Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық
Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.
1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады
♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті
www.ortalyk-kaz.kz
♦ СЕЙСЕНБІ, 12 ШІЛДЕ, 2016 жыл №110 (22 215) ♦
Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.
Қарағандыда жасалған Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан»
Сіздерді кәсіби мерекеле ріңізбен шын жүректен құт тықтаймыз! Сіздер өз өмірлеріңізді ауыр да қауіпті қызметке, Отанымыз Қазақстанның абыройын қызғыштай қор ғауға арнадыңыздар. Ұлттық қауіпсіздік ор гандары – мемлекеттің мүд десі мен азаматтардың құ қығы мен бостандығын қор ғау ісінің алғы шебінен орын алады. Сіздерге еліміздегі тұрақтылықты сақтауда, терроризммен күресте, эко номикалық қылмыстардың алдын алуда маңызды мін деттер жүктеледі. Сіздердің қызметтеріңіздің, тапсы рылған тапсырмаларды нақ ты әрі дұрыс орындаулары ңыздың арқасында қоғамы мыздағы тыныштық сақта лып, бейбіт өмір жалғасып келеді. Батылдық, кәсіби ше берлік, бекем бірлік пен те мірдей берік тәртіп, қыра ғылық пен жеделдік қасиет тері – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметшілеріне тән сипаттамалар болып табылады. Бүгінде біздің облыс тұр ғындары алаңсыз еңбек етіп, гүлденген мемлекеттің ір гесін тұрғызуда. Бұл, әрине, сіздердің тынымсыз еңбек теріңіздің нәтижесі. Біз сіздерге арқа сүйейміз. Сіздердің қырағы қызмет теріңіздің арқасында жерлес теріміз бұдан да қарқынды еңбек етіп, Отанымыздың мемлекеттік жүйесі нығая беретініне сенімдіміз. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бақыт пен береке, қызметте жаңа белестер тілейміз.
Алдындағы асының адалдығына алаңдайтын қазіргі кезең – азық-түліктің қауіпсіздігіне қырағылықты қажет етеді. Шекара асып жеткен тағам тұрмақ, кейде отандық кәсіпорындардан шикілік шығатынын жасырып, жаба тоқи алмаймыз. Десек те, өзіміз түгілі сырт елдің үздік бағасын алып жүрген кәсіпорындарды кір қолмен ұстауға хақымыз жоқ. Сырт көз сыншы болса, сол сыннан сүрінбей өткен – «Natura Bogata» сауда маркасы. Ресейде өткен байқауда оның үздік танылғанын біреу білсе, біреу білмес. Қарағандылық компания «Үздік азық-түлік InterFood St.Peterburg» байқауының жүлдесін қанжығасына байлаған болатын.
Атап айтсақ, Петербордан «Green Foods» компаниясы «Геркулес» арпа және «Natura Bogata» қарамұқ жармасы 2-3 орынды иеленген. Бұл байқау – Ресейде «InterFood St.Peterburg” халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылған. Көрменің жетістігі байқаудағы жеңіспен шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар, табысты болған экспорттық келісім-шарттар да бар. Соның нәтижесінде қарағандылық жармалар Петерборда және Ресейдің өзге қалаларының айтулы дүкендерінде сатылымға шығарылмақ. Компанияның жеңісі мұнымен толас тапқан жоқ. Астанада өткен «InterFood» көрмесінде «Дәстүр сапасы» кәсіби дәм тату көрмесінде қара үзді. Мұнда «Ақ маржан» күріші, тары және бидай жармасы үшін алтын медаль иеленген-тін.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғырту – әлеуметтік саясаттың басты басымдылығы.
Бұл – компанияның екінші алтыны. Былтырғы жылы да бұл компания «WorldFood Kazakhs tan»18-ші Орта Азия Халықаралық көрмесінде алтыннан алқа тағынған еді. Онда қарамұқ пен күріш 2015 жылдың үздік тауары танылған. «Natura Bogata» сауда маркасының тарихы небары 2015 жыл-
Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»
Н.ӘБДІБЕКОВ, Қарағанды облысының әкімі. Р.ӘБДІКЕРОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Жексенбі күні төрткүл дүние бір ай бойы тамашалаған Франциядағы футбол мерекесі тәмамдалды. Португалия – Еуропа чемпионы. Фернанду САНТУШТЫҢ шәкірттері ақтық сында алаң қожайындарынан айласын асырды.
дан бастау алады. Ал, бүгінде бұл компания 30 түрлі дәнді-дақылды өнімдер шығарады. Сауда маркасының өнімі еліміздің барлық облыстарында саудаланады. Қазақстанның ірі сауда желілерінде өнімнің 11 ресми таратушысы бар. Табиғаттың бар байлығын ешбір қоспасыз, таза күйінде тү-
Көпшілік француздардың жеңісіне сенімді болды. Португалдықтардың айды аспанға шығарарын кім біліпті?! Тартыспен өткен матчта олар жеңіс жалауын желбірете білді. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет Португалия құрамасы алтыннан алқа тақты. Ойын басталғаннан-ақ француздар тізгінді қолға алып алды. Тоқсан минут бойы, овер-таймдарда да уыстан шығармады. Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша француздар басымдық танытты. Португалдықтарды үнемі тықсырумен болды. Тіпті, 25-ші минутта Пайет секіріп келіп, Португалия құрамасы-
гел отбасына тартуды ұран етіп ұстанған сауда компаниясы. Сондықтан да, компанияның өнімі экологиялық, табиғи, таза өнім ретінде танылуда. Мұны отандастарымыз ғана емес, көршілес ел де мойындап отыр. Себеп – оның экологиялық тазалығында. Ал, экологиялық тұрғыда кіршіксіз өнімнің құндылығы туралы айтудың өзі – артық.
ның «серкесі» Криштиану Роналдуды жарақаттап, ойыннан шығарып тастады. Десе де, португалдықтар нағыз чемпионға тән мінез көрсетті. Ойындағы жалғыз голды 109-шы минутта Эдер салды. Қақпаның төменгі бұрышына сұрапыл күшпен бағытталған допқа қақпашы Уго Льорис тосқауыл қоя алмады. Ал, кубокқа қолсозым қалғанда сүрінген француздар күміс медальді қанағат тұтты. Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысқан Уэльс құрамасы азуы алты қарыс немістермен бірге үшінші орынды бөлісті.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Нұра ауданының Көбетей ауылында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана қаласының туған күніне орай жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория қолдануға берілді. Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру, «350 дәрігерлік емхана» бағдарламасы аясында ұлтымыздың денсаулығын нығайту үшін қолға алынып жатқан игі шаралардың бірі – заман талабына сай жаңадан салынған ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты.
ерекше алғыс білдіре келе, осы құрылыс басталғалы басы-қасында сапасын бақылап жүргенін де айтып өтті. Ауылдағы «Черниговский и К» серіктестігінің директоры Анатолий Литвиненко ауыл тұрғындары мен ақ халатты абзал жандарды жаңа ғимаратпен құттықтап, аудан әкімі атынан техникалық құрал сыйға тартты. Аудандық орталық аурухана директоры Б.Мұқышева да өз кезегінде тұрғындар мен әріптестерін
Бұл жергілікті тұрғындардың өмір сапасы мен денсаулығын жақсарту мақсатында салынып отыр. Ашылу салтанатына аудан әкімі Ниқанбай Омарханов, аудандық мәслихат хатшысы Төлеген Оспанов, мәслихат депутаттары, ардагер дәрігерлер мен ауыл тұрғындары тегіс жиналды. – Ауыл тұрғындары үшін маңызды істің басы қайырылды. Халықтың денсаулығы – ұлттың саулығы. Елбасының тапсырмасы бойынша ауылдық жерлерде осындай 350 ғимарат салынып жатса, соның үшеуі біздің Нұра ауданында болса, соның бірі сіздердің ауылдарыңызда, – деді Н.Омарханов. Шара барысында ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Еділ Тұранов жергілікті тұрғындар атынан ризашылықтарын білдірді. Бастаған істі ыждаһаттылықпен атқарған құрылыс фирмасы «Аспан» өндірістік кооперативіне де
құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Емдеу мекемесінің лентасын медицина саласының ардагері Бақтан Абдрахманов пен ауыл тұрғыны, көп балалы ана, Алтын алқа иегері Мәрзия Сүлейменова апайымыз қиды. Қазақы салтпен шашу шашып, ән-жыр төгілді. Бұған дейін ауыл халқы екі бөлмелі пәтердің біріне орналасқан дәрігерлік амбулаторияға келіп қаралатын-ды. Енді міне, құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген 120 млн. теңгеге салынған жаңа мекеме есігін айқара ашты. Амбулатория медициналық жабдықтармен барынша жабдықталған. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, жаңа ғимарат тек халық игілігіне қызмет көрсеткей. Тазагүл ПІШЕНБАЕВА. НҰРА ауданы.
