112

Page 1

www.astana-akshamy.kz СЕЙСЕНБІ

№112

(3464) 27/09/2016

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ÊӨË²Ê ÊÅØÅͲͲҢ ÊÅËÅØÅò А����� ����������� ���������� �������� ����� ��� «А����� ������ ����� ��������� ���� ������» ���� ����������� ����. Х���������� �������� ����� �������� �������� �������� ������ ������ А�������� �������� ����� ���� ������ ����� ��������� ��������� ����������.

2-БЕТТЕ

Бақытжан МАЛЫБАЕВ:

Қалқаман САРИН:

ÀÑÒÀÍÀÄÀ ÊҮÍ ÑÀÉÛÍ 100-ÄÅÍ ÀÑÒÀÌ ҚҰҚÛҚ ÁҰÇÓØÛËÛҚ ÀÍÛҚÒÀËÀÄÛ

ÀËҒÀØҚÛ ӨËÅҢ²Ì «ÀÑÒÀÍÀ ÀҚØÀÌÛÍÄÀ» ÁÀÑÛËÄÛ

4-БЕТТЕ

6-7-БЕТТЕРДЕ


2

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

елорда тынысы ды ойластырудамыз. Қазіргі таңда қалада 1 140 автобус бар. Оның үштен бір бөлігі – зама­ науи «IVECO» авто­бустары. Алдағы 5 жылда шаһар­д ағы автобустардың барлығын тү­ гел­дей жаңалау көзделіп отыр, – деді елорда әкімі. Сонымен қатар, қала басшысы бүгінде оң нәтижесін берген қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды сызу жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, жолау­ш ылардың арасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөлінеді: барлық автобус­т арда пандус болады және аялдамаларға тактильді плит­к алар төселеді. Балалар­ ды қауіпсіз тасымалдау үшін «Shcoolbus» жүйесі жұмыс істейді. Жолаушыларға жолын бағ­дарлауға қолайлы болуы үшін «Astrabus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда бұл қосымшаны 2 мыңнан аса адам қолданады. Қазан айында қосымша барынша жетілдірілген түрде жұмыс істейді.

КӨЛІК КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ (Соңы. Басы 1-бетте)

Инфрақұрылымды жаңғыртатын 50 нысан Бұл конференция – заманауи қалалардың көлік кешендерімен танысуға, тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірге тал­ қылауға арналған ерекше мүм­ кіндік. Екі күнге жалғасқан ай­ тулы іс-шараның ресми бөлімін Астана әкімі Әсет Исекешев, Халықаралық қоғамдық көлік одағының Бас хатшысы Алан Флауш және ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев ашты. Мінберге бірінші болып көтерілген қала басшысы Әсет Исекешев Астананың көлік кешенін дамыту мен жаңғырту бағытында атқарылған жұмыс­ тарды сөз етті. – Қала қарқынды өркендеп жатыр. Халық саны да артып, Астана мегаполиске айналды. Сәйкесінше, көліктердің де саны көбейді. Бұл жол-көлік қозғалысына айтарлықтай салмақ түсіретіні анық. Бүгінде елор­даның көлік жүйесінде 952 көше бар. Ал жолдардың жалпы ұзындығы 950 шақырымнан асады. Астанада көлік жүйесін дамыту мен жаңғырту бары­ сында басымдық ең алдымен жаяу жүргіншілерге, вело­ сипедпен жүргендерге және қоғамдық көліктерге беріледі. Одан кейін барып жеке кө­

ліктер қарастырылады. Бұл баста­маларға көлікпен жүретін астаналықтар тарапынан келіс­ пеушілік тууы мүмкін. Алайда мұның бәрі алдымен қоғамдық игілік ретінде қолға алынып жатыр. Келесі жылы қоғамдық кеңістіктің 50 аймағы құрылысы жобасын бастауды жоспар­ лап отырмыз. Соның аясын­ да 17 гүлбақ, парк және өзен жағалауларында жаяу адамдар мен велосипедшілер үшін ар­

Бүгінде елорданың көлік жүйесінде 952 көше бар. Ал жолдардың жалпы ұзындығы 950 ша­ қырымнан асады. Астанада көлік жүйесін дамыту мен жаңғырту барысында басымдық ең алдымен жаяу жүргіншілерге, вело­ сипедпен жүргендерге және қоғамдық көліктерге беріледі. найы аймақтар ашылады. Елор­ дада жол желісін дамыту өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан 25 жол мен 6 көпірдің және 19 көлік жолайрығы мен өтпе­жол­ дардың құрылысы жоспарлану­ да. Жалпы инфра­қ ұры­л ымды жаңғырту үшін 50 нысан қам­ тылады. Қазір осы жоба­лардың қаржыландыру жағы қарас­ты­ рылуда, – деді елорда әкімі.

Жеңіл рельсті көлік жүйесі тәулігіне 150 мың адамды тасымалдайды Астананың ажарын айшық­ тайтын, көлік жүйесін едәуір жетілдіре түсетін маңызды жо­ балардың бірі – LRT жеңіл рельсті көлік. Осы жобаның жай-жапсарына тоқталған қала басшысы Әсет Исекешев жү­ зеге асырудың алғашқы кезе­ ңін­д е LRT қашықтығы 22,4 ша­қырымды құрайтынын айтты. Бұл жол «ЭКСПО» қала­шы­ ғы, Назарбаев университеті, «Абу Даби плаза», Ми­нистр­ лік үйі және жаңа темір­ж ол вокзалының араларын жал­ ғайды. Жүйе жабық түрде жаб­д ықталатын 18 стансаны қамтиды. Жоба іске қосылса, тәулігіне 150 мың адам тасы­ мал­д айтын болады. Мұнда жолау­­шылардың қауіпсіздігі де ескеріледі. Сондай-ақ, жүйеге эста­к а­ далық жол, 19 жылжымалы құрам және бір депо кіреді. Жыл­ жымалы құрамдар тұ­тас­тай авто­ маттан­дырыл­ған болады және жолақы­сын элек­тронды төлеу жүйе­сімен, дабылқаққышпен, ақпарат­тандыру, видеобақылау жүйе­лерімен жабдықталады. Аталмыш көлік түрінің Аста­ наның ауа райына толықтай бейімделуі де қарастырылған. Жеңіл рельсті көлік жүйесі елорданың беделін көтеріп, танымалдылығын арттыруға,

LRT қашықтығы 22,4 шақырымды құрайды. Бұл жол «ЭКСПО» қала­шығы, Назарбаев университеті, «Абу Даби плаза», Ми­нистрлік үйі және жаңа темір­жол вокзалының араларын жалғайды. Жүйе жабық түрде жабдықталатын 18 стансаны қамтиды. Жоба іске қосылса, тәулігіне 150 мың адам тасы­мал­дайтын болады. қала тұрғындары мен қонақ­ тарын жайлы әрі жылдам та­ сымалдауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын қыс­қартып, үнемдеуге әсер етеді. Сонымен қатар, бұл жүйе жол-көлік қозғалысына кері ықпалын тигізбейді.

Астананың автобустары түгел жаңарады Астана әкімі Әсет Исекешев шаһардағы көлік құралдарының саны мен сапасын да тілге тиек етті. – Қазір астаналықтардың тек үштен бір бөлігі ғана қо­ ғамдық көлікпен жүреді. Бұл көрсеткішті жақсарту үшін ав­тобус парктерін жаң­ғыр­ту­

Автотұрақ кеңістігі кептелісті азайтады Көліктердің көбеюі көшедегі қозғалысқа ғана салмақ түсір­ мей, оларға тұрақ табу да үлкен мәселеге айналған. Бұл жағ­д айды реттеу үшін Аста­ нада «Авто­т ұрақ кеңістігін бақылау» жобасы қолға алынып жатыр. Осы тақырыпты елор­ да басшысы Әсет Исекешев те қозғады. – Көлік жүйесін дамытудағы маңызды бағыттардың бірі – авто­т ұрақ кеңістігін басқару жобасын іске асыру. Бастама халық­а ралық кеңесшілердің қаты­с уымен әзірленген. Жо­ бада көше бойындағы тұрақ­ тар, вокзал маңындағы ау­ мақтар, айып тұрақ­т ары, үй айна­л асындағы аумақ­т ар ес­ керілді. Мұны жүзеге асыру бары­сында тұрғындарға белгілі бір қолайсыздық тууы мүм­кін. Бірақ бұл – әлемдік тәжі­рибеде әбден зерттелген, сарап­талған жоба, – деді Астана әкімі. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Көлік иелері үшін тұрақ кеңістігі орын таң­б а­ ларымен, белгілермен, төлем үдерісін сипаттайтын ақпа­­ раттық тақ­т алармен, сон­д айақ бос тұрақ орындары көр­ сетілетін электронды тақ­т а­ лармен және қолма-қол ақ­шасыз төлеуге арналған паркоматтар­ мен жабдықталады. «Астана қаласының автотұрақ кеңістігін басқару» жобасы жол желілеріне түсетін жүкті 20-30 пайызға азайтуға, жол ережелерін бұзуды 70-80 па­ йызға кемітуге әсер етеді. Орынбек ӨТЕМҰРАТ


www.astana-akshamy.kz

№112 (3464) 27/09/2016

ҚУАТТЫ ӨҢІР – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН

3

ӘУЛИЕАТА МЕН КЕРЕКУ

ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫ ҚУАНТТЫ Е� Т�������������� 25 ��������� ���� А����� ��������� ����� «Т����� ����� Т������� �����» ���� Ж����� ��������� ������� 23 �������� ���� М.Г������ �������� ����������� ����������� ���� ����� ��������� �������� О��� ������ ���������� С.М�������� «К����� ���» ���� ��������� �������� ������ ����������� ��������. Б�� ���� Ш����� А���������� «Т���� ������� �������� ������ �����» ����������� ��������. М����� ���������� ����� ����� ���� А����� ������ ����������� ������ ������ ������� �������.

барлық ауыл шаруа шылығы өнімдері өте арзан. Мен тәтті бұрыш, алма, дәмді нандар, картоп сатып алдым. Бағалары өте тиімді» дейді Астана қаласының тұрғыны Сағат Игісінов. Елордалықтар, әсіресе, Меркінің бал өнімдері, Шудың көкө ністері, бақша өнімдері айрықша тарту болғанын айтады. Бұл жәрмеңкеге келгендер қызанақтың келісін – 130, қиярдың

келісін – 90, картоптың келісін 40 теңгеден сатып алды. Жамбыл облысынан жәрмеңкеге жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын 315 тонна өнім әкелінген. Елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы, экологиялық таза және пайдалы өнімнің 30 түрі ұсынылды. Осы күндері Керекуден жеткен керуен де «Хан шатыр» сауда және

УЫЗ ЛЕБІЗ

ойын-сауық орталығының маңына тоқтады. Астанаға Павлодар облысының барлық аудандарынан жүзден аса кәсіпкер 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және басқа да тартулары жетті. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар, Ертіс өңірінің халық шығармашылығы мен қолөнер бұйымдары бар. Елордалықтар Павлодар облыстық филармониясы ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады. Жәрмеңке барысында асық ату, арқан тарту, кір көтеру, қол күресі сынды түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлық ретінде азықтүлік таратылды. Еліміздің дамуында өзіндік үлестері бар өңірлердің жәрмеңкесін Астана әкімі Әсет Исекешев те аралап көрді.

ТАРАЗ ТАРИХТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ Әулиеаталық делегация сенбі күнгі шараларды жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Кеңес одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен бастады. Содан кейін Ұлт тық музейде Жамбыл облысы музейлері қорының көрмесі өтті. Шараның ашылу салтанатында музей директоры Дархан Мыңбай нысанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас тамасымен «Мәдени мұра» бағ дарламасы аясында ашылғанын, мұнда еліміздің әр өңірінен аса құнды жәдігерлер сақталғанын жеткізді. «Жамбылдықтар ғасырлар қойнауынан сыр шерткен дүниелерді Ұлттық музейге әкелді. Елбасы тарихи қалаға «Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі» деп баға берген. Олар сол тарихтың терең қазынасын арқалап жетті» деді Д.Мыңбай. Бұл көрменің бағасы сонау үшінші ғасырдан бергі жәдігерлердің көрініс табуы мен арта түсті. Жамбыл то пы рағынан табылып, қазылып алынған дүниелер Тас, Қола, Орта ғасыр дәуірлерінен сыр тартады. Ислам өркениетінің келуі мен пайда болған ерекшеліктер де астана лықтардың қызығушылығын тудырды. Әсіресе, Жетітөбе обасының алтын бұ йымдары, Айша бибі кесенесінің кірпіштері, қоладан, қыштан жасалған археологиялық жәдігерлер ғасырлар қойнауына жетелейді.

