Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында əдебиет жəне өнер қайраткерлеріне президенттік жəне мемлекеттік стипендияларды тапсырды.
№14 (27953) 10 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:
Жастар болашаќтыѕ ќандай болатынын білгісі келеді
Жыл сайын жəне жыл басында зиялыларымызды Алматыда тоғыстыратын жақсы бір оқиға бар. Дəстүрге айналып кеткен дидарласуда дəуіріміздің, дəуірлеуіміздің əңгімесі айтылады. Əр заманның өзіне сай сазы болатыны сөз болады. Өмір сапасы өнер сапасына, өнер сапасы өмір сапасына сөзсіз септесетінін сезінетін интеллигенция өз ұсыныстары мен толғамдарын ортаға салады. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Елбасының оңтүстікте орналас қан ордасына Мем лекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушылар, ақындар, артистер, суретшілер, музыканттар, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қайраткерлері жиналып, жыл жаңалықтарын айтып, амандықта қауышқандарына қуанышты екендіктерін білдіріп жатты. Байқағанымыз, президенттік жəне мемлекеттік стипендиаттар арасында өнер мен əдебиеттегі жаңа адамдар, жас таланттар
пайда болыпты. Опера мен балет жанрында жұлдызы жанып келе жатқан дарындар да Президент қолынан стипендия алатынына марқайып, мəртебелері өсіп, толқып жүргенін жүздерінен байқау тіпті қиын емес. Сонымен, Елбасы əдеттегідей жыл басында, ел аман, жұрт тыныштықта жүздесіп отырғанына ризашылығын білдіріп, шығармашыл жəне мəдениет интеллигенция өкілдерін стипендияға ие болуларымен құттықтады, стипендиаттар құрамы қоғамның көп ұлтты құрылымын көрсететінін атап өтті.
Жаѕа жылдаєы алєашќы отырыс депутаттардыѕ ґѕірлерге сапарларына ўласады
Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырыстың күн тəртібінде он мəселе қаралды. Соның жартысына жуығы заң жобаларына қорытынды əзірлеу үшін уақыт белгілеу рəсімімен байланысты болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жалпы отырыста депутаттар «Жеке басты куəландыратын құжаттар туралы» жəне оған ілеспе заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге өз келісімдерін берді. Бұл ретте Сенат «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жəрдемақылар туралы» жəне «Жеке кəсіпкерлік туралы» заңдардан азаматтарды тіркеу кітабын алып тастау туралы норманы ұсыныпты. Сол сияқты, «Сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңынан жеке сəйкестендіру нөмірі бар құжаттар тізбесінен босқын куəлігі алып тасталған. Оның орнына жоғарғы заң шығарушы палата азаматтыққұқықтық мəмілелер жасалатын
жеке басты куəлан дыратын құжаттар тізбесіне туу туралы куəлікті енгізуді дұрыс деп тапқан. Сондай-ақ, Қазақстан теңізшісінің жеке куəлігін Қазақстан Республикасында тұрақты тұра тын азаматтығы жоқ адамдарға беруді жүзеге асыру ұсынылған. Бұдан басқа қайтыс болған адамдардың жеке басын куəландыратын құжаттарды тапсыру жəне жою туралы норманы сот қайтыс болды деп жариялаған адамдар деп толықтыру орынды деп табылыпты. Сенат енгізген өзгерістер заң жобаларын тұжырымдамалық тұрғыдан өзгертпейтіндіктен, Мəжіліс депутаттары өз келісімдерін беру керек деп шешті. (Соңы 2-бетте).
– Мен біздің қоғамда мəде ниетті дамыту мəселесі мен жоғары руханилықты нығайту экономикалық өсу мен халықтың əл-ауқатын арттыру тəрізді маңызды деп əрдайым санап келдім жəне солай деп санаймын. Тəуелсіздік жылдары ішінде мемлекет мəдениетті дамытуға үлкен мəн берді. 2012 жылы мемлекеттің мəдениет саласына бөлген қаржысы 35,5 миллиард теңгеден асып отыр, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы еліміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанына тоқталды. – «Қазақстан-2030» Стратегия сының басты мақсаттарын мерзімінен бұрын іске асырып, біз 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны қабылдадық. Бұл қандай да бір қиял немесе мемлекеттік жоспар емес, біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына жол көрсеттік жəне
Павлодар мен Алматыда болады
– Зиялылар арасында тіл мəселесі жиі көтерілетіні белгілі. Ұлттың тынысы, санасы ұлттық тілмен ғана баянды болады. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол Ата Заңмен бекітілген. Ешкімнің оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының айтуынша, мемлекеттік тіл жайында Жолдауда да арнайы айтылған. 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызының қазақ тілін білуі көзделіп отыр. Оған негіз жасалған. Жалпы, сырттан келгендер Америкада – американ, Францияда – француз. Олардың бəрін ұйыстырып отырған – бір тіл. Сондықтан, Қазақстанда барлық халық қазақша сөйлейтін болса, біз де бір ұлт, бір елге айналамыз. Елбасының айтуынша, зиялы қауымның туындылары жастар үлгі алып, ой түзетіндей қазіргі
заманғы жаңа қаһармандарды көрсетуге бағытталуы тиіс. – Бүгінгі жастарға баяғы тарихта не болғанын қайталай берудің қажеті жоқ. Олар оны интернеттен де, қандай дерек көздерінен болса да біледі. Жастардың білгісі келетіні – болашақ не болмақ? Олар қалай өмір сүреді жəне қандай мемлекетте өмір сүреді. Мəселе сонда болып тұр. Осы күні білімнің дамуы, ақпараттардың таратылуы бес есеге өсіп отыр. Жыл сайын бес есеге артып отыр. Адамдарға осы ақпараттарды сіңіріп алудың өзі қазір үлкен проблема. Оның үстіне ғылым дамуы да ширақ. Соған сай ұрпақ өсіп келеді. Дегенмен, өркениеттің негізі – мəдени-рухани байлық, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Сол сияқты, Елбасы «Қазақ стан-2050» Стратегиясында дүниеге көзқарас пен құндылықтар дағдарысының
жаһандық сын-қатерін көрсетіп бергенін атап өтті. Сондықтан, бүгінде жалпықазақстандық құндылықтарда бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы мəдениеттің рөлі мен мəнін жаңаша ұғыну маңызды. – Қазақстандық мəдениет жаһандық мəдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Ол əлемдегі түрлі халықтардың мəдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты танылуы қажет. Бұл қазіргі заманғы өнер түрлеріне – музыка, театр, кино, əдебиет, сурет өнерімен, т.б. қатысты. Қазақстандық мəдениет əлемге танылған, мысалы, қытайлық, ресейлік, жапондық, кореялық жəне өзге мəдениеттердей болуы тиіс. Əңгіме əлемге ең танымал 30 мəдениеттің қатарына кірудегі стратегиялық мақсат туралы болып отыр. (Соңы 2-бетте).
Болат жолєа жїктелер міндет те зор
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми 10 қаңтарда жұмыс бабындағы сапармен Павлодар қаласында болады. Сапар барысында Қ.Мəмидің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар облысының өкілді жəне атқарушы билік активімен кездесуі жоспарланып отыр. 14 қаңтарда Сенат Төраға сы Алматыда болып, қала активімен кездеседі. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мə селелерін талқылау көзделуде, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Бїгінгі нґмірде:
Қа зақстан жүретін бағытты анық тадық. Оны іске асыру бізге ағымдағы жүзжылдықта ең қарқынды ұлттың бірі ретінде нығаюымызға мүмкіндіктер береді. Жүзжылдықтың ортасында Қазақстан ғаламшардағы ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Бұл тек экономиканы дамытуға ғана емес, сондайақ мəдениетке, білімге де қатысты, – деді Мемлекет басшысы. – Интеллигенция ұлттық құндылықтарды жасауда ең басты күш болуы керек. Интеллигенция дегенде ғылыми-техникалық интеллигенцияны да айтып отырмын. Біздің ЭКСПО-ны алғандағы бағытымыз – жаңа энергетика. Жаңа энергетика дегеніміз – болашақ. Оған өтпей болмайды. Жаңа энергетикаға көшетін болсақ, технологиялар да, мамандар да басқа болады. Еліміздің өсіп-өркендеуі басқаша болады, – деді Елбасы.
Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен компанияның 2012 жылғы жұмыс қорытындысы жəне 2013 жылдың басым бағыттары талқыланған кеңес өтті. Онда негізгі баяндаманы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жасады. Жиында ұлттық компанияның өткен жылғы жұмысы оң бағаланды. Негізгі тапсырмалар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында белгіленген басым міндеттерді орындауға бағытталған. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».
«Қазақстан темір жолы» 2012 жылы негізгі өндірістік жəне қаржылық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді орындады. Жүк айналымы 235,7 миллиард тоннашақырым деңгейінде атқарылды. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға жоғары. Жолаушылар айналымы 16,7 миллиард жолаушышақырымды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 14 пайызға
Тірегін тапќан туєан тіл
3-бет
артты. Таза пайда 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 116,7 миллиард теңгені құрады. Əр адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 5,3 миллион теңге көлемінде қалыптасып, 2011 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға жоғары болды. Өткен жылы капитал салымдары 499 миллиард 515 миллион теңге көлемінде қалыптасып, 2011 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өсті. Сондай-ақ, бюджет жүз пайызға игерілді, деді жиында есеп берген «ҚТЖ» ҰК» АҚ
президенті А.Мамин. Сонымен қатар, ол компания алдындағы жүк жəне жолаушылар айналымы, қаржылық көрсеткіштері жəне 2013 жылға арналған стратегиялық міндеттерді жақсарту тұрғысындағы тапсырмаларды жариялады. Премьер-Министр Серік Ахметов өз сөзінде ұлттық компанияның ел Президенті мен Үкіметінің 2012 жылғы барлық тапсырмаларын тыңғылықты атқарғандығын атап өтті. ҚТЖ Астанада электровоз құрастыру зауытын, дуальды жүйе бойынша оқытатын Көліктегі технология орталығын, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы екінші темір жол өткеліндегі «Алтынкөл – Қорғас» желісін ашып, отандық вагондардан жасақталған жүрдек жолаушылар пойыздарын АлматыПетропавл, Астана-Ақтөбе бағыттарына шығарды.
Ќондыгерќаѕлы
5-бет
Арқалық-Шұбаркөл жəне Жезқазған-Бейнеу жаңа темір жол құрылыстарын бастады. Өскеменде «Шығысмашзауыт» АҚ жанынан вагонның ірі құймасын шығаратын цехты, Жамбыл облысындағы Шу стансасында маневрлік тепловоздар шығаратын кəсіпорынды іске қосты. Үкімет басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қа зақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында көрсетілген көліктіклогистикалық мақсаттағы стратегиялық бағдарлардың ұлттық компания жұмысынан нақты көрініс тапқандығын атап өтті. Осылайша, 2013 жылы «Қазақстан-Жаңа Жібек жолы» жобасының ел ішіндегі көліктіклогистикалық орталықтарды жасақтау шаралары жалғасын таппақ. (Соңы 2-бетте).
Дїние жəне даєдарыс
6-бет
2
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
Жастар болашаќтыѕ ќандай болатынын білгісі келеді
(Соңы. Басы 1-бетте). – Осы орайда, қазақ жəне жалпықазақстандық мəдени мұраны жаһанға таратудың тетіктерін ойластыру маңызды. Бұл үшін ақпаратты алға жылжытудың жаңа технологиясын іске қосу қажет. Бұған келешекте өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі, сондай-ақ, əлемдік ауқымдағы өзге де ісшаралар мен форумдар тамаша мүмкіндік береді. Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің алдына осы мəселені пысықтау міндетін қоямын, – деді Мемлекет басшысы. Өнер мен əдебиеттің өкілдерімен кездесіп отырғанда Елбасы: «Отандық авторлардың туындылары қазақстандықтардың мақтанышына айналуға тиіс. Мен бұдан бұрын да өңір аралық мəдени ет алмасу туралы айтқанмын. Биылдан бастап еліміздің өңірлері арасында мəдениет күндері тұрақты өткізілуі керек. Қазақстандық мəдениет пен өнердегі патриот тық, ең алдымен, біздің қоғамда болып жатқан ұлы тарихи оқиғалардың өзгерістерден көрініс табуы керек», – деді. Мемлекет басшысы келешекте қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мəдениетті дамытуға орасан септігін тигізетінін атап өтті. – Бұл үдеріс жақсы дайындық пен жəне ойластырылып жүр гізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица алфавиті
негізінде қазақ тіліндегі əдебиет жəне ғылыми мұраларының үл кен қоры əзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кетпейді. Біз қазақ тілін латын əрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бұл бастамаға шетелдік серіктестеріміз де назар аударып отырғанына тоқталып өтті. – Кейбіреулер бұдан Қазақ станның геосаяси артықшы лығының өзгеру «ай ғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш себеп жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын əрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, ол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын əрпі қолданылғанын еске салып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық жазу тілі латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз. Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз деп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл əлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып келе жатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан, біз саяси емес, экономикалық
интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мəселесі талқыланбайды, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында көзделген міндетті іске асыруда зиялы қауымның жаңа рөлі туралы айқын айтылғанын атап өтті. – Əңгіме мəдениет қайраткер ле рі біздің қоғамның интеграторлары болуында болып отыр. Біздің қоғам ішкіұлттық бөлінушіліктің түрлі əрекетіне, ең алдымен, конфессиялық негіздегі жікке бө лі нушілікке орнықты иммунитет əзірлеуі үшін мен сіздерге ай рықша үміт артамын. Қазіргі кезде біздің мəдениетіміздің зайырлы қағидаттарын нығайту маңызды, себебі, біздің халқымыздың барлық ағартушыларының шы ғармашылығы осыған негізделген. Мен қазақстандық мəдениеттің барлық қайраткерлерін өздерінің еңбегімен қарапайым жалғыз ақиқатты: қуатты жəне ұлы Қазақстанды нығайтуға шақырамын – ол, ең алдымен, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісім, біздің халқымыздың бірлігі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыдан кейін сөз кезегі өнер мен əдебиет өкілдеріне берілді. Өз сөзінде Президент стипендиясының иегері, көрнекті прозаик Қалихан Ысқақ мемлекеттің білім беру үдерісінде үш тілді меңгеруге көмек көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол қазақ тілін латын əрпіне көшіру қазақстандық қоғамды
Жаѕа жылдаєы алєашќы отырыс (Соңы. Басы 1-бетте).
Күн тəртібінде талқыға түскен келесі заң жобасы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дəлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі] ратификациялау туралы» деп аталады. Қарыз туралы келісім шеңберінде екі жолақты қозғалысты екінші техникалық санаттағы, қашықтығы 7,7 километр жолдың қолданыстағы учаскесін цемент-бетон төселген жəне төрт жолақты қозғалыстағы басқа санатқа ауыстыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ, Тараз қаласының қашықтығы 57,4 километр жаңа айналма учаскесі құрылысын салу көзделеді. Бұл мақсатқа Азия Даму банкі
елі міз ге 95 миллион АҚШ доллары со масында қарыз ұсынып отыр. Жалпы жеңілдікті кезеңі төрт жыл болатын қарыздың өтелу мерзімі 20 жыл. Жылына 0,15 пайыз дық міндеттеме үшін комиссия алынады. Үкімет тарапынан қосымша қаржыландыру 17 миллион АҚШ долларынан аспайды. Ал бюджет қаржысы негізінен құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыру мен салықтарды төлеуге бағытталары белгілі болды. Заң жобасы бойынша Мəжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бірқатар жақсы пікірлер білдірді. Сөйтіп, аталған заңдық құжат мақұлданды. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мəселе ле рі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заңдық құжат өткен жылдың 26 желтоқсанында бірінші оқылымда қолдау тапқан-ды. Палата кешегі отырыста салалық комитеттерге: «Жа ңар тылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы»; «Еуропа Қайта құру жəне даму банкін құру туралы келісімге алушы елдерде жəне əлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы»; «Еуропа Қайта құру жəне даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік жəне Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» жəне өзге де заң жобаларына қорытынды əзірлеуді тапсырды. Жалпы отырыс жұмысын
Болат жолєа жїктелер міндет те зор (Соңы. Басы 1-бетте).
Темір жол саласын барынша дамыту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігі ұстанымдарын енгізу қажет, деді С.Ахметов. Сонымен бірге, рентабельділігі мен өтімділік мерзімі тартымды жобалар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен жеке инвесторларды тарту арқылы да жүзеге асырылуы керектігін алға тартты. Өтімділік мерзімі ұзақ əрі рентабельділігі төмен, алайда стратегиялық маңызы бар жобаларды тепе-теңдік негізде мемлекеттің қатысуымен қарастырып көру ге
болады. Сонымен қатар, инфрақұрылым нысандарын жүзеге асыру ға зейнетақы қорларын тарту мүмкіндіктері де қарастырылуы мүмкін, деді Үкімет басшысы. Сыртқы экономикалық басым бағыттарды есептей келе, Қазақстан, Беларусь, Ресейдің Біртұтас экономикалық кеңістігіне қатысушы мемлекеттердің көліктік-логистикалық компанияларын біріктіру жобасын жеделдету қажеттігі айтылды. Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Серік Ахметов «ҚТЖ»-ның 2012 жылғы жұмысына оң баға
берді. Негізгі өндірістік-қаржылық көрсеткіштер мен жоспарланған ісшаралар орындалды. Көп жағдайда экономиканың барлық секторын дамыту көлік саласының жатық та тиімді жұмысына байланысты, деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы «ҚТЖ»ҰК» АҚ алдына бірқатар міндеттер қойды. Нақтылай айтқанда, темір жол тасымалын жаңғырту, инновация енгізу мен көліктік машина жасау саласын одан əрі дамыту қажеттігіне назар аудартты. «ҚТЖ»-ға жолаушылар тасымалы сервисі мен жүк қызметі сапасын арттыру жұмысымен
одан əрі топтастыра түсуге ықпал ететініне тоқталды. Ал КСРО халық əртісі Асанəлі Əшімов Мемлекет басшысына мəдениет пен өнерге көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын білдіре келе, кинематография саласында алдағы кезеңдегі басты міндеттің бірі фильмдер түсіру санын арттыру болып табылатынын айтты. Қаламгер Ахметжан Аширов тəуелсіз Қазақстанда еліміздегі түрлі этностар мəдениеті дамып отырғанын атап өтті. Ақын Надежда Чернова Мемлекет басшысына Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің үйлесімді тұруына жағдай жасағаны үшін рахмет айтты. Өз сөзінде актриса Айгүл Иманбаева елордадағы «Астана Опера», Өнер университеті ғимараты тəрізді тамаша нысандар елімізде мəдениеттің қарқынды дамуына ықпалын тигізетінін атап өтті. Балет əншісі Таир Гатауов «Астана Опера» мемлекеттік театрының құрылысы үшін алғыс айтты жəне өзінің ең үздік туындысы осы театр сахнасында орындалатынына сенім білдірді. Домбырашы Нүркен Əшіров пен əнші Еркін Шүкіманов Мемлекет басшысына ұмытылған жəне жоғалған ұлттық туындыларды қалпына келтіруге зор ықпал еткен «Мəдени мұра» бағдарламасын қолға алғаны үшін алғыстарын арнады. Музыкатанушы Юрий Аравин ұлттың рухани дамуында зиялы қауымның зор рөл атқаратынын жəне бүгінде
қазақстандық мəдениетке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті. Стипендия алғандар арасында Күлəш Ахметова, Сəбит Оразбаев, Анатолий Молодов, Гульвира Разиева, Жексембек Еркімбеков, Жандарбек Мəлібеков, Шəкен Ниязбеков, Шота Уəлиханов, Торғын Тасыбекова, Зəмзəгүл Шəріпова, Ораз Əбішев, Əмен Хайдаров жəне тағы басқа отандық мəдениеттің көрнекті қайраткерлері бар. Қазақстан Республикасының халық əртісі Сəбит Оразбаев ағамыз былай деді: – Қысқасын айтқанда, мəсе ле мəдениет пен əдебиеттің ауыр жүгін арқалағандар мен келешегінен үміт күттірген жастарға берілетін стипендияда да емес. Бұл бір өнер саласына өмірін арнаған үш буынның Елбасымен дəстүрге айналған кездесуі, емен-жарқын дидарласуы. «Өнер сүйген патша – халық байлығы», дейді. Сондықтан біз мемлекетіміздің саясатын құптаймыз. Мемлекетіміздің басшысы бізбен бас қосып қана қойған жоқ, баршамызға елдің ауызбіршілігін аманаттады. Көптеген тапсырмалар берді. Осыдан біраз жыл бұрын Елбасымен осы Алматыда кездескенімізде айтқан сөзі бар еді: «Не істесек те ақылмен істейік. Арзан сөзге ермей, жалған сөзге тізгін бермейік. Тарих жолы ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстан халқының жұлдызы жоғары болатынына мен сенемін». Айтқаны келді! Құдайға шүкір, қазақтың
қорытындылай келе, Спикер ертеңнен Мəжіліс депутаттарының аймақтарға сапары басталатынын тілге тиек ете кетті. «Баршаңыз жақ сы білесіздер, 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақ стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнаған болатын», деді Нұрлан Зайроллаұлы. Осыған байланысты депутаттар барлық фракциялардың ұсыныстарын ескере отырып, 10 қаңтардан бастап сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға он күндік сапарға шығатын болады. Сапардағы басты міндет – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру жəне насихаттау. Бұл кездесулер облыс, аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен ауылдарда да өткізіледі деп күтілуде. тұрақты айналысу керек. Ел экономикасының барлық секторын дамыту көлік саласының жатық та тиімді жұмысына байланысты», деп түйіндеді сөзін С.Ахметов. Үкімет басшысы ел ішінде жəне шетелдерде аумақтық көліклогистикалық орталықтар желісін құру бойынша кешенді жоспарлар жасау керектігін тапсырды. «Сыртқы рынокқа одан əрі ене түсу үшін ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында да терминалдықсервистік инфрақұрылымдарды дамыту қажет», – деді. Сонымен қатар, С.Ахметов үстіміздегі жылы инфрақұрылымдық қызметтер көрсететін ұлттық темір жол жүк тасымалдаушы мен компаниялар құруды аяқтауды тапсырды.
тарихында болмаған құбылыстар болып жатыр. Мұның бəрін біз зор мақтанышпен айта аламыз... Баяғыда біз Францияға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін алып барып, Қазақстаннан келдік. Алматыданбыз десек, ешкім білмейді, білгісі де келмейтін. Сендер Совет өкіметінен келіп отырсыңдар дейтін. Сонда намыстанғанымызай. Медеуді айтқанда барып, мұз айдынымызды білетін француздар табылып, мерейіміз өскені. Елдің атын шығаратын мəдениет пен спорт екен. Елбасымыздың көш бастап бара жатқандағы бір ұлы қасиеті бар. Мен оны Абайдың өлеңімен безбендер едім. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тəтті. Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп, Жəне сүй хақ жолы деп əділетті. Бұл – Құран сөзі. Мұны Абай айтып отыр. Нұрекеңнің мен жақсы көретін ұлы қасиеті де осы. Парасаттың ең биігі де осы. Дүние жүзіндегі ең бір ғұламалар осыны айтып өткен жоқ па?! Небір данышпандар осыны іске асыруға қаншама əрекеттенсе де көбісі осыған жете алмай кетті. Президентімізбен кездескен сайын алдымен татулық пен бірліктің, білімдарлықтың əңгімесі айтылады, деді абыз аға. Сонымен, Елбасы сөзін қорытындылай келе, мемлекеттік жəне президенттік сти пендиялардың берілуі мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің ел алдындағы еңбегінің мойындалуы екенін атап өтті.
