л жү
Å
№45 (3550) Сейсенбі
–
жі
18 сәуір 2017
LRT ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛА МА?
5
СҰРЫҚСЫЗ ҮЙЛЕР ҚАШАН СҮРІЛЕДІ?
6
ҰËÒ ÌҰÐÀÒÛÍÛҢ ҰËÛËÛҒÛ АСТАНА ӘКІМДІГІНДЕ ЕЛОРДА БАСШЫСЫ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАҒАН КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ. Азамат ЕСЕНЖОЛ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙДІ Бүгінде Мемлекет басшысының ұлттық мұратымызды анықтаған мақаласы жұртшылық арасында кең қолдауға ие болды. Оған халықтың құты саналған зиялыдан бастап, ауылда ат мініп, қой бағып жүрген қарапайым азаматқа дейін пікірлерін білдіруде. Бейнелеп айтсақ, алыс жолдан арып-ашып келіп, мөлдір бұлаққа бас қойғандай әсердеміз. Жиынды қала әкімі Әсет Исекешев жүргізді. Ел Президентінің мақаласы жайында салмақты сөз қозғады. Әкім жиналғандарға «Қандай ой-пікірлеріңіз бар?
Ірікпей айтыңыздар» деген сауал тастады. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру хани жаңғыру» атты мақаласы еліміздің алдағы уақытта жүретін жолы мен негізгі бағдарын айқындап берді. Бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған негізгі басымдықтармен астасып жатыр. Жаһандану дәуірінде, әлемдік бәсеке қызған уақытта әрбір мемлекет өзінің ұлттық болмысын сақтай отырып, дүние көшінен қалмауды ойлайды. Осы орайда Елбасының жаңа мақаласы бірқатар маңызды жайттарды қозғаған. Оның ішінде ұлттық сананы қалыптастыру, білім саласын дамыту, латын әліпбиіне көшу, бәсекені нығайту,
туған жерге – Отанға деген құрмет, әлемдік үздік туындыларды аудару мәселелері аса өзекті деуге болады, – деп сөзін бір қайырып өтті қала басшысы. Одан кейін елорда әкімі қаладағы кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі кітаптардың аздығы құпия емес екендігін жасырмады. Сонымен қатар, елордадағы мемлекеттік тілдің дамуына да тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылғы есеп бойынша Астана тұрғындарының 82 пайызы мемлекеттік тілді жақсы біледі. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 62,3 пайыз ғана болған. Алты жылдың ішінде қазақ тілін білетіндердің саны19,7 пайызға көтерілген. Ал өткен жылғы өлшеммен алсақ, ересектер арасында ағылшын тілін
білетіндердің қатары 25 пайыз болса, 2009 жылы ол 7 пайыз болған. Осы аралықта оның саны 18 пайызға өскен. Астана әкімдігінде әрбір тоқсан сайын мемлекеттік тілдегі шығыс және кіріс құжаттарын жүргізу мониторингі жасалады. Соның нәтижесінде кіріс құжаттарының жалпы саны 340 251 болса, соның қазақ тіліндегісі 222 010-ды құраған. Пайызбен айтқанда – 65,8 пайыз. Ал шығыс құжаттарының жалпы көлемі 198 150 болса, оның мемлекеттік тілдегісі – 189 458, яғни 85,6 пайызды құраған. Сонымен бірге, қала басшысы елордадағы балабақшалар мен мектептердің жыл санап көбейіп келе жатқандығын айтты.
ПОЛИЦИЯҒА 7 ҚАБЫЛДАУ ЖАҢАША ЖҮРЕДІ
(Жалғасы 2-бетте)
ТАРИХТАН ТАМ-ТҰМДАСАҚ, КЕЗІНДЕ ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ ШЕТ ЕЛДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҚАЗАҚ ЕЛІН ТАНЫТҚАН ТҰҢҒЫШ ӘНШІ БОЛДЫ.
МИЛЛИАРДТАР ЖАРҚЫРАТҚАН БРИЛЛИАНТ ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 330.18
1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев әндерінің дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері – Ромен Роллан, Анри Барбюс, тағы басқалар тарапынан жоғары баға алғаны белгілі. Осындай ұлы жолды жалғастырып, жас болса да жарқ етіп
USD/KZT 310.87
RUB/KZT 5.53
көрінген Димашты қазақ ұзақ күтті. Дәл қазір қазақ қана емес, әлем халқы арзан, жеңіл дүниелерден мезі болғандай еді. Өзінің әсем дауысын, тума талантын, ерекше көркемдігін көрсетіп, тап-таза, мөп-мөлдір өнерді паш еткен Димаштың бұл жолда айы оңынан туды. Әуезді үнін тек таза дыбыспен табыстыра отырып, миллиардтарды мойындатты! (Жалғасы 8-бетте)
CNY/KZT 45.15
ОҚ БОЙЫ ОЗДЫ
16
www.astana-akshamy.kz