№34 (3539) Бейсенбі
23 наурыз 2017
БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ
Íұðñұëòàí ÍÀÇÀÐÁÀÅÂ:
3
ƏÇ-ÍÀÓÐÛÇ – ÆÀҚÑÛËÛҚ ÏÅÍ ÊÅ˲ѲÌͲҢ ÑÈÌÂÎËÛ ౭ˬ́˳˵́೮ ˬ́ ˪ˮ˧ˮ˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˞˙˧˲ˬ˧ ˞˶˭˘ˮ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˧೮ ˙˘˲ˬ́೪ ೮˧˲˧ˮ˞˟ ˵˯˥ˬ˘ˮ˶˞˘͘ ʫˬ˙˘˳́ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘೦́ ͨˁ˘˲́˘˲೪˘ͩ ˚˟ˬ˯˵˲˟˪ ˳˘˲˘˥́ˮ˞˘ ˵˪˟ˮ ͨʻ˘˶˲́ˣ ʹ ˢ˘೮˘ ˙˟ˬ˟˳͕ ˢ˘೮˘ ˲ˬ˟˶ͩ ˘˵˵́ ˭˟˲˟˪˟˞˟ ˙˘˲˾˘ ౢ˘ˣ˘೪ ˟ˬ˧ˮ ഉˣͲʻ˘˶˲́ˣ ˭˟˲˟˪˟˳˧˭˟ˮ ೪˵˵́೪˵˘˞́͘ «Бұл – бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, бірлік пен ынтымақтың жолы болсын деген тілеуі. Жақсылық пен келісімнің, жаңару мен жаңа күннің символы. Осы кезден бастап күн ұзарып, түн қысқарып, жарық сәулесі жерге түсіп, аязды қуалап, көктемді әкелудің басы болып саналады. Наурызда халқымыз жиналып, бұлақтардың көзін ашып, жасыл желек отырғызып, болашаққа көз тігетін болған. Наурыз көже жасап, ағайын-туыс, көршілер бір-бірімен қатынасып, дәм татып, болғанды еске түсіріп, ренжігендер бір-бірінен кешірім сұрап, көрісіп, қауышып, бір-біріне сүйіспеншілік көрсететін болған» деді Елбасы. Рухани тілеудің ақжарма мейрамында күн астынан нұр төгіліп, жерге алтын дән себілетінін айтқан Президент ел-жұрттың көңілінде жаңа үміт пайда болып, ертеңгі күнге сенім нығаятынын алға тартты. ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 339.34
«Шынын айтқанда, біздің жаңа жылымыз, шығыстың да, қазақтың да осы күн болып табылады. Мыңжылдықтардан жалғасып, өзгермей келе жатқан заңдылық биыл сол бағытынан жаңылған жоқ. Бұл мереке ұлт пен дінді талғамайды. Ортақ мейрам халыққа. Мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды көрсетеді. Жаратылыс атауы жаңғырып, керемет күнде жақсы тілекте болайық» деген Елбасы ағайынға арнаған ақ тілегін одан әрі жалғай түсті. Айтуынша, биылғы наурыз өткен жылдың аяғында ел болып атап өткен тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. «Біз ата-бабамыздың қағидаларын орындай отырып, бірлік пен берекеден жаңылмаған халықпыз. Соның арқасында тәуелсіздігімізді түгендеп, барлық жетістіктерге жеттік. Ғасырға татитын 25 жыл ішінде күрес пен қуанышқа толы USD/KZT 315.05
RUB/KZT 5.45
жылдарда халқымыздың еңсесін көтеріп, қазақтың туын жоғары ұстап келе жатырмыз» деген Елбасы халықтың тұрмысын жақсарту жолында қолға алынған үшінші жаңғыру бағдарламасына ерекше тоқталып өтті. Конституцияның өзгерісі елдің болашағының тұрақтылығы үшін жасалған ертеңгі күнге деген үмітіміз екенін жеткізді. Мерекелік шара одан әрі отандық өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты. Наурыз мейрамы мен көктемнің жаңаруын паш ететін түрлі сахналық қойылымдар көрсетіліп, Арқа, Жетісу, Сыр өңірі мен батыстың дәстүрлі ән мектебінің әуендері шырқалды. Дүбірлі думан «Хан Шатыр» ойын-сауық алаңында орналасқан этноауылда жарасымды жалғасын тапты.
CNY/KZT 45.64
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ, «Астана ақшамы»
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!
ЖАҢАША ЖАҢҒЫРҒАН «ЖІБЕК»
6-7
12
www.astana-akshamy.kz