22/01/2013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Оралда жолаќы кґтеріле ме?

Қазір Оралда қалаішілік автобустардың жолақы құны – 50 теңге. Соңғы кезде осы баға 70-80 теңгеге дейін өседі екен деген алыпқашпа əңгіме айтылып қалып жүр. «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын Орал қаласы əкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиевке: – Сіз бұған не дейсіз? – Иə, бұл мəселе өткен аптада Орал қалалық мəслихаты тұрақты комиссиясының кеңейтілген мəжілісінде талқыланды. Оның өткізілуіне Орал қаласында жолаушылар тасымалы тарифтеріне қатысты туындаған түйткілдер себеп болды. Мысалы, облыс орталығындағы жүргіншілер тасымалын ұйымдастырумен айналысатын ірі кəсіпорын басшылары жолақы құнын 74,4 теңгеге көтеру қажет деген ұсынысын жеткізді. Олар мұның себебін жанармай бағасының көтерілуімен, еңбекақы төлеуге жəне жаңадан алынған автобустардың қарызын жабуға қажетті қаржының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Бұған қоса, коммуналдық қызмет түрлері ақысы жəне автокөлік пен жолаушыларды сақтандыру құны шарықтап өсіп отырғанда бағаны едəуір мөлшерде өсірмеу еш мүмкін емес деп тұжырымдайды олар. Қалалық мəслихат депутаттары автокөлік иелері ұсынып отырған баға нақты жағдай мен есептерге сəйкеспейді деп санайды. Оның үстіне қоғамдық көлікті негізінен студенттер мен табысы аз тұрғындар, зейнеткерлер пайдаланатыны ұдайы назарда болғаны жөн. Ал жеке кəсіпкерлердің сатып алған автобустары түбінде өздеріне қалатын болғандықтан, оның қарызын өтеуді жолақы құнын шектен тыс өсірумен жабуға тырысу əділеттілікке жатпайды. Орал қалалық экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің сараптамаларына сүйенсек, қазіргі жағдайда 74,4 емес, бұдан баршама төмен баға ұсынуға əбден болады. Шамамен бұл мөлшер 60 теңгеден аспауы керек деген ойдамыз. Сонымен бірге, қазіргі жағдайда бағаны өсірмей, мүлдем өзгеріссіз қалдыру да мүмкін болмай отыр. Тағы бір айтайын дегенім, қалалық автобустарда соғысқа қатысушылар мен көзі көрмейтін мүгедектер жəне оларды жетектеп жүрушілер оның қызметін тегін пайдаланады. Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі мектеп оқушылары жолақы құнының 50 пайызын төлейді. Статистикалық деректер Орал қаласында 20 мыңнан астам студент оқитынын айғақтайды. Олардың жолақы құнын жеңілдету үшін қала бюджетінен 169 миллион теңге көлемінде атаулы көмек қаражат төленеді. Бұл сома олардың əрқайсысына 650 теңгеден келеді деген сөз. ОРАЛ.

 Оймақтай ой

Қарапайымдылық – үнемшілдіктің нəтижесі. Ле КОРБЮЗЬЕ.

№39-42 (27981) 22 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Республика тынысы: мың бір мысал

Ќазаќстанныѕ теѕіз ќаќпасы Тəуелсіздік алған жылдардан бері қарай ұдайы қалыптасу, даму кезеңдерін бастан өткеріп келе жатқан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты – Каспий теңізі жағалауында орналасқан 14 порттың арасындағы ірісі жəне іргелісі. Яғни көк теңіздегі көшбасшы порт. Теңіздегі жалпы жүк айналымының 30 пайызы ақтаулық порттың үлесінде. «Егемен Қазақстан».

тиімділігін көтеру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Кедергісіз қызмет көрсету үшін жаңа технологиямен жұмыс істеуге көшу, бірінші кезекте порт қызметтерін кезеңмен автоматтандырудан басталды. «Бір терезе» қағидасымен қызмет көрсететін орталық ашылып, мұнда теңіз порты, кеден, шекара секілді органдар топтасқан. Бұл тұтынушының құжат ресімдеу уақытын 5 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарта алады. Болашақта кемеге жүк тиеу, оны тексеру, порт қызметтерін көрсетіп отыратын дербес веб-портал құру, теңіздегі барлық порттарды біріктіретін нақты уақыт режімінде кемелердің қозғалыс географиясы, олардың тұрақ уақыты, порт тер миналдарының мəртебесі мен жүктелімі, жүк иелерінің сұраулары, жөнелтілім жағдайы,

Оталардыѕ дені ґз елімізде жасалады «Егемен Қазақстан».

«22 қаңтарда Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында 2013 жылдағы басты мақсаттар мен «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары қарастырылады», деді ол. Ол сөзінде дүниежүзілік бəсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына кірудің жалпыхалықтық идеясы тұрғысында өте маңызды болып саналатын «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингінің көрсеткіштері мен қазақстандық

АҚПАРАТТАР аєыны  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН. Болуы ықтимал жауын-шашынға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, соңы тасқынға ұласады деп күтілуде. Осыған байланысты ауа райын болжаушылар жақын аймақтарды су басу қаупі бар деп ескертеді.  АЛМАТЫ. Қалада шағын жəне орта бизнесте жұмыспен қамтамасыз етілгендер былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан. Қала экономикасын несиелеу 24,3

кəсіпкерлер үшін іскерлік ортаны жақсарту мəселелері Қазақстан Үкіметінің ерекше назарында екендігін атап өтті. «Жалпы, аталмыш рейтинг бизнесті жүргізуді жеңілдету қарқынын, ұлттық заңнама мен іскерлік ортаны жақсарту бойынша басқа да мемлекеттік шаралардың деңгейін бағалайды. 2012 жылы «Doing Business-2013» Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан 2011 жылдың рейтингімен салыстырғанда өзінің көрсеткішін 7 тармаққа жақсартып, 49-шы орынға ие болды», деді А.Əбибуллаев. (Соңы 4-бетте).

пайызға ұлғайды. Оның ішінде кəсіпкерлік те 17,1 пайызға артты. Депозит көлемі де 13,4 пайызға өсіп, 2 триллион 265 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 457,60 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары.  ҚАРАҒАНДЫ. Өңірде венгр компаниясы білім мекемелеріне қызмет көрсету үшін əлеуметтік тамақтану комбинатын салуды жоспарлауда. Жобаның құны 5,7 млрд. теңгені құрайды деп болжануда. Комбинат балабақша, мектеп жəне университет асханаларына қызмет көрсететін болады.  ӨСКЕМЕН. Күршім ауылында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы

тарифтер, т.б. мəліметтерді көрсету жоспарланған. 2015 жылы аяқталып, порттың серпінді жұмыс жасауына жол ашады деп күтіліп отырған «Ақтау портын солтүстік бағытқа қарай кеңейту» жұмыстары барысында су түбі тереңдетіліп, 3 құрғақ жүк терминалы құрылысы жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстарының бастапқы жақсы нəтижесіндей, өткен жылы порт 11 млн. тонна жүк жөнелткен. Оның басым бөлігін бидай мен мұнай құрайды. Нарық бəсі мен барысы – тұрақты емес. Бұл тұрғыда алдағы ахуалды бағамдай білетін жетіктік пен есепкерлік болмаса, тақырға отырып қалу да ғажап емес. Кейінгі кездері тасымалданатын шикі мұнай мен металл көлемі азайып, бидай мен пароммен жөнелтілетін жүктер ауқымы ұлғайған. Бұл жағдайды алдын ала

болжай білген порт басшылығы шұғыл шаралар қабылдап, 400 мың тонна шамасында өзге жүк түрлерін тартып үлгерді. Қытай кəсіпорындарымен азот өнімдерін, импорттық құрылыс материалдары мен бидайды транзиттік тасымалдау көлемін өсіру бойынша келісімдерге қол қойылған. Бұл – болашақта тиерге жүк таппаған кемелер жағалауға бос тізгінделіп қалмайды деген сөз. Ақтау порты басшылығы 2015 жылға қарай жүк тасымалының жалпы көлеміндегі өзіндік үлесті 15 млн. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Порттар арасындағы көшбасшылық беделін сақтап қалу осындай іргелі істерді талап ететіні анық.

Сенатор Страсбургте

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Орынбай Рахманбердиев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Страсбургтегі кезекті сессиясының алғашқы бөлігіне қатысуда. Шара биылғы 21-25 қаңтар аралығын қамтиды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

аясында 64 пəтерлі тұрғын-үй пайдалануға берілді. Аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге, жас мамандарға, дəрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге пəтер кілттерін ауданда жұмыс сапарымен жүрген облыс əкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті. Өңір басшысы ауданға жасаған жұмыс сапары барысында бірнеше ауыл округтерінің жұртшылығымен кездесіп, əкімдердің 2012 жылғы атқарылған жұмыс жөніндегі есептерін тыңдады. ҚазАқпарат, CA-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары негізінде əзірленді.

Ет ґндірісі арттырылуы тиіс

19 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық кеңес өтіп, онда ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту бағдарламасының 2012 жылғы орындалу барысы қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Парламент Сенаты депутаттарының аймақтарға жұмыс бабындағы сапарлары аяқталды. Кездесулерде Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау басты тақырыпқа айналды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Депутаттар Мемлекет басшысының стратегиялық құжатта белгіленген міндеттерін іске асырудағы Парламенттің заң шығару қызметінің бағыттары туралы əңгімелеп

жылғы 24 қаңтарда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тəртібі талқыланды. Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дəліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дəлізі] Жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланды. Депутаттардың қарауына еліміздің кейбір заңдарына бəсекелестік жəне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары ұсынылатын болды.

Маңғыстау облысы. -----------------------------

Аймаќтарєа сапар аяќталды

Кеше «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаевтың қатысуымен дəстүрлі брифинг өтті. Ресми өкіл жақын күндері өтетін маңызды оқиғалар шоғырын тізбектеп берді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды. Онда Парламент Мəжілісі мақұлдаған заң жобалары тұрақты комитеттерге жəне Сенат Аппаратына берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дəліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа – батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дəлізі] Жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы одан əрі пысықтау үшін Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитетіне жіберілді. Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бас комитет болып белгіленді. Одан басқа, бюрода 2013

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Қытай, Ресей, Шығыс жəне Батыс Еуропа секілді сауда рыногының ірі қатысушыларының ортасында орналасқан Қа зақстанның Ақтау порты Каспий, Қара теңіз, Жерорта теңізі, Балтық бассейндері, Парсы шығанағы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері порттарына шығуды қамтамасыз ететін ТРАСЕКА жəне Солтүстік-Оңтүстік халықаралық теңіз дəліздерінің құрамдас бөлігі ретінде маңызға ие. Бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалану мақсатында елімізде ауқым ды жұмыстар қолға алынуда. Солардың бірі – теңіз портын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамына енгізу. Интер мо даль дық тасымалдауларды дамыту стратегиясының сүбелі бө лі гі болып табылатын бұл бастама еліміздің көлік логистикасын біркелкі басқаруға, көлік қатынасының икемділігін жоғарылатып, дүниежүзілік көлік желісіне қосылуға, сондай-ақ қазақстандық көлік əлеуетінің табыстылығы мен бəсекеге қабілеттілігін арттырып, жұмыс үйлесімділігі мен жүк ағысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Құрылымдық жағынан осындай үлкен өзгерісті күтіп тұрған Ақтау теңіз портында қазір өндіріс қуатын арттырумен қатар жұмыс

Сенат бюросыныѕ отырысы

берді.Кездесулерде сенаторлар əлеуметтік жаңғырту жəне экономиканы индустрияландыру бағдарламаларын құқықтық қамтамасыз ету мəселелеріне де баса назар аударды.

Бїгінгі нґмірде:

Ўлттыѕ толыќ жаѕару стратегиясы 2-бет

Обама феномені 4-бет

Асќарбек əлемі 7-бет

Отырысты ашқан С.Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде екі жылдан бері ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту бағдарламасы іске асып жатқанын, оның аясында жоғары өнім беретін мал басын импорттау, фермерлік шаруашылықтарға аналық мал басын сатып алу үшін несиелер беру, мал бордақылау алаңдарын салу ісі жүріп жатқанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің баяндамасында бағдарламаға бизнестің белсенді қатысып жатқанына, ал мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беру мен субсидиялауға қатысты барлық жағдай жасалып отырғанына тоқталды. «Бағдарламада 2016 жылға дейін 72 мың асыл тұқымды мал басын импорттау көзделген. Мал басын тасу ісі жоспардан асыра орындалуда. Екі жыл ішінде жоспарланған 22 мың бастың орнына 30 мыңға жуық асыл тұқымды мал əкелінді. Жаңадан 60-қа жуық асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар құрылды», деді АШМ басшысы. Сондай-ақ, А.Мамытбеков барлық облыстардың «Сыбаға» бағдарламасын іске асыруға белсене атсалысып жатқанын атап

өтті. Бұл орайда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан жəне Қарағанды облыстары үздік шықты. Сонымен қатар, экспортқа бағытталған мал бордақылау алаңдарының құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл ішінде 35 200 мал басына арналған алаңдар іске қосылды. «Мал шаруашылығын дамытуға барынша қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Біз қабылдайтын 2020 жылға дейінгі агроөнеркəсіп кешенін дамыту бағдарламасының аясында қолдаудың бұрын-соңды болмаған шаралары қарастырылып отыр», деді С.Ахметов. «Біз қазіргі таңда жаһандық интеграциядамыз, Біртұтас экономикалық кеңістікте, Кеден одағындамыз, жақын арада ДСҰ-ға кіреміз. Біз өнімнің бағасы бойынша ғана емес, сонымен қатар сапасы бойынша да бəсекеге қабілетті болуға дайын болуымыз керек», деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Кеңес соңында С.Ахметов бағдарламаның орындалу барысы туралы бірқатар облыстар əкімдерінің есебін тыңдап, бұл бағыт бойынша жұмыс қарқынын бəсеңдетпеуді тапсырды.

Жаѕа басшыны таныстырды

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Ерлан Қожағапановты таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Өзіңіздің тəжірибеңіз бен қарым-қабілетіңіздің, біліміңіздің арқасында сіз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асырасыз деп ойлаймын», деді С.Ахметов Е.Қожағапановқа қарата айтылған сөзінде. Премьер-Министр сондайақ, агенттіктің бұрынғы басшысы

Талғат Ермегияевқа ат қарған жұмыстары, Қазақстан спортының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алғысын білдірді. Мемлекет басшысының Өкімі бойынша Т.Ермегияевтың «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі.


2

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

даму бағдарламасынан мүлде бөлек, тіпті негізгі саяси ұстанымы мен мақсат-мұраты жағынан алдыңғысынан мүлде өзгеше дамуымыздың бас құжаты екенін ерекше ескерткім келеді.

2. ЭКОНОМИКА: 30-ДАН ЖОҒАРЫ ТҰРАМЫЗ Бүгіннің өзінде ең алдымен толық сеніммен айта алатынымыз – Елбасы алға шығарған міндет Қазақстан үшін алынатын асу. Егер біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, бас-аяғы 21 жылдың ішінде əлемнің бірде-бір мемлекеті қол жеткізе алмаған қарқынмен дамып, бүгінгідей жағдайға қол жеткізуге талпынысымызды бастаған шақта жаңадан шаңырақ көтерген Қазақстан Республикасының басы артық қаражаты болмағанын есепке алсақ, сондай-ақ бұл күндері еліміздің сақтық қорларында 87 миллиард доллардан астам алтын-валюталық қазына бар екенін ойласақ, онда енді 38 жыл ішінде 20 сатыға көтерілу мүлде қиын шаруа емес екенін түсінеміз. Тəуелсіздік жарияланған кезде қазақ атты ұлт бар екенін білетіндер бүкіл дүние жүзінде мүлде санаулы ғана еді. Ал қазір əлемнің басым бөлігі қарқынды дамуды қамтамасыз ете алған Қазақстан Республикасын құрып шыққан ұлтты құрметтейді. Егер бұрын біз жер қойнауындағы мол байлығымызды əлемге жарнамалап, ол жарнамамызға ақшалы

Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев халқының өзіне дейінгі жиғантерген, талай ұрпақтардың қоғамдық санасын байытқан қанатты, өміршең мұраларын санасына тал бесіктен сіңіріп өскен ауыл баласы екені баршаға белгілі. Ал біздің қазақ халқында «елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Бұл – табиғи ақиқатты көрсететін өміршең ойдың қазақ халқында болған баға жетпес байлығы. Бұл – табиғи заңдылық. Міне, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған адам дамуының 2050 жылға дейінгі бағдарламасы қолына тигенде Президент одан өзі құрған мемлекетінің даму барысындағы осынау табиғи заңдылықты толық түсінгендей. Сол себептен де биылғы Қазақстан халқына Жолдауын 2012 жылдың тəуелсіздік мерекесіне орайластыра отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп атады.

1. БЕРІК НЕГІЗДЕН – БИІККЕ Жолдаудың атауы да өмір шындығы. Өткен уақыт ішінде біз толық қалыптасқан мемлекет болдық. Ол – ол ма, даму қарқыны жағынан Катар мен Қытайды ғана алға оздырған дүние жүзіндегі үшінші мемлекет болып тұрмыз. Осы Жолдауында Президентіміз атап көрсеткеніндей, «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын қабылдаған 1997 жылдан бері ғана елдің жылдық ішкі жалпы өнімі 16 еседен астамға өскен. Жыл сайынғы өсім 7,6 пайызды құраған. Егер 1998 жылы жылдық ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 1500 доллардан келсе, қазір ол 12 мың долларға жеткен. Ал осындай қарқынды дамуды қамтамасыз еткен күш шетелдік тікелей инвестициялар дер болсақ, онда ол жан басына шаққанда 9200 доллардан айналып, ТМД бойынша көш бастап шыға келдік. 15 жыл ішінде сыртқы сауда айналымы 12 есеге, ал өнеркəсіп өнімдерін өндіру 20 есеге ұлғайды. Мына мəліметтер ел дамуының ең бір шұрайлы тұстарынан хабар береді: бар болғаны 2010 жылдан бері ғана жалпы құны 1 триллион 797 миллиард теңге болатын 397 инновациялық нысан іске қосылды. Сөйтіп, екі жылдың өзінде 44 мың адам тұрақты жұмыс орнын тапты. Ал дүние жүзінде, əсіресе, əлемдік экономиканың көшбасшысы саналатын АҚШ мемлекетінде, сондай-ақ Еуроодақтың дамыған елдерінде уақыт озған сайын қысқартулардың көбейіп бара жатқанын көріп-біліп отырмыз. «Балапан» бағдарламасын іске асыру нəтижесінде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту 65,4 пайызға ұлғайды. Соңғы мəліметтерге жүгінсек, Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7 пайызы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің игілігін пайдалануда. Соңғы 12 жылда ғана жоғары білім алушыларға берілетін гранттар саны 182 пайызға ұлғайған. Президентіміз ел үшін аса ауыр кезең болған 1993 жылдың өзінде жастарға, оның ішінде талантты жастарға қамқорлық жасау үшін арнайы «Болашақ» бағдарламасын қабылдаған болатын. Соның нəтижесінде 8 мың жас талантымыз əлемнің ең таңдаулы университеттерінде білім алып, бұл күндері еліміздегі жауапты қызметтерде абыройлы іс тындырып жүр. Егер біз осы уақытқа дейін тындырылған істерді нақты мысалдар тілімен сөйлетер болсақ, онда елімізде денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық жəрдем жəне Кардиология орталықтары кіретін кешенді медициналық кластер құрылды. Осының нəтижесінде соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа жетіп, халықтың саны 14 миллионнан 17 миллионға дейін өсті. Бар болғаны 11 жылда 48 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол жаңадан салынды немесе күрделі жөндеуден өткізілді. Біз «ӨзенТүркіменстан шекарасы» темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас-Жетіген» темір жолын төсеп, Қытай мен Шығыс Азия базарларына кіретін ел болдық. «ЖезқазғанБейнеу» темір жолын жəне «ШұбаркөлАрқалық» теміржолдарын төсеуді бастадық. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» магистралды көлік дəлізін салуды қарқынды жүргізіп, Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды қолға алдық. Сөйтіп, əлемнің көптеген елдері 100-150 жылда атқара алмаған ұлан-ғайыр дамуды қамтамасыз еттік. Нəтижесінде осылайша қарқынды даму Қазақстанды əлемнің бəсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына қосты.

білген шетелдік инвесторлар Қазақстанда өз өндірісін ұйымдастыруға ерекше талпынатыны сөзсіз. Екіншіден, қазіргі таңда «дамыған» деген теңеуі бар əлемдік рейтингтің ең жоғары сатысында қожырау басталды. Бұл тоқтамайтын үдеріс. Себебі, ол мемлекеттерде бюджеттік міндетті төлемдер шамадан тыс өсіп кеткен. Жалақы тым жоғары. Айталық, бір тектес өнім шығаратын Қытайдың инженержұмысшылары Германия, Франция, АҚШ мемлекеттеріндегі əріптестерінен 20 есе, ал Қазақстандағы əріптестерінен 5 есе артық жалақы алады. Сөйтіп, өнімнің өзіндік құнындағы жалақының үлесі шектен тыс болуы бұл елдердегі ең басты кеселге айналған. Бұл тұйықтан олар енді шыға алмайды. Мұны ерте түсінген инвесторлар қазірдің өзінде өндірістерін Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азиядағы дамушы мемлекеттерге көшіріп-қондырған. Бұл көш іркіліске ұшырамайтын ағыны қатты тау өзені секілді жалғасады. Демек, Қазақстанға сол көштен біраз бөлік орын тепсе ол да «бұл қалай?» деуге жатпайтын табиғи заңдылық. Үшіншіден, Қазақстанның 170 миллиондық тұтынушысы бар үлкен рынокқа айналуы да өндірістің ұлғаюына жол ашатын қозғаушы күштердің бірі. Болжам бойынша бұл рыноктағы тұтынушы саны таяу болашақтың өзінде

көп ұзамай-ақ небір инновациялық жобалар өмірге келері сөзсіз.

200 миллионнан асып түссе, ол да табиғи заңдылық. Ескерте кетейік, өзі де қожырауға айналған Еуроодақ Украинаға ештеңе бөліп бере алмайды. Беретіні – демократия. Ал аш құрсаққа демократия тамақ болмайтынын мұндағылар көп ұзамай түсінеді. Содан соң украиналықтар біздің шаңырақтың есігін қағады. Ескерте кетейік, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан жəне Армения Кеден одағына мүше болсақ деген ниеттерін ашық айта бастады. Төртіншіден, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзит дəлізі көп ұзамай-ақ толық қуатында жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп, біліп отырған бүгінгі дамыған елдерде қиыншылық көріп жүрген өндірісшілер 3 миллиард тұтынушысы бар рыноктың дəл кіндігіне орналасқан Қазақстанға келуге ниетті болары сөзсіз. Қазіргі таңда бизнестің басты өлшемдерінің жəне құндылықтарының бірі уақыт десек, сол уақыт өндірістің Еуропада немесе Қытайда орналасуынан гөрі Қазақстанда орналасуы үнемдірек екенін дəлелдейді. Қытайдан Еуропаға 15 күнде жететін тауар Қазақстаннан шықса, бір апта кəсіпкер пайдасында қалады. Табиғаттың бұл шындығы да Қазақстан пайдасына жұмыс істей бастайтын кез көп күттірмейді. Бесіншіден, қалай десек те Қытай «коммунистік режімдегі» ел екендігі батыстықтарды «шошыта береді». Əлемдік даңқы бар бірқатар сарапшылар көп ұзамайақ батыстықтардың Қытайға инвестициясы тежеледі деген пікірлерін айтып жатыр. Əрине, үрдіс кілт тыйылады деуден аулақпыз. Солай бола тұрса да Қытай мен Қазақстан «бəсекеге салынса» біздің елді қалаушылар көп ұзамай өсе түседі деуге толық негіз бар. Себебі: а) Қазақстан толығымен нарықтық экономикада жұмыс істейтін жəне коммунистік ұстанымнан толық бас тартқан ел. Діни бостандыққа Қазақстанда жол ашылған. 140 ұлттың өкілі Қазақстан халқын құрайды. Қазақстан халқының ауызбірлігі ішкі тұрақтылықтың кепілі екенін өткен уақыт дəлелдеп берді. ə) Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Қазақстан табиғи жəне қаржылық қор жағынан да Қытайдан басымырақ.

қанағаттандырмайды. Сондай-ақ, азықтүліктің сүбелі бір бөлігін импорттап келеміз. Мал санын азайтып алғандықтан етпен, сүтпен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ететіндей жағдайға қол жеткізе алған жоқпыз. Жағдай Ресейде де біздегідей. Ал ол жақта «мұнай долларларын» бюджеттік міндетті төлемдерді өсіруге жұмсайтындықтан жалақы, зейнетақы мөлшері біздегіден жоғары. Соған сəйкес бұл көршімізде баға да жоғары. Екі ел арасындағы кедендік кедергі алынғаннан бергі уақыт ішінде Қазақстандағы баға Ресейдегі бағаға жетуге талпыныс жасады. Осылай болатыны ертеден белгілі еді. Өйткені, өндіруші қашан да тауарын қымбатқа өткізгенді қалайды емес пе? Демек, бізде инфляция жоғары болып, соның келтіретін шығынын халық өз тұрмысында сезінбеуі үшін де мемлекеттік міндетті төлемдер ұдайы өсіп, жоғары деңгейде болды. Мен күні бүгін əлеуметтік жағдайдың жақсаруы экономикалық өсіммен шендес болатынына толық сенемін. Өйткені, жоғарыда айтқанымдай, Елбасымыз «экономикалық даму нəтижелері халықтың тұрмысынан көрініс тапсын» деген ұстанымын сақтайтын ақиқат. Екіншіден, елдегі азық-түлік бағасы əлі де жоғарылайтынын ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені, ауыл шаруашылығына құйылып жатқан мол инвестиция қайтарымы осыны талап етеді. Сондай-ақ, Қазақстан азық-түлік пайдалану мəселесінде еуростандартқа көшуге қадам жасайды. Халықты экологиялық таза тамақпен қамтамасыз ету түптеп келгенде бағаның өсуін ақиқатқа айналдырады. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығындағы тəлімі жерге құйылатын инвестиция Еуроодақ елдерінде Қазақстандағыдан шамамен 8 еседей артық. Сондықтан да бұл жақта қымбат та болса денсаулыққа тек пайдасы бар, зияны мүлде жоқ тамақ қалыбы сақталады. Бұл – денсаулық сақтау саласының мамандары ұдайы айтып жүргеніндей, халықтың денсаулығын сақтап, ғұмырын ұзартудағы қажетті алғышарттардың бірі. Əлеуметтік жағдай халықтың білім деңгейінен де көрініс табады. Қазіргі таңда дипломды жоғары білімді мамандардың біразы жұмыс таба алмай сенделіп жүргені

3. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫ: ЕУРОПАЛЫҚ САПА Елбасы əрқашанда «біздің қызметіміздің, жетістіктеріміздің нəтижесі халықтың тұрмысынан көрініс табуы керек» деген ұстанымын атқарушы биліктің есіне салып келеді. Сондықтан да болса керек, атқарушы билік əлеуметтік-тұрмыстық шығындарға келгенде осы уақытқа дейін тарынушылық байқатқан жоқ. Айталық, қазіргі кезде «қазақстандықтардың орташа жалақысы 90 мың теңгеден асқан» деп жүрміз. Екінші бір ақиқат – жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнімнің 12 мың доллардан айналғандығы. Егер басқа елдердің даму барысына көз салсаңыз, онда жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнімнің көлемі 12 мың доллар болған елдерде халықтың орташа жалақысы 700 долларды құрамағанын байқаймыз. Демек, біздегі «халықшылдық, əлеуметшілдік» еуропалықтардан озық тұр. Мұны екі себеппен түсіндіруге болады. Басты себептердің бірі жəне негізгісі Елбасының əлеуметтік жағдайды түзетуге қатысты қатаң талабы. Екінші себеп «итермелеуші күш». Мұны былай түсіндіруге болады. Бізде халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігі өндірілмейді. Елде өндірілетін тұтыну тауарларының көлемі сұранысты

Ўлттыѕ толыќ жаѕару стратегиясы Сағындық САТЫБАЛДИН,

экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Қазақстан мейлінше қысқа мерзім ішінде жоғары қарқынмен дами отырып, дүние жүзін түгел мойындатты. Бұл күндері алпауыт АҚШ пен Еуроодақ, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей Қазақстанды стратегиялық əріптес атағанының куəсіміз. Ислам əлемі бізді діндестеріміз деп құрмет тұтады. Түркі дүниесі қандасымыз деп іш тартады. Ол-ол ма, дүние жүзі дəстүрлі діндері жетекшілерінің құрылтайын Астанада дəйекті түрде өткізу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлеушілер сыйлайтын ел болдық. Қысқа мерзім ішінде сəулетімен көрген жұртты таңырқататын Астанадай əсем бас қаламызды салып алдық. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, АӨСШК, ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, үштіктің Кеден одағы секілді дүние жүзі түгел санасатын халықаралық құрылымдардың мүшесі жəне ұйытқысы ретінде халықаралық алқалы жиындарды Астанамызда сан мəрте абыроймен өткіздік. Қысқы Азия ойындарын өткізу біздің жас мемлекетіміз тапсырған алғашқы сынақ десек, оның өтуіне Халықаралық олимпиада ұйымы жоғары баға берді. ТМД көлемінде тұңғыш болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасап, халықаралық ықпалы зор ұйымның Астана саммитін ойдағыдай өткізіп, əлемге Астана декларациясын сыйладық. Міне, осындай іскерлігімізді іс жүзіндегі нақты сынақта көріп мойындаған дүние жүзінің сарабдал сарапшылары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бəйгені де бізге сыйлады. Қорыта айтқанда, бас-аяғы шаңырақ көтерген 21 жыл ішінде тəуелсіз Қазақстан Республикасы əлемнің небір даңқты мемлекеттері шыға алмаған биікке көтерілді. Осындай ынта-жігермен жұмыс істеу «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын мерзімінен бұрын орындауымызға жол ашты. Иə, 1997 жылы қабылданған осынау бағдарламаның нені мақсат тұтқаны, нендей биіктерді межелегені бағдарламаны жасау ісіне белсене араласқан маған айдан да анық. Ол тұста рецессия мен гиперинфляциядан тұншыққан еліміз үшін ес жинап, еңсе көтеру бірінші кезекке шығарылған мəселе болды. Сондықтан да бұл кезеңдегі дамуымызды елдің табиғи байлығына, əсіресе, көмірсутектері мен өнеркəсіптік металдар өндіруді молайтуға арқа сүйейтіндей қажеттілік санадық. Сондықтан да елімізге шикізаттық салаға инвестиция құюшыларды молынан тарта отырып, қиын жағдайды жедел түзеуге күш салдық. Бұл Қазақстан Республикасын құрушы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген ұстанымы болғанын айрықша атап өткім келеді. Елбасының көрегендігі сонда – егемендік алған кезде елімізде бір мысқал алтын немесе бір цент валюта болмаған еді. Ал бюджет жалақы мен зейнетақыларды айлап, жылдап кешіктіретіндей толымсыз болған. Өндірістік рецессия мен гиперинфляция «айылын жимай» тұрған шақта бюджет қайдан толсын? Мұндай жағдайда өміршең істерге кірісу үшін қор жинау басты қажеттілік. Міне, осы басты қажеттілікті көре білген Елбасымыз шетелдік инвесторларға экспорттық мақсаттағы тауар өндірісі үшін толып жатқан жеңілдіктер берді. Заңдастырылған мұндай жеңілдіктер шетелдіктерді Қазақстанға қызықтырды. Қазір əлемнің барлық лауазымды тұлғалары мен саясаткерлері Нұрсұлтан Əбішұлының сол кездегі «əуелі экономика, сонан соң саясат» деген атауға ие болған өмірлік ұстанымы дұрыс екенін ашықтан-ашық мойындауда. Əлемді нақты ұстанымының, атқарған істерінің дұрыстығымен осылайша толық мойындатқан Елбасы енді, міне, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялай отырып, мемлекетті, ұлтты дамытудың мүлде жаңа жəне ауқымды əрі аса қажетті бағдарламасын өмірге əкелді. Бұл енді «Қазақстан-2030» Стратегиялық

топты сендіру қиындығына кездессек, қазір біз инвесторларды өзіміз белгілеген қатаң талаппен екшейтін болдық. 2010 жылы басталған 2010-2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламамыз бойынша пайдалануға берілген инвестициялық нысандар жəне соңғы екі жылда елге енген шетелдік тікелей инвестицияның мақсаты осы сөзімді толық дəлелдейді. Біз бұл күндері əлемдік инвесторларға «бізге керегі шикізаттық инвестиция емес, инновациялық индустрия инвестициясы» дегенді бүкпесіз ашық айтатын болдық. Сондықтан да Ресей Федерациясы Қазақстанда өзінің ауылшаруашылық техникаларын шығара бастады. Франция бізде ұшақтары мен тікұшақтарын құрастырып жатыр. Америка мен Италия соңғы үлгідегі тепловоз-электровоздарын шығаруды қолға алған. Оңтүстік Корея полимерлер өндірісін ұйымдастаруды қолға алды. Жапония мен Франция сирек металдар өндірісіне қаржы құюда. Ресей, АҚШ, Жапония, Франция, Германия бірлескен ғылыми индустриялық жобалар бойынша жұмыс істеуге кірісіп кеткен. Қысқасы, өзінде де валюталық қор жеткілікті Қазақстанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы арта түскендей. Мұның өзі «Қазақстан-2050» Стратегиялық даму бағдарламасының сөзсіз орындалатынына берік негіз. Мен ашығын айтуға тиіспін – 2050 жылы Қазақстан əлемдік бəсекелестікке қабілеттілік рейтингінде отызыншы орында емес одан əлдеқайда жоғарырақта тұрады. Мұны қарапайым есеппен былайша түсіндірген артық емес. Біз сөзсіз жылына бес пайыздық өсім ала аламыз. Артығын естен шығара тұрып 2012 жылы Қазақстан 200 миллиард доллардың жылдық ішкі жалпы өнімін өндірді деп қарастырар болсақ, 2022 жылы бұл көрсеткіш 300 миллиард долларға жетпек. Ал 2032 жылы шамамен 450 миллиард доллардың жылдық ішкі жалпы өнімін өндіреміз. 2042 жылы дəл осындай есеп бойынша бұған тағы 225 миллиард доллардың үстемесі қосылып, қорытынды нəтиже 675 миллиард долларды құрамақ. 2050 жылға дейін қалған 8 жылда өсім екі есе азайып, бар болғаны 2,5 пайызды құрады дегеннің өзінде 135 миллиард долларлық өнімді қосымша шығаратын боламыз. Сонда шамамен алғанда 2050 жылы шығарылатын жылдық ішкі жалпы өнім көлемі 800 миллиард доллардан асып түседі. Осының өзі Қазақстанды 30-шы сатыдан жоғары тұрады дегізеді. Мұны былай дəлелдеуге болады. 2050 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті деп қарастырсақ, онда жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнімнің мөлшері 40 мың доллардан асады екен. Ал дүние жүзі бойынша қазір алғашқы отыздықта жүрген елдердің жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнімі 29 мың доллардан келеді. Демек, 2050 жылы Қазақстан жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім өндіру жөнінен əлем мемлекеттері арасындағы додада алғашқы жиырмалыққа ілініп жатса, оған «бұл қалай?» дей алмаспыз. Ескерте кетейік, алғашқы жиырмалық жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім өндіру жөнінен 37 мың доллармен тұйықталған. Ең жоғарғы сатыдағы Жапонияның өзі бұл көрсеткіш бойынша 58 мың долларды игеріп тұр. Қысқасы, Елбасы тағы да өзінің ежелгі ұстанымы бойынша «арық айтып семіз шығу» байламын жариялаған секілді. Енді біз осындай ұлан-ғайыр іс тындырылып, нəтижесінде Қазақстан əлемдік көшбастаушы экономика отыздығында болатынына толық сенетінімізді нақты мысалдармен дəлелдейік. Біріншіден, Қазақстан ұдайы айтып жүретініміздей, өзінің табиғи байлығы, металы мен минералы, көмірсутектері өзіне толық жететін жəне шикізатты еш жақтан импорттамай, керісінше, экспорттайтын елдер тобындағы көш бастаушы мемлекет. Егер біз осы заманғы ең озық электрондытұрмыстық, коммуникациялық жəне əскери стратегиялық техникалар мен ғарыш зерттеу жабдықтарын өндірер болсақ, онда оларға бірінші қажетті сирек кездесетін металдардың өзін сырттан іздемейміз. Мұны

Көліктердің көбісі несиеге алынғандар. Ал капитализм əлемінде несиеге көлік алып міну күнə саналады. Демек, біз бүгінге дейін тұрмысымыз жақсарған сайын жинаудың орнына шашқанды қалап алғандаймыз. Ал ұлт ұстазы данышпан Абай «бекер мал шашпақ» жаман əдет екенін баяғыда-ақ ескертіп кеткен жоқ па еді. Демек, біз отандастарға Абайды жаңа заманға сай қайтадан оқытуымыз, түсіндіруіміз қажет секілді. б) Географиялық орналасу мəселені Қазақстан пайдасына шешіп тұрған бір игілік. в) Сыртқы саясатта Қазақстанның басқа мемлекеттермен «дауы» жоқ. г) Қазақстан Қытайдан гөрі Еуроодаққа барлық көрсеткіштер бойынша жақын, «тонның ішкі бауындай» ел. Осынау негізгі артықшылықтар инвесторлардың «жайлы жер» таңдауы кезінде Қазақстанға басымдық береді. Алтыншыдан, Қазақстан халқы түгелдей дерлік сауатты жəне талантты. Қазақстан дамыған ғылымы бар ел. Ғылым мен өндірісті қазіргі қарқынмен жақындата берсек, көп ұзамай бұл екеуі тұтасып, нəтижесінде экономикалық өрлеудің басты қозғаушы күшіне айналады. Мұны күні бұрын көре білген Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев жоғарыда айтып кеткеніміздей, 1993 жылдан бері талантты жастарымызды əлемнің таңдаулы жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен оқытып, болашақтың өміршең де жасампаз қызметтерін атқаруға дайындаған болатын. Астанадағы Назарбаев Университеті ғылым мен өндіріс кірігуінің ұйытқысына айналып,

ақиқат. Енді мемлекеттік білім беру жүйесі де жеке меншік білім беру орындары да «көз алдаудан» арылып, өмірге нақты қажетті мамандарды даярлауға көшері ақиқат. Экономиканың, жоғарыда айтып кеткеніміздей, сапалық дамуы халықтың интеллектуалдық сапасының жоғарылауына жол ашады. Мəселен, 2010 жылдан бері пайдалануға берілген инновациялық нысандарда жұмыс істеп жүргендер өндірісті компьютермен басқаратын жоғары білікті мамандар екенін бұған дейін де талай айтқанбыз. Енді ойлап көріңізші, бар болғаны екі жыл ішінде елімізде 44 мыңнан астам маман жоғары жалақылы жұмысқа орналасқан екен. Алдағы 30 жыл ішінде бұл көрсеткіш шамамен 15 есеге өсері сөзсіз ғой. Демек, қазақстандық жұмысшылар дегенде баяғы кеңестік дəуірдің қолына балға ұстаған «пролетариаты» емес, компьютерді «ұршықша үйірген» мүлде жаңа сападағы, жоғары интеллектуал көзге елестейтін болады. Нəтижесінде Нұрсұлтан Əбішұлы «түпкі мақсат – интеллектуалды ұрпақ тəрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастырамыз» деген мұратына қол жеткізуді жүзеге асырып жатыр деп ойлау керек.

4. ҚОҒАМДЫҚ САНА ӨЗГЕРІП, ЖАҢА ҰЛТ СОМДАЛАДЫ Иə, біз 2050 жылы «қазақстандықтар» деп аталатын мүлде жаңа ұлт болып қалыптасамыз. Бұл біріншіден, табиғи заңдылық. Екіншіден, экономикадағы толық өзгеру, жаңару бізді сол игілікке алып барады. Ең бірінші ол игілік қоғамдық сананың толық өзгеруінен басталады десек, қатеспеспіз. Мəселен, капитализм дүниесінде «мемлекет өлтірмейді» деген сенім мүлде жоқ. Əркім жəне барша қиын кезеңдерге өздері дайындалып, қор жинайды. Қоғамдық қатынас əркімді жəне баршаны осылай болуға еріксіз көндіреді. Жасыратын несі бар, біздің қазақстандықтардың сүбелі бір бөлігі əлі күнге дейін масылдық ұстанымнан арыла алмай мемлекет қазынасына жалтақ-жалтақ қараумен өмір сүріп жатыр. Тіпті, байлардың өзі «тендерден» пайда табуға құштар болып алған. Ал капитализм əлемінде негізгі табысты өз елінен емес өзге елден қармауға баса назар аударады. Өйткені, өз еліңдегі ешқайда кетпейтін жəне отандастардың баршасына ортақ несібе екенін біледі. Сол қайнар көздің сарқылып қалмауы үшін күш салады. Міне, капитализмнің басты ақиқаты осы. Біз мұны əлі күнге түсіне алмай келеміз. Несі бар, өмір бізді соны түсінуге көндіреді. Өйткені, алғашқы жиырмалықтың сапында тұрсақ та капитализмнің көлеңкесіндей еріп жүретін дағдарыс тауқыметі бізге уақыт озған сайын тақай түседі. Себебі, қажет болмаса жер астында жата беретін шикізат емес нақты дайын тауарлы өндіріске дағдарыс атаулы үйірсек келеді. Ал ол шақта, яғни біз дамыған елдер сапына енген шақта билікте «əлеуметшілдік» ұстаным азая береді. Бұл да табиғи заңдылық. Демек, халық, əркім жəне барша өзінің ұстанымын өзгертуге бүгіннен бастап кіріссе артық емес. Біз мəселенің ең ауыр тұсына келгендейміз. Өйткені, экономиканы дамытып, əлеуметтік жағдайды соған сəйкес жақсарту оңай шаруа болғанымен халықтық ұстанымды, қоғамдық сананы толығымен жаңалау оңай шешілетін мəселе емес. Айталық, компартия 70 жыл бойына атеистік үгіт-насихат жұмыстарын тегеурінді жүргізумен қоймай қожамолдаларды түрмеге отырғызып, итжеккенге айдаса да бұқараның діншілдік сенімін жоя алмағанын көріп отырмыз. Қоғамдық сана деген сол. Демек, бізге ұлт тəрбиесі мəселесінде тегеурінді жəне мақсатты қыруар жұмыс атқаруға тура келеді. Бұл Президент Жарлығымен немесе Үкімет өкімімен шешіле салатын мəселе емес. Қоғамдық сананы өзгертуге, жаңалауға отбасынан университеттер аудиторияларына дейінгі тəрбие саласында жүргендердің барлығы, ол – ол ма, ақынжазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары түгелдей мақсаткерлікпен атсалысуы тиіс. Айталық, қазіргі таңда қазақстандықтар соншалықты бай деп ойламаймын. Ал Алматының көшесіне күн сайын 500 мың жеңіл автокөлік шығады екен. Баяғының 10 мың жылқы айдаған байлары ең көп дегенде көсем жеккен ғой, ал бүгінгінің алматылықтары ең кемі 50 аттың күші бар көліктер мініп жүр. Олардың қоры 10 мың жылқысы бар байдың қазынасынан əлдеқайда аз екені айтпаса да түсінікті. Сол көліктердің көбісі несиеге алынғандар. Ал капитализм əлемінде несиеге көлік алып міну күнə саналады. Демек, біз бүгінге дейін тұрмысымыз жақсарған сайын жинаудың орнына шашқанды қалап алғандаймыз. Ал ұлт ұстазы данышпан Абай «бекер мал шашпақ» жаман əдет екенін баяғыдаақ ескертіп кеткен жоқ па еді. Демек, біз отандастарға Абайды жаңа заманға сай қайтадан оқытуымыз, түсіндіруіміз қажет секілді. Біздің басты байлығымыз ішкі татулық екенін Елбасы мақтанышпен айтып жүр. Иə, бұл жер бетінің түкпір-түкпірінде ұлтаралық, дінаралық қанды қырғындар болып жатқанда біздің көздің қарашығындай сақтайтын зор жетістігіміз. Ұлттар мен діндер аралық теке-тірестер болмағанымен елімізде Ислам діні ішіндегі бөлігі қанды оқиғаларды өмірімізге əкелді. Исламның қазақ жеріне енгеннен бергі мың жыл ішінде бұзылмаған жалғыз ұстанымға жік түсті. Мінекей, осынау қатерден елді сақтау үшін де хақ дініміздің пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған тура жолын діни сауаты жоқ бұқараға мектеп партасынан түсіндірсек те артық болмас. Қорыта айтқанда, Елбасы алға қойған жаңа міндеттерді жүзеге асырып, жаңа биіктерге көтерілу қазақстандықтардың қолынан келетін игілік. Сондай-ақ қазақстандықтар ол игілікке қоғамдық санасы, интеллектуалдық сапасы мүлде жаңарған жаңа ұлт болып қол жеткізеді. Мақаланы қорытындылай келе атқарушы билікке бір мəселені ерекше бақылауда ұстау керек дер едім. Ол – инфляциямен күрес мəселесі. Егер біз инфляцияны ең көп дегенде 1,5-2 пайызбен шектей алмасақ, экономикада қол жеткізген жоғары табыс болуы əбден мүмкін дағдарыстың құрбанына айналады. Сондықтан да инфляциямен күреске Ұлттық банкпен бірге, жергілікті аймақтық атқарушы билікті де жауапты еткен дұрыс секілді. Əйтпесе биылғыдай 6 пайызға жетпейтін экономикалық өсімді 6 пайыздан асатын инфляция жұта берсе, гүлдену емес, тоқырау алдан шығады. Тəңірім содан сақтасын! Иə, қоғамдық сананы толығымен жаңарту қазақстандықтардың əрқайсысының күнделікті тұрмысынан көрініс табатындай насихат жұмыстары керек. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбы ұлт тəрбиесі болса құба-құп. Турасын айтқанда, 21 жылдан бері капитализмде өмір сүріп жатырмыз дегенімізбен отбасылық бюджетті жоспарлау, мұнда да үнем ұстанымын жүзеге асыру қажеттігін біле бермейміз. Олай болса кезінде компартия тамаша атқарғанындай халықтың «сауатсыздығын жою» жұмысын бүгіннен бастап қолға алсақ, артық болмайды. Шындығында дəл осы Жолдауында Елбасы бұл мəселеге ерекше тоқталғанын ескере отырып, ең осал тұсымыз да осы екенін біліп жұмыс істесек, ісіміз алға басады.


www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

Жастар саясатына арналєан семинар

Кеше Парламент Мəжілісінің ғимаратында Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары Парламент Мəжілісінің депутаттары жəне «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшелерімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту» деген тақырыпта арнайы семинар өткізді.

