ҚАЗАҚ ҰСТАЗЫ “Қазақ ұстазы” журналы - мұғалімнің тиімді жұмысы үшін үздік идеялар, әдістемелер, психология, қазіргі технологиялар, педагогикалық табыстар туралы ғылыми-инновациялық ізденістерге арналған.
« ҚАЗАҚ ҰСТАЗЫ » журналы - мұғалімнің тиімді жұмысы үшін үздік идеялар, әдістемелер, психология, қазіргі технологиялар, педагогикалық табыстар туралы ғылыми-инновациялық ізденістерге арналған. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНДЕ
26.12.2013 ж. тіркеліп, № 14063-ж куәлігі берілген. Тарату аумағы: Қазақстан Респбуликасы
РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА БАС РЕДАКТОР Лариса АЛДАБЕРГЕНОВА
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Сабыр АБИЛКАРИМОВ
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ Лида БУКЕШОВА
ТІЛШІЛЕР Асхат РАЙҚҰЛ Есет ДОСАЛЫ Нұрсұлу ЗҰЛПЫҚАРОВА
ДИЗАЙНЕР Абдырахим АБДИБАЕВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН -ЖАЙЫ: 010000. Астана қаласы, Республика даңғылы 28, 326 “А” тел: +7 775 159 53 58, +7 771 1613896 Электрондық пошта: Qazaq_alemi@mail.ru Таралымы: 1000 дана. Басуға 01.2014 ж. қол қойылды. Пішімі Офсетті басылым. Журнал Журн «Салық тәртібі» редакциясында басылып шықты. Мекен-жайы: МекенТараз қаласы, Төле би 36 «Б»
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор. САЙЛАУ БАТЫРШАҰЛЫ, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, ҚР дипломатиялық қызметінің қайраткері. ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. МАРЖАН ПРІМБЕТОВА, Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің доценті. МҰХАММЕТ- РАХЫМ ҚҰРСАБАЕВ, «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры. НҰРАЛЫ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, Interactiv Kazakhstan компаниясының директоры. АЙТЖАН ШАЯХМЕТОВА, Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейінің директоры.
Мазмұны
4 ҰЛТ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА 5-6 КӨЗАЙЫМ 7 «ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ МАҒАН ДА ҚЫМБАТ» 11 ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ 13 АКАДЕМИК ӨТЕЛБАЕВ “МЫҢЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІ” ШЕШТІ 14-15 БІЛІМДІ ШАҺАР – БҰЛ ҚАЛА 16 ТӨЛЕ БИ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ 17 ХАНДАРДЫҢ ЕҢ ҚҰДІРЕТТІСІ 18 ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 23 «ЕХРО-2017 ҰСТАЗ ҺӘМ ШӘКІРТ 26 МЕРУЕРТ –ҮЗДІК МҰҒАЛІМ 27 ҚАЗАҚ ФАМИЛИЯСЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ОЙЛАР 30 ЖАҢА ТАЛАП - ЖАҢА МАҚСАТ 31 АБАЙДЫҢ ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ 33 ӘЛЕМДІ ӨЗ ТІЛІММЕН ЕСТИМІН 35 ОН БЕС ҮЙРЕМЕГЕ БАРАТЫН БАЛАЛАР ДА БАР 37 ҰСТАЗ – ҰЛЫ МАМАНДЫҚ 38-39 МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ 40 ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ 44 БІЛІМ БЕРУДІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАСАҚ 45 ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛСАҚ ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙМЫЗ 47 СЫНЫПТАН ТЫС ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
3
БАС РЕДАКТОР БАҒАНЫ
ҰЛТ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА Құрметті оқырман! 19 ғасырда бастау алған қазақ баспасөзі уақыт өткен сайын өз қорын талай жауһарлармен толықтырды. Өмірге қазақтың сойылын соғар небір азулы да адуынды басылымдар келді, әрбірі өз кезегінде ел мүддесін қорғап, өзіндік сара жолды айқындап үлгерді. Талай марқасқа зиялылар сол ортада бас қосып, қазақ болашағы үшін жан аямай еңбек те етті. Қазақ баспасөзі сонысымен құнды, сонысымен қымбат. Инновациялық дәуірдің қарыштап дамуы қазақ басылымдарының жетілуіне де өз әсерін сөзсіз тигізуде. Мерзімді басылымдар заманауи бағыт алып, технологияның жаңа үдерісімен алға ұмтылуда. Уақыт өткен сайын баспасөз саласының қоры толысып келеді. Оның тағы бір дәлелі жарыққа шығып, өз оқырмандарына жол тартқан «Қазақ ұстазы» журналы болып отыр. Аталмыш басылым бағыты - ұлт ұстаздарының мүддесі үшін қызмет етпек. Ал мақсаты халқымыз үшін жан аямай тер төккен ұлағатты, дана, күрескер, қайраткер ұстаздарымыздың өнегелі өмірі, шымыр шығармалары туралы терең мағлұмат беру. Сол данагөй данышпандарымыздың еселі еңбегін кейінгі ұрпаққа яки жас ұстаздарға аманат ету басты міндетіміз. Басылымның жаңашылдығы – әр буын арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту, бір-бірімен тәжірибе алмасуға жол ашу. Бүгінгі ең өзекті мәселелерге айналған «инновация», «жантану», «тұлғатану», «дәстүр және мәдениет» сынды бағыттарға баса көңіл
4
бөліп отыратындығымен ерекшеленеді. Республика көлемінде таралып, еліміздің барлық аймағын қамтитын журнал білім мен ғылым саласына қатысты барлық бағыттарды нысанаға алған. Жаңа инновациялық техниканың дәуірінде өмір есігін ашып отырған журналда ұлтымыздың ұстаздарына қатысты барша жаңалықтар, тың идеялар, басымды бағыттар жарияланады. Білім мен ғылымға сүбелі еңбегі сіңген азаматтармен сырласып-сұхбаттасу, сол жандардың жемісті жеңісі туралы баршамен бөлісу әрбір санның тұрақты айдарына айналмақ. Ұлағатты ұстаздардың өзіндік әдіс-тәсілдері, дәрістерде қолданылатын бағыт-бағдарламалары осы басылым арқылы жарыққа шығады. Журналдың тағы бір ерекшелігі – еліміздің білім саласының дамуына, ғылымының өркендеуіне өзіндік үлес қосу. Аталған салалардағы жетістіктерді дер кезінде елге құлағдар етіп, тың істерге бастамашы болу да журналдың басты бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі, мектеп қабырғасындағы және орта, жоғарғы оқу орындарын қамтуға тырысатын журнал әрбір көкірек көзі ояу оқырманға ортақ дүние. Қазақ баспасөзіне жаңадан қосылған ізгі ниетті осы бір журналды серік етеді деген ниеттеміз. Білімге құштар әрбір жан үшін таптырмас ақылшы, жол бастар бағытшы болатыны сөзсіз. Бас редактор Лариса АЛДАБЕРГЕНОВНА.
КӨЗАЙЫМ
МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕС СОР: – Бас шаһардан бастау алған «Қазақ ұстазы» журналы, әсіресе, оқытушылар мен мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға үлкен жаңалық болды. Әр бетінен, айдарынан тек тағылым мен әдістің, тәрбие мен тәлімнің лебі еседі. Бұдан кейінгі сандарынан да осындай жағымды, салиқалы үрдісті байқайтынымызға сенемін. «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген дана, бабаларымыз. Ендеше, «Қазақ ұстазы» да осы заманның, жиырма бірінші ғасырдың көшбасшысы басылымына, шырағына айналсын деген ниет бар. Бұл - барлық ұстаздардың, оқырманның тілегі. Журналдың үйретері де, шуағы да таусылмасын!
САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ,
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ: – Міне, ақпарат айдынына білім ордаларына арналған тағы бір басылым қосылды. Ол – ұлт ұстаздарының еселі еңбегін дәріптеп, оларды ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен «Қазақ ұстазы» атты жаңа басылым. Бұл басылымның алғашқы қадамына сәттілік һәм көп оқырман тілеймін! Әр санынан ескен ұлттық тәрбиенің, тәлімнің, білімнің, ғибраттың нұры оқырман кеудесіне дарысын. «Қазақ ұстазы» журналы көп басылымның бірі емес, бірегейі болады деп сенім артамын. Өйткені, оның ұстанымы, бағыты – ұлттық болмыс пен тәрбиені насихаттау, жұрттың таным деңгейін кеңейту, білім өрісін молайту. Ал, мұндай мақсаттағы кез келген дүниенің жолы ашық, келешегі кемел, қадамы ілгері болмақ.
ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,
ЕУРАЗИЯ ҰЛТ ТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚУ- ӘДІ СТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ НЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: – Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Біліммен ғана дамыған елу мемлекеттің қатарынан орын тептік, енді осы біліммен ғана отыздыққа енетініміз сөзсіз. Бүгінде жыл сайын салаға билік тарапынан зор қолдау білдіріліп, қомақты қаражат бөлінуде. Оқу үрдісіне жаңа технологиялар енуде. Жаңаша сабақ әдістерін қолданудамыз. Осының бәрін насихаттайтын, халыққа жеткізетін, оқырманның сенімін күшейтіп, серпінін арттыратын «Қазақ ұстазы» сынды басылымдар бізге қажет-ақ. Күні кеше жұмысын бастаған басылым ұжымы осындай іргелі істің үдесінен шығар деп ойлаймын. Қазақ өзінің тарихын жаңаша жасақтап, кешегіге төңкеріс жасауда. «Қазақ ұстазы» журналы осы бастамаға да үн қосып, ат салысып жатса, нұр үстіне нұр.
5
КӨЗАЙЫМ
САМЕТОВА ФАУЗИЯ ТӨЛЕУШАЙЫҚҚЫЗЫ, Қайнар университетінің оқу-ісі жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері:
Ізгі оқырман! – Ақиқатты танудың баспалдағы – ілім-ғылым болса, оған көтерілудің құралы адамның өз ақылсанасы. Ал сананың жетілуі – ілімге құштарлықтан шығады, оған баулитын мұғалім – Ұстаз. Ұстаз – ұлағатты ұғым. Мәртебелі мамандык. Мәртебе деген не? Абырой. Биіктік. Пәктік. Шығыс даналығы: «Бір жылыңды ойласаң – күріш ек, он жылыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылыңды ойласаң – адам тәрбиеле» дейді. Адам тәрбиесінен асқан мамандық бар ма бұл дүниеде? Жоқ-ау! Ұстаз салған жалғыз аяқ соқпақ жол ұлылыққа апаратын даңғыл жолдың басы ғана. Даңғыл жолға түскен адам ғана даналықтың
АЙТЖАН ШАЯХМЕТОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №66 МЕКТЕП -ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы – ұлттық педагогикамыздың қарыштап дамуында десек, еліміздегі білім беру мекемелерінің потенциалын көтеру басты міндеттердің бірі болып табылады.
6
ауылына ат басын тірейтіні сөзсіз. Есіктегі басыңды төрге оздыратын – білім, ілім, иба мен иман. Соншама саз алтындай сарқылмас қазынаны жылдар бойы жинақтап, шәкірттің тал бойына тамшылатып құятын да ұстаз ғой. Ұлт ұстаздарының еңбегін дәріптеуге арналған “Қазақ ұстазы” журналының кіндігі кесіліп, дүниеге келуі - жүрекжарды жаңалық. Яғни, керек журнал. Ендеше керек журналдың зерек журналға айналуына шын жүректен тілектеспін. Әр уақытта оқырманды адамгершілікке жетелейтін, білімге баулитын рухани-танымдық журналы ретінде танымал болатынына сенемін.
Сол жолда өскелең ұрпақтың жүрегіне білім мен тәрбиенің дәнін себу, бойына отансүйгіштік рухты сіңіру ол – мұғалімұстаздардың еткен еңбегінің нәтижесі, төккен терімен өлшенеді. Бүгінгі заманның ұстаздары ХХІ ғасырдың жаңашыл, бастамашыл тұлғасы болуы тиіс. Ол үшін үздіксіз ізденіс қажет. Ізденіс оқудан, тәжірибе жинақтаудан, біліктілігін арттырудан туындайды. Осындайда республика ұстаздарының басын біріктіретін басылымның орны бөлек, мәні зор. Қолымыздағы «Қазақ ұстазы» журналы – еліміздегі үздік педагогтардың қол жеткізген табыстарын насихаттауға арналады. Олай болса, мерзімді басылымдардың қатарына еніп, оқырманына жол тартқан «Қазақ ұстазы» басылымының ғұмыры ұзақ болсын. Ағартушылық саладағы барша тың идеялардың жаршысы болып, педагогикалық басылымдардың көшбасшысына айналсын.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ
« ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ МАҒАН ДА ҚЫМБАТ »
Дария ҚОЖАМЖАРОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор, тарих ғылымының докторы: – Құрметті Дария Пернешқызы, сіздің Тараздағы мұғалімдер даярлайтын институтты басқарғаныңызға да төрт айға жуықтады. Педагогикалық институттарда, атап айтқанда, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ұлт ұстаздарын дайындауда қандай жетістіктер бар? – Ертеңіміздің бүгінгіден де кемелдене түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші пәрменді күш тек білімге келіп тіреледі. Білім беру мәселесіне қоғам дамуы тұрғысынан назар аударып, жеке тұлғаны дамытудағы рухани және адамгершілік құндылықтарды ең басты орынға қою – жалпы ұлттық мәселе. ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сондықтан, еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұр-
паққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Ұлт ұстаздарын дайындаудағы ТарМПИ қызметінің көрсеткіші ретінде бірнеше рет ЖОО мұғалімдерді даярлау саласында көптеген реформаланған бағыттар бойынша экспериментальды база ретінде бекітілгенін атауға болады. Жаңашыл бастамалардың бел ортасынан табылатын Тараз мемелекеттік педагогикалық институты жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасын қалыптастыруда үздіксіз және жүйелі түрде педагог кадрларын дайындайтын сапалы орталық ретінде танылып отыр. Бұл тұрғыда институтта педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Атап айтсақ, «12 жылдық білім беру мәселелері» орталығының мақсат міндеттері 12 жылдық білім беру моделіне өтудің тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп зерделесе, «Өзін-өзі тану» орталығы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік даму мәселелерін қарастырады. Ұлттық руханиятқа теңдессіз үлес салмағын қосып келе жатқан «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы халқымыздың батыр перзенті, жазушы Бауыржан Момышұлының мұраларын зерттеумен айналысады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгеру құзыреттілігін қалыптастыру және оқушының креативтік, интеллектуалдық қабілетін дамыту үшін жоғарғы оқу орнының ғалым-оқы-
7
тушылары жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесін жолға қою, инновациялық іс-тәжірибелерді дамыту және оны зерттеп, зерделей отырып қолданысқа ендіру мақсатында институттың оқу-тәрбие үдерісіне «Мектеп күні» бағдарламасы ендірілді. Ұлт ұстаздарын дайындауда атқарылып жатқан жетістіктер қатарында, мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырған мәселелердің бірі ретінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының 2013-2014 оқу жылынан бастап қазақстандық ЖОО ішінде біздің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында алғашқы болып ашылуын айтуымыз керек. Мұндағы ең басты мақсат – жоғары педагогикалық білім беруді түбегейлі жаңғырту және үзіліссіз педагогикалық білім беру жүйесінің аймақтық орталығы мәртебесін алуға жағдай жасау. – Бала психологиясына және жан-дүниесіне қалай жақсы әсер етуге болады, осы тұрғыда ұстаз шеберлігі қалай болуы тиіс? – XXI ғасыр жас ұрпақтың жан-жақты, терең білімді, сауатты, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап ететіндігі баршаға аян. Орта мектепте окытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі, күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы, ашықтығы, интерактивтігі сияқты принциптерге ие. Оның үстіне бүгінгі күн тәртібінде тұрған 12 жылдық білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып отыр. Мұнда бала психологиясы мен жан-дүниесіне назар аудармасқа болмайды. Міне, осы тұста сіз сұрап отырған ұстаз шеберлігі маңызды орын алады. Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қа-
8
лай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік біліктілігіне оң үрдістерді жаңа технологияларды пайдалана білуінен, сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. ХХI ғасырдың ұстазы – психолог, педагог, менеджер болуы тиіс деп санаймын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» деп атап көрсетілген. Сондықтан, оқытудың жаңа инновациялық әдістері және педагогикалық технологиямен үздіксіз, жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткен нәтижелері білім үрдісін сапамен қамтамасыз ете алады. Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ, ол мақсат – өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан, оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Демек, жалпы орта білім беретін, әсіресе, 12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс. Бала психологиясын әр ұстаз бес саусақтай танып, сезуі тиіс. Әр шәкірттің жан дүниесін, толғанысын, көңіл-күйін айтқызбай ұққан ұстаз – нағыз ұстаз. – Ұстаздар мен студенттерге қандай талап қоясыз және олардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? – Мен басқарып отырған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиялық жоспарындағы білім беру жұмысының мақсаты – аймақтың индустриалдық-инновациялық даму міндеттерін, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын; баланың
жеке тұлғалық дамуы мен оның қалыптасу проблемаларын шешуге шығармашылықпен келетін жоғары дәрежелі жаңа тұрпатты мұғалім дайындауды қамтамасыз ету. Өйткені, қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі – ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын тұлға – ұстаз. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс» деп үлкен сеніммен айтты. Сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сондықтан да ұстаз білігі, беделі қоғамның назарында. Сапалы білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, білім мен тәрбиені қатар өрістету, жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу біздің міндетіміз. Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» дегенді бекер айтқан жоқ. Өйткені, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – басты алғы шарт. 12 жылдық мектептің педагогы жоғары денгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Олар, біріншіден, өзінің кәсіби қызметімен жоғары денгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетке ие арнайы құзыреттілік. Екіншіден, әлеуметтік құзыреттілік. Атап айтқанда, бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу. Үшіншіден, білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді,
білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалык және әлеуметтік психологияның негіздерін колдана білу қабілеті. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз дедік. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау – көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені, ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы отыр. Сондықтан, XXI ғасыр мұғалімнің кәсіби құзырлылығына қойылатын талаптар – ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларды
игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті мәселе екендігін айғақтайды. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жанжақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім туралы заңда (8бап) білім беру жүйесінің ең басты міндеті «...ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетілген. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кемел ғылымда» дегені жоғарыдағы сөзімді айғақтай түседі. Бүгінгі ғасыр – білім ғасыры. Білімді ұрпақ тәрбиешісі – ұстаздар. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа,
9
салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу – әрбір ұстаздың абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этномәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді. Сол себепті, болашақ маман, бүгінгі студенттер мен ұстаздарға қояр талабым да, олардың бойынан көргім келетін қасиеттерім де – осылар. Өйткені, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі, ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз» деген еді. Батыр ағамыз айтқандай-ақ, ұстаз – қалай қадірлеуге де тұратын ардақты есім. Қоғам талап еткен осындай қабілеттер мен ерекше ізденісті мен оқытушылардан да, студенттерден де талап етемін. – Әлемдік дамудағы ТарМПИ-дың орны қандай? – Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін заманауи бетбұрыстарға сәйкестікте бағыттап, тың арналарға жол салудың ғылыми негізі болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен осы бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасалып, біраз нәтижелі істер жолға қойылып та үлгерді. Осының негізінде елімізде білімді дамытудың бұрын болмаған жаңа тұрпатты тың жобалары жасалды. Бұл жаңалықтар, негізінен, үш түрлі басымдылықты іске асыруға негізделген. Оның біріншісі, білім берудің жаңа сапасы, екіншісі, педагогтың жаңа мәртебесі, үшіншісі, білім берудің жаңа әдістері. Бұл атап көрсетілген бағыт түрлерінің қай-қайсысының болмасын қоғамдық әлеуметтік мәні зор, перспективалық құндылығы орасан. Осы бағдарлама аясында институтымызда профессор-оқытушылар құрамының инновациялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану бағытындағы біліктілікті көтеру жұмыстары кеңінен жолға қойылған. Соңғы оқу жылдарында халықаралық дәрежедегі және республикалық көлемдегі кәсіби біліктілікті көтеру курстарынан өтіп, арнайы сертификаттар иеленген мамандарымыз көп. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінен үшінші, екінші және бірінші (ілгері) деңгей бойынша тренерлерді оқыту курстарынан өткен маман-кадрлардың тарапынан институтта дайындалатын барлық мамандықтың жұмысшы оқу бағдарламасына «Оқыту мен білім беруді жаңаша үйлестіру» атты жаңа элекивті курс ендірілуі де инновациялық ізденістердің жемісі деп бағалау орынды. Болон декларациясының негізгі принциптерін жүзеге асыру және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында білікті және бәсекеге қабілетті жаңа тұрпатты
10
мұғалімдерді кәсіптік дайындаудың сапасын жаңа сатыға көтеру мақсатында қолға алынған ауқымды іс шаралар жан-жақты ұйымдастырылған. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде әлемдік білім беру кеңістігінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстан жоғары білімінің халықаралық стандарттармен сәйкестілігін қамтамасыз ету. Осыған орай, 2010 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Университеттердің ұлы хартиясына (Болонья, Италия) қол қойды. Бұл тарихи қадам жоғары білімнің сапалылығын және институт түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Болон декларациясының негізгі ұстанымдарының бірі – оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы. Соған байланысты 2010 жылдың қыркүйек мен желтоқсан айлары аралығында Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясымен (Ресей), Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институтымен (Ресей), Горно-Алтайск мемлекеттік университетімен (Алтай Республикасы), Зеленогорск университетімен (Польша) арадағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетпен (Польша) ары қарай ынтымақтастық жасау туралы жоба талқыланды. Тұлғаның инттеллектуалдық мұмкіндіктері мен академиялық ұтқырлық аясын дамыту мақсатында дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді. Мұның нәтижесі ретінде ТарМПИ бітірушілерінің магистратура және бакалавриат бағдарламасы бойынша алыс шетелдік ЖОО-да және оқу орталықтарында білім алып жатқанын атауға болады. Мемлекеттің қазіргі кезде қойған ең басты талаптарының бірі – көп тіл білетін маман-мұғалім дайындау болса, институт студенттеріне оқудан қолы бос кезде ЖОО өзінде Тілдік дайындау орталығында шет тілін үйренуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды; эксперимент ретінде бірнеше мамандық бойынша үш тілде маман дайындайтын арнайы топтар ашылды. Сондықтан, ТарМПИ-дің орны қашанда биік, жоғары болып қала бермек. – Шәкірттеріңіз туралы айтсаңыз? – «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, әрине осы кезге дейінгі ұстаздық еңбек жолымда біршама шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, білімді азамат болып қалыптасуына өз ықпалымды тигіздім. Қазіргі күні олар Астана мен Алматыда және өзіміздің Жамбыл өңіріндегі жоғарғы және орта оқу ордаларында, мектептер мен түрлі әкімшілік ұйымдарда қызмет етіп, жетістіктерге жетуде. Олармен әлі күнге дейін араласып, білім беру жолындағы келелі мәселелерді ақылдасып шешіп отырамыз. Шәкірттерімнің арасында ғылым кандидаты Тұнбаева Меруерт және магистрант Қожамбетова Рамида, сонымен бірге «Ұлағатты ұстаз» атағының иегерлері бар екенін мақтанып айта аламын. – Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
Маржан ПРИМБЕТОВА, Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің доценті, ҚР Білім беру ісінің үздігі.
И
Ахаңды біз замандасымыз ғой деп өз қатарымызға қойып, өзімізбен теңестіріп қарауымызға болмайды. Бұл кісі қазақ халқының алфавитін жасап берген, бұрын әркім қалай болса солай жазып жүрген емлемізді түзеп, оқу құралдарын жазған, бәріміздің де сауатымызды ашып, бүкіл халқымызға ұстаз болған адам. Сондықтан бұл кісіні ұстазымыз деп қарап, өзімізден әлдеқайда жоғары ұстап, қадірлей білуіміз керек. Смағұл Сәдуақасов, Алаш қайраткері.
ә, жүз қырық жыл бұрын дүниеге келіп, бар саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Ахмет Байтұрсынұлына халық ұстазы атағын ұлты берген ұлағатты есім, мәңгілік ұлт мақтанышы. Солай болуға лайықты ұлағатты ісімен өз есімін тарихта алтын әріппен жазып кеткен қаншама ұлт мақтанышына айналуға тиіс тұлғалар бар. Олар ұлтымыздың тарихында рухани-
танымдық, саяси мәні жоғары істерімен қазақ ұлттық энциклопедиямыздың бетін құрайтын жарқын істерімен белгілі. Бұл біздің ұлттығымызды сақтап, халықтық қалпымызды ұстап қалуға бар күштерін жұмсаған асыл азаматтар. Ол отыздан асараспас жасында қаламы төселген қаламгер, өз кезіндегі әділетсіздік пен зорлықзомбылықтан жапа шеккен жандардың жан ашуы бала жасынан зерек Ахмет 11
Байтұрсынұлының ерте есеюіне қатты ықпал етті. Ол тарихта қоғам қайраткері, ақын, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, фольклоршы, түркітанушы, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым ретінде қалды. Бүгінгі жас буын және аға ұрпақ біртуар азамат, табиғатынан қайталанбас тұлға Ахмет Байтұрсынұлын ұлт ұстазы ретінде мақтаныш тұтады. Ахмет Байтұрсынұлынының саяси қайраткер ретіндегі ұлан ғайыр еңбегі 1923 жылы Ташкент, Орынбор қалаларында салтанатты түрде атап өтілген 50 жылдығында баса айтылып, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сынды замандастары Ахаңның қазақ халқына, еліне сіңірген еңбегіне жоғары баға берді. Өзінің қандай жағдайда жүргеніне қарамастан, «жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» деп қараған «адамдық жиһаншысы» 1921– 1925 жылдары Орынбордағы, 1926–1928 жылдары Ташкенттегі қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ береді. 1928 жылы Алматыда тұңғыш оқу орны ҚазПИ-дің ашылуына байланысты ректордың шақыртуымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысады. 1929 жылы Қызылордада «күдікті» ретінде тұтқындалып, Алматы түрмесіне қамалады. Өмірлік ұстанымы берік, ұлттық рухы биік, ұлтын сүйген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының саналы ғұмыры барынша ұлағатқа толы, ғибратымен мәңгілік. Әрбір ісі ізгі ұлт ұстазынан сан алуан еңбек қалып, бүгінгі ұрпақтың ізденісіне арқау болуда. Қиындық пен қайшылықтарға толы әр сәтте ол ақылы мен білімін серік ете жүріп, қаламын қолынан тастамай баға жетпес құндылықтар бізге жетті. Өзі көрмесе де кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған рухани құндылықтарын барша қазақ жұртшылығының зиялылары жоғары бағалайды және бүгінгі ұрпақққа насихатталып отырады. Осындай рухы биік асыл тұлғалар тарих 12
жылнамасы мен рухани ұлт шежіресінде мәңгі өшпес жарқырай бермек. Өйткені тәуелсіздіктің жемісін көріп, бақытты ғұмыр, тату-тәтті өмір сүріп отырған көп ұлтты Қазақстанда аты аңызға, есімі елге таныс тарихи тұлғаларды дәріптеу мектептен басталып, әрбір отбасында және жоғары оқу орындарында дәріптеліп отырады. Бұл заңдылық. Қай заманда болмасын тарих пен тілдің тамырлас екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ендеше ұлт мақтанышы боларлық ұлағатты есімдердің бірегейі мен биігі халық ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлы хақында жазылған қысқаша мәлімет «Қазақ ұстазы» басылымының беташар парағында көрінуі заңдылық. Айтар ойымыздың аңдатпасы болған Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың Ахаң туралы бір ауыз пікірі бүгінгі бізден әлдеқайда биік екенін мойындаймыз. Жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің ұлтымыздың рухани әкесіне айналған ұлы тұлғаны «Ахаң – қазақтың Абайдан соңғы Абайы» деп берген жоғары бағасынан кейін өзгелер мойындаған тұлғаны өзіміз толық тани алуға міндеттіміз деп білеміз. Ақынның ұлттық ғылымның тіл білімі саласына қосқан өлшеусіз үлесінің мәні зор, термин жасаудағы көтерген жүгі – бір төбе. Ал бүгінде терминтанушы, ғалым Шерубай Құрманбайұлының сөзіне сүйенсек, «Ахаң енгізген мыңға жуық терминнің 500-дайы қолданыста жүр». Сөз соңында айтарымыз, ойшыл ақын, ғибратты ғұлама, ұлт үшін атқарылған ізгі істердің бастамашысы бола білген Ахмет Байтұрсынов жайында айтар әңгіменің басы деп біліп, басылымның әрбір санында ұлт мақтанышына айналған ұлағатты есім – Ахаң туралы молынан ақпарат түзіп отыруды аманат десек артық кетпесіміз анық. Өйткені «Қазақ ұстазы» атты журналдың мақсаты мен міндеті, атқарар ісі мен күтілетін нәтижесі ұлтына аянбай қызмет еткен ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынұлы мен Ыбырай Алтынсарин жайында және олардың жалғасы бүгінгі – тәуелсіздік заманының ұстаздарына арналады.
