001

Page 1

АСТАНА АҚШАМЫ

№1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒА ДЫ

(3506)

05/01/2017

www.astana-akshamy.kz

БЕЙСЕНБІ

2017:

ОЙДА ЖҮРЕР ОҚИҒАЛАР

Биылғы ел көлеміндегі үлкен оқиға – Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі болмақ. Осы айдың соңында Алматыда жалауын көтеретін Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы да осы жылдың айшықты оқиғасы деуге болады.

БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН! Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өткен жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсанда елордадағы үш перзентханада 65 бала дүниеге келген. Ал жаңа жыл түнінде, Астанада 30 сәби дүниеге келді. Атап айтқанда, 2017 жылдың алғашқы сәттерінде 17 ұл және 13 қыз бала астаналықтардың қатарын толтырды. Жаңа жылда жарық дүние есігін ашқан сәбилердің бауы берік болсын демекпіз!

ʗʜʩʩʜ ɧ͐ɮɶɳɺɧɱ

ÀËÀÁӨÒÅÍ ÀÒÒÐÀÊÖÈÎÍ Қазір Астанада салынып жатқан алып дөңгелек елордалық тардың назарын ерекше аударуда. Балалардың ғана емес, үлкендер жағы да қызығушылық танытатын бұл нысан «Шолу дөңгелегі» деп аталады.

Ж

алпы «Думан» ойын-сауық орталығының маңайында ауданы 41780 шаршы метрді құрайтын аквапарк пайда болады. Осы серуен аймағының басты нысаны биіктігі 65 метрге дейін жететін «Шолу дөңгелегі» болмақ. Бұлар 6,3724 га жерде орналасады. Алып нысан қала тұрғындары мен қонақтары үшін елорданың көркін тамашалауға мүмкіндік беретін таптырмас орын болмақ. Жаңа ойын-сауық мекені көптің көңілі үшін тәулік бойы жұмыс істемек. Аталмыш аттракцион 32 кабинадан тұрады. Қосымша аса жайлы 4 кабина жасалады. Сонымен қатар, ауа баптау және жылыту жүйелерімен жабдықталады. Биыл Астана күні мерекесінде пайдалануға берілетін аквапаркте жылына 240-250 мың адамды қамту жоспарланған. Орынбек ӨТЕМҰРАТ

ÊӨҢ²ËIJ ÊÀÍÈÊÓË

Балалар үшін елордада қызық көп. Бұл күндері мектептегі каникул кезеңінің нағыз қызған шағы. Осы орайда Астанадағы мұз қалашықтар қызығы таусылмайтын демалыс және ойын алаңдарына айналып отыр. Бүгінде Астананың бірнеше жерінде түрлі-түрлі мұз қалашықтар салынған. Солардың ең ауқымдысы – «Хан шатырдың» іргесіндегі мұзды ғимараттар. Мұнда қызықтап келіп жатқан жұрттың қатары сейілер емес.

Қ

алашықта «ЕХРО-2017» көрмесі мен «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» логотиптері мұздан қашалып жасалған. Әрине, қызық қуып жүгірген балалардың ермегі – сырғанақтар. Қалашықта ең ірі екі сырғанақ сарайы салынған. Оған қоса, мұз айдында коньки тебуге мүмкіндік бар. Мұнда жаңа жылдық мереке күндері концерттер, эстафеталар және түрлі флешмобтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Астанада тағы үш ірі мұз

džəljƲ ǎəljƲ džƲǀƲnjLjǁDž Шаһар тұрғындарының игілігі үшін коммуналдық қызметтер мереке күндері де шаруасынан қол үзбеді. Қаланың тазалығына жауаптылармен қоса, бұл күндері 1500 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалады. Астана әкімі Әсет Исекешев әлеуметтік желі арқылы мереке күні жұмыс істеген қалалық қызмет мекемелерін аралап, іс барысымен танысқанын мәлімдеді. Жаңа жыл қарсаңында күнітүні бір тынбай, қалтқысыз жұмыс істеген қалалық қызмет мамандарына ризашылығын білдірген қалабасының айтуынша, демалыс күндері суды тұтыну күрт өсіп, көрсеткіші 25 пайызға дейін артқан.

ʗʜʩʩʜ

қалашық ашылды. Олар қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағасында және «Студенттер» паркінде орналасқан. Қаланың шеткі аймақтарында да бірнеше шағын мұз сарай бой көтерген. Бұлардың бәрінде 11 сырғанақпен және 37 шыршамен жабдықталған. Түптеп айтқанда, елордалық балалар үшін де, бас қалаға қонаққа келген оқушылар үшін де дәл бүгін Астана каникулды көңілді өткізетін қызыққа толы мекенге айналып тұр.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.