л жү
–
Å
№54-55 (3559-3560)
жі
Бейсенбі
11 мамыр 2017
ЕРЛІККЕ МӘҢГІ ТАҒЗЫМ
БИЫЛ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНІМІЗГЕ 72 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ОТАН ҮШІН ЖАН ҚИҒАН АҒА БУЫН ЕРЛІГІН ЕШКІМ ДЕ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАҚ ЕМЕС. БҰЛ КҮНІ БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАҒАН БАТЫРЛАРДЫҢ ӨРЛІГІ МЕН ЕРЛІГІН ЖЫРЛАП, МАЙДАНДА ҚАЗА ТАПҚАН ҚАҺАРМАНДАРДЫҢ РУХЫНА БАС ИІП, ТАҒЗЫМ ЕТУ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН. МЕРЕКЕ КҮНІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҰРЫС ДАЛАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІП, «ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЙДЫ. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ Салтанатты рәсім соғыста қаза болған батырларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасымен жалғасты. Сондай-ақ, «Отан қорғаушылар» монументі алаңында құрметті қарауылдың салтанатты шеруі орындалды. Ресми
ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ АЙБЫНЫ ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
шарадан соң Президент ардагерлермен тілдесіп, оларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, құттықтау сөз сөйледі. – Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Әр жыл сайын мамыражай, күншуақты мамыр күнін-
12-13
EUR/KZT 348.53
де біз Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтеміз. Бұл жеңістің мағынасы өте үлкен. Адамзаттың тариxында мұндай сұрапыл соғыс болған емес. Ондаған миллион xалықтың өмірін алып кеткен, қанша қаланы күйреткен фашизмге қарсы соғыста біздің бабаларымыз үлкен жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында мынадай ашық
«АҚЫЛДЫ» АЯЛДАМАЛАР
USD/KZT 318.09
RUB/KZT 5.46
2
аспан астында, бейбітшілікте өмір сүріп, балаларымызды, ұрпағымызды өсіріп, мемлекетімізді нығайтып жатырмыз. Осы уақытта 25 жыл бұрын тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан өркендеп, өсіп-өнуін бір тоқтатқан жоқ, – деді Қазақстан басшысы. Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс
ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҰЛ
CNY/KZT 46.10
7
адамзат тарихында миллиондаған адамдардың өмірі қиылған ең қанқұйлы соғыс болғанын айтты. – «Отан қорғаушылар» алаңында гүлшоғын қою арқылы қаза тапқан бабаларымызға тағзым етіп, тірі жүргендерге ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан ол кезде 6 миллион xалқы бар мемлекет еді. Оның 1,8 миллионы соғысқа қатысып, тең жартысы майданнан қайтқан жоқ. Еліміз майданда да, тылда да өзіне жүктелген міндетті барынша атқарды. Сондықтан еліміздің бүкіл ардагерлерін, xалқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, аспанымыз әр уақытта ашық болсын дейміз! – деп Елбасы барша қазақстандықтарды тағы бір мәрте Жеңіс күнімен құттықтады.
АСТАНА АЛАҚАНДАҒЫДАЙ...
www.astana-akshamy.kz
24