«ҚИЛЫ ЗАМАН» КӨПШІЛІКТІ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Қазақстанда жасалған» акциясы аясындағы көрмеде Жамбылдағы «Қазфосфат», «Фабрика Пош-Тараз», «Құрылыс-полимер», «Айвенго», «Бағұл», «Рыспаева және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өнімдері ұсынылды. Шарада көпшілік «Қазақ хандығына 550 жыл – Тараз тойы» деректі фильмін тамашалады. Осы нысанда ұйымдастырылған өңір өнерпаздарының «Ұлы дала – ұлысым!»

УЫЗ ЛЕБІЗ

Мәлика БЕКТҰРОВА, Астана қаласы әкімінің орынбасары: – Павлодар және Жамбыл облыста рының жәрмеңкесі астаналықтарды дән риза етті деп ойлаймын. Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері молынан ұсынылған, екі күн бойы ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 40 тоннаға жуық өнім өткізілді. Таңғы сағат 8-ден бастап келген адамдар ет өнімдерін, көкөністер алуда. Бағалары 15-20 па йызға төмен, кейбір тауарлар Аста надағы бағадан 35 пайызға дейін арзан. атты концерттік бағдарламасы да елор далықтарға тамаша тарту болды. Облыстық драма театр актерлері қой ған театр ландырылған көрініс Қазақ хан дығының құрылу кезеңінен хабар береді. Мәдени ұжымның Жастар театрында сахналаған Н.Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасы көпшілікті ерекше әсерге бөледі.

ЖАМБЫЛДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ, КЕРЕКУДІҢ КЕРУЕНІ... Ескі алаңда өткен өңірдің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне астаналықтар көп жиналып, сауданың көркін қыз дырды. Мұнда көпшілік тұрмысқа аса қажетті ұн, ет, қант, май өнімдерін нарықтағыдан арзан бағамен сатып алды. «Мұнда

Төлеу ҚҰШМАНОВА, Павлодар облысындағы «Сағып» шаруа қожалығының жетекшісі: – Екі күнге жалғасқан жәрмеңкеге 1,5 мың литр дей қымыз, 50 келіге жуық құрт алып келгенбіз. Таңнан бері көп уақыт бола қойған жоқ, бірақ құртымыз бітіп қалды. Ал елор далық тардың қымызға деген сұранысы жоғары екен. Бір литрін 500 теңгеден сатып отырмыз. Соның өзінде тұтынушылар алып жатыр. Осындай шараларды құптайтынымды жасырмаймын. Кәсіпкерлерге де, халыққа да пайдалы. Ең бастысы, өңірлер мен астана арасындағы байланысты нығайтып, мәдениеттің де ілгерілеуіне септеседі.

Асхат РАЙҚҰЛ


4

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

интернет-конференция әлеуметтік сауалнама жүргізген. Тұрғындардың басым бөлігі бұл әрекетті қолдайтындықтарын білдірген. Қазіргі уақытта заң актілеріне өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынды. Мәнсия: Астанада қанша учаскелік инспектор бар, олардың жалақысы қандай? Бір учаскелік инспектор бір орында қанша уақыт істейді? Олардың жұмысы қалай бағаланады? Жауап: Учаскелік инспектор­ лардың жұмысына қызығушылық танытқаныңызға алғыс айтамын. Жалақының аздығынан кадр тапшылығы байқалады. Бұл бой­ ынша ІІМ мен қала әкімдігіне

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев елорда тұрғындарының сауалдарына интернет-конференция арқылы жауап берді. Екі сағат ішінде қалалық департаменттің сайтына және телефон арқылы елуге жуық сауал келіп түскен. Тұрғындардың көбі қаланың қауіпсіздік мәселесіне алаңдайды. Кейбірі учаскелік инспекторлардың жұмысын сынға алды. Ол өз кезегінде қызметтік тексеріс жүргізуге уәде берді. «Тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, алдағы уақытта пайдалы конференцияны жиі өткізу керек. Әрбір басшыға халықпен тікелей байланысқан тиімді. Мәселені бірінші бо­

Олардың кәсіби біліктілігін арттыру үнемі жүргізіледі. Майра: Жыл басынан бері елордада қанша әйел күйеуінен немесе басқа азаматтардан тұрмыстық зардап шекті?

Бақытжан МАЛЫБАЕВ, Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

Тұрғындармен

тікелей байланысқан тиімді лып анықтаған соң, жұмысты ұйымдастыру жеңіл болады» деді конференция қорытындысында сөз алған Бақытжан Малы­ баев. Назарларыңызға кон­ ференцияда көтерілген кей­ бір сауалдардың жауабын ұсынамыз.

Елордада 795 бақылау камерасы бар

Әлия: Астана жолдарында қанша бейнекамералар жұмыс істейді? Жыл басынан бері қанша жол көлік оқиғасын тіркеді? Құқық бұзушыларды жазалауға не кедергі? Жауап: Елордамызда 795 бейнебақылау орнатылған. Жыл басынан бері 30 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Бұған қоса, Жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын 100ге жуық құқық бұзушылықты анықтайды. Бәріне заң аясында шешім қабылданады. Күлжамал Жамалдинова: Мен он жылға жуық өтілі бар жүргізушімін. Маған бағ­ дар­шам тоқтап қалған кезде, жол қозғалысын реттейтін қыз­меткерлердің жұмысы ұна­ майды. Үнемі кептеліс туды­ рады. Мәселен, Қабанбай ба­ тыр көшесіндегі Цирк пен «ҚазМұнайГаз» арасы – біт­ пейтін кептеліс. Он жыл ішінде тек бір ғана жол реттеу­шінің жұмы­сы ұнады. Жалпы, олардың біліктілігін арттыруға назар аударыңызшы. Жауап: Жол полициясының қызметкерлері тек шұғыл жағ­ дайда ғана жол қозғалысын қолмен реттеуге шығады.

Егер күйеуі әйелін қорқытып, үнемі қоңырау шалып, әр басқан қадамын аңдып жүрсе, полиция шын мәнінде оның әйелін қорғай ала ма? Жауап: Жыл басынан бері күйеуі немесе бірге тұратын ада­ мынан зорлық көрген 3000-дай әйел хабарласқан. Барлық дерек бойынша заң аясында шешім қабылданды.

Әкімшілік жауапқа 20 мың адам тартылды

Сәуле: Брусиловский көше­ сіндегі «Амангелді» тұрғын үй кешенінде тұрамын. Сұрайын дегенім, соңғы кезде аулаға шлаг­ баум орнатты. Оның басқару пультін 10 мың теңгеге сатып алу керек. Оны алуға әркімнің жағдайы келе бермейді. Біздің үйде көптеген зейнеткерлер тұрады, оларға жедел жәрдем көлігі жиі келеді. Әрмен қарай не болады? Жауап: Аталмыш кедергінің заңды немесе заңсыз екенін анықтау мақсатында көрсетілген мекенжайға Әкімшілік полиция қызметкерлері барады. Болат: Қалада көлігі ескі немесе нормадан тыс түтін шығаратын автокөліктерді жиі көремін. Олар қаланың сыртқы келбетін ғана құртпай, экологияға да зиянын тигізбей ме? Жауап: Бұл бойынша жұ­ мыстар атқарылуда. Көлік­тің техникалық жағдайы, бел­г і­ ленген СО талаптарын сақ­ тамау жіті қадағаланады. Осы мәселеге байланысты 20 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік

жауапкершілікке тартылды. Бұл шара жалғасын табады. Айжан: А в т о б у с қ а ж и і міне­м ін. Байқағаным, кейбір жүргізушілер автобус ішінде темекі тарта береді. Қайда хабар­ласқан жөн? Жауап: Сіз «102» телефоны­ на хабарласыңыз немесе Астана қаласы ІІД және қала әкімдігінің сайтындағы «халықтық бақы­ лау» айдарына күнін, уақытын, құқық бұзушылық орын алған мекенжай, сондай-ақ автобус бағыты мен мемлекеттік нөмірін көрсетіңіз. Әсет: Жұмабев, Таха Ху­ сейн көшелерінде тура жолдың үстінде қайыр сұрайтындар көбейіп барады. Бұл олардың өміріне қауіпті емес пе? Жауап: Қоғамдық орындарда қайыр сұрайтындарға күнделікті бақылау жүргізіледі. 2000-ға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқушыларды қаққан «Лексус» кімдікі?

Сауал: Өткенде «Лек­с ус» маркалы көлік оқушы­л арды қағып кеткен еді. Жүргізушінің кім екені анықталды ма? Оны қандай жаза күтіп тұр? Жауап: Жүргізушінің атыжөні анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін, процессуалды шешім қабылданады. Гүлжан: Тілендиев көше­сінің учаскелік инспекторы Ерлан Шаймерденовтің жұмысына көңіліміз толады. Жауапкершілігі

мол, адал, өз ісін жетік білетін қызметкеріңізге алғыс айтамыз. Жауап: Сіздің алғысыңыз жеке құрамға жеткізіледі. Қыз­ меттік міндетін адал атқарған инспектор ынталандырылады. Берік: Астананың айнала­ сында жекеменшік тұрғын үйлер көп. Құқық қорғау органдарына шеткі аудан тұрғындарына на­ зар аударуын сұраймын. Жауап: «Учаске» іс-шарасы аясында полиция инспектор­ лары өздеріне тиісті аумаққа тү­гел тексеру жұмыстарын жүр­­ гізеді. Оның ішінде қала­н ың сыртындағы әрбір жеке үйлер мен саяжайлар тексеріледі. Серік: Жеделдік және тұр­ ғындармен тығыз байланыс үшін полиция инспекторы өзі тұратын аумақта қызмет істейді деген мәселе көтерілген еді. Бұл мүмкін бе? Жауап: Бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті. Осыған байланы­ сты жергілікті атқарушы орган­ мен бірлесе қарастырудамыз.

Темекіге тыйым болса...