Басқосуды «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы жетекшісінің орынбасары Егор Каппель беташар сөзбен бастады. Жоба авторы – Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат» кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі, депутат Зухра Саяпова, «Халық коммунистері» партиясының фракция мүшесі, депутат Галина Баймаханова, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, депутат Камал Бұрханов баяндама жасады. Семинардың мақсаты – бүгінге дейінгі жинақталған тəжірибелерге сүйене отырып мемлекеттік қызмет пен жастар саясаты саласында қызмет ететіндердің

теориялық білімін көтеру жəне оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру болды. Сонымен қатар, басқосудағы мақсат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мəнмағынасын түсіндіріп, Жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағытын айқындау болды. Семинарға Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, белгілі отандық жəне шетелдік ғалымдар мен практиктер, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары қатысты.

Оталардыѕ дені ґз елімізде жасалады (Соңы. Басы 1-бетте).

Брифингте 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі делегациясының қатысуымен Еуразиялық эконо микалық комиссияның сауда жөніндегі комитетінің 8-ші отырысы, сондай-ақ Сауда жөніндегі кеңестің комитет отырысы аясында кедендік-тарифтік жəне тарифтік емес реттеу бойынша басқосуы өтетіндігі, 24-25 қаңтарда Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі ретінде тұңғыш ресми сапары жасалатындығы айтылды. А.Əбибуллаев, сонымен қатар, 21-29 қаңтарда Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атқарушы комитетінің 132-ші сессиясы өтетіндігіне тоқталып, сессия аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы комитеті құрамына Қазақстан кандидатурасын қосуды қолдау бойынша мəселе талқыланатындығын жеткізді. Бұл күнгі брифингте аталған мəселеге орай жəне еліміздегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жəне

болашақта атқарылатын жұмыстардың барысы жайлы Денсаулық сақтау вицеминистрі Ерік Байжүнісов баяндап берді. «Осыдан 3-4 жыл бұрын қазақстандықтар аурудың 20 түрі бойынша шетелдерде емделіп келген еді. Кейінгі жылдары мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударуының арқасында еліміздің емдеу мекемелеріне қымбат медициналық қондырғылар орнатылып, озық құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазір науқастар аурудың 8 түрі бойынша ғана шетелге емделуге жіберіледі. Яғни бүгінде шетелдерде жасалатын оталардың көбі өз елімізде жасалады», деді ол. Оның айтуынша, өз еліміздегі дəрігерлердің біліктілігі шетел мамандарынан еш кем емес. Сондықтан науқас адамдар шетелге емделуге шықпастан бұрын өзіміздің мамандармен кеңесіп алғаны дұрыс. «Бүгінде шетелдерде ота жасату үшін 160 адамға жолдама берілген. Олардың 80 пайызы ағза алмастыру кезегінде тұр. Өйткені, елімізде ағзаларды трансплантациялау мəселесі толық шешілген жоқ. Десек те, біздің хирургтер

Ауєанстан дипломатымен əѕгіме

Кеше Ауғанстан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудиннің Астанаға жұмыс сапары болып өтті. Сапар аясында көзделген бағдарламаға сəйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Джавед Лудинмен келіссөз жүргізді.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды жан-жақты талқылап, екіжақты саяси ықпалдастық пен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты өрбіту мəселелері, сонымен қатар, үстіміздегі жылғы 26 сəуірде Алматыда өтетін Ыстамбұл үдерісіне қатысушы елдердің Министрлер конференциясына дайындық жəне оны өткізу мəселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

шетел дəрігерлерінен еш осал емес», деді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде дүние жүзінде жүрекке ота жасайтын 20 мемлекет қана бар көрінеді. Қазақстан соның үздік ондығында тұрған бірденбір ел екен. Жалпы алғанда, 2012 жыл денсаулық сақтау саласы үшін ағзаларды трансплантациялау, стереотаксикалық хирургия, қатерлі ісік аурулары кезінде эндопротездеу, жүректің сол жақ қалқаншасының қосымша қондырғысын импланттау сияқты сəтті енгізілген жəне жасалған бірегей медициналық технологиялармен ерекшеленген жыл болыпты. Мəселен, өткен жылы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығында жапондық əріптестермен бірлесіп 5 бауыр, 20 бүйрек трансплантацияланған. Сондай-ақ, 2012 жылы науқас тарды шетелдерге емдеуге жіберуге еліміз бюджетінен 678,5 млн. теңге қаражат бөлініп, 55 науқас, оның ішінде 34 бала (61%) емделсе, солардың ішінде органдар мен тіндерді транспланттауға 30 адам, оның ішінде 24 науқас кемік майын, 4 науқас бүйрегін, 3 науқас

бауырын транспланттауға, қалған 25 адам онкологиялық, кардиохирургиялық жəне нейро хирургиялық жəне өзге де ауру түрлері бойынша емдеуге жіберіліпті. Ал 2013 жылы азаматтарды шетелдерге емдеуге бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша шетелдерге емдеуге жіберу кезегінде 161 науқас тұрса, олардың ішінде 133 адам, яғни тізімдегілердің 86,6%-ы органдарды транспланттауды қажет етеді екен. Бұл ретте жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету үшін отандық клиникалардың да əлеуеті жыл өткен сайын арта түскен, елімізге келіп, республика аумағында күрделі операциялар жасауға дайын шетелдердің жетекші клиникаларымен байланыс орнатылғанын да айта кеткен жөн. Брифинг барысында Қазақстанда тұрғындардың тиісті тегін дəрілік препараттарға қолжетімділігін арттыруға үлкен маңыз беріліп, мемлекет тарапынан дəрілік құралдарды сатып алуға бағытталған қаражат көлемі жыл сайын артып келе жатқандығы да айтылды. Мəселен, 2012 жылы тұрғындардың тиісті топтарын тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның 37 млрд. теңгесі амбулаторлық деңгейде дəрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталыпты.

 Дерек пен дəйек

Ќолжетімділік артып келеді Елімізде тұрғындарды тегін дəрідəрмекпен қамтамасыз ету жылдан жылға жақсарып келеді. Мемлекет тарапынан осы мақсатқа бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын арта түсуде. Айталық, 2012 жылы тұрғындардың тиісті топтарын тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінсе, оның 37 млрд. теңгесі амбулаторлық деңгейде дəрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Бұрындары 50 пайыздық жеңілдікпен беріліп келген дəрілер 2012 жылдан бастап тегін босатыла бастады. Дəрігерлердің рецептіне сəйкес тегін берілетін дəрілер тізіміне 48 нозология бойынша 400-ден астам дəрілік препараттар кіреді. Қазақстан - В жəне С вирустық гепатитіне шалдыққан науқастарды тегін дəрімен қамтамасыз етіп отырған əлемдегі санаулы елдердің бірі. Қазіргі уақытта республикада дəрімен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілуде. Мемлекет кепілдік беретін дəрілік құралдардың науқастың қолына тиюін бақылап отыру үшін диспансерлік есепте тұрған науқастардың тізімін жасау жұмыстары атқарылуда. Сондайақ, шалғай ауылдардың тұрғындарын дəрідəрмекпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы дəріханалық пункттер ашылуда. Тегін дəрігер фельдшерлік-акушерлік тіректер арқылы да беріле бастады. Қазір республика бойынша мұндай тіректер саны 3 мыңнан асады. * * *

2012 жылы ағзаларды трансплантациялау, стереотаксикалық хирургия, қатерлі ісік аурулары кезінде эндопротездеу, жүректің сол жақ қалқаншасының қосымша қондырғысын импланттау сияқты сəтті оталар жасалды. Мəселен, 1979 жылдан бері ағзаларды трансплантациялаумен шұғылданып келе жатқан жапондық əріптестермен бірлесіп 5 бауыр, 20 бүйрек трансплантацияланды. Ал барлығы 2012 жылы еліміз бойынша 50 бүйрек алмастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Ұлттық медициналық

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

Депутаттар насихаты нəтижелі ґтті Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы мен «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетілген халыққа қолжетімді əрі сапалы кəсіптік жəне техникалық білім беру мəселелері бойынша мəжіліс депутаттары Д.Назарбаева, Г.Исімбаева жəне Г.Иқсанованың қатысуымен Алматы қаласының Əуезов ауданындағы кəсіптік-техникалық оқу орындарының басшыларымен жəне «Нұр Отан» ХДП Əуезов аудандық филиалының бастауыш партия ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті. Депутаттар Жаңа технологиялар колледжінің бірнеше кəсіптіктехникалық базасын аралап, оқытушылар мен студент-жастар құрамының жұмысымен танысты. Мұнда Үкімет тарапынан кəсіптік бағытта атқарылған нəтижелі жұмыстар мен оқу орнының

заман талабына сай мамандарды дайындаудағы жаңашылдығы мен іскерлігі іс жүзінде толық көрсетілді. Сондай-ақ жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында жаңадан жасалатын əлеуметтік стандарттардың мəні, оларды тиімді қолданысқа енгізуді

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының төрағасы Азат Перуашев Шымкентке келді. Алғашқы кездесуін партияның облыстық филиалының кеңсесінде өткізген ол жиналған партия активіне Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы жөнінде жан-жақты айтып берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – еліміздің қуатты мемлекетке айналып келе жатқанын айқындайтын құжат. Мəселен, салық жүйесіндегі біздің айтып жүрген ойларымыз Жолдауда көрініс тапқан. Еліміздің мүддесіне жұмыс істеуіміз керек. Бай мен кедей арасындағы алшақтықты жою жолдарын ұлт зиялылары да ойластырулары қажет. Демография мəселесі күрделі күйінде қалып отыр, деді А.Перуашев. Күн тəртібіндегі мəселені талқылауға «Ақ жол» ҚДП

Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының (ОҚОФ) төр ағасы А.Орман, ОҚОФ төр ағасының орынбасары А.Қа ражанов, ОҚОФ комиссия төрағасы О.Омаров, облыстық мəслихаттың депутаты Қ. Тұрлыбек, «ҚазБілімЖабдықтау» ЖШС директоры Ə.Сыздықов, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС жауапты қызметкерлері Б.Құл бек, Б.Жолдаров қа тысты. Олар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын қызу қолдайтындықтарын, алда тұрған

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Маңғыстау облысына келген Мəжіліс депутаттары – ҚКХП фракциясының мүшесі Ж.Ахметбеков Жаңаөзен қаласында, С.Оспанов Жыңғылды ауылында болды. Ж.Ахметбеков Жаңаөзен қаласымен жапсарлас орналасқан Теңге жəне Қызылсай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Оқырмандарымыз газет арқылы хабардар болғандай, жуырда ғана бұл екі ауылдың əрқайсысында 300 орындық жаңа мəдениет үйі, сондай-ақ Теңгеде дəрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, қуаныш құшағында отырған еді. Кездесуде Елбасы Жолдауы жайлы, «Халық коммунистері» фракциясының жұмысы, Парламент Мəжілісінің депутаты ретіндегі өзінің атқарған қызметі

туралы баяндаған Ж.Ахметбеков өзі алғаш келіп тұрған Жаңаөзен қаласы туралы оң пікірін білдірді. Ал депутат С.Оспановтың сапары Маңғыстау ауданында өрбіді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын қабылдауы – жас мемлекетіміз үшін тарихи оқиға болды. Біз бүгін аталмыш стратегияда белгіленген негізгі міндеттердің өз мерзімінен бұрын орындалғанына куə болып отырмыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – елді еңселі істерге бастайтын басты бағдарламаға

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Азамат Əбілдаев Алматы облысының Балқаш ауданында халықпен кездесті.

холдинг Астанадағы медициналық кластер аумағында орналасқан жаңа заманауи клиникалардың базасында «Болашақ госпиталін құру» стратегиялық жобасын іске асыруды жалғастыруда. Холдинг клиникаларында (Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық жедел жəрдем ғылыми орталығы, Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы) хирургиялық нейронавигация, ағзаларды трансплантациялау, стереотаксикалық хирургия, кішіинвазивті реконструктивті хирургия жəне кардиохирургияның жаңа технологиялары қолданылуда. 2012 жылы Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығында жүрекке 1 574 ашық ота жасалды, оның 87-і бірегей оталар (49 ота жүректің сол жақ қалқаншасының қосымша қондырғысын импланттау бойынша). Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығының ірі жетістіктерінің бірі жəне отандық медицинадағы серпін 2012 жылғы тамызда созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқасқа донор жүрегі қондырылды. Келешекте «жүрек-өкп е» кешен ін трансплантациялау жəне жасанды жүректі

импланттау, сондай-ақ, кішіинвазивті жəне гибридті технологияларды қолдану арқылы жоғары технологиялық кардиохирургиялық жəне интервенциялық араласу жоспарлануда. 2012 жылы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында жұлын майын нейростимуляциялау, стереотаксикалық жүйені қолданып, оталар жасау, омыртқа жəне жұлын майына ота жасағанда нейронавигацияны пайдалану технологиялары енгізілді. Стереотаксикалық хирургия хирургиялық араласудың кішіинвазивті əдісі боп саналады. Қазақстанда стереотаксикалық хирургияның əдісі тұңғыш рет енгізілді. Бас миы стереотаксикалық биопсияның 4 отасы сəтті аяқталды. Қазақ онкология жəне радиология ғылымизерттеу институтында онкогинекологиялық обыр ауруларына радикалды лапароскопиялық ота жасау енгізіліп, 2012 жылы 15 эндоскопиялық ота жасалды. Травматология жəне ота ғылыми-зерттеу институтында тізенің, жамбас сүйектің эндопротездері жəне тағы басқа көптеген заманауи эндопротездер енгізілуде. «Егемен-ақпарат».

3

Депутат Миялы ауылдық округінде өткізген кездесуінде сайлаушыларға алдымен Елба сының Жолдауында айтылған Қазақстанның осы күнге дейін бағындырған белестерін жəне қазіргі жағдайын тереңнен талдап, еліміздің даму перспектива ларына жеке-жеке тоқталды. Халық өздеріне жасалып жатқан қам қорлыққа ризашылықтарын білдірді. Кездесуге аудан əкімінің

орын басары С.Смағұлов, «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қаңтарбаев жəне 300-ден аса адам қатысты. А.Əбілдаев келесі кезекте атбасын Бақанас ауылына бұрды. Депутат бұл ауылда «Өтес» агрофирмасы ұжымымен кездесті. Ұжымның атқарып жатқан жұмыстарымен, «ҚазАгроқаржы» АҚ қолдауымен 5000 бас ірі қараны

Парламент Мəжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов Астана қалалық ардагерлер ұйымы белсенділерінің отырысына қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты мəселелер қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады. Іс-шараның нəтижесінде Президент Жолдауын қолдайтын белсенділер шешімі қабылданды. Басқосуға 200-ден астам ардагер мен Астана қаласы əкімінің орынбасары Аида Балаева қатысты.

қамтамасыз ететін заң қабылдау қажеттігі айрықша аталды. «Нұр Отан» ХДП Əуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров жаңа технология колледжінің бел сенді азаматтарын партия мүшелігіне қабылдау мен алғыс хаттармен марапаттау рəсімін Мəжіліс депутаты Дариға Назарбаеваға тапсырды. Салтанатты рəсімнен кейін Дариға Назарбаева Елбасының Қазақстан халқына арнаған əрбір Жолдауы еліміз азаматтарының əлеуметтік толысуы мен өмірін жақсартуды көздейтінін атап өтті. Жəне ел халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтуда Елбасы айналасына топтасуының негізі болып табылады. Сондықтан бізде мақсат та, жоспар да, тапсырма да бар, деді депутат. үлкен міндет дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін білдірді. Азат Тұрлыбекұлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мəселелерге қатысты өз ойпікірлерін білдіріп, оны шешудің жолдарын айтты. Кездесуді қорытындылай келе, осында көтерілген мəселелердің барлығы сарапталып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді. Партия жетекшісі қатысушылармен қуанышты жəйтті бөлісті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы үздік филиал деп танылған. Партия төрағасы арнайы дипломды филиал төрағасы Анарбек Орманға салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, партия белсендісі Мұса Пəтеевке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

айналатын болады», деген Серік Жəмекұлы Жыңғылды ауылына үлкен сыймен келіпті. Жұртшылықпен жүздесу барысында депутат осы жаңалықты жеткізіп, жерлестер қуанышын бөлісті. Жыңғылдыдағы облыстағы аз қамтылған отбасылар балалары тəрбиеленетін интернаттың іргетасы 1961 жылы қаланған. Тозығы жеткен нысанның осыдан екі жыл бұрын жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша апатты жағдайда екендігі анықталған. 2012 жылы осы ауданға келгенде көне мектеп мəселесімен танысқан С.Оспанов оны тиісті орындар құзырына ұсынған болатын. Енді, міне, бұл мектеп бұзылып, республикалық бюджеттен қаралған қаражатқа жаңа мектеп тұрғызылады екен. бордақылауға арналып салынған кешенмен жəне арнайы мал соятын цехтармен танысты. Қазіргі уақытта бұл кешенде 2000-ға жуық ірі қара бордақылануда. Депутат Ақжар елді мекенінде де жергілікті тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасының халыққа Жолдауындағы басымдықтар туралы кеңінен əңгіме қозғады. Енді біз Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек етуге тиіспіз, деді ол. А.Əбілдаевтың халықпен жүздесуі Алматы облысындағы Қапшағай қаласында да өтті.

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Құралай Қаракен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, яғни Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жəне түсіндіру мақсатында Ақтөбе қаласының жедел медициналық жəрдем ауруханасының жəне Ақтөбе қалалық №1 емханасының ұжымдарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Одан əрі депутат облыста «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құрған партиялық бақылау бекетінің ашылуына қатысты.


4

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

 Саяси сипаттама Ќара баланыѕ ќарапайым баспалдаќтары Барак Хусеин Обама – адамзат тарихында атағы алысқа кететін тұлғалардың бірі. Ең алдымен, ол өзінің қарапайым ортадан шыққан, бір кезде қоғамдағы төменгі саты саналған топтың өкілі бола тұра дүние жүзіндегі адамның басы айналардай ең биік мансапқа қол жеткізе алуымен, сонымен бірге, əлемдік нəсілшілдік теориясының дəрменсіздігін кезекті рет əшкерелеп, оны күл-талқан еткен қара нəсілді азамат ретінде тарихта қалары сөзсіз. Расизм теориясы адамзат нəсілдерінің бірдей еместігін, олардың дене мүшелері мен ақылойында айырмашылықтар болатынын жəне олар түрлі нəсілдердің тарихы мен мəдениетіне тікелей ықпал ететінін дəлелдеп бақты. Соны ұстанған ғалымсымақтар ақ нəсілділердің ақыл-ойы, интеллекті, мінез-құлқы басқалардан артық болатынын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуге тырысты. Адамзат өркениетін ақ нəсілділер қалаған, сондықтан олардың артықшылығы көп деген идеяларды осы ғалымсымақтар таратқан. Нəсілдік кемсітушіліктердің де негізі осы арадан туындады. Еуропада ХVІ-ХVІІ ғасырлардан басталған қара өңділерді толық құқылы адам қатарына санамай, тек құлдыққа жегудің идеологиялық негізі де осы теория болды. Алғашқы африкалық Америка құрлығына 1619 жылы əкелінген болса, содан бергі 250 жылда олардың адами құқы əбден тапталып, адам ретінде теңгерілмей келді. Құл иеленушілік тек 1863 жылы Авраам Линкольн президент болған кезде ғана жойылды. Бірақ африкалықтардың адами құқы бірден теңгерілген жоқ, оларды ақ нəсілділерден бөлек оқытты, ақтардың дəмхана, мейрамханаларына кіргізбеді, қоғамдық көліктер мен орындарда да оларға көппен бірдей орын берілмеді. Сайлауға түсу түгілі дауыс беру құқықтарын да түрлі сылтаулармен шектеп келді. Қара нəсілді адамдарды қудалауды мақсат етіп, ХІХ ғасырдың ортасында шыққан Ку-КлуксКлан секілді ультра-оңшыл, фашистік ұйымдардың да зардабы аз болған жоқ. Біресе көбейіп, біресе құлдырап, үш кезеңмен əрекет еткен бұл қозғалыс тек ХХ ғасырдың соңында ғана жойылды. Қара нəсілді азаматтардың өз құқықтарын қорғау туралы талаптарына, өздеріне теңдік сұрау туралы өтініштеріне қарсы жасаған олардың жүздеген террорлық акциялары мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Əсіресе, елдің оңтүстік штаттарында олар толық иелік еткен. Полиция оларға қарсы түк те істей алмаған. Тек 1960 жылдан бері ғана, АҚШ-тағы нəсілдік кемсіту заңмен қудаланатын болған кезден бастап олардың əрекеттері біршама тыйылды. Соның өзінде 70-ші жылдардың басынан қайтадан бас көтеріп, 90-шы жылдардың басына дейін əрекет етті. Бұл жылдары ұйым қара нəсілділерді ғана емес, сарыларға (əсіресе, қытайлықтарға), еврейлерге, коммунистерге де қарсы террорлық актілер жасаған. Ал енді күні кеше ғана көзі жойылған осындай ұйым қайта бас көтеруі мүмкін бе? Əрине, мүмкін. Бірақ Барак Обаманың президент болып екі рет сайлануы осындай қозғалыстардың идеологиясына енді қайтып оңалмастай, ойсырата соққы бергені сөзсіз. Жоғарыда Барак Обаманың өмірі қатардағы қарапайым тірліктен басталғанын айттық. Өзіне дейінгі Америка президенттері мейлінше бақуатты отбасыларында өмірге келіп, елдегі ең үздік мектептерде білім алып, ең жоғары интеллектуалдық ортада тəрбиеленгендер болса, Барак 10 жасқа дейін Индонезиядағы өгей əкесінің тəрбиесінде өскен, қарапайым ғана мемлекеттік мектепте оқыған. Өзінің туған əкесі кениялық Хусеин Обама АҚШ-тың Гавай университетінің эконометрика курсында оқыған. Ол да өз ортасының алды, белсенді студент болып, шетелдік студенттер ассоциациясын да құрған екен. Есімінен көрініп тұрғандай, діні мұсылман. Осында оқып жүргенде ол болашақ президенттің анасы, 18 жасар Стэнли Энн Данхэммен көңіл қосып, 1961 жылғы 4 тамызда Барак дүниеге келеді. Оның есімінің төркінін еврейлерден шығарушылар көп. Бұл сөздің ивритше мағынасы «жасын» деген сөз екені де рас. Еврейлерде мұндай есімдердің біршама кездесіп тұратыны да теріс емес. Бірақ біреулер оның негізгі төркіні арабтың Мүбəрак («қадірлі») деген сөзінен алынған деседі. Осы сөздің жаны бар. Өйткені, мұсылман дінді əкесі Хусеин баласына еврейдің атын қоймас еді ғой. Ал Мүбəрак, одан шыққан Барак есімі жалпы мұсылман əлемінде өте көп тараған. Біздің Барақ сұлтанымыздың есімі де осы ретпен қойылған сияқты. ХV ғасырдың басында Алтын Ордада да Барақ есімді хан болған. Стэнли Энн Данхэмді де еврей жұртының өкілі деушілер көп, бірақ ол Канзастағы (АҚШ штаты) əскери базада иуда емес, христиан дінін ұстанушы отбасында өмірге келген. Зерттеушілердің мəліметтеріне қарағанда, оның отбасы негізінен ағылшын, шотланд, ирланд жəне неміс қандарының араласуынан құралса керек. Хусеин мен Стэнли екі жақтың да ата-аналарының қарсылығына қарамай, 1961 жылдың басында некеге тұрады. Бірақ бұл неке ұзаққа бармай, 1964 жылы жас жұбайлар ажырасып кетеді. Кішкентай Барак біршама уақыт нағашы əжесі Мадлен Ли Пэйннің тəрбиесінде болады. Қай халықта да əженің бауырында өскен бала бауырмал, туысшыл келеді. Барак Обама да өзінің осындай қасиетін көрсетті. 2008 жылғы алғашқы сайлауда ол шараның барынша маңыздылығына қарамай президенттік кампаниясын үзіп тастап, нашар жатқан əжесінің көңілін сұрауға барған. Сөйтіп, сол жылғы 2 қарашада дүниеден өткен əжесімен, қазақша айтқанда, бақұлдасып қалған. Барак Обаманың əкесі мен шешесіне ұзақ өмір сүруді тағдыр жазбапты. Əкесі Хусеин 46 жасында 1982 жылы жол апатынан, анасы Стэнли 1995 жылы 53 жасында жазылмас дерттен қаза болған. Айта кетерлігі, екеуі де ажырасқан соң жаңа отбасын құрып, одан сəбилер көрген. Стэнли Америкада оқитын тағы бір мұсылман жігіт, индонезиялық Лоло Суторомен көңіл қосып, 1967 жылы 6 жасар Баракты алып жаңа күйеуімен бірге Джакартаға (Индонезияның астанасы) қоныс аударады. Барак мұнда 10 жасына дейін білім алады жəне сонда қатар құрбыларымен бірге мешітке де барып жүргенін көрген адамдар бар. Бір қызығы, көптеген деректер осы 10 жасында ол өзінің туған əкесі Хусеинмен де тұңғыш жəне соңғы рет кездесті деп жазады. Бірақ Барактың кейін бестселлер болған «Əкемнен жұққан армандар» деген

ОБАМА ФЕНОМЕНІ Кеше 21 қаңтарда АҚШ Президентінің инаугурациясы өткізілді. Екінші мерзімге сайланған Барак Обама АҚШ тарихында 1789 жылдан бері 57-ші рет ант берген президент болып отыр. Сөйтіп, Американың 44-ші президенті қайтадан іске кірісті. Осыған орай біз төменде Барак Обаманың өмір жолы туралы баяндайтын мақала жариялап отырмыз. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

кітабы бар. Бұл – Барактың əкесін жақсы біліп, онымен тығыз болмаса да жиі көрісіп тұрғанын көрсететін жайт. Əйтпесе, əкесінің армандарын бір кеште ғана «жұқтыруы» мүмкін емес қой. Демек, Барактың рухани əлемінің қалыптасуына мұсылман дінді əкенің əсері аз болмаған. Өгей əкенің бауыры қаншалықты жылы болғанын кім білсін, бірақ, əйтеуір Барак 10 жасында қайтадан Америкаға оралып, əжесінің қолына келеді. Осында ол қаладағы жеке меншік жақсы мектептердің бірін үздік бітірген 1979 жылға дейін оқиды. Бірге оқыған кейбір жолдастары мектепте Барактың түсі қара екендігінің кесірінен кей-кейде көпе-көрнеу кемсітушілікке ұшырағанын көріп қалатындарын айтады, бірақ «асылды соға берсең жетіледі, жасықты соға берсең кетіледі» дегендей, одан жалынды жас жасымаған.

Кесек пішілген саяси тўлєа Мектептен кейін Барак Лос-Анджелестегі Батыс колледжіне түседі. Үздік оқығандығының арқасында бұл жерден Колумбия университетіне ауысып, халықаралық қатынастар кəсібіне маманданады. 1983 жылы бакалавр дəрежесін алып, НьюЙорктің ғылыми-зерттеу орталығына жұмысқа тұрады. Осында жүргенде ол пəкстандық студент Сохал Сиддикимен достасады. Осы кісінің айтуына қарағанда, Барак жылы жүректі, қайырымды азамат болған. Ол қайтсе де біреуге қолұшын беруге дайын тұрады екен. Өзі бес долларлық арзанқол шалбар киіп жүріп, жұртқа көмек қолын созғысы келіп тұратын оның мейірбан мінезін кейбір достары мазақ қылып, күлкіге де айналдырған кездері болыпты. Осында жүргенде ол өзінің кісіге жақындығының арқасында жақсы əсер ететін игі достар тауып, жақсы ортамен қауышады. Сонымен бірге, көп оқып жəне оқығандарын достарына айтып беріп, тілін, ойын жақсы дамытып отырған. Кейіннен ол достарының көмегімен Халықаралық Бизнес корпорациясының қаржылық ақпарат бөліміне редактор болып ауысады. Мұнда да бір жылдай қызмет істеп, халықпен жұмыс істеуге ысыла түседі. 1985 жылы Барак Обама өзінің екінші отаны аталған Чикагоға ауысып, қоғамдық қызмет ке тұрады. Мұндағы міндеті – шіркеудің қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыру болады. Тұрмысы кемшін аудандардағы халыққа қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда ол «үздік əлеуметтік ұйымдастырушы» ретінде көзге түседі. Айта кетерлігі, Барак өзін анасының протестантизм дінін ұстанатындығын үнемі жариялап жүреді. 1988 жылы Барак атақты Гарвард университетіне түсіп, оны 1991 жылы магистр дəрежесімен аяқтайды. Оның алғырлығы, алымдылығы мұнда кеңінен ашылып, университеттің газетіне афро-америкалықтардың арасынан шыққан бірінші редактор да болады. Барактың уытты əзілдері, ашық-жарқын мінезі мұнда араласқан жандардың бəріне де жақсы əсер еткен. 1991 жылы Чикагоға оралған Барак мұнда заңгерлік жұмыстармен айналысады. Соның ішінде, түрлі кемсітушіліктерге ұшыраған адамдардың құқын сотта қорғауда оның танымал қорғаушы ретінде атағы шығады. Осы қызметтері арқылы көзге түсіп, көпке танылған оны 1993 жылы Чикаго университеті қызметке шақырып, конституциялық құқық пəнінен лекция оқытады. Осында жүргенде ол өзінің болашақ жары Мишельмен танысып, 1992 жылы оған үйленеді. Мишель 1964 жылы Чикагода ауқатты отбасында туған жас еді. Жақсы мектепте оқып, артынан Принстон университетін үздік бітірген ол жасынан қара нəсілді азаматтардың əлеуметтік

құқын қорғаумен айналысады. «Өзі болған қыз төркінін танымас» деген ақымақ қыздарға айтылатын мақалды Мишельге айта алмайсың, өйткені, ол саналы жас ретінде өмір жолын ə дегеннен-ақ өзі секілді жандардың құқын қорғауға арнаған. «Принстонда білім алған қара нəсілділер жəне олардың қоғамы» деген тақырыпта диссертация да қорғаған. Бұл да Гарвардтың заңгерлік мектебін 1988 жылы үздік бітіріп, докторлық атақ алып шыққан. Барак екеуінің кіндігінен Малиа жəне Саша деген қыздар өсіп келеді. Білетіндер президент Барак Обаманың ең өтімді кеңесшісі Мишель екенін айтады. Барак Обама Чикаго университетінде белсенді қоғамдық қызмет атқара жүріп, 1996 жылы Иллинойс штатының сенатына демократиялық партияның атынан депутаттыққа сайланады. Бұл біздегі облыстық мəслихаттың депутаттығына сайланған есепті. Иллинойс – халқының саны бойынша Америкада бесінші орын алатын штат. Оның орталығы Спрингфилд шаһары болғанымен, Чикаго оның ең үлкен қаласы. Осы штаттың сенатындағы айтыс-тартыстарға, өткір пікірсайыстарға белсене қатыса жүріп Барак 1997-2004 жылдарда қатарынан үш рет сайланып, сегіз жыл бойы өзінің саяси іске жүйріктігін, білігі мен шешендігін шыңдайды. Сонымен бірге, айтқан сөздерімен де, жазған мақалаларымен де көзге түсіп, халыққа жақындылығымен таныла берген. 2000 жылы ол АҚШ Конгресінің төменгі палатасына депутаттыққа түспек болады. Бірақ сайлауалды күрес кезінде сол кездегі қара нəсілді конгресмен Бобби Раштен праймеризде жеңіліп қалады. АҚШ Конгресінің төменгі палатасы немесе Өкілдер палатасы біздің Парламенттің Мəжілісі секілді мемлекеттің ең жоғары заң шығарушы органы. Ал Конгрестің өзі де біздің Парламент секілді екі палатадан тұрады. Соның ішінде Өкілдер палатасы 435 депутаттық орыннан, ал Сенат 100 орыннан тұрады. Сенатқа əрбір штат үшін екі орыннан квота беріледі. Зерттеушілер Б.Обаманың Иллинойс штаты сенатындағы белсенді əрекеттерінің бірі ретінде оның Дж.Буш əкімшілігінің Иракқа басып кіру туралы шешіміне белсенді түрде қарсылық білдіріп, қатты сынағанын ауызға алады. Табиғатынан бейбітшілікқұмар Баракқа Дж.Буштың бұл əрекеті əділетсіз басқыншылық болып көрінген екен. 2004 жылы Б.Обама Иллинойс штатынан екі сенатордың бірі болып қарсыласын айқын басымдықпен (сайлаушылардың 70 % дауысы ) жеңіп, сайланады. Бұл уақытта ол демократиялық партияның бүкіл АҚШ-тағы танымал лидерлерінің біріне айналған еді. Əсіресе, партияның жалпыұлттық съезінде «АҚШ-та барынша ашық қоғам орнатамыз» деген ежелгі ұранды еске салып жəне оны өз өмірінің мысалымен ұштастыра отырып айтқан оның өткір сөздері елдің құлағын елең еткізген. ТВ арқылы бүкіл елге естілген осы сөздер барынша ұтымды əрі шынайы шығып, талай жұрттың есінде қалады. Конгреске қара нəсілділер арасынан сайланған бесінші сенатор болған Барак Обама өзінің ашықтығымен, демократияшылдығымен жəне ұшқыр ойымен халық пен БАҚ-тың құрметіне тез-ақ бөленеді. Сонымен бірге, ол өз өмір жолының ешбір деталін де жасырмай, ашық айтып отырған. Тіпті, балалық шағында марихуана тартып, есірткіге теріс қарамағанын да жасырмаған. Шындықты бағалайтын Америка қауымы бұған да түсіністікпен қарап, 2006 жылы-ақ АҚШ-тың келесі президенті болуы мүмкін деген болжамдар естіле бастаған. Осы, 2006 жылы ол отбасын алып Кениядағы əке қабірінің басына да барып, зиярат еткен. «Өлі разы болмай, тірі байымас» дейтін қазақ, «өлінің қабірін біл, тірінің қадірін біл» дейтін татар, т.с.с. барлық мұсылман халықтары жақын жанның қабірінің басына барып, зиярат етуді үлкен міндет деп есептейді ғой. Сондықтан да батыстық басылымдар бұған бəлендей мəн бермесе де Баракты танитын шығыс əлемінің іші жылып қалған-тын. Осы қадамдардың бəрі оның

ешкімнің қас-қабағына қарамай, дербес іс жасап, еркін ойлай білетін кесек пішілген саяси тұлғасын айқындай түскен қырларының бірі еді.

Олимптіѕ орны бір басќа Кіші Дж.Буштың президенттік уақыты аяқталуға жақындаған сайын демократиялық партиядан үміткер ретінде Барактың өтетіні де айқындала түсті. Алайда, 2007 жылдың басында екі үміткердің бірі болуға тиісті оған партияластардың 15 пайызы ғана қолдау білдіретінін айтқан, ал оның қарсыласы Хиллари Клинтонды қолдаушылар 43 пайыз, болған. Бірақ сол жылдың маусымындағы сауалдамада айырмашылық үш-ақ пайызға түскен. 2008 жылдың 10 ақпанында Иллинойс штатының орталығы Спрингфилд қаласында өткен митингте Барак Обама өзінің президент болуға үмітті екенін алғаш рет жариялап, сайлау алды күреске түсетінін мəлімдейді. Өркениеттің өріне шықтық деп отырса да жалпы əлем қауымдастығы бұған таңданыс білдірмей қалған жоқ. Кеше ғана орыны есіктің босағасында болған нəсілдің өкілі енді төрдің төбесін көздеп отырса, таңданбай көр. Қанша толерантты, демократияшыл болса да АҚШ қоғамының үлкен бөлігі де бұған үрке қарады. Тіпті, қара нəсілділердің өзі «бұл ақтардың кезекті қитұрқысы (жобасы)» деп алғашқыда елп ете қойған жоқ. Бірақ Барак Обаманы көзбен көріп, құлақпен естіп, тереңірек таныған сайын АҚШ халқының көзқарасы өзгере берді. Нағыз ұлы елдің ұлы мінезін көрсеткен Америка қоғамына осындайда ырза боласың. Президент болғандағы басты міндеті ретінде Б.Обама Америка əскерлерін Ирактан шығаратынын да жариялады. Осы кезден бастап Обаманың кандидатурасын Америка миллиардері, белгілі меценат əрі продюсер Дэвид Геффен қолдады. Ол бұрын Билл Клинтонның да жақтасы болған еді, бірақ осы жолы оның əйелі Хиллариді емес, Баракты қолдап шықты. Өзінің голливудтық атақты достарымен бірге ол Б.Обаманы қолдау қорына үлкен қаражат жиып берген. Бұдан басқа 200 доллар жəне одан кіші соманы қосушылардан түскен қаражаттың өзі 2007 жылы 16,4 млн. болса, 2008 жылдың басында 36,8 млн. долларға жетіп, рекорд жасапты. Бұл өте маңызды, өйткені, шағын қаражат салып жатқанның бəрі сайлаушылар ғой. Ақыры, Б.Обама өзінің президенттік кампаниясының шығынына бюджеттен қаражат алудан бас тартқан жалғыз кандидат ретінде тіркелді. Барак Обаманы ресейлік көптеген саясаткерлер, сарапшылар АҚШ-КСРО заманынан бері жалғасып келе жатқан дəстүрлі бəсекелестік, бақастық салдарымен жақтырмайды. Оларға жалпы америкалық дүниенің бəрі түрпідей тиюімен қатар, шовинистік, турасын айтқанда, нəсілшілдік пиғылмен Барак Обама түсінің қара болғаны да көзге шыққан сүйелдей тиіп отыр (Өздерінде мұндайды өлсе де жібермес еді). Сондықтан да осы пиғылдағы Ресей саясатшылары жазған сараптамаларында Баракты қолдаған Дэвид Геффеннің басына нешетүрлі жамандықтарды аямай үйген. Бұған дейін Билл Клинтонды қолдаған осы миллиардерді ешкім ауызға да алмаған болса, енді оның «жаман атағын» аспанға шығарыпты. Сөз жоқ, Америкада (тіпті, барлық басқа елдерде де солай ғой) бай магнаттардың қаржылық қолдауынсыз ешкім де президент бола алмайды. Ол бұлжымайтын аксиома екені де шындық. Қалай десек те, 2008 жылы Барак Обама АҚШ тарихында тұңғыш афроамерикалық болып президенттік мансапқа қол жеткізді. Осы жетістігін ол сұңғыла саясаткер ретінде Американың демократия жолындағы ұлы жетістігі деп айтудан да жағы талған емес. Жəне бұл пікірдің ешқандай артықтығы да жоқ. Өйткені, Барак Обаманың тұрмыстың ең төменгі сатысынан өскен саясаткер екендігін көрсеттік. Бəрі де қалыптасып, бəрінің де сыбағасы бөлініп, бұлжымастай етіліп орын-орындарына қойылған, ешнəрсе өзгертуге болмайды деген Америкада осындай адамның президент болуы – демократияның жемісі екені сөзсіз. Сонымен бірге, ол Барак Обама феноменінің күрделілігін де айқындай түседі. Əрине, Барак Обама алғашқы сайлауда аттай

шауып өткен жоқ. 538 таңдаушының 338-і Баракты қолдаса да АҚШ-тың негізінен ақ нəсілділер тұратын Алабама, Луизиана, Оклахома жəне Техас штаттарында ол өте төмен дауыс алды. Экзитпулдың анықтауына қарағанда, əрбір оныншы ақ нəсілді ғана оған дауысын берді. Бұлар АҚШ-тың құл иеленушіліктен көп уақыт бойы ажырағысы келмеген оңтүстік штаттары еді. Қалай десек те, мұндағы көп тұрғындардың санасында өздерін өзі артық санаушылықтың əлі де қалып қойғаны байқалып тұрды. Обаманың жеңісі АҚШ халқының үлкен бөлігін ғана емес, əлемнің көптеген елдерін жеңістің эйфориясына бөледі. Əсіресе, өз сыбағасына өз қолдары бірде жетіп, бірде жетпей жүрген елдердің қуанышы шексіз еді. Халық арасындағы «обамамания» деген бұл құбылыстың шарпуы кеше ғана біреудің қас-қабағына қарап өмір сүріп келген Қазақ еліне де тигені даусыз. Ал Африка, Таяу Шығыс елдеріндегі қуаныштың орны тіпті бөлек еді. Соның ішінде өз ұрпағы əлемдегі ең үлкен мансаптың басына шыққан Кенияның қуанышы тіпті шексіз болды. Халықтың қуанышы да тегін кетпеді, Барак Обама президент болған жылдарда орынсыз қантөгіс орын алған жоқ. АҚШ-тың Кубаға қатысты санкциясы біршама жұмсарды. Израиль өкіметі қаншалықты шағыстырып бақса да Обама: «Мен сырттан соққан шулы кедергілерді («шумовые помехи») тұншықтырып, тек Американың мүддесі тұрғысынан ғана əрекет етемін» деп, ешқашан Иранды бомбаламайтынын ашық айтты. Егер əкелі-балалы Буштар сияқты біреу болса Израильдің қысымына шыдай алмай, ендігі Ислам мəдениетінің тағы бір орталығы – ежелгі парсы қалалары да тас-талқан болар еді. Сонымен бірге, Б.Обама өзінің Ирак жөніндегі уəдесін ұмытпай, ол елден АҚШ-тың əскерін түгел шығарды. 2010 жылы Ресей Федерациясымен стратегиялық қаружарақты қысқарту жөнінде келісімге қол қойды. Барак Обама президенттік қызметті атқару барысында өзін кездейсоқ келе қалған адам емес, барлық жағынан дайындығы мықты саясаткер ретінде де көрсете білді. Əрине, оның қызметін тегіс сараптап шығуға бір мақаланың көлемі жетпейді. Жалғыз-ақ ел экономикасын тығырыққа тіреген қаржылық дағдарыс, табиғи апаттардың өзін де ол рейтингін көтере түсуге ептілікпен пайдалана білгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да ол екінші мерзімге аттай шауып өтті. Барлығы 538 таңдаушының 332-сі Обаманы жақтап дауыс берді. Яғни, таңдаушылардың 62 пайызға жуығы оның жағында болды. Бұл – АҚШ сайлауында сирек кездесетін құбылыс. Онда қарсыластардың айырмашылығы 2-3 пайыздан асуы сирек оқиға. Əрине, Барак Обама президенттікке сайланған кезден кейін қарапайым адамдар түсіне бермейтін жетістіктер де болды. Мəселен, 2009 жылдың аяғында-ақ оған Бейбітшілік үшін берілетін Нобель сыйлығы тапсырылды. Бұл сыйлық оған «халықаралық дипломатияны жəне адамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы төтенше күш-жігері үшін» деген тұжырыммен берілді. Ұзақ жылдар бойы бейбітшілік жолында тер төгіп жүрген қайраткер жəне осы істе танылған тұлға да емес, қалай алды деп таңқалғандар көп болды. Біреулер бұл Б.Обаманы халыққа таныту үшін жасалған акция деген ойлар да айтты. Дегенмен, бұл іс Б.Обаманы бейбітшіліксүйгіш істер жасауға ынталандырды. Соның ішінде 2010 жылдың сəуір айында Ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит ұйымдастырғаны ұтымды шықты. «Жақсыдан – шарапат» демекші, 47 мемлекеттің басшылары қатысқан сол саммитте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау жəне жою туралы бастамасы қызу қолданып, бүкіл əлемнің құлағына жетті. Барак Обама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жаһандық маңызы бар тұлға ретінде танып, оған айрықша құрмет көрсетіп отырды. Соның арқасында баяндама жасауға қол жеткізген 5-6 адамның бірі болып Қазақстан көшбасшысына да сөз берілді. Президент Н.Назарбаевтың сол саммитте айтқан сөздері əлемнің көптеген беделді басылымдарының беттерінде жарияланды. Екіжақты кездесуде де Барак Обама Қазақстанның бүкіл əлемдегі жəне аймақтағы қауіпсіздікті сақтау туралы ұсыныстарына үлкен баға берді. Ал Қазақстанның сол жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін «тарихи оқиға» деп бағалайтынын ашық айтты. Барак Обаманың бастамасымен шақырылған жаһандық саммит екі жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұратын болды. 2012 жылғы наурызда ол Сеул қаласында өтті. Ал 2014 жылғы саммит Нидерландыда өтетін болып белгіленді. Сеулдегі саммитте Қазақстан, АҚШ жəне Ресей Федерациясының президенттері бұрынғы Семей сынақ полигонындағы ынтымақтастық туралы мəлімдеме жасады. 40 мың шаршы шақырым аумақты алып келген аждаһаның азабынан бұл жердің 2004 жылдан бері үш мың шаршы шақырымдайы ғана қалпына келтірілген. Мəлімдемеде үш мемлекеттің осы аумақты толық қалпына келтіргенше бұдан əрі де ынтымақтасып жұмыс істейтіндігі айтылды. Б.Обама мəлімдемеге қатысты өзінің сөзінде үш мемлекеттің ядролық қарудың зардабын жою жолындағы ынтымақтастығы əлемге «игілікті үлгі» болатындығын айтты. Мəлімдеме жасау барысында екі алып мемлекет лидерлерінің ортасында тұрған Қазақстан Президентінің суреті дүние жүзін аралап кетті. Қазақстанды онша танымайтын бітеу кеуде жан болса да екі алыпты бас шұлғытып, ортасында тұрған мемлекет басшысына құрметпен қарағаны даусыз. Сеулде Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың көшбасшысы болып танылды. Осының бəрі Қазақстанның əлемге жақсы қырынан таныла түсуіне өлшеусіз ықпал етуде. Еліміздің Еуропаның қақ ортасында, осы құрлықтағы беделді мемлекеттердің бірі Бельгиямен таласқа түсіп, ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқын 70 пайызға жуық дауыспен жеңіп алуы да кездейсоқтық емес. Оның осы Барак Обама сияқты əлемдік тұлғаларды мойындата алудың арқасында қол жеткен табыс екені сөзсіз. Міне, қысқаша айтқанда, Барак Обаманың қазірге дейінгі қадамдары осындай. Президенттігінің екінші мерзімінде оның саяси таланты ұштала түсетіндігі тағы талассыз. Обама феноменінің қалай жалғасатынын уақыт көрсетеді.


