпесе, сол «ортағыңызға» дейін кедейдің ең жоқ дегенінде екі сиыр, бір жылқы, жиырма шақты ұсақ малдары болатын. Өкімет сол арына ауыз салмағанда, халық бұлайша қырылмас еді. Біз ол кезде аштықтың анық мəнін, себебін түсінбедік. Түсінгендерінің өзі өкіметті кінəлаудан қорқатын. Дербестігімізді алғалы бері ашық жазып жатсыңдар ғой. Ол кезде қайда-а-а... Аштық туралы жақ ашу деген болмайтын. Үйішілік дастарқан басында ғана сыбырласа еске алатынбыз. Өздеріңе де сөйтіп əңгімелеуші ек қой?! Сол аштықтың кесірінен халқымыздың кең пиғылы едəуір тарылды, мінезі өзгерді, табиғаты бұзылды деп ойлаймын. Алла ондай сұмдықтардың бетін ұрпақтарымыздан алыс еткей, деп, əкеміз марқұм əжептəуір толқып қалатын. «АШ ҚАЗАҚҚА ДƏРІГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛМЕСІН!» Тарихшыларымыздың жазуынша, Голощекиннің қанды қолы арқылы əдейі ұйымдастырылған бұл нəубеттің мақсаты – қазақ жерін біз сияқты «бұратана» халықтан «босатып алу» еді. Бұл ойымызға Роберт Конквестің «Жатва скорби» атты кітабынан келтірілген мына бір деректің дəлел болары анық: «Аштық жылдары Қазақстанда басшылық қызметте болған Голощекиннің аштан қырылып жатқан қазақтарға дəрігерлік көмек көрсетуге қатаң тыйым салған жасырын нұсқауы болған екен». Тұтас бір халыққа қарсы бағытталған зұлымдықтың нағыз дəлелі емес пе, бұл сөйлем?! Айта берсе, мұндай деректер жетерлік. Журналист Нұрбек Бекбау «Jaqsy.kz» сайтында жарияланған «Қазақты жою жобасы» деген мақаласының «Қазақтың соңғы тұяқ серпуі» атты бөлімінде нақты деректер арқылы халқымыздың басына ала-бөтен түскен сол бір зұлмат жөнінде былайша ой толғайды: «Шыдамның да шегі бар. «Малым жанымның садағасы», – дейтін қазақ төрт түлігін тартып алғанда «сабыр» деді. Соңынан жан дүниесіне дүрбелең салғанда, қауқары бары қолға қару алды. 1928-1930 жылдары республиканың түгел аумағын қамтыған 372 көтеріліс болып өтті. Оған 80 мың адам қатысты. Коммунистер пулемет, ұшақ, атты əскерді қарсы қолданды. Алайда, əбден ашынған халық ажалға тура шапты. Іс насырға шапқан соң, «бəлшебектер» келісімге келуге мəжбүр болды. Араға адам салып: «қаруын тапсырсын, талабын орындаймыз, жазалау болмайды», деп сендіріп бақты. Екі тарапты табыстыру Елтай Ерназаров, Əліби Жангелдинге жүктелді. Бас көтерген қазақтардың талабы мынау еді: 1. Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға кедергі жасамау; 2. Ірі байлар тəркіленгеннен кейін, енді тəркілеу болмайтындығы жөнінде декрет шыққан еді, бірақ бұл іс орта шаруаға қарсы əлі жасалуда; 3. Колхоздарға зорлап кіргізу тоқтатылсын. Олар тек ерікті негізде қабылдансын; 4. Қазақ даласында тапқа бөліп, жіктеуді қою керек. Істі шешуге комсомолдарды жібермеу, оны ауылдың жалпы жиналысында шешу қажет; 5. Салықтарды мал-мүліктің санына қарай салу керек. Егін екпейтіндерге астық салығы салынбасын…» Алайда, бұл – (Елтай Ерназаров пен Əліби Жангелдинді арағайын етіп, уəде беру – Н.Ү.) барып тұрған алдаусырату еді. Халық мылтығын тапсырып болысымен, қызыл армия оларды «басмашы» деп айыптап, жаппай атып-асуды бастады. Ауылдарды шапты. Малын айдап кетті. Қазақтың соңғы демі үзілді. Соңғы рет тұяқ серпіді». Аталған үзіндіде журналист Нұрбек Бекбау нақты деректерге сүйене баяндап отырғандай, халқымыз жайдан-жай қасірет қамытына мойынсұна салмаған екен. Кеңестік мылтықтың үңірейген ұңғысына қасқая қарап тұрып-ақ, наразылығын білдірген, нақты талаптарын қойып, шарттарын көлденең тартқан. «Дін бостандығын беру» атты алғашқы бапты оқыған сəтте сол баяғы 1929 жылы «шоқындырып жіберуі мүмкін», деп, дінінің амандығы үшін жанұшыра қашқан қос жетімек əкелеріміздің ашаршылық кезінде де əлгі «Жетім балалар» үйін айналып өткен талпыныстары тағы да оралып отыр есіме. Бес томдық «Қазақстан тарихы» еңбегінің 4-томында көрсетілгеніндей, біз тілге тиек етіп отырған ашаршылық жылдары қазақ халқының 42 пайыздайы шейіт болған немесе жер ауып кеткен. Аталған нəубет Қазақстанда жүргізілген қос халық санағының, уақыт жағынан, шамамен орта тұсына сəйкес келген екен. Əрине, жалпы, халықтық бұл қасірет санақ мəліметтерінде тиісінше көрініс берген болатын. «Санақ жүргізушілер бұлтартпас сандарды көрсету арқылы, біздің қазаққа қарсы аштық ұйымдастырған қылмысымызды əдейі əшкерелеуге тырысты», деп секемденді ме екен, кім білсін?! Əйтеуір, өз көлеңкелерінен өздері қорыққан сталиншіл қоғам сол халық санағын жүргізуге басшылық жасаған қазақтың небір марқасқаларын 1937 жылы басталған, тағы да қолдан ұйымдастырылған келесі қырғын кезінде, «халық жауы» деген жаламен атып тастаған екен. Ел ішіндегі бас көтерер бригадирден бастап, мемлекет басшысына дейінгі аралықтағы «елім» деп еңіреген азаматтарды жаппай қырып-жойған қуғын-сүргін науқаны шағын ғана «Қызыл отау» ауылын да айналып өтпеген еді. Нақтырақ айтқанда, аштық қырғынынан естерін жия бастағанына екі жылдай өтер-өтпестен халықтың басына 1937-1938 жылдарғы саяси қуғын-сүргін ауыртпалықтары келіп түскен болатын. Халық байғұстың: «Бұ бəледен де құтылдық-ау!» деп ойлап үлгергендеріне үш жыл толар-толмаста Екінші дүниежүзілік соғыс келіп киліккені тағы белгілі. «Апыр-ау, туған халқын ес жиғызбастан, əрбір екі-үш жыл сайын қырып отырған, бұл не қылған жауыз мемлекет еді?» деп ойға қаламын кейде. АЛМАТЫ.
