Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай демалыс аймағында бүкіл əлемге əйгілі «Rixos» қонақүйлер жүйесінің тағы бірінің салтанатты ашылу рəсіміне қатысты.
№842-846 (27917) 22 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2012 ЖЫЛ
Ќонаќжай елде ќонаќїй кґбейе тїсті
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Қонақүйдің алдына тоқтаған кортежден түскен Президент ал дымен осында жарақталған мұз қалашықты аралап көрді. Өздері «Санта-Клаус ауылы» деп атаған бұл қалашықта балалар
түгіл, үлкендердің өзі қы зықтайтын қысқы демалыс орындары əзірленіпті. Аңдар мен ер тегі кейіпкерлерінің мұздан жасалған бейнелері, «СантаКлаустың резиденциясы», 3 чумадан тұратын «шамандар ауылы» қызықты сырғанақ жəне т.б. бір төбе болғанда, бұғы
Іс-шаралар наќтыланды
Кешегі Мəжіліс бюросында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің іс-шаралар жоспары туралы қаулы қабылданды.
Бюро шешімімен қаңтардың екінші онкүндігінде аталған Жолдауды талдап түсіндіру мақсатында Мəжіліс депутаттары аймақтарға баратын болды. Сондай-ақ, Мəжіліс бюросында палатаның алдағы өтетін жалпы отырысында қаралатын күн тəртібі нақтыланды. Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің ұсынысымен күн тəртібінің жобасына арнайы экономикалық аймақтар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымға қосылып отыр.
Осы комитеттің берген ақпаратымен кейбір заңнамалық актілерге бəсекелестік мəселелері бойынша заңнама екінші оқылымға депутаттар талқылауына шығарылатын болады. Парламентшілердің қарауына Əлеуметтік-мəдени даму комитеті əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға ұсынатын болады. Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге осы мəселелермен мұқият жұмыс жасауды тапсырды.
Тиісті шешімдер ќабылданды
Кеше Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары – Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының 2012 жылдағы жұмысы, кəмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың жұмысы, 2012 жылы судьялардың ауысушылығы туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ Кеңес жұмысының 2013 жылға
арналған негізгі бағыттары белгіленді. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.
Бїгінгі нґмірде: «ЌАЗАЌСТАН-2050» – СЕРПІНДІЛІК СТРАТЕГИЯСЫ 4-5-беттер
МҐЛДІР СҐЗДІЅ ШЕБЕРІ 8-бет
жеккен, ит жеккен, үш ат жеккен шаналар қызыққан жанның бəрін қыдыртып келуге əзір тұр. «Шағын Лапландия» деген атау алған мұз қалашық демалыстың барлық түрлерін жасауға əзір. Осында Щучье қаласы мектептерінің үздік оқушылары да жеткізілген екен, жас өрендер
Президентті қуана қарсы алды. Елбасы осы қалашықтың ортасына орналасқан жаңажылдық шырша шамын өз қолымен жағып, жиналған жұртты жəне барлық қазақстандықтарды келе жатқан 2013 жылмен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Одан кейін Елбасы осы аймақтың жаңа көркі болып
тұрған «Rixos» қонақүйіне келді. Президент оны ұзақ аралап көріп, жоғары сапасына тəнті екенін білдірді. Осында жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Елбасы мұндай сəулетті бұрын-соңды Бурабай өңірі көрмегенін атап өтті. «Бұған біз еліміздің тəуелсіздігінің арқасында ғана қол жеткізіп отырмыз. Енді ол еліміздің қуанышы мен бақытына қызмет ететін болсын деген тілек айтты. Мемлекетімізді өркендетудің бір саласы елімізге қонақтардың көптеп келіп, туризм саласын дамыту болып саналады. Сондықтан да мен елімізді 2050 жылға дейінгі дамыту бағдарламасында туризмге айрықша көңіл бөлдім. Елордамыздың жанында тұрған Бурабайда осы қонақүй өз тапсырмаммен салынды. Бұл қонақүй менің ойымша Қазақстандағы ең үздігі болмақ. Мұнда адамның жақсы демалуына барлық жағдай жасалған. Оны қазақстандық жəне түркиялық акционерлерінің қатысуымен түрік құрылыс компаниясының шеберлері салып шықты. Алғашында олар бұл жобадан бас тартқысы келген де еді, бірақ менің талап етуіммен осы іске кірісті. Қазір өздері де шексіз қуанышта екені сезіліп тұр», деп Президент əзілдеп өтті. Сонымен бірге, Елбасы Бурабайдың ауасы мен суы жаңа қонақүйдің бағасын арттыра берерін атап өтті. Бұл жер біздің еліміздегі ең таза, жанға шипа, мөлдір ауасы бар жер. Мұндай жер тіпті əлемнің басқа жерінде жоқ деп айтуға болады. Оның үстіне Көкшетауға жаңа халықаралық əуежай да салдық. (Соңы 2-бетте).
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов ресми сапармен Өзбекстан астанасы Ташкентте болды. Сапар аясында Қазақстан Үкіметі басшысы Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен жəне Премьер-Министрі Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Байланыстар беки бермек Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Ташкенттен.
Қашаннан қойымыз қоралас, ағайынымыз аралас жатқан көршіміз қазақстандық делегацияны бұл жолы да айрықша қонақжайлылықпен қарсы алды. Аязды Астанадан келген біздерге Ташкенттің ауа райы да жылышырай танытқандай. Төбеден жарқыраған күн сəулесі бауырластардың басқосу, кездесукөрісуін одан сайын көріктендіріп, жүздесулерді жылы ете түсті. Қазақстан Үкіметі басшысын Ташкент əуежайында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов күтіп алды. Қарсы алудың барлық рəсімдері өткен соң, С.Ахметов өзінің өзбекстандық əріптесі Ш.Мирзиёевпен шағын құрамда кездесті. Үкімет басшылары елдер арасындағы сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық жəне энергетика саласындағы əріптестік мəселелерін талқылады. Шағын құрамнан соң, екі ел делегациясы толық қатысқан кең көлемді кездесу өтті. Қазақстан Премьер-Министрі С.Ахметов өз кезегінде бауырлас елдің жетістіктеріне Қазақ елінің қашанда қуанып отыратынын айтып, Өзбекстанмен арада бүгінде салиқалы, сындарлы байланыстың орнағанын, осы тұрғыда екі ел арасында жүзден астам маңызды құжаттарға қол қойылғандығын атап өтті. «Бізді Өзбекстанның табыстары қуантуда, біз бұл табыстарды ортақ деп санаймыз. Іс жүзінде құрамына түрлі салаларда, соның ішінде экономика саласында
Жўмыс ќорытындылары ќаралды Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тəжиннің қатысуымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті.
Бас прокуратураның жаңа əкім шілік ғимаратында өткен осы жиналысқа тұңғыш рет бейне конференциялық бай ланыс арқылы облыстық жəне аудандық
деңгейдегі прокуратуралардың басшыларымен бірге қатардағы қызметкерлерінің де қатысуы қамтамасыз етілді. Қызметтің алдағы кезеңге
арналған басым бағыттары айқындала отырып, жұмыс қорытындылары мұқият талқыланды. Аяқталып отырған жылы қадағалау органдарының бас ты күш-жігері ең алдымен азаматтардың, кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын ұрлау
көздерін анықтау жəне жою ға, еліміздегі əлеуметтік-эконо микалық жағдайдың тұ рақтылығын қолдауға шоғарыландырылды. Əлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 358 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуын жойды, 540 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
100-ден астам келісім-шарттар мен уағдаластықтар кіретін күрделі, орнықты келісімдік-құқықтық база құрылды», деп атап өтті С.Ахметов. «1998 жылы мəңгілік достық жəне экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы тарихи келісім-шарттарға қол қойылғанын бəріміз білеміз. Менің ойымша, бүгін жұмыстың бұл бағыттарын тереңдетуде бірлескен жұмысты жалғастыру қажет. Орталық Азиядағы саяси, экономикалық тұрақтылық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көбіне біздің келісілген əрекеттерімізге байланысты екені маңызды, біз ол туралы бүгін сөйлестік. Менің ойымша, бұл тұрғыда түсіністік бар жəне біз жұмысымызды жалғастырамыз. Жəне бүгінгі кездесу мемлекеттеріміздің мүдделерін жақындастырып қана қоймай, көкейкесті мəселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», деді Қазақстан Премьер-Министрі. Үкімет басшысының атап өтуінше, Өзбекстан Қазақстанның басты, маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. «Біз өзара тиімді қарым-қатынастарды одан əрі тереңдетуге мүдделіміз. Қазақстан Президент Ислам Каримовтың қыркүйек айында Астанаға жасаған сапары қорытындыларын жоғары бағалайды. Мемлекет басшыларының қабылдаған ортақ мəлімдемесі біздің болашақ əрекеттерімізге түрткі болмақ. Біз іс жүзінде бұл уағдаластықтың əрбір тарауын жүзеге асыруымыз керек. (Соңы 2-бетте).
Еңбек құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 131 мың жұмысшыға 7,7 млрд. теңге сомасындағы жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздарды төлеуді қамтамасыз етті. Осының нəтижесінде жалақы бойынша жалпы қарыз үш мəртеге – 4,6-дан 1,6 млрд. теңгеге дейін азайды. (Соңы 2-бетте).
Республика тынысы: мың бір мысал
Жаѕартылєан трамвай жолєа шыќты
Жалпы, күні-түні үздіксіз естілетін трамвайлар дүрсілінсіз облыс орталығын көзге елестету мүмкін емес. Жоғары сұранысқа ие қоғамдық көлік 40 жылдан аса уақыт қала тұрғындарына қызмет етіп келеді. Трамвай басқармасында 115 трамвай вагоны бар болса, оның 86-сы күнделікті қозғалыс бағыттарына жіберіледі. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ал Тəуелсіздік мерекесі күні облыс орталығында елімізде жаңартылған алғашқы трамвай жолға шықты. Бұдан бір жылдай уақыт бұрын қалалық трамвай басқармасы тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеп, депо паркін жаңарту, жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ал еліміз бойынша трамвай біздің облыс орталығынан басқа Өскеменде, Алматыда, Теміртауда бар. Соңғы кездері вагон паркі де ескірді, жолдары да тозды, өз елімізде оларды жасайтын зауыт та жоқ, Ресейден жеткізіледі. Бір трамвайдың құны шамамен 70 миллион теңге тұратын көрінеді. Енді, міне, осы қиын түйін мəселесі де шешілгендей. Кəсіпорын техникалық жүйені толықтай жаңғырту, травмай
жолдарын жөндеу жəне вагондар құрастыратын цех ашу бойынша инновациялық жаңа жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Қалалық трамвай басқармасы АҚтың вице президенті Александр Крисаның айтуынша, алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша трамвай басқармасының 60-тан астам вагоны қайта жөндеуден өтеді. Бұл электр қуатының шығынын 30-48 пайызға азайтады. Толық жаңартылған вагон жылына 67 мың кВт қуат үнемдей алады. Ескі трамвайларды жөндеу барысында жаңа қосалқы бөлшектер ТМД-ның зауыттарына сатып алыныпты. Бір вагонды жөндеу үшін кəсіпорын 8 миллион теңге жұмсаған. Сонымен бірге, жаңа жыл алдында Ресейден жаңа екі трамвай вагоны сатып алынбақшы. ПАВЛОДАР.
2
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Ќонаќжай елде ќонаќїй кґбейе тїсті (Соңы. Басы 1-бетте). Астанадан тартылған автобанымыз да осында жеткізілген. Сондықтан да мұнда тамаша демалыс орталығы орнайды, деді Елбасы. Сондай-ақ қонақүйдің маңына жаңа үйлер, жаңа құрылыстар бой көтеретіні де айтылды. Елбасы атап өткеніндей, бұл еліміздің курортты аймағына салынған алғашқы бес жұлдызды қонақүй. 90 млн. доллардай қаражатқа тұрғызылған оның құрылы сы 1,5 жылда аяқталыпты. Президенттің Бурабай курортты аймағын осы заманғы ең жоғары талаптарға сəйкес жарақтандыру туралы берген тапсырмасына сəйкес салынған бұл қонақүй əлемнің түкпір-түкпірінен келетін ең дəулетті, ең бақуатты адамдарды ұялмай түсіруге мүмкіншілік беретін жайлы мекен болғалы тұр. Сонымен бірге, ол мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы туризмді да мытуға бағытталған ірі жоба лардың бірі болып отыр. Қонақүйдің құрылысына керекті инфрақұрылымдық қажеттіліктер, соның ішінде жол қатынасы, су, электр қуаты, канализация – бəр-бəрі дер кезінде қамтамасыз етілген. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жағдайлармен жəне басқа да дүниелермен қамтамасыз етуге белсене атсалысты. Міне, соның арқасында «Верный капитал» компаниялар тобы құрылысты белгіленген уақытта еш кедергісіз жүзеге асырды. Қонақүй Шортанды көлінің жағасында, қарағайлы қалың орманның ішінде орналасқан. Щучье қаласы мен Бурабай темір жол стансасына дейінгі қашықтығы 15 шақырым. Ал Астана қаласының халықаралық əуежайынан отельге дейін 287 шақырым. Қонақүй ғимараты бес қабаттан тұрады. Бірінші жəне екінші қабаттарында екі мейрамхана, төрт мəжіліс залы бар. Сонымен бірге, қонақүйдің бал-румы, бассейні, СПА аймағы, фитнес орталығы мен казиносы осы қабаттарда орналасқан. 3-5 қабаттардағы қонақтар түсетін нөмірлер саны – 200. Оның ішінде 158 нөмір deluxe, 37 нөмір жуниор сюит сапасындағы бөлмелер. Бұлардан басқа 4 президент жəне 1 пентхаус сюит нөмірлері бар. Бұлардың бəрі халықаралық жоғары талаптарға сəйкес жарақтандырылған. Оның
Ќўжат ќўндылыєы онлайн-конференция барысында жан-жаќты тїсіндірілді Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
дизайндарын немістің бүкіл əлемге əйгілі «Ретер Силинг» компаниясы жасаған. Қонақүйдің өзі барлық демалыс жайлары жарақталған курорт тектес орын болып отыр. Қарағайлы орманның дертке дауа, жұпар иісті таза ауасы бір жұтқан адамның көкірегінен мəңгіге кетпестей. Оның үстіне жаз айларында демалушыларға мөлдір сулы көлдің жағажайы да армансыз қызмет көрсететін болады. Соған сəйкес нөмірлердің
бағасы да өте қымбат. Ең арзан деген нөмірлердің бір тəуліктегі бағасы 87 мың теңге... Отельде бұлардан басқа ашық бассейн жұмыс істейді, ал Wi-Fi байланысы тəулік бойы тегін. Бір қызығы, көлге қараған нөмірлер көлеңке жақтағыдан əлдеқайда қымбат. Бұрын бірдей нөмірлердің бағасының да біртекті болатынына үйренген біздің адамдар үшін бұл да бір жаңалық болары даусыз. Террассалы ресторандарында түрік пен османлы дəмдерінің
неше түрлісі ашығып келген адамның тілін үйірердей болып, дайын тұрады. Бұларды місе тұтпасаңыз, италиялық дəмдер беретін екінші ресторанның есігі алдыңыздан айқара ашылады. Ал бусанып, ащы теріңізді шығарғыңыз келсе түрік моншасы мен фин саунасына тап боласыз. Сонымен бірге, құмар ойындарын сүйетіндердің тілегін ақтайтын осы аймақтағы алғашқы казино жұмыс істейтін болады. Бұл да бақуатты адамдардың
Байланыстар беки бермек (Соңы. Басы 1-бетте). Уақыт жетті, біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық əріптестік туралы келісімге қол қою қажеттілігі туындады жəне іскерлік кеңес құру қарым-қатынастарды нығайтудың бір мысалы бола алады. Ол екі елдің іскерлік орталары арасындағы бұдан да тығыз əрі тиімді үнқатысуды ретке келтіруге септігін тигізеді, деді С.Ахметов. Ал Өзбекстан ПремьерМи нистрі өз кезегінде Қазақстан делегациясының ресми сапарына алғыс айтып, қонақжайлылығын білдірді. «Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовтің біздің елге ресми сапары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінің заңды жалғасы деуге болады. Бұл екі ел арасындағы байланыстарды одан əрі жетілдірудің перспективаларын жоспарлаудың мүмкіндігіне жол ашады деп ойлаймын. Біз тарихи достығымызды, бауырластық байланыстарды ерекше бағалаймыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елін əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтеріп отырғандығын өте ерекше атап өтуге болады», деді Ш.Мирзиёев. Сондай-ақ, ол екі ел арасындағы сауда айналымын жетілдіріп, тауар көлемін арттыру қажеттігін айтты. Алдағы бір-екі жылда тауар айналымы 5 млрд. долларға дейін жету керек екенін де атап өтті. Кең құрамдағы кездесуден соң Үкімет басшылары екі маңызды құжатқа қол қойды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің
Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған алғашқы онлайн конференция өткізілді.
Қазақстанға туристік сапармен ағылып келуіне қызығушылық тудыратын шығар деген үміт бар. Қонақүй «Бурабай туризм сити» ЖШС меншігінде, оның операторы түріктің əйгілі «Rixos» туристік компаниясы. Жаңа қонақүй 270 қазақстандыққа жұмыс орындарын ашты. Олардың бəрі де арнайы дайындықтан өткізілген жергілікті тұрғындар.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ўсыныстар жобасы əзірленбек
Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрағалығымен 2015 жылдан кейінгі ғаламдық даму са ласында БҰҰ-ның күн тəртібін қалыптастыру мақсатындағы ұлттық консультациялар өткізу жөніндегі үйлестіру комитетінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Техникалық реттеу, метрология жəне сертификаттау агенттігі ара сындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жəне екіншісі – Қазақстан Республикасы Саудаөнеркəсіп палатасы арасында Əскерлік кеңес құру туралы келісім. Үкімет басшыларының кездесуінен кейін түс ауа С.Ахметов Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездесті. Кездесуде тараптар саудаэкономикалық ынтымақтастық мəселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастарды одан əрі нығайту перспективалары туралы пікір алмасты. «Біз Өзбекстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға айрықша маңыз береміз. Осыған орай сізге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін жеткізгім келеді. Біз сіздің үстіміздегі
жылдың қыркүйегінде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймыз. Қазақстан Үкіметі екі ел президенттерінің сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға кірісті», деді С.Ахметов. Біздің елімізбен арада қалыптасқан тарихи байланыстарды айта отырып, И.Каримов «Қа зақстан мен Өзбекстан ара сындағы байланыстардың ай рықша сипатқа ие екенін» атап көрсетті. «Ең алдымен ол Нұрсұлтан Назарбаевпен ара мызда өзара сенімді жəне достық қарым-қатынастардың қалыптасуына байланысты», деді Өзбекстан Президенті. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын осы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасында орныққан үкіметаралық комиссияның 12-отырысы өткен болатын. Қазақстан
Премьер-Министрінің бұл жолғы ресми сапарында сол отырыста талқыланған кейбір маңызды мəселелер тағы бір пысықталып, нақтыланды. Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қарымқатынас орнағанына биыл 20 жыл толып отыр. Бұл аралықта екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы үзілген емес. Тіпті, жыл санап ағайын елмен алыс-берісіміз артып келеді. Естеріңізге сала кетсек, қос мемлекеттің экономикалық алысберісі өткен жылы 24 пайызға артып, 1,9 миллиард долларға жуықтады. Ал биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша сауда айналымы 10,8 пайызға өсіп, 1,7 миллиард АҚШ долларынан асты. Ал Үкімет басшылары кездесулерінде айтылғандай, алдағы жылдары бұл көрсеткіштер ұлғая түсуі тиіс.
Бұл шараға мемлекеттік органдар мен БҰҰ-ның Қазақстандағы агенттіктер жүйесі өкілдері қатысты. БҰҰ шешімімен осындай консультациялар өткізілетін 50 елдің ішінде Қазақстан да таңдап алынды. Олардың негізгі мақсаты – 2000 жылы БҰҰ Мың жылдық саммитінде қабылданған мыңжылдықты дамыту мақсаттарын орындауға қатысты ұсыныстар дайындау. Ұсыныс «Рио+20» жəне ұлттық басымдықтарды дамыту мə селелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды ширата түсудің тəсілдері ретінде қаралуда. Ұлттық консультациялар қорытындысы БҰҰ-ны дамыту мəселелері бойынша Топтардың ғаламдық есебінде жинақталып, көрініс табады, сондай-ақ 2013 жылы өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралатын болады. Отырыс қорытындысы бойынша Е.Орынбаев барлық тиіс ті мемлекеттік органдарға консультациялардың тақырыбын анықтауды жəне бұдан əрі БҰҰ-ға таныстыру үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын есепке ала отырып, ұсыныстардың жобасын табыс етуді тапсырды.
Конференция жұмысына аталған академияның профессороқы тушылар құрамы, магистрант тары мен докторанттары жəне де еліміздің барлық облыс орталықтарындағы, өңірлік оқыту орталықтарының мемлекеттік қызметшілері мен өкілдері қатысты. Онлайн режімінде өткізілген конференцияға қатысушылар алдында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламалық құжатының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов арнайы баяндама жасады. Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары еліміз бойынша стратегияны жүзеге асыру жұмыстары əлдеқашан басталғандығын тілге тиек ете отырып, бұл бағытта көптеген шаралардың атқарылғандығына ерекше ден қойды. Əсіресе, мемлекеттік қызмет шілердің сапасын арттыруда көптеген істердің атқарылғаны да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда өңірлерге Президент Жолдауындағы міндеттерге қатысты тиісті тапсырмалар да беріліп отыр. Бұл бағытта «Нұр Отан» ХДП, Үкі мет жəне өңірлер бірлесе жұмыс істеп, бірқатар шаралар да өткізген. Ауыл əкімдерін сайлау, олардың жұмысын жергілікті жерде мұқият қадағалау тетіктерін енгізу, жалпы əкімдер жұмысына мониторинг жүргізу сияқты көптеген игі бастамалар жүзеге асатыны да атап айтылды. Ə.Байменов өз кезегінде ұзақ мерзімді қамтитын стратегиялық құжаттың тарихи маңызына ерекше тоқталды. Жолдауды насихаттау бойынша академия бұл басқосуды алғашқы шара ретінде ұйымдастырып отырғандығын
тілге тиек еткен ол оның жаңа технологиялар мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылғандығына назар аудартты. Шешеннің пайымынша, стратегиялық құжаттың жақсы қабылданып, ол бойынша түсіндіру жұмыстарының ауқымды жүзеге аса бастауы Жолдаудың алғашқы кезеңдерден бастап белгілі бір дайындыққа негізделгендігін көрсетеді. Оның үстіне он бес жыл «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырғанда Қазақстан өзінің ішкі əлеуетін пайдаланып, халықаралық тəжірибеге сүйеніп, Елбасының белгілеген межелерін алға қоя отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер алдағы биіктердің тұғыры болуға тиіс. Сондықтан шара негізінен Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттап түсіндіруге бағытталған. Оның ішінде кезек күттірмес ең біріншісі, реформалар мен өзгерістерді жергілікті жерлердегі мамандарға жеткізу. Жалпы, интернет-конференцияның басты мақсаты еліміздің бағдарламалық құжатын, оның əр тармағын жүйелі талқылауға арналған. Баяндамаларда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы əлеуметтік-экономикалық реформалар дамуына жаңа қарқын береді, деген ойлар ерекше айтылды. Аталған шараны ұйымдастырушылар Елбасы Жолдауы жаңа жетістіктерге жетудің қуатты жолы деп санайтындықтарымен бөлісіп, мемлекеттік басқаруды жетілдіру қажеттігі тұрғысында да бірқатар ойларын ортаға салды. Əсіресе, басқарушылық шешімдер экономикалық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі тиіс. Жалпы, стратегиялық құжатта көрсетілген бағыттар бойынша алда ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғаны да белгілі болды.
Жўмыс ќорытындылары ќаралды (Соңы. Басы 1-бетте). Прокурорлық қадағалау шараларымен 190 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды. Олардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңнан астам лауазымды тұлға əртүрлі жауапкершілікке тартылды. «Балалар – біздің болашағымыз» атты серпінді жобаның нəтижесінде қылмыс жасаған оқушылардың саны 13,7%-ға төмендеді. Өз құқықтарын қорғау мақсатында прокурорларға 232 мың азамат жүгінді, олардың 51 мыңы жеке қабылдауда болды. Əрбір екінші өтініш өзінің нақты шешімін тапты. Осының нəтижесінде қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі кезеңдегі азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу санын едəуір төмендетуге мүмкіндік туды. Қылмыстық қу далау органдарының қызметтік кабинеттері мен өзге де бөлмелерінде азаматтарды заңсыз ұстап отыру 20%-ға төмендеді. Уақытша ұстау абақтыларында заңсыз ұсталып отырған 1152 адам босатылған. Прокурорлар 450 азаматқа қатысты негізсіз жүргізілген жеделіздестіру іс-шараларын тоқтатты. Сотқа дейінгі өндіріс сатысында қадағалауды күшейту соттардың ақтау негізінде қысқартқан істерінің санын төрт есеге төмендетуге алып келді (372-ден 83-ке дейін). Прокурорлардың наразылығы бойынша азаматтық істер бойынша – 736, əкімшілік істер бойынша 458 жəне қылмыстық істер бойынша 817 сот актілері заңға сəйкес келтірілді. Кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында прокуратура органдары қабылдап отырған шаралардың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар одан əрі серпін алды. Мемлекеттік органдардың 26,5 мыңнан астам заңсыз жоспарлаған тексерістері болдырмай тасталды. Кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық ұтқыр топтардың жұмыстары айқын тиімділігін көрсетіп отыр, олардың көмегімен 700-ден астам құқық
бұзушылыққа тосқауыл қойылды. Қадағалау қызметінің түрлі бағыттары бойынша мемлекет кірісіне 56 миллиардтан астам теңге өндірілді. Азаматтық жəне əкімшілік істер бойынша 33,5 млрд. теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды. Сонымен қатар, прокурорлар қабылдаған шаралар 123 млрд. теңгені мемлекетке қайтаруға жəне 434 млрд. теңге көлеміндегі шығынды болдырмауға септігін тигізді. Прокурорлық тексерістер нə тижесінде көлемі 16 мың га, кадастрлық құны 215 млрд. теңгені құрайтын 96 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Есепке алу-тіркеу тəртібі саласында мақсатты жұмыстар жүргізілді. Арыздар мен хабарламаларды электронды тіркеуді енгізу есепке алудан жасырынып қал ған қылмыстар санын едəуір тө мендетуге алып келді, бұл өз кезегінде қылмыстылықтың объективті келбетін қамтамасыз етуге жəне жəбірленушілердің құқықтарына кепілдік беруге мүмкіндік береді. Еуропадағы алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылатын Испаниямен қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдердің толық топтамасына қол қою халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды оқиға болды. Қазақстаннан тыс жерлерде сот төрелігінен жасырынып жүрген азаматтарды экстрадициялау бойынша жұмыстардың белсенділігі арттырылды. Алқа мəжілісінің қорытындысы бойынша Бас Прокурор қадағалау қызметінің тиімділігін одан əрі арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Бас прокуратураның қорытынды алқа мəжілісінде анықталған қызметтің басым бағыттары бірінші кезекте ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
3
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Атамекен Азамат ажары Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылаған аудан активінің жиналысына қатысқанымыз бар. Пікір алмасу қызу жүріп жатты. Қиын түйіндер де ортаға салынып, емеурін Үкімет көмегіне ауа бастаған шақта жұрттың орта тұсынан шымыр денелі ақсары жігіт атып тұрғаны. Дауысы саңқылдап, Елбасының мына сөздерін жатқа айтты: «Қазақстан тəуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны əртараптандыруды жалғастыру болып табылады». Деп алды да, жерлестерін азаматтық белсенділікке шақырып, бұйығы тіршілікті қақырататын намысын қайрады. Өзінің алға қойған мақсатын, ел алдындағы парызын жайып салды. Жолдаудағы асқаралы міндеттерді орындау бізге жүктеліп отыр деді, жұртшылықтан замананың үніне құлақ түруді өтінді. Ол үшін ауылды гүлдендіру қажеттігіне назар аударып, қазіргі күнде тоқсан үйден
бүгіндері ЮНЕСКО-ның тізіміндегі əйгілі Қорғалжын қорығындағы 235 түрлі өсімдіктің, 265 құс түрінің («Қызыл кітаптағысының» өзі 12), сүт қоректілер мен бауырмен жорғалаушылардың пырпыр үні, шыр-пыр тіршілігі еліктіреді. Кезінде бұл аймақта ащысы, тұщысы бар 360 көлдің айдыны жарқырап жататын дейді көнекөз. Біз табан тіремек ниеттегі Біртабан ауылы да осы аттас көл қойнауындағы аралда қоныстанған болып шықты. Жалпы, Қорғалжын ауданы 1926 жылы Ақмола округіне кіретін Қорғалжын, Көңқорғалжын, Соналы қорғал жын, Жақсыкөң, Сарыөзен жəне Қарақойын болыстарының негізінде құрылған. Біртабан – Қорғалжынның белді ауылы. Қазына қария Балтабай Қалқаманның «Қойнауы құт, киелі мекен» атты кітабында мынадай əфсана бар: «Ертеде көлдерде су тартылып қалған бір қуаңшылық жылы балық аулағандарға жалғыз табан ғана түскен. Осыдан Біртабан атаған. Осы атына қарамай Біртабан жердің бір сүйкімдісі деуге болады. Қасында айнадай жалтыраған Шалқаркөл, Табанкөл, Тікіркөлдері, іргесінен мөлдіреп Нұра өзені ағады. Оған қарасулар астасып құйылып жатады да, ауылды шексіз сулы алып дария қоршап тұр деп ойлайсыз. Біртабанға кіру үшін бір ғана жол бар. Айналасы сумен қоршалған арал».