Жексенбілік репортаж Жансая ОМАРБЕКОВА, «Орталық Қазақстан» Өткен жексенбі облыстық медициналық орталыққа жолымыз түсті. Денсаулық сыр бермесе, аурухана атаулыдан аулақ жүретін біз хирургия бөлімі жайлы білмекке бардық. Демалыс күндері барлық емдеу мекемелеріндегідей бөлімде бірнеше маман ғана көзге шалынды. Әдеттегі арпалыс саябыр. Ем алушылардың да жақын-жуықтары келіп, көңілдері көтеріңкі. Өзін Зәбира Омарханова деп таныстырған апамыз Осакаров ауданынан екен. «Грыжа», яғни, жарық диагнозымен өткен бейсенбі ота жасатыпты. – Өткен түн ауыр болды. 11-лер шамасында бір әжейді әкелді,– деп палатада қатар жатқан кісіні нұсқады. – Балаларының рұқсатымен бірден ота жасауға алып кеткен, содан оянған соң таңғы сегізде бір-ақ әкелді. «Экстренный» түскен тағы бірер адам бар. Отаның орны ауырып, түнімен дұрыс ұйықтамайтынын айтқан Зәбира апай медбикелер мен санитарлардың қашан шақырсаң қабақ шытпай жетіп келетініне риза. – Бәрінің атын білемін. Құрақ ұшып тұрады. Жалпы, бөлім дәрігерлері өте тамаша. Қатар жатқан емделуші қыңыр кісі екен бір. Таң-
ғышын басқа дәрігер, медбикелерге алғызбай, бөлім меңгерушісі келсін деп жатып алды. Ербол Маратұлы отадан келіп, демалып жатса да науқастың көңілін жықпай, таңғышты өзі ауыстырды. Ісіне адал адам. Былтыр да осы диагнозбен түскенде отаны өзі жасап еді. Осы жолы келгенімде танып, халымды білді. Алдынан күніне қаншама адам өтсе де, ұмытпағанына риза болып қалдым,– дейді апай. Облыстың басты басылымынан келгенімнен хабардар болды көпшілік көп өтпей-ақ. Барлығы бөлім дәрігерлерін қолды-аяққа сыйғызбай мақтап, «мүмкіндікті пайдаланып» алғыстарын жаудырды. Павел Гудун әуелде дәрігерлердің біліктілігіне күмәнданғанын жасырмайды. – Ғаламторды ашсаң, неше түрлі оқисың, дәрігерлерді сынап, сыбап жатады. Расымен де маған жасалуы тиіс ота қиын еді, асқазандағы ойық жараның көлемі үлкен-тін. Бірақ, ауру жаныма батқан соң ештеңеге қарамадым. Екі-үш күн бұрын жасады отаны, қазір аяққа тұрып жүрмін. Өзімді тамаша сезінемін. Тек, орны ғана ауырады. Екі апта бойы қиналғаным түс сияқты өтіп кетті. Біздің дәрігерлердің білімі мен тәжірибесіне көз жеткізіп отырмын,– деді ол таңу бөлмесіне кезекте тұрып. Мұнда жатқандардан бөлек ауруханадан шыққандар да ем-домын
алып тұруға келеді. Солардың бірі – Галина Гаас өт қабына тас байланып, ота жасатқаннан кейін үшінші тәулікте шығып кеткен екен. Сараптама нәтижелеріне қарай науқастың беті бері қараса, оның келісімін алып, ертерек шығара береді мұнда. Шығаруға мәжбүр. Себеп біреу – орын тапшылығы. Сол күнгі кезекші дәрігер Вадим Цой тәулік бойы жататындарға арналған 35, ал күндізгі стационарға берілген 15 орынның бәрі бос еместігін айтты. Көзімізбен көрдік, палаталар лық толы. Біреуінде үштен, енді бірінде бес-алтаудан жатыр, тіпті. – Күніне орта есеппен отыз адам келеді, оның кем дегенде оншақтысын жатқызамыз. Көмекке зәру адам қабылдағанда бұрыннан жатқандарын шығарамыз. Емделушілер оған түсіністікпен қарайды. Облыстың барлық аудан, қаласынан келеді бізге. Одан бөлек, республиканың басқа қалаларынан, көршілес елдерден арнайы келетіндер бар. Жоспарлы түрде қаралуға кезегін күтіп жүргендер қаншама. Жұмысымыз қауырт,– деді Вадим Валентинович.
Бөлімдегі бар-жоғы сегіз хирург облыс көлеміне қызмет көрсетуде. Олар жасамайтын ота түрі жоқ. Іш құрылыс органдары, проктология, кеуде қуысына, сондай-ақ, қайта қалпына келтіру оталары лапароскопиялық, шағын инвозивті әдіспен жасалады. «Балуанға оң-терісі бірдей». Операциялық блокта әр бөлімнің өз ота жасау орны бар. Сондай он бір орынның үшеуі хирургтардың еншісінде. Олар барлық медициналық жабдықтармен жарақталған. Дәрігердің айтуына қарағанда күзге қарай жаңа аппарат әкелінбекші. Бұл оталарды одан да жақсырақ жасауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қан-тамыр аурулары хирургиясы, урологияны қолға алуды көздеп отыр екен дәрігер Ербол Аймағамбетов бастаған мамандар. Бір қарын майды шіріткен кейбір құмалақтардың кесірі бүгінде медицина атаулыға тиіп тұрғаны жасырын емес. Халықтың көңіліне секем түсіп, сенімі лайланды. Дегенмен, мықтылығын сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүрген абзал жандарға айтылар алғыс таусылмас. Олар оқ бойы озық тұрар қашанда.
2
Билік. саясат. экономика
12 шілде, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz
Облыс әкімдігінде
Өзекті
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Дүйсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулар бағытында жүргізілген жұмыстар сарапқа салынды. Және аталған отырыста ауыл шаруашылығы саласындағы ілкімді жобалардың аяқ алысы мен биылғы мерейтойларға дайындық барысы талқыланды. Облыстық мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасының бас шысы Мұрат Кадековтың айтуынша, об лыста жыл басынан бері жоспарланған мемлекеттік сатып алулар көлемі 81,5 млрд. теңгені құраған. Бұл соманың жартысынан көбі ашық конкурс әдісімен өткізілген мемлекеттік сатып алуларға тиесілі. Конкурстық іс-шараларды уақытында өткізу мақсатында облы ста арнайы желілік кесте түзілген. Соған сәйкес, 8 шілдедегі жағдай бойынша облыста құны 35 млрд. 724 млн. теңге болатын 796 конкурс өткізу көзделген. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапы нан 17 млрд. 605 млн. теңгеге 316 кон курс өткізу жоспарланған. Қалалар мен аудандарда 18 млрд. 119 млн. теңгеге 480 конкурс ұйымдастырылады. 8 шілдедегі мәліметке сүйенсек, 780 кон курс (98 пайыз) көрсетілген уақытында жария етілді. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамтудың жол карта сы – 2020» бағдарламалары аясында мемлекеттік сатып алулар шаралары жүзеге асырылуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыр жан Асанов облыстағы сүтті сиыр шаруашылығының дамуы туралы баян дама жасады. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 2016-2020 жылдар аралығында аймақтағы сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бойын ша шеберлік жоспары әзірленген. Жоспарға сәйкес, 2020 жылдың аяғына дейін сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал саны 25 мыңға жетіп, сүт өндірісі жыл сайын 4 пайызға артып отыруы тиіс. Сүтті мал шаруашылығы етті бағыттағы мал шаруашылығына қарағанда тиімді екендігі ғылыми дәлелденген. Мәселен, бұзаулаған бір сиыр жылына орта есеппен 3 мың тон на сүт береді. Бұл – ақшаға шаққанда 350 мың теңгенің шамасындағы кіріс. Ал, етті бағыттағы сиыр жылына 180 мың теңге тұратын бір бұзауды туумен шектеледі. Қазіргі таңда облыста 629 мың ірі қара бар. Оның 245 мыңы сиыр. Сондай-ақ, облыс бойынша 13 шаруашылықта сүтті бағыттағы сиыр лар өсірілуде. Жыл басындағы есеп ке жүгінсек, олардың саны 1786 сиыр
– Мұрат Смағұлұлы, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу жөнінде айтсаңыз. – Бұл – әділет органдарының мем лекеттік тіркеу саласындағы жүзеге асыратын функциялардың бірі, нақты айтқанда, аумақтық әділет органда ры мәслихаттар, әкімдіктер және әкімдердің нормативтік-құқықтық ак тілерін мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырады және Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінің жүрзілуін қамтамасыз етеді. Осы жылдың бірінші жартыжылын да мемлекеттік тіркеуге 315 нормативтікқұқықтық акт келіп түсті, оның ішінен 237-сі тіркелді, қолданыстағы заңнамаға қайшы келген тұстардың орын алу ына байланысты алтауына қатысты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарылды, әзірлеуші органдарының 51 нормативтік-құқықтық актіні пысықтау қажеттілігіне байланысты кері қайтарды. Әділет департаменті тіркелген нормативтік-құқықтық актілерінің бар лығына камералдық бақылау жүргізіп отырады. Биыл камералдық бақылау барысында 180 нормативтік-құқықтық актінің талапқа сәйкес келтіруді қажет ететіні анықталды, мемлекеттік органдарға 16 ақпараттық хат жолда нып, 7 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Енгізілген хаттар мен ұсыныстарды қарау нәтижесінде, 8 лау азымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 135 нормативтік-құқықтық акт қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген. Лауазымды тұлғалардың заңсыз нормативтік-құқықтық актілерді қолдану фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында тексеру іс-шаралары жүргізіліп отырылады. Биыл осындай екі факт анықталды және лауазымды тұлғалар 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге байланысты қолданыстағы заңнамаға қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, оның ішінде «Doing Bussines» Дүниежүзілік Банкінің рейтінгісінде және Дүниежүзілік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріндегі «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша Қазақстанның ор-
ды құраған. Сиыр санының көбеюімен қатар, сүт өндіру ісі алға басып келеді. 1 шілдеде жыл басынан бері өндірілген сүт көлемі 147,3 мың тоннаға жеткен. Яғни, Абай ауданынан басқа барлық өңірлерде сүт өндірісінің қуаты артып келеді. Биылғы жылы тағы 5 сүттітауарлы ферма құрылмақ. «Ырыс» бағдарламасы бойынша ашылатын бұл фермалардан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруы арқылы 1400 сиырға арналған 4 ірі қожалық жұмысын бастайды. Бұл шаруашылықтардың жалпы құны – 2,1 млрд. теңге. Шет, Нұра және Бұқар жырау аудандарында қолға алынады. Биыл Қарағанды облысының құрылғанына – 80 жыл. Мерейтойға бай ланысты облыс көлемінде игілікті істер қолға алынуда. Бекітілген жоспарға сәйкес, биыл 203 іс-шара атқарылады. Сонымен қатар, бірнеше жерде әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Бұқар жырау ауданы, Пе тровка селосы және Абай ауда ны, Құрма селосындағы дәрігерлік амбулаториялардың, Балқаш қаласындағы 320 орындық «Балақай» балабақшасының, Ботақара кентіндегі 464 орындық қазақ орта мектебінің тұсаукесері осы мерейтойлық ісшаралар шеңберіне орайластырылуда. Жыл соңына дейін Сәтбаев қаласында 600 орындық білім ордасы, Ұлытау, Шет аудандарында дәрігерлік амбулаториялар, Жезқазған қаласында 320 орындық балабақша, Қарағанды қаласының «Кең дала» шағын ауданын да жаңа мектеп ашылады деп күтілуде. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қаласында бірнеше шараның басы қайырылмақ. Солардың бірі – ғылыми-тәжірибелік конфе ренция болса керек. Бүгінде конфе ренцияны ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Октябрь ауданының атау ын Әлихан есіміне беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Сондай-ақ, Алаш көсемінің туған жері – Ақтоғайда да мерейтойлық шаралардың дені өтпек. Аудан әкімі Салтанат Әбеуова ай тып өткендей, сондағы өлкетану музейінде экспозициялық диорама ашылып, Ақтоғай кентіндегі Ә.Бөкейхан атындағы мектеп алдына көсемнің ескерткіші қойылады.