– Кез келген жанрдағы кез келген туынды, мейлі кино немесе мультипликация, музыкалық немесе драмалық шығарма болсын, бірлік, патриоттық, жасампаздық идеяларын насихаттауы қажет. Бұл – сіздердің басты миссияларыңыз. Еліміз тəуелсіздік жылдарында көптеген жетістікке жетті, оның бəрі барша қазақстандықтардың бірлігі мен келісіміне негізделген. Бізге мұны ұмытуға болмайды, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қарап отырсақ, Президенттік стипендия 1995 жылдан бастап беріліп келеді. Ал Мемлекеттік стипендия Президент Жарлығы мен 2000 жылы бекітілген болатын. Сонан бері де бір мүшел өте шығыпты. Осы жылдар дың бəрінде еліміздің бетке ұстар азаматтарын жыл басында бір құлшындырып өтетін кездесудің орны бөлек екеніне талай рет көзіміз жетті. Айтылған ұсыныстардың аяқасты болғанын көргеніміз жоқ. Талай көшелі сөздер іске асты, көздеген жақсы болашаққа адаспай келеміз. Осыдан 18 жыл бұрын, өтпелі өлара кезеңде əдебиетті ақсатпай, мəдениетті қожыратпай, рухани саланы қолдап отыру да оңайға түспеген болса, қазір əңгіме ауаны мүлде басқа. Көрініс те өзгеше. АЛМАТЫ. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Сенаторлар аймаќтарєа аттанады Биылғы қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының мазмұнын түсіндіру мақсатында республика аймақтарында болады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сапар барысында депутаттар сайлаушылармен кездеседі, əлеуметтік саланың нысандары мен нақты сектордың кəсіпорындарында болады. Жергілікті
өзін өзі басқаруды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өмірді қамтамасыз ететін ин фра құ рылымдарды нығайту, кəсіпкерлікті қолдау,
еңбекке тарту, мамандар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мəселелеріне ерекше назар аударылады. Сенат депутаттары сондайақ, Парламент қызметі туралы əңгімелеп, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы хабардар ететін болады.
Ќоєамдыќ ќабылдаулардыѕ кґмегі кґп Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 2012 жылы атқарылған қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысына арналған брифинг болып өтті. Былтыр партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 86 930 адам келіпті. Демек, 2011 жылға қарағанда 7 791 адам көп келген екен.
Азаматтар негізінен құқықтық жəрдем, тұрғын үй-коммуналдық мəселелер мен баспана алуға ықпал ету, жұмысқа орналасу мəселелері жөнінде өтінішпен келетіні анықталып отыр. Мемлекеттік жəне құзыретті органдарға жіберілген 20 617 өтініштің 16 097-сіне жауап алынды. Оның ішінде 8 007-сі, яғни 50 пайызы шешілді. Ал қалғаны бойынша түсіндіріліп, жөн көрсетілді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі депутаттар 7 148 қабылдау жүргізіп, 18 159 адамды қабылдады. Оның нəтижесі бойынша 16 013 өтініш қаралып, оның 7 202 өтініші оң шешімін тапты. Шалғайдағы елді мекендерде
тұратын азаматтардың мəселелерін шешу мақсатында партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері өзара бірлесіп, 1118 көшпелі қабылдаулар өткізді. Оған 10 мыңнан аса адам қатысты. Партия Орталық аппа ратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының басшылары есеп беру кезеңінде 347 адамды қабылдап, 127 жазбаша өтінішті қарады. Адвокаттар одағының өкілдері 128 адамға тегін құқықтық кеңес жəне «Қоғамдық қорғау шы» республикалық қоғамдық бірлестігі тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласындағы мəселелер
бойынша 18 адамға заң тұрғысында кəсіби кеңес берді. Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесі мен Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 9 қарашасынан бастаған «Үзіліссіз байланыс» жобасы аясында 4 қабылдау жүргізіп, 20 адамды қабылдады. 2012 жылға арналған республикалық желілік іс-шаралар кестесіне орай, партия қоғамдық қабылдау бөлмелері мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекет тік бағдарламаларды іске асыру мəселесіне қатысты 11 республикалық акция ұйымдастырды. Оған 67 823 адам қатысты. Парламент Мəжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері «Нұр Отанның» Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асып, мəселелерін шешуге көмек қолдарын созды. «Егемен-ақпарат».
дейін азайтылды. Халық санына шақсаңыз, бұл да аз дерек емес. Егер сол тұста республикада 8 миллиондай қазақ болса, оның 2 миллион 400 мыңы туған тілінде сөйлемейді деген сөз. Міне, дəл осындай жағдайда, əлгі екі жарым миллионға жуық адамның арасында өзге ұлт өкілдеріне қосылып, төл тілін төрге оздыруға қарсы шығатындардың табылуы əбден мүмкін кезде ақырын жүріп, анық басудан басқа амалың жоқ-ты. Екінші себеп – ана тілі ұзақ уақыт, өктем тіл болып келген ұлт өкілдерінің қазақ тілін білмеуі жəне білгісінің кел меуі. Тұтастығын жəне əуелгі болмысы мен дəстүрін сақтаған, экономикалық жағынан əлдемді, іргедегі айбарлы атажұртынан қолдау табатындығына сенімді 4 миллиондық қауыммен санаспай тұра алмас едің. Үшінші себеп – тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында тілден де өткір мəселелердің шаш-етектен болуы. Төртінші себеп – қазақ тілін өзге ұлт өкілдерімен бірге қазақтың өзіне насихаттауға, оқыту мен үйретуді ұйымдастыруға, осы шараларды
неміс, 14283 белорус мемлекеттік тілде сөйлесе, түркі тектестердің бəріне жуығы қазақшаға қара жаяу емес. Қарап отырсақ, бір миллионнан астам орыс азаматы қазақ тіліне ден қойыпты. Бұрын-соңды болмаған жағдай. Осы үрдісті сəтті жалғастыру, Президент «Қазақстан-2050» Страте гиясында атап көрсеткеніндей, мемлекет пен қазақ ұлтының рухани өмірдегі маңызды міндеті. Ол үшін тіл саясатын ұлттық деңгейде ойластырып, ұлттық сабырмен екшеп, ұлттық даналықпен жүргізу керек. Елбасы ерекше ескерткеніндей: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан əрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс». Бізге, дəстүрі мен мəдениетін, тілі мен дінін, тарихы мен тағылымын қайта қалыптастырып, басқаларға дəріптеуді қолға алған елге барлық салада пайым мен ұлағат жарасады. Сол ұлағат халықта бар, ал зиялы қауым мен оның қаймағы секілденген ат төбеліндей лауазым иелерінде бар ма? Өткір сауал, жиі қойылатын тегеурінді сауал осы.
ғылыми негізде өрістетуге мемлекеттік атқару орындары мен білім беру ошақтарының əзір болмауы. Осындай қиындықтарға, белгілі бір кезеңсіз еңсерілмейтін кедергілерге толы қоғамда тіл мəселесін саясаттандырып, күн сайын ту етіп көтеру қатерсіз емес еді. Президент сондықтан да төзім саясатын таңдап алды. Ол қазақтың тіліне тіл тигізгендерге де, ана тілім ардақталмай жатыр деп жағадан алғандарға да төзді. Бір бөлігі тіл десе атой салған, бір бөлігі сырт айналған қазақтың өзі үшін, не ғұрлым қысқа мерзімде рухани тұтасуы үшін, соған ауадай қажет тыныштық үшін төзді. Тағатсызға «ұлт пен тіл мəселесіне келгенде ұлттық оқшаулану мен томаға-тұйықтықтан қашу керектігін» ескерте жүріп, зейіндіге «ана тілі ұлтымыздың анасы» екенін айта жүріп, парықсызға «тілсіз ұлт – жоқ ұлт» екенін түсіндіре жүріп, кейінгілерге «келешегіміздің кепілі туған тіл» екенін ұқтыра жүріп, қазақтың өзін қазақ тілін сүюге үгіттей жүріп төзді. Төзе жүріп ана тілін мемлекеттік қамқорлыққа алды. Айлар мен жылдар ұлт тіліне қызмет етті. Туған тіл бірте-бірте балабақша мен мектептің, білім мен қызметтің тіліне айналды. Нұрсұлтан Əбішұлының ұлтжандылығы мен осынау қызметін халық жүрекпен ұғып, жоғары бағалады, тілге деген тарихи шөлін қандыруға асықты. 1989 жылы атамекеніндегі сан жағынан алғандағы үлес салмағы 39,7 пайыз ғана болған, сол тұстағы жас толқынның басым бөлігі ана тілінің уызын ембеген ел рухани тұғырына тез қонды. 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша 10 миллион 96763 қазақтың 9 миллион 992276-сы туған тілін ана тілім деп мəлімдеген. Егер рухани-мəдени əлемдегі, оның ішінде тіл əлеміндегі өзгерістер барынша баяу жүретінін ескерсек, бұл ұлттық болмыс-бітіміне ғасыр бойы сұрапыл шабуыл жасалған халықтың тарихи жеңісі еді. Қазақ елінің дəстүрлі даму жолын неғұрлым тез табуына, қажет кезінде сабырға кезек берген, керек кезінде тулап шыға келген ұлттық намысының оянуына ұйтқы болған тұлғаның, Елбасының аса маңызды жеңісі болатын. Осылайша сабыр түбі сары алтынға айналып келе жатты. Қазақтың да, қазақтан басқаның да тілді үйренуіне қажетті мүмкіндіктер жасалды. Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сəйкес қазақ тілін жеделдетіп оқыту тұжырымдамасы, стандарты мен үлгісі əзірленді. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» дайындалды. Мемлекеттік тілдің интернет- порталы іске қосылды. Қаржыландыру көлемі де жыл сайын ұлғайып келе жатты. Тіл мұқтажына 2005 жылы республикалық бюджеттен 327,9 миллион теңге бөлінсе, 2008 жылы ғана 2 миллиард 390 миллион теңге қарастырылды. 2005-2010 жылдардағы қаржыны қосып есептесек, 8 миллиард 282 миллион теңгені құрайды. Мемлекет пен елдің қазақ тіліне осылай зор құрмет көрсетуі оған басқа ұлт өкілдерінің де ықыласын оятты. 2009 жылғы санақ деректері бойынша орыстардың 808169-ы қазақ тілін ауызша түсінеді, 200017-сі əрі оқиды, əрі жазады. 85725 украин мен 47820
Жиырма жылда жиырма сөз үйренбеген лауазымдылар бар. Олар халықтың көзіне көп болып көрінеді, өйткені қызметіне сəйкес ұдайы назарда. Тілді тұсап отырған да солар секілденеді, себебі белгілі бір саланың мемлекеттік тілге толық көшпей жатуы осындайлардың кінəсі деп біледі. «Президент: «Ұлттық сана – ұлттық тілмен қалыптасады» десе, Үкіметтің кейбір лауазымды қызметкерлері бұл орайда мың ойланып, жүз толғанып жүр ме? Олардың мемлекеттік тілді білу деңгейі осы заманғы ұлттық сананы қалыптастыруға жеткілікті ме?» – деп алаңдайды. «Беделді қызметтегілер, сіздер ұлттың өзін өзі қалай құрметтейтіндігінің көрсеткішісіздер ғой. Ар-ұятымыз емессіздер ме?» – деп ақтарылады. Олар туған тілдің ел алдында берекесін қашырса, жұрт алдында жігерін жасытса, өкініш болып өртенеді, намыс болып жарылады. Бірақ өз қолын өзі кесе алмайды, бір түңіліп, бір үміттеніп жүріп күте тұруға, төзе тұруға бекінеді. Ашығын айтайық, кейбір əкімдіктер мен министрліктерде жиындар жаппай өзге тілде өтіп, ісқағазы мемлекеттік мəртебесі бар тілге көшпей жатса, бұл сол жердегі басқару тізгіні қолына тиген қазақ азаматының ана тіліне деген ілтипатының төмендігінен. Оған елдің көзі əлдеқашан жеткен. Шындығында əкім немесе министр жан-жақты тұлға болуға тиіс. Қазақстан секілді көп этносты елде олардың өзге ұлт өкілдерін қазақтың рухани əлеміне бейімдей білу қабілеті ерекше маңызға ие. Əкім айтқан əңгіме мен өзге айтқан сөздің əсері бірдей емес. Басшы, онда да жүз мыңдаған халқы бар тұтас өңірдің басшысы, қазақтың бай əдебиетін, мəдениеті мен өнерін, тілін жақсы біліп, елмен кездесулер кезінде насихаттай жүрсе, көптің жүрегіне жеткізе алса, ана тіліміздің республика көлеміндегі ахуалы қазіргіден əлдеқайда ажарлы болар еді. Бірқатар лауазымдылардың қолынан келмей жүрген бұл шаруаны Президент атқарып келеді. Қазақтың тілін Нұрсұлтан Əбішұлындай насихаттаған адам жоқ шығар. Елбасы осындай рухани қайраткерлікті биліктегілерден ұдайы талап етуде. «Ана тілін қадірлеу əр азаматтың перзенттік парызы екенін» ескертіп келеді. «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл» екенін айтумен келеді. «Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін еместігін» түсіндірумен келеді. «Қазақ тілі мен мəдениетін дамыту міндетін шешпейінше, ұлттық саясат мүмкін болмайтынын» мəлімдеумен келеді. Тегінде Нұрсұлтан Əбішұлының тіл саясаты, сол саясатты жүзеге асырудағы іс-қызметі мен «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы тіл жай лы ой-байламдары бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған лекциялар əзірленіп, Президент еңбегінің осы бағыттағы мазмұны ғылыми сараланған курс сабақтарын Мемлекеттік басқару академиясының оқу бағдарламасына енгізуді қарастыру қажет. Өйткені, тіл біздің бүкіл рухани өміріміздің негізі ретінде мемлекеттік идеологияға баяғыда айналған. Елбасы қазақтың білімді, оқығантоқыған азаматтарын мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындап отырып, ана тілін білуді тапсырғанын сан рет естідік. Президенттің тарапынан жасалған мұндай талап – төл тілін білмегендердің туған елінің биігінде болуға рухани құқы жоқтығын, халық ана тілінде сөйлемегенді ұлтты ұмытқан туажат деп есептейтінін, оған сенбейтінін ескерту, өз жұртыңның жатсынғанынан қиыны жоқ екенін аңғарту. Өкінішке орай, іс басындағы жекелеген азаматтар маман ретінде қабілетті болғанымен, ұлт мүддесіне келгенде қайраткерлігімен көріне алмай жүр. Халықтың бай ауыз əдебиеті мен таңғажайып өнерінен бейхабар екендігіне қынжылмайды. Тілді Ақтамберді мен Абайды, Мағжан мен Мұқағалиды оқу үшін үйреніп жүрмін деген қызметкерді кездестірген емеспіз. Ана тілімді «Қыз Жібек» пен
ТІРЕГІН ТАПЌАН ТУЄАН ТІЛ Алдан СМАЙЫЛ,
Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан»ХДП фракциясы мүшесі.
«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев стратегиялық дамуымыздың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын саралаған Жолдауында халыққа осындай үндеумен шықты. Ана тіліміздің саяси жəне рухани мəнмағынасы мен мемлекеттік мазмұнын тағы да анықтап берді. Əр азаматтың міндет-парызын нақтылады. «Егер əрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз əлдеқашан Ата Заңымыздағы мəртебесіне лайық орынын иеленер еді». «Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады». «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс». «Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады». «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан да оған бейжай қарамайық». Бұл президенттік əрі перзенттік талап-тілек еді. Елбасының ата-жұртына талайдан айтып келе жатқан жүрекжарды өтініштерінің жалғасы болатын. Халықтың ақыл-ойына айналады деген іс басындағыларға, ат үстіндегі зиялыларға қойылған талап-ты. Шындығын айтайық, олардың бəрі бірдей тіл десе тебіреніп жүрген жоқ. Талайы өзге тілде сөйлеген, сөйлеп келеді, сөйлей беретін түрі бар. Министр де болған, əкім де болған, бəрі де болған, тек қазақ бола алмаған бұлар ана тілінен іргесін аулақ салған қалпынан өзгерсе не дейсің?! Орыс қазақша хабар жүргізіп, украин домбырамен əн шырқап, неміс қазақша өлең жаза бастады, ал олар міз бағатын емес. Бұларға бəрібір, жүз қазақтың алдында тұр ма, мың қазақтың төрінде отыр ма, өзге тілде жүйтки жөнеледі. Ел ренжіп, халық налып жүрер деген сезік болсайшы. Керісінше, мұның қалай дегенді тарпа бас салуға дайын. Соларға қынжыла қарап отырғанда, шіркіндер өздерінің тегі туралы сірə да толғанып көрмеген шығар деген ой келеді. Ел мұндай зиялылардың тіл білмейтіндігіне ренжуді қойған, өйткені, қайтып үйірін таппайтындығына көзі əбден жеткен. Көпті күйіндіретіні – олардың беделді орындарда отырып алып, айналасын өздері секілді ұлттық қасиеттерден жұрдай ететіндігі. Ашығын айтсақ, егер осындай «тілсіздер» болмаса, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген ынта-ықыласы қазіргіден əлдеқайда күшті болар еді. Егер осындай «ұлтсыздар» болмаса, мемлекеттің қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жөніндегі шаралары бүгінгіден əлдеқайда нəтижелі болар еді. Бұл шындық, көзіміз əбден жеткен ақиқат. Сондықтан да, мұндайлар əлі бар кезде, лауазымды жерлерде отырып алып тіл жөніндегі орынды ойұсыныстардың жолын кесіп отырған кезде қоғамның үнсіз қалуы қиын. Тіл жайындағы əрлі-берлі əңгіменің толастамауына, ең алдымен, осылар кінəлі. Тегінде тілге қандай да бір зардабын тигізетін құбылыс, əлде адам, əлде ұйым бола ма, қай-қайсы да назардан тыс қалмауы керек. Жағаласу мен жазғыру үшін емес, кері ықпалынан рухани күйзелістерсіз тез арылу үшін. Тіл білмейтіндер жай жүрмейді, қоғамға өз көзқарастарын насихаттай жүреді. Барынша жақсы игерген тілдері жайлы бұлбұлша сайрайды. Оларға дем беретін, ауыздан шыққан лебізін жерге түсірмей қағып алып ту көтеретін телеарналар да, газеттер де бар. Қазіргі қоғам қазақ тілі төңірегіндегі кері пікірлерден ада емес. Ондай салқын ой, теріс əңгімелер жер асты сулары секілді сылдырын білдірмейді, ағысынан да
3
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
жаңылмайды. Бұған республикадағы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының тіл мен ұлт туралы беріп жүрген ұшқары ақпараттары дəлел. Осыдан кейін мынаған көзің жеткендей болады: идеологияға тікелей жауапты мəртебелі қызметтер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ана тілін кері ықпалдан қорғау мен оны пəрменді насихаттаудың жолдарын айқындап берген нұсқаулары мен тұжырымдарын, əсіресе, барлық ұлт өкілдеріне өтімді ойларын осы күнге дейін нақты жүзеге асырудың тиімді шараларын тапқан жоқ. Тіл насихаты əлсіз. Телеарналарда, қалалардың барлық көрнекті жерлерін жаулап алған алып экрандарда тіл жайлы сөз жоқ, оның есесіне даңғаза жарнамалар мен мағынасы белгілі бір орталарға ғана түсінікті жарқ-жұрқ ақпараттан құлақ тұнады. Солардан азар да безер болған ел: «Бұлардың орнына арғы-бергі қоғам, ғылым жəне өнер қайраткерлерінің, Республика Президентінің ана тілін ардақтаған, елді, оның арлы азаматтарын туған тілді қастерлеуге шақырған пайымдарын неге ұдайы беріп тұрмаймыз, – дейді. – Олар халық пен тіл алдындағы парызыңды еске салады ғой, жүректі қозғайды ғой». «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасатынын» əуелден атап көрсеткен Президенттің сол толғаныста рын қазіргі күндерде, ана тілін төрге оздырудың ұтымды жолдары айқындалған стратегиялық жаңа саяси бағыт зерделеніп жатқан кезеңде, қазақ тілі халықаралық беделді тілдермен бəсеке алаңына шыққан шақта тағы бір жаңғыртсақ орынды болар еді. «Ана тілі – бəріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы». «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл». «Ана тілін қадірлеу – əр азаматтың перзенттік парызы». «Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымыз да». «Қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі – бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұтастырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс». «Қазақ тілі өзінің барша құдірет, қуатымен əлемдік тіл кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады». «Тарих пен тіл тамырлас». «Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз жоқ». «Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені, бабаларымыздың ғұмыр тəжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр». «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». «Мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз?». Елбасының ана тілін ардақтаған толғаныстары осылай жалғаса береді. Оларды ой елегінен өткізіп, қазіргі рухани өміріміздің саяси-əлеуметтік талаптары жəне қазақ зиялыларының ана тіліне деген түрлі көзқарастарының тұрғысынан зерделеп, ұлттық мүдде арқылы пайымдасақ, тілдің құдіреті мен тіл саясаты жайлы тұтас философиялық сарынға айналар еді. Асылында туған халқының төл тілі туралы дəл осылай терең тебіреніп жүрген мемлекет басшыларын мына заманда, жиырмасыншы ғасырда таба қоюың екіталай. Президенттің тілге əлсін-əлі орала беруінің ешқандай елде жоқ, тек біздің жұртқа тəн қазақстандық себептері бар. Бірінші себеп – қазақ тілін мемлекетті басқару тіліне айналдыруға қазақтардың өзінің дайын болмауы, анығырақ айтсақ, бұл орайда бірауызды болмауы. Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарында баспасөзде қазақ елінің 40 пайызы ана тілінен қара үзген деп мəлімдеушілер табылды. Уақыт өте келе ол көрсеткіш 30 пайызға
«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырына сусындау үшін игеріп жатырмын деген лауазымдыны да көрген жоқпыз. Ал ғасырлар бойы жасалған рухани мұраларда өрілген ұлттық ұлағат пен аса құнды эстетикалық-көркемдік тəлімнен жұрдай адам туған халқының жүрегіне бойлай алмайды. 2009 жылғы халық санағында 114 мың 487 қазақ өзге ұлттың тілін ана тілі ретінде көрсетіпті. Олардың 78546-сы қалада, 35941-і ауылда. Айтарлықтай көп емес, алайда мүлде ескермей өте шығатындай аз да емес. Себебі, олардың арасында өзге тілдердің артықшылығын насихаттап жүрген қаламгер де, балаларын қазақ мектебіне бермеген ата-ана да, билік мемлекеттік тілде сөйлесе қызметімнен айырылып қаламын деп шошитын лауазымды да, мəртебелі мінбеде тұрып антты орыс тілінде беруге арланбаған ағайын да, қазақ тілі туралы түтігіп сөйлейтіндер де бар. Қазіргі қазақ қоғамының бір кемшін тұсы осы, қынжылтатын шындық. Алайда бұл, кейбіреулер айтып жүргендей, рухани апат емес, ұзақ уақыт тəуелсіздікте болған халықтың болмай қоймайтын жан жарасы. Оның емі – ана тілін мемлекет болып, қоғам болып, ел болып айрықша ардақтау, құрметтеу, қолдану аясын кеңейтудің ұтымды жолдарын үздіксіз іздеу, белгілі шаралармен шектелмеу. Əсіресе, мемлекеттік тілге қажеттілікті туғызатын шараларды ретімен орынды жүзеге асыру, министрліктер, облыстар мен қалалар басшыларына тілді білуді міндеттеу, бұл талапты Президенттің 2025 жылы қазақ тілін қазақстандықтардың 95 пайызы игеруге тиіс деген нақты талабымен сəйкестендіру. Қазақ тілін қазіргіден де қасиеттендіру. Осы жерде бөле-жара айта кетелік, тек қана қазақ тілінде айтылып, жазылатын ұлттық киелі құндылық Əнұран десек, оның қатарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Халқына беретін Антты да қосу керек. Сол арқылы Анттың қай елге, қандай елдің басшысына берілетінін айқындай түсеміз, қазақ тіліне деген ықыласты оятудың, оның мемлекеттің қастерлі символы екенін ұғынудың тағы бір тетігі іске қосылады. Ана тілін қазақ азаматтарының өзі қадірлеп, мемлекеттік жоғары қызметтегі ағайын жаппай қолдаса, айы оңынан туатынына біз кепіл. Ресей зиялылары бұл орайда алдына жан салмайды. Тарихқа үңілсек, ХVІІІ ғасырдың орта тұсында осы елдің жоғары оқу орындарында орыс тілінде білім берілмеген. Дəріс неміс жəне француз тілдерінде оқытылды. Михайл Ломоносовтың табандылығымен отыз жылдың көлемінде орыс тілі білімнің де, ғылымның да тіліне айналды. Қазақ тіліне осындай патриоттар қажет-ақ. Ана тілін құрметпен, күнделікті сан-салалы қызметімен кемелдендіретін патриот. Елбасының, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы тіл саясатын дəйекті жүзеге асыра алатын патриот. Туған тілді заулаған заманның барынша оралымды тіліне айналдыруға қабілетті патриот. ХХІ ғасырдағы ұлттық сəйкестік дегеніміз туған тілді əлемдік ақпарат ағымына бейімдеу екенін ұққан патриот. Президент алға қойып отырған күрделі талаптардың бір парасы осындай. Оларды түйіндей келіп, əрі қарай таратсақ, Елбасы ерекше атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Басты міндеттердің бірі – тілді заманға сай үйлестіру». «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек, – деді Президент. – Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге.., ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады». Мəдени-рухани қайта түлеу дегеніміз осы. Аталған қадам арқылы ғылым мен білімде, көркемөнердің барлық саласында жаһанмен тікелей байланысқа шығамыз. Ғаламдық өркениетке Ресейдің көзімен қараған, кирилицаны мəдени көпір еткен кезең артта қалады. Рухани дербестік дегеніміз де сол. Ендігі мəселе – бұл күрделі шараға жан-жақты дайындық жасау. Тіл ғалымдары латын əліпбиін қазақ тіліне барынша ұтымды сəйкестендірген үлгіні тезірек əзірлесе, құба-құп болар еді. Ақиқатын айтсақ, əрбір қазақ азаматы, ең алдымен, туған тіліне шөлдемеуі керек. Баланы ұлттық бақша мен ұлттық мектепке беру – Отан алдындағы ұлы парыз. Прези дент қойып отырған тағдырлы талап осы. Мұны түсінбеген, соған ұйымаған адамға ұлт та, Отан да ардақты емес. Оқытайын десе ана тіліндегі мектебін, берейін десе төл бақшасын таба алмаған кешегі кеңес қазағына өкпе жоқ. Соның бəрі бар бүгінгі қазақ кері кетсе, оған кешірім жоқ. Қазіргі халықтың ұйғарымы осы. Сол халық, рухани сергіген ел тұңғыш Президентпен бірге туған тілін мəңгілік тұғырына қондыруға асығуда. Елбасының мұраты айқын: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тəуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстырған ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз».
