011

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ/ 1990 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАННАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

АСТАНА

28/01/2017

www.astana-akshamy.kz

СЕНБІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының азаматтары мен мекемелерінің назарына! Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты ұсыныстар 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 26 ақпанға дейін мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, электрондық пошта – ap2017@akorda.kz

ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАС Биыл қар әдеттегіден едәуір қалың түсті. Алдымызда көктемнің келе жатқанын ескерсек, әлі талай шаруа атқарылуы керек. Осы мәселеге қатысты қала басшысы Әсет Исекешев елорда әкімдігінде жиын өткізіп, су тасқынының алдын алу шараларын пысықтады. Астанада бұрын-соңды бұлай қар көп жаумаған. Былтырғы маусымда жиналған қардың жалпы көлемі 2,9 млн текше метрді құраған.

ʗʜʩʩʜ tehne.com сайтынан алынды

АҚШАМЫ

№11

(3516)

EXPO-2017: ТУРИСТЕРДІ

ҚАРСЫ АЛУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? А

станада өтетін көрме кезінде туристерге қызмет көрсету сапасы қандай болуы тиіс? Көліклогистика мәселесі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету қалай шешімін табады? Келушілер назарына қандай мәдени іс-шаралар ұсынылады? Осы және басқа да қызмет көрсету саласына қатысты түйткілдер елорда әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Оған кәсіпкерлер, қонақүй және мейрамхана иелері, туристік компаниялар мен банк өкілдері қатысты.

Ең алдымен қала әкімі халықаралық деңгейдегі көрмені абыроймен өткізу үшін қызмет көрсету сапасының жоғары болу қажеттігіне баса назар аударды. – Ең басты мәселе – келушілердің саны. Өйткені елімізде өтетін көрмені тама шалауға 5 миллион адам келеді деп болжануда. Оның 85 пайызы қазақстандықтар болса, 15 пайызы – шетелдік қонақтар. Ендеше, алдымызда осы қонақтарды жайғастыру мәселесі тұр. Біз өз кезегімізде қонақүй, хостел, жатақханалардың есебін шығардық. Қазіргі уақытта қонақүй қорына 164 нысан кіреді. ЭКСПО-ның ашылуы

қарсаңында қосымша 23-і ашылады, – деді Әсет Исекешев. Сонымен, елорда төрінде қонақтар мен туристерді орналастыруда 35-40 мың төсек-орын дайын. Оның ішінде қонақүй мен хостелдерде – 16 мың, ЖОО жатақханаларында – 9 мың, жалға берілетін тұрғын үй – 18 мың. Ал Астана Конвеншн Бюросы базасында көрмеге аймақтар мен елдерден келетін қонақтарды орналастыру бойынша брондау бөлімдері нақтыланды. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта 4190 қонақүй мен жатақхана брондалған. Оның 130-ы Төтенше жағдай департаментіне, 100 орын ҰҚК шекара

қызметіне, 150 орын ҚР ІІМ ака демиясының курсанттарына, 1200 орын еріктілер үшін, 1600 орын 40 мың балаға, 510 орын көрмеге қатысушылардың Ұлттық күнін және аймақтардың мәдени күндерін ұйымдастырушыларға және «Кинг отель» қонақүйінен 500 орын ІІМ қызметкерлеріне бөлінген. Арнайы ашылған «Recommended by EXPO-2017» сайты арқылы астаналық кәсіпкерлер көрмеге келген қонақтарға қызмет көрсете алады. Бірақ мұнда қызмет көрсету сапасы жоғары кәсіпорындар ғана таңдалып алынып, олар көрмені өткізуде әріптес-серіктес те бола алады.

ʗʜʩʩʜ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
011 by Astana akshamy - Issuu