нын нығайту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – Елбасының мемлекетіміздің «Doing Bussines» Дүниежүзілік Банкінің рейтінгісіндегі алғашқы 30 елдің қатарына кіру бойынша берген тап сырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі осыған тиісті заңнаманы жетілдіру арқылы еліміздің бизнесті жүргізу аху алын жақсарту іс-шараларын белсенді қолға алуда. Мұндай нәтижеге жүргізілген мақ сатты жұмыстың арқасында, оның ішінде, тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік қызмет көрсетуде бизнеспроцестерін оңтайландыру, қолда ныстағы заңнамалық актілерге қажетті өзгертулерді енгізу арқылы қол жеткізу мүмкін болды. Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасында «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша ұстанымызды жақсарту бойынша қабылданған ісшараларға қысқаша тоқталғым келеді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл жымайтын мүлікке осындай құқықтар бір жұмыс күнінің ішінде тек электронды форматта тіркеледі, яғни, азаматтарға бір жерде (нотариуста) және қысқа мерзімде мүлікке құқықтарды тіркеу мүмкіндігі ұсынылады. Азаматтардың ыңғайына қарай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация сы және «электронды үкімет» вебпорталы арқылы 15 минут ішінде тегін ақпараттық қызметтің 5 түрі жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бары сында жылжымайтын мүлік нысанына техникалық төлқұжатты ұсыну талап тары алынып тасталды. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын қажетті тізілімнен «басқа құжаттар» тізімі алынып тастал ды. Банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру опе рацияларын өткізу барысында жылжы майтын мүлік кепілдігін тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беруде жарамсыз деп тану және жоғалту кезіндегі құжаттар тізімінен га зет алынып тасталды, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 5 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қарағанды облысы әділет депар таменті «Меншікті тіркеу» индикато ры бойынша Қазақстан өңірлеріндегі «Doing Bussines» субұлттық рейтингісін» зерттеу бойынша Дүниежүзілік Банк са
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелерін талқылаған жиын өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан ҚАРИН қатысты. – Қарағанды облысындағы барлық мемлекеттік, құқық қорғау және ар найы мемлекеттік органдар, үкіметтік
емес ұйымдар арасында тығыз байла ныс орнатылып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған
ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы ахуалды және уақыт тала бын ескере отырып, осы мақсаттағы жұмыстардың жаңа тәсілдерін енгізуіміз қажет, – деді аймақ басшысы. Жиында мәлім болғандай, антитеррорлық комиссияның жұмысы террористік идеологияның алдын алуда нәтижелі болуы қажет. Қазір қоғамның түрлі саласын – діни конфессиялар ды, кәсіпкерлік ортаны, бұқаралық ақпарат құралдарын, жастар мен өзге де үкіметтік емес ұйымдарды бір арнаға тоғыстыратын ортақ мақсатты айқындауымыз қажет. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мүлікті жария ету
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыс орталығында мүлікті жария ету акциясының барысымен танысты. Сапар кезінде жария етілген нысандарда болды. Облыс әкімінің орынбасары ат басын әуелі Қарағанды қаласы әкімдігіне бұрды. Онда облыс орталығында мүлікті жария ету акциясының жүргізілуін, жария ету субъектілерінің жұмысын көрді.
Қала әкімінің орынбасары Тайхан Қалмаханов акция бойынша Қарағанды қаласындағы жағдайды баяндады. Мүлікті жария ету акциясының басы нан бері 64 комиссия отырысы өтіп, 432 өтініш қаралған. Оның ішінде 188 өтініш арқылы 223 нысан заңдастырылған. Оның құны - 4 млрд.202,5 млн.теңге. Кеңес алуға келгендер 4 мыңнан астам. Бұл бағыттағы жұмыс бойынша об лыс әкімінің орынбасары Қарағанды қаласы және Қазыбек би атындағы ауданның Мемлекеттік кірістер басқармасына барды. Аталған мекемелер бүгінгі таңда Қарағанды қаласында декларация тапсырылып, заңдастырылған қаржы құрамы 20 млрд.теңге екенін мәлімдеді. Бұдан соң 2 нысанға барды. Бұл нысандар ендігі заңдастырудан өткен. Бұл – Н.Әбдіров атындағы әкімшілік ғимарат, қазіргі уақытта «Qazaq Banki» АҚ және Тәттімбет көшесінде «ЖЕТ» спорт кешені орналасқан ғимарат. Сапарды қорытындылаған Асылбек Дүйсебаев облыс орталығында мүлікті заңдастыруға байланысты жүргізіліп отырған жұмысқа көңіл толатындығын жеткізді. Сондай-ақ, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұ мыстарын жандандыруды, комис сия жұмысына ерекше бақылау қойып, азаматтардың өтінішін кешіктірмей қарауды тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл «Құқықтық актілер туралы» Заң қабылданды. Заңда құқықтық актілер екі топқа бөлініп қарастырылады: нормативтік-құқықтық және нормативтік емес құқықтық актілер. Осыған орай, Қарағанды облысы әділет департаментінің басшысы Мұрат ӘБІЛОВПЕН сұхбаттасудың реті келген еді.
рапшыларымен, «Экономикалық зерт теулер институты» АҚ, Қарағанды облысының кәсіпкерлер басқармасы, Қарағанды қаласы жер қатынастары бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерімен кездесу өткізді. Сапар барысында Дүниежүзілік Банк сарапшыларына толық ақпарат ұсынылып, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы өтініш беруден ба стап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фили алы арқылы дайын құжаттарды бе руге дейінгі жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпа лықтарын) тіркеу рәсімі көрсетілді, сон дай-ақ «Жылжымайтын мүлік тіркелі мі» мемлекеттік деректер базасы және Бірыңғай нотариалдық-ақпараттық жүйесі арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтардың электрондық тіркелу үдер ісінің жүзеге асырылуы тәжірибе жүзін де көрсетілді. – Заңды тұлғаларды тіркеу саласында әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталған қандай өзгертулер қабылданды? – 2013 жылдың басынан заңды тұлғаны тіркеу рәсімі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, тек, хабарлама сипа тына көшкендіктен, рұқсат сипатынан айырылды.
Қазіргі уақытта тіркеу «электрон ды үкімет» веб-порталында автомат ты түрде бір сағат ішінде жүзеге асыры луын заңды тұлғаның тіркелуі туралы электронды анықтамасы растайды. Тіркеу барысында ұсынылатын тізімнен жарғы, заңды тұлғаның орналасқан жері туралы құжат, заңды тұлға-құрылтайшының салық борышының жоқ екені туралы анықтамасы алынып тасталды. Заңды тұлғаны тіркеу куәлігі жой ылды, оны мүдделі субъекті үшін «элек тронды үкімет» веб-порталында қол жетімді электронды анықтама алма стырды. Азаматтық заңнамаға енгізілген өзгертулер коммерциялық ұйымды құруды жеңілдетуге елеулі септігін тигізді. Мәселен, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған заңды тұлғаны тіркеу үшін төлем жойыл ды. Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-порталында электронды тіркеу мерзімі 1 сағатқа дейін қысқартылды. Жекеше компаниялар үшін мөрдің болуы және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу кезінде жарғы капиталын қалыптастыру талабы жой ылды. – Қоғам сот органдары шығарған актілердің
орындалуына әртүрлі баға береді. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін қысқарту туралы және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру ына негіз болды. Ұлт Жоспарының 27-қадамына сәйкес, көшіру, қоныстандыру, жер телімдерін алу және мемлекет мүддесіне жасалатын істердің басқа санаттары, 1000 АЕК-тен артық сома ны мемлекет пайдасына төлету туралы атқару құжаттарынан басқа сот актілерін орындау жеке сот орындаушылардың қарауына берілген. Қарағанды облысы жеке сот орындаушылардың саны бойынша ре спубликада үшінші орынға ие және 121 адамды құрайды, бұл ретте олар Нұра ауданынан басқа аудандардың бәрінде бар. Бүгінгі күнде жеке сот орындаушылардың қызметімен халықты жүз пайыз қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, Ұлт Жоспарын да мемлекеттік сот орындаушылар ды кезең-кезеңмен қысқарту көзделген, ағымдағы жылдың аяғына дейін біздің облыс бойынша мемлекеттік сот орындаушылардың 50 лауазымы
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы есебінен біздің облыста 6 инвестициялық жоба қолдау көрді. Бұл жобалар денсаулық сақтау, сауықтыру және саудасаттық саласындағы қзыметтерді жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ, жаңа жобалар арқылы 43 жаңа жұмыс орны ашылып, 120 жұмыс орнын сақтап қалу көзделіп отыр. Жиында start-up жоба да мақұлданды. Ол – Теміртау қаласындағы «Б&Алма ара сан» қоғамдық моншасының құрылысы. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң теміртаулық тұрғындардың игілігіне сапалы монша қызметі, дәмхана қызметі жол тартады. Сыйымдылығы – тәулігіне 110 адам. Мемлекет тарапынан тө ленетін несиені 10 % көлемінде субсидиялау ұсынылады. Бұған қоса, кеңес отыры сында Қарағанды қаласында аллергологиялық орталық ашуға бағытталған жоба мақұлданды. Жобаның жалпы құны – 360,9 млн. теңге. Облыста алғаш рет ашы латын мұндай орталық аллер гологиялық зерттеулер қызметін көрсетеді. Жалпы, диагностика аллергологиялық аурулардың 14-