Сауал: Балалар ойнайтын алаңдарда үлкендер темекі жиі тартады. Осыны көрген 4 жастағы балам үлкейгенде темекі тартамын дейді. Ба­ лалар жиі баратын орындарда темекі тартуға заң бойынша тыйым салуға болмай ма? Жауап: Жергілікті поли­ ция қызметі Астана қаласының әкімдігіне балалар алаңдарында, скверлер мен саябақтарда темекі тартуға тыйым салатын ұсыныс жолдаған болатын. Ішкі саясат басқармасы осыған байланысты

мәселе көтердік. Қазіргі таңда қаралуда. Жалпы, олардың жұмысы үнемі бақылауда. Алмагүл: Жаңа оқу жылы басталғанда сырттан студент­ тер мен жұмысшылар көп келеді. Бүгінде әрбір үй сырттан келген азаматтарға пәтерін жалға береді. Олардың қатысуымен құқық бұзушылық жиі тіркеле ме? Жауап: Бұл – өзекті мәселе. Құқық бұзушылардың тең жар­ тысы – өзге қаладан келген­ дер. Өз тарапымыздан құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, әсіресе, жастармен болған кездесулерде жиі көтереміз. Сауал: Әпкемнің үйінде күнде қырғын. Жездем тіпті қол көтеруге дейін барады. Бірнеше рет учаскелік инспекторға хабарластық. Ол арыз жазуды сұрапты. Куәгер ретінде өзім шағымдансам бола ма? Жауап: Астана қаласы ІІД Жергілкті полиция қызметінің Әйелдерді тұрмыстық зорлықтан қорғау бөліміне хабарласып, ақпарат алыңыз. Тел: 71-60-63. Сауал: Үйдің бірінші қаба­ тында кафе орналасқан. Ол жер­ де ішімдік ішетіндер жиі жина­ лады. Түнгі тыныштығымызды бұзады. Жалпы, бірінші қа­ баттағы осындай кафелерді жа­уып тастауға бола ма? Жауап: Жергілікті поли­ ция қызметі қала әкімдігіне түнгі 23.00-ден кейін осындай орындардың жұмысын шектеу туралы ұсыныс жолдады, қазіргі уақытта қаралуда. Дайындаған: Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ


www.astana-akshamy.kz

№112 (3464) 27/09/2016

ҚҰҚЫҚ

ÀËÀßҚҚÀ ÀËÄÀÍÛÏ ҚÀËÌÀҢÛÇ А������� ����� ������ – ������� ��� ���. Е������� ����� ������������ ��� «�����» ����� �������� �� ����� ����� �����. С���� ��� ����� �������� ������ ������������ ������� ����������, ����������� ������ ������ ���������� ���� �������� ������ ������� ����� ��������� ��������.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының судьясы Убайдулла Қошановтің айтуынша, тек Алматы ауданы бойынша былтырғы жылдың алғашқы алты айында алаяқтық қылмыстар жасағаны жөнінде 144 адамға қатысты 128 қылмыстық іс түскен. Соның негізінде 85 адамға қатысты 68 қылмыстық іске үкім шығарылған. Осылайша, 33 адам сотталып, 6 адамның бостандығы шектелген. Мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындаумен

21 адамға, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза берілген. Биылғы жылдың 6 айының деректеріне сай, Алматы аудандық сотына 19 адамға қатысты 17 қылмыстық іс түскен. 8 адамға қатысты 7 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. 10 адам сотталса, оның ішінде 2 адамның бас бостандығы шектелген. Мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындаумен 10 адам және 2 адамға белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру

түріндегі жаза тағайындалған. – Сотталған азаматтардың дені «үй алып беремін, жер телімін алуға көмектесемін» деп жұртшылықты алдап, ақшасын жымқырып кеткен. Сондықтан азаматтар абай болғаны жөн. Кез-келген жылжымайтын мүлікті алу және беру тек заң аясында жүзеге асырылатынын әркім естен шығармауы тиіс, – дейді судья Убайдулла Қошанов. Сот өндірісінде қаралып жатқан

ÑÎÒҚÀ ÄÅÃÅÍ ÑÅÍ²Ì ÊҮØÅÉÅIJ «100 ����� �����» Ұ�� ���������� ��� ���������� ���������� ��� ������� ���� ����� ��������� ��� �������� ��������� 11 �������� ������� ��������� ����� ������.

Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру барысында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап соттар үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшті, Жоғарғы Сот жанынан Сот төрелігі академиясы ашылды, Халықаралық кеңес пен мамандандырылған сот алқасы құрылды. Тергеу судьяларының құзыреті кеңейтілді. Одан басқа, судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасы әзірленді. Жоба Жоғарғы Сот жанындағы халықаралық кеңестің отырысында мақұлданды. Сот саласында жүріп жатқан тағы бір маңызды жұмыстардың бірі сот қызметінің ашықтығын жолға қою мәселесі болып отыр. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарын дыбыс-бейне жазумен қамтамасыз етуге айрықша мән беріліп, қазіргі уақытта барлық сот отырыстарында

осы құрылғылар қолданылды. Бұл өз кезегінде судьялар есептілігінің күшеюіне, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтардың судья лар әрекетіне қатысты сот жюриіне шағымдануына мүмкіндік бе реді. Сондай-ақ, судьялардың кәсіби тәртібін нығайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға және осының нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы – Мемлекет басшысы айқындаған жұмыстың басым бағыты. Мұндағы маңызды міндет – сотқа құ жаттар келіп түскеннен бастап шешім қабылданғанға дейінгі кезеңдегі сот жұмысын қоғамға дұрыс түсіндіру. Сон дықтан соттардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы жұмыс жоспары жасақталып орындалуда. Соның ішінде сот жүйесінің ақпараттық жұмыс бөлігіндегі кейбір жетістіктерге тоқталсақ, интернетте жүйелі жұмыс жолға қойылды. Сот кабинеті ақпараттық порталы іске қосылды. «100 нақты қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің

қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Ал реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылдағы бірінші кезектегі жалпыұлттық міндет екендігін атап өткен Мемлекет басшысы елдің ішкі жағдайындағы сот саласы қызметін де жетілдіре түсу керектігін де ерекше айтты. Сондықтан да Ата Заңымыздың 75-бабындағы 2-тармақшасында атап көрсеткендей, «Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы орындалатынын» сеніммен айтуға болады. Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттер Астана қаласы судьялары тарапынан табысты түрде жүзеге асуда. Әр азаматтың құқығын әділ қорғауға қабілетті сот билігінің имиджін көтеру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қазан айында кезекті Қазақстан Судьяларының VII съезі өтеді. Әрбір іс-шара – Республиканың бүкіл судьялық қоғамдастығының қызметіндегі бір асу. Алдағы съезд барысында елдің сот жүйесін әрі қарай жетілдірудің стратегиялық маңызды мәселелері қаралады. Олар тек сот төрелігі өкілдерінің арасында ғана емес, бүкіл қоғам арасында талқыланады деген ойдамыз. Қ.ТОБАҒАЛИҰЛЫ, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы

5

алаяқтық жолмен біреудің мүлкін иемдену үшін жасалған қылмыстар сан алуан. Соның бір мысалын келтіре кетейік. Астана қаласының тұрғыны Рүстем атты азамат «жеке үй салу үшін жер телімін алып беремін» деп уәде беріп, құрығына түсірген адамдардың әрқайсысынан 25 мыңннан 30 мың АҚШ долларына дейін ақша бопсалаған. Ол өзгенің сеніміне кіріп алып, 9 жәбірленушіге алаяқтық жолмен жалпы құны 58209530 теңгеге материалдық залал келтірген. Бұдан соң алған ақшаларды жәбірленушілерге қайтармай, оларға тиесілі болатын 16,2008 гектар жер телімін бөтен азаматпен келісім шартқа отырып, жердің бәрін 28 пәтерге ауыстырып жіберген. Онымен қоймай, пәтерлерді өз меншігіне жекешелендіріп алған. Сот үкімімен алаяқ азамат Қылмыстық Кодекстің 177-бабының «Б» тармағымен айыпты деп танылып, оған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Оның қылмыстық жолмен тапқан жеке меншігіндегі мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген. Қазіргі таңда сот үкімін орындау мақсатында сотталушының жеке меншігінде тәркіленген мүлкі сот орындаушылар арқылы сатылып, жәбірленушілерге келтірген материалдық шығындар қайтарылу үстінде. Сондықтан мамандар жеке меншікке пәтер, жер телімін сатып аларда сатушы тараптың бүкіл құжаттарын түгел тексеріп, мемлекеттік органдардан тиісті анықтамалар алуға кеңес береді. Қымбат НҰРҒАЛИ

ÆҮÐÅòҢ²ÇIJ ÒÅÊÑÅÐÒ²Ï ÀËÛҢÛÇ 29 �������� – Д����������� ����� ����. О�� ����� ���� «Ж������ ��������» ���� ������� �����. Егер күтімі дұрыс болса, адам жүрегі 150 жылға дейін жұмыс істеуге қауқарлы екен. Алайда қазіргі күні жұдырықтай болса да, қуатты жүрек соғысы «кепілдік мерзімінен» әлдеқайда ертерек үзілетін болды. Күллі әлемді алаңдатып отырған жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұму көрсеткіші елімізде де бірінші орында. Сондықтан дүниежүзін алаңдатып отырған дерттің алдын алу үшін адам ұдайы дәрігердің бақылауынан өтіп, тексеріліп тұруы керек. 28 қыркүйекте сағат 14.00ден 17.00-ге дейін Республика даңғылы, 45 мекенжайында орналасқан «Мечта» сауда үйінде өтетін акция да осы мақсатты көздейді. Дәл осы күні жұртшылыққа кардиолог мамандар тегін кеңес беріп, жүрегіңіз қалай соғып тұрғаны туралы айтып береді. Сондай-ақ, мамандар қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтайды, қан қысымын да өлшеп береді. Мамандардың айтуынша, жүрек ауруына кінәлі – ең әуелі адамдардың өздері. Арақ-шарап пен темекіге үйірсектік, адам психологиясының дағдарысқа, стреске жиі ұшырауы, тағам режимінің бұзылуы, қозғалыстың аздығы – бәрі де жүрекке салмақ түсіріп, қан айналымын өзгеріске ұшыратады. Шектен тыс семiру де жүректiң дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Семіздікке ұшырағандардың көпшілігі – жүрек-қан тамырлары дертіне душар болады. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтап, тамақтану мәдениетін меңгерген жөн дейді ақжелеңділер.


6

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

СҰХБАТ

Т������� ���� Қ������� С������ ��������� ����� ������. Қ�������� Ж�������� �������� ������. Б������ ������������� ��� �������������� ���������. Х���������� «Ш����» ������������ ��������, «А���� �����» ����� ���������� ���������. «А��������� �������», «Қ�� ��������� ������» ���� ��� ������������ ������. Қ������, �� ������� ������ ������� ���. Ж����� ������� ��������, ������ ���� ���� ��� ������� ������ �������� ������������ ����.

, е д е и л у ə – н с е ы Аќ нбие де ем ə Қалқаман САРИН,

ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:

АЛҒАШҚЫ ӨЛЕҢІМ «АСТАНА АҚШАМЫНДА» БАСЫЛДЫ – Бір-бірімізді студент кезімізден білеміз. Ол кезде сізді айтыскер ақын ретінде танушы едік. Қазір жазба поэзияның көрігін қыздырып жүрсіз. Қара өлеңге бала кезіңізден құштар болдыңыз ба? – Ауылда туған қазақтың кез келген баласы қара өлеңге ғашық болып өседі. Мен де мектеп жасымнан тығылып өлең жаздым. Оны ешкімге жариялап айтқан емеспін. Өзімменөзім сырласатынмын. Даланың тұмса табиғаты, үйіріліп соққан желдің гуілі, құстардың мазасыз шуылы – бәрі де маған өлең айтып тұрғандай көрінетін. Ал айтысты сол ауылда жүрген кезден бастадым. 9-сыныпта оқимын. Мектепішілік оқушылар арасында айтыс өтпек болды. Сынып жетекшім Сәуле Тұрсынғалиева деген кісі еді. Маған «11-сыныптың оқушысымен айтысып көрші!» деп қолқа салды. «Апай, мен айтыспақ түгіл, домбыра шерте алмаймын» деп бұлтарып қашсам да, екі қолымды матап тастады. Шырмауынан шығармай қойды. Ол кісі менің алдымда оқыған ағам мен апайыма да сынып жетекші болған еді. Сондықтан ба, «Менің алдымнан өткен Сариндердің бәрі домбыра тартып, ән айтады. Ауылдың, әрі кетсе ауданның намысын қорғап жүрген өнерлі жастар болды. Сен де олардан еш кем емессің. Неге домбыра шертпейсің?» деп, бір деммен қойып қалды. Домбыраны бала күнімнен шертемін. Кей-

де үйде қолым қалт еткенде, оңашада домбыра тартып, ән айтамын. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. Әкем мен анама ғана белгілі. Осы өнерімді ұстазыма әкем айтып қойыпты. «Домбыра шертпегені қалай? Күнде үйде даңғырлатып отырады» депті. Содан сынып жетекшімнің үмітін ақтауға тура келді. Елу шумақ өлең жазып, 11-сыныпта оқитын қызбен айтыстым. Сөйтіп, айтысқа бала күнімнен бейім болдым. – Соған қарағанда мектептегі ұстаздарыңыз сіздің бойыңыздағы талантты ерте байқаған ғой... – Дұрыс айтасыз. Әрине, адамға талантты Алла береді. Бірақ оны дамытуға, ұштауға ортаның әсері көп. Өз басым туған ауылымдағы мектепте дәріс берген, өнегесін алған ұстаздарыма дән ризамын. Сынып жетекшім болған Сәуле Тұрсынғалиева апайым да өнерден қара жаяу емес еді. Әпәдемі ақындығы да бар болатын. Әрбір баланың мінез-құлқын жақсы білетін. Оның қандай дүниеге икемі бар екенін де байқап тұратын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Бақыт Тұрсынғалиева апайымды да ерекше айтып өтуге болады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Төлеген Сүлейменов ағамыздың мен үшін орны бөлек. Мені ақындыққа осы кісілер баулыды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бойымдағы қабілетті аңғара білді. Ақындық талабымды ұштады. Өнерімді дамытуға қолдау көрсетті. Ұстаздың ұстаздығы да сол ғой. – Бала кезімде Алматыда оқысам деп армандадым.