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҒЫ
АКАДЕМИК ӨТЕЛБАЕВ “мыңжылдық есепті” шешті Жылбасында көптеген әлеуметтік желілер мен баспасөз беттерін қазақстандық ғалым Мұхтарбай Өтелбаевтың әлемдік «мыңжылдық проблемаларының» қатарына жатқызылған ең күрделі жеті математикалық есептердің бірінің шешімін тапқаны туралы хабарлар жаулап алды. ҚР ҰҒА академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры М. Өтелбаев «Навье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады. («Математический журнал», №4, 2013 ж.)
Бұл еңбектің маңыздылығы – аталмыш есеп «мыңжылдықтың проблемалары» деп аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген. Айта кетейік, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі уақытта мыңжылдықтың жеті проблемасының тек бірінің ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімі табылған. Ал мына тағы бір есептің шешімін киелі қазақ жерінде қазақ ғалымының табуы күллі Алаш жұртын мақтаныш сезіміне бөлеп жатса, бұл қуаныштың әсіресе, Жамбыл жұртшылығы үшін ерекше мәні бар. М.Өтелбаев 1942 жылы Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінен соң Қырғыз және Мәскеу мемлекеттік университеттерінде оқып, 1972 және 1976 жылдары Мәскеуде ғылыми диссертацияларын табысты қорғайды. Отыз алты жасында ғылым докторы атанған Мұхтарбай ағамыз содан бері ғылыммен үзбей шұғылданып, әлемдік деңгейдегі аузы дуалы небір математика алпауыттарының өзін мойындатқан математиканы дамытуға қосқан аса зор үлестерімен танымал болды. Функционалдық талдаулар саласының ірі маманы болып табылатын ол теориядағы ең күрделі екі проблеманы: дифференциялық спектрге екі жақты шектеу формулаларын және меншік мәнге универсалдық формула болмайтынын дәлелдеген. Локалдау принципін ашып, коррект шектік есептеудің жалпы түрін жүйеледі. Тіпті, Эйнштейннің салыстырмалық теориясына тың көзқараспен тұжырымдама да жасады. Осындай іргелі жетістіктері үшін берілген көптеген ғылыми атақтары мен сыйлықтарын былай қойғанда, дүниежүзінің ғалымдары «Өтелбаев функциясы» деген атпен мойындаған «Спектрлік теория және оның қолданылуы» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін 2007 жылы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Еліміздің тағы бір аса көрнекті математик ғалымы, академик Асқар Жұмаділдаев Мұхаң туралы
«біздегі ең мықты, нөмірі бірінші математик» деуі тегін емес. М. Өтелбаев елімізде ең көп шәкірт тәрбиелеген ұстаз әрі қазіргі таңда қазақстандық математиктер пір тұтатын тұлға. Академик шамамен 210 ғылыми мақала жариялаған. Олардың 70-тен астамы шетелдік жоғары рейтингке ие журналдарда әртүрлі тілдерге аударылып басылған. Шәкірттерінің 70-ке жуығы кандидаттық диссертация қорғаған. Олардың 12-сі ғылым докторы атанды. Солардың бірі Жамбыл педагогикалық институтының «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мұсахан Мұратбеков. Біз онымен хабарласып ұстазының ғылымдағы жаңа жетістігімен құттықтап, бұл жаңалықтың мәнін түсіндіріп беруін сұраған едік. – Мұхтарбай ағаның 1984-1986 жылдары біздің Жамбыл пединститутының ректоры болғанын, бірақ, табиғатынан ғылымға берілген оның ректорлық қалыбына сыймай сүйікті ғылымына қайта оралғанын білесіздер, – деді Мұсахан Байпақбайұлы. – Мына «Навье-Стокс» проблемасымен ол кісі отыз бес жылдай айналысып келеді. Ал дүниежүзінде бұл есепті шешумен мың жарымдай ғалымдар шұғылдануда деген дерек бар. Мұхаң оның шешімін тауып тыңғылықты сараптаулардан кейін енді ашық жариялап отыр. Ал математикадағы «мыңжылдықтар проблемасы» деген немене? Дүниежүзінің ғалымдары мойындаған ежелден шешімі табылмай келе жатқан есептер болған. 2000 жылы 24 мамырда АҚШтың Клэй математикалық институты осындай жеті есепті іріктеп алып шешімін тапқандарға 1 миллион доллардан сыйақы тағайындаған. Ол есептер мыналар: 1) P және NP таптарының теңдігі; 2) Ходж гипотезасы; 3) Пуанкаре гипотезасы; 4) Риман гипотезасы; 5) Янга-Миллстің кванттық теориясы; 6) Навье-Стокс теңдеулерінің шешімінің болуы; 7) Берч-СвиннертонДайер гипотезасы. Осылардың ішінде Пуанкаре гипотезасының шешімін 2002 жылы ресейлік ғалым Григорий Перельман тапқан болатын. – Оған уәде етілген 1 миллион доллар берілген
13
болар? – Жоқ, ол бұл сыйлықтан бас тартқан деседі, есесіне геометрияны дамытуға қосқан революциялық идеялары үшін халықаралық Фильдс жүлдесінің медалі табыс етілген. – Клэй математикалық институты туралы айтсаңыз? – АҚШ-тың Массачусетс штатының Кембридж (Cambridqe) қаласында 1998 жылы бизнесмен Лэндон Клэй мен математик Артур Джеффи ашқан коммерциялық емес жекеменшік ұйым. Дүниежүзі бойынша математика саласында пайда болған тың идеяларды қолдап, жас таланттардың ізденістеріне, айрықша жаңалықтарға гранттар бөліп отырады. Біз, әрине, Мұхтарбай ағаның өзімен де байланысқа шыққан едік. Ол кісі сол баяғы қарапайым қалпымен ел-жұрттың амандығын, жерлестерінің жайын сұрап жатыр. Дүниені дүрілдетіп тұрған мына хабар ол үшін күнделікті бір істей ғана. – Енді, ұзақ уақыт айналысып келдім. Нәтижесіне көзім әбден жеткеннен кейін жалпақ жұртқа жария етіп отырмын, – деп қояды. Орыс тілінде жазылған жүз беттен аса ғылыми еңбек «Математический журналдың» өткен жылғы соңғы санында жарияланды. Электрондық нұсқасы жан-жаққа, шетелдерге де таратылуда. Қарапайым оқырманның тісі батпайтын, сірескен теңдеулер мен сандық теоремалардан, ғылыми терминдерден тұратын еңбекті тек сол саланың мамандары, онда да ең мықтылары ғана бағалай алмақ. Мәскеуден құттықтаулар да түсті. Дегенмен, ағаның өзі айтуынша бұл еңбектің дүниежүзіндегі ірі математик ғалымдардың толық сүзгісінен өтіп, шешімі мойындалуына біраз уақыт кететін көрінеді. Бірақ, бір нәрсе айқын, бүкіл өмірін ғылымға арнап келе жатқан, бұған дейін де талай ғылыми жаңалықтары қалтқысыз мойындалып, математика әлеміне қомақты үлес болып қосылған қазақ ғалымының бұл жаңалығы да Алаш абыройын асырып әлемді мойындатары анық. Құрманбек ӘЛІМЖАН, журналист. жу урн р ал а ист.
ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА
БІЛІМДІ ШАҺАР – БҰЛ ҚАЛА Астана қалалық білім басқармасының басшысы Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын әңгімеге тартып, білім саласында атқарылған шаруалардың, орын алған мәселелердің, жетістіктердің төңірегінде сұхбаттасқан едік. Елорданың білімі күллі қазақстандықтарға үлгі болуы тиіс. Бұл осы уақытқа дейін де айтылып келе жатқан пәлсапа. Ендеше, білім басқармасы басшысының сөзінен кейін, көкейге түйгеніміз...
Қ
азір Астана қаласының білім жүйесінде 286 мекеме жұмыс атқарады. Олардағы педагогикалық ұжымның жалпы құрамы 11856 мың қызметкерден тұрса, арасында 5873 жалпы орта білім мектебінің мұғалімі бар. Оның ішінде 1717 ұстаз жоғары - санатты. Қазір жас мамандардың саны Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен және Гуманитарлық колледжбен тығыз қарымқатынастың арқасында да артуда. Мұғалімнің көптігі жақсы. Бәрі бірдей өрені өсіріп, өрісті кеңейтуге тырысса, көсегеміз де көгереді, көжиегіміз де нұрланады емес пе?!. Осынша кадрдың ішінде 1 мың 121 адам түрлі мемлекеттік марапаттарға, жоғары лауазымға, лайықты төсбелгіге, құрмет грамотасына ие болған. Еңбегі ересен педагогтардың есімдері жыл сайын қалалық білім басқармасының «Білім берудің алтын қоры» Құрмет кітабына да енгізіліп тұрады. Бас қаладағы мектепке дейінгі мекемелерге келсек, 147 балабақша бар. Мемлекет иелігіндегілері – 79 жеке меншіктегілері – 66. Қалған екеуі ведомстволық екен. Әлі де құрылысы аяқталуға тақауларын қоспағанда, әрине. Негізінде, қазір мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 32 мың 924 бала барып жүр. «Балапан» бағдарламасымен 3-6 жас аралығындағы 63 пайыз бөбектер қамтылған. Ал, мектепке дейінгі даярлық жасындағы 94 пайыз балаға 25 шағын орталықтың ашылуы сеп болды. Оқу жылының басында 800 орынды үш балабақша, ал ақпан айында 720 орынды үш балабақша пайдаланылуға берілсе, шілдеде 520 орынды екі балабақша ашылған. Қазір 480 орынды 2 балабақшаның құрылысы аяқталып қалса, 920 орынды төрт балабақшаның құрылысы әлі жалғасуда, 1680 орынды жеті балабақшаның құрылысы басталды. Орын жетіспеушілігі 34 мыңды көрсетсе, ал одан кейінгі кезегі екінші жарты жылдықта келетін 73 мың бала да әзірге үйінде ойнауда деген сөз. Қазір Қ р қаламызда қ д мектептің ң жалпы саны 94 мың ң 712 оқушыдан қуу д тұрған ж тұр тұ тұрған жайы ай йы ба бар. бар. р Сондықтан, Сон онды д қттаан н №8 № №8, 8,, 37 3 37, 7 57 5 57, 7 59 59 м мектептерде екте ект тепттер рде де үш ү ауысымды аууыс ысымды ды
14
6 мың мың ор мы о орынға орынғ рын нға ғаа шақталғ шақталған ақ қта тал лғған нб бе бес ес мектептің ес м ме екте епт птің пт тің ің қ құрылысы құр ұұр рылысы ылысы ба б басталды. басталд сттаал лды. ды д ы. Жа Ж Жалпы, лпы
оқушыларға орын жетіспеушіліктің себептері бастауыш сыныптағы балалардың жыл сайын көбейіп, елордаға жан-жақтан көшіп келіп жатқан оқушылардың көптігімен түсіндіріледі. Биыл қаланың 20 жалпы білім беру мектептеріне бейнебақылау камераларын орнатып тастады. Сондай-ақ, бұндағы барлық мектептер жан-жақты мамандандырылып, заманауи технологиялармен жабдықталған медициналық кабинеттермен қамтылды. Ыстық тамақ жағы 71 жалпы білім беру мектебінде жақсы жолға қойылған. Онымен 73 мың 327 оқушы қамтамасыз етілсе, буфеттік жеңіл-желпі тамақтандырумен 19 683-і қамтылған. Ал, 47 мың 412 баланың тамағына 1 миллиард 127 миллион 127,8 мың теңге бөлінген. Балаларды жақын жердегі мектепке апару мәселесі толық шешімін тапқан. Мектептердің материалдық және техникалық жағдайлары шешілген. Барлығы заманауи үлгідегі кабинеттермен қамтылған. Мультимедиялық және лингофондық кабинеттерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту бағдарламалары орнатылған. Ғаламтор пайдаланудың толық мүмкіндігі бар. Астана қаласында білім беру мекемелерінің сайттары жұмыс істейді. Сапалы ақпаратпен қамтамасыздандыру мақсатында Біріңғай Білім беру порталы да құрылды. Қазіргі уақытта контентақпаратты толтыру жұмыстары жүргізілуде. Web-бағдарламалармен жұмыс жүргізе алатын мамандардың жетіспеушілігі мен ғаламтор байланысы жылдамдығының төмендігі ең маңызды мәселе болып тұр. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының аясында 32 мектеп пен 9 колледж, барлығы 41 білім беру мекемелерінде «e-learning» жобасы жүзеге асуда. Жобаға қатысушы білім беру мекемелері электронды оқыту үшін компьютерлік және мобильді сыныптар, кітапхана, мұғалімдер бөлмесі, директордың кабинеті, қабылдау бөлмесі, директор орынбасарларының кабинеттері, әлеуметтік педагогтар мен психологтар кабинеттері мен оқу сыныптары электронды ресурстармен қамтамасыз етілген. Технологиялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында білім беру мекемелерін өткізу қабілеті 4-тен 10 Мб/ секунд аралығындағы Ғаламтор желісіне қосу көзделіп отыр. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізілетін болады. 2012 жылдың қыркүйегінде «Болашақтың мектебі –
бүгін» атты пилоттық жоба енгізілген №54 және №64 мектептерге барлығы 40 млн. теңге бөлінген болатын. Ал, 2013 жылы тағы қалалық 11 мектепте «Болашақтың мектебі – бүгін» жобасы тағы іске қосылып, қосымша 10 мектепке қаржы бөлінді. Астанада он үш қосымша білім беру ұйымы бар. Ол дегенің жалпы білім берудің 29 пайызын қамтып, қазір 23 948 оқушының игілігіне жарап тұр. Сабақтан тыс білім беретін 26 аула клубтарына төрт мың бала барып тұрады. Әртүрлі үйірмелерге қатысатын оқушылардың да саны биыл 38 091-ге жетіпті. Оның ішінде екі оқушылар сарайы, үш музыкалық мектеп, екі өнер мектебі, бір техникалық шығармашылық орталығы, көркемсурет мектебі және «Шығыс» жасөспірімдер орталығы, жас туристер стансасы мен «Арман» спорттық-сауықтыру лагері бар. Қала оқушыларына қосымша білім беруді одан әрі жетілдіру мақсатында өнер мектебінің он филиалы, музыкалық мектептің отыз төрт филиалы, техникалық шығармашылық орталықтың сегіз филиалы, көркемсурет мектебінің екі филиалы, жас туристер стансасының екі филиалы жұмыс жасауда. Сонымен қатар, барлық тәжірибелік сынып оқушыларының оқулықпен толықтай қамтылғандығын айтпай кетуге болмас. Себебі, тәжірибелік мектептердің жүргізген сынағы оныншы сыныпқа арналған оқу құралдарының заманауи бағдарламаларға сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Биыл осы тәжірибені жасауға 147 мұғалім қатысқан. «Тәжірибелік сынып деген не?» десеңіз, онда мұғалімдер әр оқушының белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығын анықтау мақсатында әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттарын өткізіп тұрады. Осы мақсатта қазір Астанада сексен үш тәжірибелік алаң жұмыс істейді. Бұндағы жалпы тәжірибе мектептегі білімді дамытуға, оқу-тәрбиелік үдерісті жетілдіріп, инновациялық игілікті игеруге бағытталған. Сол үшін сегіз алаң – 12 жылдық білім беру жүйесіне, жиырма жеті алаң – ағылшын тілін, төрт алаң – неміс тілін, екеуі француз тілін ерте үйретуге негізделген. Қосымша білім берудің бар түйіні – осы! Бас қаланың білім саласынан бірдеңе білгісі келген адамға бұдан артық не керек?!. Астананы «ақылды қалаға» теңеп келсе, енді «білімді шаһар – бұл қала» десе де жарасады. Асхат РАЙҚҰЛ, журналист.
15
ҰЛЫ ЕСІМДЕР
ТӨЛЕ БИ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ Ұлт болмысындағы асқақ рух, ерлік мінез, елдік пәтуа-бірлік сияқты қасиеттер ең алдымен тарихтың тағылымы. Ұлтбасшысы тарихтың толғақты кезеңдерінде қалыптасып, тағдырлы іс-әрекеттер барысында шыңдалады. Соңғы екі-үш ғасыр аясында бодандықтың тұзағына шырмалып, басынан тоқпақ, аузынан қақпақ кетпеген қазақ халқының бойындағы сұлулықты әспеттей алатын асыл сезім, ақ жарқын адалдық, кең қолтық қонақжайлық шектеусіз бауырмалдық, әсіресе сын сағаттарда ширап шыға келетін асқақ рух, өр мінез сияқты ғажайып қасиеттер қай кезде, қандай құдіреттің күшіне дарыды екен?! Қара басының қамын ойлағандықтан емес, қара орман халқы үшін Асан қайғының күңіренткен, Қазтуғанды шынықтырған, Төле бидей данаға сын сағат та сындарлы саясат жүргізіп, пәтуалы билік айтқызған, Кенесарыны азаттық үшін арпалыстырған, ереулі Құрманғазыны бурадай буырқантқан ұлы құдіретіңіз сөз жоқ, ең алдымен ұлттың болмысы, елдің асыл қасиеті деп айтуға толық негіз бар.
Сонымен, Қазақтың Төле биі кім болған? Төле би - ең алдымен тарихи тұлға, біртуар аса дарынды да қайталанбас алғыр ойлы заманында баға жетпес дипломат, мемлекет қайраткері,көреген дана, елі үшін жанын да, арын да, білім-қабілетінде аямаған ұрпақтары үшін әділдіктің, бостандықтың достықтың туын жоғары көтерген қалың қазақтың ұлы. Осынау қилы заманда өмір сүрген, қазағы үшін тар жол тайғақ кешуден тайсалмаған ұлы Төле би бабамыздың мұрасын жас ұрпақ әлі де мән бермейді. Төле бабамыз өзінің салиқалы саналы ұзақ өмірінде Әз Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі болған. Қара сөзбен терең ой толғаған өлеңге бергісіз кестелі, әсерлі де ұтымды дана тағылымға толы сөз қалдырған. Алқалы топ, мемлекеттік маңызы бар үлкен жиындарда, сөз сайыстарында алдына жан салмаған. Ұлы Төле бабамыздың «Қазақтың Төбе биі атануы да» осыдан. Төле биді өз заманында хан да, қараша халық та сыйлап өткен. Қазыбек би мен Әйтеке би де аға деп алдынан кесе көлденен өтпеген деседі халық. Кемеңгер бабамыз өзінің өмір жолында қаншама тарихи оқиғаларға қатысып, қаншама адамға бата беріп, өз шапағатын шашқан. Халықтың қайғы-қасіретін арқалаудан танбаған, талай-талай қилы кезеңдердің
16
куәсі болып, ел мүддесін жоғары қоя білген. Төле би бабамыздың асыл аманатына адал болу біздің мақтанышымыз. Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз әділет, адалдық жолында қыруар еңбек атқарды. Сөйтіп, халқының болашағы, бақыты, білімділігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана, дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын сарп етті. Сол үшін де елі төбесіне көтеріп құрметтеді, «Қарақылды қақ жарған әділ би», «Төле би», «Әулие ата», «Қарлығаш әулие» деп атап кетті. Төле бабамыздың мұралары деп ең алдымен оның өршіл, рухты, ат төбеліндей қазақты бітімге, сабырлыққа, шақырған толғауларын атап өтер едік. Төле бабамыздың толғауларының, даналық ой иірімдерінің ел аузында сақталуының өзі оның ғибратқа толы нақыл сөздерінің өлместей құдіреттілігіне, әрдайым қараша халықтың көкейтесті сөзін сөйлегендігін, сондықтан да кәрі тарихтың қойнауына кетпей жылдар өткен сайын жайнап, жаңғырып отырғанын көреміз. Ұлтқа керек ұлы істің бастауында, басқасында Төле бабамыз жүрді. Сол үшін де әдебиет деген алып бәйтеректің ұшар басынан Төле би бабаны көреміз. Айжан ИМАНОВА, Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы мектептің директоры.
ҰЛЫ ЕСІМДЕР Қазіргі уақыт тұрғысынан қарасақ, Абылайдың қазақ хандығының беделін көтеруге, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен біртұтастығын қорғау ісіне сіңірген еңбегі орасан зор. Жаңа заман тарихында Ресей үшін Бірінші Петр, Германия үшін Отто Бисмарк қандай қызмет етсе, Абылайдың да қазақ халқын ел етудегі қызметі сондай. Мұхтар Әуезовше тарқатсақ, «Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң сол қазақтың қазақ болуына, басы қосылып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».
ЖА Ң А АСТА Н А ТҰ Р Ғ Ы ЗУ АБЫЛА Й ХА Н Н Ы Ң ОР Ы Н ДАЛҒА Н АС Ы Л А РМ А Н Ы Бүркітбай АЯҒАН, Тарих ғылымдарының докторы, профессор. 2012 жылдың шілдесінде Көкшетаудағы Абылай хан ескерткішінің жанында зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде Елбасымыз: «Абылай хан қала сала алмадым деп еді, қала салдым. Халқымның басын қоса алмадым деп арманда кетсе, халқымның басын құрап, егемен ел еттім» деген болатын. Қазақ елін бүгінде әлем таниды. Абылайдың артында жасампаз халқы, асқаралы Астанасы бар, орындалған
асыл мұраты бар, бейбітсүйгіш елі бар. Қасиетті қара шаңырақтың астына біз тек қазақтың ғана басын қосып қоймай, түрлі этнос өкілдерін біріктіре алдық. «Елге ел қосылса – құт» дейді қазақ даналығы. Әрқилы мәдениет өркениеттері қазақ жерінде тоғысып отыр. Конфессияаралық қатынастар орнықты қанат жаюда. Күллі бұқараның көксегені – бейбітшілік, татулық және ел ырыздығы. Жаңа Астана тұрғызу – Абылай бабаның орындалған асыл арманы, ұлтының намысы, ұрпағының мақтанышы. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталды және сақтала береді. Егемендік жылдары бабамыздың ұлт тәу-
елсіздігі жолындағы тынымсыз күресіне бүгінгі ұрпақтың тағылымы мен құрметі іспеттес Алматы мен Астана қалаларының қақ ортасынан Абылай хан даңғылы ашылды. Жетісу мен Көкше жерінде ескерткіші бой көтерді. Қазір бауырлас Түркия елінде Абылай хан атындағы саябақ бар. Алматыдағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Абылай есімімен аталады. Тәуелсіздік алған соңғы 20 жылда Абылай аты асқақтап, отансүйгіштіктің, көрегенділік пен кемеңгерліктің нышанындай кеңінен танылып, насихатталуда. Бүгін біз тәуелсіз ел ретінде, барша қазақтың ұранына айналған арыстандай айбатты Абылай бабамызға құрмет көрсетіп, аруағы алдында тағзым етеміз!
ХА Н ДА РД Ы Ң ЕҢ ҚҰДІРЕТ Т ІС І
Шот-Аман УӘЛИХАН, сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі, Абылай ханның ұрпағы
Ең күрделі сабақ – тарихтың сабағы. Оны оқымай, білмей, терең бойламай, әрі беріден соң пысықтамай ілгері басуға болмайды. Талай тайпалардың гүлденуі де, күйреуі де осында жатыр. Адам енді қайтып баспаймын деген жерін басады, енді көрмеймін деген жерін қайта көреді, тарихи жады жоғалған ел отқа екі-үш рет күйеді. Тарих тәлімін алу процесінде қазақ халқы бақытты болды деуге болмайды. Алты-жеті ғасыр бойғы тарихын есіне сақтап, жатқа айтатын дәстүрі бар халық бөтен тәрбиеге көшті, атадан балаға жеткен сөзді ұмытты, үлгі-өнегелеріне мұрын шүйіріп, мәңгүрттік қалыпқа ене бастады. Біз қалай өстік, қандай тәлім-тәрбие алдық? Өзінің дамуындағы табиғи бағытын өзгерткен, қорек табатын тарихи тамырына балта шабылған біз уызға, ана сүтіне жарымадық. Мектепте қазақ тарихын оқымағанымыз былай тұрсын, ара-кідік шығатын кітаптарда ынжық, топас, өзімізді, кейде халық мүддесін сатқан сатқындарды мақтап, мадақтап, елі, жұрты үшін шүберекке жанын түйгендерді жау деп санадық. Біз қазақ хандарының тарихынан гөрі, Екатерина екінші патшаның неше байы болғанын жақсырақ білдік. Франция, Ұлыбрита-
ния корольдерінің сарайында не өсек-аяң болғанын көзбен көргендей соқтық. Қазақ тарихы өмірдің тәлкегіне түсіп, тұтқын адамға ұқсады, қасқыр тартқан қойдай қан-қан болып бізге жыртық-жыртық, көп беттері сарғайған, өшкен қалпында жетті. Ал, адамдардың тартқан азабы қаншама десеңізші?! Абылайханов, Уәлиханов, Қасымханов, Кенесарин болғандығы үшін жазықсыз қудаланған, түрмеге отырған, атылған ата, әке, ағаларымыздың ақ жарқын, бейкүнә келбеті көз алдымыздан кетпейді. Айта берсе, Абылайдың өзі көп жылғы саяси тұтқыннан бүгін ғана оралып отыр. Бұл оның сонымен өмірінде үш рет тұтқында болуы, жетті енді! Мен бұл жерде, сіздердің алдарыңызда білгірсімей-ақ қояйын, бәріміздің басымыздан кешкен, жүрекке тікенек боп жабысқан жағдай ғой. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан кезде еркіндіктің самалы бәрімізге жетіп, баянды болса екен. Шығыс тарихын зерттеуші ғұлама, атақты академик Бартольд айтқандай, Абылай хан «XVIII ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдіреттісі болды». Дайындаған Асхат РАЙҚҰЛ.
17
ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
Еліміздегі білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқан бірден-бір компания – Interactiv Kazakhstan. Компания қазіргі таңда еліміздегі жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен мектептерді интерактивті тақталармен қамтамасыз етіп, еліміздегі білім ордаларына әлемдегі дамыған елдердің соңғы үлгідегі инновациялық технологияларын енгізу бағытында жұмыс жасап келеді. Соның ішінде қазіргі ұрпақтың бойына жетпей жатқан, халқымыздың ұмыт қалған тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі, ұлттық үрдісін насихаттау әрі халықты өзінің ұлттық құндылықтарымен қайта қауыштыру мәселесін басты назарға алған.