Абай мектебіндегі игі дəстїр
жалєасын таба бермек Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Зайсан ауданының іргесіндегі Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектепті соңғы бес жылдан бері аудандық мəслихаттың депутаты, өз ісінің білгірі Гүлнар Уатханқызы Ақтанова басқарып келеді. Мұның алдында осы ұжымда ұстаз, оқу-тəрбие жөніндегі орынбасар болып қызмет істеген Гүлнар Уатханқызының еңбек өтілі 33 жыл екен. Ауылдастары құрметіне бөленген, қашан да халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатын іскер ұстаз бізді жылы қарсы алып, мектептің екінші қабатына бастады. – Мектебіміз ескі болғанымен, сонау 90-жылғы зілзала кезінде сыр бермеді. Аздап жөндеп алғанбыз. Аудан əкімі Серік Зайнулдин үнемі қамқорлық жасап тұрады. Қазір білім ордасында 388 оқушы бар, мектеп алдындағы даярлықты қосқанда балалар саны 454. 50 орындық балабақша да біздің мектептің ішінде, жалпы саны 202 оқушыға тегін тамақ беріледі, – деп мектеп директоры біраз жайдан хабардар етті. Екінші қабаттағы Абай мұражайы құнды кітаптар мен Хакім ақын жайлы шығармалармен толықтырылған, сарғайған мақалалар мен ескі журналдардан да қажетті мағлұматтар ала аласыз. Мұның алдында ғана Абайдың шөбересі, Зайсанда тұратын, жасы 90-ға жақындап қалған Гүлзипа Исрайлова мектеп оқушыларымен кездесіп, атасы жайлы естеліктер айтыпты. Абай мұражайында ауыл тарихы туралы сыр шертетін мəліметтер де аз емес екен. – Абай мектебінен түлеп ұшқандар қатарында талант иелері көптеп саналады. Осы ұядан бірнеше ғылым докторы, алты ғылым кандидаты түлеп ұшқан, – деп əңгімеге араласты Зайсан аудандық мəслихатының хатшысы Дəулет Ыдырышев. – Белгілі ақын Есет Əукебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күміскөмей əнші əрі сазгер Дəлел Уəш, жүзден астам халықаралық дəрежедегі спорт шеберлерін дайындаған білікті бапкер Жанəділ Атаев, ғылым кандидаты, спорт маманы Еркін Уанбаев, танымал журналистер Сұңғат Əліпбаев, Ермұрат Бапи, Болат Нəсіпбаев та осы мектептен білім алған. Өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен Шығыстың барлық аудандары мен ауылдарында қанат жайған «Туған елге – тағзым!» акциясы бойынша кезінде осы білім ордасынан түлеп ұшқан шəкірттер кіндік қаны тамған ауылдарына қайырымдылық қолын созыпты. Үш сыныпқа кіреберісте ілулі тұрған «Мектеп түлектерінің тартуы» деген жазуға көзіміз түсті. 2010, 2011, 2012 жылдары түлектер сыныпты қажетті оқу құралдарымен, теледидар, компьютер , тоңазытқышпен жабдықтап қойыпты. Мектеп оқушылары түрлі олимпиадалар мен байқаулардан да табысты оралуда. Атап айтқанда, 10-шы сынып оқушысы Толғанай Қалиолданова биология пəні бойынша облыстық сайыста екінші, ал, Əйгерім Қасымова химия пəнінен үшінші орынға ие болыпты. Білім мен еңбек егіз. Абай мектебінің ұстаздары осы қағидаға берік. Жаз кезінде екі гектарға картоп, жарты гектарға көкөніс өсіріп, пайдасын көріп отыр. Өткен жылы 2800 кило картоп, 1150 кило сəбіз, 913 кило орамжапырақты мектептің қосалқы шаруашылығынан жинап алған. Ол ол ма, мектеп ұжымы осындағы шаруа қожалықтарымен келісімге отырып, көкөністі арзан бағамен алуда. Дəулет Тантыбаев деген азамат бір тонна картоп түсіріп беріпті. Мектеп жанындағы жылыжайға келдік. Мұндағы қиярды жақында жинап алыпты. Жаңасын отырғызу басталыпты. Ол үш айда піседі, ар жағында бақша маусымы басталады, – дейді директор Гүлнар қарындасымыз. – Жазда мектеп маңы ағаштың жаңа түрлерімен толығады, гүлдер бүршік жарған кезде хош иістен бас айналады, рахат, неше түрлі жануарлардың сұлбасын жасап, балалардың табиғатқа деген жанашырлығын оятудағы ұстаздардың белсенділігіне еріксіз риза боласыз, – деп аудандық білім беру бөлімінің бастығы Сəния Əбдіғалиева əңгімені толықтырды. Оның айтуынша, жаз шыға аудан əкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен барлық мектептер апта сайын сенбілікке шығып аулалар мен көшелерді көркейтуге атсалысады, ағаш көшеттерін отырғызып, тұрмысы нашар жандарға көмектеседі. Ал, бұл үлгілі істің басықасында мектеп ұстаздары да жүретіні шындық. Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданы. –––––––––––––– Суретте: мектеп жанындағы бала бақша сəбилері «Қара жорғаны» билеп тұр.
8
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Саяси сараптама Арменияда биыл тəуелсіздік алғаннан бергі 21 жылда алтыншы рет президенттік сайлау өткелі жатыр. Осы жылдарда Левон Тер-Петросян екі, Роберт Кочерян екі жəне Серж Саргсян бір рет президент болып сайланған еді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Президенттерінің көп ауысқанына қарап, бұл мемлекетті демократияның даңғыл жолына түскен, ашық қоғам құрған ел деп айту қиын. Өйткені, осынау
соғысты» жариялаған 1946 жылғы Фултондағы сөзінде Уинстон Черчилль КСРОның Түркия мен Иранға жасап отырған орынсыз аумақтық талабы мен қысымына да сілтеме жасаған-тын. Иран аумағының біраз бөлігін қосып алу идеясын
қоны сынан айырылу барлық халыққа да қиын. Жер бетіндегі барлық халықтар да ежелгі қоныстарынан айырылып қалғысы келмейді. Армян халқының да озық ойлы адамдары, қарапайым жұрты осылай ойлайтынына талас жоқ, бірақ əсіреұлтшыл саясаткерлері мұндайды керек қылмайды. Өзімшіл ұранды ғана бастарына əбден сіңіріп алған олар халықтың тыныштықты қалайтын ахуалымен санасар емес. Оларға салсаң б.д.д. ІІ ғасырда құрылған Ұлы Армения жерінің тым болмаса Тигран ІІ-
прагматикалық ұстанымы сияқты. 2007 жылы екі елдің арасында газ құбыры ашылды. Оның бойымен Арменияның Раздан ЖЭСіне газ беріліп тұрады. Есесіне Иран жағы электр энергиясын алады. Ынтымақтастықты одан əрі тереңдетуге Арменияның «Армросгазпром» кəсіпорнын сатып алу арқылы осы рынокқа тұтастай бақылау орнатқан Ресейдің «Газпромы» рұқсат етпейтін көрінеді. Енді, міне, Армения экономикасы оқшау күй кешіп, халықтың
Ґткенге емес, ертеѕге ўмтылєан ўтады
шағын мемлекеттің үлкен проблемасы бар. Сондықтан да шығар, бұл елдің қоғамы демократиялық ашықтықтан гөрі біртоға, томағатұйықтыққа бейімдеу. Оны ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде өз көзімізбен де көрдік. Саммит туралы пікірлерін білмек болып, бірнеше елдің журналистеріне микрофон ұсынғанда жалғыз-ақ осы армян өкілдері өздерінің ойларын айтудан ат-тондарын ала қашты. Шамасы, «бірдеңе» айтып қоюдан сақтанатын секілді көрінді. Қазіргі жұрттың есінде жоқ, бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған «қырғиқабақ соғыстың» басталуына армян сепаратистерінің жер дауын қаузауы бір себеп болған еді. Соғыстан моральдық тұрғыдан күшті шығып, жеңістің буына мастанған КСРО басшыларына Түркияның Карс, Артвин жəне Ардаган провинцияларының бір бөлігін «ежелгі армян жерлері» деп қосып алу идеясын тықпалаған Армения КП басшысы Г.Арутинов, барлық армяндардың діни басшысы Геворг VІ жəне басқалар болатын (Бұрын үнемі таласта болып келген бұл жерлерге түріктердің иелік етуі 1921 жылғы Түркия мен РКСФР арасындағы келісіммен бекітілген). Артынан бұл пікірді Грузия басшылары да қолдады. 1945 жылғы Потсдам конференциясында одақтастар алдында Түркияның осы жерлерін КСРО-ға беру туралы В.Молотов та сөз қозғағантын. Бірақ одақтастар тарапынан бұл ұсыныс қолдау таппады, өйткені, халықаралық нормаларды бұзу оңай болмайтын. Оның үстіне Түркия басшылығы бұл талапты бірден серпіп тастаған. Бірақ «қарғағанын жер қыламын» дейтін жердегі жарты құдай, қандықол диктатор И.Сталин Түркия шекара сына əскер тоғытуды осы кезде бастады. Ешкімді елең қылмай тын, халықаралық нормалар мен құқықтарды қалтасына салып жүре беретін кеңестің басқыншылыққа құмар басшыларының қорқау тəбетінен жасқанған АҚШ пен Ұлыбритания да Түрік мемлекетіне көмек қолын созуға асықты. Іс жүзінде «қырғи-қабақ
да осы армяндық жəне оған артынан қосылған əзербайжандық белсенділер ұсынған еді. Нақ осы, Түркия мемлекетінің айналасындағы дағдарысқа байланысты АҚШ КСРО-ға қарсы ядролық соғыс ашу жоспарын жасаған. Сөйтіп, əлем ядролық соғысқа алғаш рет кавказдық жер дауы дағдарысының кесірінен бетпе-бет келген. Осыған байланысты естелігінде В.Молотов артынан: «Хорошо, что вовремя отступили», деп жазған екен. Тек 1953 жылдың 30 мамырында ғана КСРО Түркияға қарсы аумақтық талабынан бас тартты. Міне, кішкентай ғана елдің үлкен проблема жасай жаздаған əлегі осындай. Осыған байланысты ақын Темірхан Медетбектің бір тəмсілі ойға оралады. Онда бір торғай жынданып, бүркітке шабуыл жасағаны айтылады. Бүркіт оны не қылсын, бір-ақ толғап, жұта салыпты. Бірақ соның кесірінен өзі жынданып, ұшаққа шабуыл жасайды. Ұшақ апатқа ұшырап, жүздеген адам қаза болады. Сөйтіп, жынданған бір торғай үлкен қасірет əкеледі. Əрине, ата-бабасының
нің тұсындағы аумағын қалпына келтіруді əділдік деп санайтындай. Ал бұл дегенің 220 мың шаршы шақырымға жуық аумақ... Соның кесірінен елдің Əзербайжан жəне Түркия арасындағы шекарасы мүлде жабық. Армения теңізге де шыға алмайды. Тек солтүстігіндегі Грузиямен екі арадағы шекара ғана елді сыртпен байланыстыруда. Екі елдің арасында темір жол тартылған. Сондықтан да Арменияның сырттан келетін тауарларының төрттен бірі Грузияға тиесілі. Бірақ осы елмен де кей-кейде қарым-қатынас салқындап қалады. Оның басты себебі Грузияның Армения мен Ресейдің жақындасуына қырынқабақ білдіретіндігі. Армения оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Исламның шиит тармағын ұстанатын Иран діні бір Əзербайжанмен теке тіресте болса да, Армениямен соңғы жылдары жақсы қарым-қатынас орнатып келеді. Бұған Ирандағы армян лоббиінің ықпалы бір себеп болса, екінші себеп мыңжылдық достық болмаса, мыңжыл дық қастық жоқ екендігін ескерген Иран басшылығының
əл-ауқаты жақсармай отыр. Қарапайым елдің қамы үшін бейбіт жағдайда өмір сүруге қол жеткізуді көздеген лидерлер болғанымен, бастарына ұлтшылдық ұранының бацилласы əбден сіңіп алған белсенділер ондайларға жол берер емес. Ел бюджеттерінің əскери шығындары да жылдан жылға өсе түсуде. Экономикалық əлеуеті біршама əлсіз Армения үшін бұл шығынның зардабы үлкен. 2011 жылы ол 387 млн. АҚШ долларын құрады. 1970-жылдары Армения аумағында АЭС салынған еді. Бірақ 1988 жылы, Спитак зілзаласынан кейін оның қаупі зор болғандықтан жұмысы тоқтатылған. Бірақ армян үкіметі жоқшылықтың кесірінен 1995 жылы оның екі реакторын қайтадан іске қосуға мəжбүр болды. Қазір осы АЭС елдің электр қуатына деген сұранысының 40 пайызын өтеуде. Экономиканың осы саласының дамуында да Армения Ресейдің көмегіне мұқтаж. Соны пайдаланған ресейлік РАО ЕЭС Арменияның барлық энергетикалық нысандарын жекешелендіріп алған.
