79-80 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№79-80 (3584-3585)

жі

Бейсенбі

6 шілде 2017

СТАНА – ҚИҚАТҚА ЙНАЛҒАН РМАН Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ – Біз елорда күні қарсаңында мемлекеттік туымызды көтеру рәсімін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бір тудың астына

біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастыра алдық, – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Шынында, жас Астана тарихы ақиқатқа айналған арманымыздың жылнамасы іспетті. Осы уақыт аралығында еліміздің барлық өңірінен келген жүз

мыңдаған қазақстандық елордамыздың құрылысы мен қалыптасуына елеулі үлестерін қоса білді. Әр қазақтың жүрегіне жақын, өз қолымызбен тұрғызып жатқан елорда еліміздің жаңа руханимәдени орталығына айналды. (Соңы 2-бетте)

«НҰР ӘЛЕМ» – АСТАНАНЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ 18 МИЛЛИОН ЕЛ БОЛДЫҚ!

АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 18 МИЛЛИОНДЫҚ ЕЛ БОЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ. 1 МАУСЫМ КҮНІ ЕЛІМІЗДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ 18 014 200 АДАМДЫ ҚҰРАҒАН. КЕШЕГІ КЕҢЕС ДӘУІРІН 16,7 МИЛЛИОН ХАЛЫҚПЕН ШЫҒАРЫП САЛҒАН ЕДІК, ҮШ ЖЫЛ БҰРЫН 17 МИЛЛИОНҒА ЖЕТТІК, ЕНДІ, МІНЕ, 18. БӘРЕКЕЛДІ! ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 365.83

Сіздерді елордамыздың төл мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні – тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Елорда – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы. Биыл елорданың Қазақстан астанасы болғанына – 19 жыл. Осы уақыт ішінде қаламыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас болуымен экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналды. Қазіргі таңда елорданы әлемнің ең үздік отыз қаласының қатарына қосу жұмыстары қызу жүргізілуде. Еуразия төрінде өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен мегаполистің бой көтеруі сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы деп білемін. Астанамыз өркендей берсін. Дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілеймін!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ

3

USD/KZT 322.37

12-13 RUB/KZT 5.44

CNY/KZT 47.41

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
79-80 шығарылым by Astana akshamy - Issuu