«Interactiv Kazakhstan» компаниясы таяуда жапондармен бірігіп Абай тұлғасын үлгі тұтып өсетін жас жеткіншектерге арналған білім қоры мен тәрбие көзі ретінде «Абайтану әліппесі» мен өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрге тәрбиелеу, ұлттық бет-бейнемізді және ежелден келе жатқан дүниетанымымызды сақтап қалу, сондай-ақ баланың бойына халқымыздың даналығын дарыту үшін «Даналық әліппесі» сынды инновациялық өнімін халық игілігіне ұсынды. «Абайтану әліппесі» Ұлы Абайдың «баланың жақсы болмағы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан...» деген қағидасы негізінде оқушыға, ата-анаға, мұғалімге арналған оқу-әдістемелік кешен ретінде әзірленген. Ол интелектуалды интерактивті оқыту технологиялары негізінде жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған. Кешен «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын жеке кітаптардан тұрады. Ал, «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені нұсқаулық он екі кітаптан тұрады. Әр кітапқа қобыз бен сыбызғы үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық ертегісі, халық әні, халық аңызы, халық жыры, халық тағылымы, нақыл сөз, аталар сөзі, билер сөзі, бабалар батасы сияқты көркем ой ұлағаттарының аз ғана бөлігі жүйелі енгізілген. Аталмыш екі туынды да электронды сөйлейтін қалам арқылы тыңдалып, оқылады. Мәтіндерді іріктеп, танымдық тәрбие мәнін ашуға академик Ә.Қайдаров, ғалым М.Мырзахметұлы, Халық әртісі Қ.Байбосынов, профессорлар С.Негимов, Ш.Құрман-
18
байұлы, күйші А.Райымбергенов, жыршы Ұ.Байбосынова және тағы басқа зиялылар орасан зор еңбектерін сіңірген. Қазіргі таңда Қазақстанда алғаш рет «Interactiv Kazakhstan» компаниясы «Дот-код» технологиясын толық меңгергендіктен енді кез келген сала бойынша сөйлейтін қалам мен кітаптарды өзімізде шығаруға мүмкіндіктері бар. Бұл саланы одан әрі дамытар болса, ертегілерді бейнесімен, суреттерімен, оның ішінде кейіпкерлерімен сөйлетуге болады екен. Әрбір жастағы азаматтың қызығушылығын арттыра отырып, ұлттың рухани құндылығын бойларына сіңіртудің бірден-бір жолы инновациялық технологияны дамыту болып табылады. Жаһандану дәуірінде халықты ескі қалыптасып қалған оқыту үрдісімен қызықтыру да, оқыту да қиындыққа соғатындығын ескерсек, жаңа технологиялардың оқу жүйесіне әкелер пайдасы мол екендігіне көз жеткіземіз. Осы құндылықтың пайдасын ерте түсінген, қазірде инновациялық зияткерлік технологиялар академиясының (Interactiv Kazakhstan компаниясының) директоры Нұралы Құдайбергенұлының еңбегі орасан зор. Осы орайды пайдалана отырып Н. Құдайбергенұлымен сұхбаттасқан едік. – Нұралы Құдайбергенұлы, ел игілігі үшін жасаған еңбектеріңіз көрініп-ақ тұр. Халыққа түсінікті болуы үшін әңгімені сонау басынан бастасақ. Қазақстанға оқытудың жаңа технологиясын енгізу қай кезден бастап жүзеге асырыла бастады және сіздің бұл салаға деген қызығушылығыңыздың
оянуына не себеп болды? – Новосеверск Мемлекеттік техникалық университетін техника саласы бойынша бітіргенмін. Мамандығым – радиоинженер. 1990 жылдардан бастап алғаш дербес компьютерге деген қызығушылық пайда болды. Сол кезеңдерде барша ората мектептерді, ауылдарды компьютерлендіру мәселесі басталды. Осы жылдардан бастап еліміздің білім саласына техникалық жаңалықтарды енгізумен айналысып келемін. Ең бірінші Қазақстанда «Қазақстан – Америка компьютер жасау орталығын» аштық. Алматы қаласында американдық компьютер бөлшектерінен компьютерлер жинақтап, барлық өңірлерге тарата бастадық. Жұмыстың алғашқы қарқыны солай басталды. Содан келе Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйекте бекітілген орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының авторларының бірі ретінде қатысып, сол бағдарлама негізінде 2002 жылы еліміздегі барлық орта мектептер компьютерлермен жабдықталды. Сол кездегі қолында билігі бар ел ағалары-
оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады. Салыстырып қарайтын болсақ, интранет – интернеттің шағын үлгісі, яғни ішкі жүйе. Оның интернеттен айырмашылығы: балалар жаман сайттараға кіре алмайтындығында. Оның негізгі қызметі интернетпен бірдей, жүйені орнатудағы басты мақсат – балаларға интернет бір атқарушы орынның басқаруындағы желілердің тобын айтады. Салыстырып қарайтын болсақ, интранет – интернеттің шағын үлгісі, яғни ішкі жүйе. Оның интернеттен айырмашылығы: балалар жаман сайттарға кіре алмайтындығында. Оның негізгі қызметі интернетпен бірдей, жүйені орнатудағы басты мақсат – балаларға интернет жүйесінде жұмыс істеуді үйрету болатын. Балалардың санасын бұзбауды көздеген бұл жүйенің де пайдасы мол болды. 1997 жылдары ТМД елдері ішінде Қазақстанға алғашқылардың бірі болып интранет жүйесі енгізілді. Осы жылы елімізге интернет пен интранет
ның арқасында жобамыз толығымен іске асырылып, білім саласына соңғы технологиялардың енуі қарқынды дами бастады. Артынша барлық мектептерде компьтерлік класстар пайда болды. Кейін оларға интернет, содан кейін интранет жүйесі қосылды. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет, сонымен қатар, ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және
жүйесінен кейін келген мультимедиалық, интерактивті бағдарламалар жайлы ақпарат әкелінді. Мультимедия – білім беру саласындағы видео және аудио үлгідегі мәліметтерді оқушының оңай қабылдап, жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын құрал. Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас болса, бұндай оқытуды «интерактивті» деп атайды. Бұл жоба 2003 жылы жүзеге асырылып, алғаш рет Астана қаласындағы «Балдәурен» лагері ашылғанда, сол жерге Елбасының сыйлығы ретінде интерактивті тақта қойылды. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Ал, жалпы мектептерге интерактивті тақталар 2007 жылы енгізілді. Енді салыстырып қарасақ, бұл бағдарламалар
19
жөніндегі ақпараттарды таратып, барлығына түсіндіру үшін де 1997 жыл мен 2007 жылға дейінгі аралықта он жыл уақыт кетті. – Қазіргі таңда қандай бағдарламалар негізінде жұмыс жүргізудесіздер? – Қазіргі кезде зияткерлік технология жүйесі қолданысқа енгізілуде. Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері салынып, оған дүниежүзіндегі озық оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда инновацияны дамытудың басты жолы ретінде электронды контент енгізу қарастырылып отыр. Интелектуалды деңгейге жету үшін электронды контент, яғни мазмұн керек. Біздің қазіргі айналысып отырған жұмысымыздың бірі – осы. Электронды контенттің негізін біз Ресей ғалымдарымен бірігіп жасадық. Болашақта еліміздің оқыту жүйесіне енгізілсе деген үміттеміз. Электронды контенттің ерекшелігі, бала электронды контентпен жұмыс істеген кезде тапсырманы қаншалықты деңгейде орындағандығын компьютер бағалап отырады. Мәселен, математика пәні бойынша бала бір есепті шығара алмаса, оны компьютер автоматты түрде қайта түсіндіріп, баланың қалай да сол есепті шығарып шығуына мүмкіндік жасайды. Электронды контенттің ішінде «мұғалімнің репетитрі», «оқушының репетитрі», мұғалімнің жұмыс жоспары сияқты сабаққа қажеттінің барлығы енгізілген. Яғни, мұғалім бұрынғыдай қағазбен бас қатырмайды. Бұл – интелектуалды деп аталады. Интелектуалды дегеннің өзі ішінде әрбір сала бойынша эксперті бар, «мықты мұғалім», «мықты методисті» бар технология. Бұл жүйе арқылы баланың өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады. Бұл жүйенің артықшылығы – үлгерімі жақсы бала өзгелерден оқ бойы озып шығып, одан әрі өз білімін дамытатын болса, сабақты нашар оқитын бала, яғни қабылдауы қиын оқушылар өз деңгейінің шеңберінде тапсырмаларды қайта орындап, түсіну мүмкіндігіне ие болады. – Электронды контент жүйесіндегі мұғалімнің рөлі қандай болмақ? – Мұғалім тек баланың тәрбиесімен айналысып, оқушының сабақты тұрақты, терең, мазмұнды қабылдап, рухани құндылықтарды меңгеруін бақылайды. Журнал толтыру, сабақ жоспарын жазу және тағы да басқа мәліметтерді жинақтау арқылы уақытын өткізетін қазіргі мұғалімдер бұл жерде тек баланың рухани қарым-қатынас деңгейін жақсартып, ұлттық салт-дәстүріміз бен қазақи құнды дүниелерді меңгерулеріне ықпал жасайтын болады. – Қазіргі мемлекеттік білім саласын басқа-
20
ру жүйесі арқылы толық интелектуалдық деңгейге жету мүмкін бе? – Бұрын құрылысшылар мектептің іргетасын орнатып, кірпішпен өріп, шатырын жабады да, ішіне партасын, тақтасын әкеліп берсе болды, жұмыс бітетін. Қалғаны мұғалімнің жауапкершілігіне енетін. Ал қазіргі заманда мектеп жан-жақты, интелектуалды болуы керек. Ол дегеніміз, бала бүгін мектепке келе жатыр ма, ол келген кезде денсаулығы қалай болды, соны тексеру керек. Мектептің ішіне кірген кезде оқушының эмоционалдық жағдайына қарай сабаққа психологиялық дайындық жасауы үшін көрнекіліктері өздігінше өзгеретіндей болуы керек. Яғни мектеп, оның ішіндегі әрбір кабинет соңғы технологиялармен жабдықталған, электроэнергиясы басқа елге тәуелді емес, өз жеміс-жидектерін, тамағын шығаратын мектеп болуы керек. Сондықтан, жан-жақты ойластырылған осы заманғы озық технологияларды қабылдаған мектеп болуы үшін біз жұмыс жасаудамыз. Қазіргі күнделікті қалыптағы мектептің құрылысын жаңа технологиямен де салуға болады. Ол жерде бала саны азайса кішірейетін, бала саны көбейсе үлкейетіндей етіп. Яғни тиімділік жан-жағынан қарастрылуы тиіс. Бұл мәселе бойынша барлық құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр. Мәселен, құрылысшы ақпараттық, инновациялық технологияны түсінбейді. Бұрын тоқсан пайыз құрылыс, он пайыз техника болса, қазір керісінше болуы керек. Зияткерлік мектептің өзі алпыс пайыз технология, қырық пайыз құрылыс болып отыр. Яғни басқару жүйесі әлі де – құрылысшыда. Ал, менің көзқарасым, керісінше жетпіс-сексен пайыз технология болуы керек, мектепті құрылысшының емес, технологияның басқаруымен салу керек. Қазірде көптеген шетелдік, ағылшынның, жапонның, американың, сингапурдың, тайландтың, орыстың ғалымдарын біріктіре отырып, әрқайсысының жаңа технологияларын алып, осы заманғы жаңа мектептің құрылысын жасап жатырмыз. Мемлекеттің тарапынан осыған сай басқару жүйесін жасап, сол жүйе арқылы технологиялық көзқарастағы жұмыстың жүргізілуі қажет-ақ. – Жаңа технологиялардың баланың денсаулығына зияны болмайды ма? – Баланың денсаулығына әкелетін зияны да бақылауда болады. Елімізге тек радиациялық, радиотехникалық, жарықтық тексерілуден өткен технологиялар ғана кіргізіледі. Бұл – қатаң бақылауда. – Сұхбатыңызға рахмет, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін! Сұхбаттасқан Н. ЗҰЛПЫҚАРОВА.
О
рта білім – ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы. Орта білім жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы орта білім ежелгі Грекия мен Римде белгілі болғанымен, Батыс Еуропада классикалық мек-
ОРТА БІЛІМ тептердегі білім алу сапасын жоғарылату, білім алушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын қорғау шараларын қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Жалпы білім беру жүйесі, білім беру бағдарламаларын игеру барысында кезең-кезеңімен жүзеге асатын үш кезең-
ОРТА БІЛІМ
БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ тептер XV-XVI ғасырларда ғана орнықты. Ал реалдық білім беретін орта оқу орындары XVIII ғасырда пайда болды. Реалдық училищелерде негізінен жаратылыстану ғылымдары және шет тілдері оқытылды. Жалпы, орта білім саласындағы осы екі бағыт (классикалық және реалдық) XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде жаппай етек алды. Қазіргі жалпы орта білім жүйесіне ана тілі, әдебиет, математика, биология, физика, химия, география, тарих, шет тілі сынды пәндер кіреді. Арнаулы орта білім жеке бір мамандықты игеруге қажетті ғылымдар негізін, теориялық және практикалық білімдерді, кәсіптік дағдылар мен шеберлікті меңгеруді қамтиды. Қазақстанда және ТМД елдерінде бірыңғай оқу бағдарламасы, оқу жоспары, ұйымдастыру жүйесімен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептер құрылған. Кейбір елдерде (мысалы, АҚШ-та) орта білім әртүрлі типті мектептерде беріледі. Жалпы және арнаулы орта білім жоғары оқу орындарына түсуге құқық береді. Қазақстандағы жалпы орта білім беру азаматтардың барлығына міндетті болып табылады. Жалпы орта білім берудің басымдықтары білімді ақпараттандыру және мазмұнын жаңарту. Жалпы орта білім беру жүйесінің алдында мектепке дейінгі барлық балаларға білім беруді қамту, жалпы білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттарын іске асыру, білім беру мазмұнын және білім беру әдістерін жетілдіру, объективті белгілерді енгізу және білім алушылардың білімін, мұғалімдердің қызметін бағалау жолымен мек-
нен тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және жоғары (1011 немесе 12 сыныптар). Көрсетілген кезеңдер бастауыш немесе негізгі жалпы білім беру мектептерінде бірге немесе бөлек жұмыс істей алады. Республикамызда 7755 жалпы білім беру мектептері оқушылардың игілігінде. Күндізгі білім беру мектептеріне қоса 70 кешкі білім беру мектептері жұмыс істейді. Орта білім беру сапасының жаңа деңгейге көтерілуі білім беруді кеңірек түсінуден туындайды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуының және қалыптасуының негізгі бағыты мәдениет және дәстүр құндылықтары мазмұнында жүргізілуі керек. Орта білім берудің сапасын жоғарылату, білім беру мазмұнын анықтау, күтілетін нәтижеге бағытталған мақсаттар жүйесін және оқушылардың оқу жетістігін әділ бағалау жүйесін құрастыру қажет. Осыған байланысты, белсенді әдіс-тәсілдерді молайту арқылы функционалды сауаттылықты мақсатқа сай дамытуда, оқушылардың адамгершілік және құқықтық мәдениетін, ұлтжандылық пен азаматтық көзқарасының дамуына білім беру мен тәрбиенің маңыздылығын атап көрсеткен жөн. Бүгінгі күні жалпыға міндетті орта білім берудің басты жаңалығы – 12 жылдық оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен
21
бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына, білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленген. Қазақстан қоғамындағы жоғары динамикалы жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастаған жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы секілді талаптар алдыңғы орынға шығады. Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістеріне – қоғам дамуынын карқындылығы; постин-
22
дустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі; адам капиталы мәнінің артуы жатады. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Еуропа кеңесінің (1992 ж.) декларациясына сәйкес, 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған еддерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. бар. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. Лида ҚОСАЙҚЫЗЫ.
EXPO - 2017
«ЕХРО-2017»
ҰСТАЗ ҺƏМ ШƏКІРТ АСТАНАНЫ АСҚАҚТАТҚАН АЙШЫҚТАР
Т
БАЕВ, хим ҚҰРСА Мұхамедра теті си а» универ «Тұран-Астан » е сервис «Туризм жән соры, ның профес кафедрасы рбие » ұлттық тә «Атамекен ры то ав ң ыны бағдарламас
әуелсіз Қазақ елінің 2017 жылы бүкіләлемдік көрме өткізу құқығына ие болуы – жаһандық масштабтағы ұлттық мұратымыз бен мүддеміздің бағамы мен ықпалын байқатар ерекше оқиға. Қазақ тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымды шаралар өткен жоқ. Қазақстанның мұндай керемет мәртебеге ие болуы республикамыздың соңғы жылдары қол жеткізген айбынды ерліктері мен нәтижелі жеңістері арқасында болғаны шындық. Әсіресе, ғаламдық деңгейдегі қазақ спортшыларының олимпиадалық ойындардағы жеңістері, ел экономикасының түбегейлі нарықтық жағдайға сәйкестендірілуі, білім мен ғылым саласының стратегиялық дамуын алдын-ала болжай отыра дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жасалуы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналық саясаты мен кемеңгерлік іс-әрекеті аталмыш олжаның ұлт еншісіне айналуына ұйытқы болды. Елбасының ерік-жігері мен тәуелсіз Қазақстанның соңғы жылдар тізбегіндегі аса ірі жетістіктері арқасында 2017 жылы Астана қаласында Бүкіләлемдік «EXPO» көрмесін өткізбекпіз. Асықпасақ, санаулы жылдарда-ақ бұрын-соңды болмаған ерекше тарихи оқиғаның куәгері боламыз. Бұл – бізге, бүкіл адамзатқа және өскелең жас ұрпақтың жас қанатына жаңаша серпін, қажыр-қайрат беретін, ғылыми һәм біліми намысын оятатын ХХІ ғасырдың бір кереметі. Бүгінде «EXPO – 2017 Astana Kazakhstan» ұлттық компаниясы құрылып, Елбасы мен Үкімет белгілеген ауқымды шаралардың халық игілігіне айналуы на қарқынды қадамдар жасауда. Астана қаласы Бас архитектуралық Жоспарына сай Бүкіләлемдік көрме өткізілетін арнайы жер бөлігі ғаламдық деңгейдегі құрылыс нысанына айналған. Қазақ Елінің Еуропалық (Белгия,Льеж) шаһарлардан асып түсуі бірқатар ерекшеліктерімен айқындалды. Айталық, Астана қаласының Еуразия материгінің
23
ортасында орналасуы, көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығы, ғылым мен білім жүйесін дамытудың мемлекеттік стратегиялық жоспарының жасалуы және ендірілуі, елорданың шөлейтті және орманды дала зонасында орын тебуінің климаттық ерешеліктері, ел экономикасының нарықтық жағдайға сәкестендірілуі біздің биігімізді айшықтады. «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп ата-бабаларымыз айтқандай, бүгінгі заман білім мен ғылымның біз үшін де, болашақ үшін де аса қажеттігі мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Білім мен ғылым кеңістігі өзінің танымдық географиясын күн санап ұлғайтуда. Уақыт мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасында ерекше ынтымақтастық пен ғылыми-шығармашылық байланыстардың бұрыннан бетер нығая түсуін қажет етіп отыр. Оның айқын бір көрінісі – мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы ғылыми жобалар сайысының тек қана біздің шаңырағымызда емес, тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірінде аса тартымды, қызықты өткізіліп жатқаны. Еуропалық және көптеген елдердегі жүзден астам жоғарғы оқу орындары өз еріктерімен бас қосып, болашақ білім кеңістігін, ғылым жаңалықтары мен озық технологияларды бірлесе отырып игеруді ойластыруда. Сондай игі істердің нәтижесінде пайда болған Болон процессінің айырықша баптарының бірі – он екі жылдық білім беру жүйесін дамыту. Осы орайда, біздер мектеп оқушыларының, әсіресе болашақта білікті маман иесі болуына зор ыждаһатпен, үлкен жауакершілікпен қараймыз. Қазақстанның 2017 жылы Бүкіләлемдік ЕХРО 2017 көрмесін ұйымдастыруға мүмкіндік алғаны аса ерекше тарихи оқиға дедік. Оған бүкіл жер шарынан бес миллионнан астам адам келмек, яғни осынша адам туған жеріміз бен ұлттық қазынамызды, мемлекетіміздің бүгінгі жайы мен экономикасын, тарихымыз бен мәдениетімізді, халқымыз бен жер байлығымызды тамашалайды, көреді. Ал, осынау іргелі іске республикалық масштабта мектеп оқушыларының ат салысуы, өз ойлары мен нақты ұсыныстары туралы мәнді де, мазмұнды тұжырым жасауы ерлікпен пара-пар дер едім. Сол себепті, олар осы жолы қол жеткізген табыстарын сол күйінде қалдырып қоймай, кейін жоғары оқу орны студенттері атанғанда ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстар тақырыбы ретінде одан ары зерделесе, ғылыми дәстүрге айналдырса, игі болар еді. Шындығында, бұл жобаға қатысуға тілек білдірген жас ұландардың зерттеу жұмыстары бізді қатты таңырқатты. Еліміздің еңсесін биіктететін мұндай маңызды шараларға жас ұрпақ өкілдерінің назар аударуы қуантпай қоймайды. Сондықтан, дарынды жастарға өз тарапымыздан қолымыздан келгенше барлық жігеріміз бен тәжірибелерімізді арнап, қажет жағдайда кеңес беруге, тәлімгерлік ой бөлісуге, бірлесе жұмыс істеуге дайын болуымыз керек. Болашақта бұл бастама көпшілік талқысына түсіп, халықтың ой-пікірлерімен ұштасқан салиқалы идеяға айналып, қоғам дамуына қажетті жекелеген мамандық түрлері бойынша жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс. Қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі бағамдап, «Жас ғалым» жас зерттеушілер қауымдастығын құрған жөн. Бүгінгі ұрпақ ел экономикасының гүлденуіне қомақты үлесін қосатын, ақпараттық айқас заманының дарынды тұлғалары болып өсуіне жағдай туғызуымыз керек. Осы орайда, «Facebook» ақпараттық-а-
24
налитикалық орталығы порталында дистанциялық режимде ұйымдастырылған «ЕХРО-2017 және балалар» ғылыми жобалар сайысында мәнді іске мектеп мұғалімдері мен оқушыларының да өз ойлары мен жеке үлестерін қоса алатынына көз жеткіздік. Бұл шараны іске асыруда мынадай бірнеше мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағыттар қамтылды: «E-Learning» электрондық білім беру жүйесі; отандық «G-Global» жобасы; ғаламдық «Thomson Reuters», «Elsevier», «AAAS», «Global ethnics.net» т.б ғылыми-техникалық ақпараттық ресурстар; Болон процессі және он екі жылдық білім беру жүйесі. «Facebook» қорына келіп түскен ғылыми жобалар мектеп мұғалімдері басшылығымен, ғалым-профессорлар көмегімен және оқушылардың қызығушылығы негізінде арнайы коммуникациялық форматқа көшіріліп, көпшілік қауым тарапынан талқылынып өз бағасын алды. Қазақ елі бүгінде әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарынан табылуда. Біздің демографиялық көрсеткішіміз жаһандық глобализация мен ақпараттық технология жетістіктерінің сандық форматқа ұласуы қарсаңына дөп келуі ғажап құбылыс. Дәстүрлі білім мен ғылыми жаңалықтар тәжірибесі бүгінде ұдайы жаңару процесін қажет ететін тұтас ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын қалыптастыруда. Өз елінің болашағы мен жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мен ғылым нәрі арқылы нұрландыруды мақсұт еткен дарынды да парасатты ұрпақтың интеллектуалдық құзырлығы мен танымдық зердесін объективті тұрғыда бағалайтын іргелі орталықтардың пайда бола бастауы – жаңа заманның жарқын бейнесі мен сындарлы талап-тілегі екені ақиқат. Олардың қатарына Thomson Reuters, Springer, Elsevier, Autostream, Slide Shape, OS, AAAS сынды замануи жаңалықтар мен озық тәжірибелерді сарапқа салып, айтулы жетістіктердің адамзаттың ортақ интеллектуалдық қазынасына айналуына мүмкіндік туғызып жатқан жаңа буындағы ғылыми-зерттеу мен талдау-ақпараттық орталықтарды айтуға мұқтажбыз. Мұндай зор мүмкіндіктердің бәрінен ұстаз бен шәкірт арасындағы ғылыми байланыстың жаңа деңгейге көтеріліп, өткен дүниелердің құндылығын сақтай отырып, жаңа жүйенің қалыптасуына ерекше ынта мен жігер қалыптастыратын құбылысты байқаймыз. Мектеп және басқа оқу орындарындағы ғылыми-ақпараттық технологиялар ықпалынан туындай бастаған жаңа бағамдар мен ауқымды ұсыныстардың күн санап ерекшелене түсуі – болашақ моделін жасаушы жас ұрпақтың санасына күрделі ой салып отырғаны жаңсақ емес. Демек, дәстүрлі білім мен тәрбие құндылықтарын сақтай отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жаңаша технологиялар мен үлгі-жобаларды, өз ортамыз бен мүмкіндіктерімізге ыңғайластыра отырып, батыл шешім қабылдау заманы келді! Оған соңғы жылдар құрлықты масштабты қамтыған «Tempus-V» және «Erasmus Mundus» ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдармен бірге мектеп оқушыларының да ат салысуы, сондай-ақ Астанада өткен «Worlddidactic-2013» интерактивті және электронды оқыту технологиясына арналған ауқымды шаралардың қолға алынуы жаңаша ой тұжырымдайтын ұрпақ санасының таным кеңістігін ұлғайтуға ұйытқы болары анық. Міне, елордамыздың төрінде 2017 жылы өтетін айтулы ірі оқиға жоғары-
да айтылған ұсыныстар мен тұжырымдарды, түпкір-түпкірлерде қайта ой елегінен өткізіп, әр өскіннің өн бойынан ұшқын алған зерде сарайынан бастау алып, ұстаз бен шәкірт арасындағы ынтымақтастықты бұрыннан бетер нығайта түсуіне мұрындық болары сөзсіз. Сол себепті, жер-жерден келіп түскен хаттар мен электронды ресурстар негізінен әр адамның жеке пиғылы мен шешімі арқылы өрбігені абзал. Жаңа заман жағдайы осы уақытқа дейін зерделеніп, кей жағдайда ендіріліп келген әлемдік озық тәжірибелерді ендігі арада заман талабынан туындаған қажеттіліктермен ұштастыру керек. Атап айтқанда, еліміздің энергетикалық ресурстарының негізгі ошағы болып табылатын мұнай мен газ өнеркәсібі саласы көптеген жас зерттеушілердің назарын аударғаны мемлекет үшін маңызды. Осы саладағы шетелдік компаниялардың жетістіктері мен стратегиялық жоспары хақында болжам жасау ісі қолға алынғаны абзал. Атырау газ және мұнай институтында қолға алынған Каспий теңізін мұнай қалдықтарынан арылту жобасы жас зерттеушілердің назарын аударып, аталмыш істің ұзақ жылдарға арналған бағдарламасын сұлбалады. Жастар үшін маңызды зерттеу объектісі – ол тұщы судың ғаламдық масштабты қамтыған экологиялық проблемасы. Бүгінде тұщы судың тапшылығы сезіле бастаған кезде әлемдегі алпауыт АҚШ, Қытай, Ресей, Канада, Жапония және Еуропа мемлекттері Арктика мұзын пайдалану жобасы туралы мәселені қызу талқыға салуда. Мұзды пайдалану табиғи баланстың ауытқуына әсер етуі ықтимал. Бұл жерде, оған альтернативті жоба ретінде Қазақ даласындағы өзен, көл, артезиан және грунт сулары мен биік таулы мұздықтарды пайдалануда «Kazakh Water» жобасына жас ғалымдар мен оқушыларды тарту керек. Бұл жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізген жандарға болашақтағы жұмыс жоспарларын тиянақтауда аталмыш мәселеге терең назар аудару қажет деп санаймыз. «ЕХРО-2017» тақырыбы көптеген зерделі жастарға ой салғаны байқалады. Әсіресе, болашақ энергиясы немесе «жасыл технология» жетістіктерін халық игілігіне айналдыруда авторлық-өнертапқыштық жобаларын ұсынған батыл қадамдар қуантарлық. Аталған құралдарды заңдық-құжаттық негізде қайта зерделеп, жас өскіндерге патент құжатын беру күттірмейтін іс. Ол өнімдерді Бүкіләлемдік көрмеге қоюға бар мүмкіндігімізді жұмсаймыз. «ЕХРО» көрмесіне оқушылар қолынан жасалған ұлттық қолөнер және қолданбалы бұйымдар мен зергерлік әшекейлерді қоюға әбден болады. Жобаға қатысқан жұдырықтай балалардың ата кәсіпті ұлықтап, бабадан қалған асыл қазыналарды қайта жаңғыртуға үлес қосқаны жүрегімізді тербеп, көңілімізді елжіретті. ХХІ ғасырды қазақ туризмінің ғасыры деуге болады. Әлем инвесторларының назарын аударып отырған Алматы (Жаңа Іле), Бурабай, Қарасу, Кендірлі, Шығыс Қазақстан (Ертіс бойы) және Батыс Қытай-Батыс Еуропа автодәлізі ата-баларымыз салып кеткен Ұлы Жібек жолының әлем этностары мәдениеті мен экономикасының «Алтын көпірі» миссиясын атқарып келе жатқанын тағы дәлелдеді. Өз кезегінде осы салаға қатысты өз еңбектерін паш еткен жас зерттеушілер еліміздегі ішкі туризм индустриясының кешенді дамуы қажеттігі идеясын алға тартып отыр. Сөз барысында Ақтөбе облысындағы «Жаманшың»
метеориті, Павлодар облысындағы Ақсу қаласына шетелдік туристерді тарту мәселесіне арналған мағлұматтар көңіл қуантарлықтай. Көптеген оқушылардың Қазақстанда өтетін «ЕХРО-2017» шарасына жеке үлестерін қосуға деген ынтасының басым сипат алуы байқалады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақ энергиясы» деген атауымен әлемге әйгілі болған идеясын құптаған балғындар тобы ұсынған жобалар кім-кімнің болмасын назарын өзіне аударып отырғаны шындық. Демек, әр оқушының болашақта ірі ғалым болып жетілуіне мұрындық болатын аталмыш материалдарды қайта зерделеп, отандық технология саласына енуіне қолайлы жағдай туғызатын жақтарын да жадымызда сақтағанымыз абзал. Бұл тұста ғылымға ден қойған әр өскіннің алғашқы талпыныстарына жоғары баға беріп, оқу мен тәлім-тәрбие талаптарына жүгіне отыра, заманауи қажеттіліктер мен игіліктерді барынша игеру ісіне ден қоюына жағдай туғызу керек. Келесі қадам жалпы зерттеудің жоспары мен сұлбасы, тақырыпшалар мен тұжырымдар, тараулар мен ескертулер жөнінде қысқаша проспектіні жобалауға арналуы керек. Әр тарау мен тақырыпшалар зерттеу кезеңдері мен жинақталған материалдарға байланысты. Абай атамыз «Ғылым қиын жол, ал адамды оған тарту одан да қиын. Бірақ бір жол бар, ол – ғылымға адамды бала кезінен бастап қызықтыру керек» деген. Сол себепті, балалар өздері таңдаған тақырыпты ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына енгізу (тіркеу) олардың санасында ерекше қызығушылық қалыптастырады деген сенімдеміз. Бүгінгі таңда әлемдік деңгейде бірнеше ғылыми-техникалық ақпарттық ресурстар орталықтары және порталдар ғылыми тақырыптарды тіркеуге ынталы. Қазақстандық G-Clоbal, Bastau, Your vision. kz, On.kz, Nur.kz ақпараттық-коммуникациялық алаңдар мен блог-платформалар ғылым мен ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары жөнінде қажетті мағлұмат алғысы келетін, жеке көзқарасын білдіріп, өз жобасы жөнінде объективті бағасын ала алатын балалар мен жастарға таптырмайтын мүмкіндік дер едік. Соңғы жылдары ең қажетті деген ғылыми анықтамалар мен тұжырымдар, концепциялар мен графикалық кестелер, сызбалар мен ғылыми терминдер қайта жинақталынып, жүйеленіп, толықтырылып, ағылшын тіліне белсенді түрде аударыла бастады. Оған Wikipedia ашық (глобальді) энциклопедиялық электронды кітапхана порталы дәлел. Мысал ретінде Wikipedia ресурсынан «Kazakh history» немесе «Kazakh felt house» тақырыбы бойынша іздеу салатын болсақ, орыс тілінде жазылған ақпараттардан гөрі ағылшын тіліндегі мағлұматтар мол екенінен көз жеткіземіз. Ал, Slide Shape ресурсы арқылы электронды оқулықтар жазып, мектептегі пәндер мен оған қосымша материал ретінде пайдалынатын сандық форматтағы оқу құралын, портфолиосын, анимациялық қосымшаларды қатар қолданатын білім жүйесін (авторлық дидактикалық ресурс) құруға болады. Қазақстандық Your vision.kz және Facebook порталдары кез келген танымдық-әдістемелік материалдарды (тест, фото, кесте, математикалық модельдеу, графикалық дизайн, слайд, видео т.б) әр адам өз қалауынша жобалап, ғылыми-зерттеу бағыттары мен мәселелері туралы глобальді тұрғыда тәжірибе алмаса алады.