 Тарих толқынында

 Замандас

Оқжетпестен Батысқа қарай апалы-сіңлілі үш ару шыңдары Көкше биігімен ұштасқан тұста еңіске қарай жебедей шаншылып жағалай түзілген жасыл қарағайлар көмкерген айналасы атшаптырым Хан алаңы бүгін жер қайысқан қалың қол. Алаңқай төріне доғаша иіліп кеп тізіле қалған қызқарағайларға арқа тіреген Тақыт тасқа төселген қалы кілемде сол қолын беліндегі алдаспанның сабына арта салып, қарағанын емес, қалағанын көргендей жанарын қай-қайдағы қияға қадап қаздиып отырған Абылай сəскеден бері жан-жағына көз тастап тіс жарған жоқ. Еңістегі ақпен өрген қыз бұрымындай қарағай-қайыңы аралас өскен желекті орманның қойнауына қаз-қатар тізілген ақбоз үйлердің алдында сауық құрған жастардың тау-тасты жаңғырықтыра шырқай салған əні де, жерошақтардан аспанға тік шаншылып ұшқан түтін де оны селт еткізер емес. Оның қабағын баққандай бағана шапағы Көкшенің ұшар басындағы Шайтантасқа шағылып, төңірекке жалқын бір жібек сəуле себездеген күн

алғаш көзге түсіп, елге танылуы Абылайға тікелей байланысты. Əбілмансұрдың Абылай хан аталып жоңғарларға қарсы аттанған алғашқы жорықтарының бірі болса керек. Шайқасқа топ бастап алдымен өзі кіретін əдетімен Абылай бұл жолы да қалың қолдан озық шығып кетіп, аз ғана нөкерімен қоршауда қалып қояды. Хан: «Жауға шабар қайсың барсың, кəне?» деп үш мəрте қайталағанда тырп етіп ешкім де орнынан қозғала қоймайды. Самсаған қалың найзаға нартəуекел деп бірден кеуде тоса қоюға жүрек дауалай қоюы қиын да ғой. – Бұл қазақта жауға шабар бір ұл тумаған ба?! – деп Абылай қатты қапаланып қайта дауыстағанда: – Қазақ жауға шапса сенен сұрап шаба ма, хан! – деп сонда есік пен төрдей сары ала ат мінген қақпақ жауырынды жігіт топтан суырылып шығып алға ұмтылады. Қалың қалмақты оңды-солды жайпап, қақ жарып өтіп, хан қосынын қоршаудан алып шығады. Қоршауды

– Аға, датым бар, тыңдасаң, – дейді. – Датың болса, айт. – Айтсам, жасағанның жазымы көп. Осы арада Ноян өлсе ер Сарының бір арам сідігі өлді дер де қояр ел. Ал осы арада батыр Баян өлсе ел не демек, жұрт бетіне мен қалай қарамақпын? Осы сөзді естігенде батырдың төбе құйқасы шымыр ете қап аттан қарғып түсіп жас Ноянды құшақтай алады. – Сендей жас жолбарысты көзі қиып кім өлтіруші еді. Мен де сені өлтіргелі келгем жоқ, ақыл айтып, жөн нұсқағалы келдім, шақыр Құралайды. Ағалы-інілі батырлардың құшақтасып жатқанынан-ақ бір жақсылықтың боларын сезген Құралай жүгіріп келіп Баянның аяғын құшақтай жығылып, кешірім сұрайды. – Айналайындар, қайын жұртқа барсаңдар

астасқан жеріндегі Абыл, Жарбол ауылдарында тұрады. Өз басым сол өңірдегі «Қарағанды» кеңшарында Баян ұрпақтарынан отыз шақты отбасы отырғанын көзіммен көріп, бірер үйінен дəм де татқаным бар. Ал Ноян Əбілқайыр ханның беделді батырларының бірі болып, біраз жас жасайды. Хан қосынымен: «Жаубасар!» деп жауға шауып, талай жеңістерге қол жеткізеді. Сондай шайқастардың бірінде əкесімен де ұшырасып қалады. Сан-сапалақ қазақ-қалмақ соғысының бірінде ер Сары жеті жерден жараланып, аты оққа ұшып, шолақ найзамен шайқасып жүріп қоршауда қалады. Жаралы батырды дұшпан тірідей алып кеткелі жатқанда сол ұрыста жүрген Ноянның көзі шалып қалып, төніп тұрған қалмақтың шенді батырын шаншып

н я о Н н е аян м

Б Сарбас АҚТАЕВ, жазушы.

5

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

көзі алашабыр бұлқа еніп, өңірге де, көңілге де көлеңке түсіргендей. Күн болса түске тармасып қалды. Қаздай тізілген жұрт тықырши бастады. Ханның қалмаққа аттанамыз деген хабарын алған бетте-ақ ордаға жиналған ел тек жарлықты ғана күтіп тұр. Жиналғандар жəне қазақтың кілең бір ығай мен сығай жақсы-жайсаңдары, сайыпқыран батырлары. Олардың арасында кім жоқ дейсің: шөккен қардай қарт қыран қанжығалы Бөгенбай, оның жас жолбарыс жеткіншегі Жантай, найзасын нажағайдай ойнататын бəсентиін Малайсары, оттан да адуын балталы Оразымбет, оқтан да шапшаң сіргелі Елшібек, өркеуде, ержүрек паң Шақшақ Жəнібек, қалмақтың тұтқынында ханмен бірге болған батыр Жəпек бар. Байжігіт, Тасболат пен Толыбай билер, əрі ақын, əрі батыр Қарабұжыр, тыңдаушысын топан жырдың толқынына тоғытатын Бұқар мен Тəтіқара жыраулар, ту баста Абылайды хан көтерген қарауылдың қамқоры Қанай шешен де осында. Бұғаудағы арыстандай бұлқынып, «аттан» деген сөз шықса-ақ атқа қонып тұра тартқалы тұрған батырлар, тақа болмаған соң Абылайдың өзі аға тұтып қадірлейтін Қанай биді ханға салады. – Хан ием, жауды жатқан орнынан басу үшін ертерек аттану керек еді, – деп Қанай би сөзін бипаздап бастады. – Ерте жүрген жолдан ұтады, кешіккен үлесінен құр қалады. Өңшең көкжал бөріні Бурабайдың жағасына жинап, иіріп отырғаның қалай? Екі иінін жұлып жеп жау тілеп тұрған көкжалдарды атқа қондырмайсың ба? – Баян, батыр Баян қайда? – деп хан ойын қарсы сұрақпен өреді. – Аруақты атынан-ақ қалмақтың қарадай жүрегі ұшып, құты қашатын Баян əлі келмей жатыр ғой. Дұшпанын өрттей жапырып, желдей сапырып мысын басатын Баянсыз қанатымды қалай жаямын? Наркескен алмас семсер Баян келмесе, бұл жорыққа Абылай аттанбайды, – деп бір-ақ кеседі. Кілең бір сен тұр, мен атайын көкжал бөрілердің шамына тиіп, намыстандырып алмас үшін хан сөзін Қанай би батырларға бипаздап, мипаздап тігісін жатқызып жеткізеді. – Елім деп еңіреп туған Баян батырдың күтсе күткендей-ақ ер екені бəріңе аян. Жебесі сауыт бұзбаған, найзасы шалғай сермелеген күні жоқ батыр: «Жау!» десе өзі де жатпас еді. Оның кешігуінде бір кəдік бар шығар. Тек қайран сұңқарымыз қапияда торға түсіп, тұлпарымыз аңдаусыз орға құламасын де. Қанайдың осы сөзінен кейін əлгінде ғана өрекпіп тұрған өңкей көкжал бірден басылып, күңірене күрсініп үзеңгілес серігін қанша болса да күтуге бел байлады. Қалың қолды талай күн күттіріп, ханның өзін қапа ғып, қатты алаңдатқан батыр Баян шынында да шамырқанса шарт сынар кескекті ердің сойы болған. Ол жаудан беті бір қайтпай жетпістен асқанша аттан түспеген кəдімгі уақ Сары батырдың шөбере інісі. Əдетте уақ Байдаұлы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз, Шоға, Мұрат болып бөлінеді. Шоғадан Байшық, Байыс, Сарман туады. Байыстан – Қырғызəлі мен Қозымерек. Қырғызəлі Баян батырдың төртінші атасы, ал Сары Қозымеректен тарайды. Көзсіз батырлығы үшін Сарыны ел Ерсары атап кеткен. Атақты Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында «Бөгембай, Ерсары, Асқар, Жабай, Көшек қалмақты қойша қырып, зар еңіреткен», деп осы Сарыны айтады. Олар жауын жайпап жүргенде Баян əлі қатарға кірмеген жас бала. Ол шамамен, қазіргі Қостанай облысындағы Обаған өзені бойында 1714 жылы дүниеге келген. Əкесі Қасболат темірден түйме түйген зергер ұста болған, ал анасы Ажар Сырым батырдың əкесі Даттың қарындасы. Баян Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның зардабын көзбен көріп, зар-мұңын көңіл елегінен өткізіп, соның қарымтасын қайтару үшін бар ғұмырын қалмақпен айқасқа сарп еткен əлгі Қожаберген жырлайтын қаһармандардың ерлік өнегесімен тəрбиеленген батырлардың жаңа бір толқынының басы. Оның қалыптасуына ағасы батыр Сарының əсер-ықпалы аса зор болғаны айқын. Ат жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, жауға шабарда екі көзі қанталап түк көрмейтін алып ағасының атын шылбырынан ұстап ұрысқа енгізетін ол ұзамай дұшпанға қарсы тізе қоса шайқасатын болған. Екі тарлан бөрідей қалмақтарды қойдай қырып, жапыра қуатын олардың аты «Сары – Баян» деп қатар аталып кеткен. Баянның батырлығымен, батылдығымен ең

бір бұзған жерде қаша ұрыс салып əрқайсысы топ жарып, қол бастаған өңкей көкжалдар аман құтылып, бас қолға кеп қосылып қайта бұрыла соғып жауын күйрете жеңеді. Дұшпанын жайпап, көңілі жайланып əбден орныққан соң Абылай: – Бағанағы сарала атты батырды тауып əкеліңдер, – деп жарлық береді. Алдында алып келген еңсегей бойлы, сақалмұрты енді тебіндей бастаған қыран қабақ жас жігіттің, кескін келбетіне разы болған хан: – Жауға шабарың бар, бір айттырмай неге үш айттырдың, – деп сұрайды. – Біріншіде, шаппағаным – төрдің төбесі, жолдың басы хандікі. Алдыңнан кесіп өтпейтін дедім, хан ием. Екіншіде, іркілгенім – алдыңда аға баласы арғын бар емес пе. Алдын орап жолын кеспейін дедім. Үшіншіде – өлімнен басқа қарайлайтын ештеңе қалған жоқ, – депті жас жолбарыс. Бұдан оның ерен батыр ғана емес, сөз жүйесін табатын айтқыр шешен, ой арнасын табатын ақылман көсем азамат болғаны аңғарылады. Соңынан ұзақ жылдар бойы үзеңгілес серік етіп наркескен ақылманым деп еркелеткен Баян батыр мен Абылай өзінше хандық дəрежеге ие болған кезінде танысыпты. Ақыл тұрмас қашқанда, Дегбір тұрмас сасқанда. Баяндай ерді көрмейсің, Бұрылып жауды шанышқанда, – деген өлеңді Абылай оның осындай ерен ерлігіне дəн разы болып айтқан екен деген нақыл бар ел аузында. Демек, ақылы мен алғырлығына батылдығы мен батырлығына сүйенетін, сүйсінетін сондай сенімді батыры келмейінше жорыққа жол тартпай ханның қасарып отырып алуы тегін емес. Ал Баян батырдың көп күттіріп кешігуінің де өзіндік сыры, өзгеше себебі бар еді. Бір жорықта жігіттері Баянға батырларша киінген, бес қаруы бойына ілінген, он бестер шамасындағы айдай ару қалмақ қызын алып келеді. Көзі тостағандай, пісте мұрын, гүл ерін жас сұлуға батырдың көңілі бірден құлайды. Бірақ сыр тартып байқаса, қыздың еркімен кеп тұтқынға түсуінің өзіндік себебі бар екен. Анасы – жағалбайлы қызы жаугершілікте қолға түсіп, тілі жат, діні жат қалмақпен еріксіз қосақталып, ғұмыр кешсе де жалғыз қызын қазақ дəстүрінде тəрбиелеп, түбінде ата-жұртын табуын аманаттапты. «Қазақ ортасына байсырап келгенім жоқ, – дейді ол тағы қазақ тілінде. – Қанша жыл пенде боп қалмақтан перзент сүйсе де, жүрегі мен тілегі туған жұртынан ажырамаған тіпті қалмақша Лағда есімімді айтпай, Құралай атаған анамның аманатын орындағалы келдім. Қаласаңыз, қарындасыңыз болайын, аға». Бұның астарында «арамызда біраз белбелестер жатыр, қосылайық деп қинамаңыз», деген тілек жатқанын сезген сұңғыла батыр сезімін сабырға жеңгізіп қызға ерік береді. Еншісі бөлінбей Қойбағар көлінің жағасын бірге жайлаған ауылы аралас, қойы қоралас Сары ағасының жеті ұлы болғанымен, қызы жоқ еді. Ол Құралайды табанда өкіл қыз етіп, киімшең бала ретінде үйге енгізіп ұлан-асыр той жасайды. Алайда, жүрек шіркінге жасар не амал бар. Сарының тоқалдан туған кенжесі тұлғасының төтенше ірілігіне орай құрдастары Ноян атап кеткен Қыстаубай өкіл қарындасына ғашық болып қалады. «Жас жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір деген емес пе. Бірақ, бір шаңырақтың астында өкіл болса да, «ағалықарындастың» қосылуына рұқсат қайдан! Əрі ойланып, бері ойланып серт байласқан екі жас елден қашып, жат жұртқа қарай бет түзейді. Бұны білген бойда-ақ Сары қатты ашуланып, Баян батырды шақырып алып, қашқындарды кайткенде де қуып жетіп өлтір деп жұмсайды. «Қыстаубайды өлтір де киімін қанына бояп, қару-жарағымен əкеп көзімше көм», деп қадап тұрып тапсырады. Аға сөзін екі ету дағдысында жоқ батыр дереу атқа қонып, екінші күні екінді кезінде қашқындарды Жолдыөзек бойында (Қызылжар қаласынан түстікке таман қазіргі Аралағаш ауылы маңында) қуып жетеді. Қайыңды орманның қылтасынан батырдың қарасы көрінгенде-ақ Ноянды сəл оздырып жіберіп Құралай аттан түсіп қалады. «Батыр аға, бұл іске бастан-аяқ кінəлі бір мен ғана, алдымен мені өлтіріңіз», – дейді қыз жалынышты үнмен. Батыр оған қарамай ағып өтіп Ноянға жеткенде, ол да аттан түсіп, басын иіп тұр еді. – Аға, кешір! Бір қателік өтті, кесем десең, міне бас, – деп мойынсұна берген жігіттің жігерін жанығалы Баян ақырып жіберді: – Басты кестіру оңай, жасты өсіру қиын. Тым құрыса айқасып өлсең еді!? Ноян басын тік көтеріп алып беліндегі қылышына барып қалған қолын тартып алады да:

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗ.

қалмақтар мазақ қып жерсіндірмейді. Мұнда қалсаңдар əкелерің өлтірмей тынбайды. Ноянжан, қайын жұрт сыншыл, өз жұртың міншіл, ең жақының нағашы болар. Нағашыларың жағалбайлыларға тарт. Шешең Мақпал жеңешемнің тілегі де осы. Ал əкеңе не деп барамын? – деп сəл ғана ойланып жан-жағын шола қарап тұрды да, шоқ қайыңның қылтасынан шыға келген орқоянды садағын тартып қап мұрттай ұшырып: «Əп, бəрекелді, алып келе ғой», деп Ноянды жұмсайды. Қоянды бауыздап жіберіп Ноянның жейдесін шешіп алып қанға бояйды да қоржынға салады. Сөйтіп, жастарға ақ батасын беріп, сəт сапар тілеп кері қайтады. Ағасына баласының қанға боялған көйлегін əкеп тапсырады да, сол күні түн қатып хан ордасына қайдасың деп Көкшеге тартып отырады. Баян батыр келісімен жорық дабылы қағылып, Абылай қолы қалмақтарға аттанып, өңмеңдеп Қарқаралы өңіріне келіп қалған ата жауын Қара Ертістен асыра қуып тастайды. Баян қатысқан жорықтардың бəрі қашанда сəтті аяқталып, жігіттер ұдайы жеңіспен оралып жүреді. Содан ба екен, Абылай оны ақбурадан кейінгі киесіндей көріп, əсте əспеттеп, еркелетіп еркін ұстаған. Абылайдың шөбересі, бабасының төңірегіндегі тұлғаларды терең зерттеген ұлы ғалым Шоқан Уəлихановтың «ХVIII ғасырдағы батырлар туралы тарихи оқиғалар» атты еңбегінде: «Абылай ханның: «Үш жүздің өз соңына ерген барша батырлардың ішінен қайсысы бəрінен артық көріп, қатты қастерлейсің?» деп сұрағанда... «Өз батырларымнан бəсентиін Малайсары мен уақ Баянды қадір тұтамын, бірі байлығымен, байсалды мінезімен баураса, екіншісі ақылымен, ержүрек өжеттігімен бəрінен де биік тұр», деп жауап береді», деп жазуы тіпті де тегін болмаса керек. Алайда жарық жұлдыз қашанда ұзақ жарқырамай, тез ағып түсетіні бар ғой. Баян батыр да сайын даласын ең соңғы жоңғардан тазарту сияқты асыл арманына жете алмай, жасы қырықтан енді асқанда өмірден ерте озды. Қысқа ғұмыр кешсе де, нұсқа боларлық ерліктер жасап, елге өнеге, ұрпаққа ұран болып қалады. Жалғыз жүріп қол жинап, сан қамалды жеке бұзған ол шағын жасағымен Іле бойында қалмақтың қалың қолымен шайқаста 1757 жылдың жазында опат болды. Бұл дерек Шоқанның: «Баян батыр мың сарбазымен Қытай империясына дейін қалмақтарды қуып тастап, елге оралып келе жатқанда жоңғарлар у сеуіп кеткен құдықтан су ішіп, біраз жауынгерлері уланып өледі, солардың ішінде батырдың өзі де бар еді», деп жазғанынан онша алшақ та емес. Əйткенмен, қызылжарлық Омаровтың былтырғы қараша айында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған бір пікірі назар аударарлық. «Батыр Баян 1759 жылы қанды айқаста ауыр жараланады, – деп жазады. – Ол кезде шартарапқа аты шаққан Еруəлі деген емші болған екен, сарбаздары найзаға салып батырды майдан шебінен алып шығып, Қарқаралыға қарай жол тартады. Бірақ еңбектері еш болып, батыр жолда көз жұмады. Оның жерленген жері қаракесектердің Шекшен бейіті Қарағанды облысының Нұркен Əбдіров ауылының аумағында». Осы дерек ден қойғызады. Себебі, ол Іле бойында опат болса, оның атында жер болу керек еді ғой. Өзі сияқты Малайсары батырдың атындағы тау талай тарихтан сыр шертіп, осы өңірде жатыр емес пе. Құдайға шүкір, Баян батыр ұрпақсыз емес, үрім-бұтақ зəузаты баршылық. Олар негізінен Солтүстік Қазақстанның Омбы облысымен

түсіріп, əкесін қоршаудан алып шығады. Есін жиған қарт батыр баласын танып: «Əй, арамсідік, сен əлі тірі жүр ме едің, кет жолымнан!» деп жарасынан қаны сорғалаған қалпы бұрылып жүре беріпті. Кəдімгі Н.В.Гогольдің «Тарас Бульбасындағы» қарт казактың поляк сұлуы үшін отанын сатып кеткен баласы Андрейді өзі оққа байлап: «Өзім туғыздым екен, енді өзім өлтіремін», дегені сияқты. Ата салтын аттап, аға беделіне нұқсан келтірген баласының ағаттығын, ажалдан алып қалса да, кешпейді қарт қыран. Сонда оның сексенге келіп қалған кезі екен. Еліне келе-ақ ұрыста алған жарақаты ушығып дүние салады. Əкесіне өкпелеген Ноян қайтып қарасын көрсетпейді. Тек араға 120 жылдай уақыт салып, ХIХ ғасырдың аяғына таман оның ұрпақтары Ақжайықпен қош айтысып, Сарының Есіл бойында тұратын əулетіне келіп қосылыпты. Олардан тараған біраз ұрпақ бүгінде Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданында тұрады. Жалпы, Баян батыр тарихи тұрғыдан көп зерттелмегенмен, аты аңызға айналған тамаша тұлға. Ол жайында ел аузында аңыз-əңгіме, өлең-жырлар да көп-ақ. Тұстастары Тəтіқара мен Үмбетей жыраудан бастап, талай ақын оның ерлігін ойға азық, жырға қазық етті. Əсіресе, қазақ жырының дарабоз дүлдүлі, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны оның атақ-даңқын тіпті аспандатып жіберді. Дастан бойынша түсірілген фильм оны байтақ елімізден тыс жерлерге де танытты. Əсіресе, фильм жарыққа шыққан жылдары ол жайында əр алуан пікір айтылып, біраз жұрт газет-журналдарға да ағылып жатты. Солардың бір-екеуі менің қолымда əлі бар. Біріншінің авторы Ноянның тікелей ұрпағы Уəлихан деген азамат. Ол қалмақ қызының аты Лағда емес, Құралай дей келіп, фильмдегі Құралай мен Ноянның Баян батырдың қолынан қаза табуын шындықтан шалғай, шын мəнінде екеуі де тірі қалған, батыр аға біріне де қол тигізбеген. Ноянның бес ұлының бірі Боздақ менің бабам. Одан Жантемір, Жантемірден Сейіс, Сейістен менің əкем Қуаныш туған дейді. Əлбетте, жеті атасын білуді парыз санайтын қандасымыздың білігіне дауымыз жоқ. Алайда, көркем шығарманың өз шарттылығы да бар екенін есте ұстаған абзал. Кейде кейіпкер келбетін айшықтап аша түсу үшін кейбір деректерді басқаша алуға да тура келеді. Ең алдымен, ұлы ақын Мағжан ел аузындағы аңыздың аясында қалмай, шығарманың көркемдік қуатын арттыру үшін шын деректі əдейі өзгертіп жібергені анық. Əйтпесе, бас кейіпкері қас батыр емес, боркемік, болбыр, көңілшек біреу болып шығуы мүмкін ғой. Ал фильмнің сценариін сол дастанның негізінде жазған жазушы Смағұл Елубаев та ақынның аруағын сыйлағаны анық. Қосымша деректер жинап, батырдың бүгінгі ұрпақтарымен əңгімелесіп, оқиғаны байытып, ойды ұштай түссе нұр үстіне нұр болар еді. Əйткенмен, екі шығарманың екеуінде де сайыпқыран сардар, көзсіз батыр Баянның кесек тұлғасы ойдағыдай сомдалғанын атап айтқан əділ болар. Ел барда ер тумай тұрмайды, ер барда жыр тумай тұрмайды. Баян батыр туралы да əлі талай жырлар туып, талай шығармалар жазылар. Сонда Баян-Ноян хикаясы да шындықтың шырқауына шығар деп ойлаймыз. Біздің борыш – соған түрткі салып, тақырып тамыздығын тұтату ғана. АЛМАТЫ.

Жігіт екенсіѕ, Лўќпан! Зəкір АСАБАЕВ.

Негізгі əңгімеге бірден көшейін. Лұқпан Сыдықов атты сегіз қырлы, бір сырлы жігітті сырттай білетінмін. Анығырағы, сонау жылдарда қазіргі атақ-даңқы əлемге мəшһүр «Досмұқасан» ансамблі өмірге келген тұстардан бастап. Сондағы кіл сен тұр, мен атайын өнерлі жігіттер шабыттана шырқайтын «Махаббат жырын» сан рет тамсана тыңдайтын сəттерден. Ансамбльдегі қыз-жігіттердің барлығы да дарынды еді-ау. Қайран Құрманай Əжібаева, Бақыт Жұмаділов өнер үшін жаралғандай емес пе еді?! Кейін ансамбльді құрған Досым Сүлеевтен бастап басқа салаға ауысып, бір-бір айтулы тұлғаға айналған сол өнерпаздар Мұрат Құсайынов қана тапжылмай ұстап қалған қара шаңырақтан қол үзбей, осы күнде де ауық-ауық сахнаға шығып тұратыны белгілі. Тек... «Махаббат жырын» орындағанда менің қосатыным: «Ой, жігіттер, жарайсыңдар!» дейтін белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері дəрежесіне көтерілген Шəріп Омаровтың да мезгілсіз бақилық болғаны неткен өкініш. Оның ансамбль құрамында жүргенде əйдік əнші Құрманаймен отау құрып, ерлі-зайыпты болғанын білетінбіз. Құрманай өмірден ерте кетті. Ал, Лұқпан Сыдықовтың ансамбль құрамында болған-болмағанын білмегенмен, ғашықтық ұранындай «Махаббат жырының» мəтінін сол жазғанына қанық болатынбыз. Оқта-текте о жер, бұ жерде кездейсоқ ұшырасып, қол алысудан аспай келсек, соңғы үш-төрт жылда білістігіміз артып, осы күндерде бір адамдай сыйласпыз. Қазіргі ғұлама ғалым, ұстаз, от ауызды, орақ тілді, білік-білімі мол, көңілі сара Лұқпанның ештеңеге де, еш нəрсеге де бей-жай қарамайтын аса ұсынақты екеніне куə боп жүреміз. Жоғарыда ол бəрінен бұрын туған жер, халқының мүддесін жоғары қояды дедік қой, сол сөзіміз – сөз! Енді осы топшылауымызға бір ғана мысал айтайық та, нүкте қояйық. Өйткені, оның кім екені, адами қадыр-қасиет, кіршіксіз бітім-болмысы содан да көрінетініне иман кəміл. – Сізді баяғыдан жақсы білемін, – деді бір ұшырасқанда қасындағы құдай қосқан қосағының көзінше. – Кезінде сіз 49 жылдан бері еңбектеніп келе жатқан «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазір «Парасат») журналы қандай еді, беу, дүние-ай! Сол басылымның қазіргі ахуалына, егер сенсеңіз, жаным қатты ауырады. Төрт-бес мың деген не, тəйірі. Бізде тұрған ештеңе жоқ, əрине. Əйтеуір қолдан келетіні, сенсеңіз де, сенбесеңіз де айтайын, қазір əр жылы 50 дана журнал жаздыртып жүремін. Жəне маған солай ет деп ешкім өтінген де, міндеттеген де емес. Өзімнің жүрек əміріммен. Журналдың баяғы даңқын сыйлағаннан. Бір кезде атағы аспанға шарлаған басылымды басқарған Мұса Дінішев, Сапар Байжанов ағаларымыз бен замандасымыз болған Баққожа Мұқайдың рухы үшін. Мұны дұрыс түсініңіз. Қалай жаздырасың демей-ақ қойыңыз. Ол жағын өзім білемін. Бəлкім, жалақыма болса да. Жо-жоқ, журналды əлі күнге əспеттеп, сыйлайтын менен басқалар да бар ғой, солардың арқасында. Құдай қаласа, ден сау, бас аман болса, алда да солай бола береді. Егер журналға осы айда үлгермесек, келесі айдан алатын етіп жазыламыз. Əйтеуір, мақтанды дей көрмессіз, бұл шын сөз. Мақтанды демейміз, əрине. Жан сырын ақтарып отырған Лұқпанға алғыстан бөлек не айтасың. Осы сəтте «Парасатты» ардақтаудан танбай, жыл сайын жаздырып алатын Молдахмет Қаназов, Үмбетбай Уайдин, Ояз Бименов сынды бірқатар басқа азаматтар да ойға оралған-ды. Ал, өзін «Досмұқасан» ансамблінің байырғы мүшесімін деп есептейтін (шындық та солай), сол ұжым орындайтын əндердің мəтінін жазған іні досыма айтарым: «Жігіт екенсің, Лұқпан!». АЛМАТЫ.

Кґрме Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Семей заман белестерінде» фотокөрмесі ашылды. Көрмеге Семей қаласы тарихиөлкетану мұражайының алтын қорында сақталып келген Семейде XIX-XX ғасырларда түсірілген бірегей көне фотосуреттермен қатар қаланың бүгінгі келбеті бейнеленген туындылар қойылған. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Көрмеге келушілер XIX ғасыр соңындағы қаланың шет алқаптарын бейнелеген Ф.Трейеров, XX ғасырдың бас кезіндегі қала көріністерін бүгінгі ұрпаққа мирас еткен ескі Семейдегі фотошеберхана иесі И.И.Дюков, К.Н. Могилевцев, Ф.Н.Белослюдов, сол сияқты, жаңа қаланың өмірінен сыр шертетін фотосуреттердің авторы В.Павлунин сынды шеберлердің еңбектерімен таныса алады. Көрме арқылы, сондай-ақ, əр жылдарда шығарылған фотоаппарат үлгілерімен де танысуға болады. Көрмеден Анатолий Михайлович Хмелев пен Евгений Николаевич Михайлов тəрізді топтама жинақтаушылардың отбасылық мұрағаттарынан алынған фотосуреттер де орын алған. ӨСКЕМЕН.


6

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

 Дүние жəне дағдарыс қарады деп күтілуде, одан кейін ол 2014 жылы 0,9 пайызға жəне 2015 жылы 1,4 пайызға артатын болады. Бүтіндей алғанда, 2012 жылы көлемі небəрі 3,5 пайызға ғана ұлғайған əлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының өсу қарқыны 2013 жылы 6 пайызға жəне 2015 жылы 7 пайызға жетуі тиіс. Міне, өзіміз аңғарып отырғандай, жоғарыда келтірілген сандар нақа бөрікті аспанға ата қуанатындай цифрлар емес, тек көңілге демеу боларлықтай ғана көрсеткіштер. «Табыс деңгейлері жоғары елдер экономикаларының осалдығы дамушы елдер экономикаларының өсуіне тежеу жасауда. Дегенмен, бұл жағдайда ішкі сұраныс деңгейінің жоғарылығы мен «ОңтүстікОңтүстік» желісі бойынша экономикалық байланыстардың нығаюы дамушы елдер экономикаларының тұрақтылығына сенімді тірек қызметін атқарады, соның арқасында 2012 жылы (осымен екінші жыл қатарынан) дамушы елдердің үлесіне əлемдік өсімнің жартысынан астамы тиіп отыр», дейді Дүниежүзілік банктің Экономикалық болжамдау департаментінің директоры Ханс Тиммер.

болды. Əсіресе, еуроаймақпен тығыз экономикалық байланыс орнатқан елдердегі өсім айтарлықтай дəрежеде көбірек баяулады. Оның есесіне табиғи байлықтары мол мемлекеттер шикізат бағасының өсуінен ұтысқа шығып, соның арқасында өсім айтарлықтай тұрақты күйінде қалды. Болжамдарға сəйкес 2013 жылы өңірлік ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны 3,6 пайызға, ал 2015 жылы 4,4 пайызға жетпек. 2012 жылы Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері өңіріндегі ІЖӨ-нің өсуі 3 пайызға дейін қысқарды. Ол 2011 жылы 4,3 пайызды құраған болатын. Бұған бірқатар ірі елдердегі ішкі сұраныстың құлдырауы жəне сыртқы конъюнктурадағы қолайсыздық себепкер болды. Өңірдегі ең ірі экономика – Бразилияда есепті өсу қарқыны 2012 жылы небəрі 0,9 пайызға ғана жетті. Осыған байланысты бірқатар ірі елдер қазірдің өзінде инфрақұрылымдық инвестициялар көлемін ұлғайту шараларымен қатар, еңбек қатынастары жəне салық салу салаларында реформалар жүргізуде. Мұның өзі өңірдегі өсімді тежеп отырған кейбір құрылымдық проблемаларды шешуге жағдай жасауы тиіс.

Ґткен жыл ќорытындылары не дейді? Дүние дидарын жайлаған дағдарыстың созылмалы сырқатқа айналып бара жатқан түрі бар. Сырқат болғанда да, осы өткен мерзім ішінде оған қарсы ешқандай дауаның табылмауына қарағанда, оның мүлде ем қонбайтын сырқат болып шығуы да əбден мүмкін. Қазіргі таңда дүниенің төрт бұрышында болып жатқан оқиғалар дəл осындай ойларға жетелейді. Рас кейбір алдын ала жасалған болжамдар жұртшылықты болашақта жағдай жақсарады дегенге сендіргісі де келеді. Дегенмен, əлемнің əр түкпірінен жетіп жататын ақпараттарда көңіл жұбатарлық жақсылықтардан гөрі, алаңдатарлық мəліметтер басымдау. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жаһандық қаржы дағдарысы басталғаннан кейін төрт жыл өткенде əлемдік экономика сол баяғы тұрақсыз күйінде қалып отыр, ал табыстарының деңгейі жоғары елдердегі өсім бұрынғысынша əлі де оншалықты айтарлықтай емес. Осындай пікірлер келтірілген Дүниежүзілік банктің таяуда жарияланған «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты баяндамасында дамушы елдерге еуроаймаққа жəне АҚШ-тың салықтық-бюджеттік саясатына байланысты тəуекелдерді азайту үшін күш-жігерді буферлік механизмдерді нығайтумен қатар, өзінің экономикалық өсу əлеуетін дамытуға шоғырландыру қажет екендігі атап көрсетілген. «Экономиканың қалпына келу үдерісі ахуалды тез арада жақсарту жəне неғұрлым сенімді экономикалық өсімге қайта оралу перспективаларын күңгірттендіре отырып, тұрақсыз жəне белгісіз күйінде қалуда, – деп мəлімдеді Дүниежүзілік банк тобының президенті Джим Ен Ким. – Осы уақыттарға дейін дамушы елдер ерекше тұрақтылық танытты. Дегенмен «қол қусырып отыруға» жəне табыс деңгейлері жоғары елдердегі экономикалық өсімнің қайта қалпына келуін күтіп отыра беруге болмайды, сондықтан да біз дамушы елдерге инфрақұрылымға, денсаулық сақтау мен білім беруге инвестицияларды қаржыландыру тұрғысында одан əрі де ықпал ете беруіміз керек. Ол, өзіміз білетіндей, олардың болашақта қол жеткізуі мүмкін экономикалық өсімін жеделдету үшін негіз қалайды». Өткен жылы дамушы елдерде соңғы онжылдықтағы ең бір төменгі экономикалық өсу қарқыны байқалды, оның өзі белгілі бір жағдайда еуроаймақта 2012 жылдың мамыр-маусым айларындағы дүдəмалдықтың өсуіне байланысты орын алды. Содан бері əлемдік қаржы рыногындағы конъюнктура айтарлықтай жақсарды. Дамушы елдерге əлемдік капиталдың құйылуы қайта қалпына келді (2012 жылдың екінші тоқсанында оның 30 пайызға құлағанына қарамастан), ал облигациялар шамамен 282 базистік пунктке тең ұзақ мерзімді ортадан төмен деңгейге дейін төмендеді. Маусым айымен салыстырған-

да дамушы елдердің қор индексі 12,6 пайызға өсті, ал бұл уақытта табыс деңгейлері жоғары елдердегі қор рыноктарының өсуі 10,7 пайызды құрады. Дегенмен, орын алған өзгерістерге экономиканың нақты секторы тарапынан болған реакция бір қалыпты деңгейде қалды. Дамушы елдердегі өндіріс көлемі өсті, бірақ бұған инвестициялар деңгейі мен экономикалары дамыған елдердегі өнеркəсіптік белсенділіктің төмендігі тежеушілік келтіруде. Болжамдар, міне, осылай дейді. «Экономиканы U үлгісіндегі траекториямен қалпына келтіруге деген үміт W үлгісіндегі траекторияға деген үмітке ауысты, ендігі жерде əлемдік өсімнің «алфавиттік» болжамы барған сайын күрделене түсуде. Əзірге табыс деңгейлері жоғары елдер үкіметтері өздерінің фискалдық саясатының тұрақтылығын арттыруға талпынып жатқанда, олардың өздерінің фискалдық жəне ақша-кредит саясаты сенімді жəне ішкі рынокта қалыптасқан жағдайларды ескеруі үшін дамушы елдер экономикасы дамыған елдердегі əрбір тербелісті алдын ала болжауға деген ниеттен бас тартуы тиіс», деп атап өтті Дүниежүзілік банктің аға вице-президенті жəне бас экономисі Каушик Басу. Дүниежүзілік банктің бағалауына сəйкес, əлемдік ішкі жалпы өнімнің өсуі өткен жылдың маусым айындағы болжам бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде болады делінгенімен, 2012 жылы 2,3 ғана пайызды құрады. 2013 жылы өсу қарқыны іс жүзінде өзгермейді, сөйтіп 2,4 пайызды құрайтын болады деп күтілуде, ал одан кейін біртіндеп ұлғайып, 2014 жылы 3,1 пайызға, ал 2015 жылы 3,3 пайызға жетеді. Есептеулер көрсетіп отырғандай, дамушы елдердегі ІЖӨ 2012 жылы 5,1 пайызға өсті жəне тиісінше 2013 жылы – 5,5, 2014 жылы – 5,7 жəне 2015 жылы 5,8 пайызға артуға тиіс. Табыс деңгейлері жоғары елдердегі өсімді бағалау осыған дейінгі болжамдармен салыстырғанда төмендеу жағына қарай қайта қаралды жəне ол 2012-2013 жылдары 1,3 пайызды құрап, одан кейін 2014 жылы 2 пайызға жəне 2015 жылы 2,3 пайызға ұлғаятын болады. Егер еуроаймақ елдеріндегі өсімге келер болсақ, ендігі жерде оң маңызға қарай өсімге оралу тек 2014 жылы ғана болады деп болжанып отыр. Ал 2013 жылы ІЖӨ 0,1 пайызға қыс-

Еуроаймақтағы дағдарысты реттеуде алға басушылықтың болмауы, АҚШ-тағы борыштық жəне фискалдық проблемалар, Қытай экономикасына инвестициялардың күрт қысқару мүмкіндігі, сондай-ақ əлемдік рынокқа мұнай жеткізудегі іркілістер жаһандық экономиканың дамуын баяулатуы мүмкін тəуекелдер қатарына жатады. Дегенмен, бірқатар болжамдарға қарағанда, осынау тəуекелдердің іске асу ықтималдығы мен əлеуетті теріс ықпалдары азайды, ал табыс деңгейлері жоғары елдер экономикаларының тез қалпына келу мүмкіндігі күткендегіден көрі арта түсті. Дамушы елдердің басым көпшілігінде фискалдық тұрақтылық проблемасының болмауы жағдайында бұл елдердегі мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыш 2007 жылға қарағанда анағұрлым көп. «Өз экономикасының, оның өсуін баяулататын тəуекелдердің теріс ықпалына тұрақтылығын арттыру үшін дамушы елдер жұқарған бюджеттік жəне валюталық резервтерін біртіндеп қалпына келтіріп, халықты əлеуметтік қорғау жүйесін нығайтып жəне азық-түлік қауіпсіздігін арттыруы тиіс», деп атап көрсетті Əлемдік макроэкономика мəселелері жөніндегі басқарушы жəне баяндаманың жетекші авторы Эндрю Бернс. Белгілі болған бағалаулар бойынша, 2012 жылы Шығыс Азия жəне Тынық мұхиты өңірінде экономикалық өсім баяулап, 7,5 пайызды құрады. Ол 2011 жылы 8,3 пайыз болған еді. Мұның өзі сыртқы сұраныстың төмен деңгейіне жəне Қытайда инфляцияны тежеуге бағытталып қолға алынған экономикалық шараларға байланысты орын алып отыр. Ішкі сұраныстың тұрақты болуына байланысты Қытайды ескермегенде өңірдегі төмендеу онша елеулі бола қойған жоқ. Жыл соңына қарай қаржы рыноктарын тұрақтандыру шараларына жəне Қытайдың экономикалық саясатты жұмсартуына байланысты бүкіл өңір аумағында экономикалық белсенділік арта түсті. Болжам көрсетіп отырғандай, өңірлік ІЖӨ-нің өсуі 2013 жылы 7,9 пайызға өсіп, 2015 жылға қарай шамамен 7,5 пайыз деңгейінде тұрақталатын болады. Бұл жағдайда Қытай экономикасының өсімі 2013 жылы 8,4 пайызды құрап, 2015 жылға қарай 7,9 пайызға дейін қысқаратын болады. Болжамдарға сəйкес, Еуропа мен Орталық Азия өңірінде ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2012 жылы 2011 жылғы 5,6 пайыздан 3 пайызға дейін күрт қысқарды. Оған негізінен өңірдің сыртқы сұраныс деңгейінің төмендігі, еуропалық банктер тарапынан борыштық қаржыландыруды қысқарту, өткен жаздағы құрғақшылық, сол сияқты шикізат бағалары туындатқан инфляциялық қысым сияқты проблемалар себепкер

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңіріндегі өсім қарқынына бұрынғысынша саяси белгісіздік пен кейбір елдердегі ішкі толқулар кері əсер етуде. Бағалаулар бойынша өңірлік ІЖӨ 2012 жылы 3,8 пайызға өскен. Ол 2011 жылы 2,4 пайызға қысқарған болатын. Өсімге біраз уақыт соғыс өрті құрсауында болған Ливия мұнайын өндірудің қайта қалпына келтірілуі мен Ирак экономикасының одан əрі сенімді түрде өсуі түрткі болды. Сонымен бірге, осы өңірдегі мұнай импорттаушы елдердегі экономикалық өсім сылбыр күйінде қалуда. Бағалаулар бойынша, ол 2012 жылы 2,5 пайызды құрады. Болжам көрсетіп отырғандай, 2013 жылы өңірлік ІЖӨ-нің өсу қарқыны 3,4 пайызға дейін төмендеп, тек 2015 жылы ғана 4,3 пайызға ұлғаймақ. Мұндай болжамдар қазіргі орын алған белгісіздік азайып, ішкі толқулар тынышталады, соның арқасында туристер ағымы артып, өңірлік экспорт көлемі қайтадан ұлғаятын болады деген көзқарастарға арқа сүйеп отыр. Оңтүстік Азия өңірінде ІЖӨ-нің есепті өсу қарқыны 2012 жылы 5,4 пайызға дейін құлдырады. Оған негізінен Үндістандағы экономикалық өсімнің күрт қысқаруы салқынын тигізді. Болжамдар бойынша үстіміздегі қаржы жылында ІЖӨ өсімі 5,4 пайызды құрайтын болады. Сыртқы əлемдік сұраныстың төмендігі өңірге тəн ерекше факторларға деген ықпалды бұрынғыдан да бетер күшейте түскен, дейді осы мəселеге қатысты пікір білдірушілер. Олардың қатарында экономикалық саясаттың беймəлімдігі, сонымен бірге, муссонды жаңбырлар маусымында жылдағыдай нөсер жауындардың болмауы сияқты факторлар бар. Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде 2012 жылы 4,6 пайыз мөлшеріндегі сенімді өсім сақталды. Осы өңірдегі ең ірі экономика саналатын Оңтүстік Африканы қоспағанда өңірлік ІЖӨ көлемі 2012 жылы 5,8 пайызға артты. Сонымен бірге, өңірдегі елдердің 3,1-і кем дегенде 6 пайыз өсімді көрсетіп отыр. Мұндай өсімге ішкі сұраныстың тұрақты болуы, шикізатқа жоғары бағалардың сақталуы жəне экспорт көлемінің артуы мен еңбек мигранттарынан ақшалай аударымдар ағынының тұрақты болуы жағдай жасады. Болжамдарға сəйкес 2013-2015 жылдары аталған өңірде өсім 5 пайыз шамасына тең дағдарысқа дейінгі орта жағдайда сақталатын болады. Өткен жылдың кейбір қорытындылары мен алдағы жылдарға қатысты Дүниежүзілік банк жариялаған баяндамада келтірілген мəліметтер негізінен алғанда, міне, осындай. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жағдай жақсарып келеді деуге əлі ертерек. Ал, алдағының қалай боларын, əрине, уақыт көрсетеді.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

АЌШ президенті ант ќабылдады Жексенбі, 20 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обама елдің қайта сайланған президенті ретінде ант қабылдады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйде өткен салтанатқа президенттің отбасы мүшелері ғана қатысқан. Президент антын АҚШ Жоғарғы сотының басшысы Джон Робертс қабылдады.

Ал инаугурацияға арналған негізгі шаралар 21 қаңтарда өтті. Осы күні Барак Обама Капитолий сарайының алдына жиналған АҚШ азаматтарына сөз арнады жəне антын қайталады. Мерекелік салтанатта елдің əнұранын əнші Бейонс орындады. Атап өтейік, Б.Обаманың алғашқы төрт жылдағы президенттік мерзімі 20 қаңтарда Вашингтон уақыты бойынша сағат 12.00-де аяқталған еді. Бұл күн жексенбі болғандықтан, АҚШ-тың соттары жұмыс істемейді.

1,5 миллион доллар тґлеп ќўтылды Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан қонақ үй күтушісі Нафиссату Диаллоға 1,5 миллион доллар көлемінде өтемақы төледі. Бұл жөнінде француз басылымдары СтроссКанның жақындарының айтқандарына сілтеме жасай отырып, ақпараттар жариялады.

Басылымдардың келтірген деректеріне қарағанда, келісімде аталған 1,5 миллион доллар Н.Диаллоны Стросс-Канға қарсы азаматтық іс қозғаудан бас тартқызып отыр. Диалло бұл қаражаттың 30 пайызын өзінің адвокаттарына төлейтін көрінеді. Стросс-Кан мен Диалло арасындағы дауды реттеуге өткен жылдың желтоқсанында қол жеткізілген сияқты. Бұдан бірнеше ай бұрын 6 миллион доллар жөнінде əңгіме шыққан болатын. Оны ХВҚ бұрынғы басшысының адвокаттары жоққа шығарды.

Тїрмеден шыєармайтын тїрлері бар Кеше Украинаның бас прокуратурасы өздерінің сайтында елдің экс-премьері Юлия Тимошенконың қатысуымен болған бейнежазбаны орналастырды. Онда экс-премьерге 1996 жылы Жоғарғы раданың депутаты Евгений Шербаньның өліміне қатысы бар деген күдік бойынша ресми хатты табыс еткендігі көрсетілген.

Тимошенко ресми хаттағы қаулы мəтінімен танысып шығып, оған қол қойған. Ол өзін орнықты ұстаған жəне дауыс көтермей сөйлескен. Аталған бейнежазба, сондай-ақ бас прокурордың Украинада тіркелген шетел дипломатиялық миссиялары өкілдерімен өткен кездесуі барысында да көрсетіліпті. «Мұнда ешқандай саяси мəселе жоқ, тек тергеу материалдары ғана бар. Барлығы тексерілген соң, осы іс бойынша сот тиісті шешім қабылдайды», – деп атап өткен елдің бас прокуроры. Украинадағы аса ірі «Атон» қаржы корпорациясының басшысы, депутат Е.Шербань 1996 жылы Донецк əуежайында атып өлтірілген еді.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  АҚШ-тың Альбукерк қаласында 15 жастағы жасөспірім өз үйінде ер адамды, əйелді жəне үш баланы атып өлтірген. Ол тұтқындалды, полиция оқиға себептерін тексеруде.  Чили диктаторы Аугусто Пиночеттің жақтастары Куба басшысы Рауль Кастроны 80-жылдары Чили режіміне қарсы күрескен қарулы топты қаржыландырды жəне оларға қару-жарақ жеткізіп тұрды деп айыптады.  Мексикада есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен 158 полицей тұтқындалды. Олардың 110-ы Лердо қаласының, 48-і көршілес Гомес Паласио қаласының полиция қызметкерлері.  Алжир газ кешеніндегі арнайы операцияның ресми қорытындысын жария етті. Терроршылардың қолынан кепілге алынған 23 адам қаза тапса, арнайы мақсаттағы жандармерия 32 терроршының көзін жойған. 685 алжирлік жəне 107 шетел азаматы құтқарылған.

