009

Page 1

АҚШАМЫ

№9

АСТАНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

(3514)

24/01/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕЙСЕНБІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ

26 қаңтарда және 8 ақпанда «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-холл) барлық қалалық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен ашық есік күні өтеді. «Белсенді азамат» акциясы аясында елорда тұрғындары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін өз ұсыныстары мен сұрақтарын қоя алады.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Сарыарқа ауданында 7 есеп беру кездесуі өтеді. Тұрғындардың кездесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әкімнің ресми сайтында, сондай-ақ баспа құралдары және әлеуметтік желілерде есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды.

Елорда әлеуетінің артуы тұрғындардың жайлы өмірін қамтамасыз ету бағытындағы өркенді өзгерістерге негізделген. Маңызды меже – қала инфрақұрылымдарын дамыту. Шаһар басшысы Әсет Исекешев қаланың келешектегі келбетін бедерлейтін «20 нақты бастаманы» белгілеп берді.

ʗʜʩʩʜ

ИННОВАЦИЯ

ʗʜʩʩʜ

АСТАНА ПРОЦЕСІ:

БЕЙБІТ КЕЛІССӨЗДЕР АЛАҢЫ

К

еше елордамызда Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздер басталды. Астана процесі аталған айтулы шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жолдады.

ʗʜʩʩʜ

ЭКСПО-2017: ДЕМАЛЫС ПЕН ҚАУІПСІЗДІК Астана әкімдігінде өткен кеңесте ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ұйымдастырылатын шаралар пысықталды. Елорда әкімі Әсет Исекешевке қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәдени, ойын-сауық бағдарламаларының жоспарын таныстырды.

Оның айтуынша, бас қала тұрғындарына үш ай бойы қызықты әрі әдеттен тыс шаралар ұйымдастырылатын болады. Көрме өтетін кезеңде қаладағы театрлар мен саябақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Есіл өзенінде күн сайын астаналықтар мен қонақтар лазерлік су шоуын тамашалайды. Сол мақсатта елордаға ресейлік субұрқақтар циркі арнайы шақырылды. Бұған қоса, Астананың әр жерінде түрлі сипаттағы концерттер мен қойылымдар өтеді. Кеңес барысында қала әкімі шараларды әр адамның қызығушылығына лайықтап жазғы бағдарламаны жоспарлауды тапсырды. Әсіресе, отбасылық демалысты өткізуге екпін беруге назар аударды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін уақытта мәдени, ойын-сауық шараларын өткізуге «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі жауапты болып бекітілгенін айта кетейік. Жалпы, халықаралық көрме өтетін кезеңде бас қалаға миллиондаған қонақ ағылады. Оларға барынша қолайлы жағдай жасау керектігі бесенеден белгілі. Астана әкімі Әсет Исекешев осыны тексеру үшін қалалық әуежайдан бастап ЭКСПО қалашығына дейін жүріп өтті. Қала басшысы ең алдымен көлік логистикасын тексеріп, әуежайдың жаңа блогы салынып жатқан жерге барды.

ʗʜʩʩʜ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.