қысқартылатын болады. Қажетті жедел ақпаратты алу бойынша керітартпалық жұмысты жеңілдету үшін автоматтандырылған мәліметтер базасы белсенді енгізілуін атап өту қажет. Солардың бірі – сот органында құжаттардың тіркелген уақытынан бастап орындалуға жол дау және толық аяқталуына дейінгі қозғалысын есепке алу және бақылау мақсатында әзірленген «Төрелік» сот құжаттарының базасы. Оның өзгешелігі – жүйеге тіркеу барысын да сот арыздарының (шағымдарының) қарау мерзімдерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ, жалпы іс жүргізу мерзімдерін сақтауды автоматтандырылған есеп ке алуды және бақылауды жүргізуге септігін тигізеді. «Төрелік» бірден үш мәселені шешуге көмектеседі: судьялардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға, сот қорғауына қол жетімділікті оңайлатады және жеңілдетеді, бақылау үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Егер, атқарылған жұмыс жай лы айтатын болсам, 2016 жылдың 6 айында Қарағанды облысы әділет департаментінің аумақтық бөлімдерінде 61 973 атқару құжаттары орындауда болды. Келіп түскен атқару құжаттарының жалпы санының 31 443-і өндіріспен аяқталды. Бұл ретте, әлеуметтік маңызды санаттағы сот актілерін орындауға ерекше көңіл бөлінеді. Алименттерді, жалақы төлеу, мемлекет кірісіне қарыздарды өтеу мәселелері тұрақты бақылауда және департаменттің барлық мәжілістерінде қаралып отырады. Ұзақ уақыт бойы төленбеген али менттер бойынша проблемалық атқару өндіріс саны 446-дан 185-ке дейін төмендеді. Заңды күшіне енген үкімді, сот шешімін немесе басқа сот актісін не атқару құжатын алты айдан аса орындамағаны бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қылмыстық қудалау органдарына 156 материал жолданды. Одан басқа, 2016 жылдың 6 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 457 хаттама толтырылып және әкімшілік жауапкершілікке 362 тұлға тартыл ды, оның ішінде, 256 тұлға айыппұлға, әкімшілік қамауға 106 борышкер тар тылды. Сот актілерін ықпалды орындау ды қамтамасыз ету шараларының бірі – «БҮТКІТ» БАЖ-ы бойынша уақытша
тен астам түрін емдеу мен анықтауға мүмкіндік береді. Жоба жүзеге асса, 18 жаңа жұмыс орны ашылады. Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір жоба несие үстемақысын субсидиялау түріндегі қолдауға ие болды. Бұл – «ЭСТЕЛЬ» пластикалық және қайта түзеу хирургиясының ем ханасы. Компания несиеге алған қаражаты арқылы медициналық құрал-жабдықтар сатып алған. Ол медициналық қызметтің ауқымы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыс аясындағы медициналық қызметтің жеңілдетілген түрлерін ұсынуға да жол ашады. 2013 жылы компания «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы арқылы көмек алған. Нәтижесінде, емхананың барлық талаптарға сай жаңа ғимараты бой көтерді. Кеңес жиынында тауық жұмырт қасын өндіру, тасты өңдеу, құрылыс материалдарының саудасы сияқты салалар кәсіпорындарының да мәселелері қаралды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
шектеу қою. Биылдың бірінші жарты жылында департамент борышкерлердің шетелге шығуына тыйым салу бойын ша белсенді жұмыс атқарды, осылай ша, «БҮРКІТ» БАЖ-ның ықпалымен Қарағанды облысында 2794 тыйым салу карточкасы қойылды. Сот актілерін орындауды қамтамсыз ету мақсатында 2016 жылдың 6 айын да борышкерлердің тыйым салынған мүліктің 210 атауы сатуға қойылды (2015 жылы – 60). Бұл ретте, Қазақстан Республика сы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі жөнінде айтқан орынды болар. «Сот кабинеті» сервисі арыздар ды, өтініштерді, шағымдарды және өтінімхаттарды беру, сондай-ақ сот органдарына хаттарды жолдау үшін арналған. Атқарушылық іс жүргізу ор гандарының автоматтандырылған ақ параттық жүйесі (АІЖО ААЖ) жұмысты ұйымдастыруды және тәртібін түбегейлі өзгертуге бейімделген. Ол көптеген рәсімдерді автоматтандырады, оларды орындау уақытын қысқартады және де қызметкерлердің жүктемесін азайтады. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуі мақсатында Министрліктің интернет-ресурсында Борышкерлердің республикалық тізілімі жарияланған. Ол арқылы атқару өндірісі бойынша мәліметтерді алуға және Қазақстан Республикасынан шетелге шығуға уақытша шектеу қойылған тұлғалардың тізімімен танысуға болады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама тұрақты түрде жетілдіруде. Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодек ске түзетулер жобасын әзірледі, судьяларға, органдарға жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда, тек, азаматтар емес, сонымен бірге, заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұл мөлшерін жалпы сомадан 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін ӘҚБтК-не өзгерістерді енгізуді ұсынады. Сондайақ, ӘҚБтК-нің өзгерістері жекелеген құрамдар бойынша әкімшілік айыппұл мөлшерін төмендетуді және оларды ізгілендіру пайдасына қайта қарауды көздейді. Әділет министрлігі меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді шешу және әкімшілік реттеуді даулау бойынша заң жобаларын әзірлеуде. – Рахмет. Сұхбаттасқан Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.
дүние-дүрмек
12 шілде, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz
Еске алу
Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына – 24 жыл
Ар-ождан – құрғақ сөз емес
Қарағанды облысы бойынша МҚК басқармасының бұрынғы орынбасары Василий Александрович әлі күнге дейін ұялы телефонды үзілді-кесілді мойындамайды. «Бос әурешілік – бұл. Гаджеттер қазір жұрттың көбінің миын айналдыруда», – деп ол қолын сілтейді. Оның қол астындағылар командирінің қайда екендігін телефонсыз да біліп отыратын. Жұбайымен киноға барған кезде де кезекші қызметкерлерге алдын ала қайда екендіктерін ескертіп қоятындығын есіне алды. Көбінесе, сеанс кезінде залда кенеттен пайда болған адам «Хрустов жолдасты телефонға шақырады!» деп дауыстаушы еді. Жұбайы ренжімейтін. Ол күйеуінің қандай қиын мамандықты таңдағанын жақсы білетін. 16 жасқа толғанда ол өзін тағдырдың қайда бет бұрғызатынын білмеген болатын. Мектеп бітірісімен Василий Хрустов Қарағанды политехникалық институтына түсті, тау электромеханигі болғысы келді. Мамандық иесі атанды, әкесінің жолын қуды. «Қарағандышахтақұрылыс» бірлестігіне жұмысқа орналасты. Кәсіби біліктілігі және жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері үшін партком хатшысы болып тағайындалды. Бұл жерде көзге түскен талантты жас жігітке жұмыс киімін мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерінің кителіне ауыстыру жөнінде ұсыныс жасалды. – Ұсыныс бірнеше рет жасалды, бірақ, мен үздіксіз бас тартумен болдым. Біріншіден, маған жұмысым ұнайтын. Екіншіден, орган қызметкерлерін мен ешқашан күнә арқаламайтын жандар ретінде көз алдымда елестететінмін. «Суық ақыл, ыстық жүрекке ие және таза қолды адам ғана чекист бола алады» деген белгілі нақыл сөз бар. Міне, сол уақытта дәл осы қасиеттер менде толықтай жетіспей жатқандай көрінді. Тек, кейін ғана кадр іріктеу жүйесінде салмақты мән жатқанын түсіндім. Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының бөлімшелері алдында әрқилы міндеттер болады. Соған сәйкес, оларды орындау үшін әртүрлі адамдар қажет. Айталық, біреулер білек күшімен, басқалары баспен жұмыс істейді дегендей. Осыны түсінгеннен кейін мен өз келісімімді бердім, – деп еске алады Василий Хрустов. 1971 жылы оған КСРО МҚК-нің жылдық жоғары курстарына оқуға жолдама беріледі. Бірақ, дәл жол жүрердің алдында отбасында қайғылы жағдай орын алады – анасы автокөлік апатына ұшырайды. Анасы ауыр халде болғандықтан, дәрігерлер оның тірі қалу мүмкіндігін жүзден бір деп бағалайды. Василий Александрович өз туысқандарымен бірге күні-түні оның
«Қазіргі кинофильмдерді көріп отырып, кей уақытта қарным ашады. Біздің қызметтестерімізді, оның ішінде, жоғары лауазымдағылары да бар, қатардағылары да бар, бәрін жауыз, не болмаса сатылғыш жексұрын жандар етіп көрсетеді. Мен сенімді түрде мынаны айта аламын – менің қызметім уақытында мұндайлар болған емес. Олар жоғары сападағы адамдар болатын, өз ісінің нағыз шеберлері еді. МҚК немесе ҰҚК аббревиатураларының қайсысын қолдансаңыз да, өз еркіңіз, айырмашылығы жоқ. Бірақ, осы үш әріп үлкен мәнге ие! Ұлттық қауіпсіздікке жеке бас пайдасы үшін бармайтын. Мемлекет игілігі үшін баратын. Басқалар тыныштығын қорғау үшін барады», – дейді ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері Василий ХРУСТОВ.
