л жү
Å
№74 (3579)
–
жі
Сенбі
24 маусым 2017
2-3
БАРША ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРАТЫН КЕЗІ КЕЛДІ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРСТАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
ЕЛБАСЫ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтті. – Мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысы мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді. Бүгінде еліміз әлемнің барлық жетекші рейтингінде сенімді түрде лайықты орындарға ие болуда. Экономиканың оң қарқыны сақталуда, қоғамВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:
дық келісім мен бірлік орнықты қолдауға ие, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыру тұрғысынан мемлекеттік аппаратты жүйелі тү рде
EUR/KZT 365.73
USD/KZT 327.63
трансформациялау жөніндегі шараларға ерекше тоқталды. – Мемлекеттің ашықтығын қалыптастыру жалғасуда. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай провайдері – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері жыл сайын халық алдында есеп береді, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 4-бетте)
RUB/KZT 5.48
CNY/KZT 47.96
Құрметті елордалық ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күні мерекесімен құттықтаймын! Ішкі істер органдары – ел тыныштығы мен тұрақтылығының кепілі. Еліміз бен еңселі елордамыздың бүгінгі бейбіт өмірі, ең алдымен, ісіне мығым, антына адал азаматтардың арқасы. Бүгінде Қазақстан полициясы – құқық бұзушылыққа қарсы қызметте әбден шыныққан, үлкен тәжірибеден өткен кәсіби құрылым. Жаһан жұртын алаңдатқан терроризм, есірткі бизнесі сынды қатерлерге қарсы күресте де полиция қызметкерлерінің алатын орны айрықша. Бұл ретте, ел тыныштығына қызмет ететін полиция қызметкері болу – үлкен мәртебе. Әрдайым кәсіби шеберлік пен Отанға деген адалдықтарыңыздың арқасында абырой биіктерінен көріне бергейсіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ
www.astana-akshamy.kz