Армения экономикасының оқшаулануға ұшырап отырғаны себепті дами алмағандығының есесін халықаралық көмектер, соның ішінде армян диаспорасы ның қолдаулары, шетелдерде жұмыс істейтін жандарының аударған қаражаттары біршама толтыруда. Соның арқасында ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 5 мың доллар төңірегінде. БҰҰ-ның 2010 жылғы сарабы бойынша Армения адам əлеуетінің даму индексі жөнінен – 76, сыбайлас жемқорлық жөнінен 123 орын алады. 2011 жылы «Форбс» журналы Арменияға əлемдегі ең үмітсіз экономикалардың арасынан Мадагаскардан кейінгі екінші орынды берген... Енді мына сайлауда мемлекет басына алдымен елдің ішісыртында тыныштық орнауын көздейтін, əсіре ұлтшылдардың арынын басуға жарайтын, саяси ерік-жігері мықты тұлға келіп, қоғам мен экономиканың дамуына даңғыл жол ашылса, барлық іске де епті келетін армян халқының өкілдері өз мемлекеттерін алдыңғы қатарлы дамыған жұрттардың қатарына қосар еді-ау деп үміт етуге болады. Бірақ президенттіктен үміткер ретінде тіркелген сегіз адамның ішінде қазіргі президент Серж Саргсянның мүмкіндігі 70 пайызға жуық екен. Бұл Арменияда алдағы бес жылда еш нəрсе өзгермейді деген сөз. 2008 жылдың наурыз айындағы билікке келуі өте үлкен қарсылық акциясына ұласып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, жүздеген адамның жаралануы С.Саргсянның беделін көтерген жоқ (Үнемі «Саркисян» деп жазылып келген армян фамилиясын алғаш өзгерткізген адам осы болды). Бірақ сауалдамалар бүгінгі күні оны сайлаушылардың басым бөлігі қолдайды десе, демек, одан күтетін үміттері жоғары болғаны. Интернетке «əлемге танымал армяндар» деген сауалды берсеңізақ болды, алдыңыздан қаптаған қалың тізім шыға келеді. Аз ғана халықтан осынша дарынның шыққанына таң қаласың. Мəселен, Арам Хачатурян, Арно Ба баджанян, Шарль Азнавур, Тигран Петросян, Армен Джигарханян, Роман Балаян жəне т.с.с. тұлғалардың шығармалары, өнерлері барша əлемге рухани азық болып отырғанын жоққа шығара алмайсың. Аталмыш тізімде армяндардың бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігіне танымал адамдар ғана бар. Армян өкілдерінің Қазақстанға сіңірген еңбегі де аз емес. Олар бізде өмірдің барлық саласында да өздерінің белсенділіктерімен, іскерлігімен көрінді. Осы қатарда алдымен Л.Мирзоянды («Мырзажанды») ауызға аласың. Көрген жақсылығын ұмытпайтын қазақ халқы оның есіміне ірі қалаларда көше аттарын беріп, күні бүгінге дейін құрмет көрсетіп келеді. Сонымен бірге, бүгінгі елімізде «Бахус» АҚ президенті А.Карапетян, Лермонтов атындағы орыс драма театрының бас режиссері Р.Андриеасян жəне т.б. танымал армян өкілдерінің есімдері белгілі. Сондықтан да қазақстандықтар ежелгі армян жерінде қан төгілмей, əрдайым тыныштық пен түсіністік болғанын қалайды.
Тоєызќўмалаќ таќтайшасы Кентау қаласының тұрғыны Өмірзақ Ермаханов көптеген жылдар бойы Кентау экскаватор зауытында цех бастығы
болып қызмет атқарған. Сол кездері ұлттық ойынға құмар болған қазақ жігіттері тоғызқұмалақтың тақтайшасын
жасап, жетілдіріп отырған. – Кентау қаласына ұлттық ойын 1980 жылдары келді. Бірақ ойнайтын тақтайы тапшы болатын. Содан өзім қызмет істеп жүрген зауытта ағаштан жиырма данасын жасап, əр цехқа таратып бердік жəне ойынды үйреттік. Қалада да түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Жақсы меңгергендер облысқа, тіпті республикаға, Орта Азия ойындарына қатысып жүлдемен оралып жатты. Мен де Семей қаласына барып, қола жүлденің иесі атандым. Кейіннен ел бойынша бірінші болып пластмассадан жиналмалы түрін жасадық. Саны жағынан он мыңнан асып жығылған өніміміз Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға жіберілді. Авторлық куəлік алмақ болып, құжаттарды əзірлеп Мəскеуге жібердік. Бұл түпнұсқа Америкада бар деп біздің өтінішімізді қабылдамай қойды. Содан біз басқаша түрін ойлап таптық. Яғни, 1985 жылы тоғызқұмалақ тақтайшасының дөңгелеген түрін жасатып, Мəскеуге қайта өтініш жіберіп,
Əлем жаѕалыќтары
Израиль Сирияєа шынайы бет-бейнесін кґрсетті Израиль əскери əуе күштерінің Сирия аумағына соққы жасауы Таяу Шығыста соғысқа ұласуы мүмкін жаңа шиеленіс туындатты.
Соққы 30 қаңтарға қараған түні жасалған. Осы күні күндіз Ливан армиясынан израильдік ұшақтар соңғы тəулікте 3 рет əуе кеңістігін бұзды деген хабарлар түскен болатын. Алғашқы нысана ресейлік ғалымдардың басшылығымен жаппай қырыпжоятын қару үшін жиынтықтар жасау жұмыстары жүруде деп есептелетін Дамаск маңындағы CERS ғылыми-зерттеу орталығы болды. Екінші соққы ресейлік «Бук-М1-2» зенитті ракеталы кешен немесе «Яхонт» корабльге қарсы ракеталар бар делінген конвойға жасалған. Осыған қарап-ақ израильдік ƏƏК шынымен де табысты əуе шабуылын жасады деп қорытынды шығаруға болатындай.
Кастро теледидардан кґрінді Кубаның экс-лидері Фидель Кастро соңғы бірнеше ай ішінде алғаш рет теледидардан көрінді. Бұл туралы «Би-би-си» хабарлап отыр.
Бүгінде жасы 86-ға толған Кастро Ұлттық ассамблея сайлауына қатысу үшін сайлау учаскесіне келген. Бұрынғы мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, ол сайлаушылармен əңгімелесіп учаскеде бір сағаттай уақыт өткізген. Фидель Кастро үйіне қайту үшін өз машинасына отырған кезде жиналған жұрт оның автокөлігін қоршап алып, Куба революциясының лидерін қошемет көрсетіп шығарып салған. БАҚ-тардың мəліметінше, Кастро соңғы үш жыл бойы үйінде отырып дауыс берген көрінеді.
Египет оппозициясы тґѕкеріске дайын Каирдегі, Порт-Саидтегі жəне Египеттің басқа да қалаларындағы қантөгіске соқтырған қақтығыстардан кейін оппозиция президент Мохаммед Мурсидің дереу отставкаға кетуін талап етіп, онымен үн қатысуға барудан бас тартып отыр.
Оппозициялық «Ұлттық құтқару майданының» басшылары наразылық акциясына қосылып қана қоймай, сонымен бірге оған басшылық жасауға дайын екенін де сездірген. Оппозиционерлер мұндай батыл ұстанымға бірден емес, біршама толқулардан кейін келген көрінеді. Арнайы мəлімдемеде «Ұлттық құтқару майданы» Египет халқының үндеулеріне қосылатынын жəне қазіргі режімді құлатуға қол жеткізетінін хабарлаған.