Сондағы қазандай қайнап жатқан әдеби ортаны көргім келетін. Атағынан ат үркетін жазушылармен жүздессек деп ойлаушы едім. Сіз де сондай әсем қалада оқысам деп армандаған жоқсыз ба? – Әрине, Алматы бала күнімізден арман қала болғаны анық. Алматыға барып, оқуға түсуге талпынбаған бала жоқ шығар. Руханият пен мәдениеттің ордасы қонған қасиетті жер ғой. Қолымда таңдау болса, мен де сол қалада оқығанды қалар едім. Көпбалалы отбасында ержеттім. Он баланың кенжесі атандым. Біріміз мектепті тәмамдап жатсақ, келесіміз әскерге аттанып, үлкеніміз үйленіп деген секілді кезекпенкезек тіршілік алмасып жататын. Ол ата-анама оңай салмақ салмайтын. Бәрімізді қатардан кем қалдырмас үшін тырбанып еңбек етті. Қолдағы бар мүмкіндікті жасады. Он баланы жеткіземіз деп, көз алдымызда қартайды. Кейде әкем жоқтық қол байлаған шақта қоңырайып отырып қалатын. Осы бейне әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Мектеп бітірген кезде әкем марқұм «Ақмолаға бар, онда табан тірейтін ағаң бар. Бірбіріңе қарайласып жүресіңдер» деп ақылын айтты. Әкенің сөзі – балаға заң, бұлжытпай орындаймыз. Содан қанжығамдағы екі өлең дәптерімді арқалап, Ақмолаға арман қуып келдім. Ақмола педагогикалық институтына (бүгінгі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) оқуға түстім. Алғашқы өлеңім де 1995 жылы қалалық «Ақмола ақиқаты» газетінде (бүгінгі «Астана ақшамы») жарық көрді. Оған

сол кездегі осы басылымның бас редакторы Кенже Жұмағұлов мұрындық болған еді. Ағамыздың сол уақытта жас ақынның өлеңіне редактор ретінде назар аударып, қолдау көрсеткенін ұмытпаймын. Ақмола – ол кезде алақандай ғана шағын қала. Ешқандай әдеби орта жоқ. Өлең жазам

А���� ����� – �����, ���������� ���� ���. А����� ����� ���� ��� ������� ����� ������� ����� �������. Т���� �������� ��, ������� �� ��� ������� ������� ����� ���. десең, қуанып емес, күдікпен қарайтындар көп. Өлең жазбақ түгіл, қазақша сөйлейтін адам іздейтінбіз. Қазақша сөйлесең, қазақша өмір сүрсең, көштен қалған жұпыны тіршіліктің иесі деп ұқсатып, мүсәпір күйде қарайды. Орыс тілін білсең, озық ойлы азамат секілді көрінесің. Сондай жағдайды бастан кешіп жүргенде, белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев досым мені біраз айтыстарға алып барды. Төрт жыл бойы Қызылжарда өткен аймақтық айтысқа қатыстым. Суырыпсалма өнердің де өз шарты бар. Оған төзімділік, шыдамдылық секілді қасиеттер қажет. Табан астынан тауып кететін тапқырлық, ұшқырлық керек. Айтыс деген – текті, синкреттік өнер ғой. Алайда менің ішкі жан дүниеме жазба ақындық жақын болатын. Түпкі

мақсатым да, арманым да осы жанрдың жалынын үрлеу еді. Ақмолада бірден әдеби орта ға танылуға, араласып кетуге мүмкіндік болмады. Өлең жазатын жастар сирек. «Ақындар ауылда туып, Алматыда өледі» деген қағиданың қағында тұрған кезі. Сөйтіп, 1998 жылы осындағы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Алматыға баруға оқталдым. Сондағы журналистика факультетіне оқуға түсіп, әдеби ортамен жақын араласқым келді. Алайда Алматыға өзім барам деп жүргенде, астананың өзі Ақмолаға көшіп келді. Елордамыз менің шығармашылығыма тыныс, жаңа леп әкелді. Бас қала болғаннан кейін, ақын ағаларымыз қоныс аударды. Әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады. Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Енді бас қаламыз экономиканың ғана орталығы емес, әдебиет пен руханияттың да ордасына айналды. Көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді. Жанжақтан таланты тас жаратын жастардың басы жиналды. Қайтадан қыран құстай түлеуіме, ақын болып танылуыма осының әсері тиді. Одан кейін өзім де іштей түсіндім. Жырды жазып беретін ешқандай орта емес екендігін білдік. Оның мың батпан бейнетін тартатын өзім екенімді сезіндім. Әрине, студент кезімде де ешкім қаламымды тартып алған жоқ. Сонда да осындағы әдеби аураның жұтаңдығы сезілетін. Бәйгеге шабар тұлпарлар секілді тыпыршып, қатарыңды іздеп тұрасың. Кейін елордаға жас ақындар көптеп келген соң, бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық. Бір өлең жазсақ, соны оқуға асықтық. Тезірек


www.astana-akshamy.kz

№112 (3464) 27/09/2016

СҰХБАТ жиналып, солардың көзқарасын, эмоциясын көзбен көргің келіп тұрады. Оның барлығы ақынға тән қасиет деп ойлаймын. Қайта қазір сол үрдісті сирексітіп алдық. Интернетпен ғана тілдесетін жағдайға жеттік. Шынайы да күле алмаймыз. Ғаламтор ақпаратты алмасу жағынан тиімді болғанымен, адами шынайы сезімдерді, құндылықтарды көмескілеп жауып жатқан жалмауыз секілді көрінеді.

АТАЛАР АМАНАТЫНА АДАЛМЫН – Хакім Абай мен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов туған топырақта дүниеге келдіңіз. Алдыңызда осындай алыптар тұрғанда, сізге қара сөздің жауапкершілігі екі есе жүктелері хақ. Оны қалай сезінесіз?

Мына жұрт мені жиі атап, Санасыз ерді семірте берер Сылдыр сөзбенен сый, атақ. Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып, Тартпасам тарлан тегіме, Алшаңдап басып, ауыз толтырып, Айтудың өзі – ұят-ақ. Тұғыры биік баба мұрасын Ту қылып ұстап бұл күнде, Дүбірге толы дүние мынау, Қосылдым ұлы дүмпуге. Тай кезінен-ақ тұлпар танитын Талғамы күшті халқымның Атаға тартып еңіреп туған Ерді аңғармауы мүмкін бе?

ҚАРА ӨЛЕҢ ТҮРЛІ ТҮСКЕ ҚҰБЫЛМАУ ҚАЖЕТ – Қазір «жаңаша жазып жүрміз» деген жастарға қалай қарайсыз? – Әдебиет те уақыт талабымен жаңарып, жаңғырып отырары хақ. Бірақ оның ішкі формасын жойып алмау керек. Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ тал ған жөн. Қара өлеңмен ке ле сі ға сырға да еркін кіреміз. Әде биет

биетке қызығушылығы азайды. Осындай техникалық прогресс дамыған заманда әдебиетті сүйіп, соған келіп жатқандарды жанкешті деп айтар едім. – Ақтаңгер ақын Ғафу Қайырбеков Шөмішбай Сариевке «Қос қанатты ақын» деп баға берген екен. Осыны сізге де айтуға болады. Тәп-тәуір әнге сөз жазасыз. Жалпы, әнге сөз жазудың қиындығы, ерекшелігі бар ма? – Рас, біраз ел айтып жүрген әндерге сөз жаздым. Бірақ осы тақырыпта әңгіме қозғауға соншалықты құлықты емеспін.

Бүгінде сол бабаларымыз, дарынды аға-апаларымыз көрмеген құрметті, ілтипатты көріп жүргенде, өз басым ұяламын. Жазғандарымыз солардың жұрнағына татымаса да, халқымыз сөз ұстаған адамды төбесіне ханша көтереді.

«Ұ�������� ������� ������ ���� ��������� ������������ �� ���������� ���������� ������ ��?» ����� ����� ����������. О������ ��������� ���������������� ������ ���� ������ �������� ���� �����. – Тұтас алып қарағанда, қасиетті қалам ұстаған қаламгердің барлығы қара сөздің жауапкершілігін терең түсінеді деп ойлаймын. Алайда ұлылар дүниеге келген топырақта туғандықтан ба, өз басым оның қасиетін ерекше сезінемін. Кейде бір жерлестерім Абайды, Шәкәрімді, Мұхтардың есімдерін жалаулатып, олардың атақтарымен жер-көкке сыйғызбай, өздерін мақтап жатады. Сондай кезде мен қатты қысыламын. Мақтанудың да өз жөні бар. «Біз сол мақтануға лайықпыз ба?» деген ойлар мазалайды. «Ұлылардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған шығармаларын өз деңгейінде насихаттап жүрміз бе?» деген сауал қаумалайды. Олардың алдындағы жауапкершіліктің қандай ауыр екенін бағамдай білу қажет. 1997 жылы осы қалада белгілі әнші Гүлмира Сарина апайымның Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған концерті өтті. Біз онда отбасымызбен өнер көрсеттік. Кешті жүргізуші дарынды актер Сәкен Омаров деген марқұм ағамыз еді. Сол кісі маған келіп «Қазір сені Мұхтардың ұрпағы деп таныстырамын. Сахнада өлең оқисың» дегенде, қатты толқыдым. Сонда осы жауапкершілікті алғаш сезіндім. Мына өлеңді толқып тұрып оқыған едім: «Дана Мұхтардың ұрпағы» дейді,

Сондықтан шамам жеткенше, аталарымның аманатына адал болғым келеді. Әрі-беріден соң бабаларымыздың саф алтындай тот баспайтын асыл мұраларына қызғыштай қорған болып, келесі ұрпаққа аман жеткізу әрбір қазақтың парызы деп ойлаймын. – Жастар әдебиеті, жастар поэзиясы дегенде алдымен ауызға ілігесіз. Әдебиет бәйгесінде өзіңізбен қатар шауып жүрген әріптестеріңізге көңіліңіз тола ма? – Қоғамда жастар әдебиеті туралы сөз көп айтылады. Біреу бар дейді, келесі жоқ деп өзеурейді. Көңілі толмайтындар да жетерлік. Жастарды арқадан қағып қолдайтындар да табылады. Қазір кез келген адам жастар әдебиетіне соқтықпай өтпейтін болды. Әрине, олар туралы аға буын өкілдері айтып жатса, қолдаймын. Оны жарасымды, ақылға қонымды дүние деп қабылдаймын. Кезіндегі аузы дуалы ақсақалдарды көрген, әдеби ортаның тәлімі мен тағылымын алған үлкендердің сөзі бөлек. Сосын жастарды да түйрей бермей, оларға мүмкіндік, қолдау көрсету қажет. Әлеуметтік мәселесін шеше алмай жүрген дарынды жастан әдебиеттің жағдайын сұрау қисынсыз. Мемлекет тарапынан қамқорлық болса дейміз. Әуелі талантқа қолдау көрсетіңіз, содан кейін сұрауға толық хақыңыз бар.

– қашан да жасампаз өнер. Сондықтан дәстүрлі әдебиеттің өзегі мен қалыбын бұз бай, жаңашылдықпен көш ке ілесуге болады. Ұлттық әдебиеттің ұлт мәдениетінде алар орны бөлек.

