л жү
Å
№64 (3569)
–
жі
Бейсенбі
1 маусым 2017
ӨТКЕНГЕ – САЛАУАТ,
КЕЛЕШЕККЕ –
АМАНАТ
Серік ЖОЛДАСБАЙ Осыдан тура 20 жыл бұрын Елбасы Жарлығымен осы атаулы еске алу күні бекітілген болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл күн Қазақстан тарихында айрықша күн болып саналады. Сондықтан да
ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтіледі. – Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан аса адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдерінің, республика басшылығының түгелге жуығы
жойылды. Қазақстанның әр түкпіріндегі 11 лагерьдің қабырғасында адамдар қинау мен азаптау салдарынан қаза болды. Сол лагерьлерде миллионнан астам адам жазасын өтеді. Саяси қайраткерлермен қатар, олардың жұбайлары мен балалары да қуғын-сүргінге ұшырады. Кейбір нәрестелер сол лагерьлерде дүниеге
31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АСТАНАНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ АҚМОЛ АУЫЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ МҰРАЖАЙ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ. ОНДА ЕЛБАСЫ ҚАРАЛЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАНДЫ АЗАПТЫ КӨРГЕНДЕРДІҢ ҰРПАҚТАРЫМЕН, ТУЫСТАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАҒА ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЙДЫ.
келді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Елбасы қиын кезеңде еліміз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған өзге ұлт өкілдеріне қамқорлық көрсеткенін айтып өтті. Осындай қиындықты бастан өткізген еліміз бүгінде біртұтас халыққа айналды. – Халқымыз осы қайғылы
оқиғаларды есте сақтауға тиіс. Мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашақ ұрпақ білуі керек. Бүгінде біз құқықтық жаңа мемлекет құрдық. Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалған. Біздің елде саяси қудалауға орын жоқ. Біз эволюциялық даму жолын таңдадық, – деді Мемлекет басшысы.
ЖАЗДЫҢ БІРІНШІ КҮНІНЕ ДӘЛ КЕЛЕТІН БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ – ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ БІРІ, ОНЫ ӘЛЕМДЕ 1950 ЖЫЛДАН БАСТАП АТАП ӨТІП КЕЛЕДІ.
БОЛАШАҚ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА Гүлжан РАХМАН
Бұл күні балалардың жүрегінде қуаныш, үлкендердің жүзінде шаттық нұры ойнайды. Өйткені бұл – «Бала – болашағымыз» дейтін жұрттың ортақ мерекесі, ортақ қуанышы. Кез келген ата-ана перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Биыл да астаналық балалар үшін бес күн бойы түрлі тосын тартулар, ерекше кештер көптеп ұйымдастырылады. Үлкендерге балалықтың балдай тәтті дәмін татырып, кішілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын шаралар легі «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығындағы балабақша түлекВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 347.52
теріне арналған «Вена» балымен басталды. Қалалық Білім басқармасы, Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы және «Асыл бала» республикалық қауымдастығы бірлесіп өткізген салтанатты кеште балабақшадан мектепке түлеп ұшқан түлектер өнер көрсетті. «Меруерт» спорттық би мектебінің «Қонақтар» биімен ашылған әсерлі кеште бүлдіршіндер түрлі ырғақты билерімен, құлақтың құрышын қандырар әндерімен де көзге түсті. «Вена вальсінен» соң «Кішкентай бүлдіршіндер» атты флешмоб биленді. Қазақстандағы балалар құқығы бойынша уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева:
USD/KZT 311.23
RUB/KZT 5.51
– Қуаныштысы сол, елордалық мектепке дейінгі жастағы балалардың контингенті 2010 жылмен салыстырғанда 7 есе артқан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет-жекеменшік әріптестік аясын кеңейту кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік беретінін айтты. Осының арқасында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуға жол ашылмақ. Балалар – біздің болашағымыз. Ертеңімізге сеніммен қарау үшін бүгінімізге жағдай жасауымыз керек, – деп, балдырғандарды мерекелерімен құттықтады. (Соңы 8-бетте)
CNY/KZT 45.42
www.astana-akshamy.kz