Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесті. Кездесуге шетелдік елшілермен қатар, Президент Əкімшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкерлері, дипломаттар, саясаткерлер қатысты.
№34-38 (27977) 19 ҚАҢТАР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Бїгінгі Ќазаќстан бўдан 15 жыл бўрынєыдан мїлдем басќа ел Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Президент дипломатиялық миссия басшыларымен биыл да дəстүрлі түрде кездесіп тұрғанын айта отырып, олардың жұмыстарына келген жаңа жылда игілікті істер тілеп, Қазақстанмен екіжақты қатынастарды дамытудағы қызметтерінің табысты жəне өнімді болатынына сенім білдірді. Сонымен бірге, Президент кездесу барысында өткен жыл қорытындыланып, еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатындағы қол жеткен табыстар таныстырылатыны жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының шетелдермен қарым-қатынастардағы маңызы қарастырылатынын атап өтті. Өткен жылды қорытындылаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жыл дың еліміздің сыртқы саясаты тарихындағы ең табысты жылдардың бірі болғанын айта келіп, қол жеткен жетістіктер туралы қысқаша айтты. Біріншіден, Қазақстан осы жылда өзінің аймақтағы жəне əлемдегі позициясын едəуір нығайтты. Бүкілəлемдік экономикалық форумның рейтингі бойынша еліміз 51-ші орын алды. Іс жүзінде, бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіміз керек деген 2006 жылы алға қойған тапсырмам орындалды, деді Елбасы. Егер естеріңізде болса, бұл міндетке көптеген сарапшылар дүдəмалмен қараған еді. Бірақ біз бар болғаны алты жылда, əлемдік экономикалық дағдарысқа қарамай, бұл міндетті абыроймен орындап шықтық. Бүкілəлемдік банктің бағасына қарағанда, бүгінгі күні Қазақстан шетелдік инвестиция тарту жөнінен ең алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып отыр. Сауда жəне даму индексі
бойынша Қазақстан 140-тан астам елдің арасында 23-орын алды. Тек былтыр ғана біздің елімізге 20 млрд. доллардан артық шетелдік инвестиция тартылды. Бүкіл əлемде тəуелсіздік алғанына аз ғана уақыт болған бірдебір мемлекет осындай өсімді көрсете алған жоқ. Қазір Қазақстан Қытай Халық Республикасы жəне Катар мемлекеттерімен бірге əлемнің ең серпінді дамыған экономикаларының тізімін бастап отыр. Одан əрі Президент еліміздің халықаралық ұйымдардағы позицияларының нығая түскеніне тоқталды. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелігіне сайланды. Бұл – біздің еліміздің адам құқы мен бостандығын сақтауда жеткен ілгерілеуін көрсететін факт. Біздің бастамамызбен құрылып, аймақтық қауіпсіздікті сақтауда беделді құрылымдарға айнала білген АӨСШК-нің 20 жылдығын атап өттік. Сонымен бірге, Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын абыроймен атқарып шықты. Біздің бастамамызбен БҰҰ мен ЮНЕСКО 2013-2022 жылдарды Мəдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы деп жариялады. Елбасы Қазақстан спортшыларының Лондон Олимпиадасындағы табыстарын да айрықша мақтанышпен атап өтті. Біздің құрама командамыз 205 мемлекеттің арасында 12-ші орын алып, əлемдегі спорттық державалардың қатарына енді, деді Президент. Екіншіден, Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік мəселелері жөніндегі саммитте Қазақстан іс жүзінде аждаһалық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың көшбасшысы болып
Уаєдаластыќтарды орындау маѕызды
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Сауда палатасы жəне тауарлар биржасы одағының президенті Рифат Хисарчиклыоғлыны қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесуде екі елдің сау даэкономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету жəне дамыту мəселесі талқыланды. – Сіздер жоғары деңгейге көтерілген Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа зор маңыз беріп отырғанымызды білесіздер. Менің Түркияға өткен жылғы сапарым кезінде бірқатар мəселелер жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Енді оларды орындау маңызды. Сондай-ақ оларды іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Р.Хисарчиклыоғлы Нұр сұлтан Назарбаевқа қабылдағаны үшін алғысын айтты жəне өзі нің Қазақстанға бұл сапары екі елдің іскер топтарының ынтымақтастығын одан əрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті. – Сізді Түркияда қабылдау біз үшін зор құрмет болды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан зор табыстарға қол жеткізді жəне біз достас ел ретінде мұны мақтан етеміз. Біз Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне қанағат сезіммен қараймыз жəне «Стратегия-2050» Жолдауында
танылды. Менің АҚШ жəне Ресей секілді ядролық державалардың көшбасшыларымен бірге үшжақты кездесуге қатысуым Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қосқан үлесінің маңызын көрсететін тарихи сəт екені даусыз.
баяндалған мақсаттарға қол жеткізуге үлесімізді қосуға дайынбыз, – деді Түркияның Сауда палатасы жəне тауарлар биржасы одағының басшысы. Бұдан бөлек, Р.Хисарчиклыоғлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түрік Республикасының Премьер-министрі Р.Ердоғанның таяу уақытта екіжақты сауда деңгейін 10 миллиард долларға жеткізу туралы алға қойған мақсаты іске асатынын атап өтті. Ол бірқатар инвестициялық жо баларды жүзеге асыру үшін Түркияның іскер топ өкілдерінің Қазақстанға сапары жоспарланғанын мəлімдеді. Сонымен қатар, екі елдің іскер топтарының индустриялықинновациялық аймақты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысы, сондай-ақ «Атамекен» ұлттықэкономикалық палатасымен көлік жəне логистика саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарланып отыр.
Үшіншіден, былтырғы жылдың шымылдығы жабыларда Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесі өтетіндігі туралы шешім қабылданды. Біздің еліміз үшін Халықаралық көрмелер бюросына мүше 154 елдің 104-і дауыс берді. Бұл – біздің жас
еліміздің халықаралық беделінің аспандаған сəтін көрсететін салтанат. Мен Астана үшін дауыс берген барлық мемлекеттердің басшыларына өзімнің алғысымды білдіремін жəне сіздерден өз басшыларыңызға осыны жеткізуімді сұраймын, деді Президент. Одан əрі Елбасы көрме өткізуге Қазақстан бүгінгі күннен қызу кірісіп кеткенін жеткізді. Төртіншіден, былтырғы жылы Қазақстан, Ресей жəне Беларусь арасындағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік толықтай жолға қойылды. Қазір Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия өз жұмысына кірісті. Өткен жыл дың желтоқсан айында болған кездесуде үш мемлекеттің басшысы Еура зиялық экономикалық одақ құру жолындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра беретіндіктері туралы келіскен шешімді бекітті. Осы арада, Елбасы Еуразиялық экономикалық одақтың келмеске кеткен КСРО-ны қайта жаңғыртуды көздемейтінін айрықша атап өтті. Бұл мəселеде барлық қатысушылардың ұстанымдары бірдей, деді ол. Еуразиялық интеграция – Үшінші жаһандық индустриялық революцияның сын-қатерлері алдындағы біздің стратегиялық артықшылығымыз. Біз жаңа технология лық қалыптарға бірлесе отырып қарсы шығатын боламыз. Бірақ үш мемлекет те өзінің ұлттық мүдделерін сақтайтын тəуелсіз мемлекеттер ретінде
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.С.Айдарбаевты Маңғыстау облысының əкімі қызметіне тағайындау туралы
Алик Серікұлы Айдарбаев Маңғыстау облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 18 қаңтар. №477.
Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВ 1963 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесі бар. Институтты бітіргеннен кейін «Жетыбайнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында ма мандығы бойынша жұмыс істеді. «Южказ нефтегаз» МАҚ бас директоры, бірінші вице-президенті, «Торғай-Петролеум», «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамдарының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау жəне өндіру жөніндегі басқарушы директоры болды. 2011 жылғы желтоқсаннан – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры.
қала береді. Еуразиялық интеграцияның негізгі мақсаттарына кез келген шүбə келтірулер – бүгінгі əлем туралы түсініктері «қырғиқабақ соғыс» жылдарында қалып қойған сарапшылар мен саясаткерлердің негізсіз қорған рефлекстері, деді Президент. Бесіншіден, өткен жыл Қазақстанның əлемнің көптеген елдерімен қарымқатынасының мерейтойлық жылы болды. Отандық дипломатияның 20 жылдығы көптеген халықаралық серіктестермен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін берді. Өткен жылы мен 20-ға жуық шетелге сапар шектім. Қазақстанға 15-ке жуық əлем елдері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді. Менің əлемдік жəне аймақтық жетекші державалардың – АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Əмірліктерінің жəне басқа елдердің көшбасшыларымен кездесулерім мен келіссөздерім өтті. Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторы күшейе түсті. Оңтүстік Америкадағы алғашқы дипломатиялық өкілдік – Бразилиядағы елшілік ашылды. Біз Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезін жоғары деңгейде өткіздік. Мен Астанада жұмыс істеп жатқан барлық дипломаттарға осы жемісті кездесулерді, сапарлар мен форумдарды ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін, деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бауыржан Əлімұлы Мұхаметжанов Маңғыстау облысының əкімі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Базаргелдіұлы Жылқайдаров Қазақстан Республикасы республикалық Ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен; Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Салауат Маханбетұлы Дембай Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Облысќа жаѕа басшы келді Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Премьер-Министр С.Ахметов пен Президент Əкімшілігінің Басшысы К.Мəсімов Маңғыстау облысында болып, облыстық мəслихаттың кезектен тыс
сессиясына қатысты жəне облыс активімен кездесті. Іссапар мен кездесу мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған облыстың жаңа əкімі А.Айдарбаевты таныстыру. (Соңы 2-бетте).
2
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Бїгінгі Ќазаќстан бўдан 15 жыл бўрынєыдан мїлдем басќа ел
болады. Қазақстанның ХХІ ғасыр ортасына дейінгі Жаңа саяси бағытының басты мəні осында. Қазақстан əлемнің ең дамыған 30 елінің біріне айналуы үшін мен орасан зор міндеттер қойдым. Бұл – біздің стратегиямыздың басты мақсаты, деді Қазақстан Президенті. Біз бұл мақсатқа жету жолында ең жоғары дамыған елдердің тəжірибесін қолданатын боламыз. Сонымен бірге, аймақтағы жəне жаһандық саясаттағы əріптестеріміздің жетістіктерін де жоққа шығармай алға жылжимыз. «2050 –Стратегиясы» Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жаһандық дамудың қатерлеріне қарсы жасайтын жауабы болмақ. Мен онда əлем дамуының перспективалары мен күрделі жақтарына өзімнің көзқарасымды толық келтірдім, дей келіп Мемлекет басшысы стратегияның жеті басымдығына толық тоқталып өтті. Біріншіден, жаңа қадамның экономикалық саясаты толығымен жалпыны қамтитын прагматизмге негізделген. Бұл – мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-əрекеттерінде таза пайда алу, инвестицияны қайтару жəне бəсекелестікке төтеп бере алу қағидаттарын ескеру деген сөз. Біз экономиканы жаңғырту мен оны инновациялық индустрияландыру бағытындағы жұмыстарымызды одан əрі жалғастыра беретін боламыз. Осы орайда Елбасы Қазақстанда инновациялық кластерлердің 6-8 түрлі жаңа буынын дамыту мүмкіндігі барын атап өтті. Олар материалдық өндіріс, туризм, тамақ өнеркəсібі жəне биотехнологиялар, баламалы энергетика, мұнай жəне газды өңдеу технологиялары, өмір туралы ғылымдар, компьютерлік технологиялар мен дизайндер перспективалары, логистика жəне машина жасау. Екіншіден, мемлекеттің кəсіпкерлікті жан-жақты қолдауы. Жекешелендірудің жаңа бағдарламасы əзірленіп, іске асырылатын болады. «Халықтық ІРО» тəжірибесі кеңейтіліп өткізіледі. Алдымыздағы 15 жылдың ішінде біздің экономикамыздағы шағын жəне орта бизнестің үлесі кем дегенде екі есе өсетін болады.
(Соңы. Басы 1-бетте).
Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар, сыртқы саясаттағы табыстарға қол жеткізу қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім, экономикалық өсім, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жақсаруы болмайынша мүмкін еместігін атап өтті. Бұл – біздің еліміздің заңды түрде мақтан тұтатын жетістіктері. Өткен жылдың қорытындысы бойынша əлемдік экономиканың рецессиясы жағдайында Қазақстанның ІЖӨ-сі 5,8 пайызды құрады. Сыртқы сауда айналымы 12 пайызға артып, оның көлемі 115 млрд. доллар болды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан асқан жоқ. Ал жоғары дамыған елдерде қазір жұмыссыздық деңгейі 10-нан 20 пайызға дейін жетіп отырғанын айта кетейін. Қазір біздің еліміздің қаржылық резерві 87 млрд. доллардан асты, соның ішінде Ұлттық қорда 57,5 млрд. доллар болса, алтын валюта активіміз 29,6 млрд. долларға жетіп отыр. Қазір біз басқа да түбегейлі мүмкіндіктер мен перспективалар ашатын жаңа тарихи кезеңге аяқ бастық, деді одан əрі Президент. Тəуелсіздіктің 21 жылдығында жария еткен Қазақстан халқына Жолдауымда 15 жылдан бері іске асырылып келе жатқан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының көптеген мақсаттары мерзімінен бұрын орындалғаны жөнінде қорытынды жасалды. Мен енді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жарияладым. Бұл қадамға баруымыз Қазақстанның осыдан 15 жыл бұрынғыға қарағанда басқа мемлекетке айналғанына байланысты. Біздің мүлде бөлек, мейлінше салмақты халықаралық ұстанымдарымыз бар. Бұл жаһандық экономикаға да, геосаясатқа да қатысты. «Стратегия-2050» түрлі сындар мен қауіп-қатерлердің өткен ғасыр соңындағыға қарағанда мүлде өзге сипаттарына төтеп береді. Ол ел мен қоғам дамуының инновациялық экономикалық жəне əлеуметтік принциптері бойынша іске асырылатын
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Астана қаласының жəне Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына жəне Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Астана қаласының шекарасына қосып, Астана қаласының жəне Ақмола облысының шекаралары өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 18 қаңтар. №479 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 479 Жарлығына қосымша Астана қаласының Ақмола облысының шекарасына қосылатын жерлері бөлігінің жəне Ақмола облысының Астана қаласының шекарасына қосылатын жерлері бөлігінің экспликациясы Р/с №
Əкімші лік-аумақ– тық бірліктің атауы
1
Астана қаласы
2
Ақмола облысының Целиноград ауданы
Барлығы жерлер (гектар)
егістік
17,1000 (Ақмола облысының шекарасына қосылатын) 17,1000 (Астана 17,1000 қаласының шекарасына қосылатын )
Оның ішінде Ауыл- Басқа да көп- шашаруа- жерлер жыл- бын- жайы- шылық дық дық лым алқаптакөшетрының тер жиыны 17,1000
-
-
-
17,1000
-
Үшіншіден, жаңа əлеуметтік саясаттың негізі бір жағынан мемлекеттің əлеуметтік кепілдігі болса, екінші жағынан əрбір қазақстандықтың өзінің жақсы тұрмыс жолындағы жауапкершілігі болады. Сіздер менің өткен жылы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идея қозғағанымды білесіздер, деді Президент. Нарықтық қатынастардан тек қана тез баю көзін немесе бітпейтін несие ала беру мүмкіндігін көрмеу керек. Əлеуметтік жаңғырту міндеттерін іске асыру жолында біз бұрынғы дəуірден қалған əлеуметтік инфантилизм мен масылдықтың инерциясынан арыламыз. Біз қоғамымыздың жаңашыл рухын дамытуды көздейміз. Төртіншіден, білім беру саласын дамытуда жəне кадрлар дайындауда сапалы секіріс болады. Сонымен бірге, ұлттық инновация жүйесі құрылады. Біз қазақстандықтардың бойында ең жетілдірілген жарақтар мен ең заманауи өндірістерде істеуге деген құлшынысын шыңдаймыз. Біздегі кəсіптік білім беру жүйесі мемлекет пен жекеменшік əріптестігіне, оқуға көп сатылы гранттар беру жүйесінің тиімді тетіктеріне негізделетін болады. Бесіншіден, «2050-Стратегиясының» маңызды бағыты мемлекетшілдікті нығайту мен Қазақстандағы демократияны дамытуға байланысты. Алтыншыдан, Қазақстанның сыртқы саясаты аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған күйінде қала беретін болады. Сондайақ Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Өңірлік көпжақты дипломатия орталығын құру жөніндегі жұмыстардың басталғаны туралы хабарлады. Онда ұйымдардың, бағдарламалардың, қорлардың жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің өңірлік жəне субөңірлік мəртебеге ие 16 өкілдігі жұмыс жасайды. Қазір Халықаралық дамуға жəрдемдесу жөніндегі агенттік (KAZAID) құру жұмыстары жүріп жатыр. Ол біздің көршілерімізге жəне өзге мемлекеттерге
техникалық көмек көрсететін болады. Жалпы, біз Еуразияның жүрегі тұрақты өңірлік жəне жаһандық дамумен үндесіп, оның игілігі жолында бірқалыпты соғуы үшін өзімізге байланысты нəрсенің бəрін жасаймыз, деді Мемлекет басшысы. Жетінші бағыт қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталады. Мұндағы негізгі тапсырма біздің қоғамымыздағы кез келген этностық жəне діни теңдіктің сақталуы негізінде бейбітшілік пен келісімді арттыруды көздейді. Біз тілдердің үштік бірлігі саясатын одан əрі дамытамыз. Сонымен бірге, мен 2025 жылға дейін қазақ тілін жаңғырту мақсатымен латын əліпбиіне көшу бағдарламасын əзірлеу жөнінде міндет қойдым. Бұл қадам мемлекеттік тілді дамыту ғана емес, Интернеттегі ақпараттық технологияны емін-еркін пайдаланудың шарты. Одан əрі Елбасы өзінің халықаралық G-GLOBAL ұсынысына тоқталды. Мен оны Астана экономикалық форумы мен IV Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі барысында былтыр жазда баяндадым. G-GLOBAL – əлемге біз ұсынып отырған жаһандық үнқатысудың жаңа пішіні. Тек G-8 немесе G-20-ны ғана емес, түгел қамтитын пішін – ХХI ғасырдың жоғары «геосаяси математикасы» осы. Бүкіл жаһандық қоғамдастықтың əлемдік экономика мен саясаттың барлық мəселелері жөніндегі жалпыға ортақ үнқатысуы қажет, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы «G-GLOBAL пішіні – көпполярлылық жағдайындағы əлемдік құрылымның 5 принципі» екеніне тоқталды. Олар саясаттағы эволюцияны жəне революциялық өзгерістерден бас тартуды; əділеттілікті, теңдікті, консенсусты; жаһандық толеранттылықты жəне сенімді; жаһандық транспаренттілікті; сындарлы көпполярлылықты қамтиды. Олардың негізінде ХХI ғасырда жаһандық түйткілдердің көбісін шешудің оңтайлы жолдарын іздеуге мүмкіндік туады. Оған қоса, бұл идея ХХІ ғасырдағы қауіпсіз жəне өркендеуші əлемнің
құрамдас бес бөлігін қамтиды. Жүйелі түрде олар Қазақстанның барлық негізгі халықаралық бастамаларын көрсетіп береді. Нұрсұлтан Назарбаев бұлардың бəрі бүкілəлемдік үнқатысудың бөлігіне айналғанын, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне басқа да халықаралық ұйымдарда, өзге елдермен көпжақты жəне екіжақты келіссөздерімізде талқыланып жатқанын атап өтті. Көбі іс жүзіне асырылып та жатыр. Бұл бастаманы қолдайтындарын Нобель сыйлығының көптеген лауреаттары, саяси көшбасшылар жəне жаһандық саясаттың ардагерлері, сарапшылар жария етті. Сіздер БҰҰ-ның Жаһандық дағдарысқа қарсы жоспарын əзірлеу үшін Астанада Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы конференция шақыру туралы ұсыныс білдіргенімді білесіздер. Біздің жас еліміз тағдырына бейжай қарай алмайтын əлемнің қазіргі дамуы осы идеяның өзектілігін білдіреді. Бастан кешіп отырған дағдарыстың жаһандық ауқымда екенін бəрі мойындайды. Бірақ ешкім де жаһандық деңгейде қорытынды жасамай отыр. Қабылданып жатқан шаралар қараңғыда жоғалған 1 центті іздеймін деп 100 долларлық ақшаны жағу əрекетін көбірек еске салады. Жаһандық дағдарыстан шығу əлемнің барабар жəне тиімді қаржы архитектурасына өтпейінше мүмкін емес. Бұл туралы, ең алдымен, БҰҰ жəне əлемдік қаржылық ұйымдары аясында əңгіме жүргізу қажет. Мен біздің шетелдік серіктестерімізді биылғы маусымда өтетін кезекті Астана экономикалық форумына қатысуға шақырамын. Жалпы, G-GLOBAL – əлемнің даму жолын жаһандық тұрғыдан іздестіруге Қазақстанның қосқан үлесі, деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері өткеніне 15 жыл толатынын атап өтті. Қысқа мерзім ішінде Астана халықаралық дипломатияның жаңа орталықтарының біріне айналды. Осында мемлекеттердің
саммиттері, əлемдік ауқымдағы ірі ісшаралар өткізіледі. Өткен ғасырдың соңында осындай бір кездесуде сіздердің алдарыңыздағы əріптестеріңізді біздің жаңа астанамызға батыл түрде қоныс аударуға шақырғаным есімде. Қазақстанда тіркелген 66 дипломатиялық миссияның 65-і қазір Астанада жұмыс істейді. Олардың толыққанды жұмысы жəне дипломаттар отбасыларының өмір сүруі үшін біз барлық қажетті жағдайды жасадық жəне жасай береміз. Қазақстан тарапы сіздердің өтініштеріңіз бен тілектеріңізге əрдайым ықыласпен қарайды. Себебі, Қазақстанның сіздердің елдеріңізбен екіжақты қатынасының даму қарқыны сіздер атқаратын жұмыстың сапасына байланысты болмақ, деді Президент. Дипломатиялық миссиялар басшылары атынан оның дуайені, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бочарников сөйлеп, барлық дипломат əріптестері атынан Президентке толымды ақпараты үшін алғыс білдірді. Одан əрі елші дипломаттар «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған жаңа міндеттермен таныс екенін атап өтті. Ол Қазақстан əлемдегі ахуал мен жаһандық сын-қатерлердің жай-күйін терең жəне тыңғылықты талдайтынына, шетелдік мемлекеттермен серіктестікке қатысты басымдықтардың өзгермейтіні жəне қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беруге сындарлы дайындалу қажеттігі атап өтілгеніне тоқталды. Осында отырған дипломатиялық миссиялар басшылары Қазақстандағы дипломатиялық жұмыс аса мазмұнды жəне қызықты екендігі туралы фактіні қуаттайды деп сенемін. Екі жаққа да маңызды болуы өз алдына, ол өте байсалды қатысушылары бар көптеген халықаралық жəне ұлттық іс-шараларымен ерекшеленеді, деді дипломатиялық корпустың дуайені. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Сапалы ќамтамасыз ету тапсырылды Облысќа жаѕа басшы келді Кешегі Парламент Мəжілісінің бюросында алдағы өтетін жалпы отырыста қаралатын мəселелер нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің жəне аралық соттың қызметін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болды. Сонымен бірге, «2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рəсіміне сəйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мəселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп
алудың ерекшеліктері жəне осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» жəне «2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары депутаттар қарауына ұсынылады.
Алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасына палата қорытынды əзірлеу мерзімін нақтылайтын: «Оңалту жəне банкроттық туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Рес публикасының кейбір заңнамалық акті леріне жер қатынастарын реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қосылды. Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мəжілістің тиісті комитеттеріне алдағы болатын жалпы отырыста осы заң жобаларын сапалы қамтамасыз етуді тапсырды.
Басым баєыттар айќындалды
Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нұртай Əбіқаевтың төрағалық етуімен комитеттің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары жəне аумақтық органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа мəжілісі болды. Онда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қауіпсіздік органдарының 2013 жылға арналған жұмыс нəтижесі қорытындыланып, сондай-ақ басым міндеттері айқындалды. Алқа жұмысына Президенттің «Қазақстан- 2050» Стратегиясы – Қауіпсіздік Кеңесі Хат шысының міндетін қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атқарушы Қ.Жаңбыршин қатысты, деп хабарлады атты Жолдауын іске асыру аясындағы ұлттық ҰҚК баспасөз қызметі.
(Соңы. Басы 1-бетте).
Облыстық мəслихат депутаттары 1 жылдан астам уақыт ішінде өңірде елеулі қызмет атқарған Бауыржан Мұхаметжановтың жұмысын оң бағалап, 1985 жылы алғашқы еңбек жолын «Жетібаймұнайда» бастап, күні кешеге дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-та еңбек еткен, мұнай саласының тəжірибелі маманы А.Айдарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Облыс активі алдында ПремьерМинистр С.Ахметов «Өздеріңіз білесіздер, Бауыржан Əлімұлы облысқа күрделі кезеңде келді. Аз уақыт ішінде біраз жұмыстар атқарылды. Моноқалаларды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, экономиканы əртараптандыру бағытында нəтижелі жұмыстар жүргізіліп, бір сөзбен айтқанда, Елбасы тапсырмалары орындалды», деп Б.Мұхаметжанов жұмысын оң бағалап, алғыс айтты. – Мен үшін Маңғыстаудың орны бөлек. Осында қарапайым мұнайшылықтан бастап, бүгінгі күнге жеттім. 362 əулиенің, Пір Бекет атаның мекеніне қызмет ету – үлкен парыз, абырой. Маған сенім артқан Елбасына алғыс айтып, бар тəжірибем мен күшімді сенімді
ақтауға жұмсайтын боламын», – деді А.Айдарбаев. – Маңғыстау облысына басшылық қызметке келгенімде Елбасы біраз тапсырмалар берген болатын. Солардың бірі – құқықтық тəртіпті жолға қою, тұрғындар құқықтарының тапталмауы. Өзіме жүктелген міндеттерді атқардым деп ойлаймын. Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласы қаншалықты өзгергендігіне өздеріңіз куəсіздер. Облыс экономикалық даму жағынан республика бойынша 12-ші орында болатын, соңғы көрсеткіштер бойынша 5-6шы орындарға жылжыды. Менің өтінішімді қабылдап, Маңғыстау облысы əкімдігінен босатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қолдау көрсетіп, қасымнан табылған маңғыстаулықтарға үлкен ризашылығымды білдіремін, – деген Б.Мұхаметжанов А.Айдарбаевқа алда ауқымды жоспарлары тұрған қазыналы өлкеде басталғалы тұрған басшылық қызметіне сəттілік тіледі. Облыс əкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, Ақтау қаласының əкімі Е.Жаңбыршин Б.Мұхаметжановқа ақ жол тілеп, А.Айдарбаев қызметіне оң болсын айтты. АҚТАУ.
