85_

Page 1

www.astana-akshamy.kz сейсЕНБІ

№85

(3437) 26/07/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

Есілдегі кемелер

Елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуына арналған әдемі жерлердің бірі – Есіл жағалауы. Әсіресе, өзен бойымен жылжып, Астананың айшықты ғимараттарын су үстінен тамашалауға мүмкіндік беретін кемелер шырайлы шаһардың сән-салтанатын одан әрі арттырады.

4-бет

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК Астана қаласы бойынша: Мүлікті жария ету акциясы басталғалы

92,2 миллиард теңгеге бағаланған

7062

өтініш қабылданды. Қаржыны жария ету бойынша

286,5 миллиард теңге сомасында

187

декларация жасалды.

Ертең Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турының шеңберінде «Астана» командасы «Астана Арена» стадионында шотландық «Селтик» командасын қабылдайды. Осыған байланыс­ ты стадионға барар жолдарда көлік қозғалысы шектеледі. Сәрсенбі күні сағат 18.00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөліктерінде уақытша жол жабылады. Матч аяқталғанша осы жолдармен жүретін көліктерге Орынбор көшесімен айналып өткен жөн. Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі дәл осы уақыт аралығында көпшіліктің қауіпсіздігі үшін жүргізушілерден жеке көліктерімен жүрмеуін сұрайды. Әуежай аумағына қарай бағыт алушылар жолын алдын ала ойластырып алғаны дұрыс. Сондай-ақ, жанкүйерлерді дер кезінде діттеген жеріне жеткізу үшін қаламыздың бес тұсынан арнаулы автобустар қатынайды. Автобустар «Қазақстан» спорт кешенінің, «Әзірет Сұлтан» мен «Нұр Астана» мешіттерінің және Астаналық цирк пен Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның маңайына жиналады.

Жұмыс іздесең жәрмеңкеге кел! Ертең елорданың «Жастар» сарайында сағат 10.0013.00 аралығында бос жұмыс орындарын ұсынатын жәрмеңке өтеді. Жастарды жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қала әкімдігіне қарасты «Астана жастары» ұйымы қолға алған шара барысында жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге сауда және экономика саласындағы жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыссыздық деңгейін азай­туға және мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған жәр­меңкеге 40-тан аса жұмыс беруші компания қатысады. Олардың қатарында «Trending Retail Group», «12 месяцев-Астана», «КаР-Тел» ТМ Beeline, «Vita Clean» және тағы басқа кәсіп­орындар бар. Жұмыс беруші әрбір компания кемінде 3 адамға жұмыс тауып беруге ниет білдіріп отыр. – Жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс беруші қатысады. Бұл шара жоғары білімі бар түлектерге қызмет саласын зерттеуге және лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат бүгінде қандай жұмыс орындары бар, қалаға қандай мамандар қажет, жұмысқа тез орналасу үшін не істеу керек секілді сауалдарға кәсіби

мамандардан жауап ала алады. Бұдан бөлек тегін құқықтық көмек көрсету, аула клубтарын дамыту, еріктілер қозғалысын жандандыру, жұмыс­қа тұрғызуға жәрдемдесу және кәсіби бағыт-бағдар беруді жүзеге асырып келеміз, – дейді мекеменің Жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
85_ by Astana akshamy - Issuu