85 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№85 (3590)

жі

Бейсенбі

20 шілде 2017

АСТАНАДА ЕКІ АВТОБЕКЕТ АШЫЛАДЫ АСТАНА ӘКІМДІГІНДЕ ҚАЛААРАЛЫҚ БАҒДАРЛАР СЫЗБАСЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДА АШЫЛАТЫН «АЛАЙ-ASTRA» МЕН КЕҢМАРТ – ASTRA» КӨЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ. ОҒАН ЕЛОРДАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БЕКМЫРЗА ИГЕНБЕРДИНОВ, «АСТАНА LRT» ЖШС ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ БЕЙБІТ ЕСЖАНОВ ЖӘНЕ ОСЫ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ ӘБДІХАМИТ ТАМАБАЕВ ҚАТЫСТЫ. Азамат ЕСЕНЖОЛ

«БӘЙТЕРЕКтің»

түбінде күнде кезек АСТАНАНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА КӨККЕ БОЙ СОЗЫП ТҰРҒАН «БӘЙТЕРЕК» – ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЫШАН-СИМВОЛЫ, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ МЕН ТҮЛЕУІНІҢ, МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ, БИІКТІК ПЕН ТЕРЕҢДІКТІҢ, КЕҢДІКТІҢ БЕЛГІСІ, ДАРХАНДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ ІСПЕТТІ. ЭКСПО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛҒАЛЫ БЕРІ «БӘЙТЕРЕКТІҢ» ҰШАР БАСЫНА ШЫҒЫП, ЕСІЛДІҢ ЕКІ ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАТҚАН БАС ШАҺАРЫМЫЗДЫ БИІКТЕН ТАМАШАЛАУШЫЛАР САНЫ ЖҮЗ МЫҢҒА ЖУЫҚТАСА, СОНЫҢ 25 МЫҢЫ БАЛАЛАР ЕКЕН. ИӘ, БИЫЛҒЫ ЖАЗДА «БӘЙТЕРЕККЕ» ШЫҒУҒА КЕЗЕК КӨП. КЕЛ ДЕ КӨР!

ИСЛАМ БАНКИНГІ: ТЕГІН НЕСИЕ БОЛМАЙДЫ ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

6

EUR/KZT 376.72

ҚАРАӨТКЕЛДІ КӨТЕРГЕН ҚОСШЫҒҰЛОВТАР USD/KZT 325.91

RUB/KZT 5.51

8-9

ӘСИЯНЫҢ ТЫЛСЫМ ӘЛЕМІ

CNY/KZT 48.30

16

Кейінгі жылдары елордадағы көлік кешенін жаңғырту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Нәтижесі де жаман емес. Таяуда Астанада «Алай-Astra» және КеңМарт – Astra» атты жолаушыларды қалааралық тасымалдаудың екі көлік орталығы пайдалануға берілмек. Сол жайында журналистерге қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов кеңірек баяндап берді. Оның айтуынша, көлік орталығының аумағы жолаушыларға ыңғайлы жасалған. Автобусқа еркін мініп, түсе аласыз. Билет кассалары мен күту залы және зат сақтау камерасы да бүгінгі талапқа сай жабдықталған. Орталық аумағында 800 машинаға арналған орынтұрақ бар. – Біз осы екі көлік орталығын пайдалану арқылы үлкен көшелерге түсетін жүктемені және «Астана» теміржол вокзалы мен «Сапаржай» автобекеті жанындағы көлік кептелістерін азайтамыз. Бір жағынан жұртшылық теміржол вокзалы аймағынан қалалық бағдарларға орын ауыстыруға жұмсайтын уақытты қысқартады. Қалааралық бағдарлар бағытының жаңа сызбасы қалаға кірмей айналма жолдармен өтеді. Бұл әлемдік тәжірибеде іске асқан жоба, – деді Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы. (Соңы 2-бетте)

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.