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
мəселелері шешілді. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілуде, яғни медиация жəне сот актілерін жеке негізде орындау, қамауды соттық санкциялау, қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер институты енгізілді. Жыл сайын соттардың мамандануы тереңдеуде. Сөз жоқ, ұлттық заңнаманы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық құқықтық актілерге сəйкестендіруге де маңызды орын берілген. Жақын арада Парламентке Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстерінің жəне Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жобалары енгізілетін болады. Олардың сапалы түрде қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді реформалауды қамтамасыз етеді. Тəртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидаты жөнінде. «Нөлдік төзімділік» əдісі елеусіз құқық бұзушылықтар үшін де қатаң жазаларды көздейді. Осылайша, мемлекет кез келген тəртіпсіздіктерді бұлтартпауға бел байлағанын көрсетеді. Президент жариялаған бұл қағидат қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жəне қылмыстылықпен күресудегі маңызды
Тəуелсіздік жетістіктерін еселеу жолында Тəуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Президент Н.Ə.Назарбаев жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жаңа сын-қатерлерге жауап қана емес, республиканың таяу жарты ғасырларға саяси жəне экономикалық дамуының пішіндері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат та болды. Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыт қажеттілігін негіздеді, себебі, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында қабылданған «Стратегия-2030»-дың негізгі ережелері іске асырылды. Серік АҚЫЛБАЙ, Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.
Халыққа жаңа Жолдауында Прези дент дамудың 7 басым бағы тын анықтады. Олар əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты міндетін шешуге – экономика өсімі мен қоғамдық игіліктердің ұлғаюы арасындағы оңтайлы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған. Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бағыттардың бірі мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру үшін қазақстандық демократияны дамыту болып табылады. Аталған бағыттың алғашқы аспектілері қатарында мемлекеттік жоспарлау жəне болжау жүйесін одан əрі жетілдіру белгіленген. Мəлім болғандай, 2009 жылы Президент Н.Ə.Назарбаев Жарлығымен түпкі нəтижеге бағытталған Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бекітілген. Қолданыстағы стратегиялар, тұжырымдамалар, доктриналар, мемлекеттік, аймақтық жəне сала лық бағдарламалар 2010 жыл дың желтоқсанында осы құжатқа сəйкестендірілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа міндеттерін ескере отырып, стратегиялық құжаттардың «қайта жүктелуі» мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағыттарды іске асырудағы жауапкершілігін күшейтуге, нақты нəтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Осы міндетке мемлекеттік аудитті енгізу де бағынған. Мемлекеттік басқаруды одан əрі орталықсыздандыруға келетін болсақ, биліктің орталық жəне жергілікті деңгейлері арасындағы қызметтерді анықтап айыру бойынша мақсатты жұмыс 2003 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Белгілі болғандай, 2004 жəне 2006 жылдары осы саладағы заңнамаға тиісті толықтырулар енгізілді. Жаңа Бюджет кодексінің нормалары биліктің барлық деңгейлеріне дербестікті қамтамасыз етті. 2009 жылы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару мəселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерге байланысты Қазақстандағы жергілікті өзін өзі басқарудың негізі мəслихаттар болды. Осылайша, жергілікті өзін өзі басқарудың жаңа тетігі құрылды, жергілікті маңызға ие мəселелерді тікелей шешуге азаматтарды неғұрлым кең тартуға мүмкіндік берілді. Ауыл əкімдерінің мəслихаттар арқылы сайлануы қоғамдық бақылауды жəне тұрғындардың жергілікті жердегі жағдайға ықпалын, жергілікті маңызға ие мəселелерді шешуге тұрғындардың қосылуын арттырады. Бұл үдерістердің барлығы құқықтық қолдауды қажет етеді, оны алдағы жылда іске асыру көзделген. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру Парламент қызметінің аса маңызды бағыты болып табылады. Сонымен қоса, халықтың жергілікті өзін өзі басқару конституциялық құқығын іске асыру тиімділігі қажетті құқықтық негіздің болуына ғана емес, жер гі лік ті өзін өзі басқаруды іске асырудағы құқықтар мен мүмкіндіктерді
пайдалануды адамдардың түсінуі мен ұмтылысына да тəуелді. Осы саладағы міндеттерді жүзеге асыру кең түсіндірме жұмыстарына, ақпараттық жаппай оқытуға байланысты. Бұл азаматтарға жергілікті маңызға ие мəселелерді шешу үдерісіне қосылуға көмек көрсетеді. Бұл бағыттың үшінші аспектісі кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің артуына байланысты. 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен əкімшілік реформаны одан əрі жалғастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданған. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы» заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің Арнамыс кодексі қабылданды. Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тəн емес қызметтердің жартысы бəсекелі ортаға берілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік аппаратты кəсібилендіру мен оның тиімділігін арттыру, мансапты жоспарлау мен бағалау жүйесін енгізу, «А» басқарушылық корпусын құру, сондай-ақ, кадр қызметтерінің рөлін көтеру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу жəне уəждеме шараларын жетілдіру бойынша Мемлекеттік қызмет туралы заңға түзетулер қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің негізгі кемшілігі оның көбінесе қызметтерді жеткізуші мүдделеріне бағытталатындығында. Нақтырақ айтқанда, тұтынушыға емес, шенеунікке. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақтыөктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді жəне жедел түрде көрсетуге көшу» міндетін қойды. Бұл жерде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік тетіктерді одан əрі жетілдіру ерекше маңызға ие болады. Соттар, прокуратура, адам құқықтары бойынша уəкіл институты жəне басқа мемлекеттік органдар заңдылықты қамтамасыз етудің тиімді құралына айналуы тиіс. Мемлекеттік аппараттың бизнесқоғамдастықпен өзара əрекеттестігінің жаңа жүйесін құру осы бағыттың негізгі аспектілері қатарында белгіленген. Шағын жəне орта бизнестің дамуы мемлекеттік саясаттың басты құрамдас бөліктерінің бірі десек, бизнеске əкімшілік ауыртпалықты төмендету мақсатында заңнамаға рұқсат беру жүйесін жеңілдету бойынша толықтырулар қабылданды. 1015 рұқсаттың 348-і жойылды. Тəуелсіздік жылдары ішінде қалыптасқан заңнамалық база Қазақстанға толымды құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік берді. Тəуелсіздік жылдары ішінде 2000-нан астам заң қабылданды. Қазақстан Конституциясы негізгі құқықтық құжат ретінде елдегі құқықтық реформа барысына, қазақстандық заңнаманың негізгі салаларының кодталуын қамтамасыз етуге тікелей ықпалын тигізді. Заңнамалық деңгейде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқық қорғау жүйесін реформалау жəне соттар тəуелсіздігін нығайту арқылы қорғалуын одан əрі қамтамасыз ету
қадамға айналады. Алайда, əрбір қазақстандық тіпті ең кішігірім құқық бұзушылықтарға жол беріп, оған көз жұмуға болмайтынын ұғыну керек. Жемқорлықты өмірдің əртүрлі салаларында туындататын жəне мемлекеттік қызметшіні жемқорлық əрекеттерін жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды көздейтін жаңа жемқорлыққа қарсы саясатқа айрықша маңыздылық берілуде. ТМД елдері ішінде Қазақстан жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негізі мен жүйесін əзірлеуде жетекші орын алып отыр. Осы саладағы құқықтық база мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күреске бірізді жəне кешенді сипат беруді көздейтінін көрсетеді. Алдағы уақытта мемлекеттілікті нығайту жəне демократиялық үдерістерді дамытуда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформалануына елеулі орын берілетін болады. Соңғы жылдары елде қылмыстық қол сұғушылықтардан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту, қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылды. Заңнамалық негіз жасалды – бұл «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы», «Əділет органдары туралы», «Терроризммен күрес туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңдар жəне басқалары. Барлық күш құрылымдарының қызметкерлерін өз ауқымы бойынша теңдесі жоқ аттестаттау өткізілді. Келесі жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақшалай қаражат жəне зейнетақымен қамсыздандыру өседі. Құқықтық база жетілдірілуде. Тек соңғы 10 жылда Қылмыстық, Əкімшілік, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қылмыстық жазалар жəне қылмыстық атқару жүйесін одан əрі жетілдіру, азаматтарды ұстау, өлім жазасы негіздері мен тəртібін бекіту, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту, əскери қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту мəселелері бойынша заңнамалық актілерге елеулі түзетулер қабылданды, олар құқық қорғау органдары жұмысының нысандары мен əдістерін өзгертуге бағытталған. 2011 жылы Құқық қорғау қызметі туралы заң қабылданды, Ішкі істер органдары туралы жаңа заң Парламентте 2013 жылы қаралатын болады. Бұл жерде шекара қызметін реформалау мақсатында Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» жаңа Заң қабылдағанын атап өту қажет. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» Заң күшін жоюға қойылғанын еске сала кетейін. Қабылданған заңға сəйкес Шекара қызметінің командалық құрамын кезектен тыс аттестаттау өткізілетін болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ауқымды міндеттерін іске асыру заңнамалық сүйемелдеуді қажет етеді, сондықтан, Парламент Үкіметпен бірлесе отырып оң еуропалық тəжірибені пайдаланумен бірге, институттық-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Осыған байланысты халықтық өкілдік институты жəне қоғам мен мемлекеттің аса маңызды билік-басқарушылық құрылымы болып табылатын Парламентке Мемлекет басшысы Жолдауда алға қойылған жоғары мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі ерекше жауапкершілік жүктеген.
3
Мыќты мемлекет – нўрлы болашаќ кепілі Қазақстан тарихында жаңа дəуір басталды. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасының негізгі міндеттері ойдағыдай орындалды. Бұл бағдарлама, Елбасы айтқандай, «осы жылдар ішінде біздің басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сəуле шашып, алға басуға жігерлендірді». Шын мəнінде, ол кезде біздің еліміз жаңа қалыптасып жатқан, болашағы əлі айқындалмаған тым жас мемлекет болатын. «Қазақстан-2030» Стратегиясы алдағы болашақты, оған барар жолды, мемлекетті нығайтудың негізгі міндеттерін айқындап берді. Соның арқасында Қазақстан аз уақыт ішінде экономикалық əлеуеті толысқан, өзіндік ұстаған жолы бар, əлем таныған мемлекетке айналды. Серік ПІРƏЛИЕВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Елбасы жаңа Жолдауында «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі қорытындыларына тоқталып өтті. Атап айтқанда, стратегиялық бағдарламада негізгі міндет болып саналған ұлттық қауіпсіздігіміз нығайды. 14 мың шақырым мемлекеттік шекарамызды белгілеп алдық. Каспий теңізіне жəне басқа да аумақтық мəселелерге байланысты даулардың қаупі сейілді. Ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік күшейді. Демократия дамып келеді. Шетелдік инвестициялар мен ішкі салымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу қамтамасыз етілді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты жақсарды. Энергетикалық ресурстарымыз көбейді, инфрақұрылым, əсіресе, көлік пен байланыс саласы қарқынды дамыды. Кəсіби мемлекет қалыптасып келеді. Осылайша, 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер мерзімінен көп бұрын жүзеге асырылды. «Бүгін біздің əрқайсымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты деп айта аламыз», – деді Елбасы жаңа Жолдауында. – Бұл біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нəтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі». Ал енді «Қазақстан-2050» Стра тегиясын қабылдаудағы біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен жəне экономикалық өсумен айналысады. Осыған байланысты Елбасы өз Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі стратегиялық жаңа саяси бағытын айқындап берді. Соның ең бастысы – экономикалық саясат, яғни оның басты мəні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Ол – экономикалық жəне басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық жəне ұзақ мерзімді мүдделілік, экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру, қолайлы инвестициядан алынатын қайтарымды молайту, экономиканың тиімді жеке секторын құру жəне мемлекеттік жекеменшіктік серіктестіктерді дамыту, экспортты мемлекеттік ынталандыру деген сөз. Елбасы Жолдауында экономикалық саясаттың барлық бағыттары айқын көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа стратегияда əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері мен қағидалары, мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократияны дамыту мəселелеріне айрықша орын берілген. Ұлт денсаулығын нығайту, заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары айқындалған. Осыған байланысты біздің педагогтар қауымы жаңа стратегияның білім саласындағы бағыттарына айрықша назар аударуда. Жолдауда айтылғандай, бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры, инновациялық техно логияның, электрондық-ақпараттық техниканың шырқау көкке самғайтын дəуірі. Сондықтан, жастарды бұрынғыша оқыту жеткіліксіз. Олар болашақта əлемдік озық технологиямен жабдықталған заманауи өндірістерде дағдылануы, үйренуі керек. Бұл кезеңде жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына айрықша көңіл бөлінеді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессороқытушылары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қанағаттанған сезіммен қарсы алып, бүгінде оны қызу талқылау үстінде. «Қазақстан-2050» Стратегиясына орай біз де өз мүмкіндіктерімізді саралап, болашақ міндеттерімізді айқындау үстіндеміз. Біздің қазіргі жəне болашақтағы басты міндетіміз – бəсекеге қабілетті білімді де білікті педагог кадрларын даярлау. Бұл білім беру сапасын арттыру, мұғалім мамандарын даярлау деңгейін жоғарылату, инновациялық ғылыми жобаларды көбейту, оқу үдерісін автоматтандырылған ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуді жақсарту, орталықтандырылған тестілеу жүйесін дамыту, академиялық ұтқырлықты жетілдіру, оқытушылардың сапалық деңгейін көтеру, универ ситет жағдайында интеллектуалды тұлға қалыптастыру жобаларын жүзеге асыру, ұлттық тəрбиені өрістету болып табылады. Болашақ педагогтарымыздың интеллектуалдық деңгейін көтеру – басты мақсатымыз. Өйткені, біздің мамандарымыз
əлемдік инновациялық технологияларды жан-жақты меңгерген, білімді, білікті, адамгершілік сапасы жоғары, Отанын, елін, жерін сүйетін, тілін, ділін, дінін, ұлттық мəдениеті мен салт-дəстүрлерін қастерлейтін, өз халқына шын берілген, мемлекетіміздің дамуы үшін жан аямай еңбек ететін интеллектуалды тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндікті қарастырудамыз. Университетімізде жаңа ашылған «Ғылыми зерттеу жəне жаңартпа технологиялар», «Ин теллектуалды ұлт қалыптастыру», «Абайтану», «Жамбылтану», «Тұлғатану» сияқты ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, «Инновациялық технологиялар» зертханасы жəне басқа да құрылымдар болашақ педагог кадрларының интеллектуалдық деңгейін көтеруге қызмет етеді. Біздің университетіміз əлемдік рейтингілік ұйымдарға ену үшін «Вебометрикс», «Кью-Эс» сияқты əлемдік рейтингтік талаптарға сай жүйелі жұмыс істеп келеді. Арнайы білім беру бағдарламасы дайын далды. 19 мамандық бойынша шетелдік серіктестермен бірге 3 деңгейде жəне 3 тілде 71 білім жəне 120 типтік бағдарлама əзірленді. Бүгінде профессор-оқытушыларымыз электронды оқу құралдарын жасаумен айналысуда. Қазірдің өзінде 109 электронды оқу құралы қолданысқа енді. Болашақ мұғалімдеріміз бəсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін кей пəндерді ағылшын тілінде оқытуға ден қойып отырмыз. Биылға дейін физика жəне информатика, халықаралық қатынастар мамандықтары ағылшынша оқытылса, алдағы уақытта бұл тілдің ауқымы кеңеймек. Осы мақсатпен көптілділікті енгізу жөнінде арнайы кеңес құрылды. 7 факультетте пəндерді ағылшын тілінде оқытатын 15 арнайы топ жасақталды. Əлемдік білім кеңістігіне ену, халықаралық стандарттарға сəйкес келу үшін бүгінде дүние жүзінің 115 үздік университеттерімен ынтымақтаса жұмыс істеудеміз. Бүгінде оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр. Соның бірі – шетелдік білікті мамандарды Қазақстанның
конгрестерде 30 профессорымыз ғылыми баяндамалар жасады. 166 студентіміз бен магистрантымыз халықаралық жəне республикалық байқаулар мен олимпиадаларының жеңімпаздары атанды. Бүгінгі таңда біз ғылыми-зерттеу университеті атану үшін ғылыми-зерттеу шараларын барынша өрістетуге күш жұмсаудамыз. Біздің заманымыз – ақпараттық технологиялар заманы. Осыны ескере отырып біз білімді ақпараттандыруға айрықша көңіл бөлудеміз. Үстіміздегі оқу жылынан бастап университеттің ақпараттандыру жүйесін жаңартуға кірістік. Осы жүйенің «Білім порталы» модулі мен «Оқу жетістіктері нəтижелерінің мониторингі», «Кафедралар», «Деканаттар», «Тіркеушілер офисі» бөліктерін бағдарламалық қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталды. Олардың университет қызметін жеделдетуге ықпалы мол. Өйткені, университеттің оқу-тəрбие үдерісіне байланысты барлық студенттер, оқытушылар туралы мəліметтер, деканат, кафедра, оқу-əдістемелік кешендер, пəндерді кредиттерімен қоса еркін таңдау үрдісі, оқу үлгерімін автоматтық жүйеде бағалау, сынақ кітапшасын толтыру, қорытынды бақылау, оқу жүктемесін есептеу – міне, осының бəрі автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырылады. Электрондық мультимедиалық оқуəдістемелік басылымдар жасау мен оны пайдалану үшін «Силлабус», «Оқулық», «Оқу басылымы», «Пəндер бойынша оқу-əдістемелік кешендердің қолданбалы бағдарламалары» оқу үдерісіне енгізілді. Сол сияқты, «Оқу жетістіктері нəтижелерінің мониторингі» ұдайы жүргізілуде. Елбасы Жолдауында: «Бізге оқыту əдістемелерін жаңғырту жəне өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтықтан оқытуды жəне онлайн режімінде оқытуды қарқынды енгізуге тиіспіз», – делінген. Біздің оқу орнымызда онлайн режімінде оқыту жүйелі түрде қолға алынды. Əсіресе, шалғайдағы шағын жинақты мектептердің мұғалімдерін онлайн арқылы оқыту, олардың біліктілігін көтеру, интернет-дəрістер беру, əдістемелік көмектер көрсету ісімен төрт жылдан бері үзбей айналысып келеміз. Жолдауда жастар саясатын одан əрі дамыту мəселесіне де ерекше мəн берілген, бұл жөнінде мемлекеттік жас тар саясатының тұжырымдамасы əзірленіп жатқаны айтылған. Президент осы арада өз сөзін жастарға арнай отырып былай деді: «Сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, отбасыларыңыз дың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы».
жоғары оқу орындарына шақыруға мемлекет есебінен қаржы бөлінуі дер едім. Мəселен, 2010-2011 оқу жылында біздің университетке шетелден 35 оқытушы шақырылып, олар арадағы келісім-шарт бойынша тегін қызмет атқарса, 2011-2012 оқу жылында министрліктен 27 миллион теңге бөлініп, сол арқылы шетелден 44, ал үстіміздегі оқу жылында 55 шетелдік профессор шақыртуға мүмкіншілік алдық. «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы жəне ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы жəне дамытуы қажет», делінген Елбасы Жолдауында. Бұл мəселе де жұмысымыздың негізгі бағыты болып саналады. Айталық, іргелі жəне қолданбалы зерттеулер бойынша 2011 жылы жалпы 107 млн. теңгеден астам қаражатқа 96 ғылыми жоба игерілсе, 2012 жылы ғылыми жұмыстарға 141 млн. 450 мың теңге бөлінді. Соның ішінде 74 млн. 200 мың теңге көлемінде 18 жоба игерілсе, университеттің бюджеттен тыс қаржысы есебінен (67 млн. 250 мың теңге) 31 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы ғалымдарымыз 6 инновациялық патентке, 3 авторлық куəлікке ие болды. Былтырғы оқу жылында қызметкерлеріміздің 3037 ғылыми еңбегі жарияланса, оның 45-і монография , 373-і оқулық жəне оқу құралдары. Басқалары отандық жəне шетелдік басылымдарда жарияланған ғылыми жарияланымдар. Шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда жəне
Біздің оқу орнымызда «Студенттердің этикалық кодексі», «Тəрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Университет түлектерінің қауымдастығы құрылды. Эстетикалық тəрбиені жетілдіруге бағытталған «Мəдениет бөлімі» ашылды. «Пікірталас клубы» іске кірісті. Қоғамдық тəртіпті күшейту үшін «Студенттік шұғыл жасақ» ұйымдастырылды. Университетаралық «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға» атты ақындар айтысы, республикалық əн фестивалі өткізілді. Студенттер ассамблеясы жұмыс істеуде. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен спорт пен мəдени шараларды өрістетіп отырмыз. Жастарды ұлы Абайдың «толық адам» іліміне тəрбиелеуге баса назар аударылуда. Оқу үрдісіне «Абайтану», «Əдептану», «Ұлттық тəрбие» пəндерін енгізудегі мақсатымыз да осы жастар саясатына байланысты. Сондай-ақ, студенттерді отаншылдыққа, патриотизмге тəрбиелеу, мемлекет саясатына баулу жөніндегі ісшаралар кешені жүзеге асырылуда. Жолдау талаптарына сəйкес жастар саясатын жоғары деңгейге көтеру жоспарлануда. «Қазақстан-2050» Стратегиясында аналарға, балаларға қамқорлық жаңа міндеттер деңгейінде қарастырылады. Тіл мəселесі жаңа өрісін тауып отыр. Меніңше, осының бəрі мықты мемлекет құрудың негізгі алғышарттары болып табылады. Ал мықты мемлекет құру – халқымыздың болашағын баянды етудің бірден-бір кепілі.
4
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ
ДЕПУТАТТАР ДАУЫСЫ сайлаушылар жїрегіне жетуде Палата Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Алматыдағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Сайлаушылармен кездесулерге сенаторлар Жұмабек Төрегелдинов пен Людмила Полторабатько қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесулерде Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген елімізді дамыту бағдарламаларын
заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Сенаттың жұмыс жоспары туралы айтылды. Депутаттар локомотив депосында, вагон жөндеу жəне ауыр машина жасау зауыттарында
болып, Алматы əуежайының қызметкерлерімен кездесті. Ұжымдарда еліміздің транзиттік əлеу етін, қазақстандық өнім өндірушілердің бəсекеге қабілеттілігін арттырудың, көлік саласының өндірісін дамыту, ғылыми ауқымды жəне жоғары технологиялық желілерді енгізу мəселелері талқыланды. Кездесулер барысында экономикалық жаңғыртуды көздейтін жаңа бағыттағы экономикалық саясаттың қағидаларына баса
назар аударылды. Осыған байланысты эконо миканың жеке секторын қолдау, жеке меншікмемлекет əріптестіктігін дамыту, тартымды экономикалық ахуал, инвестицияның пайдалылығы мен қайтымдылығын қалыптастыру туралы сөз болды. Сондай-ақ мемлекеттік секторға менеджмент жəне басқарудың қазіргі заманғы құралдарын енгізу, жоғары білікті мамандар даярлау үшін жағдай қалыптастыру қажеттігі аталып өтілді.
Фотокүнделік
Парламент Мəжілісінің депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру жəне насихаттау барысында аймақтарға аттанған болатын. Аталған мақсатпен Мəжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Шортанды
Парламент Мəжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының мүшелері Нұртай Сабильянов пен Төлеген Ибраев Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында, облыстағы Ұлан ауданының Қ.Қайсенов кентінде, Жарма ауданының Үшбиік, Қалбатау ауылдары мен Шар қаласында, Аягөз қаласында, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында, шекарамен шектес Үржар ауданының Таскескен, Үржар, Мақаншы, Науалы ауылдарында сайлаушылармен барлығы 20 кездесу өткізді. Аягөзде теміржолшылармен, Көкпекті жəне Науалы балалар үйінде, Қалбатау, Үржар, Мақаншы жəне Көкпекті ауылдарында дəрігерлермен, мұғалімдермен, Өскемен қаласында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жастармен кездесулер болды. Бұл кездесулерде Н.Сабильянов пен Т.Ибраев Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, Парламент Мəжілісінің заң шығару қызметі мен «Нұр Отан» партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Кездесулер барысында сайлаушылар тарапынан əртүрлі əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу жөнінде көптеген ұсыныс-тілектер де айтылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кəсіпорындар ашу, кəсіпкерлікті қолдауға берілетін шағын несие көлемін арттыру жəне олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, ең төменгі зейнетақы мөлшерін арттыру, жер мəселесі, медициналық көмектің сапасын арттыру, шекарамен шектес елді мекендерді дамыту, бұрынғы Мақаншы ауданын қайта қалпына келтіру, Аягөз жəне Шар қалаларын шағын қалаларды дамыту бағдарламасына кіргізу жəне т.б. мəселелер көтерілді. Өскеменде болған жастармен кездесуде жастар, қоғамның бүгінгі проблемалары, оны шешу жолдары туралы ашық пікір алмасу болды. Шығыс Қазақстан облысының сайлаушылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, жүргізіп отырған саясатын толық қолдайтындықтарын жеткізді.
Парламент Сенатының депутаттары Оралбай Əбдікəрімов пен Орынбай Рахманбердиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ел халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Отырар жəне Ордабасы аудандарының тұрғындарымен кездесті.
ауданындағы Научный ауылында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, депутат сол күні аудан орталығы – Шортандыда аудандық мəслихат депутаттарымен жəне сайлаушылармен жүздесіп, Елбасы Жолдауындағы жергілікті өзін өзі басқару мен жұмыспен қамту мəселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайындағы ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында Пре зидент Н.Ə.Назарбаевтың бағдарламалық құжатта алға қойған міндеттерін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мəселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, сенаторлар сыбайлас жемқорлық, жаңа əлеуметтік саясат, жергілікті өзін өзі басқару, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын жəне орта бизнесті қолдау салаларындағы құқықтық негіздерді жетілдіру туралы айтты. Депутаттар сондай-ақ Арыс қаласының тұрғындарымен, Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушыларымен жəне студенттерімен кездесті.
