77 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№77 (3582)

жі

Сенбі

1 шілде 2017

Шііңір шіле Шіліңгір шілде айы басталысымен елордада аптап ыстық жан алқымнан қыса түседі. Мұндай уақытта үлкендер жұмысы болмаса, босқа сыртқа шықпауға тырысады. Ал балалар жағы, керісінше, суға шомылып, мәре-сәре болып жатады. Астанада аптап ыстық басталысымен субұрқақтың айналасында балалар асыр салып, шомылуды бастады. Әбден ыстықтаған балаларға «Субұрқақта шомылуға болмайды» деген тыйым тіпті әсер етпеген тәрізді. «Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша шілде – жылдың ең ыстық айы. Мәселен, осы айда 33-тен 44º-ке дейінгі жоғары температура тіркеледі. Ал биылғы жылдың ең ыстық күні 18 шілдеде болады деген болжам бар. Алайда Астанадағы ми қайнатар ыстық 35º градуспен шектеліп қалмайтынын әлден байқауға болады. Сондықтан да елорда тұрғындары мен қонақтары аптап ыстықтан сақтанып жүрсе екен дейміз.

БӘРЕКЕЛДІ!

500 МЫҢЫНШЫ! «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАУҒА 20 КҮНДЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ КЕЛДІ. 29 МАУСЫМНЫҢ КЕШІНДЕ КӨРМЕ ҚЫЗЫҚТАУҒА КЕЛГЕН 500 000-ЫНШЫ КЕЛУШІ ТІРКЕЛДІ. Көрменің алғашқы аптасында күнделікті қонақтар саны орташа есеппен 22 840 адамды құрады. Ал 29 маусымда келушілердің саны 36 мыңнан асты. Еске сала кетейік, бұған дейінгі болжамдарға сәйкес, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 млн адам келеді деп күтілсе, ал кіріп-шығу көрсеткіші шамамен 5 млн адамға жетеді деп хабарланған болатын.

АЛДАҒЫ СЕНБІ-ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ ЕЛОРДАДАҒЫ «ҚАЗАҚСТАН» СПОРТ САРАЙЫ АЛАҢЫНДА ЖАМБЫЛ, АТЫРАУ, ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ.

ЕЛОРДАНЫ КІМ ТАЗАЛАЙДЫ? ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 366.79

USD/KZT 321.46

RUB/KZT 5.45

CNY/KZT 47.42

4

ДОНОРДЫ ҚАЙДАН ТАБАМЫЗ?

6

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.