төсегінің жанында болады. Анасының есін жиған кездегі айтқан бірінші сөзі: «Балам, сен неге оқуыңа бармадың?» болса, «Қалай барам, анашым?» деп тамағына тас тығылғандай жауап береді бұл. «Жолыңнан қалма, мен міндетті түрде сауығып шығамын» деп анасы тілегін білдіреді. – Түсінесіз бе, ол кісі үшін бізге, репрессияға ұшыраған ата-аналар ұрпағына, мемлекеттің осындай ұлы істі сеніп тапсырғаны өте маңызды еді. Бұл ол кісіге үлкен күш берді. Сондықтан да ол көп ұзамай сауығып шықты. Автокөлік апатынан кейін де 38 жыл өмір сүрді, – дейді Василий Александрович. Ол қызметін аймақтың экономикалық қауіпсіздігі үшін жауап беретін бөлімшеде атқарды. Ол кісі қатысқан айта қаларлық әйгілі операция бүкіл КСРО-да белгілі болған «тері ісі» операциясы еді. Елдің ең ірі ұйымдасқан қылмыстық тобы әшкереленді. Қазақстанда Алтайдағы, Приморьедегі, Карелиядағы, Мәскеудегі, Омскідегі, Харьковтегі, Новосибирскідегі және Кавказ маңындағы қылмыскерлермен тығыз қарым-қатынас орнатқан тұрақты қылмыстық топтар жайында оперативтік каналдар бойынша мәліметтер түсісімен іс қозғалады. «Тері мафиясы» ізіне кездейсоқ түседі: Мәскеуде болған тонаушылықтың бірін тексеру кезінде қылмыскерден шығу тегі беймәлім бірнеше тон, яғни, ГОСТ белгісі мен мемлекеттік құны көрсетілмеген тондар табылады. Бұл тексеріс Қарағандыға
табан тірейді де, оперативтік жоспарды МҚК төрағасы Юрий Андроповтың өзі қадағалайды. Қылмыскерлер тарапынан болған залал сол уақытта орасан зор – шамамен 4 миллион рубль болған. Тері мафиясын ұйымдастырушы және басқарушы Абай қаласы өнеркәсіп комбинатының директоры Петр Снопков екен. Ол өз сыбайластарымен мемлекеттік өндірістерде тиімділігі жағынан өнімділігі жоғары саналатын тон, бас киім тәрізді және теріден өндірілетін тағы басқа өнімдер өндірісін жолға қояды. Іскерлер жергілікті партия және құқық қорғау органдары өкілдерінің аузын алғандықтан, олар өз кезегінде, заңға қайшы әрекеттерді «елемеді». Бұған оларды ақшалай ірі сыйақылар міндеттеді. Заңсыз кәсіппен айналысқандар ары қарай еш жерде заңдастырылмаған тауарды өндіретін тіркеуде жоқ өндірістік цехтар құрады. Операция барысында бір мезгілде 50 орында бірден тексеріс жасау жоспарланады. Әр мекен-жай бойынша анықтамалықтар құрастырылады. Олар ақпараттың таралып кету қаупінің алдын алу мақсатында операция басында ғана тапсырылуға тиіс болатын. Дәл сол себепті, шынайы мақсаттар «Картель» операциясын дайындау және өткізу штабы мүшелерінен басқаларға айтылмады, әсіресе, бұл мәселе Андропов нұсқауымен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан МҚК-нің аймақтық органда-
рының Қазақстанға келген қызметкерлеріне қатысты еді. – Операция 1974 жылдың қаңтарында, түнгі сағат 3-те басталды. МҚКнің қарағандылық басқармасының ғимаратына бұл уақытта операция басшылары келіп жетті. Бір сағаттан соң бұл жаққа дабыл бойынша операцияға басқа қатысушылар да жеткізілді. Тек, сол кезде ғана жиналғандарға іс-қимылдың не үшін жасалып жатқандығы хабарланды, – деп баяндайды Василий Хрустов. Операцияға қатысушыларға әр күдікті үшін анықтамалықтар, тексеру және тұтқындау ордері берілді. Дәл осындай жағдайлар үшін қолданылатын мобильдік жоспар бойынша, операцияға қатысушылардың барлығын машинамен қамтамасыз ету мақсатында 100 такси машинасы іске қосылды. Кінәлілердің жұмыс орындарын, саяжайларын, пәтерлерін жаппай тексеру басталды. Тек қана Снопковтың өзінен тексеру кезінде көп мөлшерде алтын бұйымдар (сағаттар, білезіктер, сақиналар), дайын тері бұйымдары және аң терісінің бағалы сұрыптары, сондай-ақ, ірі сомада ақша табылды. – Ақшаның жерге көмілген үш литрлік банкілерге тығыздалып салынғандығы сонша, біреуіміздің күрегіміз байқаусызда түп жағына тиген кезде банкі екіге бөлінді де, ақша сыртқа қарай «атылды», – деп еске алады Василий Хрустов. Ол өзі ешқашан ақшаға және лауа-
у а р ы ң о қ н а қ т а л Сағыныш сыңғыр дың нұрлы дидары, сырлы мінезі бойымызға біліммен қоса сіңді. Он бірінші сыныпты аяқтатып, «Енді «өмір» деген алып кемемен сапарлайсыңдар!» деп ақ жол тілеген Кәрімтай Сәлімжанов ағайымыз қандай болды десеңізші!? Әрқайсымыздың тағдырымызға айрықша алаңдап, тілеуқор жанашыр жан еді-ау... Әрқашан адамгершілік, қарапайымдылық, кең жүректі қасиеттерімен мәңгі жадымызда тұтып келеміз. Осы екі ұстаздың алдын көріп, ақылын үлгі тұтқан шәкірттер қайда?! Бірге өскен дос, біте қайнасқан құрбылар қайда?! Дос деген – туыс жаның, туысқаның, Сендермен кердім желкен, ту ұстадым. Сендер барда жаманға
«Кемедегі адамдардың жаны бір, сондықтан да ынтымақ бар бір ғажап!» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, сондай ынтымақты татутірлікте 11 жылдың қалай зулап өте шыққанын білмей де қалған едік-ау... Бірінші сыныптан білімге жетелеген Сәну Көшмағамбетова апайымыз-
Ұлттық қаржылық есептілік стандартына 3-қосымша Атауы ТОО «Осакаровка-Нан» Қызметінің түрі Хранение и складирование зерна Қызметкерлердің орташа жылдық саны 36 Заңды мекен-жайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, 101000, Карагандинская область, п. Осакаровка, Элеваторная, дом № 1, БИН: 050740003701 Жеке сәйкестендіру нөмірі Бухгалтерлік баланс 31 желтоқсан, 2015 жылғы жағдай бойынша мың теңге Жол коды
Есепті кезеңнің соңына
I. Қысқа мерзімді активтер
Активтер
01
29 470
29 160
II. Ұзақ мерзімді активтер БАЛАНС (01 бет + 09 бет) Міндеттеме мен капитал III. Қысқа мерзімді міндеттемелер IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер V. Капитал БАЛАНС (22 бет + 36 бет)
06 21 22 23 30 36 43
71 603 101 073 36 073 17 200 18 873 64 999 101 073
84 076 113 236 70 331 11 963 58 368 42905 113 236
Әрбір ұстаз үшін алдымен ұрпақ өрбітіп тәрбие беру және ұстаздық қылып, шәкірт баптау, кейін ілім жинап, қоғамға қызмет ету басты орында. Дұрысты тәлімтәрбие ата-анадан берілсе, оқу мен білім – ұстаз арқылы жүзеге асса керек. Әрбір ұстаз оқушысының жұлдызын жағып, мәртебесін биіктете алады. Осы орайда Заречный орта мектебінің директоры Ләззат Ибраева түлектермен кездесу өткізді. Биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша үздік білім нәтижесін көрсеткен түлектер алдағы уақытта сынақ тапсыратын мектеп бітірушілермен пікір алмасты. Бұл ретте ұстаздар қауымы түрлі өнерімен, білімімен көзге
Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com Қарағандылықтардың назарына!
мың теңге
Активтер
Жол коды Есепті кезеңнің соңына Есепті кезеңнің басына
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны Жалпы пайда (бет 010 - бет 020)
010
112 585
101 344
020
62 288
80 830
030
50 297
20 514
Қаржыландырудан түскен кірістер Өзге кірістер Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар Әкімшілік шығыстар Қаржыландыруға арналған шығыстар Өзге шығыстар Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030 + бет 040 + бет 050 - бет 060 - бет 070 - бет 080 - бет 090+/- бет 100)
040 050
10 704
10 550
060
-
-
070 080 090
16 349 4 991 1 277
16 252 7 898 277
100
-
-
110
38 383
6 637
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал) Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120) Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі таза пайда (залал) (бет 130 - бет 140) Аздық үлесі Кезеңдегі қорытынды пайда (қорытынды залал) (бет 150 - бет 160)
120 130 140
38 383 9289
6 637 2 498
150
29 094
4 139
160 200
29 094
4 139
Акцияға арналған пайда Өзге жиынтық табыс Үлестік қатысу әдісі кәсіпорындарының үлесі
210 220 230 240
29 094
4 139
Жарнама бөлімінің электрондық поштасы:
Мектеп мақтанышы – зейінді шәкірт
Есепті кезеңнің басына
ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕМЕ 2015 ж.
Жалпы жиынтық табыс
жуыспадым, Сендер барда жамандық қуыспадым. Жақан Жүнісов, Зейнеп Әубәкірова, Тұрсын Созақбаев, Шалабай Кәрібаев, Қуат Әлбатыров, Рымкеш Ошақбаева, Шеге Сәдуақасов, Құрақбай Әмірбеков, Еркін Мұқашев, Ералы Әбдікешов, Берлібай Ұлжанов қайда?!.. Асық атып, жабағы үйретіп, балық аулап, балалықтың суатынан бал татқан достарды іздеген көңіл жабығып, жүрек сағынып еске алады... Бермеске алған ажал бар, келмеске кеткен адам бар... Осылай сағынышпен оларды еске алғанда Нұра тасиды... Бәлкім біздің көз жасымыздан шығар... Нұра ауданының Кертінді ауылындағы қазақ орта мектебін 1966 жылы бітірген түлектерге тағзым – осы. Төлеген ОРАЗБЕКОВ.
ortalyk.reklama@mail.ru
Өз тілшімізден.
Білім ошақтарында
Тағзым
Ақ шыбықты ат қылып ойнаған балғын балалық – нулы Нұраға жарыстырған қайықтай келмеске зулап бара жатыр... Алып кеме – мектеп, әліппеге үйреткен мұғалім – капитан. Қол ұстасып, құлдыраңдап сол алып кеменің табалдырығын бірге аттаған матростар біз едік... 1955 жылдың 1-ші қыркүйегі. Жез қоңыраудың сыңғырлаған үні әлі құлақта. Бірақ та...