25
ТОПЖАРҒАН Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы №70 мектеп-лицейде «Үздік мұғалім» байқауын өткізді. Кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл педагогтарды анықтауды, орта білім беруді дамытудың жаңа идеялары мен концепцияларын және бағдарламаларын қарастыруды, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін насихаттауды, сондай-ақ мұғалімнің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруды мақсат еткен байқауға елордадағы отыз білім ошағынан отыз мұғалім қатысты.
МЕРУЕРТ
–ҮЗДІК МҰҒАЛІМ
Педагогтар додасының «Өзін-өзі таныстыру» аталымында үміткерлер өздері жайында кеңінен мағлұмат беріп, ұстанымдарын көрсететін эмблемалары мен девиздерін ұсынды. «Барлық пәндер жақсы» деп аталатын екінші кезеңде қатысушылар өз пәндерінің ең тиімді, қызықты қырларын танытты. Ал, «Педагогикалық идеяны қорғау» атты аталымда әр мұғалім жазбаша шығармашылық тапсырманы кесте, тірек конспект, слайдтар түрінде дайындап, көрсетті. «Үздік мұғалім – 2013» байқауының үздік эмблемасы және бойтұмары «Бұны сіз білесіз» кезеңінде ортаға салынды. Тартысты өткен шараның нәтижесінде еңбек өтілі жиырма жылды құрайтын, №70 мектеп-лицейдің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Қуатбекова Меруерт Малдыбайқызы барлық сыннан сүрінбей өтіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол мектеп ұжымы мен қоғамдық ортада байсалды, белсенді ұйымдастырушы, оқушылардың өз бетімен жаңа ақпараттар іздеуіне және ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізуіне жол ашушы, өз ұстанымын ғылыми-педагогикалық ортада, конференцияларда, саяси-қоғамдық іс-шараларда танытқан, сабақ беру әдістемесін жетік меңгерген мұғалім ретінде көпшілік назарын өзіне бірден аудартты. Меруерт Малдыбайқызы «Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру» атты әдебиеттік оқу құралы арқылы оқушыларға білім береді. Оның сабақ беру ерекшелігі сонда, сабақ барысында оқушылардың өз ынталары мен мүмкіндігіне сай жұмыс түрлерін таңдауына еркіндік береді. Сонымен қатар, №70 мектеп-лицейде оқушылардың ғылыми
26
қоғамының жетекшісі бола отырып, балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған қисынды ойлау әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданады. Мақтана айтарлығы, «Модульдік оқыту технологиясын ана тілі сабақтарында қолдану», «Бастауыш сатыда зерттеушілік әрекетке бейімдеу жолдары», «Ана тілі сабақтарында мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық әрекеті», «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін дамыта оқытуды жүзеге асырудың негізгі жолдары», «Он екі жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі», «Дидактикалық ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті белсенділігін дамыту жолдары» тақырыптарында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмекші құралдар жазған ұстаздың бұл еңбектері қала, республика көлемінде кеңінен тарап, әріптестерінің қажетіне айналған. Ақпаратты дер кезінде алмасып, іс-тәжірибені тарату үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне, ата-аналарға арналған сайт ашты. Меруерт Малдыбайқызы бұл байқаумен шектелмей, педагогикалық кәсіби еңбегін тағы да сынаққа салып, республикалық байқауға да қатысты. Бұл байқауға еліміздің әр өңірінен шығармашылығы мен шеберлігі асқан, әдістемелік құнды құралдармен талай жас мамандарға жетелеуші болған бес жүзден астам педагог қызметкер қатысты. Нәтижесінде республика бойынша 30 мұғалім Білім және ғылым министрлігінің шешімімен грант иегері атанды. Сол іріктелген отыз мұғалімнің арасында Меруерт Малдыбайқызы да бар. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов педагогтарға бір миллион жеті жүз мың теңгенің сертификатын және «Үздік мұғалім-2013» төс белгісін тапсырды. Ұстаздың педагогикалық шеберлігі оның әр сабақты, сыныптан тыс шараларды қазіргі талапқа сай тәрбиелік, көшбасшылық мақсатта ұйымдастыруы көпшіліктің назарын аударып, ел алғысына бөленіп, атқарған еңбегіндегі жетістігі үшін Астана қаласының әкімдігі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қала әкімі Иманғали Нұрғалиұлының құттықтауымен Меруерт Малдыбайқызына мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Мұндай марапатқа ие болу құрметі түрлі сайыстар мен байқаулардың, ғылыми конференциялар мен семинарлардың үздігі атану, болашақ ұрпақ үшін төккен тері деп білеміз. Нұрсұлу ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ.
АШЫҚ АШЫҚ ӘҢГІМЕ ӘҢГІМЕ
ҚАЗАҚ ФАМИЛИЯСЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ОЙЛАР
Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР дипломатиялық қызметінің қайраткері, Астана «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы: ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ ЖӘНЕ КЕҢЕС ОДАҒЫ ОТАР ХАЛЫҚТАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚТАРДЫ МӘҢГІБАҚИ БҰҒАУДА ҰСТАУ ҮШІН ТАЛАЙ ҚҰЙТЫРҚЫ ҚИСЫНДАРДЫ ОЙЛАП ШЫҒАРҒАНЫ МӘЛІМ. «АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНА АҚ ПАТШАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ», «ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ», «БІРТҰТАС КЕҢЕС ХАЛҚЫ», «ТАПТЫҚ САЯСАТ» СИЯҚТЫ БЕЛГІЛІ ҰҒЫМДАРМЕН БҮРКЕМЕЛЕНГЕН ЖЫМЫСҚЫ САЯСАТ АРҚЫЛЫ ӨЗ ҚОЛ АСТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫ ТАРИХИ ЖАДТАН, ҰЛТТЫҚ САНАДАН АЙЫРУДЫ КӨЗДЕДІ.
«Интернационализм» идеясын желеу етіп, жердің атын, елдің затын білдіретін ұлттық топономиканы өзгерту, мәңгүрттік пен тексіздікті тудыратын аралас некені жан сала насихаттау, ұлттың төл ныспысы мен есімін айқындайтын антропономикалық белгілерді жою осыған қызмет етті. Кеңес Одағы славян халықтарынан басқа екі халықтың – армяндар мен грузиндердің ғана өз жазулары мен фамилияларын қалдырып, қалғанда-
рының барлығын жаппай ашықтан-ашық орыстандыруға ұшыратты. Мәселен, Сібірдің ұсақ ұлттарын қоспағанда, әжептәуір ірі халық саналатын саха-якуттардың аты-жөндері Петр Петрович Николаев деген сияқты, түгелге дерлік орысша ныспыға ауыстырылды. Қазақстанда 1930-40 жылдары «кирилица» алфавитін енгізу халыққа сол орыс үлгісіндегі үш мүшелі фамилияны (аты, әкесінің аты, фамилиясы) күштеп таңу мұндағы ұлттық белгілерді жоюдың мықты құралы болды. Бұның өзі Қазақ елінде қолдан жасалған адамзатты жек көрушілік (мизантроп) Ф.Голощекин (Ицкевич) ашаршылығымен ұштасып, халықтың ұлт есебінде жойыла бастау қаупін туғызды. Оған араша түсуге ұмтылған озық ойлы зиялыларымыз түрлі жаламен айыпталып, құртылды. Соның ішінде қазақ үрдісіндегі «ұлы», «қызы» деген дәстүрлі аты-жөнін сақтаған азаматтар «халық жауы» ретінде қуғындалды. Сөз орайында халқымыздың атақты ұлы Бауыржан ағамен аталмыш тақырып төңірегінде әңгімелесіп, «Сіз Момышұлы деген фамилияны кезінде паспортыңызда қалай сақтап қалдыңыз?» деп сұрағанымызды айта кеткім келеді. Қазақ халқының тастүлегі сонда бұл сауалға: «Ол оңай болған жоқ. Қандастарымнан, олардың түп-тұқияны мен аты-жөнінен ұлтшылдық ізделіп жатқан 1937-39 жылдары мен Қиыр Шығыстағы армия қатарында жүрген едім. Елден суық хабарлар келіп жатты. Олардан жоғарыдағыдай ызғар лебін сезіп жүрдім. Оның кесепатын аңдап, аңғардым да. Енді аз уақыттан кейін әскери міндетімнің мерзімі де бітеді. Туған жерге оралғанда сатқын біреулердің «ұлы» деп ұлып жүрген нағыз ұлтшыл сен екенсің ғой!» деп қудалайтынына көзім жетті. Сондықтан, дәстүрлі қазақша фамилиямды қалай сақтап қалу жолын іздедім. Полк командиріне жазбаша рапорт өтінішімді бердім. Зер сала оқып шыққан полковник: «Фамилияңды не үшін ауыстырмақсың? Жалпы, аты-жөнге байланысты ежелден бері келе жатқан халықтық дәстүрлерің қандай еді?» деп сұрады. Мен фамилиямның ұлттық үрдіс бойынша Момышұлы болып дұрыс жазылғанын, бірақ елдегі етек алған қауіпті науқанға байланысты амалсыздан өзгертуге мәжбүр болып отырғанымды жасырмай айттым. «Түсінемін, жағдай қиын. Бірақ өз басым ұлттық фамилияңды сақтауға келісемін. Өтінішіңе қол қоюдан бас тартамын» деп тоқтамын айтты полк командирі. Мен командирге ризашылығымды білдіріп, не болса да көруге бел байладым. Қазақша фамилиямды сақтауда, «ұлы» деген сөзге қатысты бір шындық міне, осындай» деп Бәукең әңгімесін тиянақтаған еді.
27
...Жылдар өтті. Мәскеудің әмірімен, республика басшыларының пәрменсіздігімен, саясат күшімен ата, әке, олардың балаларында, біздің фамилияларымызда орыстың «ов», «ев», «ин» тәрізді белгілері берік орын тепті. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған 1991 жылдың қарсаңында бүкіл елде қазақтың дәстүрлі аты-жөндерін сақтаған адамдар саусақпен санаулы болды. Бауыржан Момышұлы, Шона Смаханұлы, Балғабек Қыдырбекұлы, Бақытты Батыршаұлы және тағы басқа жандардың ата дәстүріне деген адалдығы оларға соншалық жеңіл тимегені белгілі. Кеңес үкіметі тарапынан оларға әрдайым «ұлтшыл» деген таңба тағылып, басып отырды. Мәселен, өзіме келсем, жетпісінші жылдары бүкіл он тоғыз облыс пен астаналық Алматы партия комитетінде және басқарушы Қазақстан Компартия, Үкімет, республика Жоғарғы кеңес аппаратындағы тізімде жалғыз «ұлы» деген фамилияны сақтаған мен ғана болдым. Менің кандидатурамды ҚКП Орталық Комитетке жұмысқа ұсынғанда, хатшы О.Мирошхин «Мы националистов в ЦК партии не берем» деп, кандидатурамды қарамаған. Ал, 1986 жылы бүкіл Қазақстанда болған шешімдеріне сәйкес құрылған Желтоқсан көтерілісінен кейін (болған оқиға) КПСС пен КГБ комиссиясы әнеге ұлттық фамилия алдың, неге «Батыршаев» болмадың?!» деп бір жыл бойы соңыма түсті. Ендеше, большевиктік идеологиялық зорлық заманында «Мен қазақпын» дегенді ісі мен әрекеті арқылы танытқан осындай абзал ағалардың үлгісі азаматтықтың, іріліктің белгісі болып қала бермек. СССР жойылып, қазақ халқы өз тәуелсіздігін алған соң жүздеген мың азаматымыз өзінің төл дәстүрін сақтап, «ұлы», «қызы» деген фамилияны алды. Алдағы уақытта жас буын қазаққа жат орыстың «ова» мен «евасынан» құтылатын болды. Тарихи тұрғыдан келсек, қазақ халқы көршілес Шығыс елдерінің үрдісіндегі есімдерді ерте заманда-ақ иеленгенін байқаймыз. Мәселен, арабтардағы «ибн», еврейлердегі «бен», «әзербайжандағы» оғлы парсыдағы «заде», қазақтағы «ұлы» – бір мағынаны білдіреді. Екі мың жыл бұрын вавилондықтар, кейін Рим империясы тарапынан жаулап алынып, мемлекет ретінде жойылған еврейлер мемлекеті XX ғасырдың ортасында дүниеге қайта келіп, бүгінгі таңда әлемнің дамыған мемлекеттер қатарына жетіп отырғаны баршаға мәлім. Оның негізгі идеологиялық тірегінің бірі – ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрлерін жандандырып қана қоймай, оны жаппай іс жүзіне асырулары болды. Еуропа, АҚШ және ТМД елдерінен Израильге келген оралман еврейлер де көне шығыс фамилиясына жаппай көшуде. Мәселен, Бен-Гурион, Моше Бен-Ами, Аврам Бен-Ицхак. Келтірілген есімдердегі «бен» сөзі «ұлы» деп аударылады. Түркі тектестердің ішіндегі әзербайжандар мен түріктердегі «оғлы» (ұлы) үлгісінің бізде сонау ерте заманда «Көроғлы» болғанына тарихи және әдеби ескерткіштер толық куәлік білдіреді, көптеген жазба ескерткіштеріміздегі ата-бабаларымыздың есімдері дәлел бола алады. Мәселен, 1970 жылы жарық көрген «Әдеби мұра» атты кітапта белгілі Шақшақұлы Жәнібек би «Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы
28
Жәнібек» делінген. Сондай-ақ, XIX ғасырдағы мына бір өлең жолдарын алыңыз: Мұсылман мен кәпірдің, Арасын бұзып дін ашқан... Сүйіншіұлы Қазтуған «Алдаспан». Алматы. 1971 ж. Бертіндегі аталарымыз Шәкәрім де, Сәкен де фамилияларына әкелерінің аттарын пайдаланған. Мәселен, Шәкәрім қажының «Жәрдем» баспасынан 1927 жылы жарық көрген «Қазақ айнасы» атты өлеңдер жинағының бетінде «Шаһкерім Құдайберді-ұлы» деп жазылған. Ақынның өз қолымен жазылған осы фамилиясын бүгіндері Шәкәрім Құдайбердиев, ал данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлын «Құнанбаев» деп түрлендіріп жүргеніміз – бір жағынан тарихқа қиянат болса, екінші жағынан аруақты қорлау. Ал, осы Шәкәрімнің Алматы қаласында Сәкен Сейфуллин бастырған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының бірінші бетінде «Жинастырып, баспаға берген Сейфолла-ұлы С.» делінген. Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгірұлы, қайраткер Тұрар Рысқұлов та (бұл кісі Қазақстан өлкелік баспасөзіндегі жарық көрген мақалаларын Тұрар Рысқұл-ұлы деп жазған), тіпті, қазақтарға араб әліпбиін қойып, орыс алфавитін алуды ұсынған Ыбырай Алтынсариннің өзі фамилиясын қазақша «Алтынсары-ұлы» деп жазған. Бұл қолжазба Алматыдағы республикалық кітап музейінде тұр. Тағы бір айтар жәйт, «ұлы» деген сөз әкесінің аты Алтынсарыдан бөлек жазылған. Осы дұп-дұрыс, өзегі тура нәрсе кейін не болды? Өзгертілді. Өзгерткен олар емес, мына біз. Кешегі, бүгінгі марғау ұрпақ. Сөйтіп, арыстарымыздың аты-жөндеріне қиянат жасадық. Қандай өкінішті десеңізші. Бұдан өткен зорлық бола қоймас, сірә! Сондай-ақ, қазақтың оқыған, зиялы азаматтары да араб үлгісіндегі аты-жөнді пайдаланғандығын Құрбантали Халидидің Алматыда 1992 жылы жарық көрген «Тауарих Хамса» атты кітабынан кездестіреміз. Әнші Әсет Найманбайұлы онда: «Айтушысы арғын елінен Әсет ақын ибн Найманбай ибн Тауасар ибн Анбай ибн Шөрен Қаракессек» делінген. Бұл жерде «ибн» деген сөз «ұлы» деп аударылады. Сонымен бірге, бүгінде Әкім Тарази фамилияларын алған белгілі адамдар да бар. Мұның ертедегі Фараби (Фарабылық), Отырари (Отырарлық), Хорезми (Хорезмдік) секілді ресімнен бастау алғаны анық. Бұл – қазақтың Ислам дінімен ғасырлар бойына араласуының нәтижесінде қалыптасқан дәстүрлі антропонимикасының бірі. Бірақ, қазақтың басым көпшілігі орыс үлгісіндегі үш мүшелі фамилияларды бүгінгі таңда әлі кеңінен қолдануда. Ендігі ретте, үш мүшелі фамилияның шығу тарихына қысқаша тоқтала кетелік. Рим Республикасында әрбір азаматтың екі есімі болғаны белгілі. Prdenomen – өзінің аты, homen dehlis – шыққан тегі. Мәселен, Публий Корнелий, мұнда Публий – кісінің есімі, Корнелий - әкесінің аты, Корнелийдің тұқымы дегенді білдіреді. Фамилия қоюдың осы үрдісі өзге Еуропа елдеріне, әр нұсқада тарады деуге болады. Батыс Еуропада фамилия иелену үрдісі XV ғасырдан басталса, ал орыстардың фамилия алуы тек XVIII ғасырдан басталады. Ал
жалпы Ресейде фамилия беру 1861 жылы «крепостниктік правоның» жоюылуымен тығыз байланыста болды. Алайда, қазақ антропонимикасы осы үш мүшелі үлгімен жасалуға тиіс деген пікір ұстанып жүргендер дәстүрлі қазақ аты-жөнін келемеж қылып, қазақтағы «ұлы» орыстағы «ович» дегенді (отчество, яғни әкесінің атын) білдіреді, сонда фамилия қалай болмақ деп дау айтады. Бұл орайда, оларға бүкіл Еуропаның ішінде осы үлгіні негізінен орыс халқы ғана қолданатындығын, ал басқа елуге жуық Еуропа халқының аты-жөні екі мүшеден – есімнен және фамилиядан тұратындығын еске салмақпыз. Француздардың аты-жөні осы үлгіге сәйкес келеді. Мәселен, Франсуа Миттеран, Жак Ширак. Немістерде де солай: Томас Манн, Гельмут Коль. Тіпті, славян тектес поляктардың өзінде де (Владислав Гомулка, Лев Валенса) әкесінің аты деген жоқ. Исландиялықтарда да орыс үлгісіндегі фамилия кездеспейді, оларда әкесінің есімі біздікі сияқты фамилия қызметін атқарады. Мысалы, Ионссон (Ионұлы) және Ионсдемтир (Ионқызы) түрінде келеді. Ал, белгілі ғалымдар Ә.Қайдаров пен Т.Жанұзақовтың Қазақстан Республикасының ұлты қазақ азаматтарының атыжөнін ретке келтіру жөніндегі тұжырымдамасында: «Қазақстан Республикасында тұрушы қазақ ұлтты азаматтардың атын, әкесінің атын, фамилиясын жаңа үш мүшелік анропонимикалық жүйемен белгілеу енгізілсін» делінген. Яғни, біздің бұл құрметті ғалымдарымыз басқа Шығыс халықтары сияқты мыңдаған жылдық тарихи дәстүрі бар қазақтардың ежелгі атыжөнін бұзып, орыстың үш мүшелік жүйесінде қалуды ұсынып отыр. Бұл азиялық дәстүрге де, таза еуропалық үлгіге де жатпайтын тұжырым. Қазақ әулеттерінің қандай фамилия ұстауы керектігі жөнінде кейбір жазушылар, журналистер айтып жатқан пікірлердің бірқатары түрік моделіне көшуді ұсынады. Арабтардан алыстатылып, еуропалықтарға жақындатылған бұл реформаны кезінде Түркия президенті Кемал Ататүрік енгізген болатын. Осының негізіндегі түрік фамилиялары аталмыш халықтың есіміндегі «оғлы» деген сөзін ығыстырды. Оған қарамастан, бүгінгі күні түріктерде, әзербайжандарда «оғлы» деген фамилия көп кездеседі. Сол отызыншы жылдары кіргізілген түріктің реформаланған үлгісімен бізде де, біраз қазақ фамилияларының бой көрсеткен жайы бар... Енді, Марат Мұрат, Ерлан Нұржан, Кеңес Совет секілді ұйқас әкелі-балалы адамдар фамилиясын алғандар жаңылтпашқа айналып кетпес пе екен деген қаупіміз бар. Оның үстіне Түркияның бір бөлігі Еуропада жатыр. Ал бізге не жорық? Қазақтардың ғасырлар бойы пайдаланып келген өзінің дәстүрлі аты-жөнін лезде тастап, кеше ғана Түркиядағы енгізілген үрдіске бойұсынуын қандай ғылыми немесе тарихи негізбен дәйектеуге болады? Қытайдағы біраз қазақтарды да күштеп «ұлы» деген сөзден айырды, қытайшалап өз есімі және әкесінің есімі, не болмаса туған жерінің атын берген. Осыған да ой жіберіп көргеніміз жөн ғой деп білемін. Сөз ретіне қарай айта кетелік, ру атауларын фамилия етіп алу да елге кеңінен тарап бара жатыр. Мәселен, Албани, Дулати, Тарақты, тағы басқалары.
Мұнда мынадан сақтанған жөн. Егер Тарақтыдан тараған қазақтың жүздеген қайраткерлері болса, олар бабаларының есімін фамилияға қолданса, осының өзі-ақ жұртты шатастыруға әбден жетіп жатыр. Мәселен, А.Тарақтыны кім деп ұғамыз? Ахмет пе, Айман ба, Асқар ма, Айжан ба? Себебі, жынысы көрсетілмеген. Бұл жерде біз Ә.Қайдаров пен Т.Жанұзақовтың тұжырымдамасындағы фамилия етіп ру, тайпа аттарын алудың қажеті жоқтығы жөніндегі пікірін қолдаймыз. Өйткені, барлық ұлттар да тайпа, рудан құралған. Қазір олар бөлшектенбес тұтас ұлт болып отыр. Сол сияқты, кейбір жекеленген рушылдар болмаса, қазақ халқы да ірі ұлттардың қатарында. Соңғы кездері кейбір жастар көне тарихқа қатысты жеке-дара ұғымдарды фамилия ретінде иеленуге қам жасап жүр. Оған Жұмаш Көкбөрі дегенді мысалға келтіруге болады. Біздіңше, бұл үлгіні лақап ат, бүркеншек есім ретінде пайдалануға болар еді. Бірақ фамилияға жарамсыздығы айдан анық. Сондай-ақ бәзбіреулер Б.Майлиннің «Арыстанбайдың Мұқышы» атты әңгімесінің үлгісімен фамилия жасауда. Мәселен, Өмірбектің Жаппары, Әуесбайдың Қанаты. Мұның сыртында «ов» пен «евті» «тегімен» алмастырған азаматтар да баршылық. Жүсіпбек Қорғасбектегі, Кеңесбек Демештегі... Әркім өзінің ойына келгенін істей бермей, көне қалыптасқан атымыздың «ұлы» мен «қызын» сақтағанымыз абзал. Сөзімізді қорыта келіп, қазақ фамилиясы жөніндегі өз пікірімізді айтпас бұрын біз «ович», «ов», «ев», «ин» деген орыс үлгісіндегі фамилиялардан бас тартуды ұсынамыз. Осының салдарынан бір әкесінің атынан «фамилия» және «отчество» жасап жүрген ағайындарымыз аз емес. Мысалы, Асқар Ахмедович Ахметов. Бұл біріншіден, империялық отаршыл саясаттың сарқыншағы іспетті. Екіншіден, жұрттың фамилия алуға деген еркіндігін жақтай отырып, әкесінің атын ешқандай жұрнақсыз фамилия етіп алуға қарсы екендігімізді білдіреміз. Себебі, бұл Ержан Нұржан, Ахмед Мұхаммед, жоғарыда айтқандай жаңылтпаш тіркестер туғызады және мұнда есімі қайсы, фамилиясы қайсы екендігі белгісіз. Дәстүрлі қазақ антропонимикасында қолданылатын Төле би Әлібек-ұлы, Қазыбек би Келдібек-ұлы, Әйтеке би Байбек-ұлы, Бұқар жырау Қалқаман-ұлы, Жәнібек Шақшақ-ұлы, Мәриям Жагор-қызы, Бауыржан Момыш-ұлы, Шона Смахан-ұлы, Балғабек Қыдырбек-ұлы, Әбіш Кекілбай-ұлы, Өмірзақ Айтбай-ұлы, Мұхамедкерім Айнақ-ұлы, тағы мыңдаған «ұлылар» сияқты ертеден бар үрдісті одан ары дамытуымыз керек. Тағы айтарымыз, «ұлы», «қызы» деген сөздер бөлек және үлкен әріппен жазылуы керек, алдында сызықша тұрады. Бұл жерде қазақтар көршілес түркі халықтарының арасында өзінің ата-тек жөніндегі дәстүрін сақтауда алда тұр. Мұны біз мақтаныш етуіміз керек. Мұндай жағдайда «отчество» пайдаланылмайды. Қазақ жеті атасын ұмыта қоймағандықтан, ежелгі шежіре дәстүрін осы арқылы жалғастыруға болады. Көпшілікті толғандырып жүрген көкейтесті мәселелер төңірегіндегі ойларымыз осындай. Бұл пікіріміз бен ұсыныстарымыз көптің көңілінен шықса құба-құп.