Ендігі міндет – орындау Талжан РАЙЫМБЕРДИЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бүгінде жер-жерде кеңінен талқылануда. Толеранттылықты ту еткен халқымыз дəстүрлі дү ниетанымымызға сай қашанда əрбір істің астарынан жақсылықты ниет еткен. Халық даналығы «екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» дейді. Халқымыздың жақсылық пен жасампаздыққа негізделген тарихи істері көбінесе қосарланып келіп жатқан тұстарын, əрине, жақсы ырымға балаймыз. Асылында, бұл Жолдаудың ерекше тұстары басым деп айтуға толық негіз бар. Елбасының халыққа арналған Жолдауының ХХІ ғасырдағы Тəуелсіздігіміздің 21 жылдық мерейтойымен, Алашорда үкіметінің 95 жыл дық мерейтойымен жəне намысы жығылмаған қазақ жастарының рухани жарылысы – Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығымен тұспа-тұс келуі Елбасын өр намысты алашордашылар мен азат рухты желтоқсаншылар рухы жебегендей. Елбасымыздың осы Жолдауында мына жайттар айқындалды, олар: тұңғыш рет мемлекеттік тілдің даму стратегиясы белгіленіп, нақты мерзімдері айтылды, яғни қазақ ұлтының жарқын болашағы бар деген сөз; латын əліпбиіне көшу туралы түрлі ойлардың қорытындысы шығарылып, нақты мерзімі белгіленді, жаһандану кеңістігіндегі қазақ елінің өзіндік
орны болады деген сөз; ауыл шаруашылығы еліміздің эко номикасындағы басым бағыттар қатарына енді. Бұл ауылдың көтерілуіне, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға, ауылдағы халықтың əл-ауқатын арттыруға тікелей байланысты. Енді осы стратегиялық мақсаттарға жетіп жатсақ, Қазақ елінің Азия континентінің барысына ғана емес, жолбарысына айналарына күмəн жоқ. Жолдаудағы тағы бір өте маңызды мəселе – Қазақстанды мекендеген этностардың бірлі гі. Елбасы өз Жолдауында жұмсақ қайырған маңыздының маңыздысы «ұлттың ішкі бірлігі, тарихтан сабақ алу керектігі». Егер 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама баянды болсын, нəтижелі болсын де сек, бірінші кезекте бізге қазіргі қоғамдағы рулық, жүздік, тайпалық санадан арылу қажет. Ол үшін қысқа мерзімде тиісті іс-шаралар атқару қолға алынуы керек. Ол үшін бүкіл республикалық ақсақалдар (ардагерлер) кеңесін құрып, тиісті жұмыстар белгіленуі керек. Бұл – өте маңызды. Қазақ елінің тəуелсіздік тарихында бұл Жолдаудың айырықша орын алатыны ақиқат. Ал ондағы Мем лекет басшысы межелеген мақсаттарға қол жеткізу үшін жоспарланған тапсырманы орындау жауапкершілігі ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің, атқарушы органдардың іскерлігіне сын. Өйткені, Елбасыға жүктелген міндет – жолдау, қарапайым халықтың міндеті – қолдау, мемлекеттік қызметкерлердің міндеті – орындау. ШЫМКЕНТ.
Біздіѕ міндет – патриоттар тəрбиелеу Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынып, еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын айқындап берді. «Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», деп атап көрсетті Елбасы. Демек, мықты мемлекет қана экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мəні де, маңызы да ерекше. Онда ұлттық экономика, қоғамдық тұрақтылық, əлеуметтік кепілдік, жеке жауапкершілік, ұлт денсаулығы, мемлекеттік тіл жəне қазақстандық патриотизм жəне басқа да маңызды мəселелерге баса назар аударылады. Осыған орай Ішкі əскерлердің Қолбасшылығы мен жеке құрамы Елбасының Жолдауымен мұқият танысып шықты. Біздің Ішкі əскерлеріміздің еліміздің жетістігі мен қазақстандық патриотизмге қосар үлесі – күнделікті жауынгерлік міндеттерін абыроймен орындау, деп атап көрсетті Жолдауды қолдау сөзінде Ішкі əскерлердің Қолбасшысы генерал-майор Р.Жақсылықов. – Қазіргі уақытта Ішкі əскерлердің тиімділігін арттыруға баса көңіл бөлінуде. Жақында əскердің басқару органдарына өзгерістер енгізіледі. Бригадалық басқару жүйесінің өңірлік басқаруға көшетіндігіне байланысты, оңтайлы басқару құрылымы құрылатын болады. Елбасының Жолдауын қолдай отырып Əскери институттағы оқу-тəрбиелік процесті, əскердің жауынгерлік əзірлігін жетілдіруді жалғастыра түсеміз, деді ол. Ішкі əскерлер қырағылық пен батылдық таныта отырып өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келеді. «Өмірде ерлікке əрқашан орын бар» – қанатты сөзін əскердің жеке құрамы өзінің қажырлы еңбегімен дəлелдеуде. Еліміз Тəуелсіздігінің 21 жылдығына орай Елбасының Жарлығымен əскери борыштарын абыроймен орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін бірқатар ішкі əскердің əскери қызметшілері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Ішкі əскерлер Қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Маткаримов ІІ-дəрежелі «Даңқ» орденімен, Ішкі əскердің арнайы мақсаттағы «Бүркіт» жасағының бастығы Павел Коваленко ІІ-дəрежелі «Айбын» орденімен, осы жасақтың өңірлік бөліністерінің командирлері мен олардың орынбасарлары Мақсат Əбеуов, Ержан Байжанов, Ернар Ерекешев жəне Рысбек Мақашевтар «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондықтан «Ерлік дегеніміз – Ішкі əскерлердің күнделікті жауынгерлік қызметі» деп Президент айтқандай, ерлікті насихаттау жұмыстары өзінің жалғасын табады. Бір сөзбен айтқанда, Ішкі əскерлеріміздің Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға өздерінің бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім мол. Əбдісадық ЕРЕЖЕПОВ, Ішкі əскерлер Қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник.
4
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
ШАРАЙНА
Туыстық туы
Əлем жаңалықтары
Кезек Саакашвилиге де келген сияќты Грузияның үкіметтік емес ұйымдары қазіргі президент Михаил Саакашвилиді мерзімінен бұрын отставкаға кетіруге қатысты бір миллионнан астам қол жинаған. «Коммерсанть» басылымы осылай жазады.
Тїркітілдес мемлекеттер интеграциясы Ќалыптасќан ўстанымєа жаѕаша кґзќарас Тарихтың қазіргі даму кезеңінде əлемнің күшті мемлекеттері, тіпті дүниежүзілік державалар да экономикалық жəне мəдени интеграция мəселесіне терең мəн береді. Бұл ретте, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күрделі геосаяси жəне геоэкономикалық халықаралық жағдайда кез келген елдің жалғыз, жеке-дара дами алмайтынын шегелеп айтып, тарихи-мəдени жəне географиялықэкономикалық тұрғыдан мүдделес елдермен одақ құрып, аймақтық деңгейде бірлесу мəселесіне ерекше назар аударуда. Жанат МОМЫНҚҰЛОВ,
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті, философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан ТМД, Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы сияқты əртүрлі аймақтық экономикалық интеграциялық жобаларға белсене қатысып келеді. 2011 жылы Алматы қаласында Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұсынысымен Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (басқаша атауы Түркі кеңесі) құрылды. Оған дейін, 2009 жылы Нахчыванда өткен Түркітілдес елдердің ІХ саммитінде Елбасымыз Түркі кеңесі аймақаралық ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Оның мақсаты түркітілдес елдердің арасындағы экономикалық, мəдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, ортақ қауіпсіздік мəселелерді шешу болып табылады. Осы орайда, Түркі интеграциясының келе шегіне байланысты бірнеше маңызды сұрақтар туындайды. Біріншіден, стратегиялық бағыттары бір-бірінен өзгешелеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Түркі кеңесіне Қазақстанның бір уақытта белсене қатысуы алдағы уақытта ешқандай қарама-қайшылық туғызбай ма? Мұндай сауалдың туындауының өз себебі бар. Мəселен, кейбір шетелдік саясаттанушылар Қазақстанның түркі елдерімен бірлесуі Ресейдің Орталық Азиядағы экономикалық мүдделеріне сай келмейтінін алға тартады. Осы орайда, Еуразиялық экономикалық одаққа енумен қатар, түркі интеграциясын жүзеге асыра беруге бола ма деген сауалға да жауап іздеу қажет. Ескерілуі тиісті маңызды саяси бір жайт, түркітілдес елдердің мəдени, ақпараттық жəне экономикалық интеграциясы қазіргі Еуразиялық экономикалық кеңістіктің шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Біздің ойымызша, Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен экономикалық одақ құру жөніндегі үлкен шешімнің астарында геосаяси жəне геоэкономикалық себептер жатыр. Еуразия интеграциялық жобасы бұрынғы КСРО-лық интеграцияның жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларға икемделген, ықшамдалған жəне жетілдірілген, анағұрлым демократиялық үлгісі боларына үміт зор. Ал Қазақстанның Түркі кеңесіне мүше мемлекеттермен бірлесуінің астарында геомəдени жəне геостратегиялық мақсаттар жатыр. Қысқасы, мемлекетіміз қандай саяси немесе экономикалық одаққа енбесін, бірінші кезекте ұлттық экономикалық жəне мəдени мүдделерімізге қайшы болмауы шарт. Қалай десек те, аталмыш ұйымдарды құру туралы ұсыныстардың Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевқа тиесілі екенін қаперден шығармау қажет. Ал түркі елдерінің интеграциясы Қазақстанға не береді, түркітілдес елдердің бірлесуінің қандай себептері мен қажеттіліктері бар деген сауал төңірегінде біз мынаны айтар едік. Түркі дүниетанымында бірлік идеясы əр уақытта болған. Түркі мемлекеттерінің бірлесуі таңдау емес, керісінше, қажеттілік. Өйткені, сарапшылардың айтуынша, ХХІ ғасырдың екінші ширегінен бастап, дүние жүзіндегі геосаяси күштердің салмағы Азия құрлығының Орталық жəне Шығыс бөлігіне ойысуы ықтимал. Американың «Үлкен Таяу Шығыс» жобасының соңғы кезеңі ретінде Орталық Азияның белгіленуі, Қазақстан аймағында Қытайдың салмағы мен қысымының артуы, Ресей, Еуропа одағы, Иран жəне Үндістан сияқты аймақтық державалардың Орталық Азияға қатысты күрделі саяси-экономикалық жоспарларының болуы, əсіресе, аталмыш аймақта орналасқан түркі мемлекеттерінің бірлесуіне жеткілікті себеп болып табылады. Түркі мемлекеттерінің бірлесуі Еуразия кеңістігіндегі күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, аталмыш құрлықтың ортасындағы «бос кеңістіктің» орнын толтырар еді. Ал Түркі кеңесі Қазақстанның Еуразиялық одаққа тəуелді болып кетуінен сақтайтын тежегіш фактор болады. Орталық Азия елдері əлі буыны қатаймаған, толық жетілмеген, əлі күнге дейін өз даму жолын іздеу үстіндегі жас мемлекеттер болып саналады. Бұл елдер өз тəуелсіздіктерін
алғаннан бергі жиырма жылдың ішінде толық экономикалық егемендікке жете алмады. Қазіргі кезеңде түркі елдері жаһандану сияқты əртүрлі қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге мүдделі болып отыр. Түркі интеграциясының мақсаты – бірлесіп күшейіп алып, өзге мəдени жəне этностық топтарға қарсы шығу емес, керісінше, қазіргі күрделі жаһандық жағдайда өзінің түркілік болмысын, мəдениетін, тілін сақтап қалу үшін ортақ мəдени-ақпараттық кеңістік құру жəне саудашаруашылық байланыстарын нығайту үшін өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру. Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде түркі мемлекеттерінің жекеленіп, бөлектенуі немесе оқшаулануы келешек тұрғысынан қауіпті. Сонымен, түркі елдерінің бірлесуінің келесі себептері бар. Олар: түркі дүниесінің мəдени, рухани мұрасын сақтап, жетілдірудің, күллі əлемнің аймақтануы кезінде түркі географиясының бірлесуінің қажеттілігі, əртүрлі геосаяси күштер тоғысқан Еуразияда түркі əлемінің мүдделерін қорғау, құрлықтың ішінде орналасқан елдердің теңізге шығу мүмкіндігі, түркі елдерінің «Жібек жолы» жобасының көліктік жəне тасымалдық ресурстарын пайдалану. Түркі интеграциясы идеясына жай пантюркистік тұрғыдан қарайтын уақыт келмеске кетті. Түркітілдес елдердің ынтымақтастығын дамыту мəселесі түркі мемлекеттерінің əрқайсысының күшеюіне, аталмыш елдердің өзара ықпалдасуына, бір-біріне керекті қолдау көрсетуіне, ал біздің жағдайымызда, қазақ ұлтының моральдық-психологиялық жағынан күшеюіне, жалпы ұлттың дамуына қызмет етері сөзсіз. Өйткені, Қазақстан жері көлемі мен табиғи байлықтарының есебінен түркі елдерінің арасында заңды көшбасшысы бола алады. Демек, түркітілдес мемлекеттер интеграциясының дамуы ұлтымыздың нығаюы мен дамуының кепілі бола алатын мықты фактор. Қазақы ой-сананың кең ауқымда серпіліп, жаңаланып, жетілуі үшін бұдан күшті идеологиялық құрал жоқтың қасы. Себебі, Қазақстан жері көне түркі мемлекеттерінің ошағы əрі отаны. Теориялық түрде Қазақстан көне түркілерден мұраға қалған қасиетті де ұлан-ғайыр жерді сақтап қалған бірден-бір егемен түркі елі. Басқаша айтсақ, қазақ ұлты иісі түркі халықтарының алдындағы өз жауапкершілігін сезінетін, түркі елдерінің мүдделерін əрдайым есте сақтайтын, түркі халықтарына моральдық-рухани қолдау көрсетуге қауқарлы көшбасшы ел бола алады. Түркі елдері интеграциясының қауіпсіздік саласы, сауда-экономикалық ынтымақтастық жəне мəдениет пен тіл сияқты бағыттары бар. Десек те, түркі елдерінің географиялық тұрғыдан əркелкі орналасуына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерлерге қатысты пікірлер біркелкі емес. Қауіпсіздік мəселелері, қауіп-қатерлерге бірге төтеп беру мəселелері бойынша түркі мемлекеттерін ұзақ та күрделі келіссөздер күтіп тұр. Қазақстан, Түркіменстан мен Əзербайжанның табиғи энергетикалық байлығы, Түркияның (келешекте Өзбекстанның да) білікті жұмыс күші, Қазақстан мен Түркияның халықаралық беделі мен геоэкономикалық жағдайы, Каспийдің энергетикалық қорларын Түркия арқылы Еуропаға жеткізудің мүмкіндігі, Түркия мен Еуропаның сапалы тауарларын «Жібек жолы» жобасы арқылы Қытайға жеткізудің мүмкіндігі, Түркия мен Еуропаның нарығына шығу мүмкіндігі сияқты факторлар экономикалық интеграцияның тиімділігін көрсетеді. Сондықтан, түркiтілдес елдер тығыз ынтымақтасатын болса, дүниежүзілік геосаяси жəне геоэкономикалық үдерістерге ықпал ете алатындай зор əлеуетке ие күшті фактор бола алар еді. Қысқасы, түркітілдес елдер бірлігінің синергиялық, мультипликативтік əсерін пайдалану қажет. Үшіншіден, құрылу үстіндегі интеграциялық бірлестікте Қазақстан мен Түркияның орны қандай болмақ? Көшбасшылық қай елде деген сауал да көпшілікті толғандыруы мүмкін. Бұл ретте, яғни түркі интеграциясы мəселесінде Астанаға мейлінше сақ, біраз батылырақ қимылдау қажет. Түркияның түркі халықтарын біріктірудегі, түркішілдікті дамытудағы жə не түркі мемлекеттері басшыларының
бастарын қосудағы ықпалы мен еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Түркі елдері тəуелсіздікке қол жеткізген уақытқа дейін Түркия дүние жүзінде жалғыз егемен түркітілдес мемлекет еді. Түркияның бастамасымен түркілік негізде көптеген жиындар, құрылтайлар мен кездесулер өткізілді. Тоқсаныншы жылдар түркі елдері мен халықтары үшін эйфориялық жəне ностальгиялық кезең болды. Түркі əлемі өзінің бар-жоғын түгендеп, өзінің түркі екендігін ұғынып, өзін өзі тану кезеңін басынан өткеріп жатты. Əрине, бұл кезеңде Түркияның ықпалы мен үлесінсіз түркішілдік идеялары соншалықты тарай алмас еді. Бірақ, Түркия теориялық, психологиялық жəне институттық тұрғыда түркі интеграциясына дайын болмай шықты. Түркия түркі интеграциясын іске асыру барысында бірқатар тактикалық қателіктерге бой алдырып, өзінің асығыс əрекеттерінің ащы жемісін көріп үлгерді. Жалпы, түркі елдері интеграциясын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. 90-жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде интеграциялық үдерістерде Түркияның саяси, идеологиялық, экономикалық жəне мəдени ықпалы басымырақ болса, 2000-жылдарды қамтитын екінші кезеңде Қазақстанның саяси, қаржылық, ұйымдастырушылық, мəдени-гуманитарлық рөлі арта бастады. Осы кезеңде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың түркі лидерлері арасындағы саяси ықпалы мен беделі біршама жоғарылап, түркішілдіктің туы қазақтарға берілді. Қазақстанның соңғы онжылдықтағы түркі интеграциясы аясында атқарған жұмыстары мен мұрындық болған іс-шараларын ескерсек, мемлекетіміздің бұл бағытта сіңірген еңбегінің аз еместігіне куə боламыз. Қазақстан түркітілдес елдер ішіндегі аумағы жағынан ең ірі мемлекет болумен қатар, табиғи қазба байлықтарының қоры, даму əлеуеті мен мүмкіндіктерінің жоғарылығы, халықаралық саясаттағы беделі мен тəжірибесі, жекелеген экономикалық жетістіктері, интеллектуалдық-өркениеттік деңгейі жағынан түркі мемлекеттері арасында көшбасшы ел деп айтуға əбден болады. Анкара Қазақстан Президентінің халықаралық беделін, Қазақстанның экономикалық көшбасшылығын ресми түрде мойындады. Бұл тұста Президентіміздің бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграциялық бастамалары ескеріліп отыр. Тіпті, Түркия президенті Абдулла Гүл Елбасымыз Н.Назарбаевты «Түркі əлемінің лидері» деп атады. Бұл шындығында Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін үлкен нəтиже. Соңғы Нахчыван, Ыстамбұл, Алматы, Бішкек саммиттері интеграцияның мəдени жəне экономикалық аспектілері бойынша Қазақстанның көшбасшы екендігін көрер көзге дəлелдеп берді. Бұл көшбасшылықты сақтап қалу үшін Астанаға алдағы жылдары үлкен күш-жігер жұмсау қажет. Төртіншіден, Түркі елдері интеграциясында қандай басты жетістіктерге қол жеткізілді? 2011 жылғы Алматы саммитінің жетістіктері неде деген сауалдар төңірегінде мынаны айтуға болады. 1992 жылдан осы кезге дейін түркітілдес елдер басшыларының жоға ры деңгейдегі он екі саммиті өткізілді. 2008 жылғы Ыстамбұл саммитінде түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) құрылды. Н.Назарбаевтың түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясын құру жөніндегі ұсынысы қазақ лидерінің түркі интеграциясына расында толық мүдделі екендігін көрсетіп берді. Бұл жəйт түркітілдес елдер бірлесуінің шынайы интеграциялық үрдісі екендігінің дəлелі. Астана қаласында Түркі академиясы ашылды. Одан бөлек, Ақсақалдар кеңесі, Кəсіпкерлер кеңесі, ТҮРКСОЙ ұйымы (Түркітілдес елдердің мəдени ынтымақтастығы ұйымы), Баку қаласында ортақ мəдени мұраны қорғау жөніндегі қор, Түркі музейі мен кітапханасы, Түркі ғылыми-зерттеу қорының құрылуы нақты қолға алынды, Түркі дүниесін зерттеу орталығы ашылды, Түркі кеңесі құрылды, Түркі кеңесінің бас штабы құрылды, Түркі елдерінің ортақ байрағы белгіленді. Бұлар түркі интеграциясын жүзеге асырудың негізгі тетіктері болып табылады. 2011 жылы Қазақстан Түркі кеңесі ұйымына төрағалық етті. 2012 жылы Астана түркі əлемінің астанасы болып жарияланды. 2011 жылы Түркі кеңесі БҰҰ жанында бақылаушы мəртебесіне ие болды, сол жылғы Қырғызстандағы президенттік сайлауға өз байқаушыларын жіберді, дүниежүзілік қаржылық дағдарысты еңсерудің шаралары мен тетіктері туралы ортақ пікірге келді. 2011 жылы өткен Алматы саммитінде түркі мемлекеттері экономикалық ынтымақтастық мəселелеріне ерекше назар аударды. Кездесуде түркі мемлекеттерінің халықаралық жəне аймақтық ынтымақтастық мəселелері жөніндегі ортақ ұстанымдары айқындалды Қазіргі түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы
