86_

Page 1

www.astana-akshamy.kz БЕЙсЕНБІ

№86

(3438) 28/07/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

Қоғамдық көлік қызметі жақсарады

Астана қаласының қоғамдық кеңесі атқарушы органдардың қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту жөніндегі жұмысы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізді.

Базардағы баға қандай? Дәл қазір елордада азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты мәселе күн тәртібінен түспей тұр. Кеше «Астана ақшамы» газетінің тілшісі қаладағы жабық базарларға арнайы барып, ондағы бағаларды өзара салыстырып, шағын журналистік зерттеу жүргізді. Сонымен, халық жиі баратын «Астаналық», «Шапағат» және «Әсем» базарларындағы бүгінгі бағаның жайы қандай? Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкен сөрелерінде жеткілікті ме? Жалпы, базардағы баға туралы тұрғындардың да пікірін білгенді жөн көрдік.

4-бетте

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК Астана қаласы бойынша: • Барлық қаржы институттары және меншік формала-

ры арқылы 10371 пәтер пайдалануға берілді. • Жұмыспен қамту орта­

лығы арқылы 4013 адам жұмысқа орналасты.

• Жыл соңына дейін 112 ескі және апатты үйлер бұзы­лады.

Басқарма басшылары елордадағы жолаушылар тасымалын жақсарту, автобустар мен қалалық таксилердің жұмысы, жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу, орынтұрақ инфрақұрылымын дамыту, ақылы орынтұрақтар енгізу, бір бағытты қозғалысты ұйымдастыру, қалалық көше-жол желісін дамыту сияқты маңызды мәселелер бо­ йынша баяндама жасап, жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Қаладағы қоғамдық көліктің даму перспективасына шолу жасаған Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун алдағы уақытта осы қызметті пайдаланатын тұрғындар санының үлесін 33 па­йыздан 45 пайызға арттыруды көздеп отырғанын жеткізді. Қазіргі ахуалды сараптай келе, бірқатар елдердің тәжірибесі мен қоғамдық көлікті пайдалану көрсеткішіне тоқталды. Венада қоғамдық көлік қызметін пайдаланушылар – 35 пайыз, Сингапурда 63 пайыз болса, Мәскеуде халықтың 66 пайызы, Нью-Йоркте 54,3 пайызы осы қызметті пайдаланады екен. «Сондай-ақ, біз көше-жол желісінің өткізу қабілеттігін 37,5 мың кқ/ сағаттан 43 мың кқ/сағатқа дейін жоғарылатуға ұмтыламыз» деді С.М. Хорошун. (Жалғасы 2-бетте)

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҚЫН ҚАЛДЫ Әне-міне дегенше жайдары жаз да өтіп, мектепке баратын сәт те таяп қалды. Осы уақыттан бастап балаларын мектепке дайындауға қамданған астаналық ата-аналарды көптеген мәселелер толғандырары белгілі. Кеше қалалық әкімдікте өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорданың жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндады. Балабақшаға баратындар көбейді Білім басқармасының басшысы алдымен Астанадағы балабақшалар жа­йына тоқталды. Оның айтуынша, биыл 95 мемлекеттік балабақша бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа мазмұндағы білім берудің бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге дайын. Сондай-ақ, 54 жекеменшік балабақшада 4890 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген.

– Бүгінде шаһар халқы көбейіп, балалар саны артуда. Күн сайын елордада 70 нәресте дүниеге келеді екен. Бұл балабақшаларға деген сұранысты арттыратыны белгілі. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы кезекте тұрғандарға 8000-нан аса орын бөлінді. Осы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2000 орынға көп. Орын жетіспеушілікті реттеу үшін жаңа балабақшаларды ашуға шағын және орта

бизнес өкілдерін тартып жатырмыз. Мемлекеттік білім тапсырысын беру жолымен балабақша ашқысы келетін кәсіпкерлерге кеңес беру үшін әр бейсенбі сайын есігіміз ашық. Осы мақсатта қалалық Білім басқармасы жекеменшік балабақшаларды дамыту жөніндегі жос­ парын әзірлеп қойған, – дейді Қасымхан Сенғазыев. Биыл бас қалада 480 орынға арналған 2 балабақшаның құрылысы басталады. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жеке­ меншік серіктестік шеңберінде «СамұрықЭнерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOС» АҚ секілді ұлттық компаниялармен бірге 720 орындық 3 балабақшаның құрылысын аяқтау көзделіп отыр. (Жалғасы 6-бетте)


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.