АҚШАМЫ
№10
АСТАНА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ
(3515)
26/01/2017
www.astana-akshamy.kz
БЕЙСЕНБІ
ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ ÏÐÅÇÈÄÅÍҲͲҢ Өʲ̲ «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықты рулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы 1. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) бүкілхалықтық талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілсін. 2. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 3. Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсы ныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ ÏÐÅÇÈÄÅÍҲͲҢ ÁÈË²Ê ÒÀÐÌÀҚÒÀÐÛ ÀÐÀÑÛÍÄÀ ӨʲËÅÒÒ²ÊÒÅÐIJ ҚÀÉÒÀ ÁӨËÓ ÌƏÑÅËÅËÅв ÆӨͲÍÄÅò ҮÍÄÅÓ² Құрметті қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның тала-
бын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтікэкономикалық процестерді реттеудегі бір шама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады.
Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарымқатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.
ʗʜʩʩʜ
АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ
АСТАНАДАН БАСТАЛДЫ Айтулы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы Астанадан бастау алды. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, 2017 жылғы Универсиаданың бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді. Алау жағу рәсімі Назарбаев университетінде өтті. Елбасы Мемлекеттік Туды Универсиадада ел спортшыларының көшін бастап шығатын биатлоншы Дәулет Рахымбаевқа табыстады.
ʗʜʩʩʜ