құрылымдану кезеңін бастан өткеруде. Елбасы Н. Назарбаевтың айтуынша, Түркі кеңесі аймақтық саяси бірлестікке тəн барлық ерекшеліктерге, құқықтық мəртебеге жəне белгілі ұйымдастырушылық құрылымдарға ие болуы тиіс. Түркі интеграциясы түркі əлемі субъектілерінің бір-біріне қарай қозғалысын, өзара жақындауын меңзейді. Осы орайда, Қазақстан Президенті 2011 жылдың 21 қазанында Алматыда өткен Түркі кеңесінің 1-ші саммитінде түп-төркіні бір ағайынды түркі халықтарын бір-біріне жақындастыру үшін қажырлы еңбек етудің қажеттілігі жөнінде баса айтқан болатын. Бесіншіден, біз бүгінде түркі интеграциясының қандай басты экономикалық, саяси жəне мəдени кедергілері мен мəселелері бар деген сауал төңірегінде де ойлануымыз керек. Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлының ойынша, құрылымдану, институттану мəселесі толық шешілмей тұр, келешекте атқарылатын нақты іс-шараларды анықтау керек, алдағы он жылда белгілі нəрселерді қайталай бергеннен гөрі жаңа анық көзқарас қалыптастыру қажет. Кейбір ресейлік сарапшылардың ойынша, түркі интеграциясының кейбір гуманитарлық, энергетикалық жəне мəдени əсерлері Ресейдің Орталық Азиядағы экономикалық, саяси, ақпараттық жəне идеологиялық ықпалын азайтады. Ресейдің аумағында түркі автономиялы республикалары орналасқандықтан, Мəскеу түркі интеграциясы идеясына сақтықпен қарайды. Түркі дүниесінің негізгі орталықтарының географиялық шашыраңқылығы ортақ экономикалық жобаларды жүзеге асыруға кедергі болады. Əрине, Түркі кеңесіне мүше елдердің экономикалық құрылымы мен даму деңгейі əртүрлі болғандықтан, түркітілдес елдердің экономикалық интеграциясын жүзеге асыру қазіргі таңда қиын болып тұр. Ортақ тіл мəселесі – алдағы жылдарда шешілмейтін күрделі мəселе. Оның орнына латынның негізінде ортақ əліппе жасап шығару қажет. Еліміздегі жетекші телеарналар журналистеріне берген сұхбатында Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанға да Əзербайжан, Түркіменстан жəне Өзбекстан сияқты кириллица əліппесінен латынға ауысу қажет. Бұл түркі халықтарын байланыстырудың бірінші сатысы болмақ. Осыған байланысты мемлекетаралық жоспар жасау керек. Ортақ ақпараттық кеңістіктің жоқтығы себепті түркі халықтары бір-бірінен алыстап бара жатыр. Осыған орай, түркі халықтары мен мемлекеттерін біріктіретін ортақ идеологиялық, тарихи, мəдени жəне философиялық негіздерді анықтау жəне қалыптастыру қажет. Қазіргі таңда, түркітілдес елдер интеграциясын дамыту жөнінде сан түрлі кеңестер мен ұсыныстар айтылуда. Бұл орайда, түркі интеграциясының өзегін тілдің, тарихтың жəне дəстүрлердің ортақтығына негізделген мəдени ынтымақтастық құрап отырғанын айтқанымыз жөн. Сондықтан, түркі халықтарының рухани, мəдени жəне тілдік туыстығы тиімді де сенімді экономикалық ынтымақтастыққа алып келуі тиіс. Барлық түркі халықтарына ортақ тарихи мұраны насихаттау арқылы жалпы түркілік ой-сана қалыптастыру қажет. Сондай-ақ, түркітілдес елдердің рухани дəстүрлеріне негізделген ортақ түркілік құндылықтар жүйесін, ортақ мағлұматтар мен деректер қорын қалыптастыру керек. Ол үшін Мұстафа Ататүрік, Мұстафа Шоқай сияқты түркі халықтарына түсінікті ұлы тарихи тұлғаларды дəріптеуге, түркітілдес елдер арасында «Қазақстан барысы» сияқты спорттық жарыстар, «Евровидение» сияқты фестивальдер, Т4 (Т5, Т6) экономикалық форумдарын, ғылыми конференциялар, т.б ісшаралар ұйымдастыруға болады. Егер, түркітілдес елдерді жақындастыратын бағыттар бойынша бірге дамыту, тіл саясатын ортақ бағытта үйлестіре жүргізу қысқа уақытта өз нəтижелерін берсе, ТҮРКСОЙ мен Түркі академиясы сияқты ұйымдар арқылы мəдени жобаларды, ортақ білім беру, ғылыми бағдарламаларын іске асырып, түркі мұрасын аударып, насихаттау жүзеге асырылса, бұлардың барлығы өте маңызды шаруа болар еді. Қазақстан да көп кешіктірмей латын əліппесіне көшуге мүдделі. Себебі, интернет ғасырының талабына сəйкес, тіліміздің де заманға сай реформалануы маңызды мəселе. Сондай-ақ, түркі мемлекеттері арасында жүріп-тұру, сауда-саттық жасау, инвестиция салу, виза алу, фирма құру, жұмыс істеу, азаматтық алу, білім алу, турист ретінде қыдыру, кəсіпкерлікпен немесе ғылыммен айналысу салаларында көпжақты деңгейде жеңілдіктер мен жағдайлар жасалуы шарт. Бұл ретте, түркі елдерінің бірлігі Қазақстанның батылырақ қимылдауын талап етеді. Қазақстан алдағы жылдары өз аяғынан нық тұрған, өз мүмкіндіктеріне сенетін, туыс жəне көршілес мемлекеттерге əсер ете алатын күшке айналуы тиіс. Себебі, түркі бірлігі идеясы күллі түркі халықтарын ғана емес, қазақ халқын да нығайтатын стратегиялық əрі идеологиялық фактор.
Басылымның келтірген мəліметтері бойынша, қазіргі кезде қол қойылған тізімдегілердің аты-жөні тексеріліп жатыр. Бұл мəселе М.Саакашвилидің партиясы парламенттік сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін айтыла бастаған еді. Ал Грузияда президенттік сайлау 2013 жылдың күзінде өтуі тиіс болатын. Елдегі саяси ахуал, сондай-ақ президентке қарсыластар сайлауды ертерек өткізуге кіріскен сыңайлы.
Тїрмедегілер ќўќыєы їшін Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты Италия үкіметіне сотталғандардың тар камераларда тұрып жатқандығына байланысты 100 мың еуро көлемінде айып салды. Бұл жөнінде «Ассошейтед пресс» агенттігі хабарлады. Сот қаулысына қарағанда, елдегі бірқатар түрмелердің жағдайы қиын, адам құқығы аяқасты етілуде. Тұтқындарға зорлық-зомбылық көрсету əлі де бар. Əсілі, əрбір жазасын өтеушіге 9 шаршы метр орын қажет екен. Ал Италия түрмелерінде ол үш шаршы метрден келеді. Осы елдің əділет министрлігі соттың бұл шешіміне қазірге нақты мəлімдеме жасаған жоқ.
Бір аптада екінші рет АҚШ-тың «Бостон» əуежайынан ұшып шыққан «Боинг-787» жаңа ұшағы төтенше жағдай салдарынан əуежайға қайта қонуға мəжбүр болды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Токиоға бет алған ұшақтың қайта оралуына жанармайдың тамшылауы себеп болған. Бортында 178 жолаушы жəне 11 экипаж мүшесі бар ұшақ ұшу-қону алаңында тұрған кезде, жанармай тамшылағанын байқап қалған өзге əуе кемесінің ұшқышы дереу хабарлаған. Ұшақ уақытынан төрт сағат кейін ұшқан. Осының алдында, яғни 7 қаңтарда дəл осы əуежайда «Боинг-787» ұшағында өрт шығып, ондағы жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Аталған үлгідегі жаңа ұшақта жанармай тамшылауы бір аптаның ішінде осымен екінші рет қайталанып отыр.
Ќысќа ќайырып айтќанда: Кандагар халықаралық əуежайында пəкстандық авиакомпаниясының ұшағы ұшар кезде зымыранмен атқыланды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Белоруссияда 2012 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 20 пайыздан асып, 21,8 пайызды құраған. Қырғызстанның Ош облысында жергілікті тұрғындар мен Қытай компанияларының жұмысшылары арасында төбелес болды. Оған 100-ден астам адам қатысты. Австралиядағы тұрғындар қалың қоныстанған Оңтүстік Уэльс штатында аптап ыстық салдарынан өрт толастамай тұр. Бірқатар жерлерде өртті сөндіру мүмкін болмауда.
Дəрігерлер елге оралуына ќарсы Венесуэла президенті Уго Чавес 10 қаңтарға белгіленген президентті ұлықтау салтанатына қатыса алмайды. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, елдің вице-президенті Николас Мадуро осы жөнінде Венесуэла парламентінде мəлімдеген. Куба дəрігерлері емделіп жатқан Уго Чавесті жақын арада өз еліне оралуға тыйым салған. Осыған байланысты У.Чавесті ұлықтау салтанаты белгісіз мерзімге кейін шегеріліп отыр. Бұдан бірнеше күн бұрын оппозиция өкілдері егер Уго Чавестің ұлықтау салтанатына қатысуға денсаулығы көтермесе, жаңа президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныспен шыққан еді. Венесуэла конституциясында осы мəселе де қарастырылған екен. Уго Чавес өткен жылдың қазанында президентікке қайта сайланған болатын.
«Ресей коммунистерініѕ» наразылыєы «Ресей коммунистері» ұйымы Ресей президенті Владимир Путиннен АҚШ құрамасын 2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы Олимпиадаға қатысуға жібермеуді сұрады. «Известия» басылымының жазуынша, аталған ұйымның бұл өтініші «Магнитский заңына» қарсы жасалған қадам болып табылады. Бұған Мемлекеттік дума депутаты, бұрынғы боксер Николай Валуев қарсылығын білдірді. Депутаттың мəлімдеуінше, «Ресей коммунистерінің» бұл əрекеті, олардың өзін-өзі көрсетуі үшін жасалған акция. «Магнитский ісінің Олимпиада ойындарына ешқандай қатысы жоқ». Атап өтейік, өткен жылдың 14 желтоқсанында АҚШ президенті Барак Обама «Магнитский заңына» қол қойған еді. Арада біраз уақыт өткенде осыған жауап ретінде Ресей президенті Владимир Путин де «Дима Яковлев заңына» қол қойған болатын.
Кашмир проблемасы таєы кґтерілді Үндістан билігі Пəкстанды осы өңірдегі даулы аумақ – Кашмирде үнділік екі əскери шекарашыны өлтірді деп айыптады. Бұл жөнінде Үндістан армиясының ресми мəлімдемесінде айтылған. Мəлімдемеде атап көрсетілгеніндей, 8 қаңтарда қалың тұманды пайдаланған пəкстандықтар үнділік шекарашылардың бақылау бекетіне жасырынып келген. Шекарашылар оларды байқап қалған. Арада жарты сағаттай атыс болған сияқты. Осының салдарынан үндістандық екі əскери қаза тауып, тағы екеуі жараланған. Пəкстан қарулы күштерінің өкілі олардың əскерилері ешқандай қарулы қақтығыстарға қатыспағанын алға тартуда. Осы аумақтық дау Үндістан мен Пəкстанның тəуелсіздіктерін алған 1947 жылдан бері жалғасып келеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.
5
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
Тарих толқынында Бұл туралы Кир жайындағы кітаптардың бəрінде айтылады. Осы сцена ұлы Рубенстің қыл қаламымен үлкен полотноға да (фотода) түскен. 1622 жылы салынған ол картина «Томирис Кирдің басын кесуде» деп аталады. Парсылардан сарай төңірегінде жүретін, ұрыс-соғысқа қатысы жоқ азын-аулақ адам ғана тірі қалады. Тұмар əже Құрыштың басы салынған көн дорбаны осылардың қолына ұстатыпты. Тағы бір дерек бойынша парсылар бір жылдан кейін əлденеше арба алтын мен түрлі қазына алып келіп, Құрыштың мəйітін сатып алыпты. Мəйіт елге жеткізілген соң келесі патшаның əмірімен Құрышқа арналып мавзолей салыныпты. Мавзолейдің құрылысы сол кездегі сəулет өнерінің ең басты жетістіктерін бойына жинақтаған. Ені жалпақ алты баспалдақтан тұратын биік тұғырдың үстіне табыт-камера орнатылған. Камераның өлшемдері 3,17 х 2,11 х 2,11. Құрыш өлгеннен кейін екі ғасыр өткен соң біздің дəуірімізге дейінгі 330 жылы мавзолейге Александр Македонский келіп кетіпті. Ол келгенде Құрыштың дəріленген мəйіті бар ма, жоқ па, белгісіз. Тек қана діндар-шырақшылар бар екен. Александр Үндістанға жорыққа кеткен кезде мавзолей тоналыпты. Үндістаннан қайтып келгеннен кейін Александр тонаушылардың барлығын өлім жазасына кесіпті. Парсы империясының негізін қалаған ұлы жиһангер өзінің өмірін осылай аяқтаған екен. Аталған мавзолей Иранның Шираз қаласынан 130 шақырым жердегі Персеполь археологиялық аймағында, ескіліктің көп мұрасының бірі ретінде əлі тұр. Əйгілі архитектор А.Щусев Қызыл алаңдағы Лениннің мавзолейін жобалағанда осы Құрыштың мавзолейін үлгі етіп алған екен. Ал енді, осы ұлы жиһангерді жеңіп, қаншама халықтарды парсының жаугершілігінен, құлдығынан құтқарған біздің Тұмар əжеміздің мəйіті қайда? Əрине, оны ешкім білмейді. Құдай осындай ерекше несібе иесі қылып, ұлы міндет жүктеп жаратқан əжеміздің қасиетті сүйегі осы даладағы сансыз обалардың қайсысында жатыр немесе қазақ жерінде бар ма, əлде бір уыс топырақ мүлдем басқа жерден бұйырды ма, біз оны ешқашан анықтай алмаймыз. Скиф əулетінен туған ұлы ұрғашы, ұлы анамыз, ұлы əжемізді біз тек қана мақтан ете аламыз. Бірақ, ешқашан жатқан жеріне барып тəу ете алмаймыз. Ең өкініштісі сол. Құрыш патша дүниеге не берді? Оның бүкіл əлемді бағындырып, əділетке, иманға ұйыған біртұтас космополиттік империямемлекет жасаймын, бүкілəлемдік біркелкі тəртіп орнатамын деген жаһандандыру əрекеті, ақыр соңында ұшы-қиыры жоқ парсы-грек соғыстарын тудырды, кейіннен енді македондық Александр – Ескендір Зұлқарнайынның Шығысқа қарай жасаған кері жаугершілігіне, адамзат тарихындағы əлі күнге дейін бітпей келе жатқан қантөгістер тізбегіне, адамзатқа, адамдыққа қарсы жасалған ұлан-ғайыр қылмыстарға ұласты. Құрметті оқырман, осы бүгінгі жер бетінде болып жатқан шым-шытырық шиеленісті оқиғалардың барлығында да сол екі жарым мың жыл бұрын жасаған Құрыш патшаның саясатының ізі, ұшығы бар десем, ол менің асырып айтқандығым емес. Тізерлеп тұрған құл халықты, нəсілі құл халықты əлемді билейтін əмірші халыққа айналдырам деген нақұрыс идея осылайша екі жарым мың жылдық адамзат трагедиясына айналған екен.
Игілікке бастайтын кїмəн Есейіп ержеткен сайын, осы мінсіз хикаяның бойынан күмəнді жайттар көзге ұрып көріне бастады. Ең əуелі Құрыштың, массагет дегенде, кіммен күрескендігі аян болды. Гректің тарихи жəдігерлерінде массагет, исседон, тохар, хаумаварга, тиграхауда деп аталатын елдер, барлығы скиф деп аталатын алып елдің жеке-жеке рулары екен. Ескі тарихшылар олардың бір ел екенін жоққа шығармайды. Күндердің күнінде «сақ» деген жұмбақ елдің де сол баяғы ... скиф екені анықталды. Уақыт өткен сайын, мəселенің байыбына барған сайын қазан төңкерісіне дейінгі бұрынғы Ресейдің нəсілшіл тарих шыларының, одан кейінгі совет тарихи ғылымының былығы күн санап ашыла берді. Ең соңында скиф, хұн, түрік жəне бүгінгі қазақ, бүгінгі дүниенің шартарабына тарап кеткен барлық түрік халықтары – осылардың барлығы бір-ақ нəсіл екені, бір тамырдан өсіп-өнгені белгілі болды. Тіпті десеңіз америкадағы үндістердің ізі де, осы, кезінде гректер Гиперборея деп атаған ұлы өлкеден табылып жатыр. Қазір ғылымда «палеоазиаттар» деп аталатын жаңа тақырып, жаңа дəріс бар. Жердің тектоникалық тарихын зерттейтін ғалымдардың айтысына қарағанда, осыдан əлденеше мың жыл бұрынғы көне замандарда Америка мен Еуразия бір құрлық болған екен. Ол кезде Америка мен екі арамызды бөліп тұратын Беринг бұғазының нышаны да жоқ екен. Кейіннен сұмдық планеталық апат кезінде біртұтас құрлық ортасынан «сынып», екі «сынық» екі жаққа кетіпті. Ортасынан бұғаз пайда болған. Немесе тектоникалық тарихтан енді адамзат тарихына келетін болсақ, бəрі де өз-өзінен түсінікті болып шығады. Ұлы апат кезінде біртұтас құрлық қана «сынбаған», қарағанда көз талатын сонау ықылым (əлде 50-60 мың, əлде тіпті 100 мың жыл бұрынғы) заманнан бері осы құрлықта өсіп-өніп келе жатқан бір ұлы нəсіл де ортасынан «сынған». Жартысы Америка құрлығымен бірге жер шарының қарсы бетіне кетіп қалған. Сеніңізсенбеңіз тектоника ғылымы осылай дейді. Генетикалық анализ кезінде америкалық үндістер түркі халықтарымен нəсілдес болып шықса, басқаны білмеймін, өзім таңқалмас едім. Кім біледі, кейін «палеоазиаттар» деп аталатын ғылым бағытын өзгертіп «палеоскифтер» болып кетуі де ғажап емес. Əрине, бұл алыс болашақтың ісі. Ал біз өзі міздің тікелей бабаларымыз
(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде).
– скифтерге қайтып келейік. Тарихи ғылым барлық уақытта идеологияның құралы, өз заманындағы саясаттың айнасы болған. Большевиктер бұл тарапта ешқандай жаңалық ашқан жоқ. Сол себепті совет тарихи ғылымы да бұрынғы ескі жолмен жүрді. Осының салдарынан көшпенді əулеттің адам түсінбейтін тарихы жасалды. Сөзіміз түсінікті болуы үшін мысал келтіре отырайық. Ең əуелі скифтердің, сақтардың, хұндардың, түріктердің жəне ең соңында дүниеге шашырап кеткен түркі халықтарының тарихтары – бұлар бір-біріне қатысы жоқ, бөлек-бөлек тұрған тарихтар деп жарияланды. Яғни, совет түркологиясының, скифологиясының «дəлелдеріне», «уəждеріне», «аргументтеріне» сүйенетін болсаңыз, онда Даланың тарихы мынадай болып шығады. Ең əуелі бұл даланы скиф деген халық жайлапты. Əлбетте, ол скиф дегеніміз бір-бірімен өмір бойы соғысып жүретін, бірбіріне қаны қосылмайтын түрлі тайпалардан
Ғалым күлді. – Жоқ, əрине. Ол орыс алфавитінен келген. – «Юрлать» деген не мағына береді? – дедім. – Сіздер шығарманың астына, «орындайтын пəленше» деп жазасыздар ғой, бұл да сол сияқты, – деді ғалым. – Солай деп жазбайсыздар ма, «юрлать» деген сөз түсініксіз екен, – дедім. Ғалым тағы да күлді. – «Юрлать» деп жазылады, «жырлайды» деп оқылады, кей жерлерде «йырлайды» деп оқылады, – деді содан соң. – Олай болса «ю» қайдан келді? – дедім мен. Чуваш ғалым сəл мұңайыңқырап қалып барып жауап берген. – Не істейсіз. Тағдыр деген сол. Бізге жасап берген əліпбиінің түрі осы. Империялық, тоталитарлық идеяны басшылыққа алған советтік тіл ғылымы
кiтаптардың мұқабаларына қарап отырып, бiр белгi жасады. – Бесiншi кiтабыңызды кейiн қайтарам, – дедi Қайрат. – Жарайды, келiстiк, – дедi үй иесi. Гумилевтiң кiтап қоры қазақ аспиранттарының атаусыз кiтапханасы екен. Бiрiн алып, бiрiн қайтарып жатады. Кiмнiң не алғаны журналда тiркеледi. Жасы келген кəрi адам. Жалғыз тұрады. Тарих-этнография институтының аспиранттары кезектесiп үйiн қарап, тамағын пiсiрiп бередi екен. Аздан соң алдыға шай келдi. Гумилев сонда ғана сұраулы жүзiн маған бұрған. – Бұл жiгiт Алматыдан келдi, сирек қолжазбалар қорында жұмыс iстеп жатыр, – дедi Қайрат. – Аты-жөнiңiз кiм? – дедi Гумилев. Мен аты-жөнiмдi айттым. – Қазақсыз ба? – дедi Гумилев. – Иə, қазақпын, – дедiм мен.
