л жү
Å
№75 (3580)
–
жі
Сейсенбі
27 маусым 2017
ЕЛОРДАДА «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІ АЯСЫНДА «ТУРИЗМ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ: СО2 ҚАЛДЫҚТАРЫН АЗАЙТУ» АТТЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ. АУҚЫМДЫ ШАРАДА СӨЗ СӨЙЛЕГЕН МАМАНДАР АСТАНАНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІНЕ ЖАҚСЫ БАҒА БЕРІП, БІРҚАТАРЫ ЕЛОРДАНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНЕТІНІНЕ СЕНІМ БІЛДІРДІ.
Ораза айтпен құттықтады
АСТАНА ТАРТЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ Конференция БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының халықаралық туризм жылы аясында өткізілді. Оған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар М а м и н , « Ас т а н а Э К СПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха-
медиұлы және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Басқосудың қадірменді қонағы, БТҰ бас хатшысы Талеб Рифаи туризм мен болашақ энергиясы арасында қандай байланыс бар деген сұраққа былай деп жауап берді: – Қоршаған ортаның ластануына туризм 5 пайыз зиян келтіреді. Бұл – үлкен көрсеткіш. Оның 3-4 пайызы көлік тасымалдаумен байланысты болса, қалғаны қызмет көрсету саласының әсерінен
4-5
АСТАНА МЕН БАСПАНА ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 364.90
USD/KZT 326.88
болып отыр. Біздің міндет – көміртек қалдықтарын азайтуды ойластыру, себебі туризм климаттық өзгерістерге бейімделіп отыруы керек. Мәселен, туристердің сүйікті демалатын орнына айналған Мальдив аралдары мен Венеция сынды қалалар келешекте су астында қалуы ғажап емес. Бүкіл әлем болып осындай маңызды мәселелерді ортаға салып, мамандармен шешімін табуға тырысып жатырмыз. – Ал Қазақстанға келетін
болсақ, елорда – әлемдегі ең жас астана, болашағы зор. Елдің табиғаты мен тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, елорданың таңдай қақтырарлық архитектурасы туристік мүмкіндіктерге жол ашады. Сол туризм ел экономикасын түзеп, Қазақстанның саяси сахнада өз орнын айқындап алуына көмектесуі тиіс. Шетелдіктер Қазақстан жайлы көп мәліметтерді біле бермейді.
ЖУРНАЛИСТЕР ЫНТЫМАҚҚА ҰЙЫСТЫРЫП ОТЫР RUB/KZT 5.47
CNY/KZT 47.85
(Соңы 8-бетте)
6-7
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады! «Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі. Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі. Бірлік пен тат улық жү регімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын!» делінген құттықтауда.
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ
8 www.astana-akshamy.kz