002

Page 1

АҚШАМЫ

№2

АСТАНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

(3507)

07/01/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕНБІ

2017:

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Астанада жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы іске асырылады. Бағдарлама шеңберінде 1550 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және 2780 адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен, жастар тәжірибесімен және қоғамдық жұмыстармен қамту жоспарланған.

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУҒА ШАҚЫРАДЫ 2017 жылдың 12 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық көлікті дамыту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Қатысуға ниет білдіргендердің бәрін шақырамыз. Шара сағат 11.00-де басталады. Анықтама телефоны: 55-67-06.

АСТАНА: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ Күн өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеген Астана мегаполис қалаға айнала бастады. 2016 жыл елорда тарихында елеулі оқиғалармен есте қалды. Кіріс көбейді. Табыс артты. Құрылыс қайнады. Кәсіпкерлік кеңейді. Халық көбейді. Өнеркәсіп өрге басты. Инвестиция игілігін берді.

ʗʜʩʩʜ

ҚАРЫН КҮРЕМЕЙТІНДЕР ҚАДАҒАЛАНАДЫ Қардың уақытылы күрелуіне әрбір астаналық бейжай қарамауы қажет. Қар қалың түскен сайын қаланың түкпір-түкпірінде тазалау жұмыстары қатаң қадағаланып, қарғын судың алдын алу осы бастан қолға алынуда. Кеше ІІД Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бір топ қызметкерлері шетін мәселенің шеті шыққан шағын аудандарды аралап, тұрғындармен тілдесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір топ азамат алдымен Асан Қайғы көшесіне ат басын бұрды. Тар көшенің жолы тазалануынан бұрын, әрбір үйдің ауласындағы қардың шығарылуына баса көңіл бөлінді. Яғни, тұрғындарды дембіл-дембіл есіктерінің алдын қардан арылтуға шақырды. Сонда ғана күртік қар мәселені одан сайын күрделендірмейді. – Біз өрт-қауіпсіздік жағдайы бойынша қыркүйек айынан бастап түсіндіру жұмыстарын бастадық. Яғни, осы мерзім – күннің күрт суытып, пештердің жағылатын шағы. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында инспекторлар тобы арнайы шаралар өткізеді.

ʗʜʩʩʜ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.