үй түгел мүше болыпты. Отызыншы жылдың басында осы «Біртабан» колхозы үшке бөлініп, 1934 жылы қайтадан үш колхозды қосып, іріленген. Тіпті, 1931 жылдарғы ашаршылық салдарынан Сарыөзен жағындағы Көксала Теректіде «Обалы» колхозын құрып отырған ағайындар түгел көшіп келіпті. Одан кейінгі тіршілік «12 декабрь», Киров атындағы колхоздар болып, «Дружба» совхозына жалғасады. Бұл жылдары Ескен Елеусізов, Сəкен Алшынбаев сияқты механизаторлар сол кездегі көліктің төресі «Победа», «Москвич» мəшинелерімен марапатталып, басқарма төрағасы Ескендір Ержанов Еңбек Қызыл Ту, малшы Ахметжан Сатыбалдин «Құрмет белгісі» орденін тақса, сауыншы Тілеулес Қилыбаева КОКП ХХІІ съезіне делегат болып қатысты. Осы сыйлық-марапаттардан шығады. «Отызмыңшы» санатында колхозды басқарған Ескендір Ержановтың кезінде түйеші Кенесарин Абдрахман, сиыршы Аманбаев ИбраҺим, балықшы Санабаев Мұқатай, егін салушы Жылқайдарова Тиын жақсы еңбектері үшін үйлеріне түйе, сиыр жетектеп келген екен. «Еңбек күндері» еселеніп жазылып, газеттерде аты шыққан азаматтар ел-жұрттың мақтанышына айналған. Бірақ, дүние марапаттаудан ғана тұрмайды-ау! Бар өмірін Біртабанның берекесін арттыруға жұмсаған колхоз
Берекеге бет бўрєан Біртабан ҰОС ардагері Ақыш Абдрахманов атай – Біртабанның тумасы, Қорғалжында тұрады.
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
төрт-ақ түтін қалған Біртабанды берекеге бастайтынын мəлімдеді. Дүр серпілген халық ду қол соқты. Жиналыс бітпей-ақ сұрастырып жатырмын. Біртабанның тумасы екен. Аты-жөні – Ербол Балтабеков. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, ЖШС директоры. Орда бұзар отыздан жаңа асқан жалын жүрек. Кезінде оңды-солды жекешелендіру дүмпуімен таланған ауылының тағдырына налып, Астанаға көшіп кетіпті. Енді айтулы кəсіпкер ретінде ауылына оралыпты. Бірге туған төрт ағасы мен інісін ұжымдастырып, Біртабанның кəрі кеудесіне жан бітіріп, бұрын болмаған игі істі бастап кеткен көрінеді. Малы, құрылысы бір бөлек. Бұрын болмаған дейтініміз – туризм индустриясын ауылға алып келу, сол арқылы Біртабанды, қасиетті Қорғалжынды əлемге таныту. «Егемен Қазақстан» газетінде «Атамекен» айдары көтерілгенде есіме осы Ербол оралды. Елдің атын, абыройын түбінде осы жігіт шығарады деп ойладым. Бас газет арқылы дүйім жұртқа ұялмай жазатын жігіт дедім. Өйткені, еліміздің өткен-кеткен тағдыр-танымы осындай азаматтарды тудырып отыр.
Ќорєалжын тґріндегі толєаныс
Қорғалжынға жол тартсаң қиял тербейді. Қасиетті өлкенің əр қырқасынан Əлке, Базар, Нөгер, Қылдыбай, Темеш, Түрікпен-Əлі, Жанкелді, Түрке, Бозай батырлардың, Байдалы, Ақеділ билердің, Құлтума, Үлебай ақындардың айбынды үні, Мəриям Жагорқызы, Дəулет Мықтыбаев, Кенжебек Күмісбеков сынды сазгерлердің, Рабиға Есімжанова, Қосымжан, Досымжан Бабақов сияқты жезтаңдайлардың сырлы əні құлаққа жеткендей желпінесің. Осыдан 54 жыл бұрын далалық қорық ретінде құрылған,
Аєайындыларєа алєыс
Бірақ, тас жолды теріскей көрді білем, шопыр жігіт тура тартты. Ақсағым сордың ішінен əркім өзінше жолақ тартып алған сияқты. Əйткенмен, сəл ғана жауын түссе, жөн білетін адам мұнда жоламайтын көрінеді. Шаруа адамы қарап отыра ма, басты қаҺарманымыз, «Балтабеков жəне К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ербол Балтабеков жаңа ғана ауданға кетіп қалған екен. Оған қинала қойған біз жоқ. Алтын ауылды берекеге бастаған азаматтың жұмысы жүргені жақсы. Кеудені кең керіп, таяқ тастамдағы көл жиегінде тұрмын. Қамыс-құрағы уілдеп, шолп-шолп балық дірілдеткен Біртабан толғаныс үстінде. Кешегі мен бүгінгінің жалғасындай жарастық мені де тереңге тартып бара жатқандай күй кешулімін... Алдын-ала дайындалып, жиғантерген деректерім көз алдымда күзгі тырналар тізбесіндей көлбеңдеп барады. 1928 жылы мойынсерік ретінде құрылып, келесі жылы колхоз болып ұйымдасқан. Оған Қабылда Қуандықов бастаған 79
басқармасы, ауылдық кеңес төрағасы Қуан дықов Қабылдыға сөгіс жарияланса, Мəмбетқожаұлы Əпшаит, Қырымқожаның Сатыбалдысы, Датқаның Мұқашы мен Нұрпейісов Түсіпбек кулакқа шығарылып, қуылған. Колхоз дағы «Союзпушнинаның» агенті Бек баев Мұқан, «Заготживсырьенің» жұмысшылары Төкен мен Бейсекеев Жүніс, колхозшы Тұрлыбеков Қали мен есепші Хасенов Кенжебек 1937 жылдың желтоқсанында «халық жауы» ретінде ұсталып, сол кеткеннен оралмағанын білеміз. Оны былай қоясыз, соғыстан жаралы болып келген Бекішев Жалды кеңеске қарсы үгіт жүргізді деген айыппен 1945 жылғы 21 мамырда сотталып, 26-шы нүктеге (АЛЖИР) айдалды. Осындай жаламен колхозшы Шақан Қаржаспаев та айыпталыпты. Артынан бұл азаматтар құлан-таза ақталды. Ал Ұлы Отан соғысына шағын ғана Біртабан ауылынан 87 адам қатысып, 13 азаматтан «қара қағаз» келгені, 34-інің хабарсыз кеткені кімнің қабырғасына батты екен. Қазіргі күні бүкіл аудандағы жалғыз
Ағайындылар дейтініміз Абай, Əлихан, Қалиасқар, Ардақ, Ербол жəне Нұрлан Мырзабекұлы Балтабековтер. Ақылман ағалары көп салалы шаруашылықтың тізгінін Ерболға тапсырған. Біртабанның бойында қиял шолпысын сылдырлатып, Ерболды тосып тұрғанымыз сондықтан... Ербол келіп, есендік сұрастық. Бірнəрсеге алаңдаулы сияқты. Отыра қалып, маған сұхбат беретін түрі көрінбейді. Мен де ұқтым. Шаруасын аралата жүріп əңгімелесетіндерден болып шықты. «Ал, бастаның» ишарасын жасадық. Жүзі жайнап, мəшинесінің есігін ашты. Сөзді де, газды да басып келеді. Қозғалысты ағасы Ардақ бастаған көрінеді. Əуелі бауырларының басын қосып, Қорғалжындағы аудандық мешіттің құрылысын танымастай етіп қайта жүргізіпті. Ел-жұрттың алғысбатасы қанаттандырған ағалы-інілі алты жігіттің аусары ауылға ауды да тұрды. Қорғалжынның қақ ортасынан «БалМырза» демалыс жəне ойын-сауық кешені салынып, аудан орталығының əрін ашты. Сондай-ақ, бұлар артық жер, қымбат несие де сұраған жоқ. Кіндік қандары тамған Біртабан ауылындағы жұмысты 30 сиыр, 30 жылқымен бастапты. Көп ұзамайақ, небəрі төрт үй қалған Біртабан қыз-қыз қимылдың ортасында қалды. Құлап қалған қыруар ғимараттардың жартылай жарамдысы қалдырылып, қалғаны сүріп тасталды. Жантайған мал қораларына жан бітті. Балтабековтер өз қаражаттарына 2006 жылдан бастап 350 бас ірі қара сатып алған екен. Биылғы жылдың 31 тамызында еттік бағыттағы асыл тұқымды қара мал өсіру жөніндегі бизнес жоспарлары мақұлданып, қоралары бірден 838 сиырмен (350-і қазақтың ақ бас сиыры) толықты. Оның 34-і асыл тұқымды бұқа екен. Қазіргі таңда карантиннен өтіп, жерсінген ірі қара үш бағытта, яғни «симменталь-герефордангус» жүйесімен будандастырылып отыр. Мал дəрігерлік шаралар, төл түсу барысы, санитарлық талаптар, рациондық құрам дерегі компьютерге түсіріліп, маңызды істің қозғалысы қатаң бақылауға алынған. Əрқайсысы 250 бас малға есептелген қысқы бес қора тап-тұйнақтай дайындалып, дəріленіп қойылыпты. Ашық ауадағы серуен алаңы 1500 малға лайықталған. Сырты қоршалған 3000 тонналық бес мая шөп көз тартады. Құрама азық, сабан мəселесі шешіліп қойылғанын айтады Ербол бауырымыз. Қинап тұрғаны – ауыз су мəселесі. Бұлар ауылға бастар тас жол мен су құбырын күрделі жөндеуден өткізгенімен, қысымы аз су лақылдап ақпай тұр. Енді су жинағыш мұнара тұрғызуға, одан тармақталатын ірілі-ұсақты құбырлар тартуға тура келетін көрінеді. Ерболдың айтуынша, мұны да ілдебайлауға болады. Бірақ, ертең көркейіп өсетін ауыл болашағы үшін аудан əкімдігінің көмегі қажет-ақ. Біз мал кешенін аралауға ғана екі сағаттай уақыт жұмсаппыз. «Қой, айналайын» дегенімізге қарайтын Ербол жоқ. Жайлау жаққа тартты да кетті. Ұзынарал, Орысқойы, Тəйтелі, Оңбай деген атыңнан айналайын жерлермен
жүйткіп келеміз. Алдарына мың жылқы салған жылқышылар қосынан шəй ішіп, күн сəулесімен тұтанатын теледидарды тамашаладық. Өркеш төбелерді өрлей жайылған ірі қара мен 550 асыл тұқымды «Еділбай» қойының қоңы күйлі. Ағайындылардың мал өнімдерін өңдеудің кластерлік қадамына қам жасауы құптарлық. Биылғы жаз айларында 180 бие байланған екен. Бал қымыз Қорғалжын қорығының, Астана тұрғындарының сұранысына ие болыпты. Ендігі жерде шағын цехтың жоба-құжаттары əзірленіп қойылыпты. Мұнда Германияның озық жабдықтары қойылып, етті тұздау мен ыстаудан бастап, орамалы тұшпара, сары май, қаймақ, ірімшік дайындалмақ. Аудан əкімі Қайыр Рыскелдиновтің ұсынысымен ағайынды Балтабековтер «Біртабан көлі аумағында демалыс жəне сауықтыру орталығын құру» инвестициялық жобасын жүзеге асыруға кіріскені бұл өңірдегі айтулы жаңалық болып табылады. Бұл мақсатта 18 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні
алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтар талғамындағы 50 орындық заманалық төрт ағаш үй, қос қабатты екі демалыс кешені салынып біткен. Олардың барлығында тынығушыларға қолайлы жағдайлардың барлығы жасалыпты. Ашық стадион жұмыс істеп тұрса, жабық ойын алаңдарын салу келесі жылдың еншісінде. Туристік танымдық саяхат бағыттары белгіленіп, балық аулаушылар жарысы да өткізіліп үлгіріпті. Сондай-ақ, жапан түзге 25 мың түп шырша, қайың, қарағай егіп тастау, тіпті, арнайы питомник қамдап, келесі жылдардың қамын сайлау «əп, бəрекелді» дегізерліктей емес пе?! Біздің пайымымызда, Балтабеков сияқты жігіттер Біртабанның ғана емес, қалың еліміздің бағына жаратылған азаматтар болып көрінеді. Мұның ешқандай артықтығы жоқ. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. ---------------------------------
Суреттерді түсірген Айтбай МҰСАБАЕВ.
ҚАЛЫПТАСҚАН
ҚАЗАҚСТАН
2050 СТРАТЕГИЯСЫ
--------- 2030 СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІ ------------------------------------- ƏЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ----------------------------«Мен үшін əрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды əрі солай бола бермек» Н.Ə.Назарбаев КҮШТІ ƏЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ
15 жылда ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР табысы
16 есе ӨСТІ.
Табыстары ең ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС деңгейіндегі қазақстандықтар
7 есе АЗАЙДЫ
Жұмыссыздар саны
2 есе ҚЫСҚАРДЫ
ƏЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНДЫ АНА ӨЛІМІ 5 жылда 3 есе дерлік ТӨМЕНДЕДІ, БАЛА ТУУ 1,5 есе ӨСТІ.
БІЛІМ БЕРУ ШЫҒЫНДАРЫ 15 жылда 9,5 есе ӨСТІ АДАМ ƏЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САЛЫМДАР САЛУ САЯСАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТАЛАНТТЫ БУЫНЫН ӨСІРДІ
4
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
«ЌАЗАЌСТАН-2050» –
Ел дамуыныѕ жаѕа белеске шыєу жолдарын айќындайтын
Шыєар кїндей шындыќ
Басқа басылымдардан
Ќазаќстанныѕ кезекті серпіні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күні. Осыдан 21 жыл бұрын Жоғарғы Кеңес Тəуелсіздік жəне ұлттық егемендік туралы заң қабылдаған болатын. Осы кезде елде тіпті өз валютасын шығаратын ресурстар да болған жоқ. Қазіргі кезде, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мемлекеттің резервінде шамамен 80 миллиард доллар жинақталған. Ал британдық байқаушылардың бағалауы бойынша, Қазақстан алдына тек Қытай мен Катарды ғана салып, 21-ші жүзжылдықта ең серпінді экономикаға ие 25 мемлекеттің ішінде үшінші орын алып отыр. ХХІ ғасыр Қазақстан үшін «алтын ғасыр» болады, деді Н.Назарбаев өз мемлекеттік машинасына қатысты айтқан жаңа сөз тіркесінде. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылы əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену. 90-шы жылдардың соңында қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыттары бойынша мерзімінен бұрын орындалды, енді «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясы қабылданып отыр», деді Қазақстан басшысы. «Біз əркез Оңтүстік-Шығыс Азия жолбарыстарынан үлгі алып келдік, – деп атап өтті Н.Назарбаев. – Оңтүстік Кореяда егемен дамудың алғашқы 20 жылында жан басына шаққандағы ІЖӨ – 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, ал бізде 17 есе өсті». Мемлекет басшысының пікірінше, елдің табысты əлеуметтікэкономикалық дамуында бірден шағын жəне орта бизнестің дамуына даңғыл жол ашылуы айтарлықтай маңызды рөл атқарды. ...Тағы бір шешуші сəт – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы. Бүкілəлемдік банктің бағалауынша, Қазақстан шетел инвестициялары үшін аса тартымды елдер тобына кіреді, өйткені, табыс деңгейі орташадан жоғары мемлекеттер санатына жатады. Мұндай аса сенімді табыс Қазақстан Президенті нұсқаған формулалардың арқасында мүмкін болды: мұнда «Алдымен – экономика, содан кейін саясат» ұстанымы шешуші рөл атқарды деп санайды шетелдік бақылаушылар. Дұрыс басымдық берілген бағыттар бұрынғы кеңестік республикаға өзінің ТМД-дағы əріптестерін басып озып, əлемдегі жетекші орындардың бірін иеленуіне мүмкіндік туғызды.
Латын əліпбиіне кґшеді Қазақстан 2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көше алады, деп мəлімдеді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халыққа Жолдауын жария етуі кезінде. «Біз əрі қарай да мемлекеттік тілді дамыту бойынша шаралар кешенін дəйектілікпен жүзеге асыратын боламыз. Қазірден бастап қазақ əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі дайындық жұмыстарын бастау қажет», деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президентінің сөзіне қарағанда, бұл қазақ тілін дамытуға ғана емес, сондай-ақ, оны заманауи ақпарат тіліне айналдыруға қызмет ететін болады. Халыққа Жолдауын жариялауы барысында Н.Назарбаев, сонымен қатар, орыс тіліне де құнттылықпен қарауға шақырды. Өйткені, орыс тілін меңгеру тарихи тұрғыдан да басымдық болып табылады.
Жалєан діндарлыќ мемлекет негізіне ќатер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизммен жəне терроризммен күрес бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындау жөнінде тапсырма берді. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында діни экстремизм қатері ерекше алаңдаушылық туғызатынын атап көрсетті. «Бізге Жаратқанның шынайы сенімінің басқыншы жəне бүлдіруші фанатизммен алмасқанына жол беруге болмайды», деп атап көрсетті Президент. «Соқыр фанатизм біздің бейбітшілік сүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлдем жат. Ол Қазақстандағы дінге сенетіндер ұстанатын ханафиттік мазһабқа қайшы келеді», деді Н.Назарбаев. Президенттің пікірінше, экстремизм мен терроризм Қазақстанда идеялық емес, қылмыстық негізге ие. Н.Назарбаев, сондай-ақ, дəстүрлі емес секталар мен күмəнді діни ағымдардың қызметінің жолын қатаң кесу туралы міндет қойды. Бұл арада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездері беретін үнқатысу алаңы базасында діни негіздегі жанжалдарды шешу үшін жаңа тұғырнама дайындау маңызды. Осы арқылы қоғамдағы, əсіресе, жастар арасындағы діни экстремизм профилактикасын күшейтуге болады. «Сонымен бір мезгілде, мен ұлтты сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес мыстандардың соңына түсуге айналып, дінмен күреске өршіп кетпеуі тиіс», деп атап өтті Н.Назарбаев. Оның сөзіне қарағанда, дін мəселелерінде аса ойлылық пен сақтық қажет. «Мемлекет діни қауымдардың ішкі ісіне араласпауы керек. Біз ар-намыс еркіндігі, толеранттылық, діни төзімділік дəстүрлерін ұстануға тиістіміз», деді қорытындысында Мемлекет басшысы.
Ќазаќстан бастамаларын толыќтай ќолдаймын Ли Бен ХВА,
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Төтенше жəне өкілетті елшісі.
Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен экономиканың озық қарқыны бойынша жақындасу ұстанымы Корея Республикасы сыртқы саясатының басымдықтарына толықтай сəйкес келеді. Өйткені, бұл екі елдің арасындағы қарымқатынастарды қазіргіден де күшейте түсуге мүмкіндік береді. Бұл арада Корея тарапының Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасын дамыту үшін əрі қарай да күш-жігер жұмсайтыны ешқандай күмəн туғызбайды. Мен, сондай-ақ, билікті орталықсыздандыру мен жемқорлықпен күрес идеялары Қазақстанның болашақ жаңғыртылуында басты рөл атқаруы тиіс деген ұстаныммен толықтай келісемін. Мен Қазақстанға шын көңілден əрі қарай да өсіп-өркендеу тілеймін!
Əлібек АСҚАРОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы ел дамуының қиын-қыстау кезінде қабылданғанын бəріміз білеміз. Ол заманда күн астындағы мынау жарық əлем де басқаша еді ғой... Тіпті көзқарасымыздың көкжиегі де, түсінік-пайымымыз да бүгінгіден өзгешелеу болғаны естеріңізде шығар? Қазақ «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп тегін айтпаса керек. Елуіңіз не, мінеки, он бес жылда адам сенбестей өзгеріске түстік, еліміз жаңарды, санамыз
жаңғырды, əлемді таныдық, əлем бізді таныды. Сол өзгерістің бəріне өзіміз куəміз. Сыртқы саясатта мемлекет мүддесін қорғайтын қыруар іс тындырылды. Ұлттық қауіпсіздігіміздің тиімді жүйесі құрылды. Ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлігіміз нығайды. Экономика тұрақты əрі жедел дамыды. Соңғы 15 жылда отандық экономика қуаты 16 есеге өсіпті. Осы жылдар ішінде республикамызға 160 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылған. Алтын-валюта қорымыз қазір 86 млрд. долларды құрайды. Денсаулық сақтау, білім беру халықтың əл-ауқатын арттыру салаларында да зор табыстарға қол жеткіздік. Халықтың нақты табысы 16 есеге өскен, жалақы мен зейнетақының орташа мөлшері анағұрлым артқан. Аналар өлімі азайған, бала туу көбейген. Осы жылдар ішінде 1000-ға жуық жаңа мектеп пен ең жаңа заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған 800-дей денсаулық сақтау нысандары бой көтеріпті. Қысқасы, «Қазақстан-2030» Стратегиясы
негізгі параметрлері бойынша мерзімінен бұрын орындалған. Яғни, мемлекет дамуының бүгінгі күн талабына лайық жаңа Стратегия қабылдауды уақыттың өзі туындатып отыр. Елбасы соны көрегендікпен танып, 2050 жылға дейінгі дамуымыздың жаңа тұрпатты Стратегиясын ұсынуда. Қазақстанның кемел келешегі жолындағы атқарар бұл бағдарламаның ауқымы орасан, міндеттері зор, межесі тиянақты. Асыра айтқандық емес, біз шын мəнінде туған еліміз бен халқымыздың өміріне қатысты тағы бір тарихи да тағдыршешті құжаттың куəсі болып отырмыз. Мемлекет дамуының кезекті бетбұрысты белесіне шыққанымызды айқын сезінудеміз. Бұл кесек міндеттерден елім деген азаматтардың əрбірі өзіне керектісін алады. Мені, əсіресе, Елбасының интеллигенцияға үлкен үміт артуы толғандырды. Зиялы ағайынды заман көшінің соңында қалмай, белсенді, құлшынысты болуға, бүгінгі шапшаң уақыттың талабына сай болуға шақырды. Ал
шығармашыл интеллигенцияға жастар үлгі алып, бой түзейтіндей өз заманының жаңа қаһармандарын жасауға үндеді. Бəрінен бұрын, Елбасымыз мемлекетіміздің ұлт құраушысы ретінде қазақ халқына абыздық сөз айтып, үкілі үміт, үлкен жауапкершілік артып отыр. Бұған қуанышымызды жасыра алмаймыз, өйткені, осының бəрі сайып келгенде, қазақ үшін, ұрпағымыз үшін, халқымыздың ертеңі үшін жасалып жатқан игіліктер. Тіл мен дінге, отаншылдық тəрбие мен жаңа қазақстандық патриотизмге байланысты айтылған аталы сөздер – біздің де жүрегіміздегі сөздер. «Қазақтың идеясы», «Қазақтың арманы», «XXI ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры» деген ұғымдар көкірегінің көзі бар ағайынды асқақ ойларға жетелейді. Бұлар барша қазақстандықтарды, əсіресе, қазақ халқын бірлікке бастайтын тағылымы мол бастамалар. Президент Жолдауы жастар аудиториясына да арналған. Өйткені, елдің келешегі, елдің ертеңгі тағдыры солардың қолында.
Талап биік, міндет зор Константин ЦХАЙ,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің проректоры.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тың сара саясатының нақты іспен бекемденіп келе жатқаны айна-қатесіз шындық екенін əлем мойындады. Бұдан он бес жыл бұрын Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2030» Стратегиясын жұртшылыққа жария еткен болатын. Сол кезде жұрттың барлығы осы стратегиялық басымдықтардың жүзеге асатынына имандай сенді десек, шындықтан алшақ кетер едік. Алайда, өмір Елбасының сөзі мен ісінде ешқандай алшақтық болмайтынын тағы бір дəлелдеді. Қазір Қазақстан төрткүл əлемге танымал, еліміздің халықаралық беделін жалпақ жұрт мойындады. Оған нақты дəлел Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға, Шанхай ынтымақтастық, Ислам Ынтымақтастығы ұйымдарына төрағалық етуі екені сөзсіз. Елімізге бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші болып ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудің сеніп тапсырылуы да көп нəрседен хабардар етеді. Біздің еліміз əлемдік жəне дəстүрлі
діндердің қатарынан төрт съезінің өтуін ұйымдастыра отырып, əлемдік кон фессияаралық мəселелерді талқылаудың ғалам дық алаңына айналды. Елбасының «Алдымен экономика, содан кейін саясат» ұранын басшылыққа ұстаған еліміз тəуелсіздік жылдары адам айтқысыз табыстарға жетті. Он бес жылда ішкі жалпы өнім өсімі қарқыны бойынша, оның ішінде, əр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім есебінен əлемнің экономикалық дамыған елдерінің қатарына еркін енді. Осы кезеңде елімізде орташа еңбекақы мен зейнетақы мөлшері он есе өскен. Біздің еліміз əлемдегі ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық келісім қалыптасқан азғана елдің қатарында. Нұрсұлтан Əбішұлының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзін толығымен ақтады. Еліміздің «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген бағыттар бойынша ойдағыдай жүріп келе жатқаны бүкпесіз шындық. Бір қарағанда, қол жеткен табыстарды көңілге медеу етуге де болар еді. Алайда, Президент еліміздің алдына ұзақ мерзімді міндеттерді неге қою керектігін нақты негіздеді. Бұл міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қа лыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты
Кемел келешектіѕ кілті Жандос БАЗАРТАЙ,
Қызылорда облысының жастар саясаты мəселелері басқармасының бастығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын аса үлкен ыждағаттылықпен оқып шықтық. Бұл жылдағыдан өзгеше Жолдау. Себебі, аталған құжат біздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиямыздың бағдаршамы болмақ. Биылғы Жолдауда Елбасының жастарға үлкен жауапкершілік артып отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының өзі жастар үшін қабылданып жатыр. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Ал болашақтың қалыбы бүгіннен басталады. Елбасы осы бастан жастардың келешекте жүрер бағытын анықтап берді. Адастырмайтын жолын нұсқап көрсетіп отыр. Жолдауда жастардың дін жолын қалай ұстану керектігі де айтылды. Бүгінде беті-аузын тұмшалап, көздері ғана жылтырап жүретін замандастарымыз жетерлік. Бұл жайында Елбасы: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дəстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та əлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дəстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дəстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дəстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дəстүрлері мен мəдени нормаларына сəйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін-өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз», деді. Сонымен қатар, «мен жастарға ХХІ ғасырға, тіпті одан əрі ХХІІ ғасырға қарай жол сілтеп отырмын. Ал қазіргі түрімізбен орта ғасырға тап боламыз», дегенді қосып айтты. Президент үлкен көрегенділікпен көш бастап келеді. Ендігі біздің міндет осы жолдан айнымау. Көрсетілген бағытпен жүру. Солайша, кемел келешекке, баянды болашаққа қол жеткізу. Сөз соңын Елбасының «Кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тəуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тəуелсіз елде туып, тəуелсіз елде тəрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деген аталы нақылымен түйіндегім келеді. ҚЫЗЫЛОРДА.