дүниенi билейдi, жеңбеген жау қоймайды, тағысын-тағылар. Ал екiншi тарихи мектептi қалыптастыратындар – сарай өмiрiне қатысы жоқ, патшаларға тəуелдi емес, кейде жоқшылықта күн кешетiн тарихшылар. Бұл бұрын, мемлекеттер, ұлттар жоқ кезде, яғни, ғылым-бiлiмге көлеңкесiн түсiретiн, ықпал жүргiзетiн ұлттық мемлекеттер, ұлттық саясаттар жоқ кезде қалыптасқан, ешкiмнiң қас-қабағына қарамай таза шындықты таңбалайтын көне ғалымдар əулетiнен тамыр тартқан қасиеттi адамдар. Күтушi қыз алдымызға шайды жаңартып əкелiп қойды. Гумилев асықпай шай iшуге кiрiстi. – Баяғыда, айдауда орман шауып жүргенде үйренген əдетiмiз, – дедi жымиып. – Ол кезде ақ су iшушi едiк. Қазiр, мiне, кəдiмгi шай iшiп отырмыз. Мен əңгiменiң жалғасын естiгiм келiп тағатсызданып отырмын. Менiң күйiмдi сезсе керек, үй иесi самайын қасып алып,
Ќондыгер-ќаѕлы Таласбек ƏСЕМҚҰЛОВ.
тұрған. Сақтар бұларға мүлдем ұқсамайды, басқа халық дейді. Жақсы деп келісесіз. Бір кезде сақ та, скиф те кенеттен жоқ болып кетеді. Қайда кетті деп сұрайсыз. В общем, қысқасы... тарих сахнасынан кетіп қалды дейді. Есесіне, арада тағы біраз уақыт өткенде енді Еуразияда хұн деген халық пайда болады. Скифтен айнымайды. Жоқ, бұл мүлдем басқа халық дейді. Бұлар да бастары бірікпейтін ... бірдеңелер дейді. Бірақ, сол «бірдеңелер» Қытайдан жеңіліп, Еуропаға қоныс аударып келгенде əлемді билеп отырған Рим империясын алдына тізерлетіп тұрғызып қойыпты. Бұл əзер-əзер мойындалатын немесе мүлдем мойындалмайтын нəрсе. Ал скифтер тарих сахнасынан кеткенде, мүмкін, былайша айтқанда, басқа бір алыс өлкеге қоныс аударған шығар. Көшпенді халық еді ғой дейсіз. Жоқ, біржола жер бетінен жойылған дейді. Ал олай болса, хұндар қайдан келді деп сұрайсыз. В общем, қысқасы ... аспаннан түсті дейді. Хош. Күндердің күнінде хұндар да ғайып болып кетеді. Қайда кетті? Жарым-жартылай ассимиляцияға ұшырап, Еуропа халықтарының құрамына кіріп кетті. Ал, қалғандары ... тарих сахнасынан біржола кетті дейді. Халықтар құдды актерлер сияқты бірін-бірі алмастыратын бұл нендей сахна деп сұрайсыз. Сахна деген біздің көзіміз көріп тұрған, көзіміздің жанары жеткен жер. Яғни, біздің қағазға таңбалаған жəдігерлеріміз дейді. Алдыңызда тау, яки қалың орман тұр дейік, сіздің көзіңіз таудың бер жағындағыны, асса өзіңізге қарап тұрған бөктердегіні ғана, орманның алаңқайындағыны ғана көресіз. Ал сол сіз көрген құбылыс таудан не орманнан əрі қарай секіріп кетті дейік, онда қалай болады дейсіз. Онда біздің шаруамыз жоқ, біз өзіміздің көрген-білгенімізді ғана, өзімізге қатысы барды ғана, өзіміздің қатысқанымызды ғана тарих деп мойындаймыз дейді. Осыдан кейін, құрметті оқырман, хұндардың ауаға сіңіп ізім-қайым жоғалуы мен арада біраз уақыт өткенде, аспаннан, ғайыптан түрік қағанаттарының пайда болуы өз-өзінен түсінікті нəрсе. Күлмеңіз, бəрін сиқыр арқылы түсіндіретін тарихи ғылым осылай деп баян етеді. Тек түрік қағанаттарынан кейінгі тарихқа келгенде азын-аулақ ұяттары оянады. Себебі, көзкөрім жерде тұрған, елдің бəрі білетін кешегі ғана тарих қой. Бұнда да біраз нəрсені былықтырып барып, қазақ, қырғыз, башқұрт, əзербайжан, осман түріктері, гагауз, т.б. түркі халықтарын баяғы көне түріктердің ұрпағы екенін əзер-əзер мойындайды. Тоталитарлық система түркі халықтарының əрқайсысына жеке-жеке тарих «жасап» берумен шектелмеді. Түркілерде бұрын түк те болған жоқ, жазу болған жоқ деген желеумен түркі халықтарына түрлі əліпби (алфавит) үлестіріп берді. Енді түсінісіп көріңіз. Əскерде жүргенде Кавказдан келген қарашай, балқар, құмықтармен, қырымнан келген татарлармен қазақша сөйлесе беретінбіз, себебі бұл тілдердің арасындағы айырма өте аз, жоққа тəн. Ал азын-аулақ айырма əліпбиден болған, себебі, басқа тілден (дəлірек айтқанда орыс тілінен) келген дыбыс, сөйлеу мəнеріне əсер етеді. Бұл ғылыми дəлелденген нəрсе. Ал енді қарашай, құмық, балқар тілінде шыққан газет-журналды, кітапты оқып көріңіз. Оқи алмайсыз. Себебі қолдан жасалған, бір ғана нəрсені – түбі түріктерді жақындастырмауды, олардың өзара түсінісуін барынша қиындатуды көздеген əліпбиді, дыбысталу жүйесін түсіну мүмкін емес. 80-жылдардың аяғында болған бір оқиға есіме оралады. Консерваторияның ректоры Дүйсен Қасейіновтің жылына бір немесе кейде екі рет халықаралық түркі халықтарының конференцияларын, өнер фестивальдерін ұйымдастыратын бір жақсы əдеті бар еді. Осындай кезекті конференциялардың біріне чуваштың атақты музыкатанушы ғалымы келді. Ол кезде мен консерваторияның жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі қызметіндемін. Чуваштың ғалымы танысқаннан кейін чуваштың халық əндері топтастырылған бірнеше күйтабақты сыйға тартты. – Фонотекаңызға сақтап қойыңыз, алыста чуваш деген бауырымыз бар деп ұмытпай жүріңіздер бізді, – деді. Күйтабақты аударып-төңкеріп қарадым. Əр əннің астында, жақшаның ішінде келетін «юрлать» деген сөзге назар аудардым. «Юрлать» дейді де адамның аты-жөнін жазады. – Сіздерде «ю» деген əріп бар ма? –деп сұрадым.
Тек қана оқуға болады. Яғни, тек қана өзiңнiң еске сақтау қабiлетiңе ғана, iшiңдегi ксерокс пен фотоаппаратқа ғана сенесiң. Кiтапханада, келiсiп түнге қалуға болады екен. Таңғы сегiзде кiрiп, келесi күннiң таңғы сегiзiне дейiн, тапжылмай бiр сөтке отырып, қолжазбаларды үш қайтара оқып шықтым. Менiң бағыма орай, менен кейiн келетiн адам жарты күнге кешiгедi екен, қосымша ақша төлеп қолжазбаларды төртiншi мəрте оқып шықтым.
Тыєулы жатќан кездеме... Мен осы оқыған қолжазбалардан туған əсерлерiмдi дəл сол кезде пайымдап, зерделеп айтып бере алмас едiм. Кейiннен, «темiр перденiң» ар жағындағы дүниемен кездестiк. Сол кезде «традиционализм» деп аталатын ғылыми бағытпен таныс болдық. Мiне, осы бағыттағы Рене Генон, Юлиус Эвола, Фритьоф Шюон сияқты ғалымдардың қайсысының айтқаны анық есiмде жоқ (жəне дəстүршiлдiктi көктей өтетiн болғандықтан бұл ойдың барлық дəстүршiл мектептерге қатысы бар), көп айтылған ақылды сөздiң бiрi аса таңқалдырып едi. «Бiз татар əулетiне, адамзаттың ұстаздары болып саналатын татар данышпандарына, татар нəсiлiне сатқындық iстедiк» дейдi дəстүршiлдер. Бұл жердегi «бiз» дегенi – бүгiнгi тоқтаусыз дамудың жолына түскен адамзат. Ал «татар» дегендi бүгiнгi «қырым татары» немесе «қазан татарларымен» шатастырмаңыз. Татар – дəстүрлi дүниедегi кшатрий атанған, кейiннен адамзатты билеген патшалардың көбi шыққан көшпелi скиф əулетiнiң жинақты аты. Мiне, «татар əулетiне, əлемнiң ұстазы татар данышпандарына жасалған опасыздық» деген ой менiң сол көне қолжазбаларды оқығаннан кейiнгi жай-күйiмдi айна-қатесiз бейнелейдi. Алматыға мен мүлдем басқа адам болып қайттым. Бүкiл дүнием төңкерiлдi, алдымнан бұрын бiлмеген жаңа бағыт ашылды. Əрине, кейбiр нəрселердi мен бұрын да шырамытатынмын, бiрақ ендiгi жеткенiм бұрынғы түйткiлдерден өлшеусiз биiк болып шықты. Ендi осы мəлiметтер мен соның негiзiнде туған ой-толғамдардан азырақ баян етейiн. Келелi елде қаңлы бар, Қаңлыны хан көтерер. Қаңлысыз хан сайланбайды, Қаңлыдан өзге хан болмас. Арғын – ағаң, Қыпшақ – жағаң, Қаңлысыз қабыл болмас тобаң.
П.РУБЕНС. «Томирис Кирдің басын кесуде». 1622 жыл.
осындай қылмыстарға барған. Бірақ, осы істің басы-қасында жүрген ғалымдарды айыптауға да болмайды, себебі, барлығы да қызыл дуалдың ар жағында отырған мұртты əміршінің айтуымен жасалған. Əрине, бүгінде байырғы түрік санасын қалпына келтіру мақсатында көптеген орталықтар, жекелеген адамдар жұмыс істеп жатыр. Ең əуелі тындырылатын іс – əліпбиді унификациялау, ортақтастыру. Бұл тарапта біршама игілікті шаралар іске асқан сияқты. Ең бастысы, түркі халықтарының филологтары бірыңғай латын əліпбиі жайында пəтуаласқан. Егер осы іс аяғына дейін жеткізілсе онда түрік тілі ағылшын мен қытай тілінен кейінгі үшінші орынға шығуы мүмкін. Компьютер тілін білетін мамандардың айтысына қарағанда осы күнгі флективті (қопарылмалы) тілдерден гөрі компьютерге агглютинативтік (жалғамалы) түрік тілі қолайлы көрінеді. Əрине, бұл болашақтың ісі.
Гумилевтiѕ айтќан əѕгiмесi 1988 жылдың күзiнде мен Ленинградқа бардым. Сондағы Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттiк кiтапханада екi аптадай отырып жұмыс iстеудi жоспарлаған едiм. Ленинградта оқитын аспирант достарым жақсылап қарсы алды, сонымен ертеңiне жұмысқа кiрiстiм. Айта кету керек, Мəскеудегi Ленин атындағы мемлекеттiк кiтапханадан кейiнгi екiншi орында тұрған бұл əйгiлi кiтап қоймасы əлемдегi ең iрi кiтапханалардың бiрiнен саналады. Осы қисапсыз байлықты ақтарып жүрген күндерi мен бiр қазақтың баласымен таныстым. Түсте асханада шай iшiп отырғанымда жаныма ұзын бойлы, аққұба, түрi орыстың актерлерiне таман келетiн бiр жiгiт тақап, таза қазақ тiлiнде амандасқан. Алыста жүрiп отандасыңды, қандасыңды кездестiрген үлкен қуаныш. Iлезде шүйiркелесiп кеттiк. Аты – Қайрат, фамилиясы Данабаев екен. Ұмытпасам, экономика мен философия саласының маманы. – Сiз сирек қолжазбалар қорында отырсыз, мен бұл кiтапхананы бес саусағымдай бiлем, осында жүргенiмiзге он жылдай болды, өз үйiмiз сияқты, – дедi жаңа танысым. – Айтыңыз, не iздеп жатырсыз? Көмектесiп жiберейiн. – Геродот, Страбон, Ксенофонттан басқа, скифтер туралы жазған авторлар болса, – дедiм мен. Қайрат ойланып қалды. – Қиындау екен, – дедi содан кейiн. – Бiз былай iстейiк. Кешке бiрге шығайық. Мен бүгiн Гумилевтiң үйiне бара жатырмын. Лев Николаевич əлемдегi ең мықты источниковед-жəдiгертанушылардың бiрi. Ойымша, проблемаңызды сол кiсi шешiп бередi. Кешке бiрге шығып, Ленинградтың алыс аудандарының бiрiнде тұратын ұлы тарихшының үйiне осылай барған едiм. Артынан естiдiм, қазақ аспиранттары ол кiсiнiң үйiне емiн-еркiн кiре бередi екен. Есiктi бiр қыз ашты. Гумилев орта бойлы, нығыз денелi, сары өңдi адам екен. Аман-саулық сұрасқаннан кейiн Қайрат сөмкесiнен төрт кiтап алып, үй иесiне ұстатқан. Гумилев бiр журналды ашты да,
Үнсiз шай iшуге кiрiстiк. – Руыңыз кiм? – дедi бiр кезде үй иесi. Айдаладағы Ленинградта отырған орыс ғалымының руыңды сұрағаны бiртүрлi... жабайы (Құдай кешiрсiн) естiледi екен. Сасып қалдым. Содан соң руымды айттым. – Кет Бұғаның руы ғой, – дедi Гумилев. – Менiң «Этногенез жəне Жердiң биосферасы» деген кiтабымда Кет Бұға нойон жайында тұтас тарау бар. Оқып па едiңiз? Кет Бұға жайлы бiраз əңгiмелеп бердi. Оның тамплиер рыцарьларына көмекке барғаны, рыцарьлардың сатқындық iстегенi, Кет Бұғаның жеңiлгенi, өлгенi, сүйегi сол Палестинада қалғаны... жүрек елжiрететiн көне шежiре. – Кет Бұғаның тұқымдары бар ма? – деп сұрады əңгiмесiнiң аяғында үй иесi. – Жезқазғанның Ұлытау ауданында Балталы-Бағаналы деген Найманның бiр атасы жайлайды, Кет Бұғаның елi сол, – дедiм мен, – Кет Бұғаның күйлерi қазақта əлi тартылады. Гумилев сəл таңқалып қалды. – Ол музыкант болған ба? – Иə, күйшi болған, «Кертолғау», «Сынған Бұғы», «Емен толқын» деген күйлерi болған, – дедiм мен. Гумилев аз үнсiз отырып барып сөзiн сабақтаған. – Əрине, оның таңқалатын ештеңесi жоқ. Ол заман ерлiк заман, ерлердiң заманы ғой. Ол кезде өмiр мен өлiмнiң арасында, ақыреттiң алдында тұрған адам кейiн өзiнiң басынан кешкенiн тамаша музыкаға айналдыра бiлген ғой. Мен басымды иiп өткен адамдардың бiрi – осы Кет Бұға. Аздан соң мен проблемамды айттым. – Геродотқа көңiлiңiз толмай ма? – дедi Гумилев болар-болмас езу тартып. – Оның барлығы жалпылама нəрселер ғой, – дедiм мен. Гумилев төмен қарап, ұзақ үнсiз қалды. Содан соң барып əр сөзiн өлшеп, сөйлеп кеткен. – Геродот қай жағынан алғанда да бiздiң системаның қолайына жағып тұр. Сондықтан оның кiтабын жасырмайды, жұртшылыққа ашықтан-ашық ұсынады. Ол кiтапты қайта-қайта басып шығарады. Ол кiтаптың ешқандай қатерi жоқ. Ал ендi сiзге айтайын, ол кезде, ерте заманнан келе жатқан тағы бiр тарихи мектеп болған. Мен жүрегiм аузыма сыймай алқынып кеттiм. Əлемдегi ең ұлы жəдi гер та нушылардың бiрi Геродоттан басқа, парсының ресми тарихынан басқа, беймəлiм тарихи мектептiң болғанын өз аузымен айтып отыр! – Ол қандай мектеп? – дедiм сабыр сақтап. Гумилев Қайрат екеумiзге жалт етiп бiр қарап алып, сөзiн сабақтаған. – Қарабайырлап айтқанда, тарихты таңбалаудың екi түрлi дəстүрi бар. Бiрiншiсi – сарай тарихшылары жазатын династиялық тарих. Яғни, патша əулеттерiнiң, патша династияларының тарихын жазатын сарай тарихшыларының мұрасы. Бұндай тарих бiздiң тұрғымыздан алғанда шын тарихтан гөрi мифке, аңызға, кейде қиял ертегiлерге ұқсас. Болашақ патша мифтiк тұлға ретiнде жаратылады, оны туғанда бiреулер өлтiрмек болады, ол əлдеқалай, мұғжиза аралас бiр себеппен аман қалады. Содан соң жоқтықта өседi, ақырында тағы да керемет, тылсым күштердiң көмегiмен таққа отырады, жарты
қайтадан əңгiмесiн жалғаған. – Үндістандағы Мохенджо-Даро, Мысырдағы Мемфис пен Саис, тағы басқа қалалардың қолжазба қорларында адамзаттың шын тарихы сақтаулы тұр. Бiрақ, ол қолжазбалар қатаң бақылауда. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Сталин Иранға көп көмек қылған. Қаншама мамандарды, ауылшаруашылық техникасын жiберген. Əрине, өзi де талай нəрсенi қолқалап сұрап алған. Бiрде, Иранның шахына «сендердiң құпия тарихи қоймаларыңа бiздiң тарихшыларымыз кiрiп бiраз жұмыс iстесе» деп өтiнiш қылады. Шах, амал жоқ, келiседi. Сонымен, бұрындары ешкiм бас сұға алмайтын, адамзат тарихының ең керемет құпиялары сақтаулы тұрған архивке қазiргi Иранның, көне парсының тiлiне жетiк тарихшылардың тұтас бригадасы кiрiп жұмыс iстей бастайды. Əрине, Сталин өлгеннен кейiн Иран өкiметi ол тарихшыларды, былайша айтқанда «шығарып салған». Бiрақ сол екi арада майталман мұрағаттанушылар қаншама дүниенi Ресейдiң архивтерiне аударып үлгередi. Яғни, менiң айтайын дегенiм, Ресейдiң архивтерiнде көне Шығыс, көне Азияның тарихына қатысты өңiң түгiлi түсiңе кiрмейтiн деректер сақтаулы тұр. – Ал сiз өзiңiз сол архивпен жұмыс iстеп көрдiңiз бе? – дедiм мен. – Мен өмiр бойы сол архивтермен жұмыс iстеп келе жатырмын, – дедi Гумилев. – Айтпақшы, сiзге керегi қандай мəлiмет? – Кир менен Томиристiң соғысы, жалпы скифтер туралы, парсы мен скифтiң арақатынасы, мiне, осындай мəселелер, – дедiм мен. – Ол бар, – дедi Гумилев. – Сасан əулеті заманында жазылған жəдiгерлер. Бiрақ ол сирек қолжазбаларда емес, құпия қолжазбаларда. Оған арнайы өтiнiшпен ғана кiредi. Мен сiздi кiргiзейiн. Бiрақ, кезекке тұрасыз. Кезегiңiз келген күнi оқымасаңыз, болды, айрылдыңыз. Келесi күнi келген адам өз кезегiн сiзге бермейдi. Яғни, кезектен қалмау керек. Сол жерде ант-су iштiм. Гумилев бiр адамға телефон шалып, аз-маз даудан кейiн, өзiнiң институты алдын ала броньдап алып қойған жүзден астам кезегi бар екен, соның бiреуiн маған алып бердi. Бiз қоштасып шығып бара жатқанда ұлы тарихшының ауыз үйiнде осы Ленинградта оқып жатқан бiр топ қазақ жастары кезек күтiп тұр екен. ...Менiң кезегiм бiр жарым жылдан кейiн, 1990 жылдың көктемiнде келдi. Кезектiң тақағанынан бiр ай бұрын хабардар етедi екен. Ректор Дүйсен Қасейiновке кiрiп, проблеманы айттым. – Əрине, бару керек, – дедi Дүйсекең. Көзiмше бухгалтерияға телефон шалып iссапар жасаттырып, жолға, басқа керекке жетерлiктей етiп мол ақша бергiздi. Сонымен, əлi есiмде, 11 сəуiр күнi ұшаққа отырып Ленинградқа аттандым. Айтылған күнi айтылған сағатта қолақпандай бiрнеше қолжазбаны арбамен əкелiп жаныма қойды. Едəуiр үлкен зал. Бiр-бiрiне қарамай шаншылып қолжазба оқып отырған адамдар. КГБ-ның екi адамы қатарлардың арасымен асықпай қыдырыстап жүр. Ол кезде басқа жерде болмағанымен, аталған кiтапханада ксерокс бар. Алайда, қолыңа тиген қолжазбаны ксерокстен өткiзуге болмайды. Фотоға түсiруге тағы болмайды. Конспект жасауға жəне болмайды.
