005

Page 1

АҚШАМЫ

№5

14/01/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕНБІ

ÅÐÒÅҢ² ÅҢÑÅ˲ ÅËÎÐÄÀ Осы аптада Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық биліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттарына тоқталды. Бас қаланың болашақтағы жоспары Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін айта кеткен жөн.

2016 жыл мемлекеттік бюджетке 1 трлн 64 млрд теңге көлемінде рекордты түсім түскенімен ерекшеленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Астана экономикасы қарқынды даму жолына шықты. Бұған төмендегі маңызды көрсеткіштер дәлел: тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өсу қарқыны

АСТАНА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

(3510)

жағынан Астана көшбасшы орынды алып отыр. Елордада жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі тіркеліп, қала инвестицияларды тарту жөнінен 2-орында бекем тұр. Астанада маңызды денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға беріліп, қоғамдық көлік саласына ауқымды реформа енгізілді.

ʗʜʩʩʜ

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ 2017 жылдың 18 қаңтарында сағат 18.30-да Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы, 5) Астананың тұрақты даму кеңесінің базасында қаладағы пәтер иелері кооперативтері мен қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысы және тұрғын үй қорының жағдайы мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Шараға Астана қаласының әкімі, прокуратура қызметкерлері, тәуелсіз сарапшылар, заңгерлер, сондай-ақ өзге де мүдделі құрылымдардың өкілдері қатысады. Анықтама телефондары: 32-14-04, 32-13-53 (жұмыс күндері 8.30-дан 18.00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін).

КӨЛІК КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ? Бейсенбі күні қала әкімінің қатысуымен өткен 2017 жылдың алғашқы қоғамдық тыңдалымында елорданың көлік кешенін дамыту жайы талқыланды. Жиында мамандар мен қоғам өкілдерінен маңызды ұсыныстар айтылып, бірқатар бастамалар көтерілді. Соның бірі – сырттан келетін көліктердің елордаға кіруін ақылы ету жүйесі. Осы секілді талқылау сатысындағы кейбір мәселелерге қатысты пікірталастар да туындады.

ʗʜʩʩʜ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.