Парламент Сенаты мен Мəжілісінің депутаттары Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мақсат – «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызын елге түсіндіру, Жолдаудан туындайтын мақсат-міндеттерді халыққа жеткізу. Бүгінде арнайы топтарға бөлінген депутаттар облыстың барлық аймақтарында осындай қызу кездесулер өткізуде. Сенат жəне Мəжіліс депутаттары Болат Жылқышиев, Мұрат Бақтиярұлы, Қожахмет Баймаханов, Алмас Тұртаев Шиелі ауданының жұртшылығымен жүздесті. – Биылғы Жолдаудың өзіндік ерекшелігі – өткен жылдардың əлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасауымен қатар, алдағы жылдары орындалуға тиіс бағдарламалар мен басым бағыттарды белгілеп берді,– деді Болат Жылқышиев. Сонымен қатар, Жолдаудағы жеті бағыт турасында кеңінен əңгімелеп берді. Жи налысқа қатысқан өзге депутаттар да стратегиялық құжаттың артықшылықтарын атап өтті. Сенат депутаттары Икрам Адырбеков, Мұрат Бақтиярұлы, Қожахмет Баймаханов
одан кейін Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарын аралап, кездесулер өткізді. Ал Мəжіліс депутаттары Гүлмира Исім баева, Гүлнəр Сейітмағамбетова, Құттықожа Ыдырысов Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Бақытбек Смағұл болса қаладағы 20/19 əскери бөлімнің жеке құрамымен жүздесті. Депутат Елбасы Жолдауындағы жас ұрпақты елжандылыққа баулу турасында əңгімеледі. Бүгінгі жас жеткіншектің ертеңгі елін қорғар ер екенін, олардың тəрбиесін осы бастан мықтап қолға алу керектігін де қозғады.
Президент Жолдауын түсіндіру жəне насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан өңірінде жүрген Парламент Мəжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Самиғолла Оразов, Елена Тарасенко «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы жанынан құрылған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша мониторинг жасау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырыста бағдарламаның өңірімізде жүзеге асырылуы бойынша өткен жылдың есебі тыңдалып, алдағы бағыттарын жүзеге асыру жоспары тыңдалды. Мəжіліс депутаттары жұмыс сапарларын Терек ті ауданында жал ғастырды. Қазақстан Республи касының Президенті – Ел басы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стра тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын ауыл тұрғындары арасында түсіндіру мақсатындағы сапар
алдымен аудан əкімдігінен басталды. Содан кейін Елбасы Жолдауын кең көлемде насихаттап, ауданның активімен жақын жүздесу мақсатында аудан активіне қатысты. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қазақстандықтардың жемісті еңбек етулеріне күш бе ріп келеді. Нұрсұлтан Əбішұлының 1997 жылғы
Жолдауында қабылданған «Қазақстан-2030» Стра тегиясы кешегі күндері іске аспас алыс елестер секілді көрінген еді, ал бүгінгі таңда еліміз осы Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша зор табыстарға жетті, деді депутаттар. Тəуелсіздік мерекесі қар саңында жарияланған «Қазақстан-2050» Стра тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Елбасы Жолдауы біздің қоғамның өзекті қажеттілігінің көрінісі іспетті жəне қазіргі кезеңде көпшіліктің талқысындағы басты құжат» деген ойлар айтылып, екі жақты пікір алмасу жүрді. Өңір активі тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Ќўрметке лайыќ азамат Ќазаќстан халќы Ассамблеясы белгілі ќоєам ќайраткері, мəдениеттанушы Мўрат Əуезовті ќўттыќтады Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері, мəдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Əуезовтің 70 жасқа толуына орай салтанатты шара өткізді. Ыстық ықылас пен ақ пейілге толы шарада интеллигенцияның танымал өкілдері, ғалымдар, өнер қайраткерлері, журналистер бас қосса, олардың қатарында жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы Смағұл Елубай, Парла мент Мəжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев, Сейдахмет Құттықадам, Айдос Сарым жəне басқалар болды. Мерейтой иесін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Ералы Тоғжанов, Зиятдин Касанов, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, республикалық этномəдени бірлестіктер жетекшілері құттықтады. Бейресми жағдайда өткен кездесу барысында қатысушылар М.Əуезовтің рухани жəне мəденигуманитарлық қызметінің, оның Орталық Азия елдері эт ностарының тарихи жəне мəдени даму үдерістерінің бірлігі, Қазақстанның тұтастығын, егемендігін сақтау жəне нығайту үшін барлық қоғамдық күштердің келісімі мен сындарлы үнқатысуын үнемі іздеу қажеттілігі, біздің еліміздің рухани жəне интеллектуалдық дамуы туралы идеяларының тек Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия өңірі үшін де ерекше құнды екені төңірегінде əңгіме қозғады. Қатысушылар Мұрат Мұхтарұлының ғылымды, əдебиетті жəне ағартушылық ақыл-ойды
дамытудағы рөлінің маңызын, оның Тəуелсіз Қазақстанның мəдениеті мен қоғамдық адамгершілік-этикалық нормаларын қалыптастыруда сіңірген өлшеусіз үлесін атап өтті. Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мұхтар Əуезов қоры» қоғамдық қорымен белсенді əріптестік орнатқанына тоқталды. 2007 жылдан бері Ассамблеяның қолдауы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясының əлеуметтік консорциумы» қоры М.Əуезовтің жетекшілігінде тұрақты негізде Орталық Азия өңірінің интеллектуалдық ортасында кеңінен танылған «Жібек жолы бойындағы үнқатысу» атты халықаралық мəдени жобаны іске асырып келеді. Жоба аясында этномəдени жəне мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлесімді ету жөнінде өзекті ілгерішіл идеялар, Орталық Азия халықтарының мə дени қарым-қатынаста, бауырластықта бірге өмір кешуінің көпғасырлық тарихи дəстүрлері қарастырылуда. Жоба Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, Тəжікстанның, Түркіменстан мен Өзбекстанның жетекші шығармашылық жəне гуманитарлық интелли генциясының, қоғамдық институттарының кеңінен қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Оның ая сында конференциялар, пікір таластар, үнқатысулар мен
бейресми жағдайда кездесулер, баспасөз конференциялары мен мəдени бағдарламалар ұйымдастырылуда. Салтанатты шараға қатысушылар осы халықаралық жобаның елдер арасындағы өнімді рухани байланыстарды нығайтуға жəне жаңғыртуға, өңір елдері халықтары арасындағы екіжақты байланыстарды дамытуға, жоғары зияткерлік деңгейде мəде ни-гуманитарлық қарым-қатынастар үшін сенімді үнқатысу алаңын қалыптастыруға ықпал етіп отырғанын мақұлдады. Мерейтой иесінің атына құттықтау сөздері мен ізгі тілектер айтылды, өз кезегінде Мұрат Мұхтарұлы Қазақстан халқы Ассамблеясына ілтипатын білдіріп, бұл біздің халқымыздың бірлігі мен Отанымыздың тəуелсіздігін нығайту жолында нақты істер жасап келе жатқан институт деп атап өтті. Шараға қатысушылар Мұрат Мұхтарұлының жылы шуақты жан дүниесі мен жоғары адамгершілік пайымы мемлекет пен ұлттық шығармашылық интеллигенциясы арасындағы үнқатысуды жоғары деңгейде ұйымдастыруға себеп болғанын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы құттықтау сөздерінде айтылған барлық жылы лебіздерге шын жүректен қосылады жəне мерейтой иесі – Мұрат Мұхтарұлына денсаулық, шығармашылық шабыт, ұзақ ғұмыр тілейді. «Егемен-ақпарат».
Талап жəне тəртіп
Ќалпына келтіру ќарќынына əкімніѕ кґѕілі толмады Облыс əкімі Қанат Бозымбаев дауыл апатынан зардап шеккен аудандардағы электр жəне жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстарына көңілі толмайтынын білдірді. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
– Екі күн ішінде Қаратау қаласындағы орталық қазандықты жəне қосымша екі қазандықты іске қосу қажет. Пəтерлердегі 17 градус жылылықты жақсы деп айта алмаймын. Өткен бейсенбі күні апат болған аймаққа барған облыс əкімі Қ.Бозымбаев төтенше жағдай жөніндегі штаб кеңесінде осылай деп мəлімдеді. Облыс басшысы, сонымен бірге, Талас ауданындағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына қажетті құжаттарды жинау мен дайындауды да жеделдетуді тапсырып, жақын тəуліктерде Қаратау қаласына жақын жердегі əлі күнге дейін жарықсыз отырған поселкелер мен қаланың жеке секторларын электр қуатымен жедел қамтамасыз етуді талап етті. Облыс əкімі Жуалы ауданындағы дауылдан зардап шеккен 13 елді мекеннің бірнешеуі ғана электр
қуатымен қамтамасыз етілгендігін де сынға алып, осы аудан бойынша энергетиктерден құралған жөндеу бригадасын көбейтуді жəне оларға электр желілерін қалпына келтіру үшін қосымша техника беруді тапсырды. Ал Сарысу ауданында 79 көп қабатты үй электр қуатымен жəне жылумен қамтамасыз етіліпті. –Дауыл салдарынан малдары өлім-жітімге ұшыраған тұрғындардың шығыны да жабылады. Бірақ бюджет қаражатынан емес. Өйткені, ол заңға сəйкес келмейді. «Тараз» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясының жанында бюджеттен тыс қор бар. Сондай-ақ Тараз қаласының қорында да біршама қаржы жинақталған. Шығын болған малдардың нарықтық құнын осындағы ақша арқылы өтеуге тырысамыз. Бұдан бөлек, бұзылған қора-қопсыларды да жөндейтін боламыз, – деді Қ. Бозымбаев. Облыс бойынша 5 аудан мен Тараз қаласында 61 жылқы, 29 ірі қара жəне 1090 қой шығынға ұшырапты. Ел Үкіметі дауылдың зардаптарын жою үшін облысқа 800 миллион теңге қаржы бөлді. Ал табиғат апатынан болған шығынның көлемі 2,8 миллиард теңге деп болжанып отыр. Жамбыл облысы.
Жўмыс тобыныѕ алєашќы отырысы Кеше Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің (Омбудсмен) төрағалығымен əлеуметтік жəне еңбек салаларындағы мониторинг бойынша Жұмыс тобының бірінші ұйымдастыру отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уəкіл аппаратының баспасөз қызметі. Омбудсмен жанында жəне оның бастамасымен құрылған тобының қызметі əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, əлеуметтік өмірдегі қайшылықтарды ескертуге бағытталған. Жұмыс тобының негізгі міндеттері əлеуметтік жəне еңбек құқық қатынастары саласындағы ахуалды талдау, азаматтардың арыз дарын қарастыру, қажетті ұсыныстарды əзірлеу, қайшы лықтарды шешуге жəне
жан жал дардың туындауының алдын алуға жəрдемдесу, сондайақ ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Жұмыс тобының құрамына Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің, Бас прокуратураның, Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясының, «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ-тың, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық
палатасының өкілетті өкілдері, азаматтық қоғамның өкілдері мен ғалымдар кіреді. Отырыс шеңберінде Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру мəселелері, соның ішінде оның жұмыстарының нысандары, əдістері жəне бағыттары талқыланды. Жұмыс тобының қызметі еңбек қатынастары саласындағы қайшылықтарды реттеудің көп деңгейлі тетігіне интеграцияланады. Аталған тетікті құру қажеттігін Мемлекет басшысы белгілеп берген болатын. Отырыс қорытындысы бойынша таяу уақытта республика өңірлеріндегі əлеуметтік жəне еңбек салаларындағы объектілерге алғашқы мониторингтік баруды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
5
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Мемлекет мақтанышы
Жұмыс күні аяқталып, ауруханадағы абыр-сабыр бəсеңсігелі қашан. Ол кабинетінде əлі отыр. Күндегі əдеті осы. Бүгін де ота жасалған сырқаттарға соғып, хал-жағдайларын білгеннен кейін, хатшы қыз алдына қойып кеткен құжаттарды қарап шықты. Енді үйге қайтса да болар еді. Бірақ, оны жіпсіз байлап отырған тағы бір жағдай бар. Ертең созылмалы жүрек ауруына шалдыққан, дерті əбден асқынып ота жасаудан басқа амал қалмаған сырқаттың тағдыры шешілмек. Иə, қостанайлық Жəнібек Оспановтың тағдыры шын мəнінде қыл үстінде тұр. Оны ажал аузынан арашалап қалу үшін жүрегін ауыстыру керек. Мұндай ота Қазақстанда бұрын-соңды жасалмаған. Ертеңгі отаға дайындық барысын минут сайын дерлік қадағалап отырғаны содан. Былай алып қарағанда, тиісті дайындық жасалды, бəрі ескерілген сияқты. Отаға қатысуға тілек білдірген чехиялық əріптесі келді. Донор жүрегі бар. Сəтін салса, бəрі ойдағыдай болуға тиіс. Дегенмен, көңілде қобалжу да жоқ емес. Оның ойына осыдан екі ай бұрын ота жасау барысында орын алған төтенше жағдай оралды. Сол жолы ол əріптестеріне жүрек талмасына ұшыраған, бұрын да жергілікті жерде ота жасалғанмен, нəтижесі көңілдегідей болмаған он тоғыз жасар азаматты ажал аузынан алып қалудың бір-ақ жолы бар екенін, кешіктірмей жүрегіне бір мезгілде екі көмекші құралды ауыстырып қондыру қажеттігін айтқанда, өзімен көптен бері бірге келе жатқан, талай сындардан бірге өткен сырмінез жандар осының арты қалай болар екен дегендей үнсіз қалған. Оларды да түсінуге болады. Бұрын-соңды мұндай ота Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде ғана емес, Шығыс Еуропада да жасалмаған. Американың өзі мұндай тəуекелге таяуда ғана барғаны белгілі. Кардиохирургия саласында əзірше осы мүмкіндікті пайдаланған алты ел ғана. Бəрі ойдағыдай аяқталса, Қазақстан жетінші болады. Бес сағатқа созылған дайындықтан кейін дəрігерлер ота жасауға кірісті. Міне, осы арада ота үстелінің маңындағыларды əбігерге салған жағдай орын алды, сырқаттың оң жақ қарыншасы жыртылып кетті. Дереу дене тоңазытылып, қан айналымын тежеу арқылы жараның аузы тігілді. Сөйтіп, ота сəтті аяқталды. Ал ертеңгі отаның жөні бөлек. Оның сəтті аяқталатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Оны бірден келісім бере қоймағанына қарағанда, сырқаттың өзі де түсінетін сияқты. Мүмкін, оған өзінің сырқаттан ештемені жасырмайтыны да əсер еткен шығар. Жəнібекке де бəрін жасырмай айтқан: өте күрделі ота. Бұрын Қазақстанда мұндай ота жасалмаған. Қазақстанды айтасыз, бұл əзірше дамыған елдердің өзі қолға алмаған іс. «Солай екен деп үрейленудің де жөні жоқ, бəрі ойдағыдай болады. Қорықпаңыз». Ақыры Жəнібек: «Қайтейін, тағдырдың жазуы сол болса, көнемін», деп келісімін берді. Юрий Владимирович «бəрі ойдағыдай болады» деген сөздерді сырқаттың көңілі үшін тектен-текке айта салған жоқ. Өз ісіне сенімі зор болғандықтан айтты. Қазір өзі басқарып отырған Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта небір күрделі оталарды жасауға барлық мүмкіндіктер бар. Орталық ашылған күннен бастап жүрек-қан тамырларында патологиясы бар науқастарды емдеуде инновациялық медициналық технологиялар белсенді түрде қолданып келеді. 2011 жылдың қарашасында алғаш рет ауыр созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарды емдеуде бірегей жоғары технологиялық кардиохирургиялық отаның түрі енгізілді. Ол сол жақ жүрек қарыншасына механикалық қолдау қондырғысын имплантациялау деп аталады. Яғни, қарапайым тілмен айтар болсақ, еліміз медицинасында алғаш рет механикалық зат арқылы жүрекке қан айдау мүмкін болып отыр. Бұл инновациялық технологияның мүмкіндігін бүгінгі күнде жүрек трансплантациясының жалғыз баламасы əрі созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға көмектесудің бір ғана амалы деуге болады. Орталық 2011 жылдың желтоқсанында соңғы үлгідегі Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) қондырғыларын имплантациялауды жүзеге асырды. Осы арқылы Қазақстан жүрекке ашық түрде бірегей жоғары
технологиялық оталар жасайтын əлемнің 22 жетекші елінің қатарына қосылды. Мұндай оталар жасауға Ресейдің өзі жаңа ғана бетбұрыс жасап отыр. Ал, Украина, сол сияқты, Орталық Азия елдерінде əзірше бұл жөнінде əңгіме де жоқ. Иə, бүгінде Қазақстанда медицина саласы қауырт даму үстінде. Бұлардың аортокоронарлық шунттеуге кіріскендері кеше ғана сияқты еді. Қазір мұндай ота күн сайын бірнеше адамға жасалады. Ол кешікпей жасанды жүрек қондырудың да үйреншікті жайға айналатынына сенімді. Дегенмен, дəрігердің қол жеткенге тоқмейілсуге, отаға дайындық кезінде, жасау барысында бір сəтке де босаңсуға құқы жоқ. Ол жүрекке ғана емес, кез келген органға ота жасауда күтпеген оқиғалардың орын алуы мүмкін екенін жақсы біледі. Ондай жайлар өз басынан да талай өткен. Кейде
лып отыр. Бірақ, əлі заң нормасы толық жұмыс істеп кетті деуге болмайды. Қазіргі таңда Қазақстанда өмірі тікелей осы ағзаларға тəуелді 5 мыңға жуық адам есепте тұр. Өйткені, шетелдерде трансплантация жасату өте қымбат. Мысалы, бүйрек – 30-35 мың доллар, бауыр – 250-280 мың доллар, жүрек – 300 мың доллар тұрады. Оны қарапайым адамдардың қалтасы көтермейтіні жай да түсінікті. Ал өз елімізде бұл оталардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген жəне тегін жасалады. Ең қиыны донор мəселесі еді, бұл орайда да ілгерілеушілік байқалып отыр. Рас, Игорь Воротников та миына қан құйылып кенеттен қайтыс болған анасының жүрегін Жəнібек Оспановқа салуға бірден келісе қойған жоқ. Ойланды. Қиналды. Бірақ, сол арқылы жас жігіттің өмірін сақтап қалатынын түсінгеннен кейін келісімін
публикада өлім-жітім бойынша жүрек аурулары бірінші орында тұр. Ғалымдардың болашаққа жасаған болжамдары да қуанарлықтай емес, олардың айтуларына қарағанда, таяудағы отыз жылда жүрек-қан тамырлары ауруларының беті қайта қоймайды. Оны қазірдің өзінде республика тұрғындарының 1 миллион 800 мыңдайының жүрек, қан-тамырлары ауруларына байланысты есепте тұрғанынан да аңғаруға болады. Ал дəрігерге көрінбей жүргендер қаншама?! Жағдайды жақсарту үшін жыл сайын жүрекке кем дегенде 15-16 мың ота жасалуға тиіс. Ол үшін, əрине, жақсы база, білікті дəрігерлер, қаржы, бір сөзбен айтқанда, кардиохирургия саласын дамыту қажет. Осы мəселені өзі болған шетелдердегі жағдайды алға тарта отырып талай рет əріптестері арасында, алқалы жиындарда көтерген. Бұл Елбасының да көке-
ДОКТОР ПЯ
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, «Егемен Қазақстан».