Қазақстан халқына Жолдауында нақты тұжырымдалған. Бұл бағдарламалық құжат терең ойластырылғандығымен, міндеттердің нақты қойылуымен, біздің еліміздің жан-жақты даму бағыттарының айқындылығымен жəне оларды жүзеге асыру жолдарының нақтылығымен ерекшеленеді. Өзімнің кəсіби жəне қоғамдық жұмысымның табиғатына қарай мен Жолдаудың «Білім жəне кəсіби біліктіліктер» жəне «Жаңа қазақстандық патриотизм» тарауларына айрықша тоқталуды жөн көрдім. Жоғары оқу орнының алдына қазір тек білім берумен шектеліп қалмау міндеті қойылып отыр. Бүгінгі таңдағы оқу бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар ең алдымен оқушыларға теориялық білім беруге бағытталған. Көптеген жоғары оқу орындарында қолданбалы жəне ғылыми-зерттеу бөлімдері жоқ, соған байланысты білім мен кəсіби біліктілік арасындағы қазір қалыптасқан алшақтық жойылмай келеді. ЖОО түлектерін осы заманғы жоғары технология жағдайында жұмыс істей алатындай етіп даярлау керек. Бұл үшін Елбасы атап көрсеткеніндей, инженерлік білім мен осы заманғы техникалық мамандықтарды жан-жақты дамыту қажет. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Əбішұлы кімде-кімге қалыпты білім алу қиындық келтірсе, он-лайн режіміндегі білім беруді белсенді енгізу қажеттігін алға тартып отыр. Жолдауда «Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу
Елбасымыз жар құлағы жастыққа тимей осы жылдар ішінде дүркіретіп Қазақстанның атын шығарып, əлемге танытып жатса, сайып келгенде, соның бəрі ұрпақ үшін. Жастарымыз Қазақстанды əрдайым мақтан етсін, туған халқы үшін ұялмасын, еңсесі биік, кеудесі тік, өзгелермен тең жүрсін деген ниет. Бəріміз куəміз, жазғы Лондон Олимпиадасында еліміздің бағы жарқырай жанғанда қалай шаттанып едік! Президент сөзімен айтсақ, қазақстандықтардың баршасы «патриотизмнің ұлы күшін танытты». Ал, күні кешегі ЭКСПО-2017 көрмесін жеңіп алған сəтте тағы да бəріміз бөркімізді аспанға аттық емес пе?! Елдің мəртебесі, мемлекеттің мерейі деген осы! Жаңа патриотизм жалаң сөзден емес, осындай нақты іс-əрекеттен қалыптасады. Елбасының Жолдауы осы мəселені тарата отырып, Үкіметке əлемдік озық тəжірибе негізінде бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын əзірлеуді тапсырды. Барлығымыздың көкейімізден шығатын ой мен мақсат осы арнада тоғысып жатқаны шығар күндей шындық. АСТАНА.
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деп атап өте келе, Нұрсұлтан Əбішұлы білім беру саласындағы төрт негізгі басымдықты тарқата баяндайды. Елбасы өз Жолдауында қазақстандық патриотизм түсінігін де тереңдете түскен. Патриотизм дегеніміз, қазір тек өз елің үшін мақтаныш сезімі ғана емес. Азаматтар өз елін сүюі үшін жəне онымен мақтануы үшін ол өзінің болашағына нық сенімді болуы керек, нəсілдік теңдікті сезінуі керек, құқығы жəне міндеті бойынша барлық азаматтардың бірдей екендігін түсінуі қажет. Нұрсұлтан Əбішұлы мұның мемлекеттің негізгі қызметтерінің бірі екенін атап көрсетті. Сонда ғана елімізде бейбітшілік пен келісім одан əрі салтанат құратынын қадап айтты. Елбасының еліміздегі тіл саясаты туралы ойлары да менің жаныма жақынырақ. Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын топтастырудың басты факторы болуы тиіс. Жолдауда алға қойылған міндеттердің түсініктілігі, негізділігі Қазақстан халқының Елбасымен бірге осы құжатты гүлденген, қуатты жəне толерантты мемлекет құрудың ұлттық идеясы ретінде қабылдай отырып, белгіленген міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға жұмылатынына сенімім мол. АҚТӨБЕ.
5
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
СЕРПІНДІЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ќўжат халыќтыѕ ќызу ќолдауына ие болып отыр Өз билігі өз қолына тиген елдің ертеңі, оның жарқын да кемел болашағы айқын. Ол бірегей ұлдарының ғана табанды еңбегінің арқасында ырыс пен кенішке бөленіп, мəртебеміз биіктей беретіні белгілі. Солай екен-ау, Тəуелсіздігіміздің жиырма жыл бедерінде еліміздің ырысына айналған кемеңгер Елбасының əр жылғы Жолдауларын зор ықыласпен қабылдап, қуанып қалатынымыз анық. Ал күні кешегі Тəуелсіздік күні қарсаңындағы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының жөні бөлек, мазмұны терең, бағдары айқын, стратегиялық маңызы ерекше құжат болды. Өйткені, Елбасының өзі айтқандай, мықты мемлекет... жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен жəне экономикалық өсуімен ерекшеленетінін ескерсек, бұл Жолдаудың мəн-маңызы, берері арта түседі. Оның үстіне Елбасы Жолдауында жаңа саяси бағыттарға орын беріп, жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы Қазақстанның жаңа келбетін жасады. Қуатты да табысты мемлекеттің қай жағынан алғанда да өресі биік, мəртебесі үстем болатындығын айғақтады.
Жґні бґлек Жолдау Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ,
М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жолдаудың алуан ауқымды ба ғыттары еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруға талайлы міндет-мақсаттарды қойды. Солардың бірі – əлеуеті іргелі елді қалау. Бұл тарапта əуелі нарықтық экономикада серпіліс туғызу арқылы əлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалап, қоғамдық сананы қайта өзгертудің үлгісі жасалды. Осынау үлгі-жолдың бағдар-аясы «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленгенді. Ішкі жалпы өнімнің көлемі жағынан 2012 жылдың қорытындысы бойынша əлемнің елу елінің қатарына қосылуымыз экономикамыздың едəуір өскендігінің көрінісі. Халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшемге айналып, он бес жылдың ішінде-ақ қазақстандықтардың табысы 16 есеге, ал күнкөрісі төмен азаматтардың саны 7 есеге азайып, жұмыссыздық қысқарды. Осылайша əлеуметтік бағдарланған қоғамның іргесі қаланғанын көрудеміз. Елдің əлеуетін көтеруге барынша көңіл бөлініп, үдемелі индустрияландыру бағдарламасы қабылданды. Жаңа инвестициялық жобалар іске асырылып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Бүгінде біздің табысымыз орташа деңгейдегі əрі серпінді дамитын экономикасы бар елдердің қатарындамыз. Əлеуетімізді көтеру Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру арқылы жүзеге асады. Елбасы 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісін ұсынды. Сөйтіп, жаңа əлеуметтік-мемлекеттік үлгіні қалыптастырмақ ниетін жария етті. Елбасы Жолдауындағы тағы бір маңызды көтерілген тақырып, ол – білім мəселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру, əлемдік деңгейдегі мектептер мен кəсіптік-техникалық колледждер желісін одан əрі дамыту, жоғары білім алуға берілетін гранттардың санын 182 пайызға ұлғайтып, оқыған талантты жастардың қатарын көбейту болды. Біздің сауаттылығы жоғары елге айналуымыздың кепілі – жастарымыздың озық əрі заманауи білім үлгілерін
Маќсат айќын, тапсырма аныќ
меңгеріп, бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуымыз міндеті тұр. Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куəліктер беру арқылы инженерлік білім беруді жəне заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды. Оқытудың жаңа əдістемелік жүйелерін жаңғыртып, өңірлік мектеп орталықтарын құрып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамытудың керектігі айтылды. Мəселен, қашықтықтан оқытуды жəне онлайн режімінде оқытуды дұрыс жолға қойып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық əдістерді, шешімдерді, құралдарды қарқынды енгізу тиістігіне маңыз берді. Елбасы осы орайда жастарға жаңа саяси жəне экономикалық бағытты ұсынуыменен жақсы білім алып, лайықты болашақтарын сайлап, сенім артатындығын айтты. Сонымен қоса жастардың терең білімі мен кəсіби қабілет-қарымының өсуіне жағдай жасай беретіндігіне сендірді. Жоғары оқу орындарындағы білім беруде қолданбалы жəне ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерді құрып, оны дамытудың қажеттігі ұсынылды. Мемлекетіміздің көпұлттылығы мен көпконфес сиялылығы қашан нан-ақ жолға қойылған мəселе. Жаңа қазақстандық патриотизмнің негізі – ол көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамның өзі болмақ. Осы бағыттағы қарапайым да түсінікті мақсатымыз – қоғамдық келісімді сақтап, нығайту; бұл біздің өмір сүруіміздің айнымас шартындай болуы тиіс. Барлық азаматтардың тең құқылығы мен олардың Отан намысы алдындағы жауапкершілігі қазақстандық патриотизмнің іргетасы болып табылады. Сонымен бірге, этностық əркелкіліктерді біріктіруде жаңа қазақстандық патриотизмнің орны бөлек, өйткені өзіміздің көпұлтты қоғам екендігімізді ұмытпағанымыз лəзім. Жəне де бір этностан екінші этностың артық тұрып, тең емес жағдайда болмай, керісінше барлығының құқықтары мен міндеттері бірдейлілігі ескеріледі. Президент сөзімен айтсақ, «Біз тең мүмкіндіктер қоғамын» құрып келеміз. Еліміздің жаңа саяси бағытында атқарылатын істерге сеніміміз кəміл. Жолдаудағы барлық мəселенің шешімін тауып, орындалатынына үмітіміз де мол. Осынау Жолдаудағы əрбір салаға біз маңыз беріп, сол жолда барлығымыздың да табанды еңбектеніп, тек тұрмайтындығымызға сендіргіміз келеді. ШЫМКЕНТ.
«Егемен Қазақстан».
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес, Алматы облысында актив жиыны болып өтті. Онда облыс əкімі Аңсар Мұсаханов баяндама жасап, «Мұндағы мақсат мемлекетіміздің стратегиялық даму жолы 2050 жылға дейін айқындалған осы маңызды саяси құжатта көрсетілген межеден туындайтын, облыстық атқарушы органдар алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру жолдарын нақтылау болып табылады. Республика бойынша өндірілетін жүгерінің – 71, майбұршақтың – 99, көкөністің – 25, жемістің – 35, еттің – 18, оның ішінде құс етінің 60 пайызы Алматы облысында өндіріледі», деп жетісулықтардың мол мүмкіндіктерін салалай келе, Елбасы Жолдауында жүктелген жұмыстарды орынбасарларына, басқармалар бастықтарына жəне құзырлы органдар жетекшілеріне тəптіштей түсіндірді. Алдағы уақытта атқаратын міндеттерін нақтылап, нық тапсырмалар берді. Келесі кезекте алдыңғы толқын мен жастар жəне бизнесмендер Елбасы Жолдауына орай өз лебіздерін білдірді. Алматы облысы.
Əлия РАҚЫШЕВА,
Назарбаев Университетіндегі «Нұр Отан» ХДП «Қолғанат» бастауыш партия ұйымының төрайымы.
Бұл Жолдауда əлеуметті толғандыратын көп теген мəселелер қарастырылса, ол халық тың қолдауына ие болып отыр. Біздің Отанымыздың тəуелсіздік алған кезеңінен бастап небəрі 21 жыл өтті. Басқа мемлекеттермен салыстырсақ, біз өте жас, келешекке үмітпен қараймыз. Бірақ, осыған қарамастан, осы аз ғана жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. Отанымыздың жастары – осы тəуелсіздікің замандастары, бірге өсіп, бірге дамып, бойына күш қосып, ойына ақыл тоқып жатыр. Осы орайда, Президентіміз өз Жолдауында жастарға зор сенім артып отыр, Елбасы əрі ұстаз ретінде мемлекетімізді алға жетелейтін не гіз гі бағдарларын белгілеп, осыған əкелетін нақты қадамдарды ұсынды. Жастардың мүдделерін қорғайтын көптеген іс шаралар ескерілген, жаһандық өзгерістерге сай болатындай барлық жағдайлар жоспарлануда. Осы Жолдауда айтылғандай, Қазақстан азаматтарының орташа жасы – 35. Бұл – жоғары білімі, мол тəжірибесі бар білікті маманның сипаты. Ертеде атам қазақ айтқандай, «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі», осылай қазіргі таңда жұмыс істеймін, əлеуметке пайда əкелемін деген адамға мемлекет тарапынан барлық мүмкіншіліктер жасалуда. Мысалы, Президентіміздің «Əлеуметтік жаңғыртылу: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған
соң Кəсіподақтар жəне еңбектің реттелуі туралы заң əзірлене бастады. Бұл заңның негізгі мақсаты – еңбек қатынастарын жаңа жетілдірілген деңгейге алып шығу, барлық еңбектеніп жатқан азаматтарымыздың мүдделерін қорғау. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында «Нұр Отан» партиясының мүшелері оның негізгі қағидаларына сүйене отырып, Елбасы нұсқаған бағыттарға зор ықыласпен көз тікті. Келешекте мемлекетімізде кəсіпкерлік одақтардың рөлі күшейіп, кəсіби мамандарды даярлау, қайта даярлау жоғары деңгейге көтеріледі. Осы бағытты ұстанып келе жатқандар қатарында «Қолғанат» бастауыш партия ұйымының мүшелері де бар. Статистика агенттігінің мəліметтеріне жүгінсек, жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 7,3%-ды құраса, бұл көрсеткіш 2012 жылы 5,2%-ға дейін төмендеді. Бұл оптимистік динамика, əсіресе, жастардың жүректерінде ерекше сенім ұялатады. Жастар – мемлекетті алға сүйрейтін күштің қайнар бұлағы. Осыған сəйкес Елбасымыз өзінің Жолдауында жастарға ерекше орын беріп отыр. Мемлекетіміздің жас азаматтарына білім жағынан да, жұмыспен қамтамасыз ету жағынан да түгелдей жағдай жасалуда. Осыған қоса, Жолдауда отбасылық тəрбиеге, балалардың Отанымыздың патриоттары болып өсулеріне баса назар аударылған. Қорыта айтқанда, Президентіміздің зор үмітін ақтап, мемлекетіміздің мақтан тұтатын азаматтары болуға ұмтылатын боламыз.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
Ел дамуындағы стратегиялық маңызды өңірдің бірі – Атырау. Бұл өңірдің серпінді, екпінді дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдауын білдіріп келеді. Мұнайлы Атыраудың əр саласында ырғақты даму үрдісі бар. Енді Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан кейін жаңаша қарқынмен дами ала ма? Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолдары нақтыланып, Қазақстанды жəне əлемді толғандырып отырған он сын-қатерге қалай төтеп беруге болады? Осы мəселелерді терең саралаған
облыс активінде өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов: «Көрсетілген сын-қатерлер елімізге ғана емес, Атырау облысына да, кез келген ауданға, ауылдарға да ортақ. Сондықтан, еліміздің, облысымыздың дамуы осы сын-қатерлерден келер зардаптардың алдын алуға байланысты», – деп атап өтті. Cонымен бірге, стратегиялық құжаттың бірінші бағыты негізінде бюджет қаржысының тиімді, əрі ұзақ мерзімге бағытталып, мақсатты жұмсалуы қажеттігіне тоқталды. Елбасы Жолдауының əр сала ны өркендетудегі маңызына тоқталған №2 қалалық емхананың бас дəрігері Аманбек Жұмыровтың пікірінше, дəрігерлер халықты сапалы медициналық қызметпен қамтуды жалғастыра
Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Көкшетауда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Жолдауын талқылауға ар нал ған облыс активінің жиналысы болып өтті. Өзінің кіріспе сөзінде Ақмола облысының əкімі Қайрат Қожамжаров бүкіл қазақстандықтар сияқты, ақмолалықтар да Мемлекет бас шы сының 2050 жылға дейінгі стратегиялық міндеттер мен еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатындағы басым бағыттарды айқындаған бағдарламалық құжатын зор өрлеу үстінде қабылдағанын атап көрсетті. Жасампаз істерге құлшындырар уақыттың жаңа өлшемі басталды. Жиналғандар алдында облыс əкімінің орынбасары Дəурен Əділбеков ақпараттық баяндама жасады.
Шешен дəуіріміздің тарихи құжатында алдағы қырық жылға жуық мерзімнің əр кезеңіне нақты əрі жанжақты талдау жасалғанына тоқталды. Əлеуметтікэкономикалық іргетасы берік еліміз халықаралық қоғамдастықты қайран қалдырар қадамдар жасауда. Оның жарқын мысалы күні кеше ЭКСПО-2017 бүкілəлемдік көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымыз болып табылады. Ұзақ мерзімді бағдарлама жасауымыздың сенімді тіректерін дəлелдейтін басқа да мысалдар көп. Елбасы Жолдауында республикадағы негізгі ұстаным халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталатынына екпін түсірілді. Сондай-ақ, əлеуметтік прогрестің экономикалық өрлеусіз алға жылжымайтындығы да еске салынды. Біз экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшуді бастадық. Оған тұздық болар табыстарымыз бар, күн тəртібімен сəйкес келетін интеллектуалдық база құрылды. Біздің облысымыз
Давид ЭЗАУ,
Алматыдағы ҚХА қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары, неміс этномəдени бірлестігінің төрағасы, Жаңа технологиялар колледжінің директоры.
2050 жылға қарай өндірістік активтерді барынша жаңғырту, қатаң бəсекеге төтеп беретін əрі экспортқа бағытталған салаларды қуаттандыру міндетін қойып отыр. Шикізаттық емес сектор ауқымын кеңіту, ауыл шаруашылығын əртараптандыру жолындағы мақсатты жұмыстар тиісті қайтарымын беруде. Сонымен бірге, алдымызда аса жауапты міндеттер тұр. Кеден одағының шарттары, алдағы Бүкілəлемдік сауда ұйымына енуіміз түбегейлі сапалық өзгерістерді талап етеді. Облыс əкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков, облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының бастығы Əлия Қожабаева, Степногор қаласының əкімі Мұратбек Тақамбаев, Еңбекшілдер ауданындағы «Еңбек-Береке» ЖШС директоры Асқар Киіков, облыстық əмбебап-ғылыми кітахана директоры Арман Бердалин, Көкшетау қаласындағы №4 мектеп директоры Галина Шеварева жаңа Жолдаудың жігер тасқындатар қуаты мен жауапкершілігі жөнінде нақты пікірлерін ортаға салды. Ақмола облысы.
АЛМАТЫ.
АСТАНА.
бермек. Соңғы жылдары электронды қызмет көрсетудің тиімділігі байқала бастапты. Ал Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушысы Армангүл Асқарованың ойынша, арнайы мамандандырылған оқу орындарына əр түлегінің қайда, қандай ма мандықпен жұмыс жасайтынына мониторинг жүргізілуі тиіс. Бұл əр оқу орнының маман дайындаудағы рейтингісін анықтауда басты тетік бола алады. «Эталон» ЖШС директоры Асқар Саппаев: «Кəсіпкерлікті нөлден бастағандардың бірі менмін. Бүгінде менің кəсіпорнымда 45 адам жұмыс істейді. Біз ертеңімізге сенімдіміз жəне Жолдауда жүктелген міндеттерді орындауға
Уаќыттыѕ жаѕа ґлшемі
Ќўндылыќтар ќайта баєаланып отыр
Елбасымыз Нұр сұлтан Назар баев Қа зақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Оны əуелі радиодан тың дап, содан соң ғаламтор арқы лы танысып шықтым. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі қан дай? Осы уақытқа дейін ел «2030» Стратегиясының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен міндеттерін негізінен алғанда орындап шықты: олар – ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық жəне қоғамның топтасуы, экономикалық өсім, денсаулық сақтау, білім беру, Қазақстан азаматтарының əл-ауқатын көтеру. Сонымен бірге, елдің индустриялықинновациялық үдемелі дамуы үшін қуатты энергетикалық база жасалды. Біз бар əлем үшін танымал елге айналдық. Бүгінгі Жолдауда ел алдына, халық алдына бұдан да зор, ғаламат дерлік жаңа міндеттер тартылғанын сүйінішпен біліп отырмыз. Ол – Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың стратегиясы, басты бағытбағдары. Бүгінгі таңда құндылықтар қайта пайымдалып бағалануда. Өмір ағысы жеделдей түсуде. Сондықтан, əрбір қазақстандық өнімді жұмыс пен мəдени жəне кəсіби деңгейді арттыру үшін қолайлы жағдай туғызу ісіне барынша үлес қосуы тиіс. Біздің Президентіміз, ел басшылығы жаһандық дағдарыстың күрделі жағдайларында мемлекеттің экономикалық іргетасын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге, əлеуметтік салаға, білім мен мəдениетке бет бұруы қуанышты. Қарт адамдар мен балаларға деген қамқорлық əсте назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы достығымызды сақтауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына ерекше көңіл бөлуде. Мен Алматыдағы немістердің этномəдени бірлестігінің төрағасы ретінде бұл ұйымның жемісті жұмысын атап көрсетемін. Əсіресе, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің негізінде 2006 жылы құрылған «Шапағат» атты бірлестігіміздің жастар қанатының құлшынысы айтарлықтай. Мұндағы 15 ұлттың өкілі бас қосқан студенттер қауымы ғылыммен ықыластана шұғылдануда. Олар 50-ден астам өнертабыс ұсынды. Қолданыстағы стенділердің, макеттердің, аспаптардың авторлары. Колледж студенттері Елбасының Қазақстанды индустриялық тұрғыдан дамыған əлем мемлекеттерімен бір қатарда көруге деген құлшынысын қолдайды. Сөйтіп, белсенді өмірлік ұстанымдары мен жақсы оқу арқылы өз Отанының гүлденуіне септігін тигізбек. Колледждің ұстаздар қауымы мен студенттері Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын толығынан қолдап, болашақта оның жүзеге асуына өздерінің лайықты үлестерін қосатын болады.
Дамуымыздыѕ даѕєыл жолы «Егемен Қазақстан».
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
Ерекше серпіліс туєызды
белсенді атсалысамыз», – деді. Газетімізде «Еңбегімен еленген» айдарымен жарияланған мақаламыздың арқауы болған «Дастан» шаруа қожалығында төрт түліктің бəрі де, тамшылатып суару арқылы бақша, көкөніс дақылдары өсіріледі. Алайда, шаруа қожалығының жетекшісі Ақтұрлан Ермановтың айтуынша, дəл осы тамшылатып суаруға Үкімет тарапынан берілетін субсидия көлемі гектарына 24 мың теңгені құрайды екен. «Суарудың мұндай технологиясы гектарына 150 мың теңге жұмсауды қажет етеді. Шаруаларға шығынның жарты бөлігін жабуға көмектесу керек», деді шаруагер А.Ерманов. Атырау облысы.
6
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ
Қоғамдағы тұрақтылық – қазіргі замандағы ең қымбат та басты құндылық. Соңғы 15-20 жылда əлемдегі əртүрлі құбылыстар қоғам тұрақтылығына өте үлкен əсер етіп келе жатқаны белгілі. Тұрақтылығынан айырылған қоғамның ел-жұрты сеңдей соғылысып, ертеңге деген сенімінен үміт үзетіні түсінікті жəйт.
балама көздерін игеру жолдарын ілгерілететіні де сөзсіз. Сөйтіп, Астана энергетика саласында үздік идеялар мен тəжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нəтижелерін ұсынатын орталыққа айналып отыр. Ал, тұтастай алғанда, ЭКСПО көрмесін өткізу экономикалық алып мемлекеттер еншісіне тиесілі болуы тиіс. Демек,
Тўраќтылыќ тўєыры биік Төлеген ИБРАЕВ, Мəжіліс депутаты.
Қоғамдағы тұрақтылық жер қойнауындағы қазбалы байлыққа, халық санына немесе жер аумағы мен жағдайына байланысты емес. Қоғамдағы тұрақтылықтың елдің салиқалы саясатын қалыптастырып, оны іске асырып отырған мемлекет басшысына тікелей қатысы бар. Қоғам тұрақтылығының негізінде мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатымен көрші елдердің санасуы, белгілі бір елдің дүниежүзілік ұйымдардың ісіне белсене араласуы, өз пікірі мен бастамаларын халықаралық деңгейде жүзеге асыра білуі жатады. Біз жиырма жылда жеткен осындай жетістікке жүздеген жыл тарихы бар мемлекеттердің өзі əлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр. Шүкіршілік, тəуелсіз еліміз аса маңызды халықаралық ұйымдардың жұмыстарын өте жоғары жауапкершілікпен ұйымдастырып, əлемге аттары мəлім, тəжірибесі мол сарапшылардың лайықты бағасын алды. Осының бəрі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының негізінде қоғамда қалыптасып отырған тұрақтылықтың жемісі. Күні кеше Париж қаласында ЭКСПО көрмесінің 2017 жылы Астанада өткізілуі туралы шешім қабылдануы да еліміздің мерейін асқақтатты. Бұл Елбасымыздың
абыройы мен беделін дүниежүзіне белгілі қауымдастықтың құптауы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Жер шарының алтыдан бір бөлігін жалпағынан басқан алпауыт, қабағына дүниенің тең жартысы қараған Кеңес өкіметінің еншісіне бұйырмаған жетістік бүгін іргелі ел болған Қазақстанға сеніп тапсырылғанына қалай қуанбаймыз. Бұл, ең алдымен, Елбасын қолдаған қазақстандықтардың ауызбірлігінің, ел кəсіпкерлерлерінің ынтымағының, ел басқарып отырған азаматтардың табандылығының жеңісі! 150 жылдық тарихы бар халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу біздің мемлекетіміздің жоғары мəртебесі мен беделінің əлемдік қоғамдастыққа танылуына жəне Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуына ықпал ететін болады. Осындай ауқымды іс-шаралар өткізу шағын жəне орта кəсіпкерліктің күрт дамуына елеулі серпін берері сөзсіз. Көрме Астанамыздың одан əрі көркейіп, сəніне сəн, салтанатына салтанат қосатыны күмəнсіз. «Болашақ энергиясы» деген көрме тақырыбы – əлемдік қоғамдастықтың көкейкесті, көптен бері толғандырған қазіргі заманның ең өзекті де маңызды мəселесі. Көрме ертеңгі күннің, болашақ ұрпақ пайдаланатын немесе іске асыратын энергетиканың
Талбесік
Трансшекаралыќ ґзендер жайы талќыланды
еліміз осы қатарға қосылып отыр деген пайым жасауға негіз бар. Осындай өте маңызды, аса жауапты шараны еліміздің абыроймен атқаруын тілеп, өз тарапымнан бірер тілегімді жұмыс тобының назарына ұсынбақшымын. Біріншіден, Елбасы атап өткендей, ұялы телефон байланысын, электронды құжат саласын, интернетті дайындау қажет. Дүниенің төрт бұрышын шарлаған, көргені көп, байланыс құралдарының мəн-жайын, мүмкіншілігі мен артықшылығын бесіктен белі шықпай жатып білетін шетелдік мамандар мен қонақтардың көңілінен шыға білейік. Екіншіден, бүгіннен бастап Астанамызды əдемілігі көз жауын алардай таза қонақүйімен, қонақжай тұрғындарымен, дəмді де тəтті тағамы мол асхана, мейрамханаларымен, құлақ құрышын қандыратын əн-күйімен, ізетті де ілтипатты қызметімізбен қамтамасыз етіп, қонақтардың есінде қалатындай деңгейде дайындауға күш салайық. Үш ай бойы 5 миллионға жуық қонақ Қазақ елінің табиғатына таңғалып, мəдениеті мен өнеріне таңдай қағып, қызметімізге риза болатындай қалып танытайық, олар бізбен қимас достарындай қоштасып, тағы бір келуге құлшыныс білдіретін болсын. Міне, барлығымыз осы жолда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық, ағайын.