ҚАТАҢ ҚАҒИДАМЕН ӨМІР СҮРМЕЙМІН – Байқасақ, мықты ақындардың барлығы 40 жасқа дейін шығармашылығын сарқып берген. Сіз де 40-қа

Қ������� ���� ����� ����� ����� �������� �����. О� ��� �������� ��������� ���. Қ��� ������� ������ ������� �� ����� �������. Ә������ – ����� �� �������� ����. С�������� �������� ���������� ����� ��� ������� ������, ������������� ����� ������� ������. – Бүгінде жастар арасында әдебиетке толқын-толқынмен келу үрдісі үзіліп бара жатқан жоқ па? – Бұрын әдебиеттің қоғамдағы беделі зор болды. Жазушылар дуалы сөз айтатын пара сатты тұлғаларға айналды. Соны көрген жас ұрпақ әдебиетті сүйіп, соған келуге құштарланды. Әдебиетке буырқанып, буын-буын болып келу процесі қалыптасты. Жазушылық ақсүйектік, бекзадалық болмыстың иесі ретінде бағаланды. Солармен халық та, билік те санасып отырды. Қазір құндылықтар ауысқан уақытқа тап болдық. Материалдық байлық алға шықты. Жұртшылықтың әде-

келіп қалдыңыз. Соқталы бір дүние жазу ойыңызда бар ма? – Осы сұраққа қарсы пікір де айтуға болады. Кешегі Қадыр мен Тұманбай аталарымыз жамбасы жерге тигенше сарқылмай жазып кеткен еді. – Әрине, бірақ олар 40 жасына дейін де өнімді еңбек етті ғой... – Оған дау жоқ. Алайда мен қатаң қағидалармен өмір сүретін адам емеспін. Осыған дейін екі кітабым жарық көрді. Көрнекті ақын Фариза апайдың «Кітап шығаруға асықпа» деп айтқаны бар еді. Сан қуып емес, сапаға ерекше мән беремін. Бір өлең жазсам да, елдің көңілінен шықса деп

7

ойлаймын. Көлемді дүние жазу да оңай емес. Әрі ол бір күннің ісі емес. Соңғы кездері осындай дүние жазсам деп, тұңғиық ойларға берілемін. Формасын әлі анықтаған жоқпын. Шарқ ұрып, ізденіп жүрмін. Ол ақын қолтаңбасының тынысы мен шеберлігін көрсетеді. Сондықтан оған әбден дайындалып келсем деймін. Бір жағынан, шы ғармашылық жоспармен жүрмейді ғой. – Көпшіліктің арасында көп жүресіз. Соның шығармашылығыңызға кері әсері тимей ме? – Жалпы, ақынды әулие немесе әнбие тұту қажет емес. Ол да жұмыр басты пенде. Одан түсініксіз тұлға жасайтындарды түсінбеймін. Біреулер осыған әдейі барады. Мен оған қарсымын. Адамның өзінің іштей таным-түйсігі болады. Өлеңді көпшіліктің ортасында отырып жазбайсың ғой. Оны жазар кезде, тіпті отбасынан да бөлініп кетесің. Ондай сезімді ақындар ғана түсінеді. Ал басқа уақытта, кешіріңіз, ақын болып өмір сүру мүмкін емес. Сенің басқадан алып-жұлып бара жатқан айырмашылығың жоқ, көптің бірісің. Сосын осы елдің бір азаматы ретінде қоғамда болып жатқан әртүрлі жағдайларға байланыс ты өз үнімді, көзқарасымды білдіріп отырамын. Ол – менің азаматтық парызым. Өзімді-өзім қолдан оқшаулағанды қаламаймын. – Жақын арада Ұлттық арна да сіздің жүр гізу ші лі гіңізбен бір жоба көрерменге жол тартты. Ол бағдарламаның көздеген мақсаты не? – Иә, осы қыркүйек айында Ұлттық арнада «Ойтолғау» деген бағдарламаның тұсауы кесілді. Расы керек, қазір жұртшылық даңғаза әуеннен, елпіжелпі шыққан шоудан шаршады. Адамның ішкі дүниесін қозғайтын, парасатты сөз өрбітетін дүниелерді көргісі келеді. Өзім де соны қалаймын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін осындай жобаны қолға алдық. Ұлттық арнаның басшылығы маған сенім артып, осы бағдарламаны жүргізуді тапсырды. Аталған хабардың мазмұны мен маңызы жаныма жақын болғандықтан, келісім бердім. Бұған елімізге өрелі ой айтып, өнегелі іс жасап жүрген танымал тұлғаларды шақырып, ұлт мәселелерін сөз етеміз. Сол алаңда халықтың сөзі мен ойы айтылады. Оның әдеттегідей шоулық сипаты жоқ. Таза ұлттық болмыс пен руханияттың әңгімесін мұрат еткен бағдарлама болмақ. – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан: Азамат ЕСЕНЖОЛ


8

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

мерей

АЛАШ МҰРАСЫМЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ТАРИХШЫ Жақында отандық тарихшылар қауымының төрінен мәртебелі орын алатын санаулы кәсіби тарихшыларымыздың бірі және бірегейі - Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев 70 жасқа толды. Ол Алаш жұртына тарихшы-ғалым, алаштанушы ретінде жақсы таныс. Білім мен ғылымның тізгінін қатар ұстаған зиялы ғалымның азаматтық келбеті қазіргі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Ол бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан тарихы кафедрасын басқарады. Сонымен қатар осы кафедраның жанынан құрылған «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығына жетекшілік етеді. Тәуелсіздік жылдарындағы отандық тарих ғылымында қалыптасқан Алаштану, «Айтылған тарих» және тағы басқа да ғылыми бағыттарындағы іргелі және қолданбалы зерттеу жобалары өз нәтижесін беріп келеді. Ал кәсіби тарихшы ретіндегі оның көзқарастары мен ғылыми ой-пайымдары жүрекке жақын, қоғамға пайдалы. 1990-жылдардың ортасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінде «Отан тарихы» мамандығы бойынша аспирантурада оқығандар үшін сол кездегі «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің есімі ерекше аталатын. Оның Алаш қозғалысы тақырыбымен таныла бастаған кезі. Міржақыпша айтсақ, «ғылымның тұлпарына мінген» шағы еді. «Алаш тақырыбы оның басына бақ болып қонды», дәл осы сөзді кафедраның кезекті бір мәжілісінде профессор Серік Жа­қып­бековтің айтқаны есімізде қалыпты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кафедра меңгерушілігі қызметін ғылыми зерттеулермен ұштастыра білген Мәмбет Қойгелдиев оқу процесін ғылы­ми зерттеу жұмыстарымен сабақ­ тастырған еді. Сөйтіп, айнала­ сына бір топ талапты да, талант­ ты шәкірттерін топтастырды. Оның кеңесшілігімен және ғылы­м и жетекшілігімен Алаш қозғалысының күрделі кезеңдерін қамтитын, 1917-1918 жылдардағы Қазақстан тарихынан «Уақытша үкіметтің Қазақстандағы билік органдарының қызметі», «Қазақ комитеттері: құрылуы мен қыз­ метінің тарихы», «Оңтүстік Қазақ­стан 1917 жылғы қос революция тұсында», «ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғам­ дық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс», «Қазақ съездері: қа­ ралған мәселелері, шешімдері және олардың орындалуы (1917-1918 жж.). Тарихи талдау», «Қазақ­ стан бүкілресейлік құрылтай жиналысына даярлық және оның идеяларын қорғау кезеңінде», «Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» сияқты ұлт тарихының өзекті мәселелері арнайы зерттеу нысанына айналды. Осылайша, кеңестік тарихнамада бұрмаланған, мазмұны мүлдем басқаша сипат алған өткен

тарихымыздың күрделі мәселелері бойынша жас тарихшылардың зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. Міне, осындай игі істердің бел ортасында жүрген профессор Мәмбет Құлжабайұлының алаштану мектебін қалыптастыру кезеңі де 1995 жылғы «Қазақ­ стан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырым­ дамасынан» кейінгі 1997 жылғы жалпы ұлттық татулық пен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылымен, 1998 жылғы ұлт­ тық тарих жылдарымен ұштасады. Профессор Нәбижан Мұқамет­ ханұлы нақты атап көрсеткендей, «оның білім мен ғылым сала­ сындағы белсенді қызметі тәуел­ сіздік кезеңіне сәйкес келді. Мұны ғалымның қоғамдық, ғылыми қызметінің екінші кезеңі деп қарастыруға болады». Осы кезеңде Мәмбет Құлжабайұлы тынымсыз ғылыми ізденіс жұмыс­ тарының нәтижесінде 1994 жылы «Қазақ демократиялық интел­ лигенциясының қоғамдық-саяси қызметі (ХІХ-ХХ ғғ. басы)» тақы­ рыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. Сол жылы алғаш рет Әлихан Бөкейхановтың шығармалар жинағын, 1995 жылы «Алаш қозғалысы» кітабын жа­ рыққа шығарады. Осы тұста айта кетейік, Мәмбет Құлжабайұлы Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов десе, «ішкен асын жерге қоятын». Бірде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында өткен бір ғылыми жиынға қатыстық. Сонда мінберге көтерілген алаштанушы, академик, тарихшы-ғалым Кеңес Нұрпейіс: «Осы біздің Мәмбет, Әлихан Бөкейханов жайлы сөз айтылса, қылышын суырып алып қорғауға дайын тұрады» деген еді. Бұл ұстазымыз туралы дәл айтылған сөз-тін, оған біздер куә болып келеміз. Өйткені, Алаш қозғалысы тақырыбын, Әлихантану мәселелерін ол кісідей жетік білетін ғалым жоқ десек, артық айтқандық емес. Ол кісі бұл мәселені жанжақты, әрі тереңнен түсінеді және оны басқаларға түсіндіре алады.

Аспирантурада оқып жүрген кезімізде кандидаттық диссертациямызды жазу және қорғау барысында біз профессор Мәмбет Құлжабайұлын әр қырынан тани бастадық. Оның «үлкенге құрметін, кішіге ізетін» көрдік, онысына сүйсіне қарайтынбыз, керек жерінде мінезін де көрсетіп қоятын, әрдайым әділдікті ту ететін, еңбекқорлығымен қоса талапшыл, жастарға жанашырлық таныта білетін, қолынан келсе қамқорлығын аямайтын адам. Профессор-оқытушылар құрамы­ нан кафедраның ізденушілері мен аспиранттарына өз сабақтарын бергізіп қойып, олардың еңбегін қанаудан аулақ болуды талап ететін. Кафедраның «аспиранттары мен ізденушілеріне ғылыммен айналысуға ешбір кедергі жасамау керек» дейтін. Осындай қасиеттерімен оның беделі аспиранттар арасында да арта түсетін. Ғылыми жетекші ретінде профессор Мәмбет Құлжабайұлының қоятын бірінші талабы – бұрын қорғалған диссертациялардағы мәселелерді қайталамау, қазір­ гі тілмен айтқанда, «плагиаттан» аулақ болу. Әсіресе, Алаш қозғалысы тарихынан тың мә­ ліметтер беретін мұрағат құжат­ тарын және түпнұсқалық дерек көздері болып табылатын «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Алаш» сияқты ұлттық мерзімді басылымдардың материалдарын сапалы пайдалануға ша­қыратын. Білім беру мен ғылымға бау­ лу дәстүрі сақталған ҚазҰУдың мектебі мықты ғой, негізі. Біздер үшін осы университетті бітіріп, оның аспирантурасында оқу зор мәртебе болатын, әрине. 1990-жылдардың ортасында жоғары оқу орнында қызмет ету үшін кандидаттық диссертация қорғау міндетті болды. Ал оның жолы біреу ғана – дұрыс ғылыми жетекшің болу керек және өзекті ғылыми тақырыпты

