АҚШАМЫ
№3
АСТАНА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ
(3508)
10/01/2017
www.astana-akshamy.kz
СЕЙСЕНБІ
ҚЫРСЫЗ БОЛСАҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ
«АЯЛАҒАН АСТАНА» ШАҚЫРАДЫ
Астанада ауласындағы қарды тазаламаған 12 пәтер иелері кооперативіне айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі – 567 250 теңге. Ал былтыр жауапты аумақты қатты тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс қоқыстары мен қардан тазартуға немқұрайлы қарағаны үшін 189 ПИК-ке айыппұл салынған болатын.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтетін «Аялаған Астана-2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Биылғы конкурс «Астана ЭКСПО2017» халықаралық көрмесіне арналады. Өтінімдер 15 ақпанға дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.
ВОКЗАЛ АУМАҒЫНА КІРУ – АҚЫЛЫ Бүгіннен бастап Астанадағы вокзал маңына көлік қою ақылы болмақ. Қазіргі уақытта мұнда 251 орынға арналған автотұрақ қарастырылған. Жоба толық жүзеге асқан сәтте қоғамдық көлікке деген сұраныс 15-20 пайызға артып қана қоймай, вокзал аумағындағы көлік жүктемесі 20-30 пайызға азаймақ. Сонымен қатар, жол жүру ережесін бұзу оқиғалары шамамен 70-80 пайызға төмендейді деп күтілуде.
ʗʜʩʩʜ
МІНДЕТТІ ТІРКЕУ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫН ШЕКТЕМЕЙДІ
Қ
азіргі уақытта қоғамның басты мәселесі өзі тұрып жатқан мекенжай бойынша міндетті түрде тіркеуге тұру болып отыр. Себебі Астана сияқты үлкен қалаларға жан-жақтан келіп, тіркеусіз жұмыс жасап жатқан азаматтар қаншама.
Міне, осы азаматтарға «Халықтың көші-қоны туралы» заңы «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Егер алда-жалда аталған заңнаманы бұз саңыз, белгілі мөлшерде айыппұл төлейтін боласыз. Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы қызметкерлері демалыс күндері 2400-ге жуық азаматты уақытша тіркеуге алған. Елордалық ІІД бас ты ғының орынбасары, поли ция полковнигі Батырлан
Есен байдың айтуынша, ха лықтың тіркеуден тез өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, тіркелу үшін үй иесінің келісімі мен оның жеке куәлігі керек. Алайда үй иесі міндетті түрде бірге еріп баруы тиіс. Тіркеудің тәртібі мен шарттарын жеңілдетудің мақсатында және әлеуметтік жа ғынан осал жұртшы лыққа қо лайлы болу үшін тіркеу өтініш келіп түскен күні рәсімделеді.
ʗʜʩʩʜ