техника сыр беріп жатады. Ота үстінде жарықтың өшіп қалатын кездері де болады. Бұл дегеніңіз, дəрігер ағзаның маңызды функцияларының жұмысын бақылау мүмкіндігінен айырылады деген сөз. Сол сияқты, диагностикалық қызмет қателіктерге жол беруі мүмкін бе? Мүмкін. Ота жасау барысында кездесетін басқа да тосын жайлар аз емес. Солардың алдын алу керек. Кез келген отаны жалғыз адам жасамайды. Жүрек алмастыруды былай қойғанның өзінде, қазір үйреншікті іске айналып кеткен аортокоронарлық тамырластыру кезінде де тұтас бригада: төрт оташы дəрігер, жасанды қан айналымын қамтамасыз ететін екі маман, екі анестезиолог, жедел диагноз қоятын лаборант-дəрігер, қан құюмен айналысатын маман, мейірбикелер жұмыс істейді. Міне, солардың барлығының үйлесімді қызметін қамтамасыз еткенде ғана жақсы нəтижеден үміттенуге болады. Тəубе, жаңа кардиохирургиялық орталық іске қосылғаннан бері жағдай айтарлықтай жақсарды. Қазіргі орталық барлық халықаралық стандарттарға сай деп нық сеніммен айтуға болады. 37 мың шаршы метр аумақты алып жатқан ауруханада бір мезгілде 180 адам ем алады, 6 ота жасау блогы бар. Мұның өзі жыл сайын жүрекке 3000 ашық ота жасауға, сол сияқты, кеуде клеткаларын кеспей-ақ жүрек тамырларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін шаралар қолдануға жол ашып отыр. Қолданылатын жабдықтардың бəрі жаңа, «Сименс», «Дрегер» сияқты еуропалық өндірушілердің өнімдері. Оның ойына осы орталық салынып жатқанда арнайы келіп істің жайымен танысқан Елбасының сөздері оралды. «Біз үшін басты байлық – халықтың денсаулығы. Одан ешнəрсені аямаймыз. Міне, тағы бір үлкен бағдарлама жүзеге асқалы тұр. Енді бəрі өздеріңізге байланысты», деген Нұрсұлтан Əбішұлы. Сөз реті келгенде, ол да өзінің қуанышын жасыра алмаған, мамандандырылған орталық іске қосылғаннан кейін кардиохирургия саласын жаңа деңгейге көтеруге жол ашылатынын айтып, Елбасын белгіленген шаралардың сөзсіз орындалатынына сендірген. Іші-сыртына қараған сайын көз тоймайтын орталық қазақстандық кардиохирургтердің жүзеге асқан арманы десе, артық айтқандық емес. Оған дейінгі елдегі жағдай мəз емес-ті. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүкіл əлемді шарпыған жүрек-қан тамырлары аурулары біздің елімізде де жылдан-жылға өршіп келеді. Медициналық деректер бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан жыл сайын əлемде 15 миллиондай адам өмірмен қош айтысса, Қазақстанда жүрек ауруларынан бір жылда 80 мыңдай адам көз жұмады. Бұлардың бəрі де 35-60 аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар. Жалпы, рес-
йінде жүрген мəселе екен. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Үкіметке елімізде кардиохирургия саласын дамытудың 20072009 жылдарға арналған бағдарламасын жасап, жүзеге асыруды тапсырды. Айтылған сөз жерде қалған жоқ. Кардиохирургиялық орталықтар Астанада ғана емес, облыстарда да салынуда. Елде бұл саланың өскендігі соншалық, қазір əлемде қолданылатын барлық жоғары технологиялар қазақстандықтардың игілігіне айналып отыр. Орталықтың негізгі қызметі инновациялық медициналық технологияларды пайдаланып, тұрғындарға білікті кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсету болса, бұл орайда тындырылып жатқан істер аз емес. Орталық дəрігерлерінің əрқайсысы жеткілікті жұмыс тəжірибесі мен кəсіби даярлықтың жоғары деңгейіне ие мамандар. Олар АҚШ, Германия, Израиль, Түркия, Литва, Ресей жəне Белоруссияның жетекші клиникаларында оқыған. Ол Махаббат Бекбосынова, Тимур Лесбеков, Талғат Ыбыраев, Тимур Қапышев, Серік Бекбосынов, Ермағамбет Қуатбаев, Мұрадым Оралбаев, Светлана Новикова, Владислав Ачкасов, Еділ Ботабаев, Дарқан Сүйгенбаев, Азамат Құрмалаев, Арайгүл Ыдырышова сынды əріптестеріне өзіне қалай сенсе, солай сенеді. Жаңа орталық іске қосылғаннан бері мыңдаған науқастарға көмек көрсетілді, соның төрт жарым мыңға жуығы ересектер болса, бір жарым мыңы балалар. 2000-ға жуық науқастың жүрегіне ашық оталар жасалды, соның 500-і балалар мен нəрес-телер. Жалпы, осы уақытқа дейін орталықта жүректің қосалқы қан айналымы қондырғысының 50 түрі имплантацияланды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсе беруге тиіс. Иə, қазіргі жағдайды осыдан бір-екі жыл бұрынғымен мүлде салыстыруға болмайды, айырмашылық жер мен көктей. Мұнымен қоса, орталықта ROC Safe жүйесін қолдану арқылы кардиохирургиялық оталарды жүргізу технологиясы енгізілді. Бұл емделушілер үшін жаңа, тиімді жəне қауіпсіз технология саналады. Осы жүйені қолдана отырып ота жасалғанда уақытша жасанды вентиляция қысқартылып, отадан кейінгі қанның азаюы (мерцат аритмиясы жəне қан кету) салдарынан ота кезінде жəне одан кейінгі уақытта қан құю қажеттілігі төмендейді. Аортокоронарлық тамырластыру жəне жүрек қақпақшаларын протездеу барысында жүрек ырғағының бұзылуы бар сырқаттарды емдеуде Cardioblate жүйесінің интра-операциондық радиожиілікті аблациясы – инновациялық технологияларымен оталар жасала бастады. Бұдан басқа, эндоваскулярлық хирургтармен бірлесе отыра, пациенттерге қиын гибридті оталар жасалуда. Орталықтың тағы бір жетістігі – жүрекке ашық операция жасау барысында экстракорпоральды мембранды оттектеу əдісі енгізілді. Сөйтіп, дем алысы қиындаған жандарға ота жасау барысында егу арқылы қанына оттегі жіберілетін болды. Сондай-ақ, ин-
тервенциялық кардиология дəрігерлерінің бастамасымен туа біткен жүрек ақауы бар науқастардың жүрек қарыншасындағы «көпірдің» ақауын транскатетер арқылы жабуға арналған технология енгізілді. Бүгінде Қазақстанда алғаш рет бір жасқа дейінгі балаларға, туабітті жүрек ақауы бар сəбилерге, сонымен қатар, бір ғана қарыншасы бар жүректерге жоғары технологиялық, көпсатылы кардиохирургиялық оталар жасалуда. Болашақта жүрегінде ақау бар науқастарға жүрек трансплантациясы бойынша оталар, жүрек клапанында ақауы бар науқастарға қолқалы қақпақшаны тері арқылы протездеу, артериалды гипертензия терапиясына интервенциялық емдеу, жүректе аз инвазивті эндоскопиялық оталар, аритмиясы бар балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсету, аз инвазивті эндоваскулярлы араласулар жоспарлануда. Орталықта жүрек ырғағының бұзылуы, жүректің кенеттен тоқтап қалуының генетикалық үрдістері туралы ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды. Осы жобаның жүзеге асырылуы жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары мерцат аритмиясы бар тұлғалардың жүрек ырғағы бұзылуының даму механизмі мен себептерін анықтауға мүмкіндік береді жəне диагностикасының жаңа əдістерін əзірлеуге көмектеседі. Аса бір жауапты сəтте осылай ой жетегіне ерген ол өзінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылған ұлан-ғайыр істерді шолып шыққанын аңғармай да қалды. Соңғы жылдары кардиохирургия саласында Қазақстанда революция жасалды деуге болады. Астаналық клиниканың Халықаралық зерттеу бағдарламасына қосылуы осының дəлелі. Демек, ертеңгі отаның да ойдағыдай өтетініне оның сенімі мол. Жүректі трансплантациялау жөніндегі алғашқы ота 1967 жылы Америкада жасалған. Қазақстан оған жаңа ғана кірісіп жатыр. Өйткені, бұл дəрігерлердің білімі мен біліктілігіне ғана қатысты мəселе емес. Оған ең алдымен тиісті материалдық база, мол қаржы керек. Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында бұл мəселелер толық шешілді. Сол сияқты, мұндай қадам жасарда қоғамды дайындаудың да маңызы зор. Айталық, жол апатынан қайтыс болған адамның жүрек, бүйрек, бауыр басқа да органдарын пайдаланып, талай адамды ажал аузынан арашалап қалуға болар еді. Əрине, оған туған-туысқандарының келісімі керек. Ол арнайы заңда қарастырылуға тиіс. Қазақстан бұл мəселені де шешті. Депутаттар ұзақ талқылаудан кейін 2009 жылы тиісті заңға трансплантация туралы арнайы норма енгізді. Онда қайтыс болған адамның ағзасы оның жазып кеткен келісімімен миы қызметін толық тоқтатқаннан кейін алынатыны, ал аяқастынан қайтыс болған адамдардікі туыстарының рұқсатымен пайдаланылатыны айтылған. Соның негізінде қазіргі таңда жүректі, бауырды, бүйректі ауыстырып салуға аз да болса, жол ашы-
берді. Адам дəрігер болып тумайды. Таңдаған мамандықтың қыр-сырын толық меңгеріп, өз ісіңнің нағыз шебері атану үшін күн сайын еңбектеніп, тер төгу, кездескен қиындықтарды жеңе білу керек. Ал егер өз мамандығыңды сүймей күнкөріс үшін осында сүйретіліп жүрсең сол қайғы. Қазір елде медицина қызметкерлерін даярлайтын жоғарғы оқу орындары аз емес. Соның өзінде көптеген аймақтарда дəрігерлер жетіспейді. Америкада, Еуропа елдерінде кардиохирургия саласының мамандарын даярлауға орта есеппен он жыл кетеді екен. Шеберлік іс үстінде шыңдалуға тиіс. Ол үшін хирург бір жылда кем дегенде 130 ота жасауы керек. Республика бойынша жыл сайын 15 мың ота жасалуға тиіс. Қазіргі көрсеткіш – 4 мың. Бұл аз... Бəрі Астананы, Алматыны төңіректейді. Адам қайда тұрса да сапалы қызметке қолы жетімді болуы керек. Жақсы хирург өзіндік «мені» бар адамнан ғана шығады... Ол өзінің білімін, тəжірибесін, күш-жігерін осы мақсатқа жұмылдырып келеді. Шəкірттері де жоқ емес... Адам жанының арашашысы – дəрігер болуды бала кезінен армандамаса да оның өз таңдауына өкінген кезі болған жоқ. Дəл қазір бəрін қайта бастаса да осы жолды, дəрігерлікті, оның ішінде хирургтікті қалайтыны күмəнсіз. Сырт-сырт соққан сағат тілі тоқтаусыз алға жылжыған сайын түн қараңғылығы да қоюлана түскендей. Ол əлі отыр. Бір сəт ертеңгі ота жайын ойлап мазасызданса, енді бір сəт өткен күндер, жастық шақ елесіне еріп, тəтті күй кешеді. Кеңес заманында жоғары оқу орындарын тəмамдаған жас мамандар қызмет орындарына жолдамамен жіберілетін. Осылай, Мəскеудегі Екінші медицина институтын тəмамдаған Юрий Владимирович пен жары, ол да дəрігер, Тула облысынан бір-ақ шықты. Бірақ, мұндағылар жас дəрігерлердің тұрақтап қалуларына ықылас таныта қойған жоқ. Ақыры, олар жарты жылдан кейін əйелінің туған жері Қырғызстанға қоныс аударуға мəжбүр болды. Ол ота жасауды осында бастады. Көп кешікпей қолы жеңіл хирург атанып, ауызға ілікті. Осылай жас маман алаңсыз өзінің сүйікті ісімен айналыса бастаған кезде жағдайдың күрт өзгеруі, Одақтың ыдырап, күнкөрістің қиындап кетуі бұларға да аз салмақ салған жоқ. Кездескен қиындықтарға төзе алмаған кейбір əріптестері бизнеске ауыса бастады. Осының алдында ғана Кореяға бір айлық стажировкаға барып, біліктілігін жетілдіріп қайтқан оған да болашағын ойлауға тура келді. Өйткені, жүрекке ота жасау үшін көп қаржы керек еді. Ондай қаржы Қырғызстанда қайдан табылсын. Осыдан кейін ол өзінің еңбек жолы туралы шағын ғана түйіндеме жасап шетел клиникаларына жолдады. Жауап көп күттірген жоқ, Түркиядан шақыру алды. 1994 жылдан бастап ол осында он жылдай тек ота жасаумен айналысты, 3000нан астам адамға өмір сыйлады. Заманауи клиника, барлық жағдай жасалған,
еңбекақысы да жаман емес. Алайда, күтпеген жағдай оның өміріне тағы бір өзгеріс əкелді. Бірде Мəскеуге ғылыми конференцияға келген ол кезінде Қырғызстанның астанасы – Фрунзеде (қазіргі Бішкек) бірге еңбек еткен əріптесі Серік Елембаевпен кездесіп қалды. Жастық жақты, туып-өскен елді еске алды. С.Елембаев қазір өзінің Қазақстанда тұратынын, онда заманауи кардиохирургиялық орталық салу мəселесі көтеріліп жатқанын айтты. Оның қызығушылығын туғызды. Қанша дегенмен, туған жердің аты туған жер ғой, ол Қазақстанға оралуға ұйғарды, осы ниетін білдіріп іле сала басшылығының атына хат жолдады. Кешікпей жауап келді. Осылай, 2004 жылдың басында Отанына оралды. Сөйтіп, 2004 жылдың 7 сəуірінде жаңа жұмыс орнында алғашқы отасын жасады. Аортокоронарлық тамырластыру алты сағатқа созылды. Қазір орта есеппен алғанда, дəрігерлер күн сайын ота столының басына үш рет тұрады. Ол тəртіпті, жүйелілікті жақсы көреді. Қазір оталардың 90 пайыздайы жоспарлы түрде жүргізіледі. Ол бір сəтке ойдан сергіп, алдында жатқан газетке үңілді. «Республиканың Бас хирургі Юрий Владимирович Пя германиялық əріптестерімен бірге сырқатқа жасанды жүректі имплантациялады. Посткеңестік кеңістікте мұндай ота тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Осындай тұңғыш ота Германияда жасалса, екінші ота АҚШ та жасалған. Қазақстан үшінші. Жасанды жүрек 61 жасар Астана тұрғынына қондырылды. Қондырғы минут сайын 10 литр қан айдайды. Орталықта осы іс қолға алынған 2011 жылдан бері 37 сырқатқа жасанды жүрек орнатылды. Мұндай инновациялық технология терминалдық жүрек жетімсіздігіне ұшырағандарды емдеудің бірден-бір жолы», делінген тілші мақаласында. Жүрекке ота жасау оның күнделікті ісіне айналды. Жақында бір журналист Ю.В. Пя 5000 ота жасады деп жазыпты. Соны санап жатқан бұл жоқ. Оның басты мақсаты – адамдарды аман алып қалу. Бұл ретте көрсеткіштердің бірте-бірте жақсарып келе жатқаны сөзсіз. 2006 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлім көрсеткіші республика бойынша 100 мың адамға шаққанда 526 адамнан келсе, 2011 жылы 319 адамға кеміген. Бұған, əрине, өзіңнің де үлес қосып жүргеніңді сезіну зор бақыт. * ** Əдетте, медицина қызметкерлері жайлы əңгіме қозғала қалса, ойға бірден ақ халатты абзал жандар, адам жанының арашашысы деген сөздер оралады. Иə, күн демей, түн демей халықтың, елдің басты байлығының күзетінде тұрған жандар туралы не айтсақ та артық емес. Десек те, дəрігерлердің бəрінің бірдей күн сайын ажалмен бетпе-бет келіп, арпалысып жатпағаны да шындық. Сондай санаулы мамандардың бірі – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Владимирович Пя. Соңғы жылдардың оның өміріне əкелген өзгерістері аз емес. Ең бастысы – əлемдік озық əдістерге сүйене отырып бірнеше күрделі ота жасады. Жүрегін ауыстырған Жəнібек Оспанов аман-есен ортасына оралды. Сəби сүйді. Өткен жылы Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Президенттің өз қолынан «Парасат» орденін алды. Жыл аяғында тағы бір қуанышқа бөленді. Дəстүрлі «Алтын адам-2012» байқауының қорытындысы бойынша жылдың үздік дəрігері атанып, Алтын жауынгердің мүсіні мен сертификатын еншіледі. Осынау беделді сыйлықтың иесін анықтауда таңдаудың атақты оташыға түсуі тегін емес. Юрий Владимирович Пя көптеген сырқаттарды ажал аузынан алып қалған білікті дəрігер ғана емес, əлемдік озық медицина жетістіктерін енгізу арқылы Қазақстанның кардиохирургия саласын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан іскер ұйымдастырушы. Оның тынымсыз еңбегінің нəтижесінде Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіретін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы ең жас құрылым болғанмен, Орталық Азия аймағындағы қызметі əлемдік сапа стандарттарына сай көшбастаушы ұйымға айналды. Иə, ол – қолы ғана емес, жүрегі де, өзі де алтын адам! АСТАНА.
6
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Мемлекеттік мəселе Атыраудағы ең ірі ауданның бірі де бірегейі – Жылыой. Халқының саны өзгелерінен едəуір көп ауданның экономикасы мұнай-газ өнеркəсібінің өркендеуімен кең қанат жайып келеді. Ал жалақы мөлшері мұнайшылар табысының есебінен басқа аудандарға қарағанда əлдеқайда жоғары саналады. Аудан орталығы – Құлсарыға аудандық маңыздағы қала мəртебесі берілгеніне биыл он екі жыл толмақ. Шағын қала болғанмен, Құлсарының өз бюджеті қалыптаспаған. Аудандық
шенді жоспары бекітілді, – дейді қала əкімі Шəкір Кейкин. – Осы жоспарға сəйкес биыл 2 миллиард 306 миллион 592 мың теңге бөлінеді. Кешенді жоспарда 12 спорттық, 20 балалар алаңын салу, 45 аялдама сатып алып, орнату, сонымен бірге, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Қаладағы бес шағын ауданның электр желісін жаңғыртуға, трансформаторлар орнатуға 407 миллион 410 мың теңге қарастырылды. Сонымен бірге, 2014-2015 жылдары республика-
ішін қамыстан тазартып, «Құрсайдың» табанын тереңдетіп, жағалауын бекіту қажет. Жем өзені бойынан су сақтау қоймасы мен Құлсарыдан демалыс паркін салу да кезек күттірмейтін мəселеге айналып отыр. – Моноқалаларды дамыту бағдарламасымен Құлсарыдағы тозығы жеткен үйлерді бұзып, тұрғын үй құрылысын жүргізу кешенді дамыту жоспарына енгізілгенін қалаймыз, – дейді қала əкімі. – Өйткені, кешенді дамыту жоспарында тұрғын үй құрылы-
Моноќала
Ќўлсарыєа кешенді келбет керек Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
бюджет арқылы қаржыландырылатын қалалық əкімдік аппаратында 10 мемлекеттік қызметкер бар. Қалалық əкімдік деген атауы ғана болмаса, ауылдық округтерден еш айырмашылығы жоқ. Дегенмен, аудан орталығы, оның үстіне аудандық маңыздағы қала мəртебесі бар Құлсарыға қоныстанушылар қатары өсіп келеді. Қала əкімі Шəкір Кейкиннің айтуынша, тəуелсіздік алғаннан бері Құлсарының тұрғындары 30 мыңнан 53 мыңға дейін көбейген. Дəл қазір Құлсары қаласын 54 мың тұрғын мекендейді. Бұл Жылыой ауданы тұрғындарының 73 пайызын құрап отыр. Осылардың арасынан 9301 адам 5278 шағын жəне орта бизнес субъектісінде жұмыс істейді. Қолдағы мəліметке қарағанда, 2011 жылы Құлсары қаласының 1483 адамы жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған. Нақ сол жылы 372 адам 46,2 миллион теңгені құрайтын шағын несиеге ие болған. Ал өткен жылдың бірінші жартысында 9 шағын кəсіпкерлік нысаны іске қосылып, 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік табылыпты. Жалпы, былтыр Құлсарыда 1241 жұмыс орны ашылған. Əрине, қай өңірде де халық саны көбейген сайын мектеп, балабақша секілді əлеуметтік нысандардың қажеттігі сезіліп тұрады. Құлсарыда да «Балапан» бағдарламасымен бой көтерген 3 балабақша іске қосылған. Бұған қоса 250 адам қабылдайтын емхана, 624 оқушыға арналған мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысы салынып жатыр. Өткен жылы Құлсарыны дамыту үшін 210 миллион 389 мың теңге бөлініпті. «Бұл қаражат қаладағы 6 мектептің жылу қазандарын ауыстыруға, 5 мектептің, сонымен бірге, көп қабатты 87 тұрғын үйдің жылу жүйесін жөндеуге жұмсалды», дейді Шəкір Кейкин. Енді, міне, биыл еліміздегі өзге де шағын шаһарлар секілді Құлсары да моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізіліп отыр. Осыған орай 2013-2015 жылдары Құлсары қаласының əлеуметтік-экономикалық өркендеуіне 8 миллиард 762 миллион 742 мың теңге бөлінетіндігі жоспарланыпты. Осынау мол қаражаттың 7 миллиард 408 миллион 824 мың теңгесі республикалық бюджеттен босатылатын болса, ал 839 миллион 418 мың теңге облыстық бюджеттен қарастырылмақ. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында бөлінетін мол қаржы нендей жұмыстарға жұмсалады? Үш жылдық бағдарламада Құлсарының келбетін өзгерту үшін нендей мəселелер ескерілгені жөн? – Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Құлсары қаласын дамытудың ке-
лық бюджеттен бөлінетін 65 миллион теңге қаланың өз бетімен ағатын лас су құбырын күрделі жөндеуге жұмсалады. Осы жұмысқа жергілікті бюджеттен қосымша 6,5 миллион теңге бөлінеді. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстардың қатарында 2015 жылы 2 балабақшаның ғимаратын салу жоспарланған. Өйткені, қазір Құлсары қаласында 10 балабақша бар. Бұл, балабақша кезегіне тіркелген балалардың 54 пайызын ғана қамтып отыр. Сонымен қатар, Құлсарыдағы 184 шақырым жолдың 27 шақырымын жөндеуге республикалық бюджеттен 2 400 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұлардан өзге қатты қоқыс полигонын, ішкі істер бөліміне жедел басқару орталығын, өрт сөндіру депосын, судан құтқару стансасын салуға, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат қарастырылмақ екен. Алайда, Құлсары қаласын кешенді дамыту жоспарына енгізілмеген, əлі де ескерілуі тиіс мəселелер бар. Осыған орай Құлсары қаласының əкімі Шəкір Кейкин өз ұсыныстарымен бөлісті. Оның пікірінше, қазір Құлсары қаласында өткен ғасырдың 50-жылдарында бой көтерген екі жəне үш қабатты 78 үй бар. Қазір бұл тұрғын үйлердің əбден тозығы жетіп, енді оларды күрделі жөндеу жүргізу арқылы жаңарту мүмкін еместігі анықталып отыр. Бұл – бір. Екіншіден, Құлсары қаласының экологиялық ахуалы нашарлап барады. Климаттың құрғақтығы мен жаздың аптап ыстығына ұдайы болып тұратын шаңды қосыңыз. Аудан жұртшылығы арасында экологияның нашарлауын «Теңіз» кенішінің қарқынды игерілуімен байланыстыратындар да бар. Сол себептен Құлсары қаласының экологиясын жақсарту үшін «Қамыскөл» аталатын көлді сумен толтыру қажет, деп есептейді қала əкімі Ш.Кейкин. Ал «Қамыскөлге» толтырылатын су Жем өзенінен «Құрсай» өзегі арқылы құйылады. Əрине, мұны іске асыру үшін көл мен өзектің
сы қарастырылмаған. Егер осы ұсынысымыз жоспарға енгізілсе, салынатын тұрғын үйлер үш қабатты болуын ойластырып отырмыз. Ал экологиялық ахуалды жақсарту мақсатындағы жұмыстар осы кезге дейін аудандағы кəсіпорындардың демеушігімен ғана атқарылып келеді. Демеушілік жасап отырған кəсіпорындар ұдайы қолұшын соза береді деу қиын. Сол себептен, осы мəселеге де кешенді дамыту жоспарымен қаржы бөлу шешімін тапқаны жөн. Бұған қоса қалаға мұражай, АХАЖ, мұрағат ғимараттарын салу жоспарланса, нұр үстіне нұр болар еді. Құлсарының келбетін кешенді өзгерту үшін шешімін табуы тиіс жəне бір мəселе бар. Мұны Құлсарыға қала сипатын беріп тұрған бес қабатты 87 үйдің сұрықсыз келбетіне байланыстыра айтып отырмыз. Əрине, 87 үйдің келбетін жаңарту терможаңғыртусыз мүмкін емес. Алайда, қала əкімі Ш.Кейкиннің айтуына қарағанда, бес қабатты үйлерде тұратын тұрғындар əзірге терможаңғыртуға келісімін бере қойған жоқ. Демек, Құлсарыдағы осынша биік үй баяғыша жанынан өткен адамның еңсесін езіп, көңілін құлазытатын сұрықсыз кейпінде тұра беретіні анық. Қалай дегенде де, моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілген Құлсарыда жол, электр, су жүйелері секілді өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдардың жаңғыртылатыны құптарлық жайт. Дегенмен, Құлсарыда тұрмасақ та көп қабатты үйлерінің үлкен шаһарлардағыдай жарқырап тұрғанын көргіміз келеді. Өйткені, мұндағы көп қабатты үйлердің келбеті жаңғыртылса, бұл тұрғындардың көңіл-күйіне оң əсер етер еді. Құлсарыға кешенді келбет керек деуіміз де сол себептен. Үкімет моноқалаларды дамыту бағдарламасының шарапаты Құлсарыға кешенді түрде тисін десе, жоғарыдағы ұсыныстарды ескереді деп сенеміз. Атырау облысы, Жылыой ауданы.
Ойласу
? е м е к е с ə б Ас беру
Атамыз қазақ: «Тегін құл мен қу жасырады», дейді. Бұған қосып аларымыз жоқ. Дұпдұрыс. Кешегі Кеңес Одағы деген алып империя тегің түгілі ұлтыңды да аузыңа алсаң басыңа бұлт үйіре қоятын. Содан бəріміз «интернационалист» болып шыға келдік емес пе. Қазақ елі тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін жан-жағымызға қарап, тегіміздің кім екенін білуге талпына бастадық. Осы жерде бірқатар асығыстыққа барып, тарихқа қиянат жасап, қолында билігі мен қаржысы барлар ата-бабасының атын шығару мақсатында болмағанды болдыға саятын мысалдар келтірді. Сөйтіп, біреудің құдіретін біреуге теліп, ертегідегідей кейіпкерлер жасады. Онсыз да аз тарихи деректерімізді ұқыппен жинап, мұқият болудың орнына, білімді тарихшыларымыздың бірде-бір еңбегін оқымастан (олардың да қателіктері бар) шала сауатымызбен «дейді екенді» басшылыққа алдық. Алдық та кейінгі жас ұрпақтың миын ашытып, атала көжедей бəрін араластырып жібердік. Бұл, ғұмырында өз еңбегімен бір бет мақала жазып көрмегендер өзі туралы кітап шығаратын, шежіре жазатын болды. Осы күні ел-жұрт кітап оқымайтын болды дейміз. Несін оқысын, жоғарыдағыдай мақтауға толы «шығармаларды» ма? Біреудің біреумен дастарқандас болғаны кімге қажет? Ағылшындар ирониямен күледі ғой, бұндайларға кеңес бергенде. «Ойбай, мынауыңды екі-ақ дана қылып шығар. Біреуін ең жақын досыңа бер, біреуі өзіңнің үйіңде тұрсын», дейді екен. Бұны сөз орайы келгесін айтып жатырмын, менің де өз ақылым өзіме жетпей жүріп, кітап шығарғандарды сынайтыным бір түрлі. Əйтпесе, соңғы кезде ақыл айтушылар көбейіп кетті. Бұл енді орысша айтқанда «лирический отступление» ғой. Айтайын деген ұсынысым мүлде бөлек нəрсе. Биылғы жылы Арал ауданында үш бірдей бабамызға белгі қойылып, ұрпақтары жиналып ас берілді. Бəрі дұрыс дейік, шараны ұйымдастырушылар аянып қалған жоқ, ешкімге де кінə артудан аулақпын. Бірақ, осы шара маған аса қатты ұнай қойған
жоқ. Себебі, ас беру үшін тікелей руына қарай тізім жасалады. Бұл бөлінудің басы ма деп ойлаймын (Қазақ болып бірігейік деген ұсыныс болған жоқ). Одан кейін асқа кімдерді шақырамыз деген сұрақ туындайды. Тағы да бірінші кезекте тізімде өз руласың тұрады, мейлі ол осы жерде тұрсын, мейлі ол Қазақстанның басқа қаласында тұрсын, қалдыруға болмайды. Сөйтіп: «Алыстағы ағайыннан күнде араласып отырған көршің артық», дей жүріп бөлектенесің. Өйткені, ол сенімен рулас емес. Асқа шақырылмай қалған басқа ағайындардың өкпесі демей-ақ қояйын, аздаған реніші, бөлектенуі болады. Рас па, рас. Келесі мəселе белгі қоюға қаржы жұмсалады, бұған да руласың араласады. Белгіні қай жерге қоямыз деген сұрақ туындайды. Міндетті түрде бір белгінің жанына екінші белгіні қоймаймыз, оңаша жер қажет. Бұл жерде тағы бөлінеміз, өзіміз бөлініп қана қоймаймыз өлі аруақты бірінен-бірін бөлеміз. Осылай бөліне берсек бір-бір төбеге ие болады екенбіз. Енді қаржы жинауға бір кісідей жұмыламыз. Сөйтеміз де, жұмсауға келгенде ағайын арасында бір-біріне деген күмəн пайда болады. «Əй, анау ішіп қойды, анау жеп қойды» деген сөз туады. Ақыры, «Ел алдында есеп берсін» деген сөз басталады. Есеп берейін десе қаржы жұмсаған бір адам емес, бірнеше адам, ағайын бұрынғыдай жинала қоймайды. Қаржы жұмсаған адам кімнің алдына барып ақталарын білмейді. Осыдан кейін туыстардың арасында алауыздық пайда болады. Жалпы, бір рулы елді ұйымдастырған болып белсеніп жүрген кім? Мақсаты не, ұлтымызға не берді, идеологиялық тұрғыдан қолымыз неге жетті? Бұл да белгісіз. Ағайынды араластыру, бірімен-бірін таныстыру десек, онсыз да рулас ел үлкендер арқылы сырттай таниды ғой. Бұл жерде төменгі қызметте жүргендер жоғары лауазымда жүрген ағайынмен, бизнесмен бизнесменмен жақынырақ танысып араласуы мүмкін. Ал жай қатардағы жұмысшы міндеті «ассалаумағəлейкум», «əлəйкумассаламмен» аяқталған шығар деп ойлаймын.
Бабаға ас беріп, құран бағыштау үшін ру болып жиналудың қажеті қанша, əрқайсымыз отымыздың басында күнделікті астан соң құран оқып, рухына бағыштасақ болмай ма?! Балаларымызға үлкендеріміздің өнегесін, артында ұрпақтарына қалдырған өсиетін дұрыстап түсіндірсек те жетпей ме? Көп жағдайда шамасының келгенінше еліне қорған болған, жетімін жылатпауға, жесірін далада қалдырмауға, қаріп-қасірге пана болуға үлесін қосқан адам еді деудің орнына, жаудың басын бір өзі шауып алған, қалған жұрт бұғып жатқан дегендей мағынада ұрпағымызға түсіндірген боламыз. Ел басына күн туған заманда қолынан келгенінше ер азаматтармен қатар аналарымыз да омырауынан сүт, көзінен жас ағып жүріп құлындарының амандығы үшін жаумен жағаласқанын, ұрпағын аман алып қалу үшін ең соңғы қиын қадамдарға барғанын қайда қоямыз! Біз осыны зерттеп болдық па? Ұрпаққа айтатындай қандай тарихи деректер таптық? Ру басылары (ру аты берілгендер) жай адамдар болмаған ғой. Ол өзінің ғана руына мақтаныш емес, бүкіл қазақтың мақтанышы емес пе?! Бұл үшін тарихи деректерді, ауыздан-ауызға айтылып келе жатқан əңгімелерді бір ізге, бір жүйеге түсіріп, мүмкіндігіне қарай оқулықтарға енгізіп, дұрыс мағлұмат алатындай етіп жасауымыз керек. Болмаса ана ру жиналып бабасына ас берді, біз кімнен кембіз деп қалған ағайындар бұны жарыс қылудың ешқандай қисыны жоқ. Берілген астың кемдігі жоқ. Ел мұндайда намыс үшін барын салады ғой. Бірақ осы жерден тоқтамасақ ертең төртқара, арғы күні жақайым, онан соң қарасақал болып бөлініс басталады. Ақыр түбі біріміздің асымызға біріміз қатыспайтын дəрежеге жетеміз бе деп қауіптенемін. Бұл менің жеке пікірім. Артық айтқан десеңіздер, кешірім сұраймын, ал сіздердің пікірлеріңіз қалай, ағайын. Көлбай ДАНАБАЙ, Арал аудандық мəслихатының хатшысы.
