82_

Page 1

www.astana-akshamy.kz СейсЕНБІ

№82

(3434) 19/07/2016

Елордада Қоғамдық тәртіпті сақтау бақылауда

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

Астанада лаңкестік қауіп­ сіздіктің «сары» деңгейі жалғасуда. Осыған байланысты төмендегідей ақылкеңестер ұсынылады.

Елбасы көңіл айтты

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Жұмақановтың, сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің басқа да мүшелерінің Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты баяндамалары тыңдалды. Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты және оларға мемлекеттік органдардың барлық қажетті көмекті көрсетуін тапсырды. – Бүгін Алматыда, өкінішке қа­р ай, тағы да адам құрбандығына ұшы­р ат­қ ан террорлық акт болды. Зардап шек­к ендер мен қаза болғандардың жақын­ дарына көңіл айтамын, оларға тиісті психологиялық және материалдық қолдау көрсету керек. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына қаладағы құқық тәртібін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі ықтимал арандатушылықтарға бой алдырмауға шақырды. – Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, қаскүнемдердің кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қорғап,

жараланғандарға медициналық көмек көрсету жөнінде жедел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу қажет. Сондайақ Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардың аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министріне оқиға орнына баруды және Ал­ маты қаласының әкімімен бірлесіп, қаладағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне азаматтардың барлық сауалдарына жедел жауап беріп, халыққа уақтылы және толық ақпарат беріп отыруды тапсырды.

Құрметті қала тұрғындары мен елорда қонақтары! Полиция қызметкерлерінің тексерісіне түсіністікпен қарап, оларға көмек көрсе­тіңіздер. Сонымен қатар, сөмке, қораптар, бумаларға, қаптарға, шабадандарға, әсіресе, шығып тұрған сымдар мен техникалық құрылғыларға және қоғамдық орын­ дар мен көліктердегі күмәнді адам­ дарға назар аударыңыздар. Күмән тудыратын заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыздар. Басқа да айналадағы азаматтарға тастал­ғ ан заттарға жолаудың қан­ ша­л ықты қауіпті екендігін түсін­ діріңіздер. Ағымдағы жағдай туралы жаңа­лық­ тар­ды бақылап отырыңыздар. Әуре-сарсаңға жол бермеңіздер. Тұрғындардың мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жат­­ қан қауырт сөздерге мән бермеуін өтінеміз. Естеріңізге сала кетсек, жалған ақпарат туралы хабарла­ ма таратқаны үшін қыл­м ыстық жауапкершілікке тарту қарас­ тырылған. Егер күдік тудыратын құрал тапқан болсаңыздар, тез арада 102 нөміріне, Астана қаласы ІІД Кезекшілік бөліміне 71-60-10, 71-61-10 телефонына хабар­ласуларыңызды өтінеміз. Ақпарат Астана қаласы ІІД, Астана қаласы әкімдігінің аккаун­ ты, әлеуметтік желілерге twitter. com/astana_akimat, facebook.com/ astanaakimat, instagram.com/astana_ akimat шығады. Астана қаласының ІІД

жол қозғалысы уақытша өзгереді Үстіміздегі жылдың 20-сыншы шілдесі күні кешкі сағат 20.00-де «Астана Арена» алаңында «Астана» футбол клубы мен литвалық «Жальгирис» командалары арасында қарымта матч өтеді. Осыған орай матч өтетін күні 19.00ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылының Керей Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін жол қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу ойын аяқталғанға дейін созылады. «Жүргіншілерге осы мерзім аралығында Орынбор көшесі арқылы айналып өту қозғалысы ұсынылады. Жергілікті полиция қызметі

жүргізушілерден жолда мұқият болуын және жеке жол көліктерінен бас тартып матчқа қоғамдық көліктермен баруды сұрайды. Сондай-ақ, Халықаралық әуежайға жол жүруді жоспарлаған азаматтар мен сол маңайдағы аудан тұрғындарына алдын ала балама­ лы жол қозғалысын жоспарлап алу­ ды ұсынамыз» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің

бастығы Бақытжан Малыбаев. Есесіне матч өтетін стадионға ар­ найы рейстер ұйымдастырылмақ. Бұл рейстерге «Қазақстан» СК, Қалалық цирк, Мұңайтпасов атындағы алаңның көлік тұрақтарынан, сондай-ақ, «Хазірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің алдынан отыруға болады. «Футбол матчының жанкүйерлерін жи­ нау және жеткізу мақсатында жасақталған

арнайы рейстер кешкі 18.00-ден бастап жүре бастайды. Жол жүру құны әдеттегідей 90 теңге. 21.30-дан бастап күшейтілген режимдегі тағы 100 автобус қосатын боламыз. Нақты айтар болсақ, 10, 12, 27, 37, 40, 43, 53, 51 секілді тағы 8 түрлі маршрут қатынайды» деді «Аста­ на LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов. Бүркіт НҰРАСЫЛ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.