29
БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА
Жаңа талап - жаңа мақсат
ЗУХРА АУҒАНБАЕВА, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің мұғалімі.
30
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесі қарқынды дамуда. Бағыты - тура, мақсаты - айқын, міндеттері жоспарлаулы білім саласының бүгінгі жеткен жетістіктері аз емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі ретінде білім саласына басты назар аударып отырады. Себебі, білімді ұрпақ – ел келешегі. Болашақта ел беделін арттыратын солар. Қазіргі таңда оқимын деген жастарға елімізде бар мүмкіндік жасалған. Білім беру саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер, әсіресе, 12 жылдық білім беруге, электронды оқыту жүйесіне көшу секілді бағыттар Қазақстандық білім беру сапасын әлемдік деңгейде арттыруда отандық ғалымдар жасап жатқан игі бастама. Бұл бастамаларды нақты жүзеге асыратын бірден-бір тұлға – мектеп мұғалімі. Елбасымыз сенім артқан ұстаздар – мемлекеттік деңгейде маңызы бар саланы жоспардан нақты сапаға жеткізетін дәнекер. Сол себепті, соңғы жылдары үкімет тарапынан ұстаздардың біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне аса мән беріліп отыр. Осы бағытта мектеп мұғалімдері үшін ұйымдастырылып жатқан деңгейлік оқыту жүйесінің маңызы өте зор. Үш айлық біліктілік арттыру курстары мұғалімдердің тәжірибелік қоржынын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, әр оқушыға тұлға ретінде қарап, әлемдік озық тәжірибелер негізінде сапалы білім беру мақсатын да көздейді. Ең бастысы, тұлға өз мүмкіндіктерінің шексіз екеніне көз жеткізеді, ашылады, жетіледі, коммуникативтік қабілеттерін шыңдайды. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудің нақты дереккөзі ретінде арнайы жоспарланған бұл оқулар өзінің алғашқы жемістерін беріп жатқаны сөзсіз. Біздің лицей ұжымының бірнеше мұғалім, атап айтсақ, С.С. Зікірина, Б.А. Габдушева, Е.Ш. Саткенов , Т.И. Ярешева әр деңгейде жоспарланған арнайы курстардан өтіп, ұжымды осы бағытта қызмет жасауға дағдыландыруда. Менің бір аңғарғаным, әдістемеге еніп отырған оқытудағы жаңа көзқарастар, бағыттар, нақты ережелер нәтижелі білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар, әріптестер сабақтастығын арттыруда да тигізетін септігі мол. Тек арнайы оқудан өткен мұғалімдер ғана емес, жаппай ұжым болып бір жүйеде, бір мақсатта оқытқанда ғана нәтижеге бағытталған білім туралы әңгіме қозғауға болады. Кембридж университетінің әдістемесі жүйесінде оқыту, оның негізгі бағыттарын ұлттық үрдіске сәйкестендіру - оқушының жан-жақты дамуының басты көрсеткішіне айналып отыр. Соңғы жылдары үлкен сынға себепкер болып жүрген мәселелердің бірі – қазақ балаларының
өз ойларын жүйелеп айта алмауы, қоғамдық ортада еркін көсіліп сөйлей алмауы, қарымқатынас талаптарын жүзеге асыра алмауы. Сайып келгенде, әңгіменің бір ұшы көп жағдайда бала логикасының заман сұранысына сай еместігіне келіп тіреледі. Қазір ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманы. Біз тәрбиелеп отырған келер ұрпақ сол заман ағымы көшінен қалып қоймауы тиіс. Бұл орайда айта кететін бір мәселе соңғы жылдары әдістемеде кең етек алып келе жатқан функционалды сауаттылық мәселесі. Функционалды сауаттылық қағидасы - әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, мектеп қабырғасында білім, білікпен қатар, дағды қалыптастыру мәселесінің шешімін таба білген біртұтас әдістемелік жүйе. Бұл бағытта атқарылған жұмыс түрлері нәтижесінде оқушының логикалық ойлау қабілеттері шыңдалады. Лицей мұғалімдерінің алдына қойылған міндеттердің бірі осы функционалды сауаттылық мәселесімен де тікелей байланысты. Әсіресе, орта буын оқушыларын жас ерекшеліктеріне сай ойландыратын тапсырмалар арқылы өмірмен байланыстыра отыра оқыту олардың тұлға ретінде ашылуының басты құралына айналып отыр. Біз білім мен тәрбие берген тұлға болашақта жаңа қоғамға қадам басқан кезде өмірдің саналуан кедергілеріне төтеп бере алатын, бұралаң жолдан өз шешімін таба білетін, ол үшін кезкелген адаммен еркін қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға болып шығуы тиіс. Осы бағытта лицей ұжымының атқарып жатқан қызметін ерекше атап өтуге болады. Бұған нақты үлес қосып отырған әкімшілік еңбегін, әсіресе, лицей директоры Рәзия Ескендірқызының заманауи басқару жүйесінің талаптарын еркін түсінуі нәтижесінде жүзеге асырып отырған еңбегін атап айтқан жөн. Жетіп отырған нәтижелеріміз аз емес. Лицей түлектері ҰБТ нәтижесі бойынша облыс көлемінде үздік бестік құрамынан табылады. Лицей ұжымы бірнеше мәрте қалалық білім бөлімінің Құрмет кітабына жазылып, республика көлемінде озық жүз мектеп құрамына еніп отыр. Оқушыларымыздың түрлі республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері атануы да жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс түрінің нәтижесі деп түсінеміз. Алар асулар әлі алда екені сөзсіз. Дегенмен де, сол асуларға сүрінбей жету жолында ұстаздардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ауадай қажет. Оған менеджменттік басқару жүйесін бағыттай білсек, заман сұранысын қанағаттандыра алатынымыз сөзсіз.
ТҰЛҒАТАНУ ТҰЛҒ ТҰ Ұ ЛҒ ЛҒАТ АТА АТАН АТ АН НУ
АБАЙДЫҢ Алмахан МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ, Қазақстан-Ресей университеті, Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры.
ҚАЙРАТКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТІ
А
уыл молдасынан 4-5 жасында сауат ашып, Ахмет Ахмет-Риза Риза медресінде оқып жүрген Абайды 14-15 жасынан бастап ел басқару ісіне араластырған Құнанбайдың ықпалын көріп ерте есейген Абайдың қайраткерлік қызметі 20-21 жасынан басталады. Орыс тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза білген Абай Күшік тобықты еліне, 1876 жылы, отыз жасында Қоңыр Көкше еліне болыс болып сайланған кезде рапортты орыс тілінде жазып, орыс тілінде қол қойғанын архиф құжаттары дəлелдейді. Сол 1875-78 жылдардың арасында болыстық қызметке сайланған жылдардан бастап, архив деректері қайраткер Абайды, ағартушы Абайды, демократ Абайды əр қырынан тереңірек таныта түсіп отырады. Əкімшілік қызмет атқару арқылы да өзінің ағартушылық идеясын жүзеге асырып, туған халқының арман-тілегіне пайдасын тигізуді мақсат еткен ақын елдің мінезіндегі жағымсыз қылықтарды құртып, оларды түзу жолға салуды басты бағыты етеді.
Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып - деген өлең шумақтарынан қоғамдық өмірге, ел басқару ісіне кірісуіне оның ес білгеннен –ақ салмақтай бастағанын көрсетеді. Аз уақыт, үш жыл болыс болып атқарған қызметі, ел ішіндегі қайшылық, дау-дамайдан қажыған Абай өз еркімен болыстықтан босайды. Заман қайшылығы Абайдың қайратын,қоғамдық күресін, озық ойын одан әрі дамыта түседі.Абайдың төтенше съездерге қатысуы, жер дауы, жесір дауына билік айтуы, орыс әкімдерімен кездесуі, заң ережелерін жасауға, ағарту ісіне қатысы туралы архив деректері Абайды әр қырынан көрсете түседі. 1885 жылдары Абай қазақ елінің әдет-салтын, жете зерттей отырып, заң ережелерін жасауға белсене қатысады. Осы жылы Қарамола съезіне заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай съезде төбе би сайланып, заң ережесін жасау тапсырылады. Бұл қазақтар үшін жасалған заң ережесі 1886 жылы генерал-губернатордың бұйрығымен Қазан қаласында басылып шығады. Ереже 74 баптан, тұрады. Абайдың қатысымен, басшылығымен жасалған заң ережесі қай жағынан болса да бұрынғы қолданып жүрген әдет-заң жоралғылардан әлдеқайда демократтық жағынан көзге түседі. Және, Ресей заңдарымен сәйкестендіре жасалады. Бекітілген заңды қазақ елінде жүзеге асыру ісіне Абай ерекше үлес
қосады. Абайдың мәдени өнер білімінің биік көкжиегіне жетуіне, өрлеп, өсуіне себепші болған да осы мәдени ағарту қоғамдарындағы атқарған қайраткерлік қызыметі. Абайды “ағартушы демократ” деп қарағанда ақынның халықты өнер-білімге шақырған терең насихат сөздерінен бөлек халықтың тәрбиелік мәні зор мұраларымен де толықтыра түскен. Абайдың заманында саяси жер аударылғандардың орталығы болып есептелген Семей қаласы “қылмысты” деп танылып, жер аударылған – орыс, украин, поляк, белорус т.б. ұлттардың мекені болды. Солардың ішіндегі ең көрнекті, аса талантты терең білімділердің бірі – Е.П.Михаэлис болатын. Ол Семей қаласында 1969 жылы келіп, 13-14 жыл бойы осы қалада тұрған. Михаэлиспен тығыз байланыста болған Абай саяси жер аударылғандардың бірі – доктор Нифонт Долгополовпен танысады. 1885 жылдың жазында ауырып қалған ол Семей генерал-губернаторынан Абай ауданына барып емделіп қайтуға рұқсат сұрайды. “ Менің денсаулығым қатты бұзылды. Жоғары мәртебелім, Сізден осыған байланысты Шыңғыс болысына Өскенбаев Құнанбай ауылына баруыма рұқсат беруіңізді сұраймын. 1885ж. 4-маусым. Н.Долгополов” деп қол қойған хаты Абай мұражайының экспозициясында қойылған. Осы сапарда қыркүйек айына дейін, екі ай бойы
31
Құнанбай елінде болған Н.Долгополов Абаймен ақылдаса отырып, қазақтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, мәдениетін жан-жақты көрнекті түрде бейнелейтін заттарды халық арасынан жинап алып қайтады. Мұражайға жасау-жабдығымен қазақ үй бастатқан 50-ден асқан зат тапсырады. Абайдың сый ретінде тапсырған заттары негізінде өлкетану мұражайының этнография бөлімі құрылады. Сөйтіп, облыстық өлкетану мұражайының алғашқы іргетасын қаласып, шаңырағын көтеріскен Абай, бүгінгі ұрпаққа соншама мол мұра, бағалы заттар қалдырды. Абайдың жасау-жабдығымен өткізген киіз үй бастатқан 50-ден астам заттарының ішінде – төсекаяқ, асадал, кебеже, саба, сүйретпе, піспек, еттабақ, ертоқым, қобыз, сыбызғы, асатаяқ, айбалта, шоқпарға дейін бар. Семейдегі мемлекеттік Абай мұражайының экспозициясында қойылған Абай жинаған мұралардың қатарында текемет, тұскиіз, тұскесте кесінділерінің көрмеге әзірленген түрі қойылған. Аса мән бере бермейтін, бірақ, маңызы өте зор тұрмыс құралдарының терең сырын ұғына білген бабаларымыз кез келген дүниеден философиялық ой түйіндей білген. Аса құнды дүниелердің сырын сырттан келген сыншы көздер бірден байқап, бағалаған. Осы жылдары Абай ақындық еңбекке де беріліп, құнды көркем өлеңдер тудырады. 1886 жылы 18 өлең, 1887-88 бірнеше өлең, 1889 жылы 27 өлең жазады. Оның ішінде «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Интернатта оқып жүр», «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінеки» сияқты әлеуметтік өлеңдері мен Пушкин, Лермонтовтан аударған аудармалары да осы кезде дүниеге келеді. Мұхтар Әуезов Абайдың осы жылдардағы өлеңдерін зерттей отырып, «өз заманына да, біздің дәуірімізге де Абайды қадірлі дана, анық классик етіп танитын ақындық жолдың нақтылы арналары осы жылдарда салынған» деп нақты тұжырым жасайды. Абайдың 1880-жылдардағы қоғамдық қызметін
32
сөз еткенде ақынның көзқарасының дұрыс қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпал еткен «саяси қылмысты» деп табылған патша үкіметінен қуғын көріп, Семей қаласына келген әртүрлі ұлттардың өкілдерімен жақындасуын анық байқаймыз. Ол кезде саяси қылмысты деп танылып, Сібірге жер аударылған орыс, украина, белорус, поляк, және тағы басқа ұлттардың зиялы қауымының үлкен тобы Семей қаласында болатын. Бұлардың көпшілігі Ресейдің ірі қалаларындағы жоғары дәрежелі оқу орындарында әрқайсысы әртүрлі мамандық алуға даярланып жүрген алдыңғы қатардағы студенттер еді. 1878 жылы Семей облыстық Стаистика Комитеті құрылады. Ол кезде Семей облысына: Семей, Кереку (Павлодар), Зайсан және Қарқаралы уездері қарайтын. Осы кең байтақ аймақты мекен еткен халықтың тұрмысын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін, облыстың жағрафиялық жағдайын зерттейтін, ол замандағы бірден-бір ғылыми мекеме - Семей облыстық Статистика Комитеті болды. Семейде 1878 жылы облыстық Статистика Комитетінің тұңғыш ғылыми хатшысы осы Е. П. Михаэлистің Абаймен танысып, достасуы 1871-72 жылдардан басталады. Абайдың өмірінде Михаэлистің алатын орны ерекше. Ол жөнінде Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақов өзінің естелігінде: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добтолюбов, Крылов, шығармаларымен таныстырған адам – Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді» дейді. Статистика Комитеті 1883 жылы 24 сентябрьде (ескіше 11 сентябрь) Семейдегі тұңғыш мәдени-ағарту мекеме - облыстық өлкетану музейін ашып, оның жанынан қоғамдық кітапхана ұйымдастырады. 1884-1887 жылдырдың арасында саяси қуғын көргендер Семейге келгенде Абай 40 жастан жаңа асқан еді. Әрқайсысы 2-3 жылдан артық бұл өңірде тұра алмай басқа жаққа ауысып, Абай олардан ерте қол үзіп қалады. Әйтсе де, кемеліне әбден келген, орысша сауатты, батыстың, шығыстың классикалық әдебиетінің озық үлгілерімен таныс, қоғамдық өмірге белсене араласқан Абай жан-жақты қазақ екеніне таң қалдырады. Білімді қазақпен кезедесіп, достық жағдайда қарым-қатынас жасағандарына дән риза болады. 1883-1884 жылдары Абай және оның балалары Ақылбай мен Мағауия Семей қаласында өздері ұйымдастырған «Елге бастауыш білім беру» қоғамына мүше болып қабылданады. 1886 жылдан бастап Абайды қаладағы статистикалық комитетттің мүшесі етіп сайлайды, Абай өмірінің соңына дейін осы комитетке мүше болады. Абайды ағартушы дегенде, ақынның халықты өнер-білімге шақырған өлеңдерін, насихат сөздерін ғана айтып жүрміз. Абайдың музей құруға белсене қатысқанын, статистика комитетінің және бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын қоғамның толық мүшесі болып, ол ұйымдардың жұмысына араласқанын анықтап, зерттеп еске алғанда ағартушы Абайдың іс жүзіне еткен еңбегін айқын көреміз.
МЕРЕЙТОЙ
ӘЛЕМДІ ӨЗ ТІЛІММЕН ЕСТИМІН
Жангелді ТӘЖИН, Солтүстік Қазақстан облыстық «Есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатының» директоры. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» ұжымы биыл яғни, 2014 жылы мектеп өміріндегі келелі кезең – 70 жылдық торқалы тойын атап өткелі отыр. Өңірдегі жас ұрпаққа білім беру жүйесіндегі өзіндік орны бар білім ордасы – соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру, өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру, олардың өнер мен спортта үлкен жетістіктерге жетуіне қол жеткізіп келе жатқан ұжым. Осыған байланысты біз республикалық жаңа басылым «Қазақ ұстазы» журналына осы ұжым қызметкерлерінің оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері мен тәжірибесі туралы үзік сырды ұсынып отырмыз. Біздің оқу орны арнайы білім жүйесіне жатады, сондықтан мектеп-интернатқа оқушыларды қабылдау облыстық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асады. Оқу орнының аты айтып тұрғандай мектепке есту кемістігінен мүгедек болып танылған балаларды қабылдаймыз. Қазіргі кездегі жас жеткіншектердің денсаулығындағы кінәрәтіне көз үйренсе де саңырау болып туып, не болмаса уақыт өте келе есту мүмкіндігінен айрылуы атаана үшін үлкен қасірет. Адамзат өз тарихында неше түрлі алапат ауруларды жеңіп келе жатса
да, саңыраулық күннен күнге үдей түсуде. Әлемдік статистика бойынша әрбір туған мың баланың біреуі таскерең болады екен. Бұған құлағы шала еститіндерді, жүре келе кесел болып жабысып, есту қабілетінен айрылатын жасөспірімдерді қосыңыз. Құлақтың есту кемістігі неғұрлым ерте қолға алынып медициналық емдеу, айықтыру, педагогика іліміндегі сурдопедагогика саласындағы жетістіктерін, арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Сондықтан мектеп-интернат ұжымында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге жағдай туғызылып, оларды 3 жастан оқуға, айықтыруға қабылдаймыз. Осындай тәрбиеленушілердің саны 26. Халқының саны жағынан ең кіші облыстардың санатындағы біздің аймаққа – үлкен көрсеткіш. Жер бетіндегі тіршілік иесінің он екі мүшесінің сау, Алла сыйға тартқан адамның түйсік қабілетінің бар болуы – қандай байлық екенін сау жүргенде, күпіршілік болса да айтайық, көбі қадірлей білмейді.Ал осындай мүгедектің тауқыметін тартып жүрген 150-ден астам әр жастағы балаларды күнде көріп, араласып, оқытып, тәрбиелеп жүрген біздің мектеп-интернат ұстаздарының пікірі өзгеше. Өйткені, үш жасында есту кемістігі анықталып, бізге келген бүлдіршіндер өзіне тетелес балалардан өзгешелігін, өзгеше болғанда олар
33
өзінің кемістігін, мүгедектігін сезініп келеді. Олардың мұң басқан көздеріндегі «мен неге өзгелердей емеспін» деген сұраққа жауап беру мүмкін емес. Біздің жауабымыз баланы өз мүмкіндігінше оқытып, тәрбие беріп, адам баласының ең үлкен байлығының бірі – ақпарат алмасу қабілетін ым тілі, дактильді алфавит арқылы және «ұйықтап жатқан» сөйлеу қабілетін «оятып», бөбекке өзгелердей болу бақытын сыйлау. Бұл өте күрделі, жылдар бойы талмай еңбектену нәтижесінде келетін мүмкіндік. Оқушыларымыздың осындай қабілетке қол жеткізіп қуанған, бақытты шағын көру біздің еңбегіміздің жұлдызды сәті. Саңыраулық, таскереңдік, одан туындайтын
керең болып, мылқаулық әлемінде жүргеніңізді елестетіп көріңізші. Алдымен өзгерісті сіздің өз басыңызға саңыраулықтан түскен адамдармен ақпарат алмасып, сөйлесуден ада болған қиындық емес, қоршаған ортадағы адамдардың сізге деген көзқарасының өзгергенінен сезінесіз. Сіздің естімейтін, сөйлемейтініңізді көріп, адамдар сізден алшақтайды, екі ортада алынбас қамалдай болып алып қабырға қаланады. Сіз сонда тіршілік иесіне есту қабілетінің қаншалықты қымбат, оның өмір сүруіне дем алу қандай қажет болса, есту қабілетінің де мәні сондай екеніне көз жеткізесіз. Деніңіз сау, денсаулығыңыз мықты болып, Жаратқан ием сыйлаған қасиеттерінен ешкім
мылқаулық – адамның ұрпағымен бірге жасасып келе жатқан кемістік. Адамзат тарихының әр кезеңінде саңырауларға деген көзқарас әртүрлі болған. Өзінің оқымыстылығымен мақтанып, жер бетіндегі бүкіл өркениет өздерінен басталады деп есептейтін Еуропа халықтары күні кеше саңырау болып дүниеге келген баланы «сайтанның сапалағы» деп, оларды туған шешелерін өлтіруге дейін барып отырған. Ал мүгедектіктің басқа түрлеріне дәл осындай қысастық болмаған. Жарым ес болып туған делқұлыны «жаратқанның сыйы» деп, олардың диуаланып сөйлегендерін «көріпкелдікке» бағалап, дәріптеп, Әулие дәрежесіне көтерген. Ал саңыраулар болса зар заманның запыранын жұтып өмір сүруге мәжбүр болған. Әрине, «неге бұлай, себебі неде» дейміз ғой! Адам атаның ұрпағы қоршаған ортадан қабылдайтын ақпаратты көру, есту, сезіну, дәмді ажырату қабілеттері арқылы қабылдайды. Осылардың ішіндегі есту қабілеті бірінші орында тұрған жоқ тәрізді. Ал бірақ өзіңізді бір күн тас
айырмасын сізді, құрметті оқырман! Мұндай кемістік басыңызға түспесін! Ал біз болсақ – осындай есту қабілетінен айрылып, тағдыр тауқыметін тартып отырған жеткіншектердің арасында олардың толыққанды өмір сүріп, «басқалардай болып өмірге араласамыз» деген ерлікке, жігерге, қайсарлыққа толы күресінің куәгері болып келе жатырмыз. Ардақты, ағайын! Құрметті оқырман! Жетпіс жыл бойы осындай қажырлы еңбек етіп, ұжымның әр мүшесі күн сайын өзінің мейірімге толы жүрегінің бір бөлігін тәрбиеленушіге сыйлап келе жатқан педагогикалық ұжым туралы үзік сырды өз назарларыңызға ұсынып отырмыз. Редакциядан: Қадірменді «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатының» ұжымы! 2014 жылы атап өткелі отырған 70 жылдық торқалы тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңіз еленіп, әрқашанда ыстық ықыласқа бөленей бергейсіздер. Жүректеріңізден ешқашан мейірім оты сөнбесін! «Қазақ ұстазы» журналының ұжымы.