Талқылау тағылымы
Азыќ-тїлік ґнімдерініѕ баєасы ґсуіне ќаржы рыногыныѕ дамымай отыруы да себепкер Мəжілістің Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мəселесі талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Өңірлерде болған кездесулерде тұрғындар негізгі азықтүлік өнімдері бағасының үнемі өсе беретініне үлкен алаңдаушылық білдіреді. Азық-түлік қауіпсіздігі, өнімдердің сапасы мен қолжетімділігі ел тұрғындарының денсаулығы мен əл-ауқатының жақсаруына тікелей əсер ететіні анық. Ол мəселе дер кезінде шешімін таппаса, қоғамда əлеуметтік шиеленіс туғызуы мүмкін. Мəжіліс депутаты, Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің мүшесі Уəлихан Бишімбаев өз сөзінде азық-түлік өнімдері бағасының өсімі туралы, оның ішінде нан-тоқаш өнімдері, ет жəне сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс саласындағы жағдайға талдау жасады. Ол баға өсімінің негізгі себептері ретінде бағаны реттейтін мемлекеттік институттардың əлсіз екенін жəне қаржы нарығының дамымай отырғандығын, тауар көлемімен салыстырғанда, табыстың шектен тыс өсуін, саудада қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінің дамымай келе жатқанын, сондай-ақ өндіріс көлемінің қысқаруын, импорттың ұлғаюын жəне өндірістегі тағам өнімдерін негізсіз ұстап тұрудың өсе түсуін атады. Бұған ұлттық есеп жүргізудің жетілдірілмеуінен туындайтын көлеңкелі экономиканың келеңсіз зардабын, сондай-ақ сауда нүктелерінде касса аппараттары-
ның болмауын, табыстар есебінің, өз-өзін қамтып отырған тұрғындардың зейнетақы аударымдарының жəне жеке адамдардың табыстары мен шығыстарын жалпылама мағлұмдауының болмауын қосуға болады. Азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау жəне негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ел Үкіметі бірқатар шаралар қабылдады. Соның ішінде Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жəне пайдалану қағидалары бекітілді жəне осы қорларды басқару жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды. Бағаға салыстырмалы талдау жүргізу жəне əлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы бағасының шектік деңгейден асып кетпеуіне бақылауды жүзеге асыру туралы жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді. Осы орайда У.Бишімбаев бағаның елеулі түрде жəне жедел қарқынмен өсуіне қатысты мəселелер өзекті күйінде қалып отырғанын атап өтті. Біріншіден, тағам өнімдеріне сұраныстың тиімді болжамы мен ұсыныстар жəне өңірлерге азықтүлікті жеткізу мен алып кетудің мониторингі болмай тұр. Екіншіден, аграрлық салада өндіріс қуаттылығын тиімсіз орналастыру орын алған жəне заманауи логистикалық құрылымдардың болмауы байқалуда.
Мерей
Заѕнама бойынша жўмыс тобыныѕ отырысы Парламент Мəжілісінің Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сəйкестендіру мəселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы» деген заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.
Отырысты аталған комитет төрағасы Александр Милютин алғысөзбен бастап, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Толыбаев көтеріліп отырған мəселеге қатысты баяндама жасады. Палатаның Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Елена Тарасенко, «Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры Рысты Құттығұлова жарыссөзге шығып, ой-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлады Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі.
БЭК мəселелеріне арналды Қазақстандық парламентшілер «Біртұтас экономикалық кеңістік: проблемалар жəне оларды шешу жолдары, даму келешегі жəне құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Мəскеуде өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің бастамасымен өткен шарада Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызметі, Кеден одағы өнімдерінің əлемдік нарықтардағы бəсекеге қабілеттілігін арттыру, Кеден одағын кеңейту, интеграцияның парламенттік өлшемі мəселелеріне назар аударылды. «Дөңгелек үстел» отырысы барысында Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков баяндама жасады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Əріптестік əлеуеті
Парламентшілер кездесуі
Мəскеуде «Қазіргі заманғы парламентаризм жəне демократияның келешегі» тақырыбы бойынша халықаралық парламенттік форум болып өтті. Шараға қазақстандық сенатор Юрий Кубайчук қатысты.
Форумда экономикадағы дағдарыс жағдайларын еңсеру мен ескертудегі заң шығарудың рөліне, қазіргі заманғы қоғам дамуына демократия институттарының əсеріне қатысты мəселелер талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
масыз етіліп отырған ел, жаһандық рейтингте 144 елдің ішінде 51-ші орынды иеленеді, сондықтан дамыған елдердің тəжірибесін ескере отырып, көлік, коммуналдық қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау шығындарын қоса есептеп, ең төменгі күнкөріс тізімін ұлғайту керек. Отырыс соңында депутаттар тарапынан ұсыныстар жасалды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік субсидиялау көлемін БСҰ-ға енген елдерде қарастырылғандай 10%-ға жеткізу ұсынылды. Мысалы, субсидиялау көлемі Беларусьте – 18,1%, Ресейде – 7,1% деңгейінде. Азық-түлік өндірісінің шығындарын төмендету үшін ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарын құру қажет. Олар қаражатты жинақтауға жəне тиімді пайдалануға, өнімділікті арттыратын ресурс үнемдеуші инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік жасайды. Депутаттар нарық бағасын төмендету үшін тікелей логистикалық тізбек құруды жəне қазіргі бар делдалдарды жоюды ұсынып отыр. Сондықтан отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін импорттық өнімдерге қорғау бағаларын белгілеу қажет. Талқылауға Экономикалық даму жəне сауда, Ауыл шаруашылығы, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бəсекелестікті қорғау жəне статистика агенттіктерінің өкілдері қатысты. Қазақ ұлттық тағамтану академиясының өкілдері, өндірістік кооперативтердің жетекшілері, ғалымдар сарапшылар ретінде сөз сөйледі.
Жаңа жоба жайында
Мəжілістің Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитеті «Трансшекаралық өзендердің мəселесін шешу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Интеграция игілігі
Үшіншіден, реттеу тетіктері жəне мемлекеттік органдардың агроөнеркəсіптік кешен саласындағы баға саясатына қатысты іс жүзіндегі əрекеті жеткілікті деңгейде тиімді болмай отыр. Төртіншіден, өндіріс көлемін жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынуды болжау жөніндегі маңызды мəселелер назардан тыс қалып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдеріне мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы орайда, өңірлерді мамандандыру картасын əзірлеу керек, соның негізінде субсидиялаудың жəне мемлекеттік қолдау көрсетудің басымдықтары анықталуы тиіс. Бесіншіден, статистикалық деректер сапасының жеткіліксіздігі, мамандардың бар талдамалық құралдарды пайдалана білмеуі мəліметтердің бұрмалануына алып келеді жəне ол Қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің кредиттік-қаржылық саясатты тиімді жүргізуіне кері əсерін тигізеді. Алтыншыдан, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің импортты қысқартуға жəне сыртқы нарықта бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қолдау жасауға бағытталған кедендік-тарифтік реттеуге шара қолдану жөніндегі өзара іс-қимыл мəселелері жеткілікті қарастырылмаған. Сондай-ақ, У.Бишімбаев азық-түлік себетінің құрылымын жəне тұтыну нормасын қайта қарау қажеттігін атап көрсетті. Қазақстан орта деңгейде қамта-
Ауєан соєысы ардагерлеріне – мемлекеттік наградалар Мəжіліс депутаты, республикалық «Ардагерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған бірқатар Ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Əскери жəне қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін Қазақстан Тəуелсіздігінің 21 жылдық мерейтойына орай II дəрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облыстық «Боевое братство» жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұркен Қаражанов пен Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері»
қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Елубаев, III дəрежелі «Айбын» орденімен Қызылорда облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Сəкен Махамбетов, «Құрмет» орденімен Ақтөбе облыстық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасынов марапатталды. Салтанатты рəсімге Мəжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл қатысты, деп хабарлады Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі.
Отырыста Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шəженова заң жобасы бойынша баяндама жасады. Заң жобасының басты мақсаты қолданыстағы заңнаманы 2009 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сəйкестендіру болып табылады. Бюджет кодексіне сəйкес осы Жарлық Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын əзірлеу, іске асыру, мониторингілеу жəне бағалау мəселелерін реттейтін негізгі құжат. Заң жобасын қабылдау заңнамалық актілерді Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сəйкестендіруге, кейін стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде əзірлеуге, əзірленетін жəне іске асырылатын құжаттардың санын төмендетуге жəне сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлықтарын іске асыру мақсатында əзірленген. Заң жобасы бойынша 87 заңнамалық актіге өзгеріс енгізілетін болады, оның жетеуі – кодекс. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік жоспарлау мəселелеріне қатысты құжаттарды əзірлеу жəне іске асыру үшін бірыңғай құқықтық шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасының қабылдануымен əзірленетін стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттар санымен тиісінше бюджеттік шығыстарды оңтайландыру, сондай-ақ орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жалпы қағидаттары мен көзқарастарын белгілеу көзделеді. Аталған заң жобасын ары қарай талқылап, ой-пікірлер қосу депутат Надежда Нестерова жетекшілік ететін жұмыс тобына жүктелді. «Егемен-ақпарат».
Тұрақты комитеттер тынысы
Мемлекет кепілдік берген заѕ кґмегі жетілдіріледі Парламент Мəжілісінің заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитеті Əділет министрлігімен жəне республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасындағы құқық жəне сот реформасын қолдау» жобасының жəне Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін құқықтық реттеу мəселелері бойынша ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді. Басқосуды палатаның Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев
жүргізіп отырды. Конференция барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің құқықтық негіздері мен
жүзеге асыру тетіктері жəне мемлекет кепілдік берген заң көмегінің саласындағы мемлекет саясатына қатысты мəселелер сарапқа салынды. Сонымен қатар, жоба бойынша, ісшара барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін жетілдіруге бағытталған тиісті кеңестер тізімі бекітілді. Əділет көмегінің жаңа түрлері – құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық кеңес беру енгізілетін болды. Конференцияға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот, мемлекеттік жəне сот органдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ құқықтанушы ғалымдар қатысты, деп хабарлады Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі.
Фотокүнделік
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Мемлекеттік мəселе
Жасампаздық жемістері «Жер жаралып, су аққалы бері дүниенің талай тылсымына қаныққыңыз келсе, Оңтүстікке келіңіз. Ол – ашулы жатқан салқар кітап. Не жоқтың бəрін табасыз». Бұл – Əбіш Кекілбаевтың сөзі. Тарихқа жүгінсек, əрбір қазақтың он екінші, я он үшінші атасы осы оңтүстіктің топырағынан жаралған, табаны тиіп, суын ішіп, ауасын жұтқан. Тағдыр тезімен бірі батысқа, енді бірі солтүстік пен оңтүстікке үдере көшкен бүкіл қазақтың қарашаңырағы Отаны – оңтүстік. Осындай қасиетті де бай мекенді басқарған азаматтардың да осал болуы мүмкін емес. Үлкен облыстың ыстық-суығына тоңып, халықтың əлеуметтік жағдайын көтеруді басты назарда ұстап келе жатқан талантты басшы Асқар МЫРЗАХМЕТОВ туралы аз айтуға да, көп айтуға да болады.
Беласќан
Əкесі Исабек Мырзахметов оңтүстікке белгілі азамат еді. Мен Исекеңді ертеден білетінмін. Ол кезде педагогикалық институтта кафедра меңгерушісі қызметінде едім. Бізді «Қызылсай» көкөніс базасының директоры Əбдімəжит Битабаров таныстырған. Сол уақыттағы обкомның бірінші хатшысы Асанбай Асқаров болатын. Исекеңмен араласатын, үштіктің бірі Икрам Адырбеков (қазір ҚР Парламенті Сенатының комитет төрағасы) ол кезде «Бөржар» совхозының парторгі еді. Əбдімəжит, Икрам жəне мен Исекеңнің атшабарындай қасынан қалмайтынбыз. Ол ұзын бойлы, мығым денелі, үнемі күлімдеп жүретін кісі еді. Домбырада ойнап, əн айтатын. Өнерді қатты қадірлейтін. Оқыған, тоқығаны мол, білімдар кісі болатын. Əзілқой, жүрегі мейірімді, жомарт жан еді. Ол кез де сирек кездесетін №11-11 қа ра «Волгасы» болатын. Өзі жүргізетін. Көбіне төрт орындық машинаға 6-7 адам мінетінбіз. Тойдан қайтқанда міндетті түрде жолда тоқтап, капоттың үстіне дастарқан жаятын. Əлімізге қарамай біз ол кезде Шымкент облыстық партия комитетінің бө лім меңгерушілері Досыбай Шерімқұлов, Нуриддин Балқияев жəне Абылай Тастанбековпен араласатынбыз. Осы кісілермен тағдырлас болу өз алдына бір сабақ. Бірақ, Исекеңмен араласуымыздың жө ні бөлек еді. Ол бізге үлкен мек теп болды. Көп нəрсені үйрендік. Əрине, ұлағатты қасиет, мейірімді, кешірімшіл, ұқыпты болуға, үлкенге ізет, күнделікті өмірде тағдырласқа тілектес болу сол кісінің қалдырған мұрасы деп білемін. Өкініштісі, өмірден ерте кеткен екен ғой... Оны енді түсініп жүрміз. Ал Сəбила апай – аузын ашса жүрегі көрінетін, үнемі күліп жүретін, ақсары келген əйел баласының сұлуы. Қарапайымдылығын айтсаңызшы! Кардиолог. Нəзік те, алып органның маманы осындай болса керек. «Алып анадан туады» деген рас, Сəбила апай дүниеге нағыз алыптарды алып келген екен, оған біз бəріміз куəміз. Бұл өңір Тəуелсіздікке ұлттық қадір-қасиет пен салт-сананы, бірлік пен берекені, ынсап пен ымы рашылдықты түйіп, қаттап жеткізе білуімен ерекшеленеді. Туған тіліміздің тазалығы мен құнарлылығын, мəйегі мен мəнмағынасын бабалар аманаттаған күйінде егеменді еліміздің ұрпағына табыстай алғандықтан да, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы: «Оңтүстікте бақ-береке, ынтымақ болса, мемлекетімізде де бақ береке, ынтымақ болады» деген еді. Бүгінгі облыс басшысы тағайындалған үш жарым жылдан бері үлкен жауапкершілік пен терең білімпаздықты талап ететін бұл уəзипалы лауазымды абыроймен атқаруда. Бұлай деп сеніммен айтуымыз бекер емес. Сөзімізге əкімнің жыл сайынғы есебі мен облыстың экономикалық-əлеуметтік
көрсеткішінің үдемелі өсуі дəлел бола алады. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген əл-Фараби сөзін бойтұмар еткен Асқар Исабекұлы басшылық еткен үш жылда жалпы өңірлік өнім екі есеге ұлғайып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1,27 триллион теңгеден асып отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Үдемелі индустриялық даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан істер өңірдің экономикасын жыл өткен сайын өркендетуде. «Үдемелі индустриялды даму бағдарламасы» басталған жылдары облыста 7, өткен жылы 24, биылғы жылы 29 жобаны іске қосу, ал жалпы индустрияландыру картасы бойынша 114 жоба картаға енгізіліп, 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланып отыр. Шағын кəсіпкерлік «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері шағын жəне орта кəсіпкерлік субьектілері 198,2 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Көкөніс пен бақша өнімдерінен кеңес дəуіріндегі ең жоғары көрсеткіштен төрт есе артық көлемде – 2 миллион 300 мың тонна өнім жиналған. Статистикалық мəліметтер былай дейді: үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша облыстағы өнеркəсіп орындарында 279 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Кен өндіру өнеркəсібінде 64,2 млрд. теңгенің, өндеу өнеркəсібінде 187,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Облыс əлеуметтік-экономикалық даму серпіні жағынан ел бойынша алдыңғы қатарда келеді. Республика Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық салтанаты аясында Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында облыс кəсіпкерлерімен кездескен болатын. Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 22 маусымда кəсіпкерлікті дамыту мəселесі бойынша өткен кеңес барысындағы тапсырмасы аясында, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан кəсіпкерлері үшін бірыңғай кеңес берушілік жəне оқытушылықты ұйымдастыру үшін құрылған. Жұртқа жұмыс істеуді үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамауды үйрену керек деп білетін облыс əкімінің бастамасымен құ рылған кəсіпкерлерге қыз мет көрсету орталығындағы ке ңес шілердің көмегімен бизнестің мүмкіндіктерін есептеп, оны кеңейтуді шеше білген облыстың бұл жұмыс тəжірибесі Үкімет басшысы міндетті түрде есепке алынатынын мəлімдеді. Əр күнi ашылып жатқан жаңа өндiрiс орындары, қолға алынған
7
ауқымы үлкен жобалар, бағыты басым бағдарламалар – мұның барлығы облыс басшысының ұтымды ұйымдастырушылығымен жасалған оңтүстік халқының тəуелсіздік тойына арнаған тартуы əрi Елбасының тапсырмасын нақты iс жүзiне асыру мiндетi. Мемлекет басшысының экономикалық құрылымды əр тараптандыру мақсатында айқын далған индустриялық-инновациялық жобасы аясында облыста 8 ірі жоба қолға алынды. Аталмыш бағытқа 55 миллиардтан астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Жоба сəтімен жүзеге асса, өңірде мақтаны терең өңдеу, одан мата мен жіп иіру өндірісі дамиды. Алдағы 5 жылда іске асатын өзге де жобалар, атап айтқанда, ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға негізделген ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу де қарастырылып отыр. Облыстың 2014 жылға дейінгі даму жоспарына сəйкес, қайта өңдеу саласы бойынша – 14, ал көкөніс өнімдерін өңдейтін 19 кəсіпорын іске қосылады. Нəтижесінде, ет пен сүттің үлес салмағы – 40 пайызға, ал көкөніс көлемі 20 пайызға артпақ. Ауыл шаруашылығын толық механизациялау алдағы мақсатқа жетудің төте жолы. Ал, жергілікті ғылыми кадрлардың бəсекеге қабілеттілігі өңір өндірісінің тұрақты дамуына сеп болады, дейді мамандар. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, өндірілмеген өндірістің біразы қазіргі таңда бізде жасалып, елде өмірі болмаған өнімдер Шымкенттен шығып жатыр. Бұрын қазақтың тісі бата бермейтін қиын технологияны, техниканы қазақ балалары меңгеріп, жұмысты бір кісідей үйіріп жүр. Шымкенттен шыққан өнім отандық тауардың көлемін кеңейтіп, «Қазақстанда жасалған» деген тауарға айналарына сеніміміз мол. «Нұрсəт» шағын ауданындағы облыстық балалар ауруханасы – Қазақстандағы ең үлкен балалар ауруханасы. 2011 жылы 5 наурызда Елбасы өзі келгенде осы емхананы ашып берген болатын. Аурухана 10 гектар жерге орналасқан. Соңғы сегіз айда балаларға 141 операция жасалыпты. Тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, сонымен қатар, Қызылорда мен Жамбыл облыстарына да өңірлік қызмет көрсетеді. Бүгінде тек еңбекпен ғана жеміс өнетінін білетін əрбір шаруа адал еңбекпен күн көрудің жолына кіріскен. Бүгінгі күні мақташылардың қажырлы еңбегінің арқасында 241,8 мың тонна мақта шикізаты теріліп, биылғы жылы ауданға берілген 238,0 мың тонна мақта шикізатын дайындау тапсырмасы артығымен орындалды. Оның ішінде 38,6 мың тоннасы комбайндармен теріліп, жалпы, жиналған өнімнің 16,0 пайызын құрап отыр. Мақтаарал ауданы бойынша гектарына 28 центнерден өнім алынды. Осынау толағай табыс күз жəне қыс айларының табиғи
қолайсыздығына қарамастан, тынбай еңбек еткен диқандардың қажырлы еңбегінің арқасы деп білген абзал. Соңғы жылдары оңтүстікте жұмыссыздық азайды. «Жұмыспен қамту-2020» бағ дарламасының орындалуына сəйкес 90 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, облыстың 5358 тұрғыны тұрақты жұмыс орнына орналасты. Көксарай су реттегіші бүкіл елімізді көрші мемлекеттерге тəуелділіктен, ал Оңтүс тік Қазақстан, Қызылорда об лыстарының бірқатар аудандарының тұрғындарын көктемде су басу қаупінен құтқарды. Біреу білер, біреу білмес. Жыл сайын «көктем келді» дегенше, Қырғызстан мен көрші Өзбекстанға жалынатынбыз. Мұны несіне жасырамыз? Ел экономикасы нығайып, қабырғамыз қатайған соң Көксарай су реттегішін салу керек болды. Пікір екіге жарылып бара жатқан тұста Елбасы «Көксарай салынсын!» деп кесімді, шұғыл шешім қабылдады. Бұл инвестициялық жобаның дұрыстығын уақыт дəлелдеп үлгерді. Сырдарияның тосын мінезінен шошып оянатын жүздеген мың адамның түнгі ұйқысы тынышталды. Ауыл халқы малын дария жағасындағы тоғайға емін-еркін жайып жіберетін болды. Көксарай салынған Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының аумағында сан мыңдаған гектар жер көкмайсаға айналды. Жинап алынған телегей теңіз артық су реттегіштен қайтадан дарияға жіберілген соң арыстықтар балыққа қарқ болып қалды. Адам да, мал да тойынып жатыр. Мұны айтасыз, бұрын бұл аймаққа келіп көрмеген аң мен құстар пайда болды. Қаз қаңқылдап, шағала ұшып жүр. Ел Көксарай үшін Елбасымызға шексіз алғыстарын айтты. Оң түстік Қазақстан облысының экономикалық даму бағыты жаңа тұрпатқа ие болды. Асқар Мырзахметов əкімдік қызметке келгеннен бері бой көтерген, қаламыздың əсемдігін көркейткен ғимараттар басшының эстетикалық талғамын танытып қана қоймай, елге, жерге деген махаббатын да айқындайды. Қажымұқан атындағы орталық стадион маңынан бой көтерген орталық су-спорт кешені, спортшылар аллеясы, «Тəуелсіздік» саябағы, «Мемлекеттік рəміздер» алаңы, Ордабасы алаңындағы «Отан-Ана» тəуелсіздік монументі, Бəйдібек баба ескерткіші, «Оңтүстік цирк», Даңқ мемориалы, Абай мұражайы, «Шəмші əлемі» гүлзары сынды Шымкенттің шырайлы орындары облысымыздың ажарын ашып, көріктендіре түскен. Абырой, ынтымақ бірліктің бар жерінде ғана жүретінін жақсы білетін Асқар Исабекұлы облыста «Ырыс алды – ынтымақ» ұйымын құрды. Жыл сайын дəстүрлі түрде Наурыз мерекесі мен Ата Заңымыздың күніне орай өткізіліп тұратын бұл іс-шара көпұлтты облыс халқының мызғымас бірлігі мен татулығына айтарлықтай қызмет етіп келеді. Ата-бабасының атына мешіт пен ескерткіш салудың да ұрпақ тəрбиесі үшін кейде кері əсер ететінін баспасөзде тайсалмай айтып, оның орнына мектеп пен балабақша, дəрігерлік емханалар салу қажеттігін көтерген де бүгінгі облыс əкімі Мырзахметов болатын. «Тірлік басқа болса да – тілек бір, білек басқа болса да – жүрек бір» деген Бəйдібек баба сөзін жадымызда ұстағанымыз абзал. Бірлігі жараспаған елдің берекесі кетеді. Бүгінде бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған оңтүстік өңірі жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде. Облыс экономикасы өрге басып келеді. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша республикада жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Халықтың əл-ауқаты жақсарды. Олай болса, біздегі жасампаз жетістіктер əрбіріміз үшін ерекше қуаныш. Біз басты байлығымыз – азаматтық татулық пен этносаралық бірлікті сақтауға, достық пен келісім дəстүрлерін болашақ ұрпақтың бойына дарытуға тиіспіз. «Бұлақты болса көл семіреді, Ынтымақты болса ел семіреді». Тату елге тыныштық пен тоқшылықты нəсіп етуді басты мақсат тұтатын облыс басшысының əрбір бастамасына қолдау, əр ісіне демеу көрсету – оңтүстіктің барлық азаматына ортақ парыз. Ел басқарып отырған басшының бағдаршамы – Елбасының қойған талап-тілектері, ал осы мақсат-міндеттерді орындау елдігіміз бен бірлігіміздің жемісі. Облысымыздың өркендеуі – баршамызға ортақ іс. Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы.
Жўмыс жалєаса береді Кеше Үкімет үйінің ғимаратында Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында қызмет атқарып жүрген, даярлығы мен тəжірибесі мол əйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету бойынша жүргізіп отырған жұмыстары, дəл осы шешім қабылдау деңгейіне ілгерілетудің Шығыс Қазақстан облысында іске асырылу барысы, бұл орайда, Қостанай облысында жинақталған оң тəжірибе, сондай-ақ, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның келер жылға арналған жұмыс жоспары əңгіме өзегіне айналды. Жиынды жүргізген Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Əбдіхалықованың айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сəйкес, гендерлік теңдік мəселелеріне қатысты 135 елді мониторингтен өткізу барысында біздің еліміз 31-орынды иеленіп отыр. Елде əйелдерді саяси ілгерілету бойынша белгілі бір дəрежеде жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдар ішінде
Мемлекет басшысының басқарушы құрамдағы əйелдер өкілдігінің 30 пайыздан кем болмауы туралы тапсырмасын орындағандар да, оны тіпті, қолға алмай отырған мемлекеттік органдар да бар. Г.Əбдіхалықова «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая си бағыты» Жолдауында Мемлекет басшысы бұл мəселеге тағы да назар аударып, Үкіметке: «Елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу жəне іс жүзінде гендерлік теңдік пен əйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді» тапсырғанын атап өтті. Қарап отырсақ, Президенттің тапсырмасы бар, нормативтік база да жасалған. Алайда, бұл мəселенің шешілуі барлық өңірлерде бірдей емес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректері бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы саяси мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 10,4 пайызын ғана əйелдер құрайды. Бұл мəселенің өңірде қалай шешіліп жатқанын отырыста Шығыс Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары, облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Ермек Көшербаев баяндады.