зымға қызыққан емес. – Ол тұста қызмет үшін, жұмыс өтілі үшін емес, нақты нәтиже үшін марапаттайтын, – дейді ардагер. Ұзақ жылдар бойы ол аймақтың өнеркәсіп нысандарында төтенше жағдайлардың алдын алумен айналысты. МҚК қызметкерлері өздеріне түскен ақпаратты ыждаһаттылықпен талдай отырып, болған жайттың объективті картинасын құрастыратын және содан кейін ғана ол мәліметтерді партияның облыстық комитетінің бірінші басшыларына жөнелтетін. Олар болса, өз кезегінде, чекистердің жұмысына түсіністікпен қараушы еді. Оны Қарағанды шахталарының барлық басшылығы жақсы білетін. – Кейде өндіріс ғимаратына енді ғана аяқ аттап кіріп жатасың, ал директор бұл жайында хабардар болып отырады. Өз кабинетіне шақырады. Шай ішесің, кемшіліктер мен олқылықтар жайын айтасың. Олар бірден жойылатын. Бізге ақпарат қалай келіп тұрды? Оперативті жолмен. Бұдан өзге, өз ісіне адал, жанашыр жандар жиі кездесетін. Солардың ішінде өзі үшін, өз отбасы үшін уайымдайтындары да бар. Шахтадағы жұмыс қауіпті. Сондықтан, өндірістік көрсеткішті орындау және асыра орындау мақсатында кейбір санасы төмен қызметкерлер қолданатын барлық қитұрқы амал-тәсілдерді білетінбіз, – дейді Василий Хрустов. Өзі үлкен құрметпен еске алатын бұрынғы қызметкерлері мұның жұмыс істеу стилін қайталады. 1994 жылы Василий Александрович Қарағанды облысы бойынша МҚК басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан зейнеткерлікке шықты. Осы уақытқа дейін ардагер Қазақстанның басты байлығы – пайдалы қазбалар емес, халқы екендігіне сенімді. – Меже басына жеке игілік емес, мемлекет игілігі қойылатын. Қулық ойлайтын, жеке бас пайдасын іздейтін адам қызметте ұзақ отырмайтын. Біз ту сыртымызда үйіміз, достарымыз, жақын-жуықтарымыз ғана емес, ел тұрғанын түсінетінбіз. Ел сенімін ақтамай тұра алмадық. Қазір бұл сөздер біреулер үшін тым ұшқары айтылған сөздер болуы мүмкін. Бірақ, шынымен осылай болды. Мен баяғыдан бері зейнеттемін, бірақ, менің, мәселен, жеке автокөлігім жоқ. Ақша үшін біз қызмет еткен жоқпыз, – дейді ол. 13 шілдеде еліміз ұлттық қауіпсіздік органдары құрылуының 24 жылдығын тойлайды. Василий Александрович өз ізбасарларына бірінші кезекте жанқиярлықты, Отанға қалтқысыз қызмет етуді тілейді.
«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарын басқарма қызметкерлерінің бұзғандығы туралы фактілерді хабарлау үшін 8 (7212) 56-56-93 сенім телефоны орнатылған. К сведению Карагандинцев! В государственном учреждении «Управление по делам религий Карагандинской области» установлен телефон доверия 8 (7212) 56-56-93 с режимом работы с 9:00 до 18:30 для сообщения о фактах нарушения сотрудниками управления норм Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан, Законов Республики Казахстан о государственной службе и о противодействии коррупции.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экономика факультеті мектептер, колледждер, ЖОО-лар түлектерін келесі мамандықтардың бакалавриаты және магистратурасына қабылдайды: «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Бағалау», «Әлемдік экономика», «Туризм», «Мейрамхана ісі және Қонақ үй бизнесі», «Құқық және экономика негіздері», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Логистика», «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ коды-031. Тел.:8(7272)77-03-85. №289.
түскен мектеп бітірушілерді марапаттады. Оқушылар ұстаздарының алғысына бөленді. Алдағы уақытта түлектер мен оқушылар арасындағы сабақтастық жалғаса беретіндігін айтты. Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі еске түседі. Осы бір аталы ұғым біздің мектеп ұстаздары үшін басты ұстаным болып қала береді.
Заречный орта мектебінің түлектері. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлікті жария ету бойынша акция өткізеді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету бойынша акция өткізеді. Бұл акция арқылы қазақстандық және шетелдік үлгідегі қаражатты, құнды қағаздарды, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті, жылжымайтын мүлікті жария етуге болады. Жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Сіздерді мүмкіндікті пайдалануға және мүлікті жария етуге шақырамыз. Туындаған мәселелер бойынша 41-09-44 телефоны бойынша немесе тұрғылықты жерлеріңіздегі мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуға болады. Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
3
1940 жылдың 12 маусымында Қарағанды қаласында туған Өмірзақ Тайтөлеуұлы Байбалиновтың ертең қырқы. Гәкку анамызға аяулы жар бола білген Өмірзақ атамыз төрт баланың әкесі, немерелерінің ардақты атасы еді. Өмірзақ Байбалинов атақты спортшы, Еркін күрестен жаттықтырушы. Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейім, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында табандаған қырық жыл бойы жаттықтырушы қызметін атқарып, республикамызға ғана емес, әлемге танымал спортшылар тәрбиелеп шығарды. Еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін медалінің иегері. Қазір шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі сала бойынша лауазымды қызметтер атқарып, Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Жаттықтырушылыққа жан-тәнімен беріліп, шәкірттерін баласындай көріп, бауырына басқан ұстаздың алдынан тәлім алғандар марқұмды қимастықпен екінші әкеміздей еді деп еске алады. Шәкірттері ұстазының асыл қасиеттерін, жанашыр, ізгі сезімдері мен жаттықтырушы ретіндегі артықшылықтарын ешқашан ұмытпақ емес. Елі үшін, жері үшін қызмет етіп, оның ішінде Қазақстанның спортын дамытуға қосқан сүбелі еңбегі шәкірттерінің ғана емес, ұрпақ жадында қала бермек. Жаны жәннатта шалқысын. Азамат ең, аңғал ең аңқылдаған, Жақсы мінез крсетіп жарқылдаған. Жақсы көріп жанында жүруші едік Айрылып қалдық-ау тау тұлғадан?! Қалғып кеттің қалайша тарлан тұлға, Еткен ісің үлгі боп қалды артыңда. Жатқан жерің мамықтай жайлы болсын Ақтанкерім, жұмаққа ен нар қалпыңда. Еске алушылар: шәкірттері – Қайрош, Жұмажан, Серікқали, Сәкен, Қанат, Ермек, Жалғас, Қайрат, Аманжол, Жұмабай. №299.
Еске алу Нұра ауданының тумасы, тірегіміз, анамыздың асыл жары, отбасының алып бәйтерегі әкеміз Сейіт Бопылұлының дүниеден озғанына 5 жыл толды. Кең жүректі, жомарт пейілді, парасатты, еңбекқор, адал мінезді, әкеміздің арамыздан алыс сапарға аттанғанына 5 жыл толса да көңіл шіркін қияр емес. Оның риясыз күлкісі, бауырмалдылығы, кішіпейілділігі бізге үлгі-өнеге болды. Алысты жақындатып, адам бойындағы жақсылық ұшқындарын тани білетін ерекше қасиетті адам еді. Сіздің жылы жүзіңіз жадымыздан ешқашан өшпек емес. Жаныңыз жұмақта болсын. Топырағыңыз торқа, мамықтан болсын. Асыл әкетайымыз! Өзегімізді өкініш өртеп, Сағыныштың сазы билейді. Еске алушылар: жұбайы – Мараш, балалары, келіндері, немерелері, жиендері. P.S: Әкемізге арналған құдайы ас 2016 жылдың 23 шілдесінде сағ 12. 00-де Кертінді ауылының мектеп асханасында беріледі. Асқа туған-туыс,құда-жекжат, жора-жолдастарды,көзкөрген жамағаттарды шақырамыз. №296.
Еске алу Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылының тұрғындары әкеміз Таймыр Қожахметұлы мен анамыз Манура Зәйітқызының о дүниелік болғанына 20 жыл өте шығыпты. Араға үш ай салып, бірінен соң бірі ауыр дерттен көз жұмған ата-анамызды жоқтап төрт қыз қалдық. Күтпеген қаза оңай соққан жоқ. Аспан айналып жерге түскендей күй кештік. Шаңырағымыз шайқалып ортасына түсті. Күні кеше ғана алаңсыз, жайдары кездер келмеске кетті. Дегенмен, әкемнің бауырларының арқасында есімізді жидық, еңсемізді тіктедік. Қарағандыға көшіріп, баспана әперді. Төртеуміз де университеттің дипломын иелендік. Бүгінде үш қыз жоғарғы оқу орнында оқытушы болып қызмет жасаймыз. Отау құрып, балалы-шағалы болып отырмыз. Бірінші Алланың, екінші аға-бауырдың шарапаты. Осы күнімізді әке-шешеміздің көре алмай кеткендігі ғана өзекті өртейді. Әкем ауылда бас есепші болып қызмет атқарды. Бір адамның ала жібін аттап көрмеген жаны таза, ағайынның шашу-тойында, қуаныш-қазасында қасынан табылатын бауырмал болатын. «Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» деген. Досқа адал, сөзге берік, ағайынға арқасүйер болған әкеміздің шарапатын әлі күнге сезіп келеміз. Көзкөргендер әкеміздің жақсылығын айтып, Тайкеннің баласы деп құрметтеп төрге оздырып жатады. Жаны жайдары, елге өнеге болған әкеміз білімге деген құштарлықты оятты. Осы күнге дейін жеткен жетістігіміз болса ол әкеміздің еңбекқорлығы мен тынымсыз ізденімпаздығының ұшқыны болар. Шешеміз үлкеннің алдын кесіп өтпеген, кішіні кеудеден итермейтін иманды жан еді. Тірі жанға дауыс көтергенін естіп көрмеппіз. Әкеміз де, шешеміз де, тауып қосылғандай өте сабырлы, үлкен-кішіге бірдей елпілдеп тұратын еді. Әлде, өмірлерінің осынша қысқа боларын сездірді ме екен... Әке-шешеміздің жаны жәннатта шалқысын деп тілейміз. Артынан дұға бағыштап, құран оқытқаннан басқа қолдан келер қайыр жоқ. Бір жиенін әкеміздің атына жаздырдық. Алланың салған ісіне көрсеткен қарсылығымыз емес, аты аталып жүрсін деген үміт... Жүрек-кәміл, тілек те әділ, нұр-қабыл. Көкте жұлдыз, құлпырады қырда гүл. Төрт қызыңнан еске түссе мәрт жүзің.., Сағынышты сағым жуған жиырма жыл! Әке-ана! Есімдерің тұр биік! Сабыр сұрап, сағым-сынақ, жыр күйік. Қабыл болсын, туған-туыс дұғасы, Қабір толсын төрт құбылаң НҰР құйып. Еске алушы: балалары – Ләззат-Руслан, Айбын, Жанарыс, Ләйла-Думан, Асылжан, Мағжан, Айсана, Айзере, Әсел-Әсем. №303.