Елуден астам адамныѕ ґлі денесі табылды Нигерияның оңтүстігіндегі Анамбра штатындағы Ока қаласы арқылы өтетін өзеннен жергілікті тұрғындар 50-ден астам адамның өлі денесін тапты. Бұл жөнінде «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.

Адамдар мəйіттеріне Амансеа деревнясының тұрғындары өзеннен су алуға келгенде кез болған. Олардың бір бөлігінде адамдарды күштеп өлтіру белгілері анық байқалған. Анамбра штатының полицейлері жəне оған көршілес Энугу штатының құқық қорғау органдары адамдардың өлтірілуіне не себеп болғанын, олардың мəйіттерінің өзенге қалай тасталғанын қазірге анықтай алмай отыр. Комиссар Муса Даур соңғы кезде полиция бұл өңірде қандай да бір қақтығыстың болмағанын айтады. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатуда. Өйткені, осы өзен суын бес елді мекен тұрғындары пайдаланады екен.

Əуежайларда ќиын жаєдай ќалыптасты Еуропаның бірқатар елдерінде қалың қар түсуі мен қар аралас жауын салдарынан əуе кеңістігі жолдарында қиын жағдай қалыптасты. «Рейтер» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, дүйсенбіге қараған түні Лондонның «Хитроу» əуежайында 260 ұшақ рейсі кейінге шегерілген.

Ал Париждің «Шарль де Голль» жəне «Орли» əуежайларында ұшуға тиіс барлық рейстердің 40 пайызға жуығын ауыстыруға тура келген. Бұл негізінен ішкі рейстерге қатысты. Сондай-ақ қалааралық бағыттарға жүретін жолаушылар автобустарының жүру кестесі де бұзылған. Еуропа елдерінің əуежайларындағы жағдай дүйсенбі күні де жалғасады деп күтілуде. Өйткені, синоптиктер қалың қардың түсуі əлі де жалғасады деген болжам жасап отыр.

Сайлау аштыќ жариялаудан басталды Кеше Арменияда президенттік сайлау науқаны ресми түрде басталды. Кандидаттардың бірі – саясаттанушы жəне «Радио-ай» директоры Андреас Гукасян сайлау додасын аштық жариялаудан бастады. Ол екінші мерзімге сайлануға ниеттеніп отырған елдің қазіргі президенті Серж Сергсянның сайлаудан өз кандидатурасын алып тастауды талап етуде.

«Новости Армения» агенттігінің хабарлауынша, Гукасян өткен аптада аштық жариялаған. Оның мəлімдеуінше, биліктегі Республикалық партиядан кандидат қазіргі президент «өзінің қызмет жағдайын асыра пайдаланады, ол лайықты бəсекелес болып табылмайды». Сонымен қатар, Гукасян президенттікке кандидат өзге де үміткерлерді президенттік бəсекеден бас тартуға шақырды. Арменияда президенттік сайлау 18 ақпанға белгіленген. Орталық сайлау комиссиясы сегіз адамды кандидат ретінде тіркеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

 Жыр жаһаны

 Өнеге

Ақын Кəдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бүгінге дейін оның «Қарқара, қайда барасың...», «Сарыала қаз – сағыныш», «Шертер» атты жыр жинақтары жарық көріп, оқырмандардан жақсы бағасын алған. Жақында ғана «Қазығұрт» баспасынан «Үркерауған» атты жаңа жыр жинағы шықты. Ол – Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты.

Їркер

Жасырмай көк шілтері, Мұңлы сəуле бүркеді, Үйіріліп үнсіз тұр Үйсінтаудың үркері. Көк тəңірі үр демеп, Айналасын нұр бөлеп, Үйсінтаудың үркері Үйіріліп тұр бөлек. Ұқсап алып кемеге, Ұқсап алып денеге, Күрсінгендей Үйсінтау Үркер ауса төбеге. Үйсінтаудың үркері, Үмітімді түртеді. Үйірілген жұлдызы, Бабам көшкен жұрт еді...

Əр адам – өзінше бір əлем. Өмірден орнын тауып, соған қарапайым болмысымен, парасат-пайымымен қызмет ете білудің адами өнегесін танытып келе жатқан ізгілігі мол азамат Асқарбек Макиннің жеке əлемі де өзіне тəн шынайылығымен ерекше. Оның өмірбаяндық түпнегізін əріден бастаса, киелі Шыңғыстауды мекендеген аталарының өткен ғасырдың қилы кезеңдеріндегі соқтықпалы, соқпақты тағдыр жолдарына шегініс жасауға тура келер еді. Бай-шонжарлар, елді қанаған феодалдардың құйыршықтары деген қызыл саясаттың қудалауымен Тобықты Ырғызбайдың Өскенбайдан кейінгі

Қорқау құрдымға қара жырадай, Жұтылып жатыр жұлдыз-ғұмырлар.

Бекітіліп шатыр бекем, Оңалды ма ел күтімі. Ауыл бейғам жатыр ма екен, Түзу ұшып түтіні? Құшақ жайып қазағым кең, Нығайды ма нау мекен. Арақ деген əзəзілден, Жастар есен-сау ма екен?..

Теѕеу Ақ бұлттар көшуде өр елге, Ауылдағы аяулы түтіндей. Ай туды – тамаша өлеңге, Алтынмен қойылған үтірдей.

Талға қырау қатты ма екен, Қарқараның буынан. Тəтті мекен, бақты мекен, Қасиетті құбылам!

Ґрім

Елдің қамы ойлағаны, Алматыда жүр балаң. Ауылының арман-əні Ой-өрісін шыңдаған.

Жанарды жасқа бұлап, Жүрегім бір аунады. Алматы аспанынан Аппақ қар қылаулады. Ауадан шалына аттап, Кекілге дір қонады. Қылау қар қазір аппақ, Ал ертең ...кір болады. Ғұмыры келте кешкі, Ақ қардың төзімі – қыл. Бүгін – үр, ертең – ескі, Өмірдің өрімі бұл.

Тїнгі Алматы Нəзіктеу жүрек налаға бөкті, Əуеден көріп гүл құлағанын. Самаладай боп санаға жетті, Мұңлы келбеті түнгі қаланың. Алып дененің тамырларындай Жолдарда жүйткіп оттар ағады. Жын-ойнақ əлем сарындарындай Шырқалып жатыр ақшалар əні. Қырын берсе де сырын бермейді Тылсым тірліктің қалың қатпары. Қалталыларға күлімдейді енді Түнгі қаланың кəнизактары. Тұнып тұр шаһар ашуға, шуға, Қиянат етпей араққа қылдай. Есенин жазған ғасыр басында Мəскеудің масаң кабактарындай. Бусанған үйдің балкондарынан, Байшыкештердің барағы үреді. Тар көшелерде талтаңдап ұлан, Сақылдап түнгі қала күледі. Тап болар тағдыр талабына қай, Көше кезеді кіл мұңлы қыздар.

Асќарбек

құзырындағы мəселе болғандықтан, мұны облыс басшылығына жеткізіп, солар арқылы Мəскеуге шығудан басқа лажы қалмады. Жігерлі директор бұл өзекті мəселені облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Ливенцовтың назарына іліктірудің төте жолын тауып, ақыры ойлағанын жүзеге асырды. Жұмысының жақсы жағынан аталуы кім-кімді де жігерлендіріп, қолға алған ісін одан сайын өрлетуге деген ынтасын арттырады емес пе. Осындай көтеріңкі көңіл-күйде министрліктің төралқа жиынына келген Асқарбек Макин министрдің бұйрығымен енді Жезқазған облыстық сүт өндірісі бірлестігіне бас директор бо-

жазушы.

Бөлексазда аяз ба екен, Түсті ме екен қар қалың. Малдың қоңы ояз ба екен, Қымтады ма ел жан-жағын?

Табиғаттың ерек шағын, Қарсы алды ма ел түйініп, Қыр ішінде Бөлексазым Жатыр ма екен бұйығып?

жасай білетін мамандар тауып, өндіріс орнының өз мүмкіндігін пайдалану. Бас инженердің тікелей ұсынысымен Есік қаласында тұратын неміс ұлты өкілдерінің арасында темірден түйін, ағаштан ою оятын, қолынан өнері төгілген шеберлердің басын құрап, зауыт жанынан құрылыс цехы мен ұстахана ашу жобасын жасап, аз уақыттың ішінде оны шұғыл іске асырып та үлгерді. «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, нығыздағыштарды зауыт өзі жасап, пайдаланып, тіпті осы бөлшекпен бас қала Алматының сүт бірлестігіне қарайтын зауыттарды да қамтамасыз ететін жағдайға қол жеткізді. Қала

Мəди АЙЫМБЕТОВ,

Саєыныш

Қоңыр кеште қоңырайып, Қамығады қоңыр ұл. Ауылды біз сағынайық, Жар болғай деп Тəңірім!

Енді маєан... Анашымның мейірімі, қуанышы, Əрқашан да тұрады жетпей маған. Т.Молдағалиев. Десек те ұрпақ жалғап өмір өлмес, Көңілім қуаныштың көбіне ермес. Енді маған ешкім де ешқашан да, «Садағаң кетейін!» – деп еміренбес. Шаттықтың жапырағын тонап қайғы, Санаға сəн мен əнді жолатпайды. Енді маған ешкім де ешқашан да, «Түріңнен айналайын!» – деп айтпайды. Жегі мұң жан жүйемді тұмшалайды, Шыңымды қара желін бұлт орайды. Көрпемді қымтап жауып таң алдында, Енді ешкім маңдайымнан сипамайды. Тұз-дəмімнің жүретін батасы боп, Сынығыма жүретін оташы боп, Құшағына мені ешкім алмайды енді, «Құдайдың бере салған ботасы!», – деп. Қуарды бір-ақ сəтте көңіл бағы, Мені ешкім еркелетпес ендігəрі. Бейішке бетті түзеп кете бардың, «Жар болсын жаратқаның», – дедің дағы... Кəдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ. АЛМАТЫ.

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Ой

7

екінші ұлы Өсерден туған немересі Мақа əулеті киелі Шыңғыстаудан Алатау асып, Қырғыз жері мен Меркі өңіріне қоныс аударуға мəжбүр болады. Содан бері де араға талай жылдардың дүрмегі түсті. Бүгінде абыз жасы, кемел жетпіске жігіттей жігерлі қалпымен иек артқан Асекең – ұлы Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясына кейіпкер болған Ырғызбайлардың бірі Мақаның немересі. Ал өз əкесі Мəлгаждар – Оразбайдың туған жиені. Қай жағынан келгенде де атадан балаға дарыған тектілік сипаты осы бір ізгі көңілді ақжарқын азаматтың жан-дүниесінен, өмірлік ұстанымынан əркез айқын аңғарылып тұратындай. «Мен – əке-шешемнің кенжесі едім, əкем Мəлгаждар майданнан жаралы болып оралғанда тілім жаңа шығып келе жатқан сəби кезім болса керек. Жаз айларының ішінде бір күні аяқ астынан үйге көнетоз əскери киім киген адам құшағын ашып кіріп келгенде, оны жатырқап, «үйге Мəкең деген бір кісі кіріп алып шықпай отыр», – деп жыламсыраған күйі далаға атып шығыппын, – дейді балалық шағын еске алған Асекең. – Қырқыншы жылдардың соңы, елуінші жылдардың басында ел тұрмысы əлі түзеліп кете қоймады. Мектептегі оқудан мойын босаған жаз айларында тірсегіміз майысып, колхоздың жұмысына жегілеміз. Еңбекке ерте бастан баулындық. Ойлап отырсам, бір жағы күнкөріс, бір жағы шыңдалу мектебі болыпты сол кезеңдер...» Еңбекке шыңдалу мектебінен алған сабақтар Асекеңнің өмір жолында өзінің көп пайдасын тигізгені хақ. Жамбыл технологиялық институтынан басталған оқуын Бішкек политехникалық институтында жалғастырып, тəмамдап, сүт тағамдары өндірісінің инженері деген мамандық алған жас өрен кейіннен осы саланың ірі ұйымдастырушысы, басшысына дейінгі жоғары білікті кəсіби, лауазымдардың сатыларынан өтті. Күнделікті тұтынымдық жағынан алғанда тамақ өнеркəсібінің жетекші салаларының бірі болғандықтан, сүт өнімін шығару кəсібі жетпісіншісексенінші жылдары қабілетті іскер ұйымдастырушыларға зəру болатын. Ұлттық кадрлардың қатары бұл өндірісте мүлдем мардымсыз болатын. Шын мəнінде өзінің кəсіби таңдауына адал берілген Асқарбек сынды жас мамандар сол кездері саусақпен санарлықтай еді. Жиырма бестегі жанып тұрған жігіт іске құлшына кірісіп кетті. Инженер-технолог дипломын желеу етіп, салғаннан бірден инженер болмадым деген мансапшыл сезімге берілмеді, Алматы зауытында əуелі қатардағы ауысым шебері, одан соң цех бастығы жұмысын атқара жүріп, өндірістің қырсырына қанықты, қаныға жүріп үйренді, үйрене жүріп, білгенін басқаларға үйретті. Өзін жылдар бойы шыңдаған еңбектің алғашқы қадамын жас маман Макин осылайша сəтті бастады. Тəулігіне шығаратын өнімінің 95 пайызын сол кездегі ел астанасы, миллионға жуық халқы бар Алматыға беретін Есік сүт зауытында бас инженер, одан соң Ақтөбе қаласының сүт зауытында директор, Жезқазған облыстық сүт зауытының бас директоры, құрамында 13 зауыты бар Алматы сүт өндірісі бірлестігінің бас директоры қызметін атқарып, барлығы жиырма жылдан астам осы саланың бүкіл сан-салалы тіршілігімен біте қайнасып, аянбай тер төгіп өнегелі еңбек ете білу екінің бірінің пешенесіне жазылмаған абырой. Есік зауытындағы бас инженерлік жұмысын сүт шикізаты ысырабын болдырмаудың амалынан бастады. Үнемшілдік табыстың, берекенің кепілі екенін сөзбен емес, іспен көрсетті. Арнайы ыдыстарға сүт құйғыш шүмектердің нығыздағыштары (сальниктері) тозғандықтан əр ыдысқа құйылатын сүттің біразы далаға кетіп жатқанын көріп, дереу іске кірісті. Осындай қарапайым бөлшек одақ көлемінде Украинаның Мелитополь деген қаласында ғана жасалатын. Ал оған арнайы барып немесе тапсырыс беріп əуреге түсу уақыт алады əрі бірсыпыра қаражатты керек етеді. Мұны ойдағыдай шешудің бір-ақ жолы – соны

жұрты үшін сүт тағамының ішінде өтімдісі – айран. Технология бойынша айран екі түрлі – термостаттық жəне резервуарлық əдіспен дайындалады. Жаңа технологияны енгізуді өзінің жеке жауапкершілігіне алған Макин айранды жаңа əдіспен жасауды тез арада жолға қояды. Жаңа əдіспен дайындалған өнімге арнайы зертханалық сараптама жасалып, жоғары сапа белгісі беріледі. – Сүт өнеркəсібі министрлігінің басшылары менің бас инженер қызметімнің осындай азды-көпті нəтижесін байқады ма, əлде барған жердегі былықтарды жөнге келтірудегі шектен тыс белсенділігімді тағы да бір сынап көргісі келді ме, жұмысты жүргізе алмай кеткен бұрынғы директордың орнына қоймай, мені Ақтөбенің сүт зауыты директорлығының қызметіне жіберуді ұйғарды. Қарсы болмадым. Жастық жігердің асып-тасып тұрған шағы, өмірді көру керек. Қыс іші, сары аязы сақылдап, деміл-деміл бораны ұлып, уілдеген қаладағы жаңа жұмыс орныма келгенде арындаған есіл көңілім құлазып, еңсем түсіп кетті, – деді Асекең 1974 жылдың қақаған қаңтар айын есіне түсіріп. – Мұнда да сол Есіктегі жағдай алдымнан шықты. Ондағы 150 адам істейтін зауыттан анағұрлым үлкен, төрт жүз адам жұмыс істейтін бұл зауыттың іші-сырты азып-тозған. Екі қолды төмен салып, ұнжұрғаны түсіру – жеңіліске пара-пар, дереу іске кірісу керек деген шешімге келген жас директор жергілікті «Ауыл шаруашылығы техникасы» мекемесінен электрмен жылытатын жылу қазандығын алдырып, жұмыс орнына жылу бергізді. Қыс ішінде зауыттың екі қабатты кеңсесінің азынаған жұмыс бөлмелерінде бүрсеңдеп отырғандардың өңдеріне қан жүгіріп, əйелдер жағы сəнді киімдерін киіп, ажарланып шыға келді. Жұмыс орнының жағдайын тездетіп түзеп алған соң жаңа директор сүт тің өндірістік процесіне қажетті бу қазандығын қолға алды. Зауыттың тəулік бойы үзіліссіз жұмыс істеуі бу қазандығына байланысты. Ол бір сəт тоқтаса, өнім дайындаудың бүкіл процесі тоқталады. Ал көмірмен жағылатын бейнеті көп кочегарлық жұмысына жөні түзу адам табылмайды, табылғандары көбіне араққұмар, қайдағы бір қағылғансоғылғандар. Олардың тірлігі түнгі оңашалықта арақ ішу. Соның салдарынан қазандықтың жылуы азаяды немесе мүлдем тоқтап қалады. Күнара төтенше жағдай, оларды жұмыстан қусаң орнына адам табу қиын. Директор қасына инженерді, механиктерін ертіп алып, түні бойы қазандықтың отын өшірмеудің қамымен сабылып жүреді. Жұмысты бұлайша дұрыс жолға қоюдың мүлдем мүмкін еместігін, қазандықты зауыттан елу метр жерден, теміржолдың арғы бетінде өтіп жатқан магистральды газ құбырына қосуға жəрдем етуін өзінен жоғары тұрған облыстық сүт бірлестігінің басшылығына əлденеше рет айтып, тиісті нəтиже шығара алмаған директор бəрібір алған бетінен қайтпады. Зауытты газ құбырына қосу Одақтық Госплан деген дөкей мекеменің төрағасы Байбаковтың

əлемі

лып тағайындалды. Қалалық деңгейдегі зауыттың басшысынан облыстық дəрежедегі өндіріс орнына бас директор болу, əрине, жоғары лауазым болатын. Тағы да нартəуекел. Алматыдан жедел Жезқазғанға аттанып, сол жақтан келіншегі Ақжанға телефон соғып, мəнжайды айтады. Сондағы телефон арқылы Ақжанның айтқан сөзінің əлқиссасы «Ол зауытыңның қазандығы қандай екен?» деген сауалдан басталғанда ол еріксіз күліп жіберді. Қайда барса да, таусылмайтын бу қазандығының жыры кішкентай ұлдары Əділет пен Дəуренді бағып, отбасының жағдайымен үйде отырған Ақжанның жанына да батып жүргені бір жағынан күлкі шақырса да, аяулы жарының жарғақ құлағы жастыққа тимей шаруаны күйттеген оның тынымсыз да толассыз тірлігіне енжар қарамайтындығы көңіл сарайына ұмытылмастай өзгеше бір жылылық ұялатқаны əлі күнге дейін Асекеңнің жадында жүр екен. Жезқазғандағы ерен еңбегінің нəтижесі оны Қазақстандағы сүт өндірісінің жігерлі ұйымдастырушысы, басшысы ретінде біржола танытты. Бір кездері еңбек жолын ауысым шебері болып бастаған Алматыдағы ірі бірлестікке əуелі бас директордың орынбасары, артынша бас директоры лауазымына тағайындалды. Тəулігіне үш облыстан – Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарының шаруашылықтарынан түсетін 600 тонна сүттен жасалатын 100-ден астам түрлі сүт тағамдарын қаланың сауда, қоғамдық тамақтандыру орындары, балабақша, аурухана жəне тағы басқа, небəрі 1200 нүктесіне жеткізіп тұрған үлкен өндіріс орны ақаусыз жұмыс істеді. Төрт түлік малдан алынатын сүттің бəрінен өнім шығару, халықтың дастарқан мəзіріне, əсіресе қымыз бен шұбатты молынан ұсыну ісін сексенінші жылдардың басында бірлестіктің бас директоры тікелей өз бастамашылығымен қолға алды. Түргеннен əрі қырық шақырымдай жоғары Асы жайлауында бие сүтінен қымыз ашытатын шағын цех аштырып, күніне он тоннадай қымыз Алматы зауытының қымыз бен шұбат цехында арнайы ыдыстарға құйылып, қасиетті сусын дүкен сөрелерінен орын алды. Ал шұбатты зауыт цехына Сартауқұмдағы түйе өсіретін кеңшар тікелей өздері жеткізіп тұрды. Екі жарым мыңдай адам жұмыс істейтін кəсіпорынға Алматы түбіндегі Дмитриевка кеңшарында орналасқан сүт зауытының жанынан қой, шошқа, тауық, үйрек ұстайтын қосалқы шаруашылық ашу да сол жылдары бас директордың аса ден қойған жұмысының бірі болды. Жұмысшылар мен мамандарды арзан етпен, жұмыртқамен, тағы басқа да ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету Үкімет тарапынан қолдау тапқан ең қажетті іс еді. Не керек, сол кездегі бүкілодақтық социалистік еңбек сайысының қатарынан екі-үш жыл мəртебелі бас жеңімпазының туын желбірете ұстап, ҚСРО бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің Алтын кітабына құрметтеліп аты жазылған, одаққа мəлім болған əйдік кəсіпорынның беделі дүркіреп-ақ тұрды. Бірлестік бас директорының осынша бедел мен

абыройға ие болуы бір жағынан жеңіс болса, екінші жағынан өзінен бір саты жоғары отырған іші тар пенделердің қызғанышы мен көре алмаушылығын өршітті. Бірлестікке бірінен кейін бірі тексерулер келіп, жоғары жаққа үстінен көрінеу жала жабылған əртүрлі арыздар түсе бастады. Бұрынғы бастықтардың кезінде шығынға ұшыраған мүлік пен қаржыны түгендеуден ештеңе шығара алмасын білгендер оған енді ұлтшыл, протекцияшыл деген жаламен күйе жағуды қолға алды. Пəлен мың адам жұмыс істейтін кəсіпорында ұзын саны оншақты қазақ ұлтынан шыққан, өзіне жерлестік, туыстық жағынан ешбір қатысы жоқ, іске қабілетті қаракөз мамандарды қызметке тартуы басшы ретінде кадр саясатын дұрыс жүргізе алмады деген кінə болып жабысты. Орталық Комитеттің келісімімен тағайындалатын ірі кəсіпорынның лауазым иесі үшін оңай кінə емес еді, бірақ бұл да дəйегін таба алмады. Жоғарыдағыларға жалтақтайтын жергілікті билік оның кінəсіздігіне көзі жете тұрса да, араша тұруға шамасы жетпеді. Сонау бір кездері Ырғызбай тегінен шыққандарды қудалаған кеңестік қызыл саясаттың өктемшіл билігінің зорлығына солардан қалған асыл тұяқ Мақы əулетінің перзенті, елінің тұлғалы, тұғырлы азаматы Асқарбек алайда қайыспады. Асекеңнің халқымыздың көрнекті ақыны, қазақ өлеңінің дүлдүлі Ғафу Қайырбековпен, қазақ лирикасының талантты тарланы Жарасқан Əбдірашевпен азды-көпті шығармашылық байланыста болған кездері де бар. Олар мұның орысша жазылған біраз өлеңдерін қазақшаға аударған болатын. Бірнеше кітапқа топтастырылған əр жылдардағы жыр циклдері ой-сезімі тұнық Асекеңнің шабытты əлемінің өзіндік бір кіршіксіз нышаны екені сөзсіз. Тоқсаныншы жылдардың басында Асекең банктен пайыздық несие алып дегендей, өзінің кəнігі ұйымдастырушылық қабілетіне сеніп шағын кəсіпкерлікпен айналысуға бел буды. Қала ішінен сатып алынған бір аумақ жерге дүңгіршектер мен дүкен салып, мейрамхана, тойхана кешенін тұрғызды, бильярд клубын ашты. Содан соң сол сауда-демалыс кешенін бұзып орнына жеке бизнесінен түскен табысына көп пəтерлі үлкен сəулетті тұрғын үй кешенін тұрғызды. Үй тұрғызып, ұрпақ өсіріп, ағаш отырғызып, өмірлік із қалдыру сияқты азаматтық сертін Асекең өмір бойы мүлтіксіз атқарып келеді десек, артық айтқанымыз болмас. Жанын күтіп, алаңсыз да жайбарақат күн кешетін ендігі осынау жылдардың өзінде де оның адами əлемінде бəрібір тыншу болған жоқ. Алматының экологиялық жағдайының нашарлап бара жатқаны, оны жақсартуға пəрменді шаралардың əлі күнге қолға алынбауы Асекеңді кəдуілгідей-ақ ойландырып жүрді. Таудың тұйық шұңғыл аңғарында орналасқан, екі миллионға жуық халқы бар қала ауасын бүлдіріп жатқан түтін мен газдың 20 пайызы əртүрлі қазандықтар, жеке үйлер мен кəсіпорындардың мұржаларынан шығып жатса, ал 80 пайызы автокөліктерден шығатын газ екен. Ал осы ластанған ауаның құрамы 200-ден астам əртүрлі зиянды да улы химиялық заттардың қосындысы. Жасыл желекті қаланың ауасын ластап, тынысын тарылтып тұрған экологиялық осындай қияметтен жан түршіккендей. «Баспасөз беттеріндегі, жұртшылық аузындағы ұрандаған сөздер жазылып-айтылып, сол күйі қала береді. Нақты іске бел шешіп кірісетін бір пенде жоқ, бұл қалай?» деген ой көңілін мазалай берген еді. Бос сөзден гөрі нəтиже шығар іске беріле ден қоятын қашандағы дағдысымен үлкен ұлы Əділет екеуі қала жағдайында қолданысқа ыңғайлы, аса көп шығынды қажет етпейтін фильтрлі ауа тазалағыш қондырғысының əртүрлі жобасын жасап, оған Əділет министрлігінің авторлық құқықты қорғау жөніндегі органының ресми түрде 2007 жылы 2 мамырда тіркелген №292 патентін алады. Үлкен көшелер мен магистральды ұзын даңғылдар бойына да, жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің маңдайшаларына да орнатуға ыңғайлы көлемі шап-шағын, қалыңдығы жұқа монитор іспетті «Керемет» деп аталатын фильтрлі ауатазалағыштың техникалық тиімділігін куəландырып патент алғанда Асекең ойға алған ісі біржола орындалғандай қуанған еді. Көк түтіннің ысына тұншыққан өзінің көркем Алматысының тынысы ашылатынына мəз болған оның бұл қуаныш сезімі алайда көп ұзамай су сепкендей басылды. Əкелі-балалы өнертапқыштардың ұсынған жаңалығына қала басшылығы да, Экология министрлігі де пəлендей құлшыныс таныта қоймады. Өзгелерге əрі-беріден соң өзінің осы тірлігі бір өзіне қажет, атағын шығару үшін ғана жасаған əрекет сияқты көрініп жүрген шығар деген күмəнді ойға берілуге мəжбүр болды. Əйтсе де ерте ме, кеш пе, бəрібір өз қолымен жасалған пайдалы істің жүзеге асатынына деген кəміл сенім оны алдағы күндерінің үмітті жеңістеріне қарай жетелей береді. Өмір туралы өз əлеміндегі түсініктанымынан айнымай, өзінің адами болмысының дұрыс қағидасын ұстанатындардың санатындағы адамдар, бəлкім, осы Асекеңдердей-ақ болар...


8

www.egemen.kz

түрлі энергияға тəуелділікті азайту мақсатын көздейді. Біз оның ғаламдық салдарын қазірдің өзінде көрудеміз – ол мұздықтардың еруі мен озон қабатының жұқаруынан танылуда. Елімізде энергияның баламалы көздерін, соның ішінде жел қуатын пайдалануды дамыту үшін нақты ғылымды дамытып, жағдай жасау қажет. Ол үшін тек жел мен судың, күннің болуы ғана жеткіліксіз. Көрме өткеннен кейін қалған нысандардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде пайдаланылады.

22 қаңтар 2013 жыл

көлемінде қаржы тартқан. Шанхай таксопаркі экологиялық таза ресурстармен жүретін 1000 машинаға толыққан. Осылай жалғастыра беруге болады. Сарапшылардың айтуынша, көрме өткізу нəтижесінде Шанхай Пекин Олимпиадасына қарағанда 3 есе артық пайда түсіріпті. ЕХРО-ны өткізудің қай жағынан да пайдалылығына мұнан артық қандай нақты дəлел керек? Осындай жақсылық бізді де күтіп тұрғандығы талассыз. Бұл көрмені дайындау барысында Астананың инфрақұрылымы сөзсіз дами-

Елдік мəртебе ЕХРО-2017 кґрмесініѕ Астанада ґтуі – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ таєы бір əлемдік жеѕісі Серік АБДУЛЛАЕВ,

«Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы – президенті, Алматы қалалық мəслихатының депутаты.

Əлем мемлекеттері бəсеке заманында түрлі таңдауын жасап, өзіндік даму жолын табуда. Таңдауынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолында тағы бір жетістікке жетті, яғни елордамызда «Болашақтың энергиясы» тақырыбында əлемдік ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мəртебесіне ие болдық. Аз уақытта Елбасы Н.Назарбаевтың озық та өміршең, тұғыры биік, көреген саясатының арқасында Алаш жұрты əлеуеті жарасқан, іргесі берік, беделі зор мемлекетке айналды. Қазақстан өз дамуында экономикасы дамыған елдердің тəжірибесін қайталауға емес, керісінше, талдап-қорытуға ұмтылып, олар үшін өз нарығын аша отырып, əлем елдерін экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын бірлесіп іздеуге шақырды. Ел тізгіні сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолында болғаны біздің елімізге зор нəтиже бергенін тарих айғақтап отыр. Бұл мықты саясат өз елімізде ғана емес, өзге елдердің де қызығушылығын тудырып отырғаны белгілі. Қуатты Қазақстанды құру үшін қуатты экономика керек, ендеше ЕХРО-2017 біздің елдің дамуына зор серпіліс беретін аса маңызды шара болмақ. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: Бұл – əлемнің біздің еліміздің Тəуелсіздік жылдарындағы табыстары мен қол жеткізген биіктерін мойындағанының белгісі. Сондықтан ол – жалпы еліміздің жарқын табысы. Нəтижелі табысқа қол жеткізген жұмыстары үшін осы іске қатысқан барлық мамандар мен қызметкерлерге өзімнің алғысымды білдіремін. Бұл – жалғыз Астананың емес, жалпы Қазақстанның жеңісі, деп осы жетістіктің ерекше маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Бұл ұлы сенімге де Елбасы – қазақ ұлтының нар тұлғасы Н.Назарбаевтың əлем саясаткерлерінің арасындағы асқақ абыройының арқасында қол жеткізілгенін барша жұрт біледі. ЕХРО-2017 көрмесін ТМД елдерінде, бүкіл түркі əлемінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Көлемі жағынан Олимпия ойындары мен дүниежүзілік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрғаны осы көрме. Көрме мен үшін таныс сала болғандықтан, ЕХРО-2017 Қазақстанға əлем елдерінің арасында үлкен бедел жəне абырой əкелетініне толық сенімдімін. Оларды атап-атап айтар болсақ, мына жайларға баса көңіл бөле аламыз. Ең алдымен, көрменің өткізілуі Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуына нақты əсер етеді. Қазақстанда «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін көрме дəс-

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рəпіл Жошыбаев мəлімдеген болатын. Оның негізінде Зерттеу орталығы құрылады. Оны «Назарбаев Университеті» АҚ қарауына беру жоспарланған. Бұл елімізде ғылым саласын дамыту жолындағы үлкен саяси қадам болмақ. Енді көрменің саяси əсерін атайық. Дүниежүзілік көрмелердің тарихына көз жүгіртсек, ол 1851 жылы Лондонда өткен Барлық халықтардың өнеркəсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен бастау алғанын жəне осы уақытқа дейін жалғасуда екенін көреміз. Көрме қызметін реттеу мақсатында 1928 жылы Парижде Халықаралық көрмелер бюросы құрылды. Қазіргі күнде бұл ұйым халықаралық құрылымдардың ең ежелгі жəне таңдаулыларының бірі болып отыр. Оның құрамына 157 мемлекет кіреді. Соған байланысты Халықаралық көрмені өткізетін мемлекет саяси тұрғыдан тұрақты əрі беделді болуы шарт. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшін зор мерей. Үлкен саяси мəні бар мұндай табысқа қол жеткізу еліміздің беделін еселей түскені айдай əлемге аян. Мұны қазіргі таңда бүкіл əлем баспасөзі жарыса жазып жатқаны белгілі. Бұл дегеніңіз орны бөлек ерекше саяси мəртебе. ЕХРО-2017 көрмесінің экономикаға əсері нақты болмақшы. Көрмені өткізуге дайындық барысында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып, шағын жəне орта бизнес, өнеркəсіп жəне өндіріс ошақтары дамудың жаңа белесіне түседі. Мысалы, 2010 жылы Шанхайда өткен дүниежүзілік көрменің нəтижесінде мынандай нəтижелерге қол жеткені мəлім. Қытай павильоны үстінде орналасқан күннен энергия алу панельдері 30 мың шаршы метр жақын маңдағы нысандарды күн энергиясымен қамтамасыз еткен. Көрменің жалпы ауқымы 5,28 шаршы шақырымды қамтып, оған 190-нан астам мемлекет жəне шамамен 73 млн. адам қатысқан. Көрме ұйымдастырушыларға 12 млрд. доллар пайда əкелген. Орта бизнес табысы кем дегенде 20 пайызға артқан. ЕХРО кезінде Шанхай кəсіпорындары түрлі жобаларға 1,2 млрд. доллар

ды, сонымен қатар жаңа қонақүйлер салынып, көптеген жұмыс орындары ашылады. Көрмеге қатысты құрылыстар, түрлі əзірлік жұмыстары қала экономикасының барлық салаларына оң ықпал етеді. Құрылыс өнеркəсібі, көлік, туризм, соның ішінде демалыс орындары, əлеуметтік салалар қысқа мерзімде қарқын алып, жұмыс орындары көбейеді, сауда-саттық ауқымы ұлғаяды. Көрменің Қазақстанның сыртқы имиджіне əсері қандай деген мəселенің де басы ашық. Астанаға көрме өткізілетін 3 айдың ішінде 5 миллионнан астам адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл сансыз инвестор, саясаткерлер, туристер, журналистер, яғни Қазақстанның əлемдегі имиджін қалыптастыруда үлкен орны бар адамдар тобы. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бұған дейін экономикалық тиімді инвесторлар мекені болып келген еліміздің іскерлігі мен қолда бар мемлекеттік қуатымызды көрсетуге толық мүмкіндік береді. ЕХРО-2017 көрмесінен жалпы адамзат жарқын болашақтың сүйіншіге толы жаңалықтарын күтетінін де естен шығармағанымыз абзал. Қазірге дейін əлемде осындай 63 көрме өткізілген екен. Осыған дейінгі 161 жыл ішінде Халықаралық көрме бюросының өзіндік мұрасы қатарында Лондондағы Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы, сол қаладағы Александр ІІІ көпірі, əлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон – Венадағы Ротонда, Мельбурндегі патшалық көрме павильоны сияқты сəулет өнерінің ғажап туындыларын атай аламыз. Мұның бəрі əлемдік көрме өткізу нəтижесінде қол жеткізген баға жетпес дүниелер болып табылады. Астана көрмесінің басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ендеше, ЕХРО-2017 көрмесі де жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарға толы болатынына сенеміз. Алдағы кезде салынатын ғимараттар мемлекетке табыс əкеліп, ел игілігіне негізделген экономиканың қозғаушы күшіне айналары хақ. Астана əлем елдері үшін татулықтың жəне бірліктің ғана нышаны емес, сонымен бірге елордамыз баршамызды өзінің жаңа да əсем сəулетімен таң қалдыруда. Ұлтаралық тамыры терең достығы бар мемлекеттің көрмеде көрсететін жетістіктері мол болары талассыз. ЕХРО-2017 болашақ энергиясы мəселесіне қатысты жаһандық мəселелерді шешетін, сол арқылы адамзат баласына қызмет ететін ғылыми жаңалықтарымен тарихта қалары сөзсіз. Қазақстанды қуатты əрі жаңашыл технология отанына айналдыру жəне күшті мемлекет құру жолында Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың барша жұрттың рухын көтеруге септесетін тағы бір ізгі бастамасын баршамыз қолдаймыз. Елдік сынына айналатын бұл аса маңызды іс-шараны абыроймен өткізуге, əрине, бəріміз атсалысамыз.

Сəттілік сыйлайтын банк

Жақында экспресскредит ресімдеген Шымкент тұрғыны Бейбіт Алтаевқа банктен қоңырау шалмас бұрын, жас жігіт түрлі ұтыс ойындары мен байқаулардың адалдығына мүлдем сенбейтінді. Енді ол өзінің қуанышын өзгелермен бөлісуге дайын. Өйткені ол Альянс Банктің «Автокөлік сыйлыққа» акциясының он екі жеңімпазының бірі атанды.

Альянс Банктен 12 отандасымыз сыйлыќќа автокґлік алды

– Мен автокөлік туралы бұрыннан армандап жүргенмін, сол себепті банкке кредит алуға жүгінген болатынмын. Туысым, Альянста акция өтіп жатыр, оның шарттары бойынша, экспресс-кредит ресімдесе Daewoo Nexia автокөлігін ұтып алуға мүмкіндік бар екені туралы айтып берді, – дейді Бейбіт Алтаев. Банктен қоңырау шалып ұтысым жайлы хабарлағанда, мен сол сəтте сене қойған жоқпын, сондықтан да филиалға келіп менеджермен əңгімелескенде ғана шынайы қуандым. Өмірімдегі бірінші алған кредитім осындай ұтыс əкеледі деп ойламап едім. Альянс Банктің барлық клиенттеріне бақытқа сенуге ұсыныс беремін жəне де банк басшылығына, барлық қызметкерлеріне өзімнің алғысымды білдіре отырып, өркендеу, табыс жəне жаңа жетістіктер тілеймін. Арнайы, автокөлік ұтып алу мүмкіндігін сынап көру үшін, ең аз мөлшерде кредит ресімдеген жаңа автокөліктің келесі жеңімпазы болып Алматыдан Дамира Смағұлова атанды. Сəттілік шынымен де оған бұйырды! Осылайша, Альянс Банкі жаңажылдық мейрамдар қарсаңында тек үлкен сыйлықтар сыйлап қана қоймай, оларға ғажапқа жəне армандардың орындалуына сенуіне күш сыйлады. Автокөліктердің кілттерін сыйлыққа тарту, Альянстың əрқашанда өз клиенттерінің жағдайын ойлап, олардың өмірін жарқын əрі жағымды етуге тырысатындығының нағыз куəсі болып табылады. – Соған қоса банктің барлық өнім түрлері, қазақстандықтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына икемделіп əзірленген, – деп мəлімдеді Альянс Банкі бөлшек сауда бизнесінің директоры Марина Нұрпейісова. – Қазіргі таңда біз Қазақстандағы экспресс-кредит пен депозиттер бойынша ең

тиімді мөлшерлемелерді ұсынамыз! Айта кететін жəйт, біз тек мұнымен ғана тоқталып қоймаймыз, бұдан да бəсекеге қабілетті өнімдерді ұсынып, қазақстандықтардың игілігі үшін банк қызметкерлері əрі қарай жұмыс жасайды! Сонымен, «Автокөлік сыйлыққа» акциясы қорытындысы бойынша 12 жаңа «Daewoo Nexia» автокөлігі Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Өскемен, Атырау, Қарағанды жəне Ақтөбе қалаларына бұйырды. Бөлшек сауда клиенттерінің санын көп мөлшерде қамту үшін ұтыс ойыны екі кезеңде өткізілді. Бірінші 6 автокөлік 17 қарашада өткізілген болатын, ал қалғандары болса, 5 қаңтарда жаңажылдық

Қоғамдық орындардағы бұзақылық пен көше қылмыстарының жолына тосқауыл қою мақсатында Алматы қалалық ішкі істер департаменті бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі екі мыңнан астам ерікті полиция көмекшілері мен ішкі əскердің жеті жүзден астам сарбазы қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға жұмылдырылған. Оған қоса, көшелерде жаяу тəртіптік шолу жасайтын топтар мен көлік бағыттары да екі есеге жуық көбейтіліп отыр. Тек осының нəтижесінде ғана қаладағы қылмыстық ахуал тұрақтанып, аса ауыр қылмыс саны біршама төмендеді.

Ќоєамдыќ ќауіпсіздікті ќадаєалауда Бақыт БАЛҒАРИНА, «Егемен Қазақстан».

Қырықтан астам ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарақшылық жасаумен айналысқан 84 қылмыстық топтың ісəрекетіне тосқауыл қойылып, кісі тонаумен айналысқан жүзге жуық топтың жолы кесілді. Сондай-ақ, Ресей мен Өзбекстаннан келіп, жасанды жол-көлік оқиғаларын ұйымдастырған алаяқ топ қолға түсті, дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі, полиция майоры Салтанат Əзірбек.

Ал тəжірибе көрсеткеніндей, оңтүстік астанада тіркелген қылмыстардың көпшілігін еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер жасауда. Олар көп жағдайда пышақ, атыс қаруы сияқты заңмен тыйым салынған қаруларды қолданып, өзгелердің құнды заттарын тартып алатындығы көпшілікке белгілі. Осындай келеңсіздіктерді елеп, ескерген қалалық полиция басқармасы заңды талаптарды да біршама күшейтті. АЛМАТЫ.

мейрамдардан кейін өткізілді. Байқауға 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында кепілсіз экспресс-кредит ресімдеген банк клиенттері қатысты. Осылайша, Альянс Банкі өз клиенттерін жаңа жылмен құттықтады, мұнымен банк өз жұмысын тоқтатпайды – алда əлі бірталай тосын сыйлар болады! Мысалға, жаңа жылдың бірінші күнінен бастап Альянс қазақстандықтарға жаңаша экспесс-кредит алуға ұсынады, банк бөлімшесіне тек бір ғана құжатпен келуге – жеке бас куəлігімен! Кредит алудың қарапайымдылығы оның бір ғана артықшылығы емес, оның шарттары да жағымдылығымен қуантады: жылдық 15 пайызбен

кепілсіз 3 миллион теңгеге дейін, жылдық тиімді мөлшерлемесі 24,5 пайыздан, пайдалану мерзімі – 42 айға дейін беріледі. Соған қоса, кредит ресімдеуге алдын ала өтінімді Альянс Банктің www.alb.kz сайтынан немесе банктің кез келген банкоматынан жіберуге жəне де телефон арқылы, ұялы телефоннан 7575 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы беруге болады. Бұдан кейін, банк менеджері клиентпен хабарласады, қанағатты шешім болған жағдайда кредит ресімдеу келісімі шартын аяқтау үшін жəне де толығырақ ақпарат алу үшін ыңғайлы банк бөлімшесіне келуге ұсыныс жасайды. «АльянсКредит Экспресс» өз атына сай, өнімді беру реттері сол мезетте жүргізіледі. Тағы бір маңызды жəйт, Альянс Банкі əрбір нақты клиентке бағыттала отырып, дара тіл табу тəжірибесін қолданады. Банкте адалдық жүйесі қызмет етеді, оған байланысты, банктен алғашқыда кепілсіз кредиттер ресімдеген клиенттер, ерекше жеңілдіктерді күте алады: үлкен қарыздық сомаға жəне кредит бойынша мерзімнің ұзаруына. Бұл дегеніміз, Альянс Банктің клиенті болу – өте тиімді екендігін тағы бір рет дəлелдейді. Арина ПИРОГОВА.

АЛМАТЫ.

Аѕдарєа араша Кең далада емін-еркін рұқсатсыз аң аулап, арамза ойларын іске асырып жүрген алаяқ топ ұсталды. Олар ақбөкендерді қырып салған. Казталов ауданының Сарықұдық ауылы маңында қарақшылар мінген көлікті тоқтатып, тексерген кезде бірнеше ақбөкеннің еті жəне кесілген мүйіздері табылды. Сонымен бірге, аңшы мылтығы оғымен тəркіленіп алынды. Дала еркесі – ақбөкендерді аяусыз қырып, мүйіздерін алыпсатарларға ақшаға айырбастап

жүрген екі ауыл тұрғыны екен. Екеуі де Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олардың үстінен ҚК-нің 288-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, облыс аумағында рұқсатсыз аң аулау оқиғасы бəсеңдемей отыр. Фатихолла МАШТАХОВ, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері.


Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын жəне мазмұнын реттейдi. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы; 2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан əрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша; 3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан əрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты; 4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы; 5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға жəне білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызметі; 6) білім беру саласындағы уəкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 7) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған жəне əрекет ететін, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға; 8) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емесі; 9) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар жəне мемлекет уəкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі; 10) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну; 11) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы; 12) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін жəне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі; 13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін жəне қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына жəне оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі; 14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан əрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын жəне оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым; 15) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан əрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тəртібін белгілейтін келісім; 16) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы. 2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары: 1) заңдылық; 2) жариялылық; 3) білім беру жинақтау салымының нысаналы мақсаты; 4) азаматтар мен қатысушы банктердің Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі; 5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік көтермелеу болып табылады. 4-бап. Білім беру саласындағы уəкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уəкілетті орган: 1) жыл сайын білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын əзірлейді; 2) білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері 1. Осы Заңның 11-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға қолданылады. 2. Салымшы, қатысушы банк, енгізуші, оператор, білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уəкілетті орган Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар болып табылады. 6-бап. Оператордың функциялары Оператор: 1) қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісім жасасады; 2) білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады; 3) қатысушы банктен, білім беру ұйымынан жəне салымшыдан салым шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының мəртебесіне қатысты қажетті мəліметтерді сұратады; 4) жасасылған салым шартын тіркеуді жүзеге асырады жəне есепке алуды жүргізеді; 5) қатысушы банктен салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау жəне салымшының жинақталған қаражатын шетелдік білім беру ұйымына аудару туралы растайтын құжаттарды алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен алып тастайды жəне ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады; 6) бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің орындауы туралы мəліметтерді жылына екі рет жариялайды; 7) білім беру жинақтау салымына есепке жатқызылуға тиіс мемлекет сыйлықақысы сомасын есептеуді жүзеге асырады жəне оны қатысушы банкке ұсынады; 8) қатысушы банктің білім беру жинақтау салымдарына мемлекет сыйлықақылары сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады; 9) осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді; 10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтаманы-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке немесе білім беру ұйымына береді; 11) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақысы сомасын бюджетке толық жəне уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді; 12) салымшының, қатысушы банктің, білім беру ұйымының осы Заңда жəне (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзуы анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қолданады; 13) қатысушы банк осы Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тəртіппен бұзады, сондай-ақ салымшылардың ақшасын салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етеді; 14) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда, салымшымен салым шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті хабардар етеді. 2-тарау. САЛЫМ ШАРТЫ 7-бап. Салым шарты 1. Салым шарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында қарапайым жазбаша

9

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

нысанда жасалады. Қатысушы банк пен кəмелетке толмаған салымшы арасындағы салым шарты Қазақстан Республикасының азаматтық жəне банк заңнамасында көзделген тəртіппен жасалады. 2. Салым шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады. 3. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін салым шарты: 1) егер тараптардың бірде-бірі шарттың қолданылуын тоқтатуға ниет білдірмесе, оның қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады; 2) тараптардың келісімімен өзге мерзімге ұзартылады; 3) ақша қалдығы аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалуы мүмкін. 8-бап. Салым шартының талаптары 1. Салым шартында мынадай мəліметтер қамтылуға тиіс: 1) шарттың нысанасы; 2) бастапқы біржолғы жарна мөлшері; 3) шарттың қолданылу мерзімі; 4) қатысушы банк сыйақысының мөлшері жəне оны төлеу тəртібі; 5) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері; 6) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 7) салымшының операторға банк құпиясын ашуға жазбаша келісімі; 8) тараптардың жауаптылығы; 9) шартты бұзу талаптары; 10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес өзге де ережелер. 2. Білім беру жинақтау салымы теңгемен ашылады. 3. Білім беру жинақтау салымын ашу үшін бастапқы ең төменгі біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды. 4. Қатысушы банк салым шартын жасасқан кезде білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды салудың ұсынылатын кезеңділігін жəне олардың мөлшерін есептейді. 5. Салымшының шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес үшінші тұлғалардан жарналар салынуы мүмкін. 9-бап. Салым шартын тіркеу 1. Салым шарттары осы Заңның 12-бабына сəйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын білім беру жинақтау салымдарын есепке алу үшін білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады. 2. Оператор қатысушы банк ұсынған салым шарттарын тіркеуді білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне мəліметтерді енгізу жəне тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырады. 3. Осы Заңның талаптарына сəйкес келетін, қатысушы банк ұсынған салым шарттары тіркелуге жатады. Салымшының операторда тіркелген салым шарты болған кезде, салым шарты тіркелуге жатпайды. 10-бап. Қатысушы банк сыйақысы 1. Қатысушы банк ай сайын капиталдандыра отырып, салымшыға салым шартында айқындалған мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді. 2. Қатысушы банк сыйақысы салым шарты қолданылатын мерзім бойына есепке жазылады жəне білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). 11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету 1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі білім беру жинақтау салымының ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы. 2. Салымшыға білім беру гранты берілген жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі: 1) білім беру жинақтау салымына қаражат жинақтауды жалғастыруға; 2) білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына аударуға; 3) білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға; 4) білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен жəне есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы. 3. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде білім беру қызметтеріне ақы салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша бөліктермен (əрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (барлық оқу мерзімі үшін) төленеді. 4. Салымшы қаза болған, сот оны əрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе ол денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын: 1) салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі немесе оның мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу); 2) ол мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкіліне немесе оның мұрагерлеріне салым шартын бұзу талаптары бойынша төленеді. 5. Барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төленгеннен кейін білім беру жинақтау салымында қаражат қалған кезде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі осы соманы есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы. 6. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымына аударуға құқылы. 7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына түскен жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда оның заңды өкілі салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банк сыйақысы ескеріле отырып, салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуге құқылы. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ТӨЛЕУ ЖƏНЕ ҚАЙТАРУ 12-бап. Мемлекет сыйлықақысы 1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады. 2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады. 3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). 4. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы: 1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда; 2) салым шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда; 3) салымшы қаза болған, соттың оны əрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады. 5. Мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу əдістемесіне сəйкес есептеледі. 13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері 1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есепке жазылады. 2. Мемлекет сыйлықақысы мынадай басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық жеті пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде: 1) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кəмелетке толған балаларға, бірақ əрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін; 2) мүгедектерге; 3) бiрге тұратын төрт жəне одан көп кəмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға олар кəмелетке толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн, бiрақ əрi кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн; 4) жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балаларға есепке жазылады. 3. Осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мəліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды. Осы баптың 2-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органнан расталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның 1-күніндегі жағдай бойынша

қажетті мəліметтерді алу арқылы тоқсан сайын растайды. Жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы тиісті жылда салымшының басым санатқа жатқызылуы расталатын айларға есепке жазылады. 4. Білім беру саласындағы уəкілетті орган мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекет сыйлықақысын инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. 14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару 1. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы: 1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған; 2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен; 3) жинақтау мерзімі осы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталған; 4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс. 2. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды қатысушы банк оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмесі бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірмені қатысушы банк алған күннен бастап банктік үш күн ішінде: 1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысының сомасы толық көлемде; 2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу əдістемесіне сəйкес білім беру қызметтеріне жұмсалмаған сома бөлігінде жүзеге асырады. 3. Салымшы білім беру ұйымынан шығарылған кезде, білім беру қызметтеріне жұмсалмаған соманы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына аударуға тиіс. 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ 15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім 1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады. 2. Қатысушы банктерге мынадай талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға жəне жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы; 2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу; 3) облыс орталықтарында, астанада жəне республикалық маңызы бар қалаларда филиалдардың болуы; 4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған күші бар шектеулі ықпал ету шарасының жəне (немесе) санкциясының болмауы. 3. Оператор білім беру қызметтеріне ақы төлеу білім беру жинақтау салымының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы бекітілген үлгілік келісім негізінде ынтымақтастық туралы келісім жасасады. 4. Ынтымақтастық туралы келісімде нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың өзара іс-қимылының шарттары, тəртібі жəне жауапкершілігі қамтылуға тиіс. 16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу жəне оның қолданылуы кезіндегі өзара ісқимылы 1. Салым шартын жасасу кезінде қатысушы банк салымшының осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетіндігін, сондай-ақ салымшының атына ашылған қолданыстағы салым шартының жоқтығын тексереді. 2. Əрбір салым шарты бойынша қатысушы банк ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде жəне тəртіппен операторға салымшы, шоттың жай-күйі, салымшы ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы жəне сомасы туралы мəліметтерді, сондай-ақ өзге де қажетті мəліметтерді ұсынады. 3. Оператор салымшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мəліметтерді сұратады, ал құжаттандыру жəне паспорттар мен жеке куəліктерді беру жөніндегі уəкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады. 17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу жəне есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы 1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сəуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мəліметтерінің негізінде білім беру саласындағы уəкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептеулерін ұсынады. 2. Есепті жылдың қорытындылары бойынша оператор халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті орган мен құжаттандыру жəне паспорттар мен жеке куəліктерді беру жөніндегі уəкілетті органнан қажетті мəліметтерді алғаннан кейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-қаңтарына дейін білім беру саласындағы уəкілетті органға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептеуін ұсынады. 3. Білім беру саласындағы уəкілетті орган оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептеуін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен аударады. 4. Оператор білім беру саласындағы уəкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде əрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мəліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді. 5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады. 18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы 1. Білім беру жинақтау салымы арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу салымшының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі ұсынылған кезде қатысушы банк бір жұмыс күні ішінде қаражатты білім беру жинақтау салымынан білім беру ұйымының банк шотына аударады. 2. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде, салымшы үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке жəне операторға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 3. Білім беру ұйымы: 1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкті жəне операторды хабардар етеді; 2) салымшының немесе қатысушы банктің талап етуі бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді; 3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын салымшы туралы қажетті мəліметтерді ұсынады; 4) салымшы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде операторды үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Білім беру ұйымы салымшының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығы болып табылады. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 19-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiн мемлекеттік қолдау 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады. 2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi шеңберінде салымшы білім беру кредитін жеңілдетілген шарттармен алуға өтініш білдіруге құқылы. Білім беру кредиті қарыз алушыға жинақталған сома оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кем дегенде елу пайызы мөлшерін құраған кезде білім беру ұйымында оқу құнының ұлғаю сомасына оны түзету мүмкіндігімен қалған сомаға кредитордың кредиттік желі ашуы арқылы мемлекет уəкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі. 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 14 қаңтар.

№ 67-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат, № 5, 41-құжат): 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі əскерлердің туы жəне рəмізі болады. Ішкі əскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен əскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.»; 2-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі əскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды: Ішкi əскерлердi əскери басқару органдары; жедел мақсаттағы құрамалар мен əскери бөлімдер; маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы əскери бөлімдер; түзеу мекемелерін күзету жəне айдауылдау жөніндегі құрамалар мен əскери бөлімдер; арнайы моторландырылған құрамалар мен əскери бөлімдер; Ішкі əскерлердің əскери полициясы; Ішкі əскерлердің жоғары əскери оқу орны; Ішкі əскерлердің қызметін қамтамасыз ететін əскери бөлімдер (оқу, байланыс жəне басқа); авиациялық əскери бөлім; арнайы мақсаттағы əскери бөлімдер (бөлімшелер) жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Ішкі əскерлер Бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен əскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен əскери бөлімдер Ішкі əскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.»; 3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Iшкi əскерлердің қызметiн ұйымдастырудың қағидаттары мен негiздерi Iшкi əскерлердiң қызметi заңдылық, гуманизм, жеке адам құқықтарын сақтау жəне дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады. Əскерлерді тікелей басқаруды Ішкі əскерлер Бас қолбасшысы жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың аумақтарында орналасқан жəне қоғамдық тəртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі жəне төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi əскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi əскерлер құрамалары мен əскери бөлiмдерiнің командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.»; 4) 7-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкi əскерлер Бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;»; 5) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі əскерлердің ұйымдық құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекітеді;»; 6) 10-баптың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Iшкi əскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі əскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі əскерлердің жоғары əскери оқу орнының бастығын, Ішкі əскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады, Ішкі əскерлердің офицерлерін қызметтен шығарады, офицерлік құрамның алғашқы əскери атағын жəне «полковник» əскери атағын береді.»; 7) 10-1-бапта: тақырыбы жəне бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «10-1-бап. Ішкі əскерлер Бас қолбасшысы Ішкі əскерлер Бас қолбасшысы:»; алтыншы жəне тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Ішкі əскерлер офицерлерінің əскери қызметті өткеру мəселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті əскери атақтар береді, офицерлік құрамның əскери атақтарын төмендетеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады;»; «Ішкі істер министріне Iшкi əскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі əскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі əскерлердің жоғары əскери оқу орнының бастығын, Ішкі əскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындау жəне қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді.»; 8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын: «10-2-бап. Ішкі əскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы Ішкі əскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы: өңірлік қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен əскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік жəне жұмылдыру əзірлігін ұстап тұрады; əскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел жəне жауынгерлік даярлығына, озық тəжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға жəне жеке құрам үшін қажетті əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етеді; бұйрықтар мен өкімдер шығарады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Ішкі əскерлердің өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен əскери бөлімдердің əскери қызметшілерінің əскери қызметті өткеру мəселелерін шешеді; қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады, кезекті əскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келісімшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейінгі əскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады жəне Ішкі əскерлер Бас қолбасшысына офицерлік құрамның əскери атақтарын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізеді.»; 9) 11-бапта: екінші жəне төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта Ішкi əскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларын, əскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерін құру мен орналастыру жөніндегі Ішкi iстер министрінің ұсыныстарын қарауға қатысады;»; «Ішкi əскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен əскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi əскерлерге əскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жəрдем көрсетедi;»; 10) 13-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «құрамалар мен əскери бөлімдердің командирлерiмен бiрлесiп, Iшкi əскерлердiң жедел мақсаттағы құрамалары мен əскери бөлiмдерi жəне арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды;»; 11) 14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Əскери кеңестің құрамын Ішкі əскерлер Бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Ішкі істер министрі бекітеді.»; 12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Ішкі əскерлерді əскери басқару органдары Ішкі əскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі əскерлер комитеті Ішкі əскерлерді əскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады, əскерлердi тұрақты жауынгерлiк жəне жұмылдыру əзiрлiгінде ұстап тұруға, Ішкі əскерлердің құрылысы жəне дамуы жоспарларын əзiрлеуге жəне iске асыруға, олардың ұйымдық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi əскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін ұйымдастыруға арналған жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, бірлескен іс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды. Ішкі əскерлердің өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз қызметін белгілі бір аумақта жүзеге асыратын əскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.». 2. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат): 6-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы «қолбасшысы» деген сөз «Бас қолбасшысы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 қаңтар. № 69-V ҚРЗ


10

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат): 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын: «23-1) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебі-

нен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары;». 2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат): 8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жəне мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 14 қаңтар. №68-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат): 285-бапта: 7-бөліктегі «Шекара қызметiнiң органдары» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-1-бөліктегі «шекара қызметi органы» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 393-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «393-бап. Əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау»; 2) 393-бап мынадай редакцияда жазылсын: «393-бап. Əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау Əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау – айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тəулікке дейінгі мерзімге əкімшілік қамауға алуға əкеп соғады.». 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 1516, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 276-6-баптың 2-тармағы бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын жəне ұсыну тəртібін уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Салықтық əкімшілендіру мақсатында уəкілетті орган жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мəліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастырады;». 4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат): 28-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының шекара қызметi органдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағында: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды жəне

күзетуді қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.»; 2) 12-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жəне олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;»; 3) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «5, 7» деген цифрлар «5, 6» деген цифрлармен ауыстырылсын. 6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат): 6-баптың 2-тармағындағы «салық, кеден жəне шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен əскери полиция органдары» деген сөздер «салық қызметі, кеден қызметі, қаржы полициясы мен əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат): 3-баптың 2-тармағындағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат): 10-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат): 33-баптың 2-тармағындағы «шекара қызметi органдарына» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат): 1) 8-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жəне олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жəне олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру тəртібі сыртқы барлау субъектiлерiнiң жəне сыртқы саясат саласындағы уəкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі;»; 2) 9-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін арнаулы байланыс түрлерімен жарақтандыру, инженерлік-техникалық қорғалуын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтердің техникалық арналар арқылы таралып кетуін болғызбау жөніндегі іс-шараларды əзірлеу жəне жүзеге асыру;». 11. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат): 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 15 – 19, 22, 24, 29 – 37-баптарында, 5, 6 жəне 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет туралы заңнамасына сəйкес өткереді.». 12. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын: «22-1-бап. Əскери қызметшілерді аттестаттау 1. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша əскери қызметшілерін аттестаттау Əскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады. 2. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша əскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау оның тəртібін, мерзімдерін жəне аттестатталатын əскери қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі. Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқаратын лауазымына сай келеді жəне жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады; 2) атқаратын лауазымына сай келеді; 3) атқаратын лауазымына сай келмейді жəне лауазымын төмендетуге ұсынылады; 4) атқаратын лауазымына сай келмейді жəне ротациялауға ұсынылады; 5) атқаратын лауазымына сай келмейді жəне қызметтен шығаруға ұсынылады. Кəсіби жарамдылықты айқындау бойынша нормативтерді тапсырмаған жəне тестілеу кезінде шектi мəннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. Аттестаттау комиссиясының отырысына дəлелсіз себеппен екі рет келмей қалған əскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген жəне (немесе) өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда əскери қызметін жалғастырудан бас тартқан əскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға жатады.»; 2) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының он үшінші абзацындағы «айқындалған жағдайлар əскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.» деген сөздер «айқындалған жағдайлар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметіне сай келмеу əскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.»; 3) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Əскерге шақыру комиссиялары осы Заңның 16-бабында айқындалған құрамда, жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды өткізу кезеңiне құрылады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді. Əскерге шақыру комиссияларының құрамына өзге де мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Комиссиялардың сан құрамы тақ болуға тиiс. Азаматтарды əскери қызметке шақыруды өткiзу кестесін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.». 2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3, 11 жəне 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар. №71-V ҚРЗ

Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан əрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, əуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы құралдар – құқыққа қайшы іс-əрекеттердің жолын кесу не əскери қызметшілерді, уəкілетті органдардың қызметкерлерін жəне Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау жəне бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де əсер етуге арналған құралдар; 2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі; 3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау əдісімен темір жол жəне автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уəкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын жəне ұтқыр техникалық құралдар); 4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеуге арналған негізге алынатын сызықтар – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде жəне оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондайақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар; 5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) (бұдан əрі – аумақтық сулар (теңіз) – Каспий теңізіндегі негізге алынатын сызықтардан халықаралық құқық нормаларына жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өлшенетін, ені он екі теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын теңіз белдеуі, ал оның сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылады; 6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан əрі – континенттік қайраң) – Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегінен) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерге дейін өлшенетін теңіз түбінің жəне жер қойнауының учаскесі; 7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан əрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара жəне Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) жəне ішкі сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің аумақтары, шектерінде уəкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын континенттік қайраң жəне олардың үстіндегі əуе кеңістігі; 8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғау (бұдан əрі – шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектішілік жəне өткізу режімдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі; 9) Қазақстан Республикасының ішкі сулары (бұдан əрі – ішкі сулар) – Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі, ол: Каспий теңізіндегі негізге алынатын сызықтардан бастап жағалау жағына қарай орналасқан суды; көпжылдық орташа деңгейлі жердегі жағадан жағаға жүргізілген түзу сызықпен шектелген шығанақтардың, бухталардың, құйылыстардың жəне жайылмалардың суын; порттардың гидротехникалық жəне өзге де тұрақты құрылыстарының теңіз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген Қазақстан Республикасы порттарының суын; Мемлекеттік шекарадан Берг бұғазындағы Ақлақ гидроқұрылысына дейінгі (Үлкен Арал теңізінің қазақстандық бөлігі шегіндегі) Қазақстан Республикасының жағалауы жағына қарай орналасқан Арал теңізінің суын; жағалары Қазақстан Республикасына тиесілі шекаралық өзендердің, көлдер мен өзге де су айдындарының суын қамтиды; 10) қайта шегендеу – жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіру жəне ескіргендерін жөндеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген қосымша шекара белгілерін орнату; 11) қызметтік жануарлар – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды айқындау, анықтау жəне жолын кесу мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен жəне өзге де əсер етуге арналған иттер мен жылқылар; 12) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген жəне осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде бейнеленген, Мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау; 13) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу – адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өту (кесіп өтуге рұқсат алу), жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын тану; 14) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан əрі – өткізу пункті) – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық əуежай немесе əуеайлақ шектеріндегі аумақ (акватория), сондайақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тиісті инфрақұрылымы бар, Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде арнайы бөлінген өзге де жергілікті жер учаскесі; 15) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен тауарлар (бұдан əрі – жүктер мен тауарлар) – Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық жəне коммерциялық емес жүктер, тауарлар, нəрселер, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгі (багаж) жəне көлік құралдары; 16) Мемлекеттік шекараны жайластыру – уəкілетті органдардың Мемлекеттік шекара инфрақұрылымын құру жəне дамыту бойынша қолданатын шаралары; 17) Мемлекеттік шекараны қорғаудың инженерлік жəне техникалық құралдары (бұдан əрі – инженерлік-техникалық құралдар) – шекаралық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға жəне жолын кесуге арналған құралдар; 18) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы – Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында уəкілетті органдар тұрғызатын, жабдықтайтын жəне пайдаланатын шептер, объектілер, гидротехникалық, инженерлік жəне өзге де құрылыстар мен бөгеуіштер кешені; 19) Мемлекеттік шекараны орнату – Мемлекеттік шекараны халықаралыққұқықтық айқындау, құжаттамалық сипаттау жəне заңнамалық ресімдеу жөніндегі шаралар кешені; 20) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу – Мемлекеттік шекара учаскелерінің өзіндік ерекшеліктерінің сипаты (шектес мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар, шекара қауіпсіздігіне қатер төнуі, шекара маңы аудандары халқының əлеуметтік-саяси жағдайы мен тығыздығы, жергілікті жер бедері) негізінде олардың жай-күйін жəне Мемлекеттік шекараның құқықтық жағдайын (мəртебесін) айқындау; 21) өзеннің өзек табаны – өзен түбінің неғұрлым төмен учаскелерін қосатын сызық; 22) радиациялық бақылау – Mемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктерден, тауарлардан жəне (немесе) көлік құралдарынан шығатын иондаушы сəуле шығару деңгейін тексеру жəне оны табиғи фонмен салыстыру; 23) уəкілетті органдар – өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 24) фарватер – навигациялық қоршалым құралдары (буйлар, қадалар, екі жарма белгілер) арқылы белгіленетін кедергілер (аралдар, тайыздар арасында) арасымен кемелердің жүзуіне арналған қауіпсіз жол; 25) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Мемлекеттік шекараны айқындау жəне белгілеу; 26) шекарадағы тосын оқиға – Қазақстан Республикасының, онымен шектес бір немесе бірнеше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын Мемлекеттік шекара режімінің бұзылуына байланысты Мемлекеттік шекарадағы оқиға; 27) шекара қауіпсіздігі – шекаралық кеңістікте жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің саяси, экономикалық, ақпараттық, гуманитарлық жəне өзге де мүдделері қорғалуының жай-күйін білдіретін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі; 28) шекаралық аймақ – əкімшілік-аумақтық бірліктер аумағы шегінде шекаралық белдеуге шектесіп жатқан Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі; 29) шекаралық белдеу – құрлықтық учаскеде Мемлекеттік шекараға тікелей жапсарлас жатқан, ал Мемлекеттік шекара шекаралық өзендер, көлдер жəне өзге де су айдындары арқылы өтетін учаскеде – аталған су айдындарының байырғы жағасына тікелей шектесіп жатқан аумақтың, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режімі қолданылатын, оларда орналасқан аралдар аумағының бір бөлігі; 30) шекара өкілдері – Мемлекеттік шекараның белгіленген режімін ұстап тұруға байланысты мəселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері қатарынан тағайындалатын уəкілетті лауазымды адамдар; 31) шекара өкілдерінің кездесулер пункті – шекара өкілдерінің отырыстарын, сондай-ақ халықаралық кездесулерді ұйымдастыру жəне өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі пайдаланатын арнайы жабдықталған үй-жайлары бар жеке ғимарат. 3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Шекаралық саясат 1. Шекаралық саясат Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне уəкілетті органдардың шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына жəне қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесуге, оның Мемлекеттік шекарасын қорғауға бағытталған келісілген, үйлестірілген қызметін білдіреді. 2. Шекаралық саясат: 1) халықаралық ынтымақтастық; 2) шекаралық мəселелелерді бейбіт жолмен шешу; 3) уəкілетті органдардың келісілген іс-қимылдары арқылы іске асырылады. 3. Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы жүзеге асырады. Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері жəне қызметінің тəртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережемен айқындалады. 5-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары Мыналар: 1) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау; 2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын жəне бөлінбестігін қамтамасыз ету; 3) адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 4) жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің Мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі өзара жауапкершілігі; 5) халықаралық құқық нормаларын сақтау Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары болып табылады. 6-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау 1. Мемлекеттік шекараны қорғау шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады жəне оны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уəкілетті органдар өз құзыреті шегінде саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, əскери жəне өзге де шараларды қолдану жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары қатыса алады. 2. Шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында мынадай режімдер: 1) Мемлекеттік шекара режімі; 2) өткізу пункттеріндегі режім; 3) шекара режімі; 4) аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімі; 5) континенттік қайраң режімі енгізіледі. 7-бап. Мемлекеттік шекараны күзету 1. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекараны күзету уəкілетті органдардың Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеуден, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режімін жəне өткізу пункттеріндегі режімді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау жəне олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады. 2. Құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. 3. Əуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады. 8-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес уəкілетті органдардың, ұйымдардың жəне азаматтардың күштері мен құралдарын тартады. 2. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ОРНАТУ, БЕЛГІЛЕУ ЖƏНЕ ЖАЙЛАСТЫРУ 9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату 1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу жəне қайта шегендеу үдерісінде орнатылады. 2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге жəне қайта шегендеуге байланысты іс-əрекеттерді Қазақстан Республикасының жəне шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік шекара: 1) құрлықта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша; 2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiзiнiң) сыртқы шегі бойынша; 3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша; 4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда – олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде жəне өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген су айдындарын қоспағанда) – Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашытықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады. Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi; 5) су тораптарының су қоймаларында жəне өзге де жасанды су айдындарында – су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сəйкес; 6) өзендер, жылғалар, көлдер жəне өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда жəне өзге де құрылыстарда – Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады. 10-бап. Мемлекеттік шекараны белгілеу 1. Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сəйкес айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен белгіленеді. 2. Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын жəне оларды орнату тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 11-бап. Мемлекеттік шекараны жайластыру 1. Мемлекеттік шекараны жайластыру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы оның учаскелерін санаттарға бөлуді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен белгіленеді. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА РежімІ 12-бап. Мемлекеттік шекара режімі 1. Осы Заңға жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес Мемлекеттік шекарада жəне шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режімі қолданылады. 2. Мемлекеттік шекара режімі: 1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау; 2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту; 3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу; 4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру жəне шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру; 5) шаруашылық, кəсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдықсаяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу; 6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тəртібін қамтиды. 3. Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады. 13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау 1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уəкілетті органдар жүзеге асырады жəне ол Мемлекеттік шекара режімін қамтамасыз ету мен ұстап тұруға бағытталған. 2. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Мемлекеттік шекараны белгілеу шебін жабдықтау мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (шекаралық белгілерді орнату, сақтау жəне дұрыс күйінде ұстап тұру, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру, шекаралық соқпақтар мен жолдарды жабдықтау), сондайақ Мемлекеттік шекараның өтуіне шектес мемлекетпен бірлескен тексерулер жүргізу тəртібін қамтиды. 3. Мемлекеттік шекараның шегендеу үдерісі аяқталмаған учаскелерінде шекаралық белгілерді сақтау, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды. 14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту 1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту: 1) құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде жəне өзге де су айдындарында – халықаралық темір жол, автомобиль, өзен жəне өзге де қатынас жолдарында белгіленетін Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында; 2) əуе кеңістігінде – Мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген əуе дəліздері бойынша; 3) теңізде – халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дəлiздерi шегінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде шектес мемлекеттің шекаралық органымен келісілген өзге де тəртіппен Мем-

(Жалғасы 11-бетте).


(Жалғасы. Басы 10-бетте). лекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шекарасын қоспағанда) кесіп өту құқығы беріледі. 3. Шектес мемлекетпен халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібі, сондай-ақ оның аумағында адамдардың болу тəртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 4. Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда авариялық-құтқару құралымдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің өзге де тəртібі көзделуі мүмкін. 5. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі халықаралық теміржол жəне автомобиль қатынасы жолдарының учаскелерін белгілеу мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар арқылы жүру тəртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 6. Адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері бағытта жүрген кезде: 1) белгіленген қозғалыс маршрутын өзгертуге; 2) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын əуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады. 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің жазбаша өтініші бойынша Мемлекеттік шекараны оның жекелеген учаскелері арқылы кесіп өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік шекараны кесіп өтуді уақытша шектеу немесе тоқтату туралы хабарламаны мүдделі мемлекеттерге осындай шешім қабылданған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде дипломатиялық арналар арқылы жібереді. 15-бап. Теңізде, өзендерде, көлдерде жəне өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өту 1. Қазақстандық жəне шетелдік (суүсті жəне суасты) кемелер, əскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес теңізде, өзендерде, көлдерде жəне өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді. 2. Шетелдік суасты кемелері (құралдары) аумақтық суларда (теңізде) Мемлекеттік шекараны су үстімен жəне туын көтеріп кесіп өтеді жəне жүзеді. 3. Қазақстан Республикасының жəне шектес мемлекеттердің порттарына кірмей, Мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, шекаралық өзендерде, көлдерде жəне өзге де су айдындарында кеменің жүзуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекетпен жасалған халықаралық шартпен реттеледі. 4. Қазақстандық жəне шетелдік (суүсті жəне суасты) кемелер, шетелдік əскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Мемлекеттік шекараны кесіп өткен жəне Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіріп немесе кірмей, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда жүзген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға қарай жүзген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша: 1) егер өз туы көтерілмеген болса, оны көрсетуге; 2) егер ол жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына бағыт алса не жүзу режімін басқа да бұзушылыққа əкеп соғатын болса, бағытын өзгертуге; 3) аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға кіру мақсаты, қозғалыс схемасынан ауытқу себептері туралы хабарлауға; 4) тексеру (кеме жайларын қарап тексеру) үшін тоқтауға жəне қарап тексеру тобын қабылдауға, кеме жəне навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге немесе тауарларға құжаттарды ұсынуға; 5) бағытты өзгертіп, Қазақстан Республикасының портына немесе өзге де көрсетілген пунктке баруға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне халықаралық шарттарда көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті. Осы баптың 4-тармағы 4) жəне 5) тармақшаларының ережелері шетелдік əскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын шетелдік мемлекеттік кемелерге қолданылмайды. 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қазақстандық жəне шетелдік кемелерге: 1) өткізу пункттері ашылмаған Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіруге; 2) қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына, егер осындай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда хабарланса, кіруге; 3) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын əуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға, кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті уəкілетті органның рұқсатынсыз не осындай рұқсаттың шарттарын бұза отырып жүргізуге тыйым салынады. 6. Шетелдік əскери корабльдер жəне коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да шетелдік мемлекеттік кемелер болжамдалған кіру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей дипломатиялық арналар арқылы сұрау салынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің алдын ала рұқсаты бойынша аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға кіру үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді. 16-бап. Кəсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде жəне өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы 1. Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда жəне континенттік қайраң үстінде кəсіпшілікті шетелдік кемелерге кəсіпшілік өнімдерін ауыстырып тиемей жүзеге асыратын қазақстандық кемелер, сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық жəне өзге де өнімдерді өткізу немесе өндіру үшін кəсіпшілік өнімдерін жеткізу болып табылатын кəсіпшілік қызметін жүргізген жағдайда, өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан жəне бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерге: 1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізге), ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге; 2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған немесе кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, шетелдік кемелердегі, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелердегі адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады. 3. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру тəртібін, осындай рұқсат қолданысының кеңістіктегі жəне уақыттық шектерін, сондайақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерді бақылауды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 17-бап. Əуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту 1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пункттеріне дейін жəне кері қарай ұшатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының əуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде əуе кемелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жəне Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уəкілетті органның мынадай талаптарын орындауға: 1) егер ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытты өзгертуге; 2) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігіне кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы хабарлауға; 3) көрсетілген жерге келіп қонуды жүзеге асыруға міндетті. 2. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының əуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде, дүлей зiлзаланы, апатты, аварияны, авариялық жағдайды жəне адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, əуе кемелеріне: 1) ұшу жоспарында көрсетілмеген, халықаралық болып табылмайтын əуежайларға немесе əуеайлақтарға, сондай-ақ əуежайлардан жəне əуеайлақтардан тыс жерлерге қонуға (ұшып көтерілуге); 2) белгіленген (ұсынылған) дəліздерден жəне ұшу маршруттарынан ауытқуға, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған, ұшуға тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге; 3) адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады. 3. Ерекше жағдайларда техникалық, мəжбүрлі түрде қонуларды жəне гуманитарлық рейстерді орындауға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде əуе кемелерінің қонуы мен ұшып көтерілуі халықаралық болып табылмайтын əуежайлардан немесе əуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, кедендік жəне өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық жəне мемлекеттік авиация салаларындағы уəкілетті органдар беретін уақытша рұқсат болған кезде орындалады. 18-бап. Мемлекеттік шекараны мəжбүрлі түрде кесіп өту 1. Мынадай төтенше жағдайларға: 1) дүлей зілзалаларға, апаттарға, аварияларға, авариялық жағдайға жəне адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік əскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ əуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларға; 2) қазақстандық немесе шетелдік бүлінген кемені, шетелдік əскери корабльді, мұз үстімен жылжитын құралдарды тіркеп сүйретуге; 3) құтқарылған адамдарды жеткізуге; 4) қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік əскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың экипаж мүшелеріне немесе жолаушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты Мемлекеттік шекараны мəжбүрлі түрде кесіп өту (белгіленген орындардан, теңіз немесе əуе дəліздерінен тыс) оны кесіп өту тəртібін бұзу болып табылмайды. 2. Қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік əскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың капитаны (кеме жүргізушісі), əуе кемесінің командирі Мемлекеттік шекараны мəжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта жүрудің осы Заңда айқындалған тəртібін мəжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда: 1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне дереу хабар беретін жақын жердегі қазақстандық теңіз немесе өзен портының, əуежайдың немесе əуеайлақтың əкімшілігін дереу хабардар етуге; 2) көмек көрсету немесе болған мəн-жайларды анықтау үшін келген, уəкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының шекаралық немесе əскери кораблі командирінің, теңіз, өзен кемесі капитанының немесе əуе кемесі командирінің нұсқауларына сəйкес əрекет етуге міндетті.

11

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

3. Өзге де адамдар жəне көлік құралдары Мемлекеттік шекараны мəжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай жүрудің осы Заңда айқындалған тəртібін мəжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда: 1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімі (бөлімшесі) басшылығына дереу хабардар етуге; 2) болған мəн-жайларды анықтау үшін келген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілінің нұсқауларына сəйкес əрекет етуге міндетті. 19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері 1. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес ашылған өткізу пункттерiнде жүргізіледі. 2. Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмысын техникалық жарақтандыру жəне ұйымдастыру бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Өткізу пункттерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 4. Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялықкарантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде жауап беретін бақылаушы органдардың бөлімшелері орналастырылады. 5. Өткізу пункттерінде адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады. 6. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. 7. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу Қазақстан Республикасына кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу кеден жəне өзге де бақылаушы органдардың Қазақстан Республикасына көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды əкелу немесе Қазақстан Республикасынан əкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады. 9. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рəсімі аяқталғаннан кейін жəне өткізу пункті шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар əкетілген кезде аяқталған болып есептеледі. 10. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынғаны туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне келген жəне Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздемелері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес өздері келген елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады. 20-бап. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тəртібі. Оңайлатылған өткізу пункттері 1. Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тəртібі Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында тікелей белгіленеді, оларда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сəйкес оңайлатылған өткізу пункттері жабдықталады. 2. Мемлекеттік шекара арқылы оңайлатылған өткізу пункттерінде жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсаттарда өткізуге тыйым салынады. 21-бап. Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін авариялық-құтқару құралымдарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тəртіппен жүргізіледі. 22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді Қазақстан Республикасы тиісті аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдары əуежайлардың немесе əуеайлақтардың, теңіз немесе өзен порттарының əкімшілігімен бірлесіп, кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесін хабардар ете отырып: 1) халықаралық болып табылмайтын əуежайлардан немесе əуеайлақтардан арнайы халықаралық ұшуды орындайтын əуе кемелеріне; 2) халықаралық ұшуды орындайтын, белгіленбеген орындарда мəжбүрлі түрде қонуды жүзеге асырған қазақстандық жəне шетелдік əуе кемелеріне; 3) халықаралық тасымалдауды орындайтын қазақстандық кемелерге жəне мұз үстімен жылжитын құралдарға, айлақтарға, кемежайларға не қазақстандық жағаға жүзіп келген, Қазақстан Республикасының өткізу пункттері жоқ теңіз жəне өзен порттарына (рейдтеріне) мəжбүрлі түрде кіруді жүзеге асырған шетелдік (суүсті жəне суасты) кемелерге, шетелдік əскери корабльдерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты жүзеге асырады. 23-бап. Өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық іс-əрекеті түрлерінің бірі өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау болып табылады. 2. Адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау: 1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібін бұзушыларды анықтау, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасына кіру жəне Қазақстан Республикасынан шығу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулері бар адамдарды анықтау мақсатында құжаттарды жəне адамдарды тексеруді, оның ішінде биометрлік дербес деректерді өңдеу арқылы тексеруді, сондай-ақ адамдарға сауалнама жүргізуді; 2) көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын айқындау, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібін бұзушылықтарды анықтау жəне жолын кесу мақсатында барлық бақылаушы органдардың рұқсат беру белгілерінің болуын тексеруді; 3) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібін бұзушыларды табу жəне ұстау мақсатында көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды, қажет болған жағдайларда – арнайы (жан-жақты) тексеріп қарауды; 4) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібін бұзу белгілері болған кезде адамдарды тексеріп қарауды; 5) Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарынан өткізу пункттеріне дейін не өткізу пункттерінен Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарына дейін көлік құралдарын алып жүруді қамтиды. 3. Осы Заңның 22-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінен тыс жерлерде шекаралық бақылау жүргізуге жол берілмейді. 24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру жəне шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру 1. Адамдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатынсыз шекаралық белдеуге кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына немесе жүріп-тұруына тыйым салынады. 2. Адамдардың шекаралық белдеуге кіруі жеке басын куəландыратын құжаттары жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады. 3. Жергілікті атқарушы жəне өзге де мемлекеттік органдардың басшыларын өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде шекаралық белдеуге өткізу жеке басын куəландыратын құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады. 4. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқарған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің авиациясы, басқа да уəкілетті органдардың авиациясы орындайтын ұшуды қоспағанда, халықаралық ұшуды орындамайтын əуе кемелеріне əуе кеңістігінде шекаралық белдеудің үстінен ұшуға тыйым салынады. Шекаралық белдеуде уəкілетті органдар авиациясының ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады. 5. Осы баптың 1 жəне 4-тармақтарында көзделген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік құрылыстары мен бөгеуіштері шебіне дейінгі жергілікті жер белдеуінде, сондай-ақ оның үстіндегі əуе кеңістігінде қолданылады. 6. Халықаралық ұшуды орындамайтын əуе кемелерінің əуе кеңістігінде шекара кеңістігінің өзге де аумағының үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен орындалады. 25-бап. Мемлекеттік шекарада жəне шекаралық белдеуде шаруашылық, кəсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу 1. Мемлекеттік шекарада жəне шекаралық белдеуде шаруашылық, кəсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен шекаралық белдеуге кіруге жəне онда болуға рұқсаттамалар береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін ескере отырып, осы Заңға сəйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттама алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке жəне заңды тұлғалар кəсіпшілік жəне өзге де кемелерде, көлік жəне өзге де техникалық құралдарда пайдаланылатын жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мəліметтерді енгізеді. 3. Мемлекеттік шекарада жəне шекаралық белдеуде жүзеге асырылатын (жүргізілетін) шаруашылық, кəсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдықсаяси, мəдени немесе өзге де іс-шаралар: 1) Қазақстан Республикасының, шектес мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе залал келтіру қатерін тудырмауға; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауына жəне міндеттерді орындауына кедергі жасамауға; 3) Мемлекеттік шекарада белгіленген тəртіпті бұзбауға тиіс. 4. Шекаралық белдеуде кəсіпшілік мақсатта аң аулауға тыйым салынады. Көрсетілген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерліктехникалық құралдарының сызығына дейінгі жергілікті жер белдеуінде де қолданылады.

5. Режімдік шектеулердің қолданысын оң экологиялық сараптама болған жəне су көздері санитариялық-эпидемиоголиялық талаптарға сай болған кезде уақытша тоқтата тұруға жол берілетін, шекаралық белдеуде орналасқан шекаралық өзендердің, көлдердің жəне өзге де су айдындарының суларындағы су алатын, суға шомылатын, жануарларды суаратын орындарды жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгілейді. 26-бап. Карантин белдеуі 1. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында тікелей Мемлекеттік шекара бойында карантин белдеуі жабдықталады. 2. Карантин белдеуі шегінде карантин режімін сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен айқындалады. 27-бап. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу 1. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешуге біржақты немесе шектес мемлекетпен бірлесіп тергеу жүргізу, шекарадағы тосын оқиғаларды Қазақстан Республикасының жəне шектес мемлекеттің шекара өкілдерінің отырыстарында қарау арқылы қол жеткізіледі. 3. Ақпарат алмасу үшін Мемлекеттік шекарада хат-хабар алмасу пункттері орнатылады. 4. Шекарадағы тосын оқиғалар бойынша бірлескен тергеулер жəне шекара өкілдерінің өзге де отырыстары шекара өкілдерінің кездесу пункттерінде өткізіледі. Қажет болған жағдайда аталған қызмет шекарадағы тікелей тосын оқиға болған жерде ұйымдастырылуы мүмкін. 5. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу бойынша қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. Əуе кеңістігінде шекарадағы тосын оқиғаларды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері сарапшылар ретінде тартылады. 6. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тергеуге өзге де уəкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуы мүмкін. 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі реттемеген шекарадағы тосын оқиғаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шешеді. 28-бап. Шекара өкілдері 1. Шекара өкілдері өз қызметінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, осы Заңды жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. 2. Шекара өкілдерінің қызметі халықаралық ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады жəне ол Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға бағытталған. 29-бап. Мемлекеттік шекара режімін бұзу 1. Мынадай: 1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың; 2) Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің; 3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің; 4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріптұрудың жəне шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың; 5) Мемлекеттік шекарада жəне шекаралық белдеуде шаруашылық, кəсіпілік немесе өзге қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің; 6) Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты шекарадағы тосын оқиғаларды шет мемлекетпен шешудің белгіленген тəртібін сақтамау Мемлекеттік шекара режімін бұзу болып танылады. 2. Адамдардың жəне көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің белгіленген тəртібін кез келген санкциясыз бұзуы Мемлекеттік шекараны бұзу болып табылады. 30-бап. Мемлекеттік шекараны бұзушылар Мыналар: 1) Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерiнен тыс жерде немесе өткізу пункттерiнде кез келген тəсілмен, бірақ оны кесіп өтудiң белгіленген тəртібін бұзу арқылы кесіп өткен немесе кесіп өтуге əрекет еткен адамдар; 2) Қазақстан Республикасынан заңсыз шығу мақсатында шетелге бара жатқан қазақстандық немесе шетелдiк көлік құралдарына кiрген немесе кіруге əрекет жасаған адамдар; 3) аумақтық суларға (теңiзге) немесе ішкі суларға, сондай-ақ шекаралық өзендер, көлдер жəне өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіне, осы суларға кірудің белгіленген тəртібін бұза отырып кiрген шетелдiк əскери емес кемелер жəне əскери корабльдер, оның ішінде су астымен Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзу жəне тұру кезiнде су астында болған шетелдiк сүңгуiр қайықтар жəне басқа да көлiк құралдары (объектілері); 4) белгіленген тəртіпті бұза отырып Мемлекеттік шекараны кесіп өткен, сондай-ақ Мемлекеттік шекарадан белгіленген əуежайларға немесе əуеайлақтарға ұшу кезінде не Қазақстан Республикасының əуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде əуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзған əуе кемелері жəне өзге де, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары; 5) Мемлекеттік шекараны тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тəртiптi бұза отырып, кесіп өткен немесе кесіп өтуге əрекет жасаған өзге де адамдар, техникалық жəне өзге де құралдар Мемлекеттік шекараны бұзушылар болып танылады. 4-тарау. ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІНДЕГІ Режім 31-бап. Өткізу пункттеріндегі режім 1. Өткізу пункттеріндегі режім – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру, оларда болу, жүріп-тұру жəне олардан шығу, жүктер мен тауарларды əкелу, орналастыру, өткізу, əкету тəртібі осы Заңмен белгіленеді. 2. Өткізу пункттерінің аумағы режімдік аумақ болып табылады. 3. Өткізу пункттеріндегі режім: 1) адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі, жүктердің жəне тауарлардың өткізілуі; 2) өткізу пункттеріндегі жабық орындарға, үй-жайларға (объектілерге), сондай-ақ шетелге бара жатқан көлік құралдарына бөгде адамдардың кіруі мүмкіндігін болғызбауға тиіс. 4. Өткізу пунктіндегі режімді бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады жəне ол өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, болу, жүріп-тұру, шығу; жүктер мен тауарларды əкелу, орналастыру, өткізу, əкету тəртібін сақтау жөніндегі тексеру жəне өзге де іс-шараларды өткізуді білдіреді. 32-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, шығу, жүктер мен тауарларды əкелу, əкету тəртібі 1. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіруі, шығуы, жүктер мен тауарларды əкелу, əкету, оларда Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттар, сондайақ көлік құралдарына құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады. 2. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеумен жəне оларға қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі əскери қызметшілерінің, кеден жəне өзге де органдар, көлік ұйымдары қызметкерлерінің өткізу пункттеріне кіруі: 1) темір жол, автомобиль, теңіз жəне өзен өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі; 2) авиациялық өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган беретін рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады. 3. Өткізу пункттеріне кіруге, шығуға рұқсат беру тəртібі (арнайы рұқсаттамалар негізінде) жоғарыда аталған органдар мен ұйымдардың қызметтік көлігіне қатысты да белгіленеді. 33-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының болу, жүріп-тұру, жүктер мен тауарларды орналастыру жəне өткізу тəртібі 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пунктінде қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын кеден органдарымен жəне өзге де органдармен, сондай-ақ көлік ұйымдарымен келісім бойынша: 1) өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктер мен тауарлардың өткізілу схемасын, сондай-ақ қызметтік көліктің жүріп-тұру тəртібі мен тұрақ орындарын айқындайды; 2) шекаралық жəне басқа да бақылау түрлері жүзеге асырылатын үйжайлар мен өзге де орындарға, сондай-ақ шетелге бара жатқан көлік құралдарына қол жеткізу тəртібін белгілейді; 3) өткізу пунктінде белгіленген режімнің орындалуын бақылау шараларын əзірлейді жəне қамтамасыз етеді. 2. Өткізу пункттерінде (автомобиль өткізетін пункттен басқа) шетелге бара жатқан көлік құралдарының орны мен тұру ұзақтығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша көлік ұйымдарының əкімшілігі айқындайды. 3. Шетелге бара жатқан көлік құралдары өткізу пунктінің аумағынан кету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен ғана қозғалыс жасауды бастайды, сол сияқты тұрақ орнын ауыстырады. 4. Шекаралық жəне өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру кезеңінде адамдардың көлік құралдарына, оның ішінде шетелге бара жатқан көлік құралдарына, өткізу пункттерінде өткізілетін жүктер мен тауарларға қол жеткізуіне тыйым салынады. 5. Жолаушылардың өткізу пунктінен кетуі немесе оған келуі кезінде шетелге бара жатқан көлік құралдарына оларды отырғызу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен жүзеге асырылады, ал жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен жүргізіледі. 34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау 1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген жəне арнайы жабдықталған орындарда тексеріп қарауды (тəуліктің кез келген уақытында, қажет болған жағдайда көлік ұйымы белгілеген көлік құралының кету уақытына қарамастан, оның ішінде қайтадан тексеріп қарауды) Қазақстан Республикасының кеден органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүргізеді. 2. Кеден одағына мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарада көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. 3. Арнайы рұқсаттамалары ресiмделіп, пломба салынған (мөрленген) вагондар, контейнерлер, автомобильдер, трюмдер жəне көлік құралдарының өзге де үй-жайлары, сондай-ақ жүктер мен тауарлар, егер орамасы, мөрлері, пломбалары бүлінген болса, сондай-ақ оларда бөгде адамның жасырыну белгілері бар болса, тексеріп қарау үшін Қазақстан Республикасының кеден органдарымен бірлескен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талабы бойынша ашылады.