таңдау, оны бекіту, мүмкіндік болса аспирантураға түсу, одан арғысы таза еңбекпен келеді, өрге сүйрейтін жетекшің мен талаптанған өзіңе байланысты болатын. Аспирантураға түскеннен кейін ғылыми ортада көп айтылатын «егер тақырыпты дұрыс таңдасаң, ол сенің жартылай жеңісің» деген сөздің мән-мағынасын ұғына бастадық. Ғылыми жетекшіңді анықтап, оның келісімін алу да оңай шаруа емес еді, «сөзімді қалай бастаймын», «қалай қабылдайды екен», «сенімінен шыға аламын ба?» деген сияқты сан түрлі са­ уалдармен басың қататын. Араға адам салмай, ғылыми жетекшіге тікелей өзің шығып сөйлесу үшін де біраз сатылардан өтуге тура келеді, «ақырын жүріп, анық баспасаң» ғылым жолындағы «қыл» көпірден құлап кетуің де мүмкін еді. Университет бітіргеннен кейін араға бес жыл салып, ҚазҰУ-дың тарих факультетінің есігін қайта аштым. Осында бізге, кезінде тарих пәнінен дәріс оқыған ұстазым – Мәмбет Құлжабайұлымен кез­ десіп, тақырып жөнінде ашық әңгімелесудің сәті түсті. Амансаулықтан кейін, мүмкін мені ұмытып қалған шығар деп, өзімді қайта таныстыра бастағанымда «білемін ғой, білемін» деді, оған іштей қуанып та қалдым. Содан соң, алдымен аймақтағы ЖООның жағдайын баяндап, ғылымға біржола бет бұрғым келетінін айтқанымда, ол зерттейтін тақы­ рыптардың көп екенін, бірақ алдымен қай бағыттағы тақырыпты таңдағым келетіне көңіл бөлді, біршама пікір алысудан кейін ғылыми жетекшім «Қазақ съез­ дері» тақырыбын зерттеу қа­жет екеніне тоқталды. Сосын біраз ойланыңқырып отырып, төте жазуды білетін-білмейтінімді сұрады, мұның әлі ешкімнің тісі бата қоймаған өте күрделі тың тақырып екенін, оны кез келген адамға ұсына бермейтінін айтып қалды. Ал мен болсам, шамама қарай сенімінен

шығуға тырысатынымды жеткіздім. Сөйтіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ ситетінің жолдамасымен ҚазҰУда профессор Мәмбет Құл­ж а­ байұлының ғылыми жетекшілігмен бір жылдық тағы­л ым­д амадан (стажировкадан) өтіп, келесі жылы аспирантураға түстім. Аспирантура кезінде үлкен мектептен өттік, ғылымдағы таза­ лық дегеннің не екенін білдік. Мұның бәрін ұстазымыз Мәмбет Құлжабайұлынан үйрендік, адам­ гершілік қағидаттарының көптеген мәселелерін де сол кісіден түсіндік. Аспирантураның соңғы жылында кафедраның алдын ала қорғауынан өтіп, 1999 жылдың маусымында кандидаттық диссер­ тациялық жұмысымды сәтті қор­ ғадым. Кафедрадағы алдын ала қорғау кезінде профессор Серік Құрманғалиұлы болашақта «Қазақ съездерінің қаулы-қарарлары мен шешімдерін» хрестоматия түрінде шығарып, жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізу керектігін ұсынған еді. Бұл идея 2007 жылы тағы да ұстазым, профессор Мәмбет Құлжабайұлының тікелей ықпалымен жүзеге асты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан «Қазақ ұлт - азаттық қозғалысы» атты көптомдығының 4-ші томы «Қазақ съездері» деп аталды. Диссертациялық жұмысты жазу мен қорғау кезінде ғылыми же­ тек­шімнің айтқан мынадай сөз­ дері есімнен кетпейді: «бұл та­ қырыпты жазып шығу үшін, алдымен оны жақсы көруің керек», «жұмысты уақытында жазып қор­ ғау үшін, күніне жарты бет қағаз болса да жазуың керек», «бұл тақырыпты өзіңнен артық ешкім біле қоймайды», «қандай жағдай болса да, өз ұстанымыңда қалуың керек». Қазір ойлап отырсам, ғылыми жетекшімнің бұл айтқан сөз­дері тура тұлпарын бәйгеге қосатын бапкердің «қамшылау» сөздері екен, шәкіртін алдын ала баптау, оны өзін-өзі қорғауға, терең біліммен қарулануға дайындау екен. ҚазҰУ-дың аспирантурасында үлкен мектептен, күрделі сы­н ақ­­т ардан өттік, қиындығы мен қызығы мол ғылыми ортаға бейімделдік, өзіндік таным-түсіні­ гіміз қалыптасты. Оған ұстазымыз, тарихшы-ғалым Мәмбет Құлжа­ байұлының ықпалы, айтқан ақылкеңесі зор болды дер едім. Ол үшін Ұстазыма алғыстан басқа айтарым жоқ! Мерейлі жасымен құттықтай отырып, зор денсаулық тілеймін! Ұстаздық пен ғалымдық жолында талантты шәкірттер көптеп кездесе берсін демекпін! Алла разы болсын! Күлпаш ІЛИЯСОВА, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері


www.astana-akshamy.kz

№112 (3464) 27/09/2016

мәдениет 1937 жылдың 26 қыркүйегінде солақай саясаттың құрбанына айналған ақын, әнші, композитор Тайжан Қалмағамбетов «үштіктің» үкімімен атылып кетті. Содан 1958 жылға дейін, хрущевтің «жылымығы» жеткенше есімі ескерусіз, өнері атаусыз қалды. Алайда, сол кезеңде ол туралы там-тұмдап қана айтыла бастады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ғана өнерпаздың өмірі мен шығармашылығын зерттеу қолға алынды. Бұл үрдіс бүгінгі күндерге дейін жалғасуда. Соның жарқын үлгісі Конгресс-холда өткен «Ұлытаудан қанат қаққан Тай­ жан ақын» атты концерт болды. Астана қаласы мемлекеттік академиялық филар­м ониясының халық әні бөлімі ұйымдастырған кеште көрермендердің қатарынан ақынның ұрпақтары да табылды.

Жезқазған қаласындағы Т.Қалмағам­ бетов атындағы филармония әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин Тайжан мұрасын халыққа таныту ісінде үлкен еңбек сіңірді. Кезінде Тайжанның ағасы Құлжаннан тараған Шаһбал ападан 8 әнді жазып алды. Кейіннен тағы іздене түсіп, айтылмай жүрген бірнеше

отыр. Ал Тайжан туған Ұлытау өңірі көтеріліс ошақтарының бірі – Торғай даласымен шекараласып жатыр. Тайжан да бұл оқиғаға үн қосып, Амангелді сарбаздарын жырлаған. Жалпы ақын шығармашылығы сан алуан тақырыптарды қамтиды. Қазақ ән өнерінде «Бекежанның күлкісі» деген тіркес бар. «Қыз Жібек» операсында театр өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбеков Бекежанды ойнағанда салған бұл күлкі актердің тапқырлығынан туындады. Осы күлкімен әртіс осыдан 80 жыл бұрын мәскеулік көрерменді табындырған еді. Тайжанның «Сақ-сақ» әнінде де ғажап күлкі бар. Бұл күлкіні Астанада өткен концертте елордалық филармония әншілері Нұрай Танабаев пен Рахат Бегасылов тамаша салды. Ал біздің басымызға: «Құрманбек Жандарбеков Бекежанның күлкісін Тайжанның «Сақ-сағынан» алған жоқ па екен?!» деген ой келді... Кеште Тайжан Қалмағамбетовтің оннан астам әні орындалды. Атап айтсақ, «Қызыл алма» әнін Тельман Нұртай, «Жігіттерге» туындысын Жақсыгелді Маясаров, «Тайжанның әнін» Күн­сұлу Тұрлыбекова, «Қарсақбай» шығар­ масын Перизат Тұрарова, «Шалқыма» әнін Жазгүл Даңылбаева, «Нартайға» арнауын Данияр Мұқан, «Жомарт Тайжан» өлеңін Әйгерім Нартуеева шырқады. Тайжанның басқа да әнде­р іне көрермен құлақ құрышын қандырды. Концертті филармонияның

Тайжан әндері тамсандырды

Қазақтың сал-серілік дәстүрі салтанат құрған дәуір – ХІХ ғасырдың аяқ шенінде дүниеге келген Тайжан ақын сол дәстүрдің бар қадір-қасиетін бойына сіңіріп өсті. Туған нағашысы Үкілі Ыбырайдан бата алып, кең сахарамызды ән мен жырға бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан өнерпаздардың бірі де – Тайжан. Сол кезде оның саяси бюро мүшесі Григорий Орджиникидзеге айтқан арнауы «Дорогой Серго» атауымен орыс тіліне аударылып, одақтың орталық газеттерінде басылды. Тайжанның өнерін академиктер Қаныш Сәтбаев пен Ахмет Жұбанов, жазу­шы Сәбит Мұқанов жоғары баға­ лады. Жетісу өңірінен шығып, онымен қатар үзеңгі қағыстырып шапқан Кенен Әзербаевтің артында «Тайжан – ақындар арасындағы тамаша талант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қобызы да қоса сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді. Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін» деген сөз қалған. Сыр бойында өткен тамаша өнерпаз Нартай Бекежанов Тайжанды ұстаз тұтты. Қазақ музыкасын жинақтаушы Александр Затаевич композитордың үш әнін жазып алып, өзі құрастырған «Қазақтың 1000 әні» жинағына қосты.

әнін тапты. Қазір әншінің репертуарында Тайжанның он төрт әні бар. Ғалым Мұхамедин – асқан әнші, кеңес заманында қазақтың талай тамаша әндерін өлтірмей, ұрпаққа табыстаған Жүсіпбек Елебековтің соңғы шәкірттерінің бірі. Шәкірті оқуын бітіріп, елге жүрер алдында Жүсекең: «Ғалым, үш жүздің басын қосқан Ұлытау еліне бара жатырсың. Ол – небір дүлдүлдер шыққан қасиетті жер. Сол елде Тайжан ақын өмір сүрген. Нақақтан «халық жауы» деп атып өлтірген оны. Талай жерде бірге ән салғанбыз. Тайжанның әндері айтылмай кетті ғой, қайран дүние... Тайжанның мұрасын барысымен қолға алшы» деген үлкен аманат тапсырды. Ғалым Мұхамединнің Тайжан әндерін іздеуіне ұстазының осы бір ауыз сөзі түрткі болыпты. Әнші «Алтын кесе» атты күйтабақ шығарып, оған Тайжанның 11 әнін енгізген. «Жез киік» атты дискіге де ақынның әндерін қосты. Астанада өткен концертке Ғалым Мұхамедин арнайы қонақ болып шақырылды. Тайжанның Қарсақбай түрмесінде жатып шығарған «Өтірік күйдім жалаға» атты соңғы өлеңімен кешті ашқан әнші ақынның жан күйзелісін көрерменге жеткізе білді. Биыл қазақ даласында бұрқ ете қалған Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толып

«Сарыарқа» ұлттық аспаптар ансамблі әдемі музыкамен әрледі. Ақмола жерінде өткен халық ақыны Көкен Шәкеевтің Тайжанға арнауын Баян Мұсаева жақсы алып шықты. Концертке арнайы қатысқан Жез­ қазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева астаналық филар­ монияға жерлестерінің атынан алғысын жеткізіп, сый-сыяпат жасады. Тайжан Қалмағамбетовтің мұрасының елге танылуына, әндерінің халық арасында насихатталуына белгілі ақын, марқұм Кәкімбек Салықов аз еңбек сіңірмеді. Ақынның құрастыруымен Тайжанның «Сақ-сақ күлсін сырнайым» жинағы жарық көріп, «Ақын Тайжан» атты поэмасы жеке кітап болып шықты. Осыны айтқан Тайжанның немересі Жәлел Қалмағамбетов ұрпақтарының атынан концерт ұйымдастырушыларына рахметін айтты. Кештің өтуіне Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі Секен Сыздық мұрындық болды. Филармония директоры Сәкен Әбдірахмановтің қолдауымен бұл концерт жүзеге асып, Тайжан өмірі мен шығармашылығының жаңғыруына үлкен үлесін қосты. Аманғали ҚАЛЖАНОВ