«МИР ДОБРА « ҚБ тапсырыс бойынша
«Қарағанды қаласының ішкі саясатының бөлімі» ММ Базада тәжірибелі мамандар дағдарысты жағдайда көмек көрсетеді және тегін консультациялық көмек береді. Күрделі өмірлік жағдайға тап болған адамдардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу орталығы (Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 3 үй) Орталық: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрмыстық зорлыққа душар болған тұлғалар үшін стационарлық әлеуметтік-психологиялық бейімделу жағдайын қамтамасыз етеміз (10 күннен көп емес) Жұмыс мерзімі тәулік бойы Біз сізге көмектесуге әзірміз! қоңырау шалу Тел: 87021652482 8(7212) 790988
«Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» ЖШС ұжымы газет жанашыры Серік Қамбаровқа ұлы КӨБЕГЕННІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
«Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының ақылдастар алқасы ел азаматы Серік Қамбаровқа баласы КӨБЕГЕННІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Қарағанды облысының білім басқармасы, Теміртау қаласының білім бөлімінің басшысы Бақшагүл Разаққызы Рахимоваға анасының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. №301.
4
РУХАНИЯТ
12 шілде, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz
Белгілі композитор Қасымхан АСАНОВТЫҢ туғанына – 80 жыл Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Адам баласының артық қасиеттері – ақыл-ой, сана-сезімі сыртқа әуелі дауыс, үн, сөз арқылы естіледі. Аллаға деген мінәжаты да осы арқылы жетпек. Тәңірінің кісіге қиған теңдессіз сыйы – дауысты сөз. Оны басқалардың сана-сезімін қозғайтын ән мен жырға айналдырып, адамзат игілігіне жаратушы таланттар тарихта некен-саяқ. Саусақпен санарлықтай сирек. Солардың бірі һәм бірегейі – Қасымхан АСАНОВТЫ қазір екі қазақтың бірі біле бермейді.
Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №8 кітапхана-филиалы Майқұдық тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның кітап қоры 11 мыңнан асады. Мыңнан астам тұрақты оқырманы бар. Олардың ішінде №13, 74 орта мектептерімен және «Ақниет» аула клубымен тығыз байланыста. Мәдениет ошағы патриоттық, өлкетану, салт-дәстүр, экологиялық, салауатты өмір салты және басқа да бағыттарды насихаттаумен қатар, «Кітапхана – қарттарға» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапхана меңгерушісі Гүлнар Қарағонысованың айтуынша, барлық мереке, айтулы күндер ескерусіз қалмайды. – Түрлі тақырыптағы іс-шаралар дәстүрлі және жаңаша бағытта тұрақты өткізіліп тұрады. Танымдық, мәдениәдеби кештерге қарт оқырмандарымызды жиі шақырамыз. С.Мұқышев, Т.Тыныбеков, Д.Іңкәрбаева, Ү.Асқарова сынды ата-әжелеріміз үнемі келіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеді,– дейді Г.Қарағонысова. Мәселен, жақында ұйымдастырылған Ж.Жабаевқа арналған «Жыр атасы – Жамбыл», Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орайластырылған «Бар ғұмырын Тәуелсіздікке арнаған» атты мәдени шаралар тартымды өтті. Мәні мен мазмұны терең кездесулердің оқырманға берері мол. Оқырман қатарын арттыру үшін түрлі шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда жастарға жазғы демалыстарын пайдалы да қызықты өткізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Өз тілшімізден. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.
Алғаш Қарағандыға келіп, Серік Ақсұңқарұлы ағаммен танысып, туған жерімді айтқанымда, «ә-ә, Сәкеннің елі ғой, Қасымхан Асановты білесің бе?», – дегені бар-тын. Енді ойлап отырсам, ерен ұлдың елеусіз қалып бара жатқанын емеурін еткені екен ғой. Қазақ ән қоржынын «Қарамашы, қадамашы көзіңді» сияқты қомақты туындылармен толықтырған сол Қасымханның туғанына биыл – 80 жыл. Кеншілер шаһарымен тете композитордың Қарағанды өнері былай тұрсын, қазақ ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалған соң, орны да болуы керек еді. Тірісінде Тәңірі берген өнерін өзі де, бір ән жазса жарнамалай жөнелетін қазіргілердің де біліп, бағалап жатқаны шамалы. Әйтпесе, кезінде күллі қазақ даласын тербеген «Қарамашы, қадамашы көзіңді» әні авторының аты аспандар шақ баяғыда туған. Тегін автордың әндері әуелі Жүсіпбек Елебековтің репертуарынан орын алып, халыққа Қайрат Байбосыновтың орындауында жете ме? Бір кездері қазақ қыз-жігіттерінің бір-біріне деген мөлдір махаббатының арқауына айналған бұл ән Қазақ радиосының «Алтын қорына» Мақпал Жүнісованың орындауында жазылса керекті. Көзіқарақты елге осыны көлденең тартқан Қазақ радиосының әйгілі дикторы Сауық Жақанова Қасекеңнің тағы бір ғажап әні «Қаракөздің» «Алтын қорда» Әбілахат Еспаевтың есіміне жазылып кеткенін айтып қынжылады. Анығында, Қасымхан Асановтың «Қаракөзі» мен Әбілахат Еспаевтың «Қаракөзі» екеуі – екі бөлек ән. Шатыстыратын себебі – екеуі де Оспанхан Әубәкіровтың өлеңіне жазылған. Әбілахат Еспаевтың әні сәл жылдамырақ айтылса, Қасекеңнің «Қаракөзі» сырлы сазбен баяу есіледі. Мұны маған алғаш айтып, екі әннің ара жігін ашып, айырмашылығын жіліктеп жеткізуші – белгілі әнші Сейіл Аяғанов. Қ.Асановтың көзі тірісінде қасында жүріп, шығармаларының денін қағазға түсіріп алып, ұрпаққа аманаттаушы – танымал әнші, белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай бұл ән төңірегінде былай дейді: «Қасымхан заманы – ащы судың сәнге айналған кезі. Әсіресе, өнерпаз қауымның жаппай бас қойған уақыты осы 60-70 жылдар. Қасымхан ағаның өз аузынан естіген «Қаракөз» әнінің қысқаша тарихы былай. Бірде Мұқағали, Шәмші, Оспанхан, Әбілахат, Қасымхан – бесеуі біраз күн тоқтамай сілтеңкіреп қойып, ертеңіне бәрі түксіз қалыпты. Ол заманда бас жазу деген бұлжымас дәстүр бар. Не істеу керек? Бас сынып, тіл ауызға сыймай барады. Қалтада соқыр тиын жоқ. Мұндайда араларындағы ең пысығы, қиыннан қиыстырып амал табатын Оспанхан Әубәкіров екен. Бұл жолы да аяқ астынан амал таба-
Әр адамның түр келбетін, жан дүниесін көрсететін айнасы бар. Ал, Қазақстанның әсемділігінің айнасы – Астана. Сарыарқа өлкесінде, Есіл өзеніне сән беріп бой көтерген Астана – 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру
Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қарағанды қалалық М.Әуезов атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 6505 әскери бөліміндегі жазғы оқу кезеңін «Ордасы боп сан түрлі бастаманың, Аты алысқа тартады Астананың» атты әдеби шарамен бастады. Өскелең ұрпақтың Отан алдындағы жауапкершілігін, еліне деген құрметін арттыруды көздеген кітапхана қызметкерлері сарбаздардың шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, мәнерлеп оқу дағдысын байқады. Сондай-ақ, шарада мемлекеттік рәміздерді қорғау, ерлікке толы тарихқа зор құрметпен қарау құндылықтары назардан тыс қалған жоқ. Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңінің ашылуына орай 6505
Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ
ды: «Мен, міне, көрдіңдер ме, табан астынан әнге сұранып тұрған мынау қатқан өлең жаздым. Осыған ән жазып бере қойсаңдар, радиоға апарып, қолма-қол қаламақы аламыз» деп, сиясы кеппеген «Қаракөздің» сөзін басы ауырып отырған «бөтелкелестеріне» оқып береді. Бұған алдымен Әбілахат ұшқырлық танытады. Қысқасы «Қаракөздің» Әбілахат жазған нұсқасы «Қазақ радиосының» ән қоржынына бірінші түседі. 70 сом қаламақы жоғарыда аты аталған бестіктің тағы да бірнеше күнгі думанына еркін жетеді. Өзіне-өзі әрең келген Қасымхан ағамыз болса, әнге бірнеше күннен кейін оралады. Әннің әбден бабын келтірген соң, Оспанханға көрсетеді. Ән Оспанханға ұнайды. Бірақ, әннің сөзін өзгертіп жіберіпсің деп дау шығарады. Сөйтсе Қасымхан аға «Тырналар ұшып келгенде, Түседі-ау еске бала кез» деген жолдарды «Қарлығаш ұшып келгенде, Түседі-ау еске бала кез» деп өзгерткен екен. Бұған Қаскең «Біздің жақта тырна деген бір қадірсіз құс, Арқаның қазағы үшін сидиған тырнаға қарағанда үйінің шаңырағына ұя салатын қарлығаш әлдеқайда қасиетті» деп дау айтады. Ақыры бұл уәжге тоқтаған Оспанхан аға жоғарыда аттары аталған достарына бұл әнді де бірнеше күн қатарынан жуған екен. Қасымханның «Қаракөзі» осылайша дүниеге келеді. Таяуда Қасымхан ағаның «Қаракөз» әні туралы тағы бір келеңсіздіктің куәсі болдым. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде әйгілі мәдениеттанушы, жазушы, дәулескер күйші Таласбек Әсемқұловтың домбырасын тапсыру салтанаты болып жатқан еді. Марқұмның көзін көргендер естелік айтты, ән шырқалып, күйлер тартыл-