34
БІЛІКТІ БАСШЫ Елордадағы Оқушылар сарайының сыртқы көрінісінің өзі көрген жанның көз жауын алады, тамсандырады. Ал, сарайдың іші толған ғибрат. Таланттардың дүлдүлі де, өнердің түр-түрі де осында. Осынау дүниелерді құшағына сыйдырған Оқушылар сарайы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, ақжарма тілегін ақтарған, сәт сапар тілеген. «Мұндай Оқушылар сарайы ешқандай аймақта жоқ. Бұл кешеннің ішінде балалардың нақты қызығушылықтары бойынша 137 үйірме – сурет салу, би билеу, модельдеу, спорттық үйірмелер, жеңіл атлетикалық манеж және басқа да үйірмелер орналасқан. Бұл жерде балаларға болашақта өз қабілеттерін шыңдауға қажетті білімнің негізі қаланады. Біз болашақ үшін тура осындай жан-жақты, мәдениетті, денсаулығы мықты ұрпақтарды тәрбиелейміз» дегені де есімізден шыға қойған жоқ. Осынау Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаевамен журнал тілшісі арнайы кездесіп, кеңінен сұхбаттасқан еді... Әңгіме барысын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
ОН БЕС ҮЙРЕМЕГЕ БАРАТЫН БАЛАЛАР ДА БАР Елордадағы Оқушылар сарайының сыртқы көрінісінің өзі көрген жанның көз жауын алады, тамсандырады. Ал, сарайдың іші толған ғибрат. Таланттардың дүлдүлі де, өнердің түр-түрі де осында. Осынау дүниелерді құшағына сыйдырған Оқушылар сарайы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, ақжарма тілегін ақтарған, сәт сапар тілеген. «Мұндай Оқушылар сарайы ешқандай аймақта жоқ. Бұл кешеннің ішінде балалардың нақты қызығушылықтары бойынша 137 үйірмелер – сурет салу, би билеу, модельдеу, спорттық үйірмелер, жеңіл атлетикалық манеж және басқа да үйірмелер орналасқан. Бұл жерде балаларға болашақта өз қабілеттерін шыңдауға қажетті білімнің негізі қаланады. Біз болашақ үшін тура осындай жан-жақты, мәдениетті, денсаулығы мықты ұрпақтарды тәрбиелейміз» дегені де есімізден шыға қойған жоқ. Осынау Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаевамен журнал тілшісі арнайы кездесіп, кеңінен сұхбаттасқан еді... Әңгіме барысын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. – Ұмсын Нұржігітқызы, өскелең ұрпаққа әртүрлі салада қосымша білім беретін бірден-бір мәртебесі биік мекемені басқарып отырсыз. Дәл қазіргі таңда Оқушылар сарайында қанша үйірме жұмыс істейді? – Елбасымыз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін әрі жас буынды жан-жақты қолдау мәселесін үнемі өз сөзіне тірек етеді. Міне, осындай мақсаттан бастау алған бүгінгі Оқушылар сарайы жас ұрпақты ұлттық және патриоттық, ғылыми-интеллектуалдық әрі техникалық бағытта, қоғамдық-азаматтық, шығармашылық-мәдени, сонымен қатар, салауатты өмір салты негізінде тәрбиелеп, оқыту арқылы баулиды. Болашағын белгілі бір кәсіп саласымен байланыстырғысы келетін оқушыларға, сондай-ақ, қабілетті, талантты, өнерлі дарын иелеріне әрқашан есігіміз айқара ашық. Міндетіміз – әр баланың қабілетін ұштай білу. Мұндай заманауи жан-жақты тәрбие ордасында білім алу әр оқушыға арман және абырой деп білемін. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерге негізгі он төрт бағыт бойынша жүз отыз жеті үйірме жұмыс істейді. Жаз айында үйірме жұмыстарына қатысушылардың саны он мыңнан асады. Ал, қыс мезгілінде жеті мыңнан аса бала қосымша білім алады. Оларға жүз елуге тарта ұстаз сабақ береді. – Кейінгі буын біздің болашағымыз емес пе? Ендеше оқушылардың қандай үйірмелерге қызығушылығы басым? – Иә, бүгінгі ұрпақтың білімділігімен, сауаттылығымен, өнерімен ғана жарқын келешекті жасай аламыз. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген ғой бабамыз. Кейде жастарды компьтерден басқаға құлқы жоқ, жалқау деп жазғырып жатамыз. Шынтуайтында олай емес, талпыныстары, талаптары, құлшыныстары қуантады олардың. Біздің оқушылар, әсіресе, математиканы жақсы көреді екен. Одан кейін ағылшын тілін меңгеруге құмар. Бәлкім, Елбасының «үштұғырлы тіл» саясаты жұрт тарапынан қолдау тапқаннан кейін
болар. Өйткені, қазіргі заманда ағылшын тілінсіз әлемдік аренаға шығу мүмкін емес. Айтқандай, біздің қазаққа орасан жеңіс әкелген Лондон Олимпиадасынан кейін оқушылардың спортқа қызығушылығы артты. Оның ішінде жеңіл атлетика, бокс үйірмелеріне жазылушылар көп. Осылардың бәрі күні ертең-ақ ел намысын жыртып, биік шыңдардан көрінетініне сенімім зор. – Жеті жұрттың тілін біліп, жеті түрлі білім үйренген де дұрыс қой. Алайда, ұлттығымызды жоғалтып алмау – ең басты мақсатымыз екені тағы айқын. Шәкірттің ұлтқа тән тұлғалық қасиетін дамыту үшін қандай жағдайлар жасалған? – Балалар мен жасөспірімдерге білім беру, олардың ұлттық тұлғалық қасиетін дамыту, әрине, біздің де назарымызда, бұл бағытта барлық қолайлы жағдай жасалған деп айта аламын. Әр балаға қажеттілігіне және мүмкіндігіне сай арнайы мамандармен біріге отырып жүзеге асатын, нәтижесінде – іс-тәжірибеге бағытталған білім беріледі. Қосымша бiлiм беру педагогтары арасында көптеген ғалымдар, еліміздің мәдениет қайраткерлерi және танымал спортшылар бар. Елбасы өз сөзінде «елімізге өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек» деген болатын. Демек, қосымша білім беру барысында оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашылған. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты – баланың білім, білік, дағдысын емес, оның жеке тұлғасын қосымша білім беру арқылы дамыту. Осы орайда, оның қазақтығын да, ұлттық танымын да байытуға күш саламыз. – Жас буынның шығармашылық және ғылыми білім алу әлеуетін дамыту мақсатында Оқушылар сарайында Ұлттық интерактивті парк ашылғанынан да хабардар едік... – Иә, Оқушылар сарайының Ұлттық интерактивті паркі заманауи ғылыми зертханалармен, спорт жабдықтарымен және интерактивті экспозияциялармен жабдықталған. Ол зерттеулер жүргізу мен танымдық белсенді қызмет үшін мүмкіндіктер жасай отырып, келушілердің білгірлігін дамытуға және шығармашылық қабілетін арттыруға ықпал етеді. Парктің алғашқы кезеңі 1400 шаршы метр аумақты алып жатыр. Әбу Нәсір әл-Фараби «Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды» деген екен. Олай болса, парк білім алушылар келіп, өнер және спорт саласына байланысты үйірмелерге қатысып, ғажайып экспонаттар, интерактивті білімділік аттракциондарымен өзара іс-қимыл жасау барысында фактілермен, заңдармен, табиғаттану қағидаттарымен айналысуға болатын орынға айналары хақ. Интерактивті парктің мақсаты – оқыту мақсаттарына қызмет ететін экспозиция құру, сондай-ақ келушілердің қызығушылығын арттырып, оларға ғылым мен оның әртүрлі салаларының мүмкіндіктерін көрсету. Оқушылар сарайы Астана қаласының білім алушыларына, тұрғындары мен қонақтарына Интерактивті парктің негізгі үш
35
кластерін ұсынады. Олар: «Ғылым мен технология», «Спорт және денсаулық», «Өнер, би және музыка». – Соңғы кездері ғаламтор деген ғаламаттан өзге елдердің бүлдіршіндерінің тапқан өнерін жиі көреміз. Біздің оқушылардың ашқан жаңалықтары бар ма? – Қазақ ешкімнен қалыс қалған емес. Біздің де қарадомалақтардың қолынан бәрі келеді. Айтайын, «Химик-зерттеуші» үйірмесінің шәкірттері Қазақстанда өсетін шөптерден иіс су жасап шығарды. Ашқан жаңалығымызды Американың Миссисипи университетіне сараптамаға жібердік... Жақын арада жас тілшілеріміз «i-bala» альманах-журналының бірінші санын жарыққа шығарды. Өте керемет басылым болды бұл. Ішінде өздерінің замандастарына керектің бәрі-дерлік бар. Керек десеңіз, үлкендерді де қызықтыра түсетін сұхбаттар, ойындар ұйымдастырылған онда. Мұндай мақтаныштарымыз әлі де жалғасатынына сенімім зор. Өйткені, талабы зор балақайларға жақсы жағдай туғызып отырмыз... – Аз-кем сөзіңзді бөлсем, мұнда оқушылар машина жасауды үйреніп, кеме, робот үлгісін құрастырады екен. Ғылыми-техникалық жетістіктеріңізді де айтып өтсеңіз… – Бізде техникалық шығармашылық бөлімі бар. Мұнда оқушылардың ғылыми-техникалық, инновациялық шығармашылығын дамытамыз. Өзіңіз білесіз, ғылыми-техникалық жетістіктердің қоғамдағы орны жеткіншектердің жаңа технологияларға деген қызығушылығын күн сайын арттыруда. Баланы техникалық шығармашылық бағытта тәрбиелей отырып, әртүрлі материалдармен және құрылғылармен жұмыс жасауды үйретудеміз. Бала осылайша еңбек мәдениетін меңгереді. Кәсіби және эстетикалық білім алады. – Баланың техникалық шығармашылығын дамыту үшін қанша жастан берген дұрыс? Жұртшылық арасында түрлі пікірлер бар, біреулер баланы мын ерте ашытпаған дұрыс деп жатады. Мұны психологтар да растайтын тәрізді. – Ол да дұрыс шығар, жеті жасқа дейін балақайдың санасын анау-мынаумен ауыртпау керек деп ойлаймын. Бізде 1-4-сынып оқушыларына арналған «Бастапқы техникалық шығармашылық» үйірмесі жұмыс жасайды. Онда балалар алғашқы графикалық білімді меңгеріп, құрастырудың жолдарын игереді. «Кеме үлгісін жасау» спорттық -техникалық үйірмесінде 4-7-сынып оқушылары кемелердің стендтік үлгідегі түрлерін жасап, оны спорттық жарыстарға қатыстыра алады. Сабақ барысында олар көлік тарихымен танысып, құрастырушылық ой қабілетін жетілдіреді. Техникалық спорт түрін кеңінен насихаттайды. Өндірістік-техникалық «Робототехника» және «Радиоэлектроника» үйірмелері әртүрлі техникалық құрастыруларға қызығушылық білдіретін 6-11-сынып оқушыларын қабылдайды. Бәрін кезең-кезеңімен үйлестіргенбіз. Арнайы әдіскерлердің бақылауымен, ұсынысымен қолға алдық мұны. – Мұнда көпшілікке бейтаныс үйірмелер жұмыс істейді. Жасанды интеллект бөлімітуралыкеңіненайтыпберсеңіз… – Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, электронды есептеуіш машиналардың көмегімен шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты. Осы ретте айта кетейін, Астана бір жылдан астам уақытқа созылған бәйгеде әлемнің көптеген үміткер қалаларын артқа тастап, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығына ие болды. Қуантатыны, бұл байрақты шара ТМД мемлекеттер аумағында тұңғыш рет өткізіледі. Бұл сәтте, «Жасанды интеллект» бөлімі де қалыс қалмай, өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Келешекте біз IT мамандардың арнайы тобын даярлайтын боламыз. Жасанды интеллект бөлімінде «Компьютерлік графика», «Программалау тілдері», «Интернет-жобалау», «Индустрияның IT және 3D жобалау» үйірмелері жұмыс жасайды. Оқушыларға технологияның ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемін таныстыруға зор мүмкіндіктер жасалған. Енді бұлар бүгінгі заманның талабы ғой. Қалыс қалмауға тиіспіз әлемнің дамыған елдерінен. – Жаңа ғана журнал шығарып жатқандарыңызды тілге тиек еттіңіз. Енді өзімнің болашақтағы әріптестеріме тоқталайын, медиаорталық – болашақ журналистер үшін таптырмас тәжірибе алаңы. Оқушылар орталықта қандай жұмыстар мен айналысады? – Біздің медиаорталық болашақ БАҚ өкілдеріне жастайынан осы саланы «көзімен көріп, қолымен ұстап көруіне» зор мүмкіндік туғызып отыр. Заманауи құрылғылар мен жабдықталған орталықта білім мен тәрбиеалу үйірмеге қатысушы жеткіншектердің шабытына шабыт қосып, қанаттандыратыны хақ. Балалар мен жасөспірімдердің баспасөз, телевизия, радио, кино, фото салаларына деген қызығушылығын арттырады. Бүгінде, «Жас журналист» үйірмесіне қатысушылар білімді де білікті мамандардың көмегімен өздерін нағыз журналист сезініп, алғашқы тілшілік қызметтерін бастап та кетті. Олар«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «ИнфоЦес» газеттеріне мақалалар әзірлеп, «Астана» радио-
36
сының әуе толқынындағы «Алақай» бағдарламасының шығуына атсалысуда. «Видеостудия» мен «Фотостудия» үйірмелерінің тәрбиеленушілері болса, мекемеде өтетін барлық мерекелік іс-шараларды кәсіби тұрғыда түсіріп, сол туындыларын монтаждауда талпыныстары зор. Жас фотосуретшілер Оқушылар сарайындағы барлық үйірмелерге арнайы фотосессия жасады. Болашақ операторлар мен монтажерлар болса, өткен жылдың желтоқсан айында Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Видеомонтаж» байқауында жүлделі орыннан көрінді. Одан бері де түрлі байқаулар мен додалардан топ жарып жүр біздің шәкірттер. Аталмыш мерекеге орай медиаорталық қызметкерлері «Елбасы ашқан елордадағы білім ордалары» атты бейнефильм әзірлеп, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы тарапынан Алғыс хатқа ие болды. Мұның бәрі сарай ұстаздарының еңбегінің жемісі деп білемін. – Тележүргізушілерді де даярлайтын үйірме ашылғанын естідік. Басқа да есігін жаңа ашқан үйірмелерді атап өтсеңіз. – Өткен оқу жылының алғашқы тоқсанында тележүргізушілерді даярлайтын жаңа үйірме ашылды. Төрт жүзден астам жеткіншек жүргізуші болу үшін бақтарын сынады. Сыннан сүрінбей өткендер Оқушылар сарайындағы және қала бойынша өтетін іс-шараларды жүргізуде. Медиаорталықта білікті мамандар еңбек етеді. Олар – Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, республикалық радио қызметкерлері, көп жылдық педагогикалық тәжірибесі бар ұстаздар. Бұдан бөлек лингвистика, бейнелеу өнері, киім дизайны бөлімдері ашылған. – Аға буынның кейінгіге көңілі толмайтын әдеті бар ғой. Сіз жас өрендердің талабы мен талантын қалай бағалайсыз? – Оныңыз рас, үлкендердің кейінгіге ешқашан көңілі толған емес. Бұл әлі де бар. Мен ұстаз болғаннан кейін бе, оқушыны барынша бағалағым, талпынысын ұлғайтқым келеді. Айтайын, Оқушылар сарайында білім алып жатқан әрбір оқушы қазақ елінің ертеңгі үміті екені даусыз. Әр оқушының көзінен білімге деген құштарлықты байқайтыным рас. Бір үйірмеден шығып, екінші үйірмеге асығып бара жатқандарын көргенде қатты сүйсінем. Жеткен жетістіктері де көп. Аз ғана уақытта алған асулар қуантады, әрине. Оның бәрін жіпке тізіп беру қиын. Бастысы – күн өткен сайын білім алғысы келетін бүлдіршіндеріміздің қатары көбеюде. Бәрімізді таңқалдырған оқиғаны айта кетейін. Бір сәтте он бес үйірмеге қатар жазылған бала болды. Оның қызығушылығының артқаны сонша, сабағынан да, үйірмелерден де қалған емес. Кез келген үйірме бала бойынан тапқырлық пен көп еңбекті талап етеді. Осы қасиеттербіздіңбалаларымыздыңбойында бар. – Оқушылар сарайы ашылғалы басқарып келесіз. Әйел баласына басшылық қызмет ауыр емес пе? – Әрине, әр істің көтерер жүгі болады. Басшы кім болса да – әйел басшы болсын, әлде ер азамат болсын, мәселе оның қандай басшы екенінде. Қалай басқарғаны маңызды. Қолынан іс келеме, ұжымды алға сүйреуге қабілет-қарымы, білімі мен білігі жете ме, осы жағын ескеру керек. Ең бастысы, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау керек. Басшы – құрғақ уәде, бос сөзден аулақ болып, өз біліктілігін нақты іспен көрсетуі тиіс деп ойлаймын. Уәде бердің бе, оны орындау керек. Екіншіден, әділдік пен адалдыққа нұқсан келтірмеуге міндетті. Басшы адам әркез есінде ұстайтын үшінші мәселе – қайырымдылыққа жақын болу. Меніңше, қазақ әйелдері бүгінгі таңда қай саланы болса да басқара алатындығын дәлелдеген секілді. – Сізді көпшілік мықты суретші ретінде таниды. Осында шеберханаңыз бар деп естідік. Күрделі шаруалардың басында жүріп, сурет өнерін ақсатып алмайсыз ба? – Шеберхана болған. Бірақ үйірме жұмыстарына кабинет қажет болғаннан кейін, шеберханамды бердім. Алайда, сурет салудан қол үздім деп айта алмаймын. Шаршаған сәтте әріптестерімнің шеберханасына барып, сүйікті кәсібіммен айналысамын. Бір айда төрт картина салыппын. Мамандығым суретші болғандықтан, білім ғимаратының әрбір бұрышына да көңіл бөлемін. Жаным сұлулыққа құмар болғандықтан шығар, үйде де, жұмыста да, айналамда да барлық заттың әсем, әдемі болғанын қалаймын. – Оқырманға алғаш жол тартқан «Қазақ ұстазы» басылымына айтарыңыз бар ма? – Әр қоғамның қозғаушы күші – жастар ғой. Игі бастаманы да кілең жастар қолға алған сияқтысыздар. Сондықтан алар асуларыңыз биік, асар белестеріңіздің көп болатынына сенімім мол. Әр қадамдарыңыздан тек жақсылықтың, ізгіліктің, руханияттың, ізет пен ілтипаттың нұры шашылсын. Оқырмандарыңыз көп болғай. Көтерген тақырыптарыңыз құнарлы, қаузаған мәселелеріңіз салмақты болып, жұртшылық көкейіндегісін таба беріңіздер. Қатардағы басылым емес, Қазақстандағы нөмірі бірінші басылым болуларыңызға тілектеспін! Сұхбаттасқан Асхат РАЙҚҰЛ.
ЖҮРЕКЖАРДЫ
СƏУЛЕЛІ
СƏУЛЕ
«Бір әріп үйреткенге қырық күн қызмет ет». Кемел мұғалім – келешек кепілі... Мұндай игі жолдарды тізбектей берсе жарасады да, таусылмайды да. Сәуле туралы айтарымыз да осыған саяды. Өйткені, оның қырық жылға жуық уақыты шәкірт тәрбиелеуге жұмсалды. Қырық жыл бойы қанша түлекті самғатып, қанша күш-қайратын сарқыды!.. Орта бойлы, сары өңді мұғалиманы университет дәлізінен көре қалған студенттердің елжірей қалмайтыны кемде-кем. Тоқсан минөттік сабағын тапжылмай тыңдап, санасына тоқуға асыққан талайы. Сол Сәуле Тапанова алпыстың асқарына шығып, тағы бір асуды артқа тастады. Еңбек жолын сол кездегі Жезқазған облысындағы «Жезқазған туы» газетінде әдеби қызметкерліктен бастады. Араға жыл салып Жезқазған педагогикалық институты ашылды. Обкомның жолдамасымен білім ошағына жас маман болып қабылданды. «Міне, содан басталған еңбек жолым қырық жылға ұласып барады. Тек жоғары оқу орындарында мамандар даярлаумен келемін. Алғашқы жылдары жас институттың жұмыстары да ұшан-теңіз еді, тек сабақ берумен ғана шектелген жоқпыз, қоғамдық жұмыстарға да белсене араластық» - дейді Сәуле Есембекқызы. Жас маман болса да, жігерлілігімен, біліктілігімен, сауаттылығымен басшылықтың көзіне түскен ол аудандарға барып дәріс оқыды, мектеп мұғалімдерінің жиындарында баяндамалар жасады. Сондай жұмыстар жас ұстазды мамандығына шыңдай түсті, шынықтыра берді. Сол кездегі қатал тәртіп екен ғой Сәуленің толқынын адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеген.
Әңгіме арасында профессор «Қазақ басылымдарындағы әйелдер бейнесі» атты студенттер үшін таптырмайтын еңбегін ұсынды. Бұл тақырыпты жазуына көрнекті әдебиеттанушы ғалым, жазушы Рымғали Нұрғали себепкер болған көрінеді. «Жезқазған педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған едім. Сонда жүргенімде ғылыммен де айналыстым. Ғылыми жетекшім – Рымғали Нұрғали. «Қайта оралған есімдердің» шығармаларымен енді танысып жатқанымызда маған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалынан» бастап, бір үлкен ғылыми еңбекпен айналысу керектігін айтты ғалым. Іле-шала келісіміммен «Алғашқы қазақ романдарындағы әйелдер образының жасалу эволюциясы» тақырыбын кандидаттық тақырып етіп бекітіп берді... Еңбек жолын журналистикадан бастап, ұзақ жылдар әдебиет пәнінен сабақ беріп, соңғы төрт жылда журналистикаға қайта оралған оның кеудесінде бәрібір мамандығына деген шексіз махаббат бар. Жезқазғандағы оқу орнында өзі бас болып, тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырып жүріп аштырған Әдебиет және журналистика кафедрасы соңғы сөзіміздің айқын дәлелі. Әлгінде ғана алпыстың асқарына шыққан жанның алды-артына бір бақылап қарайтыны бар деп айтқанбыз. Осы орайда, Сәуле Тапанованы алаңдататын мәселе де жоқ емес. «Журналистика саласының маманы болған соң, елімізден шығатын басылымдардың барлығынан-дерлік хабардар болып отыру міндетіміз. Ұлттық мәселелерді дер кезінде көтеруде, қозғауда қазақ баспасөздерінің ешқайсысы шеткері қалып жатқан жоқ. Дегенмен, бүгінгі оқырманның қазақ тілінен гөрі орыс тіліне қызығушылығы, сенімділігі басым. Ол қазір Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті тарихынынан да, шешендік өнер және журналистикадан да, БАҚ-тың тілі мен стилінен де, журналистика пәндерін оқыту әдістемесінен
37
де, баспаларды әдеби редакциялаудан да лекция оқиды, сабақ береді. Барлығы да болашақ әріптестерімізге өте қажет деген пәндер. Сондықтан болар, ең бастысы журналист сауатты болу керек, үлкен әдеби «богажы» болуы тиіс деп отырады. «Бұрынғылар, біздің кезіміздегі жастар көп оқитын, көп ізденетін. Ал, қазіргілер дайын нәрсеге ұмтылады. Соның нәтижесі ғой, бүгінгілердің аналитикалық талдауда, өзіндік ой-пікірлерін түйіндеуде қиналатыны. Көп іздену керек жастарға. Оларда оқу бар, тоқу жоқ» дейді ұзақ жыл ұстаз болған Сәуле Есембекқызы. Бірақ оқытушының мына сөзі де көңілге қонымды: «Елбасының жастарға сенімі, билікке, қызметке шақыруы біздің келешегімізге серпін берді. Қазір жастардың елу пайызы алға шығып кетті, отыз пайызы ортада тұр, артта жиырмасы ғана келе жатыр деп ойлаймын. Ілгерілеу бар, қуанышты жағдай бар. Бұл біздің жұмысымыздың жемісі де, жеңісі де дер едім». Иә, алпыс – аз ғұмыр емес. Алпысқа келіп, ақылың кемеліне келмесе, сол сын! Сәуле Есенбекқызының айтқандарынан асыл ағаның, байыпты, білімді апаның сөзін көреміз. Және бәрін жаза беріп те тауыса алмасымыз анық. Англияға, Ұлыбританияға конференцияға барып та келді. Ол жақтан да түйгені, білгені молынан. Енді осы оқу жылында шамасы келгенше студенттеріне үйретпек, майын тамызып әңгімелемек. Сәуле Тапанованың осы уақытқа дейін жазған оқу құралдары, монографиялары, жинақтары жетерлік: «Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтар», «реалистік образ жасаудағы ізденістер», «Психологиялық романдардағы махаббат тақырыбы», «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Мектеп оқушыларына шешендік өнер сабағын оқыту», «Шәкәрім шығармаларын оқыту», «Кішітау келбеті», «Туған жер тұнған шежіре»... Бәрі де керек, бәрі де таптырмайды, бәрі де тағылымды. Осындай еңбектерінің бағаланғанынан ғой білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері, Қазақстанның Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болғаны. Шәкірттеріне білім нәрін егіп, айналасына шуағын шашып жүретін Сәулені неге сәулелі Сәуле демеске?.. Ол – Сәулелі Сәуле. Асхат РАЙҚҰЛ.
38
ТОЛҒАНЫС
Әлия БАЙЖАНОВА, Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ Менің қызметімнің мәні не мамандықты сүюде, не баланы сүюде деп түйдім. Ал, қайсысы басым деп өзіме таңдау салғанымда, екеуіне де сүйіспеншілік жүрегімнен орын алыпты. Мен мұғаліммін. Баланы оқыту, баланы тәрбиелеу, баланың дүниетанымын дамыту, баланы әлеуметтендіру, балаға өмірлік құндылықтарды бойлату – бәрі мұғалімнің, яки менің міндетімде. Міндет бар да, парыз бар: міндет – педагогикалық талап болса, парыз – гуманистік педагогиканың тірегі. Ж.Аймауытовтың «неге арналсаң, соны істе» деген ағартушылық идеясы менің ұстаздық жолымның темірқазығы болғанына бірталай уақыт болды.
О
қу, тоқу – мұғалімнің маңдайына жазылған. Сондай бір тәжірибе алмасатын семинар сапарынан келе жатқанымда, жол әжептеуір болған соң, қатарлас отырған кісімен әңгімелескенім бар еді. «Мұғаліммін», дегеннен-ақ әлгі адам өзінің оқыған кезінен, одан қала берсе, кітаптар жайлы сөйлесе бастадық. Бейтаныспен бірден сөз жарасқаныма риза кейіпте мен отырмын. Бір уақытта тақырып ұлы Абайға ауысты. «Абай патриот болмаған ғой, патриот болса, туған жер, Отан туралы жазбады ма, айтпады ма?» деп айтқаны бар емес пе, мен ішкі толғанысымды саралап жатқанымша түсетін жолайрыққа жеттік. Басқа саланың маманы, қазақтың көзі ашық адамы және бір кезде коммунист болған жолаушы
жылы қабақпен қош айтысты. Сан сұрақпен мен қалдым... Сол ой санамда қала берді. «Осылай бір адам ойлайды ма, әлде...» дей берді жанымнан бір айқайшыл үн. Кеңестік дәуірдің дәурені әбден-ақ тамырлапты. Партияның таңдаған тақырыбын, үкіметтің үкім еткен тақырыбын науқан етіп жазған кеңестік заманымыз-ай. Бір көкейдегі «көзді ашып», бастырмалатып, бірқатарының «көзін шатыстырған» екен. Көпке дейін сол ойлардың сапарында жүрдім. Балаларды көрген сайын, балауса жүректер де солайынан түйсінсе, не болмақ деймін сарылып. Адамшылық қарекетсіз патриотизмнің жалғандығын жас жүрекке тереңінен бойлату – менің бүгінгі һәм ертеңгі мақсатым... Мұғалімдіктің марапаты да, машахаты да осындай толғаныстарға өзін де, өзегі жас жеткіншектерді де жетелейтінінде екені хақ. Менің мұғалімдік қызметім тура ата-ана махаббатының ғажабы мен азабы секілді көрінеді маған. 5-сыныпта балғын бала болып алақаныма қонады, балауса жас болып 11-сынып бітіріп қолымнан ұшып кетеді. Осылай және осылай жалғаса береді... Бірақ тек сырт көздің айнасында солай көрінеді. Үнемі мақсатыңа табанды бола беру оңай емес. Кейде «тізгінді» босатқың келіп кетеді. Сондай шақтарда оқушыларымның оттай жанған жанары жаныма қуат береді. Бұл менің ғана өмірім емес, баланың өмірі деймін саралап. Өмірдің ағысы күн ілгері
озған сайын тездетіп, тегеурінді күшін салып отырған жаһандану жүріп жатқанда, мен қалай беймарал қалам деймін өзімді қамшылап. Ал бала әлемі тәжірибе алаңы ғана емес, ең бірінші тәңірдің пәк жаратылысы. Пәктікке сақтық та, сарабдалдық та қажет-ақ. Осындай кездерде мамандығымды да, оны мақтанға айналдырған балаларды да мақтаныш етем. Мақтаныш емей немене, ол ӨМІРГЕ, АДАМЗАТҚА, ҰЛТЫМ мен ОТАНЫМА адалдығымды асқақтатып жатса, рухымды өрлетіп жатса. ...Жуырда ҚазМу-дің 3-курсында оқитын шәкіртім Айгүлден хат алдым. Талабын оқып, тау суындай тасыдым. 7-сыныпта оқитын жас шәкіртім Мәдина мендей жетекші болатынын айтып хабарлама жазғанында, тынысым кеңейгенін сезіндім. Шәкірттің бағасы алтыннан ардақты деген осы шығар... Мен Тәуелсіз елдің еркіндікпен бағы жанған болашағына білім берудемін. Шәкірттерімнен ақындық та, қаламгерлік те, ғылымилық та, зияткерлік те, шығармашылық та ұшталып, қалаға, облысқа, республикаға жұлдыздайын жарығын ұшқындап шашуда. Ендігі арманым – әрбір жұлдызым сәулесін ұзаққа шашатын Шолпанға бара-бар болса деймін... Мен мұғалімдік қызметті ары қарай жалғастырамын, себебі, кішкентай баланың ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ АДАМ болып қалыптасуы мен үшін құндылықтың зоры. Себебі, мемлекетіміз адами капиталды құндылыққа балап отыр, инвестицияны білімге салып отыр. 39
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп қазақтың алғаш ағартушысы Ы. Алтынсарин айтпақшы, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаз біліктілігінің жоғары болуы маңызды. Баланың білімге деген қызығушылығы мен жасырын дарынын ашу да осы ұстазға тікелей байланысты. Осы жолда Қазақстанның болашағы, яғни, жаңа буын жастарды тәрбиелеп, білімге баулитын мұғалімдердің білігінің жоғары болуы үшін біздің институт едәуір үлесін қосуда.
“ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ” Бүгінгі күні педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату жүйесі қазақстандық білім беруді дамытуда педагогтардың курстық және курсаралық кезеңдердегі кәсіби дамуында өз міндетін қалтқысыз атқаруда. Ұстаз біліктілігін арттырудың маңыздылығын мүлтіксіз мәліметтер де растауда. Оның дәлелі ретінде жыл сайын педагогтар игеруі тиіс теориялық білім 5 пайыз, кәсіби білім 20 пайыз жаңарып отыратынын айтсақ та болады. Заман орнында тұрмайды. Білім мен ғылым саласында күнделікті жаңалықтар пайда болуда. Осы жаңалықтардың білім жүйесіне енуі – мұғалім білігінің ескіруіне алып келеді. Мұндай жағдайда, орта есеппен алғанда, педагогтар үшін 2,5-3 жылда білік арттыру курстарынан өту, жаңа талаптарға сай білімін толықтыру – кезек күттірмес мәселе. Институмыздың бір ерекшелігі – ағылшын жерінде пайда болып, бүгінде әлем елдерінде кеңінен пайдаланылып келе жатқан тьютторлық ісі. Біздің тьюторлар, яғни жаңа қалыптағы оқытушылар, білім алушыларды дұрыс жолға салып, кәсіби дамуы үшін өзі-өзін оқытуына үлесін қосып жатыр. Тиісінше, олардың өздері оқушыларға үлгі боларлықтай өз білімін арттырумен жүйелі түрде айналысып отырады. Институтымыздың мақсаты – ұстазға ұлттық құндылық ретінде қарап, бағалау. Қызметіміз педагогикалық жетелеу, ұйымдастырушылық-әдістемелік жетелеу және ғылымиәдістемелік жетелеу секілді негізгі үш бағыттан тұрады. Теориялық білім мен кәсіби тәжірибенің ұштасуынсыз сіңімді білім беру мүмкін емес. Сол себепті де біз, мейілінше, курстық оқытудан соңғы кезеңде біліктілікті арттыру мен кәсіби қызметті қатар алуға тырысамыз. Осы ретте институт тарапынан мұғалімдердің тек білім алып қана қоймай, оны арттыруға, сіңімді етуіне жол ашу, ынталандыру мақсатында түрлі сайыс-жарыстар өткізіліп тұрады. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттырып, өз кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, оны іске асыруға үлкен мүмкіндік береді. Өткен жылдың өзінде аталмыш жарыстардың бір парасы өткізілді. Үстіміздегі жылы да мұндай шаралар міндетті түрде жалғасын табады. Сонымен қатар, ауылдық жердегі ұстаздар да
40
назардан тыс қалып жатқан жоқ. Мұның айқын дәлелі ретінде алдағы екі жылға арналған «Ауыл мектебі» жобасының іске қосылуын айта аламыз. Сондай-ақ, ұстаздардың білім беру ісіндегі жаңалықтардан кенде қалмауы үшін институт қабырғасынан «Педагогикалық ізденіс» атты басылым жарыққа шығады. Бұл басылым білім мен мәдениет
саласындағы қызықты да керекті ақпараттан, жаңа енген өзгерістерден хабардар етуші бірден-бір құралға айналып отыр. Айтпай кетпеске болмас, институтымыздың ғаламтордағы жаршысы – сайт та ақпарды жедел таратып, оқырманға керекті, қызықты және танымдық материалдарды жариялаушы, таратушы болып табылды. Бүгінгі күні білім беру хақында қызмет көрссетудің бір саласы ретінде жазылып, айтылып жүр. Сондықтан да, институтымызды білім беру қызметін көрсететін мекеме ретінде қарастырамыз. Осы тұрғыда біз білім беру қызметтері нарығында сапа мен тұрақты тұтынушылық сұраныстың кепілі боламыз. Алма МУРЗАЛИНОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.
БІЗДІҢ СҰХБАТ
Ербол ІРГЕБАЙ,
Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры:
тілім» байқауында екінші орын, 2009 жылы «Жыл жетістігі» аталымын иеленсе, араға жыл салып «Тіл жанашыры» төсбелгісін қанжығалады. 2004-2012 жылдар аралығында абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағын құрастырып шығарды. Отыз жылдық жұмыс өтілі бар жоғары санатты педагог бүгінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры. Ұлттық – толеранттылық бағыттағы білім ошағын басқарып, шәкірттерінің бойына рухани нұр дарытып келе жатқан Ербол Ісләмұлымен сұхбаттасқан едік. – Ербол Ісләмұлы, сіз басқарып отырған мектеп ұлттық толеранттылық бағытта болғандықтан ат басын бірден осында бұрған едік. Жалпы, ұлттық толеранттылық дегенді қалай түсінеміз? – Этнограф, ғалым Әлкей Марғұланның атымен аталатын біздің мектеп ұлттық-толеранттылық бағытта. Сіз қойған сауалдың жауабын айтсам, өз ұлтының салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңіріп өспеген бала келешекте ұлтқа толық қызмет ете алады ма? - Бүгінгі таңда қаншылықты білімді, мықты экономист, білікті заңгер болса да ұлттық тұрғыдан, ұлттық мүддеден ойлай алмай, қа-
«САБАҚ БЕРУ ДЕ ӨНЕР» Ербол Іргебай 1962 жылы 5 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Семей педагогикалық институтына оқуға түсіп, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ербол Ісләмұлы еңбек жолын 1983 жылы Семей облысының Таскескен ауданы Тасбұлақ орта мектебінде ұстаздықтан бастады. 2005 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленді. 2006 жылы бүгінде өзі басшылық жасайтын білім ошағында Әлкей Марғұлан мұражайын ашып, «Ұлылықты ұлықтау» жобасын, «Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі арқылы жан-жақты дамыған рухани тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында авторлық бағдарламасын жасады. Еңбекқор ұстаз 2008 жылы «Мемлекеттік тіл – менің
зақшаға тілдері келмей жүрген азаматтарды көзіміз көріп жүр. Біз басқа елдің құлқынына жұтылып кетпес үшін ұлттық мүддемізді сақтауымыз керек. Өйткені, қазақтың негізгі қайнары ұлттық құндылығы деп ойлаймын. Бір елді бір елден ажыратып тұратын – ұлттық болмыс, ұлттық менталитет. Жаһандану дәуірін желеулетіп ұлтынан, жерінен, тілінен безген азаматтар бар, олар қазақтың тілін білмейді, қазақтың ертегісін тыңдап, қазақтың дәстүрін ұстанып өскен жоқ. Бізге өте қатты әсер еткені, әрине, орыстың тілі мен орыстың дәстүрі ғой, оны жасырып, жабатыны жоқ. Дегенмен, қазіргі тәуелсіздік барлық рухани дүниелерімізді қайта қалпына келтіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сонда да жоғарғы қызметте басшылық жасап отырған аға буынның санасын, болмысын өзгерту мүмкін емес. Қазақыландыруды ең алдымен
41
отбасынан, сосын балабақшадан, мектептен бастау керек. Қазақта «Уызында тоймаған – тірлігінде жарымас» деген жақсы сөз бар. Біз ең бірінші баланың бойына ұлттық тәрбиені, ұлттық менталитетті сіңіруді меңгерте отырып, қазіргі заманның талабына сай білім беруді ойладық. Шығыс ғұламасы Әль-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» дейді. Білім де сол тәрбиемен келеді. Мысалы, мектептерде шағын іс-шаралар өткізіп, «біз елді рухани құндылықпен сусындаттық» деп мәз боламыз. Оған санаулы ғана бала қатысып, қалғаны сол қоғамдық шарадан тыс қалып
қазақтың ұлттық тәрбиесі қандай, ата мен әже, әке мен шеше баланы қалай тәрбиелейді? Осы сұрақтар төңірегіндегі бұл бағыттың да бала тәрбиесіне тигізер септігі мол. Толыққанды жақсы тәрбие алған бала ғана сабақты жақсы оқып, алдына дұрыс мақсат қоя біледі. – Мектептің соңғы жаңа технологиялармен жабдықталу жағдайы мен мұғалімдердің сабақ беру деңгейі жөнінде не айтар едіңіз? – Біздің мектептегі барлық компьютерлер электронды оқыту жүйесіне қосылған. Әрбір мұғалімнің кабинетінде жеке компьютерлері
жататын кездер жиі кездеседі. Сондықтан, тәрбиеге барлық оқушының қатысуын қамтамасыз ететін кешенді шара керек. Оның ішіне баланың сабаққа дайындалу тәрбиесі де кіреді. – Енді өзіңіз басқарып отырған ұжымдағы ұстаздардың бұл бағыттағы ұстанымын, еңбегін әңгімелесеңіз. – Біздің мектепте оқушыларға тәрбие берудің бес бағыты қалыптасқан: біріншісі – шешендік өнер. Қазірде екі сөздің басын құрап сөйлей алмайтын оқушылармыздың саны көп. Сондықтан, оларды дұрыс та шешен сөйлей білуге үйрету көзделсе, екінші бағытымызда оқушыларға қазақтың тарихын толыққанды меңгеруіді міндеттейміз. Мектебіміздің Әлкей Марғұланның атымен аталуы да жайдан-жай емес. Қазақтың қолөнері, әні, биі, сол сияқты өнердің барлық түрі осы марғұлантану бағытына енгізілген. Үшінші бағыт ұлттық спорт деп аталады. Оның ішіне тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату сияқты басқа қазақи ойындар енгізілген. Ең соңғы бағытымыз – отбасы тәрбиесі. Отбасындағы
бар, сонымен қатар, кітапханада он компьютер, жеке компьютер сыныптары бар. Одан кейінгі мәселе – сапалы сабақ беру. Сапалы сабақ беруге жауапты – мұғалім. Мұғалім әрбір сабаққа тыңғылықты дайындалуы керек. Біріншіден, ұстаз өзінің пәнін жақсы білетін, теориялық білімі мықты болуы керек. Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас орнықты болып, психологиялық-педагогикалық шеберлігі шыңдалған болуы шарт. Мұғалімнің жалақысын көтермей жақсы сапаға көтеріле алмайтындығымызды да ұмытпағанымыз жөн. Оқушыларды сабаққа қызықтырып оқытудың бір жолы – ынталандыру. Бір оқушының жақсы қырынан көрсек, соны көтермелеп, басқа оқушыларға үлгі ретінде көрсеткен дұрыс. Ал, бізде бұл мәселе тұрақты жолға қойылып, балалардың шығармашылық жетістіктері көпшіліктің алдында көрсетіліп келеді. – «Отан – отбасынан басталады» дегендей, қазіргі таңда, әсіресе қалалық жерлерде ата-аналар отбасында балаларымен орысша сөйлесіп, өз балаларын орысша ойлауға
42
итермелейді. Осылайша отбасының орысша тәрбиесімен өскен оқушыларды мектепте ұлттық тәрбиемен тәрбиелеу қиындыққа соқпайды ма? – Әрине, өте қиын. Кейбір орысша сөйлеп келетін өрімдей жас ата-аналар бар. Мен оларға да ұлтық тәрбиенің отбасы арқылы баланың бойына сіңірілетіндігін айтып, түсіндіріп бағамын. Отбасында балаларымен тек қана қазақ тілінде сөйлеуді талап етемін. Қатаң талап болған жерде ғана нәтиже болмақ. – Тіл демекші, үштұғырлы тіл саясатына деген көзқарасыңыз қалай? – Қазірде үш тілді үйрету балабақшадан басталып отыр. Заманның талабынан қалмаған дұрыс шығар, бірақ үш тілді бірдей үйрету үшін балаларға мұғалім тарапынан да, ата-ана тарапынан да үлкен жұмыс жасалуы керек. – Мектептің бағытына сәйкес, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында қандай мәдени іс-шаралар жүзеге асырылады? – Ғылыми-теориялық білімі мол, ой-өрісі кең, рухани жан дүниесі таза, азаматтық ұстанымы биік, патриоттық сезімі жоғары, ұлтын сүйетін, өзіне – өзі сенімді тұлға тәрбиелеу мақсатында жыл сайын мектептің атынан академик Әлкей Марғұлан сыйлығы беріледі.
номинациядан тұрады. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың «Болмасаң да ұқсап бақ» дегеніндей, оқушыларымыз Әлкей Марғұланға ұқсап бой түзеп, ұлттық мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Марғұлан мұражайын аштық. Мұражай есігін ашқанда онда қаламсабынан бастап, төрт-ақ жәдігер болатын. Бертін келе, оқушылар игілігі үшін ашылған орданы толықтыру бағытында аянбай еңбек еттім десем де болады. Біртіндеп, оның сөресімен қоса кітаптарын, отырған орындығын, жұмыс үстелін, тіпті, тамақ, қымыз ішкен ыдыс-аяқтары мен дастарханын, басқа да құнды дүниелерін әкеліп жинақтадым. Мұның барлығы оқушыларға үлгі-өнеге, көзбен көріп, қолмен ұстап көру арқылы бойларына рухани қуат алатын шағын ғана мәдени орын. – Соңғы оқу жылын қалай аяқтадыңыздар, ҰБТ қандай нәтиже көрсетті? Оқушыларыңыз сенімді ақтай алды ма? – Ия, ҰБТ нәтижесі жаман болған жоқ. Біз жыл сайын ҰБТ-дан жоғары көрсеткішпен көзге түсіп келеміз. Көптеген мектеп директорлары біздің қалайша мұндай жақсы жетістікке жетіп отырғандығымыз жөнінде сұрайды. Ал, нәтиже тек еңбектің арқасында ғана келетіндігін барлығыңыз білесіздер. Биылғы жыл нәтижесі бойынша біздің бір ғана «Алтын белгіге» үміткеріміз болатын, ол өз үмітін ақтап шықты, жалпы көрсеткіш тоқсан бес пайызды құрап, Астана қаласы бойынша үздік ондықтың қатарына ендік. – Ал мектептегі мұғалімдердің білімін жетілдіру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? – Бүгінгі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен арнайы семинарда он төрт мұғалімімізді оқытып, сол оқытушылардың сабақтарына басқа мұғалімдерді топтастырып жатырмыз. «Сабақ беру – күнделікті жұмыс емес, сабақ беру – өнер» дейді Жүсіпбек Аймауытов. Мұғалім әрқашан ізденісте болуы керек. Мұғалім теориялық білімі жетілген, әдістемелік тұрғыдан тәжіриСыйлық әрбір оқу жылының қорытындысы бесі мықты, педагогикалық, психологиялық бойынша ерекше жетістікке жеткен оқушыға деңгейі жоғары болуға міндетті. Сол үшін өз арнайы сертификатпен, бағалы сыйлықпен қарамағымдағы мұғалімдердің білімін жетілқоса табыс етіледі. діру үшін интелектуалдық ой-өрісін дамытаБұл «Үздік оқушы», «Өнерпаздар мен тын кітаптар оқуды, Абайдың қарасөздерінің өнертапқыштар», «Парасатты, мәдениет ті кемінде жетеуін жатқа білуді талап етемін. оқушы», «Жыл спортшысы», «Жас оқырман», – Әңгімеңізге рахмет! Білімнің биігінен «Зерделі» және жоғарыда аталған қасиет- көрініңіздер! тердің барлығын қамтитын оқушыға берілетін Сұхбаттасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын жеті Н. ЗҰЛПЫҚАРОВА.
43
ТӘРБИЕ БАСЫ- ТАЛ БЕСІК
Балауса ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,
Астана қаласындағы №46 «Самал» санаторлық балабақшасының меңгерушісі:
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып отыр. Қазіргі таңда, 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшу тұжырымдамасы мектепке дейінгі тәрбие стандартын қайта қарастыруды қажет етеді. Себебі, бұл жүйе жағдайында мектепке дейінгі білім және тәрбие беру өте маңызды саты. Бес жастағы балалардың мектепалды дайындығын ұйымдастыру – бастауыш мектепте оқу үшін балалардың дайындық сапасының негізгі шарты болып табылады.
БІЛІМ БЕРУДІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАСАҚ
кемел келешектің де қалыптасары сөзсіз
ХXI ғасырдағы ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделген, олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желіні, электрондық оқулықтарды, ойындарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Астана қаласының мектепке дейінгі бес мекемесінде іс-тəжірибе алаңы ұйымдастырылған. Биылғы жылдан бастап біздің балабақшада, мемлекет тарапынан ғылыми зерттеулерді грант бойынша қаржыландыру бағдарламасы аясында мектепке дейінгі мекемелерге арналған «Мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламаларының əдіснамасы мен технологиясын құрастыру» атты тақырып негізінде ұйымдастырылған ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның негізгі мақсаты мектепке дейінгі білім беру стандарты негізінде «Таным» жəне «Əлеуметтік орта» салаларына арналған таңдаулы компьютерлік ойындардың құрылымы мен негізі анықтап, оларды құрастырып, білім беру үрдісіне
44
енгізу екенін баса айтқан жөн. Бұл жобаның тағы бір ұтымды тұсы – үштілді білім беру саясаты да ескерілген. Ең бастысы, аталған ойындардың мазмұнын, барысын құрастырушылар – балабақшаның тəрбиешілері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталғаны айтылған, бұл біздің басты міндеттеріміздің біріне айналып отыр. Өйткені, балабақша табалдырығынан аттаған кішкене сəбидің жиырма бірінші ғасыр азаматы ретінде жаңа технологияларға жаны жақын екенін мойындайтын кез келді. Заман талаптарына сай құрастырылған ойындар балаларды қоғамдағы өзгерістерді ескеріп, дамуына, жетілуіне бағыттайды. Жоғарыдағы ой-пікірлерді тұжырымдай келе, тəрбиеленушілердің ақпараттық технологияны қолдану негізінде пəнге деген қызығушылығы арта түседі. Білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде жүзеге асырылса, білім сапасының артуына əкеледі. Саналы да сапалы білім алған тəрбиеленуші – ұлт келешегі. Осы мəселелерге қатысты еліміздегі мектепке дейінгі білім беруде даму саласының басым бағыттарын былай атап көрсетуге болады: мектепке дейінгі тəрбие жəне оқытуда жаңа технологияларды жəне озық тəжірибелерді қолдануға барлық жағдайларды туғызу; он екі жылдық білім беру жүйесіне өтуде заманауи əдіснамалық, технологиялық, дидактикалық база негізінде мектепке дейінгі мамандарды дайындау жəне қайта даярлау жолдарын жетілдіру; жаңа формациядағы тəрбиешілердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру жəне басқаруда озық стильді ұстанатын жетекші үлгісін қалыптастыру. Келер күннің азаматын заман талабына сай тəрбиелеу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымызға қойып отырған саясаты, қоғамның негізгі міндеті, ұстаздардың борышы.
БІРЛІК - ТҮБІ БЕРЕКЕ
ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛСАҚ ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙМЫЗ Берікбай МИХЕЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы № 83 жалпы орта мектеп директоры. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт екені сөзсіз. Өйткені ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді.
Зұлмат тарих күре тамырынан тырнаса да, сан соқпақты артқа тастап, жыра жолды жырып өтіп, күрмеуі көп мәселелердің иінін тарқатып, бодандық қамалынан босап шығып, тәу етер Тәуелсіздікке жетіп, бастағы бақты бағалап отырған елімнің бостандығына 23 жыл толып отыр. Біз кеше кім едік, билігі өзге түгілі өзіне жүрмейтін бодан болғанбыз. Алыптардың ашса - алақанында, жұмса жұдырығында тұрғанбыз. Ал қазір ше? Бұл күні біз Қазақстан дейтін елміз. Шекарасы шегеленген, стратегиялық даму бағыты айқын, өзіндік амбициясы қалыптасқан әлем аренасында орны бар алып державалармен иық тірестіретін мемлекетпіз. Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрған алтын көпір іспеттіміз. Таңғажайып архитектурасы бар, әммә ғаламға білгілі әсем Астанасы, әлемге аты әйгілі халқы қалап алған Н.Ә. Назарбаевтай президенті бар, Тәуелсіз бақытты елміз! «Ел еңсесін – ер көтерер» дейді дана халқымыз. Қашанда мақтауға лайық көреген, кемеңгер Елбасымыздың есімі
Тәуелсіздікпен пара-пар. Егемендіктің алғашқы қиын-қыстау кезеңдерінде елді өрге сүйреген білікті басшының стратегиясы, ел дамуының қарқынды қадамына сеп бола білді. Соңғы жылдары әлемнің көзі қарақты, мүйізі қарағайдай басшыларын Елордамыз – Астанаға топтасуының өзі зор мақтаныш. ЕҚЫҰ саммитін сәтті өткізіп, алтыны көп Ақ Азиаданың жалауын желбіретіп, ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге білек сыбана кірісіп жатырмыз. Дәл осы тұста кезекті доктринасын қабылдаған Н.Ә.Назарбаев бастаған “Нұр Отан” партиясы елмен бірге ерен ерлік жасауға ұйтқы боп тұр. «Нұр Отан» партиясының ұйымдасып, қоғамның ықпалды күшіне айналуы да тікелей партия жетекшісінің саяси қызметінің нәтижесі. Еліміз кешенді реформалардан, түбегейлі өзгерістерден өтті. Адамның, қоғамның санасы өзгерді. Өмірге жаңа ұрпақ келді. Тәуелсіздікті құрметтеу, қастерлеу, қорғау әрбір азаматтың борышы, парызы екенін қоғам түсінді. Тәуелсіздік, оның қауіпсіздігі, санамызда ұлттық идея болып қалыптасты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалап, негізін салды. Туын көтеріп, оны дүниежүзілік қауымдастыққа танытып, мойындатты. Тәуелсіздік пен мемлекет тік жариялануымен ғана өздігінен құрылмайтынына, оны баянды ететін халық және асқан қайраткерлік қабілеті бар жетекші тұлға, елдегі саяси күш екеніне көзіміз жетті. 45
Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы. Біз бүгінгі жетістіктеріміздің қай-қайсысына да Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін баға жетпес байлық! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның келешегі жастардың қолында» деген жалынды сөздері өскелең жас ұрпаққа әрдайым нық сенім ұялатады. Ал болашағы кемел болар ұлттың, жастары білімді болмақ. Елімізде өскелең ұрпақ тәрбиесімен айналысып, сапалы білім нәрімен сусындатып жатқан білім ошақтары жетерлік. Сондай білім ұяларының бірі Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайындағы №83 орта мектеп. Бүгінгі таңда бұл ұжымда 300-ге жуық мұғалім ауызбіршілік танытып, бір шаңырақ астында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызметтерін жалғастыруда. Бұл мектептің тарихына тоқталмай кетуге тағы болмас. 2008 жылы іргетасы қаланған мектебіміздің жеткен жетістіктері алған асулары баршылық. Мектебіміздің білікті, тәжірибелі ұстаздары қажырлы еңбектерімен танылып, марапатталып отырады. Өнерлі де талантты шәкірттеріміз жыл сайынғы республикалық олимпиадаларда жүлделеніп, дәстүрлі мерекелерге белсене атсалысып келеді. Мектеп көлеміндегі түрлі іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізіп, қадірлі қонақтар мен ата-аналардың ыстық ілтипаттары мен алғыстарына бөленіп жүр. Елдің дамуына тамшыдай терін төгіп, бар күш-жігерін сарп етер, көзінде от ойнаған оғландарға қарап тұрып келешегіміз бұлыңғыр болады деп секем ала қоймаспыз. Әлі де болса, біз алмаған асулар келер күннің күнтізбесінен менмұндалайды. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарынан көргіміз келсе, тасжұдырық боп, татулықты ту етіп, ел үшін ыз еңбек етейік. Біздің өзгелерден озуымыз п, оқ үшін, өзгелерден екі есе бұрын қимылдап, рықтай бойы озып отыруымыз абзал. Жұдырықтай н!!! жұмылсақ жерде қалмаймыз, ағайын!!! 46
БӘРЕКЕЛДІ !
2013 ЖЫЛДАҒЫ АСТАНА ҮЗДІКТЕРІ 2013 жылы «Үздік көшбасшы мектеп-2013» атағына – Астана қаласының №60 мектеп-лицейі ие болды. Сондай-ақ, аталмыш мектеп «Еуропалық сапа» халықаралық атағының жеңімпазы атанды. 2013 жылы 2012-2013 оқу жылының
қорытындысы негізінде Астана қаласы әкімі Грантының иегері - «Үздік мектеп-2013» номинациясы бойынша Астана қаласының №38 мектеп-лицейі болды.
2013 жылы «Үздік
қосымша білім беру мекемесі-2013» номинациясы бойынша Астана қаласының №2 өнер мектебі жеңіп алды.
2013 жылы «Үздік колледж-2013»
номинациясы бойынша Астана қаласының политехникалық колледжі марапатталды.
2013 жылы «Үздік арнайы білім беру мекемесі-2013» номинациясы бойынша с Астана қаласы №2 п психологиялықпеда пе даго гоги гикк медициналық-педагогикалық кеңес екет ек етті тікк ме меке кеме месс жеңімпаз беру» мемлекеттік мекемесі болды.
2013 013 жжыл жылы ылы ы «Ү «Үзд «Үздік здік ік балабақша-2013» бал б алаб абақ ақша ша-2 -201 013 3 но номи мина наци цияс ясы ы бо бойы йынш ншаа № №22 22 ««Әл Әлем ем»» номинациясы бойынша «Әлем» бала ба лаба бақш қшас асы ы же жеңі ңімп мпаз аз аата танд нды. ы. балабақшасы жеңімпаз атанды.
СПОРТТЫҚ ТӘРБИЕ Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған адам күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізеді, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланады, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отырады. Бұл оның дене мүшелеріне ғана емес, ойлау қабілетіне де жағымды әсерін береді.
