л жү
Å
№56 (3561)
–
жі
Сенбі
13 мамыр 2017
ЭНЕРГИЯ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ
ҚАЗАҚШАҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗНЕТ?
ЖАС ДАРЫНДАР ЖИНАЛДЫ
«ЖАС ҚАНАТҚА»
КЕШЕ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ САРАЙЫНДА «ЖАС ҚАНАТ-2017» ЖАС ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ. БИЫЛ 26-МӘРТЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АЙТУЛЫ МУЗЫКАЛЫҚ ШАРАҒА ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЙМАҒЫНАН БАС ҚАЛАҒА ЖИНАЛҒАН 14 ҮМІТКЕР ҚАТЫСУДА. БАС ЖҮЛДЕ – «АЛТЫН ҚАНАТ» ИЕГЕРІ ЕРТЕҢ АНЫҚТАЛАДЫ. АСТАНА ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ӨТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН БИЫЛҒЫ БАЙҚАУДЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРМЕК АМАНШАЕВ АШЫП БЕРДІ.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ – «Жас қанаттан» өнер жолына алғашқы қадамдарын басқан бірталай өнерпаздар осы күндері бүкіл ел танитын, халық мақтан тұтатын белді әншілерге, өнер қайраткерлеріне айналды. Бүгінгі қатысушылардың барлығы да жеңіске лайық деп ойлаймын. Сіздер Астананың ең үлкен
сахналарының бірінен өнер көгіне қанат қаққалы отырсыздар. Бұл – Елбасының еліміздегі жас дарындарды қолдауы өте зор екендігінің айғағы. Тек қана бойларыңыздағы дарындарыңызды жарқыратып көре алсаңыздар болды. Сіздерге ақ жол тілеймін! – деді Ермек Аманшаев. Жылдағы дәстүрге сай Астанаға ертерек келген жас талапкерлер елорданы аралап, «Думан» ойын-сауық орталығын қызықтады. «Жас қанат» аллеясына ағаш отырғызды. (Жалғасы 16-бетте)
СЕЛФИ ӨМІРДІҢ СӘНІ МЕ?
8
9
10
ЖҰЛДЫЗДАР АСТАНАДА ЖАРҚЫРАЙДЫ КЕШЕ «БАРЫС АРЕНА» СПОРТ САРАЙЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ, ҚҰРЛЫҚТЫҚ ХОККЕЙ ЛИГАСЫ ЖӘНЕ «БАРЫС» ХОККЕЙ КЛУБЫ АРАСЫНДА 2018 ЖЫЛҒЫ «ҚХЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ МАТЧЫ» ЕЛОРДАМЫЗДА ӨТЕТІНІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. Ғалым ҚОЖАБЕКОВ – Алдағы жылдың алғашқы айында Астана Еуразия кеңістігінің хоккей қаласына айналайын деп тұр. «Жұлдыздар матчын» өткізуге біздің Астанамен қатар Хельсинки, Қазан және Владивосток қалалары да үміткер болған еді. Осы бәсекеде ҚХЛ-дың арнайы комиссиясы біздің елордамыз барлық талаптарға сай келетінін айқындап, лига басшылығының таңдауы Астана қаласына түскен екен. Бұл – үлкен сенім, әрі жауапкершілік. «Барыс» хоккей командасы біздің қаланың брендіне айналып отыр. Біздің команда ҚХЛ чемпионатында жақсы
ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 343.76
USD/KZT 316.25
RUB/KZT 5.54
CNY/KZT 45.82
ойын өрнегін көрсетіп жүр. Бүгінде қаншама балалар мен жастар хоккейге тартылып жатыр. Біз өз тарапымыздан жаңа форматта өтетін «ҚХЛ жұлдыздарының матчын» жоғары деңгейде өткізетін боламыз, - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев меморандумға қол қою рәсімінен кейін. ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко Астана әкіміне алғысын айтып, «Барыс Арена» лигадағы ең тартымды әрі жайлы хоккей аренасы екенін атап өтті. Ол сонымен қатар Қазақстанда хоккейдің жақсы дамып келе жатқанын айтып, 2018 жылдың 10-14 қаңтар күндері өтетін «Хоккей жұлдыздарының аптасы» ел үшін де, жанкүйерлер
үшін де айтулы оқиға болатынына сенім білдірді. ҚХЛ президенті «2018 жылғы ҚХЛ жұлдыздарының матчы» Астанада өтетіні жөніндегі сертификатты салтанатты жағдайда «Барыс» хоккей клубының президенті Асқар Шопобаевқа тапсырды. Сонымен, алдағы жылдың алғашқы айы Астана үшін шынымен де хоккей мерекесі болатындай. «Хоккей жұлдыздарының аптасы» шарасы аясында Әйелдер хоккей лигасы, Жастар хоккей лигасы және ҚХЛ жұлдыздарының матчтарын көретін боламыз. Сондай-ақ, үздік ойыншылардың мастер-шоуын да тамашалай аламыз.
www.astana-akshamy.kz