л жү
Å
№68 (3573)
–
жі
Сенбі
10 маусым 2017
ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ – ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕ АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ
БҮГІННЕН БАСТАП «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕНІ ТӨРІНДЕ ТОҒЫСТЫРЫП ОТЫР. ОСЫДАН БЕС ЖЫЛ БҰРЫН ПАРИЖ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 152-СЕССИЯСЫНДА ҚАТЫСУШЫ 161 МЕМЛЕКЕТТІҢ 103-І АСТАНАНЫ ҚОЛДАҒАН ЕДІ. ОСЫ КӨРМЕНІ ӨТКІЗУ МӘРТЕБЕСІН ҰТЫП АЛҒАНДА ҚУАНҒАНЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҒАНА ҰМЫТАЙЫҚ?! АҚТЫҚ БӘСЕКЕДЕ БЕЛЬГИЯМЕН «БЕЛДЕСКЕН» ЕЛІМІЗДІҢ БӘСІ БИІК ТҮСІП ЕДІ, ЕНДІ, МІНЕ, СЫН САҒАТТА СОЛ БИІКТІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕТІН КЕЗ КЕЛДІ. ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
EUR/KZT 352.78
USD/KZT 314.11
RUB/KZT 5.51
CNY/KZT 46.23
Айтайық, мұндай халықаралық шара ТМД аумағында тұңғыш рет Қазақстанда өтіп отыр. Осы күнге дейін Азия аумағынан ұзын саны 16 мемлекет қана көрмені өз елдерінде өткізуге ниет білдіріпті. Бірақ мұндай жауапты жобаны атқару тек Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея секілді алпауыт елдердің маңдайына бұйырды. Соңғы жылдары қатарынан жалпыға танымал ірі аймақтық форумдарды өткізіп, сол арқылы өзінің
ха л ы қ а р а л ы қ б е д е л і н нығайтқан Қазақстан осы үштіктен кейін жауапты шаруаны өз мойнына алып отыр. Ел болып көптен күткен көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Ауқымды шараға қатысушы бірқатар елдердің басшылары әлемдік маңызы бар шараның ашылу салтанатын Астана төрінде тамашалады. Халықаралық көрменің ең басты ғимаратына мәртебелі меймандар мен мемлекет басшылары келді. (Жалғасы 2-бетте)
www.astana-akshamy.kz