Ұлттық комиссия қолдаған жобалардың ішінде Қазақстанның іскер əйелдер қауымдастығының «Əйелдердің саяси көшбасшылығы» жобасын атауға болады. Оның шеңберінде өңірлерде Саясаткер əйелдер клубтары құрылды. Қазіргі кезде республикада осындай 12 клуб жұмыс істеуде. Қостанай облысында клуб ашылмаған, бірақ, онда Көшбасшылық мектебі құрылған. Мектептің нəтижелері оның қалай жұмыс істейтінін айғақтайды. Қостанай облысы Мемлекет бас шысының əйелдер өкілдігінің шешім қабылдау деңгейінде 30 пайыздан кем болмауы туралы тапсырмасын бірінші болып орындады. Олар бұл межені 2010 жылы-ақ еңсерген, ал 2012 жылы 15 қаңтарда өткен сайлауда өз жетістіктерін бекіте түсті. Отырыста «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Римма Бектұрғанова өз тəжірибесін ортаға салды. Отырыста Ұлттық комиссияның Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, Əйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету жөніндегі 2016 жылғы дейінгі іс-қимыл жоспары, Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Ұлттық жəне өңірлік комиссиялар мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып əзірленген 2013 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Басшы əйелдер қатары жылдан-жылға толыға түсуде Əли КӨМЕКБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен Қазақстанда гендерлік саясатты дамыту мен гендерлік теңдік мəселесіне айтарлықтай назар аударылып келеді. Соның бір мысалы, өткен жылы мемлекеттік гендерлік жəне отбасылықдемографиялық саясатты одан əрі дамыту перспективасын анықтау, Қазақстан дамуының стратегиялық курсын іске асыруда əйелдердің қатысуын кеңейту механизмін əзірлеу, елдің қоғамдық-саяси жəне əлеуметтікэкономикалық дамуындағы əйелдердің рөлін талқылау мақсатында Қазақстан əйелдерінің І съезі өткізілді. Елбасы съезде сөйлеген сө зінде тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында, оның ішінде мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет саласындағы əйелдердің ерекше рөлін атай келе, гендерлік саясат саласындағы нақты міндеттерді айқындап берді. Біздің Ата Заңымызға сəйкес республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар, оларға қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты болады жəне заңмен белгiленедi, тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында мемлекеттік қызметке кіру конкурстық негізде жүзеге асырылатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының осы ережесі Қазақстан Республикасы «Ерлер мен əйелдердің тең құқықтарының жəне тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңының ерлер мен əйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тəжірибесіне, қабілетіне, кəсiби даярлығының сəйкестігі қамтамасыз етілетін нормаларына толықтай сəйкес келеді. Мемлекеттік қызметтегі əйелдер бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен жағдайда олардың жұмыс орны үш жыл бойы сақталады. Сондай-ақ, олардың бала күтімі демалысында болған мерзімі мемлекеттік қызметтегі жұмысының еңбек өтіліне енгізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелеріне сəйкес жүкті əйелдер аттестациялауға жатпайды. Осылайша қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ерлер мен əйелдердің заңи (ресми) теңдігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтің тоқ сан сайынғы кадр мониторингі деректеріне назар аударсақ, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ерлер мен əйелдердің нақтылы теңдігі сақталып отырғанын аңғарамыз. Мысалы, 2012 жылдың 1 қазанына дейінгі мəліметтер бойынша, мемлекеттік қызметтегі əйелдер саны 48 074 немесе мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының
55,7 пайызын құрады. Олардың арасында 2 ПремьерМинистр Кеңсесі басшысының орынбасары, 2 министр, 2 Қазақстан Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі, 5 жауапты хатшы, 4 облыстардың, Астана жəне республикалық маңызы бар қала əкімдерінің орынбасары, 260 селолық аудандардың, қалалардағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің əкімдері бар. Енді, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тікелей қатысты гендерлік ахуалға назар аударсақ, əйелдер саны – 85 (37,6 пайыз), оның ішінде орталық аппарат бойынша – 21 (38,2 пайыз), аумақтық басқармалар бойынша – 64 (36,6 пайыз). Орталық аппаратта 1 əйел аппарат басшысы, 3 əйел бөлім меңгерушісінің орынбасары, 6 əйел сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқаруда. Алайда, 40 орталық мемлекеттік органның 23-інде əйел саяси мемлекеттік қызметші жоқ екенін айтуға тиіспіз. Өңірлердегі жағдай да біркелкі емес. Астана қаласында саяси мемлекеттік лауазымдағылардың – 20 пайызы (15 адамның 3), Ақмола облысында – 17,98 пайызы (267-ден 48) жəне Қостанай облысында 17,08 пайызы (281-ден 48) əйелдер болса, Жамбыл облысында бұл көрсеткіш небəрі 1,75 пайыз ғана (171 адамның 3), Оңтүстік Қазақстан облысында – 2,30 пайыз (217ден 5), Маңғыстау облысында – 4,92 пайыз (61-ден 3) . Қазіргі уақытта гендерлік теңдік пен адами даму тақырыбы бойынша мəселелер мемлекеттік қызметшілерді оқытудың барлық бағытындағы бағдарламалар мен оқу жоспарларында кө рі ніс тауып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен жыл сайын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстары аясында гендерлік даму мəселелері мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен олардың орынбасарларына білім беру бойынша семинарлар жүргізіледі. Мемлекеттік басқару Академиясының ғылыми қызметі саласында гендерлік теңдік мəселесінде адами даму мəтіні қарастырылуда. Мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды іске асыру тақырыпшаларында жəне жыл сайынғы ғылымитəжірибелік конференциясында жəне аспиранттар мен магистранттардың ғылыми зерттеулері мазмұнында гендерлік теңдікті сақтау қағидасы көрініс тапты. Статистика конкурстық іріктеуде басшы əкімшілік лауа зым дарға өтініш көбіне ер адамдардан келіп түсетіндігін көрсетеді. Үстіміздегі жылдың 9 айында жарияланған 732 бос əкімшілік лауазымдарға 2405 үміткерлер қатысса, олардың 1861-і (73,2 пайыз) – ерлер де, 644-і (26,3 пайыз) – əйелдер. Бос басшы лауазымдарға үміткер əйелдер санының ер адамдарға қарағанда, айтарлықтай аз болуын олардың отбасындағы міндеттерімен, бала тəрбиесімен түсіндіруге болатын сияқты. Десек те, конкурс жеңімпаздарының жалпы санының 36,1 пайызы əйелдердің үлесіне тиетінін атап өту керек. Басқаша айтқанда, егер конкурстық іріктеуде басшы лауазымға əрбір 5-ші қатысушы ер адам тағайындалса, əйелдердің əрбір 3-сі жеңімпаз атануда.
8
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Өнеге
ШАРАЙНА
Əлем жаѕалыќтары
Дау ќайта ґршуі мїмкін Жапонияның теңіз жағалауы күзеті даулы аралдар Сенкаку маңынан Қытайдың үш барлау кемесін байқаған. «Франс-пресс» ақпарат агенттігінің жазуынша, даулы аумақтан қытай кемелерінің көрінуі Жапонияда өткен парламенттік сайлаудан кейін болған алғашқы жағдай. Кемелер Сенкаку архипелагына кіретін Кубадзима аралының солтүстік-батысында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.20-да байқалған. Бұл əрекеттерге жауап ретінде Токио осы аймаққа сегіз истребитель мен тағы бір əскери ұшақ жіберіпті. Айта кетейік, 1970 жылдан бері жалғасып келе жатқан Сенкаку аралдарына қатысты екі мемлекет арасындағы дау, онда көмірсутегі табылғаннан кейін қайта өршіген еді.
Төлеген Қажыбаев – сегіз қырлы, əмбебап шығармашылық жолынан қол үзбей, қырық алты жыл «Көкшетау правдасы», «Коммунизм нұры», «Солтүстік Қазақстан», «Арқа ажары», «Бұқпа» газеттерінде жауапты қызметтерді үлкен іскерлікпен атқара жүріп, сүйікті халқына поэзиясы, прозасы, драмасы бар отыздан астам кітап ұсынып, оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленген қаламгер. Төлегеннің қай шығармасын оқысаңыз да, сəулелі ойға шомыласың. Мен оның поэзиясымен көптен таныспын, сондағы байқағаным, ол адамдардың арасындағы сан қилы қатынастарды, туған елдің қымбаттығы мен сұлулығын, достық пен махаббатты сипаттаса, «сөз атасы Майқы би» дегендей, сөз жүйесін, ой өрісін тауып, көңіл қозғар толғанысқа, терең тебіреніске батырады. Қуаныш пен қайғы-қасіретті айқын сипаттай біліп, шырылдаған шындыққа сүйенген поэзиясы өмірдің бір шетін тесіп шығады.
Мґлдір сґздіѕ шебері Кəкімбек САЛЫҚОВ.
«Мына заман жауыздықтың көзі ме, Иə болмаса дін ислам сөзі ме?! Шаһит кеткен боданды елдің боздағы Жарып жатыр, жарылып жатыр өзі де!» – десе, сенесің, ойланасың жəне айтқанынан ауыр ойға нақтылы жауап табасың. “Бұрынғы Одаққа қарасты тау елдерінде не болмай жатыр?” деп ойлана қалсаң, телегей теңіз тереңге кетесің. Ал махаббат, сұлулық, достық тақырыптарына келсек: «Сұлулық сиқыры керемет, Жаныңды шуаққа бөлемек. Əлемде сұлулық болмаса, Ақындар жынданып өлер ек», – деп сезім сырын, сұлулықтың барша əлемді ұстап тұрған сиқырлы ғаламатын дөп басып, бір оқысаң ұмытпастай сезімге бөлейді. Төлеген Тəуелсіздіктің көгілдір туын Есіл – Көкше аймағында белсенді көтерісіп жүрген қайраткер ретінде өмір сырын түбегейлі түсініп, бір шумаққа сыйғызыпты: «Өлім-өмір егесуі тегін бе? Ұғынуға ғасыр керек кемінде. Махамбеттер қалу үшін мəңгілік Нұрсұлтандар есен болсын елімде», – деп Тəуелсіздіктің нұрлы таң, саялы шуағына құштар ақын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еліміздің ежелгі арманын орындаған абзалдығын паш етіп отыр. Осы қысқа ғана мысалдардың өзі Төлегеннің тума талант, сезімтал ақын, ойшыл азамат екенін танытып тұр. Төлеген Қажыбаев 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Ақмола облысы, Чкалов ауданына қарасты Қарағаш ауылында дүниеге келген. Бұл аудан бұрын Көкшетау облысының құрамында болғандықтан, біз оны кербез Көкшенің төл тумасы атаймыз. Төлеген – қазақтың классик ақыны Жақан Сыздықовтың немере інісі. Жақан мен Қажыбай – ағалы-інілі бауырлар. Төлегеннің атасы Сыздық Көкше – Зеренді – Айыртау өңірінде белгілі болған, кезінде болыстық қызмет атқарған ел жадындағы қадірменді ақсақал. Төлеген əкесі Ұлы Отан соғысына кеткенде іште қалған үш айлық бала болса, туысымен қан майданнан қаралы қағаз келді: Қажекең 1942 жылы Ленинград үшін айқаста ерлікпен қаза тауыпты. Ал шешесі Жəнипа Дəулетбайқызы Абылайдың ақылман серіктерінің бірі Қарауыл Қанай бидің əулетінен шыққан абзал жан. Сондықтан да осы күнгі еліміздің абыз ақсақалы 99 жасқа келіп отырған Қанай бидің ұрпағы Баян Жаңғалов ағамыз Төлегенді «жиеннен туған жиеншар» атауының жаны бар шындық. Төлеген 1966 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін тəмамдап, алғашқы еңбек жолын Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде бастады. Жоғарыда айтылғандай, жарты ғасырға жуық өмірін осы салада өткізсе, бұл күнде Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық бөлімшесін басқарады, «Жер шоқтығы» атты əдеби-мəдени жəне қоғамдық журналдың бас редакторы. Төлегеннің əкесі Қажыбай ақындығы бар, жасында əн-күйге үйір өнерсүйгіш, жиын-топтың ардақтысы болыпты. Анасы Жəнипа да нəзік дауысты əншілігімен көзге түсіпті. Ал Жақан Сыздықов ағамыздың Төлегенге ғана емес, бүкіл төңірекке
ақындық ықпалы əсер еткенін ескерсек, бұл – өнерге құмар ортада ақын болмауы мүмкін еместігін айқындайтын ақиқат. Оған қоса Көкшетауды əн-жырдың ордасына айналдырған сал-сері бабаларымыздың да артта қалдырған асыл мұрасы баурап алды. Анасының ақ сүтімен ере келген ақындық шабыт бабын тапты, оның үстіне жетімдік те оңаша ойға батырып, өз мұңына бөлемей қоймады. Бұл жалғанды өзгелерден тереңірек ойлауға мəжбүр етті. Қаламгердің осы мұңлы өмірі тақырып таңдауда да елге қажетін, өмірге керегін, ұрпаққа өнегелісін таптырды. Байқап қарасақ, «Жəпек батыр», «Бопай ханым», «Қарасай-дастан», «Ағыбайдың үш дастаны», «Кене ханның қазасы», «Құлан қырғыны» деп аталатын шығармаларының бір жоталы тау сілеміндей қазақ елін түгел басып, кең аралап өтуі оны тек қана көкше өңірінің емес, бүкіл ұлтымыздың ұлағатты ұлы екенін толық танытады. Төлегеннің «Гəккуім, мені ұмытпа» деп аталатын драмалық шығармасын үлкен жетістігі деп білемін. «Гəкку» тағдырына атақты драматург Шахмет Құсайынов, көрнекті ақын Еркеш Ибраһим, осы мақаланың авторы да барған. Төлегеннің ерекшелігі Үкілі Ыбырайдай ұлы өнерпаздың ел қасіретін паш етуге жанын қия берілгендігінен шалқар шабытқа жүйелі жол, тиянақты желіс тауып отыр. Кеңес өкіметінің зұлмат саясаты əкелген 1932 жылғы аштық ұлтымыздың тең жарымын қырып берсе, Үкілі бабамыз сол шындықты ашық айтамын деп атылып кетті. Əне, сондағы айбатты ақынның ақырғы сөзін «Гəккуім, мені ұмытпа» деп өз аузынан естігендей етіп Төлеген жан-жүректі тебіренте айтқызып отыр. Ақынның сенгені – мəңгілік махаббаты, сол махаббатын жыр еткен «Гəккуі». Құдайға шүкір, Үкілі Ыбырай ақталды. «Гəкку» оны ұмытпады, сүйікті халқы ұмыттырмады. Сол ұмыттырмағандардың бірі емес бірегейі Күлəш апамызға, Ғабит Мүсірепов ағамызға пара-пар «Гəккудің» жоқтаушысы Төлеген Қажыбаев болып отыр. Төлегеннің қай еңбегін алып зер салсам да, тап осылай толғандырады, олар – жай ортанқол дүниелер емес, қазақ əдебиетіне өз үлесін əкелген ақиық ақынның үні. «Ақан серінің мұңы» атты толғауы сері бабамыздың соңғы сағаттарын телегей тебіреніспен, толағай құрметпен, азаматтық қимастықпен хатқа түсіріпті. «...Патшаға мойын бұрмай жүруші едім, Мінгендей Сүлейменнің алтын тағын. Төкті ғой сөз гауһарын, жыр жауһарын, Сүрінбес су жорғадай тіл мен жағым», – деп Ақанның кім екенін тайға таңба басқандай айқын келтіріпті. Ал Ақан серінің жалаң əнші емес, ерек ақын екендігі, үздік композитор болғандығы бар қазаққа аян. «Алдымнан құтылмаған ұрғашының, Бұлбұлдай саяладым алтын бағын» десе, «Иманды серік ет деп жалбарынам» деп те Алланың рахматын сұрап, «Күнəсінің артық-кемін кешіруін өтінеді. «Өмірден пенде біткен өтеді екен, Болса да жаны – жалын, тəні – темір», – деп тағдырдың тəбделіне көндіреді. Абай атамыздың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», – деген тоқтамына Ақан серіні де автор өте дұрыс келтіреді. Шынтуайтқа келсек, Ақан сері қаншалықты ел еркесі болса да имандылығы мол болған, өте инабатты мейірбан мінезімен ел ішінде ханнан да қадірлі, биден де биік құрметтелген кемеңгер. Жан
қысылғанда, Алланың рахматын сұрап, күнəсін кешіруді өтініш еткенін автордың келтіруі өте орынды. «Дүниені сапырсам да ағыл-тегіл, Бақиға əкетерім жалғыз кебін. Бақұл бол төрт момында көз көргендер, Арқада асу бермес асқар белім», – деп ел-жұртын ардақтауы да ақынның бойына сіңген ел алдындағы инабат. Құлагерден айырылып, елге жақындағанда: «Жер алыс атсыз бар деп қақсап еді-ау, көрінем енді қайтіп ел шетіне» деген өз өлеңінде ардагер серінің қалың елді қалай сыйлайтыны көрініп тұр ғой. Арқаның асау туған ақтангерінің соңғы сағаттарын, ақырғы дем берген мезетін Төлеген ақындық шынайы шеберлік пен інілік ізетпен ішкі қимастығын сездіріп тамаша жазған екен. Төлегеннің өз бойында Үкілі Ыбырай, Ақан серідей дүлдүлдердің бір ұшқыны болмаса, тап осылай сипаттай алмас еді. Ақан сыры, Ақан мұңы көкірегіне қонды, ал өзі де кемеңгерліктен ада еместігін танытты. «Мына өмірдің сұрағы, Жанға маза бермейді. Көп ноқатты тіршілік, Тезіне салып тергейді. Кейде шаттық кеудемді Леп белгі боп кернейді. Кідірісі көп үтір, Дəйегіне сенбейді. Тырнақшаның ішінде, Сірə, қалғым келмейді. Өмірімнің соңына Нүкте қоям десем де, Оған көңіл көнбейді», – деп толғанғаны қандай! Менің айтарым, Төлеген «тырнақшаның ішінде» қалмайтын қаламгер, қажырлы қайраткер, сондықтан да «өмірімнің соңына нүкте қоям десем де, оған көңіл көнбейді» дегеніне қос қолымды көтеріп қосыламын, ол – əлі де берері көп өлең сөздің шын тұлпары, прозада Ғабит ағамызға ұқсаған мөлдір сөздің шебері. Төлегеннің сталиндік сұмдықтың 1932 жылғы қазаққа қырғын болып тигенін сипаттайтын «Қан кешуі» бір төбе. «Махаббат əні» атты повесі өнер адамдарын, əсіресе, əншілерге жəне суретшілерге назар аударған туындысы ерекше сəттілік тауып, жылы бағаланды. «Туған топырақ туралы аңыз» атты əңгімесінің өзі бір қаралық тамаша табыс. Шағын əңгімеде үлкен сыр жатыр, атамекенге деген ыстық жүректің қимастығы жауды да жеңдіреді. Жалпы алғанда, бұл əңгіме А.С. Пушкиннің повестеріндей қара сөзбен жазылған поэмаға ұқсайды. Керейдің ханы Кемел жайлаған Еренқабырға тауының маңайын сөз еткенде: «Ұлы суға жеткенше үніне үрей қосып, қуатты қарқынмен құлайтын текше тастардан секірген ерен екпінмен Əулие бұлақ Еренқабырғаның осы бір тұсына ерекше тыныс-дем беріп, əсерлі əуенге бөлеп, былайда сұлулығы ғажап өңірді су тілімен сөйлер сиқырлы күй сарынымен əлдилеп жатқалы неше ықылым заман өтпеді дейсіз», – деп сүйсіндірсе, тағы бір жерінде қаһарлы қыс өтіп, шуақты да шапағатты көктем келгенде: «Əулие бұлақтың байланып қалған тілі шешіліп жүре береді», – деп киелі бұлақты су тілімен сөйлетіп қоюы табиғаттың адамға деген тартымын үдете түседі, туған жердің қасиетіне сендіреді. Қалмақтарды жеңген Кемел хан да: «Мен осы топырақтың перзенті, дүйім жұрттың ханы болып, қалмақ-
тың мазағына қалай көнейін?! Көнбедім!» – деп жеңісті жорықтан кейін ел алдында түйіндейді. Отансүйгіштік, елінсүйгіштік отты сезім, орайлы ақыл Төлегеннің барлық, жоғарыда айтылған, шығармаларына шырай беріп, оқыған жанды оқыған сайын қызықтыра түсетіні көңіл көншітеді. Баржақсы би мен Кенесары ханның арасындағы достықты суреттеген «Құмай» хикаялары да сөз жоқ қаламгердің қиялы мен тарихи болмыстың ақиқатын салыстыра, шендестіре білудегі шеберлігі деп танимын. «Күлімжанның қасіреті» Хан Кененің бəйбішесінің тағдырына арналса, осыған теңдес əдемі шыққан повестері, əңгімелері – қаламгердің еңбекқорлық өресін баяндайтын туындылар. Көптеген жылдар журналистика саласында негізгі қызметін атқарып, ақырын ғана өлең жазып жүр деп ойлап қалуға да болады ғой, шындық сыры олай емес. Ол тынымсыз тер төгіп, тарих шындығын бұлтартпай, бұзбай өз өресінде, өз жүйесінде, өз тілінде жазып беру үшін үлкен ізденіс, зерттеулер жасады. Қазба кендерді пайдаға асыру жолында ең алдымен іздеп тауып алу үшін геологиялық барлау жүргізудің керектігі сияқты, жазушының да барлаушы, зерттеуші болып, содан кейін жаза бастауы өмір заңдылығы. Ал ол орасан жұмыс, қажымас еңбекқорлықты талап етеді. «Егінші жауында тынығады, балықшы дауылда тынығады», деген мəтел бар, ал Төлеген болса жауында да, дауылда да жаза беріпті, жаза береді. Жоғарыда айтылған еңбектеріне қоса оның қаламынан туған онға жуық драмалық шығармаларын ұмытуға болмайды. Олар Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларының сахналарында қойылды. Əсіресе, «Ұмытпа мені, Гəккуім», «Ар мен ақша», «Шың мен шыңырау», «Кене ханның қазасы» атты пьесалары көрермендерден жоғарғы баға алды, сыншылар да сол тұжырымға ден қойды. Төлеген Қажыбаев аударма саласында да елеулі еңбек етуде. Оның табыстылығы қазақ оқырманына басқа елдердің өзі қызыққан ақындарының шығармаларын тəржімелесе, əлемдік жақсылықпен жалғасуға деген құштарлығының айғағы. Орыс тілінен аударғандарына қосымша ол эстон поэзиясының антологиясын жасауға үлкен шеберлікпен қатынасты. Солтүстік Кавказ ақындарының шығармаларын ана тілінде əдемі сөйлетті. Өз туындылары да орыс, украин, моңғол тілдеріне аударылып, жаңа өріс тапты. Жуырда ғана дүниеден өткен досымыз, Қазақстандағы орыс ақыны, «Нива» журналының Бас редакторы Владимир Гундарев Төлегеннің өлеңдерін «Сокровенные мысли» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Қаламгердің айта қаларлық еңбегі ол əлем əдебиетінің классиктерін аударуы. Р. Акутагаваның новеллаларын жəне Ю. Мисиманың «Алтын хибадатхана» романын қазақ оқырманына ана тілінде жеткізді. Тағы да ұмыт қалдыруға болмайтын ақынның асыл табысы – оның қырықтан астам өлеңдері əнге оранды, əуенге бөленді, халықтың жүрегіне жылдам жетті. «Əгу-гəй-домбыраны» естімеген қазақ жоқ шығар. Алыстағы композиторлар мен ауылдағы Мəриям Кенжеахметова сияқты тамаша сұлу саз иелерімен Төлеген байланысын үзбей келеді. Оған оның əр буыны үн беріп тұрған, əнге бейім нəзік лирикасы себепкер. Бұл жалғастық үзілмесін деп тілеймін. Төлеген Қажыбаев ұзақ жылдар журналистика саласында көсемсөздің шебері болып, оған қоса қаламгерлік шығармаларымен жетпіс жылдық өміріне үлкен із қалдырса, Отан-анасы бұл орасан еңбегіне лайықты бағасын берді. Ел алдында сіңірген ерен еңбегі үшін 1980 жылы Т. Қажыбаевқа Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қызметкері атағы берілді. Тəуелсіздік орнағалы атқарған азаматтық өресі зор еңбектері үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық Журналистер одағының лауреаты атанды. Төлеген – Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Ақтұйғын ақын, қажырлы қайраткер, тамаша драматург, прозашы Төлеген Қажыбаев – үлкен əулеттің атасы. Ол жан жары жоғары білімді дəрігер Ярапия екеуі бақытты тұрмыс құрып, қызғылықты өмір кешуде. Екі ұл, үш қыз, төрт немересі бар. Үлкен ұлы Арман заңгер болса, кіші ұлы Аянды мен журналда көріп, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған еңбегімен таныстым. Ол филология ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде дəріс оқиды екен. Бесеудің біреуі əке жолын қуса, ол да үлкен қуаныш. АСТАНА.
Ел тарихында тўѕєыш рет Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда «Сэнури» консервативтік билеуші партиясының өкілі Пак Кын Хе жеңіске жетті. Осы елдің сайлау комиссиясы таратқан мəліметтер бойынша, аса тартысты өткен президенттік сайлауда Пак Кын Хе өзінің негізгі бəсекелесі Мун Чже Инді артта қалдырып, сайлаушылардың 51 пайыздан астам дауысына ие болды. Ел тарихында тұңғыш рет президенттікке əйел адамның сайлануы оның еншісіне тиіп отыр. Енді ол 2013 жылдың ақпанында өкілеттігі аяқталатын Ли Мен Бакты ауыстырады. Пак Кын Хе генерал Пак Чон Хидің қызы. Əкесі кезінде Оңтүстік Кореядағы ең көрнекті тұлғалардың бірі болған. 19631979 жылдар аралығында президент тағына да отырған.
Əскерилер жіберуді маќўлдады БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Мали елінің қауіпсіздігін қорғау мақсатында осы мемлекетке халықаралық əскери контингент жіберу мəселесін мақұлдады. Ұйым сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің барлығы жақтап дауыс берген. Халықаралық əскери миссияға ел үкіметінің солтүстік аймақтардағы терроршылармен, экстремистермен жəне қарулы топтармен күресіне көмек көрсету үшін «қажетті барлық шараларды» қолдануға да рұқсат етіпті. Осыған байланысты қарарда жүзеге асырылатын операциялар халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын жəне адам құқықтарын бұзбау жағы атап көрсетілген. Миссияға бастапқы мандат бір жыл мерзімге берілген. «Франс-пресс» агенттігінің ақпараты бойынша, контингенттің міндеті – елдің қарулы күштерін дайындау, əскери операцияларға қолдау көрсету, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қорғау жəне босқындарды өз еліне қайтару.
Сердюковтыѕ да аты аталды Ресей Қорғаныс министрлігіне қарайтын «Оборонсервис» ісі бойынша қамауда отырған Дмитрий Митяев тергеушілерге берген жауаптарында бұрынғы министр Анатолий Сердюковтың ведомствоның мүліктеріне қатысты жасаған айла-шарғысы туралы айтып берді. Бұл жөнінде кеше «Известия» газеті жазды. Журналистерге белгілі болғанындай, Д.Митяевтің айтуынша, Сердюковтың жеке өзі «Оборонсервис» директорлар кеңесінің мүшелеріне, əсіресе, Е.Сметановаға министрліктің мүліктерін сату мəселелері бойынша қалай дауыс беру қажет екендігі жөнінде тапсырма берген көрінеді. Бірақ бұл тергеушілерді қызықтыра қоймаған. Ал Митяевтің адвокаты тарап кеткен ақпарат туралы айтып беруден бас тартқан. Ол тек Митяевтің ісі «Оборонсервистің» негізгі істерінен бөлек қаралып жатқанынан, Митяевтің ісін Тергеу комитетінің əскер басқармасы емес, ІІМ-нің тергеу департаменті тергегенінен хабардар еткен.
«Магнитский заѕына» ќарсы жауап АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ресейдің «Магнитский заңына» жауап ретінде қабылдаған алдағы уақытта америкалықтардың ресейлік балаларды асырап алуға тыйым салу туралы құжатына алаңдаушылық білдірді. Мемлекеттік департамент өкілінің мəлімдемесінде: «Біз заңның соңғы нұсқасын күтіп отырмыз, өзіміздің көзқарасымызды жеткізу мақсатында ресейлік ресми тұлғалармен байланысатын боламыз», делінген. Сонымен бірге, өкіл халықаралық асырап алудың арқасында жыл сайын «мыңдаған бала ата-аналы болатынын», ал америкалық отбасылардың өмірі жақсы екенін де атап өтіпті. Бұл құжатта АҚШ азаматтарының ресейлік балаларды асырап алуға тыйым салу ғана емес, АҚШ тарапынан қаржыландырылып, саясатпен айналысатын құрылымдардың қызметін тоқтату шаралары да қарастырылған.
