008

Page 1

АҚШАМЫ

№8

АСТАНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

(3513)

21/01/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕНБІ

ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Есіл ауданында 2017 жылдың 30 қаңтар 7 ақпан аралығында 8 есеп беру кездесуі өтеді.

ʗʜʩʩʜ

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ

АСТАНАНЫҢ АЙРЫҚША АЖАРЫ

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы 24 және 27 қаңтарда 16:00-ден 18:00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11, №553 каб.) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау мәселелері бойынша ашық есік күндерін өткізеді. Толық ақпаратты 55-67-49 телефоны бойынша алуға болады.

Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Бейбітшілік және келісім сарайында фотограф Жан-Франсуа Розьенің «Гипер Астана» атты фотокөрмесін салтанатты жағдайда ашты. Көрме 12 ақпанға дейін жалғасады.

ʗʜʩʩʜ

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы мен «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған биылғы жылдың алғашқы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

ʗʜʩʩʜ

АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ АСТАНАДАН БАСТАЛАДЫ

А

Алматыдағы айтулы Универсиаданың алауы жанатын күн жақындап қалды. Бұл эстафета 25 қаңтарда Астанадан бастау алады.

станадағы алау эстафетасы Назарбаев университетінен басталып, қалалық әкімдіктің алдындағы алаңға дейін жалғаспақ. 12 шақырымға созылатын жорық Достық көшесі, Д.Қонаев көшесі, Бараев көшесі, Респуб лика даңғылы арқылы Қабанбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы арнайы брифинг барысында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдуллин мәлімдеді. – Шара кезінде кептелістің алдын алу үшін шеру жүріп өтетін жолдар артынша кезеккезегімен ашылып отырады. Эстафетаға студенттер, оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын жастар және елордалық спортшылар қатысады – деді ол.

Осынау шараны өткізу кезінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі туралы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Арман Айтыбеков айтып берді. Оның сөзінше, 1500 тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Эстафета екі кезеңге бөлінген. Біріншісі «Астана Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда аяқталады. Ол маңда қала тұрғындары мен қонақтары концерттік бағдарламаға куә болып, Универсиада жөнінде кеңінен ақпарат ала алады. Ал одан кейінгі межеде эстафета мәресіне жетеді. Елордадан бағыт алған алған алау «Астана» халықаралық әуежайы арқылы Алматыға жеткізіледі. Орынбек ӨТЕМҰРАТ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.