СЫНЫПТАН ТЫС ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ Елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шынықтыру – спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық қалыптасады. Сыныптан тыс дене шынықтыру және спорттық сауықтыру іс-шаралары дене тәрбиесіндегі бірден-бір мектептегі негізгі тәрбие құралы болып табылады. Жалпы білім беретін мекемелердегі дене тәрбиесі пәнінің міндеттері: Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, оларға салауатты өмір салтының қажеттілігін ұғындыру, дене тәрбиесімен үнемі айналысуға дағдыландыру; Дене тәрбиесіне деген саналы көзқарас қалыптастыру және жеке тұлғаны тәрбиелеудегі оның зор мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету; Дене тәрбиесі білімін меңгеру, оның негізін құрайтын қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру; Дене мүшелерінің қасиеттері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, соған орай дене шынықтыру даярлығын қажетті деңгейде өткізу, таңдаған спорт түрін шебер меңгеру, денені шынықтыру. Сонымен, дене тәрбиесіндегі негізгі принциптер мен міндеттерді айқындап алдық. Ендігі жерде ұйымдастыру шаралары қандай болмақ? Теория бойынша және бұл солай болуы да тиіс негізгі міндеттеріне іс-шаралардың өткізу үйлесімдігін жоспарлап бекіту және дене тәрбиесі кеңесінің ұжымы, көпшілік спорттық, дене сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Бұл жерде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің
таза сабақ жоспарымен өтетін негізгі міндетімен қоса, қосымша жұмыстарда оның қабілеті де, біліктілігі мен тәжірибесі де сыналады. Сонымен, тікелей дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қандай міндеттер жүктеледі? Сынып кураторлары немесе жетекшілері – сыныптан тыс дене шынықтыруды бекітуге, әдістемелік нұсқау беруге,тікелей ұйымдастыруға, сыныптан тыс спорттық секцияларды,үйірмелерді жоспарлауға, мектеп құрамаларын іріктеп жинап, оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге, сыныптан тыс дене шынықтыру, спорттық сауықтыру ісшараларына, мектеп оқушыларының ата-аналарын тікелей араласуын ұйымдастыруға міндетті. Оқушыларды әртүрлі спорттық ойындарға қызықтырудың, ешкімнің топтан немесе сыныптан тыс қалмауын қадағалау басты мәселе. Бұл тіпті, балаға психологиялық әсер ететіні де сөзсіз. Өйткені, балалардың бәрі бірдей емес. Бірі белсенді, енді бірі баяу қимылдайды, әрі ойлау қабілеті де шабандау болуы мүмкін. Топтық ойындар ұйымдастыру арқылы, осындай оқушыларды ортаға тартып, өзін қоғамға (сыныпқа, топқа) қажетті бір мүше ретінде сезіндіру. Алғашқыдан шетқақпай жүретін баланың өзін үнемі ортаға тарта бергесін, үшінші, төртінші ойындарда ол баланың белсенділігі артып, өзін басқа қырынан көрсете бастайтыны, оның бойындағы бұйығып жатқан қабілеттердің ашыла бастайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен, оқушылардың арасында өткізетін ойындардың қандай әдіс-тәсілдері бар? Олардың тиімділігі неде? Фронтальды әдіс - жұмысқа оқушылардың барлығының қатысуына мүмкіндік береді, бұл зейінді арттырып, сабақтың моторикалық тығыздылығын арттырады. Топтық әдіс - әртүрлі тапсырмаларды бірнеше топ орындайды, залдың немесе алаңның әрбір жерінде. Көз алдындағы барлық топтарды бақылай тұрып, мұғалім бір топпен ғана жұмыс жасайды. Топтар кезекпен орындарын ауыстырып отырады. (немесе өз орындарында қалады, ал мұғалім бір топтан екінші топқа өзі ауысып отырады). Топтық әдіс оқушылардың сабаққа саналы қарым-қатынасын, жоғары ұйымдастыру шылықты, тәртіп пен қимылды өз бетімен меңгере алу қабілетін қалыптастырады. Егер мұғалім осы жайттардың барлығының сабақ барысында сақталатынына күдіктенсе, онда оқытудың топтық әдісінен бас тарту
47
керек. Сабаққа дайындалу кезінде қиындығы бойынша әртүрлі, бірақ мақсаттары бірдей бірнеше сабақ нұсқаларын құруға болады. Мысалы: бірінші бөлу бойынша (белсенді оқушылар) қимылдық әрекет тұтастай беріледі, екінші бойынша – дайындық жаттығулары. Келесі сабақта екі топ та әрекетті тұтастай орындайды, тек бірінші топ қиындатылған, екінші топ жеңілдетілген жағдайда орындайды. Топтық әдістің қарапайымдылығын қысқарту мақсатында оқушыларға қимыл-қозғалыстарының сапасын дамыту мен икемдерін жетілдіру үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Фронтальды-топтық (ауыспалы) әдіс – бірдей немесе түрлі тапсырмаларды кезекпен-кезек бірнеше топ орындайды. Бұл әдіс барлық сыныптарда қолданылады. Ауысым саны құрал-жабдықтар санына байланысты, ауысымдар қашықтыққа, биіктікке секіру, акробатика, жүгіруді орындайды. Бір топ тапсырманы орындап жатқан уақытта, келесі топ бақылап, қимыл-әрекеттерді сараптап, кемшіліктерін анықтап, оларды жоюға көмектеседі. Фронтальды-топтық әдістің тиімділігі осында. Ағымдық әдіс – оқушылар алдымен кезекпенкезек бір жаттығуды орындап келесі жаттығуға көшеді. Бұл әдіс барлық сыныптарда қолданылады. Үйрету үшін қолайлы әдіс емес, бірақ қимылдық сапаларын дамыту мен дағды мен икемдерін жетілдіру және бекіту мақсатында қайталау үшін тиімді болатын әдіс түрі. Бұл әдіс бойынша жаттығудың барлық түрлері орындалуы мүмкін. Бұл әдісті ұйымдастыру кезінде бір типті снарядтар бір уақытта қолданылады. ( бұл сабақтың тығыздылығын арттырады). Осы кезде әрбір жаттығудың қайталану реті мен санын есептеп алу керек, оқушылар кезекте тұрып қалмас үшін. Дегенмен тапсырмаларды орындау барысында оқушылар демалу үшін үзілістер болу керек. Бұл әдістің ерекше бір түрі шеңбер бойынша жаттығу жасау. Аталған әдіс арқылы сабақ өткізу үшін оқушыларға таныс 8–10 қарпайым жаттығулар алыну қажет. Зал ортасында немесе алаңда жаттығулар орындалатын орындар белгіленеді: сынып станция үлгісі бойынша топтарға бөлінеді. Әрбір топ өз станциясының қатарына ретке тұрады, берілген белгі бойынша тапсырманы орындайды. Бірінші сабақта жүктеменің жеке нормасы анықталады. Жеке тәсіл – әрбір оқушы қимыл сапаларын дамытуға арналған арнайы таңдалып алынған жаттығуларды орындайды. Жеке тапсырмаларды сәтті орындау үшін оқу карточкаларын мақсатты қолдану керек. Ұйымдастыру тәсілі сабаққа
48
дайындалу кезінде ең алдымен сабақ міндеті мен мазмұнына сай пайдаланылады. Тәсілдерді ескере отырып сыныптың дайындығы есепке алынады. Мысалы, арқанмен тартылу, бұл тапсырманы кезекпен кезек орындаған өте ыңғайлы. Егер кейбір оқушылар белгіленген жаттығуды жеткіліксіз меңгеріп жатса, онда бұл әдісті қолданбай-ақ қойған жөн. Бұл жағдайда әлсіз оқушылар жарақат алулары мүмкін. Тәртіп бұзылады. Сондықтан үлгермейтін оқушыларды бір топқа біріктіріп, жеңілдетілген тапсырма беруге болады. Тәсілді таңдау сабақ кезіндегі нақты жағдайлармен анықталады (зал көлемі, ауданы, құрылғылардың бар болуы). Үлкен зал немесе алаңда балалар төрт топқа бөлінеді. Олардың үшеуі өз бетімен жаттығулар жасайды, біріншісі бір орыннан қашықтыққа секіреді, жұппен доп лақтырады, үшіншісі секіртпемен секіреді, төртіншісі мұғаліммен бірге жұмыс жасайды. Біраз уақыттан кейін топтар өз орындарын ауыстырады. Жоғарыда келтірілген әдістердің әрқайсысының күшті және әлсіз жақтары бар. Сондықтан сабақ мақсатына, міндетіне, оқыту кезеңіне, балалардың нақты дайындығы мен жағдайына қарай таңдалып алыну керек. Бұл жоғарыда айтып өткен ұйымдастырушы мен дене шынықтыру пәні мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Бұдан басқа, спорттық ойындарды балаға үйретуден бұрын оны психологиялық, физикалық тұрғыдан дайындау, әдіс-тәсілдер таңдау ерекшеліктері бар. Бақытжан АХМЕТОВ, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН ШАКИЕВА ЖАНЫМ БАРАТҚЫЗЫ, Алматы қаласындағы Əл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі.
ҰЛ БАЛА МЕН ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ (3-сынып) Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру; Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Бәрі бірге ән салады.
КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ 1 Көк тудың желбірегені Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, Шымырлатқаны денені.
3 Көк тудың желбірегені Елдіктің асқақ өлеңі. Әр жаққа тартпа, Қазағым, Бір сөзге жинал дегені.
2 Көк тудың желбірегені – Жаныма қуат береді Таласқа түссе жан мен ту Жан емес, маған керегі –
4 Көк тудың желбірегені – Бақыттың елжірегені, Қиырда қалған қазақтың Көзінің мөлдірегені.
Әңгімелесу Оқушылар әңгімелесу кезінде: Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек? Ұл мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?- деген саулға өз ойларын білдіреді. Жағдаяттарды талдау Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастырады. Оқулықта түрлі жағдаяттарға құрылған суреттер ұсынылған. Оқушылар осы суреттердің мазмұнын түсініп, талдап, жағдаяттарды шешеді. Өз шешімдерін сынып алдында жария етеді. 1. Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді. Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер
2. Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан: - Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін, деді. Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едің-
3. Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті. Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
4. Әсияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әсия Ғалымды итеріп жіберді де, отыра қалып жылады. Әсия мен Ғалымның орнында болсаңдар, сендер қандай шешім қабылдар едіңдер?
49
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН
Өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды. Мәтінмен жұмыс Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластықты қарым-қатынасты түсіндіру мақсатында мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады. Кімнің жұмысы? Т. Дәуренбеков Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізеді? Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? Түйіндеме Мектепте қыздар да, ұлда да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату-тәтті болып сыйластықты қарым-қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн. Шығармашылық жұмыс Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Қыздар мен ұлдар екі топқа бөлінеді. Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсықасиеттерді көргің келеді?» - деген сұрақтар беріледі. Әр топ өз ойларын ақ плакат бетіне түсіреді. Тақтаға іліп өз жұмыстарын қорғайды. Осы бойынша ұл бала мен қыз баланың ұқсастықтары және өздеріне тән қасиеттері туралы пікір қорытылады. Ел ұлымен берік, қызымен көрік Халық даналығы Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды деп мәз-мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Ойын Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам ..., егер қыз болсам...» атты ойын ұйымдастырылады. Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам...» дегенді жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам...» дегенді өзінің ойымен жалғастырады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.
50
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН
Дәптермен жұмыс Балалар тапсырма орындау арқылы ойларын бекіте түседі. Мысалы: ұқыпты; сүйкімді; көрікті; батыл; көпшіл; сыпайы; ақылды; мейірімді; әдепті; шыншыл; нәзік және т.б. Қорытындылау Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді. Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушылар бір-біріне және келген қонақтарға ҚР тәуелсіздік мерекесіне арналған жылы лебіздерін білдіреді. Ермек Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге оқиды. Ұл бала мен қыз бала Е. Өтетілеуов Ұл бала мен қыз бала Бір мектепте оқиды. Ұлға да ортақ, қызға да Білімді ойға тоқиды. Ұл бала мен қыз бала Үйге бірге қайтады. Бар сырларын аз ғана Бір-біріне айтады. Ұл бала мен қыз бала Түсіністі, достасты.
51
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН ФАУЗИЯ САМЕТОВА,
Қайнар университетінің тілдер, журналистика және туризм кафедрасының профессоры.
МЕКТЕПТЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ Әдістемелік бірлестік (ӘБ) - бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша әдістемелік, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. ӘБ мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше оқу пәндері бойынша 3 мұғалім болса құрылады. Сынып жетекшілері үшін де әдістемелік бірлестік құрылуы мүмкін. ӘБ тәжірибелі және білікті маман басқарады. ӘБ отырыстары әр бірлестік бойынша тоқсанына 1 рет өткізіледі. ӘБ жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрамды бір бөлігі деп есептеледі. ӘБ жоспары өткен жылдың нәтижелерін талдау негізінде жасалады және сол жылға қойылған міндеттерден тұрады. Жоспарды ӘБ жетекшісі жасайды. ӘБ жоспары педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді. Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны • Мемлекеттік стандарт талабын орындау; • Оқу сапасын жақсарту; • Оқу үрдісінде инновациялық, ақпараттық технологияларды саралап қолданудың тиімді жолдарын көрсету; • Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану; • Оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық жазылуын бақылау; • Қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау, қарастыру, бекіту; • Теориялық, практикалық семинарлар ұйымдастыру; • Жазба жұмыстары нормасын орындау, сапасын арттыру жолдарын ұсыну; • Әдістемелік нұсқаулар дайындау, бекіту; • Білім сапасын бақылауға тестік тапсырмалар жасау; • Ашық сабақтар, сынып сағаттарын дайындау; • Дидактикалық материалдар, дәрістер тезисі, баяндамалар дайындауды ұйымдастыру; • Ашық сабақтарға, сынып сағаттарына қатысу және талдау жасау; • Сыныптан тыс жұмыс түрлерін өткізуді ұйымдастыру. Әдістемелік бірлестік жетекшісінің міндеттері: • Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жоспарлайды; • Мұғалімдерге нормативті құжаттарды орындауда, оқутәрбие жұмысын ұйымдастыруда, педагогикалық әдебиеттегі жаңалықтармен таныстыруда нұсқау-кеңес береді; • Әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізеді; • Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді (толық, барлық жағынан); • Мұғалімдерді ізденіс, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына тартады; • Педагогикалық тәжірибе жинақтауға, шығармашылық дамуға ынталандырады; • Педагогикалық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді; • Мұғалімнің өз бетінше білімін жетілдіруіне ықпал жасайды; • Озат тәжірибені зерттейді, қорытады, таратады; • Жас мұғалімдердің бейімделу мерзімін қысқартуға жағдай жасайды; • Мұғалімдердің білімін жетілдіруді ұйымдастырады;
52
• Мектепішілік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады, біліктілік санатына ұсына алады. Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері: • Оқу пәні мен оқу үрдісін ұйымдастыруда нормативтікқұқықтық құжаттарды білуге; • Кәсіби біліктілік деңгейі мен өз бетінше білімін көтеруге; • Оқыту әдістемелерін меңгеруге; • Ақпараттық-коммуникациялық, инновациялық технологияларды меңгеруге; • Педагогикалық қызметте өзінің және әріптестерінің жұмысына талдау жасай алуға; • Ашық іс-шараларды әзірлеуге, өткізуге; • Қажетінше педагогикалық оқулар мен байқауларға, конференциялар мен семинарларға, практикумдарға қатысуға; • Әдістемелік бірлестік отырыстарына қатысуға; • Оқу кабинеттерін талапқа сәйкес жабдықтауға. Әдістемелік бірлестік мүшелерінің құқықтары: • Оқу жүктемесін бөлуде білім мекемесі басшыларына өз өтініштерін білдіру; • Мектеп басшыларынан мұғалімдерді қажетті нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, әдістемелік кешендермен дер кезінде қамтамасыз етуін талап ету; • Кәсіби байқауларға қатысу; • Әкімшілікке ӘБ мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстардағы жетістіктері үшін марапатқа ұсыну. Әдістемелік бірлестік құжаттары: • Оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары; • Білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері; • Әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы; • Әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері; • Сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы); • Әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындайды); • Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары; • Оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары (баяндама материалдары); • Пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері мониторингісі; • ӘБ мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы курстар туралы мәліметтер; • МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу, өткізу, мониторинг материалдары; • Дидактикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының әдістемелік сандықшасы, өткізілу кестесі; • Озық тәжірибелер жинағы; • Мұғалімдердің курстан өту кестесі; • Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәлімет; • Мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет (болған жағдайда); • ӘБ жұмысына аналитикалық талдау (жылдың соңында); • ӘБ отырыстарының хаттамалары. Әдістемелік жоспарының құрылымы: • Мамандарға сипаттама; • ӘБ мүшелерінің міндеттері; • Өткен жұмыстарды талдау; • Біліктілікті арттыру; • Оқу сапасын арттыру жолдары; • Тәрбие жұмысы; • Өзара сабаққа қатысу; • Отырыстар тақырыбы; • Жас мамандармен жұмыс. Қорыта келе, әдістемелік бірлестік жұмысы мектептің жалпы әдістемелік жұмысының мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативті құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбиелік жұмыстың қазіргі технологиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен, ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, инновациямен танысудан тұрады.
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДІС ӘД І СТЕ Т МЕЛІК ҚОРЖЫН ЫН Н Данагуль СИБИТОВА, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. «ДОС» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ (5-сынып) Сабақтың тақырыбы: Менің досым Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге тәсілдендіру. Сауатты жазуға, оқуға үйрету. Білімділік: «Менің досым» тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Сын есімдерді дұрыс қолдана білуге жаттықтыру Тәрбиелік: Досқа деген құрмет сезімін дарыту. Достық құндылықтары туралы балалардың түсініктерін кеңейту Проблема: Орыс тілінде оқитын оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Қандай тәсіл қолдансақ та, міндетіміз –сөйлету. Қойылатын міндеттер: көрнекілік арқылы, компьютер арқылы мәлімет беру арқылы, сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыны сөйлету, деңгейі жоғары оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме, ізденіс, көрнекілік, жаттығу талдау. Көрнекіліктер: компьютер, слайд, Сабақтың түрі: Жаңа лексикалық бірлікті қабылдау сабағы. Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану, қазақ әдебиеті, информатика, орыс әдебиеті Сабақтың айдары: Дос болайық, балалар! Леопольд Мәтінмен жұмыс МӘТІНДІ ОҚУ
ОҚУШЫ ОҚИДЫ
Оқушы аударады
Түсініксіз істейді
Мәтін бойынша сөйлесу
Оқушы-оқушы
Сөздерге көптік жалғау жалға
Мәтіннің мазмұнын айту
Оқушы-түсініксіз жерде сұрақ қою
Кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тақтаға жаз. Оларға көптік жалғауды жалға (топпен)
Өз досың туралы айт
Оқушы-мәтін бойынша өз досы туралы айтады.
Сұрақтарға жауап беру. 1 Мәтінді түсіну. 2 Жаттығулармен жұмыс. 3 Тапсырмалар орындау 4 Сергіту кезеңі 5 Шатасқан мәтіндерді ажырату
сөздермен
жұмыс-Айдар Мәтінге бес сұрақ
Ребусты шешу Достық ағашын егу 8 Материалды бекіту 9 Үй тапсырмасы. 10 Бағалау 6 7
53
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘД Д ІСТЕЕ МЕ М ЛІ Л К ҚО Қ ҚОРЖЫН РЖ Ж ЫН ЫН
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастыру, дайындық, сабаққа жұмылдыру. 2 Үй тапсырмасын тексеру. «Тез тап» ойыны. Ойынның шарты: а Тақтаның алдына кезекпен көптік жалғау жалғаудың жалғаулары жазылған парақшаны ұстап тұру үшін 6 оқушыны шақырамын, кейін олар эксперт болады. ə Мұғалімнің қолында парақта жазылған сөздер болады сол сөздерді тез алып керек жалғаудың артына барып тұрады. Бәрі тұрғаннан кейін жалғау болып тұрған бала оқушының дұрыс әлде қате тұрғанын анықтайды. Сөздік жұмысы – бір-бірін тексереді (сөздік алдын-ала жазылған). 3 Жаңа сабаққа кіріспе әңгіме. Слайд көрсетіледі, достық туралы өлең оқылады (Өзін-өзі тану журналынан). Бұл қандай достық? Жалған достық. Мир знает много истории о дружбе. Мы с вами знаем историю дружбы Шокана Уалиханова и Достоевского, Мухтара Ауезова и Михайла Шолохова, Пласидо Доминго и Хосе Каррераса, Анны Ахматовой и Марины Цветаевой, Илья Репина и Льва Толстого. Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру: Көптік жалғауды білу. “Менің досым” туралы айта білу Слайд арқылы: КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ. Норбековтың жаттығулары бойынша.Сыныпта көзі нашар көретін балалар саны көп! Жазылым. Дәптерлеріңді алыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар. Мұғалім сөзі – Леопольд сіздерге бірнеше тапсырма әкелді. Мына сөздерден дұрыс сөздер, сөйлемдер құрап кел деп мектепте мұғалім Леопольдқа тапсырма берді. Леопольдқа көмектес!!! Мына сөздерді білесіздер ме? 1-тапсырма ідемә земні керме а й ысып і д і м сен
54
сөздерді дұрыс құра. сөйлем құрастыр - 5минут 2-тапсырма Мұғалім: Леопольд сендердің қазақша қалай сөйлейтіндеріңді естігісі келеді? Мәтінмен жұмыс 1 Оқушы оқиды. 2 Оқушы аударады-түсініксіз сөздермен аударма жұмыс. 3 Мәтін бойынша сөйлесу. 4 Мәтіннің мазмұнын айту. 5 Өз досың туралы айт. Сергіту сәті: « Құмырсқа» презентациямен Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа, Допты алды қолына, Допты қойды жолына, Оңға қарады, солға қарады, Үлкен тау деп ойлады Мысық Леопольд кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар дайындады. Оқушыларға тапсырма Сөздік - тақтаға Мәтінге бес сұрақ - орнында Сөздерге көптік жалғау жалға - тақтаға Кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тақтаға жаз Мектепте Леопольдқа екі мәтін берді. Бірақ Леопольд бұл мәтіндерді қосып, шатастырып алды. Леопольдқа көмектес!!! Мәтін Менің досым бар. Ол бесінші сыныпта оқиды. Оның аты – Данияр. Ол – оқу озаты. Оның бойы ұзын, шашы қара, көзі көк. Ол сурет салуды жақсы көреді. Менің мысығым бар. Оның аты – Томпақ. Мысығым кішкентай, ақ, сүйкімді. Ол ойнақы. Жіппен ойнауды жақсы көреді. Мен Томпақты жақсы көремін. Ребус шешу - 2 минут Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. Человек без друзей, что дерево без корней. А сейчас мы с вами вырастим дерево дружбы. Напишите на листьях: что нужно для того чтобы крепла Дружба. 1 2
Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру 43-бет 3-тапсырма. Бағалау.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН ЖІБЕК АХЕТОВА, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы.Жақаев ауылындағы №149 «Қызылту» орта мектебі директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары.
ПРЕЗИДЕНТ ТАЛАБЫ – КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК (Дөңгелек үстел) Мақсаты: Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету; Қоғамдағы мұғалім рөлінің маңыздылығын айқындау; Кәсіби біліктілік тақырыбында мұғалімдермен пікір алмасу, ой бөлісу. Түрі: пікірталас Типі: дағды мен шеберлікті қалыптастыру Өткізу формасы: дөңгелек үстел Көрнекілігі: презентация, біліктілік, ұстаздық туралы даналық ойлар Кіріспе сөз: Білім саласындағы басты міндет – білім берудің жаңа сапасына көшу, оқытудың тиімді жүйесін жасау. Ең алдымен, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге, педагогтар құрамының сапасын арттыру арқылы білім сапасын арттыруға мән берілгендіктен, әрбір пән мұғалімінің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек. БӨЛІМ Ұшқыр ой, ұтымды пікір «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», олай болса: 1-сұрақ. Қазіргі қоғам және мұғалім беделі. Мұғалім беделінің өлшемі неде? 2-сұрақ. “Кәсіби білікті” деп қандай маманды айтуға болады? Түйіндеме: Елбасы Жолдауының басты талабы – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Кәсіби білікті маман – бұл: Өз мамандығын сүйетін; Жан-жақты сауатты және білімді; Өз ісінің шебері; Жасаған жұмысының нәтижелі болуына күш салатын мақсаткер; Қоғамның даму тенденциясына ілесе алатын; Жаңа идеялар мен тың бастамалардың жанашыры және қолдаушысы. “Көп істің шала білгірі болғанша, бір істің дана білгірі бол”, - дегендей..: 3-сұрақ. Сіз өзіңізді кәсіби білікті маманмын деп есептейсіз бе немесе кәсіби білікті маман болу үшін 1
55
Мақсаты: Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету; Қоғамдағы мұғалім рөлінің маңыздылығын айқындау; Кәсіби біліктілік тақырыбында мұғалімдермен пікір алмасу, ой бөлісу. Түрі: пікірталас Типі: дағды мен шеберлікті қалыптастыру Өткізу формасы: дөңгелек үстел Көрнекілігі: презентация, біліктілік, ұстаздық туралы даналық ойлар Кіріспе сөз: Білім саласындағы басты міндет – білім берудің жаңа сапасына көшу, оқытудың тиімді жүйесін жасау. Ең алдымен, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге, педагогтар құрамының сапасын арттыру арқылы білім сапасын арттыруға мән берілгендіктен, әрбір пән мұғалімінің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек. БӨЛІМ Ұшқыр ой, ұтымды пікір «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», олай болса: 1-сұрақ. Қазіргі қоғам және мұғалім беделі. Мұғалім беделінің өлшемі неде? 2-сұрақ. “Кәсіби білікті” деп қандай маманды айтуға болады? Түйіндеме: Елбасы Жолдауының басты талабы – мұғалімдердің кәсіби шеберлі1
56
гін жетілдіру. Кәсіби білікті маман – бұл: Өз мамандығын сүйетін; Жан-жақты сауатты және білімді; Өз ісінің шебері; Жасаған жұмысының нәтижелі болуына күш салатын мақсаткер; Қоғамның даму тенденциясына ілесе алатын; Жаңа идеялар мен тың бастамалардың жанашыры және қолдаушысы. “Көп істің шала білгірі болғанша, бір істің дана білгірі бол”, - дегендей..: 3-сұрақ. Сіз өзіңізді кәсіби білікті маманмын деп есептейсіз бе немесе кәсіби білікті маман болу үшін бізге не жетіспейді? Кәсіби біліктілікке қол жеткізу үшін не істеу керек? Сіздің пікіріңіз... Түйіндеме: «Ұстаз жоғары біліммен қатар сабақ берудегі шеберлігін күнделікті шыңдап, жетілдіруі, өзіндік мәдениеті мен жалпы адамгершілік қасиеттерін, болмысын әрқашан биік деңгейде таныта білу арқылы ғана өзінің биік дәрежесін сақтап қалмақ. Үздіксіз ізденіс қана ұстазды алға жетелейді.» Кәсіби білікті маман болу үшін: Тынымсыз еңбек; Ізденімпаздық; Мақсаткерлік; Жаңашылдық; Жан-жақты дүниетанымы мол маман иесі болуы қажет екендігі заман талабы болып отыр. 4-сұрақ. Кәсіби білікті болудың ұстаздар үшін маңыздылығы қандай? Түйіндеме: Шәкірт білімінің тереңдігі мұғалімнің жан-жақты болуымен өлшенбек. Бұл талап күн өткен сайын мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеуде және оны жүзеге асыруда жаңашыл бастамалар қажет. Ұстаздардың терең білімі мен құзырлылығы бүгінгі қоғам алдындағы міндеттердің дұрыс айқындауына мүмкіндік бермек. Себебі, педагог – қоғам талабына сай функционалды сауатты ұрпақ қалып-
тастырушы тұлға. Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндеттің білім сапасын арттыру процесінде де маңызы зор болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Адамгершілік білімі – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Мектеп бітіруші әрбір түлекке жеткілікті түрде адамгершілік білімі берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімнің бастауларымен үздіксіз және жүйелі түрде сусындауы қажет. Адамгершілік – тұлғаның қоғамдық өмірінің негізі. Мектеп ұжымының тәрбие саласындағы басты ұстанымы – адами құндылықты ту еткен тұлға қалыптастыру. Қорытынды: “Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер”. Парасат қайда болса, ұлылық сонда, Білім қайда болса, биіктік сонда, - деп, баршаңызды өз істеріңіздің биік шыңынан көре білейік! БӨЛІМ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі кәсіптік-педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді? Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға. Ал, білім беруде кәсіби құзырлы нағыз маман иесі – ол мамандығы бойынша өз пәнін жетік меңгерген, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман. 2
57
ДАНАЛЫҚ ДАРИЯСЫ
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН Жүсіп Баласағұн 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.
Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық «Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов «Благодатное знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер. Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан. Тіл мен сөз - көңілдің айнасы. Жақсы іс көп жасайды. Тілектің шегі болмайды. Сабыр етсең - ісің оңға асады, шүкір қылсаң - жамандық та қашады. Тарыққан - қуанар, қамыққан - уанар. Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа. Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың. Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде. Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға. Өз ісіңді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын. Бір істі екі кісіге тапсырмас болар. Не істесең де - ықтиярыңмен істе. Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің. Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай. Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз. Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өз герте алмайсың. Ақ көңілділік - адам ойының тазалығының белгісі. Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын. Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда. Дос достың кемшілігін кешіре білер Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.
58
СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?
Құрметті оқырман! Қолыңыздағы журналды парақтай отырып, «Сіз не дейсіз?» айдарына көзіңіз түскен болар. Бұл бет арнайы сіздің ой-пікіріңізді, ұсыныстарыңызды, көңілге түйген-тоқығандарыңызды түртіп қоюға арналып отыр.
59
АҚ ТІЛЕК
СӘДУАҚАСОВА ИВЕТТА ЖОЛАМАНҚЫЗЫ
№ 24 орта мектептің директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Аса қадірлі Иветта Жоламанқызы! Сізді 58 жасқа толған тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз білім саласында 40 жылдан аса адал қызмет жасаған, қандай да істі үлкен жауапкершілікпен атқаратын білікті басшы , ұлағатты ұстаз, білімді тәлімгерсіз! Осындай мерейтой күні, білім саласындағы мінсіз еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, таусылмас өмірлік қуат, отбасыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ, ұзақ ғұмырлы болуыңызды тілейміз!
Ақ тілекті ақтарамыз жүректен, Қуанышта көңіл шіркін дір еткен. Құтты болсын шыңдарыңыз сіз жеткен! Өзіңізге үн қосамыз тілекпен! Кең пейіл, ақ жүректі адал жансыз. Ардақты Ана, сүйікті Апа, Ұлағатты ұстаз, қатал басшы атанғансыз. Мерейлі тойыңызбен, ұжымыңыз құттықтайды. Еңбегіңіз еленіп, ешқашан да ұмытпайды! Игі тілекпен: Петропавл қаласындағы № 24 орта мектеп ұжымы.
Құттықтау ! Сарыағаш ауданындағы Ұлықбек атындағы жалпы орта мектептің директоры АЙТБАЕВА АЛТЫНАЙ СЕРІКБАЙҚЫЗЫН «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталуымен және бүкіл мектеп ұжымын жаңа заманауи ғимаратқа көшкен қоныс тойларымен құттықтаймыз! Ел тәуелсіздігінің арқасында асқақ армандарына қолы жетіп отырған ұстаздар мен оқушыларды толағай табыстарға жеткізер жаңа мектепте жаңа табыстар көп болғай! Сонымен қатар, ауданымыздағы бір топ мектеп директорлары
60
ТӨЛЕГЕН КӨКЕТАЕВ, ЕРКІНБЕК БИТЕМІРОВ, НҰРЛАН СЛАМОВ, МҰРАТ ҚҰДИЯРОВ, АБДЫҒАФУР КЕНЖЕБАЕВТЫ ТУҒАН КҮНДЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАП, ЕҢБЕКТЕРІНЕ ЖЕМІС ТІЛЕЙМІЗ. Өткенге тағзым етіп, болашаққа сенімді қадам баса алатын ұрпақты тәрбиелеуде еш шаршамай, биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз! Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық кәсіподақ Кеңесі.