АРАЛ.
Жазылған жайдың жалғасы
Ќызмет баспалдаєында да кісілік керек «Егемен Ќазаќстан», 15 ќаѕтар, 2013 жыл
«Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады» демекші, жақында газетімізде жарияланған оқырман М.Қашқынбаевтың «Қызмет этикасы да ар өлшемімен өлшенеді» атты мақаласы («Егемен Қазақстан» 15.01.2013 ж.) көңіл түкпіріндегі көмескі тартқан көп ойларға қозғау салды. Автор тілге тиек етіп отырғанындай «мемлекеттік қызмет неғұрлым жоғары болған сайын патша тағы сияқты солғұрлым тəтті бола түсетіні күмəнсіз». Ондай жаныңа қуат, өзіңе абырой əкелетін лəззаттан өз еркіңмен бас тарту əркімнің қолынан келе бермейтін кісілік. Зейнет жасынан асса да, жылы орнына желімдей жабысып, кейінгіге кезек бермей жүрген ағаларымыздың баршылығы да жасырын емес. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Осы орайда өздерінің кесек қимылдары арқылы кейінгі толқын інілеріне ұмытылмас үлгі қалдырған алдыңғы толқын ағалардың болғандығы да көңілге медеу. Сонау бір тоқсаныншы жылдардың басы болатын. Партия құлап, Одақ ыдырап, көпшілік əрі-сəрі күй кешкен өлара кезең еді. Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетін ұзақ жылдар басқарған редактор Октябрь Əлібеков зейнеткерлік жасына тақап жүрді. Сол кезеңде əртүрлі алыпқашпа сөздердің гулеп кеткені де есімізде. Өкеңнің табаны күректей 16 жыл орынбасары болған Жомарт Əбдіхалыққа кейбір «жанашырлары» «тəртібі темірдей партия болса бір сəрі, мынау əркім өзінше би болған өтпелі кезеңде Əлібеков зейнеткерлікке шығып, жайлы орнын тастап кетпейді», дегендей мүсіркеу білдіріп, кеңес те айтып жатты. Алтыншы маусымда тура 60 жасқа толған Өкең жұмысқа шықпай қалды. Жарты сағат жұмысқа кешікпейтін редактор 7 маусымда да жұмысқа келмеді. Тек үшінші күні ғана сол кездегі Целиноград облыстық əкімшілігінің басшысы А.Браунның облыстық «Арқа ажары» газетінің жаңа бас редакторын бекіткен бұйрығын алып келіп, 17 жылға жуық өзінің орынбасары болған Жомарт Əбдіхалықты орнына отырғызып, 40 жыл қызмет атқарған ұжымымен қоштасқан еді. Қай кезеңде болмасын мемлекеттік қызмет
этикасының өлшемі бола алатын ағамыздың осы бір азаматтығы қанша жылдар өтсе де санамызда сақталып, алдыңғы толқын тəлімгерлеріміздің болмысын жылылықпен еске алуға тұғыр болып тұрады. Осынау бір ертеңің түгілі бүгінің бұлыңғырланып тұратын тиянақсыз заманда күйбең тіршіліктің арзан артықшылықтарына емексіп, кісілікке көлеңке түсіріп алмаудың өзі үлкен жетістік. Алдыңғы толқын ағалар уақыт келгенде аттан түсіп, ізбасарларына жол сілтесе, кейінгі толқын інілер ағалар ұлағатын əспеттеп, ілтипатын ілгерілетсе, ұрпақ сабақтастығы лайықты жалғаспақ. Автор осы мақаласында мемлекеттік қызмет этикасының өлшемі бола алатын биік сана, адами ар-ождан, кішіпейілділік, біліктілік сияқты кісілік қасиеттерді бүгінде мемлекеттік қызметкерлер бойынан кездестіру қиын екенін өкінішпен алға тартады. Шындығында да, қазір замандастарымыз мемлекеттік қызметкер ұғымын билік етуші лауазыммен ауыстырып алған. Қарап отырсаң, қызмет сатысымен жап-жақсы жылжып келе жатқан адам əкімдіктердегі əлдебір департамент тізгінін ұстаса немесе министрліктердің бөлімін басқарса, «қарға аунаған түлкідей» өзгеріп, төңірегіне төбеден қарай қалады. Бара-бара билігінің буына пісіп, көпшіліктен де, олардың мүддесінен де қол үзеді. Қазір төңірегімізге қарасаңыз, біздегі мемлекеттік қызметшілердің біразы халықтан алыстап барады. Көпшілікпен қоян-қолтық
жұмыс істеудің орнына мекемелеріне қарулы күзет қойып, қарапайым халықтан қорғана бастаған. Ел мүддесінің ең жанашыры деген қай мекемеге бас сұқсаңыз да мұздай киінген қарауылға тап боласыз. Өз халқынан өзі қорғанған бұл қандай мемлекеттік мекеме, халыққа қызмет көрсететін орындарға күзет қою қандай дəстүр екенін білмей, дал боласыз. Мемлекеттік қызметшілер айтқандай, көптеп жұмыспен қамтылып жатқан қазақтың қақ жартысы қарауылға айналғандай. Əлмисақтан-ақ əмбеге аян ақиқат бойынша қандай да үкімет халық атынан сайланып, тек қана сол халықтың көкейкесті мүддесі үшін қызмет қылса керек еді. Үкіметтік мекемеде қызмет атқаратын əрбір мемлекеттік қызметкер алдына келген адамдарды кішіпейілділікпен қабылдап қана қоймай, оларды барынша тыңдап, қолынан келген көмегін көрсетуге тиіс. Бүгінде осы мəселе əлі де дүдəмал күйге көміліп, көп ретте керісінше болып жатады. Ақиқатын айтсақ, мемлекеттік қызметшіге қандай лауазымда болмасын кісілігінен көз жазбау парыз.
Жағымды жаңалық
Желді «жўмысќа жеккен» əкім
облысќа миллиардтан астам АЌШ доллары кґлемінде инвестиция тартты Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Ел экономикасы дамып, өңірлерде алып зауыттар мен кəсіпорындардың көбейгені сонша, электр қуатына деген сұраныс бұрынғыдан бірнеше есе арта түсті. Үкімет те қол қусырып, қарап отырған жоқ. Соның нəтижесінде, электр қуатын үнемдеу мақсатында бір кездері еріксіз қолдануға мəжбүр еткен «кезекпен өшіру» тəжірибесі де ел есінен ұмытыла бастады. Дегенмен, электр қуатына деген тапшылық əлі де жоқ емес. Бірақ ондай тапшылықтан құтқаратын балама қуат көздері бар. Ол – Табиғат-ананың өзін-
де. Бұл тиімді тəсілді өркениетті елдердің кəсіпкерлері ілгеріден пайдалануда. Міне, шетелдік шаруалардың тұрмысын шалқытқан осы тəжірибе менеджер-əкімнің арқасында Жамбыл облысына да жетті. Осыдан екі жыл бұрын облыс əкімі Қанат Бозымбаев, «Visor» холдинг компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Алмас Чукин, «KEGOK» АҚ вице-президенті Бақытжан Қажиев жəне «Жамбыл электр жүйесі» АҚ директоры Юрий Ким жаңғыртылған қуат көздерін дамыту туралы құжатқа қол қойды. Өңір экономикасына қаржы салуға келген инвесторларға жер телімдері де берілді. Əлбетте, жұмыстарына
сəттілік те тілеген. Міне, биыл, «Central Asia Green Power» компаниясы Жаңатас қаласынан қуаты 100 МВт болатын жел электр стансасының құрылысын бастамақ. Ал қуаттылығы 1500 кВт Қордай жел электр стансасы – еліміздегі жел қуатының алғашқы жобаларының бірі жəне желді пайдалану арқылы электр қуатын өндіретін бірінші өнеркəсіптік нысан деп айтуға толық негіз бар. Қордай ЖЭС бірінші кезегінің құрылысына «Изен-Су» компаниясы 370 миллион теңге инвестиция салып, құрылыс жұмысына 40 адам тартты. Ал болашақта 500-ден астам отбасы мен олардың жеке шаруашылықтарының
электр қуатына деген сұранысын өтейтін стансада небары 9 адам жұмыс істейтін болады. Баламалы қуат көздерін өркендету туралы мемлекет саясаты мен еліміздегі тиімді инвестициялық ахуал облысқа отандық жəне шетелдік инвесторларды көптеп əкелуде. Соның нəтижесінде, алдағы уақытта жаңғыртылатын энергия қуат көздерінің оншақты жобасы жүзеге асырылмақшы. Жел электр стансасы – экологиялық жағынан таза, қоршаған орта мен халыққа жəне жан-жануарларға зиянды əсері жоқ кəсіпорын. Сонымен бірге, ол өңірдегі электр қуатына деген сұранысты азайтып, баға саясатын тұрақтандыруға да септігін тигізеді. Жамбыл облысы, Қордай ауданы. ––––––––––– Суретте: Қордай асуындағы жел электр стансасының қалақшалары.
ШАРАЙНА
Дґѕгеленген дїние їйіѕізде Дүйсенбі, 21 қаңтар
Сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін үзіліс 17.00 Əнұран, аңдатпа. 17.05 «Бала тілі – бал». 17.30 Жаңалықтар. 17.50 «Өзекжарды». 18.10 «Джеспен бірге табайық!». Мультхикая. 18.35 «Қылмыс пен жаза». 18.55 «Жиһанкез». Телесаяхат. 19.20 «Қазақстан-2050» – Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты. 19.30 «Кешір мені». Телехикая. 20.30 Жаңалықтар. 21.05 «Алаң» ток-шоуы. 21.50 «Туған елдің түтіні». Телехикая. 22.40 «Келін». Телехикая. 23.30 Жаңалықтар. 00.05 «Sport.KZ». 00.25 «20/30/40». Кино. 02.20 «Өзекжарды». 02.35 «Кітапхана». 03.05 «Алдап көр». Телехикая. 03.55 Аңдатпа, əнұран.
Сейсенбі, 22 қаңтар
7.00 9.30 9.45 10.35 11.25 12.30 12.45 13.05 13.55 15.00 15.30 16.00 17.00 17.30 17.50 18.05 18.30 19.00 19.30 20.30 21.05 21.50 22.40 23.30 00.05 01.50 02.05 02.35 03.25
“Таңшолпан”. Жаңалықтар. «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Айтуға оңай...». «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. Жаңалықтар. «Sport.kz». «Алаң». «Кешір мені». Телехикая. «Сөнбес сəуле». «Хайуанаттар əлеміне саяхат». Деректі фильм. «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. «Бала тілі – бал». Жаңалықтар. «Еңбек түбі – береке». «Джеспен бірге табайық!». Мультхикая. «Таутұлға». «Даму». «Кешір мені». Телехикая. Жаңалықтар. «Айтуға оңай…» «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Келін». Телехикая. Жаңалықтар. «Ұшқын». Кино. «Еңбек түбі – береке». «Даму». «Алдап көр». Телехикая. Аңдатпа, əнұран.
7.00 9.00 9.10
Сағат 17.00-ге дейін профилактика 17.00 Жаңалықтар. 17.15 «Топжарған». 17.40 «Шешім қабылданды». 18.00 Жаңалықтар. 18.15 «Белгісіз аймақтар». Телехикая. 19.10 «Біз». Ток-шоу. 20.00 Жаңалықтар. 20.30 Индустрияландыру күнделігі. 20.50 «Профессионал». 21.00 Жаңалықтар. 21.30 «Слепая вера». Деректі фильм. 22.10 «Долина волков». Телесериал. 23.45 Футбол. 00.15 Жаңалықтар 00.45 «След». Кино. 01.25 Жаңалықтар. 01.55 «Қатерлі су». Деректі фильм. 03.00- Жаңалықтар. 04.00
Іске сəт! Жаңалықтар. «Қайта оянған махаббат». Телехикая. 10.00 Жаңалықтар. 10.10 «Біз». 11.00 Жаңалықтар. 11.10 «Балаларға өмір сыйлаңыз». 11.30 «Долина волков». Телесериал. 13.00 Жаңалықтар. 13.15 «Көзқарас». 13.40 Индустрияландыру күнделігі. 16.00 Футбол. 17.00 Жаңалықтар. 17.15 «Футбол жанкүйерлері». Деректі сериал. 17.40 Үкімет пен əлеумет. 18.00 Жаңалықтар. 18.15 «Белгісіз аймақтар». Телехикая. 19.10 «Біз». Ток-шоу. 20.00 Жаңалықтар. 20.30 «Казахстан: социальные проекты». 20.50 «Профессионал». 21.00 Жаңалықтар. 21.30 «Долина волков». Телесериал. 23.00 Жаңалықтар. 23.30 «След». Кино. 00.30 Жаңалықтар. 01.00 «Жер сілкінісі». Деректі фильм. 02.00- Жаңалықтар. 04.00 8.30 8.55 9.00 9.15
9.55 10.00 11.40 12.00 12.30 13.20 16.00 16.30 17.30 18.40 19.00 Сағат 17.00-ге дейін профилактика 17.00 «Триумф любви». Телесериал. 17.50 «49 күн». Телехикая. 19.00 «Той көйлегін таңдай біл». Реалити-шоу. 19.30 «Жарайсың». 20.00 «Судьбы сестер». Телесериал. 21.40 «Бастықты қорғау керек». Телехикая. 22.50 «Закрытая школа». Телесериал. 23.40 «Жарайсың». 00.10 Ауа райы. 00.15 «Сүйінші». 00.45 Ауа райы.
17.00 17.05 17.35 17.40 18.40 19.20 19.50 20.40 21.00
21.30 22.45 22.55 23.50 23.55 01.00
Əнұран, аңдатпа. «Алтын көмбе». Телеафиша. «Сүйкімді Доррит». Телехикая. «Қолтаңба». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жас нояндар». Телехикая. «Шаңырақ». «Қазақ даласының құпиялары». Жаңакент. Деректі топтама. «Поле Айсулу». Кино. «Қазақтың қолөнері». Концерт. «Құмсағат». «Сүйкімді Доррит». Телехикая. Аңдатпа, əнұран.
7
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
19.30 20.00 21.40 22.50 23.40 00.10 00.15 00.45 9.00 9.05 9.45 10.05 10.10 11.25 11.55 12.00 12.40 13.05 13.55 14.45 14.50 15.20 15.35 16.00 17.00 17.30 18.15 18.30 19.00 19.50 20.00 20.30 20.55 21.00 22.30 23.55 01.00
«Сүйінші». Ауа райы. Мультфильм. «Мүмкін емес...». Өзекті де өткір проблема көтеретін ток-шоу. Ауа райы. «Цена жизни». Телесериал. «Лос-Анджелестің дау-дамайлары». Деректі сериал. «Жарайсың». «Желіккендер». Телехикая. «Адамзаттың ұлы жетістіктері». Деректі сериал. «Сүйінші». «Триумф любви». Телесериал. «49 күн». Телехикая. «Мұқабадағы бейне». Реалити-шоу. «Платье моей мечты». Реалити-шоу. «Жарайсың». «Судьбы сестер». Телехикая. «Аңыз етіп айтар мені де». Телехикая. «Закрытая школа». Телесериал. «Жарайсың». Ауа райы. «Сүйінші». Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Өркениет». Ток-шоу. «Шаңырақ». «Телеафиша». «Поле Айсулу». Кино. Концерт. «Құмсағат». «Сол жылдар...». «Таутұлға». «Жас нояндар». Телехикая. «Сегіз қырлы». «Сурет-ғұмыр». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Дала даусы». «Келбет». «Крэнфорд». Кино. «Алғашқы Роза». Деректі фильм. «Көкжиек». «Қазақстанның жиырма кереметі». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жас нояндар». Телехикая. «Қазақтың қолөнері». «Легенды и мифы оперного...». «Қазақ даласының құпиялары» Қоялық. Деректі топтама. «Құмсағат». «Гамлет из Сузака или Мамая Керо». Кино. «Ақсарай». «Крэнфорд». Кино. Аңдатпа, əнұран.
Сəрсенбі, 23 қаңтар
7.00 9.30 9.45 10.35 11.25 12.30 12.45 13.20 13.50 14.55 15.25 15.55 17.00 17.30 17.50 18.10 18.30 19.05 19.30 20.30 21.05 21.50 22.40 23.30 00.05 02.15 02.35 02.50 03.30 04.20 7.00 9.00 9.10 10.00 10.10 11.00 11.10 11.30 13.00 13.15 13.40 14.00 14.15 15.25 16.05 17.00 17.15 17.50 18.00 18.15 19.10 20.00 20.30 20.50 21.00 21.30 23.00 23.30 00.30 01.00 02.0004.00 8.30 8.55 9.00 9.15 9.55 10.00 10.40 12.00 12.30 13.20 14.00 14.50 15.40 16.10 16.40 17.30 18.40 19.00 19.30 20.00 21.40 22.50 23.40 00.10 00.15 00.45 9.00 9.05 9.35 10.05 10.10 11.40 12.00 12.25 12.30 13.00 13.50 14.40 14.45 15.10 15.40 16.00 17.00 17.05 17.30 18.00 18.10 18.30 19.00 19.50 20.00 20.30 21.00 22.30 22.40
23.55 01.00
“Таңшолпан”. Жаңалықтар. «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Айтуға оңай...». «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. Жаңалықтар. «Иман айнасы». «Сыр сұхбат». «Кешір мені». Телехикая. «Сөнбес сəуле». «Хайуанаттар əлеміне саяхат». Деректі фильм. «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. «Бала тілі – бал». Жаңалықтар. «Өзекжарды». «Джеспен бірге табайық!». Мультхикая. «Таутұлға». «Өрлеу. Астана». «Кешір мені». Телехикая. Жаңалықтар. «Айтуға оңай…». «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Келін». Телехикая. Жаңалықтар. «Мықты əйел». Кино. «Өрлеу. Астана». «Өзекжарды». «Өркениет». «Алдап көр». Телехикая. Аңдатпа, əнұран. Іске сəт! Жаңалықтар. «Қайта оянған махаббат». Телехикая. Жаңалықтар. «Біз». Ток-шоу. Жаңалықтар. «Балаларға өмір сыйлаңыз». «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «Көзқарас». «Казахстан: социальные проекты». Жаңалықтар. «Сүю өнері». Телехикая. «Секреты в раю». Кино. «Бармысың, бауырым!» Жаңалықтар. «Футбол жанкүйерлері». Деректі сериал. «Профессионал». Жаңалықтар. «Белгісіз аймақтар». Телехикая. «Біз». Ток-шоу. Жаңалықтар. Индустрияландыру күнделігі. «Профессионал». Жаңалықтар. «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «След». Кино. Жаңалықтар. «Дауылдар». Деректі фильм. Жаңалықтар.
«Сүйінші». Ауа райы. Мультфильм. «ХХІ ғасыр көшбасшысы». Ауа райы. «Цена жизни». Телесериал. «Лос-Анджелестің даудамайлары». Деректі сериал. «Жарайсың». «Желіккендер». Телехикая. «Что наша жизнь...». «Закрытая школа». Телесериал. «Жарқын бейнелер». Деректі фильм. «Н20 жəй ғана су қос». Жастар телехикаясы. «Сүйінші». «Триумф любви». Телесериал. «49 күн». Телехикая. «Мұқабадағы бейне». Реалити-шоу. «Платье моей мечты». Реалити-шоу. «Жарайсың». «Судьбы сестер». Телехикая. «Аңыз етіп айтар мені де». Телехикая. «Закрытая школа». Телесериал. «Жарайсың». Ауа райы. «Сүйінші». Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Кітапхана». «Неслучайные встречи». «Құмсағат». «Гамлет из Сузака или Мамая Керо». Кино. «Музыка əлемінде». «Ыдырыс Ноғайбаев». Деректі фильм. «Сурет-ғұмыр». «Легенды и мифы оперного...». «Жас нояндар». Телехикая. «Сегіз қырлы». «Құмсағат». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жетісаз». «Шығармашылық қиғаштығы». «Крэнфорд». Кино. «Сурет-ғұмыр». «Қайран, Шəмші!». Деректі фильм. «Кітапхана». «Қазақтың қолөнері». «Музыка əлемінде». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жас нояндар». Телехикая. «Қазақтың қолөнері». «Раскрытая партитура». «Қазақ даласының құпиялары». Ақыртас. Деректі топтама. «Таксист». Кино. Қазақстан өнер шеберлерінің концерті. «Айналдым сенен, Атамекен-ай». Ақын Ш.Сариевтің шығармашылық кеші. «Крэнфорд». Кино. Аңдатпа, əнұран.
Бейсенбі, 24 қаңтар
7.00 9.30 9.45 10.35 11.25 12.30 12.45 13.35 13.50 14.50 15.20 15.55 17.00 17.30 17.50 18.05 18.30 19.00 19.30 20.30 21.05 21.50 22.40 23.30 00.05 01.35 02.00 02.15 02.45 03.35 7.00 9.00 9.10 10.00 10.10 11.00 11.10 11.30 13.00 13.15 13.40 14.00 14.15 15.15 16.05 16.30 17.00 17.15 17.35 18.00 18.15 19.15 20.00 20.30 20.50 21.00 21.30 23.00 23.30 00.30 01.00 02.0004.00 8.30 8.55 9.00 9.20 9.55 10.00 11.40 12.00 12.30 13.20 14.00 14.50 15.40 16.10 16.40 17.30 18.40 19.00 19.30 20.00 21.40 22.50 23.40 00.10 00.15 00.45 9.00 9.05 9.50 10.20 11.50 13.00 13.50 14.40 14.45 15.10 15.35 16.00 17.00 17.10 17.30 17.50 18.00 18.25 18.30 19.00 19.50 20.00 20.30 21.00 21.05 22.40 00.00 01.00
«Таңшолпан». Жаңалықтар. «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Айтуға оңай...». «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. Жаңалықтар. «Толағай». Отбасылар сайысы. «Ғажайыпстанға саяхат». «Кешір мені». Телехикая. «Сөнбес сəуле». «Хайуанаттар əлеміне саяхат». Деректі фильм. «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. «Бала тілі – бал». Жаңалықтар. «Еңбек түбі – береке». «Джеспен бірге табайық!». Мультхикая. «Таутұлға». «Өрлеу. Жаңа Қазақстан». «Кешір мені». Телехикая. Жаңалықтар. «Айтуға оңай…». «Əке серті». Телехикая. «Келін». Телехикая. Жаңалықтар. «Ханша мен теңізші». Кино. «Өрлеу. Жаңа Қазақстан». «Еңбек түбі – береке». «Əлі есімде». «Алдап көр». Телехикая. Аңдатпа, əнұран. Іске сəт! Жаңалықтар. «Қайта оянған махаббат». Телехикая. Жаңалықтар. «Біз». Жаңалықтар. «Балаларға өмір сыйлаңыз». «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «Көзқарас». «Индустрияландыру күнделігі». Жаңалықтар. «Сүю өнері». Телехикая. «Секреты в раю». Кино. «Азық-түлік мəселесі». «Ұлт саулығы». Жаңалықтар. «Үкімет пен əлеумет». «Профессионал». Жаңалықтар. «Белгісіз аймақтар». Телехикая. «Біз». Ток-шоу. Жаңалықтар. «Қазақстан: əлеуметтік жобалар». «Профессионал». Жаңалықтар. «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «След». Концерт. Жаңалықтар. «Жанартаулар». Деректі фильм. Жаңалықтар.
«Сүйінші». Ауа райы. Мультфильм. «Əзіл-Tube» бағдарламасы. Ауа райы. «Цена жизни». Телесериал. «Сенім. Білім.kz». «Жарайсың». «Желіккендер». Телехикая. «ХХІ ғасыр көшбасшысы». «Закрытая школа». Кино. «Жарқын бейнелер». Деректі фильм. «Н20 жəй ғана су қос». Жастар телехикаясы. «Сүйінші». «Триумф любви». Телесериал. «49 күн». Телехикая. «Эшли Пейдждің ғажайып сəн киімі». Реалити-шоу. «Платье моей мечты». Реалити-шоу. «Жарайсың». «Судьбы сестер». Телехикая. «Аңыз етіп айтар мені де». Телехикая. «Закрытая школа». Телесериал. «Жарайсың». Ауа райы. «Сүйінші». Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Көкжиек». «Раскрытая партитура». «Таксист». Кино. «Тек қана қыздар». «Айгүл» ансамблінің концерті. «Жас нояндар». Телехикая. «Сегіз қырлы». «Құмсағат». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жетісаз». «Келесі аялдама». «Крэнфорд». Кино. «Қазақтың қолөнері». «Барып қайт балам ауылға». М.Өзтүрік. Деректі фильм. «Қылқалам». «Дала дауысы». «Сөнбес сəуле». «Сурет-ғұмыр». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жас нояндар». Телехикая. «Қазақтың қолөнері». «Ғасырлар пернесі». «Қазақ даласының құпиялары». Испиджап. Деректі топтама. «Телеафиша». «Выстрел на перевале Караш». Кино. «1000 əн». Концерт. «Крэнфорд». Кино. Аңдатпа, əнұран.
Жұма, 25 қаңтар
7.00 9.30 9.45 10.35 11.25 12.30 12.45 13.20 13.50 14.50 15.20 15.55 17.00 17.30 17.50 18.05 18.30 19.00 19.30 20.30 21.05 21.55 22.30 23.20 23.55 02.10 02.30 02.55 03.25 04.15 7.00 9.00 9.15 10.00 10.10 11.00 11.10 11.30 13.00 13.15 13.40 14.00 14.15 15.15 16.10 17.00 17.15 17.35 18.00 18.15 19.10 20.00 20.30 21.00 21.30 23.00 23.30 00.30 01.00 02.0004.00 8.30 8.55 9.00 9.20 9.55 10.00 10.40 12.00 12.30 13.20 13.40 14.00 14.50 15.40 16.10 16.40 17.30 18.40 19.30 20.00 21.40 22.50 23.40 00.10 00.15 00.45 9.00 9.05 9.25 10.05 11.40 11.45 12.15 12.40 13.00 13.50 14.40 14.45 15.10 16.00 17.00 17.20 17.30 18.00 18.20 18.30 19.00 19.50 20.00 20.25 20.30 21.15 23.20 00.45 01.00
“Таңшолпан”. Жаңалықтар. «Əке серті». Телехикая. «Айтуға оңай...». «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. Жаңалықтар. «Менің Қазақстаным». «Жарқын бейне». «Кешір мені». Телехикая. «Даму». «Хайуанаттар əлеміне саяхат». Деректі фильм. «Ұлы əмірші Куаң Ге То». Телехикая. «Бала тілі – бал». Жаңалықтар. «Өзекжарды». «Өрлеу. Парламент». «Таутұлға». «Иман айнасы». «Кешір мені». Телехикая. Жаңалықтар. «Айтуға оңай» «Телеғұмыр». «Келін». Телехикая. Жаңалықтар. «Эрин Брокович». Кино. «Өрлеу. Парламент». «Өзекжарды». «Ғасырлар пернесі». «Алдап көр». Телехикая. Аңдатпа, əнұран. Іске сəт! Жаңалықтар. «Қайта оянған махаббат». Телехикая. Жаңалықтар. «Біз». Жаңалықтар. «Балаларға өмір сыйлаңыз». «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «Көзқарас». «Қазақстан: əлеуметтік жобалар». Жаңалықтар. «Сүю өнері». Телехикая. «Секреты в раю». Кино. «Əскери іс». Жаңалықтар. Шешім қабылданды «Профессионал». Жаңалықтар. «Белгісіз аймақтар». Телехикая. «Біз». Ток-шоу. Жаңалықтар. Арнайы репортаж. Жаңалықтар. «Долина волков». Телесериал. Жаңалықтар. «След». Кино. Жаңалықтар. «Акуладан қорғану жолдары». Деректі фильм. Жаңалықтар.
