РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ
АСТАНА
28/02/2017
www.astana-akshamy.kz
СЕЙСЕНБІ
20 НАҚТЫ БАСТАМА
МЕЙІРІМДІ ҚАЛА
СПОРТ ҚАЛАШЫҒЫ САЛТАНАТ ҚҰРДЫ
Астана қаласының әкімдігі елорданың жасыл белдеуін 2020 жылға дейін 100 мың гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жасыл белдеуде 1 миллион ағаш отырғызу көзделген. Сондай-ақ, орманда аң-құстарды өсіруге де мән берілмек.
Астана қаласы әкімдігінің «Мейірімді қала» акциясы әлі де жалғасуда. Елордалық жастар көмекке мұқтаж ардагерлер мен зейнеткерлердің үйлерінде болып, аулаларын қардан тазалады. Бұл акция жалғасатын болады.
Қысы қатал қаланың әр күні бой қыздыратын ойындармен қызықты. Жаздай жүгіріп жаттығатын астаналықтар қыс келсе, қарқындарын бәсеңдетпей, табандарына шаңғыларын шаптап алып, жарысуларын жалғастыра береді. Бұқараны белсенді өмір сүруге шақырған осындай шаралардың бір маусымы сенбі күні дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалімен қорытындыланды.
ʗʜʩʩʜ
ʗʜʩʩʜ
ʗʜʩʩʜ AKORDA.KZ
АҚШАМЫ
№24
(3529)
ӘН ДҮЛДІЛІ – ДИМАШ ౢ́˵˘˥˞˘ ͨ/ à ^®Ä¦ Ùͩ ഉˮ ˙˘˥೪˘˶́ˮ˘ ೪˘˵́˳́˱͕ ೪˘ˣ˘೪˵́೮ ˘˵́ˮ ˵˲˵˪ˬ ˞ˮˤ˟˛˟ ˵˘ˮ́˵೪˘ˮ ഉˮ˾˧ ʪˤ˭˘˾ ౢ˞˘˥˙˟˲˛˟ˮ˛˟ ˪˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘ ೪˲˭˟˵ ˪˲˳˟˵˧ˬ˞˧͘
СЕНІМ МЕН ТҮСІНІСТІК ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ౢ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˀ˟˳˟˥ ˇ˟˞˟˲˘˻ˤ̆ ˳́ ˮ́೮ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ʦˬ˘˞ˤ˭ˤ˲ ʿ˶˵ˤˮ˭˟ˮ ˪˟ˣ˞˟˳˵˧͘
Қ
азақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті. – Биыл арамызда дипломатиялық қарымқатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында СанктПетербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдің ұстанымы бірдей екенін және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. – Ресей халықаралық өзекті мәселелерді шешу, соның ішінде Сирия қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдауда. Астанада бірнеше
келіссөз өткізу туралы ұсыныс білдірген де Ресей болатын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет, соның бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазіргі барлық мәселелер достық негізінде шешілуде. Бірлескен кәсіпорындар құрып, алға қарай ілгерілейтін боламыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. – Бұл үдерісте Қазақстан тарапының жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды, бұл – ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады, – деді Ресей Президенті. Ресей Президенті өз елінің жаһандық мәселелерді шешуде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар Еуразиялық интеграция аспектілерін және экономика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Елордада Димашты Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері мен студенттер қарсы алды. – Бүгін Димашты өз елінде, өз өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Оның Қытай елінде ән байқауына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетуі – еліміз үшін зор мақтаныш, - дей келе министр жас дарынның әке-шешесіне және дарынды өнерпаздың ұстаздарына алғысын білдірді. Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан халықаралық байқауларға, мемлекеттік деңгейдегі концерттерге қатысып жүргені белгілі. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен марапаттады, – деп сөзін аяқтады ол. Жеті турдан сүрінбей өткен әншінің өмірі жайлы деректі фильмнің түсірілім жұмыстары Астанада жалғасты. Айта кетейік, осыған дейін отандасымыз Қытайдағы музы калық байқаудың VI кезеңінде атақты әнші Лара Фабианның Adagio әнін орындап, I орынды иеленді.