л жү
Å
№44 (3549) Сенбі
–
жі
15 сәуір 2017
СҮБЕЛІ СӨЗ
КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ҚАУІПСІЗДІК ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ КЕҢІСТІКТІҢ БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ТАНЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ ЕКЕНДІГІ – ТҮСІНІКТІ ЖАЙТ. СОНДЫҚТАН ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ БІЗ ҮНЕМІ ҚЫРАҒЫ БОЛУҒА ТИІСПІЗ. БҰҒАН НЕГІЗ ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫҢ АРНАЙЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК, ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН БЕРІ ӘЛЕМДЕ 170 РЕТ СОҒЫС ӨРТІ ТҰТАНЫПТЫ. БҮГІНГІ КҮНІ ДЕ ТӨРТ ҚҰРЫЛЫҚТА 24 ЖЕРДЕ СОҒЫС СИПАТЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР ОРЫН АЛУДА.
ÀÑÒÀÍÀ – ÒÀÇÀ ҚÀËÀ ҚАЛА ӘКІМІ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ БАРЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ҚАРАСТЫ АУЛАНЫ ТАЗАРТЫП, ЕСКІ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ҮНДЕДІ. ОНЫҢ ШЕШІМІМЕН БҮГІННЕН БАСТАП ҚАЛАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Елордалықтар қолына күрек алып, тазалау жұмыстарына білек сыбана кірісті. Мәселен, кеше Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек бастаған 50-ге жуық аппарат қыз-
меткері сенбілікке атсалысты. Қан тапсыру орталығы мен Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы да қалыс қалмады. «Алма», «Керуен» және «Хан Шатыр» сауда орталықтары қала
тазалығын сақтауға үлес қосты. Қазақ мемлекеттік заң университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Дарын» лицейі, №77 және №24 мектептері жаппай сенбілік өткізді. Сондай-ақ, онда «Қыз Жібек» пен «Нұрсәуле» балабақшаларының
қызметкерлері де белсенділік танытты. А й т а ке тейік, «Астана – таза қала» шарасы әр жұма сайын ұйымдастырылып, 15 мамырға дейін жалғасады. Әсем қаламыздың тазалығы әркімнің қолында екендігін ұмытпаған жөн.
QAZAQ tili
ҚАШАНҒЫ БАСЫНДЫРАМЫЗ? ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
3
EUR/KZT 331.66
ӘЛІМХАН ЖҮНІСБЕК
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ 5 ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ USD/KZT 311.71
RUB/KZT 5.51
ҮНДЕМЕЙ ҚАЛСАМ, СЕН, КЕШІРМЕ!
CNY/KZT 45.28
6-7
Мәселен, Сириядағы жағдайды алайық. Осындағы Сирия билігі мен оппозиция арасындағы әскери қақтығыстың алпауыт мемлекеттер текетіресі түрінде өрбіп отырғандығын аңғаруға болады. Бұған таяуда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирияның Идлиб провинциясында Сирия әуе күштерінің шабуылы кезінде химиялық қару қолданылғанын тексеру туралы резолюциясы жобасын талқылағанда Қауіпсіздік кеңесінің 10 мүшесі аталмыш құжатты қолдап дауыс берсе, Ресей мен Боливия қарсы болды. Ал Қазақстан, Қытай және Эфиопия қалыс қалды. Сөйтіп Қазақстан бұл мәселе төңірегінде «Астана процесі» деген атауға ие болған Сирия дағдарысын бейбіт түрде реттеу үрдісіне адалдығын танытып, мүмкіндігінше соғыс қаупін сейілтуге барынша ұмтылды. Өкінішке қарай, соғыс қаупі Корей түбегінде қоюлана түскендей. Тіпті кейбір саяси сарапшылардың болжауынша, мұнда үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанып кетуі де әбден мүмкін. Оған өткен жылдың басында Корей халық демократиялық республикасы (КХДР) тарапынан ядролық сынақ жасалып, жасанды жер серігі бар баллистикалық ракетаның ұшырылғаны, 2016 жылғы қыркүйекте тағы бір ядролық сынақ пен жыл бойы жалпы саны 20 ракетаны ұшырғаны, сондай-ақ осы жылы да ракеталардың ұшырылып жатқаны, Пекин мен Мәскеудің қарсылықтарына қарамастан КХДР аумағында THAAD ракета кешенінің орналастырыла бастауы себеп болып отыр. АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Майкл Помпеоның айтуына қарағанда, КХДР АҚШ мемлекетіне қарсы ядролық қару қолдануға тас-түйін дайын және ол Оңтүстік Кореяны да өзінің тікелей нысанына алып отыр. Осыған байланысты 9 сәуірде АҚШ Қарулы күштерінің Тынық мұхит әскери командасы Корей түбегіне Carl Vinson авианосец бастаған үлкен қарулы топты жіберіп отыр және бұл әскери күш 15 сәуірде діттеген жеріне жетпекші. Бір сөзбен айтқанда, әлем үлкен қауіптің алдында... Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, саясаттанушы
www.astana-akshamy.kz