туралы шешім қабылданып, 1998 жылы жаңа Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім аралығында әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша
ды. Бір кезде сахнаға Семейден келген жерлестері көтерілді. Ұмытпасам әнші Гүлшат Еруова ғой деймін, сахнаға көтерілген екі әйелдің бірі осы «Қаракөзді» Садық Кәрімбаевтың әні деп шырқай жөнелгені. Сәлден соң дастархан басында бас қосқанда Семейден келген әнші апама «Қаракөздің» Қасымхан Асановтың әні екенін ұзақ дәлелдеуіме тура келді. Сөйтсем, ол кісі ұзақ жылдар бойы бұл әнді Садық Кәрімбаевтың әні деп айтып келеді екен. Түзеуге уәде берді». Бесіктен белі шыға домбыра тартып, мандалинада ойнаған Қасымхан Асановқа саз өнері сүйегіне туа біткенге ұқсайды. Мектептегі өнер үйірмелерін басқарып, соғыстан кейінгі елдің көңілін көтеру мақсатында шағын көріністер ұйымдастыратыны – өз алдына бөлек әңгіме. Жиырма жасқа енді аяқ басқан жігіттің әндерін ел аузынан естіген астаналық композиторлар ауылына іздеп келіп, Алматыға алып кеткен. Содан өлеөлгенше тек қазақтың әні мен өнеріне ғана қызмет еткен бұл жарықтық. Дүние, мансап қумаған. Жыр сүлейі Жұматайша (Жақыпбаев) айтқанда, «Тууы да – ән, Моцарттың құруы да – ән, Татып көрсең ол ішкен бір уынан. Сальери – дарынсыздар тайпасының, Ең итжанды, ең надан руынан». Заманында Сальерилер Қасымханға да табылған. Ішкіш, маскүнем деп қаралаған. Бірақ, қазақ ән өнерінің қоржынын байытып, олар емес – Қасымхан Асанов қалған! Сөйткен Қасекеңді халықтың есіне түсіріп қоятын әнінен басқа ештеңе жоқ соңында. Әндерінің өзі эстрадалық ессіз шала туындылармен әуес ұрпақтың құлағына жетпей жатады. Қаражартас, Сарысу, Жаңаарқасынан бастап Қарағанды, Астанасын түгел әнге қосқан Қасымхан Асанов есімін елемеу – әуелі бізге, қарағандылықтарға сын. 1936 жылдың 26 ақпанында (құжатында 1937 жылы деп жазылып кеткен) дүниеге келген Қасымхан Асановтың туған жері – Шет ауданы, Өспен ауылдық округіне қарасты Қаражартас, қазіргі Еркіндік ауылы. Өзінің «Сарысу әуеніне» арқау еткен жақсы Сарысу өзенінің жағасында. Қасқайып «Қасымханның ән төбесі де» осында тұр. Сазгердің алғаш «Тәңірінің берген өнерін» (Абай) хатқа түсірген жері бүгінде «Қасымханның ән төбесі» аталады. Алғашқы туындылары жайлы автор өзі «әуелі қалықтап көтерілгені – «Қарамашы, қадамашы көзіңді» атты әнім еді. Сосын шарықтап ұшқаны – «Шәрбанға» деп есіне алыпты. Екеуінің де сөзі Жұмағали
әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана – әлем бойынша ең жас астана, сонымен қатар, республиканың саяси-әкімшілік, іскер және мәдени орталығы болып табылады. «Астана-бас қала» деп айтылуында үлкен сыр жатқан сияқты. Жаңа астанада бой көтерген көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынуда. Қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтерек, Ақ орда, Үкімет үйі – Астананы әлемге танытты. Оған басты дәлелдің бірі – 2017 жылы Астанадағы "ЭКСПО – 2017" мамандандырылған көрмесінің өтуі. Аталмыш көрмеге 150-ден астам мемлекеттің қатысуы жоспарланған. Болатбек ӘЗІМБЕК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің" Қарағанды облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.
Сайындікі. Осы төбеде туған үшінші әні – Ә.Сәтмағанбетовтің «Ойна, балам» сөзіне жазылған. Сонда Қасымханның жасы небары 19-да ғана. Алматыдағы ауыл шаруашылық институтының агробөліміне оқуға түсіп, бірінші семестрден соң денсаулығы сыр беріп, қатарынан 3 рет жасалған отадан кейін ауылда демалып жатқан кезі. Осы үш әнімен аты шыға бастаған сазгерді 1957 жылы Қаражартасқа Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі сазгер Садық Кәрімбаев іздеп келеді. Сол кісінің нұсқауымен Алматы консерваториясының актерлік факультетіне оқуға түседі. Мұнда Қасекең атақты Тоқпановтың «тоқпағынан» өтіп, екі жыл М.Әуезов атындағы драма театрының әртісі болады. Отбасы жағдайымен Қарағандыға келген соң С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі әрі сазгері қызметін 15 жылдай атқарады. Мұнда сазгер Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» спектакліне және «Отыз тиын штраф» атты комедияға музыка жазды. 1973 жылы Жезқазғанда «халық шығармашылығын өркендету» үйінде директорлық қызмет атқарып жүріп, Жақсыкелді Сейіловпен бірге «Қаракөз» ансамблін құрысқанын біреу білсе, біреу біле бермейді. 2000 жылы Әлімжан Құтжановқа берген сұхбатында сазгер былай депті: «Ән – табиғи құбылыс, тосыннан келетін құдірет. Ол көбіне ұйықтап жатқанда адамның түсіне енеді. Әрине, өңінде жазатындар да жиі кездеседі. Әуелі әннің тақырыбы түске кіруі мүмкін. Біздің тілде мұны «әннің ызыңы» деп атайды. Әлгі «ызың» тура шағатын маса сияқты мазаңды алады. Жанды жеп, өзіңді қоярға жер таппайсың. Негізінде, әсем ән, мәңгілік әуендер сондай қатты қиналыстан кейін дүниеге келеді. Олардың өмірі өте ұзақ, тіпті, мәңгілік өлмейді деуге болады. Оған мысал ретінде Шәмші әндерінің кез келгенін айтсақ та жеткілікті. Сұлу әнді түсінде толғатқан адам, ондай сәтте ұйқыдан атып тұрып, қолма-қол нотаға түсіргені абзал. Егерде ертеңіне есіне түсіре алмаса, ол ән құс құсап ұшып кетеді де, соңында айырылып қалған сазгер өмір бойы өкініп өтеді». Ызыңнан ұлы сарын шығарып, ұлт қазынасына үлес қосқан сазгердің өкініші осы ғана. Дүниеуи тірліктен ада. Біз соның мұрасын байыптап, сол көрген алыстың көкжиегіне жетпесек те, 80 жылдық мерейтойында ұлықтай алсақ, жарады.
Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Ахат Құрмансейітұлы ҚҰРМАНСЕЙІТОВ Директор – Бас редактордың қабылдау бөлмесі: 43-57-78. Бас редактордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Телефондар: Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бухгалтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Балқаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау: 76-56-88; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Газет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 телефондарына хабарласыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады
Жаз жайнатып, күн күлдіріп...
Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.
Біздің сайт: www.ortalyk-kaz.kz сауықн ашылған «Күншуақ» жазғы Көкпекті орта мектебі жанына келыса жар мен ртең Таңе ен. де қыза түск тыру лагерінің жұмысы бүгін тілі лагерь көркін бал н лаға дыр был мен ісі күлк ген балалардың қуанышты ры – нұрлы боң барлығы «Қазақстан балала келтіруде. Мұндағы шараларды рылуда. «Бала сты ық акциясы аясында ұйымда лашақ!» атты бүкілқазақстанд сында отбасыбары аны науқ ық Ұлттық ақпаратт еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ршілігін артапке жау рді нығайту, ата-ананың лық құндылықтар мен дәстүрле ті қызықты елік күнд р, қата н ыме алды. Сон тыру бағытында жұмыстар жас елі түрде жүй р тер, көңіл көтеретін ойында іс-шаралар, тақырыптық кеш сәтқты қызы де ңі кезе ші екін лагерінің жүргізіліп келеді. Сауықтыру . мол з мімі сені терге толы боларына С.ЖҰМА ДІЛДӘ, мұғалімі. інің теб мек а орт і пект Көк . аны ауд БҰҚАР ЖЫРАУ
әскери әскери бөлімінің басшысы полковник Б.Қазкеев сарбаздарды жаңа оқу маусымымен құттықтап, жарты ғасырдан астам тарихы бар әскери бөлімнің биыл 60 жылдығын атап өтетінін жеткізді. Шара барысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының полковнигі Б.Тоқтаров, қатардағы сарбаз Н.Каракаев, әскери қызметшілер қатарынан сержант А.Әб дірахманов әскери өмір жөніндегі ойларымен бөлісті. Сарбаздар «Мемлекеттік – құқықтық дайындық» атты сабақтарды үш бағытта топқа бөлініп оқитын болды. Осы ретте М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері қазақ және орыс тілінде екі топқа бөлінген сарбаздарға әдеби кеш өткізді. Қатысушылар Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен танысып, жүрекжарды өлеңдер оқыды. «Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз» атты бейнекөрсетілімді тамашалады. Кітапханашылар А. Көшербаева және А. Мерейхан «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Редакция 3 компьютерлік беттен асатын көлемдегі қолжазбаларды қарамайды. Жарияланған мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді. Жарнамалар мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жариялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қайтарылмайды. «Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367
Таралымы 15 275 дана № 110 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 2 баспа табақ.
Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Жұлдыз ТОЙБЕК КОРРЕКТОР О.ТӨЛЕУБЕКОВА