л жү
Å
№51 (3556) Сейсенбі
–
жі
2 мамыр 2017
КЕШЕ АСТАНАДАҒЫ «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АЛАҢЫНДА, ӨЗГЕ ДЕ АЛАҢДАР МЕН АЛАҢҚАЙЛАРДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТҮРЛІ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТТІ.
ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Түсіністік пен тұрақтылық – әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз – Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді. Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 343.83
ТАТУЛЫҚ пен ТҰТАСТЫҚ Азамат ЕСЕНЖОЛ
Мамыр айы мамыражай мейрамға толы. Табиғатана да ерекше жасанып, құлпырып кетеді. Бәйшешектер бүр жарып, ағаштар көгере бастайды. Айтулы мереке елімізде 1996 жылдан бері тойланады. Бірлігі бекем елдің келешегі жарқын. Елбасы да үнемі
КӨЛІК ҚАЛАЙ КІДІРІССІЗ ЖҮРЕДІ? USD/KZT 314.40
RUB/KZT 5.51
өз сөзінде татулықты үлгі етіп сөйлейді. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз да бекер айтпаған. Қазақстан деген киелі шаңырақтың астында сан түрлі ұлт достықтың байрағын желбіретіп, тату-тәтті өмір сүруде. Адамға бейбітшіліктен артық бақыт жоқ. Алаңға жиналған жұрттың қарасы көп. Бәрі де ме-
3
рекелік көңіл-күйге бөленген. Әсіресе, балғындардың қуанышында шек жоқ. Бір-бір шар ұстап, бейбітшілікті насихаттап жүргендей көрінді көз алдымызға. Шара барысында елордадағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мейрамның көрігін қыздырды. Сахнада сан түрлі халықтың әндері шырқалды. Ұлттық билері орындалды. Алматыдан
ПАРЫЗЫН АДАЛ ӨТЕГЕН...
CNY/KZT 45.60
6
әдейі келген «Алашұлы» тобының жігіттері жалынды әндерін төгілдірді. Тағы да басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Мерекелік концерт кешке дейін созылды. Жиналғандар әдемі әсерге бөленді. Астанада тұратын этнос өкілдері 50 метрлік қайырымдылық дастарқан жайды. (Жалғасы 12-бетте)
ЭКСПО-2017: КӨРМЕДЕ НЕНІ ҚЫЗЫҚТАЙМЫЗ?
7
www.astana-akshamy.kz