л жү
Å
№71 (3576)
–
жі
Сенбі
17 маусым 2017
2
АСТАНА экономикалық ФОРУМЫ:
ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰҒЫРЫ талды. Сондай-ақ, Әсет Өрентайұлы салтанатты шара барысында 10 дәрігерге пәтер кілтін табыс етті. – Құрметті медицина саласының қызметкерлері, ардагерлері, осынау салтанатты күні сіздерді әкімдіктің атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қала тұрғындары атынан ыстық лебіздеріміз бен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Медицина саласы қызметкерлерінің күні – адамгершілікке толы, қайырымды және де ең қиын мамандықты
ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ
Серік ЖОЛДАСБАЙ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС, 2003 ЖЫЛДАН БЕРІ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ РЕТІНДЕ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ. ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 354.50
Салтанатты шараға Денсаулық сақтау министрі Елтай Біртанов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Қала басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Астанадағы 37 медициналық мекемеде 3606 дәрігер және 6579 орта топ қызметкері еңбек етеді. Міне, осы қызметкерлердің ішінде ең үздік мамандар құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапат-
USD/KZT 317.65
RUB/KZT 5.53
таңдаған адамдардың мерекесі. Туған күнімізден бастап өмір бойы сіздердің бақылауларыңыз бен қамқорлықтарыңызда боламыз. Өз істеріңізді құрметпен атқарып, қасиетті парыздарыңызды барынша орындауға еңбектенесіздер. Бүгін біз медицина қызметкерлеріне 25 құрмет грамотасын, 25 алғыс хат табыстаймыз, – деді қала әкімі. (Соңы 5-бетте)
CNY/KZT 46.71
Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адамның жанын да, тәнін де емдейтін кең жүректі, білікті дәрігерлер – қоғамдағы ең сыйлы мамандық иелері. Өйткені бұл – ең қиын әрі аса жауапты сала. Халық арасында «Дені саудың – жаны сау» деген тамаша тәмсіл бар. Тәннің саулығы ең бірінші адамның өзіне, екінші ақ желеңді абзал жандардың қажырлы еңбегіне байланысты. Дені сау, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру – Елбасы белгілеген маңызды іс. Қазір осы мақсатта қаладағы медицина ұйымдары қызметінің сапасын жақсарту, білікті дәрігер-мамандар санын көбейту, бұқаралық спортты дамыту, қаланың экологиялық тазалығын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Атқарылған істер аз емес, дегенмен алда әлі талай белестер күтіп тұр. Осы бағытта Сіздерді абырой биіктерінен көре берейік! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Ізгі ниетпен, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ
www.astana-akshamy.kz