Құрметтi оқырман, сiз қазақ болсаңыз, онда бұл сiздiң талай естiген, мақал-мəтел жинақтарынан талай оқыған, алайда, қанша рет естiп-оқысаңыз да мəн бермеген мақалдарыңыз. Асса, əр кезде, ру мен ру абырой жарыстырғанда, əлдебiр қисынға сəйкес айтылған мақал немесе мəтел деп қабылдадыңыз. Алайда, осы қарапайым ғана қанатты сөздiң тасасында бiздiң болашақ тарихи ғылымымыздың бағыт-бағдарын айқындайтын аса зор мəлiмет жатыр. Себебi, бұл сонау ықылымда, көз жетпес алыс заманда қалған көне елдiктен əлдеқалай жеткен аса құнды жəдiгер. Осы мақалдардағы «қаңлы» сөзiн пайымдап көрейiк. Əрине, «қаңлы» – қазақтың бiр руы. Соның атауы. Ендi бiр сөздi еске түсiрейiк. Қазақтың көнекөз қариялары, ескi қазақты, мысалға Серiкбол Қондыбай айтқан «есен қазақтан» бұрынғы байырғы қазақты, оның жерiн, суы мен нуын жинақтап «Қондыгер құба жұрт» деп бiр-ақ ауыз сөзбен белгiлейдi. Осы тiркестегi «Қондыгер» мен «қаңлы» сөзiнiң арасында тiкелей байланыс бар. «Қоң» кейiнгi түрiк тiлдерiн тудырған бiртұтас скиф тiлiнде «жылқы» деген мағына бередi. Қазақ тiлiнде «қоңның» үш синонимi бар. Олар «жылқы», «қысырақ» жəне «жұнт». «Қоң» кейiннен славян тiлдерiнде «конь» – «ат», «мiнiскер жылқы» деген сөзге айналды. (Сондай-ақ, қазақта жауға мiнетiн сайлауыт күлiктi «алаша ат» немесе жəй «алаша» деп атайды. Осы «алаша ат» сөзiнен орыстың «лошадь» («жылқы, ат») сөзi шыққан). «Вер бана ат. Пушкинтану парақтары» кітабында («Елорда», 2006, 159-бет) академик Ф.Е.Корштың: «Начало слова лошадь есть лошя, уменьшительное от турецкого алаша – низкая, мелкая порода лошадей» деген сөзі келтіріліп, «Мұның жақсы дəлелі – əзербайжан тілінде лақса жылқының (кляча) алаша делінетіні» деген уəж қоса айтылған. Ендi ойымызды жинақтасақ, «қаңлы» – «жылқы жарататын, жылқы мiнетiн, жылқылы ел» болып шығады. Алғашқы «қоңлы» сөзi кейiннен «қаңлы» сөзiне айналған. Қазақта малды, күйлі кісіні «қоңды» деу, жағдайы жүдеулеген жанды «қоңы түсті» деу əлі де бар ғой. Соның бəрінің түбінде қоң – жылқы тұр. Ендi «қондыгерге» келейiк. Көне түрiк тiлiнде «ебгеру» деген сөз бар. «Үйге қарай» дегендi бiлдiредi. «Табғашгеру» деген сөз бар. «Табғашқа қарай» дегендi бiлдiредi. Бұл сөздi ықшамдап жаңа пішін тудырудың амалы əсiресе, қазақ тiлiнде жақсы сақталған. Мысалға «алып кет – əкет», «алып кел – əкел». Осы заңдылыққа сəйкес скиф тiлiнде «қоңлы жауынгер» яғни «жылқы мiнген жауынгер» сөзi – «қондыгер» болып ықшамдалған. Ал скиф қоғамының, еркегi мен əйелi де, бала-шағасы да қару асынып жүретiн əскери қоғам екенiн еске түсiрсек, онда жылқы мiнген адамның мiндеттi түрде жауынгер болатыны өзiнен-өзi түсiнiктi. Яғни «қондыгер» де, «қаңлы» да, екеуi де «жылқы мiнген жауынгер», «жылқы мiнген жауынгер ел» немесе «көшпендi» дегендi бiлдiредi. Осы «қондыгер», «қоңлы» сөздерiн мен алғашқы рет Гумилевтiң көмегiмен кiрген қоймада отырып, Сасан империясы кезiндегi тарихи жазбалардан оқыған едiм. Көшпендiлер өздерiн «қаңлы» (қоңлы) немесе «қондыгер» деп атайды дейдi парсының тарихшылары өздерiнiң көне жазбаларында.
(Жалғасы бар).
6
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
Кітап көкжиегі
Дүние жəне дағдарыс
Жиырма бес єасыр сґзі
Төрткүл дүниені экономикалық тығырық құрсауына алған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысының аяқталар кезеңін көрудің ауылы алыс сияқты. Құрлықтардың бəрін құрсаулаған бұл экономикалық күйзелісті сарапшылар сан-саққа жүгіртіп, дағдарыстың бірінші толқыны, дағдарыстың екінші толқыны, дағдарыстың созылмалы салдары деген сияқты болжамдар жасады. Бірқатар дуалы ауыз сарапшылар тарих табалдырығын аттаған жылан жылы жаһандық дағдарыс құрықталып, дүние жүзінің экономикасы жаңа даму соқпағына түседі деген сарындағы пікірлерін алға тартқан еді. Алайда, экономистердің екінші бір тобы бұл пікірді жоққа шығарып, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, экономика лық күйзелістің кереметі əлі алда деген тұжырымдарын дəлелдеп бағуда.
«Ќазаќ афоризмдері» – ўлт руханиятына ќосылєан їлес Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
ЖАЋАНДЫЌ ЭКОНОМИКА Жылан жылєы жаєдай ќандай?
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Олардың айтуынша, əлемдік экономиканың бұрынғы қозғаушы күші боп саналатын АҚШ жəне Еуропалық одақ елдерінің əлеуеттері əлсіреп, жаһандық экономиканы барған сайын кері тартатын тежегішке айналуда. Соңғы жылдары белең алған дағдарыс кезеңінде экономикалық дамудың біршама жоғары қарқынын көрсеткен Қытай, Үндістан, Бразилия жəне Ресейдің əлемдік экономиканы дамудың жаңа соқпағына шығаруға мүмкіндіктері жетпейді. Сөйтіп, нақты дауасы табылмай тұрған жаһандық экономикалық дағдарыс жылан жылы да ушыға түсетін сияқты. Қаржы-экономикалық дағдарыс 2013 жылы барлық дəрежедегі экономикалар үшін күрмеуі күрделі құқайға айналатын түрі бар. Ең алаңдатарлығы сол, дуалы ауыз сарапшылар да, ғұлама ғалым экономистер де бұл дағдарыстың 2013 жылы қандай сипатта болатындығын дəл болжап айта алмай отыр. Өткен жылдың соңындағы жəне басталған жылдың алғашқы апталарындағы барлық дерек көздерін зерттей шүйліксек те, бірде-бір сараптау компанияларының ағымдағы жағдайды тап басып, нақты болжам жасаған тұжырымдарын таба алмадық. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2012 жылғы желтоқсан айындағы сараптамалық баяндамасы да көңілге медеу болар оң деректер келтіре алмады. БҰҰ-ның баяндамасы бойынша, əлемдік экономиканың даму қарқыны 2012 жылы өте баяулаған, соған сəйкес алдағы екі жылда да сылбыр болмақ. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2013 жылы жаһандық экономика 2,4 пайыз, ал 2014 жылы 3,2 пайыз өсім көрсетпек. Оның үстіне еуроаймақ қазірдің өзінде рецессияға түскен. «Əлемдік экономикалық ахуал жəне 2013 жылға арналған болжамдар» атты бұл баяндаманы Нью-Йоркте өткен баспасөз мəслихатында жан-жақты таныстырған БҰҰның Экономика жəне əлеуметтік мəселелер жөніндегі департаментінің директоры Роб Вос 2013 жылы əлемдік экономиканың жақсаратындығы туралы ешбір жылы лебіз айта алмайтындығын атап көрсетті. Сонымен бірге, оның айтуынша, бүгінде əлемнің көптеген мемлекеттері бастан кешіп отырған жұмыссыздық кеселінің тамырына балта шабылмайды. Еуропада жəне АҚШ-та орын алған қазіргі экономикалық ахуал 2008-2009 жылдардағы үлкен рецессия кезінде жойылған жұмыс орындарын қалпына келтіру үшін кемінде əлі бес жыл уақыт керек екенін көрсетеді. Баяндама авторлары экономикалық күйзелістің тамыры бірқатар дамыған елдердің экономикасындағы терең проблемаларда жатқандығын алға тартады. Əсіресе, Еуропадағы ерекше белең алған жұмыссыздық, қаржы секторындағы тұрақсыздық, бүйірі солған бюджетті үнемдеу үшін шөміштен қысу əдістері дамыған елдерді саңылауы жоқ тұйыққа тіреген. Осының салдарынан еуроаймақтағы бірқатар елдер нақты рецессия жағдайында отыр. Еуроаймақтағы жұмыссыздық бұрынсоңды болмаған жоғары деңгейге жеткен. Сондай-ақ, 2012 жылы АҚШ-тың экономикасы əбден əлсіреді. Болжам бойынша, 2013 жылы АҚШ экономикасының дамуы 1,7 пайыз көлемінде ғана бо-
лады деп күтілуде. Мамандардың пікірінше, əлемдік экономиканың алдында тұрған қауіпті тəуекелдердің ең бастысы – дамушы экономикалардан капиталдардың шетке кетуі, Еуропалық валюта одағының ыдырау қаупінің күшеюі, жаһандық экономиканың қозғаушы күштерінің əлсіреуі болып отыр. Сонымен дамушы экономикалардан капиталдың шетке кетуінің қаупі дегеніміз не? Мəселен, Ресей, Бразилия, Үндістан жəне Қытай сияқты елдердің дамушы экономикаларына қызмет көрсететін шетел инвесторларының бұл елдерге деген қызығушылығы азаятын болса, экономикаға нəр беріп тұрған қаржы тасқыны тыйылады. Капиталдың көптеп шетке кетуі ұлттық компаниялардың акцияларының төмендеуіне, экономиканың даму қарқынының тежелуіне əкеп соғады. Осының бəрі түптеп келгенде, адамдардың тұрмыс дəрежесінің төмендеуіне ықпал етеді. Ал ол тұтыну сұранысын төмендетеді. Егер экономикасы дамыған елдердің тауарларын дамушы елдердің тұтынатынын ескерсек, мұндай ахуал дамыған елдер экспортының азаюына əкеп соқтырады. Ендеше, дамушы елдердің капиталының сыртқа кетуі ұлттық экономикаларды құрдымға тірейді. Əлемдік экономикада қалыптасқан мұндай жағдай 2013 жылы жаңа қаржы дағдарысының белең алуына жол ашады. Кез келген ірі экономикаларда орын алған дефолт бүкіл жаһандық экономикаға əсер ететіндігі даусыз. Өткен жылдың соңғы айларында жəне жаңа жылдың басында қалыптасқан жағдай еуроаймақтың ыдырау қаупін жақындата түскен сияқты. Бұл жердегі толғандырар түйін – өткен жылы ғалымдар көп дауласқан Грекия еуроаймақта қала ма, əлде драхмаға қайта көше ме деген мəселе ғана емес, одан да ауқымды болып отыр. 2013 жылы Еуропалық одақ осы уақытқа дейін өмір сүріп келген дəрежесін сақтап қала ала ма? Бұл ретте Шығыс Еуропа елдері Батыс елдерінің тауарларын өткізетін қолайлы рынок болғысы келмейді. Олар өз тауар өндірушілерін қорғау мақсатында кедендік кедергілер орнатуды ойлауда. Бұрын Шығыс Еуропа елдері үшін бірыңғай одақ арзан несиелер алуға, тұрғындардың дамыған Батыс елдерінде жұмыс істеп, мол пайда табуына жағдай жасаған болса, енді мұндай мүмкіндіктер толық жойылды. Сондықтан Шығыс Еуропа елдерінің де бірыңғай одаққа деген көңілдері суи бастады. Бүгінде Еуропалық одақ – əлемдегі ірі экономикалардың бірі. Егер, кейбір сарапшылардың сəуегейлігі келіп, 2013 жылы Еуроодақ құрдымға құлайтын болса, онда жаһандық экономика да оңалмастай есеңгірейтіндігі даусыз. Сондықтан 2013 жылы жаһандық экономикалық даму үрдісі қалай болатындығын болжаудың маңызы зор. Дүниені дүрліктірген 20072009 жылдардағы əлемдік қаржы дағдарысын алдын ала дəл болжаған америкалық экономист Нуриэль Рубини өзінің батыл болжамдарымен тағы да назар аудартты. Жақында ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында Қытай экономикасында 2013 жылы «қатқыл қону» жағдайының орын алатындығын атап көрсетті. «Қатқыл қону» деген термин ұшқыштарға тəн, яғни ұшақтың əлдебір қауіпті жағдайдың алдын
алу үшін шұғыл қону тəсілін білдіреді. Ал экономикада «қатқыл қону» ұғымы дамудың тежелгендігін, жекелеген тіпті жалпы экономикадағы дағдарыстың орын алғандығын айғақтайды. ҚХР экономикасының даму қарқынының тежелетіндігі туралы бұрыннан бері айтылып келеді. Алайда, Нуриэль Рубини атап көрсеткендей, дағдарысты жағдайдың орын алатындығы əлі айтыла қойған жоқ еді. Жалпыға белгілі, бүгінде Қытай əлемдегі №1 экспорттаушы ел болып саналады. Соңғы жылдары ҚХР-дағы ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімі 10 пайыздан төмендеп көрген емес. Ел экономикасының жылдық өсу қарқынының 3/1-ін экспорттық өсу динамикасы құрайды. Қытай банкіндегі қауіпсіздік қорында 3,5 триллион доллар қаржы жинақталған. Еуроодақ елдерін тығырыққа тіреген дағдарыстың Қытай экономикасына келтіріп отырған залалы зор. Кəрі құрылықты құрсаулаған дағдарыс тереңдей беретін болса, Аспанасты елінің экономикасы да күрт кері кетпек. Өткен жылдың соңғы тоқсандарындағы ҚХР экономикасындағы тежелу үдерістері əлемнің көптеген инвесторларын ерекше алаңдатты. Сарапшылар болжап отырғанындай, Қытай экономикасының өсімі 8 пайыздан төмендейтін болса, Аспанасты еліндегі көптеген өндіріс ошақтары тоқтайды. Əлемнің ең ірі экономикасындағы мұндай тежелу жаһандық дағдарыстың қалыңдауына əкеп соғады. Сондықтан Қытай үшін Еуроодақ елдерінің қарыз құрсауынан шығып, экономикаларын оңалта бастауының маңызы зор. Нуриэль Рубини өзінің сұхбатында Шығыс Қытайға барған сапарындағы Шанхайдан Ханчжоуға дейінгі жүріп өткен жолындағы өзінің көрген əсерлерімен бөліседі. Ол өзі мінген жүрдек пойыздың жартылай бос болғандығын айта келіп, жолда кездескен стансалардағы жолаушылардың да қарасы тым аз екенін байқаған. Темір жол бойымен қатарласа салынған автобанның да толық қуатында пайдаланбайтындығын көрген. Сонымен бірге, бұл екі қала əуе байланысымен де толық қамтамасыз етілген. Міне, осылардың бəрін көкейіне түйген Рубини жүрдек пойыз, тамаша автобан, ұшақ бағыттары жоғары сұранысқа ие болмай отырғандығын алға тартып, артықшылық орын алғандығын дəлелдейді. Бір жағынан алғанда, тамаша инфрақұрылымдар түзіліп, қолайлы тұрғын үйлер бой көтерген. Екінші жағынан алғанда, халық үшін ауадай қажет осы игіліктердің бəрі қымбатшылыққа байланысты сұранысқа ие бола алмай қаңырап қалған. Бұның құпиясы Қытай басшылығының экономиканы барынша модернизациялау саясатында жатыр. Яғни ел билігі əлеуметтік тұрақтылыққа басымдық бере отырып, тұрғындардың жаппай жұмыспен қамтылуына бірінші кезекте жағдай жасайды. Осының нəтижесінде миллиондаған шаруалар ауылдарды тастап, қаладағы арзан жұмыс күшінің қатарын толтыруда. Экономист ғалымның айтуынша, бүгінде əлемдегі ең ұзын көпір Қытайда салынған, ең биіктікті бағындырған темір жол торабы осы елдің үлесінде. Қазір Қытай əлемде өндірілетін барлық цементтің жартысынан астамын шығарады. Яғни қазір бұл елдегі құрылыс қарқыны бүкіл əлемді
тұтастай алғандағы құрылыс қарқынының көлемімен бірдей. Құрылыс саласындағы соңғы жылдардағы бүкіл рекордтық көрсеткіштер де тек Аспанасты еліне тəн. Бұлай ұзақ жалғаса беруі мүмкін емес. Сондықтан Рубини 2013 жылы Қытай экономикасының даму қарқынының баяулайтындығы сөзсіз екендігін дəлелдейді. Жаһандық экономика жағдайында қалыптасқан осындай көңілсіз көріністің ішінде көңілге демеу болатын бір ғана мəселе, АҚШ Конгресінің соңғы шешімі болып отыр. Жаңа жыл қарсаңында АҚШ экономикасының техникалық рецессияға ұрынатындығы туралы ұзақ айтылды. Алып экономиканы бұл ауыр қатерден АҚШ президенті Барак Обаманың табандылығы құтқарды. Рождество мерекесі қарсаңында Барак Обама америкалықтардың алдында экономика туралы баяндама жасады. Ол бюджет тапшылығын тежеудің көкейкесті мəселелерін айта келіп, ел экономикасын тығырықтан алып шығу үшін байларға салынатын салық мөлшерін арттыру қажеттігін атап көрсетті. «Мен сияқты 250 мың доллардан артық табыс табатын адамдарға аз салық салып, студенттерге жəне зейнеткерлерге көп салық салу жағдайымен келісе алмаймын. Ауқатты адамдарға байлығының көлеміне қарай көп салық салынуға тиіс», – деді ол. Ақыры АҚШ Конгресінде Барак Обаманың қарсыластары – Республикалық партия өкілдері президенттің ұсынысын қабылдауға мəжбүр болды. Сөйтіп, ауқатты америкалықтардың байлығына қарай жоғары салық салу ұсынысы қабылданып, бюджет шығынын 109 млрд. долларға қысқарту ұсынысы 2 ай мерзімге кейін шегерілді. Обаманың бұл жеңісі АҚШ экономикасын тығырықтан толық алып шыға алмайды. Дегенмен, қарызға өмір сүріп отырған америкалықтарға экономиканы оңалту үшін байлардың да барымен бөлісуі керек екендігін ұқтырғандай болды. Жаһандық экономиканың қазіргі жағдайын саралағанда, Халықаралық валюта қорының жарияланған соңғы есебі де алда келеңсіздіктің күтіп тұрғанын көрсетеді. Онда əлемдік ІЖӨ-нің 2 пайызға төмендейтіндігі туралы айтылады. Сонымен бірге, ХВҚ 2013 жылы рецессияның орын алатындығын атап көрсетеді. Əлемдік экономиканың төмендеуінің кесірі тек дамушы елдерді ғана емес, тұрақты экономикалық даму жағдайындағы елдерге де кері əсерін тигізеді. 2013 жылғы жаңа экономикалық дағдарыс Ресей экономикасына елеулі ықпал етпек. Жалпы алғанда биылғы дағдарыстың салқыны экономикалары шикізат экспортына тəуелді елдерге қатты тиеді. ХВҚның мəлімдеуінше, барлық маркадағы мұнай баррелінің бағасы бұрын болжалынған 4 пайыз емес, 2,1 пайызға ғана көтеріледі. Осыған байланысты Бүкілəлемдік банк Ресейдің 2013 жылға болжалынған экономикалық даму көрсеткішін 4,2 пайыздан 3,6 пайызға дейін төмендетті. 2013 жылы мұндай рецессия салқыны барлық дамушы экономикаларды қамтитын болады. Еуроодақ елдері жəне АҚШ экономикасындағы 2013 жылғы рецессия салқыны терең болады. Қорыта айтқанда, ХВҚ болжамы бойынша 2013 жылғы дағдарыс ауыртпалығы 2008 жылғы жағдайдан да күрделі болмақ.