Ќўжат материалдары жария етіледі Ливия үкіметі 270 адамды ажал құштырған Шотландияның Локерби қаласындағы террорлық əрекетке қатысты құжатты жария етпек. Құжат енді бір жылдан соң дайын болатын сияқты. Бұл кеше, яғни террорлық əрекеттің 24 жылдығына байланысты хабарланды. Аталған құжаттың жария етілуінің бір жылға жуық кешіктірілуін Ливияның Ұлыбританиядағы елшісі Махмұд Накуа билікке келген Ливия үкіметінің ең алдымен елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізу қажеттігімен байланыстырды. Оның үстіне екі ел арасында құжатты жария етуге қатысты қазірше ешқандай келісім жасалған жоқ. Террорлық əрекет 1988 жылы 21 желтоқсанда жасалған еді. Терроршылар «Боинг-747» ұшағын Лондоннан Нью-Йоркке ұшып шыққанда жарып жіберген болатын. Интернет материалдары негізінде əзірленді.
ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ
Ќўлыптаулы ќўлаќ
Сом білек жұмысшылар, Үй салып, жалданады. Үлескер үй ала алмай, Дүрлігіп, дал болады.
Бір шенеунік кеше ғана, Құлағын құлыптады. Жақсылап жапты-дағы, Кілтін ұмытпады.
Үй сатып, заңсыздықпен, Айлығым өсті дейді. Далада жүрген жұрттың, Дауысын естімейді.
Дейді екен, шенеунігің, «Үлескер айғайлары, Бір күні басылады». Біреуі қапа болып, Біреуі бас ұрады.
Оған кеп үлескерлер, Наз айтып шағыныпты. Кедейдің кемсеңінен, Шенеунік жалығыпты.
Сөздерін тыңдамайды, Желкесін қасынады. Аһ ұрып, дүйім халық, Өкініп, ашынады.
Арамза бұл шенеунік. Халықты басынады. Құлағы құлыптаулы, Қай күні ашылады?!
Əскери жїйе Бүгін: Дейді ме бізді жігер алдайды, Əскерді ешкім тілеп алмайды. Ата-анасы күшін салғанмен, Баласын қазір жібере алмайды.
Ақшасы құрғыр жол байлады да, Қолы қысқалар қайғыланып тұр. Əскерге бару жағдайларында, Байшікештердің бағы жанып тұр.
Ертерек барып тізімге жазыл, Болмайды саған дүние əзір. Əскерге бару қиындап кетті, Атаңның құнын сұрайды қазір.
Барып келгеннің бағы болатын, Шырқайтын ұран əні болатын.
Сенбілік жасау
Кедей ұлдардың қайғылы жаны, Аяқтан келед тайдырып əлі. Қалатын өңкей жарлы-жақыбай, Баратын өңкей байдың ұлдары.
Жердің түбіне қашып кетсең де, Соңыңа түсіп тауып алатын.
Шаруа сосын жеңілденетін, Құрдымға жастық өмір кететін. Аталарының құнын сұрамай, Əскерге ұлдар тегін кететін.
Астананы кґшіру Сабыржан Шүкіров «Сұхбат» газетінің редакторы болып тұрғанда тотияйын тілді журналист Жұматай Сабыржанұлын Алматыға талай рет жұмысқа шақырса: – Ақмолаға үйреніп қалдым. Елден, Арқалықтан алыстап кетемін ғой, – деп бармапты. Сол Астана Ақмолаға көшіп жатқанда Жұматайға Сабыржан ағамыз: – Сен Алматыға келмеген соң, астананы сен тұрған жерге көшірдік, – депті.
Қорқау білдіріп сұрайды, Қу күлдіріп сұрайды.
Солаќай сґздік Биліктегі кресло – мансапқордың түн сайын түсіне кіретін елес. *** Ақша – байдың көңілін табатын, кедейдің миын шағатын қағаз. *** Қарыз – мойныңа мініп алатын, ішкен-жегеніңді сығып алатын сүлік. *** Мода – қыз-келіншектерді мəнімен емес, сəнімен шешіндіретін епті. *** Заң – арнасын жиі өзгертіп ағатын өзен. *** Кеден – ақша санап отыруға арналған бекет. *** – өнерпаздың Клип
қимыл-қозғалысын өрнектейтін кино. *** Əдеби сын – ұзақ жылға ұйқыға кеткен дəу. *** Жанар жағар май – қай мезгілде қымбаттайтынын аңдып отыратын есепші. *** Жабайы сауда – қақпақсыз қазан. *** Жезөкше – еркегі көп, күйеуі жоқ жесір. *** Сатира – ататыны бар, тататыны жоқ мерген. *** Пара – алатын алақанның қышуын тез қандыратын дəрі.
Мəні өзгерген мəтелдер
*** Жер дауы – қолы ұзындарды емірентетін, кедейлерді еңірететін жыр. *** Əлеуметтік мəселе – аяқ талмайтын əңгіме. *** Тест – миыңмен қоса ішкі киімдеріңе дейін түгел тінтіп шығатын сұғанақ. *** Тозығы жеткен жол – көлігіңді секіртетін, май бөксең мен ішекқарныңды өкіртетін сүрлеу. *** Қаңғыбас – отаны бар, отауы жоқ пақыр. Жүніс ҚОҚЫШҰЛЫ. Алматы облысы.
Су ре
тті
сал ған
В.Ш
ило
в.
Көке, бекерге отырсың. Басымнан өтті – бақыт ақшада емес екен...
Ауылдың айтқыштары
Неге шаппасын, шабады... Кезінде кеңшардың шаруашылық ауласында жұмыс істеген Амантай есімді қылжақбас жігітті Маралды өңірінің халқы ұмытқан жоқ. Бірде кеңшарда облыс орталығынан асыл тұқымды айғыр əкелініп, оның күтімі əлгі Амантайға жүктеліпті. Қолды-аяққа тұрмайтын асау мал байыз таба ма, өз аяғын өзі шауып алып, ақсап қалған екен. Мұны көрген бас зоотехник қатты ренжиді. – Осының бəрі дұрыс қарамағандықтан, – деп зекиді ол, – енді ақсақ айғыр биеге шаба ма? – Неге шаппайды, аға, шабады, – депті анау айылын да жимастан, – ана аяғы қара саннан жоқ Мəусейіттің он екі баласы бар ғой...
Не басына кїн туды? Сонау сексенінші жылдары біздің ауылдың қойшылары жайлауда отырғанда қолдары бос уақытта «марал тамыры» деп аталатын дəрілік шөпті жинаумен де айналысатын. Күршімнен арнайы келетін дайындаушылар оны өлшеп алып, əжептəуір ақша төлейтін еді. Осы тамырды қазумен шындап айналысқан Қазбан
Сапар ƏБІЛКƏКІМТЕГІ. ҚОСТАНАЙ. Кімге керек құр сіз-біз, Мың сіз-бізден бір шыж-быж.
Олжас ҚАСЫМ. АЛМАТЫ.
Адам емес, Ақша дос. Ақшаңа тек ақша қос!..
Кабдолла Жанғабыловтың «Албарбөгет» кеңшарында кəсіподақ комитетінің төрағасы кезінде шашылған жемдік бидайды көріп, директор: – Мынау, не масқара?! Шопандарға жем жеткізе алмай жатқанда, далаға шашып. Қазір секретарь көрсе көзімізге көк шыбын үймелетеді. Тездетіп жинаңдар, тапсырма беріңдер, мектеп балаларын салыңдар, – деп күйіп-пісіпті. Сонда Қақаң аспай-саспай: – Оның жарасы жеңіл, қазір сенбілік жасаймыз да, қарқылдаған қарғалар мен шықылықтаған торғайларды жауып жібереміз – депті.
деген шопанның үйіне бірде əлдеқандай шаруамен Маралдыдан бір қария келеді де, оның кішкентай ұлынан: «Əкең қайда?» деп сұраса керек. – Корень қазып жатыр, – депті анау. – Кімнің көрін? – дейді сасып қалған қария. – Өзінің! – Астапыралла! – деп жағасын ұстаған екен сонда ұғынбаған қарт. – Тірісінде өз көрін өзі қазып, не басына күн туды екен?!
«Мерседеспен» пара-пар екен-ау – Өмірлік жар таңдағанда қателеспеу керек. Түсініп, тіршілік етуді ерте бастан қамдаған жөн. Мына нарық заманында қайта-қайта той жасау да оңай емес, – деп пəлсапа соққан Жолдасбекке баласы Еркін: – Келін алғанда қанша шығын кетеді? – деп қарсы сұрақ қояды. – Шамасы 1 миллион теңге болар... – Дəм-тұз жараспай, келін төркініне қайта кетіп қалса, бір «Мерседесті» аударып, жарамсыз еткенмен пара-пар екен ғой, – депті ол. Көрген БІЛГЕНОВ.
Жемқорлық деген жақсы екен, Қаржы бар жер көп болса. Парақорлық та жақсы екен, Халықтың қарны тоқ болса.
Бұрын: Əскери жүйеміз басқа болатын, Баратын жайсаң, қасқа болатын. Ұлдарын қимай анасы жылап, Етегі моншақ жасқа толатын.
...деген екен
бойынша да іздегеніңізді таба аласыз. Əлеуметтік қамту жəне əлеуметтік сақтандыру сегментінде, əсіресе, жүкті əйелдерге, босанған жəне баласы 1 жасқа толмаған əйелдерге төленетін жəрдемақы төңірегіндегі сұрақтар көп кездеседі. Жас аналарға декреттік демалыстан кейін жұмыс орнының берілмеуі, тіпті, қызметінен босатылуы сынды проблемалар кездесіп жатады. Ал, Байланыс орталығы мамандары мұндай жағдайда жүкті əйелдерге өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Еңбек қатынасы мəселесіне келсек, азаматтар негізінен еңбекақы проблемасымен жиі бетпе-бет кездесіп жатады. Тұрғындарды негізінен, коэффициенттік көрсеткіштегі өтемақы жəне жалақы есебі алаңдатады екен. Еңбекақысы мəселесіне мемлекеттік қызметкерлермен бірге денсаулық сақтау жəне білім саласының мамандары да қызығушылық танытады. Ал, жұмыспен қамту мəселесіне келсек – Кеден одағы құрылғалы бері шетелден жұмысшыларды тарту тəртібінің өзгеруі жайлы; бос жұмыс орындары жəне «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мəселелер жиі қозғалып жүр. Ақпараттық орталық қызметкерлері келіп түскен қоңыраулар мен өтініштерді тиімді өңдеуі үшін көп деңгейлі жүйе қалыптасқан. Бірінші деңгейде – операторлар. Олар хабарласқан азаматқа базалық ақпаратты ғана береді. Ал, қоңырау шалған адамға қосымша мəлімет керек болса, байланыс екінші деңгейге шығарылуы тиіс. Əдетте, негізгі мəселенің барлығы осы деңгейде шешіліп жатады, кейде тіпті, үшінші немесе одан да жоғарғы деңгейлерге өтіп кетеді. Талапқа сай, үшінші деңгейде жəне одан жоғары деңгейлерде біліктілігі жоғары, өте тəжірибелі қызметкерлер қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың біразының алдына азаматтарға ақпарат алуды жеңілдету сынды тапсырма қойылып отыр. Айта кету керек, Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында халықтың əл-ауқатын арттыру жəне экономиканы нығайту бойынша негізгі тапсырмаларды анықтай отырып, «Электронды үкіметті» дамыту арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру керектігіне ерекше назар аударған. Бүгінде азаматтар тарапынан электронды қызметтерді «Электронды үкімет» жүйесінің порталы арқылы алу кең қолданыста. Қазіргі таңда халыққа электронды мемлекеттік қызметтің 12 түрі ұсынылған жəне бүгінге дейін бір миллионға жуық азамат осы қызмет түрлеріне жүгініп үлгерді. Ал, əлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін ұйымдастыру үшін ағымдағы жылы «Электронды макет» жүйесі енгізілді. Тұрғындарға əлеуметтік еңбек салалары бойынша ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту жұмыстары бұл жетістіктермен шектеліп қалмайды. 2013 жылы зейнетақы төлемдерін жəне мемлекеттік жəрдемақыны белгілеу, есепке алу, жұмыс сыз азаматтарды есепке алу жəне оларға жұмысынан айырылып қалған жағдайда əлеуметтік төлем белгілеу, мекенжай əлеуметтік көмегі, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен көмекке мұқтаж деген азаматтарға əлеуметтік көмек көрсету сынды оннан аса мемлекеттік электронды қызмет көрсету түрлерін енгізу жоспарланып отыр. Ал, енді сауал жолдау үшін не істеу керектігін қысқаша айтып кетсек. Кез келген азамат Байланыс орталығымен www.info.mintrud. kz электронды адресі арқылы байланысқа шыға алады немесе барлық байланыс телефондары жəне ұялы байланыс операторларынан 1411 қысқа нөмірін теру арқылы Байланыс орталығына хабарласа алады. Байланыстың барлық түрі тегін. Сонымен қатар, 1411 нөміріне тегін SMS жолдап, өз елді мекеніңіздегі бос жұмыс орындары жайындағы ақпараттан хабардар бола аласыз. SMS жолдағаннан кейін сіздің ұялы телефоныңызға бос орындары бар жұмыс берушілердің байланыс телефондарының нөмірі хабарлама ретінде келеді. Бүгінде Байланыс орталығының тиімділігіне 200 мыңнан астам қазақстандық оң бағасын берді жəне бұл көрсеткіш тоқтаусыз өсуде. Уақыт пен өмір бір орында тұрмайды, сондықтан, халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту үдерістері үнемі жүргізіліп отырады.
CӨЗ СОЙЫЛ
Əзілің жарасса...
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің Анықтамалық-ақпараттық байланыс орталығы жайында естіген боларсыз. Бəлкім, біреулер үшін бұл жаңа қызмет түрі заманауи болғандықтан, түсініксіз де болар. Сондықтан біз осы орталықтың пайдалы тұстарын жəне жалпы қызмет көрсету аясы жайында айтып бермекпіз.
Байланыс бар! Қазақстан – зейнетақы жүйесін реформалаған жəне осы бағытта айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізген бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан жалғыз мемлекет. Жасыратыны жоқ, зейнетақы мен жəрдемақыны дер кезінде төлеу мəселесі əлеуметтік саладағы маңызды проблемалардың бірі. Сонау 1997 жылы зейнетақы реформасын жүзеге асыру мақсатында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны құрылған болатын. Аталған орталық зейнет ақы мен қамту жүйесіндегі ең негізгі институттық құрылым жəне еліміздің қаржылықəлеуметтік инфрақұрылымының басты элементіне айнала білді. Алғашында, зейнетақы реформаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған орталық бүгінде республиканың əлеуметтік жəне қаржы саласында мемлекеттік маңызы бар қызметтерді атқаруда. Егер 1997 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық тек зейнетақы төлеумен ғана айналысып келсе, қазіргі таңда ол халыққа əлеуметтік төлемдердің 42 түрі бойынша қызмет көрсетіп келеді. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың базасында міндетті зейнетақы жарнасы бойынша Ортақ тіркеу орталығы құрылды. Осылайша, жинақтық зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық жəне қаржылай ағымдары бір Ортақ тіркеу орталығына шоғырландырылып отыр. Өз кезегінде, бұл қаржылық сенімділіктің артуына жəне қорлардың жұмысының айқын болуына, зейнетақы жинақтау жүйесінің субъектілеріне бақылау мен басқарудың тиімділігін күшейтуге, халықты қамтудың ауқымын кеңейтуге, міндетті зейнетақы жарнасы төлемінің тиімді өсуіне мүмкіндік туғызады. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық – есепке алуды ұйымдастырудың жа ңа технологиясы енгізілген, мəліметтерді электронды өңдеу арқылы əлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын, зейнетақы мен жəрдемақы алатындардың орталықтан дырылған базасы бар ТМД елдеріндегі жалғыз əлеуметтік институт. Инновациялық технологияларды енгізу жəне пайдалану, Елбасы Жолдауында жəне Үкімет шешімінде айтылғандай, əлеуметтік төлемдерді дер кезінде төлеуге мүмкіндік туғызады. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылған кезінен бастап бүгінге дейін бүкіл елде оның желілері ашылды, салымшылар мен алушылардың мəліметтер базасы қалыптастырылды, білікті мамандар даярланды, клиенттерге дер кезін де қызмет көрсету жүйесі қалыптасты. Осынау орталықтың қазіргі таңда 16 облыстық жəне 202 аудан-қалалық филиалдары мен бөлімдері жұмыс істеуде. Күнделікті орталық қызметін түрлі əлеуметтік мəселелер бойынша 20 мыңға тарта тұрғын пайдаланады. 2011 жылдың қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Ақпараттық-кеңестік қызмет көрсету департаменті базасында Ақ параттық-анықтамалық байланыс орталығын құрған болатын. Жаңа жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат – əлеуметтік-еңбек саласы бойынша халыққа ақпараттық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту. Байланыс-орталықта сіз маңызды сауалдарыңызға түсініктеме мен мамандар пікірін ала аласыз, сонымен қатар, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамту, əлеуметтік қамту жəне əлеуметтік сақтандыру мəселелері бойынша ақпараттарды іздеуде уақыт үнемдейсіз. Байланыс орталығының көрсететін негізгі қызметі – зейнетақы жəне жəрдемақы алушыларды, мүгедектерді əлеуметтік қамтуда ақ параттық қолдау жасау; жұмыс қа тұруға көмек көрсету; жұмыс берушілерге ақпараттықанықтамалық мəлімет беру жəне өзге де қызмет түрлері. Байланыс орталығы тиісті жəрдемақыны алу үшін кімге қандай құжатпен бару керектігін түсіндіреді. Сондайақ, міндетті зейнетақы жарнасын қайтару, құжаттардың сəйкессіздігі жəне мұрағат құжаттарына талап, төлемдерді тоқтату/жандандыру, Қазақстан Республикасы аумағына кірер/шығар кезде төлемдерді тоқтату/жандандыру, елшілікке есепке алу сынды сауалдарға жауап береді. Жəне де, мемлекеттік кепілдіктегі қаржыны алу, мүгедектерді сауықтыруды қамтамасыз ету сынды мəселелер
9
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Бай байға құяды, Жай қайда құяды?! Қазыбек ƏШІРБЕКҰЛЫ.
ашқарынға жедел хабар келіп түсті. Əне, көрдіңіз бе, оның тіпті қос құлағын қайшылап, есінеп отырғанын. Сіздің сыныңызға былқ етер емес. Сіз қорытынды сөз сөйлеп, кешірім сұраған кейіп танытып, күніміз үшін төрт аяғын төбемізге ойнатып, мақтай көріңіз, бір есебін табыңыз... Аю бастықтың жүні жығы лып, қыс бойғы үңгірдегі ұйқысынан жаңа оянғандай, қапелімде түсі бұзылып кетті. Бітік көзі жыпылықтап, одан бетер сұрықсызданды. Ол енді жиын аяқтала бере шойнаңдай басып мінбеге келді де, ішінен жылап тұрса да, екі езуі күлімсіреп, гүрілдеген дауысы дірілдеп тұрды. – Ал енді, мен жаңа ғана мына отырған Есекем туралы аз-кем артықтау
р а б а х с ы є а Ќ ҚЫЗЫЛОРДА.
Орманда аң-құстар аласапыран жиналыс өткізіп жатыр. Бірінші болып аю бастық арбаңдап келіп мінбеге шықты. Бірден əй-шайға қаратпай «бас маман» болып істейтін есекті «сен жəндіксің» деп жерден алып, жерге салды. – Мына есек деген мақұлы ғымыз, төрт аяқты деуге аузым бармай тұр, айтқанға көнбейді, айдағанға жүрмейді. Өзімбілерменділікке салынып, өзеуреп, иығын темір істікпен шұқымасаң, аяғын баспайды. Кез келген жерде ақырыпшақырып, тəртіп дегенді тəрк етеді. «Күші адал, еті арам» деп қаншама мақалдата мадақтасақ та, үкілі үмітімізді ақтаған емес. Мұнымен қоймай, жүрген жерінде түтіндетіп өсекті де өкіртіп жүреді. Сыртымыздан сыпсыңдап: «Аю – жебір, түлкі – алдампаз, маймыл – нəпсіқұмар...» деп айтуға қалайша дəті барып, аузы-мұрны қисаймай жүр десеңізші. Тіпті, бұл бізді бара-бара «сыбайлас жемқор» деп өтірік арыз жазудан да тайынбас. Əнеукүні өзіміздің «Қызыл кітапқа» жазылған аңқұс бауырларымызға қорған, үйшіктер салуға тендір өткізгенімізде, «Комиссия бастығы алдын-ала алым алып, тендірді тексіз түрде өткізіп, Түлкішекке алып берді» деп те əңгүдік əңгіме айтыпты. Ал комиссия бастығы ала жіпті аттамайтын, шындық деп шырылдап жүрген мен емес пе? Бұл есек жаңа заман ағысынан кейін қалған, ой-пікірі ескіріп тозығы жеткен, митыңдап артта жүрген пəтшағар. Абзалы, мұндай «микробтардан» арамызды алшақ салмасақ болмас... Аю бастық жапырақ төсенішті қарағай креслосына келіп отырды. Сол сəт оның орынбасары Ақтиін қарындасы Аюдың құлағына сыбырлады: – Ойбай, сіз естімеген екенсіз ғой! Есектің орман-тоғайды адамдардан қорғау жəне сақтау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғаны жөніндегі бүгінгі, таңертең, яки
кеттімау деп тұрмын. Бір жағы тегімізге тартқан қаталдық, бір жағы бастың «давлениесі» бар. Ол үшін, əрине, Есекемнен кешірім сұраймын. Жұмыс болған соң үнемі «шыбынсыз жаз» болып тұрмайтыны түсінікті. Қай-қайсымызда да кемшілік бар. Кемшіліксіз жұмыс та болған емес. Шынында да, Есекем жорға желісті, тұлғасы келісті, алымы өрісті, аты есек демесең, анау-мынау жорғаңды жолға тастап кетер қыдыңдаған қас жүйрігіміз. Жарықтық қамыс құлағын қайшылап жіберіп, ақырып қалғанда, Алатау айырылып, Қаратау қайырылып кетпей ме? Бүкіл жер-дүние дүр сілкінеді ғой. Сірə, сол кезде тіріні былай қойғанда, өлілер де оянып, əн салғанына мына өзім куəмін. Бір өзі бір түйенің емес, бір керуеннің жүгін көтеріп жүре береді-ау. Таяуда біз Есекемнің көп жылғы қажымас ерен еңбегін бағалап, «Алыпсоқ» орденіне ұсынғалы отырмыз. Аң-құс біткен ду қол шапалақтады. Түкке түсінбеген есек қалғып-мүлгіп отыра берді. Жиын тарады. Аю бастық аяғын санап басып, есектің жанына өзі келді. – Есеке, бір жаңалық хабар естіп жатырмыз. Ұзағынан болсын. Енді, ортайып қалған орманымыз оңынан оралып, құлпыра жайнап, жапырағы аспанға атар деп отырмыз. – Аюеке, ол қандай жаңалық? – Сіз біздің «Үскентау» басындағы министріміздің бірінші орынбасары болғалы жатқан көрінесіз, бізден несіне жасырасыз. – Ой, тəйір-ай, рас болса рас болар. Бірақ жақында бізге келетін министрдің орынбасары Бөлтірік батырды Есекең арқасына мінгізіп, орманды аралатып шықсын. Бүлдіргіш күш «адам қара» дейтін екі аяқтылар жоқ па екен, тазалық, тəртіп қалай екен? – деген хабарды қағыс естіген болдыңыз ғой... Əзірбайжан ҚОНАРБАЕВ. Маңғыстау облысы.
Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР
10
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Жемқорлық – індет, жою – міндет!
Дəуір дауысы
Бірнеше жыл бойы жергілікті қазынаны сүліктей сорып, миллиардтаған қаржыны қалталарына басқан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жергілікті қаржы полициясы əшкереледі.
Шенеуніктердіѕ ќылмыстыќ тобы тоќырады Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».
«Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жуырда өткен мəжілісінде облыстың сыбайлас жемқорлықпен күрес жайлы есебі тыңдалып, мемлекет қаражатын бас пайдасына жаратқан шенеуніктердің іс-əрекеттері сынға алынды. Онда белгілі болғандай, Петропавл қаласы əкімдігінің бір топ қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, көп жылдар бойы қала базарлары мен сауда орындарынан жиналған салықтың едəуір бөлігін жымқырып келген. Облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы Нұрлан Шабдар бюджетке құйылуға тиісті қаражат жеке адамдардың қалтасында кеткенін растады. Жергілікті салық жинау бөлімінің өкілдері базарлар мен сауда нүктелерінде жұмыс істейтін заңды жəне жеке тұлғалардан алынатын салықтың жартысына жуығын ғана рəсімдеп, қалғанын өзара бөліске салған. Осы жерде жең ұшынан жалғасқан талан-таражға неге тосқауыл қойылмаған, құқық қорғау органдары қайда қараған деген сауалдың тууы заңды. Мəселе түсінікті болу үшін əңгімені əріден бастайық. 2009 жылы 4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, полиция подполковнигі Сұлтан Ноғаевтың аса ірі көлемде (120 мың АҚШ доллары) пара алу үшін лауазымды адамдарды бопсалады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынуы талайлардың төбесінен жай түсіргендей болды. Бұған дейін Маңғыстау облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомоствосына жетекшілік еткен оның атышулы қылмыстарды əшкерелеуімен аты шыққан еді. Мəселен, Ақтау қаласында жеке меншікке заңсыз
өткізілген балабақшаларға қатысты көптеген былық-шылықтың беті ашылып, Елбасының тікелей нұсқауымен ірі тұлғалы шенеуніктер жылы орындарымен қоштасқаны белгілі. Cірə, оның заңға ғана мойынұсынатын табандылығы əлдекімдерге жақпай қалған болу керек, кейінірек облыстық прокуратура оның үстінен қылмыстық іс қозғап, тек Қауіпсіздік Кеңестің араласуымен ғана басы арашаланған болатын. Ол Қызылжар өңіріне келе салысымен талай жолсыздықтарға қылбұрау салды. Петропавл қаласының əкіміне, орынбасарына, Ақжар ауданының прокурорына қатысты қозғалған қылмыстық істер үлкен қозғалыс тудырды. Осындай жанның əділдіктің ақ жолынан ауытқуы мүмкін бе? Жаңа қызметке тағайындалғанына бір жыл өтпей жатып адам сенгісіз алымды талап етуі талайларды əрі-сəрі ойға қалдырып, қоғамдық пікір екіге жарылды. Оның бұл əрекетін біреулер жемсауы бүлкілдеген жемқорлардың ісіне қосса, енді біреулері алдын ала ұйымдастырылған арандатуға балап жатты. Не керек, ел ішін алатайдай дүрліктірген сол оқиғаның дүмпуі əлі күнге дейін жаңғырып тұрғанына қарағанда мəселенің байыбына тереңірек үңіліп, зерделей түсуді қажет ететін дүдəмəл тұстары жоқ емес сияқты. Сондықтан С.Ноғаевтың ұсталуына не себеп болғанын оқырмандарға баяндай кетейік. Басты айыпталушының соттағы сөзіне қарағанда, ол сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатымен «шүрегейлерді» емес, «шортандарды» құрықтауды мақсат еткен. Арадағы делдалдардың қылмысты жабулы қазан күйінде қалдыруға үгіттеген ұсыныстарына илікпеген, мəмілелеріне көнбеген. Оның ақыры «Хан ауылы» мейрамханасында мол көлемде пара алуға алдын ала ұйымдастырылған арандатуға ұласқан. Оған дəлел ретінде арнайы белгіленген ақшада саусақ іздерінің жоқтығын, бейне жəне дыбыстық жазбалардағы сөздерді көлденең тартады. Алайда, оның жел диірменмен алысқан Дон Кихот құсап, «жалаңаш барып, жауға шаптың» керімен тамыры
тереңде жатқан қылмысты жалғызжарым əшкерелеуге ұмтылуы, қол астындағы құрылымдық күштерді жұмылдырмауы, шырмауықша шырматылған торға түсіп қалуы түсініксіз. Ұстау операциясын жүргізген облыстық ұлттық қауіпсіздік басқармасының уəжі күдікті өз əрекетін күнібұрын ойластырып, саналы түрде барған дегенге сайып, ауыр айып тақты. Сөйтіп, қаржы полициясының бұрынғы бастығы сот үкімімен 10 жылды арқалап кете барды. Егер сол кездегі облыс прокуро рының орынбасары Дмитрий Ивановтың сұхбатына зер салсақ, жергілікті салық жинау саласында сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрғанын бірден аңғаруға болады. Прокуратура мен салық комитетінің бірлескен рейдтері жемқорлардың жемсауында кеткен қаражаттың көлемін жіпке тізгендей түгендеп берген. 2009 жылы қала аумағындағы базарларға 15 күн бойы тексеру жүргізіліп, бір айда 14-15 миллион теңгенің шүлен үлестіргендей пышақ үсті бөліп алынғаны анықталған. Бір таңқаларлығы, құқық қорғау органдары жауырды жаба тоқып, ұйымдасқан қылмысқа көз жұма қараған. Оның соңы халық қазынасын жымқырушылардың ешқайсысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылмастан жеңіл-желпі жазалармен құтылып кетуіне соқтырған. Жегендері желкесінен шықпақ түгіл қылмыстарын емін-еркін жалғастыра берген. «Көп асқанға-бір тосқан», «Дəніккеннен құныққан жаман» деп текке айтылмаса керек. Тойымсыздық, ашкөздік түптеріне жетті. «Солтүстіктің Катаниі» («Спрут» фильмінің басты кейіпкері комиссар Катаниді еске түсіріңіз) ақырына дейін жеткізе алмай кеткен ұйымдасқан қылмысты əріптестері құрықтап, жергілікті салық жинау бөлімінің инспекторы мен сектор жетекшісі тұтқындалды. 5 адам қолхатпен босатылды. Тағы бірқатар адамдар күдікті ретінде жауапқа тартылды. 5 жылда 1 миллиард теңге ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Бүгінде тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданды. Солтүстік Қазақстан облысы.