35-бап. Адамдардың жекелеген санаттарын өткізу пункттеріне жіберу 1. Дипломатиялық өкiлдiктердiң жəне консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі беретін рұқсаттамалары болған кезде, өткізу пункттеріндегі шекаралық жəне өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын үй-жайларға жəне өзге де орындарға жіберіледі. 2. Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшілері көрсетілген режімдік аймақтарға аккредиттелген куəліктер негізінде жіберіледі. 3. Белгіленген үлгідегі рұқсаттамалары бар, бірақ қызметті ұйымдастырумен жəне бақылаумен айналыспайтын, сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеу жəне оларға қызмет көрсету бойынша ауысымда жүрмеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əскери қызметшілеріне, кедендік жəне өзге де органдардың, көлік ұйымдарының қызметкерлеріне өткізу пункттерінің аумағында болуға тыйым салынады. 4. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан, өткізу пунктіне келген Қазақстан Республикасының азаматтары өткізу пункттерінде олардың жеке басын анықтау үшін қажетті уақытқа ерікті түрде қалдырылады. Оларды өткізу пунктінде күтіп-ұстау тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды. 5. Өткізу пунктіне келген Қазақстан Республикасы азаматының жеке басы расталмаған жағдайда, ол аумақ бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуға жатады. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының аталған азаматтарына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлайды. 36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын кедендік жəне өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режімді ұстап тұру мəселелері жөніндегі міндеттері 1. Халықаралық тасымалдауларға қатысушы көлік ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде көлік құралдарының иелері: 1) бөгде адамдардың көлік құралдарына кіруіне, олармен басқа жүктерді жəне тауарларды алып өтуіне жол бермеу шараларын қолдануға; 2) өткізу пункттерінде болған кезде пломба салынған (мөрленген) вагондарды, контейнерлерді, автомобильдерді, трюмдерді жəне көлік құралдарының өзге де үй-жайларын, сондай-ақ жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талабы бойынша тексеріп қарау үшін ашуға міндетті. Кеден органдарының бөлімшелері бар өткізу пункттерінде ашу олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі; 3) өткізу пунктіне келу жəне алдағы шекаралық бақылау туралы жолаушыларға хабар беруге, жолаушылардың көлік құралы бойынша жүріп-тұруын шектеуге, жолаушылар саны жəне олардың жол жүру кезіндегі мінез-құлқы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне ақпарат беруге міндетті. 2. Өткізу пунктінде қызметін жүзеге асыратын кедендік жəне өзге де органдардың, көлік ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін: 1) жұмыс аяқталған соң қалған қызметкерлер туралы; 2) өткізу пунктінде жұмыстан шығарылған немесе міндеттерін орындаудан шеттетілген адамдар туралы, олар жұмыстан шығарылғаннан, басқа лауазымға немесе жұмыс учаскесіне ауыстырылғаннан кейін не өзге де мəнжайлар туындағанда, олардан алып қойылған рұқсаттамаларды ұсына отырып, жиырма төрт сағаттың ішінде хабардар етеді. 37-бап. Өткізу пункттердегі шаруашылық жəне өзге де қызмет Өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық жəне өзге де қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 38-бап. Өткізу пункттеріндегі режімді бұзу Осы Заңға сəйкес белгіленген өткізу пункттеріне адамдардың, көлік құралдарының кіруі, оларда болуы, жүріп-тұруы жəне олардан шығуы, оларға жүктер мен тауарларды əкелу, орналастыру, өткізу, əкету тəртібін сақтамау өткізу пункттеріндегі режімді бұзу болып танылады. 5-тарау. ШЕКАРА РежімІ 39-бап. Шекаралық аймақ 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі шекара маңындағы əкімшілікаумақтық бірліктердің аумағы шегінде осы Заңда айқындалған шекара режімі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді. 2. Шекара режімі – шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тəртібі. 3. Шекара режімінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы шекаралық аймақта белгіленген тəртіпті қамтамасыз ету болып табылады. 4. Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігі шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады. 5. Шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен өтеусіз, тұрақты пайдалануға инженерлік-техникалық құрылыстар мен бөгеуіштерді, коммуникацияларды, өткізу пункттерін жəне Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының өзге де объектілерін жайластыру мен күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын жер белдеулері (учаскелері) бөлінеді. 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жəне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдардың ұсынулары бойынша шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген режімдік шектеулердің қолданысын алып тастауы немесе тоқтата тұруы мүмкін. 7. Шекара режімін бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады. 40-бап. Шекаралық аймаққа кіру 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куəландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. 2. Шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куəландыратын құжаттар жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі беретін шекаралық аймаққа кіруге арналған рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады. 3. Шетелдіктер жəне азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол жəне автомобиль қатынасы жолдарымен барған жағдайда, олардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куəландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі. Осы санаттағы адамдарға жүру маршрутын өзгертуге тыйым салынады. 41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру жəне жүріп-тұру 1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куəландыратын құжаттарын, сондай-ақ осы Заңның 40-бабында көрсетілген рұқсат беру құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс. 2. Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктер (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының тұрғындары) шекаралық аймақта жеке басын куəландыратын құжаттары жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалар бойынша, егер Қазақстан Республикасының шектес мемлекетпен халықаралық келісімдерінде осылай көзделген болса, жүріп-тұрады. 3. Шекаралық аймаққа кіруді, онда уақытша болуды, тұруды жəне жүріптұруды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жəне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктеледі, олар шекаралық аймаққа кіретін жерлерді келісім бойынша белгілейді. 42-бап. Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу 1. Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де ісшараларды өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, жүзеге асырылады. 2. Хабарламаны жоспарланатын іс-шараны тікелей ұйымдастырушы енгізеді жəне онда іс-шараның сипаты, орны, уақыты жəне оған қатысушылар саны туралы мəліметтер қамтылуға тиіс. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де уəкілетті органдардың, сондай-ақ іс-шараны тікелей ұйымдастырушының атына шекаралық аймақта құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар қолдану бойынша ұсынулар енгізуге құқылы. 43-бап. Шекара режімін бұзу Осы Заңға сəйкес белгіленген шекаралық аймаққа кіру (өту), онда уақытша болу немесе жүріп-тұру, шаруашылық, кəсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мəдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тəртібін сақтамау шекара режімін бұзу болып танылады. 6-тарау. АУМАҚТЫҚ СУЛАР (ТЕҢІЗ) ЖƏНЕ ІШКІ СУЛАР РежімІ 44-бап. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімі 1. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар шегінде аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімі қолданылады, ол: аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн жəне өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті жəне суасты) кемелердi (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу жəне орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу; қазақстандық кемелердің, шетелдік кемелер мен əскери корабльдердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда жүзу (пайдаланылу); аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның табиғи минералды жəне жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу тəртібін белгілейді. 2. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімі осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленеді. 3. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 45-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерді (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу 1. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда пайдаланылатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерді (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс. 2. Кемелерді жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің жəне

(Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 10-11-беттерде). Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əскери корабльдеріне жəне өзге де кемелеріне, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын уəкілетті органдарға тиесілі, сондай-ақ халықаралық тасымалдауларды орындаған кезде тиісті теңіз немесе өзен порттарында тіркелімге алынған жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымдарға тиесілі қазақстандық шағын көлемді кемелерге жəне мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылмайды. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күзететін Каспий теңізінің жағалауы маңына, шекаралық өзендердің, көлдердің жəне өзге де су айдындарының жағасына азаматтар уақытша келетін қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелер (құралдар) жəне мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде уақытша есепке қойылуға тиіс. 46-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерді (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды күтіп-ұстау 1. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелер (құралдар) жəне мұз үстімен жылжитын құралдар тиісті кемежайларда, айлақтарда жəне орналасу пункттерінде немесе оларды күтіп-ұстау орны бойынша тіркелімге алынуға жəне олардың тоқтап тұратын тұрақты орны болуға тиіс. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне су асты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтеріне қатысты күтіп-ұстаудың өзге де тəртібін белгілейді, бұл туралы иесінің тіркеу құжаттарында арнайы мөртабан басылады. 3. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерді (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды танып айыру үшін олардың иесі тұмсық бөлігінің жəне артқы жағының борттарына берілген тіркеу нөмірлері мен жазуларды жазады. Нөмірді əуеден танып айыру үшін бөлменің жоғарғы бөлігінде, ал ол болмаған кезде – тұмсық бөлігінде арнайы жабдықталған алаңшада жазылуға тиіс. Көрсетілген талап олардың штаттағы жəне штаттан тыс құтқару құралдарына (шлюпкаларға, дөңгелектерге, белдіктерге) қолданылады. 47-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың кемежайлары, айлақтары жəне орналасу пункттері 1. Каспий теңізінің жағалауы маңындағы, шекаралық өзендердің, көлдердің жəне өзге де су айдындарының жағаларындағы қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерге (құралдарға) жəне мұз үстімен жылжитын құралдарға арналған кемежайларды, айлақтарды жəне орналасу пункттерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісілген рұқсаттары негізінде ұйымдар жабдықтайды. 2. Кемежайлардың, айлақтардың жəне орналасу пункттерінің: 1) аумаққа бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін болғызбайтын қоршалымы; 2) суда жəне жағада тұратын шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелер (құралдар) жəне мұз үстімен жылжитын құралдар үшін бекіткіштері, сондай-ақ оларды сақтауға арналған орындары; 3) аспалы моторларды, желкендерді жəне ескектерді сақтайтын арнайы үй-жайлары; 4) күзетке арналған үй-жайлары; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралдары болуға тиіс. 3. Ұйымдардың басшылары – кемежайлардың, айлақтардың жəне орналасуға арналған орындардың меншік иелері оларды тиісті түрде жабдықтаумен, күзетпен жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралымен қамтамасыз етуге міндетті. 48-бап. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығуы 1. Егер осы Заңмен өзгеше тəртіп белгіленбесе, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығуы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттамаларды алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке жəне заңды тұлғалар шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығу мақсаттары, уақыты жəне маршруты (аудандары), олардың типтері жəне тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары туралы мəліметтерді енгізеді. Енгізілетін ұсынулар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жəне Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілуге тиіс. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамалардың қолданысын шектеуге немесе уақытша тоқтата тұруға құқылы, бұл туралы мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар хабардар етіледі. 4. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығуына, егер осы кемелерге (құралдарға) қатысты күтіп-ұстаудың өзгеше тəртібі айқындалмаса, тек қана тəуліктің жарық уақытында олар тіркелімге алынған орындар бойынша кемежайларға, айлақтарға жəне орналасу орындарына не жағалау маңына қараңғы түскенге дейін оралғанда рұқсат беріледі. 5. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын өзге де уəкілетті органдардың (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен басқа) өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелері (құралдары) жəне мұз үстімен жылжитын құралдары өздерінің шығуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін көрсетілген акваторияларда тəуліктің кез келген уақытында шығар алдында хабардар етеді. 6. Жергілікті атқарушы органдардың жəне ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарымен келісілген ұсынулары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын режімдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын – екі мильге дейінгі арақашықтықта теңізге еркін шығуға, белгіленген акваторияда жеке жəне заңды тұлғалар демалыс, туризм жəне спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзуіне жəне (немесе) пайдаланылуына жол берілетін Каспий теңізінің жағалауы маңы учаскелерінің тізбесін белгілейді. 7. Шағын көлемді өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың күтіпұсталуын, аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығуын (шығарылуын), орналасу пункттеріне қайта оралуын есепке алуды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. 49-бап. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда қазақстандық өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзу (пайдаланылу) тəртібі 1. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда қазақстандық өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуіне жəне (немесе) пайдаланылуына тек қана рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандарда немесе навигациялықгидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген схемаларына сəйкес жол беріледі. Оларға: 1) рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) ауданның шегінен шығуға, қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, егер хабарламаларда ондай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарланған болса, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғы мен құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына кіруге; 2) егер осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше тəртіп ескертілмеген болса, аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз аппаратты əуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға тыйым салынады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен катерлеріне аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда түнгі уақытта, белгіленген шамдарсыз жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда корабльдердің жəне катерлердің командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де авариялық жағдай тудыру мүмкіндігін болғызбайтын шаралар қолдануға міндетті. 3. Аумақтық сулардың (теңіздің) белгілі бір аудандарында уəкілетті органдар қазақстандық өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуін шектейді, бұл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда күні бұрын хабар беріледі. 50-бап. Шетелдік кемелердің (құралдардың) жəне мұз үстімен жылжитын құралдардың, шетелдік əскери корабльдердің жүзу (пайдаланылу) тəртібі 1. Осы Заңның 45, 46, 48, 49, 52-баптарының талаптары аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелерге (құралдарға), мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылады. 2. Аумақтық сулар (теңіз) арқылы жүзіп өтуді жүзеге асыратын шетелдік өздігінен жүзетін жəне өздігінен жүзбейтін (суүсті жəне суасты) кемелер (құралдар), сондай-ақ шетелдік əскери корабльдер жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жəне заңнамасын сақтауға тиіс. 3. Шетелдік əскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда (теңізде) жүзу тəртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды (теңізді) дереу тастап шығуды талап етеді. 51-бап. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды жəне жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу 1. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды жəне жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс жəне өзге

де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе онда осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жəне өзге де уəкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергілер жасамауға тиіс. 2. Аумақтық суларға (теңізге) шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер жəне (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жəне ұйымдар осы Заңның 48-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерден басқа: 1) жобаның сипаты жəне мақсаты; 2) кемелердің атауын, типін жəне сыныбын, ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, пайдаланылатын əдіс пен құралдар; 3) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық деректер; 4) зерттеу жүргізетін кемелер келген жəне кеткен немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылған жəне алып тасталған күн; 5) жоба үшін жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беруге міндетті. 3. Аумақтық суларда (теңізде) алдағы жүргізілетін теңіздегі ғылыми зерттеулер жəне (немесе) іздестіру қызметі туралы жұмыс басталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі хабардар етіледі. 4. Əуесқой балықшылардың, туристердің, спортшылардың аумақтық суларға (теңізге) жəне ішкі суларға шығуы, оның ішінде мұз астында балық аулауға шығуы осы Заңда белгіленген тəртіпке сəйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады. 5. Аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды жəне жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізуді бақылау өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. 52-бап. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімін бұзу 1. Осы Заңда белгіленген: 1) аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн жəне өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті жəне суасты) кемелердi (құралдарды) жəне мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу жəне орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу; 2) аумақтық суларда (теңізде) жəне iшкi суларда, шекаралық өзендер, көлдер жəне өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде кəсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу тəртібін бұзу аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімін бұзу болып танылады. 2. Аумақтық сулар (теңіз) жəне ішкі сулар режімін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, сондай-ақ осы тарауда көрсетілген өзге де уəкілетті органдар осы Заңға сəйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады. 7-тарау. КОНТИНЕНТТІК ҚАЙРАҢ РежімІ 53-бап. Континенттік қайраң режімі 1. Континенттік қайраң шегінде теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге жəне оларды игеруге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға жəне пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондайақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың континенттік қайраңдағы тəртібі - континенттік қайраң режімі белгіленеді. 2. Континенттік қайраң режімі Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен белгіленеді. 3. Континенттік қайраң режімінің қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 4. Континенттік қайраң режімінің негізгі мақсаты континенттік қайраңның табиғи ресурстарына барлау жүргізуге жəне оларды игеруге байланысты қызметті жүзеге асырудың белгіленген тəртібін қамтамасыз ету болып табылады. 5. Континенттік қайраң режімін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу жəне пайдалану жөніндегі уəкілетті органға жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі. 54-бап. Континенттік қайраң режімін бұзу 1. Континенттік қайраңда теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге жəне оларды игеруге, оның ішінде жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға жəне пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондайақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру тəртібін бұзу континенттік қайраң режімін бұзу болып танылады. 2. Континенттік қайраң режімінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жер қойнауын зерттеу жəне пайдалану жөніндегі уəкілетті орган жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Заңға сəйкес заңсыз іс-əрекеттерді тоқтату үшін қажетті шаралар қолданады. 8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ 55-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 2) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымын белгілеу тəртібін айқындайды; 3) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу қағидаларын айқындайды; 4) шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің жəне шекаралық аймақтың шектерін белгілейді; 5) шекаралық белдеуге кіруге жəне онда болуға рұқсаттамалар беру тəртібін айқындайды; 6) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығару үшін негізге алынатын сызықтарды, сондай-ақ аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді; 7) Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізеді немесе оны кесіп өтуді тоқтатады; 8) карантин режімін енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе екі жəне одан көп облыстар аумағында оның күшін жою туралы шешім қабылдайды; 9) өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру жəне жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды айқындайды; 10) өткізу пункттерінің тізбесін бекітеді; 11) халықаралық темір жол жəне автомобиль қатынасы жолдарының Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге жəне жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар бойынша жүру тəртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді; 12) қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда жəне континенттік қайраңда кəсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тəртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі жəне уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру тəртібін айқындайды; 13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жəне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген ұсынуы бойынша шекаралық режімге кіретін жекелеген шектеулердің қолданысы алып тасталуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін белгілейді; 14) өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық жəне өзге де қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді; 15) шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын жəне оларды орнату тəртібін айқындайды; 16) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дəліздерін жəне қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді; 17) Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ережені бекітеді жəне оның қызметін ұйымдастырады; 18) шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекітеді; 19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 56-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады; 2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда, континенттік қайраңда жəне өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды жəне күзетуді қамтамасыз етеді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi; 3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау жəне жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны қорғауды жəне күзетуді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру жөніндегі іс-əрекетін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне қабылдайды; 5) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге жəне қайта шегендеуге, Мемлекеттік шекара режімін белгілеу мақсатында қажетті құжаттарды жəне материалдарды дайындауға қатысады; 6) шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастырады жəне басқарады; 7) шекаралық кеңістікте жəне халықаралық қатынас арналарында саяси, əлеуметтiк-экономикалық жəне қылмыстық ахуалды талдауды жəне болжауды жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына жəне Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес өзінің жүргізуіне жатқызылған істер бойынша алдын ала тергеуді жəне іс жүргізуді жүзеге асырады, құқық бұзушылықтардың мəн-жайларын анықтауға жəне шекаралық кеңістікте ұсталған адамдарды тексеруге қатысады; 9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бекітеді; 10) өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бекітеді; 11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əскери шаруашылығы туралы қағидаларды бекітеді; 12) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жоспарлау қағидаларын бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді тікелей орындайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық

22 қаңтар 2013 жыл

қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріндегі кезекші күштер мен құралдардың құрамы туралы ережені бекітеді; 14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық наряд басшысы туралы ережені бекітеді; 15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік іс-əрекетін моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 16) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі штабтарының қызметі жөніндегі қағидаларды бекітеді; 17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жедел қалқалау қағидаларын бекітеді; 18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі барлау бөлімшелерінің барлау қызметін жүргізу қағидаларын бекітеді; 19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетінің техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын бекітеді; 20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі инженерлік-техникалық құралдарының жай-күйін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 21) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында, оқу орындары мен құрылымдық бөлімшелерінде зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен жəне оқ-дəрілермен қамтамасыз ету, оларды ұйымдастыру, пайдалану жəне есепке алу жөніндегі қағидаларды бекітеді; 22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің зымырандық-артиллериялық қару-жарағын жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, құрал-сайманды, керек-жарақты, калибрлер жабдығын, сүртетін-майлайтын жəне басқа материалдарды күтіп-ұстау жəне олардың жұмсалу нормалары туралы ережені бекітеді; 23) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы зымырандық-артиллериялық қару-жарақты санаттарға бөлу қағидаларын бекітеді; 24) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы оқдəрілерді жəне танкіге қарсы басқарылатын реактивтік снарядтарды санаттарға бөлу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 25) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оқгильза қорын құру туралы қағидаларды бекітеді; 26) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде автотехникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді; 27) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режімдік объектілерінде монтаждауға жəне қауіпсіздіктің ықпалдастырылған жүйесінің жабдықтарына қойылатын талаптарды бекітеді; 28) əкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнайы жабдықталған үйжайларда күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді; 29) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы режімдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарын күзетуді жəне олардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 30) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 31) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оқу орындарында оқу-баспа қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 32) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін заттай қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 33) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 34) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін ветеринариялық қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді; 35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін пəтерлік-пайдаланушылық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 36) Мемлекеттік шекараны, континенттік қайраңды жəне аумақтық суларды (теңізді) күзетуде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің авиациясын қолдану қағидаларын бекітеді; 37) Қазақстан Республикасының теңізінде, өзендерінде жəне өзге де су айдындарында шекаралық корабльдер мен катерлерді қолдану қағидаларын бекітеді; 38) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде кинологиялық қызмет пен із кесушілікті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 39) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 40) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жылқыларды пайдалану қағидаларын бекітеді; 41) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 42) Қазақстан Республикасының кеден органдарымен жəне Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігімен келісім бойынша өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді жəне тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастырудың үлгі схемаларын бекітеді; 43) азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде əскерге шақыру комиссияларының жұмысына қатысады; 44) Қазақстан Республикасының жергілікті əскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректер негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мұқтажы үшін шақырылатын контингентке мониторингті жəне оларды іріктеуді жүзеге асырады; 45) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 57-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзыреті Қазақстан Республикасының кеден органдары: 1) Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің экономикалық жəне өзге де мүдделерін қорғау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады жəне өткізеді; 2) өз құзыреті шегінде кедендік жəне өзге де бақылау түрлерінің ұйымдастырылуы үшін жауап береді, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына əкелуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуді жүзеге асырады; 3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жəрдем көрсетеді; 4) өткізу пункттерінде режімді қамтамасыз ету мəселелері, өздерінің құзыретіне кіретін өзге де мəліметтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді; 5) Кеден одағының сыртқы шекараларында автомобильдік өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құрады; 6) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықты пайдалануға беруді жəне олардың сақталуын қамтамасыз етеді; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 58-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге жəне қайта шегендеуге байланысты мəселелер бойынша қызметін үйлестіреді, Мемлекеттік шекара режімі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысады; 2) Мемлекеттік шекараның сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру жəне Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді; 4) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара жəне виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тəртiбі туралы, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекараны межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар етеді; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Мемлекеттік шекара режімін сақтау мəселелерін жəне шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен жəне əдістермен шешедi; 6) дипломатиялық өкiлдiктердiң жəне консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық жəне өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пунктеріндегі үй-жайларға жəне өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асырады; 7) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асырады; 8) Мемлекеттік шекараны қорғау мəселелері бойынша халықаралық ісшараларды өткізу кезінде уəкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 59-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: 1) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына жəне жүріп-тұруына бақылауды жүзеге асырады; 2) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куəліктерін, сондай-ақ шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға жеке немесе ұжымдық рұқсаттамалар беру тəртібін айқындайды, оларды беруді жүзеге асырады; 3) шекаралық аймақта жəне шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мəдени жəне өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етеді; 4) шекаралық кеңістіктегі құқық тəртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мəн-жайларда кетіп қалған адамдар, Мемлекеттік шекараға жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді; 5) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды жəне өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мəн-жайларын анықтауда жəне тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жəрдем көрсетеді; 6) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді; 7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе баруына тыйым салады;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұстаған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сəйкес ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында ұстайды; 9) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тəрбие беруге қатысады, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 60-бап. Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігі: 1) өз құзыреті шегінде əуе, теміржол, теңіз (өзен) өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құрады; 2) шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 61-бап. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті органның құзыреті Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараның картографиялық материалдарда бейнеленуін бақылауды жүзеге асырады, шекара белгілерін геодезиялық анықтауды қамтамасыз етеді; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 62-бап. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы жəне өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті 1. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары: 1) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау үшін жағдайлар жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін шекаралық кеңістіктегі ахуалға қатысы бар мəселелер бойынша хабардар етеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жəне күзету мұқтажы үшін жер учаскелерін береді; 4) Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын уəкілетті органдарға көмек көрсетеді, олардың ұсынуларын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ден қою актілерін қарайды жəне орындайды; 5) Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелерін жедел шешу үшін осы Заңның, Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың орындауын үйлестіру функцияларын (өз аумақтарында) жүктей отырып, жауапты лауазымды адамдарды тағайындайды жəне шекара маңы аудандарының (қалаларының) əкімдіктері жанынан құрылатын шекаралық мəселелер жөніндегі үйлестіру кеңестерінің қызметін ұйымдастырады; 6) азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға ерікті негізде қатысуы үшін жағдайлар жасайды; 7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жəрдем көрсетеді. 63-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын уəкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауы 1. Осы Заңның 56-62-баптарында көрсетілген уəкілетті органдар Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен іс-шараларды іске асырады жəне өздерінің құзыретіне жататын мəселелер бойынша бір-бірін хабардар етеді. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: 1) тікелей Мемлекеттік шекарада өз күштерінің жəне Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін қозғайтын өз қызметін жүзеге асыратын уəкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады; 2) шет мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. 9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ 64-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның тұтастығын жəне қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тəртіпті ұстап тұру мақсатында құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны қорғауды жəне күзетуді жүзеге асыратын уəкілетті орган болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өз туы, оның ішінде əскери-теңіз туы жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын танып айыру белгілері, ал бірлестіктердің, құрамалардың жəне жауынгерлік бөлімдердің – белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің міндеттері: 1) Мемлекеттік шекара режімін жəне өткізу пункттеріндегі режімді қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау, оны межелеуге, шегендеуге жəне қайта шегендеуге қатысу; 3) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің міндеттерін шешуге қатысу; 4) Мемлекеттік шекарада жəне континенттік қайраңда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу; 5) шекаралық аймақта, аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда жəне континенттік қайраңда белгіленген режімдердің сақталуын дербес немесе уəкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру; 6) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды жəне қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жəрдем көрсету болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне басқа да міндеттер Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелуі мүмкін. 65-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің іс-əрекеті 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада, шекаралық кеңістікте жəне Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде өз іс-əрекетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасы негізінде жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын жəне лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры басқарады. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылымы, Шекара қызметі Директорының құқықтары жəне Шекара қызметінің іс-əрекетін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен бекітілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережемен реттеледі. 66-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің міндеттері Мемлекеттік шекараны қорғау жəне күзету кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі: 1) Мемлекеттік шекарадан өтуді өзгертудің, Қазақстан Республикасының аумағын игерудің кез келген əрекеттерінің жолын кесуге; 2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режімдерін қамтамасыз етуге қатысуға; 3) Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кіруге тойтарыс беруге, Мемлекеттік шекарада қарумен жасалатын жəне өзге де арандатушылықтардың жолын кесуге, халықты, мемлекеттік жəне жеке меншікті аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға; 4) адамдардың жəне көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерлерде не өткізу пункттерінде заңсыз əдістермен Мемлекеттік шекараны кесіп өту əрекеттерінің алдын алуға жəне жолын кесуге, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды жəне шекаралық кеңістіктегі өзге де құқық бұзушыларды анықтауға жəне ұстауға; 5) тиісінше ресімделген құжаттар болған жəне өткізу пунктінде белгіленген бақылау түрлерін өту кезінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді жəне тауарларды өткізуді белгіленген тəртіппен жүзеге асыруға; 6) Мемлекеттік шекара режімінің жəне өткізу пункттеріндегі режімнің орындалуын қамтамасыз етуге; 7) шекаралық режімнің, аумақтық сулар (теңіз) мен ішкі сулар режімінің, континенттік қайраң режімінің сақталуын дербес немесе уəкілетті органдармен бірлесіп бақылауға, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруға; 8) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыруға; 9) Мемлекеттiк шекара арқылы жүретін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға, мұндай құжаттарды уақытша алып қоюға, сондай-ақ жарамсыз құжаттарды алып қоюға; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ айыппұл салу туралы сот шешімдерін жəне уəкілетті органдардың қаулыларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде орындамаған шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеуге; 11) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куəландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде қалдыра отырып, өткізбеуге; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес адамдарды ұстауды жəне жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;

(Соңы 13-бетте).


(Соңы. Басы 10-12-беттерде). 13) шекаралық кеңістікте белгіленген режімдерді бұзуға жол берген көлік құралдарын тоқтатуға, қарап тексеруге жəне ұстауға, құқық бұзушылық мəнжайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшелерінің қарауына жеткізуге (айдауылмен жеткізуге); 14) Қазақстан Республикасына əкелуге немесе Қазақстан Республикасынан əкетуге тыйым салынған, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткі заттарды, қаруды, оқ-дəрілерді, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен өткізілетін жүктер мен тауарларды белгіленген тəртіппен дербес немесе уəкілетті органдармен бірлесіп ұстауға жəне алып қоюға; 15) əуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жəрдем көрсетуге; 16) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды жəне қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне табиғат қорғау органдарына жəрдем көрсетуге; 17) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік-техникалық құралдарын, құрылыстарын жəне бөгеуіштерін жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын ескере отырып, жануарлар дүниесін қорғау, молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша орнатуға; 18) Мемлекеттік шекарадан су астындағы орта арқылы кесіп өтуге бақылауды жүзеге асыруға; 19) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) жəне ішкі суларында, сондай-ақ олардың шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейінгі суларда су астындағы объектілерді танып айыру (жіктеу) үшін өздерінде бар құралдарды пайдалануға; 20) Мемлекеттік шекараны қорғау мүддесінде су астындағы ортада қайыққа қарсы жəне диверсияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға; 21) Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес өзінің қарауына жатқызылған əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасауға жəне іс жүргізуге; 22) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сəйкес өзінің қарауына жатқызылған істер бойынша анықтау жүргізуге; 23) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жəне сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібін айқындайтын шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғауды жүзеге асыруға міндетті. Шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілген əскери қызметшілері жүзеге асырады. Физикалық қорғау қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды; 24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 67-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің құқықтары 1. Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің: 1) қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді салуға жəне орнатуға; 2) байланыс жəне коммуникация желілерінің құрылысын жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға жəне пайдалануға; 3) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге жəне қайта шегендеуге, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекара режімін белгілеу мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды əзірлеуге қатысуға; 4) кез келген жергілікті жер учаскелерінде, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарда жəне табиғат қорғау аймақтарында болуға (шекаралық нарядтарды орналастыруға), сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде олар арқылы жүріп-тұруға, жер учаскелерінің меншік иелерінен (жалға алушылардан) шекаралық нарядтардың жүріп-тұруына арналған орындарды бөлуді, қоршалымдар арқылы өтетін немесе өзге де кедергілер арқылы өтетін жерлерді жабдықтауды жəне тиісті түрде күтіп-ұстауды талап етуге; 5) шекаралық саясат жəне Мемлекеттік шекараны, аумақтық суларды (теңізді) жəне континенттік қайраңды күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында қарсы барлау жəне жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ барлау қызметін жүргізуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға; 6) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын іске асыру жəне уəкілетті органдар мен ұйымдардың шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруге, Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін қозғайтын қызметті жүзеге асыратын өз күштері мен уəкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруға; 7) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға шекаралық кеңістікте құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің іс-əрекетіне кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынулар енгізуге; 8) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің шекаралық органдарымен Мемлекеттік шекараны қорғауда өзара іс-қимылды ұйымдастыруға жəне жүзеге асыруға; 9) Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асыруға; 10) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттік шекара режімін ұстап-тұру, шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу, ақпарат алмасу мəселелерi бойынша хат-хабар алмасуды жүргiзу, осы Заңда белгiленген тəртiппен шекара мəселелерi жөнінде келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға жəне шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге; 11) міндеттерді орындау үшін уəкілетті органдардан, ұйымдардан жəне қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұратуға жəне өтеусіз алуға; 12) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы міндеттерді шешуге азаматтарды ерікті жасақтар құрамында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкерлері ретінде жəне өзге де нысандарда ерікті негізде тартуға, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды көтермелеуге жəне қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің оқу орындарына түсу үшін ұсыным жасауға; 13) Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тəрбие беруге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге, құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздестіру туралы халықты хабарландыру үшін жəне өзге де мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға; 14) осы Заңға сəйкес қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдануға; 15) шекаралық кеңістікте жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы мəлімдемелерді немесе хабарламаларды қарауға, оларды тіркеуге жəне олар бойынша тиісті шаралар қолдануға; 16) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды жəне ақпараттық жүйелерді құруға жəне пайдалануға; 17) Мемлекеттік шекараны қорғау саласында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер жүргізуге; 18) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын əскери қызметшілердің киім нысаны мен жарақтарды айқындауға; 19) Қазақстан Республикасының кеден органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тəртіппен тексеріп қарауды жүзеге асыруға; 20) көлік құралдарымен ілесіп жүруге жəне оларда шекаралық нарядтарды орналастыруға; 21) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жəне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлескен шешімдерінде айқындалатын тəртіппен Мемлекеттік шекара күзетін күшейту кезінде олар бөлетін күштер мен құралдарды пайдалануға; 22) құқық бұзушылардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын жəне тұрғын емес үй-жайларына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергісіз (қажет болғанда жабатын құрылғыларды істен шығара отырып) тəуліктің кез келген уақытында кіруге, сондай-ақ (жиырма төрт сағат ішінде тиісті прокурорды кейіннен хабардар ете отырып) оларды қарап тексеруге; 23) шекаралық іздеулер мен операцияларды, өзге де іздестіру ісəрекеттерін жүргізу кезінде бақылау бекеттерін өз бетінше орнатуға, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне жібермеуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында олардың сонда қалуын немесе осы учаскелерді тастап шығуын міндеттеуге; 24) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы жəне өзге де уəкілетті органдарын хабардар ете отырып, қорғаныс мақсатындағы жұмыстарды, халықаралық міндеттемелерді орындау мен табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындаған салдарларды жоюға байланысты жұмыстарды қоспағанда, шекаралық белдеуде əртүрлі жұмыстарды жүргізуді уақытша шектеуге; 25) қызметтік мақсаттарда байланыс құралдарын, ал Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге тойтарыс берген, Мемлекеттік шекарадағы заңсыз жаппай өтуге жəне өзге де арандатуларға кедергі келтірген, іздестіру іс-шараларын жүргізген, құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды жеткізген кезде, ұйымдардың көлік құралдарын, ал қажет болған жағдайларда – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен иелерінің талаптары бойынша кейіннен оларға шығындарды не келтірілген залалды өтей отырып, азаматтардың көлік құралдарын пайдалануға; 26) Мемлекеттік шекараны кесіп өту, аумақтық суларда (теңізде) жəне iшкi суларда жүзу кезiнде немесе кемелер қазақстандық порттарда тұрған уақытта құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк əскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң жəне оларда болған өзге де адамдардың жағаға шығуына жəне жағада болуына тыйым салуға; 27) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тəртіпті сақтауды, Қазақстан Республкасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ісəрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы əрекеттерді тоқтатуды талап етуге, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиісті шараларды қолдануға; 28) шекаралық кеңістікте белгіленген режімді бұзушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əкімшілік ұстауға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларында ұстауға; 29) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сəйкес əкімшілік ұстауға алынған адамдарды тергеу изоляторларында, уақыт-

13

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

ша ұстау изоляторларында жəне ұстау үшін арнайы жабдықталған үйжайларда орналастыруға; 30) шекаралық кеңістікте белгіленген режімдерді бұзудың өздеріне белгілі болған мəн-жайлары туралы түсініктемелер алу мақсатында адамдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне шақыруға; 31) қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекарада автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымын құруға; 32) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге; 33) кеден органдары жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, радиациялық бақылауды автоматты түрде немесе қолмен тексеру режімінде жүзеге асыруға; 34) құрамында радиоактивті заттар бар инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар немесе иондаушы сəуле өндірілетін радиоактивті заттармен, аспаптармен немесе аппаратурамен жұмыс істеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыруға; 35) Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Бұдан басқа, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда, шекаралық өзендер, көлдер жəне өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде қазақстандық жəне шетелдік (суүсті жəне суасты) кемелерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің: 1) егер кеме сұрау салу белгілеріне жауап бермесе, жүзуге тыйым салынған ауданда болса, Қазақстан Республикасының суларына кіру, онда жүзу жəне болу тəртібін бұзса, оны тоқтатуға жəне қарап тексеру жүргізуге құқығы бар. Кемені қарап тексеру кеме жəне навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге арналған құжаттарды, қажет болған жағдайда кеменің жайларын да тексеруді қамтиды. Кемені қарап тексеру нəтижелері бойынша оған, белгіленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзуді (болуды) жалғастыруға рұқсат етілуі немесе Қазақстан Республикасының суларын тастап шығу ұсынылуы мүмкін немесе ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе əкімшілік заңнамасына сəйкес ұсталуы мүмкін; 2) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қылмыстық немесе əкімшілік жауаптылыққа тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау жəне тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға; 3) егер тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық белгіні (олардың осы белгіні көруі немесе естуі мүмкін болатындай ара қашықтықтан) бергеннен кейін ізге түсу Қазақстан Республикасының суларында басталса жəне үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін аумақтық сулар (теңіз) шегінен тыс суларда олардың ізіне түсуге жəне оларды ұстауға құқығы бар. 3. Мемлекеттік шекараны су астындағы ортада күзету кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің: 1) аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда су астындағы ортаның жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен басқа да уəкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға; 2) аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда су астындағы объектілер табылған кезде бұл суларға кіру мақсаты туралы сұрау салу жүргізуге, бағытын өзгертуді талап етуге, оларға су астындағы жағдайдан шығуды, өз туын көрсетуді ұсынуға, тоқтатуға жəне оларды қарап тексеру жүргізуге, табылған су астындағы объектілер іс-əрекеттерінің алдын алу немесе оларды тоқтату бойынша өзге де шараларды қолдануға; 3) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қылмыстық немесе əкімшілік жауаптылыққа тартылуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау жəне тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беруге; 4) аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жəне (немесе) жүзудің белгіленген тəртібін бұзған су астындағы құралдарды ұстауға, құқық бұзушылықтың мəн-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасының порттарына, өзге де орындарға жеткізуге (айдауылмен алып жүруге), осы құралдарды анықтау жəне тергеу органдарына беруге; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қару-жарақ пен əскери техниканы қолдануға құқығы бар. 4. Қазақстан Республикасының аумағында шекаралық іздеулер жəне операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өзіне берілген құқықтарды шекаралық кеңістік шегінен тыс жерлерде де пайдалана алады. 5. Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қызметтік міндеттерді шешу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын корабльдерге, ұшақтарға жəне тікұшақтарға (өзге де ұшу аппараттарына) мынадай өтеусіз: 1) Қазақстан Республикасының су жəне əуе кеңістігін, теңіз жəне өзен порттарын, əуежайларын жəне əуеайлақтарын (қону алаңдарын), олардың тиесілігіне жəне арналған мақсатына қарамастан, пайдалану; 2) навигациялық, метеорологиялық, гидрографикалық жəне өзге де ақпаратты алу; 3) ұшуларды жəне корабль жүргізуді қамтамасыз ету құқығы беріледі. 6. Шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі əскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен жəне жағдайларда қаруды, арнайы құралдарды тасымалдауға, өзімен алып жүруге, сақтауға жəне қолдануға, қызметтік иттерді пайдалануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқығы бар. 68-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiнде əскери қызмет өткеру ерекшеліктері 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары əскери қызметшілерден (шақыру бойынша келген əскери қызметшілер, келісімшарт бойынша келген əскери қызметшілер) жəне қызметкерлерден тұрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметінде əскери қызмет өткеру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының жəне халықаралық келісімдерге сəйкес шет мемлекеттердің оқу орындарында жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі мерзімді əскери қызметке басым тəртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті дене бітімі мен моральдықпсихологиялық қасиеттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне іріктеу, оларды зерделеу жəне əскерге шақыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларымен айқындалады. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің əскери қызметшiлерi қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады жəне мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің қызметтік іс-əрекетіне араласуға, Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған тікелей уəкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің құқығы жоқ. Шекаралық нарядтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жəне күзету, сондай-ақ шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау бойынша қызмет атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің əскери қызметшісі атқаратын лауазымына, орналасу орны мен уақытына қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оған азаматтар шекара қауіпсіздігіне қатер төндіретін оқиғалар туралы мəлімдемемен немесе хабарламамен жүгінген жағдайда немесе ол осындай оқиғаларды тікелей анықтаған жағдайда: 1) құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған азаматтарды анықтау жəне ұстау, оқиға болған орындарды күзету жөніндегі ықтимал шараларды қолдануға; 2) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесіне хабарлауға міндетті. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі. 10-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІ 69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: 1) əуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді; 2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сəйкес құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) жəне ішкі суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады; 3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режімінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уəкілетті органдарды тартады; 4) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дəліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар əзірлейді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уəкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жəрдем көрсетеді; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің құзыреті 1. Мемлекеттік шекараны əуе кеңістігінде күзету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Əуе қорғанысы күштері: 1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тəртібінің сақталуын бақылауды

жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігінде, сондай-ақ аумақтық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейін əуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өтуі кезінде оларды танып айыру үшін өздерінде бар құралдарды пайдаланады; 3) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзған əуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында ұшуының жолын кеседі жəне қондыруға шаралар қолданады; 4) əуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-əрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, əуежайға немесе əуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы əуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жəрдем көрсетеді. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Əуе қорғанысы күштері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының əуе кеңістігіндегі жағдайды анықтау үшін басқа да уəкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға; 2) əуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы əуе кеңістігінің жекелеген аудандарында əуе кемелерінің ұшуына тыйым салуға немесе оны шектеуге; 3) əуе кемесінен Қазақстан Республикасының əуе кеңістігіне ұшып кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы ақпаратты хабарлауды талап етуге; 4) əуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-əрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, əуежайға немесе əуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы əуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жəрдем көрсетуге, əуе кемесіне, егер оның бағыты ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытын өзгертуді ұсынуға; 5) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алдын алу немесе тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға, қажет болған жағдайда əуе кемесінің экипажынан көрсетілген жерге қонуын, оның ішінде мəжбүрлі түрде қонуын жүзеге асыруды талап етуге; 6) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзған əуе кемелерінің экипаж мүшелерін (Қазақстан Республикасының аумағына қонғаннан кейін) құқық бұзушылықтың мəн-жайларын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшесіне шақыруға; 7) құқық бұзушылық жасаған жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қылмыстық немесе əкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау жəне тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға; 8) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қару-жарақты жəне əскери техниканы қолдануға; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар. 71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əскери-теңіз Күштерінің құзыреті Мемлекеттік шекараны қорғауға тартылған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Əскери-теңіз Күштері: 1) Мемлекеттік шекараны су астындағы ортада кесіп өтуге бақылауды жүзеге асыруға қатысады; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүддесінде қайыққа қарсы, оның ішінде су асты-диверсиялық қорғанысты жүзеге асыруға жəрдем көрсетеді; 3) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ƏСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚЫЗМЕТТІК ЖАНУАРЛАРДЫ ЖƏНЕ ДЕНЕ КҮШІН ҚОЛДАНУ 72-бап. Қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолданудың шарттары мен шектері 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің шекаралық кеңістік шегінде қаруды жəне арнайы құралдарды өзімен алып жүруге, сақтауға, қолдануға құқығы бар, сондай-ақ əскери техниканы, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдануы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің əскери қызметшілері қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда іс-əрекеттерге жарамдылығына арнайы дайындықтан, жыл сайынғы тексеруден өтуге міндетті. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде, қажетті қорғаныс жағдайында жəне аса қажеттілік жағдайында немесе құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде, штаттық қару мен арнайы құралдары не оларды қолдану мүмкіндігі болмаған кезде, қолына түскен кез келген құралды пайдалануға құқылы. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары өткізетін іс-шараларға тартқан жағдайларда, қару-жарақ пен əскери техника, арнайы құралдар, қызметтік жануарлар жəне дене күші іс-шараға бастамашы болған органның қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес қолданылады. 5. Азаматтардың, əскери қызметшілердің денсаулығы мен өмiрiне нақты қатер төндiретiн, сондай-ақ олар қарумен немесе топпен шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде əуе жəне теңіз кемелерін басып алған жағдайларды қоспағанда, əйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға жəне кəмелетке толмағандарға қатысты қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдануға тыйым салынады. 6. Сондай-ақ қару-жарақ пен əскери техниканы: 1) егер олар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірмесе, суүсті, суасты кемелері, əуе кемелері, ұшу аппараттары жəне мұз үстімен жылжитын құралдар, сондай-ақ жолаушылары бар өзге де көлік құралдары бойынша; 2) қайғылы жағдайға немесе табиғаттың еңсерілмейтін күштерінің əсеріне байланысты, Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен немесе абайсызда кесіп өтуге əрекет еткен адамдарға қатысты; 3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе кесіп өтуге əрекет еткен жабайы жəне үй жануарларына қатысты қолдануға тыйым салынады. 7. Қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолданудың барлық жағдайларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері осы Заңда көзделген жағдайларда қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдануға байланысты, оның ішінде: 1) көлік құралдарының жəне (немесе) құқық бұзушылардың ісəрекеттерінің қауіпті немесе күтпеген маневрі; 2) оқтардың (снарядтардың) тайқып кетуі салдарынан олардың ұшу траекториясының өзгеруі; 3) құқық бұзушылардың көлік құралдарының сынуы немесе бүлінуі салдарынан келтірілген моральдық, материалдық зиян жəне дене зақымы үшін жауапты болмайды. 9. Шекаралық кеңістікте белгіленген режімдерді бұзушылықтың жолын кесу кезінде қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолданудың əрбір жағдайы жөнінде тиісті прокурор он екі сағаттан кешіктірілмей хабардар етіледі. 10. Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы өзге де уəкілетті органдар қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды жəне дене күшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қолданады. 73-бап. Қару-жарақ пен əскери техниканы қолдану 1. Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: 1) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге жəне қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы араңдатудың жолын кесу үшін; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелеріне, Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын Қазақстан Республикасының басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшін; 3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе кесіп өтетін жəне қарулы немесе өзге де қарсылық көрсететін адамдарға, суүсті, суасты кемелеріне, əуе кемелеріне, ұшу аппараттарына, оның ішінде пилотсыз аппараттарға жəне мұз үстімен жылжитын құралдарға, сондай-ақ өзге де көлік құралдарына қарсы; 4) суүсті, суасты кемелері, əуе кемелері, ұшу аппараттары, оның ішінде пилотсыз аппараттар жəне мұз үстімен жылжитын құралдар, сондай-ақ өзге де көлік құралдары тоқтату немесе бағытты өзгерту туралы талаптарды орындамаған жағдайда, осы бұзушылықтың тоқтатылуын немесе оларды ұстауды басқа да құралдармен жүзеге асыру мүмкін болмағанда, оларды бүлдіру жолымен тоқтату (қозғалысын немесе ұшуын тоқтату) үшін; 5) суүсті, суасты кемелерін, əуе кемелерін, ұшу аппараттарын, оның ішінде пилотсыз аппараттарды жəне мұз үстімен жылжитын құралдарды, сондай-ақ жолаушылары жоқ өзге де көлік құралдарын шетелге айдап əкетуді болғызбау үшін; 6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері мен объектілеріне, Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметтік міндеттерін немесе қоғамдық борышын орындап жүрген өзге де азаматтарға, олардың отбасы мүшелеріне шабуыл, оның ішінде қарусыз шабуыл жасалып, олардың өміріне тікелей қауіп төнгенде шабуылға тойтарыс беру үшін; 7) азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату үшін; 8) əскери қызметшілерді немесе азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлардың шабуылынан қорғау үшін; 9) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу үшін, сондай-ақ қажетті қорғаныс жағдайында жəне аса қажеттілік жағдайында қару-жарақ пен əскери техниканы қолданады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі əскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін де қару пайдалануға құқығы бар.

