47 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№47 (3552) Сенбі

жі

22 сәуір 2017

ЕЛОРДАДА ӨТЕТІН «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНІҢ БАСТАЛУЫНА НЕБӘРІ ЕЛУ КҮН ҚАЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЭКСПО НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ҚАЛАНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН КӨРІП ШЫҚТЫ. КӨРМЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН КЕҢЕСТЕ ЖЕТІСТІКТЕР ҒАНА ЕМЕС, ОРЫН АЛҒАН КЕМШІЛІКТЕР ДЕ АТАЛДЫ.

Íұðñұëòàí ÍÀÇÀÐÁÀÅÂ:

ÝÊÑÏÎ – ҰËÒÒÛҚ ÌÀҢÛÇÄÛ ÆÎÁÀ Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, Елбасы ауқымды шараның ұлт үшін маңыздылығына тоқталды. «Мен салынып жатқан нысандарды көріп келдім. Дайындық жоғары деңгейде, құрылыс жақын арада аяқталғалы тұр. Нысандарды абаттандыру, толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Көрме өткізуді лайықты ұйымдастыру әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсетеді» дей келе, елорданың даму көрсеткішіне назар аударды. Айтуынша, соңғы 5 жылда аймақтық өнім үш есеге өскен. Елордаға шамамен 4,5 триллион теңге инвестиция құйылды. Ел ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 336.15

экономикасындағы Астананың үлесі 12 пайызға дейін өскен. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 46 пайызды құрайды. «Бұл – еліміздің өзге аймақтары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Астана миллионер қалаға айналды. Өткен жылы ел аумағында 10,8 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, соның 2,3 миллион шаршы метрі Астанаға тиесілі. Қала маңызды әрі жаһандық шаралар мен кездесулерді ұйымдастыратын дәстүрлі ортаға айналды» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қаланың Қозғаушы күші – кәсіпкерлік Иә, айтса айтқандай, Астана 2016 жылды табысты аяқтағаны белгілі. Ішкі жалпы өнім 3,7 па-

USD/KZT 312.38

RUB/KZT 5.55

йызды құрады. Құйылған инвестиция – 840 млрд теңге. Бір жылдың ішінде 19 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Қала бюджетіне 1 трлн теңге жиналды. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ бағдарламасының арқасында соңғы жеті жыл ішінде өндіріс көлемі 4,5 пайызға ұлғайып, 353 млрд теңгеге жетті. «Нұрсұлтан Әбішұлы, әлемдік дағдарысқа қарамастан, бизнес және кәсіпкерлік саласын қолдау әрі қарай дамып келеді. Қаланың экономикалық негізгі қозғаушы күші – шағын және орта кәсіпкерлік. Бүгінде Астана қаласында 100 мыңнан астам кәсіпорын бар. Олар шамамен жалпы өңірлік өнімнің 46 пайызын қалыптастырады. (Жалғасы 2-бетте)

CNY/KZT 45.39

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ ЕЛОРДАДА 20 СӘУІРДЕН БАСТАП ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ӨШІРУ БАСТАЛДЫ. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылдың 27 маусымындағы №249/36-V «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы» шешіміне сәйкес, сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күнтізбелік күн бойы тұрақты түрде 10 градус жылы болғанда, Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды. Бүгінде елордада сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты. Қалалық Энергетика басқармасының мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қазанында басталған жылыту маусымы 202 күнге жалғасты. Бұл кезеңде энергиямен жабдықтау жүйелері іркіліссіз жұмыс істеді. Қуат беру көздерінде жоспарланбаған тоқтату болған жоқ, апаттық жағдайлар тіркелмеді. Қаланың энергия көздерінде 2 млн 500 мың тонна көмір, 7 313 мазут шығындалды.

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.