«Ой мен сөз! Сөз бен ой! Адамды адам еткен қос құдірет! Ой – адам рухының тұғыры һəм адамзат өркениетінің қозғаушы күші болса, сөз – сол ойды ұрпақтар игілігіне айналдырушы асыл айна һəм зерен зерде. Сондықтан да халықтың болмысын, рухы мен дүниетанымын танытуда олардың алар орны да бөлек. Қолыңыздағы кітап – сол сөзге айналған ойдың, оймен нұрланған сөздің салтанатын паш ететін ерекше туынды! Бұл кітап – айрықша кітап. Өйткені, мұнда 25 ғасырдың сөзі жинақталған. Сөз болғанда қандай сөз десеңізші! Қазақ афоризмдерінің тұңғыш антологиясы! Ақыл-ой антологиясы! Бұл кітапты сан ғасырлық тіршілік тағылымынан нəр алған мəуелі даналық дарағы десе болар еді... Бұл кітап – адам тағдыры һəм адамзат тағдыры туралы кітап. Бұл кітапты афоризмдермен айшықталған тарихи баян десе де болады. Бұл кітаптан қазақ сөзінің небір жауһарларын кездестіресіз... Қолыңыздағы кітап – ой кітабы. Ойлануға шақыратын, ойлауға үйрететін кітап». Бұл кітап – «Жүректің көзі ашылса» (Абай) деп замандасымыздың ойлы қазаққа, бүтін қазаққа, тіл білетін, діліне сенетін, күнкөрістің емес, ұлттың өрісін, дəуір желісін, кей тұстағы кемісін, кемістегі керісін кемелдікпен кең арнада табыстыруға үлес қосатын даналық дарағы, сөзге тоқтаған ұлылардың сөз байламы топтастырылған «Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат» (Сұлтан Бейбарыс) екенін ұғындыратын, оны бүгінмен ұштастырып, келер күнмен жалғастырып, келістіре тіккен кестедей ретімен жинаған, жүйелі құрастырған өзінен кейінгі екінші өміріндей дүниесі еді. Бұл қай замандас екен деп отырған шығарсыздар, ол: «Өмір мен өз тағдыры хақында ой топшылап, тұжырым түйе білсін деп, мен қалың қауым үшін жазамын. Өйткені, өлең маған емес, алдымен соларға керек. Əйтпесе, өлең менің не теңім? Халықтың санасезіміне өз арзуым мен қалауымды жеткізу жолында, сондай-ақ, ақиқи болмыс пен шынайы тіршілік ахуалын асыға ұсыну барысында, өкініштісі сол, менің өлең жазуға уақытым жете бермейді» деп, шығыстың жеті ұлы шайырының бірі Жалалуддин айтқандай, бүкіл саналы ғұмырын ұлт ісіне, жұрт жұмысына арнаған қазақ өлеңіне олжа салып, қазақ журналистикасына елеулі үлес қосқан, азаттықтың ақ таңы атқанда Елбасының жанынан табылып, ел дамуына бар күш-жігерін жұмсаған, ата-жұртында бұрын соқпақ түспеген Президенттің баспасөз хатшылығының жұмысына ұйытқы, ұйымдастырушы, тұңғыш баспасөз хатшысы болған, Отанымыздың рəміздерін ақпарат құралдарында сан қырынан танытып қана қоймай, əлемдік тəжірибелермен ұштастыра зерттеп, зерделеген, ғылыми тұрғыдан алғаш тиянақтаған рəмізтанушы, қазақ афоризмдерін бірінші рет жүйелеп, құрастырып қолданысқа енгізген, басқасын айтпағанда осындай ерекше үш қадамымен халқының азаматына айналған, таяуда ғана фəни дүниеден бақи дүниеге аттанған, қарымды қаламгер, қайраткер, ойлы азамат Ербол Шаймерденұлы еді. Мақаланың толғанысты бастау сөзін оның «Қазақ афоризмдері» деген елеулі еңбегінің беташарын алудағы мақсатымыз өзі болмағанмен көзі болар сөзінің салмағы қандай екенін аңғарта кету еді. Біз білетін Ербол Шаймерденұлы ақын еді. Бірақ Ербол дос азат елдің тірлік тынысы деп жүріп, бұл жанрға алдаусыратып жүріп, ертеңі жетіп артылатын болжаусыз өте шығар күндерге бой алдырып, Жалаладдин сияқты уақыты жетпей, жыр жиһазына тереңдеп бара алмады. Есесіне қазақ рəміздері туралы, қазақ афоризмдері жайлы іргелі еңбектерін мəре сызығынан өткізіп, елдің өмірлік игілігіне айналдырып, қабырғалы жұмысты азат ұлттың қанжығасына байлады. Бұл оның сан ғасырлық халықтың алтын арқауын жалғап, қазыналы қоржынына салған өзіндік үлесі еді ғой. Ербол Шаймерденұлы құрастырып, «Алматыкітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ афоризмдері» деген іргелі еңбек өткен жылдың желтоқсанында қолға тиген еді. Кітаптың алғашқы данасын Ербол өз көзімен көріп, жылы қабылдапты. Көңілі марқайып, еңбегінің жанғанын ішкі түйсік иірімдерімен сезіп, сол сəт бір серпіліп, сергіп кетіпті. Ендігі əңгіме бетін осы ұлт құндылығына бұралық. «Қазақ афоризмдері» – тарихи-философиялық зердемізді, ұлттық болмысымызды қамтыған, 78 дара данышпанымыздың, заңғарларымыздың əлемдік ақыл-ой иірімдерімен иық тірестіретін байламдарын озық ауыз əдебиетінің кіршалмас маржандарын жинақтаған энциклопедиялық еңбек. Ең бастысы, бұрын өзге елдердің осындай алуан түрлі кітаптарын аузымыздан тастамай, дəлел дəйек алып, тамсана оқып, сөремізден орын берсек, енді сол дүниелердің қатарына тұңғыш рет бір томдық «Қазақ афоризмдері» қосылып, əбілхаят нұрындай қызықтырып, құлшына оқуға ұмтылдырып отыр. «Даналық дарағы» атты зерделеуінде Ербол Шаймерденұлы афоризм туралы жан-жақты талдау жасап, оның бастау басынан мол мағлұматтар береді. Рухани мəдениеттің мəйегі екенін айтып, бұл сөздің «бүтіннің бөлшегі», «үзік», «фрагмент», «қысқаша анықтама» деген ұғымды беретінін алға тартады. Орыстар бұл терминді XVIII ғасырда айналысқа енгізсе, қазақ жұртынан Шоқан Уəлиха-
новтың тұңғыш қолданғанын айтып, ұлы ғалымның «Қазақтардың ұшан-теңіз өлең-жырлары... əлдебір дəуірлерде ақылды бабалары шығарған мəтелдері мен афоризмдері бар» деп жазғанын мысалға келтіреді. Өз заманының интеллектуал тұлғасы Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің афоризмді «ұшқыр ой» мағынасында қолданғанын, Ғабит Мүсіреповтің: «Қазақ кейбір тіршілік заңдарын афоризмдер түрінде жазып, есте қалдырған» деген ақиқатын тілге тиек етеді. Тіпті, афоризмдер сонау біздің дəуірімізге дейінгі III-IV ғасырларда Гиппократ «Афоризмдері» қолданыста жүргенін, оның аталмыш еңбегі «Өмір – қысқа, өнер – мəңгілік» деген нақылымен ашылғанын, қазақ афоризмдерінің асыл арнасы сақ-скиф дəуіріндегі ойшылдар сөзінен, көне түркі жазбаларынан басталатынын тиянақтап, «Жиырма бес ғасыр сөзін кестелеген осы антологияның беташарына айналған Анақарыс (Анахарсис) пен Тоқсары шығармашылығы соның бір жарқын дəлелі дерлік» деп бір түйіп тастайды да, оған мысалдар келтіреді. Одан кейін түркі Тоныкөк даналығына тереңдеп барады. Сол секілді қазақ афоризміне қатысты тарихи дəуірлеу мəселесіне ден қойып, «Біз антологияның бірінші бөлімінде («Ойқазына») авторларды орналастырудың алты кезеңге бөлінген жүйесін ұстандық. Оларды шартты түрде сақ-скиф дəуіріне орайлас – «Бағзы мəдениет бұлақтары (Арғы қазақ арналарынан) (б.з.д. Vғ. – б.з. VIIғ.)», түркілік діңгек кезеңге сəйкестендіріп – «Ортақ қазына» (VIII-XIV ғ.ғ.) ал қазақы табиғатына тетелес – «Төлбастау» (XV – XVI ғ.ғ.) деп айдарладық. Кейінгі тараулар «Құнарлы көмбе (XVII – XVIII ғ.ғ.)», «Өнердің алтын ғасыры» (XIX ғ.) жəне «Жаңа дəуір – жаңа арна» (XX ғ.)» деп аталды. Бұл бөлімдердің бəрінде белгілі бір авторлардың афоризмдері топтастырылған» дейді. Олардың сапында: Анарқарыс, Тоқсары, Тоңыкөк, Білге, Күлтегін, Қорқыт, əл-Фараби, Майқы, Асан Қайғы, Бəйдібек, Қазтуған, Əйтеке, Қазбек, Бұхар, Ақтамберді, Сүйінбай, Абай... қаймағы бұзылмаған қазақтың данышпандары менмұндалайды. Антологияның екінші бөлімі «Ақылнама» деп аталады. Халық ауыз əдебиетінің əртүрлі жанрларынан теріп алған афоризмдер де салмақты бір сананы құрайды. Жалпы, бұл кітапты ой тамызығы дегеніміз жөн секілді. Ербол Шаймерденұлы осы ой тамызығын əдеби жанр екенін жетеңе жеткізеді. Стильдік жəне əдеби көркемдік құралдарды пайдалану жолдарын айтып, «...афоризм – адамзат өркениеті мен мəдениетіндегі рухани сабақтастықты қамтамасыз ететін шағын философиялық ой, тəжірибелік түйін, логикалық қисын, əлеуметтік саясат, моральдық-этникалық жəне эстетикалық көзқарас авторлық тұжырым түріндегі қысқа əрі көркем əдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз» дейді. Сонымен бірге, афоризм қазақ мақал-мəтелдеріне, даналық иірімдеріне, өзге де ұлттық қысқа-нұсқа жəдігерлерімізге жақын екенін, онда тарихи жəне өмірбаяндық астарлардың молдығын, жалқылық пен нақтылықтың жақындығын тайға таңба басқандай тап басып айтады. Афоризмнің классикалық үлгілерін зерделеп, қазақ афоризмдеріне қатысты ғылыми пікірлерді алғаш айтқан ұлт зиялылары туралы ой тербей келіп, жиырмасыншы ғасырдағы афоризмнің айтулы өкілдері деп Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Ғабит Мүсірепов пен Бауыржан Момышұлын атайды. Даналық дарағын, көрікті ой, көркемсөзді теңіз түбінен маржан тергендей етіп жинап, «Ой – қазына», «Ақылнама» деп екі бөлімге топтастырып шығарған бұл кітаптың көлемі көңіл көншітіп, əр алуан ұлттық үлгідегі З.Мұхамеджанұлының əр дəуірге сай безендірілуі, басылған қағазы – бəрі де жарасым тапқан. Осының бəрін ыждаһаттылықпен, іскерлікпен əдемі қиюластырудағы, сұрыптаудағы, іріктеудегі Ерболдың талғампаздығын танытып тұрғаны анық. Соның нəтижесінде кімге де болса ұялмай ұсынатын бұл – қазақтың рухани байлығы деп ұлт жауһарларының қатарына қосылатын, өз сөзімен айтқанда «... ой кітабы. Ойлануға шақыратын, ойлауға үйрететін кітап». Жиырма бес ғасырдағы ең озық сөз маржанын жинақтаған кітаптан арғы-бергі дəуірлердегі ой алыптарымен бірге ХХ, ХХІ ғасырлардағы Алаш арыстары, одан кейінгі шоқтығы биік шоқ жұлдыздай ұлт зиялыларының зердей зерделі сөздері де орын алыпты. Олардың қатарында: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Дінмұхаммед Қонаев, Шерхан Мұртаза, Қадыр Мырзалиев, Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Асқар Сүлейменов, Əбіш Кекілбаев – несін айтасыз, алыптардың ақыл-ой сөзі көз жүгірткен адамның көңіл жиегін кеңейтіп, бір сəт ой теңізіне батырады. Қалай десек те Ербол Шаймерденұлының көз майын тауысып, саналы өмірін арнаған, қаншама том-том кітаптарды ақтарып, соның ішінен жиырма бес ғасырдан бері өлмей, өшпей, шаңға көміліп қалмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан жауһарлардан теріп, тақырыптарға бөліп құрастырған «Қазақ афоризмдері» он бір миллион қазақтың ортаймайтын руханиятына қосылған үлкен үлес деп санаймыз. Бұл қазақ афоризмдерін болашақта зерттеп, зерделеуге жолашқан, іргелі еңбек, тұңғыш қадам деп батыл айта аламыз. Қорытып айтар болсақ, «Қазақ афоризмдері» дегенде Ербол Шаймерденұлы алдымен ойға оралары айдай анық.
Ќўќыќ ќорєау ќарымы артпаќ Еліміздің құқық қорғау органдары үшін жаңа жыл ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңі болмақ. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында құқық қорғау мəселесі жоғары деңгейде айтылды. Онда еңбектеген сəбиден бастап, еңкейген қартқа дейін адамдардың құқықтарының қорғалуы қатаң назарға алынды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Бұл мақсатқа қол жеткізу барысында, тіпті, ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін де жаза күшейтілмек. Сондықтан да биылдан бастап, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңі басталуы керек. Бұл тек ұлттық мүдделерді ғана қорғап қоймай, сонымен қатар, қарқынды дамып отырған халықаралық құқықтық ортамен де үйлесуге тиіс. Демек, құқықтың барлық базалық салаларында біздің құқық жүйеміздің бəсекелестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау тапсырылатындығын Мемлекет басшысы қадап айтты. Əрине, бұл үшін əуелі елде кез келген тəртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік үрдісі қалыптасуы тиіс. Дамыған қоғам елде орнаған бірдей тəртіп пен реттіліктен, тазалықтан бастау алады. Сондықтан да Елбасы біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мəдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керектігін, өйткені, осының өзі-ақ қоғам тыныштығын бұзып, өмірдің сапасына селкеу түсіретіндігін жеткізді. Айнадай жарқыраған көшеде кетіп бара жатып шылым шегу, оның тұқылын кез келген жерге тастай салу, түкіру, қақырыну, көлік терезесінен көшеге қоқыс лақтыру мұның бəрі тəртіпсіздік, соның ішінде өзгенің құқын таптау деген сөз. Ал мұны болдырмау құқық қорғау органдарының міндеті. Сондықтан да тəртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашатыны ескеріле отырып, қоғамдық орындардағы бұзақылық əрекет үшін жеке іс қағазында жəне резюмеде міндетті түрде көрсетілетін жəне жұмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша өсіру кезінде ескерілетін жаза қолдану да енгізілетіні анық. Бұл орайда осы заңдылықтардың орындалуын прокуратура органдары қадағалайтын болады. Мəселен, мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін құ ратындығына байланысты енді прокуратура органдарының бизнесті заңсыз араласудан қор ғау бойынша жүргізіп отырған жұмыстары
кəсіпкерлердің құқықтары бұзылуының алдын алуға бағытталатын болады. Бұрынғы заңнамалар негізінде дайындалған кодекстер бүгінде ескіріп қалды, енді барлық құқық қорғаушылар алдына Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық жəне Əкімшілік құқық-бұзушылық туралы 4 негізгі кодексті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сəйкес келтіру жөніндегі жауапты міндет қойылды. Бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді жəне ең алдымен, қылмысқа қарсы мемлекеттің күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртады, сөйтіп азаматтар құқықтарын қазіргі сын-қатерлерге өз дəрежесінде əрекет жасайтындай деңгейге көтеретіндігін мамандар да айрықша айтуда. Бұған қоса тəртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жəне тиісті заңнамалық базаны жетілдіру мемлекет дамуының маңызды бағыттары ретінде айқындалмақ. Мəселен, жемқорларға қарсы күрес түбегейлі күшіне еніп, жəне соған сай тиісті заңнамалық база жетілген соң қазіргі миығынан күліп жүрген сыбайластардың соңғы сағаты соғатыны анық. Соған сəйкес алдағы кезеңде ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы жəне неке саласындағы заңнама түбегейлі қайта қаралады. Осы негізгі заңнамалық актілерді қабылдау қылмыстық сот өндірісін түбегейлі жаңартады жəне қазіргі біздің құқықтық жүйемізді заман талабына сəйкесінше жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа сапалық деңгейге көтереді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді одан əрі реформалау жөнінде жауапты міндеттер жүктелді. Осыған орай құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлеу, сондай-ақ, осы мəселелерді шешу үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құру, құқық қорғау жəне арнайы органдар жетекшілерінің Президенттік резервін қалыптастыру құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғырту бағдарламасында көрініс таппақ.
Єылым – Ќазаќстан жастарыныѕ таѕдауы! «Ғылым қоры» АҚ Астана қа ласының орта мектептері мен лицейлерінің «Тəуелсіз Қазақстандағы бала құқығы» атты зияткерлік сайы сын да жəне «Үнемді көлік» та қы рып тары бойынша үздік жəне тартымды жобаны ұсынғаны үшін жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Қордың басқарма төрағасы Қуатжан Уəлиев жобалар тұсаукесерлері қызықты жəне көкейкесті болғаны үшін алғыс айтты. Кездесуге №3, №36, №6, № 25 орта мектептерінің жəне дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары өз ғылыми жобаларын жарысқа ұсына отырып, ғылыми жұмыс жүргізудегі ең қызықты өмір жолындағы алғашқы қадамдарын жасады. Көрсетілген жобалардың жоғары сапалы жəне жаңаша екенін ерекше атап өтуге болады. Жастардың өз өңдеулерін жəне ғылыми жобаларын мектеп қабырғасында қалай дайындауды жəне ұсынуды білетіні əрине мақтан етуге тұрады. Қор қазақстандықтардың жас буынын ғылымға тартудың ма ңыздылығының зор екенін түсінеді. Отандық ғылыми кадрлардың қартаюы елдегі білімге негiзделген экономика құрылысының үдерісiне кедергі болып табылады.Жастарды ғылымға тарту мақсатында Қор соңғы үш айда жергілікті жетекші ғалымдардың қатысуымен Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Степногор, Ақтөбе қалаларының
7
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
мектеп жəне лицейлерінде конференциялар өткізді. Мыңнан астам жоғары сынып оқушылары мен олимпиада жеңiмпаздары Қор қаржыландыратын ғылыми жобалар туралы жəне қазiргi ғылымның дамуы жайлы хабардар болды. Қазiргi кезде Қазақстанда жастардың ғылыми жұмыспен айналысулары үшiн барлық жағдайлар жасалуда. Астанада əлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті ашылды. Универси тетте бакалавриат мамандарын дайындау үшін ең жақсы ұстаздарды тартуымен жəне оқу барысына жаттығу тəжiрибесiнiң кiрiгуiмен ең таңдамалы дүниежүзілік əдiстемелер бойынша жүргізілуде. Сонымен қатар, «Болашақ» президенттiк стипендиясы бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейiнгi ғылыми жəне педагогикалық кадрларын əзiрлеуге қайта бағдарланған. Инновациялық үдерістерді шетелде зерттеп, оларды Қазақстанда өндiрiске енгiзу үшiн қолайлы
КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупке фармацевтических услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для ЛПО Жамбылской области на 2013 год. Общая сумма 1 408 843 883,45 тенге. Полный перечень закупаемых услуг, их объем и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Услуги должны быть оказаны по Жамбылской области. Требуемый срок оказание услуг до 31 декабря 2013 года после заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 29 января 2013 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет №326, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: dzo_goszakup@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 30 января 2013 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 30 января 2013 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43 27 49.
жағдай жасалып жатыр. Соңғы жылдары ғылыми жұ мыстарға мемлекеттiк қаржылай қолдау едəуiр өсті. 2012 жылы ғылыми салаға мемлекеттiк қаржылай қолдау көлемі 42 млрд. теңгеден асты, бұл алдыңғы 3 жылдың орта санынан 2 есе көп. «Ғылым туралы» Заңның қа былдануына орай Қазақстан ғалымдарының рөлі мен мəртебесi өстi. Ғылыми жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасы жетекші шетел жəне отандық ғалымдармен iске асырылады. Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми кеңестердiң шешiмдерi уəкiлеттi органдармен орындалуы керектігі сөзсiз. Бiлiм жəне ғылым ми нистрлiгiмен тығыз байланыста бола отырып Қор қазақстандықтардың жас буыны ынтасын ғылымға қызығушылығын арттыру тетiктерiн жетiлдiру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Руслан ОСПАНОВ, «Ғылым қоры» АҚ менеджері.
«К.Т.С.» ЖШС, СТН 620300010085 Астана қ. МАЭС оңалту процедурасы бойынша іс қозғағандығы туралы хабарлайды. ТОО «К.Т.С.», РНН 620300010085 сообщает, что СМЭС г. Астана возбуждено дело по реабилитационной процедуре. Открылось наследственное дело после смерти Хасенова Даулета Хасеновича, умершего 06.07.2012 г. у ЧН Сулейменовой Айнуры Орынбасаровны, адрес: г. Астана, ул. Мирзояна, д. 25. ВП-28.
«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Жамбыл облысы ЕААҰ үшін 2013 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде фармацевтикалық қызметті сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды. Жалпы сомасы 1 408 843 883,45 теңге. Сатып алынатын қызметтердің тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік құжаттамада көрсетілген. Қызметтер Жамбыл облысы бойынша көрсетілуі тиіс. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі: келісім-шарт жасалған соң 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама бумасын əлеуетті өнім беруші 2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, №326 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе dzo_goszakup@mail.ru электрондық почтамен алуына болады. Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2013 жылдың 30 қаңтарында сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2013 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, 2-ші қабаттағы мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43 27 49.
Хабарландыру
«ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ 2013 жылдың 8 қаңтарында «Мейірім» көпсалалы медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ағылшын əдісімен сату жөніндегі, оның жарғы қорында көрсетілгендей «ҚазТрансОйл – Сервис» АҚ жүз пайыздық қатысу үлесімен болған аукционды өтпеді деп тану туралы хабарлайды.
АО «АК Алтыналмас», г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, Кбе 17, ИИК KZ8594806KZT22031329 в Филиале №6 АО «Евразийский банк» г. Алматы, БИК EURIKZKA, извещает держателей привилегированных акций о выплате дивидендов с 10.01.2013 г. по привилегированным акциям за четвертый квартал 2012 г. Размер дивиденда 125 тенге в расчете на одну акцию. Дивиденды выплачиваются в безналичной форме - перечислением на банковские счета акционеров.
