63

Page 1

л жү

Å

№63 (3568)

жі

Сейсенбі

30 мамыр 2017

ҚАСІРЕТТІ ҚАСИЕТ ЖЕҢЕДІ

Тарихты парақтасақ, өткен ғасырда қазақтың басына түскен нәубет, зұлмат, қасірет аз болған жоқ. 1920-1953 жылдар аралығында бұрынғы Қазақ КСР-і бойынша 125 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, тағдырлары азап вагондары мен лагерьлерге таңылған. Олардың ішінен 25 мыңнан аса адам ату жазасына кесілген. 1930-1932 жылдары аштықтан 2 миллион 200 мың адам қырылған. Бұл деректерді сол зобалаң кезеңнің соңғы мәліметі деп те қарауға болмайды. Әлі де ақтаңдақтар ақиқаты ақтарылып, шынайы оқиғалардың сыры ашылып жатыр. Жыл сайын Қазақстан халқы 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алып келеді. Өткенді санадан өшірмеу – ұрпақ парызы.

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ, ҚАЛТАҒА ТИІМДІ

3

«ЭКСПО-2017» ОЗЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАЛҒАСАДЫ

5

МОТОМАУСЫМ АШЫЛДЫ

20

«БӘЙТЕРЕК» ҚАЙТА ТҮЛЕЙДІ

АСТАНАНЫҢ БАСТЫ СИМВОЛЫ – «БӘЙТЕРЕК» МОНУМЕНТІНЕ БАСТАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. АСТАНА ЭКСПО КӨРМЕСІ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КӨЗДЕЛУДЕ. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығында берген сұхбатында жөндеу жұмысымен айналысатын компания өкілі Бауыржан Сағдиев баяндап берді. – Бұл нысан тұтас қаланың символы болғандықтан қызықты. Әрі дизайнерлік шешімі де ерекше. Сондықтан дизайнерлердің идеясын толық жүзеге асыруға тырыстық. Жоба дизайнына

ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 349.39

сәйкес, нысан 95 пайызға дайын. Жалпы, монументтің күрделі жөндеу жұмысы 10 маусымға дейін аяқталады, – деді Б.Сағдиев. Еліміздің басты символының күрделі жөндеу жұмысы биылғы жылдың басында басталды. Жиырма жылға жуық уақыт ішінде жөндеу көрмеген нысанның эстетикалық келбеті көмескіленіп кеткен еді. Бұдан былай келушілер

USD/KZT 311.59

RUB/KZT 5.50

нысанның күмбезінен жаңа көріністі тамашалай алады. Нысанның түстік үйлесімі – ақ және алтын реңкті болып қалды. Жөңдеуге 100-ге жуық адам жұмылдырылған. Нысанның тозығы жеткен әрі шытынаған шыны пакеттері жаңасына ауыстырылды. Италиялық технологиямен әзірленген шыны витраждар қақаған аяз бен аптап ыстыққа шыдамды.

CNY/KZT 45.41

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
63 by Astana akshamy - Issuu