90_

Page 1

www.astana-akshamy.kz сЕНБІ

№90

(3442) 06/08/2016

Республикалық қоғамдық-саяси газет 1990 жылғы 13 қазаннан бастап шығады

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының кезекті жәрмеңкесі Жастар сарайында өтті. Бұл шарада келушілерге 50-ден аса жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды.

3-бетте

МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН

Қазіргі таңда Астана қаласында 363 білім ошағы бар. Олардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 212-сі – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары. Ал одан кейінгі орында – жалпы білім беретін мектептер. Қазір бұл білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай жүзеге асуда.

Бүгінде бас қалада жаңадан бой көтерген мектептер көбейіп, үш ауысыммен оқу мәселесі толықтай шешілген. Оқушылардың барлығын екі ауысыммен қабылдау үшін бұрынғы мектептер күрделі жөндеу­ ден өтіп, ауқымын кеңейткен. Соның нәтижесінде көптеген оқу орындарына жапсарлас нысан салынып, сынып жетіспеушілік жағы да реттелуде. Осындай іс жалғасын тауып, жыл соңына дейін шаһардағы №26, 17, 22 мектептерде және түзету мектепинтернатында қосымша құрылыс салу жұмысы жоспарлануда. Ал келесі жылы №16, 32 және 37 мектептердің ғимаратына тағы да нысан қосылмақ. (Жалғасы 5-бетте).

ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ!

Рио-де-Жанейрода ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды. Әлемнің 207 елінен келген үздік спортшылар жүлделер үшін сайысқа кірісті. Дүбірлі доданы асыға күткен Қазақстан жанкүйерлері алдымен балуандар мен боксшылардың өнерін тамашалайтын болады. Қазақстан құрамасы атынан бірінші болып дзюдошы Елдос Сметов сынға түседі. 2015 жылғы әлем чемпионы алғашқы белдесуінде ливиялық Мохамад Елхадимен кездеседі. Сондай-ақ 48 келіде Отгонцецег Галбадрах та бүгін бағын сынайды. Боксшылардан бірінші болып Рио-де-Жанейроның шаршы алаңына Берік Абдрахманов шығады. Оның қарсыласы – америкалық Карлос Бальдерас. Қазақстан үкіметі Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы тағайын­ дады. Алтын жүлдегер – 250 000, күміс жүлдегер – 150 000, қола жүлдегер – 75 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады. Сонымен, төрткүл дүние көз тіккен Олимпиада ойындары басталды! Рио-де-Жанейро төрінде Қазақстанның көк туы желбіреп, Әнұраны асқақтайтын жеңісті сәт­ терді күтеміз!

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК • Астана қаласына жыл басынан бері шетелдерден 341 қазақ отбасы көшіп келді. Қоныс аударушылар есебінен елордалықтар қатары 549 адамға көбейді. • Астана айналасындағы азықтүлік белдеуінде сүт өнімдерін дайындайтын 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар қала тұтынушыларына қажетті сары майдың 40 пайызын, ірімшіктің 30 пайызын жеткізеді. • Астана қаласындағы ірі және орта кәсіпорындар қызметкерлерінің екінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі – 210 755 теңге.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.