46 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№46 (3551) Бейсенбі

жі

20 сәуір 2017

ÄÎÑÒÛҚ ÏÅÍ ÒÓÛÑÒÛҚ ÆÎËÛ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛГЕН ТҮРІКМЕНСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВПЕН КЕЗДЕСТІ. Орынбек ӨТЕМҰРАТ Елбасы Қазақстанға ат басын бұрған мәртебелі мейман Гурбангулы Бердімұхамедовті құрметпен қарсы алып, таяуда өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Шағын құрамда өткен отырыс кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз әріптесінің сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын

біздің елден бастағанын жоғары бағалайтынын, Түрікменстанның өңірдегі маңызды әрі одақтас ел екенін айтты. – Екі елдің халқы – бір-бірімен бауырлас әрі тату көрші. Бізді ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ортақ тарихи тамыр, тіл мен дін байланыстырады. Ширек ғасырда арамызда шешілмеген мәселе болмаған, өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделген байланыс орнады. Достығымыздың

арқасында іске асқан бірлескен ірі жобалардың бірі – Жібек жолы бағдары бойынша Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Иранға тартылған теміржол құрылысы. Бұл мәселе 15 мамырда Бейжіңде өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумында кеңірек талқыланатын болады. Жоба маңызды бағдар ретінде қарастырылуда және біздің міндетіміз – осы келісімді мазмұндық жағынан толықтыра түсу, – деді Н.Назарбаев. (Жалғасы 2-бетте)

ТАСҚЫНҒА – ТОСҚЫН

5

ҮКІМЕТ ПЕРУАШЕВТІҢ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙ МА?

6

ТІЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ЕМЕС, ҚЫЗМЕТІ МАҢЫЗДЫ

7

ҮНДЕУ

ҚАЛАМЫЗДЫ КҮТІП, ТАЗА ҰСТАЙЫҚ! ҚҰРМЕТТІ АСТАНАЛЫҚТАР! Шаһар – сан тамырдан нәр алатын тірі ағза. Ол да уақыт өте жаңарып, өзгеріп отырады. Қаланың өсіп-өркендеуі әрбір тұрғынның қажырлы еңбегіне, тұрғындардың сана-сезіміне байланысты. Елорда әкімдігі Астананы қайнаған тіршілік ордасына, қауіпсіз, таза әрі өркениетті қалаға айналдыру үшін қажетті бағдарламалар қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізуде. Қаладағы әрбір көше мен үйдің сән-салтанаты келісіп, мұнтаздай таза болуы елордамыздың ажарын ашады. Сондықтан біз барлық қала тұрғындарын қыстан қалған қоқыстарды тек өз ауласынан шығарып қоймай, парктер, гүлзарлар және қоғамдық орындарды ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 331.01

бірлесіп тазартуға шақырамыз. Біз жастайымыздан көктем шыға ауламызды тазалап, қоршауларды сырлап, ағаш пен көшет түптерін ақтап өстік. Аулаға гүл егіп, айналамызды абаттандыру – біздің бала күннен қалған әдетіміз. Бұл – жастарды жекеменшік немесе көп қабатты тұрғын үйде тұрғанына қарамастан айналаны күтіп ұстауға, өз қаласына жанашыр болып өсуге баулитын жарасымды дәстүр. Өкінішке қарай, бүгінде көп дүкен иелері мен өзге де мекемелер өзі орналасқан жерді таза ұстауға, оның әсемдігіне көңіл бөлмейді. Қазір күннің жылығанына қарамастан баспалдақтар мен пандустары қардан, қоқыстан тазаланбаған жерлер бар.

USD/KZT 310.66

RUB/KZT 5.53

Сондықтан біз қаланың барша тұрғындарын, сондай-ақ кәсіпкер азаматтарды өздері тұратын, еңбек ететін орындарды тазалауға шақырамыз. Қаланың тазалығы мен оның көркемдігі сіз бен бізге байланысты. Әркім көрінген жерге қоқыс тастай берсе, Астанамыз қоқыстың ордасына айналары анық. Біз барша астаналықтар мен қала қонақтарын балалар алаңқайларын, отбасымызбен серуендейтін гүлзарлар мен парктерді таза ұстауға шақырамыз. Құрметті достар, бәрімізге ортақ үйді, сүйікті қаламызды күтіп, таза ұстайық!

CNY/KZT 45.12

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
46 шығарылым by Astana akshamy - Issuu