«Сүйінші». Ауа райы. Мультфильм. «Адамзаттың ұлы жетістіктері». Деректі сериал. Ауа райы. «Цена жизни». Телесериал. «Лос-Анджелестің дау-дамайлары». Деректі сериал. «Жарайсың». «Желіккендер». Телехикая. «FreshmanЫ». «Жанама əсер». «Закрытая школа». Телесериал. «Жарқын бейнелер». Деректі фильм. «Н20 жəй ғана су қос». Жастар телехикаясы. «Сүйінші». «Триумф любви». Телесериал. «49 күн». Телехикая. «Бесінші бұрыш». «Жарайсың». «Судьбы сестер». Телесериал. «Аңыз етіп айтар мені де». Телехикая. «Закрытая школа». Телесериал. «Жарайсың». Ауа райы. «Сүйінші». Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Қылқалам». «Өркениет». «Выстрел на перевале Караш». Кино. «Сурет-ғұмыр». «Ғасырлар пернесі». «Таутұлға». «Музыка əлемінде». «Жас нояндар». Телехикая. «Сегіз қырлы». «Құмсағат». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. Концерт. «Крэнфорд». Кино. «Жетісаз». «Қазақтың қолөнері». «Əлі есімде». «Шаңырақ». «Қазақтың қолөнері». «Таңғажайып табиғат». Деректі хикая. «Жас нояндар». Телехикая. «Қазақтың қолөнері». «Иман айнасы». Телеафиша. «Ақсарай». «Мария Антуанетта». Кино. «Мəдениет» концерт залынан. «Қазақтың қолөнері». Аңдатпа, əнұран.
Əлем жаѕалыќтары
Сенбі, 26 қаңтар
7.00 7.25 7.55 8.00 10.00 10.30 12.00 12.20 13.05 13.20 13.50 15.25 15.55 16.25 17.00 17.20 17.40 19.20 19.40 20.05 20.30 21.05 22.40 23.10 23.45 02.05 02.35 04.15 7.00 8.40 9.55 10.00 10.10 10.30 11.00 11.10 11.40 12.10 12.30 13.00 13.15 14.00 14.15 15.30 17.00 17.15 18.00 18.15 20.00 20.30 21.00 21.30 22.20 00.15 00.45 01.1503.00 9.00 9.25 9.30 9.55 10.00 10.20 10.50 11.30 13.00 13.40 15.00 16.00 16.50 19.50 20.30 21.00 22.30 23.20 23.25 01.10 9.00 9.05 9.20 9.50 11.35 12.00 12.30 12.50 13.30
14.40 15.30 16.20 16.50 17.00 18.00 18.20 18.30 19.00 19.30 20.20 20.30 21.20 23.10
23.55 01.00
«Саяхатшы Дара». Мультхикая. «Кайлəн». Мультхикая. «Алдар көсенің басынан кешкен хикаялары». Мультфильм. «Келін». Телехикая. «Жиһанкез». «Футбол королі Еуропа кубогі». Кино. Мультфильмдер. «Телқоңыр». «Қазақтың қолөнері». «Алаш алыптары». Деректі фильм. «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Ас мəзірі». «Дауа». Телеемхана. «Жүзден жүйрік». Жаңалықтар. «Қылмыс пен жаза». «Дениз». Телехикая. «Жан жылуы». «Ғибратты ғұмыр». «Арнайы репортаж». Жаңалықтар. «Бақ құсы». Сазгер Д. Сыздықовтың шығармашылық əн кеші. «Жайдарман». Жаңалықтар. «Бір рыцарьдің тарихы». Кино. «Алаш алыптары». Деректі фильм. «Дениз». Телехикая. Аңдатпа, əнұран. «Көгершіндер». Кино. «Бір, екі, жасыма бекі». Балаларға базарлық. «Балаларға өмір сыйлаңыз». Жаңалықтар. «Народный эксперт». «Ұлт саулығы». Денсаулық бағдарламасы. Жаңалықтар. «Ас мəзірі». «Азық-түлік мəселесі». «Контуры на карте». «Сəби жүрек». Телехикая. Жаңалықтар. «Əзіл-кеш». Жаңалықтар. «Екі езу» театрының мерейтойлық қойылымы. «Аймақтар аламаны». Жаңалықтар. «Бармысың, бауырым?». Жаңалықтар. «Капуцин гүлзарындағы адам». Кино. Жаңалықтар. «Аймақтар аламаны». Күнделік. Жаңалықтар. «Хабар stars». Музыкалық бағдарлама. «Линкольн для адвоката». Кино. Жаңалықтар. Жаңалықтар. «Айман-Шолпан». Спектакль. «Маша и Медведь». Мультсериал. Ауа райы. «Бакуган: Жанкешті жауынгерлер». Мультсериал. Ауа райы. «Сенім.Білім.kz». «Адамзаттың ұлы жетістіктері». Деректі сериал. «Суперпапа». Реалитишоу. «Н20 жəй ғана су қос». Жастар телехикаясы. «ХХІ ғасыр көшбасшысы». «Кернейші аққу». Мультфильм. «Жаным». Телехикая. «Жасырмай». «Ганг сенің суың лайланды». Кино. «Бағдаршам». «Что наша жизнь...». «Пусть ангелы хранят». Телехикая. «Короли игры». Кино. Ауа райы. «Қияли Бетти». Кино. Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Мирас». «Леонардо». Кино. «Мария Антуанетта». Кино. «Иман айнасы». «Неслучайные встречи». Мəдениет жаңалықтары. «Əн-айтыс». «Алдар көсенің басынан кешкен таңғажайып оқиғалары». Мультфильм. «Даниэль Деронда». Кино. «Дала-думан». «Леонардо». Кино. «Қазақтың қолөнері». «Мəжит Бегалин». Деректі фильм. Мəдениет жаңалықтары. «Қазақтың қолөнері». «Сағындырған əндерай». Ретроконцерт. «Алтын көмбе». «Даниэль Деронда». Кино. «Қазақтың қолөнері». «Жүздесу». «Мэри Райли». Кино. «Болашаққа нұрлы көзбен қараймын». Композитор Ж.Кеңесовтің шығармашылық кеші. «Атақты жазушылар». Деректі фильм. Аңдатпа, əнұран.
Жексенбі, 27 қаңтар
7.00 7.25 7.55
8.05 10.00 10.30 11.20 11.55 12.30 13.15 13.50 14.40 15.30 16.25 17.00 17.30 17.40 19.20
20.30 21.35
23.10 23.50 02.00 03.40 04.20 7.00 8.00 9.15 10.00 10.30 11.00 11.15 11.40 12.00 12.30 15.30 16.30 17.20 18.30 20.00 21.00 22.00 22.30 00.10 01.4003.10 9.00 9.15 9.20 10.45 10.50 11.10 11.30 12.00 13.00 13.50 14.30 15.00 16.00 16.40 17.00 18.30
19.30 20.00 21.00 22.30 23.20 23.35 01.00 9.00 9.05 9.20 9.35 10.05 10.10 12.00 12.30 12.50 13.30
13.40 14.40 15.30 16.20 16.50 17.00 18.00 18.20 18.30 19.00 19.40 20.30 21.10 23.25 23.55 01.00
«Саяхатшы Дара». Мультхикая. «Кайлəн». Мультхикая. «Алдар көсенің басынан кешкен хикаялары». Мультфильм. «Келін». Телехикая. «Ас мəзірі». «Толағай». «Ақсауыт». «Сыр-сұхбат». «Көкпар». Ұлттық ойын. «Телеғұмыр». «Туған елдің түтіні». Телехикая. «Əке серті». Телехикая. «Уақыт жүрегі». Бақыт Беделханның шығармашылық кеші. «Жүзден жүйрік». «Алтын таға». Халықтық лотерея. «Ғажайыпстанға саяхат». Мультфильм. «Дениз». Телехикая. «Бақытты əйел». Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт. «Апта.kz». «Қазақстан КВН Одағы». «Кіші финал 2012». Астана. Арнайы жоба. «Телқоңыр». «Жаңалық жаршылары». Кино. «Дениз». Телехикая. «Көкпар». Аңдатпа, əнұран. Мультфильм. «Менің де атым Қожа». Кино. «Бірлігіміз жарасқан!». Ұлт ынтымағы. «Айбын». «Топжарған». «Халықтық сарапшы». Олимпийский журнал. «Ас-арқау». Əскери іс. «Муки совести». Кино. Тікелей эфирде – ТВ Бинго. «Хабар stars». Музыкалық бағдарлама. «Əзіл-кеш». «Аймақтар аламаны». «Жеті күн». «Жеті күн». «Бюро расследований». «Дом летающих кинжалов». Кино. «Жұмбақ жауынгерлер – Ажал тауы». Кино. «Қатерлі ойын». Кино.
«Маша и Медведь». Мультфильм. Ауа райы. «Бакуган: Жанкешті жауынгерлер». Мультсериал. Ауа райы. «Жанама əсер». «FreshmanЫ». «Н20 жəй ғана су қос». Жастар телехикаясы. «Орыс жолбарысы». Деректі фильм. «ХХІ ғасыр көшбасшысы». «Суперпапа». Реалитишоу. «Маша и Медведь». Мультсериал.. «Жаным». Телехикая. «Бəрі есімде». Тамара Асармен бірге. Олимпиадалық журнал. «Бала күтуші мұртты ағай». Кино. Əнші, сазгер Гауһар Əлімбекованың «Анаға сағыныш» атты əн кеші. «Əзіл-Tubе» бағдарламасы. «Мүмкін емес…». «Пусть ангелы хранят». Телехикая. «Короли игры». Кино. Ауа райы. «Қияли Бетти». Кино. Ауа райы. Əнұран, аңдатпа. «Мирас». «Қазақстанның жиырма кереметі». «Леонардо». Кино. «Сурет-ғұмыр». «Мэри Райли». Кино. «Əлі есімде». Мəдениет жаңалықтары. «Əн-айтыс». «Алдар көсенің басынан кешкен таңғажайып оқиғалары». Мультфильм. «Атақты жазушылар». Деректі фильм. «Даниэль Деронда». Кино. «Саз толғау». «Леонардо». Кино. «Қазақтың қолөнері». «Мəжит Бегалин». Деректі фильм. Мəдениет жаңалықтары. «Қазақтың қолөнері». «Сағындырған əндерай». Ретроконцерт. «Өркениет». «Даниэль Деронда». Кино. «Сол жылдар...». «Тибеттегі жеті жыл». Кино. Концерт. «Атақты жазушылар». Деректі фильм. Аңдатпа, əнұран.
Содырлардыѕ кґзі жойылды Алжир армиясына Əл-Каидаға қатысы бар террорлық топ басып алған кен орны мен оған жақын жатқан аумаққа бақылау орнатудың сəті түсті.
Əскерилер он бір содырдың көзін жойды, олардың арасында «Ислам əділеттілігі жолындағы шөл дала ұлдары» террорлық тобының лидері, сондай-ақ «Əбу əл-Бараа» алжирлік топтың басшысы ретінде танымал Абдулла Ульд Ахмида болған. Кепілдікке алынғандар ішінде де шығындар бар. Əзірге отыз адам қаза тапты деген мəлімет белгілі болып отыр. Бірақ құрбан болғандар санының өзгеруі мүмкін. Қаза тапқандар ішінде екі британдық, екі филиппиндік, екі жапон мен француз бар, АҚШ-тың бір азаматы із-түзсіз жоғалғандар санатында тұр. Жалпы, кепілдікке алынған 600 адам құтқарылған, олардың арасында бірнеше шетелдік бар.
Еуроодаќтан шыєу жолын ќарастыруда Британияның егер Брюссель Лондонмен қарым-қатынас формуласын қайта қарауға келіспейтін болса, Еуроодақ құрамынан шығуы мүмкін. Бұл туралы осы ел премьері Дэвид Кэмерон өзінің ЕО-ға қатысты бағдарламалық сөзінде мəлімдеуге тиіс болатын.
Британдықтар Алжирде адамдардың кепілдікке алынуына байланысты кейінге қалдырылған Д.Кэмеронның Лондон мен Брюссель арасындағы қарым-қатынастар туралы сөзін өткен жылдың жазынан бері күтуде. Апта басында премьердің өкілдері оның ЕО-ның болашағына қатысты өз көзқарастарын егжей-тегжейлі баяндайтынын хабарлаған. Бірақ Алжирдегі оқиғаға байланысты премьер Гаагаға баруды кейінге қалдырды. Дегенмен, премьердің баспасөз қызметі оның айтпақ болған сөздерінен үзінді келтірген. Сөйтсе, ол егер Брюссель Лондонға қатысты көзқарасын өзгертпесе, Британияның Еуроодақтан шығуы мүмкін екенін айтпақ болыпты.
Малиге ўшаќтар мен нўсќаушылар жіберді АҚШ Малиге əскери-көлік ұшақтары мен ұшқышсыз ұшатын барлаушы ұшақтарын, сондай-ақ əскери нұсқаушылар жібермек. Сонымен бірге, АҚШ-тың əскери басшылығы нақты əскери операцияларға олардың қатыспайтынын да атап көрсетіп отыр.
Америкалық əскери тасымалдаушылардың өңірге сапарлары 18 қаңтарда басталмақ. Операцияға С-17 жəне С-5 ұшақтары тартылатын болады. Сонымен бірге, АҚШтың штабтар бастығы комитетінің басшысы генерал Мартин Демпси Францияның əскери операцияларға тікелей көмек көрсету жөнінде өтініш жасамағанын да атап өтті. Америкалық əскери нұсқаушылар Мали аумағында емес, көрші африкалық елдер аумағында жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Еуроодақ пен Малидың көршілері де содырлармен күресте осы елге көмек көрсету ниеттерінің бар екенін мəлімдеп отыр.
Əскерилер зейнетаќысын ґсіруді ўсынды Грузия президенті Михаил Саакашвили таяу уақыттарда Грузия парламенті мен үкіметіне əскери қызметшілерге қатысты əлеуметтік кепілдіктер туралы жаңа заң жобасын ұсынбақ ниетте.
Мен Ауғанстанда қаза табатын əскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің, əскери қызметшінің отбасын асыраушы болғанына немесе болмағанына қарамастан, зейнетақы алуы жөнінде ұсыныс жасаймын. Бүгінде бір реттік өтемақы төленеді, бірақ мен мұндай отбасыларына зейнетақы төлеуді ұсынамын, қазіргі күні біздің мемлекеттің жəне бюджеттің ондай мүмкіндігі бар, деп хабарлаған Саакашвили журналистерге. Осы заң жобасы арқылы президент əскери зейнетақыларды екі есе ұлғайтуды жəне əскери зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі мемлекеттік зейнетақының екі еселенген мөлшері көлемінде белгілеуді ұсынбақ.
АЌШ Сомали їкіметін мойындады АҚШ Сиад Барре режімі құлағаннан кейін мемлекеттілік белгісін жоғалтып, бей-берекеттік тұңғиығына батқан Сомали үкіметін мойындады.
Бұл туралы Сомали президенті Хасан Шейх Мохаммедпен Вашингтонда өткен кездесуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мəлімдеді. Мемлекеттік хатшы америкалық дипломаттар мен мамандардың Сомалиге жиі бара бастағанын айтып, өзінің АҚШ-тың Могадишодағы тұрақты дипломатиялық қатысуының қайта қалпына келуін асыға күтетінін атап көрсетті. Сөз ретінде Америка Құрама Штаттарының 1991 жылдан бері Сомали үкіметін алғаш рет мойындап отырғанын айта кету қажет.
Америкалыќ сарапшылар Жапонияєа келді Boeing компаниясының, АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі мен азаматтық авиация федеральдық басқармасының сарапшылары Boeing-787 ұшағының шұғыл қону себебін анықтау үшін Жапонияның Такамацу əуежайына келді.
«Арман лайнері» саналатын ұшақпен жыл басынан бері алтыншы рет орын алып отырған оқиға сəрсенбі күні Жапония əуежайында орын алған болатын. Ақауға литий батареяларындағы температураның көтерілуі себеп болды, соның салдарынан оның сыртқы қабаты балқып кеткен деп санайды жапондық сарапшылар. Көлік министрлігі болған жəйтті «елеулі оқиға» ретінде бағалап отыр. Осы оқиғадан кейін ең жаңа саналатын Boeing-787 ұшақтарының ұшуына тыйым салынды. Олар егжей-тегжейлі техникалық инспекциялаудан өтетін болады.
Ќытай экономикасы ґсу їстінде Қытайдың ІЖӨ-сі 2012 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсіп, 51,93 трлн. юаньды құрады.
Мұндай ақпаратты ҚХР ұлттық статистика бюросы таратып отыр. Бұл 1999 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болып саналады. Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк 2013 жылы қытай экономикасы 8,4 пайызға өседі деген болжам жасап отыр. Бұл банктің осыдан бірнеше ай бұрын күткенінен 8,1 пайызға жоғары. Сөз орайында 2011 жылы ел экономикасының 9,3 пайызға өскенін де айта кету керек. Интернет материалдары негізінде əзірленді.
8
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Теледидар терезесі
Жиендік жайында... жиендікпен Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Күн сайын жарық көретін басылым қызметкеріне теледидар көріп жату қайда?! Дегенмен, Жаңа жылдың демалысында дамылдағандай болып, мерекелік бағдарламалардың бірқатарын тамашалауға мүмкіндік туды. Телеарналарды ары-бері ауыстырып отырып, «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетіп жатқан «Айтуға оңай» ток-шоуы көзге оттай басылғаны. «Өнердегі «жиендік» тақырыбымен мəселе көтерілген екен. Өзіміз «Егемен Қазақстанда» («Жаңа «жиендер» жайында...», 18 ақпан, 2012 жыл) қозғаған көкейкесті мəселені əріптестеріміз де жерде қалдырмай қайта қаузап жатқанына қуанып-ақ қалдық. Былтырғы ақпанда біздің газетте жарияланған мақалада бүгінде өмірде де, өнерде де «жиендік» өріп жүргені айтылатын. Бұл дерт, əсіресе, отандық шоу-бизнесте белең алғаны, шетелдік орындаушылардың репертуарларынан ала салу, танымал композиторлардың ноталарынан қымқырудан қымсынбау əдетке айналып бара жатқаны талқыланған еді. Плагиаттықты ауыздықтаумен айналысатын ұйымдар бізде жеткілікті болғандықтан, мақаламызда қаламымыздың қарымы жеткенше барлық тарапты да сөзге тартқанбыз. Алдымен осы мəселемен айналысады, мəнісін егжей-тегжейлі біледі деген Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы, жазушы Марал Ысқақбаймен хабарласып, сұхбат алғанбыз. Ұлттық арна студиясында Марал Ысқақбай да отыр. Ол кісі: «Өз басым соңғы 1015 жылда Хасен Қожахметовтың «Қазақ музыкасы қалай маргиналданды» дейтін мақаласынан өзге ештеме оқыған емеспін. «Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмағасын, еркінсімей қайтсін жаңа «жиендер» деген болатын.
Еліміздің 2050 жылға дейінгі саяси жəне идеялық бағытын белгілеп берген Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қажеттігін айтты. Оның жолдары мен үлгілері қандай болмақ? Орал өңірінде тұсауы кесілген «Дана.kaz» журналы осы орайда жасалған нақты қадам десек қателеспейміз.
Жаѕа басылым Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
– Біз тарихи-танымдық сипаттағы журнал шығаруды қолға алған кезде алдымызға қандай да бір болмасын, табыс, пайда табу ниетін қойған емеспіз. Бұл мақсат, ең алдымен жастарға патриоттық тəрбие беру ісіне үлес қосу ниетінен туындады. Жаңа журнал шығару идеясы туған жердің тарихына, оның кешегісі мен бүгінгісіне жəне болашағына селқос қарай алмайтын перзенттік махаббат пен ізгі ниеттен бастау алды, – деді газет тілшісіне есімі республикаға танымал қаламгер, журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы. Оған «Дана.kaz» атауы қойылғаны неліктен? Газет редакторының айтуынша, қазақ халқы ежелден сын сағаттарда ашуын ақылға жеңгізе білген дана халықтың бірі. Халқымыздың арасынан шыққан дана ұлдары да, дара ұлдары да жетерлік. Журналдың басты ұстанымының бірі – елдің осындай біртуар перзенттерінің көпшілікке беймəлім беттерін ашып жазу болғандықтан оны «Дана.kaz» деп атағанды жөн көрдік дейді Қазыбек бауырымыз. Бүгінгі əлемдік журнал шығару үрдісі мен ерекшелігіне сай оған kaz жалғауын қосуды орынды деп таптық. Бұл қазақстандық журнал деген ұғымды білдіреді. Өйткені, өнімімізді Ресейдің көршілес облыстарындағы ағайындарға тарату да ойымызда бар. ОРАЛ.
Студияға Хасен Қожахмет те келіпті. Бұл мəселені əнші Рамазан Стамғазиев та бұқаралық ақпарат құралдарында біраз көтергенінен хабардар болып, Стамғазиевпен де сұхбаттасқан едік. Студияда Стамғазиев та отыр. Əнші Рамазан Стамғазиевтің көзімен көріп, қолымен ұстап қайтқан жəйтін «Жас қазақ» газетінде Қытайдан келген əншісазгер Шаба да қуаттаған болатын. Сондықтан Шабамен де телефон арқылы тілдесіп, мақалада көтерілген мəселеге тартқанбыз. «Айтуға оңайға» Шаба да келіпті. Өнердегі жиендікке қатысты не білгеніңіз бар деп, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбектің де алдынан өткенбіз. Студияда ол кісі де отыр. Хабарға газет мақаласындағы адамдар түгелге жуық шақырылғанынан-ақ оған қандай жарияланымның ойтүрткі болғаны аңғарылып тұр. Бірақ, хабар автор-
ларын ол үшін кінəламақ емеспіз. Олардың дəл сол адамдарды шақыруға құқы бар. Біз «Егемен Қазақстан» газетінің мақаласының идеясына жармасты деп əріптестерді жазғырмақ емеспіз. Бір тақырыптың өзіне əртүрлі мақалалар арнала беретіні де, неше қилы хабарлар жасала беретіні де белгілі. Журналистердің маңызды тақырыптарды тереңдете зерттегені жақсы-ақ. Бірақ... Тележурналистер мақаламыздың мəтініне де жиендік жасап жібергені жанға батады. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылы 18 ақпанда жарияланған мақаласында: «Мəселен, авторлық құқық мəселесі реттелген өркениетті елде туған Элвис Пресли өліп қалғанына 30 жыл өтсе де, жыл сайын бірнеше миллион доллар табыс табады. Сүйегі қурап кеткен əншінің авторлық құқығы əбден заңдастырылған. Сатылған күйтабақтарынан, үнтаспаларынан түскен қаражаттың қызығын
соңында қалған ұрпағы көріп отыр» деген жолдар бар. Ал мұны телевизиядағы жиендеріміз жолма-жол: «Ал авторлық құқық мəселесі қатты қаралатын Америкада туған Элвис Пресли өліп қалғанына 30 жыл өтсе де, жыл сайын бірнеше миллион доллар табыс табады. О дүниелік əншінің авторлық құқығы əбден заңдастырылған. Сатылған күйтабақтарынан, үнтаспаларынан түскен қаражаттың қызығын соңында қалған ұрпағы көріп отыр» деп пайдаланды. Бар еңбегі – «авторлық құқық мəселесі реттелген өркениетті елде туған» деген тіркесті «авторлық құқық мəселесі қатты қаралатын» деп, «Сүйегі қурап кеткен əншінің» деген тіркесті «о дүниелік əншінің» деп редакциялағаны ғана. Қалғаны – сөзбе-сөз. Мақаладағы: «Ал керісінше, біздің халық сүйіп тыңдайды деген əншілердің өзі тыраштанып концерт беріп, қарызданып-қауғаланып клип түсіріп жатса да байып жатқандары шамалы. Үнтаспа шығарса пираттық жолмен көбейіп шыға келеді, сатылып жатқан өнімдердің қайсысы өзінікі, қайсысы өнердегі қарақшылардікі екенін ажыратып алуға айласы да, уақыты да жетпейді» деген жолдарды да «Айтуға оңай» ток-шоуы түгелімен барымталап кетті. Егер əріптестеріміз сол арада «деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті десе, құда да, құдағи да тыныш емес пе? Əрі бұл əділдіктің ақ жолынан аттамағандық болып табылар еді. Ұлттық арна – ұлтымыздың бет-бейнесін танытатын арна. «Қазақстан» арнасының толықтай мемлекеттік тілде хабар таратуға ауысқалы бергі игілікті ізденістері жұртшылық көңілінен шығып келе жатқаны тіпті де талас тудырмайды. Солардың бірі – талантты журналист Бейсен Құранбек жүргізетін «Айтуға оңай» хабары. Біздің айтпағымыз жұрт тұшынып көріп жүрген хабардың, əсіресе, авторлық құқық мəселесіне арналған шығарылымында өркениетті журналистикаға қойылар талаптар сақталуы қамдалса деген əріптестік тілек қана. АЛМАТЫ
Кеден одаєы шеѕберiндегі экспорттыќ баќылауєа жататын ґнiмдерді ґткізу тəртібі туралы Беларусь, Ресей жəне Қазақстан Кеден одағының құрылуына байланысты үштік ел ішінде ішкі кедендік шекаралар жойылды. Мемлекет басшыларының деңгейінде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 2010 жылғы 5 шілдедегі №52 шешіміне сəйкес Беларусь, Қазақстан жəне Ресей аумағында экспорттық бақылау саласында тиісті келісімдерді қолданысқа енгізгенге дейін экспорттық бақылауға жататын тауарларды жəне технологияларды, оның ішінде əскери мақсаттағы өнімдерді бақылау бойынша ұлттық заңнама қолданылады. Осылайша, өткізілетін өнімнің басқа түрлерінен айырмашылығы экспорттық бақылауға жататын өнімдер үшін, «Кеден одағы тауары» ұғымы қолданылмайды. Мəселе жөнелтілетін елдерге байланысты шешіледі. Қазақстанда Кеден одағының мемлекеттері арасында тауарларды өткізу кезінде кедендік рəсімдеуді қоса алғанда, экспорттық бақылау режімдерінің бақылау тізіміне енгізілген өнімдерді əкелу, шығару жəне транзиттеу тəртібі сақталған. Заңға сəйкес бақылау мəні кеден арқылы өткізу емес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізу болып табылады. Осылайша, шаруашылық субъектісіне Кеден одағы ішінде өнімді өткізу үшін «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына, «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 қаулысына жəне «Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң, экспорты мен импортын, сондай-ақ, жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
«Кутузовское-Алиби» ЖШС өз қатысушыларына 2013 жылғы 04 ақпанда сағат 10.00-де СҚО, Айыртау ауд., Каменный Брод ауылы мекен-жайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы хабарлайды: 1. «DeltaBank» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондайақ қолданыстағы кредиттік желіні ұзарту. 2. «Кутузовское-Алиби» ЖШС мүлкін, атап айтқанда өз міндеттемелерін қамтамасыз етуді жəне «DeltaBank» АҚ-ға кепілге, міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде жылжитын жəне жылжымайтын мүлікті беру. 3. «Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс жүзеге асыруға келісім беру. 4. «Кутузовское-Алиби» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру. «Акушерлік, гинекология жəне перинатология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК №1 лот - адами менопаузалдық гонадотропин с ФСГ и ЛГ белсенділігі 75/75МЕ. 1234 ампула. Жалпы сомасы – 8 056 786 теңге. №3 лот - фоллитропин бета 300МЕ. 246 ампула. Жалпы сомасы – 6 910 344 теңге сатып алу бойынша ашық сайыс өткізуі туралы хабарлайды, мына сатып алу жұмыстарының толық тізімі, көлемі сайыс құжаттарында көрсетілген. Жұмыстардың орындалу орны “АГЖПҒО” РМК, Алматы қаласы, Достық даңғылы, №125. Жұмыстарды орындау мерзімі 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Сайысқа, сатып алу туралы ҚР Үкіметтің қаулысы №1729 30.10.2009 ж. көрсетілген санатты талаптарға жауап беретін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сайыс құжаттарының пакетін 2013 жылы 7 ақпан күні сағат 10.00-ге дейін алуға болады. Мекен-жайы: 050020, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 125, АГЖПҒО, мемлекеттік сатып алу бөлімінде. Соңғы сайыс өтінімдерін беру соңғы мерзімі 2013 жылы 8 ақпан күні сағат 10.00-ге дейін. Сайыс өтінімдері бар конверттер 2013 жылы 8 ақпан күні сағат 12.00-де ашылады. Барлық əлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерінің ашылуына қатысуға құқылы. Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 125, АГЖПҒО кіші конференц залында. Заңды мекен-жайымыз: индекс: 050020 Алматы қаласы, Достық даңғылы, 125, АГЖПҒО. Қосымша құжаттар мен анықтамаларды мына телефондар арқылы білуге болады 8-(727)-300-45-01, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақытында, факс: 300-45-03. Е-mail: a.altynbekova@mail.ru
ТОО «Sinooil» объявляет о проведении конкурса по определению Генподрядной организации по строительству Автозаправочной станций по адресу: Алматинская область, г.Капшагай, ул.Алматинская, 3. К конкурсу допускаются участники, имеющие лицензию I-ой или II-ой категории на строительномонтажные работы. Необходимую информацию можно получить по телефону: 8 (727) 3000-252.
кезiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн, лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын жəне экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына сəйкес лицензия алуы қажет. Ресей жəне Беларусь мүдделерінде, Қазақстанның аумағы арқылы транзитті жүзеге асырушы тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уəкілетті орган берген, транзитке рұқсат беру кұжаттарының бар болуы қажет. Экспорттық бақылау ережелерін бұзған жағдайда Қылмыс кодексінде жəне əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте қылмыстыққұқықтық жəне əкімшілік ықпал ету шаралары белгіленген.
Жалєан айтып... ќамалды Əдеттегідей полицияға белгісіз біреуден телефонмен хабарлама түсті. Онда Ыстамбұлға ұшатын əуе кемесінің бортында өзімен бірге жарылғыш затты алып бара жатқан адамның бар екендігі айтылды. Содан көліктегі ІІД желілік бөлімінің жеке құрамы аяғынан тік тұрды. Оған қоса Астана қаласы ішкі істер департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Бас көлік прокуратурасының, жедел медицина-
«Айыртау-Алиби» ЖШС өз қатысушыларына 2013 жылғы 04 ақпанда сағат 10.00-де СҚО, Айыртау ауд., Айыртау ауылы мекен-жайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы хабарлайды: 1. «DeltaBank» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік желіні ұзарту. 2. «Айыртау-Алиби» ЖШС мүлкін, атап айтқанда өз міндеттемелерін қамтамасыз етуді жəне «DeltaBank» АҚ-ға кепілге, міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде жылжитын жəне жылжымайтын мүлікті беру. 3. «Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс жүзеге асыруға келісім беру. 4. «Айыртау-Алиби» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.
лық жəрдем қызметтері де оқиға орнына келіп жетті. Олар 88 жолаушы мен 8 экипаж мүшесін қауіпсіз жерге көшірді. Бұдан соң, əуе кемесі жолаушылар терминалынан қауіпсіз аралыққа жеткізілді. «Арлан» арнайы бөлімшесінің
ҚР ИЖТМ Өнеркəсіп комитеті.
қызметкерлері ұшақтың борты мен жолаушылар жүктерін тексерді. Алайда, жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында көлік полициясының қызметкерлері өзінің ұялы телефонынан жарылғыш зат туралы хабарлаған Астана қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады жəне оған көрінеу жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
РГП «Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии» объявляет о проведении тендера закупкам следующих товаров: Лот №1 –человеческий менопаузальный гонадотропин с ФСГ и ЛГ активностью 75/75МЕ. В количестве 1234 ампул. Общая сумма выделанная – 8 056 786 тенге. Лот №2 – фоллитропин бета 300МЕ. В количестве 246 ампул. Общая сумма выделанная – 6 910 344 тенге. Полный перечень закупаемого товара, объемы и их подробная спецификация указаны в тендерной документации. Место поставки: РГП «НЦАГиП», г.Алматы, пр.Достык, 125. Требуемый срок поставки: до 31 декабря 2013 года. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в ПП РК от 30.10.2009 г. за №1729 «Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи». Пакет тендерной документации можно получить в срок до 10.00 часов 7 февраля 2013 года включительно по адресу: 050020, г.Алматы, пр.Достык, 125, НЦАГиП, в отделе государственных закупок с 9.00 до 17.00. Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, представляются потенциальными поставщиками в НЦАГиП, г.Алматы, пр.Достык, 125, в отдел государственных закупок. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 8 февраля 2013 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 12.00 часов 8 февраля 2013 года. по следующему адресу: г.Алматы, пр.Достык, 125, НЦАГиП, в малом конференц зале. Потенциальный поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Юридический адрес: г.Алматы проспект Достык, №125, индекс: 050020. Дополнительную информацию можно получить по телефонам: 8-(727)-300-45-01 с 9.00 по 17.00 час в рабочие дни. факс: 30045-03. Е-mail: a.altynbekova@mail.ru
«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы 2013.ЦП264 баға ұсыныстарын сұрау арқылы 2013 жылғы 17 қаңтарда, Ақтау қаласы, 12-ш/а, 74-ғимарат, 114-бөлмеде өткізілген мына лотты сатып алудың қорытындысын хабарлайды: Лот №1 – Тұйықталған телевизиялық жүйені бөлшектеу, қайта көшіру, монтаждау жəне реттеу – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1139 қаулысына 2010 жылдың 1 сəуіріндегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 98 тармағына сəйкес сатып алу орындалғандығы туралы хабарлайды. Лот №1 - «СпецЭлектроМонтаж» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет итоги закупа способом запроса ценовых предложений 2013.ЦП-264, проведенного 17 января 2013 года по адресу: г. Актау, 12-микрорайон, здание 74, в кабинете 114 по следующему лоту: Лот №1 – Демонтаж, передислокация, монтаж и наладка замкнутой телевизионной системы - закуп признан состоявшимся, согласно пункту 98 Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию № 1139 постановлению Правительства Республики Казахстан №267 от 1 апреля 2010 г. Победителем признан: по Лоту №1 - ТОО «СпецЭлектроМонтаж».
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 010000, Астана қ, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон 8 (7172) 7424-23, мына мекен-жайда орналасқан: 110000, Қостанай қ., А.Байтұрсынов көшесі, 47, тел: 8(7142) 51-11-95, тел/факс 51-11-95, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорын ректоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті қызметінің негізгі іс-əрекеті жоғары жəне жоғары білім беруден кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын орындау, қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Қызметтің мақсаты ұлттық жəне жалпы азаматтық игіліктер, ғылым мен тəжірибе табыстары негізінде тұлғаның кəсіби қалыптасуына жəне дамытуға бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайлар туғызу Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарға сəйкес келуі керек: 1) Жоғары (немесе жоғары білім беруден кейінгі) білімі болуы; 2) Ғылыми дəрежесінің болуы; 3) Білім беру ұйымдарында немесе білім беру басқармасы органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс өтілі болуы; 4) Білім беру менеджменті бойынша мамандық жетілдіру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куəлік) болуы; 5) Мамандық бойынша мамандық жетілдіру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куəлік) болуы; 6) Білім жəне ғылым саласында нормативті құқықтық актілерді білуі. Конкурсқа мынандай тұлғалар қатыса алмайды: 1) Бұрын сыбайластық қылмыс жасаған; 2) ҚР заңнамасында белгіленген сотталған мерзімі өтелмеген немесе соттан босатылмаған. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) Конкурсқа қатысу туралы өтінім; 2) Мемлекеттік жəне орыс тіліндегі түйіндеме; 3) Еркін үлгіде жазылған өмірбаян; 4) Үміткердің тұлғасына куəлік ететін құжаттың көшірмесі; 5) Белгіленген тəртіп бойынша куəландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 6) Білім беру менеджменті бойынша мамандық жетілдіру курстарын өткені туралы сертификат (куəлік); 7) Белгіленген тəртіп бойынша куəландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; 8) Сотталмағаны жəне сыбайластық құқық бұзудың болмағаны туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген құжаттар; 9) Белгіленген форма бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 10) Кадрларды есепке алу туралы жеке парақша; 11) 3 х 4 см. көлемінде екі фотосурет. Конкурсқа қатысушы біліміне, еңбек өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне (мамандығын жетілдіргені, ғылыми дəрежелер жəне атақтар алғандығы туралы құжаттар көшірмесі, ғылыми еңбектер, сонымен бірге бұған дейін қызмет атқарған жұмыс орнынан ұсыныстар, т.б.) байланысты қосымша ақпараттарды жолдауына болады. Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен өтінімге қосымша тіркелген құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
ХАБАРЛАМА 2013 жылғы 20 ақпанда 12.00 сағатта Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, №1 үй мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-ның орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залы) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2013 жылғы 20 ақпанда 10.45 сағаттан бастап 11.45 сағатқа дейін «АтМӨЗ» ЖШС-ның мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-ның орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, №1 үй. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарды танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШС-ның активтерді басқару бөлімінен алуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259-699/265. Кворум болмаған жағдайда жиналысты қайта өткізу сол күн тəртібімен жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша 2013 жылғы 28 ақпанда 12.00 сағатқа тағайындалады. Күн тəртібі: 1. «АтырауМӨЗ» ЖШС Қадағалаушы кеңесінің төрағасын жəне мүшелерін сайлау. 2. «АтырауМӨЗ» ЖШС Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау. 3. 400 миллион теңгеден асатын сомадағы мəмілелерді жəне/немесе мəмілелердің маңызды шарттарының өзгерістерін, сондай-ақ, «АтМӨЗ» ЖШС міндеттемелерін көрсетілген жəне одан жоғары сомаға ұлғайту туралы шешімді бекіту туралы. 4. «АтМӨЗ» ЖШС-ның ішкі қызметін реттейтін кейбір ережелер мен қағидаларды бекіту туралы. «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы. «AMF Group» АҚ, Астана қ., Тұран д-лы, 7-үй, БИН 960640000091, ИИК KZ489650000070497870, “Альянс Банкі” АҚ Астана қ., БИК IRTYKZKA, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес, жарғының 9-бабының негізінде, қоғамның 2012 жылғы артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы өз акционерлеріне хабарлайды. Бір акцияға дивиденд мөлшері – 120 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2013 жылғы 1 ақпанда. Дивидендтер төлеу – банктік аударыммен.
Еске алу
Жаќсыныѕ аты ўмытылмайды Жаны жайсаң тамаша адам өмірден өткенде қимай қоштасатындардың көп болатындығы, əрине, анық. Сондай жандардың бірі – Лəззат Кəкімқызы Омарова көпшіліктің құрметіне бөленген аяулы ана жəне ұстаз еді. Сұм ажал оны ортамыздан алып кеткеніне де қырық күн болып қалыпты. Асыл жарым, өмірлік серігім, ақылшым, балаларымның ардақты анасы еді. Өмір өз дегенін істеп, тірі пенденің ырқына көнбейтіндігін тағы дəлелдеді. 1961 жылы 22 желтоқсанда Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Көктума ауылында дүние келген Лəззат Кəкімқызы мектепті осы жерде тəмамдады. 1978 жылы мектепті бітірісімен Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, оны 1983 жылы бітірді. Арнайы жолдамамен өз ауылы Көктумадағы Г.Безродных атындағы орта мектепке келіп тарих пəнінің мұғалімі болып бастады. Отбасылық жағдайымызға байланысты 1984 жылы Лəззат Кəкімқызы Қапал ауданының Қапал ауылындағы мектепке мұғалім болды. 1995 жылға дейін осы мектепте жұмыс істеді. Содан кейін жұмыс барысымен Алматыға ауыстық. Лəззат Алматыдағы №19 гимназия мектебінде та-
рих пəнінен өмірінің соңына дейін сабақ берді. Əрқашанда өз ісіне сергек, ұжымда абыройлы болды. Жоғары дəрежелі мұғалім ретінде қалалық, республикалық білім саласының дипломдары мен грамоталарына ие болды. Алматыдағы мұғалімдердің білімін жоғарылату институтында білімін жетілдірді. Оның тарих мəселесі туралы жазған еңбектері «Ұстаз» журналында жəне газеттерде жарияланды. Көптеген шəкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Лəззат Кəкімқызы төрт баланы өнегелі тəрбиелеген абзал ана еді. Оларға білім беріп, ізгілікті бойларына сіңірді. Өмірінің соңына дейін шəкірттерге білім беру жолында аянбай еңбек етіп, туған-туыстарына тірек, ел-жұртына қадірлі, дос-бауырына пана бола білді. Марқұмның жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Біз балалары мен туған-туыстары Лəззатты əрдайым жадымыздан шығармаймыз. Көзі тірісінде аяулы ана, асыл жар, ұлағатты ұстаз атанған Лəззат Кəкімқызының топырағы торқа, иманы өзіне жолдас болсын. Еске алушылар: жұбайы – Кеңшілік, балалары – Жұпар, Мадина, Нұрпейіс, Сүндет.
Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы газет тілшісі Айгүл Сейіловаға апасы САҚЫПЖАМАЛДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
CӨЗ СОЙЫЛ
Əріптес туралы əңгіме Біздің бүгінгі əңгімеміздің кейіпкері — бір кездері Көкжар жəрмеңкесімен атағы жайылған тарихи Ойыл өңірінен шыққан журналист Сатыбалды Сəуірбай. Алпыс атты алқалы ауылға қадам басқан бұл азаматтың қалам қайраты, сөз саптасы жұртшылық тарапынан өзінің лайықты бағасын алып үлгерді десек те болады. Біздікі – мерейтой тұсындағы лебіз реті...
Сґз сəулесін тїсірген Ойыл өңірінде Қараой деп аталатын мектеп бар. Сол білім ордасынан талай арманшыл жас қанат қағып, жетіліп, алыс қияларға ұшты. Солардың қатарында біздің қаламдас досымыз, бүгінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқаратын Сатыбалды Сəуірбай да бар.
Отыз жылдан астам уақыт бойы баспасөз саласында тұрақты еңбек етіп келе жатқан оның қалам қайраты бір сəтке де суыған емес. Оның себебі, Сəкеңнің айналасындағы адамдар тағдырына сергек қарап, көпшілік ортасында жиі болып, көңіліне əсер еткен жайларды жүрек жылуымен жедел түрде қағаз бетіне түсіруінде, соған дағдылануында. Негізінде қалам ұстағандардың көпшілігінің алғашқы қадамы балаң кезде өлең жазудан өріс алады. Сатыбалды да сол дəстүрден ауытқып кете алмаған. Алғашқы туындыларының бірі күн көсем — Ленин атаға арнаған шумақтары газет бетіндегі шолуға ілігіп, содан əрі ілгерілеп кете алмағанын өзі де əзілдеп отырып айтатыны бар. Мектептің жоғары сыныптарының бірінде оқып жүргенінде ауылға көрші Гурьев облысының Қызылқоға аудандық газетінің редакторы болып қызмет атқаратын Төлеубай Ысқақов аға келеді. Жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен зиялылық лебі білінетін, ақ көйлегіне дейін көз алдында сақталып қалған сол кісімен кездесуден кейін «шіркін-ай, мен де сондай болсам» деген балаң арман алғаш оянып еді. Сөйтіп, бірге өскен жолдасы Оразбай Жұматов екеуі қаламдарын қатар сілтеп, аудандық газетке алғашқы хабар-ошарларын жібере бастады. Аудандық газеттегі Нұрымжан Жұмағалиев, Аманғос Орынғалиев секілді ағалары балаң қаламға қамқор болып, ақылдарын айтып отырды. Айтпақшы, мектепте жүріп өзі үлгі тұтқан Төлеубай Ысқақов ағасы беріректе «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Ақтөбе өңіріндегі меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. Бір кезде «сол кісідей болсамау» деген арман енді алдынан шыққандай, Сатыбалды жақсы ағаның жолын жалғастырып жүргеніне бүгінде ішінен тəубе етеді. Мектеп бітірген соң ол бірден Алматыға тартты. Бірақ, ол кезде өндірісте бірер жыл жұмыс істеп келгендерге ғана жол ашық болатын. Оның үстіне журналист болғысы келетін талапкерлер де көп екен. Университеттің есігі Сатыбалдыға бірер жыл еңбек етіп, армия қатарында болып келген соң ғана ашылды. Темірбек Қожакеев, Қайыржан Бекхожин, Тауман Амандосов, Қабижан Құсайынов, Əбілфайыз Ыдырысов секілді журналистиканың майын ішкен ұстаздар кəсіптің қыр-сырын терең ұғындыра түсті. Университетте бес жыл оқу қалай болғанда да қаламы жүйрік журналист атануға кепілдік бермейді. Мұның бəрін өз еңбегіңмен, төзіммен, ұмтылыспен алуың қажет. Кейіпкерлеріңмен тіл табысу, оның жүрек түкпіріне ене білу де бір өнер. Əдетте, адам баласымен тіл табысқыш Сатыбалды əр іссапарға шыққан сайын талай жолдас тауып қайтатын. Облыстық «Коммунизм жолы» газетінің жас тілшісі белгілі журналистер Көмекбай Оразниязов, Кəдірбай Бекмағамбетов ағалардан көп тəлім алды. Олардың ауыл шаруашылығының өзекті мəселелерін қозғаған сан алуан тақырыптағы проблемалық мақалалары, мамандармен сұхбаттасудағы өзіндік тəсілдері талай жерде жол нұсқағандай болды.
9
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Облыста оның аяғы жетпеген жер бəлкім аз болар. Өмірдегі ең ұтқан тұстарының бірі де осы сияқты көрінеді кейде. «Атың барда жер таны желіп жүріп» — қалам ұстаған ағайынға берілетін осы мүмкіндікті ол ұтымды пайдаланып келеді. Бүгінде «Егемен Қазақстанның» əр санында дерлік Ақтөбе облысынан жарияланып жататын əр түрлі жанрдағы материалдар – оның осындай тынымсыз еңбегінің жемісі. «Егемен Қазақстанның» Ақтөбедегі тілшісінің телефонында қай кезде де тыным жоқ. Оқырмандардың бірі газетке шыққан мақалаларға пікірін білдіріп жатса, енді бірі арыз-шағымын айтып, көмектесуді сұрайды. Сатыбалды солардың қай-қайсысымен де салиқалы əңгіме қозғап, көңілдерін тындыруға тырысады. «Жігітке жеті өнер де аз» деген бар. Былайғы көлденең жұртқа қаламнан басқа алаңы жоқ адамдай көрінетін Сатыбалдының тұла бойы тұнып тұрған қазына. Ол күмбірлетіп күй тартқанда, əуелетіп əн салғанда маңайда жымжырт тыныштық орнай қалады. Шарасында қаншама тұнып жастың, Жүректегі жырыммен құлыпты аштым. Сəуір таңы секілді сол бір кездің Сəуірбаев Саташты ұмытпаспын. Өмір желі өтінде жүрдік бұла, Жастық шақтан шадыман сырды ұқтыра. Күйіменен Саташтың күмбірлейтін, Үзілмейтін үміттей тірлік мына. Бұл – қазақтың белгілі ақыны Аманхан Əлімовтың «Жазушы» баспасынан 1989 жылы жарық көрген «Жанымның жапырағы» атты жыр жинағынан алынған үзінді. Студент кезгі достықтың кейінгі уақыт көзімен қарағандағы көрінісі бұл. Арқалы ақын мұнымен тынбайды. Бірі күйші, бірі ақын – екі достың кейпін былай бейнелейді: Арулар тəтті үмітпен, Қарайтын бізге құмартып. Күйі артық өзге жігіттен, Жігіттен өзге жыры артық... «Өзге жігіттен күйі артық» Сатыбалдының бір кездері университетте дəулескер күйші Сəдуақас Балмағамбетов жетекшілік еткен оркестр құрамында болғанын бүгінде көп адам білмеуі де мүмкін. Өйткені, өзіне қатыстыны жұртқа мақтан ғып жария ете бермейтін оның басқа да көп қырларын білу үшін арнайы ізге түсуіңіз керек. Анасы Айшадан үш жасында қалған Сатыбалды нағашылары – Базарбай, Жұмабайдың тəрбиесінде болады. Ауылдың қатардағы, қанағатшыл шаруа адамы Қабаш бұған қызғаныш білдірмей, қайта баласының шын жанашыр, қамқор қолға түскеніне қуанып, тілектестігін білдіріп жүреді. Жұртшылықтың айтуынша, өз анасы ауылдағы əдемі даусы бар, сызылтып əн салатын өнерпаз болған екен. Нағашы əжесі Ағиланың бауырында тəрбиеленіп, аталған екі ағасының қоңыр домбырасының сазына бөленіп өскен бала көкірегі қалайша əсемдікке құмартпасын?! Үлкен сахнаға ұмтылмағанымен, оның өз тыңдаушылары, өз аудиториясы бар. Көбінесе досжарандары одан «Қоғалы-ай» əнін айтуды сұрап жатады. Ойыл, Темір өңірінің жұртшылығы көбірек білетін Қызыл ақынның жырларына да жан кіргізіп, бүгінгі күннің тыңдармандарына жеткізіп жүрген санаулы насихатшылардың бірі де осы Сатыбалды. Кейінгі кездері «Алтайдың ар жағынан келген ару» əнін көбірек айтатын болып жүр. Бұған бір жағынан Алтайдың тұсынан – Семей өңірінің аруы Зоя ханымды Алматыдағы сұлулар галереясы – ЖенПИ-де оқып жүрген кезінен жүрегін жаулап алып, Ақтөбеге қарай алып келуі де əсер ететін болса керек. Зоя Омарғазықызы қазір Ақтөбе педагогика институтының тəжірибелі оқытушыларының бірі, əулетке Гүлнұр, Жадыра, Арнұр секілді əсем перзенттер сыйлаған аяулы ана. Кей кездері арындап кеткенде аттылыға сəлем бермейтін Сатыбалды досымыздың енді бірде аңқылдақ көңілімен алты жасар балаға да төр ұсынатын мейірімді мінезі екінің бірінде кездесе бермейтіні ақиқат. Оның досқа адал, жолдасты жолда қалдырмайтын кісілік келбеті біздер үшін қашанда қымбат.
АҚТӨБЕ.
Нұрмұханбет ДИЯРОВ, журналист.
ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ
он Шартты фельет Ол орынды табанда
Жерлесіне бұйырды. Кадрларды осылай Ұршықтайын үйірді. Ішкі саясатқа да Мөрханды əкеп қадады. Тағы бір істі ойға алып, Күні-түні ойланып, Денсаулыққа бауырын Əкелуді қамдады. Талайларды таңдады, Сай келмеді бəрінің Сыбайластық салмағы. Түсті ақыры жанбауыр Жұбандыққа қармағы. Бұл айтылған көптің бірі, Айтылмағаны бұдан да ірі. ...Қала əкімі Дəйімбет Ол да көштен қалмады. Облыстан көзақы ап Командасын жаңалай бастады. “Бөтендер” мен “бөгделер” Бірі іске аспады. Икемсіз деп санады Жерлесінен басқаны. Қаладан адам таппай, Тапқанменен жақпай, Тасбөгет кентін басқаруға, Қимай оны басқа ауылға Күні кеше əкімді Қазалыдан алып келді. * * * Сыр бойында осылай, Сыбайластық қозып тұр, Бұл шылыққа шыдамай, Жүйкесі жұрттың тозып тұр. Сыбайластар аймақта Бірін-бірі жебейді, Билік басындағылар Мұның қалай демейді.
Дейділер тынбай десіп дүр, Сыбайластар бір-бірін – Жанын салып жебеп жүр. Мəселенки, оларды – Жазда келіп, қыс кетер – Жыл құсына теңеп жүр. Бірі таққа қонса, Қырқы атқа қонады...
