87_

Page 1

www.astana-akshamy.kz сЕНБІ

№87

(3439) 30/07/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

Сыр елінен

20 тонна күріш жеткізіледі

Көрінген жерге көлік қойма

Азық-түлік мәселесі күн тәртібінен түспей тұрғаны белгілі. Бас қалада бағаны тұрақтандыру аясында Астана қаласы мен Қызылорда облысының әкімдіктері өзара келісімге келді. Енді меморандум бойынша осы аптада сыр елінен елордаға 20 тонна күріш жеткізілетін болды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, екіжақты келісім бойынша елордаға азық-түлік өндірушілердің бағасымен жеткізіледі. – Қызылорда облысынан келген азықтүлік өнімдері жәрмеңкеде халыққа ұсынылады. Осы аптада өтетін жәрмеңкеге 20 тонна күріш шығарылады. Бағасы – 175 теңгеден. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында әріптестеріміз қолға алған бұл шараның мақсаты – бағаны тұрақтандыру, отандық өнімге қолдау білдіру. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді А. Лукин. Айта кету керек, Елбасы өңіраралық астықты дамытуды тапсырған болатын.

2-бетте ЖАРЫС КЕЗІНДЕ ЖОЛ ЖАБЫЛАДЫ Жексенбі күні елордада «Super Sprint Triathlon Astana – 2016» жарысы өтеді. Осы шараға байланыс­ ты қаланың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі. Таңғы сағат 10.00-де басталатын триатлон жүзу, веложарыс, жүгіру секілді спорттың үш түрін қамтиды. Жарыс кезінде Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы «Тұлпар» көпірінен бастап әуежайдың айналма жолына дейін шектеледі. Бұл маңайдан өтетін жүргізушілерге Қабанбай батыр көшесі мен Сарайшық көшелері арқылы айналып өтуді ұсынады. Оған қоса, Қабанбай батыр көшесінің «Рамстор» сауда үйінен бастап Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі жабылады. Ал бұл жаққа жолы түсетін көліктер Республика даңғылы – Тәшенов көшесі – Орынбор көшесі бағыты бойынша айналып өткені абзал. Елорда полицейлері жүргізушілерге жағ­ дайға түсіністікпен қарап, жүретін жолда­ рын алдын ала бағдарлап алуын сұрайды.

(Жалғасы 2-бетте)

Баға: Арзаны бар ма, қымбаты қайда? Елордада азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты кезекті талдау халық жиі баратын «Small», «5 минут» және «Анвар» сауда үйлерінде жүргізілді. Дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің тек әлеуметтік маңызы бар түрлерін ғана таңдадық.

Астана қаласының әкімдігі елордадағы азық-түліктің бағасына күнделікті мониторинг жүргізуде. Соңғы зерттеуге сүйенсек, қырыққабат, картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қанттың бағалары аздап қымбаттаған. Әкімдік жанынан құрылған жұмыс тобының жедел штабы бағаны бақылауға алып, не себепті қымбаттағанын анықтайтын болады. Сонымен, кезекті зерттеуге көшсек. Алдымен «Small» супермаркетіне бас сұқтық. Мұнда келіп-кетіп жатқан халықтың қарасы көп. Әсіресе, көкөніс сататын бөлімде таразыға өлшеу үшін кезекте тұрғандар жетіп артылады. Ондағы баға кәдімгідей қымбат көрінді. Қырыққабат, сәбіз, қызылша, сиыр етінің бағасы «Анвар» мен «5 минут» дүкендерімен салыстырғанда 15-20 теңгеге қымбат. Есесіне, шай, жұмыртқа және картоптың бағасы арзан екен. – Шынымды айтсам, қазір барлық нәрсе қымбаттап жатыр. Күнделікті тұтынатын тағам болған соң, қымбат екеніне көз жұма қараймыз. Байқауымша, дүкенде қант 290 теңгеге дейін көтерілді. Өтімді тауар болған соң ба, сатылымға қаппен шығарылуда. Оның үстіне қазір тосап қайнату маусымы. Мен 25 келілік құмшекерді үйге алып кетпекшімін, – дейді осы дүкеннің тұтынушысы Жанат Баймырзаева. (Жалғасы 4-бетте)


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
87_ by Astana akshamy - Issuu