017

Page 1

АҚШАМЫ

№17

АСТАНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

(3522)

11/02/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕНБІ

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТЕГІН ОҚЫТАДЫ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен шағын және орта бизнес кәсіпорындары жетекшілеріне арналған тегін топ-менеджменті курстарын бастады. Оқуға өтініштер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (Қажымұқан көшесі, 8 а) 28 ақпанға дейін қабылданады.

АСТАНА АУМАҒЫНА МАҢАЙДАҒЫ АУЫЛДАР КІРЕ МЕ? Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының бір бөлік жері Астана қаласының аумағына енгізілді. Бас қаланың мұқтаждығына орай қосылған жер учаскелері не үшін пайдаланылады? Осы жөнінде «Астана Бас жоспары» ғылыми зерттеужобалау институтының директоры түсінік береді.

ʗʜʩʩʜ

ʗʜʩʩʜ

БАЛАЛАРЫН АЯЛАҒАН БАС ҚАЛА ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳́ ഉ˪˧˭˞˧˛˧ ˢ೴ˣ˟˛˟ ˘˳́˲˶˞́ ˙˘˳˵˘೦˘ˮ ͨϮϬ ˮ˘೪˵́ ˙˘˳˵˘˭˘ͩ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘˳́ ˘̆˳́ˮ˞˘ ˙˧ˬ˧˭ ˙˟˲˶ ˳˘ˬ˘˳́ˮ˘ ˘˥˲́೪˾˘ ˭ഉˮ ˙˟˲˧ˬ˧˱ ˯˵́˲͘

Б

ағдарламаның 4-қадамында балабақшаларға кезекті жою мақсаты қойылып, елордада 100 жаңа жекеменшік және мемлекеттік балабақша салу, оларды көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабат тарында орналастыруға жағдай жасау,

қаржымен қамтамасыз ету арқылы мектепке дейінгі білім берумен 90 пайызды қамту көзделген. Ал мектептердегі орын жетіспеушілігін жою және білім беру сапасын жоғарылату мақсатын көздеген 5-қадамда жобалау мен құрылыс бойын-

ша бірыңғай нұсқаулықты пайдалана отырып, мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетіктері аясында жекеменшік қаржы тарту, қазіргі заманғы технологиялық шешімдер негізінде 10 жаңа буын мектебін салу жоспарланып отыр.

ʗʜʩʩʜ

АҚПАННЫҢ АЯЗЫ КҮШЕЙДІ Демалыс күндері де аяздың сынатын түрі көрінбейді. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан арктикалық ауа массалары келуі басталды. Сондықтан демалыс күндері ауа райы суық болады деп күтілуде. Республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5-10°C төмен болады. Елордамыз Астанада бүгін ауаның температурасы күндіз -28°C шамасында, ал түнде -37°C-қа дейін суытады. Жексенбіде күндіз -25°C суық болады. Ал ауа райын болжаушылар алдағы аптаның аяғына қарай термометр бағаны -14°C көрсетіп, күн біршама жылынады деп хабарлайды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.