Олланд жеѕісті тойлау їшін Малиге келді Франция президенті Франсуа Олланд өткен сенбі күні Малиге келіп, жергілікті мемлекет басшысы Дионкунда Траоремен кездескен жəне француз армиясы соғыс қимылдарын жүргізген жерлерде болған.
Ішкі істер министрі Лоран Фабиус жəне қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дрианнан басқа Франсуа Олландтың қасында елдің даму министрі Паскаль Канфен де бар көрінеді. Ұрыс майданында жедел жеңіске жететініне түпкілікті сенген Париж Мали аумағындағы терроршыларға экономикалық шабуыл жасауға көшіп отыр. Терроршыларға қарсы соғысты тек зеңбіректің көмегімен ғана жеңу мүмкін емес. Елді экономикалық дамыту ғана Малидің солтүстігіне жиһадшылардың қайта оралуының алдын алатын болады, деп атап көрсеткен Париждегі саяси зерттеулер институтының маманы Кадер Абдеррахим.
Испаниядаєы жаєдай ќайта шиеленісті Испания премьері Мариано Рахой өзіне тағылған жемқорлық туралы айыптауды теріске шығарған бетте Мадридте жəне елдің өзге де қалаларында стихиялы ереуілдер басталды.
Үкімет басшысы ел азаматтарына арнаған үндеуінде өзінің айлық еңбекақысына бейресми үстеме алмағанын айтқан болатын. Ол өзінің банктік есепшоттарындағы бүкіл мəліметтерді жариялау туралы уəде де берді. Ал оппозициялық социалистік партияның лидерлері премьердің отставкаға кетуін талап етуде. Сонымен бірге, Испанияның əлемдік дағдарыс зардаптарын өз басынан өте ауыр жағдайда өткізіп отырған еуропалық мемлекеттердің бірі екенін де айта кету қажет.
Обама əйелдерді соєысќа жіберуге дайын АҚШ президенті Барак Обама Пентагонның əскери қызметтегі əйелдердің соғыс іс-қимылдарына қатысуына салынған тыйымның күшін жою туралы таяудағы бастамасына түсініктеме берді.
Оныѕ авторы Кентауда тўрады «Ұлттық тоғызқұмалақ ойынының тақтайшасы Кентау қаласында құрастырылған» дегенге сенесіз бе? Біз де алдында бұл сұраққа таңырқай қарағанбыз. Десек те, Кентау экскаватор зауытының дүрілдеп тұрған шағында тоғызқұмалақ ойынының тақтайын шығару ісі тоқтаусыз жүрген екен.
ШАРАЙНА
Президент əйелдерді ұрыс майдандарына жіберу жөнінде бұйрық беруге дайын екенін атап көрсеткен. Ол əйелдердің іс жүзінде ұрыстарға бұрыннан бері қатысып жүргенін айта келіп, ондай тəжірибеге өзінің қарсы емес екенін білдірген. Обама əскери ведомствоның шешімі дұрыс, өйткені ол нəзік жандылардың мүмкіндіктерін кеңейте түсуге бағытталған деп есептейді. Айта кету керек, бүгінде 1,4 млн. америкалық солдаттардың 14 пайызын əйелдер құрайды.
Бразилияда сотталєандар тїрмеден ќашты арнайы авторлық куəлік алдық. Оның иесі мен болдым, – дейді Өмірзақ Ермаханов. Автор кейіннен ұлттық үстел ойынының жолаушыларға арналған түрін де қолдан жасап шығады. Ағаштан əрбір ұяшықты жонып отыру қиын екенін ескерген шебер бұл жолы қаңылтырдан құрастырады. Жиналмалы болып жасалған тоғызқұмалақ тақтайшасы кезкелген сөмкеге сыйып кетеді. Алайда, Өмірзақ Ермаханов бұл жобасына авторлық куəлік алмаған. Себебі, қартайған
кезінде құжат жинап жүруді жөн көрмепті. Өнертапқыш ақсақалдың ендігі ойы тоғызқұмалақтың заман талабына сай жетілдірілген электронды нұсқасын жасау. Бұл мəселе қарияны қатты толғандырып жүр. Шебер арнайы нүкте арқылы басқарылатын құрылғы жобасын дайындап, қағазға да түсіріп қойған. Мүмкіндік болса, алдағы уақытта Қытайға тапсырыс беру ойында бар. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. КЕНТАУ.
Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода сотталғандар осындағы түрмелердің бірінен жаппай қашып шыққан. Жиырмадан астам қылмыскер түзеу мекемесінің канализациялық туннелі арқылы қашқан көрінеді.
Түрме қызметкерлерінің айтуларынша, оқиғаның ізін суытпай тұрып төрт қаш қынды ұстаудың сəті түскен. Сонымен бір ге қашқындардың канализациядан əлі де шығып үлгірмеуіне байланысты қалған дарының да жақын арада ұсталатындығына сенім мол. Сотталғандар қашып шық қан түрменің сыйымдылығы 1700 адам ды құ райтын көрінеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.
Жағымды жаңалық
Жаѕа мектептер ауылды ќуанышќа бґледі
Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Шұбарағаш – Талас Алатауының етегінде жатқан шағын ауыл. Мұнда бар-жоғы 56 түтін бар. Ауыл енді-енді үлкейіп, соңғы жылдары шет жақтан жаңа көше түсіп, он бес шақты жас отбасы үй салып алыпты. Жастардың ауылға тұрақтап, туған жерге ту тігіп, тіршілік өрбітіп жатқаны, əрине, үлкен қуаныш. Яғни, бұл ауылдың болашағы бар деген сөз. Əйтсе де, ауылда мектеп мəселесі қиын. Балалар 3 шақырым жердегі Алатау ауылына арнайы автобуспен қатынап оқиды. Əрине, балалар сабаққа күліп-ойнап барып қайтқанымен, бұл жағдай бастауыш сыныптың балаларына ауыр тиіп жүргені жасырын емес-ті. Таулы жердің табиғаты белгілі ғой, суық ерте түседі, қысы қатал. Осы жайт ауыл тұрғындарын да, аудан басшыларын да қатты ойландырып жүрген. Ақырында Төлеби ауданының əкімі Əуелхан Тұрғымбеков «балалардан несін аяймыз» деген болуы керек, былтыр аудандық бюджеттен 107 миллион 575 мың теңге бөліп, ауылда
бастауыш мектеп құрылысы басталды. 75 оқушыға арналған сол мектеп өткен аптада пайдалануға берілді. Əрине, «неге бастауыш мектеп, неге бірден орта мектеп салынбады?» деген сұрақ біздің де көкейімізде тұрды. Екі қабатты, көздің жауын алатын жаңа ғимаратта бүгінде бастауыш сыныптың 46 баласы білім алып жатыр. Яғни, үлкен сыныптарға да орын бар, бірақ, бала саны жеткіліксіз екен. Алдағы жылдарда осы балалар сыныптан сыныпқа көшіп, түбінде орта мектеп болып кетуі де əбден мүмкін ғой. Қазығы
өткен жылдың маусым айында қағылған бұл құрылысты «ҚазЮгОрдабасыПроект» ЖШС-і жүргізіпті. Əсем ғимараттың іші жылы əрі жинақы. Мұнда əзірге алты мұғалім сабақ береді. Ал, осы аудандағы Айнатас ауылы Тоғыс су қоймасының жанынан орын тепкен. Төңірегі толған ауыл. Облыс орталығына жақын орналасқандықтан болар кейінгі жылдары етегін кеңге жайып, үйлердің қарасы əжептəуір молайып қалыпты. Міне, осы ауылдан 100 оқушыға арналған бастауыш мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Бұған аудандық бюджеттен 112 миллион 275 мың теңге бөлініпті. «Аудан бойынша 72 мектеп бар, соның 43 пайызы типтік үлгіде салынған, – дейді Төлеби ауданының əкімі Əуелхан Тұрғымбеков. – Арасында ыңғайластырылған білім ошақтары да бар. Бірақ, бүгінде үш ауысымда оқу мəселесін жойдық. Жақын жылдарда барлық мектептерді типтік үлгіде ету үшін қажетті жобалар жасалып жатыр. Осы қарқынмен жұмыс істесек, құдай қаласа, 2018 жылға дейін аудандағы барлық мектеп талапқа сай болады». «Бар жақсылығымыз – балаларға» деген, бұл күні, əсіресе, балалардың қуанышында шек болмады. Əсем ғимарат, айнадай жарқыраған сыныптар, жаңа парталар мен оқу құралдары балаларды жақсы оқуға, тəртіпті болуға шақырып тұрғандай. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды: Лот №1 - Тігін цехы (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 990,3 ш.м., өндірістік тұрақжай (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 1287,1 ш.м., шеберхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 72,3 ш.м., өндірістік тұрақжай (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 690,6 ш.м., қазандық (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 368,9 ш.м., ұстахана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 18,9 ш.м., қазандық (кадастрлық нөмірі 03-057015-744), жалпы алаңы 98,3 ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 12,7 ш.м., қойма жəне слесарь шеберханасы (кадастрлық нөмірі 03-057-015744), жалпы алаңы 47,6 ш.м., көлікжай, қойма, асхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015744), жалпы алаңы 498,3 ш.м., шеберхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 31,3 ш.м., бассейн (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 132,2 ш.м., бассейн (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 132,2 ш.м., компрессор (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 367,5 ш.м., сорғы (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 148,8 ш.м., тиісті бөлінетін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 1,7600 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне фунционалдық байланыста, орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар қ., Рысқұлов к-сі, 163-үй. Бастапқы баға – 58 405 000 теңге (елу сегіз миллион төрт жүз бес мың). Лот №2 – Əмбебап дүкен (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 5942,0 ш.м., отындық (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 128,6 ш.м., трансформатор (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 47 ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 433,3 ш.м., тиісті бөлінетін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 0,8791 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне функционалдық байланыста, сондай-ақ: қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003-896), жалпы алаңы 51, ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003-896), жалпы алаңы 127,0 ш.м., тиісті бөлінбейтін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03-057-003-896), жалпы алаңы 0,0526 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне функционалдық байланыста, орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар қ., Қонаев д-лы, 84. Бастапқы баға – 398 630 000 теңге (үш жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз отыз мың). Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚтың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенімді өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2013 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2013 жылғы 19 ақпанда сағат 10.00-де мына мекен-жайда болады: Алматы облысы, Талғар қ., Тəжібаев к-сі, 4. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бахытжан Сенбекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ 406010011286000046, БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, КБЕ 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57.