9

«БАЛАПАННЫҢ» БАЗАРЛЫҒЫ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көрерменге жол тартқан «Балапан» телеарнасы бүгін 6 жасқа толды. Осыған орай «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында «Алақай, туған күн!» атты мерекелік шара өтті. Мыңдаған астаналық бүлдіршін тікелей эфирдегі түсірілім­ ге қатысып, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларымен бай­ ланысқа шықты. Балалар «Балапанның» туған күнін бас қалада ерекше тойлады. «Ханшатырда» жиналған елордалықтар кешке дейін театрландырылған көріністер мен танымал шоу бағдарламаларды тамашалады. Led-экрандағы караокеден бүлдіршіндер телеарнаның хит әндерін қосыла шырқады. Ал, сахнада Астананың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, ұтыс лотереялары ойнатылды. Цирктен арнайы әкелінген маймылдың өнері көпшілікті тәнті қылды. Мерекелік тарту сабын көпіршіктерін қызықтаумен жалғасты. Сиқыршылар шоуы да кішкентай көрермендерді таңғалдырмай қоймады. Ең қызығы, «Ханшатырдың» атриумы нағыз шеберханаға айналды. Ұйымдастырылған үйірмелердің бірі – «Он саусақ» бағдарламасының сыйы ең көп балақайдың басын қосты. Қиялдарын ортаға салған ұл-қыздар дайын құралдарды пайдалана отырып қауырсынды қылқалам, ерекше бетбелгі, моншақ, ашықхат секілді түрлі қолөнер бұйымдарын дайындады. Қызығушылық танытқандардың көптігі сонша ұйымдастырушылар әкелген заттар лезде таусылып жатты. Мәселен, небары жарты сағатта «Он саусаққа» 400-ге жуық бала келіп үлгерген екен. Кеш барысында кілт сөздер арқылы «Балапанның» бағдарламалары мен мультфильмдерін табу викторинасы ойнатылды. Барлық сұраққа дұрыс жауап берген Әйгерім есімді балақай велосипед тізгіндеп, телеарнаны жаңа жасымен құттықтады. Мерекелік бағдарлама «Балапанның» әнұранын хормен шырқаумен аяқталды. Айта кетейік, өскелең ұрпақтың білім мен тәрбиесіне зор үлесін қосып келе жатқан телеарна ашылғалы бері талай биікті бағындырды. Алты жыл ішінде көрермен назарына телеарнаның 300-ден аса өзіндік өнімі ұсынылды. Disney, DreamWorks, SONY, Nickelodeon, Iconic секілді әлемге белгілі компаниялардың өнімдерін дубляждап, алғашқылардың бірі болып отандық телеарнаға шығарды. «Балапанның» контенті де жыл сайын жаңарып келеді. Мысалы биыл үш тілді еркін меңгеруге көмектесетін «АВС+», шығармашылықты насихаттайтын «Балапан жұлдыз» секілді жобалар қосылды. Спорттық-интеллектуалдық «Шытырман» бағдарламасына қатысуға ынталы көремендердің саны да жыл сайын артып келеді. «Квест» логикалық тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс істеуге бейімдесе, «Кішкентай Эйнштейн» табиғат құбылыстары, жер және аспан кеңістігінің құпияларымен танысып, балаларды қызықтыратын сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап береді. Алдағы уақытта да «Балапан» өсіпжетіліп, жас ұрпақтың мәдени тұлғасын қалыптастырып, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ержетуіне ықпал жасайтынына сеніміміз мол. Мәдина ЖАҚЫП


10

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

сенбіліктен репортаж

«Астана – таза қала!» атты жалпы­­қалалық сен­ білікке Алматы ауда­нының тұрғын­д ары белсене ат­ салысты. Бұл ауданда 40 мыңнан аса жұрт екі қол­ ға бір күрек ұстап, қала тазалығы үшін еңбектенді.

БІРЛІК ТҮБІ – ТІРЛІК

Экологиялық айлық аясында ұйымдас­тырылған сенбілік кезінде Алматы ауданында 5 мыңнан ас­там ағаш егілді. Ағаш отырғызу үшін ауданнан арнайы жеті орын белгіленді. Аймақтардың ішінде ең көп көшет жаңа Триатлон паркіне отырғызылды. Бұл саябақта енді тағы 2 мың тал-терек бой тіктейтін болады. Астаналық кәсіпкерлер мен ЕҰУ студенттері музей қызмет­ керлеріне қосылып, Ұлттық музей аумағына 323 тал екті. Бұл істен қала маңындағы тұрғындар да қалыс қалмай, «Железнодорожный» тұрғын алабына 350 ағаш отырғызды. Немерелерін ертіп шыққан зейнеткерлер болса, Абылай хан даңғылындағы жасыл желектің көркеюіне үлес қосты. Сондай-ақ, Тәшенов көшесіндегі

Есілдіктер екі мың ағаш екті

«Астана – таза қала!» атты жалпықалалық сенбілікке Есіл ауданы тұрғындары белсене қатысты. Төрт жүз­ ден ас­там мекеме мен ұйым қыз­меткерлері, студенттер мен түрлі компания өкіл­дері – барлығы жиырма мың­ға жуық адам көшет отыр­ ғызып, аймақтарды сы­­пы­ рып, қоқыстарды тазалады.

Алдын ала белгіленген сегіз аймақта 120 техника, соның ішінде 90 жүк автокөлігі, отыз шақты жүк тиегіш көлік те жалпы ортақ іске жұмылдырылды. Еңбекшілер көшесінен бастап Нұра өзені аумағына дейінгі аралыққа 661 түп отырғызу жоспарланған екен. Бұл жұмыстарды Президент Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі қызметкерлері, ҚР Жоғарғы Соты судьялары, ҚР Парламентінің депутаттары және «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының өкілдері атқарды. Ал «Хан Шатыр» СОО аума­ғ ында 330 түп жас тал егілді. Оны Есеп комитетінің, ҚР Конституциялық Кеңесі, Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкер­лерімен бірге актерлер, сазгерлер мен тележүргізушілер қолға алды. Сондай-ақ, сенбілік аясында Есіл ауданы аумағындағы балабақшаларға бірнеше ағаш түрі тегін таратылды. Шамамен екі мыңға жуық тал-терек түрі бұйыртса, балалардың бал мекенін жасыл желекке орайтын болады. Есіл ауданында қазіргі уақытта 25 балабақша бар екен. – Бұдан бұрын, дәлірек айт­қанда, 12 қыркүйек күні жалпы экологиялық айлық басталған болатын. Осы айлық аясында 17-18 қыркүйек күні Есіл ауданы аумағында кеңейтілген коммуналдық

сенбілік өткізілген еді. Оған жүзден астам мекеме қатысты. Оның ішінде ПИК-тер, Есіл ауданы әкімдігінің мердігерлік ұйымдары, құрылыс компаниялары, Коммуналдық шаруашылық басқармасының мердігерлері, Энергетика, Құрылыс басқармасы, «Астана Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК-ы қызметкерлері мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысқан еді. Екі күн бойы атқарылған жұмыстарға 80 арнайы техника тартылды. Соның нәтижесінде абаттандыру тәртібін бұзған кейбір жағдайлар ретке келтіріліп, үлкен аумақтағы арамшөптер оталды. Заңсыз қоқыс төгілген жерлер анықталып, олар арнайы қоқыс төгетін орындарға әкетілді. Коммуналдық сенбілік нәтижесінде қоқыс төгетін полигонға 531 тонна қоқыс шығарылған болатын. Жалпы көктем басталғалы күні бүгінге дейін құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс төгілген 115 орын анықталып, түгел тазаланып, қалпына келтірілді. Мұндай жерлер «Газмашарматура», «Пригородный», «Тельман» тұрғын үй алабы мен Қорғалжын тас жолы, «Жағалау-3» тұрғын үй кешені және тағы басқа жақтардан табылды. Ол жерлердің барлығы талапқа сай абаттандырылды, – дейді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жамал Әбікенова. Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

жаңа гүлбақ та назардан тыс қалмады. Елордалық журналистер де еңбектеніп, «Президент» паркі­ нен арнайы бөлінген аймаққа 50 тал екті. – Игі дәстүрге айналған сенбілік­ тің арқасында айналамыз айнадай тазарып қана қоймай, қаншама ағаш отырғызылады. Біздің ау­ дан­­ның өзінен шараға 42 мың адам қатысуда. Бұл бір жағынан біз­д ің ынтымағы жарасқан ел екеніміз­ді көрсетеді. Тазалыққа немқұрайлы қарамай, сенбілікке шыққан жұрттың бәрі қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Іс өнімді болу үшін 209 арнаулы техника тартылды, – деді Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Аудан әкімінің айтуынша, бір апта бұрын өткен коммуналдық сенбілікке 9 мыңнан аса адам қа­ты­сып, 154 техника жұмыл­ дырылыпты. Нәтижесінде 309,3 тонна қоқыс шығарылған. Бұл ауданда биыл көктемде өткен сенбілік кезінде 4 800 ағаш отырғызылды. Ал былтыр жалпы 7 265 ағаш егілген. Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Жалпықалалық сенбілікте қала әкімі Әсет Исекешев «Таза өзендер» шарасына атсалысып, Сарыбұлақ арнасының бойында ағаштар отырғызды.

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНҒАН САРЫБҰЛАҚ

– Елорданы көгалдандыру, барлық аудандарда және шағын аудандарда гүлбақтар мен саябақтар санын арттыру – басты міндеттеріміздің бірі. Астанада дәстүр бойынша жыл сайын 20 мыңнан артық көшет отырғызылады. Биыл ботаникалық бақтың салынатынын ескерсек, бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаяды. Осының барлығы халықтың кү­шімен және қолдауымен жаса­­лып жатыр. Сенбіліктер та­залыққа тәрбиелейді. Осылайша біз қаламызға деген сүйіс­ пеншілігімізді жеткізіп, пат­риоттық танытамыз, – деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. Сарыбұлақ жағасы аз уақытта адам танымастай өзгерген. Айналдырған екі айдың ішінде футбол мен балалар ойынына арналған алаңдар салынды, спорттық тренажерлер орнатылды. Көпірдің айналасын көгалдандыруға да көп көңіл бөлінген. 400-дей тұрғын бұл жерде 926 көшет отырғызып, Сарыбұлақ бір-ақ күнде жасыл желекке оранып шыға келді. Оң өзгерістер жайлы Астана қалалық мәслихатының депутаты Саят Батпенов: – Тұрғындар «Ағаш жоқ, балалар ойнайтын жер аз, спорттық алаңдар жетіспейді» деп жиі шағымданатын. Барлық талап-тілектерді ескеріп, аудан әкімдігіне Сарыбұлақ бо­й ын абаттандыруға қатысты жоба ұсындық. Жоба­ның іске асу мерзімі күзге жос­ пар­ланған болатын. Елорда әкімі Әсет

Өрентайұлы бастаманы бірден қолдады. Белсенді жұмыстардың ар­қ а­с ында Қосшығұлұлы көшесінің аумағы серуендеуге, велосипед теуіп, жүгіруге таптырмайтын демалыс мекеніне айналды. Мемлекеттік тұрғын үй қорына жататын сары кірпіштен соғылған үйлердің көптігінен астаналықтар бұл жерді «сары аудан» атайтын еді. Енді болашақта көрікті жасыл мекенге айналары сөзсіз, – деп әңгімелеп берді. Ал Сарыарқа ауданының әкімі Павел Кулагиннің айтуынша, келесі жылы Сарыбұлақты абаттандыру жұмыстарының екінші кезеңін жүзеге асыру көзделіп отыр. «Екінші кезеңі Ә. Жангелдин көшесінен Н. Тілен­диев даңғылына қарай со­зылады. Мұнда бір жарым мың түп ағаш отырғызылып, баскетбол, волейболға арнал­ған универсалды алаңдар құ­рылысы жүргізіледі. Сонымен бірге, қысқы маусым кезінде Сарыбұлақ бойында сырғанақ салу да ойымызда бар» дейді аудан әкімі Павел Кулагин. Жалпы, күзгі экологиялық айлық аясында Сарыарқа ауда­нындағы сенбілікке 28 мыңнан аса адам қатысты. Олардың қатарында шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, 138 ПИК, аудандық Ардагерлер кеңесі, мектеп оқушылары мен ұстаздары, студент жастар бар. Бұл күні ауданда 2 мыңға жуық көшет егілді. Мәдина ЖАҚЫП


www.astana-akshamy.kz

№112 (3464) 27/09/2016

ресмиет

Айырбастау пункттері шетел мемлекеттерінiң металл ақшаларын қабылдауға міндетті ме? Жеке тұлғалар банктердің және уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерінде шетел мемлекеттерінiң металл ақшаларын айырбастауда қиындықтарға ұшырасады. Осыған байланысты валюталық заңнамаларда шетел мемлекеттерінің металл ақшаларын қабылдау бойынша айырбастау пункттерінің қызметіне талаптар қойылған ба деген сауал туындайды. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №144 қаулысымен бекітілген (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру Қағидаларымен анықталады.

