88_

Page 1

www.astana-akshamy.kz сейсЕНБІ

№88

(3440) 02/08/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

Олимпиада ойындарын үш телеарна көрсетеді Алдағы жұма күні, яғни, 5 тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі жарысты қазақстандықтар үш телеарна арқылы тамашалай алады.

«Жасыл экономика» – болашақ энергиясы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Жасыл экономика» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында мамандар даярлау қолға алынып отыр.

5-бетте

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Астана қаласы бойынша: • Бейсенбі күні, 4 тамызда өтетін жұмыс жәрмеңкесінде 500 бос жұмыс орны ұсынылады. • Жыл басынан бері есірткі сақтау және саудалауға қатысты 154 қылмыстық іс тіркелді.

Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеге Қазақстаннан 104 спорт шы аттанды. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың жарыстағы көрсеткіштері мен әсерлі сәттері «Қазақстан», «Хабар» және «Қазспорт» телеарналары арқылы көрсетілетін болады. Әлем атлеттерінің сайысын қазақстандық жанкүйерлерге дереу әрі қызықты етіп жеткізу үшін отандық үздік спорт журналистері тартылып отыр. «Қазспорт» арнасы алғашқы рет Рио-деЖанейродан тікелей студия ұйымдастыратын болады. Тікелей бағдарламаға Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткен спортшылар, спорт қайраткерлері, бапкерлер, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері шақырылатын болады. Спорт арнасы Олимпиада ойындарынан кейін деректі фильм жасауды да жоспарлап отыр. «Астана ақшамы» газеті де Рио ойындарынан жаңалықтарды үзбей беретін болады.

ТАРАЗЫ ТУСА – ТАҢ СУЫР Көзді ашып-жұмғанша тамыз да табалды­ рығымыздан аттады. Тамылжыған ауа райы бұл айда да арқасын көрсетпейтін сияқты. «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанованың айтуынша, алдағы уақытта Астанада құбылмалы ауа райы күтілуде. Тіпті, мөлшерден тыс жауын-шашын түсуі мүмкін. Айдың алғашқы аптасында аспан қабағы көп ашылмайды. Ауа температурасы +25 градусқа дейін көтерілгенмен, жаңбыр жиі жауады. Ал алғашқы декада аяқталарда күн күрт суытады. Найзағай ойнап, нөсер төгуі ықтимал. Айдың орта тұсында температура шамамен +24 градустың маңайында тұрақтайды. Бұл уақытты халқымыз «Таразының тууы» деп атаған. Таразы туса, таң салқындайды. Дәл осы кезден бастап қоңыр күздің нышандары байқалады. Тамыздың соңы қайтадан жаңбырлы күндерге ұласады деп күтілуде. Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.