Қайталама ашық тендер туралы хабарландыру
«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сəуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 105-тармағының 1-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Нур-Ойл Актау» ЖШС-нен қысқа арналған кеме жанар майымен қамтамас ету жөніндегі қызметін сатып алу келісім-шартына тұрғанын хабарлайды. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора с ТОО “Нур-Ойл Актау” по поставке зимнего судового топлива, в соответствии с подпунктом 1, пункта 105, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «TAMIZ INVEST GROUP» АҚ-ты оңалту жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36, 3-қабат.
Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астаны возбуждено дело о применении реабилитационной процедуры в отношении АО «TAMIZ INVEST GROUP». Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.
Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: ТҮЗЕТУ 1. 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 39-42 санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басмемлекеттік лауазымдарына орналасу конкур«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған қармасында бас маман-заңгер-кеңесшісі (С-Rсы туралы хабарландыру жарамсыз деп саналхабарландыруда: 4) бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарына сын. ХV. Қазақстан Республикасы Денсаулық орналасу конкурсы туралы хабарландыру жа3. 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 39-42 сақтау министрлігі Мемлекеттік санитаррамсыз деп саналсын. (27981) «Егемен Қазақстан» газетінде жалық-эпидемиологиялық кадағалау комите2. 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 48 «Егерияланған хабарландыруда: тінің Ақмола облысы бойынша депармен Қазақстан» газетінде жарияланған хаҚазақстан Республикасы Денсаулық таменті: барландыруда: сақтау министрлігінің Медициналық жəАқкөл ауданы бойынша мемлекеттік саниХVІІІ. Қазақстан Республикасы Денсауне фармацевтикалық қызметті бақылау тарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарлық сақтау министрлігі Мемлекеттік саникомитетінің Алматы облысы бойынша масында бас маман-заңгер-кеңесшісі (С-R-4); тарлық-эпидемиологиялық кадағалау коДепартаментінің директоры – Алматы Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік санимитетінің Павлодар облысы бойынша деоблы сының, бас мемлекеттік фармацевтарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарпартаменті: ти калық инспекторы (С-О-1, 1 бірлік, 15масында бас маман-заңгер-кеңесшісі (С-R-4); Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік 01-3); Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік сасанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау «жоғары фармацевтикалық білімі болғанда» нитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басбасқармасында эпидемиологиялық бөлімінің деген сөзден кейін 3-абзац «немесе Алматы қармасында жалпы эпидемиология бойынша бас маманы (С-R-4) жəне санитарлық-гиоблысының медициналық қызмет көрсету сабас маманы (С-R-4); гиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы (Сласын бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инсЕңбекшілдер ауданы бойынша мемлекеттік R-4); пекторы жоғары медициналық білімі болсанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басЕртіс ауданы бойынша мемлекеттік саниғанда» деген сөздермен толықтырылсын. қармасында жалпы эпидемиология бойынша тарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқар«Жоғары фармацевтикалық» деген сөзден жетекші маманы (С-R-5); масында құқықтық мəселелер бойынша жекейін 5-абзац «немесе медициналық білім;» Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік текші маманы (С-R-5) бос əкімшілік деген сөздермен толықтырылсын.
Ақпараттық хабарлама Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылдың 26 ақпанында сағат 11.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысанын мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізетіндігін хабарлайды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14. Тендерге шығарылады: «Астана қаласы бойынша салық департаменті» ММ балансында тұрған банктік операцияларды жүзеге асыру үшін үй-жайы, Астана қаласы, Жұбанов к-сі, 16-үй мекен-жайында орналасқан, жалпы көлемі 25,8 ш.м. (пайдалы көлемі - 23,8 ш.м., қосымша көлемі - 2,0 ш.м.). Бастапқы жалдау ақысы айына – 62 803 теңге. Мүлікті жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге есептеулер, нысанға қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді жалдаушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа да қызметтерге төлейді немесе баланс ұстаушымен келісім-шарт бойынша. Мүлікті жалға беру шартын жасасу мерзімі, баланс ұстаушының келісімі бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. Тендердің талаптары: 1. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалдау ақысы бойынша ұсыныстар; 2. Жалға берілетін нысанның тиісті техникалық пайдалану жағдайда бүтіндігін сақтауын қамтамасыз ету; 3. Жалға алу кезеңінде үй-жайдың пайдалану бейінін сақтау; 4. Тендерге қатысушы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болуы тиіс; 5. Банк үй-жайының жұмыс уақыты баланс ұстаушының жұмыс уақытына сəйкес болуы тиіс. 6. Қызмет көрсететін терезелер саны 4-тен кем болмауы керек.
9
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Тендердің жеңімпазын таңдау өлшемдері. Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Тендерді өткізу ережелері: Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады. Тендердің қатысушысы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шартын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарты бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық төлеушi куəлiгiнiң көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзi-
лiмiнен үзiндi көшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi көшiрменi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда); 5) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 6) өтiнiш беру сəтiне салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын беруi қажет. Тендерге қатысу үшін тілек білдіргендерден өтініштерді қабылдау жəне оларды тіркеу құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда ғана жүргізіледі. Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де аяқталады. Кепілді жарна мөлшері – 25 122 теңге. Кепілді жарналар Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің – БСК KZ880705012170181006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340010824, ҚР ҚМ Қазынашылық комитет банкі, ТБЖ-171, ММ коды 2170181 есептік шотына енгізіледі. Тендердің өткізілуі, тендерге қатысу үшін өтінімдер мен тендерлік құжаттамалардың топтамасын қабылдауы мына мекен-жайда жүргізіледі: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй, № 2 бөлме. Құжаттарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады. Тендердің өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 32-73-23, 32-77-57.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу бойынша қайталама ашық тендер өткізу туралы хабарлайды. Аталған лоттар бойынша тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін серіктестік бөлген сома құрайды: 1. Лот: Изоляторлар 15 188 500 теңге сомаға ҚҚС-мен 2. Лот: Жоғары вольтті жабдық 340 597 700 теңге сомаға ҚҚС-мен 3. Лот: Кабельдік-өткізгіш өнім 222 652 300 теңге сомаға ҚҚС-мен Сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың жəне қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Материалдық, қаржылық ресурстар Шымкент қ., Энергетиктер к-сі, 1 мекен-жайына жеткізілуі тиіс. Тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді жеткізудің талап етілетін мерзімі 30.12.2013 жылға дейін. Тендерге тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді табиғи монополия субъектілері сатып алу Ережесінің 2-тарауында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі, оларға шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1467 қаулысымен бекітілген реттелетін қызметтерге тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларын бекіту кезінде ескерілетін болады. Тендерлік құжаттама топтамасын 11.02.2013 ж. қоса есептегенге дейінгі мерзімде мына мекенжайдан алуға болады: Шымкент қ., Энергетиктер к-сі, 1, жабдықтау бөлімі, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, əлеуетті жеткізуші тендерлік құжаттамаға төлем туралы құжатты тапсырғаннан кейін. Тендерлік құжаттама топтамасының құны 1000 (бір мың) теңге құрайды жəне мына шотқа енгізіледі KZ939 98STB 00000 97421, TSESKZKA, СТН 582100249565, «ЦеснаБанк» АҚ-тың Шымкент қаласындағы ОҚФ немесе «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС кассасына. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер өндіретін кіші кəсіпкерлік пен ұйымдардың субъектілеріне тендерлік құжаттама тегін беріледі. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ға мына мекен-жай бойынша тапсырады (жібереді): Шымкент қ., Энергетиктер к-сі, 1, 2-қабат, ЦСМТС бөлімі. Тендерлік өтінімдер тапсырудың түпкілікті мерзімі 12.02.2013 ж. сағат 13.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия 12.02.2013 ж. сағат 15.00-де мына мекен-жай бойынша ашады: Шымкент қ., Энергетиктер к-сі, 1, техникалық директордың бөлмесі. Əлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін, тауарларын жəне жұмыстарын тұтынушылар тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өткізетін тендерге байқаушылар ретінде қатысуға құқылы. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7252) 97-34-96. Толтыруға міндетті сауалнамаларды жəне ұсыныстарды мына e-mail-ға жіберу керек: urzadaojt@mail.ru