Жоғарыда айтылған Қағидалардың 58-тармағына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға шетел мемлекеттерінің (мемлекет тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізу жөніндегі шешiмді дербес қабылдайды. Қорыта айтқанда, шетел мемлекет­ терінің металл ақшаларын қабылдауда міндетті талаптар белгіленбеген. Р.Ауелова, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИҚАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ Орталық Филиалы (Астана қаласы), Валюталық операцияларды бақылау бөлімінің жетекші маман-экономисі

Астана қаласының әкімдігі халықты ақпараттандыру мақсатында хабарлады «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған және алғашқы психологиялықмедициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялықмедициналық-педагогикалық тексеруді күту – күнтізбелік 30 күн. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: – ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарлама­ сының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы); 2) бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі; 3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады: 1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы

№ 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны; 2) білім беру ұйымынан психологиялықпедагогикалық мінездеме; 3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері. Жұмыс уақыты: Қазақстан Республикасының еңбек заңна­ масына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында және Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген белгіленген жұмыс кестесі бойынша. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 09.00ден 17.30-ға дейін атқарылады. Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы: ПМПК №1. Астана қ, Сарыарқа ауданы, 23-17 көшесі. З-үй, 29 (№74 мектеп-гимназиясының ғимаратында) 77172-484315, ПМКПК № 2 Астана қ., Бөгенбай көшесі 17, (№ 18 мектеп ғимаратында) 77172-228435, ПМПК №3 Астана қ., Сарыарқа ауданы, Е-12 көшесі, ғ-8 /№78 (мектеп-гимназиясының ғимаратында) 77172407087 «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ

11

Астана қаласының әкімдігі халықты ақпараттандыру мақсатында хабарлады «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кон­­с ультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңалту орталықтары, психологиялықпедагогикалық түзету кабинеттері көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырылған сәттен бастап 60 минуттан аспайды; Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі қорытынды болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 2) психофизикалық ауытқулардың бар екенін растайтын психологиялық-меди­ циналық-педагогикалық консультацияның қоры­тындысы. Жұмыс уақыты: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мере-

ке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы: ПМПК №1. Астана қ, Сарыарқа ауданы, 23-17 көшесі. З-үй, 29 (№74 мектепгимназиясының ғимаратында) 77172484315, ПМКПК № 2 Астана қ., Бөгенбай көшесі 17, (№ 18 мектеп ғимаратында) 77172-228435, ПМПК №3 Астана қ., Сарыарқа ауданы, Е-12 көшесі, ғ-8 /№78 (мектеп-гимназиясының ғимаратында) 77172-407087, РЦ №1 Астана қ., Сарыарқа ауданы, Сарыадыр орамы, 3 (№49 орта мектептің ғимаратында ) 77172-544221, 77172-545114 (ф), РЦ №2 Астана қ., Бурабай көшесі, (№ 52 орта мектептің ғимаратында) 7 77172-505890, КППК №1 Астана қ., Көктал-2, Құсмұрын 2 (№68 орта мектептің ғимаратында) 77172-408066, КППК №2 Астана қ., (№71 орта мектептің ғимаратында) 77172-501812. «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ

Астана қаласының әкімдігі халықты ақпараттандыру мақсатында хабарлады «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметті оңалту орталықтары, психологиялықпедагогикалық түзету кабинеттері көрсе­ теді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналықпедагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 минут; мүмкіндігі шектеулі балаларды психология­ лық-медициналық-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін; Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәти­ жесі: осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) еркін нысандағы өтініші;

2) көрсетілетін қызметті алушының атаанасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі; 3) баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа); 4) психологиялық-медициналық-педаго­ гикалық консультацияның қорытындысы. Жұмыс уақыты: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орын­ ның мекенжайы: РЦ №1 Астана қ., Сарыарқа ауданы, Сарыадыр орамы, 3 (№49 орта мектептің ғимаратында) 77172-544221, 77172-545114 (ф), РЦ №2 Астана қ., Бурабай көшесі, (№ 52 орта мектептің ғимаратында) 7 77172-505890 «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ

1 айға 3 айға 6 айға

532,90 теңге 1598,70 теңге 3197,40 теңге

1 айға 3 айға 6 айға

772,90 теңге 2318,70 теңге 4637,40 теңге


12

№112 (3464) 27/09/2016

www.astana-akshamy.kz

ОҚЫРМАННАН ОН СҰРАҚ

Данияр ЕЛЕУСІНОВ:

Н Ы Н М А Л А Б

Ы Ш С К БО Н

БОЛГАНЫ АМАЙМЫН КАЛ Д������� ������������ ��� ����� ������ – Р��-��-Ж������ О������������� �������� Д����� Е��������. А���� ���������� �� �������� ������� �������� ����������������� �������� �� �������� ������� �����.

Мақсат ПАТСАБАЕВ, мұғалім: – Олимпиада шыңын бағындырдыңыз. Ендігі мақсатыңыз қандай? Токиоға барасыз ба? Әлде кәсіпқой боксқа ауысасыз ба?

Салтанат ӘБДІРАЗАҚ, студент: – Болашақта сізді қандай саладан көруі міз мүмкін? Шәкірт тәрбиелеп, бапкер болу ойыңызда бар ма?

– Ол туралы әлi ойланған жоқпын. Жақсылап демалып алып, содан соң көремiн. Асықпай, ақылдасып барып шешім қабылдаймын.

– Әзiрге ойланған жоқпын. Уақыты келген кезде көрермiз.

Гүлмира, медбике: – Өзіңіз боксшылар әулетінде тәрбиелендіңіз. Жеңісіңізге әкеңіздің үлкен еңбегі сіңгенін әрдайым айтып жүресіз. Ағаңыз да бокста бірталай белесті бағындырды. Осы дәстүрді жалғастырып, болашақта сіз де ұлыңызды боксшы етіп тәрбиелейсіз бе?

– Халықтың ықыласына ризамын. Түрлі жолдармен тілектерін жеткізіп жатыр. Мына өлең жолдары есімде сақталып қалды. Ұл туған қазағыма Даниярдай, Айналдым анасынан Ғалиядай! Алашқа алтын медаль алып берген, Еңбегi әкесiнiң дариядай. Сондай-ақ: Отырмын шын сезiмге ерiк берiп, Қоқанды Хиуасымен алдым жеңiп. Аузымнан әлi жалын от шығады, Үрейден, ыза-кектен кеткен керiп.

Ãàçåò Қàçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñûíûң Инвестициялар және даму ìèíèñòðëiãi, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 27.01.2016 æ. òiðêåëiï, №15805-Ã êóәëiãi áåðiëãåí. Меншік иесі: «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС

– Жоқ, үмiттенген жоқпын. Бірақ өзімді лайықтылардың бірімін деп санаймын. Негiзi, менiңше, бұл атақ кубалық боксшылар Арлен Лопес немесе Робейси Рамиреске бұйыруы керек еді. Нұрлыбек, кәсіпкер: – Олимпиадада осал қарсылас болмайды. Дегенмен сізге ең қиын қарсылас кім болды? Жартылай финалда қабағыңыз жарылғанда, қандай сезімде болдыңыз?

– Оны уақыт көрсетедi. Өз басым боксшы болғанын қаламаймын. Баламның бойынан ағам екеумiздiң бойымыздан әкем көрген қабiлет пен қасиеттер табылып жатса және бокспен айналысуға өзiнiң қызығушылығы болса, өзінің қалауы болады. Мен оның қай шешімін де қолдайтын боламын.

Бақдәулет: – Сіз алтын алғанда, бүкіл қазақ қуаныштан бөркін аспанға атты. Газет, сайт, әлеуметтік желілерде ақындар сізге арнап өлең жазды. Сол өлеңдерді оқыдыңыз ба? Оқысаңыз, қандай өлең жолдары есіңізде қалды?

Бақыт ӨТЕНОВ, құрылысшы: – Баркер кубогынан үміттендіңіз бе? Сіздің ойыңызша, бұл атаққа кім лайық болды?

– Әрине, финалдық кездесу. Өйткенi жарақатыма соққы тигiзiп алудан қорықтым, егер жарақатыма соққы тиiп қан тоқтамаса, ереже бойынша жеңiс техникалық нокаутпен қарсыласыма берiлуi мүмкiн. Бірақ бұл жағдайдың бір жағынан пайдасы да болды. Мирас БИКЕНОВ, оқушы: – Бала Данияр қандай болды? Алғашқы жеңісіңіз есіңізде ме? Алғашқы алтын медальді қандай турнирде алдыңыз? – Алғашқы жеңiсiм қалай ұмытылсын?! Бірінші рет Орал қаласының бiрiншiлiгiнде 8 жасымда өзiмнен 2-3 жас үлкен балалар арасында қала чемпионы атандым.

Бота: – Сіздің жақсы боксшы ғана емес, жақсы биші екеніңізден де хабардармыз. Көпшілік интернетте тараған биіңізді ұнатып, бағасын бас бармағымен беріп жатыр. Ол биіңіз үшін неге ұяласыз? – Бiлмеймiн, қазiр өзiме ерсi көрiнедi.

Фатима: – Бокста әділетсіздік жиі жасалатынын көзіміз көріп жүр. Сізге де солай жеңіп тұрған сәтіңізде әділетсіздік жасалған кез болды ма? – Әрине, болды ондай кездер. Бiрақ қолымды көтермеген кезде, мүмкiн өз деңгейiмде лайықты өнер көрсете алмаған шығармын деп ойладым.

Директор — Сәуле СМАҒҰЛОВА Директордың орынбасарыБас редактор — Зейін ӘЛІПБЕК «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòiнде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Ðåäàêöèÿ қîëæàçáà èåëåðiíiң ïiêiðëåði ìåí êөçқàðàñûí áөëiñói øàðò åìåñ. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Ãàçåò «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòi ðåäàêöèÿñûíûң êîìïüþòåðëiê îðòàëûғûíäà òåðiëiï, қàòòàëäû. Таралымы 15 000 Тапсырыс №112 Баспахана: Àñòàíà қàëàñû, А.Æұáàíîâ êөøåñi, 24/1 «Èçäàòåëüñòâî ÁÌ» ÆØÑ

Әбдірахман ПЕРНЕШОВ: – Қазақтың салмағы саналған 69 келіде алтын алып, дәстүрді жалғадыңыз. Егер келесі Олимпиадаға қатыспайтын болсаңыз, өзіңіздің ізбасарыңыз ретінде қандай жас боксшыларды атар едіңіз? – Бұл салмақта боксшылар баршылық. Абылайхан Жүсіпов 69 келiге көтерiлуi мүмкiн. Егер 75 келiге ауысып кетпесе, Асланбек Шымбергенов те бар. Сондай-ақ, Сағадат Рахманқұлов және тағы басқа жас боксшылар шығуы мүмкiн. Басқа да боксшылар шығып қалуы мүмкін. Ең бастысы әр Олимпиададан қазақ боксшысы алтын жүлдесіз қайтпаса екен деп тілеймін. Дайындаған: Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Редакция мåêåíæàéû: 010000, Àñòàíà қàëàñû, Достық êөøåñi, 13. astana.akshamy@mail.ru Қàáûëäàó áөëìåñi: òåë.: +7 (7172)703-305, ôàêñ: +7 (7172) 703-312. Тілшілер бөлімі: 70-32-17. Жарнама: 70-33-06. va-reklama@mail.ru


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.