Хабарландыру Қызылорда облысы Жалағаш аудандық білім бөлімі Жалағаш кентіндегі «Арай» балабақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кəсіпорын меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлетiн лицензияға, мектепке дейiнгi оқыту мен тəрбиелеу жарғысына жəне басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сəйкес мектепке дейiнгi оқыту мен тəрбиелеудi ұйымдастыру қызметiн басқарады. Педагогикалық кеңеспен бiрге белгiленген тəртiпте оқу жұмыс жоспарларын, негiзгi (вариативтiк, авторлық), мектепке дейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын, iшкi тəртiп ережелерiн əзiрлеудi жəне бекiтудi ұйымдастырады. Мектепке дейiнгi оқыту мен тəрбиелеудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сəйкес бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi; оқыту-тəрбиелеу үдерісiнде тəрбиеленушiлер мен ұйым қызметкерлерiнiң өмiрiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдайлар жасайды. Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, əдiстемелiк жəне басқа да мəселелердi шешедi. Тəрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оларды əлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Педагогикалық қоғамдық ұйымның жəне əдiстемелiк бiрлестiктiң қызметiне көмек көрсетедi. Тəрбиеленушiлердi тамақтандыруға жəне оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажеттi жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейiнгi оқыту мен тəрбиелеу ұйымының мүлiктерi мен қаражатына белгiленген заңнамалық тəртiппен иелiк етедi, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп бередi. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргiзудi, санитарлық-гигиеналық тəртiптiң, еңбектi қорғау жəне қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды жəне көмекшi қызметшiлердi iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарын əзiрлейдi. Кадрлардың кəсiби шеберлiгiн арттыруға жағдай жасайды. Белгiленген тəртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттаудан өткiзедi. Педагогикалық кеңестiң жұмысын басқарады. Мемлекеттiк, қоғамдық жəне басқа да ұйымдарда мектепке дейiнгi оқыту мен тəрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметi туралы қажеттi есеп дайындауды жəне ұсынуды қамтамасыз етедi. Қызметтік міндеттері: - жоғары педагогикалық білімі жəне мектепке дейінгі оқыту мен тəрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі- зайыптылық) жəне отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарын жəне басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; экономика негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, қауiпсiздiк техникасы жəне өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дəрiгерге дейiнгi медициналық көмектiң негiздерiн. Конкурсқа қатысушылар аудандық білім бөліміне мына құжаттарды тапсырады: - конкурсқа қатысу туралы өтініш; - мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; - еркін нысанда жазылған өмірбаян; - нотариалды куəландырылған білімі туралы құжаттарының көшірмелері; - денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама; - еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; - 3х4 өлшемдегі сурет. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне т.с) беруіне болады. Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3 үй, тел: 8 (724-31) 32-3-54, 31-0-91. Конкурстық комиссияның қорытынды əңгімелесуі аудандық білім бөлімінде өткізіледі. Аудандық білім бөлімінің конкурстық комиссиясы
Объявление Районный отдел образования Жалагашского района Кызылординской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности заведующего государственным коммунальным казенным предприятием детский сад «Арай» пос.Жалагаш Функциональные обязанности: Руководит деятельностью организации дошкольного обучения и воспитания (далее ДО) в соответствии с лицензией на право ведения образовательной деятельности, уставом ДО и другими нормативными правовыми актами. Совместно с педагогическим советом, в установленном порядке организует разработку и утверждение рабочих учебных планов, основных (вариативных, авторских), дополнительных дошкольных образовательных программ, правил внутреннего распорядка. Обеспечивает реализацию образовательных программ в соответствии с государственным общеобязательным стандартом дошкольного воспитания и обучения; создает необходимые условия безопасности жизни и здоровья воспитанников и работников организации во время воспитательно-образовательного процесса. Определяет структуру управления организацией, решает финансовые, хозяйственные, научные, методические и иные вопросы. Формирует контингент воспитанников, обеспечивает их социальную защиту. Содействует деятельности общественных педагогических организаций и методических объединений. Обеспечивает необходимые условия для организации питания и медицинского обслуживания детей, укрепления и охраны здоровья воспитанников. Распоряжается имуществом и средствами ДО в установленном законодательством порядке, представляет ежегодный отчет о поступлениях и расходовании средств учредителей. Обеспечивает учет, сохранность и укрепление учебно-материальной базы, соблюдение правил санитарно-гигиенического режима, охраны труда и техники безопасности. Осуществляет связь с общественностью, организациями, взаимодействие с родителями (лицами, их заменяющими). Осуществляет подбор и расстановку педагогических кадров и вспомогательного персонала, разрабатывает должностные инструкции работников. Создает условия для повышения профессионального мастерства кадров. Проводит в установленном порядке аттестацию работников. Руководит работой педагогического совета. Представляет ДО в государственных, общественных и иных организациях. Обеспечивает подготовку и представление необходимой отчетности о деятельности ДО. Требования к участникам конкурса: - высшее педагогическое образование и наличие 5-летнего педагогического стажа работы в дошкольных организациях. Обязанности: Конституцию Республики Казахстан, Кодекс «О браке (супружестве) и семье», законы Республики Казахстан «Об образовании», «О языках в Республике Казахстан», «О правах ребенка в Республике Казахстан», «О борьбе с коррупцией», «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» и другие нормативные правовые акты, определяющие направления и перспективы развития образования; основы педагогики и психологии; государственные общеобязательные стандарты образования; педагогику, педагогическую психологию, достижения педагогической науки и практики; основы экономики, финансово-хозяйственной деятельности, законодательства о труде; правила и нормы охраны труда, техники безопасности и противопожарной защиты, санитарные правила и нормы, основы доврачебной медицинской помощи; санитарные правила и нормы. Желающие принять участие в конкурсе предоставляют в районный отдел образования следующие документы: - заявление на участие в конкурсе; - резюме на государственном и русском языках; - автобиографию; - нотариально заверенную копию трудовой книжки; - нотариально заверенную копию документа об образовании; - справку о состоянии здоровья; - фотографию размером 3х4. Участвующие в конкурсе могут предоставить дополнительную информацию, касающуюся их образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоения ученых степеней и звании, характеристики, рекомендации и.т.д). Необходимые для участия в конкурсе документы должны быть предоставлены в течении 15 календарных дней с момента публикации объявления по адресу: Кызылординская область, пос. Жалагаш, ул. Желтоксан, №3, тел: 8 (724-31) 32-3-54, 31-0-91. Итоговое собеседование конкурсной комиссии будет проведено в отделе образования. Конкурсная комиссия районного отдела образования
Сәуле Тұрарқызы РЫСҚҰЛОВА Қазақстан ғылымы ауыр қазаға душар болды. 9 қаңтарда 80 жасқа қараған шағында биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ХААК құрылғаннан бергі оның Төралқасының мүшесі, еліміздің жетекші радиоэкологы Сəуле Тұрарқызы Рысқұлова өмірден озды. Оның əкесі Тұрар Рысқұлов – көрнекті мемлекет қайраткері, РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары – жеке басқа табыну кезеңінде тұтқынға алынып, 1938 жылы атылған. 1956 жылы ақталған. Сəуле Рысқұлова 1933 жылдың 2 маусымында Мəскеуде туған. Əкесі, шешесі жəне басқа да туысқандары тұтқындалғаннан кейін Мəскеуден кетіріліп, Одесса облысындағы балалар үйіне орналастырылған. Сəуле Тұрарқызы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын, кейін биохимия кафедрасы бойынша аспирантураны бітірген. 1964 жылы «Радиациялық биохимия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. Сəуле Тұрарқызы ҚазМИ мен Дəрігерлер білімін жетілдіру институтында сабақ берді, ҚазМИ-дің Орталық ғылыми-зерттеу зертханасында биохимия бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1981-1996 жылдары Қазақстан Республикасы ҰҒА Экспериментальді биология жəне зоология институтының радиобиология зертханасына меңгерушілік жасады. 1986 жылы Ленинградтағы рентгенрадиология ғылыми-зерттеу институтында «Плазмалық мембраналардың радиациялық сəулелену механизмі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1996 жылдан – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Зоология институтының бас ғылыми қызметкері. Сəуле Тұрарқызы Рысқұлова Экобиоресурстар министрлігінің, Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің, Энергетика, индустрия жəне сауда министрлігінің мақсатты мемлекеттік бағдарламаларын қабылдау бойынша ғылыми-техникалық кеңестерінің бірнеше мəрте сарапшысы жəне мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің тапсырмасы бойынша республика уран кəсіпорындарына сарапшы ретінде барып тұрды. Халықаралық жəне республикалық ғылыми форумдарға қатысты. Сəуле Тұрарқызы Рысқұлова 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде «Плазмалық мембраналардың радиациялық биологиясы», «Экология жəне радиация», «Семей полигоны: құрылуы, қызметі, конверсиясы» монографияларының авторы. Тамаша ғалымның жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде əрдайым сақталады.
Еске алу
Жаны жайсаң аяулы азамат еді... Көреген де дана қазақ еліне елеулі, халқына қалаулы, жаны жайсаң аяулы азамат өмірден өткенде қимай айтатын сөзі бар: «Жақсы кісі, жақсы азамат еді» – деген. Мұқан Жəнібек Нұртазаұлы көпшіліктің құрметіне бөленген сондай азамат еді. Сұм ажал оны ортамыздан мезгілсіз алып кеткеніне де қырық күннен асты. Жəнібек Нұртазаұлының ортамызда жоқ екеніне сенгің де келмейді. Ол небəрі 54 жыл-ақ өмір сүрді. Бірақ көп істі тындырды. Іскерлігімен, басшы ретінде ұйымдастырушылық қарым-қабілетімен ерте танылды. Жастайынан алдына үлкен мақсат қойған, атаанасының мол үмітін ақтай білген Жəнібек Нұртазаұлы мектепте де, одан кейін Семей зоотехникалық-малдəрігерлік институтында оқыған кезінде де белсенді беделімен көзге түсті. Институтты үздік тəмамдады. Оны айтасыз-ау, студенттің халық депутаттары облыстық Кеңесінің депутаты болып сайлануы сирек кездесетін жағдай ғой. Ал, Жəнібек бауырымыз студент болып жүріп-ақ, халық қалаулысы атанды. Студенттердің əлеуметтік-тұрмыстық мəселесін шешуге араласты. Оқу бітіріп, еңбекке араласқанда да алғырлығымен алғы шептен табылды. Құрметке бөленді. Болашақ өмірінің соқпақ жолын таңдауда оу баста қарапайым еңбекке араласудың да тигізетін пайдасы жоқ емес. Жəнібек өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында қатардағы автокөлік жүргізушісі де болды. Сонан кейін институтқа барып оқуға түсті. Лебяжі ауданына қарасты Майқарағай кеңшарында білімді де білікті жас маман көп кешікпей бас мал дəрігері қызметіне көтерілді. Мал басының аман сақталып, көбеюіне қажырлы еңбегімен мол үлес қосты. Осы үрдіспен Екібастұз ауданына ауысып, ондағы елді мекендерде де бас мал дəрігері ретінде іскерлігімен танылды. Туған ауылы Павлодар облысының Шақа ауылы еді. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында туған аумағы Лебяжі ауданына қайта ауысып, Баймолдин елді мекенінде өз мамандығы бойынша қызу еңбекке араласты. Восточный ауылдық округіне əкім болып тағайындалғанда жұрт бұл таңдаудың дұрыстығына қуанды, таңданған жоқ. Елді мекендегі тұрғындардың əлеуметтіктұрмыстық жағдайын жақсартуға көп күш жұмсады ол. Іскер азамат ауданға қашанда қажет қой. Жəнібек Нұртазаұлын осы қасиеті аудан орталығы Аққуға амалсыз қоныс аудартып, аудандық малдəрігерлік бақылау бөліміне басшы болып тағайындалды. Мұнда мемлекеттік бірқатар мекемелерде де басшылық қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдары Қызылағаш ауылдық округінің əкімі лауазымында Бесқарағай елді мекенінің əлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Өмірден озғанға дейін ауданның бүгіні-ертеңі үшін адуынды еңбек атқарған Жəнібек Нұртазаұлының зиялы-қайраткерлік тұлғасы, аузын ашса ақ жүрегі көрінетін жайдары-жайсаңдылығы, қанша басшылық лауазымдық қызметте жүрсе де өзгеге үлгі боларлық қарапайымдылығы мен адамгершілігі, қандай да бір қиын-қыстау сəттерде сабырлық ұялаған жарасымды жымиысы, жеңісті-қуанышты, берекелі кездердегі шат-шадыман күлкісі, жарқын жүзі өзін білген адамдардың жүрегінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Оның бар бақыты балалары еді. Көңілге медет тұтатынымыз өсіпөркендеп келе жатқан төрт қызы мен көзінің ағы мен қарасындай ұлы Нұрсұлтан дер едік. Бұл есімді ол Елбасын құрметтегені үшін əдейі Нұрсұлтан деп қойып еді. Балаларының бəрі де инабатты, кішіпейіл де тəртіпті, мұқтаждарға қашанда қамқорлық жасауға əзір тұратын адал азамат болып жетіліп келеді. Ал, атын шығарар Нұрсұлтаны Жəнібек Нұртазаұлы шаңырағының туын төмен түсірмейтініне біздер кəміл сенеміз. Жəкең жан-жары Бақтикамал екеуі ата, əже атанып, жиендерін де тəрбиелеуге қолұшын тигізді. Десе де, Аллаға шүкіршілік дегіміз келеді. Атпал азаматтың есімін ұмытпайтын, өзін жақсы қадірлеп, сыйлаған ел-жұрты бар. Жəкеңнің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын дей келе, осынау азаматты жоқтатпай, соңынан өсіп-өркендеп келе жатқан үрім-бұтағына жалғанның шарапаты да, шапағаты да нұр үстіне нұр болып тие берсін, аруағы ұрпағын желеп-жебеп жүрсін дегіміз келеді. Жəнібек Нұртазаұлының жарқын бейнесі, сəулелі өнегесі əрдайым жадымызда жаңғырып тұрады. Еске алушылар атынан: Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округі Бесқарағай орта мектебінің оқытушысы Бегімхан Ибрагим.
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Сəуле Тұрарқызы РЫСҚҰЛОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Көлік жəне коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, «Қазгорпроект» ұжымдары «Қаздорпроект» мекемесінің резидент-инженер қызметкері Кеңшілік Нұрсейітұлы Өтеғұлға зайыбы Лəззат Кəкімқызы ОМАРОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы мұнай-газ өңдеу бойынша бас сарапшы Ғалымжан Жыршыбекұлы Амантурлинге ағасы Əлімжан Жыршыбекұлы АМАНТУРЛИННІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Математика жəне математикалық модельдеу институтының ұжымы ҚР ҰҒА академигі Назарбай Қадырұлы Блиевке інісі Асқар ҚАДЫРҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Атамұра» корпорациясының ұжымы корпорация қызметкері Эльвира Омароваға ағасы Серік ТІЛЕУҒАЗЫҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының дəрі-дəрмек саласында көп жыл бойы абыроймен қызмет атқарып денсаулық сақтау қызметінің үздігі атанған, аяулы ағамыз Ержан ҚАЛЕКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен бауырларына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Астанадағы туған-туыстары.
8
www.egemen.kz
10 қаңтар 2013 жыл
Еркін елдің ертеңі
Жағымды жаңалық Облыс орталығында өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды. 50 кереуеттік орталық Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Алдағы уақытта медицинаның озық технологияларымен жабдықталған орталықта жылына шамамен 2500-ге жуық ота жасалмақшы. Балалардың жүрек ауру сырқатына да, тіпті, туа біткен жүрек ақауы бар жас сəбиге де оталар осы орталықта жасалады, дейді мамандар. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бұл күндері өңірде жүрек ауруларына шалдыққан 600 бала есепте тұрса, оның 150-іне ота жасалуға тиіс. Денсаулық сақтау
Қызылтаң ауылдық мектебін қамқорлыққа алған Ақмола облысы бойынша кеден департаментінің ұжымы 4-11 сыныптың 48 оқушысын еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхатқа алып барды. Олар жаңа заманның ғаламат мегажобасын іске асырған Елбасымыздың күш-қайраты мен көрегендігінің нəтижесінде бой көтерген қаланың тəлім тіршілігіне, қанатты рух қайнарына тəнті болды.
министрлігінің мəліметі бойынша, бүгінгі таңда елімізде жүрекқан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімдер 19 пайызға төмендеген. Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдау-
Шат жїзіѕді мўѕ шалмасын, бїлдіршін! ында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ететін жаңа əдіс-тəсілдерді енгізу жөнінде нақты міндеттер айқындалған. Жаңа орталықта Ресейдің Түмен облыстық ауруханасы кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі К.Горбатиков төрт операция жасады. Ал, жергілікті кардиохирургтер Ресей, Беларусь, Израиль, Югославия елдерінде тəжірибелерін шыңдап, біліктіліктерін жетілдіріп келіпті. Олардың бесеуі – «Болашақ» бағдарламасының түлектері.
Кеденшілер ќуанышќа бґледі Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Ауыл балалары қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңін айшықтайтын «Астана-Бəйтерек» ескерткішінде, «Хан Шатыр» кешенінде, «Думан» ойын-сауық» орталығында, «Жунгли» павильонында болып, əсем қаланы автобуспен аралады. – Сапарымыздың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайынан басталғанына қуандым, – дейді 11 сынып оқушысы Аслан Шайхин. – Елбасының балалық шағы мен еңбек жолы жайлы мағлұматтарға қанығып, металлург каскасын, шетел мемлекеттерінің марапаттарын, сый-сауғаларын құрмет сезіммен тамашаладық. Сондай-ақ, мұражайдан Олимпиада чемпионы Серік Сəпиевтің Елбасына тарту еткен қолғабын көрдім. Бұл бокс секциясына қатысатын мектеп оқушыларын жігерлендіре түседі. Сапар тағылымы туралы, қысқы демалысымыздың мəнді өткендігі жайлы мектеп қабырға газетіне мақала жазбақпын.
Павлодар облысы.
Спорт Биылғы жылдың спорттағы ең басты оқиғасы деп елімізде тұңғыш рет бокстан ересектер арасында өтетін əлем чемпионаты мен Бокс академиясының ашылуын айтуға болады. Əлем чемпионаты елімізде бұған дейін Астанада жасөспірімдер арасында ғана өтсе, ересектер арасында əлі өтіп көрген емес. Ал Бокс академиясы туралы сөз мүлдем басқа. Мұндай ғажап бокс ордасы спорттық держава деп саналатын дамыған елдердің өзінде де жоқ. Жақында біз еліміздің бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Болат АБДРАХМАНОВПЕН кездесіп, федерацияның өткен жылы атқарған жұмыстары, осы жылы өтетін əлем чемпионаты мен басқа да жоба-жоспарлары туралы айтып беруін өтінген едік.
Ақмола облысы, Зеренді ауданы.
д ю т э о т Фо Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.
Меншік иесі:
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР
– Болат Үкібайұлы, қай салада болсын өткен жылға есеп беріп, жаңа жылға жоспарлар жасайтын кез болады ғой. Ендеше, федерация үшін былтырғы жылдың қалай өткенін жəне биылғы жылға қандай мақсаттар қойылып отырғанын айтып берсеңіз. – Биыл Қазақстан спорт тарихында тұңғыш рет ересектер арасында əлем чемпионатының өтетінін білесіздер. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға жəне оның бір ерекшелігі ол 1986 жылдан бері алғаш рет шлемсіз өтетін болады. Бұл бəсеке спорттық күнтізбеге сəйкес, 4-20 қазан аралығында Алматыда өтеді. Қазірдің өзінде оған біздің ұлттық құрама команда дайындығын бастап кетті. Құраманың бас жаттықтырушысы – Мырзағали Айтжанов. Командадағы өзгерістерге келсек, Олимпиада чемпионы, екі дүркін əлем чемпионы Серік Сəпиевтің қолғабын шегеге ілгенін білесіздер. Қазір оның орнына Данияр Елеусінов капитан болып отыр. Əлемде 69 кило салмақты қазақтар салмағы деп те айтып жүр ғой. Данияр Олимпиададан кейін осы салмаққа ауысып, енді қазір əлем чемпионатына дайындалып жатыр. Жалпы, былтыр қараша айында Астанада өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша команданың құрамы анықталып отыр. Осы чемпионаттағы жекпе-жектер АИБА-ның жаңа ережесі бойынша сынақ ретінде қорғану бас киімінсіз өтті. Əрине, басында боксшыларға оңай болған жоқ. Жарақаттар алып жатты. Дегенмен, ширек финалға келгенде боксшыларымыз үйреніп, бас киімсіз-ақ айқаса алатындарын көрсетті. Қазір шлемсіз бокстасудың қажеті бар ма деп көп жерде айтылып жатқанын білеміз. Менің ойымша, оның пайдасы көп деп ойлаймын. Бұрын қорғаныс шлемдері беттің жартысын жауып, боксшыларыздың бет-келбетін көрсетпейтін еді. Сосын боксшылар рингте тұрып алып, бір-біріне жабысып алатын. Енді олар шлемді тастаған соң, жарыстың көрігін қыздыру үшін техникаға, яғни шаршы алаңда жүгіріп, жұмыс істеуге мəн беретін болады.
дымен ел өңірлерінде дұрыстап дамыту қолға алынды. Бұл істі жергілікті мекемелер мен кəсіпкерлер қауымы қолдап жатыр. Соның нəтижесінде еліміздің көптеген қалаларында, кейбір аудандарында арнайы бокс мектептері мен кешендері іске қосылды. Нақты жұмыстарға келсем, бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан Қазақстан Бокс федерациясының кубогі үшін жарыс ел спортындағы ұтымды жобалардың бірі болды деуге негіз бар. Қазір осындай үлкен жарыстарды өткізу арқылы біз өңірлерде бокстың қаншалықты дамып жатқанын көріп отырмыз. Мəселен, 2011 жылы Қарағанды облысының құрамасы жеңімпаз атанса, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысын жеңген Маң-
Биылєы жылдыѕ басты бəсекесі Биылғы жылы елімізде Бокс академиясын ашу да жоспарланып отыр. Мұндай орталықты Қазақстанда салу туралы шешім Швейцарияның Лозанна қаласында өткен АИБА-ның жиынында қабылданған болатын. Бокс академиясы əлем чемпионатының қарсаңында қазан айының алғашқы күндерінің бірінде ашылады. Қазір оның құрылысы кестеге сəйкес жүргізілуде. Құрылысы мамыр айында бітуі керек. Жалпы, Халықаралық əуесқой бокс қауымдастығы əрбір құрлыққа бір-бірден бес академия салуды жоспарлап отыр. Бокс академиясында төрешілер мен жаттықтырушылардың қайтадан біліктілігін сараптауға, боксшыларды дайындауға арналған жұмыстар жүргізіледі. Ол біздің жаттықтырушылар мен төрешілердің өз деңгейлерін көтеретін нысанына айналып қана қоймай, іс жүзіндегі əлемнің барлық спорттық функционерлері Алматыға тұрақты түрде келетін, ал бізге оларды жетістіктерімізбен, елдегі бокстың даму жағдайымен таныстыруға мүмкіндік беретін бокс ордасы болады. – Қазіргі кезде боксты дамытуда федерация қандай жұмыстарды қолға алып, жүргізуде? – Жалпы, бүгінде бокс бүкіл əлем бойынша қарқынды дамып келеді. Мəселен, осыдан 10 жыл бұрын Қытай, Моңғолия, Бразилия, Ирландия, Əзербайжан, Үндістан сияқты елдерде боксқа жақсы мəн бермейтін еді. Ал бүгінде боксқа деген көзқарас мүлдем өзгерген. Бұл жағдайды Лондон Олимпиадасында да өздеріңіз көрдіңіздер. Демек, көптеген елдерде бокс футболдан кейін нөмірі екінші спортқа айналып отыр деуге болады. Қазақстан Бокс федерациясы да осы жағдайды ескеріп, еліміз бойынша боксты дамытудың жаңа жобаларын іске асыра бастады. Боксты ал-
ғыстау облысының командасы федерация кубогын жеңіп алды. Бұл дегеніміз, нағыз бəсекені көрсетеді емес пе?! Бокс осылайша іштен жанданып, іштен жетілгені өте дұрыс деп ойлаймын. Сонда негізгі құрамаларға нағыз мықтыларды іріктеуге жол ашылады. – Енді халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген боксшыларымыз туралы айтып берсеңіз. Олардың көрсеткішіне көңіліңіз тола ма? – Былтырғы Олимпиадада Серік Сəпиев алтын медальді, Əділбек Ниязымбетов күміс жəне Иван Дычко мен əйелдер арасында Марина Вольнова қола жүлдегер атанып, еліміздің абыройын асырды. Елдік тұрғыдан қарағанда, біз көбіне осындай ірі ресми жарыстардың көрсеткішін алға тартамыз. Осы орайда мен Маринаның Олимпия ойындарының бағдарламасына алғаш
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.
БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru
А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.
рет енгізілген жарыста қола жүлдеге ие болуын үлкен жетістік деп бағалаймын. Ал Серік Сəпиевтің жөні басқа. Ол бұл жетістікке жету үшін көп уақытын өткізді. Олимпиада чемпионы атанған соң, соған лайықты бағасын алды деп ойлаймын. Өйткені, Олимпия ойындары, бұл – спорттың ең биік шыңы. Олимпиада чемпионы – мəңгілік атақ. Тек қана спортшының атағы емес, мемлекеттің мерейі, ұлттың абыройы. Осы орайда біз Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев барлық мамандарға жоғары талап қойып отырғанын айта кетуіміз керек. Қазіргі кезде осындай талаптың нəтижесінде еліміздің көк байрағы биікте желбіреп, қасиетті Əнұранымыз талай елдерде ойналып келеді. Тағы айтатын нəрсе, былтыр Серік Сəпиев пен Руслан Мырсатаев Азия бокс конфедерациясының шешімі бойынша үздік боксшылар атанды. Жалпы, боксшыларымызға көңіліміз толады. Дегенмен, əлі де жұмыс істеу керек. 81 килода Алмат Серимовке, аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкиийге көп үміт артуға болады. – Қазір жастар мен жасөспірімдерге, яғни Қазақстан боксының резервіне көңіл бөлу жағы қалай болып жатыр? – Бұл жерде, біріншіден, мына жағдайды айтып өтсем деймін. Қазір еліміз бойынша ұйымдастырылатын барлық жарыстар халықаралық талаптарға сай өткізіледі. Екіншіден, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуге ерекше талап қойылған. Жастар мен жасөспірімдер командаларын да түрлі жарыстарға қатыстыру жүйесі қалыптасты. Бапкерлер мен төрешілердің шеберлігін жетілдіру де назарда ұсталады. Осының бəрі Қазақстан Бокс федерациясының резервті алдын ала тəрбиелеуге бағыттап жасап жатқан жұмыстары. Мұндай мақсатты жұмыстардың нəтижесі болатыны сөзсіз. Əңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.
Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы
Жақсыбай САМРАТ.
Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №145 ek