Объявление о повтороном открытом тендере
ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» объявляет о проведении повторного открытого тендера по закупке товаров, работ и услуг. Сумма, выделеная товариществом для осуществления закупок товаров, работ и услуг по данным лотам составляет: 1. Лот: Изоляторы на сумму 15 188 500 тенге с НДС 2. Лот: Высоковольтное оборудование на сумму 340 597 700 тенге с НДС 3. Лот: Кабельно-проводниковая продукция на сумму 222 652 300 тенге с НДС Полный перечень закупаемых материальных, финансовых ресурсов и услуг, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Материальные, финансовые ресурсы должны быть доставлены по адресу г. Шымкент, ул. Энергетиков, 1. Требуемый срок поставки товаров, работ и услуг до 30.12.2013 г. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в главе 2 Правил закупок субъектами естественных монополий товаров, работ и услуг, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1467. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.02.2013 г. включительно, по адресу г.Шымкент, ул. Энергетиков, 1, отдел снабжения, с 9.00 до 17.30 часов, после представления потенциальным поставщиком документа об оплате тендерной документации. Стоимость пакета тендерной документации составляет 1000 (одна тысяча) тенге и вносится на счет KZ939 98STB 00000 97421, TSESKZKA, РНН 582100249565, ЮКФ АО «ЦеснаБанк» г. Шымкент или в кассу ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» Субъектам малого предпринимательства и организациям, производящим товары, работы и услуги, создаваемые общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, тендерная документация предоставляется бесплатно. Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, представляются (направляются) потенциальными поставщиками в ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» по адресу: г. Шымкент, ул. Энергетиков, 1, 2-этаж отдел ЦСМТС. Окончательный срок представления тендерных заявок до 13.00 час., 12.02.2013 г. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться тендерной комиссией в 15.00 час. 12.02.2013 г., по следующему адресу: г.Шымкент, ул. Энергетиков, 1, кабинет технического директора. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Потребители услуг, товаров и работ субъекта естественной монополии вправе участвовать в качестве наблюдателей в проводимом в ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» тендере по закупке товаров работ и услуг. Дополнительную информацию и справки можно получить по телефону: 8(7252) 97-34-96. Анкеты, обязательные для заполнения и предложения высылать на e-mail: urzadaojt@ mail.ru
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры «Жергілікті қоғамдастықты дамыту жəне Қазақстанды əлеуметтік модернизациялау» тақырыбына арналған Əлеуметтік идеялар мен жобалардың 9-шы республикалық жəрмеңкесін өткізеді. Əлеуметтік идеялар мен жобалар жəрмеңкесінің шеңберінде конкурс өткізіледі. Конкурс жеңімпаздарының жобаларын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры қаржыландырады. Қатысуға жаңаша инновациялық идеялары мен жобалары бар коммерциялық емес ұйымдар шақырылады! Конкурстың шарттары туралы толық ақпаратты www.fpp.kz сайтынан жəне мына байланыс телефондарынан алуға болады: 70-05-27, 70-04-17.
«Бағалы қағаздарды тіркеу системасы» АҚ (Алматы қ., Астана ш.а., 8-а) қоғамның Директорлар кеңесі ірі мəміле жасау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды
АО «Регистраторская система ценных бумаг» (г.Алматы, мкр.Астана, 8-а) информирует о том, что Советом директоров общества принято решение о заключении крупной сделки.
«Uni S Credit» микрокредиттеу ұйымы» ЖШС мекен-жайының ауысқандығы туралы хабардар етеді. Біздің жаңа заңдық жəне пошталық мекен-жайымыз: Алматы қ., Абай д-лы, 24-үй, 5-офис, индекс 050013.
Мустафа Чапканның атына тіркеліп, 31.05.12 ж. №0021825 нөмірімен ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 01.02.2013 жылғы сағат 15.00-де Шымкент қ., Энергетиктер к-сі, 1 мекен-жайында тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу бойынша ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Лоттар бойынша: 1. Лот: Изоляторлар 2. Лот: Жоғары вольтті жабдық 3. Лот: Кабельдік-өткізгіш өнім Ашық тендер болмады деп танылды, қайталама тендер жарияланды. Лоттар бойынша: 1. Лот: Төменгі вольтті материалдар 2. Лот: Есепке алу жəне өлшеу құралдарының жиынтықтаушы материалдарының жабдығы 3. Лот: Трансформатор майы 4. Лот: Кабельдік өнімге қосушы жəне жиынтықтаушы 5. Лот: Құрылыс материалдары 6. Лот: Металл прокаты 7. Лот: Пайдалану материалдары 8. Лот: Қосалқы материалдар 9. Лот: Аспаптық өнім жəне релелік қорғаныш жəне автоматика материалдар (РҚА) 10. Лот: Электронды материалдар 11. Лот: Ұйымдастыру ісі техникасы 12. Лот: Электр беру əуе желілерінің материалдары мен жабдығы 13. Лот: Кеңсе тауарлары 14. Лот: Қорғаныш құралдары 15. Лот: Ұйымдастыру ісі техникасына арналған шығын материалдары 16. Лот: Жанар-жағармай материалдары
17. Лот: Сұйытылған газ 18. Лот: Автошиналар 19. Лот: Автоқосалқы бөлшектер 20. Лот: Нысандарды күзету 21. Лот: Сайрам ауданындағы Күмісбұлақ ҚС 35/10 кВ-ға дейінгі Л-63, Л-64-тен дəнекерлеудің екі тізбекті ƏЖ-35 кВ құрылысына жобалау-смета құжаттамасын əзірлеу жəне жобалауіздестіру жұмыстарын орындау 22. Лот: Шымкент қ, Қаражол-2ш/а, 0,4-10 кВ электр желілерінің құрылысына жобалау-смета құжаттамасын əзірлеу жəне жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау 23. Лот: ОҚО бойынша СИП-ті қолдана отырып, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның ƏЖ-10 кВ жаңғыртуға жобалау-смета құжаттамасын əзірлеу жəне жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау 24. Лот: ОҚО бойынша СИП-ті қолдана отырып «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның ƏЖ-0,4 кВ жаңғыртуға жобалау-смета құжаттамасын əзірлеу жəне жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, сомаға. Ашық тендер əлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерінің болмауына байланысты өткізілмеді. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7252) 97-34-96.
ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» объявляет итоги открытого тендера по закупке товаров, работ и услуг проведенного 01.02.2013 года в 15.00 часов в г. Шымкент, ул. Энергетиков, 1.
По лотам: 1. Лот: Изоляторы 2. Лот: Высоковольтное оборудование 3. Лот: Кабельно-проводниковая продукция Открытый тендер признан не состоявшимся объявлен повторный тендер По лотам: 1. Лот: Низковольтные материалы 2. Лот: Оборудования о комплектующие материалы средств учета и измерения 3. Лот: Трансформаторное масло 4. Лот: Соединительные и комплектующие к кабельной продукции 5. Лот: Строительные материалы 6. Лот: Металлопрокат 7. Лот: Эксплуатационные материалы 8. Лот: Вспомогательные материалы 9. Лот: Приборная продукция и материалы релейной защиты и автоматики (РЗА) 10. Лот: Электронные материалы 11. Лот: Оргтехника 12. Лот: Материалы и оборудования воздушных линий электро-передач 13. Лот: Канцелярские товары 14. Лот: Защитные средства 15. Лот: Расходные материалы для оргтехники 16. Лот: Горюче смазочные материалы 17. Лот: Газ сжиженный
18. Лот: Автошины 19. Лот: Автозапчасти 20. Лот: Охрана объектов 21. Лот: Выполнение проектноизыскательных работ и подготовка проектно-сметной документации на строительство двухцепной ВЛ-35 кВ отпайка от Л-63, Л-64 до ПС 35/10 кВ Кумыш-булак в Сайрамском районе 22. Лот: Выполнения проектноизыскательных работ и подготовка проектно-сметной документации на строительство электрических сетей 0,4-10 кВ мкр. Каражол-2 г. Шымкент 23. Лот: Выполнения проектноизыскательных работ и подготовка проектно-сметной документации на реконструкцию ВЛ-10 кВ ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» с применением СИП по ЮКО 24. Лот: Выполнения проектноизыскательных работ и подготовка проектно-сметной документации на реконструкцию ВЛ-0,4 кВ ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» с применением СИП по ЮКО. на сумму Открытый тендер не состоялся в связи с отсутствием тендерных заявок потенциальных поставщиков. Дополнительную информацию можно получить по тел: 8 7252 97 34 96.
«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сəуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 105-тармағының 1-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «СОСКазахстан» ЖШС-нен медициналық жедел жəрдем қызметін сатып алу келісім-шартына тұрғанын хабарлайды. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора с ТОО «СОС-Казахстан» по предоставлению услуг экстренной медицинской помощи, в соответствии с подпунктом 1, пункта 105, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.