Жыл ќўсы Ғайыптан тайып көсемі Ерден ауа қалса, Аралары ашылады, Табанда тарыша шашылады. Сонау бір жылы Құрышбек Аянұлы Біздің өңірге əкім боп қонжиды, Дереу команда құрып, қол жиды. Жұмыссыз жүрген балдызын, Енесінің жалғызын, Көрісімен төбесін, Көкесінің бөлесін. Асыра мақтап бағасын, Борықтыдағы бажасын, Диірментөбедегі Дəкірді, Қуаңдағы Кəкірді. Жосалыдағы Жотанды Алдына суыт шақырды. Жиып түгел достарын, Жарылқаудың қамына кірісті. Бастап кетті «ұлы» істі, Жаңалауды ұжымнан бастады. “Бөгде” мен “басқаны” Көзге ілмей тастады. Алдымен орынбасар таңдады, Мəслихат хатшысы да, Назардан тыс қалмады. Аппараттың бастығын Өзгерту еді арманы,
Өтеген ЖАППАРХАН. ҚЫЗЫЛОРДА.
Сенбінің кешінде Коноплянкиндер отбасы түгел жиналды. Сергей Петрович – əкесі, Елена Петровна – шешесі, Саша – жоғары оқу орнының 5-курсында оқитын ұлдары. Саша үстел үстіне парақшаларды жайып тастады да, шетінен алып оқи бастады.
Махаббат пен пәтер
Юрий РИХТЕР.
Саша: – Міне, мынаны қараңыздаршы, былайынша жаман емес сияқты: үш бөлмелі пəтер, бөлмелері қума емес, бөлек-бөлек орналасқан. Тоғыз қабатты үйдің тоғызыншы қабаты. Сергей Петрович: – Тоғызыншы?! Былай келісейік, балам. Бірінші қабат пен ең жоғарғы қабат қабылданбайды. Саша: (бірнеше парақшаны аударыстырып, тағы бір парақшаны алып оқиды ) – Керемет екі бөлмелі пəтер. Ауқымы 30 шаршы метр. Едені паркеттелген. Сергей Петрович: – Бес қабатты үйдің қажеті жоқ. Мұндай үйлер жақында бұзылады деген сыбыс бар. Əрі қарай кеттік. Елена Петровна: – Сережа, есіңде ме, біздің алғаш үй болған кезіміз? Жатақханада, ешқандай жағдай жоқ жерде тұрған жоқпыз ба? Соның өзінде қандай бақытты едік!.. Сергей Петрович: – Ол кезең мен бұл кезең екі басқа. Ендеше, сенің арғы əжеңнің “крепостнойлық право” кезінде қалай өмір сүргенін еске түсіріп көрелік! Саша: – Жарайды, салғыласпаңдар. Мына жақта əлі басқа да нұсқалар көп. Бəлкім, мынаны көрерміз? (оқиды) “Орманға жақын жерде орналасқан, екі бөлмелі пəтер...” Елена Петровна: – Балам-ау, алыс емес пе?
СЎРАЌ-ЖАУАП
– Сіз кім болып жұмыс істейсіз? – Мен бас ауруын емдеп, адамдардың көңілін көтеріп, қайғыларын бөлісемін. – Сонда дəрігерсіз бе? – Жоқ, арақ-шарап дүкенінің сатушысымын.
– «Шын ғашықтарды ажал ғана айырады» деген бекер екен... – Неге? – Біздің Алтынбек пен Жанарды көршінің Айгүлі ажырастырып жіберді ғой...
*** – Адамға саңырауқұлақтың барлық түрін жей беруге бола ма? – Əрине. Бірақ кейбір түрлерін өмірінде бір-ақ рет жейді... ***
Бірде...
Бір жас жігіт газеттерден үзінді, цитаталар жинап, соларына мақтанып жүреді. Отырыстарда ана газетте олай, мына газетте былай деген деп, бөсе береді екен. Сол туралы жазушы Əбіш Кекілбаев айтыпты: – Түу, шіркін мына жігіт газет жеген ешкіден айнымайды екен!
Бүгін түнде түс көрдім, Түсімде тəуір іс көрдім. Кісі айтса сенгісіз, Куəсі болдым істердің...
Əбіштің асқан ғұламалылығы баршаға мəлім. Оның кез келген тақырыпта адамдардың таңдайын қаққызып, кəусар білімдарлық, терең
Тіпті шайтан жґнінде асса... Əзілің жар
Ұрылар жоқ құныққан, Ұрлықты адам ұмытқан. Бір тентек жоқ көшеде, Түнде халық тыныққан.
п
та ќ а м ал
ті с с і л бў Сот еді... кґріп
Түсімдегі пенделер, Пара алуды білмейді. Ісің түсіп ұсынсаң, Қайта өзіңді тілдейді... Осының бəрі өмірде, Орын алса жұртым-ай! Осы түсім өңімде, Орындалса шіркін-ай!.. Қазыбек ƏШІРБЕКҰЛЫ. ҚЫЗЫЛОРДА.
алынан
журн смеха» «Вокруг
.
алынды
*** Көшеде бір қайыршы тұр. – Қайырымды адамдар, мен «Баюдың мың бір түрі» деген кітаптың авторы едім. Көмектесіңіздерші. – Сіз сондай кітап жазған болсаңыз, неге өзіңіз мұндай халге түсіп кеттіңіз? – Қайыр сұрау да баюдың бір түрі емес пе?
Еркектер «еркелігі» Екі жігіт бір зəулім үйдің маңына н өтіп бара жатады: – Мынау өзі бір кере ме қымбат үй екен. Ие т, сіне қанша берер едің? – Кемінде 10 жыл... *** – «Серi мiнездi еркект яғни нағыз джентель ер, менд жоғалып кеттi» деген ер пiкiрмен келiспеймiн. – Неге? – Мен, мəселен, бүгiн мынадай жайтты көзiммен көрдiм. Бiр өз ер ауыр қолшатырды əй кек елiнiң төбесiне үлкен төзiмдiлiкпен екi са ғат бойы ұстап тұрды. – Ал əйелi не iстедi? – Машинаның жарыл қалған балонын ауыс ып тырды.
Жұмакүлбай Базарбаевтың əзіл-оспақтары ел арасында көптеп айтылатын. Жүкеңмен қартайған шағында арнайы жолығып, күлкілі əңгімелерін өз аузынан естіген едім, соның есімде қалғандарын қағазға түсірдім.
Жүкеңді фермада қызмет істеп жүргенде астық тапсыруға байланысты бюрода қарайды. Артта қалғандығын бетіне басып: – Қалған егінді екі-үш күнде шауып бітіріп, бастырылған бидайды тездетіп өткізесің. Іске бүгіннен бастап кіріс, – дейді райком хатшысы зілденіп. – Баратын жерім 90 шақырым. Астымдағы атым жарамсыз. Ертең болмаса, бүгін жұмысқа кірісе алмаймын, – дейді Жүкең жағдайын айтып. – Оны біз білмейміз. Құс болып ұшсаң да ауылыңа тез жет, егін оруды кешіктірме,– деп қадалады хатшы. Сонда Жүкең шапанының екі етегін жайып жіберіп, өзі отырған орындықтың үстіне шығып, ұшатын құстай қимыл жасай бастайды. Онысына хатшы: – Бұл қай басынғаның, не істеп тұрсың? – деп дауыс көтереді. Өзіңіз жаңа құс болып ұш демедіңіз бе, бұйрығыңызды көзіңізше орындап жатырмын, – дейді Жүкең орындығынан жəйлап түсіп...
АЛМАТЫ.
ойшылдық, теңдесі жоқ шешендікпен сөйлейтіні аңызға айналған. Бірде ол Еуразия университетінде жаһандану туралы лекция оқыпты. Аумақты зал толы жастар, оқытушы, профессор, ғалымдар шыбынның ызыңы естілгендей тынып қалыпты. Лекция біткен кезде залды кернеген қол шапалақ, ризалықпен қошемет көрсету болған. Соңында тіл білімінің профессоры Мырзатай Серғалиев Əбіштің лекциясына өте жоғары баға беріп, тарихтағы нелер дуалы ауыз шешендерді еске алып: – Ал біздің Əбекең, қажет болса, тіпті шайтан жөнінде де бір-екі сағаттық лекция оқитын шығар! – деп залдағыларды ду күлдіріп, мəзмейрам қылған екен. Сержан ШƏКІРАТ. Маңғыстау облысы.
Ауылдың айтқыштары
Ќўс болып ўшпаймын ба?
Аударған Үміт ЗҰЛХАРОВА.
*** – Үйленген қиын емес пе осы? – Түк те қиындығы жоқ. Алғашқы екі-үш жылдағы ұрыс-керіске шыдасаң болды, кейін үйреніп кетесің...
Тїс – тїлкініѕ...
Даланы тұман басып тұр, Тас қараңғы түсімде. Дүкендер түнде ашық тұр, Сатушы жоқ ішінде.
ты. «Кірпіш үй. Екі бөлмелі пəтер. Қазіргі заманға лайықтап жақсартылған. Он екі қабат үйдің бесінші қабаты. Лифт, лоджиясы бар». Сергей Петрович: – Қоқыс төгетін жəшігі бар ма екен? Саша: – Əрине бар. Ас бөлмесі он шаршы метр. Сергей Петрович: – Міне, бізге лайықтысы осы! Қане, берші, көрейін. (парақшаның артқы бетін аударып қарай бастады) Мынау сол пəтердің фотосы ғой? Иə-ə... онша емес екен. Ал ол қыз келісімін берді ме? Саша: – Берді, əке, берді. Елена Петровна: – Балам, сен өзі ол қызды сүйесің бе? Сергей Петрович: – Сен де айтады екенсің, Лена. Мынадай пəтері бар қызды қалайша сүймейді? Бара ғой, Сашатай, болашақ келінге телефон соқ. Саша: – Құп болады, əкетай. Мен қазір оған: “Көп қыздардың ішінен сені таңдадым!” дейін.
*** – Əйелді қалай қатты ашуландырып, есінен тандыруға болады? – Қолына қыруар ақша ұстатып, супермаркеттер мен базарлардың бəрін бір аптаға жауып тастау керек.
Ешкі
Базардағы дүниелер, Қызықтырмай халықты, Түйеден бастап түймелер, Су тегін болып қалыпты.
Саша: – Есесіне санузелі бөлек. Сергей Петрович: – Мəселе санузелде емес, негізгі мəселе – пəтерде! Сондықтан біз діттеген пəтерге жетуіміз керек! Саша: (парақшаны алып) – Міне, мынау меніңше нағыз бізге лайықтысы сияқ-
Сволоч капитан Соғыс жылдары «Труд» армияда болған Жүкең орыстың боқтампаз командирінің озбырлығын көп көрген-ді. Қалай өш алсам-ау деп үнемі оңтайлы сəтті күтеді екен. Бірде əскери бөлімшені тексеруге жоғары жақтан үлкен бастықтар келетінін естиді. Дайындық жан-жақты жүріп жатады. Жүкең өзінше «əзірленеді». Айтылған уақытта генерал бастап, бір топ əскери шенді бастықтар казармаға кіреді. Рота командирі, боқтампаз капитан «Смирно!» деп əмір етеді. Отырғандар орындарынан тұрып, түптүзу тұра қалады. Жүкең əдейі жайбарақат отыра береді. Мұны байқап қалған капитан: – Рядовой Базарбаев, ко мне! – дейді. – Сволоч капитан, қатардағы жауынгер сіздің əміріңіз бойынша келіп тұр, – деп честь береді. Не дерін білмеген капитан абыржып, бастықтарына қарайды. Генералдың назары еріксіз Жүкеңе ауады. – Мынау неге капитанды боқтап тұр, – дейді генерал қасындағы көмекшісіне. Жүкеңмен аудармашы арқылы тілдескен ол: – Капитан мені жұмысқа үнемі «Сволоч қазақ» деп
*** Əріптестер əңгімесі : – Əйелім үйленгенде «екеуіміз ұрысқан са йы тиын жинағышқа ақ н ша салып тұрайық» деп еді. – Осы уақытқа дейін миллионер болып ке ткен шығарсың?.. *** Əріптестер əңгімесі нен: – Сен əйеліңе де карт а ойнауды үйретіп қо йыпсың деп естідім. – Қайта жақсы болд ы, ке əйелімнен өткендегі ше жалақымның жарты сын ұтып алдым.
Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР жұмсайды. Оны мен «айналайын қазақ» деп ұғам, деген Жүмекеңнің сөзін генералға баяндайды. Мұны естіп ұққан генерал капитанға ала көзбен ата қарайды. Капитан кірерге тесік таппай қипақтайды. Осы оқиғадан кейін ол «Сволоч қазақ» деп айтуын тоқтатыпты.
Ґзіѕді атќан немісті білесіѕ бе? Жүкеңнің баласы əскерден жаралы болып, аман-есен оралады. Ауыл адамдары қайырлы болсын айтысып, қуанысып жатса: – Балам, өзіңді атқан немістің адресін білесің бе? – деп сұрайды Жүкең, абыр-сабыр басылған кезде: – Жапа-тармағай атысып жатқанда, қай немістің атқанын қайдан білем жəне ол сізге не үшін керек, – дейді баласы кейіп. – Əттеген-ай, сені өлтірмей, жаралап қана жіберген қайырымды неміске құрт, ірімшік, майдан посылка жіберіп, рахмет айтайын деп едім, – депті Жүкең қатты «өкініп». Манар ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ. АЛМАТЫ.
10
www.egemen.kz
19 қаңтар 2013 жыл
Шымбўлаќ
Суреттерді түсірген Сəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.
Айтайын дегенім...
Алматы қаласындағы Кинематографистер үйінде тележурналист, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Ғайнижамал Əбілдинаның «Талтүстегі тебіреніс» атты шығармашылық кеші болып өтті.
Ўялы телефон – ўрпаќ соры Соңғы кездері жастар тəрбиесі кімді де болса қатты ойландырып жүргені рас. Бұл жайында аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Алайда, ауызша қанша айтып, сан рет жазғанымызбен одан шығып жатқан нəтиже шамалы. Өйткені, ұл болсын, қыз бала болсын, есі кіре бастағаннан баяғыдай асықпен немесе ойыншықпен ойнамайды. Таңның атысынан күннің батысына дейін олардың ермек ететіндері – теледидар мен компьютер. Енді ол аз болғандай, сабақтың үстінде де, төсекте жатқанда да оқушылардың қолдарынан ұялы телефон түспейтін болды. Оқушыларды ұрлыққа да, зорлыққа да итермелейтін осы ұялы телефон болып отыр. Сондықтан да Білім жəне ғылым министрлігі бар мүмкіндікті қарастырып, ұялы телефондарды мектепке алып келмеу жөнінде арнайы ереже қабылдап, сабақ үстінде оны пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салса дұрыс болар еді. Тағы бір айтайын дегенім, қазір мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс нашар. Ертеде мектеп директоры, ұстаздар ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс істейтін. Қазір мектеп директорларының бұл сияқты игі істерді атқарып жүргендерін көрмейміз де, естімейміз. Оған
дəлел: менің отыздан астам немерешөберелерім Түркістан қаласындағы 4 мектепте оқыды, əлі де оқып жүргендері бар. Ал сол мектептерден күні бүгінге дейін бір сынып жетекшісінің үйімізге келіп, жоғарыда айтылған ісшараларды атқарып немесе өздерінің оқытып жүрген шəкірті жайлы ескертпе айтып жүргендерін кездестірген емеспін. Өмір көрсетіп отырғанындай, ата-ана мен мектеп байланысы өте тығыз болмаса, оқу-тəрбие жұмысы да ақсап, ұл мен қыз бетімен кетеді. Оның айқын мысалы ата-анасының бетіне келіп, арақ ішіп, кісі тонап, адам өлтіріп, ар-намыстан жұрдай
болып темір торда отырған жастар. Ал кейбір қыздар болса ашықшашық жүріп ішкілікке беріліп, соңы жезөкшелікке салынуда. Бұған жастардың өзіне-өзі қол жұмсау қасіреті қосылып отыр. Міне, осының бəрі ата-аналар қолдарындағы ұлқыздарын ертелі-кеш қадағаламай, бетімен жібергендіктерінен жəне жастардың ұлттық əдет-ғұрып пен салт-дəстүрлерімізді аяқ асты етуінің «жемісі». Əсіресе, соңғы кездері қазақ қыздарының батысқа еліктеп бара жатқандары жанды ауыртады. Кіндігінен төмен тізесіне жетпейтін тыртиған шалбар, омырауы ашық көйлектер кию əдетке айналды. Бүгінде қалалық, аудандық білім бөлімдерінде барлық пəндер мен бастауыш сыныптар бойынша əдіскерлер бар. Бертін олардың қатарына инновация мен информатика жөніндегі əдіскерлер қосылды. Ал, тəрбиенің ошағы ата-аналармен жұмыс жүргізетін əдіскер неге жоқ?! Қай жерде болмасын, тəрбие –бас ты құрал. Тəрбие мен тəртіп – егіз. Бұл екеуі жоқ жерде оқу да,
жұмыс та ақсайды. Оны «тəрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деп Əбу Насыр əл-Фараби бабамыз да айтып кеткен. Өкініштісі сол, ата-аналармен жұмыс жүргізетін маманға (əдіскер) қалалық немесе аудандық білім бөлімдерінде арнайы штат қаралмаған. Осының салдарынан ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жоқтығынан оқушы жастар арасындағы тəрбие жұмысы өз дəрежесінде емес. Сондықтан Білім жəне ғылым министрлігі осы мəселелерді жан-жақты қарап, 20132014 оқу жылына дейін шешуді өмір ауадай қажет етеді. Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған мəселелер ескеріліп, сөз бен ісіміз сай болса, еліміз бай болады. Жастарымыз ибалы болса, көңіліміз жай болмақ. Осыны есте мықтап ұстайық, ағайын! Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, Түркістан қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі.
Талтїстегі тебіреніс Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
КСРО Кинематографистер жəне Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Ғайнижамал Байғарақызының 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған бұл шараға отандық киноиндустрия саласының мамандары мен белгілі журналистер, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен белгілі өнер қайраткерлері қатысты. Өзінің еңбек жолында қазақ өнері мен руханиятының Шəмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ақселеу Сейдімбек, Сахи Романов, Қалтай Мұхамеджанов секілді нар ұлдарының бейнесін таспаға түсіріп, алтын қорға қалдырған Ғайнижамал Əбілдинаны Қазақстан Республикасы Кинематографистер одағының арнаулы медалімен, Журналистер академиясының Құрмет грамотасымен жəне Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапаттады. Шығармашылық жолын «Жаңа фильм» журналы мен Кинематография комитетіндегі қиын да күрделі еңбек майданынан бастаған
Мемлекеттік тілді білу – азаматтыќ парызымыз
Білім жəне ғылым министрлігі 2005 жылдан бері үздіктерді анықтау мақсатында жоғары оқу орындары оқытушылары арасында конкурс өткізіп келеді.
– дейді неміс ќызы Лиза Готман
Жаңа жыл қарсаңында жазасын өтеушілердің арман-қиялынан туындаған ертегі кейіпкерлерінің, алуан түрлі жануарлардың мүсіндерін мекеме аумағында сомдау ерекше көрініс берді.
Ақ қардан, мұздан жасалған мүсіндер келген қонақтардың, сондай-ақ, мекеме əкімшілігінің жəне қызметкерлердің жоғары бағасына ие болды. Жазасын өтеушілердің қолымен жасаған мүсіндерін бағалау үшін мекемеден комиссия құрылды. Байқау бойынша бірінші жүлделі орынды – 1 жасақ иеленсе, екінші орынды – 6 жасақ, ал үшінші орынды – 8 жасақ қанжығасына байлады. Сотталғандардан құралған көркемөнерпаздар күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға жалғасты. Концерттік бағдарламада қойылымдармен қатар, би биленіп, əн де шырқалды, шағын көріністер де қойылды. Жалпы мекемедегі жаңа жылдық мереке өте қызықты, тартымды жəне жоғары дəрежеде өтті. Осындай шаралардың сотталғандар үшін тəрбиелік мəні зор. Себебі, жазасын өтеушілердің өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, бостандықта жасаған теріс ісəрекеттерінің дұрыс еместігін сезінулеріне, баға берулеріне септігін тигізеді деп ойлаймын. Қайрат БАСАҒАРИНОВ, Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ЕС-164/3 мекемесі» бастығының орынбасары.
Меншік иесі:
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР
Семей педагогика институты тəрбие бөлімінің маманы Лиза Арнольдовна Готман бұрынғы Абыралы ауданының Қайнар ауылында 1975 жылы дүниеге келген. Ұлты – неміс. Бірақ, қазақшаға судай. Өзінің айтуынша, жастайынан қазақ ауылында өсіп, қазақ мектебінде білім алуы оның осы тілге деген құрметін бала күнінен бойына сіңіруге əсер еткен көрінеді. Қазақтықтың қаймағы бұзылмаған Абыралы өңірі – Төлеужан сынды талай ақындар мен əн атасы Əміре, бұлбұл көмей Бибігүлді дүниеге əкелген киелі жер. Осындай құт дарыған мекенде дүниеге келіп, қазақ деген кеңқолтық ұлттың қасында өмір сүрген жанның қазақ тілінде сөйлемеуі мүмкін де емес тəрізді. 1992 жылы Қайнар ауылындағы С.Бегалин атындағы орта мектепті Алтын белгімен бітірген Л.Готман жоғары білім алу мақсатымен Семейдің сол кездегі сүт жəне ет өнеркəсібі технологиясының институтына оқуға түседі. 1997 жылы аталған оқу орнын ойдағыдай аяқтаған жас маман өзі тəмамдаған оқу орнында машықтанушы-оқытушы болып жұмыс істейді. Сол кездегі нарықтың қатал заңына орай қаладағы жоғары оқу орындары Семей мемлекеттік университетіне біріктіріледі. Көп уақыт өтпей педагогикалық институт өз алдына бөлініп шығады. Міне, сол кезде Л. Готман да мұғалімдер институтына аға оқытушы болып келеді. – Мектеп қабырғасында жүрген кезімде қоғамдық жұмыстарға қатысып, мектеп өміріне
тікелей араласатынмын. Көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болдым. Осы жəйттер институт қабырғасында жүргенде де өз пайдасын тигізді. Жастар арасында жарқырай көзге түсіп, жастайымнан құмар болған өнерге деген жақындық мені қоғамдық шаралардан тыс қалдырмайтын, – деген Лиза Арнольдовна қазақ тілін білгендігінің де көп пайдасы тигенін қуана əрі мақтанышпен жеткізді. – Мемлекеттік тілді насихаттауда жəне өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне байланысты өткізілетін конкурс-жарыстарға қатысатынмын. Жəне үнемі жеңімпаз атанып жүрдім. Жүлдеге алған сыйлықтарым
жетерлік. Мəселе сыйлық алуда емес, өзімнің ана тілім деп есептейтін қазақ тілін насихаттауға өзге ұлт өкілі бола тұра, үлес қосқанымды мəртебе санайтынмын. 2007 жылдан педагогика институтының тарих-филология факультеті деканының орынбасары қызметін 2011 жылға дейін атқарған Л. Готман бүгінде аталған оқу орнының тəрбие бөлімінің бастығы болып істейді. Болашақ ұстаздарды тəрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды деп есептейтін Лиза Арнольдовна Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік тілді дамыту туралы пікірін толық қолдайтындығын, өзі де бұл мəселеге үлес қоса беретіндігін жеткізді. – Германиядағы жиен туыстарым тарихи отаныма шақырған. Бірақ, мен үшін кіндік қаным тамған қазақ жерінен артық жер, ана тілім деп есептейтін қазақ тілінен артық тіл жоқ деп есептеймін. 130 ұлттың басын қосып, татулық пен достықтың үлгісі, тұрақтылықтың тұтқасы болып отырған атамекенім – Қазақстанды басқадай ешқандай жерге айырбастамаймын. Көп ұлтты демекші, біздің отбасымыздың өзінде бірнеше ұлттың өкілі бар. Жезделерімнің арасында орыс пен қазақ, татар да бар. Бірақ, басымыз қосылғанда бəріміз бір үйдің баласындай, бөліну дегенді білмейміз. Тілегіміз де, жүрегіміз де бір, – деген Лиза Арнольдовна өз бойындағы отансүйгіштік қасиеті мен мемлекеттік тілге деген құрметін жас ұрпақ бойына сіңіру жолында жемісті еңбек ете бермек. Нариман ЖАНҒАСКИН. СЕМЕЙ.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.
БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
АЛМАТЫ.
Бəрекелді!
Біз – қазақстандықтармыз!
Ќапастаєы мїсіндер
Ғайнижамал Əбілдина – жүзге жуық деректі жəне анимациялық фильмдердің, телеарналарға шыққан екі жүзге жуық телебағдарламалардың редакторы жəне сценарий авторы. «Күнтізбек», «Ниет», «Ғайнижамал сырласуға шақырады», сондай-ақ, «Портрет» тележобаларының авторы əрі режиссері. Ол жиырмаға тарта көркем, анимациялық əрі деректі фильмдерді, Ибн Хишамның «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны», Ху да Хаттабтың «Мұсылман əйелінің анықтамалығы» кітаптарын қазақ тіліне тəржімалаған. «Режиссура», «Операторлық өнер» мамандықтары бойынша Мемлекеттік стандарттау авторларының бірі. «Ақпараттық бағдарламаның жасалуы» атты оқуəдістемелігін жазған. Қазақ кинематографиясына еңбек сіңірген тележурналистің шығармашылық ке шінде Ғайнижамал Байғарақызының жуырда жарық көрген «Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы» атты жаңа оқулық кітабының тұсауы кесілді. Кеш Қазақстан өнер қайраткерлерінің концертіне ұласты.
Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru
А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.
Бір университеттен – тґрт їздік оќытушы Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Соңғы байқауға республикадағы 97 жоғары оқу орнынан 500-ден астам үміткер қатысса, солардың 200-і жеңімпаз атанды. Солардың арасында Махамбет Өте місов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев пен университет доценттері Роза Есболова, Зейнолла Мүтитегі жəне Владимир Мельников те бар. Олар «2012 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мəртебесіне ие болды. Енді олардың əрқайсысына республи калық конкурстың шарты мен талабына сəйкес 3,5 миллион теңгеге жуық грант бөлінбек. Конкурс жеңімпаздары оны ғылыми ізденістері мен оқу-əдістемелік шеберліктерін одан əрі жетілдіруге жұмсай алады. Сондай-ақ, грант иелері аталған көлемдегі қаражатты инновациялық жаңаша əдістерді меңгеруге, таяу жəне алыс шет елдерде сынақ мерзімдерінен өтіп, өздерін өздері шыңдауға бағыттамақ. ОРАЛ.
Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.
Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 11 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №152 ek