Туған тілдің толғағы
Маѕызды мəселеге барынша мəн берілуде Республикада халқының саны жағынан алғашқы орынды алатын Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 717 444 өзге ұлт өкілі қоныстанған. Бұл дегеніңіз, қазағы басым Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұратын барлық өзге ұлт өкілдерін қосқан кездегі көрсеткіштен де жоғары. Яғни, оңтүстікті өзге ұлт өкілдері ең көп шоғырланған облыс деуге болады. Өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігін өзбектер, орыстар, тəжіктер жəне əзербайжандар құрайды. Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
– Облыста тұратын өзге ұлт өкілдеріне ана тілінде білім алуына толық жағдай жасалынған. Өңірде 2 өзбек, 111 қазақ-орыс, қазақ-өзбек балабақшасы, 10 орыс, 57 өзбек, 2 тəжік, 218 қазақ-орыс, қазақ-өзбек, тəжік мектептері мен колледждері бар. Облыстағы этномəдени орталық жанында ана тілімен қатар мемлекеттік тілді оқып-үйрететін 16 жексенбілік мектептер мен филиалдары жұмыс істейді. «Возрождение» неміс этномəдени орталығындағы 5, иран мен күрді этномəдени орталықтарының əрқайсысында 2, татар-башқұрт, ұйғыр, грек, поляк, корей, армян, еврей этномəдени орталықтарында 1 жексенбілік мектеп бар. Ал түрік этномəдени орталығы тарапынан 17 мектепте 1105 адамға түрік тілін оқытатын факультативті сабақ ұйымдастырылған жəне 3 қазақ-түрік лицейінде, Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады. Бұдан бөлек, орыс, өзбек драма театрлары, 8 қазақ-орыс тілдерінде, 29 орыс тілінде, 10 өзбек тілінде, 1 қазақ-өзбек тілдерінде таралатын бұқаралық ақпарат құралдары бар, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаева. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларында: «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз функцияларында қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек» дегені белгілі. Мемлекет басшысы халыққа арнаған былтырғы Жолдауында: «Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», – деді. Оңтүстікте бұл межені бағындыру аса қиындық туғызбайтын сияқты. Өйткені, өңірде 2005 жылғы мəлімет бойынша 117 мектепке дейінгі мекеменің 45-інде (38 пайызы) ғана балалар қазақ тілінде тəрбиеленсе, бүгінде олардың саны біршама артқан. Биыл мектепке дейінгі мекемелердің саны 1039-ға жетіп, онда 62 878 бала қазақ тілінде тəлім-тəрбие алып жатыр. Ал орта мектептердегі 534 195 оқушының 74 пайызы қазақ сыныптарында оқиды. Жыл санап қазақ балабақшаларына, қазақ сыныптарына барып жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны да артып келеді. – Дегенмен, орыс тілінде білім алуға ұмтылатындар əлі де баршылық. Өзге ұлт өкілдерінің балаларын қазақ топтарына тарту қажет. Осы тұста аудан, қалаларда атааналар мен оқушылар арасында насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажет, – деді Б. Көмекбаева. Жоғарыдағы Елбасының тапсырмасына сəйкес 2020
жылға дейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы, қарапайым халықтың 95 пайызы қазақ тілін белгілі бір деңгейде (дəлірегі «Қазтест» бағдарламасымен бағалау жүйесі бойынша) біліп шығуы тиіс. Бұл орайда тіл үйрететін ұстаздарға жүктелген міндет ауқымды. Əсіресе, тіл пəндерінен сабақ беретін ұстаздардың біліктілігін көтеруге баса мəн берген жөн. Биылғы оқу жылында облыс мектептеріндегі қазақ тілі пəні мұғалімдерінің 39,1 пайызы, орыс тілі пəні мұғалімдерінің 28,4 пайызы, ағылшын тілі пəні мұғалімдерінің 21 пайызы, неміс тілі пəні мұғалімдерінің 7,4 пайызы, өзбек тілі пəні мұғалімдерінің 19,8 пайызы сырттай оқу түрін бітіргені анықталып отыр. Тілді сапалы оқытатын білікті ұстаздарды жұмысқа тарту мəселесіне көп мəн беру қажет екендігіне назар аударғымыз келеді, – дейді басқарма бастығы. Бұл жерде аудан, қала əкімдіктері мектепке баратын оқушылардың санына алдын ала талдау жасап, соған сəйкес жоғары оқу орындарына сұраныс жасауы керек. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мамандықтары бойынша оқитын болашақ ұстаздардың білімі мен біліктілігінің жоғары деңгейде болуы қадағалануы тиіс. Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын іске асыру мақсатында кейінгі жылдары облыста тілдерді оқыту орталықтарының саны көбейіп келеді. Бұрын мұндай орталық Шымкент қаласында ғана болса, былтыр ол Түркістан, Кентау қалалары мен Мақтаарал ауданында, биыл Арыс қаласы мен Шардара, Отырар, Созақ аудандарында ашылып отыр. Облыста тіл оқыту орталықтарының саны 8-ге жеткен. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, өңірде 25 жеке меншік тіл оқыту орталығы бар. Биылдың 10 айында мемлекеттік жəне жеке меншік нысандағы тіл оқыту орталықтарында 3940 адам тіл оқып үйреніпті. Қазақ тілін оқытуға ірі кəсіпорын басшылары да көңіл бөлуде. Атап айтар болсақ, «Қазақтелеком» АҚ-тың облыстық филиалында, «PetroKazakhstan Oil Prodakts» ЖШС-інде бүгінде мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылған. Б.Көмекбаеваның айтуынша, облыста мемлекеттік қызметшілердің 99 пайызы мемлекеттік тілде еркін ісқағаз жүргізе алады. 2011 жылдан бастап 10 аудандық, қалалық əкімдікте, 17 жергілікті басқармада, 29 аумақтық мекемеде ісқағаз жүргізу толығымен мемлекеттік тілге көшірілген. Бұған дейін бұл жұмыстар аумақтық мекемелерде кенжелеп келген екен. Алайда, бүгінде олар мемлекеттік тілге барынша мəн беріп, іс-құжаттарды қазақыландыруды 100 пайызға жеткізген. Оңтүстік Қазақстан облысы.
«Сґз сўлтаны – саф ґлеѕ»
Адамдардың сұлтаны сияқты сөздің де патшасы болады екен. Сөз сұлтаны – поэзия. Ал ондай салмағы саф алтындай сұлу сөз Олжас Сүлейменовтей шайырлардан төгілсе, жансарай бақшасында сайрандағандай бөлек күй кешесің. Мұндай ғажайып мүмкіндікті Алматы оқырмандарына «Альянс Банкі» АҚ сыйлады. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Оқырман үшін сирек болатын əрі романтикаға толы шығармашылық кешті де тек сұлу сөздермен ғана əдіптеуге болар еді. Бұл кездесу үлкен үзілістен кейін қайта қолымызға тиген ақынның жаңа өлеңдер жинағы жарық көруіне арналған-ды. Кітап аты Олжас ақынның Пушкинге арналған «Поэт красивым должен быть, как бог.., Кто видел бога? Тот, кто видел Пушкина...» деген жолдары мазмұнынан алынған. Муза мен мəртебелі музыка астасқан кеш
ақиқатында, поэзияны Алматының төріне шығарды. Алыста қалған жылдардан сыр тартып, өзі оқыған өлеңдерінің өмірге қалай келгенін тербеген ақын кешін М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының əртісі Бахтияр Қожа монологпен өріп отырды. Кеш барысында «Арт и Шок» театрының режиссері Галина Пьянованың жетекшілігімен қойылған перфоманстар да сəтті шықты. «Литературный Альянс» ƏҚ қолдауымен өткен кештің басты оқиғасы Олжас ақынның өзінің таңдаулы өлеңдерін оқуы еді. Төрде тұрған ақын жаңадан шыққан жинағын қолына алып, баладай мəпелеп, өзіне тəн мəнермен сахнада сұңқардай саңқылдады. Замана туралы толғады. Оқырманына сыр төкті. – Ұлы оқырман елі көрермен мен тыңдарман еліне айналып келеді, кітап ақырындап артқа ысырылуда. Сондықтан оның (кітаптың) жарқын жүзін көру үшін қолдан келгеннің бəрі істелуде, – деген ақын кітаптың мəңгілік екеніне, сөз құдіретінің өлмейтініне сенеді. Айрықша толғаныстағы ақын сөз патшалығына саяхатын аяқтай бере, залдағы тыңдармандарға «аспаннан» аппақ қағаздармен өлең жауды. Білетін ел бір кездері Олжас
Сүлейменовтің «Адамға табын, Жер, енді» атты жыры тікұшақпен төгілгенін əрине, еске алды. «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев: «Біз өзіміз тəрбиеленіп өсіп шыққан, бірақ осы күні аздап жоғалған дəстүрді жаңғыртқымыз келеді: ол музыкаға деген, өнерге, жоғары, жақсы өнерге деген махаббат», – деді. Осы арада «Альянс Банкі» Олжас Сүлейменовтің «Адамзатты алайда мен алдамадым» атты жинағының да жарыққа шығуына қолдау көрсеткен айта кетуге болады. Қолымызға тиген жаңа кітап – сол жақсы бастаманың жарқын жалғасы. Кеш мұнан кейін камералық оркестрдің сүйемелдеуімен секстет музыкант Арман Мұрзағалиевтің орындауында «Флоренциядан базарлық» атты П.Чайковскийдің ғажайып шығармасына ұласты. АЛМАТЫ.
Жаѕєырту – энергетика саласына инвестиция салудыѕ сара жолы Ерлан АРЫН,
Павлодар облысының əкімі.
Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың жақында ғана жарық көрген еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс»,- деп атап көрсеткен болатын. Бұл мəселенің шешімі еліміздің индустрияландыру бағытындағы серпінді үшінші қадамына дайындығымыздың белгісі боларына дау жоқ. Бұл ретте энергетика саласына артылар жауапкершілік жүгі салмақты екені түсінікті. Жалпы, энергетика саласын жаңғырту туралы Елбасымыз үнемі айтып келеді. 2012 жылғы телекөпір барысында да Ұлт көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев осы бағытта нақты тапсырмаларын берген болатын. Алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі – Астана қаласында өтілетін EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында республикамыздың энергетика саласында заманауи жаңа технологияларды игеру ісін жандандыру болып табылады.
Энергетиканыѕ ќайнар кґзі
Павлодар облысы – еліміздің ең ірі энергетикалық орталығы, электр қуатының қайнар көзі. Бұл – заңдылық. Себебі, аймағымыз бай көмір кені қорлары жəне ірі электр стансаларымен ерекшеленеді. Өңірдің тау-кен жəне энергетика саласындағы кəсіпорындары қоян-қолтық жұмыс атқара отырып, еліміздің миллиондаған халқын, өндірістік кəсіпорындарын, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері мен əлеуметтік сала нысандарын жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету міндетін өз мойындарына алған. Облыстың құрамындағы Павлодар, Екібастұз жəне Ақсу қалаларында жалпы қуаттылығы 8412 МВт құрайтын жеті электр стансасы қалыпты жұмыс жасауда. Онда өндірілетін электр қуаты облыс қажеттілігінен еселеп артылады. Ендігі жерде Қазақстанның өзге өңірлері мен Ресейдің жекелеген облыстарына жеткізу ісі де сəтті жалғасын табуда. Мəселен, 220-250 кВ электр таратқыш желілері Қазақстанның, Уралдың, Батыс Сібірдің электр жүйелерімен қосылады. Облыс аумағын Барнаул – Екібастұз – Көкшетау – Қостанай – Челябі арасын біріктіретін желі басып өтеді.
Отын-энергетика кешенін жаңғырту бағдарламасына сəйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Аймақ 2015 жылға дейін қуаттылықты 685 МВтқа (қазіргі 8412 МВт-тан 9097 МВтқа) дейін арттыруды межелеп отыр. Мақсатқа жету үшін 300 миллиард теңге инвестиция қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі Болат Нұржанов атындағы ГРЭС1 электр стансасының қуаттылығы 3000 МВт-қа жетті. Бұл дегеніңіз республикамызда өндірілетін электр қуатының 16 пайызы шамасында. Алдағы уақытта сегіз энергоблокты толық пайдаланып, өндіріс көлемін 4000 МВт-қа жеткізу көзделіп отыр. Межелеген мөлшерді бағындырғанда өндіріс көлемі 20 пайызға жетпек. Кəсіпорын жобалық қуатқа 2016 жылы жетуді жоспарлауда. Осы арқылы олар елімізде қабылданған 2030 жылға дейінгі энергетика саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына өзіндік үлестерін қоспақ.
Маќсат – тиімділікті арттыру
Жаңғырту қуаттылықты арттыру, экологияны тазарту жұмыстарымен шектеліп қалған жоқ. Бағдарлама негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын жəне орта
кəсіпкерлікке қолдау жасалынды, қызметтер мен тауар сатудағы қазақстандық үлесті арттырды. Тиісінше тұрғындар əл-ауқатын арттыру бағытында оң қадам жасалынды. Мəселен, тек ГРЭС-1 сегізінші энергоблогын қалпына келтіру жұмыстарына оннан астам мердігер мекеме қатысып, 500-ден аса адам тартылды. «Самұрық-Энерго» жəне «Қазақмыс» акционерлік қоғамдары акционері болып табылатын ГРЭС-1 2011 жылы 13,402 миллиард киловатт/сағат электр қуатын өндірді. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 12,6 пайызға артық деген сөз. Ал, 2008 жылмен салыстырғанда екі миллиард киловатт/сағатқа артқан. Сонда небəрі үш жылда өнімділік 20 пайызға өскен. Шектеулі тарифтер бекітілген уақыттан бастап сатылған электр қуатынан түскен табыс түгелімен жаңғырту жұмысына жұмсалады. Жаңа жабдықтар алынып, зауыттар мен мекемелерді, шағын жəне орта бизнес өкілдері мен тұрғындарды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету басты назарға алынды. Осылайша, саланы инвестициялау ісіне көпшілік қолдау көрсетіп отыр. Сайып келгенде, ортақ мүдде қорғалатын бұл жауапты міндет ертеңгі күніміздің жарқын болуына қызмет етуде. Төрткүл дүниені дүрліктірген əлемдік дағдарыс кезінде алдын алу шаралары бекітілгені белгілі. 2009 жылы арнайы бағдарлама қабылданып, 2020 жылға дейінгі стратегия анықталды. Бір миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлініп, болашақтағы бағыттар белгіленді. Бүгінгі таңда кəсіпорындағы инвестиция көлемі бес есе артты. Нақтылай түссек, ГРЭС-1 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін негізгі өндіріске 74,7 миллиард теңге инвестиция жұмсалған. Бұдан не ұттық?! Электр қуатын өндіруде аз шығынмен мол табысқа жетелейтін энергоресурстарды үнемдеу мүмкін болды. Заманауи жаб дықтар ең алдымен қажетті отын қорын азайтып, тауардың өзіндік құнын төмендетуге жол ашты. Мəселен, бұрындары бір киловатт электр қуатын алу үшін шамамен 400 грамм отын жұмсалса, бұл көрсеткіш қазір 360 граммға
дейін қысқартылды. Бұл үлкен жетістік деуге болады. Айтпақшы, жаңғыртудан өткен Екібастұздың ГРЭС-1-дегі сегізінші энергоблок ағымдағы жылдың төртінші тоқсанынан бастап электр қуатын өндіруге кірісті. Осының нəтижесінде «Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 электр стансасы» ЖШС жыл аяғына дейін өнімділікті 14,7 киловатт/сағатқа дейін жеткізуді межелеп отыр. Бұдан кейінгі энергоблоктардың іске қосылуымен кəсіпорын жылына 3,1 миллиард киловатт/сағат қуаттылықты бағындырмақ. Кəсіпорын 2012 жылдың үш тоқсанының өзінде өнімділікті 8 пайызға арттыра алды.
Кəсіпорын жəне ќоршаєан орта
Елбасымен өткен телекөпір барысында сегізінші энергоблок іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға 23 миллиард теңге жұмсалды. Ал екінші энергоблокты іске қосу 2014 жылға белгіленіп отыр. Егер 2016 жылы бірінші энергоблоктың тұсауы кесілсе, жобалық қуаттылық 4000 МВт-қа жететін болады. Кəсіпорын қоршаған ортаға таралатын қалдықтар көлемін азайтуды басты қағидаттар санатына жатқызады. Осыны ескере отыра, стансаның барлық энергоблоктарына «Lodge Cottrell Limited и Alstom» электосүзгілері орнатылады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2010 жылы бастау алған болатын. Сонда 2014 жылға дейін атмосфераға тасталатын қоқыс қалдықтары мен күл көлемі төрт есеге дейін азайтылатын болады. Екібастұздық кеншілер осындай қадамдар арқылы экология мəселелерін шешуге білек сыбана кіріскен. Қорыта айтқанда, саланы жаңғырту, отын-энергетика саласын ілгері жылжыту – тек Павлодар облысының ғана емес, тұтастай алғанда, еліміздің экономикасын дамытуға бастайтын сара жол. Мұның кепілі өңірде жүзеге асып жатқан индустриялықинновациялық жобалардың жемісті нəтижесі бола алады. Заман көшіне ілескен энергетиктердің бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. ПАВЛОДАР.
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Ел ќуатын еселейміз Бүгін еліміздің энергетиктер қауымы өзінің кəсіби мерекелерін тойлауда. Энергетиктер күнін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы тобының сан мың адамдық ұжымдары да атап өтеді. Саланың дамуына жəне Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жобаларды іске асыруға акционерлік қоғам зор үлес қосып келеді. Алмасадам СƏТҚАЛИЕВ,
«Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы.
2012 жыл Қазақстан Республикасының электр энергетикасы үшін саланы дамыту тұрғысынан бірқатар маңызды стратегиялық оқиғаларға толы болды. Электр энергиясын өндіруге, таратуға жəне өткізуге, энергетикалық көмірді өндіруге жауапты «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының бұл орайда үлесі елеулі болғанын қуанышпен атап айтамыз. Негізгі айтарлықтай оқиғалардың бірі – қуаттылығы 300 МВт жоғары ағынды бірегей Мойнақ СЭС-ін пайдалануға беру болды. Ол сөйтіп қазақстандық энергия жүйесінің шекті жүктемелерін жабатын түйінді маневрлік қуат көзіне айналды. Жаңа стансаның екінші энергоблогын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев іске қосты. Бұл нысанның аса маңызды екендігін білдіреді. Сондай-ақ, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың үстіміздегі жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанға жасаған ресми іссапар аясында қуаттылығы 1320 МВт Балқаш ЖЭС 1-модулін салуды бастаудың ресми салтанаты өтті. «Астана– Үлкен» телекөпірі форматында өткен салтанат барысында, екі ел Мемлекет басшыларының қатысуымен бұл стансаға «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы президенттерінің атындағы Балқаш ЖЭС» атын беру туралы идеясы туындады. Ел экономикасын дамыту үшін осы жобаның стратегиялық маңыздылығын есепке алумен, сондай-ақ жобаны іске асыру мəні жағынан қазақстандық-кореялық экономикалық ынтымақтастық көрінісі болып табылатын оқиғаны ескере отырып «Самұрық-Энерго» компаниясы бұл идеяны қолдауға құлшына кірісті. Электр стансасының бірінші блогын пайдалануға қосу ел экономикасы үшін жылына электр энергиясының 9 млрд.кВт сағатқа дейін көтеруге қосымша мүмкіндік береді. 2012-2013 жылдарға жүктеменің күз гі-қысқы максимумынан өту үшін қазақстандық энергия жүйелерінде қордың болуын қамтамасыз ететін маңызды қозғалысы – «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дағы 8-ші энергоблокты қалпына келтіру болып отыр. Қосымша 500 МВт қуаттылық энергетиктер жұмысының қаупін төмендетеді, сондай-ақ экспорттық əлеуетінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл желілер мен кіші стансаларды жаңартуға, оңтайландыруға қатысты жасалған қадам болатын. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Маңғыстау РЭК» АҚ, сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімі бойынша «ВК РЭК» АҚ нысандарын пайдалану жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға «АЖК» АҚ жəне «МРЭК» АҚ сияқты компаниялар 20,3 млрд. теңгеден астам көлемде қаржы бағыттады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында мерзімінен бұрын «Богатырь» кенішінде («Богатырь Көмір» ЖШС) тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясында да электр энергиясының не гізгі генерациясы болып табылатын
екібастұздық көмірдің 40-шы миллион тоннасы шығарылды. Энергетиктер сонымен бірге, Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мəртебесін жеңіп алғандығын зор қуанышпен қарсы алды. Бұл энергетиктерге қосымша жауапкершілік жүктейтіні белгілі. Мұны компания тобы үлкен ықыласпен атқаратын болады. «Самұрық-Энерго» компаниясы энергияның баламалы көздерін дамытуға барынша көңіл бөлетін болады. Қазақстан Республикасында «жасыл экономиканың» негіздерін құруға біз мынадай жобаларды іске асыруға алдағы уақытта ұмтыламыз. Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының аумағында қуаттылығы 300 МВт-ға дейін кеңейту перспективасымен 45 МВт жел электр стансаларын салу (ЖЭС) жобасы аясында оның техникалықэкономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. «KEGOC» АҚ-пен электр энергиясын сатып алуға алдын ала шартқа қол қойылды. Қуаттылықты беру кестесі «KEGOC» АҚ жəне ҚР Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігімен келісілді. 2013 жылғы бірінші тоқсанда ЕРС-келісімшарттарды дайындау жəне ілгерілету бойынша инженерлік тапсырыс берушілерді жалдау жөнінде конкурстар өткізу үшін техникалық ерекшеліктері əзірленді. Оған қызмет көрсетушілердің жетекші əлемдік жеткізушілері қатысады. Құрылыстың бірінші кезеңі 2014 жылы аяқталады, ал 2015 жылы осы ЖЭС қуаттылығы 95 МВт-ға дейін ұл ғайтылатын болады. Болашақта қуаттылығын 300 МВтға дейін кеңейтумен бірге 60 МВт қуаттылықпен Шелек дəлізінде ЖЭС құрылысы жобасы бойынша, сондай-ақ ТЭН əзірлеген қуаттылықты беру кестесі «АЖК» АҚ-пен келісілген. Жобаның бірінші кезеңін 2015 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Ал 2017 жылы станция қуаттылығы 300 МВт-ға дейін ұлғаяды. Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт күн электр стансасын (КЭС) салу жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптама қорытындысы алынады. Бұған қала əкімдігі алаңы 4 га жер телімін бөлді. Қуаттылықты беру кестесін «АЖК» АҚ əзірледі. 2013 жылы оны толық
дайындықпен тапсыруды жобалау, барлық кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша шартқа қол қойылады. Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ тапсырмасы бойынша, біз Іле өзенінде Кербұлақ ГЭС-ін салу жұмысын жүргіземіз. Осыған орай Қапшағай ГЭС-і реттегішке айналады жəне оған 112 МВт шектік қуаттылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ГЭС салуға жер телімдерін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2017 жылға жоспарланған. «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда, бұл су электр стансасының апатты жағдайларда тоқтап қалу тəуекелдігін азайтады, оның шартты қуатын 16%-ға, 116 МВт-ға дейін арттырады жəне жылына қосымша көлемі 57 млн. кВт сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. 2016 жылы аяқталуы тиіс деп жоспарланған жобаның жалпы құны 15,2 млрд. теңге құрайды. Оны жүзеге асыру шегінде ағымдағы жылы Лондонда (Ұлыбритания) «Шардара СЭС» АҚ («Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы) жəне Еуропалық қайта құру жəне даму банкі (ЕҚДБ) 9,150 млрд. теңге сомаға кредиттік келісім жасады. Біз сонымен қатар, жаңартылған биомассаны электр энергиясы өндірісі үшін қолдануға мүмкіндік беретін «Электр энергиясын өндіру үдерісінде қара бидай қолдану» жобасын іске қосамыз. «Office Privée» компаниясы техникалықэкономикалық толық негіздеме əзірлеуге таныстыру рəсімін жəне баға ұсынысын көрсетті. «Самұрық-Энерго» АҚ «Samruk-Green Energy» ЖШС инвестиция алдындағы сатыны жүзеге асыруға кірісуіне жəне 5 МВт қуат жобасын дайындауға қажетті іс-шараларды жүргізуіне ұсыныс жасады. Біз сондай-ақ Жетісу өңіріндегі жеті өзеннің су əлеуетін қолдану мақсатында қуаты шамамен 300 МВт жуық болатын кіші СЭС құрылысын жоспарлап отырмыз. Жоғарыда атап көрсетілген ЭҚК кешенін жүзеге асыру жалпы қуаттылықты 930 МВт-ға жуық көлемге артуына мүмкіндік береді. Осы қуатпен алынатын таза электр энергиясы есебінен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің барлық нысандарын электрмен жабдықтау толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2011 жылы Халықаралық энергетика агенттігі құрған «Дүниежүзілік энергетикалық шолу» есебіне сəйкес, келешекте генерацияның негізгі көзі «таза көмір» болып қалады жəне бұл тұжырымды саланың дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде назарға алу керек. «Таза көмір» деп аталатын аса ірі технологияның болашағы жанғыш қатпарлардан алынатын газды, көмір химиясын қолдану, қалдықтарды электр энергиясы өндірісі арқылы пайдаға асыру компанияның даму блогының тікелей зерттеу саласына айналады. Осы бастамаларды іске асыру үшін 2022 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ дамудың жаңа стратегиясы жобасын əзірледі. Ол компанияның Директорлар кеңесінде оңды бағасын алды. Бұл құжатта «Ел экономикасын дамытудың жоғары қарқынын қолдау жəне қазақстандықтар өмірінің деңгейін жоғарылату үшін тұрақты дамыту арқылы жаһандық энергиялық-экологиялық бастамалар аясында электр жəне жылу энергиясын, көмірді тиімді өндіруді қамтамасыз ету» деп атап көрсетілген. Ағымдағы жылы біздің компания жоғары несиелік рейтингтер алды.