Еске алу
Нўрєа толы бейнеѕді жадымызда саќтаймыз Мен бұл дүниенің жалған, адам баласының өмірге қонақ екендігін түсінемін. Бірақ оның шын жалғандығын анамыз Назым Қажығалиқызы Қажығалиевадан күтпеген жерден айырылып қалғанда анық мойындадық. «Жалғанай!» деп күрсінген сайын, анамыздың жадыраған жаздай күлімсіреген бейнесі көз алдыма жиі келеді. Қиыншылықта жанымызға жалау болып сүйенішімізге айналған асқар таудай анашым! Өзіңмен өткізген күндердің əрбір сəті мен үшін өте қымбат. Аңқылдаған көңілің əрқашан жаныңдағыларға жақсылықтың, ізгіліктің нұрын шашып тұратын. Кімге болса да кеңпейіліңмен ақылыңды айтып, жақсы-
лық жасауға жаның құмар еді-ау, анашым. Ал енді, адамгершілік қасиеттерге толы асыл бейнеңді ортамызда өзің жоқ болсаң да ешкім ұмытпайды. Өзіңді ренжіткендерге де кешіріммен қарап, қашан да қиналғандарға көмек беруге асығатын мейірімділігіңді естен шығармаймыз. Кез келген ортада өзіңді еркін сезінетін едің-ау. Сенің сабырлы əрі ұстамды қасиетіңді біз əркез мақтан тұтатынбыз. Өзіңсіз өткен бір жыл да сырғып өте шықты. Асыл анашым, бəріміз сенің нұрға толы бейнеңді əрдайым жадымызда сақтаймыз. Еске алушылар: қызыңыз Лаура жəне Сариевтер əулеті.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жəне прокуратура органдары ардагерлерінің республикалық одағы прокуратура ардагері жəне құрметті қызметкері, 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі Ақаш Қоңырұлы Əбдірахманға зайыбы Кабира ШАЙМУЛОВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Мұнай жəне газ министрлігі Мұнай өнеркəсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Сағындықұлы Құлмырзинге əкесі Сағындық ҚҰЛМЫРЗИННІҢ өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта, топырағы торқа болсын. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ұжымы Қарағанды облысы статистика департаментінің бастығы Еркен Серікұлы ЫСҚАҚОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК басшылығы мен ұжымы «Қарағанды облысы статистика департаменті» ММ бастығы Еркен Серікұлы ЫСҚАҚОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
10
www.egemen.kz
5 ақпан 2013 жыл
Өшпес даңқ
Қаз-қалпында
Кґршіѕіз кім? Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Біз оны Женя дейміз. Ауламыздағы ең ақкөңіл адам да, сірə, осы ұзын бойлы ақсары жігіт ағасы шығар. Қараторғайдың ұясындай кеудеңді қысқан пəтерден бас сауғалап, есіктің алдындағы орындыққа отырсам, автотұраққа көлігін «қаңтарып» келе жатқан ол анадай жерден қол бұлғап, аңқылдай амандасады. Кісілер, əдетте, амандасқан соң көп аялдамай өтіп кетеді ғой, ал ол қол алысып, хал-жағдай сұраспайынша көңілі көншімейді. Жəне өзімсінгендей қасыңа жалп етіп отыра кетіп, ертелі бері қайда барғанын, не істегенін тəптіштей бастайды. Біраз болды, біздің Жекең шағын дүкен ашудың шаруасымен əуре болып жүр. «Əуре болып» дегенде, тоңмойын шенеуніктердің кедергілеріне тап болып, қиналып жүрген жоқ, жеке игіліктің ісімен де шаршаудың бір рахаты бар емес пе, оныкі – сол. Жақын жердегі көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан пəтер сатып алып, соны əйелі екеуі балалар киімін сататын дүкенге айналдырды. Женяның отбасының көп күні соны жөндеп, əрлеудің сарсаңымен өтті. Ал матыдағы автосалоннан су жаңа «джип» машинасын сатып алып келген күнгі қуанышын тəптіштемесек, енді, міне, сол
Ерлік ўмытылмайды Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қалалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен Сталинград шайқасының 70 жылдығына арналған шара өтті. Оған Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ қаладағы мектеп оқушылары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Мұқамеджан Таласов өз сөзінде сол бір сұрапыл соғыс жылдарында ардагерлердің əлемді өте қауіпті жантүршігерлік апаттан алып қалғандықтарын, жер шарында мұндай алапат соғыстың бұрын болмағанын, сондықтан, бүгінгі жас буынға Ұлы Отан соғысы кезінде жасалған ерлік əрқашан үлгі-өнеге болып қалатындығын жеткізді. Сталинград түбіндегі шайқас Ұлы Отан соғысы кезіндегі аса ірі шайқастардың бірі болды. 1943 жылдың 2 ақпанындағы бұл шайқас тарих қойнауына əйгілі жеңіс болып енді. Оның нəтижесі екінші дүниежүзілік соғысты түбірінен өгертті. Басқыншыларды Кеңес Одағының аумағынан жаппай қуу басталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда 50 əскери бөлім мен 25 құрылым жасақталды. Қазақстандық жасақтардың үштен бірі Сталинград шайқасына қатысты. Олардың арасында ақмолалық ардагер Қоңдыбай Жексембаев та болды. Ол 359 Қызыл тулы атқыштар полкі, 50 атқыштар дивизиясы, 8 армияның құрамында пулеметшілер взводын басқарды, I-II дəрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. – Осындай кездесулерге қатысқан жастар Ұлы Отан соғысы туралы нақты мəліметтер алып, ардагер аталарының батырлығына сүйсінетін болады. Ал, бұл жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіруге өз септігін тигізері анық, – деді ардагер ата өз сөзінде. ––––––––––––– Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.
Сақтансаң – сақтайды
Ќўтыру Толқын ӨМІРБАЕВА,
Жамбыл облысы əкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.
Тараз қаласында Ден сау лық сақтау министрлігі Мемлекеттік сан эпидқадағалау ко ми те ті нің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Құтыру індетінің клиникасы, диагностикасы жəне алдын алу шаралары» атты облыстық семинар өткізілді. Оның барысында құтыру індетінің алдын алуға қатысты мəселелер жан-жақты талқыланды. Құтыру індеті – жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі. Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Мұхтар
балалар киімдеріне арналған дүке нінің жұмысын тиянақтап, алғашқы сауда-саттықтарына да кірісіп кетті. Оқырмандар ойлап отырған шығар, Женя деп «желпілдетіп» отырғаны, бір дөкей кəсіпкердің еркесі шығар деп. Жоқ, қайдағы, Жекеңнің мамандығы кəдімгі дəнекерлеуші. Тоқсаныншы жылдардың соңына қарай қыр ғыздардың Киров су қоймасының жағасынан салынған жағажайда құрылысшы дəнекерлеуші болып жұмыс істеп жүретін. Одан кейін химия зауытына ауысты. Женямен əңгімелесу көршілерге де ұнайды. Оның аузын ашса жүрегі көрінетін ақ көңілділігін білетін бір көрші: – Жеке, Санкт-Петербургтегі қызыңа айтшы, біз жақында сол жаққа барғалы отырмыз. Эрмитажды аралатып, Қысқы сарайды көрсетсін. Нева бойын жағалатсын. Əйтпесе, кім біледі, бөтен қала, танымайтын адамдар, – дейді жорта күмілжіп. Женяның аспан түстес көзі күлімдеп, екі езуі екі жағына жайыла түседі. – Жоқ, ол жақта ешкім тиіспейді. Мен жақында барып қайттым. Көшеде келе жатсам, алдымда «Алға, Қазақстан!» деген жазуы бар футболка киген бір қазақ жігіті кетіп бара жатыр. «Қайдансың?» десем, «Алматыданмын» дейді. Сіздер қашан барасыздар? – Құдай қаласа, келесі жылы
деп отырмыз. – Онда уақыт бар екен. Білесіз бе, Санкт-Петербургте Жамбылдың көшесі мен ескерткіші бар. Мен қасына суретке түстім. Женя Қазақстанға кезінде Алтай өңірінен көшіп келген. Ресейдің Кемеров облысын жиі есіне алады. Қазақтан шыққан губернатор Аман Төлеевті қатты құрметтейтіндердің бірі. Бірде Женя жүргізушілік куəлігін көрсетіп, желпініп отырғанда, оның ата-тегінің «Шкедов» екенін байқап қалдым: – Оу, Жеке, мынау орысша фамилияға ұқсамайды ғой. – Дұрыс айтасыз. Мұндай атыжөндер поляктарда кездеседі. Ертеректе қуғын-сүргін көрген поляктардың бір парасы Алтай барып тұрақтаса керек. Осыдан бес-алты жыл бұрын болар, мені Жекеңнің қатты «қорқытқаны» да бар. Əдеттегідей ауладағы орындықта əңгіме-дүкен құрып отырғанбыз. – Алтайға көшем-ау деймін, – дейді Жекең ай-шай жоқ. Түріне қарасам, күйкі тірліктен əбден қажыған адам. Қазаққа тəн қалпы бар, жайдары Женяның ол жақта көршілерін сағынып көңілі бұдан да жаман құлазитынын ойлап: – Қой, олай деме. Бұл жақта кімнен жамандық көріп отырсың? – дегенмін. – Жə, мына өнбейтін тірлік шаршатып жіберді.