2. Қару-жарақ пен əскери техника: 1) қарулы шабуылға тойтарыс беру мен қарулы басып кіру үшін; 2) қарулы қарсылық көрсетілген кезде; 3) əскери қызметшілер мен өзге де азаматтарға кенеттен шабуыл жасалған кезде; 4) ұсталған адамдардың тартып алған қарумен қашуы кезінде ескертусіз қолданылуы мүмкін. 3. Өзге жағдайларда қару-жарақ пен əскери техниканы қолданудың алдында оларды қолдану ниеті туралы анық ескерту жасалуға жəне (немесе) ескерту мақсатында оқ атылуға тиiс. 74-бап. Арнайы құралдарды қолдану 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қару-жарақ пен əскери техниканы қолдануға құқық берілетін барлық жағдайда арнайы құралдар қолданылуы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте, сонымен қатар: 1) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын, əскери қызметшілерге қарсылық көрсететін немесе оларға жүктелген қызметтік міндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергі жасайтын құқық бұзушыларды, өзге де адамдарды ұстау жəне қарусыздандыру үшін немесе қару, оқ-дəрілер, жарылғыш, улы, радиактивті, есірткі жəне еркін айналымына тыйым салынған өзге де заттарды өзінде заңсыз ұстайтын адамдарға қатысты; 2) шекаралық кеңістіктегі жаппай тəртіпсіздіктің жолын кесу үшін жəне Мемлекеттік шекарадан қарусыз жаппай кесіп өту немесе кесіп өтуге əрекет ету жəне азаматтардың өмірі мен денсаулығына немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне қол сұғушылық жасалатын құқық бұзушылардың топтасқан ісəрекеттері жағдайында; 3) егер ұсталған адамдардың қашып кетуі, айналасындағыларға немесе өз денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екеніне жеткілікті негіздер болса, оларды айдауылмен алып жүру жəне күзету кезінде; 4) ұсталғандарды жеткізу үшін, егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ, егер əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау міндетті болып табылса, оны сол орнында жасау мүмкін болмаған кезде осы хаттаманы жасау мақсатында қажет болса; 5) құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында объектілер мен көлік құралдарын ашу, сондай-ақ оларды бөлшектеу үшін; 6) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу, сондай-ақ қажетті қорғаныс үшін жəне аса қажеттілік жағдайында да арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар. 75-бап. Қызметтік жануарларды жəне дене күшін қолдану 1. Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қару-жарақ пен əскери техниканы жəне арнайы құралдарды қолдануға құқық беретін барлық жағдайларда қызметтік жануарлар мен дене күші қолданылуы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі əскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте: 1) құқық бұзушыларды іздеу жəне ұстау үшін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес еркін айналымға шығаруға, Қазақстан Республикасына əкелуге немесе Қазақстан Республикасынан əкетуге тыйым салынған нəрселерді, материалдарды, құралдарды, заттарды іздеу жəне табу мақсатында адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау, жергілікті жерді қарап тексеру кезінде; 3) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу, сондай-ақ қажетті қорғаныс үшін жəне аса қажеттілік жағдайында қызметтік жануарларды жəне дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тəсілдерін қолдануға да құқығы бар. 12-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСУЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ 76-бап. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуы 1. Шекаралық кеңістік шегінде азаматтар ерікті жасақтар құрамында жəне өзге де нысандарда ерікті негізде Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады. 2. Азаматтарды ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға тарту тəртібін, осындай тартудың нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының құрметтелуі жəне сақталуы қағидаттары негізінде жүзеге асырады. 4. Мыналар: 1) қылмыстық жауаптылыққа тарту; 2) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі жəне одан да көп) қасақана əкімшілік құқық бұзушылықтар жасау; 3) шекаралық кеңістіктің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кету; 4) оның Мемлекеттік шекараны қорғауға одан əрі қатысуын болғызбайтын мəн-жайлардың басталуы (психиканың бұзылуының анықталуы, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сəйкес айналасындағыларға қауіп туғызатын өзге де сырқатпен ауыру, азаматтың қайтыс болуы); 5) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан əрі қатысқысы келмеуі Қазақстан Республикасы азаматының ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу мүмкіндігін болғызбайтын мəн-жайлар болып табылады. 77-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері 1. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар (бұдан əрі – Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар): 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін шекаралық кеңістікте дайындалып жатқан не жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мəлім болған фактілері туралы дереу хабардар етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша өздерінің Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу заңдылығын растайтын куəліктерді көрсетуге; 3) құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ұсталған азаматтарға қолданылатын мəжбүрлеу шараларының негіздерін оларға түсіндіруге; 4) Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша іс-шараларға қатысар алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерінде құқықтық дайындықтан өтуге міндетті. 2. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың: 1) Мемлекеттік шекараны қорғаудың бақылау жəне қадағалау функцияларымен байланысты емес іс-шараларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жəрдем көрсетуге; 2) шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға жəне жолын кесуге; 3) құқық бұзушылықтардың жолын кесу жəне құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер көрсетілген мақсаттарға өзге тəсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін жəне басқа да құралдарды қолдануға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне, құқық қорғау немесе өзге де уəкілетті органдарға жеткізуге; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізуге; 6) шекаралық кеңістікте белгіленген режімдердің сақталуын талап етуге құқығы бар. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың заңды талаптары орындау үшін міндетті. 3. Мемлекеттік шекараны қорғауда жəрдем көрсетуіне байланысты Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар мен олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы іс-əрекеттер, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа əкеп соғады. 13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 78-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қадағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының дəлме-дəл жəне бiркелкі қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уəкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады. 79-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 1. Осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер жəне азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы өзге де уəкілетті органдардан өздерінің құқықтары мен бостандықтарының шектелу себебі жөнінде түсіндірмелер алуға құқығы бар. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, тиісті лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен осы құқықтарды қалпына келтіруге жəне оларға келтірілген залалды өтеуге міндетті. 80-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат).

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 қаңтар № 70-V ҚРЗ


14

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: C-2 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда алты жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы. C-O-1 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда бес жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (докторантура) аяқтауы. С-О-3 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда үш жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы. С-5 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы. C-O-4 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы. C-O-5 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. C-O-6 санаты үшін: білімі - жоғары немесе орта кəсіптік. C-R-4 санаты үшін: білімі - жоғары кəсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. C-R-5 санаты үшін: білімі - жоғары немесе орта кəсіптік. - «Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-0102/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 тіркелген). Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат C-2 С-О-1 С-О-2 С-5 C-O-4

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 175533 237034 140298 189 627 94813 128126 106 345 143 501 84563 114032

Санат С-О-5 С-О-6 C-R-4 C-R-5

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 64 063 86 485 57 657 60 860 56 376 76 235 44 844 67 907

I. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі (индекс 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс анықтама үшін байланыс телефоны: /8-7172/ 74-06-68, 74-06-39) мемлекеттік əкімшілік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 1.Заңнама департаментінің директоры, С-2 санаты Функционалдық міндеттері: Департаменттің жұмысын ұйымдастырады жəне өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады; Министрлік бойынша үлкен, маңызды, қажетті іс-шараларды ұйымдастыруға, дайындыққа қатысу; Қазақстан Республикасы Президент Əкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Əділет Министрлігі басшылығының бақылаудағы күрделі тапсырмаларын орындау; жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының уақытылы жəне сапалы орындалуына бақылау (Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Кеңсесі, Министрдің, Вице-министрдің, Жауапты хатшының) жүргізуді қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің атқарушылық жəне еңбек тəртібін сақтауын қамтамасыз ету; Департамент құзыреті бойынша Министрге ұсыныстар енгізу, Департамент қызметкерлерін көтермелеу жəне оларға тəртіптік жаза қолдану, тағайындау, алмасу туралы ұсыныстар енгізу; Департамент құзыретіне сəйкес орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен қарым-қатынасты қамтамасыз ету; Министрдің жəне Жауапты хатшыға кадр мəселесі бойынша ұсыныстар енгізу; жəне басқа да тапсырмаларды Министрлік басшылығымен орындау жүзеге асыру; заң жобалау қызметін үйлестіру бойынша жұмыстар кешенін жүргізу, заң жобаларының сараптамасы, заңнаманы жүйелеу, Қазақстан Республикасы Əділет Министрлігіне келісуге түскен заң актілерінің жобаларын қарастыру жəне əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білімі, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілер. Мемлекеттік қызмет жəне еңбек заңнамасы саласындағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік Қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда алты жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш, өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета, кадр есебі бойынша іс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефоны көрсетілуі тиіс), білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңда белгіленген тəртіппен куəландырылған көшірмелері, еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңда белгіленген тəртіппен куəландырылған көшірмесі, денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама, 3х4 үлгідегі 2 фотосурет) осы хабарландырудың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мезеттен бастап 15 күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі Астана қаласының Əділет департаменті (индекс 010000,Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, №15, анықтама үшін сымтетік: /8-7172/ 32-55-58) мемлекеттік əкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 1.Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бас бухгалтері / C-О-5 санаты, 1 бірлік/. Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есеп шотында барлық шаруашылық операцияларында бақылауды жүзеге асыру, жасалатын операциялар заңдылығын жəне құжаттарды ресімдеудің уақытылы жүргізілуін жəне дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру, материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нəтижелерін уақытылы жəне дұрыс анықтауға жəне олардың есебін көрсету, «Бас журнал» кітабын жүргізу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламасының əкімшісі ұсынған жылдық, тоқсандық, бюджеттік есептілігін тапсыру, жұмысты жопарлау; республикалық бюджеттен қаржыландыратын бюджеттік жіктеулер спецификасы бойынша қаржының тиімді жұмсалуын жүргізу; мемлекеттік мүліктің есебін қамтамасыз ету жəне сақтау, смета орындауда пайда болатын үрдістердің есептерін уақытылы жүргізу, активтерді жəне материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу; негізгі қаражатты, материалдық құндылықтарды есептен шығаруға бақылау жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Əлеуметтік ғылым жəне бизнес (экономика, қаржы, есеп жəне аудит) саласындағы жоғары білім. Əлеуметтік ғылым жəне бизнес, жаратылыстану ғылымдары саласындағы орта арнайы білім барларға рұқсат етіледі. Аталған лауазымның қызметтік міндеттері саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілер, ҚР «Əділет органдары туралы», ҚР «Мемлекеттік сатып алу», Заңдары, ҚР «Мемлекеттік бухгалтерлік есебін жүргізу туралы нұсқаулық», ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары мен нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу. II. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі 8, анықтама үшін телефондары (8 7172) 74-36-86 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі бойынша мекенжайы: 040000 Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 149 үй , байланыс телефондары: 8(7282) 21-02-23. 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің директоры – Алматы облысының, бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы (С-О-1, 1 бірлік, 15-01-3); Функционалдық міндеттері: Функционалдық міндеттері: Аумақтық органның қызметін ұйымдастыру, жергілікті жəне аумақтық мемлекеттік басқару органдарының қызметін үйлестіру; Медициналық қызмет көрсету жəне дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйым жəне медициналық техника салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру, дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйым жəне медициналық техника сапасының қауіпсіздігін жəне тиімділігін қамтамасыз ету; біліктілік санаттарды игеру жəне денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кəсіби құзыретіне аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған комиссияның жұмысын ұйымдастыру; денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу, лицензиялау бойынша жұмысты ұйымдастыру; медициналық жəне фармацевтикалық қызмет бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс; дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйым жəне медициналық техника саласындағы мемлекеттік стандарттарды енгізу; денсаулық сақтау саласында мониторинг жүргізу; əкімшілік құқықбұзушылық жəне əкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары фармацевтикалық білім; мүмкіндігінше қосымша заң не экономикалық; не мемлекеттік қызметкерлерді даярлау жəне қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқытылуы. Практикалық тəжірибесі: осы санаттағы лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сəйкестігі; мүмкіндігінше денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда жұмыс істеу тəжірибелерінің, нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу бойынша жұмыс дағдысының болуы. III. Алматы облысының прокуратурасы, Талдықорған қаласы, Гайдар көшесі, №17 үй, 3-қабат, 305 кабинет, анықтама телефондары: 8-(7282)-2734-12, 27-22-08, əкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға конкурс жариялайды: Алматы облысы прокуратурасының қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бастығы (санаты С-О-3) - 1 орын. Функционалдық міндеттері: Басқарманың жалпы жұмысын ұйымдастырады жəне басқаруды жүзеге асырады. Коммуналдық жүйені, өрт қауіпсіздігін, мекемедегі жəне оған қарасты аймақтардың санитариялық-техникалық жағдайларына бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Облыс прокуратурасы органдарының ғимараттарын күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарының сметаларын дайындайды, осыған байланысты бюджеттік өтініштер жасау мен тендерлер ұйымдастырады. Прокуратура балансында тұрған материалды-техникалық базаны, мүлікті, кеңсе тауарларын, бөлшектерді, жанар жағармайды, автокөліктерді күту мəселесін бақылау жұмыстары бойынша мəселелерді шешу. Күзетшілердің жұмысын ұйымдастырады жəне бақылауды жүзеге асырады, кезекшілік журналдың жүргізілуін тексереді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары кəсіптік. Мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес немесе басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сонымен қоса басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда немесе мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік бағдарлама бойынша даярлау мен қайта даярлау оқуларын мемлекеттік тапсырыс негізінде аяқтаған (бакалавриат), сондай-ақ Республикалық комиссиямен бекітілген кадрларды шетелде даярлау бағдарламасына сəйкес жоғарғы оқу орындарында арнайы мамандықтар алған тұлғаларға рұқсат етіледі. IV. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Мəдениет комитеті 010000, Астана қ., Солтүстік жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» əкімшілік ғимараты, № 15 кіреберіс, анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-68, мемлекеттік əкімшілік бос лауазымдарға конкурс жариялайды: 1. Əкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы, (С-5) - 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің, басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Комитеттің жəне Министрліктің нормативтік құқықтық актілері жобаларын, бұйрықтарын əзірлеуге қатысады. ҚР Президенті Əкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің, Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды. Кадр қызметінің жұмысын ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық (тарих, халықаралық қатынастар, мəдениеттану), əлеуметтік (саясаттану, əлеу-

меттану, журналистика, қоғаммен байланыс), өнер мамандықтары бойынша (өнертану), құқықтық (құқықтану). V. «Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан геология жəне жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменті» ММ (070004, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35 үй, байланыс телефоны (7232) 26-47-23, факс 26-79-92, Е-mail: vknedra common@ukg.kz) бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Экономика, қаржы жəне бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы (С-О-4) Функционалдық міндеттері: мекеменің экономика, қаржы жəне бухгалтерлік қызметін ұйымдастыру жəне жетілдіру бойынша жұмысты жоспарлау, материалдық жəне қаржы ресурстарын ұтымды, үнемді пайдалануға, бюджет қаражатын мақсатты жұмсауға, геологиялық зерттеу жұмыстарын дұрыс актілеуге, бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен дұрыстығына бақылау жүргізу. Департамент қызметінің барлық саласы бойынша қажетті экономикалық есеп, смета жəне шарттардың əзірленуін қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық, геологиялық жəне тау-кен техникалық мамандықтар бойынша жоғары кəсіптік білім, компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес салада екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы. VI. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, анықтама үшін телефондар: (7172) 718417, факс (7172) -71-75-79 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (C-О-4 санаты, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау, Қазынашылық комитеті құрылымдық жəне аумақтық бөлімшелерінің қызметіне ведомстволық бақылау жасау жұмыстарын ұйымдастыру; ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздікті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жəне басқа да құжаттарды əзірлеуге қатысу; Департаменттің аумақтық жəне құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға бақылау жасау жəне мониторингтеуді; Департаментте жəне Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастыру-құқықтық, техникалық, аппараттық-бағдарламалар шаралардың қабылдауын қамтамасыз ету; бюджеттің орындалуын, ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік мəселелері бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен жəне Департаменттің аумақтық органдарымен өзара байланыс жасау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды қызметтік тергеуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық немесе техникалық (ақпараттандыру саласында) немесе заңгерлік. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті, 140000, Павлодар қаласы, Қ.Сəтбаев көшесі, 158 үй, анықтамалар үшін телефондар: 8(7182) 32-76-45, 32-70-93, факс 32-37-89, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаменті ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маман – бас қазынашысы (С–О-5 санаты). Функционалдық міндеттері: Қазынашылық департаментінің аумақтық жəне құрылымдық бөлімшелерінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы үшін мониторингті жəне бақылауды қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмыстарды үйлестіру жəне ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық немесе техникалық (ақпараттандыру салаларында) немесе заңгерлік білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Бюджеттік заңнамаларды білу, компьютерде Word, Excel программамен жұмыс істей білу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, 150000, Солтүстік Қазақстан обл., Петропавл қаласы, Мир көшесі, 112А үй, аңықтама үшін телефон: 8(7152) 46-88-69, факс 8(7152) 46-66-34 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы - бас қазынашысы (C-О-5, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Есептілік күнге тексеріс материалдарын қорытындылау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға бақылау жасау жəне мониторингтеу; Департаментте жəне аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастыруқұқықтық, техникалық, аппараттық-бағдарламалар шаралардың қабылдауын қамтамасыз ету; бюджеттің орындалуын, ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік мəселелері бойынша Департаменттің құрылымдық жəне аумақтық бөлімшелерімен өзара байланыс жасау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды қызметтік тергеуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық немесе техникалық (ақпараттандыру саласында) немесе заңгерлік. Орта экономикалық немесе техникалық (ақпараттандыру саласында) немесе заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі. Офистік бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгерген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті, 130000, Ақтау қаласы 23 ш/а, анықтама үшін телефондар (7292) 31-90-13, факс 3190-01, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: 1. Қазынашылық жүйесін технологиялық сүйемелдеу бөлімінің бастығы, С-О-4 санаты. Функционалдық міндеттері: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің тапсырмаларын ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді. Бақылаудағы құжаттарды, басшылықтың тапсырмаларының уақытылы орындалуын, бөлімнің іс жүргізуін қамтамасыз етеді. Қазынашылық департаментіне жəне оның аумақтық бөлімшелеріне ақпараттық жүйе жұмысы жөнінде тəжірибелі көмек көрсетеді. Жазбаша өтінімде ескертілген оқшауландыруға шектеулі мерзім өтіп кеткен жағдайда Қазынашылық департаментінің құрылымдық бөлімшесінің технологиялық сүйемелдеу жөніндегі жəне ақпараттық қауіпсіздігінің жауапты орындаушысының ауызша сұрауы негізінде, басқа жағдайда ҚБАЖ оқшауландырудан шығарудың негіздемесі берілген жазбаша өтінімі негізінде ҚБАЖ пайдаланушыларды жəне олардың өкілеттіктерін оқшауландырудан шығарады. Ақпараттық қауіпсіздік ережесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіпттік: техник программист, ақпараттық жүйесі бойынша маман, экономика, қаржы. 2. Ведомстволық бақылау жəне ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маманына – бас қазынашысына, С-О-5 санаты. Функционалдық міндеттері: Ведомстволық бақылау бойынша, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жəне оған басшылық жасау департаменттің аумақтық жəне құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ведомстволық бақылау жүргізу алдыңғы тексерудің нəтижелерін іске асыру бойынша өткізілген шаралармен таныстыру жəне бағалау тексеру материалдарын іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау; Департаменттің аумақтық жəне құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тексеру қорытындылары бойынша шаралардың орындалуына ревизиядан кейінгі бақылауды жүзеге асыру; тексеру материалдарын талдау; Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстарын дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық немесе техникалық, (ақпараттық жүйесі бойынша), құқықтану. 3. Жергілікті бюджеттердегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін өткізу бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне) бас маманыбас қазынашысына, С-О-5 санаты Функционалдық міндеттері: Құжаттардың, басшылардың тапсырмаларының уақытылы орындалуын, бөлімнің іс-жүргізуін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметіне қатысты сұралған ақпараттар түрлері бойынша хаттар, анықтамалар, есептер дайындайды. Төлеуге арналған шоттарға бағдарламалық бақылау жүргізеді. Танылмаған түсімдерді қайтару бойынша төлем шоттарын енгізеді, қарайды жəне түзетеді, сұрауларды орындайды, сақтайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, қаржы, менеджмент банк ісі, орта экономикалық, қаржы, менеджмент банк ісі білімдері рұқсат етіледі. 4. Бюджетке, мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша жəне басқа да шоттар бойынша түсетін түсімдер бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне) бас маманы- бас қазынашысына, С-О-5 санаты Функционалдық міндеттері: Алдын ала бақылау тобынан құжаттарды (төлем тапсырмалары мен қорытындыларын) қабылдайды. Түсімдер сомаларын бюджетке есепке алады (түсімдердің БСК-ның дұрыстығын, жол берілетіндігін көзбен шолу арқылы тексереді, Ұлттық қордың ҚБШ-ға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтардың төлеушісінің мұнай секторы ұйымдары тізбесіне сəйкестігін тексереді, түсімдер жорналдарын қарайды, түзету жорналдарын құрайды, түзетеді, қате құрылған жорналдарды жояды, жүргізеді. Танылмаған түсімдер сомаларын 902 шотқа есепке алады жəне осы шотты жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономика, қаржы, менеджмент, банк ісі, орта экономика, қаржы, менеджмент, банк ісі білімі рұқсат етіледі. VII. «Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау жəне лицензиялау департаменті» ММ, 130000 Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, №100 ғимарат, 115 бөлме. Байланыс телефоны 8(7292) 319037, факс 8(7292) 319073, мемлекеттік əкімшілік бос лауазымға конкурс жариялайды: 1. Лицензиялау жəне аттестаттау бөлімінің бас маманы (С-О-5,1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Лицензия алу үшін лицензиаттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау, заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сəйкес ведомстволық бағыныстағы аумақтағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру, белгіленген үлгі бойынша қатаң есептілік бланкілерінде лицензияланатын құжаттарды (лицензиялар жəне оған қосымшалар) рəсімдеу. Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметінде субъектілерге берілетін лицензияларға мониторинг жүргізу, оларды есепке алу мен тіркеу, лицензиаттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау, лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды жəне жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тəртіпте белгіленген шаралар қолдану. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мамандығы бойынша: Құрылыс немесе Құрылыс материалдары, бұйымдары жəне құрастырмалары өндірісі немесе Сəулет немесе Заңтану немесе Халықаралық құқық немесе Транспорттық құрылыс немесе Гидротехникалық құрылыс жəне құрылым. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Лицензиялау туралы» ҚР Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн. Мүмкіндігінше құрылыс саласында жұмыс тəжірибесінің болуы. Дербес компьютермен жұмыс істей білу керек «Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау жəне лицензиялау департаменті» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 40 үй, анықтама телефондары: 8 (7132) 551-524, мемлекеттік əкімшілік бос лауазымға конкурс жариялайды: 1. Əкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы орнына (С-О-5, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Департаментті ұстауға арналған қаржылық жоспарды орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді жəне өзге де ақша құжаттарының дұрыс рəсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық жəне кассалық тəртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын жасау жəне бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы жəне сапалы дайындау. Департамент үшін мемлекеттік сатып алу рəсімдеріне қатысу жəне белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі тоқсандық, жылдық есептер дайындау. Сатып алу мəні мен жүргізу нысан түріне қарамастан мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттарды дайындау. Табыс жəне əлеуметтік салық пен əлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау жəне салық органына беру. Агенттіктің қаржылық жұмыстар басқармасына қаржылық жоспарды орындаудың айлық есебін, кредиторлық жəне дебиторлық берешек туралы есеп беру. Белгіленген нысан бойынша облыстық статистика басқармасына еңбек жəне жалақы туралы тоқсандық есеп беру. Ұсынылған тауарларға (жұмыстар мен қызметтер) ақы төлеу үшін қазынашылық органдарына шоттар ұсыну. Бюджетке салықтық жəне басқа да бюджетке міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын жəне жұмысшылар жалақысын дұрыс есептеу мен аударуға бақылау жасау. Ағымдағы іс қағаздарын жүргізу іс номенклатурасын əзірлеу. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткізу үшін оларды белгіленген тəртіпте рəсімдеуге бақылау жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, экономика, есеп жəне аудит немесе қаржы мамандығы бойынша орта кəсіптік білімі рұқсат етіледі. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ЌР Заңдарын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер. Дербес компьютермен жұмыс істей білу. VIII. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттейтін агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 3-бөлме, тел. 8/7152/46-30-71 бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Табиғи монополиялар жəне бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысының кезеңіне, С-О-5 санаты). Функционалдық міндеттері: Тіркелімді қалыптастыру жəне жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтер, тарифтік сметалар жобаларына сараптама жəне табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін бекітуге берген жоба бұйрықтарын бекітуге ұсыну, Агенттік табыстаған темір жол көлігі, электр жəне жылу энергетикасы,

мұнай, мұнай өнімдерін жəне газ тасымалдау, азаматтық авиация, порттар қызмет саласында тауар нарықтарында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларына алдағы бағаның көтерілуі туралы хабарламаларды қарау, оларға дəлелді қорытынды дайындау. Нұсқаулық құжаттарда белгіленген мерзімде тарифтер (бағалар), алым ставкалар деңгейлері бойынша ұсыныстар əзірлеу. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар жəне олармен аффилирленген тұлғалар болып табылатын тіркелімге енгізілген, табиғи монополиялар субъектілерінің əкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін, еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу. Жария тыңдауларды ұйымдастыру жəне өткізу. Бөлімшеге бекітілген атқарылған жұмыс туралы есеп дайындау. Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының тиімділігін бағалау мониторингін жүргізу. Агенттік табыстаған темір жол, электр жəне жылу энергетикасы, мұнайды тасымалдау, мұнай өнімдері жəне газ, заматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) жəне Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға бағаларды реттеу. Жұмыс Регламентіне сəйкес «Монополистер қызметін мониторингілеу жөніндегі электрондық деректер қоры» АЖ-ға деректерді енгізу. Агенттіктің салалық департаменттері Агенттіктің Веб-сайтына орналастыру үшін Веб-сайт жұмысының Регламентінің қосымшаларына сəйкес белгіленген мерзімде Бөлімнің қызметіне қатысты ақпаратты уақытылы дайындау жəне жолдау. Азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Бөлім жұмысына байланысты хаттарды, анықтамаларды, ақпараттық материалдарды дайындау. Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары кəсіби: экономикалық немесе бухгалтерлік немесе қаржылық немесе есеп жəне аудит. Орта кəсіби: экономикалық немесе бухгалтерлік немесе қаржылық немесе есеп жəне аудит білімге рұқсат етіледі. ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» Заңдарын, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын», ҚР Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу. Осы сананттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. IX. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, 020000, Көкшетау қаласы Момышұлы 174, анықтама телефондары, факс (8-7162) 78-11-04, 78-11-02 əкімшілік мемлекеттік бос орынға байқау жариялайды: Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – 1 бірлік, С-О-5 санаты бойынша. Функционалдық міндеттері: Жеке құрамға формалық үлгідегі киім-кешек аттестаттарын жүргізу кіреді, сотталғандардың азық-түліктерін беру кезінде тамақ өнімдерін басқалармен алмастыру заңдылығының нормалық тамақтандыру сəйкестігін тексеру бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (экономикалық), мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істеу. Жұмыс өтілі шаруашылық саласында 3 жылдан кем болмауы тиіс. X. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі бойынша, мекен-жайы: 070003, Өскемен қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 9/1-үй, анықтама үшін телефон: (7232) 76-54-44, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды: І. Медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор (С-О-5, 2 бірлік) Функционалдық міндеттері: Келесілер бойынша жұмыстар жүргізу: денсаулық сақтау қызметінің субъектілеріне, соның ішінде медициналық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау қағидаларының сақталуына бақылау; медициналық қызмет көрсету, диагностика əдістеріне, емдеу жəне сауықтыру жарнамасына бақылау; жеке жəне заңды тұлғалардың арыздарын, өтініштерін медициналық қызмет сұрақтары бойынша өз құзіреті шегінде қарау; денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметіне бақылау нəтижелеріне талдау; медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дəрілік заттарды рационалды тағайындауға бақылау; халықтық медицина қызметін (емшілікті) көрсетуге бақылау. Ақпараттық-аналитикалық жұмыс пен мониторинг түрлері мен əдістерін білу. Əдістемелік басшылық көрсету. Медициналық кадрларға аттестаттау өткізуге қатысу. Денсаулық сақтаудың субъектілеріне аккредиттеу өткізуге қатысу. Дəрілік заттар қатынастары сұрақтары бойынша кеңестер, семинарларды жəне департаментпен құрылған конкурстарды өткізуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білім. Мүмкіндігінше жоғары немесе бірінші біліктілік санатының, мамандығы бойынша біліктілігін арттыру сертификатының болуы, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. XI. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ-сі, 060003, Атырау қаласы, Н. Оңдасынов көшесі, 17«Б», 3 қабат, 306-бөлме, анықтама үшін телефондары: (8 71 22) 46-52-99 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Комитеттің бұйрықтарын уақытында орындау, бөлімнің есебін, берілген тапсырмаларын уақытында жəне сапалы тапсыру. Департамент директорының жəне бөлім бастығының тапсырмаларын уақытында орындау. Қолданыстағы заңдылықтарға сəйкес есепке алу-есептеу құжаттарын сапалы жүргізу. Мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау. Баспасөз басылымдарында мақалалар жариялау, конференция, семинарларға белсенді қатысу, үнемі өзінің біліктілігін арттырып отыру. Қазақ тілін білу, іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сараптауға қатысу. Емделген аурулардың мəліметтері базасының сарапталуын үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің ақаулары құрылымын талдау, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сараптау методологиясын əзірлеу. Медициналық ұйымдардың іс-əрекеті бойынша қорытынды нəтижелерінің статистикалық көрсеткіштері мен медициналық қызметтің сапасын бағалау индикаторларына мониторинг жүргізу арқылы бағалау. Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектісін сараптау нəтижелері бойынша актілерді құрастыру. Нормативті құқықтық актілерді əзірлеуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік. «Емдеу ісі» немесе «Педиатрия» немесе «Стоматология» мамандығы бойынша медициналық білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. XII. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, 120014, Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 76 «А», тел.: 8 (7242) 27-49-31, 2738-38 бос мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымына ашық конкурс жариялайды: Азаматтық қорғаныс басқармасы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік Функционалдық міндеттер: халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жəне осы заманғы зақымдану құралдарынан қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс шараларының орандалуын бақылау; азаматтық қорғаныс басқару органдарында, азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметтерінде, ұйымдарда, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың толық жəне тиімді орындау; азаматтық қорғаныс саласындағы белгіленген нормативтер мен ережелер талаптарының сақталуын, лауазымды адамдардың, күштер мен құралдардың дайындығын, олардың іс-қимылын бағалау; азаматтық қорғаныс жағдайын тексеру нəтижесі бойынша актілерді азаматтық қорғаныс бастықтарына танысу үшін ұсыну; Департамент басшылығына азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік актілер талаптарының орындалмауына қатысты хаттамаларды толтырып, қозғалған əкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер туралы материалдарды əкімшілік шара көру үшін ұсыну; азаматтық қорғаныс басқару органдарына, азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметтеріне, ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою жəне азаматтық қорғаныс шараларын орындау жөніндегі нұсқамалар беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары техникалық немесе арнайы орта техникалық білім. XIII. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ, 140000, Павлодар қ., Лермонтов көшесі, 59үй, анықтама телефондары: 8(7182) 65-15-50, 55-57-09, медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік медициналық инспекторы бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды: І. Медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор (С-О-5, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға; азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттануының дəрежесін анықтауға қатысуға; халықтың денсаулығын сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; медициналық көмек сапасын талдау, медициналық көмек көрсету саласындағы тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік жəне өзге де бағдарламалардың даму жоспарларын, азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша мемлекеттік жəне салалық (секторальды) бағдарламаларды, денсаулық сақтау ұйымдарының аурухана ішілік менеджменті мен жұмысының тиімділігін бағалау бағдарламаларын құрастыруға қатысу; республика халқына көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен көлемінің сараптамасын ұйымдастыру, өткізу жəне үрдісті үйлестіру; өз құзіреттілігі шегінде денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау ережелерін сақтаудың бақылауын жүзеге асыру. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғарғы медициналық білім, мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей алуы. XIV. Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау жəне əлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті, 050016 Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2, байланыс телефоны: 8 (727) 279-44-12 төмендегі бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Департаменттің бас маманы-заңгер консультанты (С-0-5). Функционалдық міндеттері: Департаменттің құқықтық қамсыздандыру қызметін ұйымдастыру; басшыға қол қоюға ұсынылатын құқықтық актілердің, соның ішінде бұйрықтардың жобаларын заңнама талаптарына сəйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру жəне оларға виза қою; заңнамада белгіленген тəртіппен құқық мəселелерін қарау кезінде сотта жəне басқа да органдарда аумақтық органдарының мүдделерін қамтамасыз ету. Департтаменттің талап-арыз жұмысын жүргізу, сот органдарындағы талаптарды, арыздарды қарау кезінде анықталған Департамент қызметіндегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар əзірлеу, оларды басшылыққа ұсыну. Анықталған сыбайластық жəне басқа да құқықтық бұзушылық туралы дайындалған материалдар бойынша заңды қорытынды дайындау. Сот орындаушымен өзара іс-əрекет жасау. Сотта əкімшілік тəжірибе жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, құқық мамандығы бойынша, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамаларды жəне нормативтік құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 2. Медициналық-əлеуметтік сараптаманың əдіснама жəне бақылау бөлімінің бас маманына (С-О-5). Функционалдық міндеттері: медициналық-əлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындысына шағымданатын адамдарды қайта куəландыру, мүгедектік себебін, тобын жəне еңбекке қабілеттілігін жоғалту дəрежесін белгілеу, құжаттарды ресімдеу дұрыстығын тексеру, оңалту шараларын өткізу, медициналықəлеуметтік сараптама жəне мүгедектерді оңалту мəселелері бойынша консультациялық-əдістемелік көмек көрсету, мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорының жүргізілуіне бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамаларды жəне нормативтік құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 3. № 1, 2, 4, 5 медициналық-əлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандары (С-О-5, 5 бірлік, соның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытында). Функционалдық міндеттері: мүгедектік тобын, кəсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін адамдарды куəландыру, жеке сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру ісшараларын жүргізу, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша консультациялықəдістемелік көмек көрсету, мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын жүргізу. Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: медициналық білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамаларды жəне нормативтік құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Қазақстан Республикасы Енбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау жəне əлеуметтік қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті, 160013, Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 148-үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7252) 32-13-48, факс: 47-85-41 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы (С-О-6). Функционалдық міндеттері: ЗТМО-дан берілетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан (МƏСҚ), мемлекеттік арнайы жəрдемақыларды (№1, №2 тізімдер бойынша) берілетін əлеуметтік төлемдерді тағайындау, зейнетақы төлемдерін, МƏСҚ-тан жəрдемақылармен əлеуметтік төлемдер алушылардың тағайындалған

(бас тартылған) қайта қаралған істерін есепке алу, ЗТМО аумақтық бөлімшелері ұсынатын істер макетінің жасалу сапасын тексеру, ЗТМО аумақтық бөлімшелеріндегі зейнетақы алушылардың зейнетақылық жəне жеке істерін тексеруге бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе заңгерлік бойынша білім немесе əлеуметтік қызмет мамандығы бойынша, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамаларды жəне нормативтік құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу, компьютерде жұмыс істей білу. XV. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, мекенжайы: 020000, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14А-үй, анықтама телефоны: (87162) 26-63-38 1. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманына (С-O-5, негізгі маманның бала күту демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: ісқағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуін ұйымдастыру жəне бақылау, аумақтық бөлімшелердің мамандарына əдістемелік көмек көрсету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе гуманитарлық ғылым мамандықтары (аударма ісі). 2. Жалпы эпидемиология бойынша бас маманына (С-O-5). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. 3. Кадр жұмысы бойынша бас маманына (С-O-5). Функционалдық міндеттері: мекеменің кадрлық толықтыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету, құқықтық мəселелер бойынша құжаттардың жобаларын дайындау; мекеменің қызметіне қатысты құқықтық мəселелер бойынша консультация беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік немесе санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020100, Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Гагарин көшесі, 27/1-үй, анықтама телефоны: (871638) 2-04-65 4. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020400, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Л. Белаш көшесі, 52-үй анықтама телефоны: (871643) 2-59-26 5. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге(С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020700, Ақмола облысы, Щучье қаласы, Советская көшесі, 73-үй, анықтама телефоны: (8716-36) 44216 6. Жалпы эпидемиология бойынша бас маманына С-R-4). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. 7. Жалпы эпидемиология бойынша жетекші маманына (С-R-4, негізгі маманның бала күту демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020600, Ақмола облысы, Егіндікөл қаласы, Жеңіс көшесі, 2/2-үй, анықтама телефоны: (871642) 2-18-50 8. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бас маманына (С-R-4). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Еңбекшілдер ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020700, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Абсалям-Қажы көшесі, 34-үй, анықтама телефоны: (871639) 9. Жалпы эпидемиология бойынша жетекші маманына (С-R-5). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Есіл ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 020900, Ақмола облысы, Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1-үй, анықтама телефоны: (871647) 2-14-69 10. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021000, Ақмола облысы, Жақсы кенті, Дружба көшесі, 13-үй, анықтама телефоны: (871635) 2-10-78 11. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. 12. Жалпы эпидемиология бойынша жетекші маманына (С-R-5). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021100, Ақмола облысы, Державинск қаласы, Северный қиылысы, 10-үй, анықтама телефоны: (871648) 9-12-73 13. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021200, Ақмола облысы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 108-үй, анықтама телефоны (871632) 2-19-37 14. Бас-маман-заңгер-кеңесшісіне (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Қорғалжын ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021300, Ақмола облысы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 13-үй, анықтама телефоны: (871632) 2-22-01 15. Бас-маман-заңгер-кеңесшіге (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021800, Ақмола облысы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14-үй, анықтама телефоны: 8(71651) 3-11-12 16. Автоматтандырылған басқару жүйелері жөніндегі бас маман (С-R-4). Функционалдық міндеттері: компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау; есеп беру кіріс құжаттамасын қабылдау, құжаттаманы дайындау жəне электронды пошта арқылы жіберу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық немесе техникалық ғылымдар жəне технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе (ақпарат) мамандықтары бойынша білім. 17. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі жетекші маманына (С-R-5). Функционалдық міндеттері: құзыреті бойынша бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық ошақтарда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін қадағалауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білім. Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, аурухана кешенінің аумағы, анықтама телефоны: (8 71645) 6-20-85 18. Бас маман-заңгер-кеңесшісіне (С-R-4). Функционалдық міндеттері: мекеменің қызметіне қатысты мəселелер бойынша консультация беру, сотта жəне басқа да органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. XVI. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті, 100000, Қарағанды қаласы, Чкалов көш., 3-үй, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Анықтама телефондары: Қарағанды облысы бойынша салық департаменті: 8(7212) 41-09-36, факс 41-09-35; Қазыбек би атындағы аудан бойынша салық басқармасы: 8(7212) 44-15-29, факс 44-15-20; Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасы: 8(7102) 7339-01; Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы: 8 (7213) 92-25-05; Абай ауданы бойынша салық басқармасы: 8(72131) 4-37-87; Бұқар-Жырау ауданы бойынша салық басқармасы: 8(72154) 2-11-91; Нұра ауданы бойынша салық басқармасы: 8 (72144) 2-22-84; Балқаш қаласы бойынша салық басқармасы: 8(71036) 4-25-71; Шет ауданы бойынша салық басқармасы: 8 (71031) 2-13-28: 1.Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің заң басқармасының жетекші маманына (С-О-6) №ЗБ-3 Функционалдық міндеттері: салық органдарының қызметі барысында туындайтын құқықтық мəселелер бойынша олардың заңды тəртіппен шешілуі туралы ұсыныстармен жазбаша қорытындылар беру, салық департаментінің мүддесін соттарда жəне басқа да органдарда қорғау, салық төлеушілердің шағымдарын, əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға наразылықтарын қарастыруды ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім; ҚР Салық кодексін, салық салумен байланысты жəне нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық процесстерді, азаматтық заңнаманы, ҚР ƏҚКО, ҚР АПК, ҚР ҚК, ҚР ҚПК білу. 2.Қазыбек би атындағы аудан бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің бас мамандарына (С-R-4, 10.03.2015ж. дейін, 04.06.2015ж. дейін бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 2 бірлік) №АТБ6-1, №АТБ-6-2; Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманына (С-R-4) №АТБ-2; Балқаш қаласы бойынша салық басқармасының салық есептілігін қабылдау жəне өңдеу бөлімінің бағдарламашы-бас маманына (С-R-4) №СЕҚЖӨБ-1-4 Функционалдық міндеттері: бағдарламаларды жаңарту жəне қызмет көрсету, кабельді желілік жүйені кеңейту, есептеуіш құралдары жəне оргтехниканың бұзылуларына диагностика жасау бойынша жұмыстар атқару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық жəне гуманитарлық мамандықтар бойынша білім: ақпараттық жүйелер (салаларда қолданылуы бойынша), информатика, басқарудың жəне ақпараттарды өңдеудің компьютерлік жүйелері, автоматты жобалау жүйелері, есептеуіш құралдарын жəне жүйелерді бағдарламалық жəне аппараттық қамтамасыз ету, қолданбалы математика-информатика, математикалық жəне компьютерлік модельдеу; ҚР заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу; ақпараттық технологияларды білу. 3.Теміртау қаласы бойынша салық басқармасының жанама салықтар бөлімінің бас маманына (С-R-4) №ЖСБ-0-6; Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының жанама салықтар бөлімінің бас маманына (С-R-4, 12.04.2013ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №ЖСБ-3 Функционалдық міндеттері: ҚҚС жəне акциз бойынша тексеру жүргізу, акциз постыларының қызметіне бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 4.Теміртау қаласы бойынша салық басқармасының салықтық тіркеу бөлімінің бас маманына (С-R-4) №СТБ-0-1; Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының салықтық тіркеу бөлімінің бас маманына (С-R-4) №СТБ-2 Функционалдық міндеттері: салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу, фиска-