НАЗАР АУДАРЫЅЫЗДАР! Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай Ақпараттық-анықтамалық орталығы хабарлайды. Ақысыз бірыңғай 1411 шағын нөміріне қоңырау шалып, Сіз өзіңізге мүдделі мынадай мəселелер жөнінде кеңес ала аласыз: Еңбек қатынастары; халықты жұмыспен қамту; зейнетақымен қамсыздандыру; əлеуметтік қамсыздандыру мен əлеуметтік сақтандыру. Сіз Қазақстан Республикасының барлық телефон нөмірлері жəне барлық ұялы байланыс операторлары арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін. Бұдан басқа, бірыңғай Ақпараттық-анықтамалық орталығына өтінсеңіз, əлеуметтік-еңбек саласындағы мəселелер бойынша анықтамалық-ақпараттық қызметін келесі əдістермен ақысыз ала аласыз: Электрондық почта: e-mail – info@info.mintrud.kz Web порталы: www.info.mintrud.kz (интернет арқылы); Wаp порталы: www.info.mintrud.kz (ұялы телефондардан). Бұған қоса, 1411 нөміріне ақысыз SMS хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңіздегі бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ала аласыз. Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілер жөнінде ақпарат жіберіледі. SMS хабарламаның үлгісі: *жұмыс* қала коды* мамандық# Мысалы: *жұмыс* 7172* жүргізуші# *работа* 7282* мұғалім# *работа* 72834* дəрігерлік медбике# SMS хабарламаны жіберу жəне қабылдау – тегін.
Биылғы қараша айында Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ-ға «АА+» ұзақ мерзімді несиелік рейтингісін, «В» қысқа мерзімді несиелік рейтингісін жəне «kzAA-» ұлттық шкаласы бойынша рейтингісін берді. Желтоқсан айында Fitch Ratings компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ-ға «BBB» жəне «BBB+» деңгейіндегі шетелдік жəне ұлттық валютада дефолт эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингісін (ДЭР) жəне «F3» шетел валютасында қысқа мерзімді ДЭР берді. Fitch компанияға «AAA(kaz)» ұлттық ұзақ мерзімді рейтингісін тағайындады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «тұрақты». Несиелік рейтингті алу жылына 3,75% болып, RegS форматында 500 млн. АҚШ доллары көлемінде еурооблигацияларды «Самұрық-Энерго» АҚ-тың шығаруы оңды қадам болды. Бұл капиталдың халықаралық на рығында қазақстандық эмитенттерді алғаш рет орналастыру кезінде ең төменгі деңгейі болып табылады. Еурооблигацияларды орналастырудан алынған қаражат «СамұрықҚазына» АҚ жəне ҚР Үкіметімен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жəне ағымдағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған. Бізде бағдарламаларымызды қаржыландырудың тағы да бір көзі халықтық IPO болып табылады, ол энергетикаға жеке қазақстандық инвесторлардың, халықтың жəне зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Компания акционерлер мен ҚР Үкіметінің көмегін күтеді. Соның нəтижесінде инвестициялық бағ дарламаларды қаржыландырудың маңызды көзі компанияның жеке қаражаты болады. «Самұрық-Қазына» АҚ үстіміздегі жылды табысты аяқтауды ұйғарып отыр. Алдын ала деректерге қарағанда ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын өндірудің күтілетін көлемі 14,3 млрд. кВт. сағат құрайды жəне 2011 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 7%-ға немесе 0,9 млрд. кВт. сағаттан асады. Бұл «Мойнақ ГЭС» АҚ жаңа қуаттылығын қосудың жəне «ЖГРЭС» АҚ пен «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ өндіріс көлемдерін ұлғайтудың нəтижесінде қол жеткізілді. Электр энергиясының жос парланған көлемі 8,4 млрд. кВт. сағат құрайды, ол 2011 жылғы тиісті көрсеткіштен 5 %-ға немесе 0,41 млрд. кВт. сағатқа жоғары. Электр энергиясын сату көлемі 5,6 млрд. кВт. сағат деңгейіне дейін көтеру жоспарланған, ол өткен жылғы көрсеткіштерден 5%-ға немесе 0,3 млрд. кВт. сағатқа жоғары. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша көмір өндіру көлемі 44 млн. тонна құрайтындығы жоспарлануда, ал өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8% немесе 3,3 млн. тоннаны құрайды. Сонымен қатар, көмірді сату көлемі 5%-ға немесе 2,2 млн. тоннаны құрайды жəне 43,4 млн. тонна болып отыр. Нəтижесінде, компания 16 млрд.теңге көлемінде топтастырылған қорытынды табыс алу жоспарлаған немесе ол өткен жылдың көрсеткішінен 8%-ға жоғары болмақ. Жоғарыда аталған жəйттер негізінде біздің компания Мемлекет басшысының, ҚР Үкіметінің жəне «Самұрық-Қазына» АҚ-тың тапсырмаларын толық көлемде орындап шығатындығына сеніміміз мол деп айта аламыз. Алдағы кезде де ел қуатын еселей бермекпіз.
11
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама үшін телефон: (87172) 74-25-66, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық ізденістер институты» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының («МААІИ» РМК) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кəсіпорнының орналасқан жері: 050040, Алматы қаласы, Манас көшесі, 42/56. Кəсіпорнының негізгі қызметі: Қазақстан Республикасының жерге орналастыру жəне басқа да мүдделі органдардың əуе- жəне космотүсірілім негізінде ірімасштабты жоспарлы-картографиялық материалдармен қажеттілігін қанағаттандыру. Талаптар: жоғары білім («аэрофотогеодезия», «геодезия», «картография» немесе «жерге орналастыру» мамандықтары бойынша); Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін (Жалпы жəне Ерекше бөлімдер), Жер кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Бюджет кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, жəне аталған лауазымда функционалдық міндеттерді атқаруға қажетті аэрофотогеодезия, геодезия жəне картография, жерге орналастыру, қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу; мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда немесе аэрофотогеодезия, геодезия жəне картография немесе жерге орналастыру салаларында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, компьютерде жұмыс жасай білу. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме, еркін нысанда жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері, денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне т.с.) беруіне болады. Құжаттарды тапсыру мерзімі – бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. «Арна» АҚ кредиторларының комитеті осы арқылы «Банкроттық туралы» ҚР Заңының 14-3 бабының 7-тармағы негізінде «Арна» АҚ кредиторларының жиналысын қайталап өткізу туралы «Арна» АҚ кредиторларына хабардар етеді. «Банкроттық туралы» ҚР Заңының 46-1 бабының 4-тармағы 11-тармақшасына сəйкес қайталап күн тəртібімен «Арна» АҚ кредиторларының жиналысын шақыру туралы «Арна» АҚ кредиторларына немесе олардың уəкілетті өкілдеріне сенімхат бойынша хабардар етіледі: 1.Оңалтушы басқарушының кандидатураларын таңдау. 2.Сайланатын оңалтушы басқарушыға негізгі сыйақы сомасын жəне оны төлеудің тəртібін анықтау. «Арна» АҚ кредиторларының жиналысы 2013 ж. 10 қаңтарда сағат 11.00-де борышкер «Арна» АҚ орналасқан жерде мына мекен-жай бойынша болады: Алматы қ., Шевченко к-сі, 164 Б-үй, 2-қабат, конференц-зал. «Арна» АҚ кредиторларының алда болатын жиналысының материалдарымен кредиторлар «Арна» АҚ кредиторлары комитетінде борышкер «Арна» АҚ орналасқан жерде таныса алады. Байланыс үшін телефондар: +7 701 208 75 75, +7 (727) 2 50 56 62, + 7 702 223 32 33.
Настоящим Комитет кредиторов АО «Арна» на основании п.7 ст. 14-3 Закона РК «О банкротстве» уведомляет кредиторов АО «Арна» о повторном проведении собрания кредиторов АО «Арна». Согласно пп.11 п.4 ст. 46-1 Закона РК «О банкротстве» уведомляются кредиторы АО «Арна» или их уполномоченные представители по доверенности о созыве собрания кредиторов АО «Арна» с повторной повесткой дня: 1.Выбор кандидатуры реабилитационного управляющего. 2.Определение суммы основного вознаграждения избираемого реабилитационного управляющего и порядка его выплаты. Собрание кредиторов АО «Арна» состоится 10 января 2013 г. в 11.00 час. по месту нахождения должника АО «Арна» по адресу: г.Алматы, ул. Шевченко, д. 164 Б, 2-этаж, конференц-зал. С материалами предстоящего собрания кредиторов АО «Арна» кредиторы могут ознакомиться в Комитете кредиторов АО «Арна» по месту нахождения должника АО «Арна. Телефоны для контактов: +7 701 208 75 75, +7 (727) 2 50 56 62, + 7 702 223 32 33.
«BAUR Kazakhstan» акционерлік қоғамы, орналасқан мекен-жайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қажымұқан к-сі, 86, «AlmaTau» БО, 4-қабат, қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санынан отыз пайыздан астам дауыс беруші акцияларын сатып алу бойынша ірі мəмілені қоғамның жасағандығы туралы кредиторларға жəне акционерлерге хабардар етеді. Байланыстырушы тұлға: Қазым Р.М., телефон +7 (727) 393-20-44.
Акционерное общество «BAUR Kazakhstan», расположенное по адресу: 050059, Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Хаджи Мукана, 86, БЦ «Alma Tau», 4-этаж, уведомляет кредиторов и акционеров о совершении обществом крупной сделки по продаже на вторичном рынке ценных бумаг, в количестве более тридцати процентов голосующих акций общества от общего числа размещенных акций. Контактное лицо: Казым Р.М., телефон +7 (727) 393-20-44. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.12.2012 ж. ұйғарымымен «Самал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.
Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астаны от 13.12.2012 г. в отношении товарищество с ограниченной ответственностью «Самал Строй» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.12.2012 ж. ұйғарымымен «Бонита Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекен-жайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.
Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астаны от 13.12.2012 г. в отношении товарищество с ограниченной ответственностью «Бонита Инжиниринг» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14.12.2012 ж. ұйғарымымен «Стандарт-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекен-жайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.
Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астаны от 14.12.2012 г. в отношении товарищество с ограниченной ответственностью «Стандарт-2007» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Нур-Садез» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекен-жайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.
Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астаны в отношении ТОО «Нур-Садез» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.
АСТАНА.
«Əділ» АҚ (Өскемен қ., Абай д-лы, 122), Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша, 2013 жылғы 25 қаңтарда сағат 15-те «Əділ» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын мына мекен-жайда өткізу туралы хабарлайды: ШҚО, Өскемен қ., Абай д-лы, 122. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібі: 1.2012 жылғы өндірістік-шаруашылық қызметтің есебін бекіту. 2.2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеудің мөлшері мен мерзімін бекіту туралы. 3.Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы. Жалпы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2013 жылғы 25 қаңтарда. Акционерлерді тіркеу жалпы жиналыс өткізу күні жəне орны бойынша сағат 14-тен бастап жүргізіледі. Жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі мəселелер бойынша ақпарат алу үшін жалпы жиналыс өткізу орнына немесе мына телефон арқылы хабарласу керек: 8 (7232) 23-02-44. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2013 жылғы 26 қаңтарда сағат 15-те өткізіледі. «Əділ» АҚ Директорлар кеңесі.
Конкурсқа қатысыңыз
Қызылорда облысының Жанақорған ауданында орнатылатын, бұрын қазақтың эпостық жырларына қосылып жырланған, шын мəнінде қазақтың батыры болған Алпамыс батыр ескерткішінің эскиздік жобасына ашық конкурс жарияланады. «Жаңақорған аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өткізетін бұл ашық конкурстың мақсаты тарихи тұлғаның бейнесін ашып, ескерткіштің нақты мүсіндік-көркемдік шешімін табу. Конкурсқа ұсынылған жобалар жоғары идеялық жəне сəулеттік-көркем деңгейде орындалуы тиіс. Конкурсқа авторлар жəне авторлық ұйымдар қатыса алады. Аталған тұлғаға орнатылатын ескерткіштің жобасын іріктеу талаптарына сəйкес, ұсынылатын жобалар эстетикалық мəнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы, жергілікті көріністің (панорама) композициясына айналуы, ескерткіш орнатылатын жердің ситуациялық жəне масштабтық жоспарымен ұсынылуы шарт. Авторлар конкурс материалдарын Қызылорда облысының мəдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне 2013 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынулары қажет. Конкурсқа ұсынылған материалдар салынған конверттің жоғарғы оң жақ бұрышына алты таңбалы шифр белгіленеді. Ескертетін жəйт: конкурс шарттарын сақтамаған материалдар конкурсқа жіберілмейді жəне комиссияда қаралмайды. Қосымша ақпаратты мына мекен-жайлардан алуға болады: 120300; Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі, 42. «Жаңақорған аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Телефон: 8 (72435) 22-3-32, e-mail: janakorgan_rok@mail.ru 120001; Қызылорда қаласы, ІІІ ірілендірілген квартал н/з (бұрынғы əскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты) Қызылорда облысының мəдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 25, 26-бөлме; тел: 8 (7242) 27-86-84; 26-41-93; e-mail:ohranakzl@mail.ru
«Региональное» акционерлік қоғамы ірі жəне жасалуына қоғам мүдделі мəміле – 485 000 000 (төрт жүз сексен бес миллион) теңге мөлшерінде Уақытша қаржылық көмек туралы келісімшарт жасауы жөнінде мəлімдейді. АО «Региональное» уведомляет о заключении крупной сделки, в совершении которой Обществом имеется заинтересованность –Договора об оказании временной финансовой помощи на сумму 485 000 000 (четыреста восемьдесят пять миллионов) тенге. Имеются в продаже ЖАС УЛАН, ЖАС КЫРАН – значки, галстуки, ленты наградные, флаги. Тел. 87054503874, 87016575777, 8 (7252) 56 40 10, 8 (7252) 56 41 11.
Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 91-34-17, ф. 93-90-87. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Ақмарал Серікқызы Тайшықоваға қызы ТАЛШЫННЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен аппараты Əлеуметтік-мəдени даму комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі Ерболат Тұранұлы Сейлехановқа əкесі Тұран МҰХТАРҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
12
www.egemen.kz
22 желтоқсан 2012 жыл
Еркін елдің ертеңі
Спорт
Ќамќоршылар мен тїлектер ортаќ міндеттерді талќылады Еліміз экономикасы дамыған сайын, кəсіпорындар мен шаруашылықтарда кадрлардың тапшылығы біліне бастады. Қазір жұмысшы мамандықтары ғана емес, жоғары білімді техникалық мамандарға да зəрулік байқалады. Өндіріс пен оқу орындары арасындағы байланыс əлсіз, тіпті үзіліп қалғандай сезіледі. Білім ордасынан диплом алған жастың жұмыс іздеп басы қатады. Жұмыс тапқандардың əлеуметтік жағдайы тағы бар. Ал кəсіпорындарға білімді, білікті жас кадрларды табу оңай емес... Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Міне, мұндай маңызды мəселе ірі өндіріс орындарының өкілдерінсіз, жалпы жұмыс берушілердің белсене қатысуынсыз шешімін таппақ емес. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде бір жылдан аса бұрын құрылған қамқоршылар мен түлектер қауымдастығы да осы мəселенің түйінді шешімін табуды мақсат тұтқан болатын. Оның құрамына университеттің бұрынғы түлектері, облыстағы ірі бизнес құрылымдар енген еді. – Мұндай тəжірибе əлемнің жетекші білім ордаларында бар. Ең бастысы, университет пен өндіріс орындары арасында тонның ішкі бауындай байланыс қалыптастыру іс тетігін шешеді. Мұның бүгінгі білім беру саласын дамытуда маңызы үлкен, – дейді университет ректоры Асқар Нəметов. Жақында Қостанай университетінде қамқоршылардың аймақтық форумы болып өтті. Оған білім ордасының əр жылдардағы түлектері, сонымен қатар, облыстағы ірі кəсіпорындардың басшылары, мемлекеттік мекемелер мен ірі бизнес құрылымдарының жетекшілері, ғалымдар, ардагерлер, студенттер қатысты. Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов бүгінгі экономиканың ырғақты дамуына сəйкес, бəсекеге қабілетті мамандардың қажеттігін тілге тиек етті. Ол бұл орайда жастарға көп міндет жүктеді. – Өндіріске жан-жақты біліммен қаруланған, теориялық біліммен қатар, өз мамандығының практикалық қыр-сырынан да мағлұматы мол, ой-өрісі кең мамандар зəрулігі білініп отыр. Мұндай мамандардан кез келген кəсіпорын жетекшісі айырылғысы келмейді, оларға əлеуметтік жағдай жасауға да, жалақысын өсіруге де дайын. Сол үшін студенттер алдымен білім алуға, көп оқуға міндетті. Біз осы кезге дейін оқу орындары мен кəсіпорындарды компьютерлендіруге күш салдық. Алайда, жастар тек ғана интернетте отырып, ақпараттық технология жетістіктерімен ғана кетіп, шығармашылық ойлануды, өзін интеллектуалдық дамытуды ұмытпаулары керек. Білімнің түп негізі де, рухани байлықтың көзі де кітапта жатыр. Ал жақсы маман ешқашан жерде қалмайды, – деді Нұралы Мұстафаұлы. Форумға қатысушылардың бірі, «Қаркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов жастарды ауылға жəне қиындықтан қашпауға шақырды. – Қостанайда егін шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығы жедел дами бастады. Осының барлығына білікті мамандар керек. Ауылда еңбек ету, əрине, оңай емес. Бірақ
одан қорықпаңдар, жастық жігер керек. Бəріміз де қиындықтан өткенбіз. Оның сыртында, жастар келмей ауыл еңсесін көтермейді, демографиялық жағдайымыз да оңалмайды, – деді Сайран Бəлкенұлы. Форумда сөз алғандар жұмыс берушілердің белсенді қатысуынсыз университеттерде білікті маман даярлау оңайға түспейтіндігін тілге тиек етті.
Ќараєандыда ќазаќ кїресінен ґткен Əлем Кубогы жəне Азия чемпионаты ґз жеѕімпаздарын аныќтады Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ежелден халқымызбен бірге жасап келе жатқан қазақ күресі соңғы жылдары жаһанға жаңғырығып, əр жерде дүбірлі жарыстар жиі-жиі өткізілуде. Жақында Қарағандыда Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сəпиев атындағы Бокс орталығында өткен осы күрес түрінен ІІ Əлем Кубогы мен VIII Азия чемпионаты сондай сайыстардың айтулысы болды. Арқаның ақырған аязына қарамастан, əлемнің 31 елінен 100-ден астам балуан келіп, қос жарыстың көрігін қыздыруға, ептілік пен шеберлік сынасуға қатысуы қазақ күресінің қандайлық деңгейге көтерілгенін көрсетті. Белдесулер жиналушы қауым күткен-
дей аса тартысты өтті. Қазақ күресін дамытуға бейіл танытқан елдердің балуандары мол тəжірибе жинақтап, əжептəуір ысылып қалғандары байқалды. Боз кілемнің үстіндегі қай-қайсысы да жеңісті оңайшылықпен бере қоймауға тырысып, барынша күш салды. Ұлттық сайыс түрі өзінің көкжиегін кеңітіп, əлемдік аренаға шығып, құлаш жаюы қуантты. Ал алысжақыннан келген шетелдік жаттықтырушылардың төл күресіміздің қыр-сырына қанығуға, оны шəкірттеріне үйретуге деген ынталары да аңғарылмай қалмады. Қарағандыны екі күн бойы дүбірге бөлеген тартыста қазақ балуандары екі сында да командалық есепте топ жарғанымен, өзге ел балуандарының да шеберлік жағынан жігіттерімізді өкшелеп келе жатқаны білінді. Мəселен, Əлем Кубогы сынында
ең елеулі салмақтардағы басты жүлде мейман бəсекелестердің қанжығасында кетті. Атап айтқанда, 80 килолық салмақ дəрежесінде бір де бір жерлесіміз жүлдеге іліге алмады. Ал 90 килодан жоғарыдағы салмақтың ақтық сынында латыш Виктор Реско өткен күзде ғана «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған мықтымыз Бейбіт Ыстыбаевтың мысын басты. Жарыстың екінші күнгі Азия чемпионатында соңғы нүктені бас балуандыққа таласқан ауыр салмақты спортшылар қойды. Сайдың тасындай іріктелген 8 балуан екі топқа бөлініп, олимпиялық жүйе бойынша күш сынасты. Ақтық белдесуде қарсыластарын бірінен соң бірін жыққан қазақстандық Мұхит Тұрсынов пен өзбекстандық Илхом Жураев күресті. Мұхит мəреге дейін өзінен салмағы едəуір ауыр,
ҚАРАҒАНДЫ. ––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Линар КАЛИМОВ.
Зерде
Абай немересініѕ єажап еѕбегі Өйткені, бүгінгі инновациялық технологиялар заманында студенттің университет қабырғасынан алған теориялық білімі мен өндіріс дамуының арасында алшақтық болмауы керек. Ал Қостанай университетінде бұл орайда жақсы істер бар. Экономика факультетінің студенті, осы білім ордасындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңесінің төрайымы Меруерт Тағленова жастар ғылыми жұмыстарға бой ұрғанда білім жарысы нəтижелі болады деп біледі. Университетте ғылыми үйірмелерге мың қаралы студент қатысады. Ал жыл сайын қорғалатын дипломдық жұмыстардың 20 пайызын өндіріске енгізу ұсынылады. Университеттің бес студенті Польша мен Германияда өткен халықаралық білім олимпиадаларына қатысты. Облыстағы «Атамекен» одағының бастамасымен, облыс əкімінің қолдауымен жас белсенді, жаңашыл кəсіпкерлер үшін Kostanay Startup Weekend шарасы өткізілді. Жыл сайын «Ақыл айқасы», «Парасатты жастар» байқауларында жастар негізінен бизнестік, инновациялық жобаларын қорғайды. Əрине, студенттердің мұндай байқауларына облыстағы ірі кəсіпорындар, өндіріс жетекшілері қатысады. Форумда өңір басшысы Н.Сəдуақасов университетті енді бітіргелі отырған студенттермен ашық сұхбаттасып, олардың талап-тілегін тыңдады. Үлкен жиын соңында студенттер мен жұмыс берушілер келісім-шартқа қол қойды.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Елордадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ұйымдастыруымен Абайдың немересі Мəкен Тұрағұлқызының 100 жылдық мерейтойына орай «Мəкен жеткізген əндер» деген атпен дəріс-концерт өтті. Ұлттық поэзияға жаңа түр, жаңа мазмұн сыйлап, сол арқылы қазақ халқының дүниетанымының кеңеюіне жол ашқан, қазақ
музыка өнерін дамытуда да асқан жаңашылдығымен кейінгіге өнеге болған ақын Абайдың айналасы да өнерден құралақан емес еді. Ол кезінде «Абай жолы» романында тиянақталып жазылды. Ал ұлы ақынның немересі, яғни, Тұрағұлдың кенже баласы Мəкен апайдың жөні тағы бөлек. Ол атасының əндерін ыждағаттылықпен тыңдап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізе білген бірден бір тұлға. Ақынның қазіргі кезде айтылып жүрген əндері осы Мəкен Тұрағұлқызы арқылы 1930 жылдан
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ
бастап нотаға түсірілген екен. Кейіннен Мəкеннің орындауындағы Абай əндерін музыка мамандары Б.Г.Ерзакович, А.Серікбаева, Қ.Жүзбасовтар нотаға түсіріп, магнитофон таспасына жазып алған. Мəкен Тұрағұлқызының 100 жылдық мерейтойына арналған дəріс-концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, Абай əндерін орындаушы, əнші Кенжеғали Мыржықбаев қатысушыларға осы жайттарды анықтап айтып, əрбірінің тарихын түсіндіре отырып, ақынның
д ю т отоэ
«тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» əндерін орындап берді. Жиын барысында Семей телерадиокешенінің мемлекеттік қорынан алынған Мəкен Тұрағұлқызының өмірінен сыр шертетін «Мен Абайды əкем деймін» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, Абайдың бізге жеткен 27 музыкалық туындысының («Май түні», «Торжорға» күйлері мен 25 əні) шығу тарихы мен алғашқы орындаушылар, оны бүгінгі күні орындап жүрген əншілердің деңгейі, Абай əндерінің
Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Раритет» баспасынан белгілі балалар жазушысы жəне драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Əлдихан Қалдыбаевтың 4 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді. Оған белгілі қаламгердің əр жылдарда жарық көрген əңгімелері, повестері, романдары жəне драматургиялық дүниелері топтастырылған. Проза мен драматургияның қиындығы мен қызығын тең бөліп, етектегі елде жүрген қарапайым ғана таланттың шығармалары оқырмандарын ең алдымен өзінің шынайылығымен баурайды. Ел мен жер тарихы, сталиндік сұрқай саясат пен оның «шолақ белсенділерінің» жазықсыз құрбандары, жесір əйел, жетім бала жəне кемтар жандар тағдыры – бəрі-бəрі жазушының терең толғанысынан тыс қалмаған. Қазақ əдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдер жəне жастар тақырыбын індете жазуда өзіндік биікке көтерілген қаламгердің драма жанрындағы табысы да аз емес, əрине. Сондықтан болар, таңдамалының төртінші томына жазушының драматургиялық шығармалары топтастырылыпты. Олардың көбісі ел театрларында сəтті сахналанған. Осы шоқтығы биік шығармалар шоғырының ішінен кезінде бүкілодақтық байқаудың жүлдесіне ие болған «Шаншар атаймен» де қайта сырласуға болады. Сонымен бірге, Ə.Қалдыбаевтың көптомдықты түйіндейтін «Əкімнің туған күні», «Сəлім-Сəлима» жəне «Сауытбек-Ақбөпе» атты драмалары да оқырмандарын бей-жай қалдырмауға тиіс деп ойлаймыз. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.
Жамбыл облысы.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.
БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru
А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
насихатталуы жайында да біраз əңгіме қозғалды. Дəріс-концертке Ұлттық өнер академиясының оқытушысы Тельман Нұркенов өзінің шəкірттерімен, университеттегі Абайтану курсына қатысып жүрген тыңдаушылар, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының ұстаздары, студенттері, абайтанушылар қатысты. Дəріс-концертті Қазақстан-Ресей университеті «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы жүргізді.
Жылдар жемісі
Ф
ҚОСТАНАЙ.
Меншік иесі:
Вице-президент Еркін ҚЫДЫР
Ќос жарыс
Əлем Кубогының иегері Виктор Рескомен күресіп, бар күшін сарқып алып, кілемге шаршаңқы күйде шықты. Есесіне, өзбек қарсыласы əлдеқайда тың көрінді. Ол Мұхитты ұршықша үйіріп, белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда жамбасқа салып, алып ұрды. Сөйтіп, Азия құрлығы біріншілігінің Бас балуаны атағын өзбек Илхом Жураев иеленді. Сонымен ІІ Əлем Кубогының жеңімпаздары болып өз салмақ дəрежелері бойынша Ардақ Құлжанов, Қуаныш Мұратов, Виссарион Беруиава, Асыл Бəрменов, Виктор Реско атанды. Ал VІІІ Азия чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев, Қуаныш Ысқақов, Медет Əдиханов, Бекзат Манасбаев, Бегімхан Əділбеков, Бекзат Ахметбеков, Максим Гербер жеңіс тұғырынан көрінді. Қос сайыс үлгілі ұйымдастырылуымен есте қаларлықтай болды. ФИЛА-ның дəстүрлі күрес түрлері бойынша комитетінің президенті Гинтаутас Вилейта оның əлемдік деңгейдегі сəн-салтанатымен өткеніне ризашылық білдірді.
Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.
Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.
Таралымы 171 216 дана. Нөмірдің кезекші редакторы
Серік ПІРНАЗАР.
Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 11 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №135 ek