АҚШАМЫ
№12
АСТАНА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ
(3517)
31/01/2017
www.astana-akshamy.kz
СЕЙСЕНБІ
АУДАН ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ
ӨЛШЕМІ БАР ЭКОНОМИКА ҒАНА РЕТТЕУГЕ КӨНЕДІ
Кеше Алматы және Есіл аудандарының әкімдері халық алдындағы есептік кездесулерін бастады. Көктал кенті тұрғындары мен «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ ұжымы өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Бүгін аудан әкімдері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, №75 орта мектепте және Өндіріс тұрғын алабында кездесулер өткізеді.
Саналы ғұмырын ел экономикасын дамыту мен оны терең зерттеуге арнап келе жатқан көрнекті ғалым Сайлау Байзақовтың туған халқы үшін атқарған еңбегі зор. Биыл ардақты азамат сеңгірлі сексенге толады. Сонда да қажырлы қайратынан таймай, ел игілігінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Таяуда экономист ғалыммен жүздесіп, өмір жолынан ой тартып, экономикалық тақырыпта әңгіме өрбіткен едік.
ʗʜʩʩʜʧʛʜ
ʗʜʩʩʜʧʛʜ
ÌÅÌËÅÊÅÒ ÁÀÑØÛÑÛÍÛҢ ÆÛË ÑÀÉÛÍҒÛ ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÕÀËҚÛÍÀ ÆÎËÄÀÓÛÍÀ ҚÀÒÛÑÒÛ ÌƏ˲ÌÄÅÌÅѲ
АЛАТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ
УНИВЕРСИАДА
Құрметті қазақстандықтар! Қасиетті Отанымыз Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз. Ертең, қаңтардың отыз бірінде менің халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек. 30.01.2017 жыл
Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде Дүниежүзілік XXVIII қысқы Универ сиаданың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық студенттер фе дерациясының президенті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысып, ел қуанышына ортақтасты. Универсиада үшін арнайы салын ған «Алматы Арена» 12 мың адамның осынау айтулы шараны тамашалауына мүмкіндік туғызды. Сәйкесінше, спорт кешенінде ине шаншар жер қалмады. Салтанатты кеш бағдарла масы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяны ашуға негізделген екен. Ол «Кіріспе», «Жастар – Өмір – Еркіндік», «Энергия: Жер – Су – Жел – От» және «Болашақ» деп аталатын 4 негізгі бөлікті қамтыды. Театрландырылған қойылым арқылы сценарий авторлары қазақтың тарихқа айналған ертедегі тыныстіршілігінен қазіргі заманға дейінгі бел-белестерін көрсетіп, елдің ертеңгі мақсат-мүддесін де аңғартуға тырысқан. Бұл мақсатта 2000 адам сыятын ортадағы алаңмен салт-дәстүр мен тарих толқындарынан сыр шертетін керуен – көш жүріп өтті.
ʗʜʩʩʜ