81 шығарылым

Page 1

л жү

Å

№81 (3586)

жі

Сейсенбі

11 шілде 2017

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ? Тәуелсіздік сарайында елордада алғаш рет «Қала ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік» атты урбан форумы өтті. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев қатысты. Азамат ЕСЕНЖОЛ

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАСАМПАЗ ҚОЛТАҢБАСЫ Махмұт Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы

Осыдан бір жыл бұрын «Естелікке автограф» атты мақаламда мен жекелеген, сонымен бірге, архивінде, кітаптарда және кәдесыйлар жиынтығында көп данамен Елбасының атына арнайы, естелікке және сыйлық ретінде қалдырылған қолтаңбаларға қысқаша шолуды ұсынған едім. Аталған мақалаға арналған жылы лебіздер легін мен, әлбетте, Тұңғыш Президентіміздің тұлғалық қасиетіне деген жұртшылықтың үздіксіз қызығушылығымен, сонымен бірге, автографтар топтамасында үлкен саясат «кәдуілгі құрғақ ресмилік» формасында емес, адамдармен емен-жарқын кері байланыс түрінде берілгенімен байланыстырамын. Дәл сол кездің өзінде егер «Назарбаевқа» деген автографтар сыйға тартылған болса, әрине, «Назарбаевтан» деген де автографтар тақырыптың бір тармағы болатыны белгілі еді. Сол себепті, бүгін мен оқырманды өзіммен бірге Елбасының қолтаңбалық әлеміне көз жүгіртуге шақырамын. ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

EUR/KZT 366.80

USD/KZT 323.94

RUB/KZT 5.40

Әңгімемізді бастамас бұрын «автограф» сөзі екі түрлі мағынаға ие екенін еске салу артық болмас. Автографтың жалпыға ортақ және кең қолданыстағы мағынасы өз қолымен жазылған жазу немесе қол қоюды білдіреді. «Автордан автограф алу» дегенді тілге тиек еткенде нақ осыны аңғартады. Филологтар ұдайы сүйенетін келесі мағынасы: автордың өз қолымен жазылған қолжазба мәтіні. Яғни, нақты адам жасаған және тасқа басқан кез келген ауызекі шығарма. Бас құжатымыз – Ата Заңнан бастап, мемлекеттің өмірін реттейтін барлық негізгі қағидаттар, ережелер, нормалар мен бағдарлар Елбасының қаламынан туды. Президенттің актілері деп аталатын ресми құжаттар өмірдің барлық жағдайына бағытталған. Олардың толық тізбесі көп орынды алатындықтан, ең бастыларына тоқталайын. Олар: жарлықтар мен өкімдер, жекелеген жағдайларда заңдық күші бар, вето құқын қолданатын заңдар мен жарлықтар, Парламент ұсынған заңдарға қол қою, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, Үкіметтің құрамын белгілеу, лауазымды тұлғаларды тағайындау, мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, референдум өткізу туралы шешім қабылдау, халықаралық келісімдерге қол қою, мемлекеттік наградаларды табыс ету, әскери және басқа да атақтар, шендер, рангтар мен сыныптарды тағайындау. (Соңы 2-бетте)

CNY/KZT 47.64

Маңызды жиында алыстан ат арытып келген халықаралық сарапшылар мен қалалық жобалау мамандары, ірі құрылыс компанияларының басшылары, бизнес пен билік өкілдері тиімді қала диалогы мен дамуын талқылап, ой бөлісті. Алдымен құлаққа тосындау естілетін Урбанис­ тика орталығы дегеніміз не? Соны көпшілікке түсіндіріп кетейік. Бұл қалалық ортаны жақсартуға, зерттеулер жүргізуге, тұрғындармен жұмыс істеуге, әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, азаматтық қауымдастық пен билік арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатуға, қаланың ішкі ресурстарын жұмылдыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа құрылым екен. Бас қалада соңғы жылдары өріс алған орталық біршама жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуда. (Соңы 4-бетте)

Малайзия мүмкіндігі

ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ

5

6-7

www.astana-akshamy.kz


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.