Шынында ол бір Женяның жұмысы жүрмей, табысы өнбей, кейде «сілтеңкіреп» те қоятын кезі еді. Сондықтан сабырға шақыруға тура келді. – Ол жақтағылар жетісіп жүр дейсің бе? Əне, кезінде Германияға, Ресейге көшіп кеткендер қайта оралып жатыр. Тіпті, көршілерімен жылап көрісуде. Сен де солар құсап ары-бері сандалмай тұрғаныңда өзіңді өзің қолға ал, шаруаңды түзе. Евгений үндеген жоқ. Енді, міне, сол Женя-Жекең көршілері мінбеген «темір тұлпарды» мініп, көршілерінің түсіне кірмеген шағын дүкеннің қожайыны болып шыға келді. Бірде теледидардан Елбасының: «Мен халқымның қолында үш кілті – пəтерінің, мəшинесінің жəне жеке меншік кəсіпорнының кілті болғанын армандаймын», деген сөзін естіп едім. Біздің Жекең Елбасының сол арманына қол жеткізген қазақстандықтардың бірі. Елдегі ауызбірліктің, татулықтың, тыныштық пен беймарал тіршіліктің жəне ақ-адал еңбегінің арқасы, əрине. Бір қызығы, дүние бітсе де Евгенийдің мінезі сол қалпы. Көлігін «қаңтара» салады да көршілерге сəлемдесіп, қайда барғанын, не істегенін ежелгі əдетімен тəптіштей бастайды. Өз басым əлі күнге дейін мұндай елгезек, мұндай ақжарқын көршіні кездестірмеппін. Шіркін, қазақстандықтардың бəрі біздің Женя-Жекеңдей болса ғой. Айтпақшы, сіздің көршіңіз кім? ТАРАЗ.
Спорт
Ќазаќстан – ќола жїлдегер!
– ґлімге əкелетін аса ќауіпті жўќпалы ауру Сер жановтың айтуынша, 20062010 жылдарда Қазақстанда 39 науқас құтыру індетінен қайтыс болған. Олардың дені ересек адамдар. Ал, 2012 жылы Тараз қаласында бір адамның құтырудан қайтыс болғаны тіркелген. Жоғарыда атқанымыздай, құтыру – жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті инфекциялық ауру. Ол адамға ауру жануар тістегенде, тырнағанда немесе жарақаттанған жерге сілекейі тигенде жұғады. Бұл қауіпті індетпен күресу үшін, індет көзі болып табылатын аңдарды жою жəне үй жануарларына уақытылы құтыруға қарсы профилактикалық егу жасату керек. Семинарға қатысушылар осы жағын ескерте отырып, 2011 жылы Жамбыл облысы бойынша құтырумен ауыратын 75 ірі қара мал анықталғанын еске салды.
Оның 45 пайызы Мойынқұм ауданына тиесілі. Мұнда түлкі, қасқыр өлекселері табылған, мінезі өзгерген аңдар анықталған болатын. Құтыру терапиясының тиімді əдісі əлі жоқ. Сондықтан, бұл аурудан арашалап қалатын жалғыз жол – құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық егу шаралары. 2011 жылы 1578 адамға құтыруға қарсы егу жасалса, 2012 жылы 1665 адам осы мүмкіндікті пайдаланған. «Құтырудың болжамы жағымсыз. Құтырудан толық жазылу туралы мəліметтер жоқ», – дейді №1 қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Олег Шаюнусов. Кез келген жануар тістегенде не тырнағанда, міндетті түрде дəрігерге қаралу керек. Егер жануар ауру болса, əр минуттың өзі шешуші рөл атқарады.
д ю т отоэ
Ф
Жексенбі күні елімізге Скандинавия түбегінен қуанышты хабар келіп жетті.
Осы күні Швеция мен Норвегияда допты хоккейден өткен XXXIII əлем чемпионатында Рауан Есəлиев бастаған Қазақстан құрамасы жартылай финалдық кездесуде Финляндия командасын 6:3 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды. Бұл – біздің елдің бендиден алған төртінші қола медалі. Бұған дейін
де отандастарымыз 2003, 2005 жəне 2012 жылдары үшінші орынды алғаны белгілі. Енді, міне, тағы да Суоми елінің командасымен жартылай финалда кездесіп, оны тағы да ұттық. Былтыр ұлттық құрамамыз Алматыда өткен əлем чемпионатында Финляндия командасын жартылай финалда 10:5 есебімен жеңгенін білеміз. Сол кезде Ресей мен Швецияның арасында өткен финал 5:4 есебімен аяқталса, осы жолы да солтүстіктегі көршілеріміз Скандинавия түбегінің өкілдерінен 4:3 есебімен басым түсті. Сөйтіп, Ресей құрамасы 1991 жылдан бергі кезді есептегенде 7 рет, ал КСРО жеңістерін есепке алғанда 21 рет əлем чемпионы атанды. Ал, финалда Ресейден ұтылған Швеция 10 дүркін əлем чемпионы болса да финалға ең көп қатысқан команда болып саналады. Олар осымен 15 рет күміс жүлдеге ие болып отыр. Бұл жағынан Ресейдің күміс медаль жағынан көрсеткіші, тіпті, КСРО-ны есепке алғанның өзінде шведтерге жетпейді. Əлем чемпионатында ең көп қола жүлде алған команда Финляндия десек, ол 19 рет үшінші орын үшін таласта қарсыластарын жеңген. Бір рет 2004 жылы финалда Швецияны ұтып, əлем чемпионы атанған. Ал, біздің ел əлем чемпионатына қатыса бастаған 1995 жылдан бері осымен төртінші рет қола жүлдені иеленіп отыр. Биылғы чемпионатта Қазақстан құрамасы «А» тобындағы кездесуде Ресейден 4:6, Швециядан 2:9 есебімен ұтылса, Норвегияны 10:1, Беларусьті 14:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Ресейден 2:8 есебімен есе жіберсе, үшінші орын үшін ойында Финляндиядан 6:3 есебімен басым түсті. Қорытынды нəтижесі – 3 жеңіс, 2 жеңіліс жəне доп айырмасы 38-20. Біздің құрамада Вячеслав Бронников ең көп доп соқты. Ол қарсыластар қақпасын 12 рет дəл көздесе, Сергей Почкунов 8 рет допты қақпаға тоғытты. Ал чемпионатта ең көп голдың авторы болып швециялық Патрик Нильсен атанды. Ол 21 доп соқты. Одан кейінгі орында 16 рет қақпашы жерге қаратқан ресейлік Игорь Ларионов тұрса, үшінші болып мергендер көшінде біздің Бронников сияқты 12 доптан соққан ресейлік Евгений Иванушкин мен швециялық Даниэль Андерссон келеді. Биылғы чемпионатта «А» тобында соңғы орында қалып қойған Беларусь құрамасы келесі жылғы жарыста «В» тобында ойнайтын болады. Ал, оның орнын «В» тобының жеңімпазы атанған АҚШ хоккейшілері басады.
Бўл жолы да ширек финалдамыз Қазақстанның ерлер құрамасы тағы да отандастарын қуантты. Жексенбі күні Диас Досқараев басқаратын құрама командамыз Австрия теннисшілерін үш күнгі нəтижені санағанда 3:1 есебімен ұтып, Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.
Бұл сында біздің жігіттер қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермеді. Бірінші күні Андрей Голубев пен Евгений Королев австрия лық Андреас Хайдер-Маурер мен Юрген Мельцерді ұтса, үшінші күні Голубев бір өзі кездесудің соңғы нүктесін қойды. Осы кездесуде Мельцер алғашқы сеттің үш геймін өз пайдасына шешсе де (4:6), одан кейінгі сеттерде Голубевтен айласын асыра
Меншік иесі:
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР
алмады. Ал, қазақстандық теннисші болса, екінші сеттен бастап күш-жігерін жанып, тордың арғы жағындағы қарсыласын біраз жүгіртті. Ол Юрген Мельцерден екінші сетте 6:3, үшіншісінде 6:4, ал соңғы сетте 6:2 есебімен басым түсті. Осыдан кейін Австрия құрамасы бесінші ойыннан бас тартты. Енді команда капитаны Диас Досқараев басқаратын Қазақстан құрамасы ширек финалда Чехиямен кездеседі. Бұл командамен біз 2011 жылы кездескенбіз. Сол кезде Дэвис кубогының 1/8 финалында чехтарды өз жерінде ұтып, ширек финалда Аргентина командасымен күш сынасқан болатынбыз. Бұл жолы чехтар сол жылы кеткен есені қайтаруға тырысатыны сөзсіз. Оған ешқандай күмəн жоқ. Олар сырт алаңда Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алып отыр.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.
БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru
А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.
Чехиямен кездесу 5-7 сəуір күндері өтеді. Əзірше оның өтетін орны белгісіз. Бізге салсаңыз, ширек финалдық матчтың Астанада өткені жақсы. Өйткені, өз елімізде өтсе, теннисшілеріміз жанкүйерлердің қолдауына ие болып, қарсыластарына есе жібермеуге барынша тырысып бағатыны сөзсіз. Сол кезге қарай еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин де құрамаға қайта қосылатын болады. Біздің құрамадан басқа, ширек финалда Испанияны 3:2 есебімен жеңген Канада Хорватияны дəл осындай есеппен ұтқан Италиямен, Франция Аргентинамен жəне Сербия АҚШ немесе Бразилия командасының біреуімен кездеседі. Франция мен Аргентина Израиль мен Германияны бірдей 5:0 есебімен ұтты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.
Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.
Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №163 ek