лизациялау, фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарын есепке алу, рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 5.Шет ауданы бойынша салық басқармасының салық есептілігін қабылдау жəне өңдеу бөлімінің бас маманына (С-R-4, 27.08.2015ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №СЕҚБ-0-1 Функционалдық міндеттері: салық төлеушілермен жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізу, салық есептілігін қабылдау жəне өңдеу, салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 6.Жезқазған қаласы бойынша салық департаментінің заңды тұлғалардың аудит бөлімінің бас маманына (С-R-4, 12.12.2013ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №ЗТА-2 Функционалдық міндеттері: заңды тұлғаларға салық салудың əртүрлі сұрақтары бойынша тексерулер жүргізу. Халықаралық салық салу мəселелері бойынша əкімшілендіру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 7.Теміртау қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау жəне камералық бақылау жасау бөлімінің жетекші маманына (С-R-5, 17.12.2013ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №СТЖжКББ-0-5 Функционалдық міндеттері: салық есептілігінің нысандарына камералық бақылау жүргізу, хабарламалар шығару, ақпараттарды дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 8.Абай ауданы бойынша салық басқармасының салық есептілігін қабылдау жəне өңдеу бөлімінің жетекші маманына (С-R-5, 25.03.2014 ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №СЕҚӨБ-4 Функционалдық міндеттері: бюджетке түскен түсімдерді есепке алу, салық есептілігін тіркеу жəне енгізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 9.Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау жəне камералдық бақылау жүргізу бөлімінің жетекші маманына (С-R-5) №СТЖжКББ-6; Нұра ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің жетекші маманына (СR-5) №СЖБ-0-5 Функционалдық міндеттері: салықтарды есептеу жəне төлеу бойынша жалпылама түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңды тұлғаларды жəне жеке кəсіпкерлерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 10.Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының жеке тұлғалардың аудит бөлімінің жетекші маманына (С-R-5) №ЖТА-7 Функционалдық міндеттері: жеке тұлғаларға салық салудың əртүрлі сұрақтары бойынша тексерулер жүргізу. Салық салу объектілерге зерттеп-тексерулер жүргізу, тіркелмеген тұлғаларды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 11.Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың аудит бөлімінің жетекші маманына (С-R-5, 17.02.2015ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №ЗТА-6 Функционалдық міндеттері: шаруашылық субъектілеріне салық салудың əртүрлі сұрақтары бойынша тексерулерді өздігінен жүргізу. Салық салу объектілерін зерттеп тексеру, мониторинг, есептілік жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 12.Бұқар-Жырау ауданы бойынша салық басқармасының мəжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманына (С-R-5) №МӨБ-2 Функционалдық міндеттері: бюджетке салықтардың мерзімінде жəне толық төленуін қамтамасыз ету, мүлікке билік етуге шектеу қою мақсатында мекеменің мүлкін тізімдеуді ұйымдастыру, салық төлеушілердің шоттарына жəне оның дебиторларына өкімдер шығару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 13.Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші мамаына (С-R-5) №АТБ-3 Функционалдық міндеттері: бағдарламаларды жаңарту жəне қызмет көрсету, кабельді желілік жүйені кеңейту, есептеуіш құралдары жəне оргтехниканың бұзылуларына диагностика жасау бойынша жұмыстар атқару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық жəне гуманитарлық мамандықтар бойынша білім: ақпараттық жүйелер (салаларда қолданылуы бойынша), информатика, басқарудың жəне ақпараттарды өңдеудің компьютерлік жүйелері, автоматты жобалау жүйелері, есептеуіш құралдарын жəне жүйелерді бағдарламалық жəне аппараттық қамтамасыз ету, қолданбалы математика-информатика, математикалық жəне компьютерлік модельдеу; ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу; ақпараттық технологияларды білу. 14.Бұқар-Жырау ауданы бойынша салық басқармасының ішкі жұмыстар бөлімінің жетекші маманына (С-R-5, 01.08.2015 ж. дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) №ІЖБ-0-2 Функционалдық міндеттері: алғашқы бухгалтерлік құжаттарды жинау, іссапарлық куəліктерді рəсімдеу, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; іс жүргізу бойынша нұсқаулықты жəне бухгалтерлік есеп саласында Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 15. Саран қаласы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің жетекші маманына (С-R-5) №СЖБ-3 Функционалдық міндеттері: салықтарды есептеу жəне төлеу бойынша жалпылама түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңды тұлғаларды жəне жеке кəсіпкерлерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; Салық кодексін білу, салық салумен байланысты ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. XVII. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, 070000, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21-үй, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды 1. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Аппаратының жетекші маманы (санаты С-О-6), 1 орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденцияларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мəліметтер базасындағы тіркеу-бақылау карточкаларының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Кəсіби құзыреттілігі: Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттеуші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерін атқаруы үшін қажетті басқа да міндетті білімі. Байқауға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік. Орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. 2. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен жəне Семей қалалары прокуратураларының жетекші маманы (санаты С-R-5), 2 орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденцияларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мəліметтер базасындағы тіркеубақылау карточкаларының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Кəсіби құзыреттілігі: Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттеуші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерін атқаруы үшін қажетті басқа да міндетті білім. Байқауға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік, орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. 3. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы прокуратурасының жетекші маманы (санаты С-R-5, декреттік демалысы кезеңіне), 1-орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденцияларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мəліметтер базасындағы тіркеубақылау карточкаларының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Кəсіби құзыреттілігі: Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттеуші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерін атқаруы үшін қажетті басқа да міндетті білім. Байқауға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік, орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш, өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета, кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекенжайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс); бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тəртiппен куəландырылған көшiрмелерi; еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тəртiппен куəландырылған көшiрмесi; денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама; 3х4 үлгідегi 1 фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігінің көшірмесі) аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 15 күннің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сəйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi əкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды тапсыру мерзімі біткеннен кейін 5 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау жəне Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тəртіппен өтеді. Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы: C-2, C-O-1, C-О-3 санаттарына үшін: логикалық тест (10 тапсырма); мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” (20 сұрақ), “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (20 сұрақ), “Əкімшілік рəсімдер туралы” (20 сұрақ), “Нормативтік құқықтық актілер туралы” (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді. С-5, C-O-4, С-О-5 cанаттары үшін: ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», ҚР Заңдарын, 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намысы кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін) білуге арналған тесті, мемлекеттік тілді білу жəне логикалық тестілерді қамтиды. C-O-6, C-R-4, C-R-5 cанаттары үшін: ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», ҚР Заңдарын, 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намысы кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін) білуге арналған тесті, мемлекеттік тілді білу тесті қамтиды. Əңгімелесуге өткен үміткерлер одан аталмыш конкурс бойынша тестілеу рəсімін өткеннен кейін бес жұмыс күннің ішінде конкурс жариялаған сəйкесті мемлекеттік органдардан өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй жəне жеңілдіктер берілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www. kyzmet.kz ТҮЗЕТУ I. 28.12.2012 жылы № 857-860 (27931): «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті əкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орынына хабарландыруды жарамсыз болып жарияланcын. II. 28.12.2012 жылы № 857-860 (27931): «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау жəне ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (С-2) əкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орынына хабарландыру жарамсыз болып жариялансын. III. 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырудағы бақылау-инспекциялық бөлімінің бас маманы лауазымы туралы мəтіні келесі редакцияда оқылсын: «2. Бақылау-инспекциялық жұмыс бөлімінің бас маманына (С-О-5)»


www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік

Кемелдік пен парасат

Жас ўрпаќтыѕ бойына мўєалім бере алєан білім арќылы ќалыптасады Өткен ғасырдың 60-жылдары америкалық экономист Т.Шульц «Адам капиталы» ұғымын енгізді. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы бай рухани құндылықтарымен бағаланып келсе, бүгінде оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарайды. Бұрын капитал ұғымы қаржы, байлық, ақша, құн мағынасында түсіндіріліп келген болатын. Қазір оқу-білім, ақыл, парасат, ғылым экономика саласына жұмсалса адам капиталына айналады. Сондықтан қазір «ақылды экономика», «білім экономикасы», «парасатты экономика» терминдері қолданыс табуда. Соңғы жылдары адам капиталын өлшейтін «адам əлуетінің даму индексі» пайда болды. Ол 3 критерийден тұрады: адамның өмір сүру ұзақтығы, ересектердің сауаттылығы мен балалардың мектеппен қамтылуы, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі. Бұл бағыттарда тəуелсіздік алғаннан бері қыруар жұмыстар жасалынды: еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы 64 жастан 69,6 жасқа жетті, орта жəне жоғары білімді адамдар халықтың 96 пайызын құрайды, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі еселеп артуда. Тəуелсіздік жылдары елімізде 800 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қазір дүние жүзі əлемдік қаржылық дағдарыстың екінші толқынын бастан кешіруде. Көптеген елдердегі мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруда, жалақылары азаюда, зейнеткерлердің зейнетақысының мөлшері кеми түсуде, жұмыссыздар саны көбеюде, студенттердің оқу ақысының мөлшері артуда. Біздің еліміздегі жағдайға келсек, əлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру жүйесіне бөлінген қаржы мөлшері жылдан жылға өсуде: 2011 жылы бөлінген қаржы 1,0 трлн. болса (2010 жылы 797,4 млрд.теңге), 2012 жылы 1,2 трлн. теңгені құрады. Соңғы 10 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 10 есеге өскен, яғни ішкі жалпы өнімнің 3,8% пайызы, ЮНЕСКО талабы бойынша 5-6% пайыз болуы керек. Ғылымды қаржыландыру көлемі де ай-

тарлықтай молайды: 2011 жылы 29 млрд.теңгеге, ал 2012 жылы 42 млрд.теңгеге жетті. Қазір еліміз мектептерінде 2,5 млн. оқушы, 600 мыңнан астам колледж, жоғары оқу орындарында 630 мың студент білім алуда, 538,5 мың бала мектепке дейінгі білім мекемелерінде тəрбиеленуде. Білім жəне ғылым министрі Б.Жұмағұлов біліктілік арттыру институттарының материалдық-техникалық жəне оқу-əдістемелік базаларының төмендігі, онда еңбек ететін əдіскерлер жалақыларының жартымсыздығы, біліктілік арттыру институттары арасындағы өзара іскерлік байланыстардың нашарлығы да – бүгінгі таңдағы өзекті мəселелердің бірі екені жайлы баса айтты. Осы олқылықтың орнын толтыруды қозғады. Соның нəтижесінде, биылғы жылдың 17 ақпанында Үкіметтің ««Өрлеу» «Біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын» құру жөніндегі қаулысы қабылданды. Оның құрамына Білім беру жүйесінің басшы жəне ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары жəне 14 облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жə-

Егер бастапқы баға кем дегенде екі адаммен ұлғайтылып, нысанның құны екі деңгейге өсірілген жағдайда, нысан бойынша аукциондық сауда-саттық дұрыс өткен болып танылады. Саудаға белгіленген тəртіп бойынша тіркеуден өткен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды жəне шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Бір кепілді жарна бір лотты сатып алуға құқық береді. Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді өткізу қажет: 1. Ережеге сəйкес, форма бойынша саудаға қатысу туралы өтініш. 2. Жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын куəлігінің көшірмесі, салық төлеуші жеке тұлға ретінде есепке алынғанын растайтын, салық органымен берілген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалды куəландырылған көшірмелері ұсынылады, сонымен қатар, ағымдағы есеп-шотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының тұпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың тұпнұсқалары салыстырылып болғаннан соң, бір жұмыс сағаты ішінде жеке тұлғаға қайтарылады; Заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куəлігі, салық төлеуші заңды тұлға ретінде есепке алынғанын растайтын, салық органымен берілген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалды куəландырылған көшірмелері ұсынылады, сонымен қатар, ағымдағы есеп-шотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқалары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны 8(7172): 74-16-68, 74-16-06, республикалық мемлекеттік кəсіпорын басшысының бос лауазымы орнына орналасуға конкурс жариялайды: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының директоры. Кəсіпорын қызметінің мəні – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлік қызметін көрсету, ресми іс-шараларда, шетел делегациясына, сондайақ өзге де жеке жəне заңды тұлғаларға көліктік қызмет көрсету болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: - білімі жоғары кəсіптік; - кəсіпорын саласына ұқсас салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі; - кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы əдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кəсіпорын жəне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы білу. Конкурсқа қатысу үшін қажеттi құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сəтiнен бастап 15 күннiң iшiнде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ұсынылуы тиiс. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді жəне он күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысушылармен əңгімелесу өткізеді. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді; 6) белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы жəне Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру гранты негізінде 2013-2014 оқу жылында қазақ жəне орыс тілдерінде білім алатын 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жариялайды. Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 19 қаңтар – 15 ақпан аралығында мына мекен-жайлар бойынша жүзеге асырылады: Астана қ., Түркістан көшесі, 2/1, тел.: 8 (7172) 79-72-74 (Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы мектеп) Астана қ., Түркістан көшесі, 2/1, тел.: 8 (7172) 79-94-81 (Астана қаласындағы мектеп) Семей қ., Қабылбаев көшесі, 32, тел.: 8 (7222) 53-24-33 Көкшетау қ., Мирзоян көшесі, 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40 Өскемен қ., Комсомол көшесі, 43/1, тел.: 8(7232) 60-40-03 Талдықорған қ., Қаратал шағын ауданы, тел.: 8(7282) 21-98-62 Орал қ., Мəскеу к-сі, 16, тел.: 8 (7112) 22-61-22 2013 жылдың 23 ақпанында сағат 9.00-де Көкшетау, Өскемен жəне Талдықорған қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде тіркеу жүргізіледі, конкурстық іріктеумен қатар тəжірибе ретінде Джонс Хопкинс Университетінің Дарынды жастар орталығымен бірлесе əзірленген тестілік тапсырмалармен тексеру өткізіледі. Тексеру нəтижелері конкурстық іріктеу қорытындыларына əсер етпейді. 2013 жылдың 24 ақпанында сағат 9.00-де Көкшетау, Өскемен, Талдықорған, Астана, Орал, Семей қалаларында конкурстың бірінші кезеңі өтеді. Барлық сұрақтар бойынша жоғарыда көрсетілген телефондар бойынша хабарласуға болады, конкурс шарттары туралы толық ақпарат www.nis.edu.kz вебсайтында орналасқан. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы 2013. ЦП-407 баға ұсыныстарын сұрау арқылы 2013 жылдың 18 қаңтарында, Ақтау қаласы, 12-ш/а, 74-ғимарат, 101-бөлмеде өткізілген күшейтілген архив шкафын сатып алудың қорытындысын хабарлайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1139 қаулысына 2010 жылдың 1 сəуіріндегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 98 тармағына сəйкес сатып алу орындалғандығы туралы хабарлайды. «TasCom supply services» ЖШС – жеңімпаз деп танылды. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет итоги закупа способом запроса ценовых предложений 2013.ЦП-407, проведенного 18 января 2013 года по адресу: г. Актау, 12 микрорайон, здание 74, в кабинете 101 по поставке усиленных архивных шкафов – закуп признан состоявшимся, согласно пункту 98 Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию № 1139 постановлению Правительства Республики Казахстан №267 от 1 апреля 2010 г. Победителем признан – ТОО «TasCom supply services».

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

не қайта даярлау институттары енді. Сөйтіп, əрқайсысы өз бетінше жұмыс жүргізіп жатқан институттар бір жүйеге келтірілді. Ортақ оқу бағдарламалары негізінде біліктілік арттырудың мазмұны түбегейлі өзгертілді. Біліктілік арттыру институттарының материалдық-техникалық жəне оқу-əдістемелік базаларын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен əрбір институтқа 28 миллион теңгеден қаржы бөлініп, оған физика, химия, биология кабинеттері, компьютерлік сыныптар, əмбебап интерактивті жəне мультимедиялық кабинеттер жабдықталды. Біздің институтта биылғы жылы 450 мұғалім курстардан өтті. Біліктілік арттырған ұстаздардың 3 дəрежелі сертификат алғандарының жалақысына – 30, екінші дəрежелі сертификат алғандарына – 70, ал бірін-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды Аукциондық сауда-саттық 2013 жылғы 5 ақпанда сағат 15.00-де, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4. мекен-жайы бойынша «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 17-қабатында өтеді. Аукцион өткізу формасы жəне əдісі: Ағылшын əдісі 1) Лот №1-Toyota Camry-35 автокөлігі, 2005 жылы шығарылған, қозғалтқышы 2400. Бастапқы бағасы: 1 176 000 теңге. Кепілді жарна: 58 800 теңге. 2) Лот №2 - Toyota Corolla автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, қозғалтқышы 1800. Бастапқы бағасы: 791 000 теңге. Кепілді жарна: 39 550 теңге. 3) Лот №3 - Нива Ваз -21213 автокөлігі, 2002 жылы шығарылған, қозғалтқышы 1730. Бастапқы бағасы: 386 000 теңге. Кепілді жарна: 19 300 теңге. Аукционды өткізу тəртібі жəне саудасаттық жеңімпаздарын анықтау шарттары Ағылшын əдісі бойынша. Аукционшы нысанының бастапқы бағасын жəне бағаның ұлғаю деңгейін жариялайды. Саудаға қатысушылар нөмірлерін көтеру арқылы бастапқы бағасы өсіп отырады, бірақ жарияланған ұлғаю деңгейінен кем болмауы тиіс. Аукционшы саудаға қатысушылардың аукциондық нөмірін жариялайды, бағаны бекітеді жəне оны іліп қоюды ұсынады. Нысан бойынша саудалар барынша ұсынылған бағаға дейін жүреді. Нысанға жоғары баға ұсынған қатысушы, аукционшы болып жарияланады. Аукционшы нысан үшін ұсынылған соңғы бағаны үш рет қайталайды жəне басқа нөмірдің көтерілемеуіне байланысты балған соғу арқылы, осы нысанның сатылғаны туралы жариялайды.

15

салыстырылып болғаннан соң, бір жұмыс сағаты ішінде заңды тұлғаға қайтарылады. 3. Кепілді жарна салынғанын растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері сауда өткізіліп болғаннан соң қатысушының келуі бойынша қайталанылады. 4. Заңды тұлға өкілінің құзыретін растайтын құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ, заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куəлігінің көшірмелері салыстырғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқаларымен бірге ұсынылады немесе өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куəлігінің нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Акционерлік қоғамдар, иелігіндегі акциялары туралы ақпараттар көрсетілген (хабарлама жарияланған кезге) акционерлер реестрінен үзінді түпнұсқасын тапсырады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін жəне оның қазақ жəне орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармаларын ұсынады. Аукционға қатысу үшін өтініштер ақпараттық хабарлама таратылған сəттен бастап, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4 мекенжайы бойынша «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 18-қабатында, №А18001 офисінде қабылданады жəне аукцион басталғанға дейінгі бір сағатта аяқталады. Кепілді жарна есеп-шотқа салынады: KZ408560000000425782 КБЕ 17, СТН 031400129602, БИК KCJBKZKX, БИН 941240000311(Кепілді жарна өлшеміне банктік қызмет төлемдері жатпайды). Аукцион бойынша қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 55-37-55.

ші дəрежелі сертификат иелеріне – 100 пайыз үстемақы қосылады. Жалпы ««Өрлеу» «Біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы арқылы биыл 6600 мұғалім 3 дайындықтан өтсе, алдағы жылы олардың саны 14500 болмақ. Əлемдік тəжірибе мен мектептердің бүгінгі таңдағы талаптары ескеріле отырып, деңгейлік курстар жеті модуль бойынша өткізілуде: – білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар; – сыни ойлау жүйесі; – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері; –орта білімдегі менеджмент жəне 12 жылдық оқытуға көшу жағдайындағы құзыреттілік негізде оқыту; - «e-learning» оқытуды пайдалану; - дарынды балалармен жұ-

«AlemCommunicationsHolding» (АлемКоммьюникейшнз Холдинг) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БИН 081240013967, жарғылық капиталдың 25 599 346 363 (жиырма бес миллиард бес жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз қырық алты мың үш жүз алпыс үш) теңгеден 19 977 489 797 (он тоғыз миллиард тоғыз жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз сексен тоғыз мың жеті жүз тоқсан жеті) теңгеге дейін азайғандығы туралы өз кредиторларына хабардар етеді. «AlemCommunicationsHolding» (АлемКоммьюникейшнз Холдинг) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кредиторлары тарапынан шағымдар берудің мерзімі осы хабарлама орналастырылған күннен бастап бір күнтізбелік ай құрайды. Мына тел/факске хабарласуды сұраймыз: +7 (727) 351 04 90.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны 8(7172): 74-16-68, 74-16-06, республикалық мемлекеттік кəсіпорын басшысының бос лауазымы орнына орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының директоры. Кəсіпорын қызметінің мəні мен мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: - білімі жоғары кəсіптік; - кəсіпорын саласына ұқсас салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі; - кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы əдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кəсіпорын жəне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы білу. Конкурсқа қатысу үшін қажеттi құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сəтiнен бастап 15 күннiң iшiнде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ұсынылуы тиiс. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді жəне он күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысушылармен əңгімелесу өткізеді. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді; 6) белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.

мыс істеудің қазіргі заманғы технологиялары. Яғни, білім беру процесіне мұғалім мен оқушының тең қатысуы, оқушыға белгілі бір білім мөлшерін толығымен дайын түрінде емес, оның ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы сыни тұрғыдан игерту басты мақсат. Сонда ғана білімнің сапасы артып, дамыған елдердегідей кемел ақыл, парасат, білім, ғылым экономикаға жұмсалмақ, адам капиталының көрсеткіштері де сапалы жаңа биікке көтерілмек. Бүгінгі күннің басты ұраны білікті ұстаз – сапалы білім кепілі. Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ, «Өрлеу» білікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктігін арттыру институтының директоры.

Хабарландыру 2012-2013 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №359 бұйрығының негізінде Астана медицина университеті, күндізгі оқу нысанына білім грантын иеленген ТЖК № : 902001373, 902001302, 902001311, 717029028, 702028001, 902001358 куəліктердің жоғалуына байланысты, бұл грант куəліктері жарамсыз деп есептелсін.

Ұлттық ақпараттандыру орталығы білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне арналған электрондық оқулықтардың жаңа нұсқаларын жасауға конкурс жариялайды. Конкурс талаптарымен www.nci.kz сайтында танысуға болады. Анықтамаларды 8(727)3092913 телефоны арқылы алуға болады. Астана қ. МАЭС-тің 09.01.2013 ж. №02-37013 шешімі негізінде «К.Т.С.» ЖШС-ға (БИН 000440006250) қатысты оңталту процедурасын қолдану шешілді. Шағымдар 2 ай ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Астана қ., Кубрин к-сі, 20/1-үй, 1-офис, тел. 676-511, 8 775 6689557.

«Казахстанская компания инвестиций и развития» АҚ-тың облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі, облигациялар шығарылымының проспектісі, акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі мен акциялар шығарылымының проспектісі жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Имеются в продаже ЖАС УЛАН, ЖАС КЫРАН – значки, галстуки, ленты наградные, флаги. Тел. 87054503874, 87016575777, 8(7252) 56 40 10, 8 (7252) 56 41 11. На основании решения СМЭС г. Астана №02-370-13 от 09.01.2013 г. решено применить процедуру реабилитации в отношении ТОО «К.Т.С.» (БИН 000440006250). Претензии принимаются в течении 2 месяцев по адресу: г. Астана, ул. Кубрина, д.20/1, офис 1, тел. 676-511, 8 775 6689557.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы 2012.ЦП-22837(П) баға ұсыныстарын сұрау арқылы 2013 жылдың 17 қаңтарында, Ақтау қаласы, 12-ш/а, 74-ғимарат, 101-бөлмеде өткізілген мына лотты сатып алудың қорытындысын хабарлайды: Лот №1 – Шай ішетін бөлмеге арналған шкаф, Лот №2 – Шай ішетін бөлмеге арналған шкаф – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1139 қаулысына 2010 жылдың 1 сəуіріндегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 98 тармағына сəйкес сатып алу орындалғандығы туралы хабарлайды. Лот №1 - №2 - «НЕЙСДУК» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет итоги закупа способом запроса ценовых предложений 2012.ЦП-22837(П), проведенного 17 января 2013 года по адресу: г. Актау, 12 микрорайон, здание 74, в кабинете 101 по следующему лоту: Лот №1 – Шкафы для чайной комнаты, Лот №2 – Шкафы для чайной комнаты – закуп признан состоявшимся, согласно пункту 98 Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию № 1139 постановлению Правительства Республики Казахстан №267 от 1 апреля 2010 г. Победителем признан: по Лотам №1 - №2 ТОО «НЕЙСДУК». «Цесинторг» ЖШС-ның конкурстық басқарушысы, СТН 031400099882, БИН 950540000966, Астана қ., Сығанақ к-сі, 10, борышкер «Цесинторг» ЖШС-ның мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты мына мекен-жайда өткізу туралы хабарлайды: Астана қ., Жеңіс д-лы, 75, саудасаттық 13.02.2013 ж. сағат 11.00-де мына мекен-жайда болады: Астана қ., Жеңіс д-лы, 75. Борышкер қызметінің негізгі бейіні сауда-саттық. Мүлік сауда-саттыққа 3 лотпен қойылады. Лот № 1 – «Mersedes-Benz SL» ж/а, 1990 ж.ш., ақаулы, голланд, бастапқы 659 000 тг., ең төменгі 376 000 тг. Лот № 2 – «Уаз 315192» жүк а/к, 2001 ж.ш., ақаулы, голланд, бастапқы 284 000 тг., ең төменгі 196 000 тг. Лот № 3 – «Вис 2346» ж/к, 2002 ж.ш., ақаулы, голланд, бастапқы 259 000 тг. Ең төменгі 120 000 тг. Кепілді жарна Астана қ. «Цеснабанк» АҚ Астаналық филиалындағы банктік шотқа енгізіледі, СТН 031400063221, ИИК KZ 49998BTB0000005412, БИК TSESKZKA лоттың ең төменгі бағасының 10% мөлшерінде. Сауда-саттыққа қатысушылардан өтінімдер қабылдау жəне тіркеу осы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі күні жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, мына мекен-жай бойынша: Астана қ., Жеңіс д-лы, 75, т. 39-22-01. Сауда-саттыққа қатысушылардан өтінімдер қабылдау жəне тіркеу сауда-саттық басталуға дейін бір сағат қалғанда жүргізіледі. Сауда-саттық қатысушысы ретінде тіркелу үшін құжаттарды сауда-саттықты ұйымдастырушының жеке өзіне немесе үшінші тұлғаның өкілдігі бойынша тиісті түрде ресімделген өкілеттігі болу жағдайында тапсырылады. Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Жеңіс д-лы, 75, т. 39-22-01. Сауда-саттық ұйымдастыру бойынша шағымдар сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, мына мекен-жай бойынша: Кравцов к-сі, 18, 103-бөлме, т. 37-12-32, эл пошта: knd_astana@at.minfin.kz.

Конкурсный управляющий ТОО «Цесинторг», РНН 031400099882, БИН 950540000966, г. Астана, ул. Сыганак, 10, сообщает о проведении торгов по реализации имущества (активов) должника ТОО «Цесинторг», г. Астана, ул. Сыганак, 10, которые состоятся 13.02.2013 г. в 11.00, по адресу: г. Астана, пр. Победы, 75. Основной профиль деятельности должника торговля. Имущество выставляется на торги 3 лотами. Лот № 1 – Л/а «Mersedes-Benz SL» 1990 г.в., не исправен, голландский, стартовая цена 659 000 тг., минимальная 376 000 тг. Лот № 2 – Грузопассажирский а/м «Уаз 315192» 2001 г.в., неисправен, голландский, стартовая цена 284 000 тг., минимальная 196 000 тг. Лот № 3 – л/а «Вис 2346» 2002 г.в., неисправен, голландский, стартовая цена 259 000 тг. Минимальная 120 000 тг. Гарантийный взнос вносится на банковский счет в Столичном ф-ле АО «Цеснабанк» г. Астана, РНН 031400063221,ИИК KZ 49998BTB0000005412, БИК TSESKZKA в размере 10% от минимальной цены лота. Прием заявок и регистрация участников торгов производится со следующего дня после опубликования настоящего объявления в рабочие дни с 9.00 ч. До 18.00 ч., перерыв на обед с 13.00 ч. до 14.00 ч. по адресу: г.Астана, пр. Победы,75, т. 39-22-01. Окончание приема заявок и регистрации участников торгов производится за час до начала торгов. Документы для регистрации в качестве участника торгов представляются организатору торгов лично либо при наличии надлежащим образом оформленных полномочий по представительству третьего лица. Дополнительную информацию можно получить по адресу: пр. Победы, 75, т. 39-22-01. Претензии по организации торгов принимаются с 9.00 ч. до 18.30 ч., перерыв на обед с 13.00 ч. до 14.30 ч. по адресу: ул. Кравцова, 18, каб. 103, т. 37-12-32, эл. почта: knd_astana@at.minfin.kz. «MAG» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап акциялар шығарылымының күші жойылғандығы туралы (акциялар шығарылымының күшін жою туралы №А5359 куəлік 16.01.2013 жылы берілген), сондай-ақ «MAG» ЖШС-ға қайта ұйымдастыру жолымен қайта құруды жүргізу туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабардар етеді. Барлық сұрақтар мен шағымдар мына мекен-жайда қабылданады: ҚР, 050012, Алматы қ., Бостандық ауданы, ƏлФараби даңғылы, 13-үй, «Нұрлы Тау» БО, 1В секторы, 2-қабат (№А37 пəтер), тел.:311 10 83. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй, кредиторлар мен акционерлерге 2012 жылғы 28 желтоқсанда Директорлар кеңесімен Қоғамның табиғи газды тұтынушы «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС-ға 1 977 159,000 (бір миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың жүз елу тоғыз) мың текше метр жалпы газ көлемін 26 101 724 244,32 (жиырма алты миллиард жүз бір миллион жеті жүз жиырма төрт мың екі жүз қырық төрт) теңге 32 тиын жалпы сомаға сату жөнінде ірі мəміле жасау туралы шешім қабылданғаны жайлы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясы Орталық аппаратының қызметкері Майра Тақауқызы Санатоваға анасы Бəтем Темірғалиқызы САНАТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директор Сағындық Таупықұлы Нұрахановқа əкесі ТАУПЫҚТЫҢ дүниеден озуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директор Сағындық Таупықұлы Нұрахановқа əкесі Таупық НҰРАХАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңiл айтады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры Қамқоршылық Кеңесі атқарушы директор Сағындық Таупықұлы Нұрахановқа, оның туыстары мен жақындарына ауыр қазаға душар болуларына – əкелері Таупық НҰРАХАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Директорлар кеңесі мен басқармасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директор Сағындық Таупықұлы Нұрахановқа, оның туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қазаға душар болуларына – əкелері Таупық НҰРАХАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі жəне компания ұжымы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке жəне оның туған туысқандарына əкелері Рыскелді Дəуренбекұлы ЖАҚСЫБЕКОВТІҢ дүниеден озуына байланысты орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Совет директоров и коллектив АО «Западно-Казахстанкой машиностроительной компании» выражает глубокое и искреннее соболезнование Министру обороны Республики Казахстан Джаксыбекову Адильбеку Рыскельдиновичу, его родным и близким в связи с тяжелой и невосполнимой утратой – кончины отца ДЖАКСЫБЕКОВА Рыскельды Дауренбековича. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымы университеттің бірінші проректоры – оқу-əдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Лəззат Қалымбекқызы Еркінбаеваға ағасы ҚАЙРАТТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


16

www.egemen.kz

22 қаңтар 2013 жыл

 Спорт

 Назар аударыңыз: конкурс!

Байќау жарияланды

Ақтөбе қаласында орнатылатын қазақ əдебиетінің классиктері Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың біртұтас ескерткіш-кешенінің ең үздік жобасына ашық республикалық байқау Қазақстан Республикасының Мəде ниет жəне ақпарат министрлігі жəне Ақтөбе облысының əкімдігі қазақ əдебиетінің классиктері Тахауи Ахтанов пен Куандық Шаңғытбаевқа Ақтөбе қаласында орнатылатын ең үздік ескерткіш-кешен жобасына шығармашылық байқау өткізілетіндігі туралы жариялайды. Байқау жобасының ұсыныстар құрамы жəне басқа талаптар байқау құжаттарында көрсетілген. Байқауға қатысуға Қазақстан қалаларының көркемдік-шығармашылық шеберханалары жəне басқа заңды жəне жеке

тұлғалар шақырылады. Байқау құжаттарының электрондық жинақ үлгісін 2013 жылдың 31 наурызына дейін тегін түрде төменгі мекен-жайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 40,658-бөлме. Байқауға қатысуға берілген өтініштер, конвертке салынып, Ақтөбе облыстық мəдениет басқармасына мына мекенжайға тапсырылады (жіберіледі): 030010, Ақтөбе қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 40,658-бөлме. Байқауға қатысуға өтініш білдірудің соңғы мерзімі – 2013 жылдың 1 сəуіріне дейін.

Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы көрсетілген телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 54-55-20 (ф).

Жарыстар кїнделігі БОКС. Қарағандыда Серік Сəпиев бокс кешенінде Қазақстан чемпионаты өтуде. Оған еліміздің түкпіртүкпірінен жиналған 1997-1998 жылдары туған 177 жасөспірім қатысуда. Олар 14 салмақ дəрежесінде күш сынасады. Осы бəсекенің чемпиондары Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қабылданып, мамыр айында елімізде жалау көтеретін Азия біріншілігі мен тамызда Украинада өтетін əлем чемпионатына қатысады деп күтілуде. Алғашқы күні 10 салмақта 24 кездесу өтті. Чемпионаттың жеңімпаздары 24 қаңтар күні белгілі болады.

ШАҢҒЫ. Францияның Ля Клуза елді-мекенінде өтіп жатқан əлем кубогының жетінші кезеңінде Алексей Полторанин жеңімпаз атанды. Ол классикалық əдіс бойынша 15 шақырымдық сайыста мəре сызығын бірінші болып қиды. Биыл жерлесіміз əлем кубогы кезеңдерінде сəтті өнер көрсетуде. Əсіресе, классикалық əдісте алдына жан салмай келе жатқан Алексей басқа да жарыстарда топ жаратынына сенімді.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Астана арландары» мен «Украина атамандары» қолғап түйістірген бəсекелі кездесу өтті. Əлемдік бокс сериясы аясында өткен кəсіби бокс кешінде қазақ командасының мерейі үстем болып, украиндық былғары қолғап шеберлерін 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

«Арландар» мен «Атамандар» айќасы

«Егемен-ақпарат».

 Тіршілік түйткілдері

Ґзекті ґртеген ґкініш Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бурабай ауданындағы Мəдениет ауылы. Сырмалы суық сықырлап тұр. Еңселі үйдің көк дарбазасынан өте беріп көлігімді кілт тоқтаттым. Қаракөлеңкеде көлбеңдеген адам таныс көрінді. Таныды білем, қолындағы таяғын шошаңдатып, шақырғанның белгісін жасады. Оу, бұл Темірбай Қабділмəжитұлы ғой! Осыдан үш жыл бұрын көргені мен түйгені мол ел ағасының 80 жасқа толғанын дүркіретіп тойлағанбыз. Абыройлы ақсақалды құшақтап жатырмын. Жүзі сынық. Шөкімдей болып кетіпті. Қолым ды сілкілеген күйі үн қат пайды. Тітіркеніп қалдым. Жасынан жетімдік көрген жамағайын сəбидің жанарынан от байқаған осы Темкеңді əйгілі халық ақыны Шəкен Отызбаев өкіл бала етіп, бауырына басқаны есіме түсті. Халық мəдениетінің қайнарларына, əдебиетке құштарлығы осыдан шығар. Оқып-тоқып толысқан ол бұрынғы Чистополье, Арықбалық аудандарындағы білікті экономистесепші де еді. Шəкен атамыздың барлық мерейтойларын өткізудің басы-қасында болып, мектепке Жұмағали Саин атын бергізіп, Айыртаудан көше сұрап жүрген де осы кісі ғой. Ақсақал қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Саумалкөлде тұрмаушы ма еді. «Не болды?» деймін жүрегім дірілдеп. Үн-түнсіз үйге кіріп кетті де, кешікпей қайта шықты. Қолыма көк дəптерді ұстатты. «Айналайын, айналайын» дей береді. Басқа ештеңе айтқан жоқ. Қазына қарттың көк дəптері тегін болмағаны. Бірекі парағын қарағаннан-ақ, үйге асықтым. Асықпай қарап отырып неше түрлі қиялға кеттім. Темкеңнің басындағы тауқыметті жаза алмайтынымды түсіндім. Оны өз аузымен, көк дəптердің тілімен ықшамдап баяндауды жөн көрдім.

Алланың əміріне шараң жоқ. Құдай маған ұл бала бермеді. Екі қызым тұрмысқа шыққан соң кемпіріміз екеуміз қу далада қалғандай болдық. Жасым елуге жақындағанда кіші қызым Зайраның жеті айлық ұлы Мұратты жалынып-жалпайып жүріп бауырыма бастым. Менен бақытты жан жоқ еді. Əуелеп жүріп əлдиледік, барымызды аузына тығып, ел қатарлы ер жеткіздік. Əнге құмар, жырға жақын болып өсті. Құлыныма қуандым. Тірнектеп мəшине де алып бердім. Тым ерке болып кеткен екен. Ауылды қойып, аудан орталығына көшемізді шығарды. Өрісі кеңейсін дедім. Жиғантергенімізді базаршылап, Саумалкөлден өзімізге лайықты үй сатып алдық. Мəдениет үйі жанында қызмет атқарып, көңілімізді өсірді. Əмеңгерім үйленіп, шаңырақ көтерсе дедік. Ол күн де жетті. Босағадан үлбіреп аттаған Жəния əкімдік маңында жұмыс істейді екен. Көргенді жердің қызы дедік. Келін емес, қызымдай көрдім. Бірақ, қызығымыз ұзағынан болмады. Мен өмірбақи өтірік айтқан адам емеспін, біреудің үстінен пəле қуып қаралау деген болған емес. Өскен ортам, жанжағым мұны біледі деп ойлаймын. Адам баласы келінді не үшін түсіреді? Жасы ұлғайғандағы арманыңды жалғайтын, қайырымын көріп, сыйына жылынып, рахатын көрейін дейді. Біз үшін бəрі бекер болып шықты. Əу бастан аурушаң кемпірімнің ыңқыл-сыңқылы көбейіп, төсекке таңылуы жиіледі. Зейнеткер менің де бейнетім көбейгендей. Табақ-аяқтың сыңғырынан басың шыңылдайды. Бəрін былай қойғанда, Рамазан айының қасиетті күндерінде өз үйімнен ауыз аша алмай, көрінген үйді жағалайтын жағдайға жеткеніме қорланамын. «Алланың берген азабы шығар» дейміз де, іштен тынамыз. «Ағайын арасын араздық ашардың» жөнімен құдаларымызға

мұң шақпағанымызбен, осының бəрін олар жақсы біледі. Үйге келгендерінде қыздарына ақыл қосқанын көргенім жоқ. Қайта ішкі есеп, сұрқия саясат осыларда жатқандай көрінеді маған. Ішкі есеп демекші, үйімізде Саумалкөлдің сырт жағындағы, көпқабатты, тұрмысқа қолайлы үйден пəтер алайық деген сөз шығып, ол күн санап əрқилы бұрмалаулармен өрши түсті. Біз байғұс «тұрсақ опақ, отырсақ сопақтың» күйімен мүжіліп барамыз. Сөйтіп жүргенде шөберелі болдық. Келін тарапындағы өктемдік одан əрі өрши түсті. «Жаны күйзелген тəңірісін қарғайды» дегендей, бұл «əй-гөйге» баламның қосылғанын қайтерсің. Бармақты шайнамақты былай қойып, қыршып тастайтын күн туды. «Басқа түскен баспақшылдың» керімен, қой жасымыз келгенде жайлы пəтерде тұру да дұрыс шығар деп өз-өзімізді алдандырамыз. Ұзын сөздің қысқасы, үйімізді сатып тындық. Сатқанда Жəния келіннің апасы Гуляға (қазақша атын естіген емеспін) сатыппыз. Менің қолыма көк тиын ұстатқан ешкім болмады. Қарияларға не керек, қарақтарым аман болсын дейтін ғұрыппен, сұраған да жоқпын. Сүргін-шабыс енді басталды. Таяғыма сүйеніп, аяғымды сүйретіп билік атаулының есігін түгел жағалап шықтым. Обалы не керек, тылдағы еңбегімді, одан кейінгі бейнетімді, азды-көпті абыройымды ескергені шығар, мөлтек ауданындағы бір пəтерге іліктік. Үш бөлмелі. Қуанышымды көп көргендей, мұның да астарында сыр бар болып шықты. Еңбек ардагері ретінде маған бір бөлмесі, əкімдікте істейтін мемлекеттік қызметкер келініме екі бөлмесі тиесілі екен. Құжаттарда баламның аты атымен жоқ. «Таз ашуын тырнадан алады» дегендей, балам маған қоқыраяды. Өзінше намыстанған болып, үйлеріңе

кірмеймін дегендей кесірленді. Қырғиқабақ күшейіп кетті. Ақыры осы «жайлы» үйде елу жыл отасқан əйелім қайтыс болды. Жасы еңкейген ер адамға қиын ғой, жалғыз қарсылас мен жеңіле бастадым. Не айтса да басымды шұлғып құтыламын. Ағайын-туыс, көрші-қолаңның ақыл қосып, басу айтқанына былқ еткен жан жоқ. Байқаймын, құда жұртты былай қойып, осы Саумалкөлде тұратын Мұратымның анасы, өз қызым Зайра да келін жағында. Бұл 2012 жылдың 2 қаңтары еді. Мені үйден кетірудің шешуші күні туды. Қамығып, дүниеден түңілгендей жайым бар. Жұрт қуанып, Жаңа жылғы тілек айтып жатқанда бөлменің бір қуысында жалғызсырап, бүрісіп отырмын. Мұратыма жеткізеді деген Мұратым өз үйімді көр қылды. Жаныма қатты батады. Құдай осылай жазса, не істейін. Атадан алтау туса да бір жалғыздық осы екен. Осы күндері үш жүз шақырым шалғайдағы Мəдениеттен үлкен қызым Бикеш келіп, қояр да қоймай үйіне алып кетті. Құдалардың ауылында тұрып жатырмын. Мұндай сұмдықты кім көрген. Ішім удай жылайды. Ал, балам мен келінім қайда барсаң, онда бар, үй мəселесін дауласаң сотқа бер деген сөздермен шығарып салды. «Үйді айырбастайық, бір бөлмесін беріңдер» деп көргенмін. Шоқ түскендей тыз ете қалды келін-балам. Құдалар ауылына келіп, есімді жиған соң да үміт алауымен Саумалкөл жаққа жаутаңдаумен жүрмін. Бірақ, болмайтын дүние болмайды екен. Ауылдағы ақсақалдар алқасының төрағасынан хабар алғанмын. «Айтып көрдік, көнбейді. Енді сотқа шағымданудан басқа амал жоқ» дейді. Саумалкөл ауылдық округінің əкіміне де бардым. Ол да осындай кеңесті меңзейді. Ұзын құлақтан үйді келін толықтай өз атына түсіріп алды деген сөзді де естіп жатырмын. Өмірі соттың алдын көрмеген басым, соттың не дейтінін кім білсін... Ақмола облысы.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Алғашқы жұпта өнер көрсеткен Мирас Жа қыпов «атамандардың» намысын жыртып жүрген молдован боксшысы Александр Рис канды ұпай санымен жеңіп, жарыстың шымылдығын əдемі ашып берді. Маусым басынан бері жеңіліс көрмеген Мирастың бұл жолы да бабында екенін байқадық. Келесі болып ринг төріне көтерілген Самат Бəшенов пен Дмитрий Руденко арасындағы жекпе-жек те аса тартысты өтті. «Украина атамандары» сапында алғашқы кездесуін өткізіп отырса да Дима 61 кило салмақта өзіндік мəнері бар боксшы екен, біздің Саматты реті келгенде əжептəуір тықсырып та алған кездері болды. Алайда, айқын басымдықпен Самат Бəшенов жеңіске жетті. 73 килоға дейінгі салмақта «арландар» сапында жұдырықтасып жүрген израильдік Константин Снигур, өкінішке қарай, қарсыласы Иван Голубтан жеңіліп қалды. Соққысы нық, тұрқы мығым, бұған дейін екі кездесуде жеңімпаз болған Иванды «арлан» Константин аз сабаған жоқ. Бұрышқа тығып та, рингті айналдыра жүріп те қарымта соққымен, тура шабуылмен едəуір қыспаққа алғаны бар-ды. Бірақ, төрешілердің шешімі бойынша жеңіс Голубқа бұйырды. Залды басына көтерген жанкүйерлердің көңілі бір сəт су сепкендей басылып еді, кездесудің төртінші жұбы «Астана арландары» қатарында өнер көрсететін ирандық Ихсан Розбахани мен «атаман» Денис Солоненко (-85) арасындағы жекпе-жек барлық күмəнді сейілтіп, бұл жолы жеңіс туы қазақстандықтардың төбесінде биік желбірейтіндігін аңғартып тастады. Маусым басталғалы бері бір рет сүрінген Розбахани жылды жеңіспен бастаған Денисті жеңе алар ма екен деп дүдəмал ойға берілгеніміз рас. Ихсанның алғашқы соққы ларынан-ақ қаңтардағы бурадай жарап тұрғанын байқадық. Басын ішіне тығып алып, мықты қорғанатын Денис əр соққысын есеппен жұмсайды, жұдырығы жанап тигеннің өзінде

жел айдаған қайықтай қарсыласын шайқап жібереді. «Əй, біздің боксшы құлап қалмаса жарар еді» деп алғашқыда тіксініп қалған көрерменді Ихсанның ауыр соққылары қайта желіктірді. Кездесудің алғашқы раундтарында дəл соққыларымен Денис алға озса, соңғы үш раунд бойына Розбахани тарсылдатып сабаумен болды. «Енді 5 минут қосқанда Ихсаныңыз Денисті құлатар еді» десіп, залдағы жұрт гулеп кетті. Шынында да, Розбаханидың бабы да, бағы да сай келіп тұрған кездесу болды бұл. Төртінші жұппен кездесудің тағдыры шешіліп қойса да, қалың жанкүйердің тыпырши күткен жекпе-жегі қазақстандық «арлан» жігіт Руслан Мырсатаев пен «атаман» Анатолий Антонюк арасындағы кездесу бокс кешінің көрігін қыздырды. Салмақтары 91 килодан қос алыптың айқасы кəсіби бокста кездесетін оқыс жеңіс пен қайталанбас сəтті уəде еткендей еді. Атына заты сай екі дəу ə, дегенде бірін-бірі аңди жүріп қимылдаса да, əр соққысынан-ақ оңайлықпен алдыра салар жау емес екендіктерін анық байқатып тұрды. Украиндық Анатолий біздің Русланға қарағанда бойы биік, салмағы ауыр жəне қолы ұзын екен. Соны өзі де сезді ме, Руслан салған жерден тура шабуылға көшіп, кездесудің соңына дейін қарсыласына соққыны жаудырумен болды. Соңғы төртінші раундта екі жақ та шаршап, Русланның дəл соққысынан Антонюк есеңгіреп қалды. Тəлтіректеген Анатолийді, шынын айту керек, қаңғыр еткен гонг үні құтқарып қалды десек қателеспеген болар едік. Бұл пікірімізге бесінші раундта анық көзіміз жетті. Русланның сол қолмен жасаған ауыр соққысынан шегіншектей барып арқанға сүйеніп аман қалған Анатолий енді бір соққы тисе өзі де құлауға бейім тұрғандай еді. Əнеміне нокаут береді деп елегізіп отырғанымызда тағы да гонгтың ащы үні саңқ етіп, қос алыптың кездесуінің аяқталғанын білдірді. Жеңіс біздікі! Енді, «Астана арландары» 7 наурызда немістің «Герман қырандарымен» («German Eagles») Алматы қаласында қолғап түйістіреді. АЛМАТЫ.

Ќар кїні

Биыл Астанада тўѕєыш рет Дїниежїзілік ќар кїні аталып ґтті Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Осы күні Халықаралық шаңғы спорты федерациясы жыл сайын дəстүрлі түрде жарыстар өткізіп келеді. Ал Астанадағы Есіл өзенінің жағасындағы қалалық саябақтың шаңғы трассасында өткен сайыс Шаңғы спорты федерациясы мен «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-тың ұйымдастыруымен өтті.

Жарысқа сергектікті серік еткен аза маттар қатысып, бақ сынас ты. Бағ дарламада 5 жасқа дейінгі балалар спринті, 19 жасқа дейінгі жас жігіттер мен бойжеткендердің жү гірісі, балалардың ата-аналарымен шанадағы сайысы өтсе, оларға осы шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған Олимпиада чемпионы, əлемнің төрт дүркін чемпионы Владимир Смирнов төрелік жасады.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru

А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №153 ek


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.